Ибрахим

ابراهيم · 52 аят · меккелік
Орысша нұсқасыЖаттауМысхаф 255-бет
← Ар-РаадБарлық сүрелерАль-Хиджр →
14:1
الٓرۚ كِتَٰبٌ أَنزَلۡنَٰهُ إِلَيۡكَ لِتُخۡرِجَ ٱلنَّاسَ مِنَ ٱلظُّلُمَٰتِ إِلَى ٱلنُّورِ بِإِذۡنِ رَبِّهِمۡ إِلَىٰ صِرَٰطِ ٱلۡعَزِيزِ ٱلۡحَمِيدِ
Алиф. Ләм. Ра. (Мұхаммед Ғ.С.) бұл Құран адамдарды, Алланың рұқсатымен, қараңғылықтардан жарыққа, сондай-ақ үстем әрі мақтауға лайық Алланың жолына шығаруың үшін біз саған түсірген бір Кітап
Аударма: Халифа Алтай
Әлиф, Ләм, Ра. / Ей, Мұхаммед! / Біз саған бұл Кітапты, адамдарды олардың Раббысының рұқсатымен, қараңғылықтардан жарыққа шығаруың үшін түсірдік. Өте Үстем, аса Мақтаулының жолына
Аударма: ҚМДБ
14:2
ٱللَّهِ ٱلَّذِي لَهُۥ مَا فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَمَا فِي ٱلۡأَرۡضِۗ وَوَيۡلٞ لِّلۡكَٰفِرِينَ مِنۡ عَذَابٖ شَدِيدٍ
Олар, сондай ақиретке қарағанда, дүние тіршілігін жақсы көреді. Сондай-ақ Алланың жолынан тосып, оның қисаюын қалайды. Осылар, ұзақ қаңғырыста
Аударма: Халифа Алтай
Ол Аллаһ сондай, аспандардағы және жердегі барлық нәрсе Онікі. Ал, кәпірлерге ауыр азаптан қасірет бар
Аударма: ҚМДБ
14:3
ٱلَّذِينَ يَسۡتَحِبُّونَ ٱلۡحَيَوٰةَ ٱلدُّنۡيَا عَلَى ٱلۡأٓخِرَةِ وَيَصُدُّونَ عَن سَبِيلِ ٱللَّهِ وَيَبۡغُونَهَا عِوَجًاۚ أُوْلَـٰٓئِكَ فِي ضَلَٰلِۭ بَعِيدٖ
Олар, сондай ақиретке қарағанда, дүние тіршілігін жақсы көреді. Сондай-ақ Алланың жолынан тосып, оның қисаюын қалайды. Осылар, ұзақ қаңғырыста
Аударма: Халифа Алтай
Олар осы өмірді соңғы мәңгілік өмірден / ақиреттен / артық көреді әрі Аллаһтың жолынан қайтарады және оны қисайтуға / бұрмалауға / ұмтылады. Міне, солар ұзақ адасуда
Аударма: ҚМДБ
14:4
وَمَآ أَرۡسَلۡنَا مِن رَّسُولٍ إِلَّا بِلِسَانِ قَوۡمِهِۦ لِيُبَيِّنَ لَهُمۡۖ فَيُضِلُّ ٱللَّهُ مَن يَشَآءُ وَيَهۡدِي مَن يَشَآءُۚ وَهُوَ ٱلۡعَزِيزُ ٱلۡحَكِيمُ
Әр пайғамбарды ашық түсіндірсін деп; елінің тілінде ғана жібердік. Алла кімді қаласа, адастырады да, кімді қаласа, тура жолға салады. Ол, өте үстем, аса дана. (Жетінші сүренің жүз елу сегізінші аяты бойынша, Мұхаммед (Ғ.С.) бүкіл адам баласына, Алла тарапынан Елші екендігі даусыз. Арап тілінде түскен Құранның әр тілдегі аудармасы уәкілдік етеді. Б.М.Р.Х
Аударма: Халифа Алтай
Біз әрбір Елшіні, анық түсіндіруі үшін өз елінің тілімен жібердік. Аллаһ қалаған адамын адастырады, қалағанын тура жолға салады. Ол өте Үстем, аса Дана
Аударма: ҚМДБ
14:5
وَلَقَدۡ أَرۡسَلۡنَا مُوسَىٰ بِـَٔايَٰتِنَآ أَنۡ أَخۡرِجۡ قَوۡمَكَ مِنَ ٱلظُّلُمَٰتِ إِلَى ٱلنُّورِ وَذَكِّرۡهُم بِأَيَّىٰمِ ٱللَّهِۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَٰتٖ لِّكُلِّ صَبَّارٖ شَكُورٖ
Расында Мұса (Ғ.С.) ны: “Еліңді қараңғылықтардан жарыққа шығар. Алланың күндерін ескерт” деп, мұғжизалармен жібердік. Шәксіз мұнда; бейнетке сабыр етіп, нығметке шүкіршілік етушілер үшін өнегелер бар
Аударма: Халифа Алтай
Біз Мұсаны белгі-мұғжизаларымызбен: «Еліңді қараңғылықтардан жарыққа шығар және Аллаһтың күндерін олардың естеріне сал», деп жібердік. Ақиқатында, Мұнда әрбірәрдайым сабыр, көп шүкір етушіге / Раббысының берген игіліктеріне алғыс білдірушіге! ғибраттар бар
Аударма: ҚМДБ
14:6
وَإِذۡ قَالَ مُوسَىٰ لِقَوۡمِهِ ٱذۡكُرُواْ نِعۡمَةَ ٱللَّهِ عَلَيۡكُمۡ إِذۡ أَنجَىٰكُم مِّنۡ ءَالِ فِرۡعَوۡنَ يَسُومُونَكُمۡ سُوٓءَ ٱلۡعَذَابِ وَيُذَبِّحُونَ أَبۡنَآءَكُمۡ وَيَسۡتَحۡيُونَ نِسَآءَكُمۡۚ وَفِي ذَٰلِكُم بَلَآءٞ مِّن رَّبِّكُمۡ عَظِيمٞ
Сол уақытта Мұса (Ғ.С.) еліне: “Алланың сендерге берген ырысын еске алыңдар. Өйткені, сендерді Перғауынның сыбайластарынан құтқарды. Олар, сендерді жаман қинаумен ұстаушы еді. Ұлдарыңды бауыздап, әйелдеріңді тірі қоятын еді. Міне, бұнда сендерге, Раббыларың тарапынан үлкен сынау бар.”
