QORAN.kz › Сүрелер › Аль-Хиджр
15:1 الٓرۚ تِلۡكَ ءَايَٰتُ ٱلۡكِتَٰبِ وَقُرۡءَانٖ مُّبِينٖ
Әлиф. Ләм. Ра. Бұлар Кітаптың; ап-ашық Құранның аяттары
Аударма: Халифа Алтай
Әлиф, Ләм, Ра. Бұл Кітаптың және анық Құранның аяттары
Аударма: ҚМДБ
15:2 رُّبَمَا يَوَدُّ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ لَوۡ كَانُواْ مُسۡلِمِينَ
Кейде сондай қарсы болғандар да: “Әттең! Мұсылман болсақ еді” деп арман қылады. (С.27-А)
Аударма: Халифа Алтай
Сондай күпірлік еткендер / иманға келмегендер / өздерінің мұсылман болғанын қалайтын болады
Аударма: ҚМДБ
15:3 ذَرۡهُمۡ يَأۡكُلُواْ وَيَتَمَتَّعُواْ وَيُلۡهِهِمُ ٱلۡأَمَلُۖ فَسَوۡفَ يَعۡلَمُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.) оларды қойып қой. Жесін, пайдалансын; дәмелері айналдырсын. Олар жуықта түсінеді
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Оларды жайына қалдыр. Жесін, рахаттансын, үміттері алдандыра тұрсын. Олар жақында біледі
Аударма: ҚМДБ
15:4 وَمَآ أَهۡلَكۡنَا مِن قَرۡيَةٍ إِلَّا وَلَهَا كِتَابٞ مَّعۡلُومٞ
Ешбір жұртты, белгілі бір ерзімсіз әсте жоқ етпедік
Аударма: Халифа Алтай
Біз ешбір елді мекенді, мерзімін алдын ала белгілемей тұрып жоймадық
Аударма: ҚМДБ
15:5 مَّا تَسۡبِقُ مِنۡ أُمَّةٍ أَجَلَهَا وَمَا يَسۡتَـٔۡخِرُونَ
Ешбір үммет ажалын ілгердете алмайды да кейіндете алмайды
Аударма: Халифа Алтай
Бірде бір ел белгіленген мерзімінен оза алмайды және оны кейінге қалдыра алмайды
Аударма: ҚМДБ
15:6 وَقَالُواْ يَـٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِي نُزِّلَ عَلَيۡهِ ٱلذِّكۡرُ إِنَّكَ لَمَجۡنُونٞ
(Кәпірлер, Пайғамбарға): “Әй өзіне үгіт (Құран) түсірілген! Сен анық жындысың” деді
Аударма: Халифа Алтай
Олар / мүшріктер / : «Әй, өзіне Еске салу / Құран / түсірілген! Негізінде, сені жын соққан
Аударма: ҚМДБ
15:7 لَّوۡمَا تَأۡتِينَا بِٱلۡمَلَـٰٓئِكَةِ إِن كُنتَ مِنَ ٱلصَّـٰدِقِينَ
“Егер сен шыншылдардан болсаң періштелерді неге әкелмейсің?”
Аударма: Халифа Алтай
Егер шын сөзділерден болсаң, бізге періштелерді әкелмейсің бе?» деді
Аударма: ҚМДБ
15:8 مَا نُنَزِّلُ ٱلۡمَلَـٰٓئِكَةَ إِلَّا بِٱلۡحَقِّ وَمَا كَانُوٓاْ إِذٗا مُّنظَرِينَ
Періштелерді бір шындық түрінде ғана түсіреміз де сол уақытта оларға мұрса берілмейді
Аударма: Халифа Алтай
Біз періштелерді ақиқатпен ғана түсіреміз. Сонда оларға / имансыздарға / мұрсат берілмейді
Аударма: ҚМДБ
15:9 إِنَّا نَحۡنُ نَزَّلۡنَا ٱلذِّكۡرَ وَإِنَّا لَهُۥ لَحَٰفِظُونَ
Расында Құранды Біз түсірдік. Әрі шын мәнінде, оны Біз қорғаушымыз
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, бұл Еске салуды / Құранды / Біз түсірдік әрі міндетті түрде оны Өзіміз сақтап-қорғаушымыз
Аударма: ҚМДБ
15:10 وَلَقَدۡ أَرۡسَلۡنَا مِن قَبۡلِكَ فِي شِيَعِ ٱلۡأَوَّلِينَ
Расында (Мұхаммед Ғ.С.) сенен бұрын алғашқы топтарға да елші жібердік
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Біз сенен алдын, әуелгі өткен топтарға да / елшілер / жібергенбіз
Аударма: ҚМДБ
15:11 وَمَا يَأۡتِيهِم مِّن رَّسُولٍ إِلَّا كَانُواْ بِهِۦ يَسۡتَهۡزِءُونَ
Оларға келген пайғамбарды, олар, мүлде тәлкек қылар еді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі өздеріне қандай да бір Елші келсе, олар / өткен қауымдар / сөзсіз оны келеке етті
Аударма: ҚМДБ
15:12 كَذَٰلِكَ نَسۡلُكُهُۥ فِي قُلُوبِ ٱلۡمُجۡرِمِينَ
Осылайша (мазақтаған нәрсесін) күнәкарлардың жүректеріне кіргіземіз
Аударма: Халифа Алтай
