(Мұхаммед Ғ.С.) олар, сенен ғанимат малы(соғыс олжасы) жайынан сұрайды: «Ғаниматтар; Аллаға және Пайғамбарына тән. Ендеше, егер мүмін болсаңдар, Алладан қорқып, араларыңды жарастырыңдар. Және Аллаға, Пайғамбарына бой ұсыныңдар » де
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Олар / сақабалар / сенен олжалар туралы сұрайды. Айт: «Олжалар Аллаһқа және Оның Елшісіне тән. Тақуалық етіңдер / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтаныңдар / және араларыңдағыны түзетіңдер. Егер иманды / мүмін / болсаңдар, Аллаһқа және Оның Елшісіне бойсұныңдар»-деп
Сөзсіз мүміндер; Алла еске алынса, жүректері қобалжиды да оларға Алланың аяттары оқылса, сенімдері артылып, Раббыларына тәуекел қылады
Аударма: Халифа Алтай
Шын мәнінде, имандылар / мүміндер / - олар Аллаһ еске алынған кезде, жүректері / Раббысының жазасынан қорқып / діріл қағатындар, және Оның аяттары оқылғанда, ол / аяттар / оларда иманды арттырады әрі олар Раббысына жүгініп, Оған істерін тапсыратындар / тәуекел ететіндер
Шам жақтан саудамен қайтқан Әбу Сүфянның керуені Мұсылмандардың Мединеден шыққанынан секем ала теңіз жағалауымен жол алған бойда Меккеге де хабар бергендіктен Әбу Жаһіл мың кісілік шеру тартып, Бәдірге жетіп келеді. Сол сәтте, Алла (Т.) тарапынан Пайғамбар (Ғ.С.) ға керуен мен әскердің бірі алынатындығы білдірілгендіктен жолдастарымен кеңеседі.) (Мұхаммед Ғ.С.) Раббың сені, үйіннен хақ жолына шығарғанда мүміндердің бір бөлімі жақтырмаған еді. (Ғанимат бөлуде де кейбіреулер көңілсіз болды)
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Раббың сені үйіңнен ақиқатпен шығарғанда, имандылардың / мүміндердің / бір тобы / мұны / қаламаған еді
Сол уақытта Алла, сендерге екі топтың бірінің сендердікі болатынын уәде етуде еді. Сендер, құралсыз керуеннің сендердікі болуын қалайсыңдар. Алла өз әмірлерімен шындықты шынға шығаруды, сондай-ақ қарсы болғандардың артын үзуді қалайды
Аударма: Халифа Алтай
Сонда, Аллаһ сендерге екі топтың / керуен мен әскер / бірі сендердікі болатынын уәде еткен еді. Сендер қарусыз топтың / керуеннің / өздеріңдікі болуын қаладыңдар. Ал, Аллаһ Өзінің сөздері арқылы ақиқатты шындыққа шығаруды және кәпірлердің соңын үзуді / жоюды / қалайды
(Бәдір соғысында жау мың кісі, Мұсылмандар үш жүз кісі еді. Сондықтан олар Аллаға жалбарынды да, Алла мың періште арқылы көмек етілетіндігін білдірді. Бұл Мұсылмандарды рұхтандырып, жүректерін орнықтыру үшін ғана.) Сол уақытта Раббыларыңа жалбарынуда едіңдер. Сонда Ол: «Шынында сендерге ерген мың періштемен көмек етемін» деп тілектеріңді қабыл етті
Аударма: Халифа Алтай
Сол кезде, сендер өздеріңнің Раббыңнан жәрдем тілегендеріңде Ол: «Сендерге бірінен кейін бірі ерген мың періштемен көмек беремін», - деп жауап берді
Мұны қуанту әрі жүректеріңді орнықтыру үшін ғана істеді. Жәрдем, Алланың ғана қасында. (Еркінде.) Күдіксіз Алла өте үстем, хикмет иесі
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ мұны сендерге қуанышты хабар ретінде әрі осы арқылы жүректеріңнің орнығуы үшін істеді. Көмек - тек қана Аллаһтан. Ақиқатында, Аллаһ - бәрінен Үстем, аса Дана
