Ан-Нахль

النحل · 128 аят · меккелік
Орысша нұсқасыЖаттауМысхаф 267-бет
← Аль-ХиджрБарлық сүрелерАль-Исра →
16:1
أَتَىٰٓ أَمۡرُ ٱللَّهِ فَلَا تَسۡتَعۡجِلُوهُۚ سُبۡحَٰنَهُۥ وَتَعَٰلَىٰ عَمَّا يُشۡرِكُونَ
Алланың әмірі келді. Сондықтан оның тез келуін тілемеңдер. Алла, олардың қосқан шеріктерінен пәк те жоғары
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһтың әмірі келді. Сондықтан оның тез болуын сұрамаңдар. Ол - пәк әрі олардың Оған қосқан серіктерінен жоғары
Аударма: ҚМДБ
16:2
يُنَزِّلُ ٱلۡمَلَـٰٓئِكَةَ بِٱلرُّوحِ مِنۡ أَمۡرِهِۦ عَلَىٰ مَن يَشَآءُ مِنۡ عِبَادِهِۦٓ أَنۡ أَنذِرُوٓاْ أَنَّهُۥ لَآ إِلَٰهَ إِلَّآ أَنَا۠ فَٱتَّقُونِ
Алла періштелерді өз әмірлерінен бір рухпенен (уахименен) құлдарынан қалағанына:“Рас Менен басқа ешбір Тәңір жоқ. Әрі менен қорқыңдар” деп ескертіңдер делінген түрде түсіріледі
Аударма: Халифа Алтай
Ол періштелерді рухпен / уахимен / Өз әмірімен, құлдарынан қалағандарына / пайғамбарларға / : «Менен басқа ешбір құдай жоқ екенін ескертіңдер. Әрі Менен қорқып, сақтаныңдар / тақуалық етіңдер / »,- деп түсіреді
Аударма: ҚМДБ
16:3
خَلَقَ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضَ بِٱلۡحَقِّۚ تَعَٰلَىٰ عَمَّا يُشۡرِكُونَ
Ол көктерді және жерді шындықпен жаратты. Олардың қосқан шеріктерінен жоғары
Аударма: Халифа Алтай
Ол аспандарды және жерді ақиқатпен жаратты. Ол - олардың Оған қосқан серіктерінен жоғары
Аударма: ҚМДБ
16:4
خَلَقَ ٱلۡإِنسَٰنَ مِن نُّطۡفَةٖ فَإِذَا هُوَ خَصِيمٞ مُّبِينٞ
Адам баласын бір тамшы судан жаратты. Сонда да ол ашық жанжалшы
Аударма: Халифа Алтай
Ол адам баласын бір тамшы / ұрық / судан жаратты. Міне, / енді /ол - анық қарсыласушы
Аударма: ҚМДБ
16:5
وَٱلۡأَنۡعَٰمَ خَلَقَهَاۖ لَكُمۡ فِيهَا دِفۡءٞ وَمَنَٰفِعُ وَمِنۡهَا تَأۡكُلُونَ
Тағы малдарды жаратты: Малдар да сендерді жылытатын және басқа пайдалы заттар бар. Әрі олардан жейсіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Ол малдарды жаратты. Оларда сендерге жылу / беретін / және өзге пайдалар бар. Әрі олардан азықтанасыңдар
Аударма: ҚМДБ
16:6
وَلَكُمۡ فِيهَا جَمَالٌ حِينَ تُرِيحُونَ وَحِينَ تَسۡرَحُونَ
Сендер үшін малдарды қоралаған уақытта және өргізген кезде,бір зауық бар
Аударма: Халифа Алтай
Сендер үшін оларда - кешке / өрістен алып / қайтқан кездеріңде және ертемен шығарған кездеріңде бір ұнамды көрік бар
Аударма: ҚМДБ
16:7
وَتَحۡمِلُ أَثۡقَالَكُمۡ إِلَىٰ بَلَدٖ لَّمۡ تَكُونُواْ بَٰلِغِيهِ إِلَّا بِشِقِّ ٱلۡأَنفُسِۚ إِنَّ رَبَّكُمۡ لَرَءُوفٞ رَّحِيمٞ
Малдар; жандарың қиналып, ерең қалаға жеткізетін жүктеріңді көтереді. Рас Раббыларың өте жұмсақ, ерекше мейірімді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі олар жүктеріңді артып, сендер жандарыңды қинап, әрең жететін өлкелерге жеткізеді. Ақиқатында, сендердің Раббың аса Мейірбан, ерекше Мейірімді
Аударма: ҚМДБ
16:8
وَٱلۡخَيۡلَ وَٱلۡبِغَالَ وَٱلۡحَمِيرَ لِتَرۡكَبُوهَا وَزِينَةٗۚ وَيَخۡلُقُ مَا لَا تَعۡلَمُونَ
Жылқыларды, қашарларды және есектерді мінулерің әрі зейнет үшін жаратты. (Бірақ жылқы етін жеуге болады. Ж.Б.М.К.Т)
Аударма: Халифа Алтай
Әрі жылқыларды, қашырларды және есектерді мінулерің үшін, сонымен бірге зейнет ретінде де / жаратты / . Сондай-ақ Ол сендер білмейтін нәрселерді де жаратады
Аударма: ҚМДБ
16:9
وَعَلَى ٱللَّهِ قَصۡدُ ٱلسَّبِيلِ وَمِنۡهَا جَآئِرٞۚ وَلَوۡ شَآءَ لَهَدَىٰكُمۡ أَجۡمَعِينَ
Тура жолды түсіндіру Аллаға тән. Ол жолдың қисығы да бар. Егер Алла қаласа, барлығыңды тура жолға салар еді
Аударма: Халифа Алтай
Тура жолды - / жолдың мақсатын / түсіндіру Аллаһқа тән. Әрі ол жолдан ауытқитын / жолдар / бар. Егер де Ол қалағанда сендердің барлығыңды да тура жолмен жүргізер еді
Аударма: ҚМДБ
16:10
هُوَ ٱلَّذِيٓ أَنزَلَ مِنَ ٱلسَّمَآءِ مَآءٗۖ لَّكُم مِّنۡهُ شَرَابٞ وَمِنۡهُ شَجَرٞ فِيهِ تُسِيمُونَ
Ол сондай Алла, сендерге көктен жаңбыр жаудырып, одан сусын және ол арқылы малдарыңды жаятын орман шығарды
Аударма: Халифа Алтай
Ол, / Аллаһ / аспаннан су түсірді. Сендер үшін одан сусын бар және одан мал жаятын өсімдіктер өседі
Аударма: ҚМДБ
16:11
يُنۢبِتُ لَكُم بِهِ ٱلزَّرۡعَ وَٱلزَّيۡتُونَ وَٱلنَّخِيلَ وَٱلۡأَعۡنَٰبَ وَمِن كُلِّ ٱلثَّمَرَٰتِۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَةٗ لِّقَوۡمٖ يَتَفَكَّرُونَ
Алла, сендерге су арқылы егін, зәйтін, құрма ағаштары, жүзімдер және бүкіл өсімдіктер өсіреді. Тақ осында түсінетін ел үшін әрине белгілер бар
Аударма: Халифа Алтай
Онымен / сумен / сендерге егін, зәйтүн, құрма ағаштарын, жүзім және барлық жемістерді өсіреді. Ақиқатында, осыларда ойланып қарайтын адамдар үшін белгі-ғибраттар бар
Аударма: ҚМДБ
16:12
وَسَخَّرَ لَكُمُ ٱلَّيۡلَ وَٱلنَّهَارَ وَٱلشَّمۡسَ وَٱلۡقَمَرَۖ وَٱلنُّجُومُ مُسَخَّرَٰتُۢ بِأَمۡرِهِۦٓۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَٰتٖ لِّقَوۡمٖ يَعۡقِلُونَ
Ал сендер үшін түнді, күндізді әрі айды, күнді істетті. Жұлдыздар да Оның әміріне бағынысты. Тақ осында, ойланған қауым үшін әлбетте белгілер бар
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Ол сендерге түн мен күндізді, күн мен айды бағындырды. Жұлдыздар да Оның әміріне бағынышты. Ақиқатында, Мұнда ақылдарын істететін адамдар үшін белгі-ғибраттар бар
Аударма: ҚМДБ
16:13
وَمَا ذَرَأَ لَكُمۡ فِي ٱلۡأَرۡضِ مُخۡتَلِفًا أَلۡوَٰنُهُۥٓۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَةٗ لِّقَوۡمٖ يَذَّكَّرُونَ
Сендер үшін жер жүзінде түрлі-түсті не жаратқан болса, шын үгіт алатын қауым үшін әлбетте үлгі бар
Аударма: Халифа Алтай
Сондай-ақ, Ол сендерге жерде алуан түсті етіп жаратқан нәрселерін де бағындырды. Міне, осы нәрседе еске алатын / ғибраттанатын / адамдар үшін белгі-дәлел бар
Аударма: ҚМДБ
16:14
وَهُوَ ٱلَّذِي سَخَّرَ ٱلۡبَحۡرَ لِتَأۡكُلُواْ مِنۡهُ لَحۡمٗا طَرِيّٗا وَتَسۡتَخۡرِجُواْ مِنۡهُ حِلۡيَةٗ تَلۡبَسُونَهَاۖ وَتَرَى ٱلۡفُلۡكَ مَوَاخِرَ فِيهِ وَلِتَبۡتَغُواْ مِن فَضۡلِهِۦ وَلَعَلَّكُمۡ تَشۡكُرُونَ
Және де Ол, сондай Алла, жас ет жеулерің үшін және киініп, тағынатын сәндік-бойымдар шығаруларың үшін теңізді бағындырды. Алладан ризық іздеулерің үшін кеменің суды жарып бара жатқанын көресің. Әрине шүкірлік етесіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Ол / Аллаһ / сондай жас ет жеулерің үшін және одан / теңізден / өздерің тағынатын әшекейлер шығарып алуларың үшін теңізді / пайдалануларыңа / бағындырды. Оның кеңшілігін / игіліктерін / іздеулерің және шүкір етулерің / бергендеріне алғыс білдірулерің / үшін кемелердің суды жарып бара жатқанын көресің
Аударма: ҚМДБ
16:15
وَأَلۡقَىٰ فِي ٱلۡأَرۡضِ رَوَٰسِيَ أَن تَمِيدَ بِكُمۡ وَأَنۡهَٰرٗا وَسُبُلٗا لَّعَلَّكُمۡ تَهۡتَدُونَ
Сендерді теңселтпеу үшін жер жүзінде асқар тауларды орналастырды. Жөн тауып жүрулерің үшін өзендер, жолдар жаратты
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Ол жерде, оның сендерді шайқалтпауы үшін берік тұрғандарды / тауларды / тастады / орнатты / және бағыт-бағдар / жол / табуларың үшін өзендерді және жолдарды
Аударма: ҚМДБ
16:16
وَعَلَٰمَٰتٖۚ وَبِٱلنَّجۡمِ هُمۡ يَهۡتَدُونَ
Олар жол тауып жүретін белгілер және жұлдыздар (жаратты)
Аударма: Халифа Алтай
Сондай-ақ, / басқа да! белгілерді жасады. Әрі олар жұлдыздар арқылы да бағыт-бағдар / жол / табады
Аударма: ҚМДБ
16:17
أَفَمَن يَخۡلُقُ كَمَن لَّا يَخۡلُقُۚ أَفَلَا تَذَكَّرُونَ
Жаратушы біреу, жарата алмайтын біреумен тең бе? Енді де түсінбейсіңдер ме
Аударма: Халифа Алтай
Жаратушы жарата алмайтын біреу сияқты ма? Неге еске алмайсыңдар / ғибрат алмайсыңдар
Аударма: ҚМДБ
16:18
وَإِن تَعُدُّواْ نِعۡمَةَ ٱللَّهِ لَا تُحۡصُوهَآۗ إِنَّ ٱللَّهَ لَغَفُورٞ رَّحِيمٞ
Алланың нығыметін санасаңдар санына жете алмайсыңдар. Рас, Алла өте жарылқаушы, ерекше мейірімді
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһтың игіліктерін санасаңдар, оның есебіне жете алмайсыңдар. Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді
Аударма: ҚМДБ
16:19
وَٱللَّهُ يَعۡلَمُ مَا تُسِرُّونَ وَمَا تُعۡلِنُونَ
Алла (Т.) жасырын және көрнеу не істегендеріңді біледі
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Аллаһ сендердің нені жасырғандарыңды және нені жария еткендеріңді біледі
Аударма: ҚМДБ
16:20
وَٱلَّذِينَ يَدۡعُونَ مِن دُونِ ٱللَّهِ لَا يَخۡلُقُونَ شَيۡـٔٗا وَهُمۡ يُخۡلَقُونَ
