(Әй мүшріктер!) Жер жүзінде төрт ай кезіңдер. Расында Алла осалдата алмайтындықтарыңды және Алла (Т.), кәпірлерді қорлайтынын біліңдер
Аударма: Халифа Алтай
Ей, мүшріктер, / жер бетінде төрт ай бойы жүріңдер де Аллаһты әлсірете / Аллаһтың жазасынан құтыла / алмайтындарыңды әрі Аллаһтың кәпірлерді қор ететінін біліңдер
Ал бұл ірі Хаж күні, Алладан, Елшісінен халыққа бір жарнама: Расында Алла және Елшісі мүшріктерден безеді. Егер тәубе қылсаңдар, сендер үшін жақсы болады. Ал егер жалтайсаңдар, Алланы еш осалдата алмайтындықтарыңды біліңдер. (Әй Мұхаммед!) Қарсы болғандарды күйзелтуші азаппен шүйіншіле
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Аллаһтан және Оның Елшісінен адамдарға үлкен қажылық күні бір хабар: «Аллаһтың әрі Оның Елшісінің мүшріктерге / Аллаһқа серік қосушыларға / қатысы жоқ. Егер істеген күнәларыңа шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтсаңдар / тәубегекелсеңдер / , ол - өздерің үшін қайырлы. Ал егер, теріс бұрылсаңдар, онда Аллаһты әлсірете алмайтындарыңды біліңдер!» / Ей, Мұхаммед! / Күпірлік етушілерді / Аллаһқасерік қосушыларды / күйзелтушіазаппен«сүйіншіле»
Бірақ келісім жасасқан мүшріктерден кейін сендерге түк кемшілік істемесе, біреуге көмек етпесе; олардың келісімдерін мерзіміне дейін тамамдаңдар. Расында Алла тақуаларды жақсы көреді
Аударма: Халифа Алтай
Тек мүшріктерден / Аллаһқа серікқосушылардан / сендермен келісім жасасып, кейін сендерге еш нәрседе нұқсан келтірмеген және сендерге қарсы ешкімге жақтасып көмектеспегендер басқа. Олардың келісімін мерзіміне дейін толық орындаңдар. Сөзсіз Аллаһ тақуаларды / Өзіне бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушыларды / жақсы көреді
Ал қашан құрметті айлар шықса, сонда мүшріктерді қайдан тапсаңдр да өлтіріңдер. Оларды ұстаңдар, қамаңдар және олардың бүкіл жолдарын аңдып отырыңдар. Сонда егер олар, тәубе қылса, намазды толық орындап, зекет берсе, онда олардың жолын бос қойыңдар. Расында Алла жарылқаушы, ерекше мейірімді
Аударма: Халифа Алтай
Ал, тыйым салынған айлар өткен соң, мүшріктерді тапқан жерлеріңде өлтіріңдер,тұтқындаңдар, қоршауға алыңдар және әрбір жолда оларды торуылдаңдар. Егер олар істеген күнәсына шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтса / тәубеге келсе / , намазды толық орындаса және зекетті берсе, олардың жолдарын босатыңдар. Анығында, Аллаһ - өте Кешірімді, ерекше Мейірімді
(Мұхаммед Ғ.С.) егер мүшріктерден біреу сенен пана тілесе, онда оған Алланың сөзін тыңдағанға дейін пана бер. Сонан соң оны бейбіт орнына жеткіз. Бұл олардың түк білмейтін ел екендігінен
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед / / Егер мүшріктердің бірі сенен өзін қорғауға алуыңды сұраса, Аллаһтың сөзін естуі үшін оны қорғауыңа ал. Содан кейін оны қауіпсіз орынға жеткіз. мұның себебі олар - білмейтін адамдар
Ол мүшріктердің Алла қасында, Елшісінің қасында қалай келісімі бола алады? Бірақ Месжід Харамда, бітім жасасқандарыңдікі болады. Олар сендерге түзу сыңай байқатса, сендер де оларға түзу ыңғыл көрсетіңдер. Алла сақтанушыларды жақсы көреді
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһтың алдында және Оның Елшісінің алдында мүшріктерге / Аллаһқа серік қосушыларға / қалайша келісім болады? Бірақ, сендермен әл-Харам мешіті аймағында келісім жасасқандардың жөні бөлек. Олар сендерге / келісімге қатысты / туралық етсе, сендер де Оларға туралық етіңдер. Шын мәнінде, Аллаһ тақуаларды / Өзіне бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушыларды / жақсы көреді
Қалайша (олармен келісім болады?) Егер олар сендерге өктем келсе, сендер туралы жақындыққа да келісімге де қарамас еді. Олар, сендерді ауыздарымен разы қылмақшы да, жүректері ұнатпайды. Өйткені олардың көбі бұзақы
Аударма: Халифа Алтай
Қалай ғана? Егер олар сендердің үстеріңнен жеңіске жетсе, сендерге қатысты туысқандықты да, келісімді де сақтамайды. Олар сендерді разы етеді де бірақ жүректері қабылдамайды. Әрі олардың көпшілігі - бұзықтар
Сонда егер олар, тәубе етіп, намазды толық орындап, зекет берсе, онда олар сендердің дін қарындастарың. Білген елге аяттарымызды ашық-ашық баян етеміз
Аударма: Халифа Алтай
Олар - істеген күнәсіне шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтқан / тәубеге келген / , намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындаған және зекетті берген жағдайда - сендердің діндегі бауырларың. Біз білетін адамдарға аяттарымызды анықтап түсіндіреміз
Егер олар, уәделескеннен кейін анттарын бұзып, діңдеріне тіл тигізсе, қарсылыққа жетекші болғандармен соғысыңдар. Өйткені олардікі ант емес. Олар бәлкім тыйылар
Аударма: Халифа Алтай
Егер олар келісімдерінен кейін анттарын бұзса және діндеріңе тіл тигізсе, олардың тыйылуы үшін күпірлікте / келісімді бұзуда, діндеріңе тиісуде / басшы болғандармен соғысыңдар. Өйткені олар үшін ант жоқ
(Әй мүміндер!) Анттарын бұзған, Пайғамбарды жұртынан шығаруға бел байлаған және сендерге килігуді алғаш рет бастаған бір елмен неге соғыспайсыңдар? Олардан қорқасыңдар ма? Егер иман келтірген болсаңдар, қорқуларыңа Алла тағала лайығырақ
Аударма: Халифа Алтай
Анттарын бұзған әрі Елшіні шығаруды көздеген және өздері алдымен бастаған елмен соғыспайсыңдар ма? Олардан қорқасыңдар ма? Иманға келген болсаңдар, қорқуларыңа Аллаһ қана лайықты
Олармен соғысыңдар. Алла оларға сендердің қолдарыңмен азап етсін де оларды қорласын. Әрі оларға қарсы сендерге нұсырат берсін. Сондай-ақ иман келтірген елдің көңілдерін ашсын
Аударма: Халифа Алтай
Олармен соғысыңдар! Аллаһ оларды сендердің қолдарыңмен азаптайды, қорлыққа салады және оларға қарсы сендерге жәрдем береді. Әрі Ол иманға келген адамдардың көкіректеріндегіні айықтырады
Және (олардан жапа шекккендер,) жүректерінің ашуын тарқатсын. Алла кімді қаласа, тәубесін қабыл етеді. Алла толық білуші, аса дана
Аударма: Халифа Алтай
және олардың жүректеріндегі ашу-ызаны кетіреді. Аллаһ Өзі қалаған жанды күнәсінен бойсұнуға қайтарады / тәубеге келтіреді / . Әрі Аллаһ - бәрін Білуші, аса Дана
Сендер іштеріңнен соғысқандарды сондай-ақ Алладан, Пайғамбардан және мүміндерден басқаны дос етбегендерді Алла, анықтамай бос қоя береді деп ойлайсыңдар ма? Алла істегендеріңді толық білуші
Аударма: Халифа Алтай
Әлде сендер Аллаһ араларындағы күресуші болғандарды әрі Аллаһтан және Оның Елшісінен, сондай-ақ, иманға келгендерден өзгені сүйеніш тұтпағандарды анықтамай тұрып, / өз бетімізше / қалдырыламыз деп есептедіңдер ме? Аллаһ - не істеп жатқандарыңнан Хабардар
Мүшріктердің, өздерінің қарсылықтарына куә бола тұра (кәпір халінде тұрып) Алланың мешіттерін жасауларына болмайды. Олардың ғамалдары жойылған. Олар тозақта мүлде қалады
Аударма: Халифа Алтай