Сол уақытта сендерді Алла тарапынан бір тыныштық ұйқысы басуда еді. Және сендерді тазарту, өздеріңнен шайтанның ластығын кетіру, жүректеріңді орнықтырып табандарыңды бекіту үшін үстеріңе көктен жаңбыр жаудыруда еді (Өйткені жау су басына түсіп Мұсылмандар шөлде қалған еді)
Аударма: Халифа Алтай
Сонда, Ол сендерге Өз тарапынан бір тыныштық ретінде қалғу / жеңіл ұшы! жіберді. Әрі сендерге өздеріңді тазарту және шайтанның азғыруын кетіру әрі жүректеріңді орнықтыру және табандарыңды бекіту үшін аспаннан су / жаңбыр / түсірген еді
(Мұхаммед Ғ.С.) сол уақытта Раббың періштелерге: «Расында Мен сендермен біргемін. Мүміндерге тоқтау беріңдер» деп нұсқау беруде еді. «Кәпірлердің жүрктеріне қорқу саламын. Сонда мойындарының үстіне әрі қол-аяқтарына (қылышпен шабыңдар»)
Аударма: Халифа Алтай
Сол уақытта Раббың періштелерге: «Мен сендермен біргемін. Иманға келгендерді бекемдеңдер», - деп уахи еткен еді. Мен күпірлік еткендердің / имансыздардың / жүректеріне үрей тастаймын. Олардың мойындарынан ұрыңдар әрі оларды әрбір саусақтарынан / буынынан / ұрыңдар
Осы, олардың Аллаға, Елішісіне қарсы келулеріне себепті. Және кім Аллаға, Елшісіне қарсы келсе, шынында Алла, қатты азап иесі
Аударма: Халифа Алтай
Бұл - олардың Аллаһқа және Оның Елшісіне қарсы келгендіктері себепті. Кім Аллаһқа және Оның Елшісіне қарсы шықса, шын мәнінде Аллаһ - жаза беруде қатты
Ал және кім соғыс күні, соғыс майданын ауыстыру немесе топқа қосылудан басқа түрде шекінсе, әрине Алланың қаһарына ұшырайды. Орны тозақ, нендей жаман орын
Аударма: Халифа Алтай
Кім сол күні соғыс барысын өзгерту немесе өзге топқа қосылудан басқа түрде қашса, сол Аллаһтың ашуына ұшырап қайтады. Оның орны - Жаһаннам (Тозақ). Ол баратын орын қандай жаман
Сонда оларды сендер өлтірмеңдер, бірақ оларды Алла өлтірді. (Әй Мұхаммед!), Атқан кезде сен атпадың, бірақ Алла атты. Бұл мүміндерді жақсы бір сынақпен сынау үшін. Расында Алла, толық естуші, білуші
Аударма: Халифа Алтай
Оларды сендер өлтірмедіңдер, алайда оларды Аллаһ өлтірді. Сондай-ақ, / ей,Мұхаммед, топырақты! лақтырған кезінде, сен лақтырған жоқсың, оны имандыларды Өз жағынан жақсы бір сынақпен сынау үшін Аллаһ лақтырды. Аллаһ - бәрін Естуші, бәрін Білуші
Алланың әмірі бойынша пайғамбар (Ғ.С.) жерден бір уыс топырақ алып жау жаққа шашқанда көздеріне түскендіктен жеңіліс табады.) Жағдай осы. Расында Алла, кәпірлердің әдісін жояды
Аударма: Халифа Алтай
Міне, бұл - сендерге. Ақиқатында, Аллаһ - кәпірлердің айла-шарғысын осалдатушы
(Әй мүшріктер!) Жеңіс тілеп едіңдер, расында үстемдік зияндарыңа келді. Енді егер тыйылсаңдар, сонда сендер үшін жақсы. Ал қайталасаңдар, Біз де қайталаймыз. Топтарың қанша көп болсада, сендерге әсте пайда бермейді. Өйткені Алла, мүміндермен бірге
Аударма: Халифа Алтай
Ей, мүшріктер, / егер сендер жеңіс / шешім шығарылуын / сұраған болсаңдар, міне сендерге жеңіс / шешім шығарылды / . Егер тыйылсаңдар, бұл өздерің үшін қайырлы. Ал, егер қайталасаңдар, Біз де қайталаймыз. Топтарың қанша көп болса да, сендерге ешқандай пайда бермейді. Анығында, Аллаһ имандылармен бірге
