Аль-Исра

الإسراء · 111 аят · меккелік
Орысша нұсқасыЖаттауМысхаф 282-бет
← Ан-НахльБарлық сүрелерАль-Кахф →
17:1
سُبۡحَٰنَ ٱلَّذِيٓ أَسۡرَىٰ بِعَبۡدِهِۦ لَيۡلٗا مِّنَ ٱلۡمَسۡجِدِ ٱلۡحَرَامِ إِلَى ٱلۡمَسۡجِدِ ٱلۡأَقۡصَا ٱلَّذِي بَٰرَكۡنَا حَوۡلَهُۥ لِنُرِيَهُۥ مِنۡ ءَايَٰتِنَآۚ إِنَّهُۥ هُوَ ٱلسَّمِيعُ ٱلۡبَصِيرُ
Құлын (Мұхаммед Ғ.С. ды) бір түні өзіне белгілерімізді көрсету үшін Месжід Ақсаға апарған Алла,әр түрлі кемшіліктен пәк. Шәксіз Ол, естуші, білуші. (Мұхаммед Ғ.С. бір түні Жебірейіл Ғ.С. арқылы Бұраққа мінгізіліп, Месжід Харамнан Месжід Ақсаға апарылып, ол арадан да көкке шығарылып, бір демде адам баласының өлшеулі сезімінен тыс дәрежеге ие болып қайтқан “Миғраж” уақиғасы. С. 1-18-А)
Аударма: Халифа Алтай
Құлын бір түнде әл-Харам мешітінен белгілеріміздің кейбірін көрсетуіміз үшін, Біз төңірегін берекелі еткен әл-Ақса мешітіне алып барған Ол / барлық кемшіліктен / пәк. Күмәнсіз, Ол бәрін Естуші, әрбір нәрсені
Аударма: ҚМДБ
17:2
وَءَاتَيۡنَا مُوسَى ٱلۡكِتَٰبَ وَجَعَلۡنَٰهُ هُدٗى لِّبَنِيٓ إِسۡرَـٰٓءِيلَ أَلَّا تَتَّخِذُواْ مِن دُونِي وَكِيلٗا
(Мұса )Ғ.С. ға Кітап бердік те оны Исраил ұрпақтарына: “Менен өзгені ие тұтпаңдар!”,-деп жолбасшы қылдық
Аударма: Халифа Алтай
Біз Мұсаға Кітапты бердік әрі оны / Кітапты / Исраил ұрпақтарына / тура жолды ұстануға / басшылық етіп: «Сендер Менен басқаны өздеріңді сеніп тапсыратын Ие / Уакил / етіп алмаңдар!» - дедік
Аударма: ҚМДБ
17:3
ذُرِّيَّةَ مَنۡ حَمَلۡنَا مَعَ نُوحٍۚ إِنَّهُۥ كَانَ عَبۡدٗا شَكُورٗا
Әй Нұх (Ғ.С.) пен бірге (кемеге) түсіргендеріміздің ұрпақтары! Күдіксіз ол, шүкір етуші бір құл еді
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Нұхпен бірге / кемеде / алып жүргендеріміздің ұрпағы! Негізінде, ол / Нұх / шүкір етуші / Раббысының берген игіліктеріне алғыс білдіруші / құл еді
Аударма: ҚМДБ
17:4
وَقَضَيۡنَآ إِلَىٰ بَنِيٓ إِسۡرَـٰٓءِيلَ فِي ٱلۡكِتَٰبِ لَتُفۡسِدُنَّ فِي ٱلۡأَرۡضِ مَرَّتَيۡنِ وَلَتَعۡلُنَّ عُلُوّٗا كَبِيرٗا
Кітапта Исраил ұлдарына: “Әрине жер жүзінде екі реет бұзғыншылық қылып, өте тәкаппарланасыңдар” деп ескерттік
Аударма: Халифа Алтай
Біз Исраил ұрпақтарына Кітапта: «Сен­дер бұл жерде екі рет бұзғыншылық істейсіңдер және тым өрескел астамшылық етесіңдер», -деп алдын ала жаздық / белгіледік
Аударма: ҚМДБ
17:5
فَإِذَا جَآءَ وَعۡدُ أُولَىٰهُمَا بَعَثۡنَا عَلَيۡكُمۡ عِبَادٗا لَّنَآ أُوْلِي بَأۡسٖ شَدِيدٖ فَجَاسُواْ خِلَٰلَ ٱلدِّيَارِۚ وَكَانَ وَعۡدٗا مَّفۡعُولٗا
Екі уәденің алғашқысы келген кезде, оларға, қатты жауынгер құлдарымды жібердік те олар үйлердің араларына дейін кірді. Бұл орындалатын уәде еді
Аударма: Халифа Алтай
Бұл екеуінің алғашқысының уәдесі келген кезде Біз сендерге қарсы өте қуатты құлдарымызды жібердік те олар үйлердің арасын шарлады. Сөйтіп ол орындалған бір уәде болды
Аударма: ҚМДБ
17:6
ثُمَّ رَدَدۡنَا لَكُمُ ٱلۡكَرَّةَ عَلَيۡهِمۡ وَأَمۡدَدۡنَٰكُم بِأَمۡوَٰلٖ وَبَنِينَ وَجَعَلۡنَٰكُمۡ أَكۡثَرَ نَفِيرًا
Сонсоң сендерді оларға үстем қылдық. Әрі сендерді малдар, балалар арқылы қуаттап, сан жағынан да молайттық. (Олардың бірінші астамшылығы; Тәуратқа қарсы келу, Шағяны өлтіру. Екіншісі: Зәкерия, Яхияны өлтіру және Ғисаға қастандық. Жеңілістері: Санжарып, Бахтынасар, Жалұт дәуірлері. Жақсарған дәуірлері; Данял, Дәуіт дәуірлері. Б.Ж.М.К.Р.Х.Т.Ж-Қ)
Аударма: Халифа Алтай
Содан кейін сендер үшін оларға қарсы қайта жеңіс беріп әрі сендерді байлық және ұлдармен қолдап, жасақтарыңды көбейттік
Аударма: ҚМДБ
17:7
إِنۡ أَحۡسَنتُمۡ أَحۡسَنتُمۡ لِأَنفُسِكُمۡۖ وَإِنۡ أَسَأۡتُمۡ فَلَهَاۚ فَإِذَا جَآءَ وَعۡدُ ٱلۡأٓخِرَةِ لِيَسُـُٔواْ وُجُوهَكُمۡ وَلِيَدۡخُلُواْ ٱلۡمَسۡجِدَ كَمَا دَخَلُوهُ أَوَّلَ مَرَّةٖ وَلِيُتَبِّرُواْ مَا عَلَوۡاْ تَتۡبِيرًا
Егер игілік істесеңдер, өздерің үшін; Жамандық істесеңдер тағы өздеріңе тән. Екінші уәделі мезгіл келген кезде ; беттеріңді бұзып, қынжылту үшін және алғашқы кіргендеріндей Месжід Ақсаға кіріп, тас талқан қылулары үшін (жібердік)
Аударма: Халифа Алтай
Жақсылық жасасаңдар, өздерің үшін жасадыңдар. Ал жамандық жасасандар, ол да өздеріңе. Соңғы уәде келген кезде, жүздеріңе қайғы орнату үшін / жауларың / мешітке алдын кіргендей кіреді де, өздері басып алғанды қиратады
Аударма: ҚМДБ
17:8
عَسَىٰ رَبُّكُمۡ أَن يَرۡحَمَكُمۡۚ وَإِنۡ عُدتُّمۡ عُدۡنَاۚ وَجَعَلۡنَا جَهَنَّمَ لِلۡكَٰفِرِينَ حَصِيرًا
Мүмкін Раббыларың мәрхамет етер. Егер қайталасаңдар, Біз де қайта жазалаймыз. Сондай-ақ жаћаннамды кәпірлерге зіндан қылдық
Аударма: Халифа Алтай
Сендерге Раббыңыз рақым етер. Ал, егер қайталасаңдар, Біз де қайталаймыз. Біз Жаһаннамды кәпірлерге қамалатын орын етеміз
Аударма: ҚМДБ
17:9
إِنَّ هَٰذَا ٱلۡقُرۡءَانَ يَهۡدِي لِلَّتِي هِيَ أَقۡوَمُ وَيُبَشِّرُ ٱلۡمُؤۡمِنِينَ ٱلَّذِينَ يَعۡمَلُونَ ٱلصَّـٰلِحَٰتِ أَنَّ لَهُمۡ أَجۡرٗا كَبِيرٗا
Негізінде осы Құран ең тура жолға салады. Әрі дұрыс іс істеген мүміндер үшін әрине зор сыйлық бар екендігін шүйіншілейді
Аударма: Халифа Алтай
Анығында, бұл Құран ең тура / дұрыс / болғанға бастайды әрі ізгі амал істейтін имандыларға - оларға үлкен сый болатыны жайлы қуанышты хабар жеткізеді
Аударма: ҚМДБ
17:10
وَأَنَّ ٱلَّذِينَ لَا يُؤۡمِنُونَ بِٱلۡأٓخِرَةِ أَعۡتَدۡنَا لَهُمۡ عَذَابًا أَلِيمٗا
Рас ахиретке сенбегендер үшін күйзелтуші азап әзірледік
Аударма: Халифа Алтай
Әрі соңғы мәңгілік өмірге / ақиретке / сенбейтіндер үшін қинаушы азап әзірледік
Аударма: ҚМДБ
17:11
