Ар-Раад

الرعد · 43 аят · мединалық
Орысша нұсқасыЖаттауМысхаф 249-бет
← ЮсуфБарлық сүрелерИбрахим →
13:1
الٓمٓرۚ تِلۡكَ ءَايَٰتُ ٱلۡكِتَٰبِۗ وَٱلَّذِيٓ أُنزِلَ إِلَيۡكَ مِن رَّبِّكَ ٱلۡحَقُّ وَلَٰكِنَّ أَكۡثَرَ ٱلنَّاسِ لَا يُؤۡمِنُونَ
Әлиф. Ләм. Мим. Ра. Бұл Құранның аяттары. (Мұхаммед Ғ.С.) саған Раббың тарапынан түсірілген хақиқат. Бірақ адамдардың көбі сенбейді
Аударма: Халифа Алтай
Әлиф Ләм Ра. / Ей, Мұхаммед! / Бұл Кітаптың аяттары. Әрі Раббыңнан саған түсірілгендер ақиқат. Алайда, адамдардың көбі сенбейді
Аударма: ҚМДБ
13:2
ٱللَّهُ ٱلَّذِي رَفَعَ ٱلسَّمَٰوَٰتِ بِغَيۡرِ عَمَدٖ تَرَوۡنَهَاۖ ثُمَّ ٱسۡتَوَىٰ عَلَى ٱلۡعَرۡشِۖ وَسَخَّرَ ٱلشَّمۡسَ وَٱلۡقَمَرَۖ كُلّٞ يَجۡرِي لِأَجَلٖ مُّسَمّٗىۚ يُدَبِّرُ ٱلۡأَمۡرَ يُفَصِّلُ ٱلۡأٓيَٰتِ لَعَلَّكُم بِلِقَآءِ رَبِّكُمۡ تُوقِنُونَ
Ол сондай Алла, көктерді тірексіз көтерді; көріп тұрсыңдар. Соң соң ғаршыны көтерілді, күн мен айды іске қосты. Олардың әрбірі бір белгілі мерзім үшін жүреді. Бүкіл істерді Ол, жолға қойып, аяттарды ашық баян етеді. Әрине Раббыларыңа кездесетіндеріңе нанарсыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ Ол аспандарды тірексіз көтерген, оны / тіректі / болғанда көретін едіңдер, кейін Аршыға көтерілді. Әрі күн мен айды бағынышты етті. Олардың әрқайсысы белгіленген бір мерзімге дейін қозғалады. Ол бүкіл істерді басқарады әрі өздеріңнің Раббыңа жолығуға айқын сенулерің үшін белгі-дәлелдерді анық етіп түсіндіреді
Аударма: ҚМДБ
13:3
وَهُوَ ٱلَّذِي مَدَّ ٱلۡأَرۡضَ وَجَعَلَ فِيهَا رَوَٰسِيَ وَأَنۡهَٰرٗاۖ وَمِن كُلِّ ٱلثَّمَرَٰتِ جَعَلَ فِيهَا زَوۡجَيۡنِ ٱثۡنَيۡنِۖ يُغۡشِي ٱلَّيۡلَ ٱلنَّهَارَۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَٰتٖ لِّقَوۡمٖ يَتَفَكَّرُونَ
Тағы Ол сондай Алла, жерді төсеп, онда асқар таулар, өзендер жаратты. Әрі онда әртүрлі жемістерден екіден жұп етті. Түнді күндізге жабады. Шынында бұнда ойланатын қауым үшін дәлелдер бар
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Ол жерді созып / жайып / және он­да берік орнатылғандарды / тауларды / әрі өзендерді пайда қылған және онда жемістердің әрбірінен жұп етіп екеу жасаған. Ол түнмен күндізді жабады. Ақиқатында, осыларда ойланып қарайтын адамдар үшін белгі-дәлелдер бар
Аударма: ҚМДБ
13:4
وَفِي ٱلۡأَرۡضِ قِطَعٞ مُّتَجَٰوِرَٰتٞ وَجَنَّـٰتٞ مِّنۡ أَعۡنَٰبٖ وَزَرۡعٞ وَنَخِيلٞ صِنۡوَانٞ وَغَيۡرُ صِنۡوَانٖ يُسۡقَىٰ بِمَآءٖ وَٰحِدٖ وَنُفَضِّلُ بَعۡضَهَا عَلَىٰ بَعۡضٖ فِي ٱلۡأُكُلِۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَٰتٖ لِّقَوۡمٖ يَعۡقِلُونَ
Жер жүзінде көршілес құрылықтар, жүзім бақшалары, егіндер және ашалы, ашасыз құрманың ағаштары бар. Бәрі бір сумен суарылады да жемістерін бір-бірінен арылтамыз. Сөз жоқ, бұнда түсінген ел үшін дәлелдер бар
Аударма: Халифа Алтай
Әрі жерде бір-біріне көршілес жатқан бөліктер бар және жүзім бақтары, егіндер, бір тамырдан бірнеше болып және жалғыз болып шығатын құрма ағаштары бар. Олар бір сумен суғарылады, бірақ оларды тамақ ретінде бірінен-бірін артық етеміз. Ақиқатында, бұларда ақылмен ұғынатын адамдар үшін дәл елдер бар
Аударма: ҚМДБ
13:5
۞وَإِن تَعۡجَبۡ فَعَجَبٞ قَوۡلُهُمۡ أَءِذَا كُنَّا تُرَٰبًا أَءِنَّا لَفِي خَلۡقٖ جَدِيدٍۗ أُوْلَـٰٓئِكَ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ بِرَبِّهِمۡۖ وَأُوْلَـٰٓئِكَ ٱلۡأَغۡلَٰلُ فِيٓ أَعۡنَاقِهِمۡۖ وَأُوْلَـٰٓئِكَ أَصۡحَٰبُ ٱلنَّارِۖ هُمۡ فِيهَا خَٰلِدُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.) егер таңғалсаң, олардың: “Біз бір топырақ болған кезде, жаңадан жаратыламыз ба?”, - деген сөздеріне таңырқау керек. Міне бұлар Раббыларына қарсы болғандар. Әрі бұлар мойындарында темір шынжырлар болатындар. Сондай-ақ бұлар тозақтықтар. Олар онда мәңгі қалады