Егер Алла, оларда бір хайыр барлығын байқаса еді әрине оларға естіртер еді. Сонда Алла, оларға естіртсе де, олар бет бұрар еді. Олар негізінен жалтақойлар
Аударма: Халифа Алтай
Егер оларда бір игілік бар болғанда, Аллаһ оларға міндетті түрде құлақ астыратын еді. Ал егер Оларға / осы жағдайында / естірткен күнде де олар бет бұрған күйде, теріс айналып кетер еді
Әй мүміндер! Сендерді өздеріңе тіршілік беретін нәрсеге (дінге) шақырған кезде, Алланың әрі Елшісінің тілін алыңдар. Және де Алланың, кісімен жүрегінің арасына дейін килігетіндігін біліңдер. Шәксіз Алла тарапына жиналасыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Ей, иманға келгендер! Сендерді тірілтетін / жандандыратын / нәрсеге шақырған кезде, Аллаһқа және Елшіге жауап беріңдер / бойсұныңдар / . Адам мен оның жүрегінің арасын Аллаһтың бөліп тұратынын және Оған жиналатындарыңды біліңдер
Сол бір замаңды ойлаңдар. Сендер аз едіңдер де жер жүзінде езілген едіңдер. Сонда сендер адамдардың бас салып кетуінен қорқар едіңдер. Және Алла сендерді (Мединеге) орналастырып, өз көмегімен қуаттады. Сондай-ақ сендерді жақсы нәрселермен көректендіреді, әрине шүкір етерсіңдер деп
Аударма: Халифа Алтай
Сендер жер бетінде аз әрі әлсіз болып, адамдардың сендерді басып алуынан қорқып тұрған кездеріңде, Оның сендерге пана бергенін, Өз жәрдемімен қолдағанын және шүкір етулерің / берген игіліктеріне алғыс білдірулерің / үшін жақсы нәрселерден ризықтандырғанын естеріңе алыңдар
Әй мүміндер! Егер Алладан қорықсаңдар, Ол сендерге жақсы, жаманды айыратын қабілет береді әрі жамандықтарыңды жойып жарылқайды. Алла зор кеңшілік иесі. (Мекке кәпірлері Пайғамбар Ғ.С. ды қамау, өлтіру немесе Меккеден шығарып жіберу үшін қаулы алады)
Аударма: Халифа Алтай
Ей, иманға келгендер! Егер Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар / , Ол сендерге фурқанды береді, жамандықтарыңды өшіреді әрі сендерге кешірім етеді. Аллаһ - ұлы кеңшілік Иесі
(Мұхаммед Ғ.С.) ойла! Бір заманда олар сені қамауға не сені өлтіруге немесе шығаруға шара қолдануда еді. Олар шара қолданғанда, Алла шараларын бұзар еді. Алла шара көрушілердің ең жақсысы
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Кезінде күпірлік еткендер / Аллаһқа серік қосушылар / сені ұстау не өлтіру немесе / Меккеден / шығарып жіберу үшін айла-шарғы жасады. Олар айла-шарғы жасады, сонда Аллаһ та амал-тәсіл жасады. Ал, Аллаһ - амал-тәсіл жасаушылардың ең қайырлысы
Тағы олар, сол уақытта: «Әй Алла! Егер осы Құран шынайы түрде Сенің қасыңнан болса, онда бізге көктен тас жаудыр немесе бізге күйзелтуші азап бер.» деді
Аударма: Халифа Алтай
Сол кезде олар: «Ей, Аллаһ! Егер бұл / Құран / Сенің қасыңнан түскен шындық болса, онда үстімізге аспаннан тас жаудыр немесе бізге күйзелтуші азап келтір», деді
Олар мүміндерді Месжід Харамнан тыйып жатса, Алла оларды неге азаптамасын. Олар месжід Харамға иелікке лайық емес. Оның иелері тақуалар ғана. Бірақ олардың көбі білмейді
