Юсуф

يوسف · 111 аят · меккелік
Орысша нұсқасыЖаттауМысхаф 235-бет
← ХудБарлық сүрелерАр-Раад →
12:1
الٓرۚ تِلۡكَ ءَايَٰتُ ٱلۡكِتَٰبِ ٱلۡمُبِينِ
Әлиф. Ләм.Ра. Бұлар ап-айқын Құранның аяттары
Аударма: Халифа Алтай
Әлиф, Ләм, Ра. бұлар - анық Кітаптың аяттары
Аударма: ҚМДБ
12:2
إِنَّآ أَنزَلۡنَٰهُ قُرۡءَٰنًا عَرَبِيّٗا لَّعَلَّكُمۡ تَعۡقِلُونَ
Расында біз мұны Арапша Құран түрінде түсірдік, әрине түсінерсіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, Біз оны ақылдарыңды істетіп, ұғынуларың үшін арабша Құран етіп түсірдік
Аударма: ҚМДБ
12:3
نَحۡنُ نَقُصُّ عَلَيۡكَ أَحۡسَنَ ٱلۡقَصَصِ بِمَآ أَوۡحَيۡنَآ إِلَيۡكَ هَٰذَا ٱلۡقُرۡءَانَ وَإِن كُنتَ مِن قَبۡلِهِۦ لَمِنَ ٱلۡغَٰفِلِينَ
(Мхаммед Ғ.С.) саған бұл Құранды уахи етуімізбен өзіңе қиссалардың ең жақсысын баян етеміз. Негізінде сен бұдан бұрын әрине хабарсыз едің
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Біз саған осы Құранды уахи етіп, оқиғалардың ең жақсысын баян етеміз. Негізінде, сен бұдан бұрын хабарсыздардан едің
Аударма: ҚМДБ
12:4
إِذۡ قَالَ يُوسُفُ لِأَبِيهِ يَـٰٓأَبَتِ إِنِّي رَأَيۡتُ أَحَدَ عَشَرَ كَوۡكَبٗا وَٱلشَّمۡسَ وَٱلۡقَمَرَ رَأَيۡتُهُمۡ لِي سَٰجِدِينَ
Сол уақытта Юсып (Ғ.С.) әкесіне: “Әкетайым! Рас мен түсімде он бір жұлдыз және күн мен айды, маған сәжде қылғанын көрдім” деді
Аударма: Халифа Алтай
Кезінде Йусуф әкесіне: «Әкешім! Мен түсімде он бір аспан денесін / ғаламшарды / , күнді және айды көрдім. Олардың маған сәжде етіп тұрғанын көрдім», - деді
Аударма: ҚМДБ
12:5
قَالَ يَٰبُنَيَّ لَا تَقۡصُصۡ رُءۡيَاكَ عَلَىٰٓ إِخۡوَتِكَ فَيَكِيدُواْ لَكَ كَيۡدًاۖ إِنَّ ٱلشَّيۡطَٰنَ لِلۡإِنسَٰنِ عَدُوّٞ مُّبِينٞ
(Яғқұп Ғ.С.): “Әй балақайым! Түсіңді туыстарыңа айтпа! Саған бір айлакерлік жасар. Расында шайтан адам баласына ашық дұшпан” деді
Аударма: Халифа Алтай
Ол / әкесі / : «Әй, балам! Түсіңді бауырларыңа айтпа! Әйтпесе, олар саған бір құлық ойластырар. Анығында, шайтан - адам баласына анық жау», - деді
Аударма: ҚМДБ
12:6
وَكَذَٰلِكَ يَجۡتَبِيكَ رَبُّكَ وَيُعَلِّمُكَ مِن تَأۡوِيلِ ٱلۡأَحَادِيثِ وَيُتِمُّ نِعۡمَتَهُۥ عَلَيۡكَ وَعَلَىٰٓ ءَالِ يَعۡقُوبَ كَمَآ أَتَمَّهَا عَلَىٰٓ أَبَوَيۡكَ مِن قَبۡلُ إِبۡرَٰهِيمَ وَإِسۡحَٰقَۚ إِنَّ رَبَّكَ عَلِيمٌ حَكِيمٞ
“Міне осылайша Раббың сені ұнатады. Саған түстердің жоруын үйретеді. Бұрыңғы аталарың Ыбырайым, Ысхақ (Ғ.С.) тарға нығметтерін тамамдағандай саған және Яғқұп (Ғ.С.) ұрпағына нығметін толықтастырады. Шәксіз Раббың толық білуші, хикмет иесі”
Аударма: Халифа Алтай
Міне, осылай Раббың сені таңдап, саған түстердің жоруын үйретеді. Әрі алдыңғы аталарың Ибраһим және Исқаққа игілігін толық етіп бергендей, саған және Йаъқубтың әулетіне де игілігін жеткізіп, толық етіп береді. Ақиқатында, Раббың - бәрін Білуші, аса Дана
Аударма: ҚМДБ
12:7
۞لَّقَدۡ كَانَ فِي يُوسُفَ وَإِخۡوَتِهِۦٓ ءَايَٰتٞ لِّلسَّآئِلِينَ
Расында Юсып туыстарының киссасында сұраушылар үшін өнегелер бар
Аударма: Халифа Алтай
Шын мәнінде, Йусуф пен оның бауырларында сұраушылар үшін белгі-ғибраттар бар
Аударма: ҚМДБ
12:8
إِذۡ قَالُواْ لَيُوسُفُ وَأَخُوهُ أَحَبُّ إِلَىٰٓ أَبِينَا مِنَّا وَنَحۡنُ عُصۡبَةٌ إِنَّ أَبَانَا لَفِي ضَلَٰلٖ مُّبِينٍ
Сол уақытта туыстары: „ Юсып және туысы, (Бінямын) әкемізге бізден жақсы көрінеді. Біз болсақ мықты бір топпыз. Дау жоқ, әкеміз ашық адасуда” деді
Аударма: Халифа Алтай
Кезінде олар / ағалары / : «Біз бір топ болсақ та, Йусуф және оның інісі әкеміз үшін бізден гөрі сүйіктірек. Негізінде, әкеміз анық адасуда», - деді
Аударма: ҚМДБ
12:9
ٱقۡتُلُواْ يُوسُفَ أَوِ ٱطۡرَحُوهُ أَرۡضٗا يَخۡلُ لَكُمۡ وَجۡهُ أَبِيكُمۡ وَتَكُونُواْ مِنۢ بَعۡدِهِۦ قَوۡمٗا صَٰلِحِينَ
Олардан бір айтушы: „Юсыпты өлтіріңдер немесе бір жерге апарып тастаңдар. Өздеріңе әкелеріңнің алды бос қалды. Артынанан да түзу бір топ боларсыңдар” деді
Аударма: Халифа Алтай
«Йусуфты өлтіріңдер немесе оны бір жерге апарып тастаңдар. Сонда әкелеріңнің жүзі сендерге бұрылады. Ал, содан кейін түзу адамдардан боласыңдар»
Аударма: ҚМДБ
12:10
قَالَ قَآئِلٞ مِّنۡهُمۡ لَا تَقۡتُلُواْ يُوسُفَ وَأَلۡقُوهُ فِي غَيَٰبَتِ ٱلۡجُبِّ يَلۡتَقِطۡهُ بَعۡضُ ٱلسَّيَّارَةِ إِن كُنتُمۡ فَٰعِلِينَ
Іштерінен тағы бір айтушы: „Егер менің айтқанымды істейтін болсаңдар, Юсыпты өлтірмеңдер де оны бір құдықтың түбіне тастаңдар. Кейбір жүргінші тауып алар” деді
Аударма: Халифа Алтай
Олардың ішіндегі біреуі: «Йусуфты өлтірмеңдер, егер бірнәрсе істейтіндей болсаңдар, оны құлықтың түбіне тастаңдар, жүргінші керуеннің бірі тауып алсын», - деді
Аударма: ҚМДБ
12:11
قَالُواْ يَـٰٓأَبَانَا مَا لَكَ لَا تَأۡمَ۬نَّا عَلَىٰ يُوسُفَ وَإِنَّا لَهُۥ لَنَٰصِحُونَ
Олар: „Әй әке,міз! Юсып туралы бізге сенбейтін саған не болды? Әрине оған қамқормыз” десті
Аударма: Халифа Алтай
Олар / Йаъқубқа келіп / : «Әй, әкеміз! Йусуфке байланысты бізге сенбейтіндей саған не болды? Негізінде, біз - оған жақсылық тілеушіміз
Аударма: ҚМДБ
12:12
أَرۡسِلۡهُ مَعَنَا غَدٗا يَرۡتَعۡ وَيَلۡعَبۡ وَإِنَّا لَهُۥ لَحَٰفِظُونَ
“Ертең оны бізбен бірге жібер. Тамақтансын, ойнасын. Расында біз оны қорғаушымыз” десті
Аударма: Халифа Алтай
Ертең оны бізбен бірге жібер. Жүгірсін, ойнасын. Біз оны қорғаушымыз», - десті
Аударма: ҚМДБ
12:13
قَالَ إِنِّي لَيَحۡزُنُنِيٓ أَن تَذۡهَبُواْ بِهِۦ وَأَخَافُ أَن يَأۡكُلَهُ ٱلذِّئۡبُ وَأَنتُمۡ عَنۡهُ غَٰفِلُونَ
(Яғқұп Ғ.С.): “Расында сендердің оны алып кетулерің маған уайым салады. әрі сендер оған кәперсіз қалып, оны қасқыр жеуінен қорқамын” деді
Аударма: Халифа Алтай
Ол / Йаъқуб / : «Сендердің оны алып кетулерің мені уайымға салады. Әрі сендер қаперсіз қалғандарыңда, оны қасқыр жеп кетуінен қорқамын», - деді
Аударма: ҚМДБ
12:14
قَالُواْ لَئِنۡ أَكَلَهُ ٱلذِّئۡبُ وَنَحۡنُ عُصۡبَةٌ إِنَّآ إِذٗا لَّخَٰسِرُونَ
Олар: “Біз мықты бір топ бола тұра оны қасқыр жесе, әрине сол уақытта зиянға ұшыруашылардан болармыз” десті
Аударма: Халифа Алтай
Олар: «Біз бір топ бола тұра оны қасқыр жесе, онда біз зиянға ұшыраушылардан боламыз», - десті
Аударма: ҚМДБ
12:15
فَلَمَّا ذَهَبُواْ بِهِۦ وَأَجۡمَعُوٓاْ أَن يَجۡعَلُوهُ فِي غَيَٰبَتِ ٱلۡجُبِّۚ وَأَوۡحَيۡنَآ إِلَيۡهِ لَتُنَبِّئَنَّهُم بِأَمۡرِهِمۡ هَٰذَا وَهُمۡ لَا يَشۡعُرُونَ
(Туыстары Юсыпты қырға алып шығып, әр түрлі аяусыз жапалар көрсетіп, қатты қинап өлтіруге жақындайды. Ол, оларға жылап, еңіреп жалбарынғандықтанөлтірмей әкелеріне қасқыр жеді деп, қанға бояп көрсету үшін жейдесін шешіп алып, жандары ашымай беліне жіп байлап құдыққа салбыратып тұрып, жібін кескен сәтте, Алладан Жебірейіл арқылы Юсып Ғ.С. ға пайғамбарлық келеді. Б.Ж.К.Р.Т.Ж-Қ.) Сонда олар, Юсыпты алып кеткен кезде, бәрі оны құдықтың түбіне тастауға бірлесті. Оған: “Туыстарыңа әлбетте осы істеріңнің хабарын бересің. Олар сезбейді” деп уахи еттік
Аударма: Халифа Алтай
Сонда олар оны алып кетіп, құлықтың түбіне тастауға келісті. Біз оған / Йусуфке / : «Әлбетте, сен / әлі / оларға осы істерінің хабарын бересің, олар сені сезбейді», - деп уахи еттік
Аударма: ҚМДБ
12:16
وَجَآءُوٓ أَبَاهُمۡ عِشَآءٗ يَبۡكُونَ
Олар іңірде әкелеріне жылап келді
Аударма: Халифа Алтай
Олар кешке әкелеріне жылап келді
Аударма: ҚМДБ
12:17
قَالُواْ يَـٰٓأَبَانَآ إِنَّا ذَهَبۡنَا نَسۡتَبِقُ وَتَرَكۡنَا يُوسُفَ عِندَ مَتَٰعِنَا فَأَكَلَهُ ٱلذِّئۡبُۖ وَمَآ أَنتَ بِمُؤۡمِنٖ لَّنَا وَلَوۡ كُنَّا صَٰدِقِينَ
“Әй Әкеміз! Біз жарысып кеткенде, Юсыпты нәрселеріміздің жанына тастап кетсек, сонда оны қасқыр жепті. Енді шын айтсақта, бізге сенбейсің ғой” десті
Аударма: Халифа Алтай