Мүшріктер / Аллаһқа серік қосушылар / өздерінің қарсылықтарына куәлік келтіре тұрып, Аллаһтың мешіттерін жандандыруға лайықты емес. Міне, солардың амалдары зая кетті әрі олар – Отта мәңгі қалушылар
Алланың мешіттерін шынайы түрде Аллаға, ахирет күніне сенген, намазды толық орындаған, зекет берген және Алладан ғана қорыққан кісі жасайды. Міне солардың тура жол табушылардан болулары үміт етіледі
Аударма: Халифа Алтай
Шын мәнінде, Аллаһтың мешіттерін Аллаһқа және Ақирет күніне сенген, намазды / барлық шарттарын сақтап,беріле / толық орындаған, зекетті берген әрі Аллаһтан өзгеден қорықпағандар ғана жандандырады. Міне, солар тура жолмен жүрушілерден болады
(Әй мүшріктер!) Сендер, хажыларға су беру, Месжід Харамды жөңдеуді; Аллаға, ахирет күніне иман келтіріп, және Алла жолында соғысқан кісі сияқты көресіңдер ме? Бұлар, Алланың қасында тең болмайды. Алла залым қауымды тура жолға салмайды
Аударма: Халифа Алтай
Сендер қажыларды сумен қамтамасыз етуді және әл-Харам мешітіне қарауды - Аллаһқа және Ақирет күніне сенген әрі Аллаһтың жолында соғысқанмен бірдей көресіңдер ме? Олар Аллаһтың алдында бірдей болмайды. Аллаһ әділетсіз адамдарды тура жолмен жүргізбейді
Сондай иман келтіріп, жұрттарынан ауғандар және Алла жолында малдарымен, жандарымен соғысқандар, Алланың қасында ірі дәрежеге ие. Міне солар, мұратына жетушілер
Аударма: Халифа Алтай
Иманға келгендер, қоныс аударғандар және Аллаһтың жолында малдары, жандарымен күрескендер, Аллаһтың алдында дәреже тұрғысында өте жоғары. Міне, солар - табысқа жетушілер
Әй мүміндер! Егер әкелерің, туыстарың иманнан көрі қарсылықты жақсы көрсе, оларды дос тұтпаңдар. Ал сендерден кім оларды дос тұтса, онда олар залымдар
Аударма: Халифа Алтай
Ей, иманға келгендер! Егер әкелерің мен бауырларың иманнан гөрі күпірлік етуді / имансыздықты / артық көрсе, оларды қамқоршы тұтпаңдар. Сендерден кім оларды / имансыздарды / қамқоршы, дос тұтса, міне, солар - әділетсіздер
(Мұхаммед Ғ.С.): «Егер әкелерің, балаларың, туыстарың әйелдерің, ағайындарың, тапқан малдарын, тоқтап қалуынан қорыққан саудаларын, жақсы көрген үлерің сендерге Алладан, Пайғамбарынан әрі Оның жолында соғысуынан артық көрінсе, Алланың әмірі келгенге дейін күтіңдер» де. Алла бұзық қауымды тура жолға салмайды
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Егер әкелерің, балаларың, бауырларың, жұбайларың, туыстарың және тапқан дүниелерің, тоқтап қалуынан қорқатын сауда мен өздерің ұнататын үйлерің сендер үшін Аллаһтан және Оның Елшісінен әрі Аллаһ жолында күресуден артық болса, онда Аллаһ Өз әмірін / жазасын / келтіргенге дейін күтіңдер! Аллаһ бұзық адамдарды тура жолмен жүргізбейді
(Меккенің алынуынан кейін, Мекке мен Тайіптің арасындағы «Хұнайын» деген жерде болған шайқаста, жау төрт мың Мұсылмандар он екі мың болғандықтан қайтсек те жеңеміз деп ойлайды.) Расында Алла, сендерге көп жерлерде нұсрат берді. Сондай-ақ Хұнайын күні де сендерге нұсрат берді. Сол уақытта көптіктеріңе мәз болған едіңдер. Сонда ол, сендерге түк пайда бермеді. Сондай-ақ кең бола тұра жер, сендерге тар келді. Сонан соң бет бұрып қайта қаштыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ сендерді көптеген жерлерде және Хунайн күні де жеңіске жеткізді. Сол кезде сендер сандарыңның көптігімен масайраған едіңдер. Бірақ ол / сендерге / еш пайда бермеді де жер кеңдігіне қарамастан, өздеріңе тар келді. Одан кейін сендер теріс бұрылдыңдар / қаштыңдар
Сонан кейін Алла, Елшісіне әрі мүміндерге тоқтау салды. Сондай-ақ сендерге көрмеген әскер жіберіп, кәпірлерге соққы берді. Міне кәпірлердің жазасы осы
Аударма: Халифа Алтай
Одан соң Аллаһ Өз Елшісінің үстінен және иманға келгендердің үстінен сакинасын / тыныштық / түсірді. Әрі сендер көрмейтін бір сарбаздар түсірді де күпірлік еткендерді / Аллаһқа қарсы келгендерді / азапқа ұшыратты. кәпірлердің қайтарым жазасы - осы
Әй иман келтіргендер! Дау жоқ, мүшріктер арам. Сондықтан биылдан кейін Месжід Харамға жоламасын. Кедейліктен қорықсаңдар, егер Алла қаласа, сендерді өз кеңшілігімен байытады… Расында Алла толық білуші, хикмет иесі
Аударма: Халифа Алтай
Ей, иманға келген дер! Шын мәнінде мүшріктер / Аллаһқа серік қосушылар / - нәжас / таза емес / . Сондықтан олар осы жылдан кейін әл-Харам мешітіне жақындамасын. Егер жоқшылықтан қорқатын болсаңдар, жақында Аллаһ қаласа сендерді Өз кеңшілігінен байытады. Ақиқатында, Аллаһ - бәрін Білуші, аса Дана
Кітап берілгендерден, Аллаға, ахирет күніне иман келтірмегендер және Алланың әрі Елшісінің арам еткен нәрселерін арам деп білмегендер және де хақ дінді (Исламды) дін деп мойындамағандарменен сүмірейіп, өз қолдарынан салық бергенге дейін соғысыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Кітап берілгендерден, Аллаһқа және Ақирет күніне сенбейтін, Аллаһ және Оның Елшісі тыйым салған нәрселерді тыйым салынған деп есептемейтін әрі хақ дінді ұстанбайтындармен, олар кішірейген / бағынған / күйде өз қолдарымен / арнайы / салық / жизия / бергенге дейін, соғысыңдар
Иудейлер: «Ұзайыр - Аллаһтың баласы», - деді. Ал, христиандар: «Масих - Аллаһтың баласы», - деді. Бұл - олардың құр ауыздарымен айтқан сөздері. Олар бұрынғы сондай күпірлік еткендердің / Аллаһқақарсы келгендердің / сөзіне ұқсас сөз айтады. Оларға Аллаһтың лағнеті болсын! Олар / ақиқаттан / қайда бұрылып бара жатыр
Олар, (Яћуди, Христиандар) ғалымдарымен монахтарын және мәрйем ұлы Ғисаны Алладан өзге тәңір қып алды. Негізінде олар, бір тәңірге ғана құлшылық қылуға бұйырылған болатын. Өйткені, Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Ол, олардың қосқан шерігінен пәк
Аударма: Халифа Алтай
Олар өздерінің дін ғалымдарын және монахтарын Аллаһтан өзге ие / құдай / етіп алды. Әрі Мәриямның ұлы Мәсихті де. Негізінде, оларға бір ғана құдайға / Аллаһқа / құлшылық етуі бұйырылған еді. Одан басқа / құлшылық етуге лайықты / құдай жоқ. Ол / Аллаһ / олардың серік етіп қосқандарынан пәк
(Рұћбан: Хирстиандардың, Ахбар: Яћудилердің дін басылары.) Олар, Алланың нұрын (дінін) ауыздарымен өшіруді қалайды. Егер кәпірлер жек көрсе де, Алла (Т.) мұны ұнатпайды да өз нұрын толықтайды
Аударма: Халифа Алтай
Олар Аллаһтың нұрын ауыздарымен өшіргісі келеді. Алайда, кәпірлер жек көрсе де Аллаһ Өз нұрын толық етуді қалайды
Өйткені, Ол, елшісін туралық және хақ дінменен бүкіл діндерге басым болсын деп жіберген. Егер мүшріктер жақтырмаса да
Аударма: Халифа Алтай
Ол / Аллаһ / , серік қатушылар / мүшріктер / жек көрсе де Өз Елшісін тура жол әрі хақ дінмен, оны / ислам дінін / барлық діндерден үстем ету үшін жіберді
Әй мүміндер! Ғалымдарымен машайыхтарының көбі, адамдардың малдарын бұзықтық арқылы жейді. Сондай-ақ Алланың жолынан тосады. (Мұхаммед Ғ.С.) сондай алтын, күмісті жиып, оны Алла жолында жұмсамағандарды күйзелтуші азаппен шүйіншіле
Аударма: Халифа Алтай