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Егер сен таң қалатын болсаң, олардың: «Біз топырақ болып кеткенімізде, жаңадан жаратыламыз ба?» дегендері таң қаларлық сөз. Міне, солар өздерінің Раббысына күпірлік еткендер / сенбеген, қарсы келгендер / . Әрі олар мойындарында бұғаулар болатындар және солар оттағылар. Олар ол жерде мәңгі қалушылар
Аударма: ҚМДБ
13:6
وَيَسۡتَعۡجِلُونَكَ بِٱلسَّيِّئَةِ قَبۡلَ ٱلۡحَسَنَةِ وَقَدۡ خَلَتۡ مِن قَبۡلِهِمُ ٱلۡمَثُلَٰتُۗ وَإِنَّ رَبَّكَ لَذُو مَغۡفِرَةٖ لِّلنَّاسِ عَلَىٰ ظُلۡمِهِمۡۖ وَإِنَّ رَبَّكَ لَشَدِيدُ ٱلۡعِقَابِ
(Мұхаммед Ғ.С. ажыуа түрінде) олар сенен жақсылықтан бұрын жедел жамандық тілейді. Расында бұлардан бұрын ғибрат аларлық мысалдар өткен болатын. Шәксіз Раббың, адам баласының зұлымдықтарына қарсы жарылқау күшіне ие. Сондай-ақ Раббыңның азабы да қатты
Аударма: Халифа Алтай
Олар сені жақсылыққа қарағанда жамандыққа / оның тез болуын сұрап / асықтырады. Оларға дейін осы секілді ғибрат аларлық жазалар болып өткен еді. Анығында, Раббың адамдарға, олардың әділетсіздік етіп жатқанына қарамастан кешірім Иесі. Негізінде, Раббың жазаны беруде де қатты
Аударма: ҚМДБ
13:7
وَيَقُولُ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ لَوۡلَآ أُنزِلَ عَلَيۡهِ ءَايَةٞ مِّن رَّبِّهِۦٓۗ إِنَّمَآ أَنتَ مُنذِرٞۖ وَلِكُلِّ قَوۡمٍ هَادٍ
Сондай қарсы болғандар: “Оған Раббыңнан бір мұғжиза неге келмейді?”-дейді. Шын мәнінде сен бір ескертушісің. Сондай-ақ әр елдің бір жолбасшысы бар
Аударма: Халифа Алтай
Әрі сондай күпірлік етушілер / қарсы келушілер / : «Неге оған Раббысынан бір мұғжиза түсірілмейді?» дейді. Шын мәнінде, сен бір ескертуші ғанасың. Әрі әрбір ел үшін / тура жолға шақыратын / жетекші бар
Аударма: ҚМДБ
13:8
ٱللَّهُ يَعۡلَمُ مَا تَحۡمِلُ كُلُّ أُنثَىٰ وَمَا تَغِيضُ ٱلۡأَرۡحَامُ وَمَا تَزۡدَادُۚ وَكُلُّ شَيۡءٍ عِندَهُۥ بِمِقۡدَارٍ
Алла (Т.) әр ұрғашы жыныстың неге жүкті болғандығын және жатырлардың нені кемітіп, нені арылтқанын (нені туып нені қойғанын) біледі. Оның жанында әр нәрсе өлшеулі
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ әрбір ұрғашының нені көтеріп жүргенін және жатырлардың нені кемітіп, арттыратынын біледі. Әрбір нәрсе Оның алдында өлшеулі
Аударма: ҚМДБ
13:9
عَٰلِمُ ٱلۡغَيۡبِ وَٱلشَّهَٰدَةِ ٱلۡكَبِيرُ ٱلۡمُتَعَالِ
(Ол) көместі, көрнеуді білуші. Аса ұлы, өте жоғары
Аударма: Халифа Алтай
Ол ғайып пен анық нәрсені Білуші, өте Үлкен, бәрінен Жоғары
Аударма: ҚМДБ
13:10
سَوَآءٞ مِّنكُم مَّنۡ أَسَرَّ ٱلۡقَوۡلَ وَمَن جَهَرَ بِهِۦ وَمَنۡ هُوَ مُسۡتَخۡفِۭ بِٱلَّيۡلِ وَسَارِبُۢ بِٱلنَّهَارِ
Сендерден кім сөзді жасырса да жарияласа да және кім түнде жасырынып, күндіз шықса да Аллаға бәрі бірдей
Аударма: Халифа Алтай
Сендерден кім сөзді жасырса да, не оны жария сөйлесе де және кім түнде жасырынып, күндіз ашық шықса да / Оған / бәрі бірдей
Аударма: ҚМДБ
13:11
لَهُۥ مُعَقِّبَٰتٞ مِّنۢ بَيۡنِ يَدَيۡهِ وَمِنۡ خَلۡفِهِۦ يَحۡفَظُونَهُۥ مِنۡ أَمۡرِ ٱللَّهِۗ إِنَّ ٱللَّهَ لَا يُغَيِّرُ مَا بِقَوۡمٍ حَتَّىٰ يُغَيِّرُواْ مَا بِأَنفُسِهِمۡۗ وَإِذَآ أَرَادَ ٱللَّهُ بِقَوۡمٖ سُوٓءٗا فَلَا مَرَدَّ لَهُۥۚ وَمَا لَهُم مِّن دُونِهِۦ مِن وَالٍ
Әркімнің алды-артынан Алланың әмірі бойынша, өкшелеп, қорғаушы (періштелер) бар. Расында бір қаумы, өзін өзгертпейінше Алла, оны өзгертпейді. Сондай-ақ егер Алла, бір қауымға бейнет тілесе, Сонда оны ешбір қайтарушы жоқ. Әрі олар үшін Алладан өзге бір жәрдемші де жоқ
Аударма: Халифа Алтай
Оның / әрбір адамның / алдында әрі артында, Аллаһтың әмірі бойынша қорғайтын муъаққибат / одан айрылмай жүретін періштелер / пбар. Анығында, адамдар өздеріңдегіні / иман, бойсұну, ізгі амалдар, шүкіршілігін т. б. / 1178 өзгертпейінше, Аллаһ олардағыны өзгертпейді. Ал, Аллаһ бір елге жамандық қаласа, онда оны еш нәрсе қайтара алмайды. Әрі Одан өзге оларға ешбір қамқорлық етуші жоқ