Олар: «Уа, әкеміз! Біз жарысып кеткенде, Йусуфты заттарымыздың қасында қалдырған едік, сонда оны қасқыр жеп кетіпті. Енді шын сөзділерден болсақ та, сен бізге сенбейсің», - деді
Аударма: ҚМДБ
12:18
وَجَآءُو عَلَىٰ قَمِيصِهِۦ بِدَمٖ كَذِبٖۚ قَالَ بَلۡ سَوَّلَتۡ لَكُمۡ أَنفُسُكُمۡ أَمۡرٗاۖ فَصَبۡرٞ جَمِيلٞۖ وَٱللَّهُ ٱلۡمُسۡتَعَانُ عَلَىٰ مَا تَصِفُونَ
Сондай-ақ олар оның жейдесіне өтірік қан жағып әкелді. Әкелері: “Олай емес! Сендерге нәпсілерің бір істі жақсы көрсеткен екен. Енді көркем сабыр керек. Айтқандарыңа Алладан жәрдем тіленеді” деді
Аударма: Халифа Алтай
Сондай-ақ олар оның көйлегіне өтірік қан жағып әкелді. Ол: «Жоқ, олай емес! Сендерге көңілдерің бір істі әдемі көрсетіп, қызықтырған екен. Енді көркем сабыр / керек / . Сендер айтқан жағдайға байланысты тек бір Аллаһтан ғана көмек сұралады», - деді
Аударма: ҚМДБ
12:19
وَجَآءَتۡ سَيَّارَةٞ فَأَرۡسَلُواْ وَارِدَهُمۡ فَأَدۡلَىٰ دَلۡوَهُۥۖ قَالَ يَٰبُشۡرَىٰ هَٰذَا غُلَٰمٞۚ وَأَسَرُّوهُ بِضَٰعَةٗۚ وَٱللَّهُ عَلِيمُۢ بِمَا يَعۡمَلُونَ
(Үш күннен кейін Мәдяннан Мысырға бара жатқан керуен адасып, құдыққа жақын түседі. Б.М.К.Ж.Р.Т.) Бір жүргінші келіп, дереу сушыларын жіберді; ол қауғасын салып: “Ой шүйінші! Міне бір еркек бала” деді. Олар оны сауда малы етіп, жасырып қойды. Алла, олардың не істегендерін толық біледі
Аударма: Халифа Алтай
Сонда бір керуен келіп, су тасушысын жіберді де ол қауғасын құдыққа са­лып: «Ой, сүйінші! Бұл - бір ұл бала», - деді. Олар оны сауда заты ретінде жасырып қойды. Ал, Аллаһ - олардың не істеп жатқандарын Білуші
Аударма: ҚМДБ
12:20
وَشَرَوۡهُ بِثَمَنِۭ بَخۡسٖ دَرَٰهِمَ مَعۡدُودَةٖ وَكَانُواْ فِيهِ مِنَ ٱلزَّـٰهِدِينَ
Олар оны кем бағаға бірнеше теңгеге сатып жіберді. Өйткені, Олар Юсыпқа ынтық емес еді
Аударма: Халифа Алтай
Сөйтіп / ағалары / Олар одан құтылу үшін оны болмашы бағаға - санаулы дирхамға сатты
Аударма: ҚМДБ
12:21
وَقَالَ ٱلَّذِي ٱشۡتَرَىٰهُ مِن مِّصۡرَ لِٱمۡرَأَتِهِۦٓ أَكۡرِمِي مَثۡوَىٰهُ عَسَىٰٓ أَن يَنفَعَنَآ أَوۡ نَتَّخِذَهُۥ وَلَدٗاۚ وَكَذَٰلِكَ مَكَّنَّا لِيُوسُفَ فِي ٱلۡأَرۡضِ وَلِنُعَلِّمَهُۥ مِن تَأۡوِيلِ ٱلۡأَحَادِيثِۚ وَٱللَّهُ غَالِبٌ عَلَىٰٓ أَمۡرِهِۦ وَلَٰكِنَّ أَكۡثَرَ ٱلنَّاسِ لَا يَعۡلَمُونَ
Мысырдағы оны сатып алған кісі әйеліне: “Орнын құрметтеп жақсы бақ. Мүмкін бізге пайдасы тиер немесе бала қып алармыз” деді. Осылайша Юсыпты ол жерге орналастырып, оған түстердің жоруын үйреттік. Алла өз ісіне өктем, бірақ адамдардың көбі білмейді
Аударма: Халифа Алтай
Оны сатып алған мысырлық өз әйеліне: «Оған жақсылап қара. Мүмкін ол бізге пайда әкелер немесе бала етіп алармыз», - деді. Осылай оны ол жерде / Мысырда / орнықтырдық әрі оған түстердің жоруын үйрету үшін. Аллаһ - ісін соңына жеткізуші, алайда, адамдардың көбі білмейді
Аударма: ҚМДБ
12:22
وَلَمَّا بَلَغَ أَشُدَّهُۥٓ ءَاتَيۡنَٰهُ حُكۡمٗا وَعِلۡمٗاۚ وَكَذَٰلِكَ نَجۡزِي ٱلۡمُحۡسِنِينَ
Ол ержеткенде, оған даналық, білім бердік. Жақсылық істеушілерді өстіп сыйлаймыз
Аударма: Халифа Алтай
Ал, ол ержеткен кезде, Біз оған үкім және білім бердік. Жақсылықты ықыласпен істеушілердің қайтарым сыйын Біз осылай береміз
Аударма: ҚМДБ
12:23
وَرَٰوَدَتۡهُ ٱلَّتِي هُوَ فِي بَيۡتِهَا عَن نَّفۡسِهِۦ وَغَلَّقَتِ ٱلۡأَبۡوَٰبَ وَقَالَتۡ هَيۡتَ لَكَۚ قَالَ مَعَاذَ ٱللَّهِۖ إِنَّهُۥ رَبِّيٓ أَحۡسَنَ مَثۡوَايَۖ إِنَّهُۥ لَا يُفۡلِحُ ٱلظَّـٰلِمُونَ
(Бұл Юсыпты жүргіншіден сатып алған, Мысырдың қазына уәзірі Қытпирдің әйелі Зылиха еді. Ол уақытта Мысыр патшасы Уалит ұлы Риян иман келтіреді. Б.Ж.М.К.Р.) Юсып тұрған үйдің әйелі (Зілиха), оның көңлін өзіне тартпақшы болды даесіктерді бекітті: “Қане кел бері!”, - деді. Юсып (Ғ.С.): “Аллаға сиынамын. Ол (ерің) қожайыным, мені жақсы орынға қойды. Шынында залымдар құтылмайды” деді
Аударма: Халифа Алтай
Ол тұрған үйдің әйелі оның көңілін өзіне тартпақшы болды. Сөйтіп есіктерді жауып: «Бері кел!» - деді. Ол: «Пана тілеп, Аллаһқа сиынамын. Ақиқатында, ол / күйеуің / менің қожайыным, маған қарап, жақсы орын берді. Шын мәнінде, әділетсіздер мұратына жетпейді», - деді
Аударма: ҚМДБ
12:24
وَلَقَدۡ هَمَّتۡ بِهِۦۖ وَهَمَّ بِهَا لَوۡلَآ أَن رَّءَا بُرۡهَٰنَ رَبِّهِۦۚ كَذَٰلِكَ لِنَصۡرِفَ عَنۡهُ ٱلسُّوٓءَ وَٱلۡفَحۡشَآءَۚ إِنَّهُۥ مِنۡ عِبَادِنَا ٱلۡمُخۡلَصِينَ
Расында әйел одан ой қылды. Егер Раббыңның дәлелін көрмесе, Юсып та одан ой қылған болар еді. Юсыптан жамандық, арсыздықты бұруымыз үшін өстідік. Өйткені, ол ықыласты құлдарымыздан еді
Аударма: Халифа Алтай
Ол / әйел / оны қалады. Егер Раббысының белгісін көрмегенде, оның да / Йусуфтың да / оған ойы кетер еді. Біз одан жамандықты және жиіркенішті нәрсені бұруымыз үшін осылай еттік. Өйткені, ол тазартылған, ықыласты құлдарымыздан еді
Аударма: ҚМДБ
12:25
وَٱسۡتَبَقَا ٱلۡبَابَ وَقَدَّتۡ قَمِيصَهُۥ مِن دُبُرٖ وَأَلۡفَيَا سَيِّدَهَا لَدَا ٱلۡبَابِۚ قَالَتۡ مَا جَزَآءُ مَنۡ أَرَادَ بِأَهۡلِكَ سُوٓءًا إِلَّآ أَن يُسۡجَنَ أَوۡ عَذَابٌ أَلِيمٞ
Екеуі есікке жүгірді де әйел, оның жейдесін арт жағынан жыртып алып қалды. Екеуі есік алдында әйелдің қожайынына кездесіп қалып, әйел еріне: “Сенің жұбайыңа жамандық ойлаған біреудің жазасы сөзсіз абақты немесе жан түршігерлік азап” деді
Аударма: Халифа Алтай
Сонда екеуі есікке жүгірді де әйел оның көйлегін арт жағынан жыртты. Есік алдында екеуі оның / әйелдің / қожайынына тап болды. Ол / әйел еріне / : «Сенің жұбайыңа жамандық қалаған біреуге түрме немесе қинаушы азаптан басқа жаза жоқ», - деді
Аударма: ҚМДБ
12:26
قَالَ هِيَ رَٰوَدَتۡنِي عَن نَّفۡسِيۚ وَشَهِدَ شَاهِدٞ مِّنۡ أَهۡلِهَآ إِن كَانَ قَمِيصُهُۥ قُدَّ مِن قُبُلٖ فَصَدَقَتۡ وَهُوَ مِنَ ٱلۡكَٰذِبِينَ
Юсып (Ғ.С.): “Ол, көңлімді өзіне тарпақшы болды” деді. Әйел жағынан бір айғақ: “Егер Юсыптың жейдесі алдынан жыртылса, әйел шын айтты да ол, өтірікшілерден болады”
Аударма: Халифа Алтай
Йусуф / : «Ол менің көңілімді өзіне тартпақ болды», - деді. Әйелдің үй-ішінен біреуі куәлік беріп: «Егер оның көйлегі алдынан жыртылса, онда әйел шын айтты, ал, ол өтірікшілерден
Аударма: ҚМДБ
12:27
وَإِن كَانَ قَمِيصُهُۥ قُدَّ مِن دُبُرٖ فَكَذَبَتۡ وَهُوَ مِنَ ٱلصَّـٰدِقِينَ
“Оның жейдесі артынан жыртылса, онда әйел өтірік айтты да Ол, шыншылдардан” деп куәлік берді
Аударма: Халифа Алтай
Ал, егер оның көйлегі артынан жыртылса, онда әйел өтірік айтты да, ол - шын сөзділерден», - деді
Аударма: ҚМДБ
12:28
فَلَمَّا رَءَا قَمِيصَهُۥ قُدَّ مِن دُبُرٖ قَالَ إِنَّهُۥ مِن كَيۡدِكُنَّۖ إِنَّ كَيۡدَكُنَّ عَظِيمٞ
Сонда оның жейдесінің арт жағынан жыртылғанын көрген ері: “Міне бұл, әйелдер, сендердің қулықтарың. Расында сендердің амалдарың үлкен” деді
Аударма: Халифа Алтай
Оның көйлегінің арт жағынан жыртылғанын көрген кезде ол / күйеуі / : Негізінде, бұл - сендердің / әйелдердің / қулық-сұмдықтарыңнан. Ақиқатында, сендердің қулық-сұмдықтарың өте үлкен
Аударма: ҚМДБ
12:29
يُوسُفُ أَعۡرِضۡ عَنۡ هَٰذَاۚ وَٱسۡتَغۡفِرِي لِذَنۢبِكِۖ إِنَّكِ كُنتِ مِنَ ٱلۡخَاطِـِٔينَ
“Юсып, мұны қоя сал! Ханым, сен күнәң үшін жарылқану тіле! Расында сен қателесушілерденсің!”-(деді)
Аударма: Халифа Алтай
Йусуф! бұл істен теріс бұрыл. Ал сен / қатын / , күнәң үшін кешірім тіле. Анығында, сен әдейі қателесушілерден / күнәһарлардан / болдың», - деді
Аударма: ҚМДБ
12:30
۞وَقَالَ نِسۡوَةٞ فِي ٱلۡمَدِينَةِ ٱمۡرَأَتُ ٱلۡعَزِيزِ تُرَٰوِدُ فَتَىٰهَا عَن نَّفۡسِهِۦۖ قَدۡ شَغَفَهَا حُبًّاۖ إِنَّا لَنَرَىٰهَا فِي ضَلَٰلٖ مُّبِينٖ
Қаладағы қатындар: “Бастықтың әйелі жігітінен көңілі қыпты. Расында біз оны ашық адасушы көреміз” деп өсектеді
Аударма: Халифа Алтай
