Аль-Араф

الأعراف · 206 аят · меккелік
Орысша нұсқасыЖаттауМысхаф 151-бет
← Аль-АнамБарлық сүрелерАль-Анфаль →
7:1
الٓمٓصٓ
Әлиф Ләм Мим Сад
Аударма: Халифа Алтай
Әлиф Ләм Мим Сад
Аударма: ҚМДБ
7:2
كِتَٰبٌ أُنزِلَ إِلَيۡكَ فَلَا يَكُن فِي صَدۡرِكَ حَرَجٞ مِّنۡهُ لِتُنذِرَ بِهِۦ وَذِكۡرَىٰ لِلۡمُؤۡمِنِينَ
(Мұхаммед Ғ.С.) Бұл саған түсірілген бір Кітап. Сондықтан көңліңде кірбеңдік болмасын. Бұл арқылы ескертуің, мүміндерге үгіт үшін
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Саған, / Құран / ол арқылы ескертуің үшін әрі имандыларға еске салу ретінде түсірілген Кітап. Сондықтан одан кеудең қысылмасын
Аударма: ҚМДБ
7:3
ٱتَّبِعُواْ مَآ أُنزِلَ إِلَيۡكُم مِّن رَّبِّكُمۡ وَلَا تَتَّبِعُواْ مِن دُونِهِۦٓ أَوۡلِيَآءَۗ قَلِيلٗا مَّا تَذَكَّرُونَ
Раббыларыңнан сендерге түсірілгенге бой ұсыныңдар да Одан өзгені дос тұтып ілеспеңдер. Нендей аз ғана үгіт тыңдайсыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Өздеріңе Раббыңыздан түсірілгенге еріндер. Әрі Одан өзгені қамқоршы етіп ермеңдер. Сендер / бұйырылғанды, өсиетті / өте аз еске аласыңдар
Аударма: ҚМДБ
7:4
وَكَم مِّن قَرۡيَةٍ أَهۡلَكۡنَٰهَا فَجَآءَهَا بَأۡسُنَا بَيَٰتًا أَوۡ هُمۡ قَآئِلُونَ
Қаншалаған кентті жоқ еттік. Сонда оларға азабымыз түнделетіп немесе түскі дем алыста келді
Аударма: Халифа Алтай
Біз қаншама елді мекенді жойып жібердік. Оларға азабымыз түн ішінде немесе тал түсте, дем алып жатқандарында келді
Аударма: ҚМДБ
7:5
فَمَا كَانَ دَعۡوَىٰهُمۡ إِذۡ جَآءَهُم بَأۡسُنَآ إِلَّآ أَن قَالُوٓاْ إِنَّا كُنَّا ظَٰلِمِينَ
Оларға азабымыз келген сәтте: «Біз рас залымдар болдық» деп қана айғайлау болды
Аударма: Халифа Алтай
Азабымыз келген кезде олар: «Ақиқатында, біз әділетсіз болған екенбіз», - дегеннен басқа сөз айтпады
Аударма: ҚМДБ
7:6
فَلَنَسۡـَٔلَنَّ ٱلَّذِينَ أُرۡسِلَ إِلَيۡهِمۡ وَلَنَسۡـَٔلَنَّ ٱلۡمُرۡسَلِينَ
Өздеріне елші жіберілгендерді сұраққа тартамыз әрі елшілерді де сұраққа тартамыз
Аударма: Халифа Алтай
Біз міндетті түрде өздеріне / Елші / жіберілгендерді сұраққа аламыз және жіберілген елшілерден де сұраймыз
Аударма: ҚМДБ
7:7
فَلَنَقُصَّنَّ عَلَيۡهِم بِعِلۡمٖۖ وَمَا كُنَّا غَآئِبِينَ
Әрине оларға біліп баян етеміз. Негізінде оларға жасырын емеспіз
Аударма: Халифа Алтай
Біз оларға біліммен баян етеміз. Әрі Біз оларды қатысуымызсыз, сырт қалдырған жоқпыз
Аударма: ҚМДБ
7:8
وَٱلۡوَزۡنُ يَوۡمَئِذٍ ٱلۡحَقُّۚ فَمَن ثَقُلَتۡ مَوَٰزِينُهُۥ فَأُوْلَـٰٓئِكَ هُمُ ٱلۡمُفۡلِحُونَ
Ол күнгі таразылау шындық. Сонда кімнің таразысы (жақсылықта) ауыр тартса, міне солар құтылушылар
Аударма: Халифа Алтай
Ол Күні таразыға тарту - ақиқат. Сон­да таразылары / жақсылықта / ауыр тартқандар, міне, солар - нағыз жетістікке жетушілер
Аударма: ҚМДБ
7:9
وَمَنۡ خَفَّتۡ مَوَٰزِينُهُۥ فَأُوْلَـٰٓئِكَ ٱلَّذِينَ خَسِرُوٓاْ أَنفُسَهُم بِمَا كَانُواْ بِـَٔايَٰتِنَا يَظۡلِمُونَ
Және кімнің таразысы жеңіл тартса, аяттарымызға орынсыздық еткендіктері себепті зиян қылды
Аударма: Халифа Алтай
Ал, таразылары жеңіл тартқандар, міне, солар - аяттарымызға әділетсіздік еткендіктері үшін өздеріне зиян келтіргендер
Аударма: ҚМДБ
7:10
وَلَقَدۡ مَكَّنَّـٰكُمۡ فِي ٱلۡأَرۡضِ وَجَعَلۡنَا لَكُمۡ فِيهَا مَعَٰيِشَۗ قَلِيلٗا مَّا تَشۡكُرُونَ
Расында сендерді жер жүзіне орналастырып өздеріңе онда күн көрістер жасадық. Нендей аз шүкір етесіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, Біз сендерді жерде орнықтырдық. Әрі өздеріңе онда тіршілікке қажетті нәрселерді жасадық. Сендер аз шүкір етесіңдер / Аллаһтың берген игіліктеріне аз алғыс білдіресіңдер
Аударма: ҚМДБ
7:11
وَلَقَدۡ خَلَقۡنَٰكُمۡ ثُمَّ صَوَّرۡنَٰكُمۡ ثُمَّ قُلۡنَا لِلۡمَلَـٰٓئِكَةِ ٱسۡجُدُواْ لِأٓدَمَ فَسَجَدُوٓاْ إِلَّآ إِبۡلِيسَ لَمۡ يَكُن مِّنَ ٱلسَّـٰجِدِينَ
Расында сендерді жаратып сонан кейін бейнеледік. Сонан соң періштелерге: «Адамға сәжде қылындар!» дедік. Барлығы сәжде етті. Бірақ Ібіліс сәжде етпеді де сәжде етушілерден де болмады
Аударма: Халифа Алтай
Біз сендерді жараттық, одан соң сендерге кескін-келбет бердік. Содан кейін періштелерге «Адамға сәжде етіңдер!» - дедік. Сонда олар сәжде етті. Тек, / жыннан болған / Ібіліс сәжде етушілерден болмады
Аударма: ҚМДБ
7:12
قَالَ مَا مَنَعَكَ أَلَّا تَسۡجُدَ إِذۡ أَمَرۡتُكَۖ قَالَ أَنَا۠ خَيۡرٞ مِّنۡهُ خَلَقۡتَنِي مِن نَّارٖ وَخَلَقۡتَهُۥ مِن طِينٖ
(Алла Ібіліске): «Саған, Мен әмір еткенде сені сәжде етуден не тыйды?» деді. Ол: «Мен одан артықпын. Мені оттан жаратып, оны балшықтан жараттың» деді
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ / айтты: «Мен бұйырғанымда, сәжде етуге саған не кедергі болды?» - деп. / Ібіліс / «Мен одан қайырлымын / артықпын, пайдалымын / . Сен мені оттан жараттың, ал оны лайдан жараттың», - деді
Аударма: ҚМДБ
7:13
قَالَ فَٱهۡبِطۡ مِنۡهَا فَمَا يَكُونُ لَكَ أَن تَتَكَبَّرَ فِيهَا فَٱخۡرُجۡ إِنَّكَ مِنَ ٱلصَّـٰغِرِينَ
(Алла): «Онда ол жерден түс. Онда сенің менменсуіңе болмайды. Дереу шық, қор болушылардансың» деді
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ / айтты: «Одан түс. Сенің мұнда өзіңді жоғары санап, менменсуіңе орын жоқ. Шық! Сен - қор етілгендерденсің», - деді
Аударма: ҚМДБ
7:14
قَالَ أَنظِرۡنِيٓ إِلَىٰ يَوۡمِ يُبۡعَثُونَ
(Ібіліс): «Қайта тірілетін күнге дейін мұрса бер» деді
Аударма: Халифа Алтай
Ол / :«Маған олар қайта тірілетін күнге дейін мерзім бер», - деді
Аударма: ҚМДБ
7:15
قَالَ إِنَّكَ مِنَ ٱلۡمُنظَرِينَ
(Алла): « Шынында мұрса берілгендерденсің» деді
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ: «Сен - уақыт берілгендерденсің», - деді
Аударма: ҚМДБ
7:16
قَالَ فَبِمَآ أَغۡوَيۡتَنِي لَأَقۡعُدَنَّ لَهُمۡ صِرَٰطَكَ ٱلۡمُسۡتَقِيمَ
(Ібіліс): «Ендеше, мені қаңғыртқаның себепті әлбетте мен де оларға қарсы Сенің тура жолыңда отырып аламын» деді
Аударма: Халифа Алтай
Ол / : «Сен мені адастырғаның үшін мен оларға қарсы Сенің тура жолыңда міндетті түрде / тосып / отырып аламын
Аударма: ҚМДБ
7:17
ثُمَّ لَأٓتِيَنَّهُم مِّنۢ بَيۡنِ أَيۡدِيهِمۡ وَمِنۡ خَلۡفِهِمۡ وَعَنۡ أَيۡمَٰنِهِمۡ وَعَن شَمَآئِلِهِمۡۖ وَلَا تَجِدُ أَكۡثَرَهُمۡ شَٰكِرِينَ
«Сонан соң оларға алды- артына, оң-солынан келемін де олардың көбін шүкір етушілерден тапапйсың» деді
Аударма: Халифа Алтай
Содан кейін оларға алдынан, артынан, оң жағынан және сол жағынан келемін. Сөйтіп, Сен олардың көпшілігін шүкір етушілер / Раббыңның берген игіліктеріне разы болып, алғыс білдірушілер / ретінде таппайсың», - деді
Аударма: ҚМДБ
7:18
قَالَ ٱخۡرُجۡ مِنۡهَا مَذۡءُومٗا مَّدۡحُورٗاۖ لَّمَن تَبِعَكَ مِنۡهُمۡ لَأَمۡلَأَنَّ جَهَنَّمَ مِنكُمۡ أَجۡمَعِينَ
(Алла): «Қорланып қуылған түрде ол жерден шық. Әрине олардан кім саған ілессе, сендердің барлықтарыңмен тозақты толтырамын» деді
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ / айтты: «Одан айыпталған және қуылған түрде шық! Олардан / адамдардан / кім саған ерсе, міндетті түрде сендердің барлығыңмен Жаһаннамды (Тозақты) толтырамын», -деп
Аударма: ҚМДБ
7:19
وَيَـٰٓـَٔادَمُ ٱسۡكُنۡ أَنتَ وَزَوۡجُكَ ٱلۡجَنَّةَ فَكُلَا مِنۡ حَيۡثُ شِئۡتُمَا وَلَا تَقۡرَبَا هَٰذِهِ ٱلشَّجَرَةَ فَتَكُونَا مِنَ ٱلظَّـٰلِمِينَ
(Алла): «Әй Адам! Сен және жұбайың жаннатқа орналас. Екеуің қалағандарыңша жеңдер. Алайда осы ағашқа жоламаңдар. Сонда злымдардан боласыңдар»
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ / айтты: «Ей, Адам! Сен және жұбайың Жәннатта орналасыңдар. Қалаған жерінен жеңдер, бірақ мына ағашқа жақындамаңдар, онда әділетсіздерден боласыңдар», - деп
Аударма: ҚМДБ
7:20
فَوَسۡوَسَ لَهُمَا ٱلشَّيۡطَٰنُ لِيُبۡدِيَ لَهُمَا مَا وُۥرِيَ عَنۡهُمَا مِن سَوۡءَٰتِهِمَا وَقَالَ مَا نَهَىٰكُمَا رَبُّكُمَا عَنۡ هَٰذِهِ ٱلشَّجَرَةِ إِلَّآ أَن تَكُونَا مَلَكَيۡنِ أَوۡ تَكُونَا مِنَ ٱلۡخَٰلِدِينَ
Сонда шайтан, ол екеуінің ұятты жерлерінің ашылуы үшін азғырды да: «Раббыларың сендерді осы ағаштан, екеуің періште болып кетеді немесе мәңгі қалып қояды деп ғана тыйған» деді
Аударма: Халифа Алтай
Сонда шайтан оларға жасырын етілген ұятты жерлерін ашып көрсету үшін екеуін азғырып: «Сендердің Раббың, сендерді періште болып кетпеулерің не болмаса мәңгі қалушылардан болмауларың үшін ғана мына ағаштан қайтарды», - деді
Аударма: ҚМДБ
7:21
وَقَاسَمَهُمَآ إِنِّي لَكُمَا لَمِنَ ٱلنَّـٰصِحِينَ
Және: «Шынында мен екеуіді үгіттеушілерденмін» деп, ант ішті
Аударма: Халифа Алтай
Әрі ол екеуіне: «Мен - сендерге шынайы кеңес берушілерденмін», - деп ант ішті
Аударма: ҚМДБ
7:22
فَدَلَّىٰهُمَا بِغُرُورٖۚ فَلَمَّا ذَاقَا ٱلشَّجَرَةَ بَدَتۡ لَهُمَا سَوۡءَٰتُهُمَا وَطَفِقَا يَخۡصِفَانِ عَلَيۡهِمَا مِن وَرَقِ ٱلۡجَنَّةِۖ وَنَادَىٰهُمَا رَبُّهُمَآ أَلَمۡ أَنۡهَكُمَا عَن تِلۡكُمَا ٱلشَّجَرَةِ وَأَقُل لَّكُمَآ إِنَّ ٱلشَّيۡطَٰنَ لَكُمَا عَدُوّٞ مُّبِينٞ
Сөйтіп екеуін алдап түсірді. Сонда екеуі ағаштан татқан сәтте, ұятты жерлері ашылып кетті. Кеуі жаннат жапырақтарынан үстеріне жапсыра бастады. Раббылары екеуіне: «Екеулеріңді осы ағаштан тыймап па едім? Расында шайтан сендерге ашық дұшпан демеп пе едім?»,- деп дабыстады
Аударма: Халифа Алтай
Сөйтіп ол / Ібіліс / оларды алдау арқылы түсірді. Олар ол ағаштан татқан кезде, екеуінің ұятты жерлері көрініп қалды да үстеріне Жәннат жапырақтарын жаба бастады. Сон­да Раббысы оларға: «Сендерді бүл ағаштан қайтармадым ба әрі шайтан сендерге анық дұшпан деп айтпадым ба?» - деп үндеді
Аударма: ҚМДБ
7:23
قَالَا رَبَّنَا ظَلَمۡنَآ أَنفُسَنَا وَإِن لَّمۡ تَغۡفِرۡ لَنَا وَتَرۡحَمۡنَا لَنَكُونَنَّ مِنَ ٱلۡخَٰسِرِينَ
(Адам ата мен Хауа ана): «Раббымыз, біз өзімізге кесір істедік. Егер Сен бізді жарылқап, мәрхамет етпесең әлбетте зиян етушілерден боламыз» деді
Аударма: Халифа Алтай
Олар: «Раббымыз, біз өзімізге әділетсіздік істедік. Енді бізді кешіріп, рақым етпесең, сөзсіз зиянға ұшырағандардан боламыз»,- деді
Аударма: ҚМДБ
7:24
قَالَ ٱهۡبِطُواْ بَعۡضُكُمۡ لِبَعۡضٍ عَدُوّٞۖ وَلَكُمۡ فِي ٱلۡأَرۡضِ مُسۡتَقَرّٞ وَمَتَٰعٌ إِلَىٰ حِينٖ
(Алла): «(Жаннаттан) бір-біріңе дұшпан болып түсіңдер. Сендерге жер жүзінде бір мерзімге дейін тұрақ және пайдалану бар» деді
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ / айтты: «Түсіңдер, сендер біріңе-бірің жаусыңдар. Жерде сендерге бір мерзімге дейін тұрақ және пайдалану бар», - деп
Аударма: ҚМДБ
7:25
قَالَ فِيهَا تَحۡيَوۡنَ وَفِيهَا تَمُوتُونَ وَمِنۡهَا تُخۡرَجُونَ
«Ол жерде тіршілік етесіңдер де, ол жерде өлесіңдер. Және ол жерден қайта шығарыласыңдар» деді
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ / '. «Ол жерде өмір сүресіңдер әрі ол жерде өлесіңдер және ол жерден қайта / тірілтіліп / шығарыласыңдар», - деді
Аударма: ҚМДБ
7:26
يَٰبَنِيٓ ءَادَمَ قَدۡ أَنزَلۡنَا عَلَيۡكُمۡ لِبَاسٗا يُوَٰرِي سَوۡءَٰتِكُمۡ وَرِيشٗاۖ وَلِبَاسُ ٱلتَّقۡوَىٰ ذَٰلِكَ خَيۡرٞۚ ذَٰلِكَ مِنۡ ءَايَٰتِ ٱللَّهِ لَعَلَّهُمۡ يَذَّكَّرُونَ
Әй адам баласы! Ұятты жерлеріңді жабу үшін киім және сәндік- бұйым түсірдік. (Жараттық) Негізінде тақуалық киімі жақсы. Солар Алланың белгілері. Әрине түсінерсіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Адам ұрпақтары! Сендерге ұятты жерлеріңді жабатын киім түсірдік әрі сәндік киімдерді де. Ал, тақуалық киімі - қайырлы. Бұл олардың еске алулары үшін Аллаһтың белгілерінен
Аударма: ҚМДБ
7:27
يَٰبَنِيٓ ءَادَمَ لَا يَفۡتِنَنَّكُمُ ٱلشَّيۡطَٰنُ كَمَآ أَخۡرَجَ أَبَوَيۡكُم مِّنَ ٱلۡجَنَّةِ يَنزِعُ عَنۡهُمَا لِبَاسَهُمَا لِيُرِيَهُمَا سَوۡءَٰتِهِمَآۚ إِنَّهُۥ يَرَىٰكُمۡ هُوَ وَقَبِيلُهُۥ مِنۡ حَيۡثُ لَا تَرَوۡنَهُمۡۗ إِنَّا جَعَلۡنَا ٱلشَّيَٰطِينَ أَوۡلِيَآءَ لِلَّذِينَ لَا يُؤۡمِنُونَ
Әй адам баласы! Шайтан, ата-аналарыңның ұятты жерлерін көрсету үшін киімдерін шешіп, жаннаттан шығарған сияқты сендерге де сұмдық жасамасын. Өйткені, ол және оның сыбайластары, сендер оларды көрмеген жерден көреді. Шайтандарды иман келтірмейтіндерге дос қылдық
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Адам ұрпақтары! Шайтан ата-аналарыңды Жәннат тан шығарғаны секілді, сендерді де бүлікке салып азғырмасын. Ол олардың ұятты жерлерін өздеріне көрсету үшін киімдерін шешкен еді. Негізінде ол және оның тектестері / жын тайпасы / сендерді, сендер оларды көре алмайтын жерден көреді. Біз шайтандарды имансыздарға дос, жақтаушылар еттік
Аударма: ҚМДБ
7:28
وَإِذَا فَعَلُواْ فَٰحِشَةٗ قَالُواْ وَجَدۡنَا عَلَيۡهَآ ءَابَآءَنَا وَٱللَّهُ أَمَرَنَا بِهَاۗ قُلۡ إِنَّ ٱللَّهَ لَا يَأۡمُرُ بِٱلۡفَحۡشَآءِۖ أَتَقُولُونَ عَلَى ٱللَّهِ مَا لَا تَعۡلَمُونَ
Олар қашан бір арсыздық істесе: «Аталарымызды осы жолда таптық, мұны бізге Алла бұйырды» деді. (Мұхаммед Ғ.С.): «Шынында Алла арсыздыққа бұйырмайды. Аллаға білмеген нәрселеріңді айтасыңдар ма?»,- де
Аударма: Халифа Алтай
Олар / имансыздар / жиіркенішті іс жасаған кезде: «Аталарымыздың осы­лай жасайтынын көрдік әрі бізге мұны Аллаһ бұйырды», - дейді. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Анығында, Аллаһ жиіркенішті іске бұйырмайды. Өздерің білмейтін нәрсені Аллаһқа жала етіп таңасыңдар ма?» - деп
Аударма: ҚМДБ
7:29
قُلۡ أَمَرَ رَبِّي بِٱلۡقِسۡطِۖ وَأَقِيمُواْ وُجُوهَكُمۡ عِندَ كُلِّ مَسۡجِدٖ وَٱدۡعُوهُ مُخۡلِصِينَ لَهُ ٱلدِّينَۚ كَمَا بَدَأَكُمۡ تَعُودُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.): «Раббым әділдікті бұйырды. Әрбір құлшылық орнында бет алыстарыңды туралап, діндеріңді Аллаға арнап отырып, Одан тілеңдер. Сендер бастапқы жаратқанындай және Оған қайтасыңдар» де
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Раббым әділдікті бұйырды. Әрбір сәжде жасайтын орында жүздеріңді / қыбылаға / бұрыңдар әрі Одан - дінді тек Ол үшін ықыласпен ұстаған / ширктен тазартқан / халде - тілеңдер. Ол сендерді о баста жаратқаны секілді қайтасыңдар
Аударма: ҚМДБ
7:30
فَرِيقًا هَدَىٰ وَفَرِيقًا حَقَّ عَلَيۡهِمُ ٱلضَّلَٰلَةُۚ إِنَّهُمُ ٱتَّخَذُواْ ٱلشَّيَٰطِينَ أَوۡلِيَآءَ مِن دُونِ ٱللَّهِ وَيَحۡسَبُونَ أَنَّهُم مُّهۡتَدُونَ
(Алла, адам баласы ның) бір тобын тура жолға салды. Және бір тобы да адасуға тиісті болды.Өйткені олар, Алладан өзге шайтандарды дос тұтты да олар өздерін тура жолдамыз деп есптеді
Аударма: Халифа Алтай
Ол бір топты тура жолға салды, ал, бір топқа, / лайықты түрде / адасуды жазды. Ақиқатында, олар / адасқандар / Аллаһты қойып, шайтандарды жолдас етіп алды және өздерін тура жолдамыз деп есептейді
Аударма: ҚМДБ
7:31
۞يَٰبَنِيٓ ءَادَمَ خُذُواْ زِينَتَكُمۡ عِندَ كُلِّ مَسۡجِدٖ وَكُلُواْ وَٱشۡرَبُواْ وَلَا تُسۡرِفُوٓاْۚ إِنَّهُۥ لَا يُحِبُّ ٱلۡمُسۡرِفِينَ
(Жаһилиет дәуірінде, араптар, Кағбаны жалаңаш айналып, және ет, май жемеген.) Әй адам балалары! Әрбір құлшылық орнында зейнеттеріңді алыңдар. (Киініңдер) Және жеңдер, ішіңдер де ысырап етпеңдер. Күдіксіз Алла ысырап етушілерді сүймейді
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Адам ұрпақтары! Әрбір сәжде жасайтын орында көрікті / киімдеріңді / киіңдер. Жендер, ішіңдер әрі ысырап етпеңдер. Ақиқатында, Ол ысырап етушілерді жақсы көрмейді
Аударма: ҚМДБ
7:32