Аударма: ҚМДБ
13:12
هُوَ ٱلَّذِي يُرِيكُمُ ٱلۡبَرۡقَ خَوۡفٗا وَطَمَعٗا وَيُنشِئُ ٱلسَّحَابَ ٱلثِّقَالَ
Ол сондай Алла, сендерге қорқу және үміт түрінде нажағайды көрсетіп, жаңбыр толы ауыр бұлттарды пайда қылады
Аударма: Халифа Алтай
Ол / Аллаһ! сендерге найзағайды қорқыныш және үміт ретінде көрсетеді әрі ауыр бұлттарды пайда қылады
Аударма: ҚМДБ
13:13
وَيُسَبِّحُ ٱلرَّعۡدُ بِحَمۡدِهِۦ وَٱلۡمَلَـٰٓئِكَةُ مِنۡ خِيفَتِهِۦ وَيُرۡسِلُ ٱلصَّوَٰعِقَ فَيُصِيبُ بِهَا مَن يَشَآءُ وَهُمۡ يُجَٰدِلُونَ فِي ٱللَّهِ وَهُوَ شَدِيدُ ٱلۡمِحَالِ
Көктің гүрілі; дәрітеп, періштелер қорқып, Алланы пәктейді. Алла, нажағайларды жіберіп, қалағанына тигізеді. Олар, Алла жайында таласады. Негізінде Алла, орасан күшке ие
Аударма: Халифа Алтай
Күннің күркіреуі Оны мақтап, дәріптейді және Одан қорыққандықтан періштелер де. Әрі Ол саъиқа жіберіп, онымен қалағанын ұрады. Ал олар / мүшріктер / болса, Аллаһ жайында сөз таластырады. Ал, Ол жазалауда өте қатты
Аударма: ҚМДБ
13:14
لَهُۥ دَعۡوَةُ ٱلۡحَقِّۚ وَٱلَّذِينَ يَدۡعُونَ مِن دُونِهِۦ لَا يَسۡتَجِيبُونَ لَهُم بِشَيۡءٍ إِلَّا كَبَٰسِطِ كَفَّيۡهِ إِلَى ٱلۡمَآءِ لِيَبۡلُغَ فَاهُ وَمَا هُوَ بِبَٰلِغِهِۦۚ وَمَا دُعَآءُ ٱلۡكَٰفِرِينَ إِلَّا فِي ضَلَٰلٖ
Шынайы тілек Аллаға тән. Олардың Алладан өзге тілегендері, оларға ешбір жауап бермейді. Олар судың ауыздарына келууі үшін алақандарын жайған тәрізді. Тіпті су оған жетіп келмейді. Өйткені, кәпірлердің тілегі мүлде қаңғырыс
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқаттың шақыруы / сиыну, дұға-тілектер / Оған / арналады!. Ал Одан өзге шақырылғандар еш нәрсемен жауап бермейді. / Серік қосушылар / суды аузына әкелу үшін екі қолын созған біреу тәрізді, алайда су оның аузына жетпейді. Кәпірлердің тілегі тек адасушылық ішінде
Аударма: ҚМДБ
13:15
وَلِلَّهِۤ يَسۡجُدُۤ مَن فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِ طَوۡعٗا وَكَرۡهٗا وَظِلَٰلُهُم بِٱلۡغُدُوِّ وَٱلۡأٓصَالِ۩
Көкердегі және жердегі әркім әрі көлеңкелері, ерікті, еріксіз түрде ертелі-кеш Аллаға сәжде қылады. (Әміріне бағынады)
Аударма: Халифа Алтай
Аспандардағы және жердегі әрбіреу ерікті және еріксіз түрде, таңертең және күндіздің соңында'84 Аллаһқа сәжде жасайды әрі олардың көлеңкелері де
Аударма: ҚМДБ
13:16
قُلۡ مَن رَّبُّ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِ قُلِ ٱللَّهُۚ قُلۡ أَفَٱتَّخَذۡتُم مِّن دُونِهِۦٓ أَوۡلِيَآءَ لَا يَمۡلِكُونَ لِأَنفُسِهِمۡ نَفۡعٗا وَلَا ضَرّٗاۚ قُلۡ هَلۡ يَسۡتَوِي ٱلۡأَعۡمَىٰ وَٱلۡبَصِيرُ أَمۡ هَلۡ تَسۡتَوِي ٱلظُّلُمَٰتُ وَٱلنُّورُۗ أَمۡ جَعَلُواْ لِلَّهِ شُرَكَآءَ خَلَقُواْ كَخَلۡقِهِۦ فَتَشَٰبَهَ ٱلۡخَلۡقُ عَلَيۡهِمۡۚ قُلِ ٱللَّهُ خَٰلِقُ كُلِّ شَيۡءٖ وَهُوَ ٱلۡوَٰحِدُ ٱلۡقَهَّـٰرُ
(Мұхаммед Ғ.С.) олардан: “Көктер мен жердің Рабы кім?”, - деп сұра да: “Алла!”, - деп жауап бер. “Алланы қойып, тіпті өздеріне де пайда, зиян келтіре алмайтындарды ие қылып алдыңдар ма?”, - де. “Көрмейтін мен көретін немесе жарық пен қараңғылықтар тең бе?”, - де. Я болмаса, олар; Аллаға, Оның жаратқанындай жарататын; жаратулары, Алланың жаратуына ұқсас ортақтар қоса ма? (Оларға) айт: “Әр нәрсені жаратушы Алла. Ол жалғыз, аса өктем”
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Аспандардың және жердің Раббысы кім?» деп. Айт: «Аллаһ!» деп. Айт: «Сендер өздеріне не пайда, не зиян келтіре алмайтын біреулерді, Одан өзге қамқоршылар етіп алдыңдар ма?» деп. Айт: «Соқыр мен көруші тең бе немесе қараңғылықтар мен жарық тең бе? Я болмаса, олар Аллаһқа, Оның жаратқанындай жарататын, жаратулары Аллаһтың жаратуына ұқсас келетін ортақтар қоса ма?» деп. Айт: «Аллаһ барлық нәрсенің Жаратушысы. Әрі Ол Жалғыз, Біреу , бәрін Бағындырушы / »
