Худ

هود · 123 аят · меккелік
Орысша нұсқасыЖаттауМысхаф 221-бет
← ЮнусБарлық сүрелерЮсуф →
11:1
الٓرۚ كِتَٰبٌ أُحۡكِمَتۡ ءَايَٰتُهُۥ ثُمَّ فُصِّلَتۡ مِن لَّدُنۡ حَكِيمٍ خَبِيرٍ
Әлиф. Ләи. Ра. Бұл аяттары бекітілген бір Кітап. Сонсоң аса дана, толық білуші тарапынан ашық баян етілген
Аударма: Халифа Алтай
Әлиф, Ләм, Ра. Бұл - аяттары аса Дана, бәрінен Хабардардан анық баяндалып, түсіндірілген Кітап
Аударма: ҚМДБ
11:2
أَلَّا تَعۡبُدُوٓاْ إِلَّا ٱللَّهَۚ إِنَّنِي لَكُم مِّنۡهُ نَذِيرٞ وَبَشِيرٞ
Алладан басқаға әсте құлшылық қылмаңдар. Шын мәнінде мен сендерге Оның тарапынан қорқытушы, қуандырушымын
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһтан басқаға Құлшылық етпеңдер. Анығында, мен сендерге Одан / жіберілген / ескертуші әрі қуанышты хабар жеткізушімін
Аударма: ҚМДБ
11:3
وَأَنِ ٱسۡتَغۡفِرُواْ رَبَّكُمۡ ثُمَّ تُوبُوٓاْ إِلَيۡهِ يُمَتِّعۡكُم مَّتَٰعًا حَسَنًا إِلَىٰٓ أَجَلٖ مُّسَمّٗى وَيُؤۡتِ كُلَّ ذِي فَضۡلٖ فَضۡلَهُۥۖ وَإِن تَوَلَّوۡاْ فَإِنِّيٓ أَخَافُ عَلَيۡكُمۡ عَذَابَ يَوۡمٖ كَبِيرٍ
Раббыларыңнан жарылқау тілеңдер. Сонан соң Оған тәубе етіңдер. Ол сендерді белгілі бір мерзімге дейін көркем түрде пайдаландырады да, әрбір мәрхамет иесіне артық сыйлық береді. Егер жалтайсаңдар, расында сендер туралы ұлы күннің азабынан қорқамын
Аударма: Халифа Алтай
Өздеріңнің Раббыңнан кешірім тілеңдер әрі істеген күнәларыңа шынайы өкініп, Оған бойсұнуға қайтыңдар / тәубеге келіндер / . Ол сендерді белгілі бір мерзімге / өлім келгенге / дейін көркем несібемен пайдаландырады. Әрі Ол, әрбір кеңшілік етушіні Өз кеңшілігіне бөлейді. Егер теріс бұрылсаңдар, сендерге болатын ұлы Күннің / Қияметтің / азабынан қорқамын
Аударма: ҚМДБ
11:4
إِلَى ٱللَّهِ مَرۡجِعُكُمۡۖ وَهُوَ عَلَىٰ كُلِّ شَيۡءٖ قَدِيرٌ
Қайтар жерлерің Алла жақ. Ол, әр нәрсеге күші жетуші
Аударма: Халифа Алтай
Сендер Аллаһқа қайтарыласыңдар. Ал, Ол - барлық нәрсені Жасай алушы
Аударма: ҚМДБ
11:5
أَلَآ إِنَّهُمۡ يَثۡنُونَ صُدُورَهُمۡ لِيَسۡتَخۡفُواْ مِنۡهُۚ أَلَا حِينَ يَسۡتَغۡشُونَ ثِيَابَهُمۡ يَعۡلَمُ مَا يُسِرُّونَ وَمَا يُعۡلِنُونَۚ إِنَّهُۥ عَلِيمُۢ بِذَاتِ ٱلصُّدُورِ
Естеріңде болсын. Олар, Одан жасырыну үшін кеуделерін бұрады! Біліңдер! Олар киімдерін бүркенген кезде де, Алла көрінеу, көмес істеген нәрселерін біледі. Расында Ол, көкіректегілерді толық білуші
Аударма: Халифа Алтай
Біліндер, олар, Одан жасыру үшін кеуделерін бүрістіреді. Анығында, олар киімдерін бүркеніп алғандарында да Ол / Аллаһ / олардың нені жасыратындарын және нені әшкере ететіндерін біледі. Анығында, Ол - кеуделердегіні / жүректердегіні / жақсы Білуші
Аударма: ҚМДБ
11:6
۞وَمَا مِن دَآبَّةٖ فِي ٱلۡأَرۡضِ إِلَّا عَلَى ٱللَّهِ رِزۡقُهَا وَيَعۡلَمُ مُسۡتَقَرَّهَا وَمُسۡتَوۡدَعَهَاۚ كُلّٞ فِي كِتَٰبٖ مُّبِينٖ
Жер бетіндегі әр жәндіктің көрегі Аллаға ғана тән. Ол, олардың тқрақты, тұрақсыз орындарын біледі. Барлығы ашық бір Кітапта
Аударма: Халифа Алтай
Жер бетінде ризығы Аллаһтан болмаған бірде-бір жаны бар жоқ. Ол, оның / осы өмірдегі / тұрағын және / өлгеннен кейінгі / сақталатын орнын біледі. Барлығы анық Кітапта / Ләухул махфузда / жазулы
Аударма: ҚМДБ
11:7
وَهُوَ ٱلَّذِي خَلَقَ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضَ فِي سِتَّةِ أَيَّامٖ وَكَانَ عَرۡشُهُۥ عَلَى ٱلۡمَآءِ لِيَبۡلُوَكُمۡ أَيُّكُمۡ أَحۡسَنُ عَمَلٗاۗ وَلَئِن قُلۡتَ إِنَّكُم مَّبۡعُوثُونَ مِنۢ بَعۡدِ ٱلۡمَوۡتِ لَيَقُولَنَّ ٱلَّذِينَ كَفَرُوٓاْ إِنۡ هَٰذَآ إِلَّا سِحۡرٞ مُّبِينٞ
Ол Алла, қайсыларың жақсы ғамал істейді деп, сынау үшін көктер мен жерді алты күнде жаратты. Оның ғаршысы су үстінде еді… (Ғаршыдан кейін су жаратылған.) (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: «Егер сендер өлгеннен кейін тірілесіңдер» десең, кәпірлер: «Мынау ашық жадыдан басқа дәнеңе емес» дейді
Аударма: Халифа Алтай
Ол сендерді, амал етуде қайсыларың жақсы екенін сынау үшін аспандарды және жерді алты күнде жаратқан. Әрі Оның Аршысы су үстінде еді. Егер оларға: «Сендер өлгеннен кейін, әлбетте, қайта тірілесіңдер» - десең, күпірлік еткендер / қайта тірілуді мойындамайтындар / : «бұл - бар болғаны анық бір сиқыр», - дейді
Аударма: ҚМДБ
11:8
وَلَئِنۡ أَخَّرۡنَا عَنۡهُمُ ٱلۡعَذَابَ إِلَىٰٓ أُمَّةٖ مَّعۡدُودَةٖ لَّيَقُولُنَّ مَا يَحۡبِسُهُۥٓۗ أَلَا يَوۡمَ يَأۡتِيهِمۡ لَيۡسَ مَصۡرُوفًا عَنۡهُمۡ وَحَاقَ بِهِم مَّا كَانُواْ بِهِۦ يَسۡتَهۡزِءُونَ
Егер олардан азапты белгілі бір мерзімге дейін кешіктірсек, әрине олар: «Оны не тосты?»,- дейді. Сақ болыңдар! Оларға азап келген күні солардан қайтарылмайды. Олардың мазақ қылған нәрселері бастарына жетеді
Аударма: Халифа Алтай
Егер Біз азапты олардан санаулы бір мерзімге дейін кешіктірсек, олар: «Оны / азапты / не ұстап тұр?» - дейді. Біліңдер, оларға ол / азап / келген күні, олардан қайтарылмайды әрі олардың мазақ етіп келгендері өздерін қоршап алады
Аударма: ҚМДБ
11:9
وَلَئِنۡ أَذَقۡنَا ٱلۡإِنسَٰنَ مِنَّا رَحۡمَةٗ ثُمَّ نَزَعۡنَٰهَا مِنۡهُ إِنَّهُۥ لَيَـُٔوسٞ كَفُورٞ
Егер біз адам баласына мәрхамет нәсіп етіп, сонан кейін оны одан алсақ, сөзсіз ол мүлде күдер үзіп, өте қарсы келеді
Аударма: Халифа Алтай
Егер Біз адамға мейірімімізден бір нәрсе беріп, содан кейін оны алып қойсақ, ол мүлде үмітін үзіп, Аллаһтың бергенін мойындамай, жоққа шығарады
Аударма: ҚМДБ
11:10
وَلَئِنۡ أَذَقۡنَٰهُ نَعۡمَآءَ بَعۡدَ ضَرَّآءَ مَسَّتۡهُ لَيَقُولَنَّ ذَهَبَ ٱلسَّيِّـَٔاتُ عَنِّيٓۚ إِنَّهُۥ لَفَرِحٞ فَخُورٌ
Алайда оған тиген зияннан кейін, нығметтерімізді таттырсақ, әрине: «Ол жамандықтар менен кетті» деп, күдіксіз ол қуанып, мақтанады
Аударма: Халифа Алтай
Ал, егер оған өзіне келген қиыншылықтан кейін бір игілігімізден тигізсек, ол: «Жамандықтар менен кетті» - деп, қуанып, мақтанады
Аударма: ҚМДБ
11:11
إِلَّا ٱلَّذِينَ صَبَرُواْ وَعَمِلُواْ ٱلصَّـٰلِحَٰتِ أُوْلَـٰٓئِكَ لَهُم مَّغۡفِرَةٞ وَأَجۡرٞ كَبِيرٞ
Бірақ сабыр етіп, ізгі іс істегендер, міне солар үшін жарылқау және зор сауап бар
Аударма: Халифа Алтай
Тек қана сабыр еткен және ізгі амал істегендердің жөні бөлек. Оларға кешірім әрі үлкен сый бар
Аударма: ҚМДБ
11:12
فَلَعَلَّكَ تَارِكُۢ بَعۡضَ مَا يُوحَىٰٓ إِلَيۡكَ وَضَآئِقُۢ بِهِۦ صَدۡرُكَ أَن يَقُولُواْ لَوۡلَآ أُنزِلَ عَلَيۡهِ كَنزٌ أَوۡ جَآءَ مَعَهُۥ مَلَكٌۚ إِنَّمَآ أَنتَ نَذِيرٞۚ وَٱللَّهُ عَلَىٰ كُلِّ شَيۡءٖ وَكِيلٌ
(Мұхаммед Ғ.С.) бәлкәм сен олардың: «Оған қазына неге түсірмейді? Яқи онымен бірге періште неге келмейді?»,- деулеріне көңлің тарайып, уақи етілген нәрсенің кейбірін тастауың ықтимал. Шынында сен бір ескертушісің. Алла әр нәрсеге кепіл
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Бәлкім сен олардың: «Оған бір қазына түсірілмей ме? Немесе онымен бірге періште келмей ме?» - деп айтатындары үшін өзіңе уахи етілгеннің кейбірін / кейінге / қалдырғың келер әрі оған кеудең сығылған болар. Анығында, сен - тек ескертушісің. Ал, Аллаһ - әрбір нәрсеге Өзі кепіл
Аударма: ҚМДБ
11:13
أَمۡ يَقُولُونَ ٱفۡتَرَىٰهُۖ قُلۡ فَأۡتُواْ بِعَشۡرِ سُوَرٖ مِّثۡلِهِۦ مُفۡتَرَيَٰتٖ وَٱدۡعُواْ مَنِ ٱسۡتَطَعۡتُم مِّن دُونِ ٱللَّهِ إِن كُنتُمۡ صَٰدِقِينَ
Немесе олар: «Құранды өзі жасады»дей ме? (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: «Егер айтқандарың шын болса, Алладан өзге көмекке шақыра алатыңдарынды шақырыңдар да сол сияқты жасама он сүре келтіріңдер» де
Аударма: Халифа Алтай
Әлде олар: «Ол оны ойдан құрастырды», - деп айта ма? Айт: «Егер шын сөзді болсаңдар, онда сендер осыған / Құранға / ұқсас, ойдан құрастырған он сүрені әкеліндер әрі Аллаһтан өзге шақыра алатындарыңды шақырыңдар
Аударма: ҚМДБ
11:14
فَإِلَّمۡ يَسۡتَجِيبُواْ لَكُمۡ فَٱعۡلَمُوٓاْ أَنَّمَآ أُنزِلَ بِعِلۡمِ ٱللَّهِ وَأَن لَّآ إِلَٰهَ إِلَّا هُوَۖ فَهَلۡ أَنتُم مُّسۡلِمُونَ
Егер ол шақырғандарың сендерге жауап бермесе, онда біліңдер, шын мәнінде бұл Құран Алланың білімімен түсірілген әрі Алладан басқа ешбір Тәңір жоқ. Ал енді де бой ұсынбайсыңдар ма?»,- де
Аударма: Халифа Алтай
Егер олар / шақырғандарың / сендерге жауап бермесе, онда оның / Құранның / Аллаһтың білімімен түсірілгендігін әрі Одан басқа құдайдың жоқ екендігін біліңдер. Енді бойсұнбайсыңдар ма?» - деп
Аударма: ҚМДБ
11:15
مَن كَانَ يُرِيدُ ٱلۡحَيَوٰةَ ٱلدُّنۡيَا وَزِينَتَهَا نُوَفِّ إِلَيۡهِمۡ أَعۡمَٰلَهُمۡ فِيهَا وَهُمۡ فِيهَا لَا يُبۡخَسُونَ
Кім дүние тіршілігін әрі оның зейнетін қаласа, дүниеде олардың еңбектерін толық береміз; сондай-ақ олар кемшілікке ұшыратылмайды