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ оларды неге азаптамасын, олар әл-Харам мешітінен - оған жақын / құлшылық етуге лайықты / болмай тұрып, одан тосып тұрса. Анығында, оған / әл- Харамға / жақын / лайықтылар / - тақуалар / Аллаһқа бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушылар / ғана. Алайда, олардың көбі білмейді
Өйткені, олардың Кағбаның жанындағы намаздары ысқыру, қол шапалақтау ғана еді. Ал енді қарсы болғандықтарың себепті азапты татыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Олардың Үйдің / Қағбаның / жанындағы намаздары / құлшылықтары / - ысқыру мен қол шапалақтау ғана еді. Енді күпір келтіргендерің / Бір Аллаһқа құлшы-лық етпегендерің / үшін азапты татыңдар
Расында сондай қарсы болғандар, малдарын, Алланың жолынан тыю үшін жұмсайды. Тағы оны жұмсай береді. Сонан кейін ол, оларға өкініш болып, ақыр жеңіліске ұшырайды. Сондай-ақ қарсы болғандар, тозаққа айдалады
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, күпірлік еткендер / Аллаһқа серік қосушылар / мал-дүниелерін Аллаһтың жолынан тосу үшін істетеді. Сөйтіп олар оны солай жұмсайды, ал кейін бұл олар үшін қасіретке айналады, содан кейін олар жеңіліске ұшырайды. Күпірлік еткендер / Аллаһқа қарсы келгендер / Жаһаннамға (Тозаққа) жиналдырылады
(Мұхаммед Ғ.С.) сондай қарсы болғандарға: «Егер олар жамандықтан тыйылса, өткен күнәлары жарылқанады. Ал егер олар қайталаса, сонда өткендегілердің үкімі орындалады» де
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Күпірлік еткендерге / Аллаһқа серік қосушыларға / айт, егер олар тыйылса, олардың бұрынғы істеріне кешірім жасалады. Ал, егер қайта оралса, онда бұрынғылардың да жолы / осылай / өткен
Олармен ешбір пітне қалмағанға дейін және дін бүтіндей Алланікі болғанға дейін соғысыңдар. Егер олар тыйылса, расында Алла олардың істегендерін толық көруші
Аударма: Халифа Алтай
Олармен бүлік қалмай және дін бүтіндей Аллаһқа арналғанға дейін соғысыңдар. Егер олар тыйылса, ақиқатында Аллаһ - олардың не істейтіндерін Көруші
Егер сендер Аллаға әрі дұрыс пен бұрыстың айрылған күні; екі топ қарсыласқан (Бәдір соғысы) күні құлымыз (Мұхаммед Ғ.С.) ға түсірген аяттарымызға иман келтірген болсаңдар, дау жоқ. Сендер, соғыстан олжалап алған нәрселерден бесте бірі Аллаға тән. Сондай-ақ Пайғамбарға, жақындарына, жетімдерге, міскіндерге және жолда қалғандарға тиісті екендігін біліңдер. Алланың әр нәрсеге толық күші жетеді
Аударма: Халифа Алтай
Егер сендер Аллаһқа сенген болсаңдар және Айыру күні - екі топ / Бәдірде / кездескен күні құлымызға түсіргенімізге сенсеңдер, онда біліңдер, олжалап алған заттарыңның бестен бірі Аллаһқа және Елшіге, сонымен бірге / Елшінің / жақын туыстарына, жетімдерге, кедейлер мен / жолда қалған / жолаушыға тиісті. Аллаһ - барлық нәрсені Жасай алушы
