فَلَمَّا دَخَلُواْ عَلَيۡهِ قَالُواْ يَـٰٓأَيُّهَا ٱلۡعَزِيزُ مَسَّنَا وَأَهۡلَنَا ٱلضُّرُّ وَجِئۡنَا بِبِضَٰعَةٖ مُّزۡجَىٰةٖ فَأَوۡفِ لَنَا ٱلۡكَيۡلَ وَتَصَدَّقۡ عَلَيۡنَآۖ إِنَّ ٱللَّهَ يَجۡزِي ٱلۡمُتَصَدِّقِينَ
falammā dakhalū ʿalayhi qālū yāayyuhā l-ʿazīzu massanā wa-ahlanā l-ḍuru waji'nā bibiḍāʿatin muz'jātin fa-awfi lanā l-kayla wataṣaddaq ʿalaynā inna l-laha yajzī l-mutaṣadiqīna
Олар, Юсып (Ғ.С.) қа барып, кірген сәтте: “Әй қожайын! Бізге және семьямызға ашарылық тиді. Онымен қатар мардымсыз бір нәрсемен келдік. Сонда да толық өлшеп бер. Тіпті бізге садақа да бер. Күдіксіз Алла, садақа берушілерді сыйлайды” деді
Аударма: Халифа Алтай
Олар оның / Йусуфтың / алдына кірген кезде: «Уа, мырза! Бізге және үй-ішімізге қиыншылық тиді. Әрі біз аз затпен келген едік. Сонда да бізге толық өлшеп әрі бізге қайыр-садақа бер. Ақиқатында, Аллаһ садақа берушілерге қайтарым сыйын береді», деді
Аударма: ҚМДБ
Қари: Мишари Рашид әл-Афаси