Аударма: Халифа Алтай
Кім осы өмірді және оның сән-салтанатын қаласа, оларға онда / осы дүниеде / амалдарын толық қайтарамыз әрі оларға кемітілмейді
Аударма: ҚМДБ
11:16
أُوْلَـٰٓئِكَ ٱلَّذِينَ لَيۡسَ لَهُمۡ فِي ٱلۡأٓخِرَةِ إِلَّا ٱلنَّارُۖ وَحَبِطَ مَا صَنَعُواْ فِيهَا وَبَٰطِلٞ مَّا كَانُواْ يَعۡمَلُونَ
Соларға ақиретте тозақ отынан басқа еш нәрсе жоқ. Дүниедегі жасағандары жойылып кетті. Негізінде олардың істегендері босқа
Аударма: Халифа Алтай
Міне, соларға соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / Оттан басқа еш нәрсе болмайды. Олардың ондағы / дүниедегі / жасағандары жойылады әрі істегендері босқа кетеді
Аударма: ҚМДБ
11:17
أَفَمَن كَانَ عَلَىٰ بَيِّنَةٖ مِّن رَّبِّهِۦ وَيَتۡلُوهُ شَاهِدٞ مِّنۡهُ وَمِن قَبۡلِهِۦ كِتَٰبُ مُوسَىٰٓ إِمَامٗا وَرَحۡمَةًۚ أُوْلَـٰٓئِكَ يُؤۡمِنُونَ بِهِۦۚ وَمَن يَكۡفُرۡ بِهِۦ مِنَ ٱلۡأَحۡزَابِ فَٱلنَّارُ مَوۡعِدُهُۥۚ فَلَا تَكُ فِي مِرۡيَةٖ مِّنۡهُۚ إِنَّهُ ٱلۡحَقُّ مِن رَّبِّكَ وَلَٰكِنَّ أَكۡثَرَ ٱلنَّاسِ لَا يُؤۡمِنُونَ
Раббынан ашық бір дәлелі болған және оған жалғас куәсы да болған сондай-ақ бұрынғы жетекші әрі игілік түріндегі Мұса (Ғ.С.) ның Кітабына ие болған кісілер, міне солар, Құранға сенгендер. Әрқандай топтардан кім Құранға қарсы келсе онда оның уәделі орны от. (Мұхаммед Ғ.С.) сен де одан күдікте болма. Расында Құран, Раббың тарапынан бір хақиқат. Бірақ адамдардың көбі сенбейді
Аударма: Халифа Алтай
Раббысынан келген / Құран / және оған Оның тарапынан бір куә / Жәбрейіл / ерген әрі одан бұрын жетекші және мейірім түріндегі Мұсаның кітабы / Тәурат / куәлік еткен анық дәлелді ұстанғандар - міне солар оған / Құранға / сенеді. Ал, қалған топтардан кім оған / Құранға / күпірлік етсе / сенбесе, қарсы келсе / , оның уәделі орны - От. / Ей, Мұхаммед, / сондықтан одан / Құраннан / күмәнда болма, өйткені ол Раббыңнан келген ақиқат, алайда адамдардың көбі сенбейді
Аударма: ҚМДБ
11:18
وَمَنۡ أَظۡلَمُ مِمَّنِ ٱفۡتَرَىٰ عَلَى ٱللَّهِ كَذِبًاۚ أُوْلَـٰٓئِكَ يُعۡرَضُونَ عَلَىٰ رَبِّهِمۡ وَيَقُولُ ٱلۡأَشۡهَٰدُ هَـٰٓؤُلَآءِ ٱلَّذِينَ كَذَبُواْ عَلَىٰ رَبِّهِمۡۚ أَلَا لَعۡنَةُ ٱللَّهِ عَلَى ٱلظَّـٰلِمِينَ
Аллаға өтірік жала жапсырғаннан кім залымырақ. Міне бұлар, Раббыларының хұзырына шығарылады. Сондай-ақ айғақтары да: «Міне бұлар, Раббыларына өтірік айтқандар» дейді. Естеріңде болсын! Алланың қарғысы залымдарға тән
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ туралы өтірікті құрастырғаннан өткен әділетсіз кім бар? Солар / қайта тірілу күні / өздерінің Раббысының алдына қойылады әрі куәгерлер: «Өздерінің Раббысы туралы өтірік айтқандар осылар», - дейді. Біліңдер, Аллаһтың лағнеті әділетсіздерге болады
Аударма: ҚМДБ
11:19
ٱلَّذِينَ يَصُدُّونَ عَن سَبِيلِ ٱللَّهِ وَيَبۡغُونَهَا عِوَجٗا وَهُم بِٱلۡأٓخِرَةِ هُمۡ كَٰفِرُونَ
Олар сондай Алланың жолынан тосады да оны қисайтуға тырысады. Тағы олар ақиретке қарсы келушілер
Аударма: Халифа Алтай
Олар / адамдарды / Аллаһтың жолынан қайтарады және оны қисайтуға / бұрмалауға / тырысады. Әрі олар - соңғы мәңгілік өмірге / ақиретке / сенбеушілер
Аударма: ҚМДБ
11:20
أُوْلَـٰٓئِكَ لَمۡ يَكُونُواْ مُعۡجِزِينَ فِي ٱلۡأَرۡضِ وَمَا كَانَ لَهُم مِّن دُونِ ٱللَّهِ مِنۡ أَوۡلِيَآءَۘ يُضَٰعَفُ لَهُمُ ٱلۡعَذَابُۚ مَا كَانُواْ يَسۡتَطِيعُونَ ٱلسَّمۡعَ وَمَا كَانُواْ يُبۡصِرُونَ
Бұлар жер жүзінде Алланы нашарлата алмайды. Әрі олардың Алладан өзге жәрдемшілері жоқ. Оларға азап еселеніп отырады. Өйткені, олар ести алмайды да көре алмайды
Аударма: Халифа Алтай
Міне солар жер бетінде / Аллаһтың азабын / әлсірете алмайды. Әрі оларда Аллаһтан өзге қамқоршылар болмайды. Оларға азап еселеніп арттырылады. Олар / ақиқатты / еститін хәлде болмады әрі көрмеді
Аударма: ҚМДБ
11:21
أُوْلَـٰٓئِكَ ٱلَّذِينَ خَسِرُوٓاْ أَنفُسَهُمۡ وَضَلَّ عَنۡهُم مَّا كَانُواْ يَفۡتَرُونَ
Міне солар, өздеріне зиян етеді. Жасама Тәңірлері олардан безіп жоқ болады
Аударма: Халифа Алтай
Міне, солар - өздерін-өздері жоғалтқандар / зиянғаұшыратқандар / . Әрі ойдан шығарған нәрселері олардан жоқ болып кетті
Аударма: ҚМДБ
11:22
لَا جَرَمَ أَنَّهُمۡ فِي ٱلۡأٓخِرَةِ هُمُ ٱلۡأَخۡسَرُونَ
Күдіксіз олар, ақиретте өте зиянға ұшырағандар
Аударма: Халифа Алтай
Сөзсіз, олар соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / бәрінен көп зиян көретіндер
Аударма: ҚМДБ
11:23
إِنَّ ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَعَمِلُواْ ٱلصَّـٰلِحَٰتِ وَأَخۡبَتُوٓاْ إِلَىٰ رَبِّهِمۡ أُوْلَـٰٓئِكَ أَصۡحَٰبُ ٱلۡجَنَّةِۖ هُمۡ فِيهَا خَٰلِدُونَ
Дау жоқ, иман келтіріп ізгі іс істегендер, раббыларына бой ұсынғандар, олар жаннаттық. Олар, онда мәңгі қалады
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, иманға келген және ізгі амал істеген әрі өздерінің Раббысына беріле бағынғандар, олар - жәннаттық. Олар онда мәңгі қалады
Аударма: ҚМДБ
11:24
۞مَثَلُ ٱلۡفَرِيقَيۡنِ كَٱلۡأَعۡمَىٰ وَٱلۡأَصَمِّ وَٱلۡبَصِيرِ وَٱلسَّمِيعِۚ هَلۡ يَسۡتَوِيَانِ مَثَلًاۚ أَفَلَا تَذَكَّرُونَ
(Кәпір, Мұсылман) екі топтың мысалы: Саңырау мен естуші тәрізді. Мысал тұрғысынан екеуі тең бе? Түсінбейсіңдер ме
Аударма: Халифа Алтай
Екі топтың мысалы: соқыр және керең әрі көруші мен естуші тәрізді. Мысал тұрғысынан бұл екеуі тең бе? Еске алмайсыңдар ма / ғибрат алмайсыңдар ма
Аударма: ҚМДБ
11:25
وَلَقَدۡ أَرۡسَلۡنَا نُوحًا إِلَىٰ قَوۡمِهِۦٓ إِنِّي لَكُمۡ نَذِيرٞ مُّبِينٌ
Әрине біз Нұх (Ғ.С.) ты қауымына жібердік: «Мен сендер үшін ап-ашық бір ескертушімін.»
Аударма: Халифа Алтай
Біз Нұхты еліне жібердік. Ол: «Мен - сендер үшін анық бір ескертушімін
Аударма: ҚМДБ
11:26
أَن لَّا تَعۡبُدُوٓاْ إِلَّا ٱللَّهَۖ إِنِّيٓ أَخَافُ عَلَيۡكُمۡ عَذَابَ يَوۡمٍ أَلِيمٖ
«Аллаға ғана ғйбадат қылыңдар, шынында мен сендерге, күйзелтуші күннің азабынан қорқамын» деді
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһтан басқаға құлшылық етпеңдер.Шын мәнінде, мен сендер үшін күйзелтуші Күннің азабынан қорқамын», - деді
Аударма: ҚМДБ
11:27
فَقَالَ ٱلۡمَلَأُ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ مِن قَوۡمِهِۦ مَا نَرَىٰكَ إِلَّا بَشَرٗا مِّثۡلَنَا وَمَا نَرَىٰكَ ٱتَّبَعَكَ إِلَّا ٱلَّذِينَ هُمۡ أَرَاذِلُنَا بَادِيَ ٱلرَّأۡيِ وَمَا نَرَىٰ لَكُمۡ عَلَيۡنَا مِن فَضۡلِۭ بَلۡ نَظُنُّكُمۡ كَٰذِبِينَ
Елінің қарсы келген бастықтары: «Біз сені өзіміз тәрізді ғана адам көреміз, саған тар көзқарасты қорларымыздан басқанын ергенін көрмейміз. Сондай-ақ сендердің бізге бір артықшыларыңды көрмейміз. Тіпті сендерді өтірікші деп ойлаймыз» деді
Аударма: Халифа Алтай
Оның елінің күпірлік еткен / Оған сенбеген / уәзірлері мен бектері: «Біз сені өзіміз секілді адам көреміз әрі саған арамыздағы тек ең нашарлардың ойланбай-ақ ергенін байқаймыз. Сондай-ақ, сендердің бізге қарағанда бір артықшылықтарыңды көрмейміз. Керісінше, біз сендерді өтірікші деп ойлаймыз», - деді
Аударма: ҚМДБ
11:28
قَالَ يَٰقَوۡمِ أَرَءَيۡتُمۡ إِن كُنتُ عَلَىٰ بَيِّنَةٖ مِّن رَّبِّي وَءَاتَىٰنِي رَحۡمَةٗ مِّنۡ عِندِهِۦ فَعُمِّيَتۡ عَلَيۡكُمۡ أَنُلۡزِمُكُمُوهَا وَأَنتُمۡ لَهَا كَٰرِهُونَ
Нұх (Ғ.С.): «Әй елім! Көрдіңдер ме? Раббым тарапынан ашық бір дәлел үстінде болсам және Ол, өз қасынан бір мәрхамет еткен болса, Ал ол, сендерге көрінбесе, сондай-ақ сендер оны жек көрсеңдер де сендерге оны зорлал қабылдата аламыз ба?» деді
Аударма: Халифа Алтай
Нұх: «Әй, елім! Егер мен Раббымнан келген анық дәлелдің үстінде болсам және Ол маған Өзінен, сендер көре алмайтын бір мейірім / пайғамбарлық / берсе, сонда оны жақтырмасаңдар да сендерге міндеттейік пе
Аударма: ҚМДБ
11:29
وَيَٰقَوۡمِ لَآ أَسۡـَٔلُكُمۡ عَلَيۡهِ مَالًاۖ إِنۡ أَجۡرِيَ إِلَّا عَلَى ٱللَّهِۚ وَمَآ أَنَا۠ بِطَارِدِ ٱلَّذِينَ ءَامَنُوٓاْۚ إِنَّهُم مُّلَٰقُواْ رَبِّهِمۡ وَلَٰكِنِّيٓ أَرَىٰكُمۡ قَوۡمٗا تَجۡهَلُونَ
«Әй елім! Сендерден мал сұрамаймын. Жалақым Аллаға ғана тән. Сондай-ақ иман келтіргендерді қуалаушы емеспін. Өйткені, олар Раббыларына жолығушылар. Бірақ мен сендерді надан көремін»
Аударма: Халифа Алтай
Әй, елім! Мен сендерден бұл үшін дүние сұрамаймын. Анығында, менің сыйым бір Аллаһта. Сондай-ақ, иманға келгендерді қасымнан қуушы емеспін. Ақиқатында, олар - өздерінің Раббысына жолығушылар. Ал, сендерді надандық етушілер ретінде көремін
Аударма: ҚМДБ
11:30
وَيَٰقَوۡمِ مَن يَنصُرُنِي مِنَ ٱللَّهِ إِن طَرَدتُّهُمۡۚ أَفَلَا تَذَكَّرُونَ
«Әй елім! Егер мен оларды қуаласам, мені Алладан кім қорғайды, түсінбейсіңдер ме?»