Аударма: Халифа Алтай
Сонда Мұса өз еліне: «Аллаһтың сендерді Фиръаунның әулетінен құтқарып, өздеріңе жасаған игілігін еске алыңдар. Олар, сендерді ұлдарыңды бауыздап, әйелдеріңді тірі қалдырып, ең жаман азапқа салатын еді. Міне, осында сендерге, өздеріңнің Раббыңнан үлкен сынақ бар», деген еді
Аударма: ҚМДБ
14:7
وَإِذۡ تَأَذَّنَ رَبُّكُمۡ لَئِن شَكَرۡتُمۡ لَأَزِيدَنَّكُمۡۖ وَلَئِن كَفَرۡتُمۡ إِنَّ عَذَابِي لَشَدِيدٞ
Сол уақытта Раббыларың: “Егер шүкір етсеңдер, арттыра беремін. Ал, егер қарсы келсеңдер, азабым тым қатты” деп жариялады
Аударма: Халифа Алтай
Әрі сонда сендердің Раббың: «Егер шүкір етсеңдер / берген игіліктеріме алғыс білдірсеңдер!, сендерге оны міндетті түрде арттыра беремін. Ал, егер күпірлік етсеңдер / игіліктерімді мойындамасаңдар / , шын мәнінде азабым өте қатты», деп жариялады
Аударма: ҚМДБ
14:8
وَقَالَ مُوسَىٰٓ إِن تَكۡفُرُوٓاْ أَنتُمۡ وَمَن فِي ٱلۡأَرۡضِ جَمِيعٗا فَإِنَّ ٱللَّهَ لَغَنِيٌّ حَمِيدٌ
Мұса (Ғ.С.): “Сендер және біртұтас жер жүзіндегі әркім қарсы келсеңдер де Алла анық мұңсыз, мақтауға лайық. ”
Аударма: Халифа Алтай
Мұса: «Егер сендер және жер жүзіндегілердің барлығы күпірлік етсе де / Раббысының игіліктерін мойындамаса да / , анығында, Аллаһ онсыз да өте Бай, аса Мақтаулы
Аударма: ҚМДБ
14:9
أَلَمۡ يَأۡتِكُمۡ نَبَؤُاْ ٱلَّذِينَ مِن قَبۡلِكُمۡ قَوۡمِ نُوحٖ وَعَادٖ وَثَمُودَ وَٱلَّذِينَ مِنۢ بَعۡدِهِمۡ لَا يَعۡلَمُهُمۡ إِلَّا ٱللَّهُۚ جَآءَتۡهُمۡ رُسُلُهُم بِٱلۡبَيِّنَٰتِ فَرَدُّوٓاْ أَيۡدِيَهُمۡ فِيٓ أَفۡوَٰهِهِمۡ وَقَالُوٓاْ إِنَّا كَفَرۡنَا بِمَآ أُرۡسِلۡتُم بِهِۦ وَإِنَّا لَفِي شَكّٖ مِّمَّا تَدۡعُونَنَآ إِلَيۡهِ مُرِيبٖ
Сендерге өздеріңнен бұрыңғы Нұх, Ғад, Сәмүд және сондай-ақ олардан кейінгілердің хабары келмеді ме? Оларды Алла ғана біледі. Олаға пайғамбарлаы мұғжизалармен келген еді. Олар саусақтаын ауыздарына апарып (бармақтарын тістеп): “Шынында біз сендер арқылы жіберілген нәрсеге қарсымыз. Сондай-ақ сен бізді шақырған нәрсеге, әлбетте шәкте және күдіктіміз” деді
Аударма: Халифа Алтай
Сендерге өздеріңнен ілгері өткен Нұх, Ад және Сәмүд елдерінің әрі олардан кейінгілердің хабары келмеді ме? Оларды Аллаһтан басқа ешкім білмейді. Оларға елшілері анық дәлелдермен келді. Сонда олар қолдарымен ауыздарын жауып әрі: «Біз сендер арқылы жіберілгенге сенбейміз және сендер бізді шақырып жатқан нәрседен күмән-күдіктеміз», деді
Аударма: ҚМДБ
14:10
۞قَالَتۡ رُسُلُهُمۡ أَفِي ٱللَّهِ شَكّٞ فَاطِرِ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِۖ يَدۡعُوكُمۡ لِيَغۡفِرَ لَكُم مِّن ذُنُوبِكُمۡ وَيُؤَخِّرَكُمۡ إِلَىٰٓ أَجَلٖ مُّسَمّٗىۚ قَالُوٓاْ إِنۡ أَنتُمۡ إِلَّا بَشَرٞ مِّثۡلُنَا تُرِيدُونَ أَن تَصُدُّونَا عَمَّا كَانَ يَعۡبُدُ ءَابَآؤُنَا فَأۡتُونَا بِسُلۡطَٰنٖ مُّبِينٖ
Олардың пайғамбарлары: “Көктер мен жерді жаратушы Алла жайында күмәнданасыңдар ма? Ол күнәларыңды жарылқауға және сендерді белгілі бір мерзімге дейін кешіктіруге (кеңшілік етуге) шақырады” деді. (Олар, пайғамбарларына): “Сендер де біздей-ақ адамсыңдар. Бізді ата-бабаларымыздың табынған нәрселерінен тосқыларың келе ме? Бізге ашық бір дәлел келтіріңдер” деді
Аударма: Халифа Алтай
Оларға / жіберілген / елшілер: «Аспандарды және жерді жоқтан бар еткен Аллаһ жайында / сендерде / күмән бар ма? Ол сендерді күнәларыңды кешіруі үшін және сендерге белгіленген мерзімге дейін мұрсат беру үшін шақырады», деді. Олар: «Сендер бар болғаны біз секілді адамсыңдар. Бізді ата-бабаларымыз табынып келгеннен қайтаруды қалайсыңдар. Қане, бізге анық дәлел келтіріңдер», деді
Аударма: ҚМДБ
14:11
