Іштерінен бір кісіге: «Адамдарды қорқыт! Иман келтіргендерді раббыларының қасында олар үшін жоғары орын барлығын шүйіншіле!»,- деп, уахи қылғанымызға бұл адамдар таңырқай ма? Кәпірлер: «Шынында бұл ашық жады» деді
Аударма: Халифа Алтай
Олардың ішіндегі бір адамға: «Адамдарға ескерт және иманға келгендерді оларға Раббысының алдында шын озушылықболатынымен сүйіншіле», - деп уахи еткеніміз, адамдарға таңқаларлық көрінді ме? Кәпірлер: «Әлбетте, бұл - анық сиқыршы», - деді
Раббыларың сондай Алла көктер мен жерді алты түнде жаратты. Сонсоң ғаршына көтерілді, істі басқарды. Оның рұхсатынсыз ешбір шапағатшы жоқ. Міне Осы Алла, Раббыларың. Ендеше Оған құлшылық қылыңдар! Сонда да түсінбейсіңдер ме
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, сендердің Раббың - Аллаһ, Ол аспандарды және жерді алты күнде жаратқан, кейін Аршыға көтерілді. Ол барлық істі басқарады. Ол рұқсат бергенге дейін, ешкім де / біреу үшін / ара түсе алмайды. Міне, осы - Аллаһ, сендердің Раббың, Оған құлшылық қылыңдар! Еске алмайсыңдар ма / ғибрат алсаңдар болмай ма
Біртұтас барар жерлерің со тарап. Сондай-ақ Алланың уәдесі хақ. Күдіксіз Ол, бастап жаратады. (Жоқтан бар етеді.) сонсоң иман келтіріп, ізгі іс істегендерге әділдікпен сыйлық беру үшін оны қайта тірілтеді. Сондай-ақ кәпірлер үшін қарсы болғандықтары себепті қайнап тұрған судан сусын әрі күйзелтуші азап бар
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһтың хақ уәдесі бойынша, сендердің барлығың Оған қайтасыңдар. Ақиқатында, Ол жаратылысты бастап жаратады, содан кейін иманға келген және ізгі амал істегендерге қайтарым сыйларын әділдікпен беру үшін оларды қайтарады. Ал, күпірлік еткендерге / иманға келмегендерге / күпірліктері үшін қайнап тұрған ыстық судан сусын әрі қинаушы азап бар
Ол сондай Алла, күнді жарық, айды нұр етіп жаратты да оған (айға) жылдардың сандарын, есептерін білулерің үшін орындар белгіледі. Алла, бұларды шындықпен ғана жаратты. Алла, білетін ел үшін; аяттарын ашық-ашық баян етеді
Аударма: Халифа Алтай
Ол / Аллаһ / күнді жарық әрі айды нұр етіп жасаған. Әрі оны / айды / жылдардың санын және есепті білулерің үшін орындармен белгілеген. Аллаһ бұларды ақиқатпен жаратты. Ол, білетін адамдар үшін аяттарды анық етіп түсіндіреді
Расында түн мен күннің ауысып келуінде және Алланың көктер мен жердегі жаратқан нәрселерінде әрине сақтанатын ел үшін дәлелдер бар
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, түн мен күннің ауысып тұруында және Аллаһтың аспандар мен жердегі жаратқандарында, тақуалық ететін / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанатын / адамдар үшін белгі-дәлелдер бар
Расында сондай бізге жолығуларын үміт етпегендер және дүние тіршілігіне мәз болып сонымен көңілдері жай тапқандар, міне солар, аяттарымыздан хабарсыз
Аударма: Халифа Алтай
Анығында, Бізбен жолығуды үміт етпегендер және осы өмірге / ғана / разы болып, оған көңілдері жай тапқандар әрі белгі-дәлелдерімізден қаперсіз болғандар
Расында сондай иман келтіріп, ізгі іс істегендердің имандары себепті Раббылары, оларды астарынан өзендер ағатын Нағым жәннәтінің жолына салады
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, иманға келген және ізгі амал істегендерді, олардың имандары себебінен, Раббысы тура жолмен жүргізеді. Нәъимбақтарында (жәннаттың бір аты) олардың астарынан өзендер ағып жатады
Олардың ондағы дұғалары: «Әй Алла! Пәксің» әрі олардың ондағы амандасулары: «Сәлем» және олардың дұғаларының соңы: «Барлық мақтау әлемдердің Раббы, Аллаға тән!»,- деу болады
Аударма: Халифа Алтай
Олардың ол жердегі дұғалары: «Йа, Аллаһ, Сен - пәксің», ал ондағы сәлемдесулері: «Сәлем» / Амандық / және олардың дұғаларының соңы: «Барлық мақтау - әлемдердің Раббысы, Аллаһқа!» - деу болады