Ей, иманға келгендер! Анығында, / Кітап берілген қауымның / дін ғалымдары мен монахтарының көпшілігі адамдардың дүниелерін жалған жолдармен жейді және / оларды / Аллаһтың жолынан қайтарады. / Ей, Мұхаммед / / Сондай, алтын мен күмісті жинап, оны Аллаһ жолында жұмсамайтындарды күйзелтуші азаппен «сүйіншіле»
Қиямет күнінде олар тозақ отында қыздырылып, онымен олардың маңдайлары, қабырғалары және арқалары таңбаланып: «Мынау өздерің үшін жиғандарың. Ал енді жинағандарыңның дәмін татыңдар» (делінеді)
Аударма: Халифа Алтай
Сол / қиямет / Күні ол / алтын-күмістері / Жаһаннам отында қыздырылып әрі онымен олардың маңдайлары, бүйірлері және арқалары күйдіріледі. / Оларға / : «Бұл өздерің үшін жиғандарың. Енді жинағандарыңды татыңдар», - делінеді
Расында Алланың қасында көктер мен жерді жаратқалы Алланың Кітабындағы айлардың саны он екі. Бұлардан төртеуі құрметті айлар. Міне осы берік дін. Онда бұл айларда өздеріңе зұлымдық етпеңдер. Сондай-ақ мүшріктер сендермен түгел соғысқандай сендер де олармен түгелдей соғысыңдар. Әрі расында Алла тақуалармен бірге екенін біліңдер
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, айлардың саны Аллаһта - он екі. Аллаһтың кітабында, Ол аспандар мен жерді жаратқан күні / белгілеген / . Олардың төртеуі тыйым салынған / айлар / . Міне, осы - тұп-тура дін. Осы айларда өздеріңе әділетсіздік істемеңдер. Мүшріктер сендермен жаппай соғысатыны секілді, сендер де олармен бәрің соғысыңдар. Әрі Аллаһтың тақуалармен / Өзіне бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушылармен / бірге екенін біліңдер
(Құрметті айлар: Зылқағда, Зілхажжа, Мұхаррам және Режеп.) (Араптар жаћилиет заманында, соғысуға болмайтын құрметті айда соғысып, оның орнына басқа айда соғыспай орнын толтыратын болған.) Сөзсіз айды кешіктіру; қарсылықты арттыру. Сонымен кәпірлер жолдан шығарылады. Алланың арам еткен айының санын толтыру үшін; оны бір жыл арам етіп, бір жыл халал етеді. Сөйтіп Алланың арам еткенін халал етеді. Олардың жаман істері өздеріне әйбет көрсетілді. Алла, қарсы елді тура жолға салмайды
Аударма: Халифа Алтай
Шын мәнінде, / айларды / кейінгежылжыту - күпірлік етуді / Аллаһқа қарсыкелуді / арттыра түседі. Күпірлік етушілер / имансыздар / - осы арқылы адастырылады. Аллаһ тыйым салған айлардың санын сәйкестендіру үшін, олар оны / кез келген айды / бір жылы халал / рұқсат етілген / етіп, бір жылы харам / тыйым салынған / етеді. Сөйтіп Аллаһтың харам еткенін халал етеді. Оларға істерінің жамандығы әдемі етіпкөрсетілді. Ал, Аллаһ кәпірлерді тура жолмен жүргізбейді
Әй мүміндер! Сендерге не болды? «Алла жолында слғысқа шығыңдар»,- делінген кезде, салмақтарыңды жерге салдыңдар. (Жерден қзғалғыларың келмеді) Ахиреттен көрі дүние тіршілігін қоштатыңдар ма? Негізінде дүние тіршілігінің пайдасы ахиретке қарағанда өте аз ғана
Аударма: Халифа Алтай
Ей, иманға келгендер! «Аллаһтыңжолына шығындар» делінгенде, сендер неге жерге жабысып қалдыңдар? Сендер соңғы мәңгілік өмірден / ақиреттен / гөрі осы / өткінші / жақын өмірді қанағат тұтасыңдар ма? Негізінде, осы жақын өмірдегі пайдалар мен рахаттар, соңғы, мәңгілік өмірдегімен / ақиреттегімен / салыстырғанда болмашы ғана
Егер соғысқа шықпасаңдар, Алла сендерді жан түршігерлік азапқа ұшыратады. Сондай-ақ орындарыңа басқа қауым келтіреді. Сендер Аллаға ешбір зиян келтіре алмайсыңдар. Алла, әр нәрсеге күші жетуші
Аударма: Халифа Алтай
Егер сендер шықпасаңдар, Ол сендерді күйзелтуші азаппен азаптайды және сендерді басқа елмен алмастырады әрі сендер Оған ешқандай зиян жеткізе алмайсыңдар. Аллаһ - барлық нәрсені Жасай алушы
Егер сендер Пайғамбарға жәрдем етпесеңдер де оны, кәпірлер Меккеден шығарған кезде; үңгірдегі екінің бірі болған сәтте, оған Алла жәрдем еткен. Сол уақытта (Мұхаммед Ғ.С.) жолдасына (Хазірет Әбу бекірге): «Кейіме! Расында Алла бізбен бірге» дегенде, Алла оған тоқтау салды. Сондай-ақ оны, сендер көрмейтін әскерлермен қолдады. Сөйтіп кәпірлердің сөзін төмендетті. Алланың сөзі; жоғары. Алла өте үстем, хикмет иесі
Аударма: Халифа Алтай
Егер сендер оған / Елшіге / көмектеспесеңдер, / онда біліңдер, / күпірлік етушілер / Аллаһтың бірлігін мойындамайтындар / оны екеудің екіншісі етіп /Меккеден / шығарған кезде, оған Аллаһ көмектескен еді. Екеуі үңгірде болған кезде, ол жолдасына / Әбу Бәкірге / : «Қайғырма, ақиқатында, Аллаһ бізбен бірге»,- деп айтты. Сонда оның үстінен Аллаһ сакинасын / тыныштық / түсірді және оны сендер көрмеген әскермен / періштелермен / қолдады. Әрі күпірлік етушілердің / Аллаһқа қарсы келгендердің / сөзін ең төменгі етті. Ал, Аллаһтың сөзі, ол — бәрінен де жоғары. Аллаһ - бәрінен Үстем, аса Дана
(Әй мүміндер!) Жеңіл әрі ауыр түрде соғысқа шығыңдар. Сондай-ақ Алла жолында малдарыңмен, жандарыңмен соғысыңдар. Осыларың сендер үшін хайырлы, егер білген болсаңдар
Аударма: Халифа Алтай
Жеңіл күйде не ауыр күйде болсаңдар да шығындар және Аллаһ жолында дүниелерің әрі жандарың арқылы күресіңдер. Егер білсеңдер, осы - өздерің үшін қайырлы
(Мұхаммед Ғ.С.) егер жақындығы бір пайда, қолайлы сапар болса еді, әрине саған олар ілесер еді. Бірақ оларға машақатты сапар (Тәбүк жолы) өздерін әлекке салады. Алла олардың мүлде суайт екенін біледі
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Егер де жақын бір олжа және жеңіл бір сапар болса, олар / мұнафиқтар / саған ілесер еді. Алайда, оларға сапар қашық көрінді. Олар жақында саған: «Егер де шамамыз келгенде, сендермен бірге шығар едік», - деп Аллаһпен ант ішеді. Сөйтіп олар өздерін өздері құртады. Аллаһ олардың нағыз өтірікші екенін біледі
Өйткені Аллаға, ахирет күніне иман келтіргендер, Алла жолында малдарымен, жандарымен соғысуда сылтауратпайды. Алла тақуаларды жақсы біледі
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ жолында дүниелері және жандарымен күресу үшін Аллаһқа және Ақирет күніне сенушілер / қалу үшін / сенен сұранбайды. Аллаһ - тақуаларды / Өзіне бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушыларды / Білуші
Шынында сенен, Аллаға, ахирет күніне сенбегендер, жүректері күдіктеніп күмән ішінде екі ойлы болғандар ғана рұхсат сұрап сылтауратады
Аударма: Халифа Алтай
Негізінде, сенен Аллаһқа және Ақирет күніне сенбейтіндер әрі жүректері күмәнданғандар ғана сұранады. Сөйтіп олар өздерінің күмәндарындаекіұдай болып жүреді
Егер ол мұнафықтар соғысқа шығуды қаласа, әрине ол үшін бір әзірлік көрер еді. Бірақ Алла, олардың қимылдарын жақтырмады. Сондықтан оларды тосып қойды. Сондай-ақ оларға: «Отырушылармен бірге отырыңдар» делінді
Аударма: Халифа Алтай
Егер олар / мұнафиқтар / шығуды қаласа, ол үшін бір дайындық көрер еді. Алайда, Аллаһ олардың шыққанын ұнатпай, бөгеді. Сондай-ақ / оларға / : «Отырушылармен бірге отырыңдар», - делінді