Сондай Алладан басқа жалбарғандары еш нәрсені жарата алмайды. Олар жаратылғандар
Аударма: Халифа Алтай
Ал олардың Аллаһтан өзге шақыратындары / табынатындары / еш нәрсе жарата алмайды, керісінше, олардың өздері жаратылған
Аударма: ҚМДБ
16:21
أَمۡوَٰتٌ غَيۡرُ أَحۡيَآءٖۖ وَمَا يَشۡعُرُونَ أَيَّانَ يُبۡعَثُونَ
Олар өлі, тірі емес. Сондай-ақ қашан тірілетіндерін білмейді
Аударма: Халифа Алтай
Олар! тірі емес, өлілер. Олар қашан қайта тірілетіндерін де білмейді
Аударма: ҚМДБ
16:22
إِلَٰهُكُمۡ إِلَٰهٞ وَٰحِدٞۚ فَٱلَّذِينَ لَا يُؤۡمِنُونَ بِٱلۡأٓخِرَةِ قُلُوبُهُم مُّنكِرَةٞ وَهُم مُّسۡتَكۡبِرُونَ
Тәңірлерің бір-ақ Тәңір. Сондай ақиретке нанбаушылардың жүректері қарсы. Сондай олар менменсушілер
Аударма: Халифа Алтай
Сендердің құдайларың - жалғыз құдай. Ал, соңғы мәңгілік өмірге / ақиретке / сенбейтіндердің жүректері / мұны / теріске шығарады әрі олар өздерін жоғары санайтын тәкаппарлар
Аударма: ҚМДБ
16:23
لَا جَرَمَ أَنَّ ٱللَّهَ يَعۡلَمُ مَا يُسِرُّونَ وَمَا يُعۡلِنُونَۚ إِنَّهُۥ لَا يُحِبُّ ٱلۡمُسۡتَكۡبِرِينَ
Дау жоқ! Алла , олардың жасырғандарын көрнеу істегендерін біледі. Расында Алла өзін жоғары санағандарды жақсы көрмейді
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, Аллаһ олардың жасыратындары мен жария істейтіндерін біледі. Ол өздерін жоғары қоятындарды жақсы көрмейді
Аударма: ҚМДБ
16:24
وَإِذَا قِيلَ لَهُم مَّاذَآ أَنزَلَ رَبُّكُمۡ قَالُوٓاْ أَسَٰطِيرُ ٱلۡأَوَّلِينَ
Қашан оларға: “Раббыларың не түсірді?”,-дейді
Аударма: Халифа Алтай
Ал Оларға: «Сендердің Раббың не түсірді?» - делінсе, олар: «Бұрынғылардың аңыз-ертегілері»,- дейді
Аударма: ҚМДБ
16:25
لِيَحۡمِلُوٓاْ أَوۡزَارَهُمۡ كَامِلَةٗ يَوۡمَ ٱلۡقِيَٰمَةِ وَمِنۡ أَوۡزَارِ ٱلَّذِينَ يُضِلُّونَهُم بِغَيۡرِ عِلۡمٍۗ أَلَا سَآءَ مَا يَزِرُونَ
Өстіп олар қиямет күні, өз күнәларының кейбіреуін көтереді. Байқаңдар! Үстіне алған нәрселері нендей жаман
Аударма: Халифа Алтай
Сондықтан Қайта тірілу күні олар өз күнәләрін толығымен әрі өздері білімсіз адастырғандардың күнәларынан арқалайды. Біліңдер! Олардың арқалайтындары қандай жаман
Аударма: ҚМДБ
16:26
قَدۡ مَكَرَ ٱلَّذِينَ مِن قَبۡلِهِمۡ فَأَتَى ٱللَّهُ بُنۡيَٰنَهُم مِّنَ ٱلۡقَوَاعِدِ فَخَرَّ عَلَيۡهِمُ ٱلسَّقۡفُ مِن فَوۡقِهِمۡ وَأَتَىٰهُمُ ٱلۡعَذَابُ مِنۡ حَيۡثُ لَا يَشۡعُرُونَ
Расында бұлардан бұрыңғылар да айлакерлік істеген. Сондықтан Алла, олардың құрылыстарының ірге тастарынан келіп, төбесі жоғарыдан үстеріне құлады. Сондай-ақ оларға аңғармаған жерден апат келді. (Бұл, Намрұттың Бабылда жасатқан, Алла тарапынан жібеілген жел құлатқан мұнараның мысалы. Б.Ж.М.К.Р.Х.Т)
Аударма: Халифа Алтай
Олардан бұрынғылар да айла-шарғы жасаған еді. Сонда Аллаһ олардың ғимараттарын іргетасынан опырып, төбесі олардың үстіне құлады. Әрі оларға азап өздері күтпеген жақтан келді
Аударма: ҚМДБ
16:27
ثُمَّ يَوۡمَ ٱلۡقِيَٰمَةِ يُخۡزِيهِمۡ وَيَقُولُ أَيۡنَ شُرَكَآءِيَ ٱلَّذِينَ كُنتُمۡ تُشَـٰٓقُّونَ فِيهِمۡۚ قَالَ ٱلَّذِينَ أُوتُواْ ٱلۡعِلۡمَ إِنَّ ٱلۡخِزۡيَ ٱلۡيَوۡمَ وَٱلسُّوٓءَ عَلَى ٱلۡكَٰفِرِينَ
Сонсоң қиямет күні Алла оларды қорлайды да: “Сендердің сол жайында таласқан ортақтарым қайда?”, - дейді
Аударма: Халифа Алтай
Содан кейін, Қайта тірілу күні Ол / Аллаһ / оларды қор етеді және: «Маған қосқан серіктерің қайда?! Сендер соларға бола қарсыласқан едіндер», дейді. Өздеріне білім берілгендер: «Ақиқатында, бүгін қорлық пен азап кәпірлердің үстіне / түседі / / » - деп айтады
Аударма: ҚМДБ
16:28
ٱلَّذِينَ تَتَوَفَّىٰهُمُ ٱلۡمَلَـٰٓئِكَةُ ظَالِمِيٓ أَنفُسِهِمۡۖ فَأَلۡقَوُاْ ٱلسَّلَمَ مَا كُنَّا نَعۡمَلُ مِن سُوٓءِۭۚ بَلَىٰٓۚ إِنَّ ٱللَّهَ عَلِيمُۢ بِمَا كُنتُمۡ تَعۡمَلُونَ
Сондай өздеріне зұлымдық еткендердің періштелер жандарын алрда: “Ешбір жамандық істемеп едік” деп мойынсал болады. Олай емес. Рас Алла сендердің істегендеріңді жақсы біледі
Аударма: Халифа Алтай
Солар, өздеріне әділетсіздік еткен күйде жандарын періштелер алатындар. / Олар сонда!: «Біз ешқандай жамандық істеген жоқпыз»,- деп, бойсұна қалады. / Оларға / :«Олай емес! Ақиқатында, Аллаһ - сендердің не істегендеріңді жақсы Білуші
Аударма: ҚМДБ
16:29
فَٱدۡخُلُوٓاْ أَبۡوَٰبَ جَهَنَّمَ خَٰلِدِينَ فِيهَاۖ فَلَبِئۡسَ مَثۡوَى ٱلۡمُتَكَبِّرِينَ
Сондықтан ішінде мүлдем қалатын жаћаннамның есіктерінен кіріңдер. Өзін жоғары санағандардың орны нендей жаман
Аударма: Халифа Алтай
Енді Жаһаннамның қақпаларынан кіріңдер, ол жерде мәңгі қаласыңдар!»- делінеді. Өздерін жоғары санағандардың / тәкаппарлардың / орны қандай жаман
Аударма: ҚМДБ
16:30
۞وَقِيلَ لِلَّذِينَ ٱتَّقَوۡاْ مَاذَآ أَنزَلَ رَبُّكُمۡۚ قَالُواْ خَيۡرٗاۗ لِّلَّذِينَ أَحۡسَنُواْ فِي هَٰذِهِ ٱلدُّنۡيَا حَسَنَةٞۚ وَلَدَارُ ٱلۡأٓخِرَةِ خَيۡرٞۚ وَلَنِعۡمَ دَارُ ٱلۡمُتَّقِينَ
Сондай Алладан қорыққандарға: “Раббыларың не түсірді?”, - делінсе, олар: “Игілік” дейді. Сондай-ақ жақсылық істегендерге бұл дүниеде жақсылық бар. Әрине ақирет жұрты тағы жақсы. Әлбетте тақуалардың қонысы нендей жақсы
Аударма: Халифа Алтай
Ал, тақуаларға / Аллаһқа бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанатындарға / : «Сендердің Раббың не түсірді?»- делінеді. Олар: «Жақсылық»,- дейді. Жақсылықты ықыласпен істегендерге осы өмірде жақсылық бар. Ал, соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / мекені одан да қайырлы. Тақуалық еткендердің / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанғандардың / соңғы тұрағы қандай жақсы
Аударма: ҚМДБ
16:31
جَنَّـٰتُ عَدۡنٖ يَدۡخُلُونَهَا تَجۡرِي مِن تَحۡتِهَا ٱلۡأَنۡهَٰرُۖ لَهُمۡ فِيهَا مَا يَشَآءُونَۚ كَذَٰلِكَ يَجۡزِي ٱللَّهُ ٱلۡمُتَّقِينَ
Олар, астарынан өзендер ағатын Ғадын бақшасына кіреді. Сондай-ақ олар онда нені қаласа бар. Осылайша, тақуаларды Алла сыйлайды
Аударма: Халифа Алтай
Олар астынан өзендер ағып жататын ’Адн жәннатының бақтарына кіреді. Ол жерде оларға қалағандары бар. Аллаһ тақуалық еткендердің / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанғандардың/ қайтарым сыйын осылай береді
Аударма: ҚМДБ
16:32
ٱلَّذِينَ تَتَوَفَّىٰهُمُ ٱلۡمَلَـٰٓئِكَةُ طَيِّبِينَ يَقُولُونَ سَلَٰمٌ عَلَيۡكُمُ ٱدۡخُلُواْ ٱلۡجَنَّةَ بِمَا كُنتُمۡ تَعۡمَلُونَ
Ол сондай тақуалар, жақсы жағдайда періштелер жандарын алып: “Сендерге есендік болсын, ғамалдарыңа орай жаннатқа кіріңдер” дейді
Аударма: Халифа Алтай
Періштелер олардың жандарын таза күйлерінде алып: «Сәләмун алейкум! / Сен­дерге амандық болсын! / Істеген амалдарың үшін жәннатқа кіріңдер», -дейді
Аударма: ҚМДБ
16:33
هَلۡ يَنظُرُونَ إِلَّآ أَن تَأۡتِيَهُمُ ٱلۡمَلَـٰٓئِكَةُ أَوۡ يَأۡتِيَ أَمۡرُ رَبِّكَۚ كَذَٰلِكَ فَعَلَ ٱلَّذِينَ مِن قَبۡلِهِمۡۚ وَمَا ظَلَمَهُمُ ٱللَّهُ وَلَٰكِن كَانُوٓاْ أَنفُسَهُمۡ يَظۡلِمُونَ
Қарсы болғандар, өздеріне (жан алғыш) періштелердің келуін немесе Раббыңның бұйрығының келуін ғана күте ме? Бұлардан бұрыңғылар да осылайша істеген болатын. Сондай-ақ Алла оларға зұлымдық қылмады. Бірақ олар, өздеріне зұлымдық қылған еді
Аударма: Халифа Алтай
Олар / мүшріктер / өздеріне періштелердің келуін немесе Раббыңның әмірі келуін күте ме? Олардан бұрынғылар да осылай жасаған еді. Аллаһ оларға әділетсіздік етпеді, керісінше олар өздеріне өздері әділетсіздік етті
Аударма: ҚМДБ
16:34
فَأَصَابَهُمۡ سَيِّـَٔاتُ مَا عَمِلُواْ وَحَاقَ بِهِم مَّا كَانُواْ بِهِۦ يَسۡتَهۡزِءُونَ
Сондықтан істеген кесірлері өздеріне тиіп, сондай-ақ сайқы-мазақ қылған нәрселері өз бастарына жетті
Аударма: Халифа Алтай
Сөйтіп, оларға істеген амалдарының жамандығы жетті. Әрі олардың келеке етіп күлген нәрселері өздеріне тиді
Аударма: ҚМДБ
16:35
وَقَالَ ٱلَّذِينَ أَشۡرَكُواْ لَوۡ شَآءَ ٱللَّهُ مَا عَبَدۡنَا مِن دُونِهِۦ مِن شَيۡءٖ نَّحۡنُ وَلَآ ءَابَآؤُنَا وَلَا حَرَّمۡنَا مِن دُونِهِۦ مِن شَيۡءٖۚ كَذَٰلِكَ فَعَلَ ٱلَّذِينَ مِن قَبۡلِهِمۡۚ فَهَلۡ عَلَى ٱلرُّسُلِ إِلَّا ٱلۡبَلَٰغُ ٱلۡمُبِينُ
Аллаға шерік қосқандар: “Егер Алла қаласа еді, біз де аталарымыз да Алладан өзге ешбір нәрсеге табынбас едік. Әрі Оның бұйрығынсыз еш нәрсені арам етпес едік” деді. Осылайша, бұлардан бұрыңғылар да істеген. Сонда елшілерге ашық жалғастыру ғана міндет
Аударма: Халифа Алтай