Аударма: ҚМДБ
13:17
أَنزَلَ مِنَ ٱلسَّمَآءِ مَآءٗ فَسَالَتۡ أَوۡدِيَةُۢ بِقَدَرِهَا فَٱحۡتَمَلَ ٱلسَّيۡلُ زَبَدٗا رَّابِيٗاۖ وَمِمَّا يُوقِدُونَ عَلَيۡهِ فِي ٱلنَّارِ ٱبۡتِغَآءَ حِلۡيَةٍ أَوۡ مَتَٰعٖ زَبَدٞ مِّثۡلُهُۥۚ كَذَٰلِكَ يَضۡرِبُ ٱللَّهُ ٱلۡحَقَّ وَٱلۡبَٰطِلَۚ فَأَمَّا ٱلزَّبَدُ فَيَذۡهَبُ جُفَآءٗۖ وَأَمَّا مَا يَنفَعُ ٱلنَّاسَ فَيَمۡكُثُ فِي ٱلۡأَرۡضِۚ كَذَٰلِكَ يَضۡرِبُ ٱللَّهُ ٱلۡأَمۡثَالَ
Ол көктен жаңбыр жаудырды да ойпаттар өз өлшеуі бойынша сел болып, көпірген көбікті қалқытып ақты. Сондай-ақ сәндік-бұйым немесе аспап жасау үшін оған от жағып, еіткен металдарда сондай көбік болады. Алла хақиқат пен жасандыны осылайша мысалдайды. Ал енді көбік кеуіп, ұшып кетеді де адам баласы пайдаланатын нәрсе жер бетінде тұрып қалады. Осылайша Алла мысал береді
Аударма: Халифа Алтай
Ол аспаннан су түсіріп, аңғарлар өз мөлшеріне сай суға толды. Сонда, сел көпірген көбіктерді алып кетті. Сондай-ақ олардың әшекей немесе бір бұйым / жасауды / қалап, от ішіне салып еріткендерінен де сондай көбік / пайда / болады. Аллаһ ақиқат пен жалғанды осылай етіп келтіреді. Көбік тарап жоғалады да адамдарға пайда келтіретін нәрсе жерде қалады. Аллаһ мысалдарды міне осылай береді
Аударма: ҚМДБ
13:18
لِلَّذِينَ ٱسۡتَجَابُواْ لِرَبِّهِمُ ٱلۡحُسۡنَىٰۚ وَٱلَّذِينَ لَمۡ يَسۡتَجِيبُواْ لَهُۥ لَوۡ أَنَّ لَهُم مَّا فِي ٱلۡأَرۡضِ جَمِيعٗا وَمِثۡلَهُۥ مَعَهُۥ لَٱفۡتَدَوۡاْ بِهِۦٓۚ أُوْلَـٰٓئِكَ لَهُمۡ سُوٓءُ ٱلۡحِسَابِ وَمَأۡوَىٰهُمۡ جَهَنَّمُۖ وَبِئۡسَ ٱلۡمِهَادُ
Раббыларына бағынғандар үшін игілік бар. Ал Оған бағынбағандар, егер біртұтас жер жүзіндегі нәрселер және онымен бірге тағы сондай нәрсе олардікі болса да (өздерін құтқару үшін) төлеуге берер еді. Міне солар үшін есептің жаманы болады. Олардың орындары тозақ; нендей жаман орын. (Жоғарыдағы мысалдағы хақиқат; Қорытылған металға, жасанды нәрселер, ұшып кететін көбікке ұқсатылып отыр. Ж-Қ)
Аударма: Халифа Алтай
Өздерінің Раббысына жауап бергендер үшін ең жақсысы / Жәннат / бар. Ал, Оған жауап бермегендер, жердегі нәрселердің барлығы және сонымен бірге тағы сондай нәрсе өздерінде болса, / құтылу үшін / оны өтем етіп төлер еді. Міне, осыларға есептің жаманы болады, олардың тұрағы Жаһаннам. Ол неткен жаман орын
Аударма: ҚМДБ
13:19
۞أَفَمَن يَعۡلَمُ أَنَّمَآ أُنزِلَ إِلَيۡكَ مِن رَّبِّكَ ٱلۡحَقُّ كَمَنۡ هُوَ أَعۡمَىٰٓۚ إِنَّمَا يَتَذَكَّرُ أُوْلُواْ ٱلۡأَلۡبَٰبِ
(Мұхаммед Ғ.С.) шын мәнінде Раббың тарапынан саған түсірілгенді шындық деп білген кісі, соқыр кісімен тең бе? Бұны ақыл иелері ғана түсінеді
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Саған Раббыңнан түсірілгеннің ақиқат екенін білетін адам, соқыр адам секілді ме? Негізінде, мұны ақыл иелері естеріне алады
Аударма: ҚМДБ
13:20
ٱلَّذِينَ يُوفُونَ بِعَهۡدِ ٱللَّهِ وَلَا يَنقُضُونَ ٱلۡمِيثَٰقَ
Олар, сондай Алланың уәдесін орындағандар әрі серттерін бұзбағандар
Аударма: Халифа Алтай
Солар Аллаһпен болған уәделерін орындайтын әрі келісімдерін бұзбайтындар
Аударма: ҚМДБ
13:21
وَٱلَّذِينَ يَصِلُونَ مَآ أَمَرَ ٱللَّهُ بِهِۦٓ أَن يُوصَلَ وَيَخۡشَوۡنَ رَبَّهُمۡ وَيَخَافُونَ سُوٓءَ ٱلۡحِسَابِ
Олар, Алланың жалғастырылуын әмір еткен нәрсесін жалғастырып, Раббыларынан қорқа отырып, есебінің жаман болуынан қауіптенгендер
Аударма: Халифа Алтай
және солар Аллаһ жалғануын бұйырғанды жалғайтын және өздерінің Раббысынан қорқатын әрі Есептің жаман болуынан қауіптенетіндер
Аударма: ҚМДБ
13:22
وَٱلَّذِينَ صَبَرُواْ ٱبۡتِغَآءَ وَجۡهِ رَبِّهِمۡ وَأَقَامُواْ ٱلصَّلَوٰةَ وَأَنفَقُواْ مِمَّا رَزَقۡنَٰهُمۡ سِرّٗا وَعَلَانِيَةٗ وَيَدۡرَءُونَ بِٱلۡحَسَنَةِ ٱلسَّيِّئَةَ أُوْلَـٰٓئِكَ لَهُمۡ عُقۡبَى ٱلدَّارِ