Біз қылмыскерлердің жүректеріне оны / имансыздықты / , міне, осылай ендіреміз
Аударма: ҚМДБ
15:13 لَا يُؤۡمِنُونَ بِهِۦ وَقَدۡ خَلَتۡ سُنَّةُ ٱلۡأَوَّلِينَ
Сонда да олар оған сенбейді. Расында бұрыңғылар да сөйтіп өткен болатын
Аударма: Халифа Алтай
Олар оған / Елшіге / сенбейді. Әрі олардан бұрынғылардың да басынан осындай жағдай өткен еді
Аударма: ҚМДБ
15:14 وَلَوۡ فَتَحۡنَا عَلَيۡهِم بَابٗا مِّنَ ٱلسَّمَآءِ فَظَلُّواْ فِيهِ يَعۡرُجُونَ
Егер оларға көктен бір есік ашсақ, дереу жоғары шығып бара жатса
Аударма: Халифа Алтай
Егер Біз оларға аспаннан есік ашып, олар одан жоғары көтерілсе де
Аударма: ҚМДБ
15:15 لَقَالُوٓاْ إِنَّمَا سُكِّرَتۡ أَبۡصَٰرُنَا بَلۡ نَحۡنُ قَوۡمٞ مَّسۡحُورُونَ
“Расында көздеріміз байланды. Бәлкім біздер жадыланған елміз” деседі
Аударма: Халифа Алтай
олар: «Біздің көздеріміз байланған. Тіпті, Біз сиқырланған адамдармыз», деп айтар еді
Аударма: ҚМДБ
15:16 وَلَقَدۡ جَعَلۡنَا فِي ٱلسَّمَآءِ بُرُوجٗا وَزَيَّنَّـٰهَا لِلنَّـٰظِرِينَ
Расында біз көкте жұлдыздар жаратып, қараушылар үшін аспанды безедік
Аударма: Халифа Алтай
Біз аспанда жұлдыздар / аспан денелерін / жасап, қарайтындар үшін оны көріктендірдік
Аударма: ҚМДБ
15:17 وَحَفِظۡنَٰهَا مِن كُلِّ شَيۡطَٰنٖ رَّجِيمٍ
Сондай-ақ ол көкті, бүкіл қарғыс тиген шайтана қорғадық
Аударма: Халифа Алтай
Әрі оны / аспанды / әрбір қуылған шайтаннан қорғадық
Аударма: ҚМДБ
15:18 إِلَّا مَنِ ٱسۡتَرَقَ ٱلسَّمۡعَ فَأَتۡبَعَهُۥ شِهَابٞ مُّبِينٞ
Дегенмен кім ұрлықшылап тыңдаса, оны жарық ұшқын қуады
Аударма: Халифа Алтай
Ал, кім ұрланып тыңдаса, оны анық бір жалындаған аспан денесі қуады
Аударма: ҚМДБ
15:19 وَٱلۡأَرۡضَ مَدَدۡنَٰهَا وَأَلۡقَيۡنَا فِيهَا رَوَٰسِيَ وَأَنۢبَتۡنَا فِيهَا مِن كُلِّ شَيۡءٖ مَّوۡزُونٖ
Тағы жерді жайдық та оған асқар таулар орналастырдық. Сондай-ақ ол жердегі әр нәрсені мәлім мөлшерде өсірдік
Аударма: Халифа Алтай
және жерді жайып, оған берік тұрғандарды / тауларды / тастадық / орнаттың / . Әрі онда өлшемі белгілеген әрбір нәрсені өсірдік
Аударма: ҚМДБ
15:20 وَجَعَلۡنَا لَكُمۡ فِيهَا مَعَٰيِشَ وَمَن لَّسۡتُمۡ لَهُۥ بِرَٰزِقِينَ
Және жере сендер үшін де, сендер ризық бере алмайтындар үшін де күн көріс жасадық
Аударма: Халифа Алтай
Әрі онда / жерде / сендер үшін және сендер қоректендірмейтіндер үшін күн көріс негіздерін / тіршілік қажеттерін! жасадық
Аударма: ҚМДБ
15:21 وَإِن مِّن شَيۡءٍ إِلَّا عِندَنَا خَزَآئِنُهُۥ وَمَا نُنَزِّلُهُۥٓ إِلَّا بِقَدَرٖ مَّعۡلُومٖ
Өйткені, біздің қасымызда әр нәрсенің қорлары бар. Бірақ белгілі мөлшерде ғана түсіреміз
Аударма: Халифа Алтай
Қазыналары Бізде болмаған бірде-бір нәрсе жоқ және Біз оны белгілі мөлшермен ғана түсіреміз
Аударма: ҚМДБ
15:22 وَأَرۡسَلۡنَا ٱلرِّيَٰحَ لَوَٰقِحَ فَأَنزَلۡنَا مِنَ ٱلسَّمَآءِ مَآءٗ فَأَسۡقَيۡنَٰكُمُوهُ وَمَآ أَنتُمۡ لَهُۥ بِخَٰزِنِينَ
Пайдаы желдерді жібердік те аспаннан жаңбыр жаудырып, сендерді сонымен сусындаттық. Әйтпесе, сендер оны жинап ала алмайсыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Біз желдерді тозаңдандырушы / құнарландырушы / етіп жібердік. Аспаннан су түсіріп, онымен сендерді қамтамасыз еттік. Ал, оны сақтаушы сендер емессіңдер
Аударма: ҚМДБ
15:23 وَإِنَّا لَنَحۡنُ نُحۡيِۦ وَنُمِيتُ وَنَحۡنُ ٱلۡوَٰرِثُونَ
Күдіксіз біз тірілтеміз де өлтіреміз. Сондай-ақ барлығының мұрагері бізбіз. (С. 88-А)