Егер Алла, адам баласының хайырды, асығыс тілегеніндей; жамандықты да тез берсе еді, әрине олардың ажалдары біткен болар еді. Алайда, бізге кездесуді үміт етпегендерді адасқан бойда қойып қоямыз да, қаңғыра береді
Аударма: Халифа Алтай
Егер де Аллаһ адамдарға жақсылықты тез бергеніндей, жамандықты да тездеткенде, олардың белгіленген мерзімдері шешілген болар еді. Бізбен кездесуді үміт етпейтіндерді, Біз адасуларында қаңғыртып, тастап қоямыз
Ал қашан адам баласына бір зиян жетсе: Жатса да отырса да немесе түрегеп тұрса да бізге жалбарынады; алайда қашан одан зиянды айықтырсақ, тіпті оған тиген зиянды айықтыру үшін бізге жалбарынмағандай -ақ кете береді. Солайша, шектен шығушыларға істеген істері көркем көрсетілді
Аударма: Халифа Алтай
Қашан адамға бір зиян тисе, ол жамбастап жатса да, отырса да немесе түрегеп тұрса да Бізге жалбарынады. Қашан Біз одан зиянын кетірсек, ол өзіне тиген зиян үшін Бізге жалбарынбағандай өте шығады. Осылай, ысырап етушілерге, істеп жүргендері көрікті етіп көрсетілді
Расында сендерден бұрыңғы дәуірдегілердің зұлымдық қылғандықтары және пайғамбарлары келтірген ашық дәлелдерге иман келтірмегендіктері үшін жоқ еттік. Осылайша күнәкар қауымға жаза береміз
Аударма: Халифа Алтай
Біз сендерден алдыңғы ұрпақтарды, - олар әділетсіздік еткенде және анық дәлелдермен келген елшілерге сенбеген кезде жойғанбыз. Біз қылмыскер адамдардың қайтарым жазасын осылай береміз
Сондай-ақ оларға аяттарымыз ашық дәлел түрінде оқылған кезде, сондай Бізге кездесуді үміт етпегендер: «Бұдан басқа бір Құран келтір немесе мұны ауыстыр!»,- деді. (Мұхаммед Ғ.С.): «Оны өз тарапымнан өзгертуіме болмайды. Мен өзіме уахи етілгенге ғана еремін. Расында мен, Раббыма қарсы келсем, ұлы күннің азабынан қорқамын» де
Аударма: Халифа Алтай
Оларға анық аяттарымыз оқылған кезде, Бізбен жолығуды үміт етпейтіндер: «Сен бұдан басқа бір Құран келтір немесе мұны ауыстыр!» - деді. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Маған оны өздігімнен өзгертуіме болмайды. Мен өзіме уахи етілгенге ғана еремін. Раббыма бойсұнбасам, ақиқатында, ұлы Күннің азабына ұшыраудан қорқамын», - деп
(Мұхаммед Ғ.С.): «Егер Алла қаласа еді, мен Құранды сендерге оқымас едім де, оны сендерге білдірмес еді. Расында мен бұдан бұрын іштеріңде өмір бойынша болдым. Сонда да түсінбейсіңдер ме?»,- де
Аударма: Халифа Алтай
Айт: «Егер Аллаһ қалағанда, мен оны сендерге оқымаған болар едім және Ол оны сендерге білдірмес еді. Негізінде, мен сендердің араларында бұдан алдын да / бірге / өмір сүрдім. Ақылдарыңды істетіп ұғынбайсыңдар ма?» - деп
Олар, Алладан өзге, өздеріне зиян не пайда бермейтін нәрселерге шоқынып: «Оларды, Алланың қасында шапағатшымыз» дейді. (Мұхаммед Ғ.С.): «Сендер Аллаға, көктердегі әрі жердегі Оның білмеген нәрсесінен хабар бересіңдер ме?»,- де. Алла, олардың қосқан шеріктерінен пәк, жоғары
Аударма: Халифа Алтай
Олар, Аллаһтан өзге өздеріне зиян да жеткізбейтін және пайда да келтірмейтін нәрсеге құлшылық етеді әрі: «Бұлар Аллаһтың алдында бізге шапағат етушілер», - дейді. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Сонда сендер Аллаһқа, аспандарда және жерде Ол білмейтін бір нәрсе бар деп, оның хабарын бермекшісіңдер ме?» - де. Ол / Аллаһ / олардың серік етіп қосатындарынан пәк әрі жоғары
Адамдар бір-ақ үммет еді, сонсоң олар қайшылыққа түсті. (Мұхаммед Ғ.С.) егер Раббыңнан бір сөз өткен болмаса еді, таласқан нәрселері турасында әрине араларына үкім берілген болар еді. (Жазаландырылар еді)
Аударма: Халифа Алтай
Адамдар бір үммет еді, кейін олар қарама-қайшылыққа түсті. Егер де Раббыңнан алдын ала бекітілген бір Сөз болмағанда, қайшылықта түскен нәрселеріне қатысты олардың араларына шешім шығарылған болар еді
