وَدَخَلَ مَعَهُ ٱلسِّجۡنَ فَتَيَانِۖ قَالَ أَحَدُهُمَآ إِنِّيٓ أَرَىٰنِيٓ أَعۡصِرُ خَمۡرٗاۖ وَقَالَ ٱلۡأٓخَرُ إِنِّيٓ أَرَىٰنِيٓ أَحۡمِلُ فَوۡقَ رَأۡسِي خُبۡزٗا تَأۡكُلُ ٱلطَّيۡرُ مِنۡهُۖ نَبِّئۡنَا بِتَأۡوِيلِهِۦٓۖ إِنَّا نَرَىٰكَ مِنَ ٱلۡمُحۡسِنِينَ
wadakhala maʿahu l-sij'na fatayāni qāla aḥaduhumā innī arānī aʿṣiru khamran waqāla l-ākharu innī arānī aḥmilu fawqa rasī khub'zan takulu l-ṭayru min'hu nabbi'nā bitawīlihi innā narāka mina l-muḥ'sinīna
Және де Юсыппен бірге екі жігіт бірге абақтыға кірді. Ол екеуінің бірі: „Мен түсімде арақ сыққанымды көрдім” деді. Екіншісі: „Мен төбеме нан көтеріп жүр екемін. Одан құс жегенін көрдім. Бізге бұл түстердің жоруын айтып бер. Күдіксіз, біз сені жақсылық қылушылардан көреміз” деді
Аударма: Халифа Алтай
түрмеге онымен бірге екі жігіт түсті. Олардың бірі: «Мен түсімде шарап сығып жатқанымды көрдім», - деді. Екіншісі: «Мен басымда нан көтеріп жүргенімді көрдім. Одан құстар жеп жатыр екен. Бізге оның жоруын айтып бер. Ақиқатында, біз сені жақсылықты ықыласпен істеушілерден көреміз», - деді
Аударма: ҚМДБ
Қари: Мишари Рашид әл-Афаси