Егер олар, іштеріңде шықса да сұрқылықты ғана арттырады. Әрине араларыңда пітне ізденіп жүгірер еді. Іштеріңде олардың тыңшалары да бар. Алла залымдарды жақсы біледі
Аударма: Халифа Алтай
Егер олар сендермен бірге шыққанда да бұзып-бүлдіруден басқаны арттырмас еді және сендерге іріткі салуға ұмтылып, араларыңда асығып жүретін еді. Сендердің іштеріңде оларға құлақ асатындар да бар. Ал, Аллаһ - әділетсіздерді жақсы Білуші
(Мұхаммед Ғ.С.) расында бұлар бұрын (Ұхыт соғысында) да пітне іздеп, істеріңді терісіне айналдырған еді. Ақыр олар, жек көрсе де хақиқат келіп, Алланың әмірі үстем болды
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Олар ілгеріде де - ақиқат келіп, Аллаһтың ісі үстем болғанға дейін - жек көріп, іріткі салуға ұмтылатын және саған / қарсы / істерді аударып, төңкеретін / айла құратын / еді
Олардан кей адам: «Маған рұхсат бер, әлекке салма» дейді. Байқандар, олар негізінен әлекке түскендер. Сөзсіз тозақ, кәпірлерді орап алады
Аударма: Халифа Алтай
Олардың / мұнафиқтардың / ішінде: «Маған рұқсат бер, мені бүлікке салма», - дейтіндер де бар. Негізінде, олар әлдеқашан бүлікке түскен. Шын мәнінде, Жаһаннам (тозаққа) кәпірлерді қоршап тұрады
(Мұхаммед Ғ.С.) егер саған бір игілік жетсе, олар оны жек көреді. Ал егер саған бір қайғы жетсе: «Ісімізді бұрын ыңғайлап алған едік» дейді де олар сүйініп қайтады
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Егер саған бір жақсылық келсе, бұл оларды ренжітеді. Ал, егер саған бір ауыртпалық жетсе, олар: «Негізінде, біз ісімізді алдын ала ыңғайлапалған едік», - деп, қуанған түрде бұрылып кетеді
(Мұхаммед Ғ.С.): «Бізге Алланың жазғаны ғана болады. Ол біздің иеміз. Мүміндер Аллаға тәуекел қылсын»де
Аударма: Халифа Алтай
Айт: «Бізге Аллаһтың жазғанынан басқа нәрсе тимейді. Ол - біздің Иеміз! Имандылар / мүміндер / Аллаһқа жүгініп, өздерін Оған тапсырсын / тәуекел етсін / », - деп
Оларға: «Сендер, бізге (ғазилық, шәћиттік) екі игіліктің бірінен басқаның келуін күтесіңдер ме? Біз Алланың сендерге өз қасынан немесе біздің қолымыздан бір азап жеткізуін күтеміз. Ал онда сендер де тосыңдар, бізде сендермен бірге тосайық»де
Аударма: Халифа Алтай
Айт, / ол мұнафиқтарға / : «Сендер бізге екі жақсылықтың біреуінің болуын күтудесіңдер ме? Ал, біз сендерге Аллаһтың Өз тарапынан немесе біздің қолдарымыз арқылы азап жеткізілуін күтудеміз. Ендеше, күтіңдер. Біз де сендермен бірге күтушіміз», - деп
Тек қана олардың сарып қылғандарын олардан қабыл болуына кедергі болған жағдай: Аллаға, Елшісіне қарсы болғандықтары, намазға өте алқаулықпен келулері және олардың аса жек көрген түрде мал сарып қылулары
Аударма: Халифа Алтай
Негізінде, олардың жұмсаған дүниелерінің / садақаларының / қабыл етілуіне, олардың Аллаһқа және Оның Елшісіне күпірлік етулері / жүрекпен сенбеуі / әрі намазға жалқауланып келулері мен / садақаларын / тек еріксіз түрде жұмсаулары кедергі болды
(Мұхаммед Ғ.С.) онда сені олардың малдары, балалары таныртқатпасын. Шынында Алла, ол арқылы оларды дүние тіршілігінде азаптауды және қарсы болған бойда олардың жандарының шығуын қалайды
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Сені олардың / мұнафиқтардың / дүниелері, балалары таңырқатпасын. Шын мәнінде, Аллаһ Оларға бұл өмірде, осы нәрселер себепті азап беруді және олардың кәпір күйлерінде өлгендерін қалайды
(Мұхаммед Ғ.С.) олардың кейбіреуі садақалар жайында сені сөгеді. Оларға одан берілсе разы болып, егер оларға одан берілмесе онда олар ыза болады
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Олардың ішінде садақаларға / зекет және нәпіл садақалар / қатысты сені айыптайтындар бар. Оларға одан берілсе, разы болады, ал одан берілмеген кезде, олар ашуланып наразы болады
Егер олар рас Алланың, Елшісінің өздеріне бергеніне разы болса және: «Алла бізге жеткілікті. Жақында Алла және Елшісі бізге мәрхаметімен береді. Расында біз Аллаға ынтықбыз» десе еді
Аударма: Халифа Алтай
Олардың Аллаһ және Оның Елшісінің өздеріне бергеніне разы болуы әрі: «Бізге Аллаһ жеткілікті. Жақында Аллаһ бізге Өз кеңшілігінен береді және Оның Елшісі де. Анығында, біз Аллаһқа қарай ұмтылушымыз!» - деп айтулары / қайырлы еді
Шын мәнінде садақалар (зекеттер), Алла тарапынан бір парыз: Қолы тар пақырларға, түгі жоқ міскіндерге, оны жинауға белгілегендерге, көңілдері алынатын (жаңа Мұсылман) дарға, құлды азат етуге, борыштыларға, Алла жолына және жолда қалғандарға беріледі. Алла әр нәрсені білуші, хикмет иесі
Аударма: Халифа Алтай
Анығында, садақалар / зекеттер / жоқ-жітікке, кедейлерге және оған / зекетті жинауға / қатысты жұмыс істеушілерге, жүректері бұрылатындарға / ислам дінін жаңа қабылдағандарға / , құлдарды азат етуге, қарызы барларға, Аллаһ жолына және / жолда қалған / жолаушыға, Аллаһ тарапынан / белгіленген / бір парыз ретінде, / осыларға / тән. Аллаһ - бәрін Білуші, аса Дана
Олардың кейбіреуі Пайғамбарға: «Ол бір құлақ (не болса соны тыңдайды)» деп жапа береді. (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: «Ол сендер үшін хайырлы бір құлақ Аллаға иман келтіреді де Мұсылмандарға сенеді. Сондай-ақ сендерден иман келтіргендер үшін бір рақмет. Алалның Елшісіне жапа бергендерге күйзелтуші азап бар»
Аударма: Халифа Алтай
Олардың / мұнафиқтардың / ішінде Пайғамбарды ренжітіп: «Ол - құлақ»,- деп айтатындар бар. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Ол - сендер үшін қайырлы құлақ. Ол Аллаһқа сенеді әрі имандыларға / мүміндерге / сенеді және сендерден иманға келгендер үшін - бір мейірім. Ал, Аллаһтың Елшісін ренжіткендерге күйзелтуші азап бар», - деп
Олар сендерді разы қылу үшін Алланың атымен ант береді. Егер олар иман келтірген болса, Алланы және Елшісін разы қылуларына тиісті еді
Аударма: Халифа Алтай
Олар / мұнафиқтар / сендерді разы қылу үшін Аллаһпен ант ішеді. Егер олар иманды / мүмін / болған болса, Аллаһ және Оның Елшісі, олардың разы етулеріне көбірек құқылы
Тәбүк соғысына кетіп бара жатқанда мұнафықтар, жандарынан өткен пайғамбар(Ғ.С.) ға қарап: «Мына ерлерге қараңдар. Шамның қамалын бұзып, Рұмның бекіністерін алмақшы. Бұларға әлі ол алысырақ» деп өзара тәлкектеп күліседі.) Екі жүзділер, өздеріне байланысты жүрегіндегілерден хабар беретін бір сүренің түсуінен қорқады. (Мұхаммед Ғ.С.) : «Қылжақтай тұрыңдар. Расында Алла сескенгендеріңді жарыққа шығарады» де
Аударма: Халифа Алтай
Мұнафиқтар өздеріне қатысты, жүректеріндегіні хабарлайтын бір сүренің түсірілуінен қауіптенеді. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Келеке ете тұрыңдар. Негізінде, Аллаһ - сендердің қауіп етіп жүргендеріңді сыртқа шығарушы», - деп
Егер олардан сұрасаң: «Әрине біз әншейін сөзге кірісіп, ойнап едік» дейді. Оларға: «Алламен аяттарымен және Елшісімен қалжақтаған болдыңдар ма?»,- де
Аударма: Халифа Алтай