Сондай-ақ, Аллаһпен қатар өзгеге табынғандар / серік қосушылар / : «Егер де Аллаһ қалағанда біз де, әкелеріміз де Одан өзге ешбір нәрсеге табынбас едік әрі Онсыз / Оның рұқсатынсыз / еш нәрсеге тыйым салмас едік»,- деді. Олардан бұрынғылар / серік қатушылар / да осылай жасаған еді. Елшілерге анық түрде жеткізуден басқа міндет жүктелген бе
Аударма: ҚМДБ
16:36
وَلَقَدۡ بَعَثۡنَا فِي كُلِّ أُمَّةٖ رَّسُولًا أَنِ ٱعۡبُدُواْ ٱللَّهَ وَٱجۡتَنِبُواْ ٱلطَّـٰغُوتَۖ فَمِنۡهُم مَّنۡ هَدَى ٱللَّهُ وَمِنۡهُم مَّنۡ حَقَّتۡ عَلَيۡهِ ٱلضَّلَٰلَةُۚ فَسِيرُواْ فِي ٱلۡأَرۡضِ فَٱنظُرُواْ كَيۡفَ كَانَ عَٰقِبَةُ ٱلۡمُكَذِّبِينَ
Расында әр үмметке; “Аллаға құлшылық қылыңдар, тағуттан (тағут деп шайтанды және адамдардың Аллаһ Таъаладан өзге табынған барлық нәрселерін айтады) аулақ болыңдар” дейтін елші жібердік. Олардың кейбіреулерін Алла оңғарып, кейбіреулеріне адасу тиісті болды. Ал енді жер жүзінде кезіңдер де жасынға шығарушылардың не болғанын көріңдер
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, Біз әрбір үмметке: «Аллаһқа құлшылық етіңдер, тағуттан (шайтан) аулақ болыңдар», -деген Елші жібердік. Сонда Аллаһ олардың кейбірін тура жолмен жүргізді, ал кейбірі адасуға лайық болды. Сендер жер жүзін аралап, өтірікке шығарушылардың соңы қандай болғанына назар салыңдар
Аударма: ҚМДБ
16:37
إِن تَحۡرِصۡ عَلَىٰ هُدَىٰهُمۡ فَإِنَّ ٱللَّهَ لَا يَهۡدِي مَن يُضِلُّۖ وَمَا لَهُم مِّن نَّـٰصِرِينَ
(Мұхаммед Ғ.С.) егер олардың оңғарылуына құштар болсаң да рас Алла адастырған біреуді оңғармайды. Әрі олар үшін жәрдемші жоқ
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед / / Оларды тура жолға салуға қанша ұмтылсаң да, анығында Аллаһ Өзі адастыратын құлын тура жолға салмайды. Әрі оларға ешбір жәрдем беруші жоқ
Аударма: ҚМДБ
16:38
وَأَقۡسَمُواْ بِٱللَّهِ جَهۡدَ أَيۡمَٰنِهِمۡ لَا يَبۡعَثُ ٱللَّهُ مَن يَمُوتُۚ بَلَىٰ وَعۡدًا عَلَيۡهِ حَقّٗا وَلَٰكِنَّ أَكۡثَرَ ٱلنَّاسِ لَا يَعۡلَمُونَ
Және де олар; “Алла, өлген біреуді тірілтпейді” деп,Алланың атымен қатты ант ішті. Олай емес. (Өлікті тірілту) Алланың шын уәдесі. Бірақ адамдардың көбі білмейді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі олар: «Аллаһ өлгенді қайта тірілтпейді», -деп, анттарының күштісі -Аллаһпен ант ішті. Жоқ! бұл, Оның хақ уәдесі. Бірақ, адамдардың көбі білмейді
Аударма: ҚМДБ
16:39
لِيُبَيِّنَ لَهُمُ ٱلَّذِي يَخۡتَلِفُونَ فِيهِ وَلِيَعۡلَمَ ٱلَّذِينَ كَفَرُوٓاْ أَنَّهُمۡ كَانُواْ كَٰذِبِينَ
Алла, оларға қайшылыққа түскен нәрселерін анықтау, қарсы болғандардың өтірікші екенін білдіру үшін (өліктерді тірілтеді)
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ / оларға қайшылыққа түскендерін түсіндіру және сондай күпірлік еткендер / Ақиретті теріске шығарғандар / өздерінің өтірікші болғандарын білулері үшін / қайта тірілтіледі
Аударма: ҚМДБ
16:40
إِنَّمَا قَوۡلُنَا لِشَيۡءٍ إِذَآ أَرَدۡنَٰهُ أَن نَّقُولَ لَهُۥ كُن فَيَكُونُ
Бір нәрсенің болуын қалағанда, сөзіміз тек қана оған: “Бол” деу; сонда бола қалады
Аударма: Халифа Алтай
Біз бір нәрсенің болуын қалағанымызда оған тек «Бол» дейміз, сонда ол бола қалады
Аударма: ҚМДБ
16:41
وَٱلَّذِينَ هَاجَرُواْ فِي ٱللَّهِ مِنۢ بَعۡدِ مَا ظُلِمُواْ لَنُبَوِّئَنَّهُمۡ فِي ٱلدُّنۡيَا حَسَنَةٗۖ وَلَأَجۡرُ ٱلۡأٓخِرَةِ أَكۡبَرُۚ لَوۡ كَانُواْ يَعۡلَمُونَ
Сондай зұлымдыққа ұшырағаннан кейін Алла жолында босқандарды, дүниеде жайлы қонысқа орналастырамыз. Егер олар білетін болса, Ақиреттегі сыйлығы тағы үлкен
Аударма: Халифа Алтай
Ал, өздеріне әділетсіздік жасалғаннан кейін, Аллаһ үшін қоныс аударғандарды осы дүниеде жақсылыққа / жайлы қонысқа / жайғастырамыз әрі соңғы, мәңгілік өмірдің / ақиреттің / сыйы одан да үлкен, егер білетін болса
Аударма: ҚМДБ
16:42
ٱلَّذِينَ صَبَرُواْ وَعَلَىٰ رَبِّهِمۡ يَتَوَكَّلُونَ
Олар, сондай сабыр етіп, Раббыларыңа тәуекел еткендер
Аударма: Халифа Алтай
Солар / қоныс аударғандар / сабыр қылған әрі өздерінің Раббысына жүгініп, істерін тапсыратындар / тәуекел ететіндер
Аударма: ҚМДБ
16:43
وَمَآ أَرۡسَلۡنَا مِن قَبۡلِكَ إِلَّا رِجَالٗا نُّوحِيٓ إِلَيۡهِمۡۖ فَسۡـَٔلُوٓاْ أَهۡلَ ٱلذِّكۡرِ إِن كُنتُمۡ لَا تَعۡلَمُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.) сенен бұрын да өздеріне уахи етіп, еркектерді ғана өзіне елдші етіп, жібердік. Егер білмесеңдер, кітап иелерінен сұраңдар
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Біз сенен бұрын да тек ер адамдарды ғана уахимен жібердік. Білмейтін болсаңдар, Еске салатын / Тәурат, Інжіл / түсірілгендерден сұраңдар
Аударма: ҚМДБ
16:44
بِٱلۡبَيِّنَٰتِ وَٱلزُّبُرِۗ وَأَنزَلۡنَآ إِلَيۡكَ ٱلذِّكۡرَ لِتُبَيِّنَ لِلنَّاسِ مَا نُزِّلَ إِلَيۡهِمۡ وَلَعَلَّهُمۡ يَتَفَكَّرُونَ
Мұғжизалармен, кітаптармен (пайғамбарлар жібердік.) Саған да адамдар үшін түсірілгенді ашық баян етерсің деп, Құранды түсірдік. Әрине олар түсінер
Аударма: Халифа Алтай
Елшілерді / анық белгі-дәлелдермен және Кітаптармен / жібердік / . Әрі адамдарға өздеріне не түсірілгенін түсіндіруің үшін және олардың ойланып қараулары үшін саған да Еске салатынды / Құранды / түсірдік
Аударма: ҚМДБ
16:45
أَفَأَمِنَ ٱلَّذِينَ مَكَرُواْ ٱلسَّيِّـَٔاتِ أَن يَخۡسِفَ ٱللَّهُ بِهِمُ ٱلۡأَرۡضَ أَوۡ يَأۡتِيَهُمُ ٱلۡعَذَابُ مِنۡ حَيۡثُ لَا يَشۡعُرُونَ
Сондай мекерліктің жаманын істегендер, Алланың, өздерін жерге жұттыруынан немесе ойламаған жерден өздеріне азап келуінен хауіпсіз бе
Аударма: Халифа Алтай
Айлакерлікпен жамандықты ойластырғандар өздерін Аллаһтың жерге жұттырып жіберуінен немесе өздеріне азаптың сезбеген жақтан келуінен қауіпсіз болды ма
Аударма: ҚМДБ
16:46
أَوۡ يَأۡخُذَهُمۡ فِي تَقَلُّبِهِمۡ فَمَا هُم بِمُعۡجِزِينَ
Немесе олар кезіп жүргенде, өздерін апат алуынан бейбіт болды ма? Онда олар қашып құтыла алмайды
Аударма: Халифа Алтай
Немесе ол / азап / өздерін тіршілік әрекеті үстінде ұстап, Одан қашып құтыла алмай қалуларынан
Аударма: ҚМДБ
16:47
أَوۡ يَأۡخُذَهُمۡ عَلَىٰ تَخَوُّفٖ فَإِنَّ رَبَّكُمۡ لَرَءُوفٞ رَّحِيمٌ
Яки олар, өздері қорыққан апаттың алуынан алаңсыз болды ма? Шынында Раббыларың аса жұмсақ, ерекше мейірімді
Аударма: Халифа Алтай
немесе оларды қауіптеніп тұрғанда тұтуынан / қауіпсіз болды ма / ? Ақиқатында, сендердің Раббың өте Мейірбан, ерекше Мейірімді
Аударма: ҚМДБ
16:48
أَوَلَمۡ يَرَوۡاْ إِلَىٰ مَا خَلَقَ ٱللَّهُ مِن شَيۡءٖ يَتَفَيَّؤُاْ ظِلَٰلُهُۥ عَنِ ٱلۡيَمِينِ وَٱلشَّمَآئِلِ سُجَّدٗا لِّلَّهِ وَهُمۡ دَٰخِرُونَ
(Сәжде аяты) олар Алланың жаратқан нәрселерінің оң және сол жақтардан ауытқып, Алла бас қойған түрде, олардың бой ұсынғанын көрмей ме
Аударма: Халифа Алтай
Әрі олар / қарсы келушілер / Аллаһ жаратқан әрбір нәрсенің көлеңкелері оңға және солға ауып, Аллаһқа сәжде етіп иілетіндерін көрмеді ме
Аударма: ҚМДБ
16:49
وَلِلَّهِۤ يَسۡجُدُۤ مَا فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَمَا فِي ٱلۡأَرۡضِ مِن دَآبَّةٖ وَٱلۡمَلَـٰٓئِكَةُ وَهُمۡ لَا يَسۡتَكۡبِرُونَ
Көктерде және жерде болған әр жандық әрі періштелер, тәкапарланбай Аллаға сәжде қылады
Аударма: Халифа Алтай
Әрі аспандардағы және жердегі барлық жаны бар және періштелер Аллаһқа сәжде етеді. Және олар / періштелер / өздерін жоғары санап, менменсімейді
Аударма: ҚМДБ
16:50
يَخَافُونَ رَبَّهُم مِّن فَوۡقِهِمۡ وَيَفۡعَلُونَ مَا يُؤۡمَرُونَ۩
Олар өздерінен жоғарыдағы / үстеріндегі / Раббысынан қорқады және өздеріне бұйырылғанды орындайды
Аударма: Халифа Алтай
Олар өздерінен жоғарыдағы / үстеріндегі / Раббысынан қорқады және өздеріне бұйырылғанды орындайды
Аударма: ҚМДБ
16:51
۞وَقَالَ ٱللَّهُ لَا تَتَّخِذُوٓاْ إِلَٰهَيۡنِ ٱثۡنَيۡنِۖ إِنَّمَا هُوَ إِلَٰهٞ وَٰحِدٞ فَإِيَّـٰيَ فَٱرۡهَبُونِ
Алла (Т.): “Екі тәңір жасап алмаңдар. Шын мәнінде, Ол, бір-ақ Тәңір. Ендеше. Менен ғана қорқыңдар” деді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Аллаһ: «Екі құдай жасап алмаңдар. Шын мәнінде, Ол жалғыз құдай! Тек Менен ғана қорқыңдар!» деді
Аударма: ҚМДБ
16:52
وَلَهُۥ مَا فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِ وَلَهُ ٱلدِّينُ وَاصِبًاۚ أَفَغَيۡرَ ٱللَّهِ تَتَّقُونَ
Көктерде және жерде болған нәрселер Оның иелігінде. Ұдайы құлшылық Аллаға тән. Алладан басқадан қорқасыңдар ма
Аударма: Халифа Алтай
Аспандардағы және жердегі нәрселер - Онікі. құлшылық та әрдайым Оған арналып жасалынады. Сонда Аллаһтан өзгеден қорқып, сақтанасыңдар ма