Және олар: «Оған, Раббылары тарапынан бір мұғжиза неге түсірілмейді?»,- дейді. Сонда сен оларға: «Негізінен көмес, Аллаға тән. Сондықтан күтіңдер! Мен де сендермен бірге соны тосамын!»,- де
Аударма: Халифа Алтай
Олар: «Неге оған / Пайғамбарға / Раббысынан бір белгі-мұғжиза түсірілмейді?»—дейді. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Анығында, ғайып-Аллаһтікі. Ендеше күтіңдер! Мен де сендермен бірге күтушілерденмін!» - деп
Адам баласына бір зиян тигеннен кейін рахметімізді таттырсақ, сол уақытта олардың аяттарымызға байланысты айлакерліктері болады. (Мұхаммед Ғ.С.): «Алла, жазаландыруда өте жылдам» де. Расында елшілеріміз (періштеріміз) істеген сығандықтарыңды жазады
Аударма: Халифа Алтай
Адамдарға өздеріне тиген қиыншылықтан кейін мейірімімізден таттырсақ, олар аят-белгілерімізге байланысты айлакерлік істейді. Айт: «Аллаһ амал-тәсілде / бәрінен / жылдам», - деп. Ақиқатында елшілеріміз / періштелер / сендердің айла-шарғыларынды жазып отырады
Ол сондай Алла, сендерді құрылықта, теңізде кездіреді. Хатте сендер кемеде боласыңдар. Кеме, оларды жақсы бір самал арқылы алып бара жатады да, олар онымен мәз болады. Бір боран келіп оларға әр тараптан толқын келгенде, олар, онымен қоршалдық деп ойлаған сәтте; сенімін нағыз Аллаға арнап: «Егер осыдан бізді құтқарсаң шүкір етушілерден болар едік» деп тілейді
Аударма: Халифа Алтай
Ол / Аллаһ / сондай, сендерді құрылықтажәне теңізде жүргізеді. Сендер кемеде болғандарыңда әрі ол / кеме / бір жайлы желдің көмегімен оларды алып жүзгенде олар бұған қуанады. Оған бір дауылды жел соғып әрі әр тараптан толқындар келіп, олар өздерін қоршауда қалып, құрыдық деп ойлаған сәтте дінін / құлшылықтарын / тек Оған / cepiк қосу, риядан / тазартқан күйде: «Егер осыдан бізді құтқарсаң, шүкір етушілерден / берген игіліктеріңе алғыс білдірушілерден / боламыз», - деп Аллаһқа дұға етеді / Одан тілеп, жалбарынады
Дегенмен, Алла оларды құтқарған кезде, олар жер жүзінде орынсыз қарсылық істейді. Әй адам баласы! Дүние тіршілігіндегі қарсылықтарыңның зияны өздеріңе ғана. Сонсоң барар жерлерің біз жақ. Сонда сендерге істеген істеріңді білдіреміз
Аударма: Халифа Алтай
Ал, Ол / Аллаһ / оларды құтқарған кезде, олар жер бетінде / олай етуге / құқығы болмаса да әділетсіздік істейді. Ей, адамдар! Шын мәнінде, сендердің әділетсіздіктерің өздеріңе қайтады. Ол / істеген әділетсіздіктерің / осы өмірдің пайда, рахаты үшін ғана. Содан кейін, қайтуларың - Бізге. Сонда сендерге не істегендеріңнің хабарын береміз
Шын мәнінде дүние тіршілігің мысалы: Біз көктен жаудырған жаңбыр тәрізді. Ол арқылы адамдар, малдар жейтін өсімдіктер аралас өсіп, жер жүзі құлпырып зейнеттенген кезде, жер иесі; пайдалануға күшіміз жетеді деп ойлаған сәтте, түнде не күндіз әміріміз келіп, тіпті кеше болмаған тәрізді түбінен орылғанға айналдырдық. Ойланатын қауымға аяттарымызды осылайша айырып баян етеміз
Аударма: Халифа Алтай
Шын мәнінде осы дүниелік өмір - Біз аспаннан түсірген бір су секілді. Онымен адамдар мен малдар жейтін, жерден шығатын өсімдіктер араласа / өсіп / , жер жүзі түрленіп құлпырған кезде әрі оның тұрғындары оған / өнімге / қолдары жетті деп ойлаған кезде, Біздің әміріміз түнде не күндіз келіп, оны кеше мүлдем көркеймеген тәрізді, орылғандай еттік. Біз, ойланатын адамдарға аяттарды осылай анық етіп түсіндіреміз
Сондай жақсы іс істегендерге жақсылық әрі артығы да бар. Олардың беттерінде бір дақ не қорлық әсері көрінбейді, солар жәннәттік. Олар онда мәңгі қалады
Аударма: Халифа Алтай
Жақсылықты ықыласпен істегендерге ең жақсысы / Жәннат / дайындалған және оған артығы қосылады. Олардың беттерінде шаң да, қорлық та болмайды. Міне, солар Жәннаттықтар. Олар - ол жерде мәңгі қалушылар