Сол уақытта сендер, (Бәдір майданында) ойпаттың жақынында, олар, алысырақ жағында еді. Керуен сендерден төмен еді. Егер уәделескен болсаңдар да белгіленген мерзімде кездесе алмайтын едіңдер. (Бұл жағдай бұйрықша болды.) Бірақ Алланың болатын әмірі жүзеге асты. Кім жоқ болатын болса, ашық дәлел бойынша жоғалсын. Ал кім тірі қалатын болса да ашық дәлел бойынша тірі қалсын. Расында Алла, естуші, толық білуші
Аударма: Халифа Алтай
Сол кезде сендер алқаптың / Мәдинаға / жақын жағында болсаңдар, олар / мүшріктер әскері / алыс жағында, ал керуен сендерден төмен жақта еді. Егер де уәделескендерінде де келіскен уақыт пен орында кездесе алмайтын едіңдер. Алайда, құрыған адам анық дәлелмен құруы үшін әрі өмір сүрген адам анық дәлелмен өмір сүруі үшін - Аллаһ орындалуы тиіс істі жүзеге асырды. Ақиқатында, Аллаһ - әрбір нәрсені Естуші, әрбірнәрсені Білуші
Сол уақыта Алла, оларды саған түсінде аз көрсеткен еді. Егер оларды саған көп көрсетсе еді, әлбетте қорқар едіңдер де, әрине іс жайында тартысар едіңдер. Бірақ Алла құтқарды. Расында Ол, көңілдегілерді толық білуші
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Сонда Аллаһ, түсінде саған оларды аз етіп көрсеткен еді. Егер оларды саған көп етіп көрсеткенде, әлсіздік танытып, іс жайында тартысар едіңдер. Алайда, Аллаһ сақтап қалды. Ақиқатында, Ол - кеуделердегіні / жүректердегіні / жақсы Білуші
Сол уақытта сендер жаумен кездескен кезде, Алла, болатын істі жүзеге асыру үшін оларды көздеріңе аз көрсетіп, олардың көздерінде де азайтуда еді. Бүкіл істер Аллаға қайтарылады
Аударма: Халифа Алтай
Сендер / жаумен / кездескен кезде, Аллаһ орындалуы тиіс істі жүзеге асыруы үшін оларды сендердің көздеріңе аз етіп көрсетті, сендерді де олардың көздеріне аз етіп көрсеткен еді. Барлық істер Аллаһқа қайтарылады
Аллаға әлі Елшісіне бой ұсыныңдар, өзара жанжалдаспаңдар, онда үрейлесіңдер де құттарың қашады және сабырлы болыңдар. Расында Алла, сабырлылармен бірге
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Аллаһқа және Оның Елшісіне бойсұныңдар және өзара тартыспаңдар. Олай болса рухтарың түсіп, күш-қуаттарың кетіп қалады / тастап кетеді / . Сабыр етіңдер! Ақиқатында, Аллаһ сабыр етушілермен бірге
Жұрттарынан шендене адамдарға мақтанып шыққандар, сондай-ақ Алланың жолынан тосатындар тәрізді болмаңдар! Алла (Т.) олардың істегендерін толық біледі
Аударма: Халифа Алтай
Үйлерінен менменсінген түрде және адамдар көруі үшін шығып, Аллаһтың жолынан тосатындар секілді болмаңдар! Аллаһ олардың не істеп жатқандарын толық Қамтушы
Сол уақытта шайтан олардың қылықтарын өздеріне әдемі көрсетті де: «Бүгін адамдардан сендерді жеңуші жоқ. Расында мен сендерге көмекшімін» деді. Екі топ бірін-бірі көргенде, теріс айналып: «Мен сендерден мүлде беземін.Өйткені, сендер көрмейтін нәрсені көремін. Алладан қорқамын. Алла қатты азап иесі.» деді
Аударма: Халифа Алтай
Сол кезде шайтан оларға / мүшріктерге / : «Бүгін адамдардың ішінде сендерден үстем келуші жоқ. Шын мәнінде, мен сендер жақта боламын», - деп істерін көрікті етіп көрсетті. Екі топ бірін-бірі көрген кезде, / шайтан / теріс айналып: «Менің сендерге мүлдем қатысым жоқ. Мен сендер көрмейтінді көремін. Ақиқатында, мен Аллаһтан қорқамын. Аллаһ жаза беруде қатты», - деді