Аударма: ҚМДБ
16:53
وَمَا بِكُم مِّن نِّعۡمَةٖ فَمِنَ ٱللَّهِۖ ثُمَّ إِذَا مَسَّكُمُ ٱلضُّرُّ فَإِلَيۡهِ تَجۡـَٔرُونَ
Сендердегі әр нығмет Алладан. Сонан кейін сендерге зиян жетсе, сонда оған жалбарынасыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Әрі сендердегі кез келген / барлық / игілік - Аллаһтан. Кейін өздеріңе бір зиян келсе, Оған ғана жалбарынасыңдар
Аударма: ҚМДБ
16:54
ثُمَّ إِذَا كَشَفَ ٱلضُّرَّ عَنكُمۡ إِذَا فَرِيقٞ مِّنكُم بِرَبِّهِمۡ يُشۡرِكُونَ
Сонан соң Ол, қиыншылықты айықтырған сәтте, бір бөлімдерің, Раббыларына ортақ қосады
Аударма: Халифа Алтай
Ал, ол сендерден зиянды айықтырған кезде, араларыңнан бір бөлік өздерінің Раббысына серік қосады
Аударма: ҚМДБ
16:55
لِيَكۡفُرُواْ بِمَآ ءَاتَيۡنَٰهُمۡۚ فَتَمَتَّعُواْ فَسَوۡفَ تَعۡلَمُونَ
Олар берген нығметтерімізге нашүкіршілік етеді. Әзірше пайдалана тұрыңдар, жедел білесіңдер
Аударма: Халифа Алтай
сөйтіп, өздеріне бергенімізді мойындамау үшін. Пайдалана тұрыңдар, жақында білесіңдер
Аударма: ҚМДБ
16:56
وَيَجۡعَلُونَ لِمَا لَا يَعۡلَمُونَ نَصِيبٗا مِّمَّا رَزَقۡنَٰهُمۡۗ تَٱللَّهِ لَتُسۡـَٔلُنَّ عَمَّا كُنتُمۡ تَفۡتَرُونَ
(Мүшіріктер) өздеріне берген нәсібемізден, не екенін білмейтін бұттарға сыбаға арнайды. Аллаға серт! Бұл жасама қылықтарыңнан әлбетте сұраққа тартыласыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Әрі олар Біздің ризық етіп бергенімізден өздері білмейтін нәрселерге үлес белгілейді. Аллаһпен ант, сендер сөзсіз ойдан шығарған өтіріктерің жайлы сұраққа тартыласындар
Аударма: ҚМДБ
16:57
وَيَجۡعَلُونَ لِلَّهِ ٱلۡبَنَٰتِ سُبۡحَٰنَهُۥ وَلَهُم مَّا يَشۡتَهُونَ
Тағы олар, Аллаға қыздарды ұйғарды. (Періштелерді Алланың қыздары дейді.) Алла, одан пәк. Өздері үшін қалағанын (ұлды) арнайды
Аударма: Халифа Алтай
Сондай-ақ, олар «қыздары бар» деп Аллаһқа өтірікті телиді. Ол / бұдан / пәк. Ал, өздеріне қалағандарын қалдырады
Аударма: ҚМДБ
16:58
وَإِذَا بُشِّرَ أَحَدُهُم بِٱلۡأُنثَىٰ ظَلَّ وَجۡهُهُۥ مُسۡوَدّٗا وَهُوَ كَظِيمٞ
Егер, олардың біреуі қызбен шүйіншіленсе, (әйелінің қыз тапқанын естісе,) оны ашу қысып, беті қап-қара бола бастайды
Аударма: Халифа Алтай
Ал, олардың біреуі қыз перзентпен сүйіншіленген кезде, жүзі қарайып, ашу-ызасын ішінде сақтайды
Аударма: ҚМДБ
16:59
يَتَوَٰرَىٰ مِنَ ٱلۡقَوۡمِ مِن سُوٓءِ مَا بُشِّرَ بِهِۦٓۚ أَيُمۡسِكُهُۥ عَلَىٰ هُونٍ أَمۡ يَدُسُّهُۥ فِي ٱلتُّرَابِۗ أَلَا سَآءَ مَا يَحۡكُمُونَ
Өзіне берілген жаман хабардың салдарынан, елден жасырынады. Оны қордыққа шыдап ұстау немесе топыраққа көміп тастау ке рек пе? Ал, олар, нендей жаман үкім береді
Аударма: Халифа Алтай
Ол өзіне жеткізілген хабардың салдарынан елден жасырынады. Ол оны / қызын / қорлыққа шыдап қалдыра ма, әлде жерге көміп тастай ма? Біліңдер! Олардың берген үкімдері қандай жаман
Аударма: ҚМДБ
16:60
لِلَّذِينَ لَا يُؤۡمِنُونَ بِٱلۡأٓخِرَةِ مَثَلُ ٱلسَّوۡءِۖ وَلِلَّهِ ٱلۡمَثَلُ ٱلۡأَعۡلَىٰۚ وَهُوَ ٱلۡعَزِيزُ ٱلۡحَكِيمُ
Сондай ахиретке сенбеген үшін мысалдың жаманы болады. Мысалдың жоғарысы, Аллаға тән. Ол, үстем, хикмет иесі
Аударма: Халифа Алтай
Соңғы мәңгілік өмірге / ақиретке / сенбейтіндердің сипаты өте нашар, ал Аллаһ ең жоғарғы сипатқа ие. Ол өте Үстем, аса Дана
Аударма: ҚМДБ
16:61
وَلَوۡ يُؤَاخِذُ ٱللَّهُ ٱلنَّاسَ بِظُلۡمِهِم مَّا تَرَكَ عَلَيۡهَا مِن دَآبَّةٖ وَلَٰكِن يُؤَخِّرُهُمۡ إِلَىٰٓ أَجَلٖ مُّسَمّٗىۖ فَإِذَا جَآءَ أَجَلُهُمۡ لَا يَسۡتَـٔۡخِرُونَ سَاعَةٗ وَلَا يَسۡتَقۡدِمُونَ
Алла, адам баласын, олардың кесірлері себепті қолға алатын болса, жер жүзінде ешбір жәндік қалмас еді. Бірақ оларды белгілі бір мерзімге дейін кешіктіреді. Ал, қашан олардың олардың мерзімі келсе, Олар оны, бір сәтке кейіндете алмайды да ілгерілете алмайды
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ адамдарды әділетсіздіктері үшін жазалайтын болғанда, жер бетінде ешбір жандыны / жаны барды / қалдырмас еді. Алайда, оларға белгіленген мерзімге дейін мұрсат береді. Ал, қашан мерзімдері келсе, олар оны бір сәтке артқа да, ілгері де жылжыта алмайды
Аударма: ҚМДБ
16:62
وَيَجۡعَلُونَ لِلَّهِ مَا يَكۡرَهُونَۚ وَتَصِفُ أَلۡسِنَتُهُمُ ٱلۡكَذِبَ أَنَّ لَهُمُ ٱلۡحُسۡنَىٰۚ لَا جَرَمَ أَنَّ لَهُمُ ٱلنَّارَ وَأَنَّهُم مُّفۡرَطُونَ
Олар өздері жек көрген (қыздар)ді Аллаға ұйғарып, тілдерімен, “Жақсы нәрселер өздеріне тән” деп өтірік айтады. Шәк жоқ! Оларға тозақ бар. Рас олар, сүйреліп барушылар
Аударма: Халифа Алтай
Олар / мүшріктер / Аллаһқа өздері ұнатпайтынды таңады. Ал, олардың тілдері болса өздеріне жақсылық болады деп өтірікті айтады. Ақиқатында, оларға От / тозақ / болады әрі олар онда тасталып, ұмытылады
Аударма: ҚМДБ
16:63
تَٱللَّهِ لَقَدۡ أَرۡسَلۡنَآ إِلَىٰٓ أُمَمٖ مِّن قَبۡلِكَ فَزَيَّنَ لَهُمُ ٱلشَّيۡطَٰنُ أَعۡمَٰلَهُمۡ فَهُوَ وَلِيُّهُمُ ٱلۡيَوۡمَ وَلَهُمۡ عَذَابٌ أَلِيمٞ
Аллаға серт! (Мұхаммед Ғ.С.) Расында сенен бұрын да үмметтерге елшілер жіберген едік. Сонда да шайтан, оларға, өз қылықтарын әйбет көрсетті. Сондықтан бүгін де ол, олардың досы. Оларға күйзелтуші азап бар
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһпен ант етемін! / Ей, Мұхаммед! / Біз сенен бұрын да үмметтерге / елшілер / жібердік. Сонда шайтан оларға істерін әдемі етіп көрсетті. Ол / шайтан / бүгін / осы өмірде / олардың жақыны, досы әрі олар үшін / ақиретте / қинаушы азап бар
Аударма: ҚМДБ
16:64
وَمَآ أَنزَلۡنَا عَلَيۡكَ ٱلۡكِتَٰبَ إِلَّا لِتُبَيِّنَ لَهُمُ ٱلَّذِي ٱخۡتَلَفُواْ فِيهِ وَهُدٗى وَرَحۡمَةٗ لِّقَوۡمٖ يُؤۡمِنُونَ
Саған Құранды, олардың қайшылыққа түскен нәрселерін анықтауың және иман келтірген ел үшін тура жол әрі игілік түрінде ғана түсірдік
Аударма: Халифа Алтай
Біз саған Кітапты оларға қайшылыққа түскендерін түсіндіруің және имандылар / мүміндер / үшін / тура жолды ұстануға / басшылық әрі мейірім етіп түсірдік
Аударма: ҚМДБ
16:65
وَٱللَّهُ أَنزَلَ مِنَ ٱلسَّمَآءِ مَآءٗ فَأَحۡيَا بِهِ ٱلۡأَرۡضَ بَعۡدَ مَوۡتِهَآۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَةٗ لِّقَوۡمٖ يَسۡمَعُونَ
Алла аспаннан жаңбыр жаудырып, өлген жерді кейін онымен жандандырды. Негізінде бұнда тыңдаған қауым үшін әрине үлгі бар
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ аспаннан су түсіріп, онымен жер тіршіліксіз қалғаннан кейін оған жан бітірді. Міне, мұнда құлақ асатын адамдар үшін белгі-ғибрат бар
Аударма: ҚМДБ
16:66
وَإِنَّ لَكُمۡ فِي ٱلۡأَنۡعَٰمِ لَعِبۡرَةٗۖ نُّسۡقِيكُم مِّمَّا فِي بُطُونِهِۦ مِنۢ بَيۡنِ فَرۡثٖ وَدَمٖ لَّبَنًا خَالِصٗا سَآئِغٗا لِّلشَّـٰرِبِينَ
Шын мәнінде сендер үшін малдар да, ғибрат бар. Малдың қарнындағы қанымен жынның арасынан шыққан ішушілерге сүйкімді нағыз сүтті сендерге ішкіземіз
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, сендер үшін малдарда да ғибрат бар. Сендерге олардың қарнындағы қорытылып жатқан мен қанның арасынан ішушілерге сіңімді болған таза сүтті ішкіземіз
Аударма: ҚМДБ
16:67
وَمِن ثَمَرَٰتِ ٱلنَّخِيلِ وَٱلۡأَعۡنَٰبِ تَتَّخِذُونَ مِنۡهُ سَكَرٗا وَرِزۡقًا حَسَنًاۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَةٗ لِّقَوۡمٖ يَعۡقِلُونَ
Құрма ағаштарының жемістерінен және жүзімдерден арақ әрі көркем көрек жасап аласыңдар. Рас мұнда ойлаған елге анық үлгі бар. (Араққа тыйым салынудан бұрын түскен аят. Б.Ж.М.К.Р.Х.Т.Ж-Қ)
Аударма: Халифа Алтай
Сондай-ақ, сендер құрма және жүзім жемістерінен де мас қылушы ішімдік және жақсы азық аласыңдар. Міне, Мұнда ақылдарын істетіп, ұғынатын адамдар үшін белгі-ғибрат бар
Аударма: ҚМДБ
16:68
وَأَوۡحَىٰ رَبُّكَ إِلَى ٱلنَّحۡلِ أَنِ ٱتَّخِذِي مِنَ ٱلۡجِبَالِ بُيُوتٗا وَمِنَ ٱلشَّجَرِ وَمِمَّا يَعۡرِشُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.) Раббың, араға: “Таулардан, ағаштардан және лапастардан ұялар жасап ал!”, - деп нұсқады. (Жаратылыс қабылет берді)
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Раббың бал арасына білдіріп: «Таулардан, ағаштардан және олардың / адамдардың / тұрғызғандарынан ұя жасап ал
Аударма: ҚМДБ
16:69
ثُمَّ كُلِي مِن كُلِّ ٱلثَّمَرَٰتِ فَٱسۡلُكِي سُبُلَ رَبِّكِ ذُلُلٗاۚ يَخۡرُجُ مِنۢ بُطُونِهَا شَرَابٞ مُّخۡتَلِفٌ أَلۡوَٰنُهُۥ فِيهِ شِفَآءٞ لِّلنَّاسِۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَةٗ لِّقَوۡمٖ يَتَفَكَّرُونَ