قَالَتۡ لَهُمۡ رُسُلُهُمۡ إِن نَّحۡنُ إِلَّا بَشَرٞ مِّثۡلُكُمۡ وَلَٰكِنَّ ٱللَّهَ يَمُنُّ عَلَىٰ مَن يَشَآءُ مِنۡ عِبَادِهِۦۖ وَمَا كَانَ لَنَآ أَن نَّأۡتِيَكُم بِسُلۡطَٰنٍ إِلَّا بِإِذۡنِ ٱللَّهِۚ وَعَلَى ٱللَّهِ فَلۡيَتَوَكَّلِ ٱلۡمُؤۡمِنُونَ
Пайғамбарлары оларға: “Әрине біз сендер құсаған адам баласымыз. Бірақ Алла (Т) құлдарынан кімді қаласа, соны сыйлыққа бөлейді. Алладан бұйрықсыз біздің сендерге бір мұғжиза келтіруіміз мүмкін емес. Мүміндер Аллаға ғана тәуекел етсін” деді
Аударма: Халифа Алтай
Оларға / жіберілген / елшілер: «Біз бар болғаны сендер секілді адамбыз. Бірақ Аллаһ құлдарынан Өзі қалағанына игілік көрсетеді. Біз сендерге Аллаһтың рұқсатымен болмаса, белгі дәлел келтіре алмаймыз. Имандылар / мүміндер / Аллаһқа жүгініп, Оған істерін тапсырсын / тәуекел етсін
Аударма: ҚМДБ
14:12
وَمَا لَنَآ أَلَّا نَتَوَكَّلَ عَلَى ٱللَّهِ وَقَدۡ هَدَىٰنَا سُبُلَنَاۚ وَلَنَصۡبِرَنَّ عَلَىٰ مَآ ءَاذَيۡتُمُونَاۚ وَعَلَى ٱللَّهِ فَلۡيَتَوَكَّلِ ٱلۡمُتَوَكِّلُونَ
“Расында, бізге тура жолдарымызды көрсеткен Аллаға сенім артпайтын не болды? Бізге тарттырған жапаларыңа әлбетте сабыр етеміз. Ендеше, Аллаға сенім артушылар тәуекел етсін” (деді)
Аударма: Халифа Алтай
Бізді тура жолымызбен жүргізген Аллаһқа, біз ісімізді қалайша сеніп тапсырмаймыз / тәуекел етпейміз / . Біз сендердің көрсеткен жәбірлеріңе міндетті түрде сабыр етеміз. Біреуге жүгініп, сенім артушылар / тәуекел етушілер / , Аллаһқа ғана жүгініп, Оған істерін тапсырсын / тәуекел етсін / », деді
Аударма: ҚМДБ
14:13
وَقَالَ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ لِرُسُلِهِمۡ لَنُخۡرِجَنَّكُم مِّنۡ أَرۡضِنَآ أَوۡ لَتَعُودُنَّ فِي مِلَّتِنَاۖ فَأَوۡحَىٰٓ إِلَيۡهِمۡ رَبُّهُمۡ لَنُهۡلِكَنَّ ٱلظَّـٰلِمِينَ
Ал қарсы болғандар, пайғамбарларына: “Әлбетте сендерді жерімізден шығарамыз немесе дінімізге қайтасыңдар” деді. Сондықтан оларға, Раббылары: “Әлбетте залымдады типыл қыламыз” деп, уахи етті
Аударма: Халифа Алтай
Әрі сондай күпірлік еткендер / Аллаһқа қарсы келгендер / өз елшілеріне: «Біз сендерді міндетті түрде өз жерімізден шығарамыз немесе сендер біздің дінімізге қайтасыңдар», деді. Сонда оларға / елшілерге / Раббысы уахи етті: «Біз әділетсіздерді міндетті түрде жоямыз
Аударма: ҚМДБ
14:14
وَلَنُسۡكِنَنَّكُمُ ٱلۡأَرۡضَ مِنۢ بَعۡدِهِمۡۚ ذَٰلِكَ لِمَنۡ خَافَ مَقَامِي وَخَافَ وَعِيدِ
“Әлбетте ол жеге олардан кейін сендерді орналастырамыз. Бұл хұзырымнан сескеніп, ескертуімнен қорыққандығы үшін…”
Аударма: Халифа Алтай
және олардан кейін сендерді сол жерге орналастырамыз. Бұл Менің алдымда тұрудан қауіп еткендер және Менің ескертуімнен қорыққандар үшін», -деп
Аударма: ҚМДБ
14:15
وَٱسۡتَفۡتَحُواْ وَخَابَ كُلُّ جَبَّارٍ عَنِيدٖ
(Пайғамбарлар) Алладан көмек тіледі де зорекер қасарысқанның барлығы зиянға ұшырады
Аударма: Халифа Алтай
Әрі олар шешім шығаруын сұрады, алайда, әрбір қасарысқан зәбір көрсетуші зиянға ұшырады
Аударма: ҚМДБ
14:16
مِّن وَرَآئِهِۦ جَهَنَّمُ وَيُسۡقَىٰ مِن مَّآءٖ صَدِيدٖ
Оларға оның артынан тозақ бар. Және іріңнің суы ішкізіледі
Аударма: Халифа Алтай
Оның артынан / зияннан кейін / Жаһаннам (Тозақ) бар. Әрі оған іріңнен су ішкізіледі
Аударма: ҚМДБ
14:17
يَتَجَرَّعُهُۥ وَلَا يَكَادُ يُسِيغُهُۥ وَيَأۡتِيهِ ٱلۡمَوۡتُ مِن كُلِّ مَكَانٖ وَمَا هُوَ بِمَيِّتٖۖ وَمِن وَرَآئِهِۦ عَذَابٌ غَلِيظٞ
Оны жұтуға тырысады, оны тамағынан өткізе алмайды. Сондай-ақ оған әр тараптан өлім келеді. Ол өле алмайды. Тағы оның артынан ауыр азап келеді
Аударма: Халифа Алтай