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, Біз тірілтеміз және өлтіреміз әрі / барлығыжойылғанда / Біз / ие болып / қалушымыз
Аударма: ҚМДБ
15:24 وَلَقَدۡ عَلِمۡنَا ٱلۡمُسۡتَقۡدِمِينَ مِنكُمۡ وَلَقَدۡ عَلِمۡنَا ٱلۡمُسۡتَـٔۡخِرِينَ
Расында сендерден бұрын келгендерді де білеміз. Сондай-ақ кейінгі келетіндер де бізге мәлім
Аударма: Халифа Алтай
Біз сендерден бұрын өткендерді де білдік әрі кейінгілерді де білдік
Аударма: ҚМДБ
15:25 وَإِنَّ رَبَّكَ هُوَ يَحۡشُرُهُمۡۚ إِنَّهُۥ حَكِيمٌ عَلِيمٞ
(Мұхаммед Ғ.С.) сөз жоқ, Раббың, оларды (қияметте) жинайды. Өйткені, Ол, хикмет иесі, толық білуші
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Шын мәнінде, Раббың, оларды жинайды. Ол аса Дана, бәрін Білуші
Аударма: ҚМДБ
15:26 وَلَقَدۡ خَلَقۡنَا ٱلۡإِنسَٰنَ مِن صَلۡصَٰلٖ مِّنۡ حَمَإٖ مَّسۡنُونٖ
Расында адамды бейнеленген қара балшықтың сыңғырлап құрғағанынан жараттық
Аударма: Халифа Алтай
Біз адамды қара балшықтың өзгертіліп, кепкенінен жараттық
Аударма: ҚМДБ
15:27 وَٱلۡجَآنَّ خَلَقۡنَٰهُ مِن قَبۡلُ مِن نَّارِ ٱلسَّمُومِ
Жындарды да (адамнан бұрын) түтінсіз оттан жаратқан едік
Аударма: Халифа Алтай
Ал, жынды / адамнан / алдын, қызуы қатты / түтінсіз / оттан жараттық
Аударма: ҚМДБ
15:28 وَإِذۡ قَالَ رَبُّكَ لِلۡمَلَـٰٓئِكَةِ إِنِّي خَٰلِقُۢ بَشَرٗا مِّن صَلۡصَٰلٖ مِّنۡ حَمَإٖ مَّسۡنُونٖ
(Мұхаммед Ғ.С.) сол уақытта Раббың періштелерге: “Бейнеленген қара балшықтың кеуіп, сыңғырлағанынан Адам жаратамын” деді
Аударма: Халифа Алтай
Раббың періштелерге: «Мен қара балшықтың өзгертіліп, кепкенінен адам жаратамын
Аударма: ҚМДБ
15:29 فَإِذَا سَوَّيۡتُهُۥ وَنَفَخۡتُ فِيهِ مِن رُّوحِي فَقَعُواْ لَهُۥ سَٰجِدِينَ
Оның жаратылысын тамамдап, оған рұхымнан үрлеген (жан салған) сәтте, оған сәжде қылыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Оны / тұла бойын жасап, / тіктегеннен кейін, оған Өзімдегі / иелігімдегі / рухтан үрлеген кезде, сәжде етіңдер», деді
Аударма: ҚМДБ
15:30 فَسَجَدَ ٱلۡمَلَـٰٓئِكَةُ كُلُّهُمۡ أَجۡمَعُونَ
Сонда періштелер тұтас сәжде қылды
Аударма: Халифа Алтай
Сонда періштелердің барлығы түгелдей сәжде жасады
Аударма: ҚМДБ
15:31 إِلَّآ إِبۡلِيسَ أَبَىٰٓ أَن يَكُونَ مَعَ ٱلسَّـٰجِدِينَ
Бірақ, Ібіліс сәжде қылушылармен бірге болудан бас тартты
Аударма: Халифа Алтай
Тек Ібіліс қана сәжде етушілермен бірге болудан бас тартты
Аударма: ҚМДБ
15:32 قَالَ يَـٰٓإِبۡلِيسُ مَا لَكَ أَلَّا تَكُونَ مَعَ ٱلسَّـٰجِدِينَ
(Алла Т.): «Әй Ібіліс! Сен неге сәжде қылушылармен бірге болмадың» деді
Аударма: Халифа Алтай
Аса ұлы Аллаһ / : «Ей, Ібіліс! Сәжде етушілермен бірге болмайтындай саған не болды?» деді
Аударма: ҚМДБ
15:33 قَالَ لَمۡ أَكُن لِّأَسۡجُدَ لِبَشَرٍ خَلَقۡتَهُۥ مِن صَلۡصَٰلٖ مِّنۡ حَمَإٖ مَّسۡنُونٖ
(Ібіліс): «Сен бейнеленген қара балшықтың кеуіп, сыңғырлағанынан жаратқан адамға сәжде етіме болмайды» деді
Аударма: Халифа Алтай
Ібіліс / \ «Сен қара балшықтың өзгертіліп, кепкенінен жаратқан адамға сәжде етуіме болмайды», деді
Аударма: ҚМДБ
15:34 قَالَ فَٱخۡرُجۡ مِنۡهَا فَإِنَّكَ رَجِيمٞ
(Алла): «Онда сен жаннаттан шық. Өйткені, сен қуылдың деді
Аударма: Халифа Алтай
Аса ұлы Аллаһ / : «Ол жерден шық, сен енді қуылдың
Аударма: ҚМДБ
15:35 وَإِنَّ عَلَيۡكَ ٱللَّعۡنَةَ إِلَىٰ يَوۡمِ ٱلدِّينِ
“Шынында саған қиямет күніне дейін лағынет бар…”
Аударма: Халифа Алтай
Саған Есеп күніне дейін лағнет бар», деді
Аударма: ҚМДБ