Қаладағы әйелдер: «құрметті кісінің әйелі жас қызметшісін еліктіріп, азғырғысы келіпті. Ол әйел оған қатты құмар болыпты. Біз оны анық адасушылықта көреміз», - десті
Аударма: ҚМДБ
12:31
فَلَمَّا سَمِعَتۡ بِمَكۡرِهِنَّ أَرۡسَلَتۡ إِلَيۡهِنَّ وَأَعۡتَدَتۡ لَهُنَّ مُتَّكَـٔٗا وَءَاتَتۡ كُلَّ وَٰحِدَةٖ مِّنۡهُنَّ سِكِّينٗا وَقَالَتِ ٱخۡرُجۡ عَلَيۡهِنَّۖ فَلَمَّا رَأَيۡنَهُۥٓ أَكۡبَرۡنَهُۥ وَقَطَّعۡنَ أَيۡدِيَهُنَّ وَقُلۡنَ حَٰشَ لِلَّهِ مَا هَٰذَا بَشَرًا إِنۡ هَٰذَآ إِلَّا مَلَكٞ كَرِيمٞ
Зілиха, қатындардың өзіне сөшіс бергендіктерін естігенде; оларға шақыру жіберіп, олар үшін сүйеніп отыратын диван әзірледі де әрбіреуіне бышақ беріп, Юсыпқа: „Шық, оларға көрін!”,-деді. (Жеміс кесіп отырған қатындар,) оны көрген сәтте, бір түрлі ірі бағалап (естері шығып,) өз қолдарын турады. Қатындар: „Ой Алла! Мынау адам емес; бұл біртүрлі құрметті періште-ақ қой” десті
Аударма: Халифа Алтай
Ол / әйел / олардың құлықтары жайлы естіген кезде, оларға / шақыру / жіберді. Әрі олар үшін сүйеніп отыратын орын әзірледі. Сөйтіп әрбіреуіне / жемістерді аршу, кесу үшін / пышақ беріп, / Йусуфке / олардың алдына: «Шық», - деді. Олар оны көрген кезде / таңырқай / оны ұлы санап, өз қолдарын кесіп алды. Олар: «Аллаһ пәк! Мынау адам емес, бұл ір құрметті періште ғой», - деді
Аударма: ҚМДБ
12:32
قَالَتۡ فَذَٰلِكُنَّ ٱلَّذِي لُمۡتُنَّنِي فِيهِۖ وَلَقَدۡ رَٰوَدتُّهُۥ عَن نَّفۡسِهِۦ فَٱسۡتَعۡصَمَۖ وَلَئِن لَّمۡ يَفۡعَلۡ مَآ ءَامُرُهُۥ لَيُسۡجَنَنَّ وَلَيَكُونٗا مِّنَ ٱلصَّـٰغِرِينَ
(Зілиха оларға): „Ал міне, мені өсектегенгдерің осы. Расында оның көңілін мен қаладым. Сонда да абырой сақтады. Және де ол, әмірімді орындамаса, әлбетте абақтыға салынып, қор болушылардан болады” деді
Аударма: Халифа Алтай
Ол / әйел / : «Мені осы себепті айыптадыңдар. Мен оны азғырғым келді, алайда, ол өзіне берік болды. Егер ол мен бұйырғанды істемесе, түрмеге жабылады әрі қор болушылардан болады», - деді
Аударма: ҚМДБ
12:33
قَالَ رَبِّ ٱلسِّجۡنُ أَحَبُّ إِلَيَّ مِمَّا يَدۡعُونَنِيٓ إِلَيۡهِۖ وَإِلَّا تَصۡرِفۡ عَنِّي كَيۡدَهُنَّ أَصۡبُ إِلَيۡهِنَّ وَأَكُن مِّنَ ٱلۡجَٰهِلِينَ
(Юсып Ғ.С.): Раббым! Бұлардың, мені істеуге шақырған істерінен маған зіндан сүйкімдірек. Егер бұл қатындардың сұмдықтарын менен бұрмасаң,оларға бейімдеп надандардан боламын” деп тіледі
Аударма: Халифа Алтай
Йусуф / : «Раббым! түрме маған олардың шақырып тұрғанынан сүйкімдірек. Егер, Сен менен олардың қулық-сұмдықтарын бұрмасаң, онда мен оларға қарай ауып, надандардың қатарында боламын», - деді
Аударма: ҚМДБ
12:34
فَٱسۡتَجَابَ لَهُۥ رَبُّهُۥ فَصَرَفَ عَنۡهُ كَيۡدَهُنَّۚ إِنَّهُۥ هُوَ ٱلسَّمِيعُ ٱلۡعَلِيمُ
Сонда Раббы тілегін қабыл етіп, одан қатындардың сығандықтарын тойтарды. Өйткені Ол Алла, толық естуші, өте білуші
Аударма: Халифа Алтай
Сонда Раббысы оның тілегіне жауап беріп / тілегін қабыл етіп / , одан олардың қулық-сұмдықтарын қайтарды. Ақиқатында, Ол - бәрін Естуші ,бәрін Білуші
Аударма: ҚМДБ
12:35
ثُمَّ بَدَا لَهُم مِّنۢ بَعۡدِ مَا رَأَوُاْ ٱلۡأٓيَٰتِ لَيَسۡجُنُنَّهُۥ حَتَّىٰ حِينٖ
Сонсоң оларға дәлелдер көрінгеннен кейін де оны бір мерзімге дейін абақтыға салды
Аударма: Халифа Алтай
Содан соң, дәлелдерді көргендерінен кейін де, олар оны уақытша түрмеге жабуды жөн көрді
Аударма: ҚМДБ
12:36
وَدَخَلَ مَعَهُ ٱلسِّجۡنَ فَتَيَانِۖ قَالَ أَحَدُهُمَآ إِنِّيٓ أَرَىٰنِيٓ أَعۡصِرُ خَمۡرٗاۖ وَقَالَ ٱلۡأٓخَرُ إِنِّيٓ أَرَىٰنِيٓ أَحۡمِلُ فَوۡقَ رَأۡسِي خُبۡزٗا تَأۡكُلُ ٱلطَّيۡرُ مِنۡهُۖ نَبِّئۡنَا بِتَأۡوِيلِهِۦٓۖ إِنَّا نَرَىٰكَ مِنَ ٱلۡمُحۡسِنِينَ
Және де Юсыппен бірге екі жігіт бірге абақтыға кірді. Ол екеуінің бірі: „Мен түсімде арақ сыққанымды көрдім” деді. Екіншісі: „Мен төбеме нан көтеріп жүр екемін. Одан құс жегенін көрдім. Бізге бұл түстердің жоруын айтып бер. Күдіксіз, біз сені жақсылық қылушылардан көреміз” деді
Аударма: Халифа Алтай
түрмеге онымен бірге екі жігіт түсті. Олардың бірі: «Мен түсімде шарап сығып жатқанымды көрдім», - деді. Екіншісі: «Мен басымда нан көтеріп жүргенімді көрдім. Одан құстар жеп жатыр екен. Бізге оның жоруын айтып бер. Ақиқатында, біз сені жақсылықты ықыласпен істеушілерден көреміз», - деді
Аударма: ҚМДБ
12:37
قَالَ لَا يَأۡتِيكُمَا طَعَامٞ تُرۡزَقَانِهِۦٓ إِلَّا نَبَّأۡتُكُمَا بِتَأۡوِيلِهِۦ قَبۡلَ أَن يَأۡتِيَكُمَاۚ ذَٰلِكُمَا مِمَّا عَلَّمَنِي رَبِّيٓۚ إِنِّي تَرَكۡتُ مِلَّةَ قَوۡمٖ لَّا يُؤۡمِنُونَ بِٱللَّهِ وَهُم بِٱلۡأٓخِرَةِ هُمۡ كَٰفِرُونَ
(Юсып Ғ.С. оларға): „Сендерге көректендірілетін тамақ келмей-ақ екеуіңе түстің жоруын айтып беремін. Бұл маған Раббымның үйреткендерінен. Шынында Аллаға сенбеген және ақирет күніне сенбеген бір елдің дінін тастадым” деді
Аударма: Халифа Алтай
Ол: «Сендерге ризық етіп берілетін қандай да бір тағам келмесін, әлбетте ол келгенге дейін, оны түсіндіріп, екеуіңе айтып беремін. бұл маған Раббымның үйреткендерінен. Ақиқатында, мен Аллаһқа сенбейтін адамдардың дінін тәрк еттім және олар Ақирет күніне күпірлік етушілер / оны теріске шығарушылар
Аударма: ҚМДБ
12:38
وَٱتَّبَعۡتُ مِلَّةَ ءَابَآءِيٓ إِبۡرَٰهِيمَ وَإِسۡحَٰقَ وَيَعۡقُوبَۚ مَا كَانَ لَنَآ أَن نُّشۡرِكَ بِٱللَّهِ مِن شَيۡءٖۚ ذَٰلِكَ مِن فَضۡلِ ٱللَّهِ عَلَيۡنَا وَعَلَى ٱلنَّاسِ وَلَٰكِنَّ أَكۡثَرَ ٱلنَّاسِ لَا يَشۡكُرُونَ
„Аталарым, Ыбырайым, Ысқақ және Яғқұп (Ғ.С.) тардың дінін қудым. Біздің Аллаға ешбір шерік қосуымыз тиісті емес. Бұл бізге әрі адам баласына Алланың бір мәрхаметі. Бірақ адамдардың көбісі шүкіршілік қылмайды.”
Аударма: Халифа Алтай
Әрі мен аталарым Ибраһимнің, Исқақтың және Йаъқубтың дініне ердім. Бізге Аллаһқа бір нәрсені серік етіп қосуымызға болмайды. бұл Аллаһтың бізге әрі адамдарға жасаған ұлы кеңшілігінен. Алайда, адамдардың көбі шүкір етпейді / Раббысының берген игіліктеріне алғыс білдірмейді / т
Аударма: ҚМДБ
12:39
يَٰصَٰحِبَيِ ٱلسِّجۡنِ ءَأَرۡبَابٞ مُّتَفَرِّقُونَ خَيۡرٌ أَمِ ٱللَّهُ ٱلۡوَٰحِدُ ٱلۡقَهَّارُ
„Әй менің абақты жолдастарым! Бөлек-бөлек Раббылар жақсы ма? Немесе әр нәрсеге өктем жалғыз Алла жақсыма?”
Аударма: Халифа Алтай
Ей, түрмелес жолдастарым. Бөлек-бөлек, түрлі иелер жақсы ма, әлде Жалғыз, бәрін Бағындырушы Аллаһ жақсы ма
Аударма: ҚМДБ
12:40
مَا تَعۡبُدُونَ مِن دُونِهِۦٓ إِلَّآ أَسۡمَآءٗ سَمَّيۡتُمُوهَآ أَنتُمۡ وَءَابَآؤُكُم مَّآ أَنزَلَ ٱللَّهُ بِهَا مِن سُلۡطَٰنٍۚ إِنِ ٱلۡحُكۡمُ إِلَّا لِلَّهِ أَمَرَ أَلَّا تَعۡبُدُوٓاْ إِلَّآ إِيَّاهُۚ ذَٰلِكَ ٱلدِّينُ ٱلۡقَيِّمُ وَلَٰكِنَّ أَكۡثَرَ ٱلنَّاسِ لَا يَعۡلَمُونَ
„Сендердің Одан өзге шоқынған нәрселерің, сендер әрі аталарың атаған құр аттар ғана. Алла, оларға табынуға байланысты ешбір дәлел түсірмеген. Үкім Аллаға ғана тән. Ол, өзіне ғана құлшылық қылуларыңды бұйырған. Міне осы, тұп-тура дін. Бірақ адамдардың көбі білмейді”
Аударма: Халифа Алтай
Сендердің Одан өзге табынатындарың өздерің және аталарың ат қойып алған бір есімдер ғана. Аллаһ олар жайында ешбір дәлел түсірмеген. Үкім ету билігі тек бір Аллаһта. Ол Өзінен басқа ешкімге құлшылық етпеулеріңді бұйырды. Міне, осы - тура дін. Бірақ адамдардың көбі білмейді
Аударма: ҚМДБ
12:41
يَٰصَٰحِبَيِ ٱلسِّجۡنِ أَمَّآ أَحَدُكُمَا فَيَسۡقِي رَبَّهُۥ خَمۡرٗاۖ وَأَمَّا ٱلۡأٓخَرُ فَيُصۡلَبُ فَتَأۡكُلُ ٱلطَّيۡرُ مِن رَّأۡسِهِۦۚ قُضِيَ ٱلۡأَمۡرُ ٱلَّذِي فِيهِ تَسۡتَفۡتِيَانِ
„Әй абақты жолдастарым! (Бұл түс көрген екеуінін бірі патшаның сушысы, бірі ашпазы екен.) Біреуің қожайынына арақ ішкізеді. (Бұрынғы жұмысын істейді.) Ал біреуің дереу асылып, басын құс шоқиды. Міне екеуінің жоруын сұраған іс бітті.”