Ол оны жұтады, бірақ тамағынан зорға өткізеді және оған өлім / азабы / барлық жақтан келеді. Бірақ ол өлмейді. Ал, осының артынан ауыр азап бар
Аударма: ҚМДБ
14:18
مَّثَلُ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ بِرَبِّهِمۡۖ أَعۡمَٰلُهُمۡ كَرَمَادٍ ٱشۡتَدَّتۡ بِهِ ٱلرِّيحُ فِي يَوۡمٍ عَاصِفٖۖ لَّا يَقۡدِرُونَ مِمَّا كَسَبُواْ عَلَىٰ شَيۡءٖۚ ذَٰلِكَ هُوَ ٱلضَّلَٰلُ ٱلۡبَعِيدُ
Сондай Раббыларына қарсы келгендердің ғамалдарының мысал; Боранды күнде жел ұшырған күл сияқты. Еңбектерінен ешбір пайда көре алмайды. Міне! Осы, ұзақ қаңғырыс
Аударма: Халифа Алтай
Раббысына күпірлік еткендердің / иманға келмегендердің / амалдарының мысалы дауылды күнде жел ұшырған күл тәрізді. Жинағандарынан / істеген амалдарынан / ешбір нәрсеге иелік етуге олардың шамасы келмейді. Міне, осы - мүлдем адасу
Аударма: ҚМДБ
14:19
أَلَمۡ تَرَ أَنَّ ٱللَّهَ خَلَقَ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضَ بِٱلۡحَقِّۚ إِن يَشَأۡ يُذۡهِبۡكُمۡ وَيَأۡتِ بِخَلۡقٖ جَدِيدٖ
(Мұхаммед Ғ.С.) Алланың көктер мен жерді шындық бойынша жаратқанын көрмедің бе? Егер қаласа, сендерді кетіріп, жаңадан халық келтіреді
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһтың аспандарды және жерді ақиқатпен жаратқанын көрмедің бе? Ол қаласа сендерді кетіріп, жаңадан жаратылғандарды әкеледі
Аударма: ҚМДБ
14:20
وَمَا ذَٰلِكَ عَلَى ٱللَّهِ بِعَزِيزٖ
Бұл Алла (Т.) ға елеулі жұмыс емес
Аударма: Халифа Алтай
Ал, бұл Аллаһқа қиын емес
Аударма: ҚМДБ
14:21
وَبَرَزُواْ لِلَّهِ جَمِيعٗا فَقَالَ ٱلضُّعَفَـٰٓؤُاْ لِلَّذِينَ ٱسۡتَكۡبَرُوٓاْ إِنَّا كُنَّا لَكُمۡ تَبَعٗا فَهَلۡ أَنتُم مُّغۡنُونَ عَنَّا مِنۡ عَذَابِ ٱللَّهِ مِن شَيۡءٖۚ قَالُواْ لَوۡ هَدَىٰنَا ٱللَّهُ لَهَدَيۡنَٰكُمۡۖ سَوَآءٌ عَلَيۡنَآ أَجَزِعۡنَآ أَمۡ صَبَرۡنَا مَا لَنَا مِن مَّحِيصٖ
Барлығы Алланың хұзырына шығып, сонда нашарлары, үлкенсігендерге: “Біз сендерге еріп едік. Ал сендер, бізден Алланың азабынан еш нәрсе кетіре аласыңдар ма?”, - дейді. Олар: “Алла бізді егер оңғарған болса еді, әрине біз де сендерді оңғарар едік. Енді біз бай-байласақ та шыдасақ та бәрі бір. Құтылар жеріміз жоқ” дейді
Аударма: Халифа Алтай
Олардың барлығы Аллаһтың алдына шығады. Сонда әлсіздер өздерін жоғары санағандарға: «Біз сендерге ілескен едік, енді сендер бізді Аллаһтың бірер азабынан құтқара аласыңдар ма?» дейді. Олар: «Егер де Аллаһ бізді тура жолға салғанда, біз де сендерге тура жолды көрсетер едік. Шыдамасақ та, не сабыр етсек те, біз үшін / екеуі де / бірдей бізге қашып құтылар жер жоқ», дейді
Аударма: ҚМДБ
14:22
وَقَالَ ٱلشَّيۡطَٰنُ لَمَّا قُضِيَ ٱلۡأَمۡرُ إِنَّ ٱللَّهَ وَعَدَكُمۡ وَعۡدَ ٱلۡحَقِّ وَوَعَدتُّكُمۡ فَأَخۡلَفۡتُكُمۡۖ وَمَا كَانَ لِيَ عَلَيۡكُم مِّن سُلۡطَٰنٍ إِلَّآ أَن دَعَوۡتُكُمۡ فَٱسۡتَجَبۡتُمۡ لِيۖ فَلَا تَلُومُونِي وَلُومُوٓاْ أَنفُسَكُمۖ مَّآ أَنَا۠ بِمُصۡرِخِكُمۡ وَمَآ أَنتُم بِمُصۡرِخِيَّ إِنِّي كَفَرۡتُ بِمَآ أَشۡرَكۡتُمُونِ مِن قَبۡلُۗ إِنَّ ٱلظَّـٰلِمِينَ لَهُمۡ عَذَابٌ أَلِيمٞ
Іс біткен заман шайтан: “Расында Алла сендерге шындықты уәде етті. Сондай-ақ мен де сендерге уәде етіп, опасыздық еттім. Негізінде, сендерді шақырғаннан басқа өктемшілігім жоқ еді. Сонда да шақыруымды қабыл алдыңдар. Ендеше, мені сөкпеңдер де өздеріңді сөгіңдер. Мен сендерді құтқара алмаймын. Сондай-ақ сендер де мені құтқара алмайсыңдар. Расында, бұрыннан да мені Аллаға ортақ қосуларыңа қарсы едім” дейді. Сөз жоқ залымдарға жан түршігерлік азап бар
Аударма: Халифа Алтай