قُلۡ مَنۡ حَرَّمَ زِينَةَ ٱللَّهِ ٱلَّتِيٓ أَخۡرَجَ لِعِبَادِهِۦ وَٱلطَّيِّبَٰتِ مِنَ ٱلرِّزۡقِۚ قُلۡ هِيَ لِلَّذِينَ ءَامَنُواْ فِي ٱلۡحَيَوٰةِ ٱلدُّنۡيَا خَالِصَةٗ يَوۡمَ ٱلۡقِيَٰمَةِۗ كَذَٰلِكَ نُفَصِّلُ ٱلۡأٓيَٰتِ لِقَوۡمٖ يَعۡلَمُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.): «Алланың құлдарына көркем етіп шығарған нәрсесін (киімін) және берген жақсы несібелерін кім арам етті» де. «Бұл несібе дүние тіршілігінде иман келтіргендер үшін. (Алайда кәпірлер де ортақ) Қиямет күні мүміндерге ғана» де. Білген елге аяттарды өстіп түсіндіреміз
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Аллаһтың құлдарына шығарған көрікті нәрселеріне және берген жақсы несібелеріне кім тыйым салды?» - деп. / Әрі / : «Бұл / несібе / осы өмірде иманға келгендер үшін, ал Қайта тірілу күні тек иманға келгендер үшін ғана», - деп айт. Біз аяттарды білетін адамдарға осылай анықтап түсіндіреміз
Аударма: ҚМДБ
7:33
قُلۡ إِنَّمَا حَرَّمَ رَبِّيَ ٱلۡفَوَٰحِشَ مَا ظَهَرَ مِنۡهَا وَمَا بَطَنَ وَٱلۡإِثۡمَ وَٱلۡبَغۡيَ بِغَيۡرِ ٱلۡحَقِّ وَأَن تُشۡرِكُواْ بِٱللَّهِ مَا لَمۡ يُنَزِّلۡ بِهِۦ سُلۡطَٰنٗا وَأَن تَقُولُواْ عَلَى ٱللَّهِ مَا لَا تَعۡلَمُونَ
«Күдіксіз Раббым, арсыздықтарды, Оның көрнеу, көмесін, күнәны, орынсыз озбырлықты, оған байланысты ешбір дәлел түсірілмеген нәрсені Аллаға серік қосуларыңды және білмейтін нәрселеріңді Аллаға қарсы сөйлеулеріңді арам қылды» де (Мұхаммед Ғ.С)
Аударма: Халифа Алтай
Айт: «Шын мәнінде, Раббым жиіркенішті істерге, оның әшкере істелгеніне және жасырын істелгеніне де тыйым салды. Әрі күнәға, құқығы болмаса да өзгелердікін қалап, шектен шығуға және Аллаһ ешбір дәлел түсірілмеген нәрсені Оған серік етіп қосуларыңа әрі Аллаһқа қатысты өздерің білмейтін нәрселерді айтуларыңа тыйым салды», - деп
Аударма: ҚМДБ
7:34
وَلِكُلِّ أُمَّةٍ أَجَلٞۖ فَإِذَا جَآءَ أَجَلُهُمۡ لَا يَسۡتَأۡخِرُونَ سَاعَةٗ وَلَا يَسۡتَقۡدِمُونَ
Әр әлеуметтің белгілі бір мерзімі бар. Олар, сол мерзімі келген сәтте, бір дем кешікпейді де ілгерлемейді
Аударма: Халифа Алтай
Әрбір халықтың бір мерзімі бар. Мерзімдері келген кезде, олар оны бір сәт артқа да кешеуілдетіп, не алға да ілгерілете алмайды
Аударма: ҚМДБ
7:35
يَٰبَنِيٓ ءَادَمَ إِمَّا يَأۡتِيَنَّكُمۡ رُسُلٞ مِّنكُمۡ يَقُصُّونَ عَلَيۡكُمۡ ءَايَٰتِي فَمَنِ ٱتَّقَىٰ وَأَصۡلَحَ فَلَا خَوۡفٌ عَلَيۡهِمۡ وَلَا هُمۡ يَحۡزَنُونَ
Әй адам балалары! Егер сендерге іштеріңнен өздеріңе аяттарымды түсіндіретін елшілер келсе, сонда біреу сақсынып, өзін түзелтсе, оларға бір қорқу да жоқ әрі олар қайғырмайды
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Адам ұрпақтары! Сендерге іштеріңнен аяттарымды баян ететін елшілер келсе, сонда кім тақуалық етсе / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанса / және / өзін / түзетсе, оларға қорқыныш жоқ әрі олар қайғырмайды
Аударма: ҚМДБ
7:36
وَٱلَّذِينَ كَذَّبُواْ بِـَٔايَٰتِنَا وَٱسۡتَكۡبَرُواْ عَنۡهَآ أُوْلَـٰٓئِكَ أَصۡحَٰبُ ٱلنَّارِۖ هُمۡ فِيهَا خَٰلِدُونَ
Сондай аяттарымызды өтірік дегендер, өздерін одан зор санағандар, солар, тозақтық. Олар онда ұдайы қалушылар
Аударма: Халифа Алтай
Ал, аяттарымызды өтірікке шығарған және өздерін одан жоғары санағандар, олар Отта болатындар. Олар - онда мәңгі қалушылар
Аударма: ҚМДБ
7:37
فَمَنۡ أَظۡلَمُ مِمَّنِ ٱفۡتَرَىٰ عَلَى ٱللَّهِ كَذِبًا أَوۡ كَذَّبَ بِـَٔايَٰتِهِۦٓۚ أُوْلَـٰٓئِكَ يَنَالُهُمۡ نَصِيبُهُم مِّنَ ٱلۡكِتَٰبِۖ حَتَّىٰٓ إِذَا جَآءَتۡهُمۡ رُسُلُنَا يَتَوَفَّوۡنَهُمۡ قَالُوٓاْ أَيۡنَ مَا كُنتُمۡ تَدۡعُونَ مِن دُونِ ٱللَّهِۖ قَالُواْ ضَلُّواْ عَنَّا وَشَهِدُواْ عَلَىٰٓ أَنفُسِهِمۡ أَنَّهُمۡ كَانُواْ كَٰفِرِينَ
Алланы өтірік қаралаған немесе Оның аяттарын жасынға шығарған біреуден кім залымырақ? Олар Кітаптағы тиесілеріне қауышады. Ақыр елшілеріміз олардың жандарын алуға келіп: «Алладан өзге сиынатындарың қайда?»,- дегенде: «Олар бізден ғайып болды» деп, өздерінің қарсы болғандықтарына өздері айғақ болды
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһқа қатысты өтірікті құрастырғаннан / жала жапқаннан / немесе Оның аяттарын өтірік санағаннан өткен әділетсіз бар ма? Міне, соларға Кітаптан үлестері тиеді. Ал, оларға елшілеріміз / жан алушы періштелер! жандарын алу үшін келген кезде: «Аллаһты қойып, табынғандарың қайда?» - дейді. олар / : «Олар бізден жоқ болып кетті» - деп, өздерінің кәпірліктеріне өздері айғақ болады
Аударма: ҚМДБ
7:38
قَالَ ٱدۡخُلُواْ فِيٓ أُمَمٖ قَدۡ خَلَتۡ مِن قَبۡلِكُم مِّنَ ٱلۡجِنِّ وَٱلۡإِنسِ فِي ٱلنَّارِۖ كُلَّمَا دَخَلَتۡ أُمَّةٞ لَّعَنَتۡ أُخۡتَهَاۖ حَتَّىٰٓ إِذَا ٱدَّارَكُواْ فِيهَا جَمِيعٗا قَالَتۡ أُخۡرَىٰهُمۡ لِأُولَىٰهُمۡ رَبَّنَا هَـٰٓؤُلَآءِ أَضَلُّونَا فَـَٔاتِهِمۡ عَذَابٗا ضِعۡفٗا مِّنَ ٱلنَّارِۖ قَالَ لِكُلّٖ ضِعۡفٞ وَلَٰكِن لَّا تَعۡلَمُونَ
(Алла қияметте оларға): «Сендерден бұрыңғы өткен, тозақтағы жын және адамдар тобының ішіне кіріңдер» дейді. Әр топ тозаққа кірген сәтте, өз туысын (алдыңғы жолдасын) қарғайды. Барлығы онда жиналғанда, артқылары, алдындағыларына: «Раббымыз! Осылар бізді адастырған. Сондықтан оларға тозақ отынан екі есе азап бер» дейді. (Алла): «Әркімге екі есе азап бар. Бірақ сендер білмейсіңдер» дейді
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ: «Өздеріңнен бұрын өткен жын мен адамдар қауымдары қатарында Отқа кіріңдер», - дейді. Бір ел оған кірген сайын, алдыңғы өткендерді қарғайды. Қашан олар, оның ішінде түгелімен жиналған кезде, кейінгілері алдыңғылары жайлы: «Раббымыз, бізді мыналар адастырды, оларға Оттан еселенген азап бер», - дейді. / Аллаһ / : «Әркімге еселі / азап / бар. Бірақ сендер білмейсіңдер», дейді
Аударма: ҚМДБ
7:39
وَقَالَتۡ أُولَىٰهُمۡ لِأُخۡرَىٰهُمۡ فَمَا كَانَ لَكُمۡ عَلَيۡنَا مِن فَضۡلٖ فَذُوقُواْ ٱلۡعَذَابَ بِمَا كُنتُمۡ تَكۡسِبُونَ
Және олардың алдынғылары, артқыларына: «Сендердің бізге бір артықшыларың жоқ. Ендеше істегендеріңнің азабын татыңдар» дейді
Аударма: Халифа Алтай
Олардың алдыңғылары кейінгілеріне: «Сендердің бізден ешқандай артықшылықтарың болған жоқ. Енді істегендерің үшін азапты сендер де татыңдар», - дейді
Аударма: ҚМДБ
7:40
إِنَّ ٱلَّذِينَ كَذَّبُواْ بِـَٔايَٰتِنَا وَٱسۡتَكۡبَرُواْ عَنۡهَا لَا تُفَتَّحُ لَهُمۡ أَبۡوَٰبُ ٱلسَّمَآءِ وَلَا يَدۡخُلُونَ ٱلۡجَنَّةَ حَتَّىٰ يَلِجَ ٱلۡجَمَلُ فِي سَمِّ ٱلۡخِيَاطِۚ وَكَذَٰلِكَ نَجۡزِي ٱلۡمُجۡرِمِينَ
Күдіксіз аяттарымызды жасынға айналдырып, одан өздерін жоғары көргендерге көктің есіктері ашылмайды.. Және олар түйе иненің көзінен өткенге дейін ұжмаққа кірмейді. Күнәкарларды өстіп жазаландырамыз
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, аяттарымызды өтірікке шығарған және өздерін одан жоғары санағандар үшін аспан есіктері ашылмайды. Әрі олар түйе иненің көзінен өтпейінше, жәннатқа кірмейді. Қылмыскерлердің / күнәһарлардың / қайтарым жазасын осылай береміз
Аударма: ҚМДБ
7:41
لَهُم مِّن جَهَنَّمَ مِهَادٞ وَمِن فَوۡقِهِمۡ غَوَاشٖۚ وَكَذَٰلِكَ نَجۡزِي ٱلظَّـٰلِمِينَ
Оларға жаһаннамда төсек және үстерінде жамылғылар бар. Залымдарға осылайша жаза береміз
Аударма: Халифа Алтай
Оларға Жаһаннамда / оттан / төсек әрі үстерінде жамылғы болады. Әділетсіздердің қайтарым жазасын осылай береміз
Аударма: ҚМДБ
7:42
وَٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَعَمِلُواْ ٱلصَّـٰلِحَٰتِ لَا نُكَلِّفُ نَفۡسًا إِلَّا وُسۡعَهَآ أُوْلَـٰٓئِكَ أَصۡحَٰبُ ٱلۡجَنَّةِۖ هُمۡ فِيهَا خَٰلِدُونَ
Және иман келтіріп, ізгі іс істегендер, негізінде біреуге шамасы келетінді ғана жүктейміз. Солар жаннаттық. Олар онда мәңгі қалушы
Аударма: Халифа Алтай
Ал, иманға келген әрі ізгі амал жасағандар болса, міне, солар - жәннаттықтар. Олар - онда мәңгі қалушы. Анығында, Біз ешбір жанға шамасы келмейтін нәрсені жүктемейміз
Аударма: ҚМДБ
7:43
وَنَزَعۡنَا مَا فِي صُدُورِهِم مِّنۡ غِلّٖ تَجۡرِي مِن تَحۡتِهِمُ ٱلۡأَنۡهَٰرُۖ وَقَالُواْ ٱلۡحَمۡدُ لِلَّهِ ٱلَّذِي هَدَىٰنَا لِهَٰذَا وَمَا كُنَّا لِنَهۡتَدِيَ لَوۡلَآ أَنۡ هَدَىٰنَا ٱللَّهُۖ لَقَدۡ جَآءَتۡ رُسُلُ رَبِّنَا بِٱلۡحَقِّۖ وَنُودُوٓاْ أَن تِلۡكُمُ ٱلۡجَنَّةُ أُورِثۡتُمُوهَا بِمَا كُنتُمۡ تَعۡمَلُونَ
Олардың көңілдерінен кірбеңдікті шығарамыз, астарынан өзендер ағады. Олар: «Барлық мақтау бізді осы тура жолға салған Аллаға тән. Егер Алла бізді тура жолға салмаса еді, тура жолды таба алмайтын едік. Расында Раббымыздың елшілері, шындықты келтірген еді » дейді. Және оларға: «Міне ғамалдарың себепті мұрагері болған ұжмақтарың осы» делінген түрде дабысталады
Аударма: Халифа Алтай
Біз олардың кеуделеріндегі реніш, қарсылықты шығардық. Олардың асты­нан өзендер ағып жатады, олар: «Барлық мақтау - бізді осыған алып келген Аллаһқа. Егер Аллаһ бізді тура жолмен жүргізбегенде, біз тура жолды таба алмас едік. Анығында, Раббымыздың елшілері ақиқатпен келді», - дейді. / Оларға / : «Міне, осы істеген амалдарың үшін сендерге мирас етіп берілген жәннат», - деп үнделеді
Аударма: ҚМДБ
7:44
وَنَادَىٰٓ أَصۡحَٰبُ ٱلۡجَنَّةِ أَصۡحَٰبَ ٱلنَّارِ أَن قَدۡ وَجَدۡنَا مَا وَعَدَنَا رَبُّنَا حَقّٗا فَهَلۡ وَجَدتُّم مَّا وَعَدَ رَبُّكُمۡ حَقّٗاۖ قَالُواْ نَعَمۡۚ فَأَذَّنَ مُؤَذِّنُۢ بَيۡنَهُمۡ أَن لَّعۡنَةُ ٱللَّهِ عَلَى ٱلظَّـٰلِمِينَ
Ұжмақтағылар, тозақтағыларға: «Раббымыздың бізге уәде еткенін тура таптық. Сендер де Раббыларыңның уәде еткенін тура таптыңдар ма?»,- деп айғайлайды. (Олар): «Әрине» дейді. Сонда олардың араларында бір айғайшы: «Алланың қарғысы залымдарға» деп айғайлайды
Аударма: Халифа Алтай
жәннаттықтар оттағыларға / тозақтағыларға / дауыстап: «Негізінде, біз Раббымыздың уәде еткенін ақиқат түрінде таптық. Ал, сендер өздеріңнің Раббың уәде еткенін ақиқат түрінде таптыңдар ма?» - дейді. олар. «Иә», - дейді. Сонда олардың екі арасында бір жаршы жар салады: «Аллаһтың лағнеті әділетсіздерге
Аударма: ҚМДБ
7:45
ٱلَّذِينَ يَصُدُّونَ عَن سَبِيلِ ٱللَّهِ وَيَبۡغُونَهَا عِوَجٗا وَهُم بِٱلۡأٓخِرَةِ كَٰفِرُونَ
Олар, Алланың жолынан тосып, онда бір қисықтық іздейді. Және олар ахиретке де қарсы болушылар
Аударма: Халифа Алтай
Солар Аллаһтың жолынан тосатын, оны бұрмалауды қалайтын әрі соңғымәңгілік өмірге Ақиретке сенбейтіндер», - деп
Аударма: ҚМДБ
7:46
وَبَيۡنَهُمَا حِجَابٞۚ وَعَلَى ٱلۡأَعۡرَافِ رِجَالٞ يَعۡرِفُونَ كُلَّۢا بِسِيمَىٰهُمۡۚ وَنَادَوۡاْ أَصۡحَٰبَ ٱلۡجَنَّةِ أَن سَلَٰمٌ عَلَيۡكُمۡۚ لَمۡ يَدۡخُلُوهَا وَهُمۡ يَطۡمَعُونَ
(Ұжмақтағылар мен тозақтағылардың) арасында далда бар. Және «Ағраф» делінген жоғары орында екі жақтағыларды да әлпеттерінен таныйтын біреулер бар. Бұлар: «Сендерге сәлем» деп жаннаттағыларға айғайлайды. Бұлар әлі жаннатқа кірмеген, үміт ететіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Ол екі топтың арасында бөгет бар. Ағрафтың үстінде әрқайсысын / жәннаттың пентозақтықтарды / белгісінен танитын адамдар бар. Олар жәннаттықтарға: «Сендерге амандық болсын!» - деп үн қатады. Олар оған кірмеген, / оны / үміт етеді
Аударма: ҚМДБ
7:47
۞وَإِذَا صُرِفَتۡ أَبۡصَٰرُهُمۡ تِلۡقَآءَ أَصۡحَٰبِ ٱلنَّارِ قَالُواْ رَبَّنَا لَا تَجۡعَلۡنَا مَعَ ٱلۡقَوۡمِ ٱلظَّـٰلِمِينَ
Қашан олардың көздері тозақтыктар жаққа бұрылса: «Раббымыз! Бізді залым елмен бірге қыла көрме!»,- дейді
Аударма: Халифа Алтай
Қашан олардың көздері оттағылар / тозақтағылар / жаққа бұрылса: «Раббымыз! Бізді әділетсіз адамдармен бірге ете көрме!»- дейді
Аударма: ҚМДБ
7:48
وَنَادَىٰٓ أَصۡحَٰبُ ٱلۡأَعۡرَافِ رِجَالٗا يَعۡرِفُونَهُم بِسِيمَىٰهُمۡ قَالُواْ مَآ أَغۡنَىٰ عَنكُمۡ جَمۡعُكُمۡ وَمَا كُنتُمۡ تَسۡتَكۡبِرُونَ
Ағрафтағылар тозақтағы әлпеттерінен танығандарға: «Сендерге көптіктерің және менмендіктерің пайда бермеді ме?»,- деп айғайлайды
Аударма: Халифа Алтай
Ағрафтағылар (жәннат пен тозақтың арасындағы бөгет. Ол жерде әлі не Жәннатқа, не тозаққа кіретіні белгісіз адамдар тұрады. Олардың ізгі амалдарымен жаман істері тең) өздері белгілерінен та­нитын / тозақтағы / адамдарға дауыстап: «Сендерге өздеріңнің көптіктерің және менменсіп, өздеріңді жоғары санауларың пайда бермеді
Аударма: ҚМДБ
7:49
أَهَـٰٓؤُلَآءِ ٱلَّذِينَ أَقۡسَمۡتُمۡ لَا يَنَالُهُمُ ٱللَّهُ بِرَحۡمَةٍۚ ٱدۡخُلُواْ ٱلۡجَنَّةَ لَا خَوۡفٌ عَلَيۡكُمۡ وَلَآ أَنتُمۡ تَحۡزَنُونَ
(Оларға ұжмақтағыларды көрсетіп:) “Бұларға Алланың рахметі тимейді деп, ант ішкен адамдарың емес пе? Ұжмаққа кіріңдер. Сендерге қорқыныш жоқ әрі сендер қайғырмайсыңдар” (делінеді)
Аударма: Халифа Алтай
Сендердің Аллаһтың мейірімі тимейді деп, ант ішкендерің осылар ма?» - дейді./ Ағрафтықтарға / : «жәннатқа кіріңдер. Сендерге қорқыныш жоқ әрі сендер қайғырмайсыңдар!» - делінеді
Аударма: ҚМДБ
7:50
وَنَادَىٰٓ أَصۡحَٰبُ ٱلنَّارِ أَصۡحَٰبَ ٱلۡجَنَّةِ أَنۡ أَفِيضُواْ عَلَيۡنَا مِنَ ٱلۡمَآءِ أَوۡ مِمَّا رَزَقَكُمُ ٱللَّهُۚ قَالُوٓاْ إِنَّ ٱللَّهَ حَرَّمَهُمَا عَلَى ٱلۡكَٰفِرِينَ
Тозақтағылар, ұжмақтағыларға: “бізге суларыңнан немесе Алланың сендерге берген несібесінен төгіп жіберіңдер” деп айғайлайды. Олар: “Расында Алла, ол екеуінде кәпірлерге арам еткен” дейді
Аударма: Халифа Алтай
Оттағылар / тозақтағылар / Жәннаттықтарға: «Бізге судан төгіп немесе Аллаһ өздеріңе ризық етіп берген нәрселерден / беріңдерші / », - деп дауыстайды. Олар / жәннаттағылар / : «Ақиқатында, Аллаһ бұл екеуін кәпірлер үшін тыйым салған
Аударма: ҚМДБ
7:51
ٱلَّذِينَ ٱتَّخَذُواْ دِينَهُمۡ لَهۡوٗا وَلَعِبٗا وَغَرَّتۡهُمُ ٱلۡحَيَوٰةُ ٱلدُّنۡيَاۚ فَٱلۡيَوۡمَ نَنسَىٰهُمۡ كَمَا نَسُواْ لِقَآءَ يَوۡمِهِمۡ هَٰذَا وَمَا كَانُواْ بِـَٔايَٰتِنَا يَجۡحَدُونَ
Олар, діндерін оын- сауыққа айналдырып, дүние тіршілігі алдағандар. Олар осы күнге жолығуларын ұмытып және аяттарымызға қарсы келгендей бүгін. Біз оларды ұмытамыз
Аударма: Халифа Алтай
Олар діндерін ермек етті және ойынға айналдырды әрі оларды осы өмір алдады», - дейді. Бүгін олар осы Күнге жолығудыұмытқандықтары секілді және аяттарымызды мойындамағандары үшін, Біз оларды үміт қалдырамыз / тастаймыз
Аударма: ҚМДБ
7:52
وَلَقَدۡ جِئۡنَٰهُم بِكِتَٰبٖ فَصَّلۡنَٰهُ عَلَىٰ عِلۡمٍ هُدٗى وَرَحۡمَةٗ لِّقَوۡمٖ يُؤۡمِنُونَ
Расында Біз оларға, иман келтірген қауым үшін тура жол мәрхамет түрінде бір Кітап түсіріп, оны білім жолымен айырып түсіндірдік
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Біз оларға - иманға келген адамдар үшін / тура жолға / басшылық әрі мейірім ретінде Кітап келтіріп, оны біліммен анықтап түсіндірдік
Аударма: ҚМДБ
7:53
هَلۡ يَنظُرُونَ إِلَّا تَأۡوِيلَهُۥۚ يَوۡمَ يَأۡتِي تَأۡوِيلُهُۥ يَقُولُ ٱلَّذِينَ نَسُوهُ مِن قَبۡلُ قَدۡ جَآءَتۡ رُسُلُ رَبِّنَا بِٱلۡحَقِّ فَهَل لَّنَا مِن شُفَعَآءَ فَيَشۡفَعُواْ لَنَآ أَوۡ نُرَدُّ فَنَعۡمَلَ غَيۡرَ ٱلَّذِي كُنَّا نَعۡمَلُۚ قَدۡ خَسِرُوٓاْ أَنفُسَهُمۡ وَضَلَّ عَنۡهُم مَّا كَانُواْ يَفۡتَرُونَ
Олар оның нәтижесін (бастарына келетінін) ғана күтеді. Оның нәтижесі келген күні, оны ұмытып жүргендер: “Раббымыздың елшілері шындықты әкелген еді. Енді бізді қолдаушы бар ма? Немесе дүниеге қайтарыламыз ба? Сонда бұрыңғы істегенімізден басқаны істер едік” дейді. Расында олар өздеріне кесір істеді. Сондай-ақ олардың жасанды тәңірлері адасып жоқ болды
Аударма: Халифа Алтай
Олар оның орындалуын ғана күте ме? Ол орындалған күні, оны бұрын ұмытқандар: «Раббымыздың елшілері ақиқатпен келді. Біз үшін бір ара түсуші / шапағат етуші / бар ма екен, бізге ара түссе / шапағат етсе! еді, не Дүниеге кері қайтарылсақ еді, сонда істеп өткенімізден басқа амал істейтін едік», - дейді. Олар өздеріне зиян келтірді және ойдан шығарғандары олардан ұшты-күйлі жоқ болды
Аударма: ҚМДБ
7:54