15:36 قَالَ رَبِّ فَأَنظِرۡنِيٓ إِلَىٰ يَوۡمِ يُبۡعَثُونَ
(Ібіліс): “Ендеше Раббым! Маған қайта тірілетін күнге дейін кеңшілік бер” деді
Аударма: Халифа Алтай
Ібіліс / : «Раббым! Маған, олар қайта тірілетін күнге дейін мерзімімді ұзарт», -деді
Аударма: ҚМДБ
15:37 قَالَ فَإِنَّكَ مِنَ ٱلۡمُنظَرِينَ
(Алла, Ібіліске): “Расында саған кеңшілік берілді” деді
Аударма: Халифа Алтай
Аса ұлы Аллаһ / : «Анығында, сен мерзімі ұзартылғандардансың
Аударма: ҚМДБ
15:38 إِلَىٰ يَوۡمِ ٱلۡوَقۡتِ ٱلۡمَعۡلُومِ
“Белгілі бір мерзімге дейін”
Аударма: Халифа Алтай
Уақыты белгілі күнге дейін», деді
Аударма: ҚМДБ
15:39 قَالَ رَبِّ بِمَآ أَغۡوَيۡتَنِي لَأُزَيِّنَنَّ لَهُمۡ فِي ٱلۡأَرۡضِ وَلَأُغۡوِيَنَّهُمۡ أَجۡمَعِينَ
(Ол): “Раббым, мені қаңғыртқандығың үшін; әлбетте адам баласына жер жүзіндегі (жаман) нәрселерді жақсы көрсетіп, олардың барлығын адастырамын” деді
Аударма: Халифа Алтай
Ібіліс / '. «Раббым, мені адастырғаның үшін оларға жерде / бойсұнбаушылықты / көрікті етіп көрсетемін және олардың барлығын адастырамын
Аударма: ҚМДБ
15:40 إِلَّا عِبَادَكَ مِنۡهُمُ ٱلۡمُخۡلَصِينَ
“Бірақ, олардың ішіндегі нағыз құлдарыңды адастыра алмаймын” (деді)
Аударма: Халифа Алтай
Бірақ, олардың ішіндегі тазарған құлдарыңды ғана адастыра алмаймын», деді
Аударма: ҚМДБ
15:41 قَالَ هَٰذَا صِرَٰطٌ عَلَيَّ مُسۡتَقِيمٌ
(Алла): “Маған келетін тура жол осы” деді
Аударма: Халифа Алтай
Аса ұлы Аллаһ / : «Осы тура жол - Менде
Аударма: ҚМДБ
15:42 إِنَّ عِبَادِي لَيۡسَ لَكَ عَلَيۡهِمۡ سُلۡطَٰنٌ إِلَّا مَنِ ٱتَّبَعَكَ مِنَ ٱلۡغَاوِينَ
“Менің шынайы құлдарыма ықпалың жүрмейді. Бірақ, саған кім ерсе, адасқандардан болады ”
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, Менің құлдарыма / Маған шынайы құл болғандарға / олардың үстінен сенде билік жоқ. Тек адасқандардан, сондай саған ергендерге ғана / бар / »,- деді
Аударма: ҚМДБ
15:43 وَإِنَّ جَهَنَّمَ لَمَوۡعِدُهُمۡ أَجۡمَعِينَ
“Сөз жоқ, олардың бәрінің уәделі жері жаћаннам”
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, олардың барлығына уәде етілген орын - Жаһаннам (Тозақ)
Аударма: ҚМДБ
15:44 لَهَا سَبۡعَةُ أَبۡوَٰبٖ لِّكُلِّ بَابٖ مِّنۡهُمۡ جُزۡءٞ مَّقۡسُومٌ
Тозақтың жеті қақпасы бар. Әр қақпаға олардан бір бөлегі айрылады
Аударма: Халифа Алтай
Оның жеті қақпасы бар. Әрбір қақпада олардан бөлінген бір бөлігі болады
Аударма: ҚМДБ
15:45 إِنَّ ٱلۡمُتَّقِينَ فِي جَنَّـٰتٖ وَعُيُونٍ
Сөзсіз тақуалар бақшаларда және бастауларда болады
Аударма: Халифа Алтай
Ал, тақуалар / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушылар / Жәннат бақтары мен бұлақтарында
Аударма: ҚМДБ
15:46 ٱدۡخُلُوهَا بِسَلَٰمٍ ءَامِنِينَ
Жаннатқа амандықпен кіріңдер
Аударма: Халифа Алтай
Оларға / : «Оған бейбіт түрде, амандықпен кіріңдер», - / делінеді
Аударма: ҚМДБ
15:47 وَنَزَعۡنَا مَا فِي صُدُورِهِم مِّنۡ غِلٍّ إِخۡوَٰنًا عَلَىٰ سُرُرٖ مُّتَقَٰبِلِينَ
Олардың жүректеріндегі кекті шығардық. Туыс болып, тақтардың үстінде бір-біріне қарсы отырады
Аударма: Халифа Алтай
Біз олардың көкіректеріндегі реніш, қарсылықты алып тастаймыз. Олар өзара бауыр болып, жайлы орындарда, жүзбе-жүз қарап отырады
Аударма: ҚМДБ
15:48 لَا يَمَسُّهُمۡ فِيهَا نَصَبٞ وَمَا هُم مِّنۡهَا بِمُخۡرَجِينَ
Жаннатта олар шаршамайды да одан шығарылмайды
Аударма: Халифа Алтай
Оларға ол жерде шаршау тимейді әрі олар ол жерден шығарылмайды
Аударма: ҚМДБ