Аударма: Халифа Алтай
Әй, елім! Егер оларды қусам, мені Аллаһтан кім қорғайды? Еске алмайсыңдар ма / ғибрат алмайсыңдар ма
Аударма: ҚМДБ
11:31
وَلَآ أَقُولُ لَكُمۡ عِندِي خَزَآئِنُ ٱللَّهِ وَلَآ أَعۡلَمُ ٱلۡغَيۡبَ وَلَآ أَقُولُ إِنِّي مَلَكٞ وَلَآ أَقُولُ لِلَّذِينَ تَزۡدَرِيٓ أَعۡيُنُكُمۡ لَن يُؤۡتِيَهُمُ ٱللَّهُ خَيۡرًاۖ ٱللَّهُ أَعۡلَمُ بِمَا فِيٓ أَنفُسِهِمۡ إِنِّيٓ إِذٗا لَّمِنَ ٱلظَّـٰلِمِينَ
Мен сендерге: «Жанымда Алланың қазыналары бар демеймін де көместі де білмеймін. Мен бір періштемін де демеймін. Сондай-ақ көздеріңе ілмейтіндерге: «Алла әсте жақсылық қылмайды» демеймін. Алла олардың ішіндегілерді жақсы біледі. Ол уақытта мен залымдардан болармын» (деді)
Аударма: Халифа Алтай
Сендерге: «Менде Аллаһтың қазыналары бар демеймін және ғайыпты да білмеймін. Әрі: «Мен бір періштемін», - деп те айтпаймын. Сондай-ақ, сендер көздеріңе ілмей, қор санайтындарың туралы: «Аллаһ оларға жақсылық бермейді», - деп айтпаймын. Аллаһ олардың көкіректеріндегіні / жүректеріндегіні / жақсы біледі. Әйтпесе, / егер, олай десем / , онда мен сөзсіз әділетсіздерден боламын», - деді
Аударма: ҚМДБ
11:32
قَالُواْ يَٰنُوحُ قَدۡ جَٰدَلۡتَنَا فَأَكۡثَرۡتَ جِدَٰلَنَا فَأۡتِنَا بِمَا تَعِدُنَآ إِن كُنتَ مِنَ ٱلصَّـٰدِقِينَ
Олар: «Әй Нұх! Рас бізбен жанжалдастың, сондықтан тартысуды көбейтіп жібердің. Егер сөзің шын болса, енді бопсалаған нәрсеңді бізге келтір» деді
Аударма: Халифа Алтай
Олар: «Ей, Нұх! Сен бізбен дауласып, тартысты көбейтіп жібердің. Шын сөзділерден болсаң, енді бізге уәде етіп отырғаныңды / айтқан азапты / келтір», - деді
Аударма: ҚМДБ
11:33
قَالَ إِنَّمَا يَأۡتِيكُم بِهِ ٱللَّهُ إِن شَآءَ وَمَآ أَنتُم بِمُعۡجِزِينَ
Нұх (Ғ.С.): «Оны сендерге қаласа, Алла ғана келтіреді. Сендердің оған шамаларың келмейді» деді
Аударма: Халифа Алтай
Ол: «Оны / азапты / сендерге егер қаласа, тек Аллаһтың Өзі келтіреді. Әрі сендер / Оның азабын / әлсірете алмайсыңдар
Аударма: ҚМДБ
11:34
وَلَا يَنفَعُكُمۡ نُصۡحِيٓ إِنۡ أَرَدتُّ أَنۡ أَنصَحَ لَكُمۡ إِن كَانَ ٱللَّهُ يُرِيدُ أَن يُغۡوِيَكُمۡۚ هُوَ رَبُّكُمۡ وَإِلَيۡهِ تُرۡجَعُونَ
«Егер Алла, сендерді қаңғыртуды қаласа, сендерді үгіттеуді қаласам да үгітім сендерге пайда бермейді. Ол, сендердің Раббыларың. Сол уақытта оған қайтарыласыңдар.»
Аударма: Халифа Алтай
Мен сендерге кеңес беруді қалағаныммен, егер Аллаһ сендерді адастыруды қаласа, онда насихатым сендерге пайда бермейді. Ол - сендердің Раббың. Әрі сендер Оған қайтарыласыңдар», - деді
Аударма: ҚМДБ
11:35
أَمۡ يَقُولُونَ ٱفۡتَرَىٰهُۖ قُلۡ إِنِ ٱفۡتَرَيۡتُهُۥ فَعَلَيَّ إِجۡرَامِي وَأَنَا۠ بَرِيٓءٞ مِّمَّا تُجۡرِمُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.) бәлкім кәпірлер: «Құранды өзі жасады» дей ме?. Оларға: «Егер оны жасаған болсам күнәсы маған тән. Алайда, мен сендердің істеген күнәларыңнан аулақпын» де
Аударма: Халифа Алтай
Әлде олар: «Ол оны ойдан шығарды», - деп айта ма? - / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Егер оны ойдан шығарған болсам, қылмысым өзіме. Ал, сендер істеп жатқан қылмысқа менің қатысым жоқ», - деп
Аударма: ҚМДБ
11:36
وَأُوحِيَ إِلَىٰ نُوحٍ أَنَّهُۥ لَن يُؤۡمِنَ مِن قَوۡمِكَ إِلَّا مَن قَدۡ ءَامَنَ فَلَا تَبۡتَئِسۡ بِمَا كَانُواْ يَفۡعَلُونَ
Сондай-ақ Нұх (Ғ.С.) қа: «Еліңнен иман келтіргеннен басқалары, әсте иман келтірмейді. Енді олардың істегендеріне кейіме» делінген түрде уақи етілді
Аударма: Халифа Алтай
Сонда Нұхқа уахи етілді: «Еліңнен иманға келгендерден басқалары, енді иманға келмейді. Сен олардың істеп жатқандарына қайғырма
Аударма: ҚМДБ
11:37
وَٱصۡنَعِ ٱلۡفُلۡكَ بِأَعۡيُنِنَا وَوَحۡيِنَا وَلَا تُخَٰطِبۡنِي فِي ٱلَّذِينَ ظَلَمُوٓاْ إِنَّهُم مُّغۡرَقُونَ
Көз алдымызда нұсқауымыз бойынша кеме жаса. Залымдар турасында маған айт па! Өйткені, олар суға батырылады
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Біздің көз алдымызда және уахиымыз бойынша кеме жаса. Әрі әділетсіздік еткендер жөнінде Менен сұрама! Анығында, олар суға батырылады
Аударма: ҚМДБ
11:38
وَيَصۡنَعُ ٱلۡفُلۡكَ وَكُلَّمَا مَرَّ عَلَيۡهِ مَلَأٞ مِّن قَوۡمِهِۦ سَخِرُواْ مِنۡهُۚ قَالَ إِن تَسۡخَرُواْ مِنَّا فَإِنَّا نَسۡخَرُ مِنكُمۡ كَمَا تَسۡخَرُونَ
Кемені жасап жатқанда, елінің бастықтары жанынан өткен сайын оны тәлкек қылды. Нұх (Ғ.С.) оларға: «Егер бізді сықақ қылсаңдар, біз де сендерді, бізді сықақ қылғандарыңдай сықақ етеміз» деді
Аударма: Халифа Алтай
Ол кемені жасап жатқанда, елінің уәзірлері мен бектері оның жанынан өт-кен сайын, оны келеке етті. Ал, ол: «Егер бізге күлсеңдер, сендер бізді келеке еткендей, біз де сендерге күлетін боламыз
Аударма: ҚМДБ
11:39
فَسَوۡفَ تَعۡلَمُونَ مَن يَأۡتِيهِ عَذَابٞ يُخۡزِيهِ وَيَحِلُّ عَلَيۡهِ عَذَابٞ مُّقِيمٌ
Ал енді жедел білесіңдер: Қорлайтын азап кімге келер екен және тұрақты азап кімнің басына түседі екен
Аударма: Халифа Алтай
Сендер жақында қорлаушы азаптың кімге келетінін және тұрақты / мәңгілік / азаптың кімнің басына түсетінін білесіңдер!» - деді
Аударма: ҚМДБ
11:40
حَتَّىٰٓ إِذَا جَآءَ أَمۡرُنَا وَفَارَ ٱلتَّنُّورُ قُلۡنَا ٱحۡمِلۡ فِيهَا مِن كُلّٖ زَوۡجَيۡنِ ٱثۡنَيۡنِ وَأَهۡلَكَ إِلَّا مَن سَبَقَ عَلَيۡهِ ٱلۡقَوۡلُ وَمَنۡ ءَامَنَۚ وَمَآ ءَامَنَ مَعَهُۥٓ إِلَّا قَلِيلٞ
Ақыр әміріміз келген заманда, таңдырдан су қайнады. Нұх (Ғ.С.) қа: «Ол кемеге әр нәрседен бір жұп және бұрын үкім етілгеннен басқа семьянды орналастыр. Әрі иман келтіргендерді де ал» дедік. Негізінде онымен бірге иман келтірген өте аз ғана еді
Аударма: Халифа Алтай
Қашан әміріміз келіп, тандырдан су бұрқылдап шыққан кезде, Біз оған: «Оған / кемеге / әрбір түрден жұбымен және үйішіңнен / өздеріне байланысты / сөз бекітіліп қойғандардан басқаларын және иманға келгендерді мінгіз», - дедік. Онымен бірге иманға аз ғана / адам / келген еді
Аударма: ҚМДБ
11:41
۞وَقَالَ ٱرۡكَبُواْ فِيهَا بِسۡمِ ٱللَّهِ مَجۡرٜىٰهَا وَمُرۡسَىٰهَآۚ إِنَّ رَبِّي لَغَفُورٞ رَّحِيمٞ
Нұх (Ғ.С.): «Кемеге отырыңдар. Оның жүруі де тұруы да Алланың атымен. Расында Раббым өте жарылқаушы, ерекше мейірімді» деді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі ол: «Оған мініңдер. Ол Аллаһтың есімімен жүзеді және тоқтайды. Ақиқатында, Раббым өте Кешірімді, ерекше Мейірімді», - деді
Аударма: ҚМДБ
11:42
وَهِيَ تَجۡرِي بِهِمۡ فِي مَوۡجٖ كَٱلۡجِبَالِ وَنَادَىٰ نُوحٌ ٱبۡنَهُۥ وَكَانَ فِي مَعۡزِلٖ يَٰبُنَيَّ ٱرۡكَب مَّعَنَا وَلَا تَكُن مَّعَ ٱلۡكَٰفِرِينَ
Ол кеме оларды, таулардай толқында алып жүрді. Нұх (Ғ.С.) айрылуда болған ұлына: «Әй балақайым! Бізбен бірге кемеге отыр, қарсы болушылардан болма!»,- деп дыбыстады
Аударма: Халифа Алтай
Ол / кеме / оларды таулардай толқындарда алып жүзді. / Сонда / Нұх оқшауланып, шетте тұрған ұлына: «Әй, балам! Бізбен бірге / кемеге / мін әрі кәпірлермен бірге болма!» - деп үн қатты
Аударма: ҚМДБ
11:43
قَالَ سَـَٔاوِيٓ إِلَىٰ جَبَلٖ يَعۡصِمُنِي مِنَ ٱلۡمَآءِۚ قَالَ لَا عَاصِمَ ٱلۡيَوۡمَ مِنۡ أَمۡرِ ٱللَّهِ إِلَّا مَن رَّحِمَۚ وَحَالَ بَيۡنَهُمَا ٱلۡمَوۡجُ فَكَانَ مِنَ ٱلۡمُغۡرَقِينَ
Ұлы, Кенған: «Мені судан сақтайтын тауға паналаймын» деді. Әкесі: «Бүгін Алланың әмірімен сақтаушы жоқ. Бірақ біреуге мәрхамет етсе басқа» дегенде, екеуінің арасына толқын түсіп Кенған суға батқандардан болды
Аударма: Халифа Алтай
Ол: «Мен тауға / шығып / паналаймын, ол мені судан сақтайды», - деді. / Нұх / : «Бүгін Аллаһтың әмірінен сақтаушы жоқ. Тек қана, Ол рақым еткендер ғана / апаттан құтқарылады / », - деді. Сол кезде екеуінің арасын толқын бөліп, ол суға батырылғандардан болды
Аударма: ҚМДБ
11:44
وَقِيلَ يَـٰٓأَرۡضُ ٱبۡلَعِي مَآءَكِ وَيَٰسَمَآءُ أَقۡلِعِي وَغِيضَ ٱلۡمَآءُ وَقُضِيَ ٱلۡأَمۡرُ وَٱسۡتَوَتۡ عَلَى ٱلۡجُودِيِّۖ وَقِيلَ بُعۡدٗا لِّلۡقَوۡمِ ٱلظَّـٰلِمِينَ
«Әй жер! Суыңды жұт! Аспан сен де тоқта» делінді де су тартылды. Іс бітті. Кеме Жуди тауына тоқтады. «Залымдар жоқ болсын!» делінді. (Бұл Жуди тауы Мұсылға жақын)
Аударма: Халифа Алтай