إِنَّ رَبَّكُمُ ٱللَّهُ ٱلَّذِي خَلَقَ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضَ فِي سِتَّةِ أَيَّامٖ ثُمَّ ٱسۡتَوَىٰ عَلَى ٱلۡعَرۡشِۖ يُغۡشِي ٱلَّيۡلَ ٱلنَّهَارَ يَطۡلُبُهُۥ حَثِيثٗا وَٱلشَّمۡسَ وَٱلۡقَمَرَ وَٱلنُّجُومَ مُسَخَّرَٰتِۭ بِأَمۡرِهِۦٓۗ أَلَا لَهُ ٱلۡخَلۡقُ وَٱلۡأَمۡرُۗ تَبَارَكَ ٱللَّهُ رَبُّ ٱلۡعَٰلَمِينَ
Күдіксіз Раббыларың сондай Алла, көктер мен жерді алты күнде жаратқан. Сонан кейін ғаршыны көтерілді. Бірін- бірі қуалап, күндізді бүркеген түнді және күн мен айды, жұлдыздарды да әміріне бағындырған. Сақ болыңдар! Жарату және бұйрық беру Оған тән. Өте жоғары Алла, бүкіл әлемнің Раббы
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, сендердің Раббың - Аллаһ. Ол аспандарды және жерді алты күнде жаратқан, кейін Аршыға көтерілді. Ол түнмен, оны жылдам түрде өкшелеп қалмайтын күндізді жабады. Күн, ай және жұлдыздар Оның әміріне бағынышты. Біліңдер, жарату және Әмір ету - Оның билігінде. Әлемдердің Раббысы Аллаһ - аса Берекелі
Аударма: ҚМДБ
7:55
ٱدۡعُواْ رَبَّكُمۡ تَضَرُّعٗا وَخُفۡيَةًۚ إِنَّهُۥ لَا يُحِبُّ ٱلۡمُعۡتَدِينَ
Раббыларыңа жалбарынып, жасырын түрде тілеңдер. Күдіксіз Ол, шектен шығушыларды жақсы көрмейді
Аударма: Халифа Алтай
Өздеріңнің Раббыңа бойсұна, берілген күйде, құпия түрде / іштеріңнен / тілетілеңдер. Ақиқатында, Ол шектен шығушыларды жақсы көрмейді
Аударма: ҚМДБ
7:56
وَلَا تُفۡسِدُواْ فِي ٱلۡأَرۡضِ بَعۡدَ إِصۡلَٰحِهَا وَٱدۡعُوهُ خَوۡفٗا وَطَمَعًاۚ إِنَّ رَحۡمَتَ ٱللَّهِ قَرِيبٞ مِّنَ ٱلۡمُحۡسِنِينَ
Жер жүзі түзетілгеннен кейін бүліншілік қылмаңдар. Және Аллаға хауіп әрі үмітпен жалбарыныңдар. Расында Алланың рахмті жақын
Аударма: Халифа Алтай
Әрі жер беті түзетілгеннен кейін, онда бұзу-бүлдірушілік істемеңдер. Одан / Аллаһтан / - қорыққан күйде әрі үмітпенен тілеңдер. Негізінде, Аллаһтың мейірімі жақсылықты ықыласпен істеушілерге жақын
Аударма: ҚМДБ
7:57
وَهُوَ ٱلَّذِي يُرۡسِلُ ٱلرِّيَٰحَ بُشۡرَۢا بَيۡنَ يَدَيۡ رَحۡمَتِهِۦۖ حَتَّىٰٓ إِذَآ أَقَلَّتۡ سَحَابٗا ثِقَالٗا سُقۡنَٰهُ لِبَلَدٖ مَّيِّتٖ فَأَنزَلۡنَا بِهِ ٱلۡمَآءَ فَأَخۡرَجۡنَا بِهِۦ مِن كُلِّ ٱلثَّمَرَٰتِۚ كَذَٰلِكَ نُخۡرِجُ ٱلۡمَوۡتَىٰ لَعَلَّكُمۡ تَذَكَّرُونَ
Ол сондай Алла рахметінің (жаңбырдың) алдын ала желдерді қуантушы етіп жібереді. Ауыр бұлттарды көтерген бойда, өлі (қағыр) бір мемлекетке жіберіп, сонда ол арқылы жаңбыр жаудырып, сонымен әр түрлі жемістерді шығарамыз. Осылайша өліктерді де тірілтеміз. Әрине үгіттенерсіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Ол - мейірімінің / жаңбырдың / алдында желдерді қуанышты хабар етіп жібереді. Ал қашан, ол / желдер / ауыр бұлттарды көтерсе, оны өлі өлкеге айдап барып, оған су түсіреміз де осы арқылы жемістердің әрбір түрінен шығарамыз. Біз өлілерді де осылай шығарамыз. Бұл еске алуларың / ғибраттануларың / үшін
Аударма: ҚМДБ
7:58
وَٱلۡبَلَدُ ٱلطَّيِّبُ يَخۡرُجُ نَبَاتُهُۥ بِإِذۡنِ رَبِّهِۦۖ وَٱلَّذِي خَبُثَ لَا يَخۡرُجُ إِلَّا نَكِدٗاۚ كَذَٰلِكَ نُصَرِّفُ ٱلۡأٓيَٰتِ لِقَوۡمٖ يَشۡكُرُونَ
Жақсы жердің өсімдігі Раббының қалауы бойынша шығады. Сондай құнарсыз жерге аз нәрсе ғана шығады. ( Бұл ықылас пен ықылассыздың мысалы) Осылайша аяттарымызды шүкірлік қылатын елге айырып баян етеміз
Аударма: Халифа Алтай
жақсы жердің өсімдігі Раббысының рұқсатымен / жақсы / шығады. Ал, нашар болғандікі жұтаң болып шығады. Біз аяттарды Аллаһтың игіліктеріне алғыс білдіретін / шүкір ететін / адамдар үшін, осылай етіп түсіндіреміз
Аударма: ҚМДБ
7:59
لَقَدۡ أَرۡسَلۡنَا نُوحًا إِلَىٰ قَوۡمِهِۦ فَقَالَ يَٰقَوۡمِ ٱعۡبُدُواْ ٱللَّهَ مَا لَكُم مِّنۡ إِلَٰهٍ غَيۡرُهُۥٓ إِنِّيٓ أَخَافُ عَلَيۡكُمۡ عَذَابَ يَوۡمٍ عَظِيمٖ
Расында Нұх (Ғ.С.) ты еліне пайғамбар етіп жібердік. Сонда ол: “Әй елім! Аллаға құлшылық қылыңдар, сендердің Одан басқа тәңірлерің жоқ. Шәксіз мен сендерге келетін ұлы күннің азабынан қорқамын” деді
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, Біз Нұхты өз еліне Елші етіп жібердік. Ол: «Әй, елім! Аллаһқа құлшылық етіңдер, сендер үшін Одан басқа ешбір құдай жоқ. Мен сендерге ұлы Күннің азабынан қорқамын», - деді
Аударма: ҚМДБ
7:60
قَالَ ٱلۡمَلَأُ مِن قَوۡمِهِۦٓ إِنَّا لَنَرَىٰكَ فِي ضَلَٰلٖ مُّبِينٖ
Елінің бастықтары: “Әрине біз сені ашық адасуда көреміз” деді
Аударма: Халифа Алтай
Оның елінің уәзірлері мен бектері: «Анығында, біз сені анық адасуда көреміз», - деді
Аударма: ҚМДБ
7:61
قَالَ يَٰقَوۡمِ لَيۡسَ بِي ضَلَٰلَةٞ وَلَٰكِنِّي رَسُولٞ مِّن رَّبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ
“Әй елім! Мен де ешбір адасқандық жоқ. Бірак мен әлемдердің Раббы тарапынан бір елшімін” деді
Аударма: Халифа Алтай
Нұх / : айтты «Әй, елім! Менде ешқандай адасушылық жоқ. Анығында, мен әлемдердің Раббысынан / жіберілген / Елшімін
Аударма: ҚМДБ
7:62
أُبَلِّغُكُمۡ رِسَٰلَٰتِ رَبِّي وَأَنصَحُ لَكُمۡ وَأَعۡلَمُ مِنَ ٱللَّهِ مَا لَا تَعۡلَمُونَ
“Сендерге Раббымның жібергендерін жалғастырып, сендерді үгіттеймін. Және Алладан сендер білмегенді білемін”
Аударма: Халифа Алтай
Сендерге Раббымның жолдағандарын жеткіземін әрі өздеріңе ізгі кеңес беремін және мен Аллаһ тарапынан сендер білмеген нәрсені білемін
Аударма: ҚМДБ
7:63
أَوَعَجِبۡتُمۡ أَن جَآءَكُمۡ ذِكۡرٞ مِّن رَّبِّكُمۡ عَلَىٰ رَجُلٖ مِّنكُمۡ لِيُنذِرَكُمۡ وَلِتَتَّقُواْ وَلَعَلَّكُمۡ تُرۡحَمُونَ
Сақсынып, мәрхаметке бөленулерің үшін Раббыларың тарапынан, өздеріңнен сендерге ескертетін бір кісіге насихат келуіне таңырқайсыңдар ма
Аударма: Халифа Алтай
Сендерге Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтануларың / тақуалық етулерің / әрі мейірімге жетулерің үшін, араларыңнан шыққан бір кісі арқылы өздеріңнің Раббыңнан еске салу, / ескерту / келгеніне таң қаласыңдар ма?» - деп
Аударма: ҚМДБ
7:64
فَكَذَّبُوهُ فَأَنجَيۡنَٰهُ وَٱلَّذِينَ مَعَهُۥ فِي ٱلۡفُلۡكِ وَأَغۡرَقۡنَا ٱلَّذِينَ كَذَّبُواْ بِـَٔايَٰتِنَآۚ إِنَّهُمۡ كَانُواْ قَوۡمًا عَمِينَ
Сонда олар оны жасынға шығарды. Сондықтан оны және онымен бірге кемеде болғандарды құтқарып, аяттарымызды өтірік дегендерді суға батырдық.Өйткені олар анық көзсіз ел ді
Аударма: Халифа Алтай
Олар оны өтірікші санады. Сонда оны және онымен бірге болғандарды кемеде құтқардық та, белгілерімізді өтірікке шығарғандарды суға батырдық. Анығында, олар соқыр ел еді
Аударма: ҚМДБ
7:65
۞وَإِلَىٰ عَادٍ أَخَاهُمۡ هُودٗاۚ قَالَ يَٰقَوۡمِ ٱعۡبُدُواْ ٱللَّهَ مَا لَكُم مِّنۡ إِلَٰهٍ غَيۡرُهُۥٓۚ أَفَلَا تَتَّقُونَ
Және Ғад еліне туыстары Һұд (Ғ.С.) ты жібердік: “Әй елім! Аллаға құлшылық қылыңдар! Сендердің одан басқа тәңірлерің жоқ. Қорықпайсыңдар ма?”,- деді
Аударма: Халифа Алтай
Сондай-ақ, Ад еліне бауырлары Һудты / жібердік / . Ол: «Әй, елім! Аллаһқа құлшылық етіңдер, сендер үшін Одан басқа ешбір құдай жоқ. Қорықпайсыңдар ма?» - деді
Аударма: ҚМДБ
7:66
قَالَ ٱلۡمَلَأُ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ مِن قَوۡمِهِۦٓ إِنَّا لَنَرَىٰكَ فِي سَفَاهَةٖ وَإِنَّا لَنَظُنُّكَ مِنَ ٱلۡكَٰذِبِينَ
Елінің қарсы болған тобы: “Әрине біз сені есуас көреміз. Және сені анық өтірікшілерден деп ойлаймыз” деді
Аударма: Халифа Алтай
Оның еліндегі күпірлік етуші / қарсы болған / уәзірлері мен бектері: «Негізінде, біз сені бір жетесіз көріп тұрмыз әрі сені өтірікшілерден деп ойлаймыз», - деді
Аударма: ҚМДБ
7:67
قَالَ يَٰقَوۡمِ لَيۡسَ بِي سَفَاهَةٞ وَلَٰكِنِّي رَسُولٞ مِّن رَّبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ
“Әй елім! Мен бір ақымақ емеспін. Бірақ әлемдердің Раббы тарапынан бір елшімін” деді
Аударма: Халифа Алтай
Һуд / : «Әй, елім! Мен - жетесіз емеспін. Анығында, мен - әлемдердің Раббысынан / жіберілген / Елшімін
Аударма: ҚМДБ
7:68
أُبَلِّغُكُمۡ رِسَٰلَٰتِ رَبِّي وَأَنَا۠ لَكُمۡ نَاصِحٌ أَمِينٌ
“Сендерге Раббымның жібергендерін жалғастырамын. Әрі сендерге сенімді бір үгітшімін…”
Аударма: Халифа Алтай
Сендерге Раббымның жолдағандарын жеткіземін. Әрі сендерге сенімді кеңес берушімін
Аударма: ҚМДБ
7:69
أَوَعَجِبۡتُمۡ أَن جَآءَكُمۡ ذِكۡرٞ مِّن رَّبِّكُمۡ عَلَىٰ رَجُلٖ مِّنكُمۡ لِيُنذِرَكُمۡۚ وَٱذۡكُرُوٓاْ إِذۡ جَعَلَكُمۡ خُلَفَآءَ مِنۢ بَعۡدِ قَوۡمِ نُوحٖ وَزَادَكُمۡ فِي ٱلۡخَلۡقِ بَصۜۡطَةٗۖ فَٱذۡكُرُوٓاْ ءَالَآءَ ٱللَّهِ لَعَلَّكُمۡ تُفۡلِحُونَ
Раббыларың тарапынан өздеріңнен, сендерге ескерту үшін бір кісіге насихат елуіне таңырқайсыңдар ма? Ойлаңдар! Сол уақытта Алла сендерді Нұх қауымынан кейін орынбасар қылып, әрі тұлға жаратылысында да артык қылды. Ендеше Алланың нығметтерін еске алыңдар, әрине құтыласыңдар.”
Аударма: Халифа Алтай
Сендерге ескертуі үшін араларыңнан болған бір кісі арқылы өздеріңнің Раббыңнан еске салу, / ескерту / келгеніне таң қаласыңдар ма? Оның сендерді Нұх елінен кейін, халифа / олардың орнын басушылар / еткенін әрі жаратылыста үлкен еткенін естеріңе алыңдар. Жетістікке жету үшін, Аллаһтың игіліктерін естеріңе алыңдар», - деді
Аударма: ҚМДБ
7:70
قَالُوٓاْ أَجِئۡتَنَا لِنَعۡبُدَ ٱللَّهَ وَحۡدَهُۥ وَنَذَرَ مَا كَانَ يَعۡبُدُ ءَابَآؤُنَا فَأۡتِنَا بِمَا تَعِدُنَآ إِن كُنتَ مِنَ ٱلصَّـٰدِقِينَ
Олар: “Сен бізге жалғыз ғана Аллаға құлшылық қылуымыз және ата- бабаларымыздың табынатындарын тастауымыз үшін келдің бе? Егер рас айтушылардан болсаң, бізді құқайлаған азабынды әкел” деді
Аударма: Халифа Алтай
Олар / : «Сен бізге, біздің Аллаһтың жалғыз Өзіне құлшылық жасап, ата-бабаларымыз табынып келгендерін тастауымыз үшін келдің бе? Егер шын сөзділерден болсаң, бізге уәде етіп отырғандарыңды келтір», - деді
Аударма: ҚМДБ
7:71
قَالَ قَدۡ وَقَعَ عَلَيۡكُم مِّن رَّبِّكُمۡ رِجۡسٞ وَغَضَبٌۖ أَتُجَٰدِلُونَنِي فِيٓ أَسۡمَآءٖ سَمَّيۡتُمُوهَآ أَنتُمۡ وَءَابَآؤُكُم مَّا نَزَّلَ ٱللَّهُ بِهَا مِن سُلۡطَٰنٖۚ فَٱنتَظِرُوٓاْ إِنِّي مَعَكُم مِّنَ ٱلۡمُنتَظِرِينَ
(Һұд Ғ.С.): “Раббыларың тарапынан азап және ашу тиісті болды. Алла оған ешбір дәлел түсірмеген, аттарын, өздерің және аталарың қойған тәңірлерің жайында менімен талсасыңдар ма? Енді нәтижені күтіңдер, мен де сендермен бірге күтушілерденмін” деді
Аударма: Халифа Алтай
Һуд / : «Ақиқатында, сендерге өздеріңнің Раббыңнан азап және ашу келді. Сендер өздерің және ата-бабаларың / пұт құдайларды! атаған есімдер жайында менімен тартысасыңдар ма? Аллаһ олар жөнінде ешбір дәлел түсірмеген. Ендеше күтіңдер, мен де сендермен бірге күтушілерден боламын», - деді
Аударма: ҚМДБ
7:72
فَأَنجَيۡنَٰهُ وَٱلَّذِينَ مَعَهُۥ بِرَحۡمَةٖ مِّنَّا وَقَطَعۡنَا دَابِرَ ٱلَّذِينَ كَذَّبُواْ بِـَٔايَٰتِنَاۖ وَمَا كَانُواْ مُؤۡمِنِينَ
Сонда Һұд (Ғ.С.) ты, онымен бірге болғандары мәрхаметімізбен құтқардық та аяттарымызды жасынға шығарғандардың және сенбегендердің артын үздік
Аударма: Халифа Алтай
Сонда Біз оны және онымен бірге болғандарды Өзімізден болған мейіріммен құтқарып, аяттарымызды өтірікке шығарғандардың артын үздік / толық жойдық / . Олар иманға келмеген еді
Аударма: ҚМДБ
7:73
وَإِلَىٰ ثَمُودَ أَخَاهُمۡ صَٰلِحٗاۚ قَالَ يَٰقَوۡمِ ٱعۡبُدُواْ ٱللَّهَ مَا لَكُم مِّنۡ إِلَٰهٍ غَيۡرُهُۥۖ قَدۡ جَآءَتۡكُم بَيِّنَةٞ مِّن رَّبِّكُمۡۖ هَٰذِهِۦ نَاقَةُ ٱللَّهِ لَكُمۡ ءَايَةٗۖ فَذَرُوهَا تَأۡكُلۡ فِيٓ أَرۡضِ ٱللَّهِۖ وَلَا تَمَسُّوهَا بِسُوٓءٖ فَيَأۡخُذَكُمۡ عَذَابٌ أَلِيمٞ
Және Сәмүд еліне туыстары Салих (Ғ.С.) ды жібердік: “Әй қауымым! Аллаға құлшылық қылыңдар, сендердің Одан басқа тәңірлерің жоқ. Сендерге Раббыларыңнан ашық мұғжиза келді. Міне Алланың іңгені сендерге бір мұғжиза. Оны еркіне қойыңдар, Алланың жерінде оттасын. Оған бір сұмдық істемеңдер. Әйтпесе, сендерді жан түршігерлік азап қолға алады” деді
Аударма: Халифа Алтай
Сондай-ақ Сәмүд еліне бауырлары Салихты / жібердік / . / Ол / \ «Әй, елім! Аллаһқа құлшылық етіңдер, сендер үшін Одан басқа құдай жоқ. Ақиқатында сендерге өздеріңнің Раббыңнан анық дәлел келді. Міне, мынау - Аллаһтың түйесі, сендер үшін бір белгі. Сендер оны жайына қалдырыңдар, Аллаһтың жерінде жайылсын. Оған ешбір жамандық тигізбеңдер. Онда сендерді күйзелтуші азап тұтады
Аударма: ҚМДБ
7:74
وَٱذۡكُرُوٓاْ إِذۡ جَعَلَكُمۡ خُلَفَآءَ مِنۢ بَعۡدِ عَادٖ وَبَوَّأَكُمۡ فِي ٱلۡأَرۡضِ تَتَّخِذُونَ مِن سُهُولِهَا قُصُورٗا وَتَنۡحِتُونَ ٱلۡجِبَالَ بُيُوتٗاۖ فَٱذۡكُرُوٓاْ ءَالَآءَ ٱللَّهِ وَلَا تَعۡثَوۡاْ فِي ٱلۡأَرۡضِ مُفۡسِدِينَ
Еске алыңдар! Сол уақытта Ғаддан кейін сендерді олардың орынбасары қылып, жер жүзіне орналастырды. Ойпаттарынан сарайлар жасап алып, тауларды үңгіп үйлер жасайтын едіңдер. Сондықтан Алланың нығметтерін еске алыңдар да жер жүзінде бүліншілік қылып жүрмеңдер
Аударма: Халифа Алтай
Оның сендерді Ад елінен кейін ха­лифа / орнын басушылар / еткенін және жерде орналастырып, оның жазықтарында сарайлар тұрғызып, ал тауларынан қашап үй жасағандарыңды естеріңе алыңдар. Аллаһтың игіліктерін еске алыңдар және жер бетінде бұзу-бүлдірушілік жасамаңдар», - деді
Аударма: ҚМДБ
7:75
قَالَ ٱلۡمَلَأُ ٱلَّذِينَ ٱسۡتَكۡبَرُواْ مِن قَوۡمِهِۦ لِلَّذِينَ ٱسۡتُضۡعِفُواْ لِمَنۡ ءَامَنَ مِنۡهُمۡ أَتَعۡلَمُونَ أَنَّ صَٰلِحٗا مُّرۡسَلٞ مِّن رَّبِّهِۦۚ قَالُوٓاْ إِنَّا بِمَآ أُرۡسِلَ بِهِۦ مُؤۡمِنُونَ
Елінің дандайсыған тобы, араларындағы иман келтіргендерді қор көріп: «Салихтың, Раббы тарапынан анық елші екенін білесіңдер ме?»,- деді. Олар: «Күдіксіз біз ол арқылы жіберілген нәрселерге сенеміз» деді
Аударма: Халифа Алтай
Оның қауымынан өздерін жоғары санап тәкәппарланған уәзірлері мен бектері әлсіз саналғандардың ішіндегі иманға келгендерге: «Сендер Салихты өзінің Раббысынан жіберілген деп білесіңдер ме?» - деді. Олар: «Ақиқатында, біз онымен жіберілгенге сенеміз», - деді
Аударма: ҚМДБ
7:76
قَالَ ٱلَّذِينَ ٱسۡتَكۡبَرُوٓاْ إِنَّا بِٱلَّذِيٓ ءَامَنتُم بِهِۦ كَٰفِرُونَ
Дандайсығандар: «Күдіксіз біз сендер сенген нәрселерге қарсымыз» деді
Аударма: Халифа Алтай
Өздерін жоғары санағандар: «Ал, біз сендер сенген нәрсеге сенбейміз», - деді
Аударма: ҚМДБ
7:77
فَعَقَرُواْ ٱلنَّاقَةَ وَعَتَوۡاْ عَنۡ أَمۡرِ رَبِّهِمۡ وَقَالُواْ يَٰصَٰلِحُ ٱئۡتِنَا بِمَا تَعِدُنَآ إِن كُنتَ مِنَ ٱلۡمُرۡسَلِينَ
Сондай олар іңгенді өлтіріп, Раббыларының әмірінен шықты да: «Әй Салих! Егер сен елшілерден болсаң, бізге бопсалағаныңды келтір» деді
Аударма: Халифа Алтай
Сөйтіп олар түйенің тірсегін қиып, өздерінің Раббысының әміріне бағынбай, шектен шықты. Кейін: «Ей, Салих! Егер елшілерден болсаң, бізге уәде етіп жүргеніңді / азапты / келтір!» - деді
Аударма: ҚМДБ
7:78
فَأَخَذَتۡهُمُ ٱلرَّجۡفَةُ فَأَصۡبَحُواْ فِي دَارِهِمۡ جَٰثِمِينَ
Сонда оларды бір сілкініс қолға алды да үйлерінде етпеттеген бойдарында қалды
Аударма: Халифа Алтай
Сонда, Оларға бір сілкініс тиіп, олар үйлерінде етпетімен жатқан күйі қалды
Аударма: ҚМДБ
7:79
فَتَوَلَّىٰ عَنۡهُمۡ وَقَالَ يَٰقَوۡمِ لَقَدۡ أَبۡلَغۡتُكُمۡ رِسَالَةَ رَبِّي وَنَصَحۡتُ لَكُمۡ وَلَٰكِن لَّا تُحِبُّونَ ٱلنَّـٰصِحِينَ
Сонда Салих олардан жүз бұрып: «Әй елім! Расында мен сендерге Раббымның бұйрығын жалғастырдым. Бірақ сендер үгіттеушілерді жақсы көрмедіңдер» деді
Аударма: Халифа Алтай
Салих / олардан жүзін бұрып: «Әй, елім! Сендерге Раббымның жолдағанын жеткіздім әрі сендерге адал кеңес бердім. Бірақ сендер кеңес берушілерді / жақсылыққалаушыларды / ұнатпадыңдар», - деді
Аударма: ҚМДБ
7:80
وَلُوطًا إِذۡ قَالَ لِقَوۡمِهِۦٓ أَتَأۡتُونَ ٱلۡفَٰحِشَةَ مَا سَبَقَكُم بِهَا مِنۡ أَحَدٖ مِّنَ ٱلۡعَٰلَمِينَ