وَيَدۡعُ ٱلۡإِنسَٰنُ بِٱلشَّرِّ دُعَآءَهُۥ بِٱلۡخَيۡرِۖ وَكَانَ ٱلۡإِنسَٰنُ عَجُولٗا
Адам баласы жамандықты жақсылық тілегендей тілейді. Негізінен адам баласы тым шыдамсыз
Аударма: Халифа Алтай
Ал, адам жамандықты жақсылықты тілейтіндей тілейді. Әрі адам баласы асыққыш
Аударма: ҚМДБ
17:12
وَجَعَلۡنَا ٱلَّيۡلَ وَٱلنَّهَارَ ءَايَتَيۡنِۖ فَمَحَوۡنَآ ءَايَةَ ٱلَّيۡلِ وَجَعَلۡنَآ ءَايَةَ ٱلنَّهَارِ مُبۡصِرَةٗ لِّتَبۡتَغُواْ فَضۡلٗا مِّن رَّبِّكُمۡ وَلِتَعۡلَمُواْ عَدَدَ ٱلسِّنِينَ وَٱلۡحِسَابَۚ وَكُلَّ شَيۡءٖ فَصَّلۡنَٰهُ تَفۡصِيلٗا
Күн мен түнді екі белгі жасадық. Сонда түн белгісін кетіріп, күндізді; Раббыларыңның кеңшілігінен несібе іздеулерің және жылдардың санын; заманның есебін білулерің үшін жарық қылдық. Сондай-ақ әр нәрсені ашық баян еттік
Аударма: Халифа Алтай
Әрі түн мен күндізді екі белгі еттік. Өздеріңнің Раббыңның кеңшілігін іздеулерің және жылдардың саны мен есепті білулерің үшін Біз түннің белгісін кетіріп, күндіздің белгісін жарық етеміз. Әрі Біз барлық нәрсені анықтап түсіндірдік
Аударма: ҚМДБ
17:13
وَكُلَّ إِنسَٰنٍ أَلۡزَمۡنَٰهُ طَـٰٓئِرَهُۥ فِي عُنُقِهِۦۖ وَنُخۡرِجُ لَهُۥ يَوۡمَ ٱلۡقِيَٰمَةِ كِتَٰبٗا يَلۡقَىٰهُ مَنشُورًا
Әр адамның қылығын мойнына қоямыз. Сондай-ақ қиямет күні оның кітабын шығарамыз. Оған ашылған түрде кездеседі
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Біз әрбір адамның мойнына оның амалдарын ажырамайтындай етіп бекіттік және Қайта тірілу күні оған бір кітап шығарамыз, ол оны ашылған түрде көреді
Аударма: ҚМДБ
17:14
ٱقۡرَأۡ كِتَٰبَكَ كَفَىٰ بِنَفۡسِكَ ٱلۡيَوۡمَ عَلَيۡكَ حَسِيبٗا
“Кітабыңды оқы. Бүгін есеп беру тұрғысынан өз-өзіңе жетесің” (делінді)
Аударма: Халифа Алтай
Оған / : «Өз кітабыңды оқы, бүгін сен өз есебіңді есептеуде жеткіліктісің»,-делінеді
Аударма: ҚМДБ
17:15
مَّنِ ٱهۡتَدَىٰ فَإِنَّمَا يَهۡتَدِي لِنَفۡسِهِۦۖ وَمَن ضَلَّ فَإِنَّمَا يَضِلُّ عَلَيۡهَاۚ وَلَا تَزِرُ وَازِرَةٞ وِزۡرَ أُخۡرَىٰۗ وَمَا كُنَّا مُعَذِّبِينَ حَتَّىٰ نَبۡعَثَ رَسُولٗا
Кім тура жолда жүрсе, шын мәнінде өзі үшін тура жолда жүреді. Ал кім адасса, сонда ол өз зиянына ғана адасады. Ешкім басқаның күнәсін көтермейді. Біз бір пайғамбар жібермейінше ешкімге азап қылмаймыз
Аударма: Халифа Алтай
Кім тура жолмен жүрсе, тек өзі үшін / өз пайдасына / жүреді. Ал, кім адасса, өз зиянына адасады. Ешбір жан басқа біреудің жүгін / күнәсін / көтермейді. Әрі Елші жібермей тұрып, Біз ешкімді де азаптаушы емеспіз
Аударма: ҚМДБ
17:16
وَإِذَآ أَرَدۡنَآ أَن نُّهۡلِكَ قَرۡيَةً أَمَرۡنَا مُتۡرَفِيهَا فَفَسَقُواْ فِيهَا فَحَقَّ عَلَيۡهَا ٱلۡقَوۡلُ فَدَمَّرۡنَٰهَا تَدۡمِيرٗا
Қашан бір өлкені жоқ еткіміз келсе, олардың дәулет мастарына әмір етеміз. Сонда олар оған қарсы келеді. Сондықтан оларға деген сөз (үкім) шындыққа айналады. Сөйтіп оларды негізінен жоқ етеміз
Аударма: Халифа Алтай
Ал, бір елді мекенді / күнәлары үшін / жоюды қаласақ, ондағы сән-салтанатта, рахатта шалқып / дәулетте мастанып / жүргендерін көбейтеміз, сонда олар бұзық істер таратып, оларға қатысты / жазылған / сөз жүзеге асады. Сөйтіп оны / күнәғабатқан елді мекенді / біржола күйретеміз
Аударма: ҚМДБ
17:17
وَكَمۡ أَهۡلَكۡنَا مِنَ ٱلۡقُرُونِ مِنۢ بَعۡدِ نُوحٖۗ وَكَفَىٰ بِرَبِّكَ بِذُنُوبِ عِبَادِهِۦ خَبِيرَۢا بَصِيرٗا
Нұх (Ғ.С.) тан соң ғасырлар бойы қаншалағанды жоқ еттік. (Мұхаммед Ғ.С. ) Раббың құлдарының қылмыстарын білу, көруде жетіп асады
Аударма: Халифа Алтай
Біз Нұхтан кейін де қаншама халықтарды жойдық. / Ей, Мұхаммед! / Раббың, құлдарының күнәларынан Хабардар болуда, оны көруде жеткілікті
Аударма: ҚМДБ
17:18
مَّن كَانَ يُرِيدُ ٱلۡعَاجِلَةَ عَجَّلۡنَا لَهُۥ فِيهَا مَا نَشَآءُ لِمَن نُّرِيدُ ثُمَّ جَعَلۡنَا لَهُۥ جَهَنَّمَ يَصۡلَىٰهَا مَذۡمُومٗا مَّدۡحُورٗا
Кім дүниені қаласа, Біз де қалаған кісімізге дүниеде қалағанымызды береміз Сонсоң оны жаћаннамға саламыз. Ол, оған қорланып, мәрхаметке зақ болған түрде кіреді
Аударма: Халифа Алтай
Кім тез өте шығатынды / осы өмірді / қаласа, Біз Өзіміз бергіміз келгенге қалаған нәрсемізді осы өмірде жедел береміз. Кейін Біз оған Жаһаннамды әзірледік. Ол оған айыпталған, / Аллаһтың мейірімінен / алыстатылған түрде түседі
Аударма: ҚМДБ
17:19
وَمَنۡ أَرَادَ ٱلۡأٓخِرَةَ وَسَعَىٰ لَهَا سَعۡيَهَا وَهُوَ مُؤۡمِنٞ فَأُوْلَـٰٓئِكَ كَانَ سَعۡيُهُم مَّشۡكُورٗا
Ал кім мүмін болған түрде, ахиретті қалап, сол үшін тырысса, міне солардың тырысулары шүкірге (қабылдануға) лайық
Аударма: Халифа Алтай
Ал, кім соңғы мәңгілік өмірді / ақиретті / қаласа және иманды болған күйде оған лайықты түрде ұмтылса, міне, солардың талпынысы / Аллаһтың алдында / алғысқа бөленеді
Аударма: ҚМДБ
17:20
كُلّٗا نُّمِدُّ هَـٰٓؤُلَآءِ وَهَـٰٓؤُلَآءِ مِنۡ عَطَآءِ رَبِّكَۚ وَمَا كَانَ عَطَآءُ رَبِّكَ مَحۡظُورًا
(Мұхаммед Ғ.С.) дүние тілеген бұларға да ахирет тілеген оларға да Раббыңның мәрхаметінен береміз. Негізінен Раббыңның берері тыйылмайды
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Біз Раббыңның сыйынан барлығына - аналарға да / осы өмірді көксегендерге / , мыналарға да / мәңгілік өмірді қалағандарға / береміз. Әрі Раббыңның сыйына шектеу қойылмайды
Аударма: ҚМДБ
17:21
ٱنظُرۡ كَيۡفَ فَضَّلۡنَا بَعۡضَهُمۡ عَلَىٰ بَعۡضٖۚ وَلَلۡأٓخِرَةُ أَكۡبَرُ دَرَجَٰتٖ وَأَكۡبَرُ تَفۡضِيلٗا
Олардың кейбіоеулерін, кейбіреулерінен қалайша үстем қылғанымызға қара! Әрине ақирет, дәрежелер тұрғысынан тағы ірі, артықшылық жағынан да тағы зор
Аударма: Халифа Алтай