Кейін / : «Ей, жер! Суынды жұт! Ей, Аспан! Тоқтат!» - делінді. Сөйтіп су тартылып, әмір орындалды. Ол / кеме / Жуди / тауына / тоқтады. Сонда: «Әділетсіз адамдар / Аллаһтың мейірімінен / алыстатылсын!» - делінді
Аударма: ҚМДБ
11:45
وَنَادَىٰ نُوحٞ رَّبَّهُۥ فَقَالَ رَبِّ إِنَّ ٱبۡنِي مِنۡ أَهۡلِي وَإِنَّ وَعۡدَكَ ٱلۡحَقُّ وَأَنتَ أَحۡكَمُ ٱلۡحَٰكِمِينَ
Нұх (Ғ.С.) Раббына дабыстап: «Раббым! Күдіксіз ұлым семьямнан ғой. Шәксіз уәдең хақ. Сондай-ақ Сен ең тура үкім етушісің» деді
Аударма: Халифа Алтай
Сонда Нұх Раббысына үндеп: «Раббым! Ұлым менің үй-ішімнен. Сенің уәдең хақ. Әрі Сен - ең әділ үкім етушісің», - деді
Аударма: ҚМДБ
11:46
قَالَ يَٰنُوحُ إِنَّهُۥ لَيۡسَ مِنۡ أَهۡلِكَۖ إِنَّهُۥ عَمَلٌ غَيۡرُ صَٰلِحٖۖ فَلَا تَسۡـَٔلۡنِ مَا لَيۡسَ لَكَ بِهِۦ عِلۡمٌۖ إِنِّيٓ أَعِظُكَ أَن تَكُونَ مِنَ ٱلۡجَٰهِلِينَ
(Алла): «Әй Нұх! Ол, семьяннан емес. Өйткені, оның ісі дұрыс емес. Сондықтан білмеген бір нәрсені Менен тілеме. Сені надандардан болмауыңды насихаттаймын» деді
Аударма: Халифа Алтай
Ол / Аллаһ / : «Ей, Нұх! Ол сенің үй-ішіңнен емес. Анығында, бұл түзу амал емес. Сондықтан өзіңде білімі болмаған нәрсе туралы Менен сұрама. Мен саған надандардан болмауды насихат етемін», - деді
Аударма: ҚМДБ
11:47
قَالَ رَبِّ إِنِّيٓ أَعُوذُ بِكَ أَنۡ أَسۡـَٔلَكَ مَا لَيۡسَ لِي بِهِۦ عِلۡمٞۖ وَإِلَّا تَغۡفِرۡ لِي وَتَرۡحَمۡنِيٓ أَكُن مِّنَ ٱلۡخَٰسِرِينَ
(Нұх Ғ.С.): «Раббым! Расында білмегенімді Сенен тілеуден өзіңе сиынамын. Егер мені жарылқамасаң, маған мәрхамет етпесең зиянға ұшыраушылардан болармын» деді
Аударма: Халифа Алтай
Ол / Нұх / : «Раббым! Өзім білмеген нәрсенісұраудан Өзіңе сыйынып, қорғауыңды тілеймін. Егер мені кешірмесең және маған рақым етпесең, зиян көрушілерден боламын», - деді
Аударма: ҚМДБ
11:48
قِيلَ يَٰنُوحُ ٱهۡبِطۡ بِسَلَٰمٖ مِّنَّا وَبَرَكَٰتٍ عَلَيۡكَ وَعَلَىٰٓ أُمَمٖ مِّمَّن مَّعَكَۚ وَأُمَمٞ سَنُمَتِّعُهُمۡ ثُمَّ يَمَسُّهُم مِّنَّا عَذَابٌ أَلِيمٞ
«Әй Нұх! Саған, сенімен бірге болған топтарға бізден сәлеметтік, молшылықпен кемеден түс! Бір талай топты дүниеде пайдаландырамыз да сонан кейін олар біздің күйзелтуші азабымызға ұшырайды» делінді
Аударма: Халифа Алтай
«Ей, Нұх! Бізден болған амандықпен және саған әрі сенімен бірге / болған / үмметтерге арналған берекелермен түс! Ал, өзге / кәпір / қауымдарды / дүниеде / пайдаландырамыз да кейін оларға Бізден бір қинаушы азап тиеді», - делінді
Аударма: ҚМДБ
11:49
تِلۡكَ مِنۡ أَنۢبَآءِ ٱلۡغَيۡبِ نُوحِيهَآ إِلَيۡكَۖ مَا كُنتَ تَعۡلَمُهَآ أَنتَ وَلَا قَوۡمُكَ مِن قَبۡلِ هَٰذَاۖ فَٱصۡبِرۡۖ إِنَّ ٱلۡعَٰقِبَةَ لِلۡمُتَّقِينَ
(Мұхаммед Ғ.С.) міне бұлар білінбеген еңгімелерден. Оны саған уақи етеміз. Бұдан бұрын оны сен де, қаумың да білмейтін еді. Онда сабыр ет. Расында соңғы табыс тақуалар үшін
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Міне, осы ғайып хабарлардан, оны саған уахи етеміз. Бұдан бұрын сен де, қауымың да, бұл туралы білмеген едіңдер. Ендеше, сабыр ет, анығында соңғы нәтиже - тақуалар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанатындар / үшін
Аударма: ҚМДБ
11:50
وَإِلَىٰ عَادٍ أَخَاهُمۡ هُودٗاۚ قَالَ يَٰقَوۡمِ ٱعۡبُدُواْ ٱللَّهَ مَا لَكُم مِّنۡ إِلَٰهٍ غَيۡرُهُۥٓۖ إِنۡ أَنتُمۡ إِلَّا مُفۡتَرُونَ
Ғад қаумына туыстары Һұд (Ғ.С.) ты жібердік: «Әй елім! Аллаға құлшылық қылыңдар. Сендердің Одан басқа тәңірлерің жоқ. Сендер өте жалақорсыңдар» деді
Аударма: Халифа Алтай
Ад еліне ағайындары Һұдты / жібердік / . Ол: «Әй, елім! Аллаһқа құлшылық етіңдер. Сендер үшін Одан басқа ешбір құдай жоқ. Негізінде, сендер - өтірікті ойдан шығарушысыңдар
Аударма: ҚМДБ
11:51
يَٰقَوۡمِ لَآ أَسۡـَٔلُكُمۡ عَلَيۡهِ أَجۡرًاۖ إِنۡ أَجۡرِيَ إِلَّا عَلَى ٱلَّذِي فَطَرَنِيٓۚ أَفَلَا تَعۡقِلُونَ
«Әй елім! Бұған сендерден жалақы сұрамаймын, еңбегім мені жаратқанға ғана тән. Сонда да түсінбейсіңдер ме?»
Аударма: Халифа Алтай
Әй, елім! Сендерден бұл үшін ақы сұрамаймын, менің сыйымды өзімді жаратқан береді. Ақылдарыңды істетіп, ұғынбайсыңдар ма
Аударма: ҚМДБ
11:52
وَيَٰقَوۡمِ ٱسۡتَغۡفِرُواْ رَبَّكُمۡ ثُمَّ تُوبُوٓاْ إِلَيۡهِ يُرۡسِلِ ٱلسَّمَآءَ عَلَيۡكُم مِّدۡرَارٗا وَيَزِدۡكُمۡ قُوَّةً إِلَىٰ قُوَّتِكُمۡ وَلَا تَتَوَلَّوۡاْ مُجۡرِمِينَ
«Әй халқым! Раббыларыңнан жарылқау тілеңдер. Сонсоң Оған тәубе қылыңдар. Сендерге көктен жаңбыр жаудырып, қуаттарыңның үстіне қуат қоссын. Сондай-ақ күнәкар болып, жалтармаңдар» деді
Аударма: Халифа Алтай
Әй, елім! Өздеріңнің Раббыңнан кешірім тілеңдер. Әрі Оған тәубе етіңдер / істеген күнәларыңа шынайы өкініп, Оғанбойсұнуғақайтыңдар / . Ол сендерге аспаннан мол жаңбыр жібереді және сендердің күш-қуаттарыңа күш-қуат қосады. Қылмыскер болып, теріс бұрылмаңдар», - деді
Аударма: ҚМДБ
11:53
قَالُواْ يَٰهُودُ مَا جِئۡتَنَا بِبَيِّنَةٖ وَمَا نَحۡنُ بِتَارِكِيٓ ءَالِهَتِنَا عَن قَوۡلِكَ وَمَا نَحۡنُ لَكَ بِمُؤۡمِنِينَ
Олар: «Әй Һұд! Сен бізге ашық дәлел келтірмедің. Біздер сенің сөзің бойынша тәңірлерімізді тастамаймыз да саған сенбейміз» деді
Аударма: Халифа Алтай
Олар: «Ей, Һүд! Сен бізге анық дәлел келтірмедің. Біз сенің сөзіңе бола құдайларымызды тастамаймыз әрі саған сенуші емеспіз
Аударма: ҚМДБ
11:54
إِن نَّقُولُ إِلَّا ٱعۡتَرَىٰكَ بَعۡضُ ءَالِهَتِنَا بِسُوٓءٖۗ قَالَ إِنِّيٓ أُشۡهِدُ ٱللَّهَ وَٱشۡهَدُوٓاْ أَنِّي بَرِيٓءٞ مِّمَّا تُشۡرِكُونَ
Олар: «Саған кейбір тәңірлеріміздің киесі тиген екен» деп қана айтамыз. Һұд (Ғ.С.): «Расында мен Алланы айғақ қыламын, сендер де айғақ болыңдар. Мен сендердің Аллаға қосқан шеріктеріңнен аулақпын» деді
Аударма: Халифа Алтай
Біз тек, саған құдайларымыздың бірінің кесірі тиген екен дейміз», - деді. / Һүд / : «Мен Аллаһты куә етемін және сендер де куә болыңдар. Менің қатысым жоқ, сендердің серік қосып
Аударма: ҚМДБ
11:55
مِن دُونِهِۦۖ فَكِيدُونِي جَمِيعٗا ثُمَّ لَا تُنظِرُونِ
«Маған Алладан басқа бәрің мекерлік қылыңдар да сонан кейін мұрса бермеңдер»
Аударма: Халифа Алтай
Одан басқаға табынғандарыңа. Барлығың маған қарсы айла-шарғы жасап, мұрсат бермендер
Аударма: ҚМДБ
11:56
إِنِّي تَوَكَّلۡتُ عَلَى ٱللَّهِ رَبِّي وَرَبِّكُمۚ مَّا مِن دَآبَّةٍ إِلَّا هُوَ ءَاخِذُۢ بِنَاصِيَتِهَآۚ إِنَّ رَبِّي عَلَىٰ صِرَٰطٖ مُّسۡتَقِيمٖ
«Расында мен, менің Раббым әрі сендердің Раббыларың Аллаға тәуекел еттім. Ол, маңдайынан ұстамаған (толық меңгермеген) ешбір жандық жоқ. Күдіксіз Раббым тура жолда»
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, мен өзімнің Раббым және сендердің де Раббың - Аллаһқа жүгініп, Оған өзімді тапсырдым / тәуекел еттім / . Ол кекілінен ұстамаған бірде-бір тірі жан жоқ. Ақиқатында, Раббым тура жолда
Аударма: ҚМДБ
11:57
فَإِن تَوَلَّوۡاْ فَقَدۡ أَبۡلَغۡتُكُم مَّآ أُرۡسِلۡتُ بِهِۦٓ إِلَيۡكُمۡۚ وَيَسۡتَخۡلِفُ رَبِّي قَوۡمًا غَيۡرَكُمۡ وَلَا تَضُرُّونَهُۥ شَيۡـًٔاۚ إِنَّ رَبِّي عَلَىٰ كُلِّ شَيۡءٍ حَفِيظٞ
«Егер жалтарсаңдар да мен шынында өзім арқылы жіберілген нұсқауды сендерге жалғастырдым. Раббым орындарыңа басқа елді әкелсе, сендер оған ешбір зиян келтіре алмайсыңдар. Шынында Раббым әр нәрсені қорғаушы» (деді)
Аударма: Халифа Алтай
Егер теріс бұрылсаңдар, мен шынында сендерге немен жіберілсем, соны өздеріңе жеткіздім. Әрі Раббым сендерді басқалармен алмастырады да, сендер Оған ешбір зиян келтіре алмайсыңдар. Ақиқатында, Раббым - әрбірнәрсені Сақтаушы», - деді
Аударма: ҚМДБ
11:58
وَلَمَّا جَآءَ أَمۡرُنَا نَجَّيۡنَا هُودٗا وَٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ مَعَهُۥ بِرَحۡمَةٖ مِّنَّا وَنَجَّيۡنَٰهُم مِّنۡ عَذَابٍ غَلِيظٖ
Әміріміз келген кезде, Һұд (Ғ.С.) ты және онымен бірге иман келтіргендерді мәрхаметімізбен құтқардық. Сондай-ақ оларды ауыр азаптан да босаттық
Аударма: Халифа Алтай
Әміріміз келген кезде, Һұдты және онымен бірге иманға келгендерді Өзіміздің мейірімімізбен құтқардық әрі Біз оларды ауыр азаптан құтқардық
Аударма: ҚМДБ
11:59
وَتِلۡكَ عَادٞۖ جَحَدُواْ بِـَٔايَٰتِ رَبِّهِمۡ وَعَصَوۡاْ رُسُلَهُۥ وَٱتَّبَعُوٓاْ أَمۡرَ كُلِّ جَبَّارٍ عَنِيدٖ