Ал сондай жамандық істегендердің жазасы, сондай ғана болады, беттерінде қорлық әсері болады. Оларды, Алладан қорғаушы болмайды. Олардың беттері түннің қараңғылығынан бір бөлім қаптағандай. Солар тозақтық. Олар онда мүлде қалады
Аударма: Халифа Алтай
Ал, жамандық жинағандардың қайтарым жазасы - сол жамандықтың өзіндей болады. Әрі оларды қорлық басады. Оларды Аллаһтан қорғайтын ешкім болмайды. Олардың беттері түннің бір түнектерімен қапталғандай. Міне, солар - От / тозақ / тұрғындары. Олар - ол жерде мәңгі қалушылар
Қиямет күні оларды түгел жинаймыз. Сонсоң мүшріктерге: «Сендер де, Аллаға қосқан шеріктерің де орындарыңда тұрыңдар!»,- дейміз. Сонда олардың араларын айырамыз. Олардың шеріктері: «Сендер бізге табынбаған едіңдер» дейді. (Олардың Аллаға теңеп табынғандары: Пйғамбарлар, періштелер)
Аударма: Халифа Алтай
Сол / есеп / Күні оларды түгелдей жинаймыз. Содан кейін Аллаһқа серік қосқандарға / мүшріктерге / : «Сендер және серік етіп қосқандарың, орындарыңда тұрыңдар!» - дейміз. Біз олардың арасын бөлдік. Сонда олардың серік етіп қосқандары оларға: «Сендер құлшылықты бізге істеген жоқсыңдар
Сол арада әркім бұрын істеген ісінен сыналады. Сондай-ақ шынайы иелері Алланың хұзырына апарылады. Жасама нәрселері олардан ғайып болды
Аударма: Халифа Алтай
Сол жерде / есеп алаңында / әрбір жан алдын істегені үшін сыналады / сұралады / . Олар шын иелері - Аллаһқа қайтарылады әрі ойдан шығарған нәрселері олардан жоғалады
(Мұхаммед Ғ.С.): «Сендерді аспаннан, жерден кім ризалықтандырады? Құлаққа, көздерге кім ие? Өліден тіріні, тіріден өліні кім шығарады? Әр істі кім игерді?»,- де. Олар: «Алла» дейді. «Ендеше Алладан қорықпайсыңдар ма?»,- де
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед!! Айт: «Сендерге аспаннан және жерден кім ризық береді? Есту және көру кімнің иелігінде? Тіріні өліден шығаратын және өліні тіріден шығаратын кім? Әрі істі кім басқарады?» - деп. Олар: «Аллаһ», - деп айтады. Айт: «Ендеше Оның жазасынан қорқып, сақтанбайсыңдар ма / тақуалық етпейсіңдер ме / ?» - деп
(Мұхаммед Ғ.С.): «Аллаға теңеген шеріктеріңнен, тұңғыш жаратып, сонсоң өлтіріп қайта тірілтетін бар ма?»,- де. «Алла, бастапта жаратып, сонан соң қайта тірілтеді. Сонда қайда бұрылып бара жатырсыңдар?»,- де
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Аллаһқа серік етіп қосқандарыңның арасынан, жаратылысты әуел баста пайда етіп, кейін оны қайта жарататын біреу бар ма?» - деп. Айт: «Аллаһ жаратылысты әуел баста пайда етіп, кейін оны қайта жаратады. Сонда, қайда бұрылып барасыңдар?!» - деп
«Шеріктеріңнен тура жолға салатын бар ма?»,-де. «Алла тура жолға салды. Ал сонда тура жолға салатын Аллаға бағыну лайық па? Жоқ, тура жолға салынбайынша жол таба алмайтын біреуге ме? Сендерге не болды? Қалай (жансақ) үкім бересіңдер?»,-де
Аударма: Халифа Алтай
Айт: «Аллаһқа серік етіп қосқандарыңның арасынан ақиқатқа алып баратын біреу бар ма?» - деп. Айт: «Аллаһ ақиқатқа апарады. Ілесуге, ақиқатпен Жүргізуші құқылырақ па, әлде өзін тура жолға салып жүргізбесе, өзі тура жолмен жүре алмайтын біреу ме? Сендерге не болды, қалай шешім шығарасыңдар
Олардың көбі ой жоруға ғана ілеседі. Расында ой, шындыққа қарағанда түкке тұрмайды. Күдіксіз Алла, олардың істегендерін толық білуші
Аударма: Халифа Алтай
Олардың көпшілігі болжам-жорамалға ереді. Шын мәнінде, жорамал шындықтың бір бөлігін де алмастыра алмайды. Ақиқатында, Аллаһ - олардың не істеп жатқандарын Білуші
Осы Құран, Алладан өзгенікі деп жала жапсыруға болмайды. Ол, алдындағыны растап, Кітапты ашық баян етеді. Әлемдердің Раббы тарапынан екендігіне шәк жоқ
Аударма: Халифа Алтай
Бұл Құран - Аллаһтан, оның ойдан шығарылуы / өтіріктен құрастырылуы / мүмкін емес. Ол, өзінен алдын болғандардың растауы және Кітаптың анық түсіндірмесі. Ол әлемдердің Раббысынан, онда күмән жоқ