Лұт (Ғ.С.) сол уақытта еліне: «Сендерден бұрын әлемнен ешкімнің істемеген арсыздығын істейсіңдер ме?» деді
Аударма: Халифа Алтай
Сондай-ақ Лұтты да / жібердік / . Сол кезде ол еліне: «Сендер бұрын әлемдерден ешкім істемеген жиіркенішті істі істейсіңдер ме
Аударма: ҚМДБ
7:81
إِنَّكُمۡ لَتَأۡتُونَ ٱلرِّجَالَ شَهۡوَةٗ مِّن دُونِ ٱلنِّسَآءِۚ بَلۡ أَنتُمۡ قَوۡمٞ مُّسۡرِفُونَ
«Сендер әйелдерді қойып еркектерге қызығып келесіңдер ме? Әрине сендер шектен шыққан елсіңдер»
Аударма: Халифа Алтай
Сендер әйелдерді қойып, еркектерге қатысты тәнқұмарлықтарына / шәһуәттарына / ересіңдер. Шын мәнінде, сендер - шектен шыққан елсіңдер», - деді
Аударма: ҚМДБ
7:82
وَمَا كَانَ جَوَابَ قَوۡمِهِۦٓ إِلَّآ أَن قَالُوٓاْ أَخۡرِجُوهُم مِّن قَرۡيَتِكُمۡۖ إِنَّهُمۡ أُنَاسٞ يَتَطَهَّرُونَ
Елінің жауабы: «Оларды кенттеріңнен шығарыңдар. Өйткені, олар өте тазасынған адамдар» деу ғана болады
Аударма: Халифа Алтай
Ал, оның елінің: «Бұларды жұрттарыңнан шығарыңдар, бұлар тазасынған адамдар екен», - деп айтқаннан басқа жауабы болмады
Аударма: ҚМДБ
7:83
فَأَنجَيۡنَٰهُ وَأَهۡلَهُۥٓ إِلَّا ٱمۡرَأَتَهُۥ كَانَتۡ مِنَ ٱلۡغَٰبِرِينَ
Сонда Лұт (Ғ.С.) ты және семьясын құтқардық. Бірақ қатыны ғана апатқа ұшырағандардан болды
Аударма: Халифа Алтай
Сонда Біз оны және әйелінен өзге үй ішіндегілерін құтқардық. Әйелі қалушылардан болды
Аударма: ҚМДБ
7:84
وَأَمۡطَرۡنَا عَلَيۡهِم مَّطَرٗاۖ فَٱنظُرۡ كَيۡفَ كَانَ عَٰقِبَةُ ٱلۡمُجۡرِمِينَ
Оларға бір жаңбыр жаудырдық. Күнәкарлардың сонының қалай болғанын көр
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Біз оларға / тастан / жаңбыр жаудырдық. Қылмыскерлердің соңы немен біткеніне назар сал
Аударма: ҚМДБ
7:85
وَإِلَىٰ مَدۡيَنَ أَخَاهُمۡ شُعَيۡبٗاۚ قَالَ يَٰقَوۡمِ ٱعۡبُدُواْ ٱللَّهَ مَا لَكُم مِّنۡ إِلَٰهٍ غَيۡرُهُۥۖ قَدۡ جَآءَتۡكُم بَيِّنَةٞ مِّن رَّبِّكُمۡۖ فَأَوۡفُواْ ٱلۡكَيۡلَ وَٱلۡمِيزَانَ وَلَا تَبۡخَسُواْ ٱلنَّاسَ أَشۡيَآءَهُمۡ وَلَا تُفۡسِدُواْ فِي ٱلۡأَرۡضِ بَعۡدَ إِصۡلَٰحِهَاۚ ذَٰلِكُمۡ خَيۡرٞ لَّكُمۡ إِن كُنتُم مُّؤۡمِنِينَ
Мәдян еліне туыстары Шұғайып (Ғ.С.) ты жібердік: «Әй елім! Аллаға құлшылық қылыңдар. Сендердің Одан басқа тәңірлерің жоқ. Сендерге Раббыларыңнан ашық бір дәлел келді. Енді өлшеуді, тартуды толық орындаңдар. Адамдардың нәрселерін кемітпеңдер. Түзетілгеннен кейін жер жүзінде бүліншілік қылмаңдар. Егер иман кетірген болсаңдар, сендерге осы істерің жақсы» деді
Аударма: Халифа Алтай
Сондай-ақ Мәдиян еліне бауырлары Шұғайыпты / жібердік / . Ол: «Әй, елім! Аллаһқа құлшылық етіңдер, сендер үшін Одан басқа ешбір құдай жоқ. Сендерге өздеріңнің Раббыңнан анық бір дәлел келді. Өлшеуді және таразыда туралықты ұстаңдар әрі адамдардың заттарын кемітпеңдер. Жер беті түзетілгеннен кейін онда бұзу-бүлдірушілік жасамаңдар. Егер иманды болсаңдар, осылай етулерің өздерің үшін қайырлы
Аударма: ҚМДБ
7:86
وَلَا تَقۡعُدُواْ بِكُلِّ صِرَٰطٖ تُوعِدُونَ وَتَصُدُّونَ عَن سَبِيلِ ٱللَّهِ مَنۡ ءَامَنَ بِهِۦ وَتَبۡغُونَهَا عِوَجٗاۚ وَٱذۡكُرُوٓاْ إِذۡ كُنتُمۡ قَلِيلٗا فَكَثَّرَكُمۡۖ وَٱنظُرُواْ كَيۡفَ كَانَ عَٰقِبَةُ ٱلۡمُفۡسِدِينَ
«Иман келтіргендерді Алланың жолынан тосып, бопсалап, қыңырлық іздеу үшін әрбір жол үстінде отырмаңдар. Және ойлаңдар, сендер аз едіңдер, Алла көбейтті. Және де бұзақылардың соңы қалай болды, қараңдар! »
Аударма: Халифа Алтай
Әрі адамдарды қорқыту үшін әрбір жолда отырмаңдар. Сондай-ақ Аллам жолын қисайтуды қалап, одан иманға келгендерді қайтармаңдар. Өздерің аз болған кезде Ол сендерді көбейткенін естеріңе алыңдар. Бұзушы-бүлдірушілердің соңының немен біткеніне назар салыңдар
Аударма: ҚМДБ
7:87
وَإِن كَانَ طَآئِفَةٞ مِّنكُمۡ ءَامَنُواْ بِٱلَّذِيٓ أُرۡسِلۡتُ بِهِۦ وَطَآئِفَةٞ لَّمۡ يُؤۡمِنُواْ فَٱصۡبِرُواْ حَتَّىٰ يَحۡكُمَ ٱللَّهُ بَيۡنَنَاۚ وَهُوَ خَيۡرُ ٱلۡحَٰكِمِينَ
«Және сендерден бір топ, мен арқылы жіберілгенге сеніп, бір топ сенбесе, Сонда арамызға Алла үкім бергенге дейін сабыр етіңдер. Ол, үкім берушілердің жақсысы»
Аударма: Халифа Алтай
Әрі сендерден бір топ мен арқылы жіберілгенге сеніп, ал бір тобы сенбесе, Аллаһ арамызға үкім шығарғанға дейін сабыр етіңдер. Ол - үкім шығарушылардың ең қайырлысы», - деді
Аударма: ҚМДБ
7:88
۞قَالَ ٱلۡمَلَأُ ٱلَّذِينَ ٱسۡتَكۡبَرُواْ مِن قَوۡمِهِۦ لَنُخۡرِجَنَّكَ يَٰشُعَيۡبُ وَٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ مَعَكَ مِن قَرۡيَتِنَآ أَوۡ لَتَعُودُنَّ فِي مِلَّتِنَاۚ قَالَ أَوَلَوۡ كُنَّا كَٰرِهِينَ
Елінің дандайсыған бастықтары: «Әй шұғайып! Әрине сені де сенімен бірге иман келтіргендерді де кентімізден шығарамыз, немесе дінімізге қайтасыңдар» деді. Шұғайып(Ғ.С.): «Жақтырмасақ та ма?»,- деді
Аударма: Халифа Алтай
Оның еліндегі өздерін жоғары санаған уәзірлері мен бектері: «Әй, Шұғайып! Біз сені және сенімен бірге иманға келгендерді елімізден міндетті түрде шығарамыз немесе біздің дінімізге қайтасыңдар», - деді. Шұғайып айтты: «Жек көріп, қаламасақ та ма
Аударма: ҚМДБ
7:89
قَدِ ٱفۡتَرَيۡنَا عَلَى ٱللَّهِ كَذِبًا إِنۡ عُدۡنَا فِي مِلَّتِكُم بَعۡدَ إِذۡ نَجَّىٰنَا ٱللَّهُ مِنۡهَاۚ وَمَا يَكُونُ لَنَآ أَن نَّعُودَ فِيهَآ إِلَّآ أَن يَشَآءَ ٱللَّهُ رَبُّنَاۚ وَسِعَ رَبُّنَا كُلَّ شَيۡءٍ عِلۡمًاۚ عَلَى ٱللَّهِ تَوَكَّلۡنَاۚ رَبَّنَا ٱفۡتَحۡ بَيۡنَنَا وَبَيۡنَ قَوۡمِنَا بِٱلۡحَقِّ وَأَنتَ خَيۡرُ ٱلۡفَٰتِحِينَ
«Алла бізді діндеріңнен құтқарғаннан кейін қайталасақ, расында Аллаға өтірік жала қойған боламыз. Бірақ Раббымыз қаласа, оған қайтуымызға болады. Раббымыздың білімі әр нәрсні сыйдырды. Аллаға тәуекел қылдық. Раббымыз! Біз бенен еліміздің аарсына туралықпен Сен үкім ет. соНдай-ақ Сен билік аутушылардың ең жақсысың» (деді. Шұғайып Ғ.С)
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ бізді / ұстанған / діндеріңнен құтқарғаннан кейін оған қайтсақ, онда Аллаһқа қатысты өтірікті құрастырған / жала жапқан / боламыз. Бізге оған / діндеріңе / қайтуға мүлде болмайды, егер тек Раббымыз Аллаһтың қалауы болмаса. Раббымыз барлық нәрсені білімімен қамтыған. Біз Аллаһқа жүгініп, Оған өзімізді тапсырдық / тәуекел еттік / . Раббымыз! Біз бен еліміздің арасын ақиқатпен шешіп бер. Сен - шешім шығарушылардың ең қайырлысысың», - деді
Аударма: ҚМДБ
7:90
وَقَالَ ٱلۡمَلَأُ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ مِن قَوۡمِهِۦ لَئِنِ ٱتَّبَعۡتُمۡ شُعَيۡبًا إِنَّكُمۡ إِذٗا لَّخَٰسِرُونَ
Елінің ішінен қарсы болған бастықтары: «Егер Шұғайыпқа ілессеңдер, сол уақытта анык зиян етушілерден боласыңдар» деді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі оның елінің күпір келтірген / қарсыкелген, имансыз / уәзірлері мен бектері / халқына! / «Егер Шұғайыпқа ерсеңдер, міндетті түрде зиянға ұшыраушы боласыңдар», - деді
Аударма: ҚМДБ
7:91
فَأَخَذَتۡهُمُ ٱلرَّجۡفَةُ فَأَصۡبَحُواْ فِي دَارِهِمۡ جَٰثِمِينَ
Сонда оларды бір сілкіңіс қолға алып жұрттарында етпеттеген бойларында қалды
Аударма: Халифа Алтай
Сонда оларға бір сілкініс тиіп, олар үйлерінде етпетімен жатқан күйі қалды
Аударма: ҚМДБ
7:92
ٱلَّذِينَ كَذَّبُواْ شُعَيۡبٗا كَأَن لَّمۡ يَغۡنَوۡاْ فِيهَاۚ ٱلَّذِينَ كَذَّبُواْ شُعَيۡبٗا كَانُواْ هُمُ ٱلۡخَٰسِرِينَ
Шұғайып (Ғ.С.) ты жасынға шығарғандар, тіпті жұрттарында болмағандай болды. Сондай-ақ Шұғайып (Ғ.С.) ты жасынға шығарғандар зиян тартты
Аударма: Халифа Алтай
Шұғайыпты өтірікші деп санағандар, ол жерде тіптен тұрмағандай болды. Шұғайыпты өтірікші санағандар - өздері зиянға ұшырады
Аударма: ҚМДБ
7:93
فَتَوَلَّىٰ عَنۡهُمۡ وَقَالَ يَٰقَوۡمِ لَقَدۡ أَبۡلَغۡتُكُمۡ رِسَٰلَٰتِ رَبِّي وَنَصَحۡتُ لَكُمۡۖ فَكَيۡفَ ءَاسَىٰ عَلَىٰ قَوۡمٖ كَٰفِرِينَ
Сонда ол, олардан бет бұрып: «Әй елім! Расында мен сендерге Раббымның нұсқауларын жалғастырдым әрі сендерге үгіт еттім. Ал енді қарсы болған бір елге қайтып қайғырамын? » ,- деді
Аударма: Халифа Алтай
Шұғайып олардан бетін бұрып: «Әй, елім! Ақиқатында, мен Сендерге Раббымның жолдағандарын жеткіздім әрі ізгі кеңес бердім. Енді кәпір адамдар үшін қалай қайғырамын?!» - деді
Аударма: ҚМДБ
7:94
وَمَآ أَرۡسَلۡنَا فِي قَرۡيَةٖ مِّن نَّبِيٍّ إِلَّآ أَخَذۡنَآ أَهۡلَهَا بِٱلۡبَأۡسَآءِ وَٱلضَّرَّآءِ لَعَلَّهُمۡ يَضَّرَّعُونَ
Тағы Біз әрқандай бір кентке елші жіберсек, олар жалбарынсын деп, ол жердің тұрғындарын таршылық, қиыншылыққа ұшыраттық
Аударма: Халифа Алтай
Қайсы бір елді мекенге Пайғамбар жібергенімізде, оның тұрғындарын бойсұнулары үшін таршылыққа және қиындыққа ұшыраттық
Аударма: ҚМДБ
7:95
ثُمَّ بَدَّلۡنَا مَكَانَ ٱلسَّيِّئَةِ ٱلۡحَسَنَةَ حَتَّىٰ عَفَواْ وَّقَالُواْ قَدۡ مَسَّ ءَابَآءَنَا ٱلضَّرَّآءُ وَٱلسَّرَّآءُ فَأَخَذۡنَٰهُم بَغۡتَةٗ وَهُمۡ لَا يَشۡعُرُونَ
Сонан соң жаманшылықты жақсылыққа ауыстырдық. Тіпті артылып кетті де: «Аталарымыздың басына да таршылық, кеңшілік келген кен» десті. Сондықтан оларды кенеттен қолға алғанымызда өздері де білмей қалды
Аударма: Халифа Алтай
Кейін жамандықтың орнына жақсылық әкелдік. Тіпті асып-тасығандары сонша: «Қиындық пен қуаныш әкелерімізге де келген еді», - деді. Сонда оларды өздері сезбеген хәлдерінде күтпеген жерден қолға алдық
Аударма: ҚМДБ
7:96
وَلَوۡ أَنَّ أَهۡلَ ٱلۡقُرَىٰٓ ءَامَنُواْ وَٱتَّقَوۡاْ لَفَتَحۡنَا عَلَيۡهِم بَرَكَٰتٖ مِّنَ ٱلسَّمَآءِ وَٱلۡأَرۡضِ وَلَٰكِن كَذَّبُواْ فَأَخَذۡنَٰهُم بِمَا كَانُواْ يَكۡسِبُونَ
Егер ол өлкелердің елі иман келтіріп, сақсынса еді, әрине оларға көк пен жердің берекеттерін ашып жіберер едік. Бірақ олар жасынға шығарды. Сондықтан қылмыстары себепті оларды қолға алдық
Аударма: Халифа Алтай
Егер де ол мекендердің тұрғындары иманға келіп, тақуалық еткендерінде / Аллаһтың / жазасынан қорқып, сақтанғандарында / , онда Біз Оларға аспаннан да, жерден де берекелер ашып қоятын едік. Алайда олар өтірікке шығарғандықтан, істеп тапқандары / күнәлары / үшін оларды ұстадық
Аударма: ҚМДБ
7:97
أَفَأَمِنَ أَهۡلُ ٱلۡقُرَىٰٓ أَن يَأۡتِيَهُم بَأۡسُنَا بَيَٰتٗا وَهُمۡ نَآئِمُونَ
Кенттердің халқы, өздеріне азабымыздың түнделетіп, олар ұйқыдағы кезде келуінен қауіпсіз бе
Аударма: Халифа Алтай
Елді мекендердің тұрғындары, азабымыз оларға түн ішінде, ұйқыда жатқандарында келуінен қауіпсіз болды ма
Аударма: ҚМДБ
7:98
أَوَأَمِنَ أَهۡلُ ٱلۡقُرَىٰٓ أَن يَأۡتِيَهُم بَأۡسُنَا ضُحٗى وَهُمۡ يَلۡعَبُونَ
Және де ол кенттердің елі, күн көтеріле бере ойнап жүрген сәтте, азабымыздың келуінен кәперсіз бола ала ма
Аударма: Халифа Алтай
Әлде, елді мекендердің тұрғындары азабымыз оларға сәскеде, ойнап жүрген кездерінде келуінен қауіпсіз болды ма
Аударма: ҚМДБ
7:99
أَفَأَمِنُواْ مَكۡرَ ٱللَّهِۚ فَلَا يَأۡمَنُ مَكۡرَ ٱللَّهِ إِلَّا ٱلۡقَوۡمُ ٱلۡخَٰسِرُونَ
Сондай-ақ Алланың кәрінен аман бола ала ма? Алланың бейнетінен зиянға ұшырайтын ел ғана қобалжымайды
Аударма: Халифа Алтай
Олар Аллаһтың амал-тәсілінен қауіптенбеді ме? Аллаһтың амал-тәсілінен зиянға ұшырайтын ел ғана қауіптенбейді
Аударма: ҚМДБ
7:100
أَوَلَمۡ يَهۡدِ لِلَّذِينَ يَرِثُونَ ٱلۡأَرۡضَ مِنۢ بَعۡدِ أَهۡلِهَآ أَن لَّوۡ نَشَآءُ أَصَبۡنَٰهُم بِذُنُوبِهِمۡۚ وَنَطۡبَعُ عَلَىٰ قُلُوبِهِمۡ فَهُمۡ لَا يَسۡمَعُونَ
Жердің бұрыңғы иелерінен кейінгі мұрагерлер түсінбей ме? Егер қаласақ, күнәларына қарай бейнет берер едік. Сондай-ақ жүректерін мөрлейміз, сондықтан олар естімейді
Аударма: Халифа Алтай
Өздерінен алдыңғы тұрғындардан кейін жерге мирасқор болғандарға, егер қаласақ, оларды күнәлары үшін қиыншылыққа ұшырататынымызды көрсетпедік пе? Біз олардың жүректерін мөрлейміз де олар / ақиқатты / ести алмайтын болады
Аударма: ҚМДБ
7:101
تِلۡكَ ٱلۡقُرَىٰ نَقُصُّ عَلَيۡكَ مِنۡ أَنۢبَآئِهَاۚ وَلَقَدۡ جَآءَتۡهُمۡ رُسُلُهُم بِٱلۡبَيِّنَٰتِ فَمَا كَانُواْ لِيُؤۡمِنُواْ بِمَا كَذَّبُواْ مِن قَبۡلُۚ كَذَٰلِكَ يَطۡبَعُ ٱللَّهُ عَلَىٰ قُلُوبِ ٱلۡكَٰفِرِينَ
(Мұхаммед Ғ.С.) Бұл кенттердің қиссаларын саған баян етеміз. Әрине оларға елшілері ап- ашық дәлел келтірген еді. Сонда да бұрын өтірік деген нәрселеріне сенгілері келмеді. Міне Алла, қарсы болушылардың жүрегін өстіп мөрлейді
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Сол елді мекендердің кейбірінің хабарларын саған баян етеміз. Оларға елшілер анық дәлелдермен келген еді. Бірақ өздері бұрын өтірікке шығарғандарына олар сенбеді. Аллаһ кәпірлердің жүректерін осылай мөрлейді
Аударма: ҚМДБ
7:102
وَمَا وَجَدۡنَا لِأَكۡثَرِهِم مِّنۡ عَهۡدٖۖ وَإِن وَجَدۡنَآ أَكۡثَرَهُمۡ لَفَٰسِقِينَ
Олардың көбін уәде де таппадық. Әрі олардың көбін мүлде бұзық көрдік
Аударма: Халифа Алтай
Олардың көпшілігінің сертін / сақтағанын / таппадық. Әрі олардың көбінің бұзық / бойсұнбаушы / екенін көрдік
Аударма: ҚМДБ
7:103
ثُمَّ بَعَثۡنَا مِنۢ بَعۡدِهِم مُّوسَىٰ بِـَٔايَٰتِنَآ إِلَىٰ فِرۡعَوۡنَ وَمَلَإِيْهِۦ فَظَلَمُواْ بِهَاۖ فَٱنظُرۡ كَيۡفَ كَانَ عَٰقِبَةُ ٱلۡمُفۡسِدِينَ
Одан кейін Мұса (Ғ.С.) ны Перғауын және сыбайластарына мұғжизалармен жібердік. Сонда олар, мұғжизаға қарсы келді. Ал енді бұзақылардың соңынынң қалай болғанын көр
Аударма: Халифа Алтай
Кейін, олардан соң Мұсаны белгі-дәлелдерімізбен Фиръаунға және оның уәзір, бектеріне жібердік. Сонда олар ол белгілерге әділетсіздік істеді. Бұзу-бүлдірушілік істеушілердің соңы немен біткеніне назар сал
Аударма: ҚМДБ
7:104
وَقَالَ مُوسَىٰ يَٰفِرۡعَوۡنُ إِنِّي رَسُولٞ مِّن رَّبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ
Мұса (Ғ.С.): «Әй Перғауын! Шынында мен бүкіл әлемнің Раббы тарапынан жіберілген бір елшімін» деді
Аударма: Халифа Алтай
Мұса: «Ей, Фиръаун! Ақиқатында, мен - әлемдердің Раббысынан / жіберілген / Елшімін
Аударма: ҚМДБ
7:105
حَقِيقٌ عَلَىٰٓ أَن لَّآ أَقُولَ عَلَى ٱللَّهِ إِلَّا ٱلۡحَقَّۚ قَدۡ جِئۡتُكُم بِبَيِّنَةٖ مِّن رَّبِّكُمۡ فَأَرۡسِلۡ مَعِيَ بَنِيٓ إِسۡرَـٰٓءِيلَ
«Аллаға хақиқатты ғана айтуға міндеттемін. Сендерге Раббыларыңнан ашық дәлел әкелдім. Енді Израил ұрпақтарын менімен бірге жібер» деді
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ жайлы ақиқатты ғана айтуға міндеттімін. Сендерге өздеріңнің Раббыңнан анық дәлел әкелдім. Исраил ұрпақтарын менімен бірге жібер», - деді
Аударма: ҚМДБ
7:106
قَالَ إِن كُنتَ جِئۡتَ بِـَٔايَةٖ فَأۡتِ بِهَآ إِن كُنتَ مِنَ ٱلصَّـٰدِقِينَ
(Перғауын): «Егер сен бір мұғжиза келтірген болсаң, ал оны әкел. Егер сөзің шын болса» деді
Аударма: Халифа Алтай
Фиръаун: «Егер сен бір белгімен келсең, бізге оны келтір, егер шын сөзділерден болсаң», - деді
Аударма: ҚМДБ
7:107
فَأَلۡقَىٰ عَصَاهُ فَإِذَا هِيَ ثُعۡبَانٞ مُّبِينٞ
Сонда (Мұса Ғ.С.) таяғын тастады. Ол, дереу ашықша бір айдағар болды
Аударма: Халифа Алтай
Сонда ол таяғын тастады. Сол бойда ол анық жыланға айналды
Аударма: ҚМДБ
7:108
وَنَزَعَ يَدَهُۥ فَإِذَا هِيَ بَيۡضَآءُ لِلنَّـٰظِرِينَ
Тағы қолын шығарды. Сонда ол, қараушыларға аппақ көрінді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі қолын шығарды, ол қарап тұрғандарға аппақ болып көрінді
Аударма: ҚМДБ
7:109
قَالَ ٱلۡمَلَأُ مِن قَوۡمِ فِرۡعَوۡنَ إِنَّ هَٰذَا لَسَٰحِرٌ عَلِيمٞ
Перғауын елінің бастықтары: «Күдіксіз мынау анық білгіш сиқыршы» деді
Аударма: Халифа Алтай
Фиръаун қауымының билері мен бектері: «Шынында да бұл білгір сиқыршы екен
Аударма: ҚМДБ
7:110
يُرِيدُ أَن يُخۡرِجَكُم مِّنۡ أَرۡضِكُمۡۖ فَمَاذَا تَأۡمُرُونَ
«Сендерді жұрттарыңнан шығарғысы келеді. Не бұйрасыңдар?»