Аударма: Халифа Алтай
Ей, түрмелес жолдастарым. Сендердің бірің қожайынына шарап құйып беретін болады. Ал, екіншің дар ағашқа керіліп, оның басынан құстар шоқиды. Сендер менен жайын сұраған іс шешіліп қойылған
Аударма: ҚМДБ
12:42
وَقَالَ لِلَّذِي ظَنَّ أَنَّهُۥ نَاجٖ مِّنۡهُمَا ٱذۡكُرۡنِي عِندَ رَبِّكَ فَأَنسَىٰهُ ٱلشَّيۡطَٰنُ ذِكۡرَ رَبِّهِۦ فَلَبِثَ فِي ٱلسِّجۡنِ بِضۡعَ سِنِينَ
Құтылады деп ойлаған екеуінің біреуіне: „Қожайыныңның жанында мені ескер!”-деді (Юсып Ғ.С.). Сонда шайтан қожайынының алдында еске алуды ұмыттырды да сондықтан Юсып бірнеше жыл абақты да жатып қалды
Аударма: Халифа Алтай
Ол өзі құтылады деп білген біреуіне: «Қожайыныңның жанында мені еске ал», - деді. Алайда, шайтан оған қожайынының алдында оны еске алуды ұмыттырды да ол түрмеде бірнеше жыл қалып қойды
Аударма: ҚМДБ
12:43
وَقَالَ ٱلۡمَلِكُ إِنِّيٓ أَرَىٰ سَبۡعَ بَقَرَٰتٖ سِمَانٖ يَأۡكُلُهُنَّ سَبۡعٌ عِجَافٞ وَسَبۡعَ سُنۢبُلَٰتٍ خُضۡرٖ وَأُخَرَ يَابِسَٰتٖۖ يَـٰٓأَيُّهَا ٱلۡمَلَأُ أَفۡتُونِي فِي رُءۡيَٰيَ إِن كُنتُمۡ لِلرُّءۡيَا تَعۡبُرُونَ
(Бір күні) патша: „Түсімде, жеті семіз сиырды жеті арық сиыр жеп жатқанын және жеті жасыл сабақтар, тағы солай қурағанын көрдім. Әй сыбайластар! Егер түс жоритын болсаңдар, менің түсімді жорыңдар” деді
Аударма: Халифа Алтай
Патша / бір күні / : «Мен түсімде, жеті семіз сиырды жеті арық / сиырдың / жеп жатқанын және жеті жасыл масақты тағы сонша қурағандарын көрдім. Ей, уәзір, бектер! Егер түс жоритын болсаңдар, маған түсімнің жай-жапсарын айтып беріңдер», - деді
Аударма: ҚМДБ
12:44
قَالُوٓاْ أَضۡغَٰثُ أَحۡلَٰمٖۖ وَمَا نَحۡنُ بِتَأۡوِيلِ ٱلۡأَحۡلَٰمِ بِعَٰلِمِينَ
(Олар): „Бұл шым-шытырық түс екен. Сондықтан біз мұндай түстердің жоруын білмейміз” деді
Аударма: Халифа Алтай
Олар: «Бұл шым-шытырық түс екен. Біз мұндай түстердің жоруын білмейміз», - деді
Аударма: ҚМДБ
12:45
وَقَالَ ٱلَّذِي نَجَا مِنۡهُمَا وَٱدَّكَرَ بَعۡدَ أُمَّةٍ أَنَا۠ أُنَبِّئُكُم بِتَأۡوِيلِهِۦ فَأَرۡسِلُونِ
Ол екеуінің құтылғаны , Юсыпты бірталайдан кейін есіне алдды да: „Мен сендерге оның жоруының хабарын беремін. Дереу мені абақтыға жіберіңдер” деді
Аударма: Халифа Алтай
Сонда әлгі екеудің құтылғаны, біршама уақыт өткеннен соң есіне / Йусуфты / алып: «Мен сендерге оның жоруының хабарын беремін, мені / Йусуфке / жіберіңдер», - деді
Аударма: ҚМДБ
12:46
يُوسُفُ أَيُّهَا ٱلصِّدِّيقُ أَفۡتِنَا فِي سَبۡعِ بَقَرَٰتٖ سِمَانٖ يَأۡكُلُهُنَّ سَبۡعٌ عِجَافٞ وَسَبۡعِ سُنۢبُلَٰتٍ خُضۡرٖ وَأُخَرَ يَابِسَٰتٖ لَّعَلِّيٓ أَرۡجِعُ إِلَى ٱلنَّاسِ لَعَلَّهُمۡ يَعۡلَمُونَ
(Ол, абақтыға барып): „Әй шыншыл Юсып! Бізге, жеті семіз сиырды жеті арық сиырдың жеуі және жеті жасыл сабақ пен қурағандары жайында жоруын бер. Олардың да оны білулері үшін адамдарға қайтып барайын”
Аударма: Халифа Алтай
«Ей, Йусуф! Ей, шыншыл! Бізге, жеті семіз сиырды жеті арығы жеп жатқандығын және жеті жасыл масақ пен сонша қурағандарының мәнісін айтып бер. Мен адамдарға қайта барармын, мүмкін олар / қадіріңді / білер», - деді
Аударма: ҚМДБ
12:47
قَالَ تَزۡرَعُونَ سَبۡعَ سِنِينَ دَأَبٗا فَمَا حَصَدتُّمۡ فَذَرُوهُ فِي سُنۢبُلِهِۦٓ إِلَّا قَلِيلٗا مِّمَّا تَأۡكُلُونَ
Юсып (Ғ.С.): „Жеті жыл әдеттегіше егін егесіңдер де сонда орғандарыңды бастырмай сабақта қойып, бірақ аздап жейтіндеріңді ғана аласыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Ол / Йусуф / : «Жеті жыл қатарынан егін егесіңдер. Орып алғандарыңды, тек өздерің жейтін азынан басқасын масағында қалдырыңдар
Аударма: ҚМДБ
12:48
ثُمَّ يَأۡتِي مِنۢ بَعۡدِ ذَٰلِكَ سَبۡعٞ شِدَادٞ يَأۡكُلۡنَ مَا قَدَّمۡتُمۡ لَهُنَّ إِلَّا قَلِيلٗا مِّمَّا تُحۡصِنُونَ
„Тағы бұдан кейін қатты (ашаршылық жыл) келеді. Бір аздап сақтанғандарыңнан бапсқа бұрыннан сол жинағандарыңды жейсіңдер.”
Аударма: Халифа Алтай
Одан кейін жеті ауыр жыл келеді де, алдын ала жинап қамдағандарыңды жейді, тек сақтап қойған азынан басқа
Аударма: ҚМДБ
12:49
ثُمَّ يَأۡتِي مِنۢ بَعۡدِ ذَٰلِكَ عَامٞ فِيهِ يُغَاثُ ٱلنَّاسُ وَفِيهِ يَعۡصِرُونَ
„Ал бұдан кейін адамдар жаңбырға қанып онда жемістердің суын сығатын жыл келетін болады” деді
Аударма: Халифа Алтай
Осыдан кейін адамдарға жаңбыр жаудырылып және олар / жеміс / сығатын жыл келеді», - деді
Аударма: ҚМДБ
12:50
وَقَالَ ٱلۡمَلِكُ ٱئۡتُونِي بِهِۦۖ فَلَمَّا جَآءَهُ ٱلرَّسُولُ قَالَ ٱرۡجِعۡ إِلَىٰ رَبِّكَ فَسۡـَٔلۡهُ مَا بَالُ ٱلنِّسۡوَةِ ٱلَّـٰتِي قَطَّعۡنَ أَيۡدِيَهُنَّۚ إِنَّ رَبِّي بِكَيۡدِهِنَّ عَلِيمٞ
(Мұны естіген) патша: „Оны маған алып келіңдер ” деді. Шабарман келген кез, (Юсып Ғ.С.): „Қожайыныңа қайтып бар. Ол, қолдарын кескен қатындардың мақсаттары не? Сұра! Күдіксіз Раббым, олардың қулықтарын толық біледі” деді
Аударма: Халифа Алтай
Патша: «Оны маған алып келіндер», - деді. Өзіне жіберілген кісі келген кезде, ол / Йусуф / : «Қожайыныңа қайтып бар. Одан, қолдарын кескен әйелдердің жай-жапсарын сұра. Ақиқатында, Раббым олардың қулық-сұмдығын Білуші», - деді
Аударма: ҚМДБ
12:51
قَالَ مَا خَطۡبُكُنَّ إِذۡ رَٰوَدتُّنَّ يُوسُفَ عَن نَّفۡسِهِۦۚ قُلۡنَ حَٰشَ لِلَّهِ مَا عَلِمۡنَا عَلَيۡهِ مِن سُوٓءٖۚ قَالَتِ ٱمۡرَأَتُ ٱلۡعَزِيزِ ٱلۡـَٰٔنَ حَصۡحَصَ ٱلۡحَقُّ أَنَا۠ رَٰوَدتُّهُۥ عَن نَّفۡسِهِۦ وَإِنَّهُۥ لَمِنَ ٱلصَّـٰدِقِينَ
(Патша қатындарды жинап алып): „Юсыптың көңілін алмақшы болғандарыңғы жағыдай не еді?” деп сұрайды. Әйелдер Алла сақтасын ! Оған байланысты бір жамандық білмедік” десті. Уәзірдің әйелі де: „Міне шындық ортаға шықты. Оның көңілін алуды мен қалаған едім. Расында , ол анық шыншылдардан” деді
Аударма: Халифа Алтай
Патша: «Сендер Йусуфты азғырған кезде не жағдай болған еді», - деп стра­ды. Олар / әйелдер / : «Аллаһ пәк! Біз ол жайында ешбір жамандық білмедік», - десті. Уәзірдің әйелі: «Қазір шындық ортаға шықты. Мен оны азғырған едім. Ал, ол шын сөзділерден», - деді
Аударма: ҚМДБ
12:52
ذَٰلِكَ لِيَعۡلَمَ أَنِّي لَمۡ أَخُنۡهُ بِٱلۡغَيۡبِ وَأَنَّ ٱللَّهَ لَا يَهۡدِي كَيۡدَ ٱلۡخَآئِنِينَ
(Юсып Ғ.С.): „Осы (қатындардың сұралу мәселесі) расында оған астыртын қиянат қылмағанымды патшаның білуі үшін. Күдіксіз Алла, қиянатшылардың қастығын оңайлатпайды” деді
Аударма: Халифа Алтай
Йусуф / : «Бұл оның / уәзірдің / менің оған жасырын / сыртынан / қиянат жасамағанымды білуі үшін. Аллаһ қиянатшылдардың қулық-сұмдығын оңғармайды / көмектеспейді
Аударма: ҚМДБ
12:53
۞وَمَآ أُبَرِّئُ نَفۡسِيٓۚ إِنَّ ٱلنَّفۡسَ لَأَمَّارَةُۢ بِٱلسُّوٓءِ إِلَّا مَا رَحِمَ رَبِّيٓۚ إِنَّ رَبِّي غَفُورٞ رَّحِيمٞ
„Нәпсімді ақтамаймын. Расында нәпіс жамандыққа бұйырады. Бірақ та Раббым мәрхамет етсе ол басқа. Күдіксіз Раббым өте жарылқаушы, ерекше мейірімді”
Аударма: Халифа Алтай
Мен өз жанымды ақтамаймын. Егер Раббым мейірім етпесе, шын мәнінде, адам жаны - жамандыққа бұйырушы. Ақиқатында, Раббым - өте Кешірімді, ерекше Мейірімді
Аударма: ҚМДБ
12:54
وَقَالَ ٱلۡمَلِكُ ٱئۡتُونِي بِهِۦٓ أَسۡتَخۡلِصۡهُ لِنَفۡسِيۖ فَلَمَّا كَلَّمَهُۥ قَالَ إِنَّكَ ٱلۡيَوۡمَ لَدَيۡنَا مَكِينٌ أَمِينٞ
(Юсып Ғ.С. патшаға): „ Мені мемілекеттің қазына бастығы қыл . Өйткені, мен оны қорғауды (басқаруды) білемін ” деді
Аударма: Халифа Алтай
Патша: «Оны маған алып келіңдер. Мен оны өз адамым етіп аламын», - деді. Ол онымен сөйлескен кезде: «Анығында, сен бүгін біздің алдымызда мәртебеге ие, сенімді адамсың», - деді
Аударма: ҚМДБ
12:55
قَالَ ٱجۡعَلۡنِي عَلَىٰ خَزَآئِنِ ٱلۡأَرۡضِۖ إِنِّي حَفِيظٌ عَلِيمٞ
(Юсып Ғ.С. патшаға): „ Мені мемілекеттің қазына бастығы қыл . Өйткені, мен оны қорғауды (басқаруды) білемін ” деді
Аударма: Халифа Алтай
Ол / Йусуф / : «Мені осы жердің / елдің / қазыналарын үстінен / басқарушы етіп / қой. Негізінде, мен сақтауды / дұрыс жұмсауды / білушімін», - деді
Аударма: ҚМДБ
12:56
وَكَذَٰلِكَ مَكَّنَّا لِيُوسُفَ فِي ٱلۡأَرۡضِ يَتَبَوَّأُ مِنۡهَا حَيۡثُ يَشَآءُۚ نُصِيبُ بِرَحۡمَتِنَا مَن نَّشَآءُۖ وَلَا نُضِيعُ أَجۡرَ ٱلۡمُحۡسِنِينَ
Міне, осылайша Юсыпты ол жерге орналастырдық. Қалаған жерінде отыра алады. Қалағанымызды мәрхаметімізге бөлейміз. Сондай-ақ жақсылық істеушілердің еңбегін зая қылмаймыз
Аударма: Халифа Алтай
Біз осылай Йусуфты сол жерде / Мысырда / , өзі қалаған орынға жайғаса алатын етіп орнықтырдық. Біз мейірімімізді қалаған адамымызға нәсіп етеміз. Әрі Біз жақсылықты ықыласпен істеушілердің сыйын зая кетірмейміз
Аударма: ҚМДБ
12:57
وَلَأَجۡرُ ٱلۡأٓخِرَةِ خَيۡرٞ لِّلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَكَانُواْ يَتَّقُونَ
Әрине иман келтіріп, тақуа болғандардың ақиреттегі сыйлығы тағы жақсы
Аударма: Халифа Алтай
Ал, соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / сыйы болса - иманға келгендер және тақуалық еткендер / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанғандар / үшін одан да қайырлы
Аударма: ҚМДБ
12:58
وَجَآءَ إِخۡوَةُ يُوسُفَ فَدَخَلُواْ عَلَيۡهِ فَعَرَفَهُمۡ وَهُمۡ لَهُۥ مُنكِرُونَ
(Ашаршылық жылдарында) Юсыптың туысқандары келіп, жанына кірді. Сонда Юсып оларды таныды. Олар, оны танымады
Аударма: Халифа Алтай
Бірде / Йусуфтың бауырлары келіп, оның алдына кірді. Сонда, ол оларды таныды. Ал, олар оны танымады
Аударма: ҚМДБ
12:59
وَلَمَّا جَهَّزَهُم بِجَهَازِهِمۡ قَالَ ٱئۡتُونِي بِأَخٖ لَّكُم مِّنۡ أَبِيكُمۡۚ أَلَا تَرَوۡنَ أَنِّيٓ أُوفِي ٱلۡكَيۡلَ وَأَنَا۠ خَيۡرُ ٱلۡمُنزِلِينَ
Юсып (Ғ.С.) олардың жүктерін әзірлеткен сәтте: „Маған әке бір туыстарың (Бінямын) ды ала келіңдер. Шын мәнінде астық толтырғанымды және мейман достардың жақсысы екенімді көрмейсіңдер ме?”,-деді
Аударма: Халифа Алтай
Ол олардың жүктерін әзірлеткен кезде: «Бір әкедентуған бауырларыңды маған алып келіңдер. Менің өлшеуді толықтырып беретінімді әрі қонақ қабылдаушылардың қайырлысы екенімді көрдіңдер ғой
Аударма: ҚМДБ
12:60
فَإِن لَّمۡ تَأۡتُونِي بِهِۦ فَلَا كَيۡلَ لَكُمۡ عِندِي وَلَا تَقۡرَبُونِ
„Егер оны маған келтірмесеңдер,менде, сендерге өлшеп берер жоқ. Сондай-ақ маған жақындамаңдар.”