Біз оларды / бұл дүниеде / бір-бірінен қалай артық еткенімізді қара. Ал, соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / , күдіксіз, дәрежелер тұрғысынан да өте үлкен әрі артықшылықта да ең үлкен
Аударма: ҚМДБ
17:22
لَّا تَجۡعَلۡ مَعَ ٱللَّهِ إِلَٰهًا ءَاخَرَ فَتَقۡعُدَ مَذۡمُومٗا مَّخۡذُولٗا
Алламен бірге басқа тәңір жасама ! Онда қорланған түрде отырып қаласың
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһпен бірге басқаны құдай етіп алма. Онда айыпталып, көмексіз қалдырылған боласың
Аударма: ҚМДБ
17:23
۞وَقَضَىٰ رَبُّكَ أَلَّا تَعۡبُدُوٓاْ إِلَّآ إِيَّاهُ وَبِٱلۡوَٰلِدَيۡنِ إِحۡسَٰنًاۚ إِمَّا يَبۡلُغَنَّ عِندَكَ ٱلۡكِبَرَ أَحَدُهُمَآ أَوۡ كِلَاهُمَا فَلَا تَقُل لَّهُمَآ أُفّٖ وَلَا تَنۡهَرۡهُمَا وَقُل لَّهُمَا قَوۡلٗا كَرِيمٗا
Раббың, өзіне ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешеге жақсылық қылуларыңды әмір етті. Ал егер ол екеуінің бірі немесе екеуі де жандарыңда кәрілікке жетсе: “Тұћ” деме. (Кейіс білдірме.) Сондай-ақ ол екеуін зекіме де, ол екеуіне сыпайы сөз сөйле
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Раббың Өзінен басқа ешкімге құлшылық етпеулеріңді және ата-анаға жақсылықты ықыласпен жасауларыңды бұйырды. Егер сенің қасында олардың біреуіне не екеуіне де кәрілік жетсе, оларға «уһ», - деме / көңіл толмаушылық білдірме / , әрі оларға зекіме және оларға жылы сөз сөйле
Аударма: ҚМДБ
17:24
وَٱخۡفِضۡ لَهُمَا جَنَاحَ ٱلذُّلِّ مِنَ ٱلرَّحۡمَةِ وَقُل رَّبِّ ٱرۡحَمۡهُمَا كَمَا رَبَّيَانِي صَغِيرٗا
Ол екеуіне кішірейіп мәрхамет құшағын жай да: “Раббым! Ол екеуі мені кішкентайда тәрбиелегендей Сен де оларды мәрхаметіңе бөлей көр!”,-де
Аударма: Халифа Алтай
Әрі оларға, мейіріммен кішірейе қанатыңды иіп: «Раббым! Мені' кішкентайдан бағып, тәрбиелеп өсіргендеріндей оларға мейірім ет», - де
Аударма: ҚМДБ
17:25
رَّبُّكُمۡ أَعۡلَمُ بِمَا فِي نُفُوسِكُمۡۚ إِن تَكُونُواْ صَٰلِحِينَ فَإِنَّهُۥ كَانَ لِلۡأَوَّـٰبِينَ غَفُورٗا
Раббыларың іштеріңдегі нәрселерді жақсы біледі. Егер игілерден болсаңдар, негізінде Алла, бойсұнушыларды жарылқайды
Аударма: Халифа Алтай
Сендердің Раббың жан-дүниелеріңдегіні жақсы біледі. Егер түзу болатын болсаңдар, күмәнсіз, Ол - күнәсынан қайтатындарға өте Кешірімді
Аударма: ҚМДБ
17:26
وَءَاتِ ذَا ٱلۡقُرۡبَىٰ حَقَّهُۥ وَٱلۡمِسۡكِينَ وَٱبۡنَ ٱلسَّبِيلِ وَلَا تُبَذِّرۡ تَبۡذِيرًا
Туысы жақындарға, міскіндерге, жолда қалғандарға міндетті түрде қарайласыңдар. Және мүлде ысырап қылмаңдар
Аударма: Халифа Алтай
Сондай-ақ жақындарға, кедейлерге және / жолда қалған / жолаушыға хақысын бер, бірақ тым шашылма
Аударма: ҚМДБ
17:27
إِنَّ ٱلۡمُبَذِّرِينَ كَانُوٓاْ إِخۡوَٰنَ ٱلشَّيَٰطِينِۖ وَكَانَ ٱلشَّيۡطَٰنُ لِرَبِّهِۦ كَفُورٗا
Шынында ысырапқорлар шайтанның туысы. Ал шайтан, Раббыңа өте қарсы
Аударма: Халифа Алтай
негізінде, ысырапшылар - шайтанның ағайындары. Ал, шайтан Раббысының игіліктерін мүлдем мойындамайды
Аударма: ҚМДБ
17:28
وَإِمَّا تُعۡرِضَنَّ عَنۡهُمُ ٱبۡتِغَآءَ رَحۡمَةٖ مِّن رَّبِّكَ تَرۡجُوهَا فَقُل لَّهُمۡ قَوۡلٗا مَّيۡسُورٗا
Рабыңның мәрхаметін іздеп, үміт еткен түрде жалтақтасаң , (қола болғандықтан бере алмасаң ,) онда оларға сыпайы сөйле
Аударма: Халифа Алтай
Ал, егер олардан Раббыңның мейірімін үміт еткен халде бет бұратын болсаң / бір нәрсе бере алмасаң / , оларға жұмсақ сөз сөйле
Аударма: ҚМДБ
17:29
وَلَا تَجۡعَلۡ يَدَكَ مَغۡلُولَةً إِلَىٰ عُنُقِكَ وَلَا تَبۡسُطۡهَا كُلَّ ٱلۡبَسۡطِ فَتَقۡعُدَ مَلُومٗا مَّحۡسُورًا
Қолыңды мүлде мойныңа байлаулы қылма да бүтіндей ашпа. (Өте сараң болма да бір-ақ берме .) Онда сөгіске ұшырап, таршылықта қаласың
Аударма: Халифа Алтай
Әрі қолыңды мойныңа байлаулы етпе және оны барынша жайып та жіберме. Онда жазғырылып, тарыққан хәлде қаласың
Аударма: ҚМДБ
17:30
إِنَّ رَبَّكَ يَبۡسُطُ ٱلرِّزۡقَ لِمَن يَشَآءُ وَيَقۡدِرُۚ إِنَّهُۥ كَانَ بِعِبَادِهِۦ خَبِيرَۢا بَصِيرٗا
Шынында Раббың қалаған кісісіне несібесін кеңітіп, тарылтады. Күдіксіз Ол құлдарынан толық хабар алушы, көруші
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, Раббың ризықты кімге қаласа кеңітеді не шектеп қояды / тарылтады / . Ол - құлдарынан Хабардар және Көріп тұрушы
Аударма: ҚМДБ
17:31
وَلَا تَقۡتُلُوٓاْ أَوۡلَٰدَكُمۡ خَشۡيَةَ إِمۡلَٰقٖۖ نَّحۡنُ نَرۡزُقُهُمۡ وَإِيَّاكُمۡۚ إِنَّ قَتۡلَهُمۡ كَانَ خِطۡـٔٗا كَبِيرٗا
Бір де кедейшіліктен қорқып, баларыңды өлтірмеңдер. Біз оларды да сендерді де көректендіреміз. Расында оларды өлтіру зор қателік. (Жаћилиет дәуірінде, араптар қыз балаларын тірідей көміп тастайтын болған.. С.59-А)
Аударма: Халифа Алтай
Әрі балаларыңды жоқшылықтан қорқып өлтірмеңдер. Оларға да, сендерге де ризықты Біз береміз. Ақиқатында, оларды өлтіру үлкен - күнә
Аударма: ҚМДБ
17:32
وَلَا تَقۡرَبُواْ ٱلزِّنَىٰٓۖ إِنَّهُۥ كَانَ فَٰحِشَةٗ وَسَآءَ سَبِيلٗا
Зинаға жоламаңдар. Өйткені, Ол анық арсыздық және жаман жол. (Зинаға жұуымаңдар: “Соған бейімделетін әр түрлі әрекеттерден аулақ болыңдар!”,- деген маңызда. Б.Ж.М.К.Р.Х.Т.Ж-Қ)
Аударма: Халифа Алтай
Әрі зинаға жақындамаңдар, өйткені ол жиіркенішті іс және жаман жол
Аударма: ҚМДБ
17:33
وَلَا تَقۡتُلُواْ ٱلنَّفۡسَ ٱلَّتِي حَرَّمَ ٱللَّهُ إِلَّا بِٱلۡحَقِّۗ وَمَن قُتِلَ مَظۡلُومٗا فَقَدۡ جَعَلۡنَا لِوَلِيِّهِۦ سُلۡطَٰنٗا فَلَا يُسۡرِف فِّي ٱلۡقَتۡلِۖ إِنَّهُۥ كَانَ مَنصُورٗا
Арам , арам еткен кісіні өлтірмеңдер! Бірақ тиісті болса өлтіріледі. Ал біреу жазықсыз өлтірсе, сонда өліктің иесін ерікті еттік. Өлтіруде шектен аспасын. Өйткені, оған жәрдем етіледі. (Өш әперіледі)