Раббыларының ризалығын іздеп, сабыр еткендер, намазды толық орындап, өздеріне берген несібемізден көрнеу, көмес пайдаландырғандар және жақсылық арқылы жамандықты кетіргендер, міне ақирет жұртының табысы солардыкі
Аударма: Халифа Алтай
және солар өздерінің Раббысының дидарын / разылығы мен сыйын / іздеп сабыр ететін және намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындайтын әрі өздеріне ризық етіп бергенімізден құпия және жария түрде жұмсайтын және жамандықты жақсылықпен кетіретіндер. Міне, солар үшін соңғы мекен
Аударма: ҚМДБ
13:23
جَنَّـٰتُ عَدۡنٖ يَدۡخُلُونَهَا وَمَن صَلَحَ مِنۡ ءَابَآئِهِمۡ وَأَزۡوَٰجِهِمۡ وَذُرِّيَّـٰتِهِمۡۖ وَٱلۡمَلَـٰٓئِكَةُ يَدۡخُلُونَ عَلَيۡهِم مِّن كُلِّ بَابٖ
Олар Ғадын атты жаннаттарға кіреді. Аталарынан, жұбайларынан және ұрпақтарынан кім түзу болса, олар да кіреді. Періштелер әр есіктен олардың үстіне кіреді
Аударма: Халифа Алтай
’Адн Жәннатының бақтары. Оған олар әкелері / ата-аналары / , жұбайлары және ұрпақтарының ізгі болғандарымен бірге кіреді. Оларға періштелер барлық қақпалардан кіріп
Аударма: ҚМДБ
13:24
سَلَٰمٌ عَلَيۡكُم بِمَا صَبَرۡتُمۡۚ فَنِعۡمَ عُقۡبَى ٱلدَّارِ
“Сабыр еткендіктерің үшін, Алланың есендігі сендерге болсын! Соңғы жұрт нендей жақсы” (дейді)
Аударма: Халифа Алтай
«Сабыр еткендерің үшін сендерге «сәлем» / амандық болсын / !» дейді. бұл соңғы тұрақ қандай керемет
Аударма: ҚМДБ
13:25
وَٱلَّذِينَ يَنقُضُونَ عَهۡدَ ٱللَّهِ مِنۢ بَعۡدِ مِيثَٰقِهِۦ وَيَقۡطَعُونَ مَآ أَمَرَ ٱللَّهُ بِهِۦٓ أَن يُوصَلَ وَيُفۡسِدُونَ فِي ٱلۡأَرۡضِ أُوْلَـٰٓئِكَ لَهُمُ ٱللَّعۡنَةُ وَلَهُمۡ سُوٓءُ ٱلدَّارِ
Сондай, Аллаға берген серттерін бекіткеннен кейін бұзғандар және Алланың, бірлесуін бұйырған нәрселерді бөлгендер әрі жер жүзінде бұзақылық істегендер, міне лағынет осыларға. Сондай-ақ мекеннің жаманы солардікі
Аударма: Халифа Алтай
Ал, Аллаһпен уәде бекіткеннен кейін оны бұзатындар және Аллаһ жалғауды бұйырғанды / туыстық қатынасты / үзетіндер әрі жер бетінде бұзу-бүлдірушілік істейтіндерге лағнет және тұрақтың жаманы / тозақ / бар
Аударма: ҚМДБ
13:26
ٱللَّهُ يَبۡسُطُ ٱلرِّزۡقَ لِمَن يَشَآءُ وَيَقۡدِرُۚ وَفَرِحُواْ بِٱلۡحَيَوٰةِ ٱلدُّنۡيَا وَمَا ٱلۡحَيَوٰةُ ٱلدُّنۡيَا فِي ٱلۡأٓخِرَةِ إِلَّا مَتَٰعٞ
Алла (Т.) қалаған кісісінің несібесін кеңітіп, тарылтады. Олар, дүние тіршілігіне мәз болды. Негізінде дүние тіршілігі; ақиреттің жанында тек қана бір күн көріс
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ қалаған құлына ризықты кеңітіп не тарылтып қояды. Ал, олар / қарсы келушілер / осы өмірге қуанып, мәз болуда. Бірақ осы өмір кейінгі соңғы мәңгілік өмірге / ақиретке / қарағанда уақытша пайдалану ғана
Аударма: ҚМДБ
13:27
وَيَقُولُ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ لَوۡلَآ أُنزِلَ عَلَيۡهِ ءَايَةٞ مِّن رَّبِّهِۦۚ قُلۡ إِنَّ ٱللَّهَ يُضِلُّ مَن يَشَآءُ وَيَهۡدِيٓ إِلَيۡهِ مَنۡ أَنَابَ
Қарсы боғандар: “Пайғамбарға, Раббы тарапынан бір белгі неге түсірілмеді?”, - дейді. (Мұхаммед Ғ.С.): “Расында Алла, кімді қаласа, адастырады да өзіне бұрылғанды тура жолға салады” де
Аударма: Халифа Алтай
Әрі сондай күпірлік етушілер / иманға келмегендер / : «Оған неге Раббысынан бір мұғжиза түсірілмейді?» дейді. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Аллаһ қалаған құлын адастырып, ал Өзіне бойсұнып қайтушыны / тәубеге келушіні / тура жолға салады», деп
Аударма: ҚМДБ
13:28
ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَتَطۡمَئِنُّ قُلُوبُهُم بِذِكۡرِ ٱللَّهِۗ أَلَا بِذِكۡرِ ٱللَّهِ تَطۡمَئِنُّ ٱلۡقُلُوبُ
Сондай иман келтіргендер; Алланы еске алу арқылы көңілдері жай тапқандар. Естеріңде болсын; Алланы еске алумен жүректер орнығады
Аударма: Халифа Алтай