Олар: «Оны, Мұхаммед өзі сәйкестірді» дей ме? (Мұхаммед Ғ.С.): «Ондай шыншыл болсаңдар, Алладан өзге кімге шамаларың келсе шақырып, осы тәрізді бір сүре жасап әкеліңдер »,-де
Аударма: Халифа Алтай
Әлде олар ол оны ойдан шығарды дей ме? / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Егер шын сөзді болсаңдар, осы секілді бір сүре келтіріңдер әрі Аллаһтан өзге шақыра алатындарынды шақырыңдар», - деп
Олай емес, олар білімі жетпеген сондай-ақ өздеріне мағынасы білдірілмеген нәрсені олар жасынға шығарды. Осылайша, бұлардан бұрынғылар да жасынға шығарған болатын. Енді қарашы! Залымдардың соңы не болды
Аударма: Халифа Алтай
Негізінде, олар білімі жетпеген және өздеріне әлі түсіндірмесі келмегенді өтірікке шығарды. Олардан бұрынғылар да осылай өтірікке шығарған еді. Енді, әділетсіздердің соңы қалай болғандығына назар сал
(Мұхаммед Ғ.С.) егер сені жасынға шығарса: «Менің ісім өзіме тән, сендердің істерің өздеріңе тән. Сондай-ақ сендер менің істегенімнен аулақсыңдар, мен де сендердің істегендеріңнен аулақпын.» де
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Егер олар сені өтірікші санаса: «Менің ісім өзіме, ал сендердің істерің өздеріңе. Сендер менің істеп жатқаныма қатысты емессіңдер әрі мен де сендердің істеп жатқандарыңа қатысты емеспін», - деп айт
Оларды жинайтын күні; (дүниеде) күндіз бір-ақ сағат тұрғандай болып, олар бір-бірін таныйды. Аллаға жолығуды жасынға шығарып, тура жолға түспегендер зиянға ұшырайды
Аударма: Халифа Алтай
Оларды жинаған сол / Есеп / Күні, олар / осы дүниеде / күндізден бір аз мезгіл ғана тұрғандай болады да бір-бірін тани бастайды. Аллаһпен кездесуді өтірік санағандар шынымен зиянға ұшырады. Әрі олар тура жолда жүрушілерден болмады
(Мұхаммед Ғ.С.) егер оларға уәде еткен бейнеттің кейбірін саған көрсетсек немесе сені (бұрын) дүниеден алсақ та, олардың жиналатын орны біз жақ. Соңында Алла олардың не істегендеріне айғақ
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Біз саған оларға Өзіміз уәде етіп отырғанның кейбірін көрсетсек те немесе сені дүниеден алсақ та - олар Бізге қайтады. Содан кейін Аллаһ олардың не істеп жатқандарына куә болады
(Мұхаммед Ғ.С.): «Алланың қалауынан басқа өзіме пайда, зиян келтіру күшіне ие емеспін. Әр үммет үшін бір ажал бар. Қашан олардың белгілі мерзімі келсе, бір сәтке кешіктірілмейді де ілгерлетілмейді » де
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Аллаһтың қалауынан басқа, мен өзім үшін зиян да, пайда да келтіре алмаймын. Әрбір үмметтің бір мерзімі бар. Мерзімдері келген кезде, олар оны бір сәтке кері ысыра да алмайды және ілгерілете де алмайды», - деп
Сонсоң залымдарға: «Мәңгілік азапты татыңдар! Істегендеріңнің ғана сазайын тартасыңдар» делінеді
Аударма: Халифа Алтай
Содан кейін әділетсіздік еткендерге: «Мәңгілік азабын татыңдар! Сендерге қайтарым / ретіндегі / жаза істегендерің үшін ғана беріліп жатқан жоқ па?» - деп айтылады
Өзіне зұлымдық істеген әркім жер жүзіндегі нәрселер өзінікі болса, төлеуге беріп, азапты көргенде, іштей өкінер еді. Араларына әділдік пен үкім етіледі. Зұлымдыққа ұшырамайды
Аударма: Халифа Алтай
Егер де өзіне әділетсіздік еткен әрбір жанда - жер бетіндегі нәрселердің барлығы болғанда, ол оны / азаптан құтылу үшін / өтемге берер еді. Әрі олар азапты көргендерінде іштей өкінеді. Олардың араларына әділдікпен үкім етіледі әрі оларға әділетсіздік жасалмайды
Сақ болыңдар! Расында көктердегі әрі жердегі нәрселер Алланікі. Біліңдер! Алланыі уәдесі хақ. Бірақ олардың көбі білмейді
Аударма: Халифа Алтай
Біліңдер, ақиқатында, аспандардағы және жердегі нәрселер - Аллаһтікі. Біліндер, шынында, Аллаһтың уәдесі - хақ. Бірақ олардың / адамдардың / көбі білмейді