“Сонсоң әр түрлі өсімдіктен же де Раббыңның қолайластырған жолына түс!” Араның қарындарынан түрлі-түсте бал шығакды. Онда адам баласы үшін шипа бар. Шынында мұнда да ойлайтын қаумы үшін ғибрат бар
Аударма: Халифа Алтай
Содан кейін әрбір жемістерден жеп, Раббыңның бағындырған жолдарымен жүр», деді. Олардың іштерінен алуан түсті ішетін зат шығады. Онда адамдар үшін шипа бар.Міне, мұнда ойланып қарайтын адамдар үшін белгі-ғибрат бар
Аударма: ҚМДБ
16:70
وَٱللَّهُ خَلَقَكُمۡ ثُمَّ يَتَوَفَّىٰكُمۡۚ وَمِنكُم مَّن يُرَدُّ إِلَىٰٓ أَرۡذَلِ ٱلۡعُمُرِ لِكَيۡ لَا يَعۡلَمَ بَعۡدَ عِلۡمٖ شَيۡـًٔاۚ إِنَّ ٱللَّهَ عَلِيمٞ قَدِيرٞ
Алла (Т.) сендерді жаратты және сендерді өлтіреді. Кейбіреулерің, білгеннен кейін білмейтін өмірдің қорына қайтарылады. Күдіксіз Алла (Т.) толық білуші, аса күшті
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ сендерді жаратты. Кейін жандарыңды алады. Сендерден кейбіреулер білгеннен кейін өмірдің ең нашарына / кәрілікке / , ешнәрсе білмей қалатын / кезеңіне / қайтарылады. Анығында, Аллаһ бәрін Білуші, аса Құдіретті , Оның «Бол!» дегенінің бәрі болады
Аударма: ҚМДБ
16:71
وَٱللَّهُ فَضَّلَ بَعۡضَكُمۡ عَلَىٰ بَعۡضٖ فِي ٱلرِّزۡقِۚ فَمَا ٱلَّذِينَ فُضِّلُواْ بِرَآدِّي رِزۡقِهِمۡ عَلَىٰ مَا مَلَكَتۡ أَيۡمَٰنُهُمۡ فَهُمۡ فِيهِ سَوَآءٌۚ أَفَبِنِعۡمَةِ ٱللَّهِ يَجۡحَدُونَ
Алла (Т.) несібеде, біріңнен-біріңді артық қылды. Сондай несібелері артық етілгендер, қол астындағыларға бермейді. Сондай-ақ несібеде олар тең. Олар Алланың нығметіне қарсы келе ме
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ ризық-несібеде біріңді біріңнен артық етті. Бірақ / ризықта / артықшылық берілгендер қол астындағыларын өздерімен тең ету үшін оларға өз үлестерінен бермейді. Сонда олар Аллаһтың берген игілігін жоққа шығара ма
Аударма: ҚМДБ
16:72
وَٱللَّهُ جَعَلَ لَكُم مِّنۡ أَنفُسِكُمۡ أَزۡوَٰجٗا وَجَعَلَ لَكُم مِّنۡ أَزۡوَٰجِكُم بَنِينَ وَحَفَدَةٗ وَرَزَقَكُم مِّنَ ٱلطَّيِّبَٰتِۚ أَفَبِٱلۡبَٰطِلِ يُؤۡمِنُونَ وَبِنِعۡمَتِ ٱللَّهِ هُمۡ يَكۡفُرُونَ
Алла (Т.) өз жыныстарыңнан жұбайлар жаратты. Жұбайларыңнан сендерге балалар, немерелер пайда қылды. Сондай-ақ сендерді тап-таза нәрселеден ризықтандырды. Сонда да олар, бос нәрселерге сеніп, Алланың нығметіне шүкірсіздік ете ме
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ сендерге өздеріңнен жұбайлар жасады әрі жұбайларыңнан сен­дерге балалар мен немерелер беріп, сондай-ақ сендерді жақсы нәрселерінен ризықтандырды. Сонда олар жалғанға сеніп, Аллаһтың игілігіне күпірлік ете ме / теріске шығара ма
Аударма: ҚМДБ
16:73
وَيَعۡبُدُونَ مِن دُونِ ٱللَّهِ مَا لَا يَمۡلِكُ لَهُمۡ رِزۡقٗا مِّنَ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِ شَيۡـٔٗا وَلَا يَسۡتَطِيعُونَ
Олар, Алладан өзге өздері үшін жер мен көктен бір ризыққа ие болмайтын, және дәңеңеге шамалары келмейтін нәрсеге (пұтқа) шоқынады
Аударма: Халифа Алтай
Әрі олар / мүшріктер / Аллаһтан өзге өздері үшін аспандардан және жерден ешқандай ризыққа ие емес әрі бұған шамалары да келмейтін - біреулерге табынады
Аударма: ҚМДБ
16:74
فَلَا تَضۡرِبُواْ لِلَّهِ ٱلۡأَمۡثَالَۚ إِنَّ ٱللَّهَ يَعۡلَمُ وَأَنتُمۡ لَا تَعۡلَمُونَ
Аллаға мысал бермеңдер. (Алланы еш нәрсеге теңемеңдер.) Негізінде Алла әр нәрсені біледі, сендер білмейсіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһқа ұқсастар келтірмеңдер / Аса ұлы Аллаһқа ешкімді ұқсатпаңдар / .Анығында, Аллаһ біледі, - сендер білмейсіңдер
Аударма: ҚМДБ
16:75
۞ضَرَبَ ٱللَّهُ مَثَلًا عَبۡدٗا مَّمۡلُوكٗا لَّا يَقۡدِرُ عَلَىٰ شَيۡءٖ وَمَن رَّزَقۡنَٰهُ مِنَّا رِزۡقًا حَسَنٗا فَهُوَ يُنفِقُ مِنۡهُ سِرّٗا وَجَهۡرًاۖ هَلۡ يَسۡتَوُۥنَۚ ٱلۡحَمۡدُ لِلَّهِۚ بَلۡ أَكۡثَرُهُمۡ لَا يَعۡلَمُونَ
Алла бір мысал берді; біреудің иелігіндегі еш нәрсеге шамасы келмейтін құл мен өзіне бізден көркем ризық берген, сонда ол, одан көрнеу, көмес жұмсайтын біреулер тең бола ала ма? Барлық мақтау Аллаға тән. Бірақ олардың көбі білмейді
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ, біреудің иелігінде болып, еш нәрсеге шамасы келмейтін бір құлды және Біз жақсы ризық беріп, ол одан жасырын әрі ашық түрде жұмсайтын бір адамды мысалға келтірді. Бұлар тең бола ма? Барлық мақтау - Аллаһқа! Алайда, олардың көбі білмейді
Аударма: ҚМДБ
16:76
وَضَرَبَ ٱللَّهُ مَثَلٗا رَّجُلَيۡنِ أَحَدُهُمَآ أَبۡكَمُ لَا يَقۡدِرُ عَلَىٰ شَيۡءٖ وَهُوَ كَلٌّ عَلَىٰ مَوۡلَىٰهُ أَيۡنَمَا يُوَجِّههُّ لَا يَأۡتِ بِخَيۡرٍ هَلۡ يَسۡتَوِي هُوَ وَمَن يَأۡمُرُ بِٱلۡعَدۡلِ وَهُوَ عَلَىٰ صِرَٰطٖ مُّسۡتَقِيمٖ
Тағы Алла (Т.) екі кісіні мысал келтірді; екеуінің бірі сақау, шамасы түкке келмейді. Ол, қожайынына жүк. Оны қайда жұмсаса да хайыр келтірмейді. Міне осы, әділетті әмір етіп, тура жолмен жүрген кісімен тең бе
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ және екі кісіні мысалға келтірді: олардың біреуі мылқау, сондай еш нәрсеге күші жетпейтін әрі иесіне масыл. Оны қай жаққа жіберсе де одан қайыр жоқ. Сонда ол тура жолда болып, әділдікке бұйырған кісімен тең бола ма
Аударма: ҚМДБ
16:77
وَلِلَّهِ غَيۡبُ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِۚ وَمَآ أَمۡرُ ٱلسَّاعَةِ إِلَّا كَلَمۡحِ ٱلۡبَصَرِ أَوۡ هُوَ أَقۡرَبُۚ إِنَّ ٱللَّهَ عَلَىٰ كُلِّ شَيۡءٖ قَدِيرٞ
Көктердегі және жердегі сыр Аллаға тән. Қиямет сағаты кірпік қаққандай, тіпті одан да жақынырақ. Сөзсіз, Алланың әр нәрсеге күші толық жетуші
Аударма: Халифа Алтай
Аспандардың және жердің құпиясы Аллаһта. Ал Сағаттың / қайта тірілу күнінің / келуі бір көз салу сәтіндей ғана немесе одан да жақын. Ақиқатында, Аллаһ – әрбір нәрсені Жасай алушы
Аударма: ҚМДБ
16:78
وَٱللَّهُ أَخۡرَجَكُم مِّنۢ بُطُونِ أُمَّهَٰتِكُمۡ لَا تَعۡلَمُونَ شَيۡـٔٗا وَجَعَلَ لَكُمُ ٱلسَّمۡعَ وَٱلۡأَبۡصَٰرَ وَٱلۡأَفۡـِٔدَةَ لَعَلَّكُمۡ تَشۡكُرُونَ
Алла (Т.) сендеді аналарыңның қарнынан еш нәрсе білмейтін түрде шығарды да сендерге есту, көру және ойлау қабылетін берді. Әрине шүкіршілік етерсіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Аллаһ сендерді аналарыңның қарнынан / құрсағынан / еш нәрсені білмейтін күйлеріңде шығарды және алғыс білдірулерің үшін есту, көруді және жүректерді берді
Аударма: ҚМДБ
16:79
أَلَمۡ يَرَوۡاْ إِلَى ٱلطَّيۡرِ مُسَخَّرَٰتٖ فِي جَوِّ ٱلسَّمَآءِ مَا يُمۡسِكُهُنَّ إِلَّا ٱللَّهُۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَٰتٖ لِّقَوۡمٖ يُؤۡمِنُونَ
Олар аспан бостығындағы бағынышты құсты көрмей ме? Оларды Алладан басқа ешкім ұстап тұра алмайды. Негізінен сонда иман келтірген қауым үшін әлбетте белгілер бар
Аударма: Халифа Алтай
Олар аспан кеңістігіндегі бағынышты құстарды көрмеді ме? Оларды Аллаһтан басқа ешкім де ұстап тұрған жоқ. Міне, Мұнда иманға келгендер үшін белгі-ғибраттар бар
Аударма: ҚМДБ
16:80
وَٱللَّهُ جَعَلَ لَكُم مِّنۢ بُيُوتِكُمۡ سَكَنٗا وَجَعَلَ لَكُم مِّن جُلُودِ ٱلۡأَنۡعَٰمِ بُيُوتٗا تَسۡتَخِفُّونَهَا يَوۡمَ ظَعۡنِكُمۡ وَيَوۡمَ إِقَامَتِكُمۡ وَمِنۡ أَصۡوَافِهَا وَأَوۡبَارِهَا وَأَشۡعَارِهَآ أَثَٰثٗا وَمَتَٰعًا إِلَىٰ حِينٖ
Алла (Т.) сендерге үйлеріңді тұрақ қылды. Әрі сендер үшін малдардың терілерінен, тасынған күндеріңде, отыррған күндеріңде жеңіл пайдалануларыңа болатын баспаналар, жүндерінен, жабағыларынан әм қылдарынан бір мерзімге дейін тұтыну бұйымдарын, сауда заттарын пайда қылды
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ сендерге үйлеріңді жайлы тұрақ етті. Малдардың терілерінен көшіп-қонғанда жеңіл алып жүретін үйлерді жасады. Әрі сендерге олардың жүнінен, түбітінен және қылынан жабдықтар мен бір уақытқа дейін пайдаланатын бұйымдарды да / пайда етті
Аударма: ҚМДБ
16:81
وَٱللَّهُ جَعَلَ لَكُم مِّمَّا خَلَقَ ظِلَٰلٗا وَجَعَلَ لَكُم مِّنَ ٱلۡجِبَالِ أَكۡنَٰنٗا وَجَعَلَ لَكُمۡ سَرَٰبِيلَ تَقِيكُمُ ٱلۡحَرَّ وَسَرَٰبِيلَ تَقِيكُم بَأۡسَكُمۡۚ كَذَٰلِكَ يُتِمُّ نِعۡمَتَهُۥ عَلَيۡكُمۡ لَعَلَّكُمۡ تُسۡلِمُونَ
Алла жаратқандарынан көлеңкелер жасап, және таулардан ықтасындар пайда қылды. Сондай-ақ сендер үшін ыстықтан қорғайтын киімдер және соғыста қорғанатын сауыттар пайда қылды. Осылайша сендерге нығметтерін тамамдады. Әрине бой ұсынарсыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Аллаһ сендерге Өзі жаратқандардан көлеңкелер жасады, сендерге тауларда паналайтын орындар, сендерді ыстықтан қорғайтын киімдер және зияннан қорғайтын киімдер / сауыттар / жасады. Ол сендерге бойсұнуларың үшін игілігін осылай етіп, соңына жеткізеді