Осы Ғад елі, Раббыларының аяттарына қарсы келіп, Оның елшілеріне мойындамай әрбір зөрекер тоңмойындардың әміріне бағынды
Аударма: Халифа Алтай
Міне, осы Ад елі өздерінің Раббысының белгі - дәлелдерін теріске шығарды және Оның елшілеріне бағынбады. Әрі олар әрбір өктемшіл қасарушының әміріне ерді
Аударма: ҚМДБ
11:60
وَأُتۡبِعُواْ فِي هَٰذِهِ ٱلدُّنۡيَا لَعۡنَةٗ وَيَوۡمَ ٱلۡقِيَٰمَةِۗ أَلَآ إِنَّ عَادٗا كَفَرُواْ رَبَّهُمۡۗ أَلَا بُعۡدٗا لِّعَادٖ قَوۡمِ هُودٖ
Бұл дүниеде де қиямет күнінде де олардың қырсоңынан лағынет қалмады. Естеріңде болсын! Ғад елі Раббыларына қарсы болды. Естеріңде болсын! Һұттың қауымы Ғад, (мәрхаметтен) аулақ болсын
Аударма: Халифа Алтай
Олар осы өмірде де және Қайта тірілу күні де лағнетте қалды. Біліңдер, Ад елі өздерінің Раббысына күпірлік етті / сенбеді, қарсы келді / .Һұдтың қауымы - Аддықтар / Аллаһтың мейірімінен / алыстатылсын
Аударма: ҚМДБ
11:61
۞وَإِلَىٰ ثَمُودَ أَخَاهُمۡ صَٰلِحٗاۚ قَالَ يَٰقَوۡمِ ٱعۡبُدُواْ ٱللَّهَ مَا لَكُم مِّنۡ إِلَٰهٍ غَيۡرُهُۥۖ هُوَ أَنشَأَكُم مِّنَ ٱلۡأَرۡضِ وَٱسۡتَعۡمَرَكُمۡ فِيهَا فَٱسۡتَغۡفِرُوهُ ثُمَّ تُوبُوٓاْ إِلَيۡهِۚ إِنَّ رَبِّي قَرِيبٞ مُّجِيبٞ
Сәмүд еліне туыстары Саліһ (Ғ.С.) ті жібердік: «Әй елім! Аллаға құлшылық қылыңдар. Сендердің Одан басқа ешбір тәңірлерің жоқ. Ол, сендерді жерден таратып әрі онда өмір сүргізді. Енді Одан жарылқау тілеңдер. Және Оған тәубе қылыңдар. Күдіксіз Раббым жақын тілеуді қабылдаушы» деді
Аударма: Халифа Алтай
Сәмүд еліне ағайындары Салихті / жібердік / . Ол: «Әй, елім! Аллаһқа құлшылық етіңдер. Сендер үшін Одан басқа ешбір құдай жоқ. Ол, сендерді жерден шығарды әрі онда орналастырды. Одан кешірім тілеңдер әрі істеген күнәларыңа шынайы өкініп, Оған бойсұнуға қайтыңдар / тәубеге келіндер / . Ақиқатында, Раббым - өте Жақын, тілейтіндерге Жауап беруші», - деді
Аударма: ҚМДБ
11:62
قَالُواْ يَٰصَٰلِحُ قَدۡ كُنتَ فِينَا مَرۡجُوّٗا قَبۡلَ هَٰذَآۖ أَتَنۡهَىٰنَآ أَن نَّعۡبُدَ مَا يَعۡبُدُ ءَابَآؤُنَا وَإِنَّنَا لَفِي شَكّٖ مِّمَّا تَدۡعُونَآ إِلَيۡهِ مُرِيبٖ
Олар: «Әй Саліһ! Сен бұдан бұрын арамызда үміт күтілген едің. Аталарымыздың табынғанынан бізді тиясың ба? Расында сенің бізді шақырған нәрсеңе күдік ішінде әрі күмәндіміз» деді
Аударма: Халифа Алтай
Олар: «Ей, Салих! Сен осыған дейін біздің арамызда үміт күтілген жан едің. Енді бізді аталарымыз табынған нәрсеге табынудан тиясың ба? Негізінде, біз сенің шақырғаныңнан күмән-күдіктеміз», - деді
Аударма: ҚМДБ
11:63
قَالَ يَٰقَوۡمِ أَرَءَيۡتُمۡ إِن كُنتُ عَلَىٰ بَيِّنَةٖ مِّن رَّبِّي وَءَاتَىٰنِي مِنۡهُ رَحۡمَةٗ فَمَن يَنصُرُنِي مِنَ ٱللَّهِ إِنۡ عَصَيۡتُهُۥۖ فَمَا تَزِيدُونَنِي غَيۡرَ تَخۡسِيرٖ
(Саліһ Ғ.С.): “Әй халқым! Айтыңдаршы, егер мен Раббым тарапынан ашық дәлелде болсам, өз тарапынан маған бір мәрхамат еткен болса да мен оған қарсы келсем, сонда мені Алладан кім қорғайды? Сонда сендер маған зияннан басқаны арттырмайсыңдар” деді
Аударма: Халифа Алтай
Ол / Салих / : «Әй, елім! Айтыңдаршы, егер мен Раббым тарапынан анық дәлел үстінде болсам және Ол маған Өзінен мейірім нәсіп етіп, мен Оған бойсұнбасам, сонда мені Аллаһтан кім қорғайды? Сендер маған зияннан басқа еш нәрсе арттырмайсыңдар
Аударма: ҚМДБ
11:64
وَيَٰقَوۡمِ هَٰذِهِۦ نَاقَةُ ٱللَّهِ لَكُمۡ ءَايَةٗۖ فَذَرُوهَا تَأۡكُلۡ فِيٓ أَرۡضِ ٱللَّهِۖ وَلَا تَمَسُّوهَا بِسُوٓءٖ فَيَأۡخُذَكُمۡ عَذَابٞ قَرِيبٞ
“Әй халқым! Мынау Алланың аруанасы, сендерге бір мұғжиза. Сондықтан оны қойып қойыңдар, Алланың жерінде оттасын. Оған жамандық тигізбеңдер. Онда сендерді жуықта бір азап қолға алады” деді
Аударма: Халифа Алтай
Әй, елім! Мынау - Аллаһтың түйесі, сендер үшін бір мұғжиза-белгі. Ол Аллаһтың жерінде жайылып жүрсін, оны жайына қалдырыңдар. Оған жамандық істеп, тиіспеңдер. Әйтпесе, сендерге жақын тұрған азап тиеді», - деді
Аударма: ҚМДБ
11:65
فَعَقَرُوهَا فَقَالَ تَمَتَّعُواْ فِي دَارِكُمۡ ثَلَٰثَةَ أَيَّامٖۖ ذَٰلِكَ وَعۡدٌ غَيۡرُ مَكۡذُوبٖ
(Сонда да олар оны өлтіріп тастады. Саліһ Ғ.С.): “Жұрттарыңда үш күн бой жасай тұрыңдар. Бұл өтіріксінуге болмайтын бір уәде” деді
Аударма: Халифа Алтай
Олар оның сіңірін кесіп тастады / өлтірді / . Салих: «тұрақтарыңда үш күн рахаттана тұрыңдар. бұл - жалған болмаған бір уәде», - деді
Аударма: ҚМДБ
11:66
فَلَمَّا جَآءَ أَمۡرُنَا نَجَّيۡنَا صَٰلِحٗا وَٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ مَعَهُۥ بِرَحۡمَةٖ مِّنَّا وَمِنۡ خِزۡيِ يَوۡمِئِذٍۚ إِنَّ رَبَّكَ هُوَ ٱلۡقَوِيُّ ٱلۡعَزِيزُ
Ал әміріміз келген кезде, мәрхаматымызбен Саліһ (Ғ.С.) және онымен бірге иман келтіргендерді құтқардық. Сондай-ақ сол күннің қорлығынан да... Күдіксіз Раббың, Ол өте күшті, аса үстем
Аударма: Халифа Алтай
Әміріміз келген кезде, Салихты және онымен бірге иманға келгендерді Өзіміздің мейірімімізбен құтқардық әрі сол күннің қорлығынан да. Ақиқатында Раббың - бәрінен Күшті, өте Үстем
Аударма: ҚМДБ
11:67
وَأَخَذَ ٱلَّذِينَ ظَلَمُواْ ٱلصَّيۡحَةُ فَأَصۡبَحُواْ فِي دِيَٰرِهِمۡ جَٰثِمِينَ
Залымдық істегендерді ащы дауыс алып, олар өз жұртында жалмандарынан түсіп, типыл болды
Аударма: Халифа Алтай
Әділетсіздік еткендерді бір сайха алып, олар үйлерінде етпеттеген / бетін жерге қаратып өлген / күйі қалды
Аударма: ҚМДБ
11:68
كَأَن لَّمۡ يَغۡنَوۡاْ فِيهَآۗ أَلَآ إِنَّ ثَمُودَاْ كَفَرُواْ رَبَّهُمۡۗ أَلَا بُعۡدٗا لِّثَمُودَ
Тіпті ол жерде олар отырмаған сияқты. Естеріңде болсын! Шынында Сәмүд елі Раббыларына қарсы келді. Біліңдер! Сәмүд еліне рахмет жоламасын
Аударма: Халифа Алтай
Тіпті олар ол жерде тұрмаған секілді болды. Біліңдер! Сәмүд елі Раббысына күпірлік етті / иманға келуден бас тартты / . Сәмүдтықтар / Аллаһтың мейірімінен / алыстатылсын
Аударма: ҚМДБ
11:69
وَلَقَدۡ جَآءَتۡ رُسُلُنَآ إِبۡرَٰهِيمَ بِٱلۡبُشۡرَىٰ قَالُواْ سَلَٰمٗاۖ قَالَ سَلَٰمٞۖ فَمَا لَبِثَ أَن جَآءَ بِعِجۡلٍ حَنِيذٖ
Расында елші (періште) леріміз Ыбырайым (Ғ.С.) ға хош хабармен сәлем берді. Ыбырайым (Ғ.С.) олардың сәлемін алыпсонда дереу пысырылған бұзау келтірді
Аударма: Халифа Алтай
Біздің елшілеріміз Ибраһимге хош хабармен келді. Олар: «Сәлем» / амандық болсын / , - деді. Ол да: «Сәлем» / амандық болсын / , - деді. Сөйтіп, ол көп күттірмей, отқа қыздырылып пісірілген бұзауды әкелді
Аударма: ҚМДБ
11:70
فَلَمَّا رَءَآ أَيۡدِيَهُمۡ لَا تَصِلُ إِلَيۡهِ نَكِرَهُمۡ وَأَوۡجَسَ مِنۡهُمۡ خِيفَةٗۚ قَالُواْ لَا تَخَفۡ إِنَّآ أُرۡسِلۡنَآ إِلَىٰ قَوۡمِ لُوطٖ
(Ыбырайым Ғ.С.) олардың қолдарын тигізбегенін көріп, оларды жатырқады да олардан тіксінді. Олар: “Қорықпа! Расында біз Лұт қауымына жіберілдік” деді
Аударма: Халифа Алтай
Олардың / тамаққа / қолдарын созбағанын көріп, оларды жатырқап, қауіптеніп қалды. Олар: «Қорықпа! Негізінде, біз Лұттың еліне жіберілгенбіз», - деді
Аударма: ҚМДБ
11:71
وَٱمۡرَأَتُهُۥ قَآئِمَةٞ فَضَحِكَتۡ فَبَشَّرۡنَٰهَا بِإِسۡحَٰقَ وَمِن وَرَآءِ إِسۡحَٰقَ يَعۡقُوبَ
(Ыбырайым Ғ.С.) ның түрегеп тұрған әйелі күліп жіберді. Сонда оны Ысхақ және артынан Яғқұппен қуандырдық
Аударма: Халифа Алтай
Оның / Ибраһимнің сол жерде / тұрған әйелі күліп жіберді. Біз оны Исхақпен және Исхақтың артынан Яғқұппен сүйіншіледік
Аударма: ҚМДБ
11:72
قَالَتۡ يَٰوَيۡلَتَىٰٓ ءَأَلِدُ وَأَنَا۠ عَجُوزٞ وَهَٰذَا بَعۡلِي شَيۡخًاۖ إِنَّ هَٰذَا لَشَيۡءٌ عَجِيبٞ
(Ыбырайым Ғ.С. ның жұбайы): “Әттең-ай! Мен кемпір мына ерім шал, мен туам ба? Бұл әрине таңғажайып нәрсе!”, - деді
Аударма: Халифа Алтай
Ол / Ибраһимнің жұбайы / : «бұл бір ғажап екен?! Өзім кемпір, ал мына күйеуім шал болса, сонда да туамын ба? Анығында, бұл таңқаларлық нәрсе екен!» - деді
Аударма: ҚМДБ
11:73
قَالُوٓاْ أَتَعۡجَبِينَ مِنۡ أَمۡرِ ٱللَّهِۖ رَحۡمَتُ ٱللَّهِ وَبَرَكَٰتُهُۥ عَلَيۡكُمۡ أَهۡلَ ٱلۡبَيۡتِۚ إِنَّهُۥ حَمِيدٞ مَّجِيدٞ
(Пеіштелер оған): “Сен Алланың әміріне таңғаласың ба? Алланың мәрхаматымен молшылығы сендерге болсын. (Әй Ыбырайым) семьясы Шынында Алла мақтауға лайық, аса жоғары.”