15:49 ۞نَبِّئۡ عِبَادِيٓ أَنِّيٓ أَنَا ٱلۡغَفُورُ ٱلرَّحِيمُ
(Мұхаммед Ғ.С.) құлдарыма хабар бер. Күдіксіз Мен аса жарылқаушы, ерекше мейірімдімін
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Құлдарыма Менің өте Кешірімді, ерекше Мейірімді екенімді хабарла
Аударма: ҚМДБ
15:50 وَأَنَّ عَذَابِي هُوَ ٱلۡعَذَابُ ٱلۡأَلِيمُ
Шын мәнінде азабым да күйзелтуші
Аударма: Халифа Алтай
әрі шын мәнінде, Менің азабымның да өте күйзелтуші азап екенін
Аударма: ҚМДБ
15:51 وَنَبِّئۡهُمۡ عَن ضَيۡفِ إِبۡرَٰهِيمَ
Оларға Ыбырайым (Ғ.С.) ның қонақтарының да жайын айт
Аударма: Халифа Алтай
Оларға Ибраһимнің қонақтары жайлы хабар бер
Аударма: ҚМДБ
15:52 إِذۡ دَخَلُواْ عَلَيۡهِ فَقَالُواْ سَلَٰمٗا قَالَ إِنَّا مِنكُمۡ وَجِلُونَ
Сол уақытта періштелер, Ыбырайым (Ғ.С.) ның жанына кіріп: “Сәлем” дегенде, Ыбырайым (Ғ.С.): “Біз сендерден қорқамыз” деді
Аударма: Халифа Алтай
Сол кезде олар оған кіріп: «Сәләм» / Амандық болсын / , деген еді. / Ибраһим / : «Анығында, біз сендерден қорқып тұрмыз»,- деді
Аударма: ҚМДБ
15:53 قَالُواْ لَا تَوۡجَلۡ إِنَّا نُبَشِّرُكَ بِغُلَٰمٍ عَلِيمٖ
(Періштелер): “Қорықпа! Біз сені білімді бір ұлменен шүйінілейміз” деді
Аударма: Халифа Алтай
Періштелер / : «Қорықпа! Ақиқатында, Біз сені білімді бір ұлменен сүйіншілейміз»,- деді
Аударма: ҚМДБ
15:54 قَالَ أَبَشَّرۡتُمُونِي عَلَىٰٓ أَن مَّسَّنِيَ ٱلۡكِبَرُ فَبِمَ تُبَشِّرُونَ
(Ыбырайым Ғ.С.): “Маған кәрілік жеткенде қуантасыңдар ма? Мені неліктен шүйіншілейсіңдер?”, - деді
Аударма: Халифа Алтай
Ибраһим / : «Сендер мені, маған кәрілік жеткенде сүйіншілеп тұрсыңдар ма?! Немен сүйіншілемексіңдер?»- деді
Аударма: ҚМДБ
15:55 قَالُواْ بَشَّرۡنَٰكَ بِٱلۡحَقِّ فَلَا تَكُن مِّنَ ٱلۡقَٰنِطِينَ
(Періштелер): “Біз, сені бір шындықпен шүйіншіледік. Енді күдер үзушілерден болма!” деді
Аударма: Халифа Алтай
Олар / \ «Біз сені ақиқатпен сүйіншіледік. Үміт үзушілерден болма!»- деді
Аударма: ҚМДБ
15:56 قَالَ وَمَن يَقۡنَطُ مِن رَّحۡمَةِ رَبِّهِۦٓ إِلَّا ٱلضَّآلُّونَ
(Ыбырайым Ғ.С.): “Раббының рахметінен, адасушылардан басқа кім күдер үзеді?”, - деді
Аударма: Халифа Алтай
Ибраһим / '. «Раббысының мейірімінен адасқандардан өзге кім үмітін үзеді?» -деді
Аударма: ҚМДБ
15:57 قَالَ فَمَا خَطۡبُكُمۡ أَيُّهَا ٱلۡمُرۡسَلُونَ
(Періштелерге): “Әй елшілер! Жұмыстарың не?”, - деді
Аударма: Халифа Алтай
Ол / : «Ей, елшілер! Қандай жұмыспен жіберілдіңіз?» -деді
Аударма: ҚМДБ
15:58 قَالُوٓاْ إِنَّآ أُرۡسِلۡنَآ إِلَىٰ قَوۡمٖ مُّجۡرِمِينَ
(Елшілер): “Расында біз бір қылмысты елге жіберілдік” деді
Аударма: Халифа Алтай
Олар / \ «Анығында, Біз қылмыскер елге жіберілдік
Аударма: ҚМДБ
15:59 إِلَّآ ءَالَ لُوطٍ إِنَّا لَمُنَجُّوهُمۡ أَجۡمَعِينَ
“Лұт (Ғ.С.) тың сыбайластарын түгел құтқарамыз”
Аударма: Халифа Алтай
Лұттың үй-ішінен өзгелерге. Ақиқатында, Біз олардың / үй-ішінің / бәрін құтқарамыз
Аударма: ҚМДБ
15:60 إِلَّا ٱمۡرَأَتَهُۥ قَدَّرۡنَآ إِنَّهَا لَمِنَ ٱلۡغَٰبِرِينَ
“Бірақ, оның жұбайы құтқарылмайды. Өйткені, оны типыл болатындардан болуын ұйғардық”
Аударма: Халифа Алтай
тек оның әйелінен басқа»- / деді / . Біз оның қалуын үкім еттік
Аударма: ҚМДБ
15:61 فَلَمَّا جَآءَ ءَالَ لُوطٍ ٱلۡمُرۡسَلُونَ
Елшілер, Лұт семьясына келгенде
Аударма: Халифа Алтай
Елшілер Лұттың үйіне келген кезде
Аударма: ҚМДБ
15:62 قَالَ إِنَّكُمۡ قَوۡمٞ مُّنكَرُونَ
“Сөзсіз сендер бөгде кісілерсіңдер” деді. (Лұт Ғ.С. оларға)