Сол уақытта мұнафықтармен жүректерінде дерті барлар: «Мұсылмандарды, діндері алдады» дейді. Негізінде кім Аллаға тәуекел қылса, расында Алла, үстем, хикмет иесі
Аударма: Халифа Алтай
Сол уақытта мұнафиқтар және жүректерінде дерті барлар / иманы әлсіздер / : «Оларды діндері алдап қойды», - деді. Негізінде, кім Аллаһқа жүгініп, Оған өзін тапсырса / тәуекел етсе / , ақиқатында, Аллаһ - бәрінен Үстем, аса Дана
Періштелер, сондай қарсы болғандардың беттеріне, арқаларына ұрып: «Күйдіретін азапты татыңдар!»,- деп жандарын алғанын көрсең
Аударма: Халифа Алтай
Періштелер күпірлік еткендерді / Аллаһқа қарсы келгендерді / беттері мен арт жақтарынан ұрып: «Күйдіріп, жандырушы оттың азабын татыңдар!» - деп, жандарын алып жатқан кезде көрсең еді
(Бұлардың қылығы) Перғауындықтармен, олардан бұрынғылардың қылықтары сияқты. Олар Алланың аяттарына қарсы келген еді де, Алла, оларды күнәларының салдарынан қолға алды. Күдіксіз Алла, аса қуатты, азабы қатты
Аударма: Халифа Алтай
олардың істері / Фиръаун әулеті мен олардан бұрынғы өткендердің істегендері секілді. Олар Аллаһтың белгілеріне күпірлік етті / сенбеді, теріске шығарды / . Сонда Аллаһ оларды күнәлары себепті ұстады. Аллаһ - өте Күшті, жаза беруде қатты
Міне Алла, бір қауымға берген нығметін; олар, өздерін өзгертпейінше өзгертпейді. Шынында Алла, толық естуші, аса білуші
Аударма: Халифа Алтай
Бұның себебі, Аллаһ адамдарға берген игілігін, ол адамдар өздеріңдегіні өзгертпейінше, өзгертуші еместігі және Аллаһ барлық нәрсені Естуші, әрбірнәрсені Білуші / ’Алим / болғандығынан
Перғауындықтар және олардан бұрынғылардың қылығы тәрізді: Олар да Раббыларыңың аяттарын жасынға шығарған еді. Оларды күнәлары себепті типыл қылып, Перғауындықтарды суға батырған едік. Я, олардың барлығы залымдар еді
Аударма: Халифа Алтай
Фиръаун әулеті мен олардан бұрынғы өткендердің де істері осы секілді болды. Олар өздерінің Раббысының аяттарын өтірікке шығарған еді. Біз оларды күнәлары себебінен құртып, Фиръаун тобын суға батырдық. Олардың барлығы да әділетсіздер еді
(Рауаят бойынша, Пайғамбар, мединелік Яһуди Құрайза руымен бейбітшілік келісімін жасаған бола тұра олар Бәдір соғысында келісімді бұзып, жауға болысады. Қайта жаласа да ор, қазу соғысында және уәдені бұзып, жауға болысады.) Сондықтан олармен соғыста кездессең, оларға артындағы адамдарға үлгі болатын соққы бер. Бәлкім олар түсінер
Аударма: Халифа Алтай
Сондықтан, олармен соғыста кездессең / соққы беріп / , олар арқылы артындағыларды да үрей салып ыдырат, мүмкін олар ескерту алар
Сендер де шамаларың келкенше әр түрлі күш әрі ат байлаумен әзірлік көріңдер. (Сондай-ақ заманауи техникалық құралдар дайындаңдар.) Алланың дұшпанын, өз дұшпаңдарыңды тағы олардан өзге дұшпандарды қорқытасыңдар. Оларды сендер білмейсіңдер, Алла біледі. Ал Алла жолында ненәрсе жұмсасаңдар, сендерге толық төленеді. Әділсіздік көрмейсіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Оларға қарсы шамаларың келгенше күш-қуат және атты әскер әзірлеңдер, онымен Аллаһтың жауын және өз жауларынды әрі өзгелерді де сескендіру үшін. Оларды сендер білмейсіңдер, Аллаһ біледі. Аллаһ жолында не нәрсе жұмсасаңдар да өздеріңе толық қайтарылады әрі сендерге әділетсіздік жасалмайды