Егер олардан сұрасаң, олар әлбетте: «Біз бар болғаны бос нәрселерге батып, ойнадық», - дейді. Оларға: «Аллаһты, Оның аяттарын және Оның Елшісін келеке еттіңдер ме
Желеуретпеңдер! Сендер иман келтіргеннен кейін қарсы шықтыңдар. Сендерден бір топты кешірім етсек те, бір бөлімін күнәкар болғандықтарының салдарынан азапқа ұшыратамыз
Аударма: Халифа Алтай
Ақталмай-ақ қойыңдар. Сендер иманға келгеннен кейін күпірлік келтірдіңдер / діннен шықтыңдар / . Егер Біз сендерден бір топты кешірсек, бір топты қылмыске болғандары үшін азаптаймыз», - деп айт
Мұнафық ерлер мен әйелдер, бірі-бірінен. (Бәрі бір.) Олар жамандыққа бұйырып, игіліктен тосады. Сондай-ақ олар қолдарын жұмады. (Сараңдық қылады.) Олар Алланы ұмытты. Сондықтан Алла, оларды ұмытты. Расында мұнафықтар, олар бұзықтар
Аударма: Халифа Алтай
Мұнафиқ ерлер мен мұнафиқ әйелдер - бір-бірінен. Олар айыпталғанға бұйырып, құпталғаннан қайтарады және қолдарын жұмып алады / сараңдық етеді / . Олар Аллаһты ұмытты, сондықтан Ол да оларды ұмытты / тастады / . Анығында, мұнафиқтар - нағыз бұзықтар / бойсұнбаушылар
Алла, мұнафық ерлер мен мұнафық әйелдерге және кәпірлерге ішінде мүлде қалатын тозақ отын уәде етті. Сол, оларға жетеді. Сондай-ақ Алла оларға лағынет етті. Әрі оларға тұрақты қинау бар
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ мұнафиқ ерлер мен мұнафиқ әйелдерге және кәпірлерге Жаһаннам отын уәде етті. Олар онда мәңгі қалады. Ол / тозақ / Оларға жеткілікті. Аллаһ оларды лағнет етті / мейірімінен алыстатты / әрі оларға бітпейтін азап бар
(Мұнафықтар!) Өздеріңнен бұрынғылар сияқтысыңдар. Олар, сендерден де күшті және малдар, балалар тұрғысынан да көп еді. Олар, дүниеде несібелерінен пайдаланған еді. Ал сендер де, бұрынғылар несібелерінен пайдаланғандай несібелеріңнен пайдаланыңдар. Сондай-ақ жамандыққа олар сүңгігендей сендер де сүңгіндер. Солардың дүние, ахиреттегі ғамалдары жойылып кетті. Міне солар зиян етушілер
Аударма: Халифа Алтай
Сендер өздеріңнен алдыңғылар сияқтысыңдар / ей, мұнафиқтар / . Олардың күш-қуаты сендерден артық және дүниелері мен балалары да көп еді. Олар өз үлестерінен пайдаланып, рахатын көрді. Өздеріңнен алдыңғылар өз үлестерінен пайдаланып, рахатын көргендей, сендер де өз үлестеріңнен пайдаланып, рахатын көрдіңдер. Олар / өтірікке / батып берілгендей, сендер де / ақиқаттан өзгеге / сүңгіп берілдіңдер. Олардың амалдары бұл өмірде және соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / зая кетті. Міне, солар - нағыз зиянға ұшырағандар
Оларға өздерінен бұрыңғы Нұх, Ғад, Сәмүд қауымдары және Ыбырайым қауымы және Мәдян елі, ойран болған кенттердің хабары келмеді ме? Соларға пайғамбарлары ашық дәлелдер келтірген. Алла оларға зұлымдық қылмады. Олар өздеріне зұлымдық қылды
Аударма: Халифа Алтай
Оларға өздерінен бұрынғы Нұх, Ад жәнеСәмүд елдерінің, Ибраһим елінің, Мәдиян тұрғындарының және ойрандалған елді мекендердің хабары келмеді ме? Елшілер Оларға анық дәлелдермен келген еді. Аллаһ Оларға әділетсіздік жасаған жоқ. Алайда, олар өздеріне-өздері әділетсіздік жасады
Мүмін ерлер мен мүмін әйелдер, бір-біріне көмекші. Олар дұрыстыққа қосып, бұрыстықтан тосады. Сондай-ақ олар намаздарын толық орындап, зекет беріп, Аллаға, Елшісіне бой ұсынады. Соларды Алла, мәрхаметіне бөлейді. Расында Алла тым үстем, аса дана
Аударма: Халифа Алтай
Иманды / мүмін / ерлер мен иманды / мүмін / әйелдер - бір-біріне дос, қамқоршы. Олар құпталғанға бұйырады, тыйым салынғаннан қайтарады, намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындайды, зекетті береді және Аллаһ пен Оның Елшісіне бойсұнады. Міне, осыларды Аллаһ мейіріміне бөлейді. Ақиқатында, Аллаһ - бәрінен Үстем , аса Дана
Алла мүмін ерлер мен мүмін әйелдерге астарынан өзендер ағатын, олар онда мүлде қалатын бақшалар және ғадын жаннатында, көркем орындар уәде етті. Ал Алланың ризалығы өте зор табыс. Міне осы, үлкен қол жетушілік
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ иманды ерлер мен иманды әйелдерге астынан өзендер ағып жататын, ол жерде олар мәңгі қалатын бақтарды және ’Адн жәннаттарындағы көркем үй-жайларды уәде етті. Ал, Аллаһтың разылығы одан да үлкен. Міне, осы - шын, ұлы табыс
Олар: «Айтпадық» деп Алланың атымен ант ішеді. Расында олар қарсылық сөз айтқан болатын. Сондай-ақ олар Мұсылман болғаннан кейін кәпір болды. Тағы олар, бойдары жетпейтін нәрседен ой қылды. (Тәбүк соғысынан қайтқанда мұнафықтар Пайғамбар (Ғ.С.) дың түйесін түнде шұңқырға түсіруге тырысады.) Олар Алланы және Елшісін мәрхаметімен байытқандығы үшін ғана міндейді. (Шүкірсіздік етеді.) Егер олар тәубе қылса, өздері үшін жақсы. Ал егер олар жалтарса, Алла оларды дүние, ахиретте азапқа ұшыратады. Сондай-ақ оларға жер жүзінде не дос не жәрдемші жоқ
Аударма: Халифа Алтай
Олар / мұнафиқтар / : «Айтпадық / дінге, Елшіге тіл тигізбедік / » - деп, Аллаһпен ант ішеді. Ал, анығында, олар ислам дініне кіргеннен кейін күпірлік / қарсылық / сөзін айтып, күпірлік етті / діннен шықты / . Сондай-ақ, олар қолдары жете алмағанды көздеген еді.Аллаһ Өз кеңшілігінен байытқанына болмаса, олардың Аллаһ және Оның Елшісіне / басқа / тағар кінәсі болмады. Егер олар істеген күнәсіне шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтса / тәубеге келсе / , өздері үшін жақсы болады. Ал, егер теріс бұрылса, Аллаһ оларды бұл өмірде де және соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / де күйзелтуші азаппен азаптайды. Оларға жер бетінде қамқоршы да, көмек беруші де жоқ
Сондай мүміндерден садақаларда, ынталы болушыларды айыптағандар, тағы тырысып тапқанын ғана бергендерді, тәлкектегендерді, Алла мазаққа ұшыратады. Әрі олар үшін жан түршігерлік қинау бар
Аударма: Халифа Алтай
Мүміндерден өз еркімен садақа берушілерді және шамаларының жеткенін ғана тауып бергендерді айыптап, оларды келеке ететіндерді Аллаһ масқара етеді. Әрі олар үшін қинаушы азап бар
(Мұнафықтар көп бергенді сындап, аз бергенді сықақ қылатын еді.) (Мұхаммед Ғ.С.) мұнафықтар үшін жарылқануларын тілесең де, тілемесең де тіпті олар үшін жетпіс қайта жарылқануын тілесең де, Алла, оларды әсте жарылқамады. Бұл олардың Аллаға, Елшісіне қарсы болғандықтарынан. Алла бұзақы халықты тура жолға салмайды
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Олар / мұнафиқтар / үшін кешірім тілесең де, не кешірім тілемесең де, тіпті олар үшін жетпіс рет кешірім тілесең де Аллаһ оларды ешқашан кешірмейді. Бұл - олардың Аллаһқа және Оның Елшісіне күпірлік еткендіктері / сенбегендіктері, қарсылықтары / себебінен. Аллаһ бұзық / бойсұнбаушы / адамдарды тура жолмен жүргізбейді
Олар Алланың Елшісіне қарсы болып, соғысқа бармай отырып қалғандарына мәз болды. Сондай-ақ олар Алла жолында малдарымен, жандарымен соғысуды жек көреді. Олар: «Бұл ыстықта соғысқа шықпаңдар» деді. Егер түсінетін болса: «Тозақ оты тағы қатты ыстық» де