Аударма: Халифа Алтай
Әрі құқықты / заңды / түрде болмаса, Аллаһ / өлтіруге / тыйым салған жанды өлтірмеңдер. Кім әділетсіздікпен өлтірілсе, Біз оның / өлгеннің / ең жақын туысына билік бердік. Бірақ ол өлтіруде / кек алуда / шектен шықпасын. Негізінде, оған жәрдем беріледі
Аударма: ҚМДБ
17:34
وَلَا تَقۡرَبُواْ مَالَ ٱلۡيَتِيمِ إِلَّا بِٱلَّتِي هِيَ أَحۡسَنُ حَتَّىٰ يَبۡلُغَ أَشُدَّهُۥۚ وَأَوۡفُواْ بِٱلۡعَهۡدِۖ إِنَّ ٱلۡعَهۡدَ كَانَ مَسۡـُٔولٗا
Жетімнің малына жоламаңдар. Бірақ ол, ержеткенге дейін жақсылап шығысуға болады. Сертті орындаңдар. Сөз жоқ, уәде сұралады
Аударма: Халифа Алтай
Және жетімнің дүниесіне ең жақсы жолмен болмаса, ол балиғатқа толғанша жоламаңдар. Келісімді орындаңдар. Өйткені уәдесұралады
Аударма: ҚМДБ
17:35
وَأَوۡفُواْ ٱلۡكَيۡلَ إِذَا كِلۡتُمۡ وَزِنُواْ بِٱلۡقِسۡطَاسِ ٱلۡمُسۡتَقِيمِۚ ذَٰلِكَ خَيۡرٞ وَأَحۡسَنُ تَأۡوِيلٗا
Өлшегенде тура өлшеп, тура таразамен тартыңдар! Осы хайырлы нәтиже тұрғысынан да жақсы
Аударма: Халифа Алтай
Сондай-ақ, өлшеген кездеріңде өлшемді толық орындаңдар және тура таразылармен тартыңдар. Бұл қайырлы әрі нәтиже тұрғысында да жақсы
Аударма: ҚМДБ
17:36
وَلَا تَقۡفُ مَا لَيۡسَ لَكَ بِهِۦ عِلۡمٌۚ إِنَّ ٱلسَّمۡعَ وَٱلۡبَصَرَ وَٱلۡفُؤَادَ كُلُّ أُوْلَـٰٓئِكَ كَانَ عَنۡهُ مَسۡـُٔولٗا
Өзің білмеген бір нәрсенің соңына түспе. Расында, құлақ, көз және жүрек олардың барлығы одан сұралады
Аударма: Халифа Алтай
Әрі өзіңде білімі болмаған нәрсеге ерме. Анығында, есту, көру және жүрек - бұлардың әрқайсысысұраққа тартылады
Аударма: ҚМДБ
17:37
وَلَا تَمۡشِ فِي ٱلۡأَرۡضِ مَرَحًاۖ إِنَّكَ لَن تَخۡرِقَ ٱلۡأَرۡضَ وَلَن تَبۡلُغَ ٱلۡجِبَالَ طُولٗا
Жер жүзінде дандайсып жүрме. Өйткені, сен жерді әсте жара алмайсың да бой жағынан да тауларға жете алмайсың
Аударма: Халифа Алтай
Әрі жер бетінде өзіңді жоғары санап, кердеңдеп жүрме, өйткені сен жерді тесіп жібере алмайсың және биіктікте де тауларға жете алмайсың
Аударма: ҚМДБ
17:38
كُلُّ ذَٰلِكَ كَانَ سَيِّئُهُۥ عِندَ رَبِّكَ مَكۡرُوهٗا
Осы барлық жаман нәрселер, Раббыңның қасында жек көрілген
Аударма: Халифа Алтай
Осылардың / қайтарылған амалдардың / барлығы жаман, Раббыңның алдында жеккөрінішті
Аударма: ҚМДБ
17:39
ذَٰلِكَ مِمَّآ أَوۡحَىٰٓ إِلَيۡكَ رَبُّكَ مِنَ ٱلۡحِكۡمَةِۗ وَلَا تَجۡعَلۡ مَعَ ٱللَّهِ إِلَٰهًا ءَاخَرَ فَتُلۡقَىٰ فِي جَهَنَّمَ مَلُومٗا مَّدۡحُورًا
(Мұхаммед Ғ.С.) міне осы, Раббыңның саған уахи еткен хикіметінен; Алла мен бірге басқа тәңір жасама: Сөгіс берілген, мәрхаметтен қуылған түрде тозаққа тасталасың
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Бұл - Раббың саған уахи еткен даналықтан. Аллаһпен қатар басқаны құдай етіп алма, онда жазғырылып,ь / Аллаһтың мейірімінен / алыстатылған түрде Жаһаннамға тасталасың
Аударма: ҚМДБ
17:40
أَفَأَصۡفَىٰكُمۡ رَبُّكُم بِٱلۡبَنِينَ وَٱتَّخَذَ مِنَ ٱلۡمَلَـٰٓئِكَةِ إِنَٰثًاۚ إِنَّكُمۡ لَتَقُولُونَ قَوۡلًا عَظِيمٗا
Раббыларың сендерге ұлдарды арнап, өзіне періштелерден қыз етіп алды ма? Шынында әлбетте ауыр сөз сөйлейсіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Сендердің Раббың ұл балаларды тек сендерге беріп, ал Өзіне періштелерден қыздар алды ма? Негізінде, сендер өте үлкен / ауыр / сөз айтудасыңдар
Аударма: ҚМДБ
17:41
وَلَقَدۡ صَرَّفۡنَا فِي هَٰذَا ٱلۡقُرۡءَانِ لِيَذَّكَّرُواْ وَمَا يَزِيدُهُمۡ إِلَّا نُفُورٗا
Расында бұл Құранды насихат үшін қайта-қайта баян еттік. Дегенмен олардың жиреніштерін ғана арттырды
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, Біз осы Құранда / үкімдер мен насихаттарды / олар еске алулары үшін түсіндірдік. Бірақ бұл олардың безінуін ғана арттырды
Аударма: ҚМДБ
17:42
قُل لَّوۡ كَانَ مَعَهُۥٓ ءَالِهَةٞ كَمَا يَقُولُونَ إِذٗا لَّٱبۡتَغَوۡاْ إِلَىٰ ذِي ٱلۡعَرۡشِ سَبِيلٗا
(Мұхаммед Ғ.С.): “Егер Алла мен бірге олардың айтқандарындай тәңір болса еді, онда әрине ғаршының иесіне бір жол іздер еді. (Не қарсы шығар еді, немесе бой ұсынар еді)
Аударма: Халифа Алтай
Айт: «Егер де олар айтып жүргендей, Онымен / Аллаһпен / бірге басқа құдайлар болғанда, ол құдайлар Аршының иесіне қарай бір жолды / табуды / қалар еді
Аударма: ҚМДБ
17:43
سُبۡحَٰنَهُۥ وَتَعَٰلَىٰ عَمَّا يَقُولُونَ عُلُوّٗا كَبِيرٗا
Алла (Т.) олардың айтқан нәрселерінен пәк, үстем, ірі
Аударма: Халифа Алтай
Ол / Аллаһ / - олардың айтып жатқандарынан пәк әрі өте жоғары
Аударма: ҚМДБ
17:44
تُسَبِّحُ لَهُ ٱلسَّمَٰوَٰتُ ٱلسَّبۡعُ وَٱلۡأَرۡضُ وَمَن فِيهِنَّۚ وَإِن مِّن شَيۡءٍ إِلَّا يُسَبِّحُ بِحَمۡدِهِۦ وَلَٰكِن لَّا تَفۡقَهُونَ تَسۡبِيحَهُمۡۚ إِنَّهُۥ كَانَ حَلِيمًا غَفُورٗا
Жеті көк және жер, сондай-ақ ондағы болғандар, Аланы пәктейді. Оны пәктеп, мақтамайтын еш нәрсе жоқ. Бірақ сендер олардың тасбихтарын (пәктеулерін) түсіне алмайсыңдар. Шынында Алла өте жұмсақ, аса жарылқаушы
Аударма: Халифа Алтай
Жеті аспан мен жер және онда болғандар Оны / барлық кемшіліктерден / пәк деп дәріптейді. Оны мақтап, / барлық кемшіліктерден / пәк деп дәріптемейтін ешбір нәрсе жоқ. Бірақ сендер олардың дәріптеулерін түсінбейсіңдер. Ақиқатында, Ол аса Ұстамды, өте Кешірімді
Аударма: ҚМДБ
17:45
وَإِذَا قَرَأۡتَ ٱلۡقُرۡءَانَ جَعَلۡنَا بَيۡنَكَ وَبَيۡنَ ٱلَّذِينَ لَا يُؤۡمِنُونَ بِٱلۡأٓخِرَةِ حِجَابٗا مَّسۡتُورٗا
(Мұхаммед Ғ.С.) сен қашан Құран оқысаң сенімен ахиретке сенбегендердің арасына көмес бір перде жасаймыз