Егер олар, бейбітшілікке бейімдесе, сонда оларға сенде бейімде. Әрі Аллаға тәуекел ет. Күдіксіз Ол, толық естуші, аса білуші
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Егер олар бейбіт келісімге бейімділік танытса, сен де бұрыл әрі Аллаһқа жүгініп, Оған ісіңді тапсыр / тәуекел ет / . Ақиқатында, Ол - бәрін Естуші, бәрін Білуші
Және Ол мүміндердің жүректерін қосты. Егер сен, жер жүзіндегі нәрселерді тұтас сарып қылсаң да олардың жүректерін қоса алмас едің. Бірақ Алла, олардың араларын біріктірді. Расында Ол, өте үстем, аса дана
Аударма: Халифа Алтай
әрі олардың жүректерін біріктірді. Егер / сен / жердегі барлық нәрселерді жұмсасаң да олардың жүректерін қоса алмас едің. Алайда, Аллаһ олардың араларын біріктірді. Ақиқатында, Ол - барлығынан Үстем , аса Дана
Әй Пайғамбар! Мүміндерді соғысқа қызықтыр. Егер сендерден сабырлы жиырма кісі болса, екі жүзді жеңеді. Ал егер сендерден жүз кісі болса, кәпірлерден мыңды жеңеді. Өйткені, олар түсінбейтін халық
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Пайғамбар! Имандыларды / мүміндерді / шайқасқа үнде. Егер сендерден сабырлы жиырма кісі болса, екі жүз кісіні жеңеді. Ал егер сендерден жүз кісі болса, күпірлік етушілердің / Аллаһқа қарсы келушілердің / мыңын жеңеді. Өйткені олар – түсінбейтін адамдар
Әзір Алла, сендерден (жүкті) жеңілдетті. Расында сендерде осалдық барлығын білетін еді. Сондықтан егер сендерден сабырлы жүз кісі болса, екі жүзді жеңеді. Ал егер сендерден мың болса, Алланың рұхсатымен екі мыңды жеңеді. Өйткені Алла, сабырлылармен бірге
Аударма: Халифа Алтай
Енді Аллаһ сендерге жеңілдік жасады, өйткені сендерде әлсіздік бар екені Оған белгілі. Егер сендерден сабырлы жүз кісі болса, екі жүз кісіні жеңеді. Ал егер сендерден мың болса, Аллаһтың рұқсатымен екі мыңды жеңеді. Негізінде, Аллаһ сабырлылармен бірге
(Пайғамбар Ғ.С. Бәдір соғысындағы жетпіс тұтқын жайында сахабалармен кеңескенде, Ғұмар Р.А. олардың өлтірілуін, Әбубекір Р.А. бодау алынып қоя берілуін ұсынады. Пайғамбар Ғ.С. соңғысын дұрыс көрді.) Ешбір пайғамбарға жер жүзінде жауға өктем болғанға дейін тұтқын ұстау тиісті емес. Сендер дүниенің пайдасын ойлайсыңдар. Алла (сендерге) ахиретті қалайды. Алла, өте үстем, хикмет иесі
Аударма: Халифа Алтай
Бірде-бір пайғамбарға жерде / өз жерінде / басымдылыққа жеткенге дейін тұтқын ұстау жөн емес. Сендер дүниенің өткінші нәрсесін қалайсыңдар. Ал, Аллаһ - соңғы, мәңгілік өмірді / ақиретті / қалайды. Әрі Аллаһ - бәрінен Үстем, аса Дана
Онда олжа түрінде алған халал, таза нәрселерді жеңдер әрі Алладан қорқыңдар. Расында Алла, өте жарылқаушы, ерекше мейірімді
Аударма: Халифа Алтай
Олжа ретінде алған нәрселеріңнің халалын / рұқсат етілгенін / , жақсысын жеңдер / пайдаланыңдар әрі Аллаһтан / Оның жазасынан! қорқып, сақтаныңдар / . Ақиқатында, Аллаһ - өте Кешірімді / , ерекше Мейірімді