Аударма: Халифа Алтай
ол: «Сендер бейтаныс жандар екенсіңдер», -деді
Аударма: ҚМДБ
15:63 قَالُواْ بَلۡ جِئۡنَٰكَ بِمَا كَانُواْ فِيهِ يَمۡتَرُونَ
(Елшілер): “Жоқ біз олардың күманданған азабын алып келдік” деді
Аударма: Халифа Алтай
Періштелер / '. «Негізінде, біз саған олар / елің / күмән келтірген нәрсемен келдік
Аударма: ҚМДБ
15:64 وَأَتَيۡنَٰكَ بِٱلۡحَقِّ وَإِنَّا لَصَٰدِقُونَ
“Біз саған нақты шындықты кетірдік. Әрине шын айтамыз”
Аударма: Халифа Алтай
Әрі біз саған ақиқатпен келдік және біз шын сөздіміз
Аударма: ҚМДБ
15:65 فَأَسۡرِ بِأَهۡلِكَ بِقِطۡعٖ مِّنَ ٱلَّيۡلِ وَٱتَّبِعۡ أَدۡبَٰرَهُمۡ وَلَا يَلۡتَفِتۡ مِنكُمۡ أَحَدٞ وَٱمۡضُواْ حَيۡثُ تُؤۡمَرُونَ
“Дереу кештің бір бөлімінде түн қатып, үй-ішіңді алып жөнел. Өзің, олардың артында жүр. Сендерден ешкім артына қарамасын. Бұйырылған жерге жете беріңдер”
Аударма: Халифа Алтай
Түннің бір бөлігінде үй-ішіңді алып шық та өзің олардың соңынан жүр. Сендерден ешкім бұрылып қарамасын. Өздеріңе бұйырылған жаққа қарай жүріңдер», - деді
Аударма: ҚМДБ
15:66 وَقَضَيۡنَآ إِلَيۡهِ ذَٰلِكَ ٱلۡأَمۡرَ أَنَّ دَابِرَ هَـٰٓؤُلَآءِ مَقۡطُوعٞ مُّصۡبِحِينَ
(Лұт Ғ.С. ға): “Күдіксіз олардың соңы таңменен жоғалады” деген бұйрықты білдірдік
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Біз оған осы істі олардың соңы таң уақытында кесілетінін / жойылатынын / білдірдік
Аударма: ҚМДБ
15:67 وَجَآءَ أَهۡلُ ٱلۡمَدِينَةِ يَسۡتَبۡشِرُونَ
Қаланың халқы (арсыздық істеу үшін) қуанысып жетті
Аударма: Халифа Алтай
Ал, қала халқы мәз болып жетіп келді
Аударма: ҚМДБ
15:68 قَالَ إِنَّ هَـٰٓؤُلَآءِ ضَيۡفِي فَلَا تَفۡضَحُونِ
(Лұт Ғ.С.): “Рас бұлар, менің қонағым. Мені қорламаңдар” деді
Аударма: Халифа Алтай
Лұт / : «Анығында, бұлар менің қонақтарым. Мені масқара қылмаңдар
Аударма: ҚМДБ
15:69 وَٱتَّقُواْ ٱللَّهَ وَلَا تُخۡزُونِ
“Алладан қорқыңдар. Мені ренжітпеңдер…”
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар / . Мені қорламаңдар», -деді
Аударма: ҚМДБ
15:70 قَالُوٓاْ أَوَلَمۡ نَنۡهَكَ عَنِ ٱلۡعَٰلَمِينَ
(Олар): “Біз сені елді қорғаудан тыймап па едік?”, - деді
Аударма: Халифа Алтай
Олар / : «Біз сені әлемдерден / бөгде адамдардан / тыймап па едік?»- деді
Аударма: ҚМДБ
15:71 قَالَ هَـٰٓؤُلَآءِ بَنَاتِيٓ إِن كُنتُمۡ فَٰعِلِينَ
(Лұт Ғ.С.): “Егер айтқанымды істейтін болсаңдар, мыналар қыздарым” деді
Аударма: Халифа Алтай
Лұт / : «Егер сендер бұл тірлікті жасайтын болсаңдар / қажет болса / , мыналар - қыздарым», - деді
Аударма: ҚМДБ
15:72 لَعَمۡرُكَ إِنَّهُمۡ لَفِي سَكۡرَتِهِمۡ يَعۡمَهُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.) Өміріңе серт! Олар, расында мастықтарында дел-сал еді
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед!! Сенің өміріңмен ант етемін! Негізінде, олар / құмарлыққа / мас болып / естерінен айрылып / , лағып жүр
Аударма: ҚМДБ
15:73 فَأَخَذَتۡهُمُ ٱلصَّيۡحَةُ مُشۡرِقِينَ
Сонда оларды күн шыға ащы дауыс алды
Аударма: Халифа Алтай
Сонда күн шыға бастағанда оларды сайха (азап, айқай-шу,қатты дауыс деген мағналарды қамтиды, яғни бір ащы дауыстан олар өлді) алды
Аударма: ҚМДБ
15:74 فَجَعَلۡنَا عَٰلِيَهَا سَافِلَهَا وَأَمۡطَرۡنَا عَلَيۡهِمۡ حِجَارَةٗ مِّن سِجِّيلٍ
Оны, асты-үсті қып, үстеріне қатқан қиыршықтан тас жаудырдық
Аударма: Халифа Алтай
Біз оның / ол мекеннің / үстін астына келтірдік және олардың үстіне күйдірілген кесектен тас жаудырдық