Аударма: Халифа Алтай
Егер оны маған әкелмесеңдер, менің сендерге өлшеп берерім жоқ әрі маған жақындамаңдар», - деді
Аударма: ҚМДБ
12:61
قَالُواْ سَنُرَٰوِدُ عَنۡهُ أَبَاهُ وَإِنَّا لَفَٰعِلُونَ
Олар: „Біз оны әкесінен қалауға тырысамыз. Сөзсіз мұны орындаймыз” десті
Аударма: Халифа Алтай
Олар: «Біз оның әкесінің көңілін аулап, оны сұрап алуға тырысамыз әрі мұны, әлбетте, орындаймыз», - деді
Аударма: ҚМДБ
12:62
وَقَالَ لِفِتۡيَٰنِهِ ٱجۡعَلُواْ بِضَٰعَتَهُمۡ فِي رِحَالِهِمۡ لَعَلَّهُمۡ يَعۡرِفُونَهَآ إِذَا ٱنقَلَبُوٓاْ إِلَىٰٓ أَهۡلِهِمۡ لَعَلَّهُمۡ يَرۡجِعُونَ
Юсып (Ғ.С.) жігіттеріне: „Олардың (астық сатып алуға әкелген) өз нәрселерін де жүктерінің ішіне қойыңдар. Әрине үйлеріне қайтып барған кезде, оны біліп, мүмкін олар қайтып келер” деді
Аударма: Халифа Алтай
Ол / Йусуф / қызметкерлеріне: «Олардың / бидайға төлеген / заттарын жүктерінің ішіне салып жіберіңдер. Бәлкім, олар үйлеріне оралған кезде, мұны таныр әрі мүмкін қайтып келер», - деді
Аударма: ҚМДБ
12:63
فَلَمَّا رَجَعُوٓاْ إِلَىٰٓ أَبِيهِمۡ قَالُواْ يَـٰٓأَبَانَا مُنِعَ مِنَّا ٱلۡكَيۡلُ فَأَرۡسِلۡ مَعَنَآ أَخَانَا نَكۡتَلۡ وَإِنَّا لَهُۥ لَحَٰفِظُونَ
Сонда олар әкелеріне қайтып барған дарында: „Әй әкеміз! Біздің өлшеу тоқтатылды. (Астық бермейтін болды.) Сондықтан туысымыз (Бінямын) ды бізбен бірге жібер де (астық) өлшеп алайық. Сондай-ақ біз оны әлбетте қорғаймыз” деді
Аударма: Халифа Алтай
Сөйтіп олар әкелеріне қайтып барғандарында: «Әй, әке! Бізге өлшеу тоқтатылды / астық берілмейтін болды / . Бауырымызды бізбен бірге жібер, сонда өлшемімізді аламыз. Анығында, біз - оны қорғаушымыз», - деді
Аударма: ҚМДБ
12:64
قَالَ هَلۡ ءَامَنُكُمۡ عَلَيۡهِ إِلَّا كَمَآ أَمِنتُكُمۡ عَلَىٰٓ أَخِيهِ مِن قَبۡلُ فَٱللَّهُ خَيۡرٌ حَٰفِظٗاۖ وَهُوَ أَرۡحَمُ ٱلرَّـٰحِمِينَ
(Яғқұп Ғ.С.): „Бұдан бұрын туысына байланысты сендерге сенгенім сияқты бұған да сендерге сенейін бе? Дегенмен, Алла толық қорғаушы әрі Ол, мейірімділердің ең мейірімдісі” деді
Аударма: Халифа Алтай
Ол / Йаъқуб / : «Бұдан бұрын оның бауырын сендерге сеніп тапсырғаным секілді, оны да сеніп тапсырайын ба? Аллаһ қорғауда бәрінен жақсы. Ол - мейірімділердің ең Мейірімдісі», - деді
Аударма: ҚМДБ
12:65
وَلَمَّا فَتَحُواْ مَتَٰعَهُمۡ وَجَدُواْ بِضَٰعَتَهُمۡ رُدَّتۡ إِلَيۡهِمۡۖ قَالُواْ يَـٰٓأَبَانَا مَا نَبۡغِيۖ هَٰذِهِۦ بِضَٰعَتُنَا رُدَّتۡ إِلَيۡنَاۖ وَنَمِيرُ أَهۡلَنَا وَنَحۡفَظُ أَخَانَا وَنَزۡدَادُ كَيۡلَ بَعِيرٖۖ ذَٰلِكَ كَيۡلٞ يَسِيرٞ
Олар жүктерін ашқанда, Өздеріне қайтарылған нәрселерін тапты да: “Әй әкеміз! Не іздейміз! Міне нәрселеріміз өзімізге қайтарылыпты, тағы семьямызды қамтамасыз етіп, туыстарымызды қорғаймыз. Сондай-ақ тағы бір түйе (астық) өлшеуімізге болады. Негізінен бұл өлшеп әкелгеніміз шамалы” десті
Аударма: Халифа Алтай
Олар жүктерін ашқан кезде, заттарының өздеріне қайтарылғанын көріп: «Әй, әкеміз! Енді не қалаймыз! Міне, мына заттарымыз да өзімізге қайтарылыпты, біз отбасымызды азықпен қамдаймыз және бауырымызды қорғаймыз. Әрі бір түйелік өлшеуді артық аламыз. Бұл - бір жеңіл өлшеу», - деді
Аударма: ҚМДБ
12:66
قَالَ لَنۡ أُرۡسِلَهُۥ مَعَكُمۡ حَتَّىٰ تُؤۡتُونِ مَوۡثِقٗا مِّنَ ٱللَّهِ لَتَأۡتُنَّنِي بِهِۦٓ إِلَّآ أَن يُحَاطَ بِكُمۡۖ فَلَمَّآ ءَاتَوۡهُ مَوۡثِقَهُمۡ قَالَ ٱللَّهُ عَلَىٰ مَا نَقُولُ وَكِيلٞ
Әкелері: “Бәрің бір-ақ қолды болып кетпейінше, оны міндетті түрде маған әкелулеріңе байланысты Алланың атымен серт бергенге дейін оны сендермен бірге жібере алмаймын” деді. Сөйтіп олар, әкелеріне серт берген сәтте, әкелері: “Алла айтқанымызға уәкіл” деді
Аударма: Халифа Алтай
Ол / Йаъқуб / : «Мен оны маған қайтып алып келетіндеріңе Аллаһпен уәде бергендеріңе дейін сендермен бірге жібермеймін, бірақ өздерің қоршауға түсіп қалсаңдар, амал жоқ», деді. Олар уәделерін берген кезде, ол: «Айтқан сөздерімізге Аллаһ кепіл», деді
Аударма: ҚМДБ
12:67
وَقَالَ يَٰبَنِيَّ لَا تَدۡخُلُواْ مِنۢ بَابٖ وَٰحِدٖ وَٱدۡخُلُواْ مِنۡ أَبۡوَٰبٖ مُّتَفَرِّقَةٖۖ وَمَآ أُغۡنِي عَنكُم مِّنَ ٱللَّهِ مِن شَيۡءٍۖ إِنِ ٱلۡحُكۡمُ إِلَّا لِلَّهِۖ عَلَيۡهِ تَوَكَّلۡتُۖ وَعَلَيۡهِ فَلۡيَتَوَكَّلِ ٱلۡمُتَوَكِّلُونَ
Балаларына: “Әй балаларым! Қалаға бір қақпадан кірмей бөлек-бөлек қақпалардан кіріңдер. Онымен қатар сендерден Алланың бұйрығынан еш нәрсені кетіре алмаймын. Үкім Аллаға ғана тән. Оған тәуекел еттім. Сондай-ақ тәуекел етушілер Оған тәуекел етсін” деді
Аударма: Халифа Алтай
Ол: «Әй, балаларым! Бір қақпадан кірмеңдер, бөлек-бөлек қақпалардан кіріндер. Мен сендерге Аллаһтан келгенге көмек бере алмаймын. Үкім ету иелігі Аллаһта ғана, мен Аллаһқа жүгініп, Оған ісімді тапсырдым / тәуекел еттім / . Біреуге жүгініп, сенім артушылар / тәуекел етушілер / Оған / Аллаһқа / жүгініп, істерін тапсырсын / тәуекел етсін / », деді
Аударма: ҚМДБ
12:68
وَلَمَّا دَخَلُواْ مِنۡ حَيۡثُ أَمَرَهُمۡ أَبُوهُم مَّا كَانَ يُغۡنِي عَنۡهُم مِّنَ ٱللَّهِ مِن شَيۡءٍ إِلَّا حَاجَةٗ فِي نَفۡسِ يَعۡقُوبَ قَضَىٰهَاۚ وَإِنَّهُۥ لَذُو عِلۡمٖ لِّمَا عَلَّمۡنَٰهُ وَلَٰكِنَّ أَكۡثَرَ ٱلنَّاسِ لَا يَعۡلَمُونَ
Олар, әкелерінің әмірінше, кірген болса да олардан Алланың тақдырынан ешнәрсені кетіре алмайтын еді. Бірақ Яғқұп (Ғ.С.) көңліндегі бір хажетін ғана атқарған болды. Өйткені ол, біз үйреткендіктен білім иесі еді. Алайда, оны адамдардың көбі білмейді
Аударма: Халифа Алтай
Олар, әкелері бұйырған жерден кірген кезде, бұл оларды Аллаһтан келгеннен құтқара алмады. Тек Йаъқубтың көңіліндегі бір қажеті орындалды. Ақиқатында, Біз үйреткендігімізден ол білім иесі болды, алайда адамдардың көбі білмейді
Аударма: ҚМДБ
12:69
وَلَمَّا دَخَلُواْ عَلَىٰ يُوسُفَ ءَاوَىٰٓ إِلَيۡهِ أَخَاهُۖ قَالَ إِنِّيٓ أَنَا۠ أَخُوكَ فَلَا تَبۡتَئِسۡ بِمَا كَانُواْ يَعۡمَلُونَ
Олар Юсыптың жанына кіргенде, Юсып туысын (Бінямынды) өз қасына алып: “Мен, сенің ініңмін. Олардың істегендеріне кейіме” деді
Аударма: Халифа Алтай
Сонда олар Йусуфке кірген кезде, ол інісін қасына алып: «Шынында, мен сенің бауырыңмын. Олардың істегендеріне қайғырма», деді
Аударма: ҚМДБ
12:70