Әй адамдар! Сендерге Раббыларың тарапынан бір үгіт, жүректегілерге бір шипа, сенушілер үшін тура жол және рахмет (түрінде Құран) келді
Аударма: Халифа Алтай
Ей, адамдар! Ақиқатында, сендерге өздеріңнің Раббыңнан насихат, көкіректегі нәрселерге шипа және имандылар / мүміндер / үшін жолбасшы / тура жолды ұстануға басшылық / әрі мейірім / Құран / келді
«Қарамайсыңдар ма! Алланың сендерге берген несібесінен арам, халал жасадыңдар» де. «Сендерге Алла рұхсат берді ме? Немесе Аллаға жала жауып жүрсіңдерме?»,- де
Аударма: Халифа Алтай
Айт: «Аллаһ өздеріңе түсірген ризықтың бір бөлігін - харам / тыйым салынған / , бір бөлігін - халал / рұқсат етілген / етіп алғандарың жайында не айтасыңдар?» - деп. Айт: «Сендерге / оны / Аллаһ білдірді ме, әлде сендер Аллаһқа қатысты өтірікті құрастырып тұрсындар ма?» - деп
Сондай Аллаға өтірік жала жапқандардың, қиямет күні туралы ойы не? Расында Алла, әрине адамдарға кеңшілік иесі. Бірақ олардың көбі шүкірлік қылмайды
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһқа қатысты өтірікті құрастыратындардың Қайта тірілу күні туралы не жорамалдары бар? Ақиқатында, Аллаһ -адамдарға кеңшілік иесі. Бірақ олардың көбі шүкір етпейді / Раббысының берген игіліктеріне алғыс білдірмейді
(Мұхаммед Ғ.С.) әрқандай бір жағдайда болсаң, Алла тарапынан бір Құран оқысаң және сендер бір іс істесеңдер, әлбетте оған шомған кездеріңде, сендерді көреміз. Сондай-ақ жердегі, көктегі тозаң салмағындай нәрсе Раббыңнан жасырылмайды. Тағы одан кішісі, үлкені ашық бір Қітапта бар
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Сен қандай да бір істе болсаң не Құраннан оқысаң немесе сендер бір амал жасасандар, оны орындап жатқан кездеріңде, әлбетте, Біз сендерге куә болып тұрамыз. Жердегі және аспандағы заттың ең кішкентай бөлігі де Раббыңнан жасырын қалмайды. Әрі одан кіші болсын не үлкені болсын барлығы анық бір Кітапта
Естеріңде болсын! Расында көктердегі, жердегі әркім Алланың иелігінде. Алладан өзге теңеген шеріктеріне шоқынғандар, олар ойларына ғана ілеседі. Сондай-ақ олар ойларынша ғана жорамалдайды
Аударма: Халифа Алтай
Біліңдер! Ақиқатында, аспандардағы және жердегі әркім де - Аллаһтікі. Аллаһтан өзгені Оған серік етіп шақыратындар не нәрсеге ереді? Олар ой - жорамалдарына ғана ереді әрі олар тек өтірікті ғана айтады
Олар: «Алланың баласы бар» десті. Ол, одан пәк. Ол, мұңсыз. Әрине көктердегі әрі жердегі нәрселер Оған тән. Бұған байланысты қастарыңда бір дәлел жоқ. Аллаға қарсы білмеген нәрселеріңді айтасыңдар ма
Аударма: Халифа Алтай
Олар: «Аллаһ өзіне бала алды», - деді. Ол / барлық кемшіліктен / пәк. Ол - әл- Ғани / бай, еш нәрсеге мұқтаж емес / . Аспандардағы және жердегілердің барлығы Онікі. Сендерде бұған / Аллаһтың бала иемденуіне / ешбір дәлел жоқ. Сендер Аллаһқа қатысты өздерің білмейтін нәрсені айтасыңдар ма
(Мұхаммед Ғ.С.) ОЛАРҒА Нұх (Ғ.С.) тың әңгімесін оқы. Бір заманда еліне: «Әй елім! Араларыңда тұруым, Алланың аяттарын үгіттеуім сендерге зор келген болса, онда Аллаға тәуекел еттім. Ал енді сендер және шеріктерің не істейтіңдеріңде бірлесіңдер. Сонсоң істерің өздеріңе мұң болмасын. Кейін маған мұрса бермей-ақ қолдарыңнан келгенін істеңдер!» деген
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Оларға Нұх жайлы хабарды оқы. Ол еліне: «Әй, елім! Егер менің араларыңда болуым және Аллаһтың белгілерін ескертуім сендерге ауыр келсе, онда мен Аллаһқа жүгініп, Оған өзімді тапсырдым / тәуекел еттім / . Сендер / қосқан / серіктеріңмен бірігіп, кейін маған байланысты ашық әрекет етіңдер әрі маған мұрсат бермеңдер
«Ал егер жалтайсаңдар, сендерден жалақы сұрамадым ғой. Менің жалақым Аллаға ғана тән. Сондай-ақ Мұсылмандардан болуға бұйырылдым….»