Аударма: Халифа Алтай
Ол сендерді жерлеріңнен шығарып жіберуді қалайды» / ,- деді / . / Фиръаун / : «Енді не дейсіңдер?» - деді
Аударма: ҚМДБ
7:111
قَالُوٓاْ أَرۡجِهۡ وَأَخَاهُ وَأَرۡسِلۡ فِي ٱلۡمَدَآئِنِ حَٰشِرِينَ
«Оны да туысын да тоқтатып қойып, қалаларға жинаушылар жібер.»
Аударма: Халифа Алтай
Олар: «Сен оны және бауырын тоқтатып, қалаларға жинаушыларды жібер
Аударма: ҚМДБ
7:112
يَأۡتُوكَ بِكُلِّ سَٰحِرٍ عَلِيمٖ
«Бүкіл білгіш сиқыршыларды саған әкелсін» (десті)
Аударма: Халифа Алтай
Олар саған бүкіл білгір сиқыршыларды келтірсін», - деді
Аударма: ҚМДБ
7:113
وَجَآءَ ٱلسَّحَرَةُ فِرۡعَوۡنَ قَالُوٓاْ إِنَّ لَنَا لَأَجۡرًا إِن كُنَّا نَحۡنُ ٱلۡغَٰلِبِينَ
Сиқыршылар, Перғауынға келіп: «Егер біз жеңіске ие болсақ, әрине бізге сыйлық бар шығар» деді
Аударма: Халифа Алтай
Сонда сиқыршылар Фиръаунға келіп: «Егер жеңіп шықсақ, бізге сыйақы бола ма?» - деді
Аударма: ҚМДБ
7:114
قَالَ نَعَمۡ وَإِنَّكُمۡ لَمِنَ ٱلۡمُقَرَّبِينَ
(Перғауын): «Әрине! Әрі жақын адамдарымнан боласыңдар» деді
Аударма: Халифа Алтай
Фиръаун / : «Иә, әрине, сендер / маған / жақындатылғандардан боласыңдар», деді
Аударма: ҚМДБ
7:115
قَالُواْ يَٰمُوسَىٰٓ إِمَّآ أَن تُلۡقِيَ وَإِمَّآ أَن نَّكُونَ نَحۡنُ ٱلۡمُلۡقِينَ
(Сиқыршылар): Ә Мұса! Енді (өңеріңді ортаға) не сен қой немесе біздер қойяық деді
Аударма: Халифа Алтай
сиқыршылар / : «Ей, Мұса! Сен тастайсың ба, әлде біз тастайық па?» - деді
Аударма: ҚМДБ
7:116
قَالَ أَلۡقُواْۖ فَلَمَّآ أَلۡقَوۡاْ سَحَرُوٓاْ أَعۡيُنَ ٱلنَّاسِ وَٱسۡتَرۡهَبُوهُمۡ وَجَآءُو بِسِحۡرٍ عَظِيمٖ
(Мұса Ғ.С.): «Сеңдер қойыңдар» деді. Олар (өңерлерін) қойған сәтте, адамдардың көздерін сиқырлап, оларды қорқытты. Сондай-ақ үлкен бір сиқыр келтірді
Аударма: Халифа Алтай
Мұса / : «Сендер тастаңдар», - деді. Олар / қолдарындағыны / тастаған кезде, адамдардың көздерін сиқырлап, оларда үрей тудырды әрі үлкен сиқыр келтірді / көрсетті
Аударма: ҚМДБ
7:117
۞وَأَوۡحَيۡنَآ إِلَىٰ مُوسَىٰٓ أَنۡ أَلۡقِ عَصَاكَۖ فَإِذَا هِيَ تَلۡقَفُ مَا يَأۡفِكُونَ
Мұсаға: «Таяғыңды таста» деп уахи еттік. Сол сәтте, таяқ олардың жасанды нәрселерін жалмай бастады
Аударма: Халифа Алтай
Сонда / Біз Мұсаға: «Таяғыңды таста», - деп уахи еттік. Сол кезде ол / таяғы / , олардың / көзді алдап / көрінген, жасанды нәрселерін жалмай бастады
Аударма: ҚМДБ
7:118
فَوَقَعَ ٱلۡحَقُّ وَبَطَلَ مَا كَانُواْ يَعۡمَلُونَ
Сонда шындық ортаға қойылып, олардың істегендері босқа кетті
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқат орнап, олардың істегендерінің өтірігі ашылды
Аударма: ҚМДБ
7:119
فَغُلِبُواْ هُنَالِكَ وَٱنقَلَبُواْ صَٰغِرِينَ
Сөйтіп олар сол арада жеңіліске ұшырап, қор болып қайтты
Аударма: Халифа Алтай
Олар сол жерде жеңіліп, қор болғандарға айналды
Аударма: ҚМДБ
7:120
وَأُلۡقِيَ ٱلسَّحَرَةُ سَٰجِدِينَ
Сиқыршылар сәждеге жығылды
Аударма: Халифа Алтай
Сонда сиқыршылар сәждеге жығылып
Аударма: ҚМДБ
7:121
قَالُوٓاْ ءَامَنَّا بِرَبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ
Олар: «Бүкіл әлемнің Раббына сендік» деді
Аударма: Халифа Алтай
«Әлемдердің Раббысына сендік
Аударма: ҚМДБ
7:122
رَبِّ مُوسَىٰ وَهَٰرُونَ
«Мұса мен һарунның Раббына….»
Аударма: Халифа Алтай
Мұса және Һарунның Раббысына!» - деді
Аударма: ҚМДБ
7:123
قَالَ فِرۡعَوۡنُ ءَامَنتُم بِهِۦ قَبۡلَ أَنۡ ءَاذَنَ لَكُمۡۖ إِنَّ هَٰذَا لَمَكۡرٞ مَّكَرۡتُمُوهُ فِي ٱلۡمَدِينَةِ لِتُخۡرِجُواْ مِنۡهَآ أَهۡلَهَاۖ فَسَوۡفَ تَعۡلَمُونَ
(Перғауын): «Мен сендерге рұқсат беруден бұрын оған иман келтірдіңдер ме? Расында бұл, қала халқын шығару үшін жасаған бір әдістерің. Бәлем жақында көресіңдер.» деді
Аударма: Халифа Алтай
Фиръаун: «Сендер оған менің рұқсатымсыз сендіңдер ме? Негізінде, бұл - осы қаладан оның тұрғындарын шығару үшін ойластырған, - сендердің бір құлықтарың. Жақында білесіңдер
Аударма: ҚМДБ
7:124
لَأُقَطِّعَنَّ أَيۡدِيَكُمۡ وَأَرۡجُلَكُم مِّنۡ خِلَٰفٖ ثُمَّ لَأُصَلِّبَنَّكُمۡ أَجۡمَعِينَ
«Әрине қол-аяқтарыңды шадырлата кестіремін, сонсоң түгелдей астырамын»
Аударма: Халифа Алтай
«Мен сендердің қолдарың мен аяқтарыңды айқыштап / оң қол сол аяқ,сол қол оң аяқ / кесемін, содан кейін бәріңді керіп тастаймын», - деді
Аударма: ҚМДБ
7:125
قَالُوٓاْ إِنَّآ إِلَىٰ رَبِّنَا مُنقَلِبُونَ
(Сиқыршылар): Сөзсіз, Раббымызға айналамыз! ,- деді
Аударма: Халифа Алтай
Сиқыршылар / : «Ақиқатында, біз - Раббымызға қайтушымыз
Аударма: ҚМДБ
7:126
وَمَا تَنقِمُ مِنَّآ إِلَّآ أَنۡ ءَامَنَّا بِـَٔايَٰتِ رَبِّنَا لَمَّا جَآءَتۡنَاۚ رَبَّنَآ أَفۡرِغۡ عَلَيۡنَا صَبۡرٗا وَتَوَفَّنَا مُسۡلِمِينَ
«Сен, бізден Раббымыздың аяттары келгенде иман келтірді деп қана өш аласың. Раббымыз! Бізге сабыр бер әрі бізді Мұсылман болған күйде өлтір!….»
Аударма: Халифа Алтай
Сен бізден Раббымыздың белгілері келген кезде, оған сенгеніміз үшін ғана өш алып отырсың. Раббымыз! Бізге сабыр түсір әрі бізді / жанымызды / Мұсылман / бойсұнушы / күйімізде ал», - деді
Аударма: ҚМДБ
7:127
وَقَالَ ٱلۡمَلَأُ مِن قَوۡمِ فِرۡعَوۡنَ أَتَذَرُ مُوسَىٰ وَقَوۡمَهُۥ لِيُفۡسِدُواْ فِي ٱلۡأَرۡضِ وَيَذَرَكَ وَءَالِهَتَكَۚ قَالَ سَنُقَتِّلُ أَبۡنَآءَهُمۡ وَنَسۡتَحۡيِۦ نِسَآءَهُمۡ وَإِنَّا فَوۡقَهُمۡ قَٰهِرُونَ
Перғауын елінің бастықтары: «Мұсаны және елін, жер жүзінде бүліншілік қылсын және сені де, тәңірлеріңді де тастасын деп қоя берсің бе? » деді. (Перғауын оларға): «Ұлдарын өлтіреміз де әйелдерін тірі қоямыз. Әрине біз олардың үстінде өктембіз» деді
Аударма: Халифа Алтай
Фиръаун елінің бектері: «СенМұсаны және оның елін жер бетінде бұзу-бүлдірушілік істеулері үшін, әрі сені және сенің құдайларыңды тастауы үшін қоя бересің бе?» - деді. / Фиръаун / : «Біз олардың ұл балаларын өлтіріп отырамыз да әйелдерін тірі қалдырамыз. Әрі, ақиқатында, біз олардан үстембіз», - деді
Аударма: ҚМДБ
7:128
قَالَ مُوسَىٰ لِقَوۡمِهِ ٱسۡتَعِينُواْ بِٱللَّهِ وَٱصۡبِرُوٓاْۖ إِنَّ ٱلۡأَرۡضَ لِلَّهِ يُورِثُهَا مَن يَشَآءُ مِنۡ عِبَادِهِۦۖ وَٱلۡعَٰقِبَةُ لِلۡمُتَّقِينَ
Мұса (Ғ.С.) еліне: «Алладан жәрдем тілеңдер әрі сабыр етіңдер: Жер Алланікі екені даусыз. Ол, құлдарынан қалағаныңа мұра қылады. Соңғы табыс тақуалардікі» деді
Аударма: Халифа Алтай
Мұса еліне: «Аллаһтан жәрдем тілеңдер және сабыр етіңдер. Шын мәнінде, жер - Аллаһтікі. Ол оны құлдарынан Өзі қалағанға мұраға береді. Соңғы нәтиже тақуалар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанатындар / үшін», - деді
Аударма: ҚМДБ
7:129
قَالُوٓاْ أُوذِينَا مِن قَبۡلِ أَن تَأۡتِيَنَا وَمِنۢ بَعۡدِ مَا جِئۡتَنَاۚ قَالَ عَسَىٰ رَبُّكُمۡ أَن يُهۡلِكَ عَدُوَّكُمۡ وَيَسۡتَخۡلِفَكُمۡ فِي ٱلۡأَرۡضِ فَيَنظُرَ كَيۡفَ تَعۡمَلُونَ
(Елі Мұса Ғ.С.ға): «Сен бізге келуден бұрын және сен бізге келгеннен кейін де қиналдық» деді. (Мұса Ғ.С.): «Раббыларың дұшпаңдарыңды жойып, орнына сендерді ол жерге орналастыруы мүмкін.Бірақ сендердің де қалай істейтіңдеріне қарайды» деді
Аударма: Халифа Алтай
Исраилдіктер / : «Бізге сен келместен бұрын да және сен келгеннен кейін де зәбір көрсетілуде!» - деді. / Мұса / : «Мүмкін, сендердің Раббың дұшпандарыңды құртып, қалай амал жасайтындарыңды бақылауы үшін сендерді / бұл / жерде / олардың / орнын басушы етеді», - деді
Аударма: ҚМДБ
7:130
وَلَقَدۡ أَخَذۡنَآ ءَالَ فِرۡعَوۡنَ بِٱلسِّنِينَ وَنَقۡصٖ مِّنَ ٱلثَّمَرَٰتِ لَعَلَّهُمۡ يَذَّكَّرُونَ
Шынында, Перғауын тобын, үгіт алулары үшін жылдарша жемістерін кемітіп, қолға алдық
Аударма: Халифа Алтай
Біз Фиръаунның әулетін, олар ескерту алуы үшін құрғақшылық жылдармен және өнімдерді кемітумен қолға алдық
Аударма: ҚМДБ
7:131
فَإِذَا جَآءَتۡهُمُ ٱلۡحَسَنَةُ قَالُواْ لَنَا هَٰذِهِۦۖ وَإِن تُصِبۡهُمۡ سَيِّئَةٞ يَطَّيَّرُواْ بِمُوسَىٰ وَمَن مَّعَهُۥٓۗ أَلَآ إِنَّمَا طَـٰٓئِرُهُمۡ عِندَ ٱللَّهِ وَلَٰكِنَّ أَكۡثَرَهُمۡ لَا يَعۡلَمُونَ
Қашан оларға бір жақсылық келсе: «Бұл біздің хақымыз» деп, егер оларға бір жамандық жетсе, Мұса және онымен бірге болған кісілерді ырымдайды. Байқаңдар! Олардың сәтсіздіктері Алла тарапынан. Бірақ олардың көбі білмейді
Аударма: Халифа Алтай
Қашан оларға бір жақсылық келсе: «бұл - біздің хақымыз», - деді. Егер оларға! бір жамандық жетсе, оны Мұса және онымен | бірге болғандардан деп санайды. Шын мәнінде оларға келген нәрсе - Аллаһта. Алайда олардың көпшілігі білмейді
Аударма: ҚМДБ
7:132
وَقَالُواْ مَهۡمَا تَأۡتِنَا بِهِۦ مِنۡ ءَايَةٖ لِّتَسۡحَرَنَا بِهَا فَمَا نَحۡنُ لَكَ بِمُؤۡمِنِينَ
Тағы олар: «Бізді жадылау үшін қанша мұғжиза келтірсең де саған сенбейміз » деді
Аударма: Халифа Алтай
Олар: «Сен бізге, бізді сиқырлау үшінқандайда бір белгі-мұғжиза әкелсең де біз [ саған сенбейміз», - деді]
Аударма: ҚМДБ
7:133
فَأَرۡسَلۡنَا عَلَيۡهِمُ ٱلطُّوفَانَ وَٱلۡجَرَادَ وَٱلۡقُمَّلَ وَٱلضَّفَادِعَ وَٱلدَّمَ ءَايَٰتٖ مُّفَصَّلَٰتٖ فَٱسۡتَكۡبَرُواْ وَكَانُواْ قَوۡمٗا مُّجۡرِمِينَ
Сондықтан оларға ашық мұғжизалар түрінде; топан суы, шекіртке, бит, бақа және қан жібердік. Сонда да олар менменсіген әрі олар күнәкар бір қауым болды
Аударма: Халифа Алтай
Біз оларға анық көрсетілген белгі-мұғжизаларды: шегіртке, бит, құрбақа және қан жібердік. Бірақ олар менменсіп, өздерін жоғары санады әрі олар қылмыскер ел еді
Аударма: ҚМДБ
7:134
وَلَمَّا وَقَعَ عَلَيۡهِمُ ٱلرِّجۡزُ قَالُواْ يَٰمُوسَى ٱدۡعُ لَنَا رَبَّكَ بِمَا عَهِدَ عِندَكَۖ لَئِن كَشَفۡتَ عَنَّا ٱلرِّجۡزَ لَنُؤۡمِنَنَّ لَكَ وَلَنُرۡسِلَنَّ مَعَكَ بَنِيٓ إِسۡرَـٰٓءِيلَ
Рауаят бойынша, бір жұма қараңғылық басып, құйған сел перғауындықтардың үйлеріне толады. Олардың жалбарынулары бойыншаа Мұса (Ғ.С.) ның тілегімен, күн ашылып, мол өсімдік шығады. Сонда да иман келтірмегендктерінен шегіртке, бит, сонсоң бақа қаптап, одан кейін сулары қанға айналады.) Оларға азап келген кезде: «Әй Мұса! Раббыңа, саған берген уәдесі бойынша жалбарын. Егер бізден азабын айықтырсаң, әрине саған сенеміз де Израил ұрпақтарын сенімен бірге қоя береміз» деді
Аударма: Халифа Алтай
Олар өздеріне азап түскен кезде: «Ей,' Мұса! Өзіңе берген уәдесі бойынша, Раббыңнан біз үшін тіле. Егер бізден азапты кетірсең, саған сенеміз және Исраил ұрпақтарын сенімен бірге жібереміз», - деді
Аударма: ҚМДБ
7:135
فَلَمَّا كَشَفۡنَا عَنۡهُمُ ٱلرِّجۡزَ إِلَىٰٓ أَجَلٍ هُم بَٰلِغُوهُ إِذَا هُمۡ يَنكُثُونَ
Қашан олардан белгілі мерзімге дейін азапты айықтырсақ, сол уақытта олар серттерін бұзды
Аударма: Халифа Алтай
Ал сонда олардан азапты олар жететін бір мерзімге дейін кетірген кезімізде, олар уәдені бұзып отырды
Аударма: ҚМДБ
7:136
فَٱنتَقَمۡنَا مِنۡهُمۡ فَأَغۡرَقۡنَٰهُمۡ فِي ٱلۡيَمِّ بِأَنَّهُمۡ كَذَّبُواْ بِـَٔايَٰتِنَا وَكَانُواْ عَنۡهَا غَٰفِلِينَ
Аяттарымызды жасынға шығарып, оны елемегендіктерінен оларды теңізге батырып жазасын тарттырдық
Аударма: Халифа Алтай
Міне, сонда белгілерімізді өтірік санағандары және оған немқұрайлы болғандары үшін олардан кек алып теңізге батырдық
Аударма: ҚМДБ
7:137
وَأَوۡرَثۡنَا ٱلۡقَوۡمَ ٱلَّذِينَ كَانُواْ يُسۡتَضۡعَفُونَ مَشَٰرِقَ ٱلۡأَرۡضِ وَمَغَٰرِبَهَا ٱلَّتِي بَٰرَكۡنَا فِيهَاۖ وَتَمَّتۡ كَلِمَتُ رَبِّكَ ٱلۡحُسۡنَىٰ عَلَىٰ بَنِيٓ إِسۡرَـٰٓءِيلَ بِمَا صَبَرُواْۖ وَدَمَّرۡنَا مَا كَانَ يَصۡنَعُ فِرۡعَوۡنُ وَقَوۡمُهُۥ وَمَا كَانُواْ يَعۡرِشُونَ
Сондай езілген халықты (Израил ұрпақтарын) біз құнарлы қылған жердің шығысына да батысына да мұрагер қылдық. Сөйтіп олардың сабыр қылулары себепті Рабыңның Израил ұрпақтарына деген игі сөздері орындалды. Сондай-ақ Перғауын мен елінің, биіктетіп жасап бара жатқандарын талқандадық
Аударма: Халифа Алтай
Әлсіз саналған / езілген / елді Өзіміз берекелі еткен жердің шығыс жақтары мен батыс жақтарына мұрагер еттік. Исраил ұрпақтарына, сабырлық қылғандары үшін Раббыңның берген игі сөзі орындалды. Сөйтіп, Біз Фиръаун және оның елінің жасағандарын және олардың тұрғызғандарын қираттық
Аударма: ҚМДБ
7:138
وَجَٰوَزۡنَا بِبَنِيٓ إِسۡرَـٰٓءِيلَ ٱلۡبَحۡرَ فَأَتَوۡاْ عَلَىٰ قَوۡمٖ يَعۡكُفُونَ عَلَىٰٓ أَصۡنَامٖ لَّهُمۡۚ قَالُواْ يَٰمُوسَى ٱجۡعَل لَّنَآ إِلَٰهٗا كَمَا لَهُمۡ ءَالِهَةٞۚ قَالَ إِنَّكُمۡ قَوۡمٞ تَجۡهَلُونَ
Тағы Израил ұрпақтарын теңізден өткіздік. Сонда олар бұттарына шоқынған бір елге келді: «Әй Мұса! Бұлардың тәңірлері құсаған бізге тәңір жаса» деді. (Мұса Ғ.С.): «Шынында сендер білмейтін елсіңдер» деді. (Бұл Ғамалқа елі еді)
Аударма: Халифа Алтай
Біз Исраил ұрпақтарын теңізден алып өттік. Сонда олар пұттарына табынып жатқан бір елге келді. / Исраилдықтар / : «Ей, Мұса! Мыналардың құдайлары сияқты, бізге де бір құдай жасап бер», - деді. / Мұса / : «Негізінде, сендер білмейтін / надан / ел екенсіңдер
Аударма: ҚМДБ
7:139
إِنَّ هَـٰٓؤُلَآءِ مُتَبَّرٞ مَّا هُمۡ فِيهِ وَبَٰطِلٞ مَّا كَانُواْ يَعۡمَلُونَ
«Сөзсіз олардың діндері жойылады да олардың істеген істері босқа кетеді.»