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Сен Құранды оқыған кезіңде сені мен соңғы мәңгілік өмірге / ақиретке / сенбейтіндер арасында көрінбейтін бір шымылдық жасадық
Аударма: ҚМДБ
17:46
وَجَعَلۡنَا عَلَىٰ قُلُوبِهِمۡ أَكِنَّةً أَن يَفۡقَهُوهُ وَفِيٓ ءَاذَانِهِمۡ وَقۡرٗاۚ وَإِذَا ذَكَرۡتَ رَبَّكَ فِي ٱلۡقُرۡءَانِ وَحۡدَهُۥ وَلَّوۡاْ عَلَىٰٓ أَدۡبَٰرِهِمۡ نُفُورٗا
Олардың жүректеріне Құранды түсінулеріне кедергі және құлақтарына қаға беріс жасадық. Құранда Раббыңды бір ғана деп еске алған кезіңде, олар жирен түрде арттарына бұрылып кете береді
Аударма: Халифа Алтай
Біз олардың ұқпаулары үшін жүректеріне перде және құлақтарына кереңдік салдық. Сен Құранда Раббыңның жалғыз екенін еске алған кезіңде, олар жиренген күйі арттарына бұрылады
Аударма: ҚМДБ
17:47
نَّحۡنُ أَعۡلَمُ بِمَا يَسۡتَمِعُونَ بِهِۦٓ إِذۡ يَسۡتَمِعُونَ إِلَيۡكَ وَإِذۡ هُمۡ نَجۡوَىٰٓ إِذۡ يَقُولُ ٱلظَّـٰلِمُونَ إِن تَتَّبِعُونَ إِلَّا رَجُلٗا مَّسۡحُورًا
Біз, олар сені тыңдағанда, қайтып тыңдағандарын және өзара сыбырласқанда залымдардың: “Сендер, жадыланған біреуге ғана ілесесіңдер” дегендіктерін жақсы білеміз
Аударма: Халифа Алтай
Біз, олардың сені тыңдаған кездерінде нені тыңдайтындарын жақсы білеміз. Олар құпия сөйлескендерінде, әділетсіздер: «Сен­дер сиқырланған кісіге еріп жүрсіңдер», -дейді
Аударма: ҚМДБ
17:48
ٱنظُرۡ كَيۡفَ ضَرَبُواْ لَكَ ٱلۡأَمۡثَالَ فَضَلُّواْ فَلَا يَسۡتَطِيعُونَ سَبِيلٗا
Қара! Олар қандай мысалдар берді. (Ақын, сиқыршы, бақсы, жынды деді.) Олар, сөйтіп адасты. Олар енді жол таба алмайды
Аударма: Халифа Алтай
Олардың саған қалай мысалдар келтіргенін назар сал. Олар сөйтіп адасты, енді жол таба алмайды
Аударма: ҚМДБ
17:49
وَقَالُوٓاْ أَءِذَا كُنَّا عِظَٰمٗا وَرُفَٰتًا أَءِنَّا لَمَبۡعُوثُونَ خَلۡقٗا جَدِيدٗا
Олар: “Біз, сүйектер және қоқыс болған кезде, жаңа бір жаратылыспен қайта тірілеміз бе? ”,-деді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі олар: «Біз сүйек және күйреп қоқым болып кеткен кезімізде, жаңадан жаратылып, қайта тірілтілеміз бе?» - деді
Аударма: ҚМДБ
17:50
۞قُلۡ كُونُواْ حِجَارَةً أَوۡ حَدِيدًا
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Тас болыңдар” де
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Оларға: «Тас не темір болыңдар
Аударма: ҚМДБ
17:51
أَوۡ خَلۡقٗا مِّمَّا يَكۡبُرُ فِي صُدُورِكُمۡۚ فَسَيَقُولُونَ مَن يُعِيدُنَاۖ قُلِ ٱلَّذِي فَطَرَكُمۡ أَوَّلَ مَرَّةٖۚ فَسَيُنۡغِضُونَ إِلَيۡكَ رُءُوسَهُمۡ وَيَقُولُونَ مَتَىٰ هُوَۖ قُلۡ عَسَىٰٓ أَن يَكُونَ قَرِيبٗا
“Әлде тіпті ойларыңдағы ең зор жаратылыс болыңдар. (Қайта тірілтілесіңдер.) ”Сонда олар: “Бізді кім қайта тірілтеді?”,-дейді. “Жақында болатын шығар” де
Аударма: Халифа Алтай
не көңілдеріңде үлкен көрінген бір жаратылыс болыңдар / бәрібір тірілтілесіңдер / », -де. Олар: «Бізді кім қайта тірілтеді?» дейді. Айт: «Өздеріңді алғашқы ретте жаратқан», - деп. Олар саған бастарын шайқап: «Ол қашан?» - дейді. Айт: «Ол жақында болады », -деп
Аударма: ҚМДБ
17:52
يَوۡمَ يَدۡعُوكُمۡ فَتَسۡتَجِيبُونَ بِحَمۡدِهِۦ وَتَظُنُّونَ إِن لَّبِثۡتُمۡ إِلَّا قَلِيلٗا
Сендерді шақырған күні, Оны дәріптей қабылдап, (қабырда) аз ғана жаттық деп ойлайсыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Ол сендерді шақырған / Есеп / күні, сен­дер Оған мақтау айтып жауап бересіңдер әрі / дүниеде / аз ғана болдық деп ойлайсыңдар
Аударма: ҚМДБ
17:53
وَقُل لِّعِبَادِي يَقُولُواْ ٱلَّتِي هِيَ أَحۡسَنُۚ إِنَّ ٱلشَّيۡطَٰنَ يَنزَغُ بَيۡنَهُمۡۚ إِنَّ ٱلشَّيۡطَٰنَ كَانَ لِلۡإِنسَٰنِ عَدُوّٗا مُّبِينٗا
Құлдарыма айт! “Ең сыпайы түрде сөйлесін. Өйткені, шайтан араларына бұзақылық салар. Расында шайтан адамдар үшін ашық дұшпан”
Аударма: Халифа Алтай
Құлдарыма айт, олар ең жақсыны сөйлесін. Шын мәнінде, шайтан олардың арасына наз'ғ қылады / іріткі салып, бұзады / .Анығында, шайтан адам баласына анық дұшпан
Аударма: ҚМДБ
17:54
رَّبُّكُمۡ أَعۡلَمُ بِكُمۡۖ إِن يَشَأۡ يَرۡحَمۡكُمۡ أَوۡ إِن يَشَأۡ يُعَذِّبۡكُمۡۚ وَمَآ أَرۡسَلۡنَٰكَ عَلَيۡهِمۡ وَكِيلٗا
Раббыларың сендерді жақсы біледі. Қаласа, мәрхамет етеді де қаласа, азап етеді. Сені оларға қорғаушы етіп, жібермедік
Аударма: Халифа Алтай
Сендерді Раббың жақсы біледі. Қаласа, сендерге мейірім етеді, қаласа азаптайды. Біз сені олар үшін жауапты етіп жібермедік
Аударма: ҚМДБ
17:55
وَرَبُّكَ أَعۡلَمُ بِمَن فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِۗ وَلَقَدۡ فَضَّلۡنَا بَعۡضَ ٱلنَّبِيِّـۧنَ عَلَىٰ بَعۡضٖۖ وَءَاتَيۡنَا دَاوُۥدَ زَبُورٗا
Раббың көктер мен жердегі әркімді жақсы біледі. Расында пайғамбардың біреулерінен,біреулерін артық қылдық. Сондай-ақ Дауытқа Зәбұрды бердік
Аударма: Халифа Алтай
Сондай-ақ, сенің Раббың аспандардағы және жердегілерді жақсы біледі. Біз пайғамбарлардың кейбіріне өзгелерінен артықшылық бердік. Әрі Дәуітке Забурды бердік
Аударма: ҚМДБ
17:56
قُلِ ٱدۡعُواْ ٱلَّذِينَ زَعَمۡتُم مِّن دُونِهِۦ فَلَا يَمۡلِكُونَ كَشۡفَ ٱلضُّرِّ عَنكُمۡ وَلَا تَحۡوِيلًا
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Алладан өзге (тәңір деп) ойлағандарыңды шақырыңдар. Олардың, қиыншылықтарыңды айықтыруға, сендерден бұрып, жіберуге шамалары келмейді” де
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед / / Оларға: «Одан өзге / құдай деп / ойлағандарыңды шақырыңдар. Олардың сендерден зиянды кетіруге, бұрып жіберуге шамасы жоқ», - деп айт
Аударма: ҚМДБ
17:57