Аударма: Халифа Алтай
Олар / періштелер / : «Сен Аллаһтың әміріне таңқалып тұрсың ба? Ей, үй иелері! Сендерге Аллаһтың мейірімі және берекелері болсын. Шын мәнінде, Ол - аса Мақтаулы, өте Даңқты», - деді
Аударма: ҚМДБ
11:74
فَلَمَّا ذَهَبَ عَنۡ إِبۡرَٰهِيمَ ٱلرَّوۡعُ وَجَآءَتۡهُ ٱلۡبُشۡرَىٰ يُجَٰدِلُنَا فِي قَوۡمِ لُوطٍ
Ыбырайым (Ғ.С.) нан қорқу кетіп, оған қуаныш келген кезде, Біз (елшілеріміз) бен Лұт елі жайында сөзге килікті
Аударма: Халифа Алтай
Ибраһимнен қорқыныш кетіп, оған сүйінішті хабар келген кезде, ол Бізбен Лұт елі жайында сөз қозғай бастады
Аударма: ҚМДБ
11:75
إِنَّ إِبۡرَٰهِيمَ لَحَلِيمٌ أَوَّـٰهٞ مُّنِيبٞ
Шынында Ыбырайым (Ғ.С.) анық жұмсақ, тым қамқор, бой ұсынушы
Аударма: Халифа Алтай
Анығында, Ибраһим ұстамды, беріле бойсұнушы әрі / Раббысына әрдайым / қайтушы еді
Аударма: ҚМДБ
11:76
يَـٰٓإِبۡرَٰهِيمُ أَعۡرِضۡ عَنۡ هَٰذَآۖ إِنَّهُۥ قَدۡ جَآءَ أَمۡرُ رَبِّكَۖ وَإِنَّهُمۡ ءَاتِيهِمۡ عَذَابٌ غَيۡرُ مَرۡدُودٖ
(Періштелер): “Әй Ыбырайым! Бұдан шегін! Өйткені, Раббыңның әмірі келген. Күдіксіз оларға қайтарылмайтын апат келеді” (деді)
Аударма: Халифа Алтай
Олар / періштелер / : «Ей, Ибраһим! мұны қой! Ақиқатында, Раббыңның әмірі келді, оларға кері қайтарылмайтын азап келе жатыр», - деді
Аударма: ҚМДБ
11:77
وَلَمَّا جَآءَتۡ رُسُلُنَا لُوطٗا سِيٓءَ بِهِمۡ وَضَاقَ بِهِمۡ ذَرۡعٗا وَقَالَ هَٰذَا يَوۡمٌ عَصِيبٞ
Елшілеріміз (жас жігіттер бейнесінде) Лұт (Ғ.С.) қа келгенде (елінің сұмдығын ойлап,) олардың келуімен қынжылды да олардың салдарынан көңлі тарайып: “Бұл ауыр бір күн” деді
Аударма: Халифа Алтай
Біздің елшілеріміз Лұтқа келгенде, ол олардың келуімен қынжылып әрі шарасыздана: «бұл - бір ауыр күн», - деді
Аударма: ҚМДБ
11:78
وَجَآءَهُۥ قَوۡمُهُۥ يُهۡرَعُونَ إِلَيۡهِ وَمِن قَبۡلُ كَانُواْ يَعۡمَلُونَ ٱلسَّيِّـَٔاتِۚ قَالَ يَٰقَوۡمِ هَـٰٓؤُلَآءِ بَنَاتِي هُنَّ أَطۡهَرُ لَكُمۡۖ فَٱتَّقُواْ ٱللَّهَ وَلَا تُخۡزُونِ فِي ضَيۡفِيٓۖ أَلَيۡسَ مِنكُمۡ رَجُلٞ رَّشِيدٞ
Қауымы оған жүгірісіп келді. Сондай-ақ олар бұрыннан да жаман істер істейтін еді. (Лұт Ғ.С.): “Әй халқым! Мына қыздарым, олар сендер үшін тағы таза. Енді Алладан қорқыңдар! Қонақтарым жайында мені қорламаңдар. Іштеріңде бір де есті кісі жоқ па?”, - деді. (Лұт Ғ.С. ның “мына қыздарым” дегені, елінің әйелдері еді. Өйткені, Бір пайғамбар үмметінің әкесі жерінде. Б.К.Х.Т.Ж-Қ)
Аударма: Халифа Алтай
Сонда қауымы оған асыға жетіп келді. Олар жаман істерді бұрыннан жасайтын. Ол / Лұт / : «Әй, елім! Мына менің қыздарым, олар - сендер үшін таза. Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар / ! Әрі қонақтарыма қатысты мені қорламаңдар. Араларыңда бір дұрыс кісі болмағаны ма?» - деді
Аударма: ҚМДБ
11:79
قَالُواْ لَقَدۡ عَلِمۡتَ مَا لَنَا فِي بَنَاتِكَ مِنۡ حَقّٖ وَإِنَّكَ لَتَعۡلَمُ مَا نُرِيدُ
Олар: “Сенде білесің. Қыздарыңда жұмысымыз жоқ. Расында сен біздің нені қалайтындығымызды жақсы білесің” деді
Аударма: Халифа Алтай
Олар: «Қыздарында біздің хақымыз / олардың бізге, біздің Оларға қажетіміз / жоқ екенін білесің ғой. Негізінде, біздің не қалайтынымызды сен жақсы білесің», - деді
Аударма: ҚМДБ
11:80
قَالَ لَوۡ أَنَّ لِي بِكُمۡ قُوَّةً أَوۡ ءَاوِيٓ إِلَىٰ رُكۡنٖ شَدِيدٖ
(Лұт Ғ.С.): “Әттең! Сендерге төтеп берер күшім болса не бір мықты бекініске паналасам” деді
Аударма: Халифа Алтай
Ол / Лұт / : «Әттең! Менде сендерге қарсы бір күш-қуат болса еді. Немесе мықты бір таянышым болса еді», - деді
Аударма: ҚМДБ
11:81
قَالُواْ يَٰلُوطُ إِنَّا رُسُلُ رَبِّكَ لَن يَصِلُوٓاْ إِلَيۡكَۖ فَأَسۡرِ بِأَهۡلِكَ بِقِطۡعٖ مِّنَ ٱلَّيۡلِ وَلَا يَلۡتَفِتۡ مِنكُمۡ أَحَدٌ إِلَّا ٱمۡرَأَتَكَۖ إِنَّهُۥ مُصِيبُهَا مَآ أَصَابَهُمۡۚ إِنَّ مَوۡعِدَهُمُ ٱلصُّبۡحُۚ أَلَيۡسَ ٱلصُّبۡحُ بِقَرِيبٖ
(Елшілер): “Әй Лұт! Расында біз Раббыңның елшілеріміз. Олар, әсте саған соқтыға алмайды. Дереу түннің бір бөлімінде үй-ішіңмен жөнел, жұбайыңнан басқа ешкім кейін қалмасын. Өйткені, еліңе келетін апат оған да жетеді. Олардың уәдесі таң. Таң жақын емес пе?”, - деді
Аударма: Халифа Алтай
Олар / періштелер / : «Ей, Лұт! Ақиқатында, біз - Раббыңның елшілеріміз. Олар саған жете алмайды. Түннің бір бөлімінде үй-ішіңді алып шық. Әрі сендерден ешкім бұрылмасын. Тек сенің әйеліңе ғана, оларға тиетін / апат / тиеді. Ақиқатында, олардың белгіленген мезгілі - таң. Таң жақын емес пе?» - деді
Аударма: ҚМДБ
11:82
فَلَمَّا جَآءَ أَمۡرُنَا جَعَلۡنَا عَٰلِيَهَا سَافِلَهَا وَأَمۡطَرۡنَا عَلَيۡهَا حِجَارَةٗ مِّن سِجِّيلٖ مَّنضُودٖ
Оларға апат әміріміз келген сәтте, ол жердің үстін астына келтірдік. Сондай-ақ үстеріне ерекше әзірленіп қыздырылған тас жаудырдық
Аударма: Халифа Алтай
Біздің әміріміз келген кезде, олардың ауылдарын / төңкеріп / астын үстіне келтірдік. Әрі үстіне күйдірілген кесектен тас жаудырдық
Аударма: ҚМДБ
11:83
مُّسَوَّمَةً عِندَ رَبِّكَۖ وَمَا هِيَ مِنَ ٱلظَّـٰلِمِينَ بِبَعِيدٖ
Раббыңның қасында таңбаланған болатын. Бұл апат залымдардан ұзақ емес
Аударма: Халифа Алтай
сондай, Раббыңның құзырында таңбаланған / тастармен / . Әрі ол / жаза / әділетсіздерден алыс емес
Аударма: ҚМДБ
11:84
۞وَإِلَىٰ مَدۡيَنَ أَخَاهُمۡ شُعَيۡبٗاۚ قَالَ يَٰقَوۡمِ ٱعۡبُدُواْ ٱللَّهَ مَا لَكُم مِّنۡ إِلَٰهٍ غَيۡرُهُۥۖ وَلَا تَنقُصُواْ ٱلۡمِكۡيَالَ وَٱلۡمِيزَانَۖ إِنِّيٓ أَرَىٰكُم بِخَيۡرٖ وَإِنِّيٓ أَخَافُ عَلَيۡكُمۡ عَذَابَ يَوۡمٖ مُّحِيطٖ
Мәдянға туыстары Шұғайыпты жібердік: “Әй елім! Аллаға құлшылық қылыңдар. Сендердің одан басқа тәңірлерің жоқ. Сондай-ақ өлшеуді, таразыны кемітпеңдер. Расында мен сендерді молшылық ішінде көремін. Күдіксіз мен сендерге байланысты тырп еткізбейтін күннің азабынан қорқамын” деді
Аударма: Халифа Алтай
Мәдиян еліне, ағайындары Шұғайыпты / жібердік / . Ол: «Әй, елім! Аллаһқа құлшылық етіңдер. Сендер үшін Одан басқа құдай жоқ. Өлшеуді және таразығатартуды кемітпеңдер. Мен сендердің жағдайларыңның жақсы екенін көрудемін. Бірақ, мен сендерді орап алушы Күннің / Қияметтің / азабы тұтуынан қорқамын
Аударма: ҚМДБ
11:85
وَيَٰقَوۡمِ أَوۡفُواْ ٱلۡمِكۡيَالَ وَٱلۡمِيزَانَ بِٱلۡقِسۡطِۖ وَلَا تَبۡخَسُواْ ٱلنَّاسَ أَشۡيَآءَهُمۡ وَلَا تَعۡثَوۡاْ فِي ٱلۡأَرۡضِ مُفۡسِدِينَ
“Әй елім! Өлшеуді, тартуды толық орындаңдар, адамдардың нәрселерін кемітпеңдер! Сондай-ақ жер жүзінде бұзғыншы болып жүрмеңдер.”
Аударма: Халифа Алтай
Әй, елім! Өлшеуді және таразыға тартуды әділдікпен, толық орындаңдар және адамдардың заттарын өлшеуде кемітпеңдер! Әрі жер бетінде бұзушылық жасап бүлдірмеңдер
Аударма: ҚМДБ
11:86
بَقِيَّتُ ٱللَّهِ خَيۡرٞ لَّكُمۡ إِن كُنتُم مُّؤۡمِنِينَۚ وَمَآ أَنَا۠ عَلَيۡكُم بِحَفِيظٖ
“Егер нанатын болсаңдар, сендерге Алланың қалдырған халал нәрсесі хайырлы. Мен сендерге күзетші емеспін”
Аударма: Халифа Алтай
Егер иманды болсаңдар, Аллаһтың сендерге қалдырғаны өздерің үшін қайырлы. Ал, мен сендерді күзетуші емеспін», - деді
Аударма: ҚМДБ
11:87
قَالُواْ يَٰشُعَيۡبُ أَصَلَوٰتُكَ تَأۡمُرُكَ أَن نَّتۡرُكَ مَا يَعۡبُدُ ءَابَآؤُنَآ أَوۡ أَن نَّفۡعَلَ فِيٓ أَمۡوَٰلِنَا مَا نَشَـٰٓؤُاْۖ إِنَّكَ لَأَنتَ ٱلۡحَلِيمُ ٱلرَّشِيدُ
Олар: “Әй Шұғайып! Біздің аталарымыздың табынғанын тастауымызды немесе малдарымызды қалауымызша істетуден тыйылуымызды саған намазың әмір ете ме? Тіпті сен өте жұмсақ, аса есті көрінесің” деді
Аударма: Халифа Алтай
Олар: «Ей, Шұғайып! Ата-бабаларымыз табынып келгенге табынуды немесе өз дүниелерімізге қалағанымызды істеуден бас тартуымызды, саған сенің намазың бұйыра ма? Негізінде, сен «ұстамды, тура жолды тапқан адамсың», - деді / келеке етіп
Аударма: ҚМДБ
11:88
قَالَ يَٰقَوۡمِ أَرَءَيۡتُمۡ إِن كُنتُ عَلَىٰ بَيِّنَةٖ مِّن رَّبِّي وَرَزَقَنِي مِنۡهُ رِزۡقًا حَسَنٗاۚ وَمَآ أُرِيدُ أَنۡ أُخَالِفَكُمۡ إِلَىٰ مَآ أَنۡهَىٰكُمۡ عَنۡهُۚ إِنۡ أُرِيدُ إِلَّا ٱلۡإِصۡلَٰحَ مَا ٱسۡتَطَعۡتُۚ وَمَا تَوۡفِيقِيٓ إِلَّا بِٱللَّهِۚ عَلَيۡهِ تَوَكَّلۡتُ وَإِلَيۡهِ أُنِيبُ
(Шұғайып Ғ.С.): “Әй халқым! Айтыңдаршы! Егер мен Раббым тарапынан ашық дәлел үстінде болсам және өз қасынан маған көркем ризық берген болса, сендерді тыйған нәрсемді өзім істеп, сендерге қарсы келуді қаламаймын. Шамам келгенінше түзелтуді ғана қалаймын. Табысты болуым, Аллаға ғана байланысты, Оған тәуекел еттім әрі Оған бой ұсынамын” деді
Аударма: Халифа Алтай
Ол / Шұғайып / : «Әй, елім! Айтыңдаршы, егер мен Раббым тарапынан анық дәлел үстінде болсам және Ол маған жақсы бір ризық берген болса, мен сендерге тыйым салған нәрсені өзім істеп, сендерге айтқаныма өзім кереғар келуді қаламаймын. Негізінде, мен шамам жеткенше, түзетуді ғана қалаймын. Әрі менің табысты болуым / маған көмек / тек бір Аллаһтан. Мен Аллаһқа • жүгініп, өзімді Оған тапсырдым / тәуекел еттім / , әрі істеген күнәм үшін шынайы өкініп, Оған бойсұнуға қайтамын / тәубе етемін
Аударма: ҚМДБ
11:89
وَيَٰقَوۡمِ لَا يَجۡرِمَنَّكُمۡ شِقَاقِيٓ أَن يُصِيبَكُم مِّثۡلُ مَآ أَصَابَ قَوۡمَ نُوحٍ أَوۡ قَوۡمَ هُودٍ أَوۡ قَوۡمَ صَٰلِحٖۚ وَمَا قَوۡمُ لُوطٖ مِّنكُم بِبَعِيدٖ
“Әй халқым! Маған қарсы келулерің, өздеріңе Нұх қауымы не Һұд қауымы немесе Саліһ қауымына келген тәрізді ауыршылық келтірмесін! Сондай-ақ Лұт елі сендерден ұзақ емес”
Аударма: Халифа Алтай
Ей, елім! Менімен келіспей бөлінулерің, сендерді Нұх елі, не Һүд елі немесе Салих елі ұшыраған сияқтыға ұшыратпасын! Әрі Лұт елі де сендерден алыс емес
Аударма: ҚМДБ
11:90
وَٱسۡتَغۡفِرُواْ رَبَّكُمۡ ثُمَّ تُوبُوٓاْ إِلَيۡهِۚ إِنَّ رَبِّي رَحِيمٞ وَدُودٞ
“Раббыларыңнан жарылқау тілеңдер. Сонсоң Оған тәубе қылыңдар. Шынында менің Раббым ерекше мейірімді, өте сүйгіш....”