Аударма: Халифа Алтай
Егер сендер теріс бұрылсаңдар, мен сендерден / ол үшін / ақы сұраған жоқпын. Менің сыйым - Аллаһта әрі мен Мұсылмандардан болуға бұйырылдым», - деп айтқан еді
Сонда олар, оны жасынға шығарды. Сондықтан Нұх (Ғ.С.) ты әрі онымен бірге кемеде болғандарды құтқарып, олардың орындарын бастырдық. Аяттарымызды жасынға шығарғандарды суға батырдық. Ескерту берілгендердің сонының не болғаның көр
Аударма: Халифа Алтай
Сонда олар, оны өтірікші санады. Содан соң Біз оны және онымен бірге болғандарды кемеде құтқардық әрі оларды халифалар / алдыңғылардың орнын басушылар / еттік. Ал белгілерімізді өтірік санағандарды суға батырдық. Енді ескерту берілгендердің соңы қалай болғанына қара
Сонсоң Нұх (Ғ.С.) тан кейінде елдеріне пайғамбарлар жібердік. Оларға ашық мұғжизалар келтірді. Бұрында жасынға шығарғандықтары үшін олар иман келтірмеді. Міне шектен шығушылардың жүректерін өстіп бітейміз
Аударма: Халифа Алтай
Одан / Нұхтан / кейін елшілерді өз елдеріне жібердік. Олар / елдеріне / анық белгілермен келді. Алайда олар / қауымы / , өздері алдын өтірікке шығарған нәрселерге сенуді қаламады. Біз шектен шығушылардың жүректерін осылай бітеп, мөрлейміз
Сонсоң олардың кейін Мұса мен Ћарұн (Ғ.С.) ды Перғауын және сыбайластарына мұғжизалармен жібердік. Олар менменсіп, күнәкар ел болды
Аударма: Халифа Алтай
Олардан кейін Мұса мен Һарұнды Фиръаун және оның уәзір, бектеріне мұғжиза-белгілерімізбен жібердік. Алайда олар өздерін жоғары санап, менменсіді әрі олар қылмыскер адамдар еді
Олар (Мұса мен Ћарұнға): «Ата-бабаларымызды тапқан жолдан бұруға әрі жер жүзінде екеуің ұлық болуға келдіңдер ме? Біз, екеуіңе сенбейміз» деді
Аударма: Халифа Алтай
Олар: «Сен бізді ата-бабаларымыздың ұстанғанынан бұру үшін және жер бетінде / жерімізде / ұлылық екеуіңе болсын деп келдіңдер ме? Біз екеуіңе сенбейміз», - деді
Мұса (Ғ.С.) ға, Перғауын мен шонжарларының өздеріне тигізетін кесірінен қорқып, елінен бір топ ғана иман келтірді. Расында Перғауын ол жерде өктем еді. Сондай-ақ ол шектен шығушылардан еді
Аударма: Халифа Алтай
Фиръаун және оның уәзір, бектерінің бүлік салуынан / жазалауынан / қорыққандықтан, Мұсаға оның елінен бір ұрпаққана сенді. Өйткені, Фиръаун / ол / жердеөктемшіл әрі ол ақиқатында шектен шығушылардан еді
Мұса мен оның туысына: «Екеуің Мысырда елдеріңе үйлер салыңдар да үйлеріңді намаз орны қылып, намаз оқыңдар. Онымен қатар мүміндерді шүйіншіле» деп уақи еттік
Аударма: Халифа Алтай
Біз Мұсаға және оның бауырына: «Қауымдарың үшін Мысырда үйлер алыңдар және үйлеріңді намаз оқитын орын етіп, намаз оқыңдар. Әрі имандыларды / мүміндерді / қош хабармен қуандыр», - деп уахи еттік
Мұса (Ғ.С.): «Раббымыз! Расында Сен Перғауын және оның шонжарларына дүние тіршілігінде зейнет және малдар бердің жолыңнан адастырулары үшін бе? Малдарын жоқ ет, жүректерін қатайт! Жан түршігерлік азапты көргенге дейін олар иман келтірмейді» деді
Аударма: Халифа Алтай
Мұса: «Раббымыз! Ақиқатында, Сен Фиръаунға және оның уәзір, бектеріне бүл өмірде сән-салтанат және байлық бердің. Раббымыз! Олар оны жолыңнан адастырулары үшін / пайдаланды / Раббымыз, олардың дүниелерін жой және олардың жүректерін қатайт! Олар қинаушы азапты көргендерінше иманға келмесін», - деді
Исраил ұрпақтарын теңізден өткіздік. Сонда Перғауын және әскерлері жауыздық, дұшпандықпен оларды қуды. Ақыр ол суға батар сәтте: «Исраил ұрпақтары иман келтірген Тәңірден басқа тәңір жоқтығына иман келтірдім. Мен де бой ұсынушылардан болдым» деді
Аударма: Халифа Алтай
Біз Исраил ұрпақтарын теңізден өткіздік. Сонда Фиръаун мен оның әскері әділетсіздік әрі дұшпандықпен, олардың соңынан қуды. Ал, ол / Фиръаун / суға батар кезінде: «Исраил ұрпақтары сенген құдайдан басқа ешбір құдайдың жоқтығына сендім. Мен де Мұсылмандарданмын / бойсұнушыларданмын / », - деді
«Сенен кейінгіге үлгі болуы үшін денеңді (жансыз түрде) құтқарамыз. Расында адамдардың көбі аяттарымыздан хабарсыз»
Аударма: Халифа Алтай