Аударма: Халифа Алтай
Артта қалдырылғандар, Аллаһтың Елшісіне қайшы келіп, қалып қойғандарына мәз болды және Аллаһ жолында дүниелері әрі жандарымен соғысуды жек көрді. Әрі «Мына ыстықта / соғысқа / шықпаңдар», - деді. Айт:«Жаһаннамның оты бұдан да қатты ыстық!» - деп. Егер олар оны түсінетін болса
(Мұхаммед Ғ.С.) егер Алла сені (Тәбүктен Мединедегі соғысқа бармай қалған) мұнафықтар тобына қайтарып апарса, олар сенен (соғысқа) шығуға рұқсат сұраса: «Әсте менімен бірге шықпайсыңдар да менімен бірге жаумен еш соғыспайсыңдар. Өйткені, сендер алғашқы рет отырып қалуды қоштадыңдар. Ал енді артта қалушылармен бірге отырыңдар» де
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Ал, егер Аллаһ сені олардан / мұнафиқтардан / болған бір топқа-қайтарып, олар сенен / соғысқа / шығуға рұқсат сұраса, оларға: «Сендер ешқашан менімен бірге шықпайсыңдар және менімен бірге жаумен соғыспайсыңдар. Ақиқатында, сендер алғашқы рет қалып қоюды қош көрдіңдер. Ал, енді қалып қойғандармен бірге отырыңдар» - деп айт
Олардан біреу өлсе, әсте жаназа намазын оқыма да қабырының басында тұрма! Өйткені, олар Аллаға, Пайғамбарына қарсы келді. Сондай-ақ олар бұзық күйінде өлді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі ешқашан олардан өлген біреуге / жаназа / намазын оқыма және оның қабірінің басында тұрма! Өйткені олар Аллаһқа және Оның Елшісіне күпірлік етті / сенбеді, қарсы болды / әрі бұзық болған / бойсұнбаған / күйлерінде өлді
Және сені олардың малдары, балалары таңыртқатпасын. Шынында Алла мұнымен, оларға дүние тіршілігінде азаптауды және қарсы болған бойда олардың жандарының шығуын қалайды
Аударма: Халифа Алтай
Сені олардың / мұнафиқтардың / дүниелері, балалары таңырқатпасын. Шын мәнінде, Аллаһ оларға бұл өмірде, осы нәрселер арқылы азап беруді және олардың кәпір күйлерінде өлгендерін қалайды
Қашан оларға: «Аллаға иман келтіріңдер, алланың Елшісімен бірге соғысыңдар» делінген бір сүре түсірілсе, олардың дәулеттері, сенен рұқсат сұрап: «Бізді қой, отырушылармен бірге болайық» дейді
Аударма: Халифа Алтай
«Аллаһқа сеніңдер және Оның Елшісімен бірге соғысыңдар» делінген бір сүре түсірілген кезде, олардың ішіндегі дәулеттілері сенен сұранып: «Бізді қалдыр, отырушылармен / соғысқа бара алмайтындармен / бірге болайық», - деді
Бірақ Пайғамбар және онымен бірге иман келтіргендер, малдарымен, жандарымен соғысты. Жақсылықтар солардікі. Міне солар құтылушылар
Аударма: Халифа Алтай
Ал, Елші және онымен бірге иманға келгендер - мал-дүниелері әрі жандарымен соғысты. Осыларға / осы өмірде және ақиретте / жақсылықтар бар. Міне, нақ осылар-жетістікке жетушілер
Бәдеуилерден желеушілер, өздеріне рұқсат берілсін деп келді. Сондай-ақ Аллаға, Пайғамбарға өтірік айтқандар да отырып қала берді. Олардан кәпір болғандарына күйзелтуші азап ұшырайды
Аударма: Халифа Алтай
Әрі бәдәуилерден уәж айтушылар өздеріне / соғысқа шықпауға / рұқсат берілуі үшін келді. Сондай-ақ Аллаһқа және Оның Елшісіне өтірік айтқандар да қалып қойды. Олардан күпірлік еткендер / Елшіге өтірік айтқандар / жақында қинаушы азапқа ұшырайды
Қашанда Аллаға, Елшісіне ықыласты болған нашарларға, ауруларға және қаражат таба алмағандарға кінә жоқ. Негізінен жақсылық істеушілерге жауапкершілік жоқ. Алла тым жарылқаушы, ерекше мейірімді
Аударма: Халифа Алтай
Әлсіздерге, ауруларға және / жорыққа бару үшін / жұмсауға еш нәрсе таба алмағандарға, егер олар Аллаһқа және Оның Елшісіне адал болса ешбір күнә жоқ. Жақсылықты ықыласпен істеушілерге қарсы жол жоқ. Аллаһ - өте Кешірімді ,ерекше Мейірімді
Сондай көлектендіріп жіберуің үшін саған келгенде : «Сендерді аттандыратын көлік таба алмадым» дегеніңде, өздері де сарып қыларлық нәрсе таба алмай көз жастарын күйінген түрде төгіп қайтқандарға да кінә жоқ
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Әрі мінетін көлік беруің үшін саған келіп, сен: «Сендерге мінер көлік тауып бере алмаймын», - деп айтқаныңда, өздері де сарып қыларлық нәрсе таба алмағандықтан күйінген түрде көз жастарын төгіп қайтқандарға да кінә жоқ
Ал сөгіс беру; өздері бай бола тұра сенен рұхсат сұрап, кейін қалушылармен бірге болуды қоштағандарға тиісті. Алла олардың жүректерін бітеген. Сондықтан олар білмейді
Аударма: Халифа Алтай
Шын мәнінде, өздері бай бола тұра сенен рұқсат сұрап, кейін қалушылармен бірге болуды қоштағандарға қарсы жол ашық. Аллаһ олардың жүректерін мөрлеп бітеген. Олар білмейді
(Соғыстан) қайтып оларға барсаңдар, сендерге сылтауратады. (Мұхаммед Ғ.С.): «Сылтауратпаңдар, сендерге әсте сенбейміз! Расында Алла бізге хабарларыңды білдірді. Алла да Елшісі де істеріңді көреді. Сонан кейін көместі, көрнеуді білуші Аллаға қайтарыласыңдар. Сонда сендерге не істегендерің білдіріледі » де
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Сендер / жорықтан / қайта оралып келгендерінде, олар ақталады. / Оларға!: «Ақталмаңдар, біз сендерге бәрібір сенбейміз. Негізінде, сендердің хабарларыңды бізге Аллаһ хабарлап қойды. Аллаһ сендердің амалдарыңды көреді және оның Елшісі де. Содан кейін сендер құпия мен айқын нәрсені Білушіге қайтарыласыңдар, сонда Ол сендерге не істеп өткендеріңнің хабарын береді», - деп
Қашан олардың жанына қайта оралсаңдар, олар (ды айыптау) дан бет бұруларың үшін Алланың атымен ант ішеді. Онда олардан бой тартыңдар. Өйткені, олар арам істегендерінің жазасы түрінде олардың орны тозақ
Аударма: Халифа Алтай
Оларға / мұнафиқтарға / қайтып келген кездеріңде, өздерінен бет бұруларың / айыптамауларың / үшін сендерге Аллаһпен ант ішеді. Олардан теріс бұрылыңдар. Өйткені олар - рижс / жаман, жиіркенішті / . Әрі істегендерінің қайтарым жазасы ретінде, олардың орны - Жаһаннам (Тозақ)
Олар сендердің өздерінен қош болуларың үшін ант-су ішеді. Егер сндер олардан қош бослаңдар да, расында Алла бұзық елден разы болмайды
Аударма: Халифа Алтай
Олар сендердің өздерінен разы болуларың үшін ант ішеді. Егер сендер олардан разы болсаңдар да, ақиқатында, Аллаһ бұзық / бойсұнбаушы / адамдардан разы болмайды
Бәдеуилер, қарсылық және екі жүзділік тұрғысынан қаттырақ. Сондай-ақ олар Алланың Елшісіне түсіргендерінің шегін білмеулеріне аса бейім. Алла толық білуші, аса дана
Аударма: Халифа Алтай
Бәдәуилер, күпірлікте / қарсылықта / және мұнафиқтықта қаттырақ. Сондай-ақ олар Аллаһтың Өз Елшісіне түсіргенінің шектерін білмеуге өзгелерден көбірек бейім. Аллаһ - бәрін Білуші, аса Дана
Бәдеуилерден, Алла жолында бергенін зиян есебіне алатын кісілер бар. Сендерге жаман дәуірлер күтеді. Дәуірлердің жаманы өздеріне болсын. Алла толық естуші, анық білуші
Аударма: Халифа Алтай
Бәдәуилердің ішінде өздерінің жұм-сайтындарын / садақаларын / шығын деп есептейтіндер әрі сендерге жамандықтың айналып келуін күтетіндер бар. Жамандық олардың өздеріне. Аллаһ - бәрін Естуші, бәрін Білуші