Ал, іс біткен кезде шайтан: «Ақиқатында, Аллаһтың сендерге берген уәдесі хақ уәде еді. Мен де сендерге уәде еттім, алайда, сендерді алдадым. Менің өздеріңді шақырғаным ғана болмаса, сендерге ешқандай билігім жоқ еді. Сонда да сендер маған жауап бердіңдер. Енді мені кінәламаңдар, керісінше, өздеріңді кінәлаңдар. Мен сендерге көмек бере алмаймын, сондай-ақ, сендер де маған көмек бере алмайсыңдар. Сендердің бұрын мені Аллаһқа серік етіп қосқандарыңнан бас тартамын», дейді. Ақиқатында, әділетсіздерге қинаушы азап бар
Аударма: ҚМДБ
14:23
وَأُدۡخِلَ ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَعَمِلُواْ ٱلصَّـٰلِحَٰتِ جَنَّـٰتٖ تَجۡرِي مِن تَحۡتِهَا ٱلۡأَنۡهَٰرُ خَٰلِدِينَ فِيهَا بِإِذۡنِ رَبِّهِمۡۖ تَحِيَّتُهُمۡ فِيهَا سَلَٰمٌ
Сондай иман келтіріп ізгі іс істегендер, Раббыларының рұқсатымен ішінде мәңгі қалатын, астынан өзендер ағатын жаннаттарға кіргізіледі. Олардың жаннаттағы амандасулары “сәлем” болады
Аударма: Халифа Алтай
Ал, иманға келген және ізгі амал істегендер астынан өзендер ағып жататын / Жәннаттағы / бақтарға кіргізіледі. Олар Раббысының рұқсатымен ол жерде мәңгі тұрады. Ол жердегі олардың сәлемдесулері: «Сәләм!» / амандық болсын / болады
Аударма: ҚМДБ
14:24
أَلَمۡ تَرَ كَيۡفَ ضَرَبَ ٱللَّهُ مَثَلٗا كَلِمَةٗ طَيِّبَةٗ كَشَجَرَةٖ طَيِّبَةٍ أَصۡلُهَا ثَابِتٞ وَفَرۡعُهَا فِي ٱلسَّمَآءِ
(Мұхаммед Ғ.С.) көрмейсің бе? Алла қандай мысал берді: Көркем сөз, (“Алладан басқа ешбір Тәңір жоқ” деген сөз. Б.Ж.М.Р.Х.Т.Ж-Қ) тамыры мықты, бұтағы көктегі бір көркем ағаш тәрізді
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Аллаһтың жақсы сөзді қалай мысал етіп келтіргенін көрмедің бе? Жақсы сөз жақсы ағаш секілді, оның тамыры мықты, бұтағы аспанда
Аударма: ҚМДБ
14:25
تُؤۡتِيٓ أُكُلَهَا كُلَّ حِينِۭ بِإِذۡنِ رَبِّهَاۗ وَيَضۡرِبُ ٱللَّهُ ٱلۡأَمۡثَالَ لِلنَّاسِ لَعَلَّهُمۡ يَتَذَكَّرُونَ
Ол (ағаш) Алланың бұйрығынша, әр уақыт жемісін береді. Алла (Т.) адам баласына насихат алуы үшін мысал келтірді
Аударма: Халифа Алтай
Ол Раббысының рұқсатымен жемісін әрдайым беріп тұрады. Аллаһ мысалдарды адамдар ескеріп, ғибрат алулары үшін келтіреді
Аударма: ҚМДБ
14:26
وَمَثَلُ كَلِمَةٍ خَبِيثَةٖ كَشَجَرَةٍ خَبِيثَةٍ ٱجۡتُثَّتۡ مِن فَوۡقِ ٱلۡأَرۡضِ مَا لَهَا مِن قَرَارٖ
Ал енді (Аллаға шерік қатылған) жаман сөз, жердің бетінен қопарылған орнықсыз ағаш сияқты
Аударма: Халифа Алтай
Ал, жаман сөздің мысалы жердің бетінен жұлып алынған, / тамыры / орнықсыз жаман ағаш сияқты
Аударма: ҚМДБ
14:27
يُثَبِّتُ ٱللَّهُ ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ بِٱلۡقَوۡلِ ٱلثَّابِتِ فِي ٱلۡحَيَوٰةِ ٱلدُّنۡيَا وَفِي ٱلۡأٓخِرَةِۖ وَيُضِلُّ ٱللَّهُ ٱلظَّـٰلِمِينَۚ وَيَفۡعَلُ ٱللَّهُ مَا يَشَآءُ
Алла (Т.) сондай иман келтіргендерді, дүние тіршілігінде де ақиретте де мықты сөзбен бекітеді. (Сондықтан ол мүмін өмірде қандай қатты қинау көрсе де: “Алладан басқа ешбір Тәңір жоқ. Мұхаммед Алланың Елшісі” деген сенімнен бұлжымайды әрі қабырдағы сұрақтарға да дұрыс жауап береді. Б.Ж.М.К.Р.Х.Т.Ж-Қ.) Алла залымдарды адастырады. Сондай-ақ Алла қалағанын істейді
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ иманға келгендерді осы өмірде және соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / жақсы сөзбен / “Лә иләһә иллаллаһ” куәлігімен / мықтап бекітеді. Ал, әділетсіздерді Аллаһ адасуға ұшыратады әрі Аллаһ Өз қалағанын жасайды
Аударма: ҚМДБ
14:28
۞أَلَمۡ تَرَ إِلَى ٱلَّذِينَ بَدَّلُواْ نِعۡمَتَ ٱللَّهِ كُفۡرٗا وَأَحَلُّواْ قَوۡمَهُمۡ دَارَ ٱلۡبَوَارِ
(Мұхаммед Ғ.С.) сондай Алланың нығметтеріне шүкір етуді, қарсы болуға ауыстырған және қауымдарын, құритын жұртқа итергендерді көрмейсің бе