Әй Елші! Қолдарыңдағы тұтқындарға: «Егер Алла жүректеріңде бір хайыр барлығын білсе, сендерге өздеріңнен алынғаннан тағы жақсысын береді. Әрі сендерді жарылқайды. Ол Алла, өте жарылқаушы, ерекше мейірімді.» де
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Пайғамбар! Қолдарыңдағы тұтқындарға: «Егер де жүректеріңде бір қайыр болса, Аллаһ оны біледі және сендерге өздеріңнен алынғаннан қайырлысын береді әрі сендерді кешіреді. Аллаһ - өте Кешірімді, ерекше Мейірімді » - деп айт
Егер тұтқындар саған опасыздық істегісі келсе, расында олар бұрын Аллаға да опасыздық істеген еді. Сондықтан сені олардан ықпалды қылды. Алла толық білуші, хикмет иесі
Аударма: Халифа Алтай
Егер олар саған қиянат істегісі келсе, олар бұрын Аллаһқа қиянат істеген еді. Сонда Ол / сендерді / олардан үстем етті. Аллаһ - бәрін Білуші / , аса Дана
Шынында иман келтіргендер, отандарынан ауғандар, және малдарымен, жандарымен Алла жолында соғысқандар, сондай-ақ босқындарды орналастырып, көмек еткендер, міне бұлар, бір-бірінің досы. Ал және иман келтіріп, көше алмағандар болса, олар да көшкенге дейін сендерге олардың ешбір ағайындығы жоқ. Онымен қатар, егер олар, сендерден дін жайында бір жәрдем тілесе, сонда сендерге көмек ету міндет болады. Бірақ олар сендермен араларыңда келісім болған елде болса, оның жөні басқа. Алла істегендеріңді толық көруші
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында иманға келгендер, қоныс аударғандар, Аллаһтың жолында малдары әрі жандарымен күрескендер және пана бергендер мен көмектескендер, міне, бұлар - бір-бірінің жақыны. Ал, иманға келген, бірақ қоныс аудармағандар болса, қоныс аудармайынша, сендер олармен ешбір жақын бола алмайсыңдар. Егер олар сендерден дін үшін көмек сұраса, тек сендермен араларыңда келісімі бар елге қарсы болмаса, көмектесуге міндеттісіңдер. Аллаһ - не істеп жатқандарыңды Көруші
Ал сонда кәпірлер де біріне- бірі дос. Егер бірлеспесеңдер, жер жүзінде пітне және зор бүліншілік болады
Аударма: Халифа Алтай
Әрі күпірлік етушілер / имансыздар / - бір-біріне дос, жақтас. Егер сендер осыны орындамасаңдар жер жүзінде бүлік / фитна / және зор бүлініс / бәрі астаң-кестең / болады
Иман келтіргендер, отандарынан ауғандар, Алла жолында соғысқандар, мұһажірлерді орналастырып, көмек еткендер, міне бұлар; нағыз мүміндер. Оларға жарылқау және көркем несібе бар
Аударма: Халифа Алтай
Ал, иманға келгендер әрі қоныс аударғандар және Аллаһтың жолында күрескендер әрі пана беріп және көмектескендер, міне, солар - шын имандылар / мүміндер / . Оларға кешірім және мол ризық бар
Сондай-ақ кейін иман келтіргендер, отандарынан ауғандар, және сендермен бірге соғысқандар, міне бұлар; сендерден. Және туысқандар Алланың Кітабында бір- біріне тағы жақын. Расында Алла, барлық нәрсені толық біледі
Аударма: Халифа Алтай
Әрі иманға келген, кейін қоныс аударған және сендермен бірге соғысқандар - өздеріңнен. Содай-ақ, туысқандар - Аллаһтың Кітабы бойынша бір-біріне жақынырақ. Ақиқатында, Аллаһ - барлық нәрсені Білуші