Және бәдеуилерден Аллаға, ақирет күніне сенетін, қаражат қылғандарын Алла қасында жақындық сондай-ақ Пайғамбардың ізгі тілектеріне сай деп есептейтін кісі де бар. Сақ болыңдар! Бұл шынайы бір жақындық. Алла оларды мәрхаметіне бөлейді. Расында Алла, аса жарылқаушы, ерекше мейірімді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі бәдәуилердің ішінде Аллаһқа және Ақирет күніне сенетіндер және жұмсағандарын / садақа, зекеттерін / Аллаһқа жақындатады деп санайтындар бар әрі Елшінің дұғасына да. Біліңдер, шын мәнінде, бүл оларды жақындатады. Аллаһ оларды Өз мейіріміне кіргізеді. Ақиқатында, Аллаһ - өте Кешірімді, ерекше Мейірімді
Мұћажір, ансарлардан алғашқы иман келтіргендер және жақсылықта оларға ергендерден Алла разы болды. Әрі олар да Алладан разы болды. Сондай-ақ Алла, олар үшін мәңгі қалатын, астарынан өзендер ағатын жәннәтер әзірледі. Осы ірі мұрат
Аударма: Халифа Алтай
Мұһажирлер мен ансарлардың ішінен алғашқы озық болғандардан және оларға жақсылықпен ергендерден Аллаһ разы болды. Әрі олар да Одан разы болды. Ол олар үшін астынан өзендер ағып жататын / Жәннәт / бақтарын әзірледі, олар онда мәңгі қалады. Міне, осы - ұлы жетістік
Араларындағы бәдеуилерден екі жүзді кісілер бар. Сондай-ақ Мединеліктерден де екі жүзділікте сірескендер бар. (Мұхаммед Ғ.С.) оларды білмейсіңдер, оларды біз білеміз. Оларды екі рет азап қыламыз. Сонан соң олар зор азапқа айдалады
Аударма: Халифа Алтай
Сендердің жандарыңдағы бәдәуилердің ішінде, сондай-ақ Медине тұрғындарының ішінде де мұнафиқтар бар. Олар мұнафиқтықта сірескен. Сен оларды білмейсің, оларды Біз білеміз. Жақында оларды екі рет азаптаймыз. Содан кейін олар үлкен азапқа қайтарылады
Басқа біреулер күнәларын мойындады. Бірақ олар, түзу істі басқа жаман іспен араластырады. Алла олардың тәубелерін бәлкім қабыл етер. Расында Алла аса жарылқаушы, ерекше мейірімді. ( аяттар 118. Аятқа байланысты)
Аударма: Халифа Алтай
Сондай-ақ күнәларын мойындаған басқа адамдар да бар. Олар түзу істі жаман іспен араластырған еді. Аллаһ олардың тәубелерін / істеген күнәсіне шынайы өкініп, Раббысына бойсұнуға қайтуларын / қабыл етеді. Сөзсіз, Аллаһ - өте Кешірімді, ерекше Мейірімді
(Мұхаммед Ғ.С.) олардың малдарынан садақа ал да, ол арқылы оларды тазартып, берекелендіресің. Оларға дұға қыл. Өйткені сенің дұғаң олар үшін бір тоқтау. Алла толық естуші, аса білуші
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Сен олардың дүниелерінен садақа / зекет / ал. Онымен оларды тазартасың әрі оларды берекелендіресің. Олар үшін тілек тіле. Ақиқатында сенің тілегің - олар үшін тынышталып орнығу. Аллаһ - бәрін Естуші, бәрін Білуші
Олар, құлдарының тәубесін қабыл етіп, садақаларын қабылдайтын Ол Алла ғана екенін білмей ме? Шынында Ол Алла, тәубені қабыл етуші, ерекше мейірімді
Аударма: Халифа Алтай
Олар Аллаһтың Өзіқұлдарынан / олардың / істеген күнәсіне шынайы өкініп, Өзіне бойсұнуға қайтуын / тәубесін / қабыл ететіндігін әрі садақаларды қабыл алатындығын және тәубені Қабыл етуші де , ерекше Мейірімді де сол - Аллаһтың Өзі екендігін білмеді ме
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: «істейтіндеріңді істеңдер. Істеріңді Алла, Пайғамбар және мүміндер көреді. Сондай-ақ көмес, көрнеуді білуші Аллаға қайтарыласыңдар да сендерге не істегендерің білдіріледі» де
Аударма: Халифа Алтай
Әрі айт: «Амал істеңдер, Аллаһ амалдарыңды көреді әрі Оның Елшісі мен мүміндер де. Сондай-ақ, жақында сендер құпия мен айқын нәрсені Білушіге қайтарыласыңдар, сонда Ол сендерге не істегендеріңнің хабарын береді», - деп
Соғыстан қалып Алланың әмірін күткендер, Алла оларды не азаптайды немесе тәубелерін қабыл етеді. Алла толық білуші, хикмет иесі
Аударма: Халифа Алтай
Сондай-ақ / жорықтан қалушылардың ішінде / басқа біреулер де бар. Аллаһ олар жайлы үкім бергенге дейін / Оларға қатысты шешім! кешіктіріледі. Ол оларды не азаптайды, не істеген күнәсіне шынайы өкініп, Өзіне бойсұнуға қайтуын / тәубесін / қабыл етеді. Аллаһ - бәрін Білуші, аса Дана
Мұнафықтардың бір тобы Құба мешітінің жамағатын ыдырату, қарсылықты күшейту және үнемі пайғамбар (Ғ.С.) ға қарсы келіп жүрген (папаз) Ғамырдың Шамнан келуін тосу мақсатымен бір мешіт салып Пайғамбар (Ғ.С.) ды намаз оқып беруге шақырады. Пайғамбар (Ғ.С.) тәбүктен қайтқанда келмекші болады.) Сондай зиян тигізу, қарсы келу, Мұсылмандардың арасын ашу және бұрыннан Алла және Елшісіне қарсы соғысқан біреуді күту үшін мешіт жасап алғандар: «Игілікті ғана қалап едік» деп әлбетте ант ішеді. Сондай-ақ Алла олардың асқан суайт екендігіне куәлік етеді
Аударма: Халифа Алтай
Ал, сондай зиян тигізу және күпірлік ету / қарсылықты қолдау / әрі имандылардың арасын ажырату үшін және Аллаһ пен Елшісіне бұрыннан қарсы соғысқан біреу үшін / мұсылмандарды / торуылдайтын орын етіп мешіт салғандар, әлбетте: «Біз жақсылықтан басқаны қаламадық», - деп ант ішеді. Аллаһ олардың суайт екендігіне куәлік береді
(Мұхаммед Ғ.С.) ол мешітте әсте намаз оқыма. Бастапқы күннен бері тақуалық негізінде салынған (Құба) мешіті намазға тұруына тағы лайық. Онда тап-таза болуды сүйетін кісілер бар. Алла да өте таза болушыларды жақсы көреді
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Сен онда / ол мешітте / ешқашан тұрма. Сенің тұруыңа алғашқы күннен тақуалық / Аллаһқа бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушылық / негізінде құрылған мешіт, көбірек лайықты. Онда тазаруды ұнататын адамдар бар. Ал Аллаһ тазарушыларды жақсы көреді
Ендеше, ірге тасын Алладан қорқып, ризалығына сәйкес салған біреу жақсы ма? Немесе іргесін құлайтын бір жардың ернеуіне салып онымен тозаққа құлаған біреу жақсы ма? Алла залым елді тура жолға салмайды
Аударма: Халифа Алтай
Өзінің / салып жатқан / құрылысын Аллаһтан қорқып, сақтанып әрі Оның разылығы үшін қалаған біреу жақсы ма, әлде оның құрылысынқұлағалытұрған бір жардың шетіне қалап, онымен бірге Жаһаннамның отына құлаған біреу ме? Аллаһ әділетсіз адамдарды тура жолмен жүргізбейді
Сондай олардың салған мешіттері; жүректері быт-шыт болғанға (өлгенге) дейін үнемі көңілдерінде күдік болған бойда қалады. Алла толық білуші, хикмет иесі
Аударма: Халифа Алтай
Олардың жүректері бөлшектеніп кетпейінше, салған құрылыстары / мешіті / , жүректерінде үнемі күмән болып қала береді. Аллаһ - бәрін Білуші, аса Дана
Күдіксіз Алла мүміндердің жандарын, малдарын жәннәттен айырбастап алды. Олар, Алла жолында соғысады, өледі және өлтіреді. Бұған байланысты хақ уәде тәуратта, Інжілде және Құранда бар. Алладан артық уәдесін кім орындайды? Ендеше бұл саудаласқан саудаларыңа қуаныңдар! Міне осы ірі қол жетушілік