Солар иманға келгендер және Аллаһтың Еске салуымен / Құранмен / жүректері тыныштық тауып, орныққандар. Біліңдер! Жүректер Аллаһтың Еске салуымен / Құранмен / тыныштық тауып, орнығады
Аударма: ҚМДБ
13:29
ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَعَمِلُواْ ٱلصَّـٰلِحَٰتِ طُوبَىٰ لَهُمۡ وَحُسۡنُ مَـَٔابٖ
Сондай иман келтіріп, ізгі іс істегендер; шаттық та көркем орын да солардікі
Аударма: Халифа Алтай
Сондай иманға келген және ізгі амал жасағандарға Туба (Жәннаттағы игі ағаш) әрі қайтар орынның көркемі бар
Аударма: ҚМДБ
13:30
كَذَٰلِكَ أَرۡسَلۡنَٰكَ فِيٓ أُمَّةٖ قَدۡ خَلَتۡ مِن قَبۡلِهَآ أُمَمٞ لِّتَتۡلُوَاْ عَلَيۡهِمُ ٱلَّذِيٓ أَوۡحَيۡنَآ إِلَيۡكَ وَهُمۡ يَكۡفُرُونَ بِٱلرَّحۡمَٰنِۚ قُلۡ هُوَ رَبِّي لَآ إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ عَلَيۡهِ تَوَكَّلۡتُ وَإِلَيۡهِ مَتَابِ
(Мұхаммед Ғ.С.) осылайша, саған уахи еткенімізді, Аллаға қарсы келгендерге оқуың үшін бір елге жібердік. Одан бұрын да көптеген елдер өткен боатын. Оларға: “Ол, менің Раббым, Одан басқа тәңір жоқ. Оған тәуекел қылдым. Қайтар жерім де Сол” де
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед И Осылай етіп Біз сені өзіңе уахи еткенімізді оқуың үшін өздерінен бұрын / өзге / үмметтер өткен елге жібердік. Ал, олар әр-Рахманға / аса Мейірімдіге / күпірлік етуде / сенбеуде, қарсы келуде / . Айт: «Ол менің Раббым, Одан басқа ешқандай құдай жоқ. Мен Аллаһқа жүгініп, Оған ісімді тапсырдым / тәуекел еттім / әрі Оған тәубе етемін / бойсұнуға қайтамын / », деп
Аударма: ҚМДБ
13:31
وَلَوۡ أَنَّ قُرۡءَانٗا سُيِّرَتۡ بِهِ ٱلۡجِبَالُ أَوۡ قُطِّعَتۡ بِهِ ٱلۡأَرۡضُ أَوۡ كُلِّمَ بِهِ ٱلۡمَوۡتَىٰۗ بَل لِّلَّهِ ٱلۡأَمۡرُ جَمِيعًاۗ أَفَلَمۡ يَاْيۡـَٔسِ ٱلَّذِينَ ءَامَنُوٓاْ أَن لَّوۡ يَشَآءُ ٱللَّهُ لَهَدَى ٱلنَّاسَ جَمِيعٗاۗ وَلَا يَزَالُ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ تُصِيبُهُم بِمَا صَنَعُواْ قَارِعَةٌ أَوۡ تَحُلُّ قَرِيبٗا مِّن دَارِهِمۡ حَتَّىٰ يَأۡتِيَ وَعۡدُ ٱللَّهِۚ إِنَّ ٱللَّهَ لَا يُخۡلِفُ ٱلۡمِيعَادَ
Олар, егер Құран арқылы таулар жүргізіліп, жер бөлшектеніп және өлікте сөйлестірілсе де (сенбейді.) Алайда, барлық іс Аллаға тән. Мүміндер аңғармады ма? Алла қаласа еді, адамдарды тұтас тура жолға салар еді. Қарсы болғандарға Алланың уәдесі келегнге дейін қылықтарының салдарынан үнемі соққы жетеді немесе жұрттарының маңына түседі. Күдіксіз Алла серттен таймайды
Аударма: Халифа Алтай
Әрі олар / : «Егер, бір Кітап болып, ол арқылы таулар жүргізіліп, немесе онымен жер тілімдене айрылып немесе онымен өліктер сөйлетілетін болғанда?» деді. Жоқ! Барлық әмір / билік, бұйрық, іс / Аллаһта. Иманға келгендер, Аллаһ егер қалағанда, адамдардың барлығын тура жолмен жүргізетінін білмей ме? Ал, сондай күпірлік еткендерге / Аллаһқақарсы келгендерге / істеген істері үшін пәлекеттер тиеді немесе олардың тұрақ, мекендеріне жақын жерде болады. Бұл Аллаһтың уәдесі келгенге дейін жалғасады. Ақиқатында, Аллаһ уәдені бұзбайды
Аударма: ҚМДБ
13:32
وَلَقَدِ ٱسۡتُهۡزِئَ بِرُسُلٖ مِّن قَبۡلِكَ فَأَمۡلَيۡتُ لِلَّذِينَ كَفَرُواْ ثُمَّ أَخَذۡتُهُمۡۖ فَكَيۡفَ كَانَ عِقَابِ
(Бұл соңғы үш аят, Мекке кәпірлеріне байланысты. Үйлерінің жақынындағы хауіп; Хұдайбия уақиғасы. Б.Ж.М.Р.Х.) Расында сенен бұрын келген пайғамбарлар да тәлкек қылынған болатын. Сонда қарсы болғандарға кеңшілік беріп барып сонсоң оларды қолға алдым. Азабым қандай
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Анығында, сенен бұрынғы елшілер де келеке етілген еді. Мен сондай күпірлік еткендерге / иманға келмегендерге / уақыт беріп, кейін оларды ұстадым / жазаға тарттым / . Жазалауым қандай екен
Аударма: ҚМДБ
13:33