Аударма: ҚМДБ
15:75 إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَٰتٖ لِّلۡمُتَوَسِّمِينَ
Күдіксіз осыда, қырағылар үшін әлбетте өнегелер бар
Аударма: Халифа Алтай
Күмәнсіз, көре алатындар үшін Мұнда белгі-ғибраттар бар
Аударма: ҚМДБ
15:76 وَإِنَّهَا لَبِسَبِيلٖ مُّقِيمٍ
Өйткені, ол жер, жол үсітнде еді
Аударма: Халифа Алтай
Анығында, ол / ел / белгілі жолдың бойында еді
Аударма: ҚМДБ
15:77 إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَةٗ لِّلۡمُؤۡمِنِينَ
Күдіксіз осыда мүміндер үшін ғыбрат бар
Аударма: Халифа Алтай
Әлбетте, Мұнда имандылар / мүміндер / үшін белгі-ғибраттар бар
Аударма: ҚМДБ
15:78 وَإِن كَانَ أَصۡحَٰبُ ٱلۡأَيۡكَةِ لَظَٰلِمِينَ
(Шұғайып Ғ.С. ның елі) Әйкеліктер де залым болған еді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі шын мәнінде, Әйке елінің тұрғындары да әділетсіз болды
Аударма: ҚМДБ
15:79 فَٱنتَقَمۡنَا مِنۡهُمۡ وَإِنَّهُمَا لَبِإِمَامٖ مُّبِينٖ
Оларды да жазаландырдық. (Садұм, Әйке) екеуі де даңғыл жол үстінде
Аударма: Халифа Алтай
Сондықтан Біз оларды жазаладық. Бұл екі қала да белгілі бір жолдың бойында орналасқан еді
Аударма: ҚМДБ
15:80 وَلَقَدۡ كَذَّبَ أَصۡحَٰبُ ٱلۡحِجۡرِ ٱلۡمُرۡسَلِينَ
Әлбетте (Саліћ елі) Хыжырлықтар да пайғамбарларды жасынға шығарған еді
Аударма: Халифа Алтай
Сондай-ақ Хижр тұрғындары (Салих пайғамбардың қауымы) да елшілерді өтірікші санады
Аударма: ҚМДБ
15:81 وَءَاتَيۡنَٰهُمۡ ءَايَٰتِنَا فَكَانُواْ عَنۡهَا مُعۡرِضِينَ
Оларға мұғжизаларымызды келтірдік. Алайда, олар, одан бет бұрған еді
Аударма: Халифа Алтай
Біз оларға белгілерімізді келтірдік. Бірақ олар одан теріс бұрылды
Аударма: ҚМДБ
15:82 وَكَانُواْ يَنۡحِتُونَ مِنَ ٱلۡجِبَالِ بُيُوتًا ءَامِنِينَ
Олар, таулардан берік үйлер үңгіп алатын еді
Аударма: Халифа Алтай
Олар амандықта / жүріп / , таулардан үйлер қашайтын
Аударма: ҚМДБ
15:83 فَأَخَذَتۡهُمُ ٱلصَّيۡحَةُ مُصۡبِحِينَ
Сонда оларды да таңменен ащы дауыс қолға алды
Аударма: Халифа Алтай
Сонда оларды таң уақытында сайха (азап, айқай-шу,қатты дауыс деген мағналарды қамтиды, яғни бір ащы дауыстан олар өлді) тұтты
Аударма: ҚМДБ
15:84 فَمَآ أَغۡنَىٰ عَنۡهُم مَّا كَانُواْ يَكۡسِبُونَ
Олардың істеген еңбектерінің (мықты үйлерінің) өздеріне бір пайдасы болмады
Аударма: Халифа Алтай
Сөйтіп, оларға / дүниеде / тапқандары пайда бермеді
Аударма: ҚМДБ
15:85 وَمَا خَلَقۡنَا ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضَ وَمَا بَيۡنَهُمَآ إِلَّا بِٱلۡحَقِّۗ وَإِنَّ ٱلسَّاعَةَ لَأٓتِيَةٞۖ فَٱصۡفَحِ ٱلصَّفۡحَ ٱلۡجَمِيلَ
Көктер мен жерді әрі екеуінің арасындағы нәрселерді бір шындық бойынша жараттық. Сөзсіз қиямет келеді. Сондықтан көркем, жұмсақ сыңай байқат
Аударма: Халифа Алтай
Біз аспандарды және жерді әрі ол екеуінің арасындағыларын ақиқатпен ғана жараттық. Шын мәнінде, Сағат / қиямет / сөзсіз келеді. / Ей, Мұхаммед! / Сондықтан сен көркем сыңай байқат
Аударма: ҚМДБ
15:86 إِنَّ رَبَّكَ هُوَ ٱلۡخَلَّـٰقُ ٱلۡعَلِيمُ
Шынында Раббың, Ол толық жаратушы, аса білуші
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, Раббың Жаратушы, бәрін Білуші
Аударма: ҚМДБ
15:87 وَلَقَدۡ ءَاتَيۡنَٰكَ سَبۡعٗا مِّنَ ٱلۡمَثَانِي وَٱلۡقُرۡءَانَ ٱلۡعَظِيمَ
(Мұхаммед Ғ.С.) әлбетте біз саған қайталанып оқылатын жеті аятты (Фатиха сүресін) және ұлы Құранды бердік
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Біз саған / Құрандағы / қайталанатындардан жетеуін және ұлы Құранды бердік