Аударма: Халифа Алтай
Өздеріңнің Раббыңнан кешірім тілеңдер, содан кейін істеген күнәларыңа шынайы өкініп, Оғанбойсұнуға қайтыңдар / тәубеге келіңдер / . Ақиқатында, Раббым - ерекше Мейірімді, жақсы көруші»
Аударма: ҚМДБ
11:91
قَالُواْ يَٰشُعَيۡبُ مَا نَفۡقَهُ كَثِيرٗا مِّمَّا تَقُولُ وَإِنَّا لَنَرَىٰكَ فِينَا ضَعِيفٗاۖ وَلَوۡلَا رَهۡطُكَ لَرَجَمۡنَٰكَۖ وَمَآ أَنتَ عَلَيۡنَا بِعَزِيزٖ
Олар: “Әй Шұғайып! Біз сенің айтқаның көбіне түсінбейміз. Әрі сені ішімізде әрине төмен көреміз. Егер ағайының болмаса еді, әлбетте таспен атып өлтірер едік. Сондай-ақ сен бізге кәдірлі емессің” деді
Аударма: Халифа Алтай
Олар: «Ей, Шұғайып! Біз сен айтқанның көбін түсінбейміз. Әрі сені арамызда әлсіз көреміз. Егер де ағайындарың болмағанда, саған қатты ұрысушы едік. Сондай-ақ, сенің біздің алдымызда қадірің жоқ», - деді
Аударма: ҚМДБ
11:92
قَالَ يَٰقَوۡمِ أَرَهۡطِيٓ أَعَزُّ عَلَيۡكُم مِّنَ ٱللَّهِ وَٱتَّخَذۡتُمُوهُ وَرَآءَكُمۡ ظِهۡرِيًّاۖ إِنَّ رَبِّي بِمَا تَعۡمَلُونَ مُحِيطٞ
(Шұғайып Ғ.С.): “Әй халқым! Сендерге Алладан ағайыным қадырлы ма? Алланы мүлде арқаларыңның артына тастадыңдар. Расында Раббым не істегендеріңді толық білуші” деді
Аударма: Халифа Алтай
Ол: «Әй, елім! Сендерге менің ағайындарым Аллаһтан қадірлі ме? Сендер оны / Аллаһтың бұйрықтарын / ІШ арттарыңда қалдырдыңдар. Ақиқатында, Раббым не істеп жатқандарыңды Қамтушы
Аударма: ҚМДБ
11:93
وَيَٰقَوۡمِ ٱعۡمَلُواْ عَلَىٰ مَكَانَتِكُمۡ إِنِّي عَٰمِلٞۖ سَوۡفَ تَعۡلَمُونَ مَن يَأۡتِيهِ عَذَابٞ يُخۡزِيهِ وَمَنۡ هُوَ كَٰذِبٞۖ وَٱرۡتَقِبُوٓاْ إِنِّي مَعَكُمۡ رَقِيبٞ
“Әй халқым! Қолдарыңнан келгенін істеңдер, мен де істеймін. (Міндетімді атқарамын.) Жақында қорлаушы азаптың кімге келетінін және кімнің өтірікші екенін білесіңдер. Енді бақылаңдар! Әрине мен де сендермен бірге бақылаушымын” деді
Аударма: Халифа Алтай
Әй, елім! Әрекеттеріңді білгендеріңше жалғастыра беріңдер, мен де әрекет етушімін. Қорлайтын азаптың кімге келетінін және кімнің өтірікші екенін жақында білесіңдер. Енді күтіңдер! Мен де - сендермен бірге күтушімін», - деді
Аударма: ҚМДБ
11:94
وَلَمَّا جَآءَ أَمۡرُنَا نَجَّيۡنَا شُعَيۡبٗا وَٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ مَعَهُۥ بِرَحۡمَةٖ مِّنَّا وَأَخَذَتِ ٱلَّذِينَ ظَلَمُواْ ٱلصَّيۡحَةُ فَأَصۡبَحُواْ فِي دِيَٰرِهِمۡ جَٰثِمِينَ
Әміріміз келген заман, Шұғайып (Ғ.С.) ды және онымен бірге иман келтіргендерді мәрхаматымызбен құтқардық. Сондай-ақ залымдық қылғандарды бір ащы дауыс қолға алды да жұрттарында етбеттеген бойда жоққа айналды
Аударма: Халифа Алтай
Ал, әміріміз келген кезде, Шұғайып және онымен бірге иманға келгендерді Өз мейірімімізбен құтқардық. Әрі әділетсіздік еткендерге бір сайха тұтты. Сөйтіп, олар үйлерінде етпеттеген күйде қалды
Аударма: ҚМДБ
11:95
كَأَن لَّمۡ يَغۡنَوۡاْ فِيهَآۗ أَلَا بُعۡدٗا لِّمَدۡيَنَ كَمَا بَعِدَتۡ ثَمُودُ
Тіпті ол жерде отырмағандай. Естеріңде болсын! Сәмүд елі мәрхаметтен ұзақтасқандай Мәдян елі де ұзақтасты
Аударма: Халифа Алтай
Тіпті олар ол жерде тұрмаған секілді болды. Міне, солай, Самуд елі алыстатылғандай, Мәдиян елі де / Аллаһтың мейірімінен / алыстатылсын
Аударма: ҚМДБ
11:96
وَلَقَدۡ أَرۡسَلۡنَا مُوسَىٰ بِـَٔايَٰتِنَا وَسُلۡطَٰنٖ مُّبِينٍ
Расында Мұса (Ғ.С.) ны аяттарымызбен және ашық дәлелмен жібердік
Аударма: Халифа Алтай
Біз Мұсаны белгілерімізбен және анық дәлелмен жібердік
Аударма: ҚМДБ
11:97
إِلَىٰ فِرۡعَوۡنَ وَمَلَإِيْهِۦ فَٱتَّبَعُوٓاْ أَمۡرَ فِرۡعَوۡنَۖ وَمَآ أَمۡرُ فِرۡعَوۡنَ بِرَشِيدٖ
Перғауынға және шонжарларына жіберсек те олар Перғауынның әміріне бағынды. Перғауынның әмірі тура емес еді
Аударма: Халифа Алтай
Фиръаунға және оның уәзір, бектеріне. Олар Фиръаунның әміріне ерді. Ал, Фиръаунның әмірі дұрыс емес еді
Аударма: ҚМДБ
11:98
يَقۡدُمُ قَوۡمَهُۥ يَوۡمَ ٱلۡقِيَٰمَةِ فَأَوۡرَدَهُمُ ٱلنَّارَۖ وَبِئۡسَ ٱلۡوِرۡدُ ٱلۡمَوۡرُودُ
Перғауын қиямет күні елінің алдына түседі. Оларды тозаққа апарады. Ол баратын жер нендей жаман бір жер
Аударма: Халифа Алтай
Ол / Фиръаун / Қайта тірілу / қиямет / күні елінің алдында жүріп, оларды Оттағысуатқа алып келеді. Олар баратын суатнеткен жаман
Аударма: ҚМДБ
11:99
وَأُتۡبِعُواْ فِي هَٰذِهِۦ لَعۡنَةٗ وَيَوۡمَ ٱلۡقِيَٰمَةِۚ بِئۡسَ ٱلرِّفۡدُ ٱلۡمَرۡفُودُ
Бұл дүниеде де қиямет күнінде де лағынет оның қырсоңынан қалмайды. Ол нендей жаман сыбаға
Аударма: Халифа Алтай
Олардан осы өмірде де, Қайта тірілу / қиямет / күні де қарғыс қалмайды. Бұл берілген сый неткен жаман
Аударма: ҚМДБ
11:100
ذَٰلِكَ مِنۡ أَنۢبَآءِ ٱلۡقُرَىٰ نَقُصُّهُۥ عَلَيۡكَۖ مِنۡهَا قَآئِمٞ وَحَصِيدٞ
(Мұхаммед Ғ.С.) осы өлкелердің хабары. Саған оны баян етеміз. Олардың кейі тұр, кейі орылып жоғалған
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Міне, осы елді мекендердің кейбір хабарларын саған баян етеміз. Олардың кейбірі орнында тұр, ал кейбірі орылған / жойылған
Аударма: ҚМДБ
11:101
وَمَا ظَلَمۡنَٰهُمۡ وَلَٰكِن ظَلَمُوٓاْ أَنفُسَهُمۡۖ فَمَآ أَغۡنَتۡ عَنۡهُمۡ ءَالِهَتُهُمُ ٱلَّتِي يَدۡعُونَ مِن دُونِ ٱللَّهِ مِن شَيۡءٖ لَّمَّا جَآءَ أَمۡرُ رَبِّكَۖ وَمَا زَادُوهُمۡ غَيۡرَ تَتۡبِيبٖ
Біз оларға зұлымдық қылмадық. Олар өздеріне зұлымдық етті. Раббыңның әмірі келген сәтте, олардың Алладан өзге жалбарынғандары өздеріне ешбір пайда келтірмеді. Сондай-ақ зияндарын арттырғаннан басқа түкке тұрмады
Аударма: Халифа Алтай
Біз оларға әділетсіздік етпедік. Олар өздеріне-өздері әділетсіздік етті. Раббыңның әмірі келген кезде, Аллаһтан өзге жалбарынған құдайлары оларға ешбір пайда келтірмеді. Әрі Оларға зияннан басқаны арттырмады
Аударма: ҚМДБ
11:102
وَكَذَٰلِكَ أَخۡذُ رَبِّكَ إِذَآ أَخَذَ ٱلۡقُرَىٰ وَهِيَ ظَٰلِمَةٌۚ إِنَّ أَخۡذَهُۥٓ أَلِيمٞ شَدِيدٌ
(Мұхаммед Ғ.С.) Раббың қолға алғанда, кенттердің залым халқын өстіп алады; күдіксіз Оның соққысы қатты күйзелтеді
Аударма: Халифа Алтай
Әділетсіз елді мекендерді ұстаған кезде, Раббыңның ұстауы / жазалауы / осындай болды. Ақиқатында, Оның ұстауы / жазалауы / -күйзелтуші, қатты
Аударма: ҚМДБ
11:103
إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَةٗ لِّمَنۡ خَافَ عَذَابَ ٱلۡأٓخِرَةِۚ ذَٰلِكَ يَوۡمٞ مَّجۡمُوعٞ لَّهُ ٱلنَّاسُ وَذَٰلِكَ يَوۡمٞ مَّشۡهُودٞ
Күдіксіз осы да ақирет азабынан қорыққан кісілерге әрине дәлел бар. Қиямет; адамдардың жиналатын күні. Сондай-ақ ол, әзір болатын бір күн
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, мұнда соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / азабынан қорыққандар үшін ғибрат бар. Бұл - барлық адамдар жиналатын күн. Әрі барлығы қатысатын күн
Аударма: ҚМДБ
11:104
وَمَا نُؤَخِّرُهُۥٓ إِلَّا لِأَجَلٖ مَّعۡدُودٖ
Ол қиямет күнін, санаулы бір мерзім ғана кешіктіреміз
Аударма: Халифа Алтай
Біз оны / қайта тірілетін күнді / белгіленген бір мерзімге дейін ғана кешіктіреміз
Аударма: ҚМДБ
11:105
يَوۡمَ يَأۡتِ لَا تَكَلَّمُ نَفۡسٌ إِلَّا بِإِذۡنِهِۦۚ فَمِنۡهُمۡ شَقِيّٞ وَسَعِيدٞ
Ол күн келсе, Алланың рұқсатынсыз ешкім сөйлемейді. Олардың сорлысы да бақыттысы да бар
Аударма: Халифа Алтай
Ол / қайта тірілетін күн / келген күні, ешбір жан Оның рұқсатынсыз сөйлемейді. Олардың ішінде бақытсызы да, бақыттысы да болады
Аударма: ҚМДБ
11:106
فَأَمَّا ٱلَّذِينَ شَقُواْ فَفِي ٱلنَّارِ لَهُمۡ فِيهَا زَفِيرٞ وَشَهِيقٌ
Ал енді сорлылар, тозақта ыңыранып, шыңғырады
Аударма: Халифа Алтай
Сонда бақытсыз болғандар Отта болады. Оларға ол жерде ыңырану мен өкіру бар
Аударма: ҚМДБ
11:107
خَٰلِدِينَ فِيهَا مَا دَامَتِ ٱلسَّمَٰوَٰتُ وَٱلۡأَرۡضُ إِلَّا مَا شَآءَ رَبُّكَۚ إِنَّ رَبَّكَ فَعَّالٞ لِّمَا يُرِيدُ
Олар тозақта көктер мен жердің тұруынша мүлде қалады. Бірақ Раббың қаласа басқа. Шынында Раббың қалағанын толық орындаушы
Аударма: Халифа Алтай
Олар - аспандар мен жер тұрғанынша, онда / тозақта / мәңгі қалушылар, тек Раббыңның қалағанынан басқа. Ақиқатында, Раббың - Өзінің қалағанын Орындаушы
Аударма: ҚМДБ
11:108
۞وَأَمَّا ٱلَّذِينَ سُعِدُواْ فَفِي ٱلۡجَنَّةِ خَٰلِدِينَ فِيهَا مَا دَامَتِ ٱلسَّمَٰوَٰتُ وَٱلۡأَرۡضُ إِلَّا مَا شَآءَ رَبُّكَۖ عَطَآءً غَيۡرَ مَجۡذُوذٖ
Ал енді бақытты болғандар, жаннаттық болады. Олар жаннатта көктер мен жердің тұруынша мәңгі қалады. Бірақ Раббың қаласа басқа. Бұл үздіксіз бір сыйлық