أَفَمَنۡ هُوَ قَآئِمٌ عَلَىٰ كُلِّ نَفۡسِۭ بِمَا كَسَبَتۡۗ وَجَعَلُواْ لِلَّهِ شُرَكَآءَ قُلۡ سَمُّوهُمۡۚ أَمۡ تُنَبِّـُٔونَهُۥ بِمَا لَا يَعۡلَمُ فِي ٱلۡأَرۡضِ أَم بِظَٰهِرٖ مِّنَ ٱلۡقَوۡلِۗ بَلۡ زُيِّنَ لِلَّذِينَ كَفَرُواْ مَكۡرُهُمۡ وَصُدُّواْ عَنِ ٱلسَّبِيلِۗ وَمَن يُضۡلِلِ ٱللَّهُ فَمَا لَهُۥ مِنۡ هَادٖ
Әркімнің істеген ісін бақылаушы Алла емес пе? Сонда да олар, Аллаға ортақтар қосты. (Мұхаммед Ғ.С.): “Олардың аттарын атаңдар!”, - де. Аллаға жер жүзінде білмейтін бір нәрсенің хабарын беріп отырсыңдар ма? Немесе бос бір сөзбен (ортақ қосасыңдар ма?) Олай емес, кәпірлерге айлакерліктері әдемі көрсетілді де тура жолдан тосылды
Аударма: Халифа Алтай
Барлық жанды істеген ісімен бірге бақылап тұрушы Ол өзгелермен бірдей ме? Ал, олар Аллаһқа серіктер қосты. Айт: «Оларды атаңдаршы. Әлде сендер Оған жер бетінде Ол білмейтін бір нәрсенің хабарын бермекшісіңдер ме, әлде бұл бос сөз бе?» деп. Жоқ, керісінше, сондай күпірлік еткендерге / Аллаһқа серік қосқандарға / қулықтары әдемі етіп көрсетіліп, олар жолдан тосылды. Ал, кімді Аллаһ адастырса, оған тура жол көрсетуші жоқ
Аударма: ҚМДБ
13:34
لَّهُمۡ عَذَابٞ فِي ٱلۡحَيَوٰةِ ٱلدُّنۡيَاۖ وَلَعَذَابُ ٱلۡأٓخِرَةِ أَشَقُّۖ وَمَا لَهُم مِّنَ ٱللَّهِ مِن وَاقٖ
Оларға дүние тіршілігінде азап бар. Әрине ақиретте азабы тағы қатты. Сондай-ақ оларды, Алладан ешбір қорғаушы жоқ
Аударма: Халифа Алтай
Оларға осы өмірде азап бар. Ал соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / азабы одан да ауыр. Әрі оларды Аллаһтан қорғаушы жоқ
Аударма: ҚМДБ
13:35
۞مَّثَلُ ٱلۡجَنَّةِ ٱلَّتِي وُعِدَ ٱلۡمُتَّقُونَۖ تَجۡرِي مِن تَحۡتِهَا ٱلۡأَنۡهَٰرُۖ أُكُلُهَا دَآئِمٞ وَظِلُّهَاۚ تِلۡكَ عُقۡبَى ٱلَّذِينَ ٱتَّقَواْۚ وَّعُقۡبَى ٱلۡكَٰفِرِينَ ٱلنَّارُ
Сондай тақуалар үшін әзірленген ұжмақтың мысалы: Астынан өзендер ағады. Оның жемістері және көлеңкелері мәңгілік. Міне, Алладан қорыққандардың соңы. Қарсы келушілердің орны тозақ
Аударма: Халифа Алтай
Тақуаларға / Аллаһқабойсұнып, жаза­сынан қорқып, сақтанатындарға / уәде етілген жәннат бақтарының мысалы оның астынан өзендер ағып жатады, оның жемістері және көлеңкелері әрдайым тұрақты. Тақуалардың / Раббысының жазасынан қорқып, сақтанатындардың / нәтижесі міне осындай. Ал, кәпірлердің соңы От / тозақ
Аударма: ҚМДБ
13:36
وَٱلَّذِينَ ءَاتَيۡنَٰهُمُ ٱلۡكِتَٰبَ يَفۡرَحُونَ بِمَآ أُنزِلَ إِلَيۡكَۖ وَمِنَ ٱلۡأَحۡزَابِ مَن يُنكِرُ بَعۡضَهُۥۚ قُلۡ إِنَّمَآ أُمِرۡتُ أَنۡ أَعۡبُدَ ٱللَّهَ وَلَآ أُشۡرِكَ بِهِۦٓۚ إِلَيۡهِ أَدۡعُواْ وَإِلَيۡهِ مَـَٔابِ
(Мұхаммед Ғ.С.) өздеріне Кітап бергендеріміз; (иман келтіргендері; Б.Ж.М.Р.Х.Т.) саған түсірілген Құранға қуанады. Онымен қатар қарсы топтардан Құранның кей жерін мойындамайтындар да бар. Оларға: “Шын мәнінде Аллаға құлшылық қылуға әрі Оған ешбір ортақ қоспауға бұйырылдым. Мен Ол жаққа шақырамын. Және қайтар жерім де Сол жақ” де
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Біз Кітап бергендерден саған түсірілгенге / Құранға / қуанатындар әрі / Аллаһтың Елшісіне қарсы / одақтас топтардың ішінде оның / Құранның / бір бөлігін теріске шығаратындар бар. Айт: «Шын мәнінде, мен Аллаһқа құлшылық етуге және Онымен қатар өзгелерге табынбауға / серік қоспауға / бұйырылдым. Әрі мен Оған шақырамын және Оған қайтамын», деп
Аударма: ҚМДБ
13:37
وَكَذَٰلِكَ أَنزَلۡنَٰهُ حُكۡمًا عَرَبِيّٗاۚ وَلَئِنِ ٱتَّبَعۡتَ أَهۡوَآءَهُم بَعۡدَ مَا جَآءَكَ مِنَ ٱلۡعِلۡمِ مَا لَكَ مِنَ ٱللَّهِ مِن وَلِيّٖ وَلَا وَاقٖ
Осылайша, Құранды, арапша үкім түрінде түсірдік. Саған ғылым келегннен кейін, олардың көңілдері ауған тарапқа ілессең, сені Алладан арашалайтын бір дос не қорғаушы болмайды
Аударма: Халифа Алтай
Осылай Біз оны / Құранды / үкім етіп, арабша түсірдік. Егер өзіңе білім келгеннен кейін олардың көңілқұмарлығына ерсең, сені Аллаһтан / Оның жазасынан / арашалайтын бір жәрдемші де, қорғаушы да болмайды
Аударма: ҚМДБ