Аударма: ҚМДБ
16:82
فَإِن تَوَلَّوۡاْ فَإِنَّمَا عَلَيۡكَ ٱلۡبَلَٰغُ ٱلۡمُبِينُ
Сонда да егер олар жалтайса, саған ашық түрде жалғастыру ғана міндет. (Әй Елшім)
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Егер олар / әділетсіз күнәһарлар / теріс бұрылса, шын мәнінде саған анық түрде жеткізу ғана міндет
Аударма: ҚМДБ
16:83
يَعۡرِفُونَ نِعۡمَتَ ٱللَّهِ ثُمَّ يُنكِرُونَهَا وَأَكۡثَرُهُمُ ٱلۡكَٰفِرُونَ
Олар Алланың нығметтеріне мойындайды да кейін оған қарсы келеді. Негізінен олардың көбі қарсы
Аударма: Халифа Алтай
Олар Аллаһтың игілігін таниды / мойындайды / , ал кейін оны теріске шығарады. Сондай-ақ олардың / әділетсіз күнәһарлардың / көбі -кәпірлер
Аударма: ҚМДБ
16:84
وَيَوۡمَ نَبۡعَثُ مِن كُلِّ أُمَّةٖ شَهِيدٗا ثُمَّ لَا يُؤۡذَنُ لِلَّذِينَ كَفَرُواْ وَلَا هُمۡ يُسۡتَعۡتَبُونَ
Қиямет күні, әр үмметтен бір айғақ жібереміз. Қарсы болғандарға рұхсат берілмейді де олардан жақсылық күтілмейді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі сол / қайта тірілу / күні әрбір үмметтен куә жібереміз. Кейін, сондай, күпірлік еткендерге / иманға келмегендерге / рұқсат берілмейді және талап етілмейді
Аударма: ҚМДБ
16:85
وَإِذَا رَءَا ٱلَّذِينَ ظَلَمُواْ ٱلۡعَذَابَ فَلَا يُخَفَّفُ عَنۡهُمۡ وَلَا هُمۡ يُنظَرُونَ
Зұлымдық қылғандар, азапты көргенде, олардан жеңітілмейді де оларға мұрса берілмейді
Аударма: Халифа Алтай
Ал, әділетсіздер азапты көрген кезде оларға жеңілдетілмейді әрі Оларға мұрсат та берілмейді
Аударма: ҚМДБ
16:86
وَإِذَا رَءَا ٱلَّذِينَ أَشۡرَكُواْ شُرَكَآءَهُمۡ قَالُواْ رَبَّنَا هَـٰٓؤُلَآءِ شُرَكَآؤُنَا ٱلَّذِينَ كُنَّا نَدۡعُواْ مِن دُونِكَۖ فَأَلۡقَوۡاْ إِلَيۡهِمُ ٱلۡقَوۡلَ إِنَّكُمۡ لَكَٰذِبُونَ
Аллаға шерік қосқандар, қосқан ортақтарын көрген сәтте: “Раббымыз! Сенен өзге сиынған ортақтарымыз осы” дейді. Олар: “Тіпті сендер мүлде өтірікшісіңдер” деп, сөзді оларға тастайды
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһқа серік қосқандар, сол қосқан серіктерін / қайта тірілу күні / көрген кез­де: «Раббымыз! Біздің Сенен өзге тілеп-табыңғандарымыз осылар», дейді. Сонда олар бұларға: «Шындығында, сендер өтірік айтып тұрсыңдар», -деп тіл қатады
Аударма: ҚМДБ
16:87
وَأَلۡقَوۡاْ إِلَى ٱللَّهِ يَوۡمَئِذٍ ٱلسَّلَمَۖ وَضَلَّ عَنۡهُم مَّا كَانُواْ يَفۡتَرُونَ
Олар, ол күні Аллаға бой ұсынады. Олардың жасанды тәңірлері олардан ғайып болады
Аударма: Халифа Алтай
Әрі ол / қайта тірілу / күні олар Аллаһқа бойсұна қалады. Ал олардың ой­дан шығарған нәрселері жоқ болып кетеді
Аударма: ҚМДБ
16:88
ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ وَصَدُّواْ عَن سَبِيلِ ٱللَّهِ زِدۡنَٰهُمۡ عَذَابٗا فَوۡقَ ٱلۡعَذَابِ بِمَا كَانُواْ يُفۡسِدُونَ
Сондай қарсы болғандарға және Алланың жолынан тосқандарға, бұзықтық қылғандықтары үшін; қинау үстіне қинау арттырамыз
Аударма: Халифа Алтай
Сондай күпірлік еткендерге / Аллаһтың бірлігін мойындамағандарға / әрі Аллаһтың жолынан тосқандарға бұзу-бүлдірушіліктері үшін азап үстіне азап арттырдық
Аударма: ҚМДБ
16:89
وَيَوۡمَ نَبۡعَثُ فِي كُلِّ أُمَّةٖ شَهِيدًا عَلَيۡهِم مِّنۡ أَنفُسِهِمۡۖ وَجِئۡنَا بِكَ شَهِيدًا عَلَىٰ هَـٰٓؤُلَآءِۚ وَنَزَّلۡنَا عَلَيۡكَ ٱلۡكِتَٰبَ تِبۡيَٰنٗا لِّكُلِّ شَيۡءٖ وَهُدٗى وَرَحۡمَةٗ وَبُشۡرَىٰ لِلۡمُسۡلِمِينَ
Қиямет күні әр үмметтің ішінде, өздерінен бір айғқ әкелеміз. (Мұхаммед Ғ.С.) сені осы үмметке айғақ қылып келтіреміз. Сондай-ақ саған әр нәрсені ашықтайтын және Мұсылмандар үшін тура жол, игілік әм қуаныш түрінде Құранды түсірдік
Аударма: Халифа Алтай
Ол күні әрбір үмметтің ішіне, оларға қарсы өз араларынан куә / елшілерді / жібереміз. / Ей, Мұхаммед! / Әрі сені мыналарға қарсы куә етіп келтіреміз. Біз саған Кітапты / Құранды / әрбір нәрсенің түсіндірмесі және Мұсылмандар / бойсұнушылар / үшін жолбасшы / тура жолды ұстануға басшылық / ,мейірім әрі қуанышты хабар етіп түсірдік
Аударма: ҚМДБ
16:90
۞إِنَّ ٱللَّهَ يَأۡمُرُ بِٱلۡعَدۡلِ وَٱلۡإِحۡسَٰنِ وَإِيتَآيِٕ ذِي ٱلۡقُرۡبَىٰ وَيَنۡهَىٰ عَنِ ٱلۡفَحۡشَآءِ وَٱلۡمُنكَرِ وَٱلۡبَغۡيِۚ يَعِظُكُمۡ لَعَلَّكُمۡ تَذَكَّرُونَ
Негізінде Алла әділетті, игілікті және ағайынға қарайласуды бұйырады. Және де арсыздықтан, қарсылықтан әм зорекерліктен тыяды. Сендерге насихат береді. Әрине түсінерсіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, Аллаһ әділдікті, ықыласпен жақсылық етуді және туысқандарға / жақсылық істеуді / пъбұйырады. Әрі Ол жиіркенішті істерден және қайтарылған нәрселерден әрі зиян келтіруден тыяды. Ол сендерге осыларды еске алуларың үшін насихат етеді
Аударма: ҚМДБ
16:91
وَأَوۡفُواْ بِعَهۡدِ ٱللَّهِ إِذَا عَٰهَدتُّمۡ وَلَا تَنقُضُواْ ٱلۡأَيۡمَٰنَ بَعۡدَ تَوۡكِيدِهَا وَقَدۡ جَعَلۡتُمُ ٱللَّهَ عَلَيۡكُمۡ كَفِيلًاۚ إِنَّ ٱللَّهَ يَعۡلَمُ مَا تَفۡعَلُونَ
Қашан серттессеңдер, Аллаға берегн серттеріңді орындаңдар. Анттарыңды, Алланы өздеріңе кепіл етіп, бекіткеннен кейін бұзбаңдар. Күдіксіз Алла не істегендеріңді біледі
Аударма: Халифа Алтай
Серт берсеңдер, Аллаһқа берген серттеріңді орындаңдар. Әрі анттарыңды бекіткеннен кейін бұзбаңдар. Сендер Аллаһты өздеріне кепіл еткенсіңдер. Ақиқатында, Аллаһ не істеп жатқандарыңды біледі
Аударма: ҚМДБ
16:92
وَلَا تَكُونُواْ كَٱلَّتِي نَقَضَتۡ غَزۡلَهَا مِنۢ بَعۡدِ قُوَّةٍ أَنكَٰثٗا تَتَّخِذُونَ أَيۡمَٰنَكُمۡ دَخَلَۢا بَيۡنَكُمۡ أَن تَكُونَ أُمَّةٌ هِيَ أَرۡبَىٰ مِنۡ أُمَّةٍۚ إِنَّمَا يَبۡلُوكُمُ ٱللَّهُ بِهِۦۚ وَلَيُبَيِّنَنَّ لَكُمۡ يَوۡمَ ٱلۡقِيَٰمَةِ مَا كُنتُمۡ فِيهِ تَخۡتَلِفُونَ
Бір топты басқа топтан үстем деген сылтаумен араларыңдағы анттарыңды бұзып, жібін мықтап иіргеннен кейін тарқатқан қатын құсаған болмаңдар. Шын мәнінде Алла сендерді осымен сынайды. Сондай-ақ дүниеде қайшылыққа түскен нәрселеріңді қиямет күні сендерге ашықтайды
Аударма: Халифа Алтай
Сендер жібін мықтап иіргеннен кейін оны тарқатқан бір әйел сияқты болмаңдар. Сол сияқты бір топ басқа топтан көп болғаны үшін анттарыңды өзара алдау етпеңдер. Шын мәнінде, Аллаһ сендерді осы арқылы сынайды әрі Қайта тірілу күні, Ол сендерге қайшылыққа түскендеріңді түсіндіріп береді
Аударма: ҚМДБ
16:93
وَلَوۡ شَآءَ ٱللَّهُ لَجَعَلَكُمۡ أُمَّةٗ وَٰحِدَةٗ وَلَٰكِن يُضِلُّ مَن يَشَآءُ وَيَهۡدِي مَن يَشَآءُۚ وَلَتُسۡـَٔلُنَّ عَمَّا كُنتُمۡ تَعۡمَلُونَ
Егер Алла қаласа еді, сендерді бір-ақ үммет қылар еді. Алайда, Алла кімді қаласа, адастырып кімді қаласа, тура жолға салады. Әлбетте істегендеріңнен сұраласыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Егер де Аллаһ қалағанда сендерді бір ғана үммет етер еді. Бірақ Ол қалағанын адастырып, қалағанын тура жолға салады. Сендер істеген амалдарың жайлы міндетті түрде сұраққа тартыласыңдар
Аударма: ҚМДБ
16:94
وَلَا تَتَّخِذُوٓاْ أَيۡمَٰنَكُمۡ دَخَلَۢا بَيۡنَكُمۡ فَتَزِلَّ قَدَمُۢ بَعۡدَ ثُبُوتِهَا وَتَذُوقُواْ ٱلسُّوٓءَ بِمَا صَدَدتُّمۡ عَن سَبِيلِ ٱللَّهِ وَلَكُمۡ عَذَابٌ عَظِيمٞ
Анттарыңды алдауға сылтау қылмаңдар. Аяқ берік басылғаннан кейін тайып, Алланыңң жолынан тосқандықтарың үшін жамандығын татасыңдар. Әрі сендерге зор азап бар
Аударма: Халифа Алтай
Анттарыңды өзара алдау етпеңдер, әйтпесе, табандарың орныққаннан кейін сүрініп, Аллаһтың жолынан қайтарғандықтарың үшін жамандық татасыңдар әрі сендерге орасан ауыр азап болады
Аударма: ҚМДБ
16:95
وَلَا تَشۡتَرُواْ بِعَهۡدِ ٱللَّهِ ثَمَنٗا قَلِيلًاۚ إِنَّمَا عِندَ ٱللَّهِ هُوَ خَيۡرٞ لَّكُمۡ إِن كُنتُمۡ تَعۡلَمُونَ
Алланың антын арзымайтын нәрсеге айырбастамаңдар. Білетін болсаңдар, Алланың қасындағы ғана жақсы
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһқа берген серттеріңнің орнына болмашы бағаны / дүниелік нәрсені / сатып алмандар. Егер білген болсаңдар, Аллаһтағы нәрсе / қайтарым сый / сендер үшін қайырлы
Аударма: ҚМДБ
16:96
مَا عِندَكُمۡ يَنفَدُ وَمَا عِندَ ٱللَّهِ بَاقٖۗ وَلَنَجۡزِيَنَّ ٱلَّذِينَ صَبَرُوٓاْ أَجۡرَهُم بِأَحۡسَنِ مَا كَانُواْ يَعۡمَلُونَ
Сендердің жандарыңдағы дүниелік түгейді де Алланың қасындағы қалады. Әрине сабыр еткендердің сыйлығын, істеген істерінен де жақсырақ береміз
Аударма: Халифа Алтай