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһтың берген игілігін күпірлікке / теріске шығаруға, қарсы келушілікке / ауыстырып әрі қауымын апат мекеніне жайғастырғандарды көрмедің бе
Аударма: ҚМДБ
14:29
جَهَنَّمَ يَصۡلَوۡنَهَاۖ وَبِئۡسَ ٱلۡقَرَارُ
Олардың жұрты жаһаннам нендей жаман орын
Аударма: Халифа Алтай
Сондай, өздері жанатын Жаһаннамға (Тозаққа)? Ол неткен жаман орын
Аударма: ҚМДБ
14:30
وَجَعَلُواْ لِلَّهِ أَندَادٗا لِّيُضِلُّواْ عَن سَبِيلِهِۦۗ قُلۡ تَمَتَّعُواْ فَإِنَّ مَصِيرَكُمۡ إِلَى ٱلنَّارِ
Олар, жолдан адастыру үшін Аллаға теңдестер жасайды. Оларға: “Күн көре тұрыңдар! Қайтар орындарың тозақ” де
Аударма: Халифа Алтай
Олар Аллаһтың жолынан адастыру үшін, Оған өзгелерді теңдес етті. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Пайдалана тұрыңдар, қайтатын жерлерің От!» деп
Аударма: ҚМДБ
14:31
قُل لِّعِبَادِيَ ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ يُقِيمُواْ ٱلصَّلَوٰةَ وَيُنفِقُواْ مِمَّا رَزَقۡنَٰهُمۡ سِرّٗا وَعَلَانِيَةٗ مِّن قَبۡلِ أَن يَأۡتِيَ يَوۡمٞ لَّا بَيۡعٞ فِيهِ وَلَا خِلَٰلٌ
Сондай иман келтірген құлдарыма айт: “Намазды толық орындасын. Сондай-ақ бір нәрсені айырбастауға және достық болмайтын бір күннің келуінен бұрын өздеріне берген несібемізден тиісті орынға көрнеу, көмес жұмсасын”
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Иманға келген құлдарыма айт: «Намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындасын және сауда да, достық та болмайтын Күн келмей тұрып, Біз өздеріне ризық етіп бергеннен жасырын әрі жария түрде жұмсасын», деп
Аударма: ҚМДБ
14:32
ٱللَّهُ ٱلَّذِي خَلَقَ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضَ وَأَنزَلَ مِنَ ٱلسَّمَآءِ مَآءٗ فَأَخۡرَجَ بِهِۦ مِنَ ٱلثَّمَرَٰتِ رِزۡقٗا لَّكُمۡۖ وَسَخَّرَ لَكُمُ ٱلۡفُلۡكَ لِتَجۡرِيَ فِي ٱلۡبَحۡرِ بِأَمۡرِهِۦۖ وَسَخَّرَ لَكُمُ ٱلۡأَنۡهَٰرَ
Сондай Алла (Т.) көктер мен жерді жаратып, аспаннан жаңбыр жаудырып, сол арқылы сендерге ризық үшін өнімдерді шығарды. Онымен қатар өз әмірімен теңізде жүргізу үшін кемелерді еріктеріңе берді. Әрі өзендерді де сендерге бағындырды
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ, Ол аспандарды және жерді жаратты әрі аспаннан су түсіріп, онымен сендерге азық етіп түрлі жемістерді шығарды және Өз әмірімен теңізде жүзуі үшін сендерге кемелерді бағындырды әрі сендерге өзендерді бағындырды
Аударма: ҚМДБ
14:33
وَسَخَّرَ لَكُمُ ٱلشَّمۡسَ وَٱلۡقَمَرَ دَآئِبَيۡنِۖ وَسَخَّرَ لَكُمُ ٱلَّيۡلَ وَٱلنَّهَارَ
Ол Алла (Т.) сендедің пайдаларың үшін, тұрақты түрде күн мен айды іске қосып, түн мен күндізді де іске қосты
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Ол сендерге / пайдаларың үшін / күн мен айды белгілі тәртіппен қозғалатын етіп бағындырды және түн мен күндізді бағындырды
Аударма: ҚМДБ
14:34
وَءَاتَىٰكُم مِّن كُلِّ مَا سَأَلۡتُمُوهُۚ وَإِن تَعُدُّواْ نِعۡمَتَ ٱللَّهِ لَا تُحۡصُوهَآۗ إِنَّ ٱلۡإِنسَٰنَ لَظَلُومٞ كَفَّارٞ
Әрі сендерге өзінен сұраған нәрселеріңнің бәрінен берді. Егер Алланың нығметін санасаңдар, санына жете алмайсыңдар. Расында адам баласы өте ынсапсыз, аса шүкірсіз
Аударма: Халифа Алтай
Ол сендерге сұрағандарыңның барлығын берді. Аллаһтың игіліктерін санайтын болсаңдар, оның есебіне жете алмайсыңдар. Негізінде, адам баласы тым әділетсіз, тым шүкірсіз / Аллаһтың берген игіліктеріне алғыс білдірмейді
Аударма: ҚМДБ
14:35
وَإِذۡ قَالَ إِبۡرَٰهِيمُ رَبِّ ٱجۡعَلۡ هَٰذَا ٱلۡبَلَدَ ءَامِنٗا وَٱجۡنُبۡنِي وَبَنِيَّ أَن نَّعۡبُدَ ٱلۡأَصۡنَامَ
(Мұхаммед Ғ.С) сол уақытта Ыбырайым (Ғ.С.): “Раббым! Осы Мекке қаласын бейбіт қыл! Мені және ұлдарымды бұттарға шоқынудан ұзақ қыл!”