فَلَمَّا جَهَّزَهُم بِجَهَازِهِمۡ جَعَلَ ٱلسِّقَايَةَ فِي رَحۡلِ أَخِيهِ ثُمَّ أَذَّنَ مُؤَذِّنٌ أَيَّتُهَا ٱلۡعِيرُ إِنَّكُمۡ لَسَٰرِقُونَ
Юсып (Ғ.С.) олардың нәрселерін қамдағанда, су ыдысын өз туысының жүгінің ішіне қойып, олар жүрген соң бір айғайшы: “Әй керуенші! Сендер анық ұрысыңдар!” деп айғайлады
Аударма: Халифа Алтай
Олардың жүктерін әзірлеген кезде, ол / Йусуф / тостағанын інісінің жүгінің ішіне салып қойды. Кейін бір жаршы: «Әй, керуендегілер! Сендер ұрысыңдар!» деп айғайлады
Аударма: ҚМДБ
12:71
قَالُواْ وَأَقۡبَلُواْ عَلَيۡهِم مَّاذَا تَفۡقِدُونَ
Олар, бұларға бұрылып: “Не нәрсе жоғалттыңдар?”, - деді
Аударма: Халифа Алтай
Оларға / ағалары / бұрылып: «Не жоғалттыңдар?» деді
Аударма: ҚМДБ
12:72
قَالُواْ نَفۡقِدُ صُوَاعَ ٱلۡمَلِكِ وَلِمَن جَآءَ بِهِۦ حِمۡلُ بَعِيرٖ وَأَنَا۠ بِهِۦ زَعِيمٞ
Бұлар: “Патшаның су ыдысын жоғалттық. Оны әкелген кісіге бір түйе жүк сыйлық бар. Әрі мен оған жауаптымын” деді
Аударма: Халифа Алтай
Олардың бірі: / «Патшаның ыдысын жоғалттық. Оны әкелген кісіге бір түйе жүк сыйлық бар. Ал мен осыған жауаптымын», деді
Аударма: ҚМДБ
12:73
قَالُواْ تَٱللَّهِ لَقَدۡ عَلِمۡتُم مَّا جِئۡنَا لِنُفۡسِدَ فِي ٱلۡأَرۡضِ وَمَا كُنَّا سَٰرِقِينَ
Олар: “Аллаға ант етеміз. Расында бұл жерге бұзақылық үшін келмегенімізді әрине білдіңдер. Сондай-ақ біз ұры емеспіз” деді
Аударма: Халифа Алтай
Ағалары: / «Аллаһпен ант етеміз. Біздің бұл жерге бұзықтық тарату үшін келмегенімізді сендер білесіңдер. Біз ұры емеспіз», деді
Аударма: ҚМДБ
12:74
قَالُواْ فَمَا جَزَـٰٓؤُهُۥٓ إِن كُنتُمۡ كَٰذِبِينَ
Бұлар: “Егер өтірікші болсаңдар, оның жазасы не?”, - деді
Аударма: Халифа Алтай
Олар: «Егер өтірікші болсаңдар, оның жазасы не болмақ?» деді
Аударма: ҚМДБ
12:75
قَالُواْ جَزَـٰٓؤُهُۥ مَن وُجِدَ فِي رَحۡلِهِۦ فَهُوَ جَزَـٰٓؤُهُۥۚ كَذَٰلِكَ نَجۡزِي ٱلظَّـٰلِمِينَ
Олар: “Оның жазасы, кімнің жүгінен шықса, сонда оның өзі жазалы. Біз залымдарды осылайша жазалаймыз” деді
Аударма: Халифа Алтай
Ағалары: / «Оның жазасы кімнің жүгінде табылса, соның өзі қайтарым болады. Біз әділетсіздердің қайтарым жазасын осылай береміз», деді
Аударма: ҚМДБ
12:76
فَبَدَأَ بِأَوۡعِيَتِهِمۡ قَبۡلَ وِعَآءِ أَخِيهِ ثُمَّ ٱسۡتَخۡرَجَهَا مِن وِعَآءِ أَخِيهِۚ كَذَٰلِكَ كِدۡنَا لِيُوسُفَۖ مَا كَانَ لِيَأۡخُذَ أَخَاهُ فِي دِينِ ٱلۡمَلِكِ إِلَّآ أَن يَشَآءَ ٱللَّهُۚ نَرۡفَعُ دَرَجَٰتٖ مَّن نَّشَآءُۗ وَفَوۡقَ كُلِّ ذِي عِلۡمٍ عَلِيمٞ
Өз туысының жүгінен бұрын олардың жүгін тінте бастап, сонсоң оны туысының жүгінен шығарды. Осылайша Юсыпқа әдіс үйреттік. Өйткені, Алла қаламайынша патшаның заңында туысын алып қала алмас еді. Қалаған кісіміздің дәрежелерін көтереміз. Сондай-ақ әр ілім иесінің үстінде бір білуші бар
Аударма: Халифа Алтай
Ол інісінің жүгінен алдын, олардың жүгін ақтара бастады. Кейін оны / ұрланған затты / бауырыныңжүгінен шығарды. Біз осылай Йусуфкеәдіс жасауды білдірдік. Патшаның заңы бойынша, ол бауырын алып қала алмайтын еді, егер Аллаһтың қалағаны болмағанда. Біз қалаған құлымыздың дәрежесін жоғарылатамыз. Әрбір білім иесінің үстінде білуші бар
Аударма: ҚМДБ
12:77
۞قَالُوٓاْ إِن يَسۡرِقۡ فَقَدۡ سَرَقَ أَخٞ لَّهُۥ مِن قَبۡلُۚ فَأَسَرَّهَا يُوسُفُ فِي نَفۡسِهِۦ وَلَمۡ يُبۡدِهَا لَهُمۡۚ قَالَ أَنتُمۡ شَرّٞ مَّكَانٗاۖ وَٱللَّهُ أَعۡلَمُ بِمَا تَصِفُونَ
Олар: “Егер бұл ұрлық қылса, әрине туысы да бұрын ұрлық қылған болатын” деді. Сонда Юсып (Ғ.С.) ол сөзді жүрегінде сақтап, оларға әшкерелемеді. (Ішінен): “Сендер тағы жаман орындасыңдар. Алла айтқандарыңды жақсы біледі” деді
Аударма: Халифа Алтай
Ағалары: / «Егер ол ұрласа, ілгеріде оның бауыры да ұрлық жасаған еді», деді. Сонда Йусуф бұны көңілінде жасырып, оларға жарияламай / ішінен / : «Сендердің орындарың бұдан да жаман. Аллаһ айтып тұрғандарыңды жақсы Білуші», деді
Аударма: ҚМДБ
12:78
قَالُواْ يَـٰٓأَيُّهَا ٱلۡعَزِيزُ إِنَّ لَهُۥٓ أَبٗا شَيۡخٗا كَبِيرٗا فَخُذۡ أَحَدَنَا مَكَانَهُۥٓۖ إِنَّا نَرَىٰكَ مِنَ ٱلۡمُحۡسِنِينَ
Олар: “Әй қожайын! Бұның кәрі әкесі бар. Сондықтан оның орнына бірімізді ал. Шын мәнінде біз сені игілік істеушілерден көреміз” деді
Аударма: Халифа Алтай
Олар: «Уа, мырза! Бұның жасы келген қарт әкесі бар. Сондықтан оның орнына біздің біреуімізді ал. Шын мәнінде, біз сені жақсылықты ықыласпен істеушілерден көреміз», деді
Аударма: ҚМДБ
12:79
قَالَ مَعَاذَ ٱللَّهِ أَن نَّأۡخُذَ إِلَّا مَن وَجَدۡنَا مَتَٰعَنَا عِندَهُۥٓ إِنَّآ إِذٗا لَّظَٰلِمُونَ
(Юсып Ғ.С.): “Нәрсемізді жанынан тапқан адамнан басқаны алып қалудан алудан Аллаға сиынамыз. Біз ол уақытта анық залымдардан боламыз” деді
Аударма: Халифа Алтай
Ол: «Затымызды жанынан тапқанның орнына өзгені алудан бізді Аллаһ сақтасын. Біз онда, әлбетте әділетсіздерден боламыз», деді
Аударма: ҚМДБ
12:80
فَلَمَّا ٱسۡتَيۡـَٔسُواْ مِنۡهُ خَلَصُواْ نَجِيّٗاۖ قَالَ كَبِيرُهُمۡ أَلَمۡ تَعۡلَمُوٓاْ أَنَّ أَبَاكُمۡ قَدۡ أَخَذَ عَلَيۡكُم مَّوۡثِقٗا مِّنَ ٱللَّهِ وَمِن قَبۡلُ مَا فَرَّطتُمۡ فِي يُوسُفَۖ فَلَنۡ أَبۡرَحَ ٱلۡأَرۡضَ حَتَّىٰ يَأۡذَنَ لِيٓ أَبِيٓ أَوۡ يَحۡكُمَ ٱللَّهُ لِيۖ وَهُوَ خَيۡرُ ٱلۡحَٰكِمِينَ
Олар, Юсыптан күдер үзген сәтте, оңашаланып кеңесті. Олардың үлкені: “Білмейсіңдер ме? Расында әкелерің сендерге байланысты Алланың атымен серт алған. Сондай-ақ бұрын Юсып жайында орасан айыптысыңдар. Сондықтан маған әкем рұхсат бергенге немесе мен үшін Алла бір үкім қылғанға (өлгенге) дейін осы жерден әсте айрылмаймын. Ол Алла үкім етушілердің ең жақсысы” деді
Аударма: Халифа Алтай
Олар үмітсіздікке түсіп, оңашаланып кеңесті. Олардың үлкені: «Әкелерінің сен­дерден Аллаһтың алдында серт алғанын білмейсіңдер ме? Әрі бұрын Йусуфке байланысты қателік жасадыңдар. Әкем рұқсат бергенге немесе мен үшін Аллаһ бір үкім шығарғанға дейін осы жерден кетпеймін. Ол үкім шығарушылардың ең қайырлысы
Аударма: ҚМДБ
12:81
ٱرۡجِعُوٓاْ إِلَىٰٓ أَبِيكُمۡ فَقُولُواْ يَـٰٓأَبَانَآ إِنَّ ٱبۡنَكَ سَرَقَ وَمَا شَهِدۡنَآ إِلَّا بِمَا عَلِمۡنَا وَمَا كُنَّا لِلۡغَيۡبِ حَٰفِظِينَ
“Сендер әкелеріңе қайтыңдар да: Әй әкеміз! Шын мәнінде ұлың ұрлық қылды. Біз білгенімізге ғана айғақпыз. Сондай-ақ біз көместі білмейміз деңдер.”