Сендердегі нәрселер таусылады, ал Аллаһтағы- мәңгілік. Біз сабырлық танытқандардың сыйын олардың істегендерінен артық етіп қайтарамыз
Аударма: ҚМДБ
16:97
مَنۡ عَمِلَ صَٰلِحٗا مِّن ذَكَرٍ أَوۡ أُنثَىٰ وَهُوَ مُؤۡمِنٞ فَلَنُحۡيِيَنَّهُۥ حَيَوٰةٗ طَيِّبَةٗۖ وَلَنَجۡزِيَنَّهُمۡ أَجۡرَهُم بِأَحۡسَنِ مَا كَانُواْ يَعۡمَلُونَ
Ер немесе әйелден кім сенген бойда түзу іс істесе, әлбетте оны жақсы тіршілікте жасатамыз. Әрі оларға істеген істерінен жақсырақ сыйлық береміз
Аударма: Халифа Алтай
Ер немесе әйелден кім иманды / мүмін / болған күйде ізгі амал істесе, онда оны жақсы өмірмен жандандырамыз / игілікті өмір сүргіземіз / .Әрі олардың сыйын істеген амалдарынан артық етіп қайтарамыз
Аударма: ҚМДБ
16:98
فَإِذَا قَرَأۡتَ ٱلۡقُرۡءَانَ فَٱسۡتَعِذۡ بِٱللَّهِ مِنَ ٱلشَّيۡطَٰنِ ٱلرَّجِيمِ
Қашан Құран оқысаң, қуылған шайтаннан Аллаға сиын
Аударма: Халифа Алтай
Құранды оқыған кезіңде, қуылған шайтаннан Аллаһқа сиынып, Оның қорғауын сұра
Аударма: ҚМДБ
16:99
إِنَّهُۥ لَيۡسَ لَهُۥ سُلۡطَٰنٌ عَلَى ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَعَلَىٰ رَبِّهِمۡ يَتَوَكَّلُونَ
Шын мәнінде иман келтіріп, Раббыларына тәуекел еткендерге шайтанның бір үстемдігі болмайды
Аударма: Халифа Алтай
Анығында, ол / шайтан / иманға келген және Раббысына жүгініп, істерін Оған тапсырғандарға / тәуекел еткендерге / билік жүргізе алмайды
Аударма: ҚМДБ
16:100
إِنَّمَا سُلۡطَٰنُهُۥ عَلَى ٱلَّذِينَ يَتَوَلَّوۡنَهُۥ وَٱلَّذِينَ هُم بِهِۦ مُشۡرِكُونَ
Шынында оның үстемдігі, оны дос тұтып Аллаға шерік қатушыларға ғана жүреді
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, оның / шайтанның / билігі оны өзіне дос, қамқоршы тұтатындарға және сондай онымен серік қосатындарға ғана жүреді
Аударма: ҚМДБ
16:101
وَإِذَا بَدَّلۡنَآ ءَايَةٗ مَّكَانَ ءَايَةٖ وَٱللَّهُ أَعۡلَمُ بِمَا يُنَزِّلُ قَالُوٓاْ إِنَّمَآ أَنتَ مُفۡتَرِۭۚ بَلۡ أَكۡثَرُهُمۡ لَا يَعۡلَمُونَ
Біз, бір аяттың орнына басқа аятты ауыстырған кезде, Алла нені түсіргенін жақсы біледі. Алайда олар Пайғамбарға: “Сен анық жалақорсың” дейді. Олай емес. Олардың көбі түсінбейді
Аударма: Халифа Алтай
Ал, қашан Біз бір аятты басқа аятпен алмастырсақ, Аллаһ Өзінің не түсіретінін жақсы Білуші. Олар: «Сен бар болғаны ойдан шығарушысың / өтірікшісің / »,- деді. Олай емес. Олардың көбі білмейді
Аударма: ҚМДБ
16:102
قُلۡ نَزَّلَهُۥ رُوحُ ٱلۡقُدُسِ مِن رَّبِّكَ بِٱلۡحَقِّ لِيُثَبِّتَ ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَهُدٗى وَبُشۡرَىٰ لِلۡمُسۡلِمِينَ
(Мұхаммед Ғ.С.) Жебірейіл, Құранды; шынайы түрде иман келтіргендерді бекемдеу әм Мұсылмандар үшін туралық әрі қуаныш түрінде Раббың тарапынан түсірді
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед!Айт: «Оны / Құранды / қасиетті Рух / Жәбірейіл / Раббыңнан ақиқатпен - мүміндері / имандыларды / бекіту үшін және Мұсылмандарға / бойсұнушыларға / жолбасшы әрі қуанышты хабар етіп түсірді», деп
Аударма: ҚМДБ
16:103
وَلَقَدۡ نَعۡلَمُ أَنَّهُمۡ يَقُولُونَ إِنَّمَا يُعَلِّمُهُۥ بَشَرٞۗ لِّسَانُ ٱلَّذِي يُلۡحِدُونَ إِلَيۡهِ أَعۡجَمِيّٞ وَهَٰذَا لِسَانٌ عَرَبِيّٞ مُّبِينٌ
Рас білеміз. Өйткені, олар: “Құранды Мұхаммедке бір Адам үйретеді ” дейді. Олардың ұйғарған адамының тілі бөгде. Ал бұл Құран ашық Арап тілінде
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Біз олардың: «Негізінде, оған оны / Құранды / бір адам үйретеді»,-деп айтатындарын білеміз. Олар меңзеген адамның тілі бөтен, ал бұл- анық араб тілі
Аударма: ҚМДБ
16:104
إِنَّ ٱلَّذِينَ لَا يُؤۡمِنُونَ بِـَٔايَٰتِ ٱللَّهِ لَا يَهۡدِيهِمُ ٱللَّهُ وَلَهُمۡ عَذَابٌ أَلِيمٌ
Шынында Алланың аяттарына сенбегендерді, Алла оңғармайды. Сондай-ақ олар үшін күйзелтуші азап бар
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, Аллаһтың аяттарына сенбейтіндерді Аллаһ тура жолға салмайды әрі оларға күйзелтуші азап бар
Аударма: ҚМДБ
16:105
إِنَّمَا يَفۡتَرِي ٱلۡكَذِبَ ٱلَّذِينَ لَا يُؤۡمِنُونَ بِـَٔايَٰتِ ٱللَّهِۖ وَأُوْلَـٰٓئِكَ هُمُ ٱلۡكَٰذِبُونَ
Шын мәнінде Алланың аяттарына сенбегендер, орынсыз жасынға шығарады. Міне солар, жалғаншылар
Аударма: Халифа Алтай
Өтірікті - Аллаһтың аяттарына сенбейтіндер ғана ойдан шығарады. Міне, солар - нағыз өтірікші, суайттар
Аударма: ҚМДБ
16:106
مَن كَفَرَ بِٱللَّهِ مِنۢ بَعۡدِ إِيمَٰنِهِۦٓ إِلَّا مَنۡ أُكۡرِهَ وَقَلۡبُهُۥ مُطۡمَئِنُّۢ بِٱلۡإِيمَٰنِ وَلَٰكِن مَّن شَرَحَ بِٱلۡكُفۡرِ صَدۡرٗا فَعَلَيۡهِمۡ غَضَبٞ مِّنَ ٱللَّهِ وَلَهُمۡ عَذَابٌ عَظِيمٞ
Жүрегі иманнан орныққаннан кейін зорлық көрген біреуден басқа біреу; иман келтіргеннен кейін Аллаға қарсы келсе, сондай-ақ біреу көңілін имансыздыққа берсе, оған Алланың ашуы және оларға зор азап бар. (Бұл аят бойынша, жүрегіндегі Аллаға сенімі мықты біреудің зорлық көргенде қарсылық сөз айтуына болады. Б.Ж.М.К.Р.Х.Т)
Аударма: Халифа Алтай
Кім иманға келгеннен кейін, Аллаһқа күпірлік етсе / қарсы шықса / , - ал, біреудің мәжбүрлеуіне ұшырап / тілімен бас тартып / , бірақ жүрегі иманға орнықты болғандар бұған кірмейді -әрі кім күпірлікке / имансыздыққа / көкірегін ашса, соларға Аллаһтың қаһары әрі үлкен азабы болады
Аударма: ҚМДБ
16:107
ذَٰلِكَ بِأَنَّهُمُ ٱسۡتَحَبُّواْ ٱلۡحَيَوٰةَ ٱلدُّنۡيَا عَلَى ٱلۡأٓخِرَةِ وَأَنَّ ٱللَّهَ لَا يَهۡدِي ٱلۡقَوۡمَ ٱلۡكَٰفِرِينَ
Бұл жағдай, олардың дүниені, ақиретке балап жақсы көрулерінің салдарынан. Шынында Алла, қарсы болған елді оңғармайды
Аударма: Халифа Алтай
Мұның себебі - олардың осы өмірді соңғы мәңгілік өмірден / ақиреттен / артық көргендіктерінен. Әрі күмәнсіз, Аллаһ кәпір адамдарды тура жолға салмайды
Аударма: ҚМДБ
16:108
أُوْلَـٰٓئِكَ ٱلَّذِينَ طَبَعَ ٱللَّهُ عَلَىٰ قُلُوبِهِمۡ وَسَمۡعِهِمۡ وَأَبۡصَٰرِهِمۡۖ وَأُوْلَـٰٓئِكَ هُمُ ٱلۡغَٰفِلُونَ
Міне, бұлар сондай; Алла, олардың жүректерін, құлақтарын және көздерін бітеп қойған. Тағы олар мүлде кәперсіз
Аударма: Халифа Алтай
Міне, солар -Аллаһ жүректерін, естуін және көруін мөрлеп / бітеп / тастағандар. Олар - нағыз қаперсіздер
Аударма: ҚМДБ
16:109
لَا جَرَمَ أَنَّهُمۡ فِي ٱلۡأٓخِرَةِ هُمُ ٱلۡخَٰسِرُونَ
Сөз жоқ! Олар ахиретте зиян тартушылар
Аударма: Халифа Алтай
Күмәнсіз, олар соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / нағыз зиян көрушілер болады
Аударма: ҚМДБ
16:110
ثُمَّ إِنَّ رَبَّكَ لِلَّذِينَ هَاجَرُواْ مِنۢ بَعۡدِ مَا فُتِنُواْ ثُمَّ جَٰهَدُواْ وَصَبَرُوٓاْ إِنَّ رَبَّكَ مِنۢ بَعۡدِهَا لَغَفُورٞ رَّحِيمٞ
(Мұхаммед Ғ.С.) негізінен Раббың; қапа көргеннен кейін босқандардың , соғысқандардың және сабыр еткендердің (жары.) Күдіксіз Раббың бұдан кейін аса жарылқаушы, ерекше мейірімді
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Ақиқатында, Раббың бүлікке ұшырағаннан кейін қоныс аударып, одан соң / Аллаһ жолында! күрескен және сабыр еткендерге - содан / бүліктен / кейін де өте Кешірімді, ерекше Мейірімді
Аударма: ҚМДБ
16:111
۞يَوۡمَ تَأۡتِي كُلُّ نَفۡسٖ تُجَٰدِلُ عَن نَّفۡسِهَا وَتُوَفَّىٰ كُلُّ نَفۡسٖ مَّا عَمِلَتۡ وَهُمۡ لَا يُظۡلَمُونَ
Қиямет күні әркім өзін құтқаруға тырысады. Сондай-ақ әркімге істегенінің бодауы беріледі
Аударма: Халифа Алтай
Ол / қайта тірілу / күні әрбір жан өзі үшін дауласады және әркімге істегені толық беріліп, оларға әділетсіздік жасалмайды
Аударма: ҚМДБ
16:112
وَضَرَبَ ٱللَّهُ مَثَلٗا قَرۡيَةٗ كَانَتۡ ءَامِنَةٗ مُّطۡمَئِنَّةٗ يَأۡتِيهَا رِزۡقُهَا رَغَدٗا مِّن كُلِّ مَكَانٖ فَكَفَرَتۡ بِأَنۡعُمِ ٱللَّهِ فَأَذَٰقَهَا ٱللَّهُ لِبَاسَ ٱلۡجُوعِ وَٱلۡخَوۡفِ بِمَا كَانُواْ يَصۡنَعُونَ
Алла сендерге бейбітшіліктегі жайбарақат бір кентті мысал берді: Оған әр тараптан мол ризық келуші еді. Ақырында, Алланың нығыметіне қарсы келді. Сондықтан Алла оларға қылықтарының салдарынан ашаршылық және хауіп-қатердің тонын кидіріп жапа тарттырды. (Бұл Мекке кенті. Б.Ж.М.К.Р.Х.Т.Ж-Қ)
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ бір кентті мысалға келтірді. Ол тыныш, жайбарақат жатқан ел еді. Оған ризығы барлық жақтан, молынан келетін. Алайда, олар Аллаһтың игіліктеріне күпірлік етті / Раббысының бергендерін мойындамады / . Сондықтан Аллаһ оларға жасаған істері үшін аштық пен қорқыныштың дәмін таттырды
Аударма: ҚМДБ
16:113
وَلَقَدۡ جَآءَهُمۡ رَسُولٞ مِّنۡهُمۡ فَكَذَّبُوهُ فَأَخَذَهُمُ ٱلۡعَذَابُ وَهُمۡ ظَٰلِمُونَ