أُوْلَـٰٓئِكَ ٱلَّذِينَ يَدۡعُونَ يَبۡتَغُونَ إِلَىٰ رَبِّهِمُ ٱلۡوَسِيلَةَ أَيُّهُمۡ أَقۡرَبُ وَيَرۡجُونَ رَحۡمَتَهُۥ وَيَخَافُونَ عَذَابَهُۥٓۚ إِنَّ عَذَابَ رَبِّكَ كَانَ مَحۡذُورٗا
Олардың сиынғандары; (періштелер, пайғамбарлар, жындар. К. Б.Ж.М.Р. ) Раббыларына қайсылары жақын боламыз деп, құлшылық арқылы ізденеді. (С. 35-А.) Рахметінен үміт етіп, азабынан қорқады. Негізінде Раббыңның азабы сескенуге тиісті
Аударма: Халифа Алтай
Олардың табынғандарының өздері Раббысына қарай жақындататын жол іздеп, Оған жақынырақ болуға ұмтылады. Олар Оның мейірімін үміт етеді әрі азабынан қорқады. Ақиқатында, Раббыңның азабы - қорғанып, сақтануға тиіс / қажетті / болған нәрсе
Аударма: ҚМДБ
17:58
وَإِن مِّن قَرۡيَةٍ إِلَّا نَحۡنُ مُهۡلِكُوهَا قَبۡلَ يَوۡمِ ٱلۡقِيَٰمَةِ أَوۡ مُعَذِّبُوهَا عَذَابٗا شَدِيدٗاۚ كَانَ ذَٰلِكَ فِي ٱلۡكِتَٰبِ مَسۡطُورٗا
Біз қиямет күнінен бұрын жоқ етпеген немесен қатты азапқа ұшыратпаған ешбір кент болмас. Бұлар, Кітапта (Лаухыл Махфұзда ) жазулы
Аударма: Халифа Алтай
Біз Қайта тірілу күніне дейін / күнәларының себебінен / жойып жібермейтін немесе қатты азапқа ұшыратпайтын бірде-бір елді мекен жоқ. Бұл - Кітапта / Ләухул-Махфузда / жазылып қойылған
Аударма: ҚМДБ
17:59
وَمَا مَنَعَنَآ أَن نُّرۡسِلَ بِٱلۡأٓيَٰتِ إِلَّآ أَن كَذَّبَ بِهَا ٱلۡأَوَّلُونَۚ وَءَاتَيۡنَا ثَمُودَ ٱلنَّاقَةَ مُبۡصِرَةٗ فَظَلَمُواْ بِهَاۚ وَمَا نُرۡسِلُ بِٱلۡأٓيَٰتِ إِلَّا تَخۡوِيفٗا
Біздің мұғжизалар жібермеуіміз бұрынғылардың мұғжизаны жасынға шығаруы ғана болды. Сондай-ақ Сәмүд еліне көрнеу түрде аруана жібердік. Бірақ оған зұлымдық қылып, өлтірді. Негізінде мұғжизаларымызды үрейлендіру үшін ғана жібереміз
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Біз мұғжизаларды алдыңғы өткендердің оны / мұғжизаны / өтірікке шығарғандығы үшін жібермедік. Біз Сәмүд еліне анық көрінетін / мұғжиза ретінде / түйе бердік, бірақ олар оған әділетсіздік жасады. Әрі Біз мұғжизаларды / кереметтерді / тек қорқыту үшін ғана жібереміз
Аударма: ҚМДБ
17:60
وَإِذۡ قُلۡنَا لَكَ إِنَّ رَبَّكَ أَحَاطَ بِٱلنَّاسِۚ وَمَا جَعَلۡنَا ٱلرُّءۡيَا ٱلَّتِيٓ أَرَيۡنَٰكَ إِلَّا فِتۡنَةٗ لِّلنَّاسِ وَٱلشَّجَرَةَ ٱلۡمَلۡعُونَةَ فِي ٱلۡقُرۡءَانِۚ وَنُخَوِّفُهُمۡ فَمَا يَزِيدُهُمۡ إِلَّا طُغۡيَٰنٗا كَبِيرٗا
(Мұхаммед Ғ.С. ) бір кезде саған: “Негізінде Раббың адамдарды баураған” деген едік. Саған Миғражда біз көрсеткенді (Б.Ж.М.К.Р.Х.Т.Ж-Қ.) және Құрандағы қарғалған ағашты (С.43-А.) адамдарға бір сынақ қылдық. (Өйткені, Миғраж уақиғасына да тозақтағы Заққұм ағашына да сенбеген.) Оларды қорқытуымыз, зор қателесуді ғана арттырады
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед!! Кезінде саған: «Ақиқатында, Раббың адамдарды барлық жағынан қамтыған», -дедік. Әрі саған / Исра кешінде! көрсеткенімізді адамдар үшін сынақ еттік. Сондай-ақ, Құрандағы лағнеттелген ағашты да. Біз оларды қорқытамыз, бірақ бұл олардың қатты шектен шығуларын ғана арттырады
Аударма: ҚМДБ
17:61
وَإِذۡ قُلۡنَا لِلۡمَلَـٰٓئِكَةِ ٱسۡجُدُواْ لِأٓدَمَ فَسَجَدُوٓاْ إِلَّآ إِبۡلِيسَ قَالَ ءَأَسۡجُدُ لِمَنۡ خَلَقۡتَ طِينٗا
Сол уақытта періштелерге: “Адамға сәжде қылыңдар!”,-дедік. Сонда олар дереу сәжде қылды. Бірақ Ібіліс сәжде қылмай: “Балшықтан жаратқаныңа сәжде қыламын ба?”,-деді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі кезінде періштелерге: «Адамға сәжде етіңдер!» - дедік. Сонда олар сәжде етті. Тек Ібіліс / сәжде етпей / : «Сен лайдан жаратқан біреуге сәжде жасаймын ба?» - деді
Аударма: ҚМДБ
17:62
قَالَ أَرَءَيۡتَكَ هَٰذَا ٱلَّذِي كَرَّمۡتَ عَلَيَّ لَئِنۡ أَخَّرۡتَنِ إِلَىٰ يَوۡمِ ٱلۡقِيَٰمَةِ لَأَحۡتَنِكَنَّ ذُرِّيَّتَهُۥٓ إِلَّا قَلِيلٗا
Ібіліс: “Осы, менен ардақты қылғаныңды көрдің бе? Егер мені қиямет күніне дейін кешіктірсең, әлбетте ұрпақтарыңның өте азынан басқасын қырыма бір аламын” деді
Аударма: Халифа Алтай
Ібіліс / : «Маған хабар берші, Өзің менен құрметті еткенің мынау ма? Егер маған Қайта тірілу күніне дейін уақыт берсең / кешіктірсен / , мен оның ұрпағының азынан басқасын жүгендеп аламын», - деді
Аударма: ҚМДБ
17:63
قَالَ ٱذۡهَبۡ فَمَن تَبِعَكَ مِنۡهُمۡ فَإِنَّ جَهَنَّمَ جَزَآؤُكُمۡ جَزَآءٗ مَّوۡفُورٗا
(Алла): “ Кет! Енді олардан кім саған ерсе, сонда рас жазаларың жаћаннам болады. Толық бір жаза ” деді
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ: «Кет! Олардан кім саған ерсе, сендердің қайтарым жазаларың - Жаһаннам, ол - / іс-амалдардың / қайтарымы ретіндегі толық жаза
Аударма: ҚМДБ
17:64
وَٱسۡتَفۡزِزۡ مَنِ ٱسۡتَطَعۡتَ مِنۡهُم بِصَوۡتِكَ وَأَجۡلِبۡ عَلَيۡهِم بِخَيۡلِكَ وَرَجِلِكَ وَشَارِكۡهُمۡ فِي ٱلۡأَمۡوَٰلِ وَٱلۡأَوۡلَٰدِ وَعِدۡهُمۡۚ وَمَا يَعِدُهُمُ ٱلشَّيۡطَٰنُ إِلَّا غُرُورًا
“Олардан шамаң келгенін даусыңмен әуліктір. Және оларға, атты, жаяу түрде келіп, байбаламдап, дүрліктір. Сондай-ақ олардың малдарына, балаларына (арамдық араластырып) ортақ бол. Оларға жалған уәде бер. ” Негізінде шайтан оларға алдаудан басқа уәде бере алмайды
Аударма: Халифа Алтай
Олардан әлің келгенді дауысыңмен еліктіріп қозғау сал. Оларға қарсы атты және жаяу әскеріңді сал. Әрі олардың мал-дүниелері және перзенттеріне араласып, ортақ бол. Әрі оларға уәде бер», - деді. Негізінде, шайтан оларға жалған нәрсеге үміттендіруден / алдаудан / басқа нәрсені уәде ете алмайды
Аударма: ҚМДБ
17:65
إِنَّ عِبَادِي لَيۡسَ لَكَ عَلَيۡهِمۡ سُلۡطَٰنٞۚ وَكَفَىٰ بِرَبِّكَ وَكِيلٗا
“Шынайы құлдарым болса, оларға ықпалың жүрмейді. Раббым уәкілдікте жетік.”