Аударма: ҚМДБ
15:88 لَا تَمُدَّنَّ عَيۡنَيۡكَ إِلَىٰ مَا مَتَّعۡنَا بِهِۦٓ أَزۡوَٰجٗا مِّنۡهُمۡ وَلَا تَحۡزَنۡ عَلَيۡهِمۡ وَٱخۡفِضۡ جَنَاحَكَ لِلۡمُؤۡمِنِينَ
Кәпірлердің кейбіреулеріне, біз пайдаландырған нәрселерге көз сүзбе. Оларға қамықпа. Мұсылмандарға қанатыңды жай
Аударма: Халифа Алтай
Біз адамдардың кейбіріне берген нәрселерімізге көзіңді салма. Әрі олар үшін қайғырма. Ал, имандыларға / мүміндерге / қанатыңды игін
Аударма: ҚМДБ
15:89 وَقُلۡ إِنِّيٓ أَنَا ٱلنَّذِيرُ ٱلۡمُبِينُ
“Шын мәнінде мен сендерге ашық ескертушімін” де
Аударма: Халифа Алтай
Әрі: «Ақиқатында, мен тек анық етіп түсіндіретін ескертушімін», - де
Аударма: ҚМДБ
15:90 كَمَآ أَنزَلۡنَا عَلَى ٱلۡمُقۡتَسِمِينَ
Сөйтіп, бөлушілерге де Кітап түсірген едік. (Кітап иелері немесе Меккеліктер. Б.Ж.М.К.Р.Т.Х.Ж-Қ)
Аударма: Халифа Алтай
Серт бергендерге / азап / түсіргеніміз секілді
Аударма: ҚМДБ
15:91 ٱلَّذِينَ جَعَلُواْ ٱلۡقُرۡءَانَ عِضِينَ
Олар, Құранды бөлшектегендер. (Інжіл, Тәуратқа сәйкеспейді және өлең, сиқыр, бақсылық, ертегі т.б. деп тоғыз саққа жүгірткендер)
Аударма: Халифа Алтай
Құранды бөліктерге ажыратқандарға да / азап түсіреміз
Аударма: ҚМДБ
15:92 فَوَرَبِّكَ لَنَسۡـَٔلَنَّهُمۡ أَجۡمَعِينَ
(Мұхаммед Ғ.С.) Раббыңа серт, әлбетте оларды түгел сұраққа тартамыз
Аударма: Халифа Алтай
Раббыңмен ант етемін! Біз олардың барлығын сұраққа тартамыз
Аударма: ҚМДБ
15:93 عَمَّا كَانُواْ يَعۡمَلُونَ
Олардың қылған қылықтарынан
Аударма: Халифа Алтай
не істегендері жайында
Аударма: ҚМДБ
15:94 فَٱصۡدَعۡ بِمَا تُؤۡمَرُ وَأَعۡرِضۡ عَنِ ٱلۡمُشۡرِكِينَ
Саған берілген бұйрықты ашық ұқтыр да шерік қатушылардан бет бұр
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Өзіңе бұйырылғанды ашық жарияла және Аллаһпен қатар өзгеге табынушылардан / мүшріктерден / теріс бұрыл
Аударма: ҚМДБ
15:95 إِنَّا كَفَيۡنَٰكَ ٱلۡمُسۡتَهۡزِءِينَ
Рас сені мазақтаушыларға қарсы Біз жетіп асамыз
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, Біз сені келеке етушілерден құтқардық
Аударма: ҚМДБ
15:96 ٱلَّذِينَ يَجۡعَلُونَ مَعَ ٱللَّهِ إِلَٰهًا ءَاخَرَۚ فَسَوۡفَ يَعۡلَمُونَ
Алламен бірге басқа тәңір қылып алғандар, әлі-ақ біледі
Аударма: Халифа Алтай
сондай, өзге біреуді Аллаһпен қатар құдай етіп алатындардан. Жақында олар біледі
Аударма: ҚМДБ
15:97 وَلَقَدۡ نَعۡلَمُ أَنَّكَ يَضِيقُ صَدۡرُكَ بِمَا يَقُولُونَ
Расында олардың айтқандарына көңліңнің тарайғанын білеміз
Аударма: Халифа Алтай
Олардың айтып жатқандарынан сенің көкірегіңнің сығылатынын білеміз
Аударма: ҚМДБ
15:98 فَسَبِّحۡ بِحَمۡدِ رَبِّكَ وَكُن مِّنَ ٱلسَّـٰجِدِينَ
Енді Раббыңды пәктеп, дәріптеп сәжде етушілерден бол
Аударма: Халифа Алтай
Раббыңды / барлық кемшіліктен / пәк деп мақтаумен дәріпте әрі сәжде жасаушылардан бол
Аударма: ҚМДБ
15:99 وَٱعۡبُدۡ رَبَّكَ حَتَّىٰ يَأۡتِيَكَ ٱلۡيَقِينُ
Раббыңа, саған өлім келгенге дейін құлшылық қыл
Аударма: Халифа Алтай
Өзіңе айқын нәрсе / өлім / келгенге дейін Раббыңа құлшылық ет
Аударма: ҚМДБ
Аль-Хиджр сүресі туралы Аль-Хиджр (الحجر) — Құранның 15-сүресі, 99 аят, меккелік сүре, 14-жүз, мысхафтың 262-бетінен басталады. Бетте: Осман қарпіндегі араб мәтіні және Халифа Алтайдың қазақша мағыналық аудармасы мен ҚМДБ аудармасы. Аудио, транскрипция, тәпсір және 67 тілдегі аударма — толық нұсқада .
Барлық 114 сүре · Намаз уақыты · Іздеу