وَلَمَّا دَخَلُواْ مِنۡ حَيۡثُ أَمَرَهُمۡ أَبُوهُم مَّا كَانَ يُغۡنِي عَنۡهُم مِّنَ ٱللَّهِ مِن شَيۡءٍ إِلَّا حَاجَةٗ فِي نَفۡسِ يَعۡقُوبَ قَضَىٰهَاۚ وَإِنَّهُۥ لَذُو عِلۡمٖ لِّمَا عَلَّمۡنَٰهُ وَلَٰكِنَّ أَكۡثَرَ ٱلنَّاسِ لَا يَعۡلَمُونَ
walammā dakhalū min ḥaythu amarahum abūhum mā kāna yugh'nī ʿanhum mina l-lahi min shayin illā ḥājatan fī nafsi yaʿqūba qaḍāhā wa-innahu ladhū ʿil'min limā ʿallamnāhu walākinna akthara l-nāsi lā yaʿlamūna
Олар, әкелерінің әмірінше, кірген болса да олардан Алланың тақдырынан ешнәрсені кетіре алмайтын еді. Бірақ Яғқұп (Ғ.С.) көңліндегі бір хажетін ғана атқарған болды. Өйткені ол, біз үйреткендіктен білім иесі еді. Алайда, оны адамдардың көбі білмейді
Аударма: Халифа Алтай
Олар, әкелері бұйырған жерден кірген кезде, бұл оларды Аллаһтан келгеннен құтқара алмады. Тек Йаъқубтың көңіліндегі бір қажеті орындалды. Ақиқатында, Біз үйреткендігімізден ол білім иесі болды, алайда адамдардың көбі білмейді
Аударма: ҚМДБ
Қари: Мишари Рашид әл-Афаси