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, құлдарыма / Маған шы­найы құл болғандарға /- олардың үстінен сенде билік жоқ. Әрі Раббың - қорғап, сақтаушы ретінде жеткілікті
Аударма: ҚМДБ
17:66
رَّبُّكُمُ ٱلَّذِي يُزۡجِي لَكُمُ ٱلۡفُلۡكَ فِي ٱلۡبَحۡرِ لِتَبۡتَغُواْ مِن فَضۡلِهِۦٓۚ إِنَّهُۥ كَانَ بِكُمۡ رَحِيمٗا
Раббыларың сондай Алла; өзінің кеңшілігінен несібе іздеулерің үшін теңізде кеме жүргізеді. Өйткені, Ол, сендерге өте мейірімді
Аударма: Халифа Алтай
Сендердің Раббың, Өзінің кеңшілігін іздеулерің үшін кемелерді теңізде жүргізеді. Шын мәнінде, Ол сендерге Мейірімді
Аударма: ҚМДБ
17:67
وَإِذَا مَسَّكُمُ ٱلضُّرُّ فِي ٱلۡبَحۡرِ ضَلَّ مَن تَدۡعُونَ إِلَّآ إِيَّاهُۖ فَلَمَّا نَجَّىٰكُمۡ إِلَى ٱلۡبَرِّ أَعۡرَضۡتُمۡۚ وَكَانَ ٱلۡإِنسَٰنُ كَفُورًا
Сендер теңізде бір қиыншылыққа душар болған сәтте, Алладан басқа сиынғандарың жоқ болады. Ал енді сендерді құтқарып, қырға шығарса, жалт бересіңдер. Негізінде адам баласы тым нәсүкір
Аударма: Халифа Алтай
Сендерге теңізде бір зиян келген кезде, Одан / Аллаһтан / өзге жалбарынғандарың жоқ болып кетеді. Ал, Ол өздеріңді құрлыққашығарып құтқарған кезде, сендер теріс бұрыласыңдар. Сондай-ақ, адам баласы / өзіне / берілген игіліктерді мойындамаушы
Аударма: ҚМДБ
17:68
أَفَأَمِنتُمۡ أَن يَخۡسِفَ بِكُمۡ جَانِبَ ٱلۡبَرِّ أَوۡ يُرۡسِلَ عَلَيۡكُمۡ حَاصِبٗا ثُمَّ لَا تَجِدُواْ لَكُمۡ وَكِيلًا
Алланың құрылықта да сендерді жерге жұттыруынан немесе сендерге тасты боран жіберуінен хауіпсізсіңдер ме? Соңыра өздеріңе бір болысушы таба алмайсыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Оның сендерді құрлықта жерге жұттыруынан немесе сендерге тасты дауыл жіберуінен қауіпсіз бе едіңдер? Кейін өздерің үшін қорғаушы таба алмайсыңдар
Аударма: ҚМДБ
17:69
أَمۡ أَمِنتُمۡ أَن يُعِيدَكُمۡ فِيهِ تَارَةً أُخۡرَىٰ فَيُرۡسِلَ عَلَيۡكُمۡ قَاصِفٗا مِّنَ ٱلرِّيحِ فَيُغۡرِقَكُم بِمَا كَفَرۡتُمۡ ثُمَّ لَا تَجِدُواْ لَكُمۡ عَلَيۡنَا بِهِۦ تَبِيعٗا
Не сендерді қайтадан теңізге қайтарып, қарсылықтарыңның салдарынан бір құйын жіберіп, суға батыруынан бейбітсіңдер ме? Сонда сендерге болысып, бізді қуалаушы таба алмайсыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Әлде Оның сендерді оған / теңізге / тағы да қайтарып әрі қатты дауыл жіберіп, күпірліктерің / қарсы келгендіктерің / үшін суға батыруынан қауіпсіз бе едіңдер? Кейін Бізге қарсы кектеріңді даулаушы таппайсыңдар
Аударма: ҚМДБ
17:70
۞وَلَقَدۡ كَرَّمۡنَا بَنِيٓ ءَادَمَ وَحَمَلۡنَٰهُمۡ فِي ٱلۡبَرِّ وَٱلۡبَحۡرِ وَرَزَقۡنَٰهُم مِّنَ ٱلطَّيِّبَٰتِ وَفَضَّلۡنَٰهُمۡ عَلَىٰ كَثِيرٖ مِّمَّنۡ خَلَقۡنَا تَفۡضِيلٗا
Расында Адам баласын ардақтадық. Сондай-ақ оларды қрылықта да теңізде де көліктендірдік. Әрі оларды жақсы нәрселермен қоректендірдік. Әм оларды жаратқандарымыздың көбінен не құрлым артық жараттық
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, Біз Адамның ұрпақтарын қадірледік. Оларды құрлықта және теңізде жүргіздік әрі оларға жақсы нәрселерден ризық бердік және оларға жаратқандарымыздың көбінен басым артықшылық бердік
Аударма: ҚМДБ
17:71
يَوۡمَ نَدۡعُواْ كُلَّ أُنَاسِۭ بِإِمَٰمِهِمۡۖ فَمَنۡ أُوتِيَ كِتَٰبَهُۥ بِيَمِينِهِۦ فَأُوْلَـٰٓئِكَ يَقۡرَءُونَ كِتَٰبَهُمۡ وَلَا يُظۡلَمُونَ فَتِيلٗا
(Мұхаммед Ғ.С.) бір күні бүкіл адам баласын бастықтарымен бірге шақырамыз. Сонда кімнің кітабы оңынан берілсе, міне солар, кітаптарын оқиды. Оларға қылдай қиянат болмайды
Аударма: Халифа Алтай
Сол / ақирет / күні барлық адамдарды басшыларымен бірге шақырамыз. Сонда кімнің кітабы оң жағынан берілсе, солар кітаптарын оқиды. Әрі оларға құрма дәнінің қылындай да әділетсіздік жасалмайды
Аударма: ҚМДБ
17:72
وَمَن كَانَ فِي هَٰذِهِۦٓ أَعۡمَىٰ فَهُوَ فِي ٱلۡأٓخِرَةِ أَعۡمَىٰ وَأَضَلُّ سَبِيلٗا
Бұл дүниеде шындықты көрмегендер, ақиретте соқыр әрі жолдан адасқан болды
Аударма: Халифа Алтай
Кім / бүл дүниеде / соқыр болса, ол кейінгі мәңгілік өмірде де / ақиретте де / соқыр әрі жолдан ең қатты адасушы болады
Аударма: ҚМДБ
17:73
وَإِن كَادُواْ لَيَفۡتِنُونَكَ عَنِ ٱلَّذِيٓ أَوۡحَيۡنَآ إِلَيۡكَ لِتَفۡتَرِيَ عَلَيۡنَا غَيۡرَهُۥۖ وَإِذٗا لَّٱتَّخَذُوكَ خَلِيلٗا
(Мұхаммед Ғ.С.) олар сені, саған уахи еткенімізден басқа нәрсені, бізге жала жапсыртып бұзуға жақындады. Сол уақытта олар, сені дос тұтады
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Әрі олар Бізге қатысты басқа нәрсені құрастыруың үшін сені өзіңе уахи еткенімізден бұруға жақын тұрды. Сонда олар сені жақын дос етіп алар еді
Аударма: ҚМДБ
17:74
وَلَوۡلَآ أَن ثَبَّتۡنَٰكَ لَقَدۡ كِدتَّ تَرۡكَنُ إِلَيۡهِمۡ شَيۡـٔٗا قَلِيلًا
Егер біз сені бекемдемесек еді, әрине оларға біраз бейімдеуге жақындар едің
Аударма: Халифа Алтай
Егер Біз сені бекітпегенде, оларға аздап болса да келісім танытуға жақын болған едің
Аударма: ҚМДБ
17:75
إِذٗا لَّأَذَقۡنَٰكَ ضِعۡفَ ٱلۡحَيَوٰةِ وَضِعۡفَ ٱلۡمَمَاتِ ثُمَّ لَا تَجِدُ لَكَ عَلَيۡنَا نَصِيرٗا
Егер ондай болса, саған тіршілікте де қайтыс болғаннан кейін де әлбетте еселеп азап таттырар едік. Сосын өзіңе, бізге қарсы жәрдемші таба алмас едің. (Бұл аяттар, мүшріктердің Мұхаммед Ғ.С. ға келіп, кейбір діни ережелердің өз қалауларына сәйкес орындалуын талап еткендіктеріне байланысты түскен. Б.Ж.Р.Х.Т.Ж-Қ)
Аударма: Халифа Алтай
Онда Біз саған өмірдің де, өлімнің де / азабының / екі есесін таттырар едік. Содан кейін өзіңе Бізге қарсы жәрдемші таба алмас едің
Аударма: ҚМДБ
17:76
وَإِن كَادُواْ لَيَسۡتَفِزُّونَكَ مِنَ ٱلۡأَرۡضِ لِيُخۡرِجُوكَ مِنۡهَاۖ وَإِذٗا لَّا يَلۡبَثُونَ خِلَٰفَكَ إِلَّا قَلِيلٗا
(Мұхаммед Ғ.С.) олар сені, түрткі салып, жерден (Меккеден) шығара жаздады. Сонда олар, сенен кейін өте аз тұрады. (Оларға Меккенің баяны болмайды)
Аударма: Халифа Алтай
Әрі олар сені, ол жерден шығарып жіберу үшін орныңнан қозғауға жақын тұрды. Сонда сенен кейін олар аз ғана тұратын еді
Аударма: ҚМДБ
17:77
سُنَّةَ مَن قَدۡ أَرۡسَلۡنَا قَبۡلَكَ مِن رُّسُلِنَاۖ وَلَا تَجِدُ لِسُنَّتِنَا تَحۡوِيلًا
Расында сененбұрын жіберегн елшілерімізде де жол осы еді. (Елшілерді қуғандар, опа таппаған еді.) Біздің жолымызда ешбір өзгеріс таппайсың
Аударма: Халифа Алтай