Аударма: Халифа Алтай
Бұлардың табынып, ұстанғаны жойылады, олардың жасаған амалдарының бәрі өтірік», - деді
Аударма: ҚМДБ
7:140
قَالَ أَغَيۡرَ ٱللَّهِ أَبۡغِيكُمۡ إِلَٰهٗا وَهُوَ فَضَّلَكُمۡ عَلَى ٱلۡعَٰلَمِينَ
«Сендерге бүкіл әлемнен сендерді артық қылған Алладан басқа тәңір іздеймін бе?»,- деді
Аударма: Халифа Алтай
Мұса / : «Аллаһ сендерді әлемдерден артық еткен бола тұрып, сендер үшін Одан басқа құдай іздейін бе?» - деді
Аударма: ҚМДБ
7:141
وَإِذۡ أَنجَيۡنَٰكُم مِّنۡ ءَالِ فِرۡعَوۡنَ يَسُومُونَكُمۡ سُوٓءَ ٱلۡعَذَابِ يُقَتِّلُونَ أَبۡنَآءَكُمۡ وَيَسۡتَحۡيُونَ نِسَآءَكُمۡۚ وَفِي ذَٰلِكُم بَلَآءٞ مِّن رَّبِّكُمۡ عَظِيمٞ
(Израил ұрпақтары,) ойлаңдар! Сендерді қатты азаппен қинаған, ұлдарыңды бауыздап, әйелдеріңді тірі қойған Перғауын семьясынан құтқарған едік. Осыларда сендер үшін Раббыларың тарапынан зор сынау бар
Аударма: Халифа Алтай
Кезінде, Біз сендерді ұл балаларыңды өлтіріп, әйелдеріңді тірі қалдырып, азаптың ең жаманына салып отырған Фиръаун әулетінен құтқарғанымызды естеріңе алыңдар / Ей, Исраил ұрпақтары / . Міне, осыларда өздеріңнің Раббыңнан үлкен сынақ бар
Аударма: ҚМДБ
7:142
۞وَوَٰعَدۡنَا مُوسَىٰ ثَلَٰثِينَ لَيۡلَةٗ وَأَتۡمَمۡنَٰهَا بِعَشۡرٖ فَتَمَّ مِيقَٰتُ رَبِّهِۦٓ أَرۡبَعِينَ لَيۡلَةٗۚ وَقَالَ مُوسَىٰ لِأَخِيهِ هَٰرُونَ ٱخۡلُفۡنِي فِي قَوۡمِي وَأَصۡلِحۡ وَلَا تَتَّبِعۡ سَبِيلَ ٱلۡمُفۡسِدِينَ
Мұса (Ғ.С.) ға отыз түн уәде еттік те оған онды қосып, сөйтіп Раббының белгілі уақыты қырық кешке толды. Мұса (Ғ.С.) туысы Һарұнға: «Елімнің ішінде орныбасарым бол. Түзелт те бұзақылардың жолына ерме» деді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Біз Мұсаға отыз түн / белгілеп / , уәде еттік. Кейін оны онмен толықтырдық. Оның Раббысы белгілеген уақыт қырық түнге толды. Мұса бауыры Һарунға: «Елде менің орныма қалып түзуле / туралыққа шақыр / және бұзушы-бүлдірушілердің жолына ерме», деді
Аударма: ҚМДБ
7:143
وَلَمَّا جَآءَ مُوسَىٰ لِمِيقَٰتِنَا وَكَلَّمَهُۥ رَبُّهُۥ قَالَ رَبِّ أَرِنِيٓ أَنظُرۡ إِلَيۡكَۚ قَالَ لَن تَرَىٰنِي وَلَٰكِنِ ٱنظُرۡ إِلَى ٱلۡجَبَلِ فَإِنِ ٱسۡتَقَرَّ مَكَانَهُۥ فَسَوۡفَ تَرَىٰنِيۚ فَلَمَّا تَجَلَّىٰ رَبُّهُۥ لِلۡجَبَلِ جَعَلَهُۥ دَكّٗا وَخَرَّ مُوسَىٰ صَعِقٗاۚ فَلَمَّآ أَفَاقَ قَالَ سُبۡحَٰنَكَ تُبۡتُ إِلَيۡكَ وَأَنَا۠ أَوَّلُ ٱلۡمُؤۡمِنِينَ
Рауаят бойынша, Мұса еліне: «Перғауыннан құтылсақ, Алла тарапынан Бір Кітап келтіремін» дейді. Сондықтан құтылғаннан кейін Алалның әмірі бойынша Тұр тауында қырық күн ораза ұстағаннан кейін Алламен сөйлесіп тәурат түседі. Мұса (Ғ.С.), белгілі уәдемізде келіп, Раббы оған сөйлегенде , (Мұса Ғ.С.): «Раббым маған өзіңді көрсет, Сені көрейін» деді. (Алла): «Мені, әсте көре алмайсың; бірақ тауға қара, сонда егер ол орнында тұра алса, сен де Мені көресің» деді. Сонда Раббы тауға елестеген сәтте, оны быт- шыт қылды. Мұса (Ғ.С) да талып түсті. Есі кіре сала: «Сен пәксің, Саған тәубе еттім, әрі мен сенушілердің алғашқысымын» деді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Мұса Біз белгілеген уақытқа келгенде, Раббысы онымен сөйлесті. Сон­да ол: «Раббым! Маған Өзіңді көрсетші, Саған қарайын», - деді. / Аллаһ / : «Сен Мені көре алмайсың, бірақ тауға қара, егер ол өз орнында қалса, сонда Мені көре аласың»,-деді. Раббысы тауға тәжәлли болған / Өзіне ғана мәлім сипатта көрінген / сәтте, оны күл-талқан етті, ал Мұса есінен танып құлады. Ол есін жиған соң: «Сен / барлық кемшіліктен / пәксің, тәубе келтірдім / істеген күнәма шынайы өкініп, Өзіңе бойсұнуға қайттым / , әрі мен иманға келгендердің алғашқысымын», - деді
Аударма: ҚМДБ
7:144
قَالَ يَٰمُوسَىٰٓ إِنِّي ٱصۡطَفَيۡتُكَ عَلَى ٱلنَّاسِ بِرِسَٰلَٰتِي وَبِكَلَٰمِي فَخُذۡ مَآ ءَاتَيۡتُكَ وَكُن مِّنَ ٱلشَّـٰكِرِينَ
(Алла Т.): « Әй Мұса! Шынында сені адамдардан елшілікке және сөйлесуге таңдап алдым. Ендеше, саған бергендерімді ал да, шүкірлік етушілерден бол» деді
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ / : «Ей, Мұса! Мен сені адамдардың үстіне елшілікке әрі сөз айтуыма таңдадым. Ендеше өзіңе бергенімді ал және шүкір етушілерден / берген игіліктерім үшін алғыс білдірушілерден / бол», - деді
Аударма: ҚМДБ
7:145
وَكَتَبۡنَا لَهُۥ فِي ٱلۡأَلۡوَاحِ مِن كُلِّ شَيۡءٖ مَّوۡعِظَةٗ وَتَفۡصِيلٗا لِّكُلِّ شَيۡءٖ فَخُذۡهَا بِقُوَّةٖ وَأۡمُرۡ قَوۡمَكَ يَأۡخُذُواْ بِأَحۡسَنِهَاۚ سَأُوْرِيكُمۡ دَارَ ٱلۡفَٰسِقِينَ
Мұса (Ғ.С.) ға (Тәурат) тақтайларында әр нәрсені үгіт түрінде ашалап жазған едік: «Сонда оны мықты ұста және еліңе әмір ет. Оның көркем нұсқауларын алсын. Саған, бұзақылардың жұртын көрсетемін?»
Аударма: Халифа Алтай
Біз оған әрбір нәрсені насихат етіп және әрбір нәрсенің анық түсіндірмесін тақтайшаларға жазып бердік. Мұсаға. «Оны мықты ұста және еліңе оның ең жақсысын ұстануларын бұйыр», - деді. Жақында сендер­ге бұзықтардың / бойсұнбаушылардың / мекенін көрсетемін
Аударма: ҚМДБ
7:146
سَأَصۡرِفُ عَنۡ ءَايَٰتِيَ ٱلَّذِينَ يَتَكَبَّرُونَ فِي ٱلۡأَرۡضِ بِغَيۡرِ ٱلۡحَقِّ وَإِن يَرَوۡاْ كُلَّ ءَايَةٖ لَّا يُؤۡمِنُواْ بِهَا وَإِن يَرَوۡاْ سَبِيلَ ٱلرُّشۡدِ لَا يَتَّخِذُوهُ سَبِيلٗا وَإِن يَرَوۡاْ سَبِيلَ ٱلۡغَيِّ يَتَّخِذُوهُ سَبِيلٗاۚ ذَٰلِكَ بِأَنَّهُمۡ كَذَّبُواْ بِـَٔايَٰتِنَا وَكَانُواْ عَنۡهَا غَٰفِلِينَ
Жер жүзінде орынсыз түрде дандайсығандарды ұзақтастырамын. Егер олар барлық белгілерді көрсе де оған сенбейді. Сондай-ақ олар тура жолды көрсе; оны жол қып ұстамайды. Ал егер қисық жолды көрсе, оны жол қып алады. Бұл олардың аяттарымызды өтірік деп одан ғапыл болғандықтары
Аударма: Халифа Алтай
Жер бетінде өздерін, құқығы болмаса да жоғары санағандарды белгілерімнен теріс бұрамын. Олар қандай да бір белгіні көрсе, оған сенбейді. Егер түзу жолды көрсе, оны жол етіп ұстанбайды. Ал, адасу жолын көрсе, соны өздеріне жол етіп алады. бұл олардың белгілерімізді өтірікке шығарғандары әрі одан қаперсіз, немқұрайлы болғандары себепті
Аударма: ҚМДБ
7:147
وَٱلَّذِينَ كَذَّبُواْ بِـَٔايَٰتِنَا وَلِقَآءِ ٱلۡأٓخِرَةِ حَبِطَتۡ أَعۡمَٰلُهُمۡۚ هَلۡ يُجۡزَوۡنَ إِلَّا مَا كَانُواْ يَعۡمَلُونَ
Аяттарымызды, ақиретке кездесуді өтірік дегендердің ғамалдары жойылып, істеріне қарай ғана жазаланады
Аударма: Халифа Алтай
Белгілерімізді және соңғы, мәңгілік өмірдегі Ақиреттегі кездесуді өтірік санағандардың амалдары зая кетті. Оларға істеп өткендерінен басқа қайтарымы беріле ме
Аударма: ҚМДБ
7:148
وَٱتَّخَذَ قَوۡمُ مُوسَىٰ مِنۢ بَعۡدِهِۦ مِنۡ حُلِيِّهِمۡ عِجۡلٗا جَسَدٗا لَّهُۥ خُوَارٌۚ أَلَمۡ يَرَوۡاْ أَنَّهُۥ لَا يُكَلِّمُهُمۡ وَلَا يَهۡدِيهِمۡ سَبِيلًاۘ ٱتَّخَذُوهُ وَكَانُواْ ظَٰلِمِينَ
Мұса (Ғ.С.) дан кйін елі; сәндік- бұйымдардан дабысы бар бұзаудың мүсінін жасап алды. Олар, ол бұзаудың өздерімен сөйлеспейтінін және оларды тура жолға салмайтынынн көрмей ме? Олар оны тәңір тұтып, залымдардан болды
Аударма: Халифа Алтай
Мұсаның елі - ол кеткеннен кейін әшекей заттарынан ыңыранған үн шығаратын бұзаудың мүсінін жасап алды. Олар оның / мүсіннің / өздеріне сөйлемейтінін әрі тура жол көрсетпейтінін көрмеді ме? Олар оны / құдай / тұтып әділетсіздерден болды
Аударма: ҚМДБ
7:149
وَلَمَّا سُقِطَ فِيٓ أَيۡدِيهِمۡ وَرَأَوۡاْ أَنَّهُمۡ قَدۡ ضَلُّواْ قَالُواْ لَئِن لَّمۡ يَرۡحَمۡنَا رَبُّنَا وَيَغۡفِرۡ لَنَا لَنَكُونَنَّ مِنَ ٱلۡخَٰسِرِينَ
(Мұса Ғ.С. Тұр тауына Аллаға жалбарыну үшін қырық күн тұрғанда, Самри, елдің алтын білезіктерінен бұзаудың мүсінін жасайды. Рауаят бойынша Жебрейіл Ғ.С. ның атының ізінен алынған топырақты ішіне қойғандықтан немесе ішіне кірген жел арқылы бұзаудың дауысы шығатын болған.) Олардың қолдары түскен заманда (қатты өкініп иықтары түскен түрде) анық адасқандықтарын көріп: «Егер Раббымыз бізге мәрхамет етпесе, бізді жарылқамаса, әрине зиян тартушылардан боламыз» десті
Аударма: Халифа Алтай
Олар қолдары төмен түскен / қатты өкінген және өздерінің анық адасқандарын көрген кезде: «Егер Раббымыз бізге мейірім етпесе және кешірмесе, әлбетте, зиян көрушілерден боламыз», - деді
Аударма: ҚМДБ
7:150
وَلَمَّا رَجَعَ مُوسَىٰٓ إِلَىٰ قَوۡمِهِۦ غَضۡبَٰنَ أَسِفٗا قَالَ بِئۡسَمَا خَلَفۡتُمُونِي مِنۢ بَعۡدِيٓۖ أَعَجِلۡتُمۡ أَمۡرَ رَبِّكُمۡۖ وَأَلۡقَى ٱلۡأَلۡوَاحَ وَأَخَذَ بِرَأۡسِ أَخِيهِ يَجُرُّهُۥٓ إِلَيۡهِۚ قَالَ ٱبۡنَ أُمَّ إِنَّ ٱلۡقَوۡمَ ٱسۡتَضۡعَفُونِي وَكَادُواْ يَقۡتُلُونَنِي فَلَا تُشۡمِتۡ بِيَ ٱلۡأَعۡدَآءَ وَلَا تَجۡعَلۡنِي مَعَ ٱلۡقَوۡمِ ٱلظَّـٰلِمِينَ
Мұса (Ғ.С.) еліне ыза болып, кейіген түрде қайтқан кезде: «Менен кейін маған нендей жаман іс істедіңдер! Раббыларынның әміріне асықтыңдар ма?»,- деп (Тәурат) тақтайларын тастай салып, туысы (Һарұн) ның басынан ұстап өзіне қарай тарта бастады? (Һарұн): «Әй анамның ұлы! Расында бұл ел мені, басынып тіпті өзімді өлтіруге жақындады. Енді мені дұшпандарға күлкі қылма да мені залым елмен бірге санама!»,- деді
Аударма: Халифа Алтай
Мұса еліне ашуланған әрі күйінген халде оралып: «Менен кейін істегендерің неткен жаман еді. Раббыңыздың әмірін тездеткілерің келді ме?» - деді. Сөйтіп, / қолындағы / тақтайларды тастап жіберді де, бауырының басынан ұстап, оны өзіне қарай тартты. / Һарун / : «Әй, анамның ұлы! Негізінде, бұл ел мені басынып, өлтіре жаздады. Сондықтан мені дұшпандарға таба қылма әрі әділетсіз адамдармен бір деп есептеме!» - деді
Аударма: ҚМДБ
7:151
قَالَ رَبِّ ٱغۡفِرۡ لِي وَلِأَخِي وَأَدۡخِلۡنَا فِي رَحۡمَتِكَۖ وَأَنتَ أَرۡحَمُ ٱلرَّـٰحِمِينَ
Мұса (Ғ.С.): «Раббым! Мені және туысымды жарылқа, бізді мәрхаметіңе бөле! Сен мейірімділердің ең жақсысысың» деді
Аударма: Халифа Алтай
Мұса / : «Раббым! Мені және бауырымды кешір әрі бізді Өз мейіріміңе кіргізе гөр! Сен мейірім етушілердің ең Мейірімдісісің», - деді
Аударма: ҚМДБ
7:152
إِنَّ ٱلَّذِينَ ٱتَّخَذُواْ ٱلۡعِجۡلَ سَيَنَالُهُمۡ غَضَبٞ مِّن رَّبِّهِمۡ وَذِلَّةٞ فِي ٱلۡحَيَوٰةِ ٱلدُّنۡيَاۚ وَكَذَٰلِكَ نَجۡزِي ٱلۡمُفۡتَرِينَ
Күдіксіз сондай бұзауды тәңір тұтқандарға Раббылары тарапынан қаһар тиіп, дүние тіршілігінде қорлыққа ұшырайды. Қараушыларды осылайша жазалаймыз
Аударма: Халифа Алтай
Күдіксіз, бұзауды / құдай етіп / алғандар, жақында Раббысының ашуына және осы өмірде қорлыққа ұшырайды. Өтірікті құрастырушылардың қайтарым жазасын Біз осылай береміз
Аударма: ҚМДБ
7:153
وَٱلَّذِينَ عَمِلُواْ ٱلسَّيِّـَٔاتِ ثُمَّ تَابُواْ مِنۢ بَعۡدِهَا وَءَامَنُوٓاْ إِنَّ رَبَّكَ مِنۢ بَعۡدِهَا لَغَفُورٞ رَّحِيمٞ
Сондай жаман іс істегендер, содан кейін тәубе қылып, иман келтірсе, күдіксіз Раббың сонан соң да аса жарылқаушы, ерекше мейірімді
Аударма: Халифа Алтай
Ал, жаман істер жасап, одан кейін істеген күнәсіне шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтып / тәубе етіп әрі иманға келген болса, ақиқатында, Раббың - содан кейін де өте Кешірімді , ерекше Мейірімді
Аударма: ҚМДБ
7:154
وَلَمَّا سَكَتَ عَن مُّوسَى ٱلۡغَضَبُ أَخَذَ ٱلۡأَلۡوَاحَۖ وَفِي نُسۡخَتِهَا هُدٗى وَرَحۡمَةٞ لِّلَّذِينَ هُمۡ لِرَبِّهِمۡ يَرۡهَبُونَ
Мұсаның ашуы басылғанда, тақтайларды алды. Нұсқасындағы жазуда; Раббыларынан қорыққандарға тура жол және мәрхамет бар еді
Аударма: Халифа Алтай
Мұсаның ашуы басылған кезде, ол тақтайларды қолына алды. Онда тақуалар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанушылар / үшін / тура жолға / басшылық және мейірім бар еді
Аударма: ҚМДБ
7:155
وَٱخۡتَارَ مُوسَىٰ قَوۡمَهُۥ سَبۡعِينَ رَجُلٗا لِّمِيقَٰتِنَاۖ فَلَمَّآ أَخَذَتۡهُمُ ٱلرَّجۡفَةُ قَالَ رَبِّ لَوۡ شِئۡتَ أَهۡلَكۡتَهُم مِّن قَبۡلُ وَإِيَّـٰيَۖ أَتُهۡلِكُنَا بِمَا فَعَلَ ٱلسُّفَهَآءُ مِنَّآۖ إِنۡ هِيَ إِلَّا فِتۡنَتُكَ تُضِلُّ بِهَا مَن تَشَآءُ وَتَهۡدِي مَن تَشَآءُۖ أَنتَ وَلِيُّنَا فَٱغۡفِرۡ لَنَا وَٱرۡحَمۡنَاۖ وَأَنتَ خَيۡرُ ٱلۡغَٰفِرِينَ
Мұса (Ғ.С.) белгілі мерзіміміз үшін елінен жетпіс кісі сайлады. Сонда оларды жер сілкіну қолға алғанда (Мұса Ғ.С.): «Раббым! Егер қаласаң оларды да мені де бұдан бұрын жоқ етер едің. Ішіміздегі ақымақтардың қылықтарының салдарынан, бізді жоқ етесің бе? Бұл Сенің бір сынауың ғана. Сонымен қалағаныңды адастырып, қалағаныңды тура жолға саласың. Сен біздің иемізсің. Енді бізді жарылқа, бізге мәрхамет ет. Сен жарылқаушылардың ең жақсысың.» деді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Мұса Біз белгілеген уақытқа қауымынан жетпіс кісіні таңдап алды. Оларға бір сілкініс тұтқан кезде, / Мұса / : «Раббым! Егер де қаласаң оларды және мені бұрын жоқ етер едің. Сен бізді жетесіздеріміздің істегені үшін жоясың ба? Негізінде бұл - Сенің сынағың ғана. Ол арқылы Сен қалағаныңды адастырып, қалағаныңды тура жолға түсіресің. Сен - біздің Қамқоршымызсың! Бізді кешір әрі бізге рақым ет! Кешірушілердің ең қайырлысы - Сенсің
Аударма: ҚМДБ
7:156
۞وَٱكۡتُبۡ لَنَا فِي هَٰذِهِ ٱلدُّنۡيَا حَسَنَةٗ وَفِي ٱلۡأٓخِرَةِ إِنَّا هُدۡنَآ إِلَيۡكَۚ قَالَ عَذَابِيٓ أُصِيبُ بِهِۦ مَنۡ أَشَآءُۖ وَرَحۡمَتِي وَسِعَتۡ كُلَّ شَيۡءٖۚ فَسَأَكۡتُبُهَا لِلَّذِينَ يَتَّقُونَ وَيُؤۡتُونَ ٱلزَّكَوٰةَ وَٱلَّذِينَ هُم بِـَٔايَٰتِنَا يُؤۡمِنُونَ
(Рауаят бойынша, Алла, Мұсаға Израил ұрпақтарының бұзауға шоқынуларынан тәубе қылулары үшін жетпіс уәкіл сайлап келуін бұйырады.) «Бізге осы дүниеде және ақиретте жақсылық жаза көр! Күдіксіз біз Саған бет бұрдық.» (Алла Т.): «Мен қалағанымды азабыма ұшыратамын, рахметім әр нәрсені сыйдырды. Мәрхаметімді сондай тақуалық қылғандарға, зекет бергендерге және аяттарымызға сенгендерге жедел жазамыз» деді
Аударма: Халифа Алтай
Бізге осы өмірде жақсылық жаза гөр және соңғы, мәңгілік өмірде де Ақиретте де / Біз істеген күнәмізге шынайы өкініп, Өзіңе бойсұнуға қайттық / тәубеге келдік / »,-деді. / Аллаһ / : «Мен кімді қаласам азабыма ұшыратамын. Ал мейірімім барлық нәрсені қамтиды. Мен оны тақуалық ететіндерге / жазамнан қорқып, сақтанатындарға / , зекетті беретіндерге және аяттарымызға сенетіндерге жазамын
Аударма: ҚМДБ
7:157
ٱلَّذِينَ يَتَّبِعُونَ ٱلرَّسُولَ ٱلنَّبِيَّ ٱلۡأُمِّيَّ ٱلَّذِي يَجِدُونَهُۥ مَكۡتُوبًا عِندَهُمۡ فِي ٱلتَّوۡرَىٰةِ وَٱلۡإِنجِيلِ يَأۡمُرُهُم بِٱلۡمَعۡرُوفِ وَيَنۡهَىٰهُمۡ عَنِ ٱلۡمُنكَرِ وَيُحِلُّ لَهُمُ ٱلطَّيِّبَٰتِ وَيُحَرِّمُ عَلَيۡهِمُ ٱلۡخَبَـٰٓئِثَ وَيَضَعُ عَنۡهُمۡ إِصۡرَهُمۡ وَٱلۡأَغۡلَٰلَ ٱلَّتِي كَانَتۡ عَلَيۡهِمۡۚ فَٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ بِهِۦ وَعَزَّرُوهُ وَنَصَرُوهُ وَٱتَّبَعُواْ ٱلنُّورَ ٱلَّذِيٓ أُنزِلَ مَعَهُۥٓ أُوْلَـٰٓئِكَ هُمُ ٱلۡمُفۡلِحُونَ
Олар, сондай жандарындағы Тәуратта және Інжілде жазулы жіберілген, сауатсыз Пайғамбарға ергендер. Ол, оларды жақсылыққа бұйырып, жамандықтан тыяды. Жақсы нәрселерді халал, жаман нәрселерді арам қылады. Олардың үстеріндегі ауыр жүктерді (түсіріп) шиелініскен нәрселерді шешеді. Енді соған (Мұхаммед Ғ.С.ға) сенгендер, олар оған құрмет етіп әрі оған көмек көрсеткендер сондай-ақ оған түсірілген нұр (Құран) ға ергендер, міне солар құтылушылар
Аударма: Халифа Алтай