Расында оларға өздерінен пайғамбар келді де олар оны жасынға шығарды. Сондықтан ол залымдарды азап қолға алды
Аударма: Халифа Алтай
Анығында, оларға өз іштерінен Елші келген еді. Алайда олар оны өтірікшіге шығарды. Сонда оларға азап тиді әрі олар / өздері-өздеріне / әділетсіздік етті
Аударма: ҚМДБ
16:114
فَكُلُواْ مِمَّا رَزَقَكُمُ ٱللَّهُ حَلَٰلٗا طَيِّبٗا وَٱشۡكُرُواْ نِعۡمَتَ ٱللَّهِ إِن كُنتُمۡ إِيَّاهُ تَعۡبُدُونَ
Ал, енді Алланың сендерге берген ризығының халал,тазасынан жеңдер. Сондай-ақ егер Оған ғана құлшылық қылатын болсаңдар, Алланың нығметіне шүкіршілік қылыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһқа құлшылық ететін болсаңдар, Аллаһ сендерге ризық етіп берген халал / рұқсат етілген / , жақсы нәрселерден жендер әрі шүкір етіңдер / Оның игіліктеріне алғыс білдіріңдер
Аударма: ҚМДБ
16:115
إِنَّمَا حَرَّمَ عَلَيۡكُمُ ٱلۡمَيۡتَةَ وَٱلدَّمَ وَلَحۡمَ ٱلۡخِنزِيرِ وَمَآ أُهِلَّ لِغَيۡرِ ٱللَّهِ بِهِۦۖ فَمَنِ ٱضۡطُرَّ غَيۡرَ بَاغٖ وَلَا عَادٖ فَإِنَّ ٱللَّهَ غَفُورٞ رَّحِيمٞ
Шын мәнінде сендерге жемтік, қан, доңыз еті және Алладан басқаның атын алып бауыздалғанды арам етті. Сонда біреу зорланса, бас тартпаса, шектен шықпаса, күдіксіз Алла, аса жарылқаушы, ерекше мейірімді. (С.173-А)
Аударма: Халифа Алтай
Анығында, Ол сендерге өлексені, қанды, доңыз етін және Аллаһтан өзгеге арналып бауыздалғанды тыйым салды. Алайда кім қаламаса да жеуге мәжбүр болып, шектен шықпаса, онда Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді
Аударма: ҚМДБ
16:116
وَلَا تَقُولُواْ لِمَا تَصِفُ أَلۡسِنَتُكُمُ ٱلۡكَذِبَ هَٰذَا حَلَٰلٞ وَهَٰذَا حَرَامٞ لِّتَفۡتَرُواْ عَلَى ٱللَّهِ ٱلۡكَذِبَۚ إِنَّ ٱلَّذِينَ يَفۡتَرُونَ عَلَى ٱللَّهِ ٱلۡكَذِبَ لَا يُفۡلِحُونَ
Тілдеріңнің “бұл арам,бұл халал” деп өтірік сипаттағанын айтпаңдар Аллаға өтірік жала жапсырған боласыңдар. Шынында Аллаға өтірік, жала жапсырғандар, құтылмайды
Аударма: Халифа Алтай
Тілдеріңнің «бұл халал / рұқсат етілген / , бұл - харам / тыйым салынған / » -деп, өтірік сипаттағанын айтпаңдар. Онда Аллаһқа жала жапқан боласыңдар. Ақиқатында, Аллаһқа қатысты өтірікті құрастыратындар / жала жабатындар / мұратына жетпейді
Аударма: ҚМДБ
16:117
مَتَٰعٞ قَلِيلٞ وَلَهُمۡ عَذَابٌ أَلِيمٞ
Дүние аз бір күн көрініс. Олар үшін күйзелтуші азап бар
Аударма: Халифа Алтай
Оларға дүниеде / аз ғана уақытша пайдалану бар. Әрі / ақиретте / оларға күйзелтуші азап болады
Аударма: ҚМДБ
16:118
وَعَلَى ٱلَّذِينَ هَادُواْ حَرَّمۡنَا مَا قَصَصۡنَا عَلَيۡكَ مِن قَبۡلُۖ وَمَا ظَلَمۡنَٰهُمۡ وَلَٰكِن كَانُوٓاْ أَنفُسَهُمۡ يَظۡلِمُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.) Яћудилерге арам етілген нәрселерді бұрын саған баян қылған едік. (С. 146-А.) Біз оларға әділетсіздік істемедік. Олар өздеріне зұлымдық қылды
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Ал, иудейлерге, Біз саған бұрын баян еткен нәрселерімізді ғана тыйым салдық. Біз оларға әділетсіздік етпедік, бірақ олар өздеріне-өздері әділетсіздік жасады
Аударма: ҚМДБ
16:119
ثُمَّ إِنَّ رَبَّكَ لِلَّذِينَ عَمِلُواْ ٱلسُّوٓءَ بِجَهَٰلَةٖ ثُمَّ تَابُواْ مِنۢ بَعۡدِ ذَٰلِكَ وَأَصۡلَحُوٓاْ إِنَّ رَبَّكَ مِنۢ بَعۡدِهَا لَغَفُورٞ رَّحِيمٌ
(Мұхаммед Ғ.С.) сонсоң расында Раббың, білмей жамандық істеп, істерін түзелткендер жағында. Рас Раббың бұдан кейін де әлбетте жарылқаушы, ерекше мейірімді
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, / ғапылдықпен / білмей жамандық істеп қойып, артынан істеген күнәсіне шынайы өкініп, Раббысына бойсұнуға қайтатын / тәубеге келетін / және түзеткендерге Раббың содан кейін де өте Кешірімді, ерекше Мейірімді
Аударма: ҚМДБ
16:120
إِنَّ إِبۡرَٰهِيمَ كَانَ أُمَّةٗ قَانِتٗا لِّلَّهِ حَنِيفٗا وَلَمۡ يَكُ مِنَ ٱلۡمُشۡرِكِينَ
Шынында Ыбырайым (Ғ.С.) нағыз Аллаға бойсұнушы, хаққа бейім бір басшы еді
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, Ибраһим / үлгі тұтатын / жетекші, Аллаһқа беріле бойсұнушы, ханиф еді. Әрі ол серік қосушылардан / Аллаһпен қатар өзгелерге табынушы / болмады
Аударма: ҚМДБ
16:121
شَاكِرٗا لِّأَنۡعُمِهِۚ ٱجۡتَبَىٰهُ وَهَدَىٰهُ إِلَىٰ صِرَٰطٖ مُّسۡتَقِيمٖ
Алланың нығметтеріне шүкір етуші еді. Алла, оны таңдап, тура жолға салды
Аударма: Халифа Алтай
Ол / Ибраһим / Оның игіліктеріне шүкір етуші / Раббысының бергендеріне алғыс білдіруші / еді. Ол / Аллаһ / оны таңдады әрі тура жолмен жүргізді
Аударма: ҚМДБ
16:122
وَءَاتَيۡنَٰهُ فِي ٱلدُّنۡيَا حَسَنَةٗۖ وَإِنَّهُۥ فِي ٱلۡأٓخِرَةِ لَمِنَ ٱلصَّـٰلِحِينَ
Оған дүниеде жақсылық бердік. Сондай-ақ ол, ахиретте де әлбетте игілерден болады
Аударма: Халифа Алтай
Біз оған осы өмірде жақсылық бердік. Әрі әлбетте, соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / ол ізгілерден болады
Аударма: ҚМДБ
16:123
ثُمَّ أَوۡحَيۡنَآ إِلَيۡكَ أَنِ ٱتَّبِعۡ مِلَّةَ إِبۡرَٰهِيمَ حَنِيفٗاۖ وَمَا كَانَ مِنَ ٱلۡمُشۡرِكِينَ
(Мұхаммед Ғ.С.) Сонан соң саған, хаққа бейім Ыбырайым (Ғ.С.) ның жолын қуыңды уақи еттік. Ол шерік қатушылардан болған емес
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Кейін саған: «Ханиф (Аллаһты бірлеп, тура жолдан таймай, жалғыз Оған құлшылық етуші) болған әрі серік қосушылардан болмаған / Аллаһпен қатар өзгелерге табынбаған / Ибраһимнің дініне ер», -деп уахи еттік
Аударма: ҚМДБ
16:124
إِنَّمَا جُعِلَ ٱلسَّبۡتُ عَلَى ٱلَّذِينَ ٱخۡتَلَفُواْ فِيهِۚ وَإِنَّ رَبَّكَ لَيَحۡكُمُ بَيۡنَهُمۡ يَوۡمَ ٱلۡقِيَٰمَةِ فِيمَا كَانُواْ فِيهِ يَخۡتَلِفُونَ
Шын мәнінде сенбі; ол жайында таласқандарға (мереке) күні қылынды. (Мұхаммед Ғ.С.) рас Раббың, қиямет күні, олардың араларындағы таластарға үкім береді. (С.163-А)
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, «сенбі күн» - ол тек оған қатысты қайшылыққа түсушілерге арналды. Ал, Қайта тірілу күні Раббың олардың қайшылыққа түскен нәрселеріне қатысты үкім береді
Аударма: ҚМДБ
16:125
ٱدۡعُ إِلَىٰ سَبِيلِ رَبِّكَ بِٱلۡحِكۡمَةِ وَٱلۡمَوۡعِظَةِ ٱلۡحَسَنَةِۖ وَجَٰدِلۡهُم بِٱلَّتِي هِيَ أَحۡسَنُۚ إِنَّ رَبَّكَ هُوَ أَعۡلَمُ بِمَن ضَلَّ عَن سَبِيلِهِۦ وَهُوَ أَعۡلَمُ بِٱلۡمُهۡتَدِينَ
Адамдарды Рабыңның жолында даналық және көркем үгіт арқылы шақыр. Әрі олармен көркем түрде күрес. Күдіксіз, Раббың Ол, тура жол тапқандарды да жақсы біледі
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Раббыңның жолына даналықпен және көркем үгіт арқылы шақыр әрі олармен ең жақсы нәрселер арқылы пікір бөліс. Ақиқатында, Раббың Өз жолынан адасқанды жақсы біледі және Ол тура жолдағыларды да жақсы біледі
Аударма: ҚМДБ
16:126
وَإِنۡ عَاقَبۡتُمۡ فَعَاقِبُواْ بِمِثۡلِ مَا عُوقِبۡتُم بِهِۦۖ وَلَئِن صَبَرۡتُمۡ لَهُوَ خَيۡرٞ لِّلصَّـٰبِرِينَ
Егер дұшпанға жаза берсеңдер, өздеріңе істелген тәрізді ғана істеңдер. Егер сабыр қылсаңдар, әрине Ол, сабырлылар үшін хайырлы болады
Аударма: Халифа Алтай
Сондай-ақ, егер / өздеріңе зиян келтіргенді / жазалайтын болсаңдар, өздеріңе зиян тигізгендей ғана жазалаңдар. Ал, егер сабырлық танытсаңдар, сабыр етушілер үшін бұл қайырлы
Аударма: ҚМДБ
16:127
وَٱصۡبِرۡ وَمَا صَبۡرُكَ إِلَّا بِٱللَّهِۚ وَلَا تَحۡزَنۡ عَلَيۡهِمۡ وَلَا تَكُ فِي ضَيۡقٖ مِّمَّا يَمۡكُرُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.) сабыр ет! Сабыр етуің Алланың ғана мәрхаметі. Оларға кейіме де олардың істеген мекерлеріне тарылма
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммеді / Сабыр ет! Сенің сабыр етуің Аллаһ арқылы / Оның көмегімен / ғана. Оларға бола қайғырма және олардың жасаған қулық-сұмдықтарына қысылма
Аударма: ҚМДБ
16:128
إِنَّ ٱللَّهَ مَعَ ٱلَّذِينَ ٱتَّقَواْ وَّٱلَّذِينَ هُم مُّحۡسِنُونَ
Шынында Алла, тақуалармен сондай-ақ жақсылық істеушілермен бірге
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, Аллаһ тақуалармен / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушылармен / және жақсылықты ықыласпен істеушілермен бірге
Аударма: ҚМДБ
← Аль-ХиджрБарлық сүрелерАль-Исра →

Ан-Нахль сүресі туралы

Ан-Нахль (النحل) — Құранның 16-сүресі, 128 аят, меккелік сүре, 14-жүз, мысхафтың 267-бетінен басталады. Бетте: Осман қарпіндегі араб мәтіні және Халифа Алтайдың қазақша мағыналық аудармасы мен ҚМДБ аудармасы. Аудио, транскрипция, тәпсір және 67 тілдегі аударма — толық нұсқада.

Барлық 114 сүре · Намаз уақыты · Іздеу