Аударма: Халифа Алтай
Кезінде Ибраһим: «Раббым, осы қаланы қауіпсіз ет, мені және балаларымды пұттарға табынудан аулақ ет
Аударма: ҚМДБ
14:36
رَبِّ إِنَّهُنَّ أَضۡلَلۡنَ كَثِيرٗا مِّنَ ٱلنَّاسِۖ فَمَن تَبِعَنِي فَإِنَّهُۥ مِنِّيۖ وَمَنۡ عَصَانِي فَإِنَّكَ غَفُورٞ رَّحِيمٞ
“Раббым олар, адамдардың көбін адастырды. Ал енді біреу маған ерсе, рас ол менен. Тағы біреу маған қарсы келсе онда Сен өте жарылқаушы, ерекше мейірімдісің”
Аударма: Халифа Алтай
Раббым! Олар / пұттар / адамдардың көпшілігін адастырды. Енді кім маған ерсе, ол менен. Ал кім мені тыңдамаса, ақиқатында Сен өте Кешірімді, ерекше Мейірімдісің
Аударма: ҚМДБ
14:37
رَّبَّنَآ إِنِّيٓ أَسۡكَنتُ مِن ذُرِّيَّتِي بِوَادٍ غَيۡرِ ذِي زَرۡعٍ عِندَ بَيۡتِكَ ٱلۡمُحَرَّمِ رَبَّنَا لِيُقِيمُواْ ٱلصَّلَوٰةَ فَٱجۡعَلۡ أَفۡـِٔدَةٗ مِّنَ ٱلنَّاسِ تَهۡوِيٓ إِلَيۡهِمۡ وَٱرۡزُقۡهُم مِّنَ ٱلثَّمَرَٰتِ لَعَلَّهُمۡ يَشۡكُرُونَ
“Раббымыз! Ұрпақтарымның кейбірін егінсіз ойпатқа, құрметті үйің (Қағба)ның жанына орналастырдым. Раббымыз! Олар намазды оқитын болсын! Енді адамдардың көңілін оларға ауатын қыл! Сондай-ақ оларды, жемістермен ризықтандыр! Әрине олар шүкіршілік етер”
Аударма: Халифа Алтай
Раббымыз! Ақиқатында, мен ұрпағымнан / бір бөлігін / қасиетті етілген Үйіңнің / Қағбаның / жанындағы егінсіз алқапқа орналастырдым. Раббымыз! Олар намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындайтын болсын және адамдардан кейбірінің жүректерін оларға бұр әрі шүкір етулері / берген игіліктеріңе алғыс білдіру / үшін оларды жемістермен ризықтандыр
Аударма: ҚМДБ
14:38
رَبَّنَآ إِنَّكَ تَعۡلَمُ مَا نُخۡفِي وَمَا نُعۡلِنُۗ وَمَا يَخۡفَىٰ عَلَى ٱللَّهِ مِن شَيۡءٖ فِي ٱلۡأَرۡضِ وَلَا فِي ٱلسَّمَآءِ
“Раббымыз! Күдіксіз, Сен жасырын, әшкерелерімізді білесің. Жердегі, көктегі нәрселер Аллаға жасырын емес”
Аударма: Халифа Алтай
Раббымыз! Ақиқатында, Сен біздің нені жасыратынымыз, нені жария ететінімізді білесің. Жерде де, аспанда да еш нәрсе Аллаһтан жасырын қалмайды
Аударма: ҚМДБ
14:39
ٱلۡحَمۡدُ لِلَّهِ ٱلَّذِي وَهَبَ لِي عَلَى ٱلۡكِبَرِ إِسۡمَٰعِيلَ وَإِسۡحَٰقَۚ إِنَّ رَبِّي لَسَمِيعُ ٱلدُّعَآءِ
“Барлық мақтау маған қартайған шағымда Ысмайыл мен Ысхақты Берген Аллаға тән. Күдіксіз Раббым тілекті естуші”
Аударма: Халифа Алтай
Барлық мақтау, маған қартайған шағымда Исмаъил мен Исхақты сыйлаған Аллаһқа! Ақиқатында, Раббым тілекті Естуші
Аударма: ҚМДБ
14:40
رَبِّ ٱجۡعَلۡنِي مُقِيمَ ٱلصَّلَوٰةِ وَمِن ذُرِّيَّتِيۚ رَبَّنَا وَتَقَبَّلۡ دُعَآءِ
“Раббым! Мені әрі ұрапқтарымды намазды толық орындаушы қыл! Раббымыз! Тілегімді қабыл айла!”
Аударма: Халифа Алтай
Раббым! Мені және ұрпағымды на­мазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындаушы ет. Раббымыз! Тілегімді қабыл ал
Аударма: ҚМДБ
14:41
رَبَّنَا ٱغۡفِرۡ لِي وَلِوَٰلِدَيَّ وَلِلۡمُؤۡمِنِينَ يَوۡمَ يَقُومُ ٱلۡحِسَابُ
“Раббымыз! Есеп құрылатын күні, мені, әке-шешемді (С. 114-А) және мүміндерді жарылқа!”, - (деді)
Аударма: Халифа Алтай
Раббымыз! Мені және ата-анамды әрі имандыларды Есеп алынатын күні кешіре гөр», деп тіледі
Аударма: ҚМДБ
14:42
وَلَا تَحۡسَبَنَّ ٱللَّهَ غَٰفِلًا عَمَّا يَعۡمَلُ ٱلظَّـٰلِمُونَۚ إِنَّمَا يُؤَخِّرُهُمۡ لِيَوۡمٖ تَشۡخَصُ فِيهِ ٱلۡأَبۡصَٰرُ
(Мұхаммед Ғ.С.) Алла (Т.) залымдадың істегендерінен кәперсіз деп әсте ойлама! Шынында Алла, оларды көздер шарасынан шығатын бір күнге дейін кешеулетеді
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Әділетсіздердің не істеп жатқандығынан Аллаһты ғапыл / аңдамай қалушы / деп ойлама. Анығында, Ол оларға көздер қарап, қатып қалатын Күнге дейін мұрсат береді
Аударма: ҚМДБ
14:43
مُهۡطِعِينَ مُقۡنِعِي رُءُوسِهِمۡ لَا يَرۡتَدُّ إِلَيۡهِمۡ طَرۡفُهُمۡۖ وَأَفۡـِٔدَتُهُمۡ هَوَآءٞ
(Сол күні) олар бастарын қақшитып, олардың көздері өздеріне де қайрылмай және жүректері ұшып, жүгіріп бара жатады
Аударма: Халифа Алтай
Сол күні / олар бастары кекшиіп асыға жүгіреді. Көздерімен қарағандары өздеріне қайтпайды, ал жүректерінде еш нәрсе болмайды / боп-бос болып қалады
Аударма: ҚМДБ
14:44
وَأَنذِرِ ٱلنَّاسَ يَوۡمَ يَأۡتِيهِمُ ٱلۡعَذَابُ فَيَقُولُ ٱلَّذِينَ ظَلَمُواْ رَبَّنَآ أَخِّرۡنَآ إِلَىٰٓ أَجَلٖ قَرِيبٖ نُّجِبۡ دَعۡوَتَكَ وَنَتَّبِعِ ٱلرُّسُلَۗ أَوَلَمۡ تَكُونُوٓاْ أَقۡسَمۡتُم مِّن قَبۡلُ مَا لَكُم مِّن زَوَالٖ