солар, оқу-жазу білмеген Пайғамбарға / Нәбиге / - өздеріндегі Тәурат пен Інжілде ол туралы жазылғанын табатын - Елшіге / Расулға / ереді. Ол / Елші / оларды құпталғанға бұйырып, тыйым салынғаннан қайтарады. Оларға жақсы нәрселерге рұқсат беріп, жаман нәрселерге тыйым салады. Оларды үстеріндегі жүктен және бұғауларынан арылтады. Оған сенген, құрмет көрсеткен, жәрдем берген және онымен бірге түсірілген нұрға / Құранға / ергендер, міне солар - жетістікке жетушілер», - деді
Аударма: ҚМДБ
7:158
قُلۡ يَـٰٓأَيُّهَا ٱلنَّاسُ إِنِّي رَسُولُ ٱللَّهِ إِلَيۡكُمۡ جَمِيعًا ٱلَّذِي لَهُۥ مُلۡكُ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِۖ لَآ إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ يُحۡيِۦ وَيُمِيتُۖ فَـَٔامِنُواْ بِٱللَّهِ وَرَسُولِهِ ٱلنَّبِيِّ ٱلۡأُمِّيِّ ٱلَّذِي يُؤۡمِنُ بِٱللَّهِ وَكَلِمَٰتِهِۦ وَٱتَّبِعُوهُ لَعَلَّكُمۡ تَهۡتَدُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.): Әй адам баласы! Мен барлығынға Алланың елшісімін; Ол сондай Алла, жер мен көктің иелігі Оған тән. одан басқа тәңір жоқ. Ол тірілтеді де өлтіреді. Аллаға және Алланың сөздеріне сенген, жіберілген сауатсыз Пайғамбарға иман келтіріңдер. Және оған еріңдер, әрине тура жол табасыңдар де
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Ей, адамдар! Ақиқатында мен - сендердің барлығыңа / жіберілген / Аллаһтың Елшісімін. Аспандардың және жердің иелігі - Онікі. Одан басқа ешбір құдай жоқ. Ол тірілтеді және өлтіреді. Тура жол табу үшін Аллаһқа сеніңдер және Оның Елшісіне, - Аллаһқа әрі Оның сөздеріне сенуші, оқу жазуды білмейтін, Пайғамбарға - сеніңдер және оған еріндер», - деп
Аударма: ҚМДБ
7:159
وَمِن قَوۡمِ مُوسَىٰٓ أُمَّةٞ يَهۡدُونَ بِٱلۡحَقِّ وَبِهِۦ يَعۡدِلُونَ
Мұсаның қаумынан да тура жолға салатын және онымен әділдік істейтін бір топ бар
Аударма: Халифа Алтай
Мұсаның елінің ішінде де ақиқатпен тура жолға бастайтын әрі онымен әділдік ететін бір топ бар
Аударма: ҚМДБ
7:160
وَقَطَّعۡنَٰهُمُ ٱثۡنَتَيۡ عَشۡرَةَ أَسۡبَاطًا أُمَمٗاۚ وَأَوۡحَيۡنَآ إِلَىٰ مُوسَىٰٓ إِذِ ٱسۡتَسۡقَىٰهُ قَوۡمُهُۥٓ أَنِ ٱضۡرِب بِّعَصَاكَ ٱلۡحَجَرَۖ فَٱنۢبَجَسَتۡ مِنۡهُ ٱثۡنَتَا عَشۡرَةَ عَيۡنٗاۖ قَدۡ عَلِمَ كُلُّ أُنَاسٖ مَّشۡرَبَهُمۡۚ وَظَلَّلۡنَا عَلَيۡهِمُ ٱلۡغَمَٰمَ وَأَنزَلۡنَا عَلَيۡهِمُ ٱلۡمَنَّ وَٱلسَّلۡوَىٰۖ كُلُواْ مِن طَيِّبَٰتِ مَا رَزَقۡنَٰكُمۡۚ وَمَا ظَلَمُونَا وَلَٰكِن كَانُوٓاْ أَنفُسَهُمۡ يَظۡلِمُونَ
Біз Израил ұрпақтарынан он екі рулық топтарға бөлдік. Мұса (Ғ.С.) дан, елі су сұрағанда: «Таяғынды тасқа ұр» деп уахи еттік. Сонда тастан он екі бастау шықты да әркім өз суатын білді. Оларға бұлтты көлеңке қылып, өздеріне «Мәнна, Сәлуаны» түсірдік: «Сендерге Біз берген таза ризықтан жеңдер» (дедік) Олар бізге кесір тигізбеді. Алайда өздеріне кесір тигізді
Аударма: Халифа Алтай
Біз оларды он екі ру елге бөлдік. Мұсадан халқы су сұраған кезде, оған: «Таяғыңмен тасты ұр» - деп уахи еттік. Сонда одан / тастан / он екі бұлақ жарып шығып, адамдардың әрбірі өз суатын білетін болды. Оларға бұлтты көлеңке етіп, мәнн және сәлуәні / көктен түсірілген тәтті тағам / түсірдік те: «Біз сендерге ризық етіп берген жақсы нәрселерден жеңдер», - дедік. Олар бізге әділетсіздік етпеді, алайда олар өздеріне әділетсіздік еткен еді
Аударма: ҚМДБ
7:161
وَإِذۡ قِيلَ لَهُمُ ٱسۡكُنُواْ هَٰذِهِ ٱلۡقَرۡيَةَ وَكُلُواْ مِنۡهَا حَيۡثُ شِئۡتُمۡ وَقُولُواْ حِطَّةٞ وَٱدۡخُلُواْ ٱلۡبَابَ سُجَّدٗا نَّغۡفِرۡ لَكُمۡ خَطِيٓـَٰٔتِكُمۡۚ سَنَزِيدُ ٱلۡمُحۡسِنِينَ
Сол уақытта оларға: «Осы қалаға орналасыңдар да (ол жердің өсімдіктерінен) қалағандарыңша жеңдер. «Күнәміз жарылқансын» деп қақападан сәжде қылып кіріңдер. Қателіктеріңді жарылқап, жақсылық істеушілерге тағы артық береміз» делінді
Аударма: Халифа Алтай
Кезінде Оларға: «Осы кентте тұрыңдар, оның кез келген жерінен ұнатқандарыңды жеңдер, «Хытта» / күнәмізді кешір / - деп, қақпадан сәжде жасаған күйде кіріңдер. Біз қателіктеріңді кешіреміз және жақсылықты ықыласпен істеушілерге арттырып береміз», деп айтылды
Аударма: ҚМДБ
7:162
فَبَدَّلَ ٱلَّذِينَ ظَلَمُواْ مِنۡهُمۡ قَوۡلًا غَيۡرَ ٱلَّذِي قِيلَ لَهُمۡ فَأَرۡسَلۡنَا عَلَيۡهِمۡ رِجۡزٗا مِّنَ ٱلسَّمَآءِ بِمَا كَانُواْ يَظۡلِمُونَ
Сонда олардың залымдары; сөзді, өздеріне айтылғаннан басқаға ауыстырды. Олардың зұлымдық істегендіктері салдарынан көктен азап жібердік
Аударма: Халифа Алтай
Олардың арасындағы әділетсіздік еткендер, өздеріне айтылған сөзді басқаға ауыстырды. Сонда Біз Оларға әділетсіздік еткендіктері үшін аспаннан азап жібердік
Аударма: ҚМДБ
7:163
وَسۡـَٔلۡهُمۡ عَنِ ٱلۡقَرۡيَةِ ٱلَّتِي كَانَتۡ حَاضِرَةَ ٱلۡبَحۡرِ إِذۡ يَعۡدُونَ فِي ٱلسَّبۡتِ إِذۡ تَأۡتِيهِمۡ حِيتَانُهُمۡ يَوۡمَ سَبۡتِهِمۡ شُرَّعٗا وَيَوۡمَ لَا يَسۡبِتُونَ لَا تَأۡتِيهِمۡۚ كَذَٰلِكَ نَبۡلُوهُم بِمَا كَانُواْ يَفۡسُقُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.) олардан теңіз жағасында болған кенттің жағдайын сұра. Сол уақытта олар сенбі де (балық аулап) шектен шығатын еді. Сонда олардың сенбіні құттықтаған күндерінде, балықтар, оларға қаптап келіп, сенбісіз күндерде оларға келмейтін еді. Олардың зұлымдықтары себепті өздерін осылайша әуреге салдық
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Олардан теңіз маңында болған ауыл туралы сұра. Сол кезде олар сенбі күнгі тыйымға катысты шектен шығушы еді. Оларға сенбі күні балықтар ашық келіп, ал сенбі күнгі тыйымды ұстанбайтын өзге күндері келмейтін еді. Біз оларды бұзық болғандықтары / бойсұнбағандықтары / үшін осылай сынаймыз
Аударма: ҚМДБ
7:164
وَإِذۡ قَالَتۡ أُمَّةٞ مِّنۡهُمۡ لِمَ تَعِظُونَ قَوۡمًا ٱللَّهُ مُهۡلِكُهُمۡ أَوۡ مُعَذِّبُهُمۡ عَذَابٗا شَدِيدٗاۖ قَالُواْ مَعۡذِرَةً إِلَىٰ رَبِّكُمۡ وَلَعَلَّهُمۡ يَتَّقُونَ
Сол уақытта олардан бір тобы: «Алла жоқ ететін немесе қатты азап қылатын елді не үшін үгіттейсіңдер?»,- деді. (Үгіттеушілер): «Раббыларыңа ғұзырымыз болсын, бәлкім олар сақтанар» деді
Аударма: Халифа Алтай
Сол кезде олардың бір бөлігі: «Аллаһ құртатын немесе қатты азаппен азаптайтын адамдарды сендер не үшін үгіттейсіңдер?» - деді. Олар. «Раббыңыздың алдында ақталуымыз үшін / насихат етеміз!.Мүмкін олар Аллаһтан қорқып сақтанар», - деді
Аударма: ҚМДБ
7:165
فَلَمَّا نَسُواْ مَا ذُكِّرُواْ بِهِۦٓ أَنجَيۡنَا ٱلَّذِينَ يَنۡهَوۡنَ عَنِ ٱلسُّوٓءِ وَأَخَذۡنَا ٱلَّذِينَ ظَلَمُواْ بِعَذَابِۭ بَـِٔيسِۭ بِمَا كَانُواْ يَفۡسُقُونَ
Өздеріне берілген үгітті ұмытқан кезде, жаманшылықтан тосқандарды құтқардық. Сондай зұлымдық қылғандарды; бұзақылық істеулері себепті қатты қинауға ұшыраттық
Аударма: Халифа Алтай
Олар өздеріне жасалған ескертуді ұмытқан кезде, жамандықтан қайтарушыларды құтқардық және әділетсіздік істегендерді бұзық істері үшін қатты азаппен жазаладық
Аударма: ҚМДБ
7:166
فَلَمَّا عَتَوۡاْ عَن مَّا نُهُواْ عَنۡهُ قُلۡنَا لَهُمۡ كُونُواْ قِرَدَةً خَٰسِـِٔينَ
Сонда олардың тыйым салынған нәрседе шектен шыққандықтары себепті оларға: «Маймыл болып қор болыңдар» дедік
Аударма: Халифа Алтай
Олар өздеріне салынған тыйымнан шыққан кезде, оларға: «Жеккөрінішті маймыл болыңдар!» - дедік
Аударма: ҚМДБ
7:167
وَإِذۡ تَأَذَّنَ رَبُّكَ لَيَبۡعَثَنَّ عَلَيۡهِمۡ إِلَىٰ يَوۡمِ ٱلۡقِيَٰمَةِ مَن يَسُومُهُمۡ سُوٓءَ ٱلۡعَذَابِۗ إِنَّ رَبَّكَ لَسَرِيعُ ٱلۡعِقَابِ وَإِنَّهُۥ لَغَفُورٞ رَّحِيمٞ
(Мұхаммед Ғ.С.)Раббың оларды қиямет күніне дейін жаман қинаумен ұстайтын біреулерді әлбетте жіберетіндігін білдірді. Расында Раббың тез жазалаушы әрі аса жарылқаушы, ерекше мейірімді
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Сол кезде Раббың Қайта тірілу күніне дейін оларға міндетті түрде азап тигізетіндерді жіберетінін жариялады. Ақиқатында, Раббың жаза беруде жылдам. Сонымен бірге Ол - өте Кешірімді , ерекше Мейірімді
Аударма: ҚМДБ
7:168
وَقَطَّعۡنَٰهُمۡ فِي ٱلۡأَرۡضِ أُمَمٗاۖ مِّنۡهُمُ ٱلصَّـٰلِحُونَ وَمِنۡهُمۡ دُونَ ذَٰلِكَۖ وَبَلَوۡنَٰهُم بِٱلۡحَسَنَٰتِ وَٱلسَّيِّـَٔاتِ لَعَلَّهُمۡ يَرۡجِعُونَ
Оларды жер жүзінде топтарға бөлдік. Олардың игілері бар әрі олардың басқалары да бар. Бәлкім райынан қайтар деп оларды жақсылықпен де, жамандықпен де сынадық
Аударма: Халифа Алтай
Біз оларды / исраилдықтарды / топтарға бөліп, жер жүзіне таратып тастадық.Олардың ішінде ізгілері де бар және ондай еместері де бар. Біз оларды / бойсұнуға / қайтулары үшін игіліктермен және қиыншылықтармен сынадық
Аударма: ҚМДБ
7:169
فَخَلَفَ مِنۢ بَعۡدِهِمۡ خَلۡفٞ وَرِثُواْ ٱلۡكِتَٰبَ يَأۡخُذُونَ عَرَضَ هَٰذَا ٱلۡأَدۡنَىٰ وَيَقُولُونَ سَيُغۡفَرُ لَنَا وَإِن يَأۡتِهِمۡ عَرَضٞ مِّثۡلُهُۥ يَأۡخُذُوهُۚ أَلَمۡ يُؤۡخَذۡ عَلَيۡهِم مِّيثَٰقُ ٱلۡكِتَٰبِ أَن لَّا يَقُولُواْ عَلَى ٱللَّهِ إِلَّا ٱلۡحَقَّ وَدَرَسُواْ مَا فِيهِۗ وَٱلدَّارُ ٱلۡأٓخِرَةُ خَيۡرٞ لِّلَّذِينَ يَتَّقُونَۚ أَفَلَا تَعۡقِلُونَ
Олардан кейін, Кітапқа мұрагер болып, осы сапасыз дүниенің бұйымын алатын топ келіп отырады да: «Жуықта жарылқанамыз» дейді. Тағы сондай нәрсе келсе, оны да ала береді. Олардан Аллаға байланысты шындықты ғана айтуларына, Тәуратта уәде алынбады ма? Ал олар, ондағы нәрселерді оқымады ма? Негізінде ақирет жұрты тақуалар үшін хайырлы. Сонда да түсінбесіңдер ме
Аударма: Халифа Алтай
Олардан кейін, орындарына Кітапқа мұрагер болған бір ұрпақ келді. Олар ең жақынның / осы өмірдің / көрінген нәрсесін алады да: «Бізге кешірім етіледі», - дейді. Егер оларға осы секілді кездессе, олар оны тағы да алады. Олардан Аллаһқа қатысты шындықтан басқаны айтпаулары үшін әрі ондағыны оқып үйрену жайлы Кітапта айтылған серт алынбады ма? Соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / жұрты - тақуалар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанатындар / үшін қайырлы. Ақылдарыңды істетіп, ұғынбайсыңдар ма
Аударма: ҚМДБ
7:170
وَٱلَّذِينَ يُمَسِّكُونَ بِٱلۡكِتَٰبِ وَأَقَامُواْ ٱلصَّلَوٰةَ إِنَّا لَا نُضِيعُ أَجۡرَ ٱلۡمُصۡلِحِينَ
Сондай Кітапқа мықты жабысып, намазды толық орындайды; дау жоқ, біз игілік істегендердің сауабын зая қылмаймыз
Аударма: Халифа Алтай
Ал, Кітапты ұстанып, намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындайтындар болса - ақиқатында, Біз түзетушілердің / игілік істеушілердің / сыйларын босқа жібермейміз
Аударма: ҚМДБ
7:171
۞وَإِذۡ نَتَقۡنَا ٱلۡجَبَلَ فَوۡقَهُمۡ كَأَنَّهُۥ ظُلَّةٞ وَظَنُّوٓاْ أَنَّهُۥ وَاقِعُۢ بِهِمۡ خُذُواْ مَآ ءَاتَيۡنَٰكُم بِقُوَّةٖ وَٱذۡكُرُواْ مَا فِيهِ لَعَلَّكُمۡ تَتَّقُونَ
Бір күнде тауды көлеңке тәрізді Израил ұрпақтарының үстеріне көтердік. Олар оны шын түседі деп ойлады. «Сендерге берген Кітапты мықты ұстаңдар да ішіндегілерді түсіңіндер, әрине тақуа боласыңдар» (дедік)
Аударма: Халифа Алтай
Кезінде тауды қалқа тәрізді етіп, олардың үстерінен көтердік. Олар оны үстеріне түседі деп ойлады. «Сендерге бергенімізді / Тәуратты / мықтап ұстаңдар және тақуалық етулерің / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтануларың / үшін оның ішіндегіні еске алыңдар», - дедік
Аударма: ҚМДБ
7:172
وَإِذۡ أَخَذَ رَبُّكَ مِنۢ بَنِيٓ ءَادَمَ مِن ظُهُورِهِمۡ ذُرِّيَّتَهُمۡ وَأَشۡهَدَهُمۡ عَلَىٰٓ أَنفُسِهِمۡ أَلَسۡتُ بِرَبِّكُمۡۖ قَالُواْ بَلَىٰ شَهِدۡنَآۚ أَن تَقُولُواْ يَوۡمَ ٱلۡقِيَٰمَةِ إِنَّا كُنَّا عَنۡ هَٰذَا غَٰفِلِينَ
(Мұхаммед Ғ.С.) сол уақытта Раббың адам балаларының белдерінен нәсілдерін алды да өздеріне куә етіп: «Мен, сендердің Раббыларың емеспін бе?»,- (дегенде,) олар: «Әрине куәміз» деген. Қиямет күні: «Бұдан хабарымыз жоқ» демеңдер. (Бұл «Әлмисақ» уәдесі; жаннан алынған деген)
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Сенің Раббың Адам ұрпақтарының арқаларынан нәсілдерін алып: «Мен Сендердің Раббың емеспін бе?» деп, олардың өздерін-өздеріне куә етті. Олар: «Әлбетте, біз куә болдық», - деді. / Бұл / - Қайта тірілу күні: «Біз бұдан хабарсыз болдық», - деп айтпауларың үшін
Аударма: ҚМДБ
7:173
أَوۡ تَقُولُوٓاْ إِنَّمَآ أَشۡرَكَ ءَابَآؤُنَا مِن قَبۡلُ وَكُنَّا ذُرِّيَّةٗ مِّنۢ بَعۡدِهِمۡۖ أَفَتُهۡلِكُنَا بِمَا فَعَلَ ٱلۡمُبۡطِلُونَ
Немесе: «Бұрыңғы ата-бабамыз шерік қатқан еді, біз де солардың ұрпағымыз. Сонда бізді бұзақылардың қылығымен жоқ етесің бе?»,- (демеулерің үшін)
Аударма: Халифа Алтай
Немесе: «Шын мәнінде, бұрында да әкелеріміз серік қосқан еді, біз де солардың ұрпағымыз. Өтірікшілердің істегені үшін бізді жоясың ба? - / демеулерің үшін
Аударма: ҚМДБ
7:174
وَكَذَٰلِكَ نُفَصِّلُ ٱلۡأٓيَٰتِ وَلَعَلَّهُمۡ يَرۡجِعُونَ
Олардың тура жолға қайтулары үшін аяттарымызды өстіп ашық баян етеміз
Аударма: Халифа Алтай
Олардың / серік қосушыларың / ақиқатқа / қайтуы үшін Біз аяттарымызды осы­лай анықтап түсіндіреміз
Аударма: ҚМДБ
7:175
وَٱتۡلُ عَلَيۡهِمۡ نَبَأَ ٱلَّذِيٓ ءَاتَيۡنَٰهُ ءَايَٰتِنَا فَٱنسَلَخَ مِنۡهَا فَأَتۡبَعَهُ ٱلشَّيۡطَٰنُ فَكَانَ مِنَ ٱلۡغَاوِينَ
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға (Яһудилерге) берген аяттарымызды сиырылып, шайтандарға ерген, адасушылардан біреудің жағдайын түсіндір
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Біз аяттарымызды бергенде, ол оны ысырып тастап кеткен біреудің хабарын оқып бер. Сонда шайтан оны өзіне ерушілерден етті. Әрі ол адасушылардан болды
Аударма: ҚМДБ
7:176
وَلَوۡ شِئۡنَا لَرَفَعۡنَٰهُ بِهَا وَلَٰكِنَّهُۥٓ أَخۡلَدَ إِلَى ٱلۡأَرۡضِ وَٱتَّبَعَ هَوَىٰهُۚ فَمَثَلُهُۥ كَمَثَلِ ٱلۡكَلۡبِ إِن تَحۡمِلۡ عَلَيۡهِ يَلۡهَثۡ أَوۡ تَتۡرُكۡهُ يَلۡهَثۚ ذَّـٰلِكَ مَثَلُ ٱلۡقَوۡمِ ٱلَّذِينَ كَذَّبُواْ بِـَٔايَٰتِنَاۚ فَٱقۡصُصِ ٱلۡقَصَصَ لَعَلَّهُمۡ يَتَفَكَّرُونَ
Егер қаласақ, аятарымыз арқылы әрине оны жоғарлатар едік. Бірақ ол, жерге еңкейіп (дүниеге беріліп) нәпсіне ерді. Сонда оның мысалы: Егер оған тап берсеңде тілін салақтатып, не оны қойып қойсаң да тілін салақтататын ит тәрізді. Аяттарымызды жасынға шығарған елдің мысалы осы. (Мұхаммед Ғ.С.) Уақиғаны оларға айтып бер. Бәлкім олар түсінер
Аударма: Халифа Алтай
Егер қаласақ, оны сол / аяттар, иман / арқылы жоғары көтерер едік. Алайда, ол жерге / дүние қызықтарына / жабысып, өзінің көңіл құмарлығына ерді. Оның сиқы - оған тиіссең де тілін салақтататын, тиіспесең де тілін салақтатып тұратын бір ит секілді. Аяттарымызды өтірік санаған адамдардың мысалы - осы. Оларға ойланулары / ғибрат алулары / үшін хабарларды айтып жеткіз
Аударма: ҚМДБ
7:177
سَآءَ مَثَلًا ٱلۡقَوۡمُ ٱلَّذِينَ كَذَّبُواْ بِـَٔايَٰتِنَا وَأَنفُسَهُمۡ كَانُواْ يَظۡلِمُونَ
Сондай аяттарымызды жасынға шығарып, өздеріне зұлымдық еткен елдің сыңайы нендей жаман
Аударма: Халифа Алтай
Аят-белгілерімізді өтірік санаған және өздеріне-өздері әділетсіздік еткен адамдардың мысалы қандай жаман
Аударма: ҚМДБ
7:178
مَن يَهۡدِ ٱللَّهُ فَهُوَ ٱلۡمُهۡتَدِيۖ وَمَن يُضۡلِلۡ فَأُوْلَـٰٓئِكَ هُمُ ٱلۡخَٰسِرُونَ
Алла (Т.) кімді тура жолға салса, сонда ол, тура жол тапқан болады. Және кімді адастырса, сонда олар зиянға ұшырағандар
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ кімді тура жолға салып жүргізсе, сол - тура жолмен жүруші. Ал, кімді адастырса, міне, солар - нағыз жеңіліске ұшыраушылар
Аударма: ҚМДБ
7:179