Бүгін сені өзіңнен кейінгілерге бір белгі болуы үшін мүрдеңді / сенің тәніңді / құтқарамыз». Негізінде, адамдардың көбі Біздің белгілерімізден қаперсіз / ғибрат алмайды
Расында исраил ұрпақтарын жақсы жерге орналастырдық. Сондай-ақ жақсы нәрселермен ризықтандырдық. Оларға білім келгенге дейін қайшылыққа түспеді. Расында Раббың олардың таласқан нәрселері жайында қиямет күні үкім береді
Аударма: Халифа Алтай
Біз Исраил ұрпақтарын игі мекенге орналастырдық және оларға жақсы нәрселерден ризық бердік. Әрі олар, өздеріне білім келгенге дейін қарама-қайшылыққа түспеді. Ақиқатында, Раббың Қайта тірілу күні қарама-қайшылыққа түскен нәрселері жайында олардың араларына үкім береді
(Мұхаммед Ғ.С.) егер саған түсіргенімізден күдіктенсең, сенен бұрынғы Кітап оқығандардан сұра. Расында саған Раббыңнан хақиқат келді. Сондықтан күдіктенушілерден болма
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Егер Біз өзіңе түсіргеннен күмәнда болсаң, алдын Кітап / түсіріліп / оқығандардан сұра. Саған Раббыңнан ақиқат келді, сондықтан күмәнданушылардан болма
Юныс (Ғ.С.) тың ғана елінен басқа (азаптың келгенін көріп) иман келтірген әрі имандары пайда берген бір кент болмаған. Олар иман келтірген заманда, өздерінен дүние тіршілігіндегі қорлықты айықтырдық та, оларды бір мерзімге дәйін пайдаландырдық
Аударма: Халифа Алтай
Йунустың елінен басқа / азапты көргенде / иманға келген әрі имандары пайда берген бірде-бір елді мекен болды ма? Олар иманға келген кезде, Біз олардан осы өмірде қорлық азабын кетірдік әрі оларды бір мерзімге дейін пайдаландырдық
(Мұхаммед Ғ.С.) егер Раббың қаласа еді, әрине жер жүзіндегілердің барлығы түгелдей иман келтірер еді. Адамдарды иман келтіруге сен зорлайсың ба
Аударма: Халифа Алтай
Егер Раббың қалағанда, жер жүзіндегілердің барлығы, түгелдей иманға келер еді. / Ей, Мұхаммед, / сен, адамдарды иманды / мүмін / болуға мәжбүрлейсің бе
Олар өздерінен бұрын өткендердің бастарына келген күндер тәріздіні ғана күтеді. (Мұхаммед Ғ.С.): «Онда тосыңдар! Расында мен де сендермен бірге тосамын! »,- де
Аударма: Халифа Алтай
Олар өздерінен бұрынғы өткендерге келген тәрізді күндерді күтеді ме? Айт: «Күтіңдер! Мен де - сендермен бірге күтушімін!» - де
(Мұхаммед Ғ.С.): «Әй адам баласы! Менің дінімнен күдікте болсаңдар. Ал онда мен, сендердің Алладан өзге табынғандарыңа табынбаймын; бірақ сендерді өлтіретін Аллаға құлшылық қыламын және иман келтірушілерден болуға бұйырылдым» де
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Ей, адамдар! Егер сендер менің дінімнен күмәнда болсаңдар, мен сендердің Аллаһтан өзге табынатындарыңа табынбаймын, алайда мен сендердің жандарыңды алатын Аллаһқа құлшылық етемін әрі мен имандылардан / мүміндерден / болуға бұйырылдым», - деп
«Ал бетіңді нағыз бір ыңғай Алланы бірлеу дініне бұр. Шерік қатушылардан болма!»
Аударма: Халифа Алтай
Ханиф (Аллаһты бірлеп, тура жолдан таймай, жалғыз Оған құлшылық етуші) болған түрде, жүзінді / хақ / дінге бұр. Әрі Аллаһпен қатар, өзгелерге табынушылардан / мүшріктерден / болма
(Мұхаммед Ғ.С.) егер Алла саған бір зиян жеткізсе, сонда оны Алладан басқа айықтырушы жоқ. Ал егер саған бір жақсылық қаласа, оның кеңшілігін тойтарушы жоқ. Ол, оны құлдарынан қалаған кісісіне береді. Ол өте жарылқаушы, ерекше мейірімді
Аударма: Халифа Алтай
Егер Аллаһ саған бір зиян жеткізсе, оны Оның Өзінен басқа кетіруші жоқ. Ал, егер Ол саған бір жақсылық қаласа, Оның кеңшілігін қайтарушы жоқ. Ол, оны құлдарынан Өзі қалағанына нәсіп етеді. Ол - өте Кешірімді , ерекше Мейірімді
(Мұхаммед Ғ.С.): «Әй адам баласы! Сендерге раббыларыңнан хақ келді. Енді кім тура жолда болса, өзі үшін тура жолда болады. Ал енді біреу адасса, өз зиянына ғана адасады. Мен сендерге кепіл емеспін» де
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Әй, адамдар! Сендерге өздеріңнің Раббыңнан ақиқат келді. Кім тура жолмен жүрсе, тек өзі үшін тура жолда жүреді. Ал кім адасса, тек өз зиянына адасады. Мен сендерге жауапты / кепіл / емеспін», - деп