Адамдарды, оларға азап келетін күннен қорқыт! Сондай залымдық қылғандар (сол күні): “Раббымыз! Бізді жақын бір мерзімге дейін кешіктір. Шақыруыңды мақұлдап, пайғамбарларыңа ерейік” дейді. (Оларға): “Бұрын өздеріңе ешбір зауал болмайтынына ант ішпеп пе едіңдер?”, - (делінеді)
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Адамдарды, оларға азап келетін Күннен сақтандыр. Сон­да әділетсіздік еткендер: «Раббымыз! Бізге жақын бір мерзімге дейін мұрсат бер, Сенің шақыруыңа жауап беріп / бойсұнып / , елшілерге ереміз», дейді. / Оларға / : «Сен­дер бұрын өзгеру / жойылу / болмайды деп ант еткен жоқсындар ма
Аударма: ҚМДБ
14:45
وَسَكَنتُمۡ فِي مَسَٰكِنِ ٱلَّذِينَ ظَلَمُوٓاْ أَنفُسَهُمۡ وَتَبَيَّنَ لَكُمۡ كَيۡفَ فَعَلۡنَا بِهِمۡ وَضَرَبۡنَا لَكُمُ ٱلۡأَمۡثَالَ
Сендер өздеріне зұлымдық қылғандардың жұрттарында отырдыңдар. Оларға қалай істегеніміз сендерге аян болды. Сендерге өнегелі мысалдар бердік
Аударма: Халифа Алтай
Әрі сендер өздеріне әділетсіздік істегендердің мекендерінде / жұрттарында / тұрдыңдар және оларға не жасағанымыз сендерге белгілі болды. Әрі сендерге мысал-тәмсілдер келтірдік», деп жауап беріледі
Аударма: ҚМДБ
14:46
وَقَدۡ مَكَرُواْ مَكۡرَهُمۡ وَعِندَ ٱللَّهِ مَكۡرُهُمۡ وَإِن كَانَ مَكۡرُهُمۡ لِتَزُولَ مِنۡهُ ٱلۡجِبَالُ
Олар түрлі мекерлік істеді. Негізінде олардың мекерліктері тіпті тауларды қозғалтатын болса да мекерліктерін Алла іске асырмайды
Аударма: Халифа Алтай
Олар өздерінше қулық • жасады. Егер айла-шарғылары тауларды жылжытса да, олардың барлық айла-шарғылары Аллаһтың билігінде
Аударма: ҚМДБ
14:47
فَلَا تَحۡسَبَنَّ ٱللَّهَ مُخۡلِفَ وَعۡدِهِۦ رُسُلَهُۥٓۚ إِنَّ ٱللَّهَ عَزِيزٞ ذُو ٱنتِقَامٖ
(Мұхаммед Ғ.С.) Алла пайғамбарларына еткен уәдесінен таяды деп ойлама! Шәксіз Алла өте үстем, өш алу күшіне ие
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Аллаһ елшілеріне берген Өзінің уәдесін бұзады деп ойлама. Ақиқатында, Аллаһ өте Үстем, жазалау күшіне Ие
Аударма: ҚМДБ
14:48
يَوۡمَ تُبَدَّلُ ٱلۡأَرۡضُ غَيۡرَ ٱلۡأَرۡضِ وَٱلسَّمَٰوَٰتُۖ وَبَرَزُواْ لِلَّهِ ٱلۡوَٰحِدِ ٱلۡقَهَّارِ
О күні, жер басқа жерге, көктер де басқаға ауыстырылады. Әлем, жалғыз, өктем Алланың хұзырына шығады
Аударма: Халифа Алтай
Ол / Қиямет / күні жер басқа жерге ауыстырылады, сондай-ақ, аспандар да. Олардың барлығы Жалғыз, бәрін Бағындырушы Аллаһтың алдында тұрады
Аударма: ҚМДБ
14:49
وَتَرَى ٱلۡمُجۡرِمِينَ يَوۡمَئِذٖ مُّقَرَّنِينَ فِي ٱلۡأَصۡفَادِ
Сол күні, күнәкарлардың шынжырларға маталғанын көресің
Аударма: Халифа Алтай
Әрі ол күні сен қылмыскерлердің шынжырлармен бір-біріне қосақталып байланғанын көресің
Аударма: ҚМДБ
14:50
سَرَابِيلُهُم مِّن قَطِرَانٖ وَتَغۡشَىٰ وُجُوهَهُمُ ٱلنَّارُ
Олардың көйлектері қара майдан болады да олардың беттерін от шалады
Аударма: Халифа Алтай
Олардың киімдері шайырдан / смоладан / болып, ал беттерін от орайды
Аударма: ҚМДБ
14:51
لِيَجۡزِيَ ٱللَّهُ كُلَّ نَفۡسٖ مَّا كَسَبَتۡۚ إِنَّ ٱللَّهَ سَرِيعُ ٱلۡحِسَابِ
Өстіп, Алла тез есептеуші
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ әрбір жанға істегенінің қайтарымын беруі үшін / осылай етеді / .' Ақиқатында, Аллаһ есепті тез алушы
Аударма: ҚМДБ
14:52
هَٰذَا بَلَٰغٞ لِّلنَّاسِ وَلِيُنذَرُواْ بِهِۦ وَلِيَعۡلَمُوٓاْ أَنَّمَا هُوَ إِلَٰهٞ وَٰحِدٞ وَلِيَذَّكَّرَ أُوْلُواْ ٱلۡأَلۡبَٰبِ
Бұл (Құран) адам баласына бір құлақтандыру. Бұл арқылы сескенсін және шын мәнінде Алланың жалғыз Тәңір екенін білсін. Әрі ақыл иелері үгіт алсын
Аударма: Халифа Алтай
Бүл / Құран / адамдардың онымен ескертілуі және Оның жалғыз құдай екендігін білуі әрі ақыл иелері еске алулары / ғибраттанулары / үшін / жіберілген / бір хабар
Аударма: ҚМДБ
← Ар-РаадБарлық сүрелерАль-Хиджр →

Ибрахим сүресі туралы

Ибрахим (ابراهيم) — Құранның 14-сүресі, 52 аят, меккелік сүре, 13-жүз, мысхафтың 255-бетінен басталады. Бетте: Осман қарпіндегі араб мәтіні және Халифа Алтайдың қазақша мағыналық аудармасы мен ҚМДБ аудармасы. Аудио, транскрипция, тәпсір және 67 тілдегі аударма — толық нұсқада.

Барлық 114 сүре · Намаз уақыты · Іздеу