وَلَقَدۡ ذَرَأۡنَا لِجَهَنَّمَ كَثِيرٗا مِّنَ ٱلۡجِنِّ وَٱلۡإِنسِۖ لَهُمۡ قُلُوبٞ لَّا يَفۡقَهُونَ بِهَا وَلَهُمۡ أَعۡيُنٞ لَّا يُبۡصِرُونَ بِهَا وَلَهُمۡ ءَاذَانٞ لَّا يَسۡمَعُونَ بِهَآۚ أُوْلَـٰٓئِكَ كَٱلۡأَنۡعَٰمِ بَلۡ هُمۡ أَضَلُّۚ أُوْلَـٰٓئِكَ هُمُ ٱلۡغَٰفِلُونَ
Рас тозақ үшін де көптеген жын, адамдар жараттық. Олардың жүректері бар, алайда олар онымен түсінбейді. Көздері бар, онымен көрмейді. Және олардың құлақтары бар, ол арқылы естімейді. Олар хайуан тәрізді, тіпті одан ары адасуда. Міне солар мүлде әперсіздер
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, Біз Жаһаннам (Тозақ) үшін көп жын мен адамдарды жараттық. Олардың жүректері бар, олар онымен түсінбейді. Көздері бар, онымен көрмейді. Олардың құлақтары бар, ол арқылы естімейді. Олар мал тәрізді, жоқ одан да әрі. Міне, солар - нағыз қаперсіздер
Аударма: ҚМДБ
7:180
وَلِلَّهِ ٱلۡأَسۡمَآءُ ٱلۡحُسۡنَىٰ فَٱدۡعُوهُ بِهَاۖ وَذَرُواْ ٱلَّذِينَ يُلۡحِدُونَ فِيٓ أَسۡمَـٰٓئِهِۦۚ سَيُجۡزَوۡنَ مَا كَانُواْ يَعۡمَلُونَ
Ең жақсы атаулар Аллаға тән. Оған сол аттармен жалбарыныңдар. Алланың атында қиғаштық істейтіндерді қойып- қойыңдар. Олар істегендерінің сазайын тартады
Аударма: Халифа Алтай
Ең көркем есімдер - Аллаһтікі. Сол есімдері арқылы Одан тілеңдер. Оның есімдеріне қатысты ауытқығандарды қалдырып, тәрк етіңдер. Жақында оларға істеп өткен амалдарының қайтарымы беріледі
Аударма: ҚМДБ
7:181
وَمِمَّنۡ خَلَقۡنَآ أُمَّةٞ يَهۡدُونَ بِٱلۡحَقِّ وَبِهِۦ يَعۡدِلُونَ
Біз жаратқан адамдардан туралыққа бастап, шындық арқылы әділетті атқаратын бір топ бар
Аударма: Халифа Алтай
Жаратқандарымыздың ішінде ақиқат бойынша тура жолға бағыттайтын әрі онымен әділдік істейтін бір үммет бар
Аударма: ҚМДБ
7:182
وَٱلَّذِينَ كَذَّبُواْ بِـَٔايَٰتِنَا سَنَسۡتَدۡرِجُهُم مِّنۡ حَيۡثُ لَا يَعۡلَمُونَ
Сондай аяттарымызды жасынға айналдырғандарды олар, білмеген жақтан бірте- бірте жоямыз
Аударма: Халифа Алтай
Әрі аяттарымызды өтірік санағандарды, өздері білмейтін жақтан, бірте-бірте тартып түсіреміз
Аударма: ҚМДБ
7:183
وَأُمۡلِي لَهُمۡۚ إِنَّ كَيۡدِي مَتِينٌ
Тағы да оларға мұрса беремін. Әрине шараларым да қатаң
Аударма: Халифа Алтай
Әрі оларға уақыт беремін. Негізінде, Менің амал-тәсілім өте мықты
Аударма: ҚМДБ
7:184
أَوَلَمۡ يَتَفَكَّرُواْۗ مَا بِصَاحِبِهِم مِّن جِنَّةٍۚ إِنۡ هُوَ إِلَّا نَذِيرٞ مُّبِينٌ
Олар жолдастары (Мұхаммед Ғ.С.) ның жыны болмағандығын түсінбеді ме? Расында ол, ашық ескертуші ғана
Аударма: Халифа Алтай
Олар ойланып қарамады ма? Жолдастарың / Мұхаммед / жынды емес. Ол - тек, анық ескертуші ғана
Аударма: ҚМДБ
7:185
أَوَلَمۡ يَنظُرُواْ فِي مَلَكُوتِ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِ وَمَا خَلَقَ ٱللَّهُ مِن شَيۡءٖ وَأَنۡ عَسَىٰٓ أَن يَكُونَ قَدِ ٱقۡتَرَبَ أَجَلُهُمۡۖ فَبِأَيِّ حَدِيثِۭ بَعۡدَهُۥ يُؤۡمِنُونَ
Олар, көктер мен жердегі Алланың мүліктеріне, және Алла жаратқан нәрселеріне сондай-ақ өздерінің ажалдарының жақын болуының мүмкін екендігін ойламай ма? Ал енді олар, бұдан кейін қай сөзге сенеді
Аударма: Халифа Алтай
Олар аспандардың және жердің мүліктеріне әрі Аллаһ жаратқан әрбір нәрсеге назар салмады ма? Сондай-ақ, мүмкін олардың мерзімдері / ажалдары / жақындаған шығар? Осыдан кейін олар қай сөзге сенер екен
Аударма: ҚМДБ
7:186
مَن يُضۡلِلِ ٱللَّهُ فَلَا هَادِيَ لَهُۥۚ وَيَذَرُهُمۡ فِي طُغۡيَٰنِهِمۡ يَعۡمَهُونَ
Алла кімді адастырса, сонда оған тура жол көрсетуші жоқ. Онда оларды қаңғырыстарында абыржытып қояды
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ кімді адастырса, ол үшін ту­ра жолға салушы жоқ. Ол / Аллаһ / оларды өздерінің шектен шығуларында қаңғыртып қояды
Аударма: ҚМДБ
7:187
يَسۡـَٔلُونَكَ عَنِ ٱلسَّاعَةِ أَيَّانَ مُرۡسَىٰهَاۖ قُلۡ إِنَّمَا عِلۡمُهَا عِندَ رَبِّيۖ لَا يُجَلِّيهَا لِوَقۡتِهَآ إِلَّا هُوَۚ ثَقُلَتۡ فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِۚ لَا تَأۡتِيكُمۡ إِلَّا بَغۡتَةٗۗ يَسۡـَٔلُونَكَ كَأَنَّكَ حَفِيٌّ عَنۡهَاۖ قُلۡ إِنَّمَا عِلۡمُهَا عِندَ ٱللَّهِ وَلَٰكِنَّ أَكۡثَرَ ٱلنَّاسِ لَا يَعۡلَمُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.) олар, сенен қияметтің қашан болатындығын сұрайды: «Шынында оның мәліметі Раббымның қасында, оның мезгілін Ол ғана білдіреді. Көктер мен жердегі ауыр жағдай (қиямет) сендерге кенеттен-ақ келеді» де. Сен оны зерттеп отырғандай-ақ сұрастырады. Шынында оның білімі Алланың қасында, бірақ адамдардың көбі оны түсінбейді де
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Олар сенен Сағаттың / Қияметтің / қашан орнайтындығын сұрайды. Айт: «Шын мәнінде, оның білімі - менің Раббымда. Оны мезгілі келгенде, Ол ғана ашады. Ол аспандарға және жерге ауыр. Ол сендерге тосыннан келеді», - деп. Олар сенен, бейне бір сен ол жайлы жақсы білетін секілді сұрайды. Айт: «Шын мәнінде, оның білімі - Аллаһта. Алайда, адамдардың көбі білмейді», - деп
Аударма: ҚМДБ
7:188
قُل لَّآ أَمۡلِكُ لِنَفۡسِي نَفۡعٗا وَلَا ضَرًّا إِلَّا مَا شَآءَ ٱللَّهُۚ وَلَوۡ كُنتُ أَعۡلَمُ ٱلۡغَيۡبَ لَٱسۡتَكۡثَرۡتُ مِنَ ٱلۡخَيۡرِ وَمَا مَسَّنِيَ ٱلسُّوٓءُۚ إِنۡ أَنَا۠ إِلَّا نَذِيرٞ وَبَشِيرٞ لِّقَوۡمٖ يُؤۡمِنُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.): «Алла қаламайынша, өзім үшін пайда, зиян келтіру күшіне ие емеспін. Егер көместі білген болсам, әрине жақсылықты көбейтіп алар едім. Сондай-ақ маған бір сәтсәздік жұғыспас еді. Мен иман келтірген елді; қорқытушы, қуандырушы ғанамын» де
Аударма: Халифа Алтай
Айт: «Аллаһ қаламайынша, мен өзім үшін пайда, зиян / келтіру / билігіне ие емеспін. Егер де ғайыпты / жасырын нәрселерді / білетін болғанымда, жақсылықты көбейтіп алар едім және маған ешбір жамандық тимес еді. Мен бар болғаны иманға келген адамдар үшін ескертуші және қуанышты хабар жеткізушімін», - деп
Аударма: ҚМДБ
7:189
۞هُوَ ٱلَّذِي خَلَقَكُم مِّن نَّفۡسٖ وَٰحِدَةٖ وَجَعَلَ مِنۡهَا زَوۡجَهَا لِيَسۡكُنَ إِلَيۡهَاۖ فَلَمَّا تَغَشَّىٰهَا حَمَلَتۡ حَمۡلًا خَفِيفٗا فَمَرَّتۡ بِهِۦۖ فَلَمَّآ أَثۡقَلَت دَّعَوَا ٱللَّهَ رَبَّهُمَا لَئِنۡ ءَاتَيۡتَنَا صَٰلِحٗا لَّنَكُونَنَّ مِنَ ٱلشَّـٰكِرِينَ
Ол сондай Алла, сендерді бір -ақ кісіден (Адамнан) жаратқан, және оған тиянақ үшін жұбайын (Хауаны) жаратқан. Ол жұбайына жақындасқанда, жұбайы жеңіл түрде жүкті болды. Сонда онымен жүріп ауырлаған кезде, Аллаға: «Егер бізге игі бала берсең, әрине шүкір етушілерден болар едік» деп жалбарды
Аударма: Халифа Алтай
Ол / Аллаһ / сендерді бір жаннан / Адам атадан / жаратты және одан жұбайын жасады, / сөйтіп / оның онымен тыныштық табуы үшін. Ол оны жапқанда / жақындасқанда / жұбайы жеңіл жүкті болып, сонымен жүрді. Сонда / жұбайының / аяғы ауырлаған кезде, екеуі өздерінің Раббысы Аллаһтан: «Егер бізге ізгі / перзент / берсең, біз, шүкір етушілерден / берген игіліктеріңе алғыс білдірушілерден / боламыз», - деп тіледі
Аударма: ҚМДБ
7:190
فَلَمَّآ ءَاتَىٰهُمَا صَٰلِحٗا جَعَلَا لَهُۥ شُرَكَآءَ فِيمَآ ءَاتَىٰهُمَاۚ فَتَعَٰلَى ٱللَّهُ عَمَّا يُشۡرِكُونَ
Дегенмен Алла оларға дұрыс бала берген кезде, олар өздеріне берген бала жайында Аллаға шерік қата бастады. (Бұл жердегі шерік қатушылар, кейінгі ұрпақтар. Адам Ғ.С. шерік қатудан пәк.) Алла (Т.) олардың қосқан ортактарынан жоғары. (Пәк)
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ / екеуіне түзу перзент берген кезде, екеуі Оның өздеріне бергенінде Оған серіктер қосты. Аллаһ олардың серік етіп қосатындарынан жоғары
Аударма: ҚМДБ
7:191
أَيُشۡرِكُونَ مَا لَا يَخۡلُقُ شَيۡـٔٗا وَهُمۡ يُخۡلَقُونَ
Олар, еш нәрсені жаратпаған, өздері жаратылған нәрсені Аллаға шерік қата ма
Аударма: Халифа Алтай
Олар еш нәрсені жарата алмайтын, керісінше, өздері жаратылатын нәрселерді / Аллаһқа / серік етеді ме
Аударма: ҚМДБ
7:192
وَلَا يَسۡتَطِيعُونَ لَهُمۡ نَصۡرٗا وَلَآ أَنفُسَهُمۡ يَنصُرُونَ
(Аллаға шерік қатқан нәрселері) Оларға жәрдем ете алмайды әрі өздеріне де жәрдем ете алмайды
Аударма: Халифа Алтай
Әрі олардың / серік етіп қосқандары / оларға көмектесуге күштері жетпейді және өздеріне де көмектесе алмайды
Аударма: ҚМДБ
7:193
وَإِن تَدۡعُوهُمۡ إِلَى ٱلۡهُدَىٰ لَا يَتَّبِعُوكُمۡۚ سَوَآءٌ عَلَيۡكُمۡ أَدَعَوۡتُمُوهُمۡ أَمۡ أَنتُمۡ صَٰمِتُونَ
Егер шерік қатқан нәрселеріңді тура жолға шақырсаңдар, олар сендерге ермейді. Оларды мейлі шақырыңдар, мейлі үндемеңдер, сендер бәрі бір
Аударма: Халифа Алтай
Егер оларды / қосқан серіктерді / тура жолға шақырсаңдар, олар сендерге ермейді. Оларды шақыруларың да, не үндемей қалуларың да сендер үшін бірдей
Аударма: ҚМДБ
7:194
إِنَّ ٱلَّذِينَ تَدۡعُونَ مِن دُونِ ٱللَّهِ عِبَادٌ أَمۡثَالُكُمۡۖ فَٱدۡعُوهُمۡ فَلۡيَسۡتَجِيبُواْ لَكُمۡ إِن كُنتُمۡ صَٰدِقِينَ
Расында Алладан өзге шоқынғандарың, өздерің сияқты құлдар. Егер шын айтсаңдар, қане оларды шақырыңдар, сендерге жауап берсін
Аударма: Халифа Алтай
Сендердің Аллаһтан басқа шақыратындарың / табынатындарың / - өздерің сияқты құлдар. Шын сөзді болсаңдар, оларды шақырыңдар, сендерге жауап берсін
Аударма: ҚМДБ
7:195
أَلَهُمۡ أَرۡجُلٞ يَمۡشُونَ بِهَآۖ أَمۡ لَهُمۡ أَيۡدٖ يَبۡطِشُونَ بِهَآۖ أَمۡ لَهُمۡ أَعۡيُنٞ يُبۡصِرُونَ بِهَآۖ أَمۡ لَهُمۡ ءَاذَانٞ يَسۡمَعُونَ بِهَاۗ قُلِ ٱدۡعُواْ شُرَكَآءَكُمۡ ثُمَّ كِيدُونِ فَلَا تُنظِرُونِ
Олардың жүретін аяқтары, ұстайтын қолдары, көретін көздері немесе еститін құлақтары бар ма? (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: «Аллаға қосқан ортақтарыңды шақырыңдар да, сонан соң маған мұрса бермей айлакерлік жасаңдар» де
Аударма: Халифа Алтай
Олардың жүретін аяқтары бар ма, әлде олардың ұстайтын қолдары бар ма, не олардың көретін көздері бар ма немесе олардың еститін құлақтары бар ма? Айт: «Серік етіп қосқандарыңды шақырыңдар, содан кейін маған мұрсат бермей, айла-шарғы істеңдер
Аударма: ҚМДБ
7:196
إِنَّ وَلِـِّۧيَ ٱللَّهُ ٱلَّذِي نَزَّلَ ٱلۡكِتَٰبَۖ وَهُوَ يَتَوَلَّى ٱلصَّـٰلِحِينَ
Шынында менің ием Құран түсірген Алла. ол, жақсыларға иегершілік етеді
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында менің қамқоршым - Кітапты түсірген Аллаһ. Ол ізгілерге қамқорлық етеді
Аударма: ҚМДБ
7:197
وَٱلَّذِينَ تَدۡعُونَ مِن دُونِهِۦ لَا يَسۡتَطِيعُونَ نَصۡرَكُمۡ وَلَآ أَنفُسَهُمۡ يَنصُرُونَ
Сендердің Алладан өзге шоқынғандарың, сендерге де жәрдем ете алмайды. Сондай-ақ өздеріне де жәрдем ете алмайды
Аударма: Халифа Алтай
Ал, Одан өзге шақыратындарыңның / табынатындарың / сендерге көмек беруге күші жетпейді. Әрі олар өздеріне де көмектесе алмайды», - деп
Аударма: ҚМДБ
7:198
وَإِن تَدۡعُوهُمۡ إِلَى ٱلۡهُدَىٰ لَا يَسۡمَعُواْۖ وَتَرَىٰهُمۡ يَنظُرُونَ إِلَيۡكَ وَهُمۡ لَا يُبۡصِرُونَ
Ал және оларды тура жолға шақырсаңдар, олар естімейді. Олардың саған қарағанын көресің. Бірақ олар сені көрмейді
Аударма: Халифа Алтай
Егер оларды тура жолға шақырсаңдар, олар естімейді. Сен оларды өзіңе қарап тұрғандай көресің. Бірақ, олар көрмейді
Аударма: ҚМДБ
7:199
خُذِ ٱلۡعَفۡوَ وَأۡمُرۡ بِٱلۡعُرۡفِ وَأَعۡرِضۡ عَنِ ٱلۡجَٰهِلِينَ
(Мұхаммед) кешірім жолын ұста және оларға туралықты әмір ет. Сондай-ақ білместерден бет бұр
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед, / кешірімділікті ұстан, құпталғанға бұйыр және надандардан теріс бұрыл
Аударма: ҚМДБ
7:200
وَإِمَّا يَنزَغَنَّكَ مِنَ ٱلشَّيۡطَٰنِ نَزۡغٞ فَٱسۡتَعِذۡ بِٱللَّهِۚ إِنَّهُۥ سَمِيعٌ عَلِيمٌ
Егер шайтаннан саған бір түрткі болса, Сонда Аллаға сиын. Өйткені Ол, толық естуші, өте білуші
Аударма: Халифа Алтай
Ал, қашан саған шайтаннан наз'г / азғыру, жамандыққа итермелеу / болса, Аллаһқа жүгініп, өзіңді қорғауын тіле. Ақиқатында, Ол - әрбір нәрсені Естуші, бәрін Білуші
Аударма: ҚМДБ
7:201
إِنَّ ٱلَّذِينَ ٱتَّقَوۡاْ إِذَا مَسَّهُمۡ طَـٰٓئِفٞ مِّنَ ٱلشَّيۡطَٰنِ تَذَكَّرُواْ فَإِذَا هُم مُّبۡصِرُونَ
Тақуаларға шайтан тарапынан бір сыбыс тисе, олар Алланы еске алады да қырағылық істейді
Аударма: Халифа Алтай
Тақуалық етушілер / Аллаһтың бұйырғандарын орындап, жазасынан қорқып, сақтанушылар / өздеріне шайтаннан бір азғыру тисе, / Аллаһты / еске алады да, сөйтіп көзі ашылады / түсінеді
Аударма: ҚМДБ
7:202
وَإِخۡوَٰنُهُمۡ يَمُدُّونَهُمۡ فِي ٱلۡغَيِّ ثُمَّ لَا يُقۡصِرُونَ
Кәпірлердің туыстары (шайтандар), азғындыққа тартады да сонсоң олар қырсоңынан қалмайды
Аударма: Халифа Алтай
Олар / шайтандар / серіктеріне адастыруда көмектеседі, сөйтіп олар / азғыруларын / тоқтатпайды
Аударма: ҚМДБ
7:203
وَإِذَا لَمۡ تَأۡتِهِم بِـَٔايَةٖ قَالُواْ لَوۡلَا ٱجۡتَبَيۡتَهَاۚ قُلۡ إِنَّمَآ أَتَّبِعُ مَا يُوحَىٰٓ إِلَيَّ مِن رَّبِّيۚ هَٰذَا بَصَآئِرُ مِن رَّبِّكُمۡ وَهُدٗى وَرَحۡمَةٞ لِّقَوۡمٖ يُؤۡمِنُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.) егер оларға мұғжиза келтірсемең, олар: «Оны өзің неге жасамадың?»,- дейді. Мен: «Раббым тарапынан маған уахи етілгенге ғана бой ұсынамын. Осы Құран, иман келтірген елге, Раббыларыңнан ашық дәлелдер. Сондай-ақ тура жол әрі мәрхамет»
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Қашан оларға бір аят келтірмей қалсаң, олар: «Оны ойыңнан құрастыра салмайсың ба?» - дейді. Оларға: «Шын мәнінде, мен өзіме Раббымнан уахи етілетінге ғана еремін», - де. Міне, осы / Құран / - сендердің Раббыңнан ашық дәлел және иманға келген адамдар үшін тура жол әрі мейірім
Аударма: ҚМДБ
7:204
وَإِذَا قُرِئَ ٱلۡقُرۡءَانُ فَٱسۡتَمِعُواْ لَهُۥ وَأَنصِتُواْ لَعَلَّكُمۡ تُرۡحَمُونَ
Қашан Құран оқылса, оған құлақ салып тыңдандар да үңдемендер. Әрине мәрхаметке бөленесіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Құран оқылған кезде, мейірімге бө­лену үшін оны ден қойып тыңдап, тыныштық сақтаңдар
Аударма: ҚМДБ
7:205
وَٱذۡكُر رَّبَّكَ فِي نَفۡسِكَ تَضَرُّعٗا وَخِيفَةٗ وَدُونَ ٱلۡجَهۡرِ مِنَ ٱلۡقَوۡلِ بِٱلۡغُدُوِّ وَٱلۡأٓصَالِ وَلَا تَكُن مِّنَ ٱلۡغَٰفِلِينَ
Раббыңа ішіңнен жалбарына қорыққан түрде бәсең сөзбен ертелі- кеш зікір ет. Сондай-ақ кәпірсіздерден болма
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Әрі Раббыңды таңертең және күн батардан алдын бойсұна жалбарынып, қорыққан түрде әрі бәсең үнмен іштей есіңе ал және қаперсіздерден болма
Аударма: ҚМДБ
7:206
إِنَّ ٱلَّذِينَ عِندَ رَبِّكَ لَا يَسۡتَكۡبِرُونَ عَنۡ عِبَادَتِهِۦ وَيُسَبِّحُونَهُۥ وَلَهُۥ يَسۡجُدُونَۤ۩
Расында раббыңның қасындағылар (періштелер) Оған құлшылық қылудан менменсімейді де Оны дәріптеп, Оған сәжде қылады
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, Раббыңның алдындағылар / періштелер / , Оған Құлшылық қылудан өздерін жоғары қоймайды, Оны / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріптейді әрі Оған сәжде жасайды
Аударма: ҚМДБ
← Аль-АнамБарлық сүрелерАль-Анфаль →

Аль-Араф сүресі туралы

Аль-Араф (الأعراف) — Құранның 7-сүресі, 206 аят, меккелік сүре, 8-жүз, мысхафтың 151-бетінен басталады. Бетте: Осман қарпіндегі араб мәтіні және Халифа Алтайдың қазақша мағыналық аудармасы мен ҚМДБ аудармасы. Аудио, транскрипция, тәпсір және 67 тілдегі аударма — толық нұсқада.

Барлық 114 сүре · Намаз уақыты · Іздеу