13:38
وَلَقَدۡ أَرۡسَلۡنَا رُسُلٗا مِّن قَبۡلِكَ وَجَعَلۡنَا لَهُمۡ أَزۡوَٰجٗا وَذُرِّيَّةٗۚ وَمَا كَانَ لِرَسُولٍ أَن يَأۡتِيَ بِـَٔايَةٍ إِلَّا بِإِذۡنِ ٱللَّهِۗ لِكُلِّ أَجَلٖ كِتَابٞ
Расында сенден бұрын да пайғамбарлар жібергенбіз. Оларға да жұбайлар, ұрпақтар бергенбіз. Ешбір пайғамбар, Алланың рұқсатынсыз бір аят келтіре алмайды. Әр нәрсенің мезгілі жазулы
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Сенен бұрын да елшілер жібердік әрі оларға жұбайлар мен ұрпақтар бердік. Бірде-бір Елшінің Аллаһтың рұқсатымен болмаса, қандай да бір белгі-мұғжиза келтіруі мүмкін емес. Әрбір мерзімнің уақыты жазулы
Аударма: ҚМДБ
13:39
يَمۡحُواْ ٱللَّهُ مَا يَشَآءُ وَيُثۡبِتُۖ وَعِندَهُۥٓ أُمُّ ٱلۡكِتَٰبِ
Алла (Т.) қалағанын өшіреді де қалдырады. Негізгі Кітап, Оның қасында
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ қалаған нәрсесін өшіреді әрі / қалағанын / бекітеді. Кітаптың анасы / түпнұсқасы / Оның құзырында
Аударма: ҚМДБ
13:40
وَإِن مَّا نُرِيَنَّكَ بَعۡضَ ٱلَّذِي نَعِدُهُمۡ أَوۡ نَتَوَفَّيَنَّكَ فَإِنَّمَا عَلَيۡكَ ٱلۡبَلَٰغُ وَعَلَيۡنَا ٱلۡحِسَابُ
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға уәде етілген кейбір уақиғаны, саған көрсетсек те, не саған көрсетпеей өлтірсек те негізінде саған жалғастыру ғана міндет. Есебі, бізге тән
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Саған оларға уәде етіп отырғанымыздың кейбірін көрсетсек те, немесе сенің жаныңды алсақ та, негізіңде саған жеткізу ғана міндет. Ал есеп алу Біздің міндетімізде
Аударма: ҚМДБ
13:41
أَوَلَمۡ يَرَوۡاْ أَنَّا نَأۡتِي ٱلۡأَرۡضَ نَنقُصُهَا مِنۡ أَطۡرَافِهَاۚ وَٱللَّهُ يَحۡكُمُ لَا مُعَقِّبَ لِحُكۡمِهِۦۚ وَهُوَ سَرِيعُ ٱلۡحِسَابِ
Олардың жеріне келіп, әр тараптан кеміткенімізді көрмей ме? (Исламның кеңіп, олардың кеміп бара жатқанын. Б.М.Ж.) Үкімді Алла береді. Оның үкімін тойтарушы жоқ. Ол, есепті тез көруші
Аударма: Халифа Алтай
Біздің жерді әр тарапынан кемітіп жатқанымызды олар көрмей ме?! Аллаһ үкім етеді, Оның үкімін қайтарушы жоқ. Ол есеп алуда жылдам
Аударма: ҚМДБ
13:42
وَقَدۡ مَكَرَ ٱلَّذِينَ مِن قَبۡلِهِمۡ فَلِلَّهِ ٱلۡمَكۡرُ جَمِيعٗاۖ يَعۡلَمُ مَا تَكۡسِبُ كُلُّ نَفۡسٖۗ وَسَيَعۡلَمُ ٱلۡكُفَّـٰرُ لِمَنۡ عُقۡبَى ٱلدَّارِ
Расында бұларда, бұлардан бұрыңғылар да мекерлік қылған. Дегенмен барлық шаралар Аллаға тән. Алла (Т.) әркімнің не істегенін біледі. Қарсы болушылар жақында дүниенің соңғының кімдікі екенін біледі
Аударма: Халифа Алтай
Негізінде олардан бұрынғылар да айла-шарғы жасаған еді. Ал, амал-тәсілдердің барлығы Аллаһта. Ол әрбір жанның не жинап жатқанын біледі. Кәпірлер жақында, соңғы тұрақтың / Жәннаттың / кімдікі болатынын біледі
Аударма: ҚМДБ
13:43
وَيَقُولُ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ لَسۡتَ مُرۡسَلٗاۚ قُلۡ كَفَىٰ بِٱللَّهِ شَهِيدَۢا بَيۡنِي وَبَيۡنَكُمۡ وَمَنۡ عِندَهُۥ عِلۡمُ ٱلۡكِتَٰبِ
Қарсы болғандар: “Сен Пайғамбар емессің” дейді. (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Мені мен сендердің арамызға куәлік жөнінде Алла және Кітапты білгендер жетік.” де
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Әрі сондай күпірлік етушілер / Елшіні теріске шығарушылар / : «Сен жіберілген / елші / емессің», дейді. Айт: «Мені мен сендердің арамызға, куә ретінде Аллаһ жеткілікті және өздерінде Кітап білімі барлар», деп
Аударма: ҚМДБ
← ЮсуфБарлық сүрелерИбрахим →

Ар-Раад сүресі туралы

Ар-Раад (الرعد) — Құранның 13-сүресі, 43 аят, мединалық сүре, 13-жүз, мысхафтың 249-бетінен басталады. Бетте: Осман қарпіндегі араб мәтіні және Халифа Алтайдың қазақша мағыналық аудармасы мен ҚМДБ аудармасы. Аудио, транскрипция, тәпсір және 67 тілдегі аударма — толық нұсқада.

Барлық 114 сүре · Намаз уақыты · Іздеу