Аударма: Халифа Алтай
Әкелеріңе қайтып барып: «Әй, әкеміз! Шын мәнінде, ұлың ұрлық жасады. Біз білгенімізге ғана куәміз. Әрі біз ғайыпқа күзетші емеспіз / ғайыпты білмейміз
Аударма: ҚМДБ
12:82
وَسۡـَٔلِ ٱلۡقَرۡيَةَ ٱلَّتِي كُنَّا فِيهَا وَٱلۡعِيرَ ٱلَّتِيٓ أَقۡبَلۡنَا فِيهَاۖ وَإِنَّا لَصَٰدِقُونَ
“Ал біз ішінде болған қаладан және бізге кездескен керуеннен сұра. Сөз жоқ, біз шын айтамыз”
Аударма: Халифа Алтай
Біз болған қаладан және біз бірге кел­ген керуеннен сұра. Негізінде, біз шын сөздіміз», деп айтыңдар», деді
Аударма: ҚМДБ
12:83
قَالَ بَلۡ سَوَّلَتۡ لَكُمۡ أَنفُسُكُمۡ أَمۡرٗاۖ فَصَبۡرٞ جَمِيلٌۖ عَسَى ٱللَّهُ أَن يَأۡتِيَنِي بِهِمۡ جَمِيعًاۚ إِنَّهُۥ هُوَ ٱلۡعَلِيمُ ٱلۡحَكِيمُ
(Яғқұп Ғ.С.): “Олай емес. Сендерді нәпсілерің бір іске қызықтырған екен. Енді маған көркем сабыр керек. Бәлкім Алла олардың бәрін маған келтірер. Өйткені, Ол толық білуші, хикмет иесі” деді
Аударма: Халифа Алтай
Ол / Йаъқуб / : «Сендерге көңілдерің бұл істі әдемі көрсетіп, қызықтырған екен. Енді көркем сабыр / керек / . Аллаһ олардың бәрін өзіме әкелуін үміт етемін. Ақиқатында, Ол бәрін Білуші , аса Дана », деді
Аударма: ҚМДБ
12:84
وَتَوَلَّىٰ عَنۡهُمۡ وَقَالَ يَـٰٓأَسَفَىٰ عَلَىٰ يُوسُفَ وَٱبۡيَضَّتۡ عَيۡنَاهُ مِنَ ٱلۡحُزۡنِ فَهُوَ كَظِيمٞ
(Яғқұп Ғ.С.) олардан теріс айналып: “Ой қайран Юсып!”, - деп күйіктен көздері ағарып, сонда ол қасіреттеніп іштей тынды
Аударма: Халифа Алтай
Ол олардан теріс бұрылып: «Ах, Йусуф!» деп күйінгенде, көздеріне ақ түсті, ол / қайғысын жұтып / төзімділік танытты
Аударма: ҚМДБ
12:85
قَالُواْ تَٱللَّهِ تَفۡتَؤُاْ تَذۡكُرُ يُوسُفَ حَتَّىٰ تَكُونَ حَرَضًا أَوۡ تَكُونَ مِنَ ٱلۡهَٰلِكِينَ
Олар, әкелеріне: “Аллаға ант етеміз. Күйіктен ерігенге немесе типыл болғанға дейін Юсыпты жоқтай бересің” деді
Аударма: Халифа Алтай
Олар: «Аллаһқа ант етеміз, ауру болғаныңа немесе құрып таусылғаныңа дейін Йусуфты еске алуды қоймайсың», деді
Аударма: ҚМДБ
12:86
قَالَ إِنَّمَآ أَشۡكُواْ بَثِّي وَحُزۡنِيٓ إِلَى ٱللَّهِ وَأَعۡلَمُ مِنَ ٱللَّهِ مَا لَا تَعۡلَمُونَ
(Яғқұп Ғ.С.): “Мен күйзелісімді де күйінішімді де Аллаға ғана шағамын. Әрі Алладан сендер білмеген нәрсені білемін” деді
Аударма: Халифа Алтай
Ол: «Мен күйзелісімді де, күйінішімді де Аллаһқа ғана шағамын. Әрі Аллаһ­тан сендер білмейтін нәрсені білемін», деді
Аударма: ҚМДБ
12:87
يَٰبَنِيَّ ٱذۡهَبُواْ فَتَحَسَّسُواْ مِن يُوسُفَ وَأَخِيهِ وَلَا تَاْيۡـَٔسُواْ مِن رَّوۡحِ ٱللَّهِۖ إِنَّهُۥ لَا يَاْيۡـَٔسُ مِن رَّوۡحِ ٱللَّهِ إِلَّا ٱلۡقَوۡمُ ٱلۡكَٰفِرُونَ
“Әй ұлдарым! Барыңдар да Юсыпты және туысын іздестіріңдер! Сондай-ақ Алланың мәрхаметінен күдер үзбеңдер. Өйткені, Алланың рахметінен, қарсы болған қауым ғана күдер үзеді...”
Аударма: Халифа Алтай
«Әй, ұлдарым! Барып Йусуф пен оның бауырын іздеңдер! Әрі Аллаһтың мейірімінен үміт үзбеңдер. Анығында, Аллаһтың мейірімінен кәпір адамдар ғана үмітін үзеді», деді
Аударма: ҚМДБ
12:88
فَلَمَّا دَخَلُواْ عَلَيۡهِ قَالُواْ يَـٰٓأَيُّهَا ٱلۡعَزِيزُ مَسَّنَا وَأَهۡلَنَا ٱلضُّرُّ وَجِئۡنَا بِبِضَٰعَةٖ مُّزۡجَىٰةٖ فَأَوۡفِ لَنَا ٱلۡكَيۡلَ وَتَصَدَّقۡ عَلَيۡنَآۖ إِنَّ ٱللَّهَ يَجۡزِي ٱلۡمُتَصَدِّقِينَ
Олар, Юсып (Ғ.С.) қа барып, кірген сәтте: “Әй қожайын! Бізге және семьямызға ашарылық тиді. Онымен қатар мардымсыз бір нәрсемен келдік. Сонда да толық өлшеп бер. Тіпті бізге садақа да бер. Күдіксіз Алла, садақа берушілерді сыйлайды” деді
Аударма: Халифа Алтай
Олар оның / Йусуфтың / алдына кірген кезде: «Уа, мырза! Бізге және үй-ішімізге қиыншылық тиді. Әрі біз аз затпен келген едік. Сонда да бізге толық өлшеп әрі бізге қайыр-садақа бер. Ақиқатында, Аллаһ садақа берушілерге қайтарым сыйын береді», деді
Аударма: ҚМДБ
12:89
قَالَ هَلۡ عَلِمۡتُم مَّا فَعَلۡتُم بِيُوسُفَ وَأَخِيهِ إِذۡ أَنتُمۡ جَٰهِلُونَ
(Юсып Ғ.С.): “Сендер білместіктен Юсыпқа және туысына не істегендеріңді білесіңдер ме?”, - деді
Аударма: Халифа Алтай
Йусуф: / «Сендер надан болған кездерінде Йусуфке және оның інісіне не істегендеріңді білесіңдер ме?»-деді
Аударма: ҚМДБ
12:90
قَالُوٓاْ أَءِنَّكَ لَأَنتَ يُوسُفُۖ قَالَ أَنَا۠ يُوسُفُ وَهَٰذَآ أَخِيۖ قَدۡ مَنَّ ٱللَّهُ عَلَيۡنَآۖ إِنَّهُۥ مَن يَتَّقِ وَيَصۡبِرۡ فَإِنَّ ٱللَّهَ لَا يُضِيعُ أَجۡرَ ٱلۡمُحۡسِنِينَ
Олар: “Сен өзің шын Юсыпсың ба?”, - деді. “Мен Юсып мынау туысым. Расында Алла бізге игілік қылды. Шын мәнінде кім Алладан сақсынса, сабыр етсе, күдіксіз Алла жақсылық істеушілердің еңбегін зая қылмайды” деді
Аударма: Халифа Алтай
Олар: «Сен, шынымен Йусуфсың ба?»-деді. Ол: «Мен Йусуфпын, ал мынау інім. Аллаһ бізге игілік етті. Кім тақуалық етсе / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақ­танса / және сабыр етсе, ақиқатында, Аллаһ жақсылықты ықыласпен істеушілердің ақысын зая кетірмейді», деді
Аударма: ҚМДБ
12:91
قَالُواْ تَٱللَّهِ لَقَدۡ ءَاثَرَكَ ٱللَّهُ عَلَيۡنَا وَإِن كُنَّا لَخَٰطِـِٔينَ
Олар: “Аллаға ант етеміз. Рас Алла сені бізге ықпалды етті. Өйткені, біз күнәкар едік” деді
Аударма: Халифа Алтай
Олар: «Аллаһпен ант етеміз. Аллаһ сені бізден жоғары қойды. Ал біз біле тұра қателесушілерден / күнәһарлардан / болдық»,-деді
Аударма: ҚМДБ
12:92
قَالَ لَا تَثۡرِيبَ عَلَيۡكُمُ ٱلۡيَوۡمَۖ يَغۡفِرُ ٱللَّهُ لَكُمۡۖ وَهُوَ أَرۡحَمُ ٱلرَّـٰحِمِينَ
(Юсып Ғ.С.): “Бүгін сендерге сөгіс жоқ. Алла сендерді жарылқайды. Ол мейірімділердің ең мейірімдісі” деді
Аударма: Халифа Алтай
Ол: «Бүгін сендер жазғырылмайсыңдар. Аллаһ сендерді кешірсін, өйткені Ол мейірімділердің ең Мейірімдісі
Аударма: ҚМДБ
12:93
ٱذۡهَبُواْ بِقَمِيصِي هَٰذَا فَأَلۡقُوهُ عَلَىٰ وَجۡهِ أَبِي يَأۡتِ بَصِيرٗا وَأۡتُونِي بِأَهۡلِكُمۡ أَجۡمَعِينَ
“Енді мына жейдемді апарып, әкемнің бетіне қойыңдар; көзі көруге келеді. Біртұтас үй-іштеріңмен маған келіңдер” деді
Аударма: Халифа Алтай
Менің көйлегімді алып барып, әкемнің бетіне тастаңдар, сонда ол көретін болады. Әрі барлығың үй-іштеріңмен маған келіңдер», деді
Аударма: ҚМДБ
12:94
وَلَمَّا فَصَلَتِ ٱلۡعِيرُ قَالَ أَبُوهُمۡ إِنِّي لَأَجِدُ رِيحَ يُوسُفَۖ لَوۡلَآ أَن تُفَنِّدُونِ
Керуен Мысырдан айрылып шыққан кезде, олардың әкесі (Яғқұп Ғ.С.): “Егер алжыды демесеңдер шын мәнінде мен Юсыптың исін алып отырмын” деді
Аударма: Халифа Алтай
Керуен шыққан кезде олардың әкесі: «Егер мені алжыды демесеңдер, ақиқатында, мен Йусуфтың иісін / тынысын / сезіп тұрмын», деді
Аударма: ҚМДБ
12:95
قَالُواْ تَٱللَّهِ إِنَّكَ لَفِي ضَلَٰلِكَ ٱلۡقَدِيمِ
Ел: “Аллаға ант етеміз. Әрине сен бұрыңғы жан-сақтықтасың” деді
Аударма: Халифа Алтай
Олар / жанындағылар / : «Аллаһпен ант етеміз. Әрине, сен бұрынғы адасуыңдасың», деді
Аударма: ҚМДБ
12:96
فَلَمَّآ أَن جَآءَ ٱلۡبَشِيرُ أَلۡقَىٰهُ عَلَىٰ وَجۡهِهِۦ فَٱرۡتَدَّ بَصِيرٗاۖ قَالَ أَلَمۡ أَقُل لَّكُمۡ إِنِّيٓ أَعۡلَمُ مِنَ ٱللَّهِ مَا لَا تَعۡلَمُونَ
Шүйіншіші келген сәтте, жейдені Яғқұп (Ғ.С.) тың бетіне қоя сала көзі көруге айналды: “Сендерге Алла тарапынан сендер білмейтін нәрсені білемін демеп пе едім?” деді
Аударма: Халифа Алтай
Сүйінші хабар жеткізуші келген кезде ол көйлекті оның бетіне тастады, сонда ол қайтадан көретін болды. Ол: «Мен сендерге Аллаһ тарапынан сендер білмейтінді білемін демеп пе едім?» деді
Аударма: ҚМДБ
12:97
قَالُواْ يَـٰٓأَبَانَا ٱسۡتَغۡفِرۡ لَنَا ذُنُوبَنَآ إِنَّا كُنَّا خَٰطِـِٔينَ
Ұлдары: “Әй әкеміз! Біздің күнәларымыздың жарылқануын тіле! Расында біз қателескен едік” деді
Аударма: Халифа Алтай
Олар / ұлдары / : «Әй, әкеміз! Біз үшін күнәларымыздың кешірілуін тіле! Шын мәнінде, біз біле тұра қателесушілерден болдық», деді
Аударма: ҚМДБ
12:98
قَالَ سَوۡفَ أَسۡتَغۡفِرُ لَكُمۡ رَبِّيٓۖ إِنَّهُۥ هُوَ ٱلۡغَفُورُ ٱلرَّحِيمُ
Яғқұп (Ғ.С.): “Сендер үшін Раббымнан жарылқау тілеймін. Өйткені, Ол аса жарылқаушы, ерекше мейірімді” деді
Аударма: Халифа Алтай
Ол: «Сендер үшін Раббымнан кешірім тілейтін боламын. Ақиқатында, Ол өте Кешірімді, ерекше Мейірімді», деді
Аударма: ҚМДБ
12:99
فَلَمَّا دَخَلُواْ عَلَىٰ يُوسُفَ ءَاوَىٰٓ إِلَيۡهِ أَبَوَيۡهِ وَقَالَ ٱدۡخُلُواْ مِصۡرَ إِن شَآءَ ٱللَّهُ ءَامِنِينَ
Олар, Юсып (Ғ.С.) тың қасына барғанда әке-шешесін өз қасына алды да: “Алланың қалауы бойынша Мысырға бейбіт түрде кіріңдер” деді
Аударма: Халифа Алтай
Олар Йусуфқа келгенде, ол ата-анасын жанына алды. Әрі: «Мысырға кіріңдер, Аллаһ қаласа амандықта болып», деді
Аударма: ҚМДБ
12:100
وَرَفَعَ أَبَوَيۡهِ عَلَى ٱلۡعَرۡشِ وَخَرُّواْ لَهُۥ سُجَّدٗاۖ وَقَالَ يَـٰٓأَبَتِ هَٰذَا تَأۡوِيلُ رُءۡيَٰيَ مِن قَبۡلُ قَدۡ جَعَلَهَا رَبِّي حَقّٗاۖ وَقَدۡ أَحۡسَنَ بِيٓ إِذۡ أَخۡرَجَنِي مِنَ ٱلسِّجۡنِ وَجَآءَ بِكُم مِّنَ ٱلۡبَدۡوِ مِنۢ بَعۡدِ أَن نَّزَغَ ٱلشَّيۡطَٰنُ بَيۡنِي وَبَيۡنَ إِخۡوَتِيٓۚ إِنَّ رَبِّي لَطِيفٞ لِّمَا يَشَآءُۚ إِنَّهُۥ هُوَ ٱلۡعَلِيمُ ٱلۡحَكِيمُ
Әке-шешесін таққа көтерді. Барлығы Алла үшін сәждеге жығылды. (Юсып Ғ.С.): “Әй әкетайым! Міне бұрыңғы көрген түсімнің жоруы. Рас оны Раббым хақиқатқа шығарды. Сондай-ақ шайтан туыстарым мен менің арамды бұзғаннан кейін, мені абақтыдан шығарып, сахарадан сендерді келтіріп, маған рас игілік етті. Күдіксіз Раббым қалағанына өте мейірімді. Ол толық білуші, хикмет иесі.”