Аударма: Халифа Алтай
Ал, бақытты етілгендер - Жәннатта. Олар - аспандар мен жер тұрғанынша, он­да мәңгі қалушылар, тек Раббыңның қалағанынан басқа. Бұл - бір толассыз сый
Аударма: ҚМДБ
11:109
فَلَا تَكُ فِي مِرۡيَةٖ مِّمَّا يَعۡبُدُ هَـٰٓؤُلَآءِۚ مَا يَعۡبُدُونَ إِلَّا كَمَا يَعۡبُدُ ءَابَآؤُهُم مِّن قَبۡلُۚ وَإِنَّا لَمُوَفُّوهُمۡ نَصِيبَهُمۡ غَيۡرَ مَنقُوصٖ
(Мұхаммед Ғ.С.) онда олардың табынғандарына байланысты күдікте болма. Олар ата-бабаларыңның бұрыннан табынғандары құсап табынады. Әрине біз олардың сыбағаларын кемітпей береміз
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Олардың табынғандарына қатысты күмәнда болма. Олар ата-бабалары бұрын табынғандары секілді табынады. Біз олардың үлестерін кемітпей, толық қайтарамыз
Аударма: ҚМДБ
11:110
وَلَقَدۡ ءَاتَيۡنَا مُوسَى ٱلۡكِتَٰبَ فَٱخۡتُلِفَ فِيهِۚ وَلَوۡلَا كَلِمَةٞ سَبَقَتۡ مِن رَّبِّكَ لَقُضِيَ بَيۡنَهُمۡۚ وَإِنَّهُمۡ لَفِي شَكّٖ مِّنۡهُ مُرِيبٖ
Расында Мұса (Ғ.С.) ға Кітап бердік. Сонда да қайшылық тудырылды. Егер Раббыңнан сөз берілмеген болса еді, (бұйрық солай болмаса еді,) әрине араларына үкім берілген болар еді. Расында олар Құраннан шәк ішінде күдіктенуде
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, Біз Мұсаға Кітап бердік, ал ол туралы / қауымы арасында / келіспеушілік туды. Егер де Раббыңнан алдын ала бекітілген бір сөз болмағанда, олардың араларына шешім шығарылған болар еді. Негізінде, бұлар бұған / Құранға / қатысты күмән - күдік ішінде
Аударма: ҚМДБ
11:111
وَإِنَّ كُلّٗا لَّمَّا لَيُوَفِّيَنَّهُمۡ رَبُّكَ أَعۡمَٰلَهُمۡۚ إِنَّهُۥ بِمَا يَعۡمَلُونَ خَبِيرٞ
(Мұхаммед Ғ.С.) күдіксіз Раббың; олардың барлығының істегендерінің бодауын әрине толық береді. Өйткені Ол, олардың істегендерін толық біледі
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Ақиқатында, Раббың барлығына, олардың амалдарына сай толық қайтарымын береді. Шын мәнінде, Ол - олардың не істеп жатқандарынан Хабардар
Аударма: ҚМДБ
11:112
فَٱسۡتَقِمۡ كَمَآ أُمِرۡتَ وَمَن تَابَ مَعَكَ وَلَا تَطۡغَوۡاْۚ إِنَّهُۥ بِمَا تَعۡمَلُونَ بَصِيرٞ
(Мұхаммед Ғ.С.) бұйырылылғанындай тура бол! Сенімен бірге тәубе еткен кісілер де. Және артық кетпеңдер! Өйткені Алла, не істегендеріңді толық көруші
Аударма: Халифа Алтай
Сен өзіңе бұйырылғандай туралықты ұстан әрі сенімен бірге тәубе еткендер де / туралықты ұстансын / . Әрі шектен шықпаңдар. Ақиқатында, Ол - не істеп жатқандарыңды Көруші
Аударма: ҚМДБ
11:113
وَلَا تَرۡكَنُوٓاْ إِلَى ٱلَّذِينَ ظَلَمُواْ فَتَمَسَّكُمُ ٱلنَّارُ وَمَا لَكُم مِّن دُونِ ٱللَّهِ مِنۡ أَوۡلِيَآءَ ثُمَّ لَا تُنصَرُونَ
Сондай зұлымдық істегендерге бейім сыңай байқатпаңдар. Онда сендерге тозақ кездеседі. Сендерге Алладан басқа дос болмайды, сонсоң көмек те көрмейсіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Әділетсіздік еткендерге сүйенбеңдер. Онда сендерге тозақ оты тиеді әрі сендерге Аллаһтан өзге қамқоршылар болмайды. Содан кейін сендерге көмек көрсетілмейді
Аударма: ҚМДБ
11:114
وَأَقِمِ ٱلصَّلَوٰةَ طَرَفَيِ ٱلنَّهَارِ وَزُلَفٗا مِّنَ ٱلَّيۡلِۚ إِنَّ ٱلۡحَسَنَٰتِ يُذۡهِبۡنَ ٱلسَّيِّـَٔاتِۚ ذَٰلِكَ ذِكۡرَىٰ لِلذَّـٰكِرِينَ
(Мұхаммед Ғ.С.) күндіздің екі жағында, (таң және екінді намазы) Түннің күндізге таяу кезінде, (ақшам, жашыйық) намазын толық орында. Шынында жақсылықтар, жамандықтарды жояды. Бұл түсінушілер үшін бір насихат
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Күндіздің екі шетінде және түннің белгілі мезгілдерінде намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орында. Ақиқатында, жақсылықтар жамандықтарды кетіреді. Міне, осы - еске алушылар үшін еске салу, / ескерту
Аударма: ҚМДБ
11:115
وَٱصۡبِرۡ فَإِنَّ ٱللَّهَ لَا يُضِيعُ أَجۡرَ ٱلۡمُحۡسِنِينَ
(Мұхаммед Ғ.С.) сабыр ет. Расында Алла, жақсылық істеушілердің еңбегін жоймайды
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Сабыр ет. Ақиқатында, Аллаһ жақсылықты ықыласпен істеушілердің сыйын зая кетірмейді
Аударма: ҚМДБ
11:116
فَلَوۡلَا كَانَ مِنَ ٱلۡقُرُونِ مِن قَبۡلِكُمۡ أُوْلُواْ بَقِيَّةٖ يَنۡهَوۡنَ عَنِ ٱلۡفَسَادِ فِي ٱلۡأَرۡضِ إِلَّا قَلِيلٗا مِّمَّنۡ أَنجَيۡنَا مِنۡهُمۡۗ وَٱتَّبَعَ ٱلَّذِينَ ظَلَمُواْ مَآ أُتۡرِفُواْ فِيهِ وَكَانُواْ مُجۡرِمِينَ
Сендерден бұрыңғы ғасырлардағы ақыл иелері, жер жүзіндегі бұзықтықтан тыйса еді? Бірақ олардың азын ғана құтқардық. Зұлымдық істегендер, берілген жоғары тұрмыстың соңына түсіп күнәкар болды
Аударма: Халифа Алтай
Сендерге дейінгі ұрпақтардың ішінде, жер бетінде бұзықтықтан қайтаратын даналық иелері болғанда / елдеріне зор пайда әкелер еді / . Алайда құтқарғанымыздан олардан өте азы болды. Ал, әділетсіздік еткендер, өздеріне берілген сән-салтанат, рахатқа ерді, сөйтіп қылмыскер болды
Аударма: ҚМДБ
11:117
وَمَا كَانَ رَبُّكَ لِيُهۡلِكَ ٱلۡقُرَىٰ بِظُلۡمٖ وَأَهۡلُهَا مُصۡلِحُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.) Раббың халқы түзу болған кенттерді орынсыз жоқ етпейді
Аударма: Халифа Алтай
Тұрғындары түзу болып тұрған елді мекендерді, сенің Раббың әділетсіздікпен жоймайды
Аударма: ҚМДБ
11:118
وَلَوۡ شَآءَ رَبُّكَ لَجَعَلَ ٱلنَّاسَ أُمَّةٗ وَٰحِدَةٗۖ وَلَا يَزَالُونَ مُخۡتَلِفِينَ
(Мұхаммед Ғ.С.) егер Раббың қаласа, адамдарды бір-ақ үммет қылар еді. Олар үнемі қайшылықта тұруда. (Алла Т. сынақ үшін еркіне қойды. Б.М.Р.Т.Ж-Қ)
Аударма: Халифа Алтай
Егер де Раббың қалағанда, адамдарды бір-ақ үммет етер еді. Ал, олар қайшылыққа түсулерін үнемі жалғастыруда
Аударма: ҚМДБ
11:119
إِلَّا مَن رَّحِمَ رَبُّكَۚ وَلِذَٰلِكَ خَلَقَهُمۡۗ وَتَمَّتۡ كَلِمَةُ رَبِّكَ لَأَمۡلَأَنَّ جَهَنَّمَ مِنَ ٱلۡجِنَّةِ وَٱلنَّاسِ أَجۡمَعِينَ
Бірақ Раббыңның мәрхамет еткені басқа. Оларды сол үшін жаратты. Раббыңның: “Әрине тозақты бүкіл жындар және адамдармен толтырамын” деген сөзі тура шықты
Аударма: Халифа Алтай
{тек Раббыңның рақым еткендері ғана / одан аман / }т Ол / Аллаһ / оларды осы үшін жаратты. Раббыңның: «Мен Жаһаннамды жындар және адамдардың бәрімен толтырамын», - деген сөзі орындалды
Аударма: ҚМДБ
11:120
وَكُلّٗا نَّقُصُّ عَلَيۡكَ مِنۡ أَنۢبَآءِ ٱلرُّسُلِ مَا نُثَبِّتُ بِهِۦ فُؤَادَكَۚ وَجَآءَكَ فِي هَٰذِهِ ٱلۡحَقُّ وَمَوۡعِظَةٞ وَذِكۡرَىٰ لِلۡمُؤۡمِنِينَ
(Мұхаммед Ғ.С.) саған пайғамбарлардың қиссасын көңліңді орнықтыру тұрғысынан баян етеміз. Осында саған хақиқат және мүміндер үшін бір насихат әрі түсінік келді
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Біз саған елшілер жайлы хабарларды, жүрегінді орнықтыру үшін баян етеміз. Саған Мұнда ақиқат және иманға келгендер үшін насихат әрі еске салу / ескерту / келді
Аударма: ҚМДБ
11:121
وَقُل لِّلَّذِينَ لَا يُؤۡمِنُونَ ٱعۡمَلُواْ عَلَىٰ مَكَانَتِكُمۡ إِنَّا عَٰمِلُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.) сондай иман келтірмегендерге: “Өздеріңше істеңдер, Расында біз де істейміз” де
Аударма: Халифа Алтай
Иманға келмегендерге: «Әрекеттеріңді осылайша жалғастыра беріңдер, біз де әрекет етеміз
Аударма: ҚМДБ
11:122
وَٱنتَظِرُوٓاْ إِنَّا مُنتَظِرُونَ
“Сендер де соңын күтіңдер, біз де күтеміз” (де)
Аударма: Халифа Алтай
Күтіңдер, анығында біз де күтушіміз», - деп айт
Аударма: ҚМДБ
11:123
وَلِلَّهِ غَيۡبُ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِ وَإِلَيۡهِ يُرۡجَعُ ٱلۡأَمۡرُ كُلُّهُۥ فَٱعۡبُدۡهُ وَتَوَكَّلۡ عَلَيۡهِۚ وَمَا رَبُّكَ بِغَٰفِلٍ عَمَّا تَعۡمَلُونَ
Көктер мен жердің сыры Аллаға тән. Істің бәрі соған қайтады. Ендеше, Соған құлшылық қылып, Оған тәуекел ет. Раббың істейтін істеріңнен ғапыл емес
Аударма: Халифа Алтай
Аспандардың және жердің құпиясы Аллаһта. Әрі істердің барлығы Оған қайтарылады. Оған құлшылық ет және Оған жүгініп, өзіңді тапсыр / тәуекел ет / . Сендердің Раббың не істеп жатқандарыңнан ғапыл емес
Аударма: ҚМДБ
← ЮнусБарлық сүрелерЮсуф →

Худ сүресі туралы

Худ (هود) — Құранның 11-сүресі, 123 аят, меккелік сүре, 11-жүз, мысхафтың 221-бетінен басталады. Бетте: Осман қарпіндегі араб мәтіні және Халифа Алтайдың қазақша мағыналық аудармасы мен ҚМДБ аудармасы. Аудио, транскрипция, тәпсір және 67 тілдегі аударма — толық нұсқада.

Барлық 114 сүре · Намаз уақыты · Іздеу