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, Аллаһ имандылардан / мүміндерден / - олардың жандары мен дүниелерін Жәннатпен айырбастап, сатып алды. Олар Аллаһтың жолында соғысып, өлтіреді және өлтіріледі, Оның Тәурат, Інжіл және Құрандағы хақ уәдесі бойынша. Аллаһтан артық уәдесін кім орындайды? Онымен жасаған саудаларыңа қуаныңдар! Міне, осы - ұлы жетістік
(Пайғамбар, әкесімен туысқан Әбу Таліп үшін; және кейбір Мұсылмандар да иманға келмей өлген әке-шешелері үшін жарылқау тілегісі келген.) Пайғамбарға және мүміндерге тозақтық екендігі өздеріне білінгеннен кейін егер жақындары болса да мүшріктер үшін жарылқау тілеулеріне болмайды
Аударма: Халифа Алтай
Пайғамбардың және иманға келгендердің, мүшріктер / Аллаһқа серік қосушылар / үшін тіпті олар жақындары болса да, олардың Жахимдық екендігі өздеріне анық болғаннан кейін кешірім тілеулеріне болмайды
Ыбырайым (Ғ.С.) ның әкесі үшін жарылқау тілеуі, оған берген бір уәде бойынша ғана еді. Өзіне, оның Алланың дұшпаны екені білінген кезде, одан безді. Расында Ыбырайым қажырлы әрі жұмсақ мінезді еді
Аударма: Халифа Алтай
Ал, Ибраһимнің өз әкесі үшін кешірім тілеуі, оның оған / әкесіне / берген уәдесі бойынша ғана еді. Өзіне / әкесінің / Аллаһқа жау екендігі анық болғанда, ол одан бас тартты. Негізінде, Ибраһим көп жалбарынып дұға етуші, ұстамды еді
Алла бір елді тура жолға салғаннан кейін олардың сақсынатын нәрселерін ашық білдірмейінше, оларды адастырмайды. Расында Алла әр нәрсені толық білуші
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ бір елді тура жолға салып жүргізгеннен кейін оларға неден сақтанулары керек екендігін анық түсіндірмейінше, оларды адастырушы емес. Ақиқатында, Аллаһ - барлық нәрсені Білуші
Шынында Алла, бір бөлімінің жүректері ауытқуға таяған ауыршылықтан кейін Пайғамбарға ерген Мұћажірлер мен Ансардың, Пайғамбардың тәубелерін қабыл етті. Алла, оларға тым жұмсақ, өте мейірімді болғандығынан тағы да оларың тәубелерін қабыл етті
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ Пайғамбарды және қиындық сағатында оған еріп шыққан мұһажирлер мен ансарларды, олардың кейбіреулерінің жүректері ауытқуға жақын қалғаннан кейін,Өзіне бойсұнуға қайтарды / тәубеге келтірді / . Ол олардың тәубесін қабыл етті, өйткені Ол - оларға аса Мейірбан, ерекше Мейірімді
Сахабалардан Кәғап, Ћилал және Марара жауқаулық істеп, Тәбүк соғысына бармай қалып, соғыстан қайтып келгенде Пайғамбар (Ғ.С.) ға өкініш білдіріп, кешірім тілейді. Пайғамбар (Ғ.С.) оларға: «Тұра тұрыңдар» дегендіктен олармен адамдар сөйлеспей қойып, елу күннен кейін осы аят түседі. Және аяттар да осы уақиғаға байланысты.) Соғыстан қалған үшеуінің де тәубесін қабыл етті. Тіпті оларға жер кең бола тұра тар келген еді. Өздерінен өздері тарылып, Алладан басқа ешбір пана жоқтығын аңғарды. Содан кейін Алла оларға тәубе нәсіп етті. Шынында Ол Алла, тым тәубе қабыл етуші, өте мейірімді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі / өздеріне қатысты үкім / кейінге қалдырылған үшеудің де / тәубелерін қабыл етті / . Сол кезде оларға жер кең бола тұра тарылып, жандары сығылып,' Аллаһтың Өзінен басқа пана жоқтығына көздері анық жеткен еді. Содан кейін Ол / Аллаһ / олардың істеген күнәларына шынайы өкініп, Өзіне бойсұнуға қайтулары / тәубеге келуі / үшін күнәларынан арылуына алып келді / тәубеге келтірді / . Ақиқатында, Аллаһ - тәубені қабыл етуші, ерекше Мейірімді
Мединеліктердің және маңайлардағы бәдеуилердің Алланың Елшісінен кейін қалуларына сондай-ақ оның жанынан өз жандарын артық көрулеріне болмайды. Өйткені, олар, Алла жолында шөлге душар болса, шаршаса, ашықса, кәпірлерді ызаландыратын бір жерді басып өтсе және дұшпанды жеңсе ғана оларға сол себепті жақсы ғамал жазылады. Алла игілік істеушілердің сауабын зая қылмайды
Аударма: Халифа Алтай
Медине тұрғындарына және оның маңайындағы бәдәуилерге, Аллаһ Елшісінен қалып қоюларына, сондай-ақ, өз жандарын оның жанынан артық көрулеріне болмайды. Мұның себебі, олар Аллаһ жолында шөлге душар болса, шаршап-шалдықса және бір аштыққа ұшыраса әрі кәпірлерді ызаландыратын бір жерді басып өтсе және жаудан бір нәрсені қолға түсірсе, онда оларға осы үшін ізгі амал жазылады. Шын мәнінде, Аллаһ жақсылықты ықыласпен істеушілердің сыйын зая кетірмейді
Олар, Алла жолында үлкен-кіші бір нәрсе сарып қылса, бір ойпатты басып өтсе, Алла олардың көркем ғамалдарына сыйлық беру үшін сауап жазылады
Аударма: Халифа Алтай
Олар аз не көп дүние жұмсамасын және бір алқапты кесіп өтпесін, Аллаһ оларға қайтарым сыйын, істегендерінен жақсы етіп беруі үшін міндетті түрде бүл оларға жазылады
Онымен қатар мүміндердің біртұтас жауға аттанулары тиісті емес. Сонда әр топтан дін ғылымын үйреніп, олар қайтып келгенде; олардың сақсынулары үшін ескертулері керек емес пе
Аударма: Халифа Алтай
Имандылардың / жорыққа / бәрі бірдей аттануларына болмайды. Олардың әр бөлігінен бір топтың шығып дінді үйренулері және оралған кездерінде адамдарға - олардың сақтанулары үшін насихат етулеріне жеткілікті
Әй мүміндер! Маңайларыңдағы кәпірлермен соғысыңдар. Олар сендерден бір қатаңдық тапсын. Расында Алла, тақуалармен бірге екенін біліңдер
Аударма: Халифа Алтай
Ей, иманға келгендер! Маңайларыңдағы кәпірлермен соғысыңдар. Олар сендерден бір қатаңдық байқасын. Әрі күмәнсіз, Аллаһтың тақуалармен / Өзіне бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушылармен! бірге екенін біліңдер
Бір сүре түсірілген кезде, олардан: «Бұл қайсыларыңның иманын арттырады?»,- дейтін де біреулер бар. Дегенмен мүміндердің иманын арттырады, олар қуанысады
Аударма: Халифа Алтай
Бір сүре түсірілген кезде олардың арасынан: «Бұл қайсыларыңның имандарыңды арттырды?» - дейтіндер бар. / Бұл / иманға келгендердің иманын арттырды әрі олар қуанышқа бөленуде
(Мұнафықтар) әр жыл бір не екі рет сыналғандарын көрмей ме? Сонда да олар тәубе қылмайды, үгіт те алмайды
Аударма: Халифа Алтай
Олар өздерінің әр жылы бір не екі рет сыналатындарын көрмей ме? Содан кейін де олар істеген күнәсіне шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтпайды / тәубеге келмейді / әрі ескерту де алмайды
Қашан бір сүре түсірілсе, біріне- бірі қарап: «Сендерді көретін біреу бар ма?»,- десіп, сонсоң өздері бұрыла жөнеледі. Алла, олардың жүректерін теріс айналдырған. Расында олар түсінбейтін әлеумет
Аударма: Халифа Алтай
Бір сүре түсірілген кезде, олар біріне-бірі қарап: «Сендерді біреу көріп тұрған жоқ па екен», - деп бұрыла жөнеледі. Аллаһ, олардың жүректерін теріс бұрып қойды. Анығында, олар - түсінбейтін адамдар
(Мұхаммед Ғ.С.) сонда, егер олар сенен жалтайса: «Маған Алла жетіп асады, Одан басқа ешбір тәңір жоқ, Оған тәуекел еттім. Сондай-ақ Ол, ұлы ғаршының Раббы » де
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Егер олар теріс бұрылса: «Маған Аллаһ жеткілікті, Одан басқа ешбір құдай жоқ, мен Оған жүгініп, өзімді тапсырдым / тәуекел еттім / . Әрі Ол-ұлы Аршының Раббысы», - деп айт