Аударма: Халифа Алтай
Сөйтіп ол ата-анасын жоғары, биік орынға отырғызды. Әрі олар оған / құрмет ретінде / маңдайларын жерге тигізді. Ол:«Уа, әкешім! Міне, бұрынғы көрген түсімнің жоруы осы. Раббым оны шындыққа шығарды. Әрі мені мен бауырларымның арасын шайтан наз'ғ (бұзу, араны бұзу) қылғаннан кейін / іріткі са­лып, бұзған соң / , Ол / Аллаһ / мені түрмеден шығарып сендерді шөл даладан келтіріп, маған игілік жасады. Ақиқатында, Раббым қалаған құлына өте Мейірбан.Ол бәрін Білуші, аса Дана
Аударма: ҚМДБ
12:101
۞رَبِّ قَدۡ ءَاتَيۡتَنِي مِنَ ٱلۡمُلۡكِ وَعَلَّمۡتَنِي مِن تَأۡوِيلِ ٱلۡأَحَادِيثِۚ فَاطِرَ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِ أَنتَ وَلِيِّۦ فِي ٱلدُّنۡيَا وَٱلۡأٓخِرَةِۖ تَوَفَّنِي مُسۡلِمٗا وَأَلۡحِقۡنِي بِٱلصَّـٰلِحِينَ
“Раббым маған патшалық бердің және түстердің жоруын үйреттің. Көктер мен жердің жаратушысы, Сен дүние, ахиретте иемсің. Мені бой ұсынған күйде өлтіріп, игілерге қос!”
Аударма: Халифа Алтай
Раббым! Сен маған билік бердің және түстердің жоруын үйреттің. Аспандар мен жердің Жаратушысы! Сен осы дүние және соңғы, мәңгілік өмірдегі / ақиреттегі / қамқоршымсың. Менің жанымды Мұсылман / Өзіңе бойсұнған / күйімде ал әрі мені ізгілерге қос!» / деді
Аударма: ҚМДБ
12:102
ذَٰلِكَ مِنۡ أَنۢبَآءِ ٱلۡغَيۡبِ نُوحِيهِ إِلَيۡكَۖ وَمَا كُنتَ لَدَيۡهِمۡ إِذۡ أَجۡمَعُوٓاْ أَمۡرَهُمۡ وَهُمۡ يَمۡكُرُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.) саған бұл қиссаны көмес хабарлардан уахи етеміз. Олар іс жүзінде бірлесіп (Юсыпқа) мекерлік жасағанда, жандарында болмаған едің
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Міне, бұлар ғайып хабарлардан, саған оны уахи етіп жеткіземіз. Олар құлық ойлап, не істейтіндеріне шешім қабылдаған кезде сен олардың қасында болмаған едің
Аударма: ҚМДБ
12:103
وَمَآ أَكۡثَرُ ٱلنَّاسِ وَلَوۡ حَرَصۡتَ بِمُؤۡمِنِينَ
Сен, қанша ынтазар болсаң да, адамдардың көбі иман келтірмейді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі сен қанша қалап, тырыссаң да адамдардың көбі иманға келмейді
Аударма: ҚМДБ
12:104
وَمَا تَسۡـَٔلُهُمۡ عَلَيۡهِ مِنۡ أَجۡرٍۚ إِنۡ هُوَ إِلَّا ذِكۡرٞ لِّلۡعَٰلَمِينَ
(Істегендеріңе) олардан ақы сұрамайсың. Ол Құран бүкіл әлемге тән үгіт
Аударма: Халифа Алтай
Сондай-ақ сен ол / Құран / үшін олардан ақы сұрамайсың. Ол бүкіл әлемдер үшін еске салу / ескерту / ғана
Аударма: ҚМДБ
12:105
وَكَأَيِّن مِّنۡ ءَايَةٖ فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِ يَمُرُّونَ عَلَيۡهَا وَهُمۡ عَنۡهَا مُعۡرِضُونَ
Көктерде және жерде қаншалаған дәлелбар. Адамдар оған көңіл бөлмей өтеді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі аспандарда және жерде қанша белгі-дәлелдер бар.Олар / имансыздар / оның жанынан өткенмен, оған назар салмайды
Аударма: ҚМДБ
12:106
وَمَا يُؤۡمِنُ أَكۡثَرُهُم بِٱللَّهِ إِلَّا وَهُم مُّشۡرِكُونَ
Олардың көбі Аллаға иман келтірмейді. Сондай-ақ олар ортақ қосады
Аударма: Халифа Алтай
Әрі, олардың көбі Аллаһқа, Оған серік қатқан түрде ғана сенеді
Аударма: ҚМДБ
12:107
أَفَأَمِنُوٓاْ أَن تَأۡتِيَهُمۡ غَٰشِيَةٞ مِّنۡ عَذَابِ ٱللَّهِ أَوۡ تَأۡتِيَهُمُ ٱلسَّاعَةُ بَغۡتَةٗ وَهُمۡ لَا يَشۡعُرُونَ
Ал олар, Алланың баурап алушы азабынан немесе кенеттен сезбеген түрде қияметтің келіп қалуынан қауіпсіз болды ма
Аударма: Халифа Алтай
Олар өздеріне Аллаһтың орап алушы азабының келуінен немесе Сағаттың / Қайта тірілу күнінің / кенеттен, өздері сезбеген түрде келіп қалуынан қауіпсіз болды ма
Аударма: ҚМДБ
12:108
قُلۡ هَٰذِهِۦ سَبِيلِيٓ أَدۡعُوٓاْ إِلَى ٱللَّهِۚ عَلَىٰ بَصِيرَةٍ أَنَا۠ وَمَنِ ٱتَّبَعَنِيۖ وَسُبۡحَٰنَ ٱللَّهِ وَمَآ أَنَا۠ مِنَ ٱلۡمُشۡرِكِينَ
(Мұхаммед Ғ.С.): “Менің жолым осы. Алла жаққа шақырамын. Мен және маған ергендер, ашық дәлел үстінде. Алланы пәктеймін. Сондай-ақ шерік қатушылардан емеспін” де
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Менің жолым осы. Мен Аллаһқа айқын дәлел үстінде шақырамын әрі маған ергендер де. Аллаһ / барлық кемшіліктен / пәк. Мен Аллаһқа біреуді / Оның иелігіндегі бір нәрседе үлесі бар деп / серік етіп қосушылардан емеспін», деп
Аударма: ҚМДБ
12:109
وَمَآ أَرۡسَلۡنَا مِن قَبۡلِكَ إِلَّا رِجَالٗا نُّوحِيٓ إِلَيۡهِم مِّنۡ أَهۡلِ ٱلۡقُرَىٰٓۗ أَفَلَمۡ يَسِيرُواْ فِي ٱلۡأَرۡضِ فَيَنظُرُواْ كَيۡفَ كَانَ عَٰقِبَةُ ٱلَّذِينَ مِن قَبۡلِهِمۡۗ وَلَدَارُ ٱلۡأٓخِرَةِ خَيۡرٞ لِّلَّذِينَ ٱتَّقَوۡاْۚ أَفَلَا تَعۡقِلُونَ
Сенен бұрын да кенттердің халқынан өздеріне уақи етіп, еркектерді ғана жібердік. Ал енді олар өздерінен бұрыңғылардың соңының не болғанын жер жүзін кезіп көрмей ме? Әрине ақирет жұрты тақуалар үшін хайырлы, түсінбейсіңдер ме
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Сенен бұрын да, Біз тек елді мекен тұрғындарынан болған ер адамдарға уахи түсіріп, жібердік. Ал, енді олар жер бетінде жүріп, өздерінен бұрынғылардың соңының не болғанына назар салмай ма? Шын мәнінде, соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / жұрты тақуалар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанатындар / үшін қайырлы. Ақылдарыңды істетіп, ұғынбайсыңдар ма
Аударма: ҚМДБ
12:110
حَتَّىٰٓ إِذَا ٱسۡتَيۡـَٔسَ ٱلرُّسُلُ وَظَنُّوٓاْ أَنَّهُمۡ قَدۡ كُذِبُواْ جَآءَهُمۡ نَصۡرُنَا فَنُجِّيَ مَن نَّشَآءُۖ وَلَا يُرَدُّ بَأۡسُنَا عَنِ ٱلۡقَوۡمِ ٱلۡمُجۡرِمِينَ
Хатте пайғамбарлар күдер үзіп, олар шы мәнінде жасынға шығарылдық деп ойлаған кезде, өздеріне жәрдеміміз келген еді де сонда қалағанымыз құтқарылды. Сондай-ақ бейнетіміз күнәкар қауымнан қайтарылмайды
Аударма: Халифа Алтай
Елшілер үмітін үзген және өздерін өтірікшіге шығарылдық деп есептеген кезде, оларға жәрдеміміз келіп, Біздің қалағандарымыз ғана құтқарылды. Біздің азабымыз қылмыскер адамдардан қайтарылмайды
Аударма: ҚМДБ
12:111
لَقَدۡ كَانَ فِي قَصَصِهِمۡ عِبۡرَةٞ لِّأُوْلِي ٱلۡأَلۡبَٰبِۗ مَا كَانَ حَدِيثٗا يُفۡتَرَىٰ وَلَٰكِن تَصۡدِيقَ ٱلَّذِي بَيۡنَ يَدَيۡهِ وَتَفۡصِيلَ كُلِّ شَيۡءٖ وَهُدٗى وَرَحۡمَةٗ لِّقَوۡمٖ يُؤۡمِنُونَ
Әрине пайғамбарлардың қиссаларында ақыл иелері үшін өнеге бар. Құран бір жасама сөз емес. Бірақ өзінен бұрыңғы кітаптарды растайды. Сондай-ақ иман келтірген ел үшін әр нәрсені ашықтайтын тура жол және игілік
Аударма: Халифа Алтай
Олар / пайғамбарлар / жайлы хабарларда ақыл иелері үшін ғибрат бар. бұл / Құран / ойдан шығарылған әңгіме емес, ол өзінен алдыңғыны растаушы, барлық нәрсенің анық түсіндірмесі әрі иманға келген адамдар үшін / тура жолды ұстануға / басшылық және мейірім
Аударма: ҚМДБ
← ХудБарлық сүрелерАр-Раад →

Юсуф сүресі туралы

Юсуф (يوسف) — Құранның 12-сүресі, 111 аят, меккелік сүре, 12-жүз, мысхафтың 235-бетінен басталады. Бетте: Осман қарпіндегі араб мәтіні және Халифа Алтайдың қазақша мағыналық аудармасы мен ҚМДБ аудармасы. Аудио, транскрипция, тәпсір және 67 тілдегі аударма — толық нұсқада.

Барлық 114 сүре · Намаз уақыты · Іздеу