Бұл сенен бұрын жіберген елшілеріміздің жолы. Ал, Біздің жолымызға / бекіткендерімізге / өзгерту таба алмайсың
Аударма: ҚМДБ
17:78
أَقِمِ ٱلصَّلَوٰةَ لِدُلُوكِ ٱلشَّمۡسِ إِلَىٰ غَسَقِ ٱلَّيۡلِ وَقُرۡءَانَ ٱلۡفَجۡرِۖ إِنَّ قُرۡءَانَ ٱلۡفَجۡرِ كَانَ مَشۡهُودٗا
Түс қиғаннан, түннің қараңғылығына дейін намаз оқы. (Бесін, екінті, ақшам және жашыйық намаздары.) Әрі таң намазын оқы. Күдіксіз таң намазына періштелер де қатынасады. (Ж.М.К.Р. т.б)
Аударма: Халифа Алтай
Күн ауғаннан түннің қараңғылығына дейін / бесін, аср, ақшам, құптан / ' намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / орында. Әрі таңның Құранын / намазын / . Анығында, таңның Құранына қатысады
Аударма: ҚМДБ
17:79
وَمِنَ ٱلَّيۡلِ فَتَهَجَّدۡ بِهِۦ نَافِلَةٗ لَّكَ عَسَىٰٓ أَن يَبۡعَثَكَ رَبُّكَ مَقَامٗا مَّحۡمُودٗا
(Мұхаммед Ғ.С.) Түннен оянып (Құранмен) өзіңе тән нәпіл оқы. Раббыңның сені бір мақтаулы орынға жеткізуінен үміт етіледі. (Бұл зор шапағат орны. Б.Ж.М.К.Р.Х.Т.Ж-Қ)
Аударма: Халифа Алтай
Және түннің бір бөлігін ұйықтамай, өзіңе қосымша намазға тұр, Раббың сені бір мақтаулы орынға жібереді
Аударма: ҚМДБ
17:80
وَقُل رَّبِّ أَدۡخِلۡنِي مُدۡخَلَ صِدۡقٖ وَأَخۡرِجۡنِي مُخۡرَجَ صِدۡقٖ وَٱجۡعَل لِّي مِن لَّدُنكَ سُلۡطَٰنٗا نَّصِيرٗا
(Мұхаммед Ғ.С.): “Раббым! Мені (кірер жеріме) шындықпен кіргіз де (шығар жерімнен) шындықпен шығар. Әрі маған өз қасыңнан жеңіс көмек ет” де
Аударма: Халифа Алтай
Әрі айт: «Раббым! Мені кіретін орныма шындықпен кіргізіп және шығатын орнымнан шындықпен шығар. Әрі Өз қасыңнан маған көмек беретін күш бер», - деп
Аударма: ҚМДБ
17:81
وَقُلۡ جَآءَ ٱلۡحَقُّ وَزَهَقَ ٱلۡبَٰطِلُۚ إِنَّ ٱلۡبَٰطِلَ كَانَ زَهُوقٗا
“Хақиқат келді. Негізсіз нәрселер жойылды. Сөзсіз, бекер нәрселер жойылады” де
Аударма: Халифа Алтай
Әрі: «Ақиқат келді және жалған / негізсіз нәрселер / жойылды. Анығында, жалған / негізсіз нәрселер / сөзсіз жойылушы», - деп айт
Аударма: ҚМДБ
17:82
وَنُنَزِّلُ مِنَ ٱلۡقُرۡءَانِ مَا هُوَ شِفَآءٞ وَرَحۡمَةٞ لِّلۡمُؤۡمِنِينَ وَلَا يَزِيدُ ٱلظَّـٰلِمِينَ إِلَّا خَسَارٗا
Құраннан, мүміндерге, шипа және рахмет түсіреміз. Ол, залымдардың зиянын тым арттыра түседі
Аударма: Халифа Алтай
Біз Құраннан имандылар / мүміндер / үшін шипа және мейірім түсіреміз. Ал әділетсіздер үшін ол / Құран / тек зиянға ұшырауларын ғана арттырады
Аударма: ҚМДБ
17:83
وَإِذَآ أَنۡعَمۡنَا عَلَى ٱلۡإِنسَٰنِ أَعۡرَضَ وَنَـَٔا بِجَانِبِهِۦ وَإِذَا مَسَّهُ ٱلشَّرُّ كَانَ يَـُٔوسٗا
Біз адам баласына нығмет берген кезде, жалтайып, бір жағына қыңырайып алды. Қашан оған бір сәтсіздік жетсе, мүлде күдер үзеді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі қашан Біз адам баласына игілік берсек, ол теріс бұрылып, менменси түседі. Ал оған жамандық келсе, ол мүлде күдер үзеді
Аударма: ҚМДБ
17:84
قُلۡ كُلّٞ يَعۡمَلُ عَلَىٰ شَاكِلَتِهِۦ فَرَبُّكُمۡ أَعۡلَمُ بِمَنۡ هُوَ أَهۡدَىٰ سَبِيلٗا
(Мұхаммед Ғ.С.): “Әркім өз жөн көргенін істейді. Сонда Раббың, кімнің тура жолда екенін жақсы біледі” де
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Әркім өзіне лайықты амал істейді. Сендердің Раббың жолда кімнің ең тура екенін жақсы біледі», - деп
Аударма: ҚМДБ
17:85
وَيَسۡـَٔلُونَكَ عَنِ ٱلرُّوحِۖ قُلِ ٱلرُّوحُ مِنۡ أَمۡرِ رَبِّي وَمَآ أُوتِيتُم مِّنَ ٱلۡعِلۡمِ إِلَّا قَلِيلٗا
(Мұхаммед Ғ.С.) олар сенен (рұх) жан туралы сұрайды: “Ол, Раббымның әмірінен. Сендерге өте аз мәлімет берілді” де
Аударма: Халифа Алтай
Әрі олар / иудейлер / сенен рух жайында сұрайды. «Рух - Раббымның әмірінен. Ал сен­дерге білімнен аз ғана берілді», - деп айт
Аударма: ҚМДБ
17:86
وَلَئِن شِئۡنَا لَنَذۡهَبَنَّ بِٱلَّذِيٓ أَوۡحَيۡنَآ إِلَيۡكَ ثُمَّ لَا تَجِدُ لَكَ بِهِۦ عَلَيۡنَا وَكِيلًا
Әрине қаласақ, саған уахи еткен Құранды алып алар едік. Кейін Бізге қарсы бір жар таба алмас едің
Аударма: Халифа Алтай
Ал, егер қаласақ, саған уахи етіп бергенімізді алып қояр едік. Кейін бұған байланысты Бізге қарсы қорғаушы таба алмас едің
Аударма: ҚМДБ
17:87
إِلَّا رَحۡمَةٗ مِّن رَّبِّكَۚ إِنَّ فَضۡلَهُۥ كَانَ عَلَيۡكَ كَبِيرٗا
Бірақ Раббыңның мәрхаметі бойынша қалдырдық. Өйткені, саған, Раббыңның кеңшілігі тым зор
Аударма: Халифа Алтай
Бірақ, Раббыңнан бір мейірім ретінде / оны алмады / . / Ей, Мұхаммед! / Ақиқатында, Оның саған деген кеңшілігі үлкен
Аударма: ҚМДБ
17:88
قُل لَّئِنِ ٱجۡتَمَعَتِ ٱلۡإِنسُ وَٱلۡجِنُّ عَلَىٰٓ أَن يَأۡتُواْ بِمِثۡلِ هَٰذَا ٱلۡقُرۡءَانِ لَا يَأۡتُونَ بِمِثۡلِهِۦ وَلَوۡ كَانَ بَعۡضُهُمۡ لِبَعۡضٖ ظَهِيرٗا
(Мұхаммед Ғ.С.): “Егер адамдар, жындар осы Құранның ұқсасын келтіруге жиналса, тіпті олар, бір-біріне көмекші болса да келтіре алмайды” де
Аударма: Халифа Алтай
Егер адамзат пен жын осы Құранға ұқсасты келтіруге жиналып, бір-біріне көмекші болса да оған ұқсас нәрсе әкеле алмайды
Аударма: ҚМДБ
17:89
وَلَقَدۡ صَرَّفۡنَا لِلنَّاسِ فِي هَٰذَا ٱلۡقُرۡءَانِ مِن كُلِّ مَثَلٖ فَأَبَىٰٓ أَكۡثَرُ ٱلنَّاسِ إِلَّا كُفُورٗا
Расында Біз бұл Құранда адам баласы үшін әр нәрсенің мысалын ашалап, баян еттік. Сонда да адамдардың көбі, бас тартып, мүлде қарсы келді
Аударма: Халифа Алтай
Негізінде, Біз адамдарға осы Құранда әрбір мысалды жан-жақты етіп түсіндірдік. Бірақ адамдардың көпшілігі күпірлік етуден / қарсы келуден / басқаның бәрін теріске шығарды
Аударма: ҚМДБ
17:90
وَقَالُواْ لَن نُّؤۡمِنَ لَكَ حَتَّىٰ تَفۡجُرَ لَنَا مِنَ ٱلۡأَرۡضِ يَنۢبُوعًا
Олар: “Бұл жерден сен бізге, бастау ағызғанға дейін саған әсте сенбейміз” деді
Аударма: Халифа Алтай
Олар: «Бізге жерден бір бұлақ жарып шығармағаныңша, саған сенбейміз
Аударма: ҚМДБ
17:91
أَوۡ تَكُونَ لَكَ جَنَّةٞ مِّن نَّخِيلٖ وَعِنَبٖ فَتُفَجِّرَ ٱلۡأَنۡهَٰرَ خِلَٰلَهَا تَفۡجِيرًا
“Немесе сенің құрмадан, жүзімнен бір бақшаң болсын. Сонда оның араларынан өзендер ағызып қоярсың”
Аударма: Халифа Алтай
Не болмаса сенде құрмадан әрі жүзімнен бір бағың болып, олардың арасынан өзендер ағызып қоймағаныңша
Аударма: ҚМДБ
17:92
أَوۡ تُسۡقِطَ ٱلسَّمَآءَ كَمَا زَعَمۡتَ عَلَيۡنَا كِسَفًا أَوۡ تَأۡتِيَ بِٱللَّهِ وَٱلۡمَلَـٰٓئِكَةِ قَبِيلًا
“Не ойлағаныңдай аспанды үстімізге кесек түрінде түсірерсің. Яки Алланы, періштелерді бетпе-бет келтірерсі.”
Аударма: Халифа Алтай
не болмаса айтқанындай, аспанды үстімізге бөлшектеп түсірмегеніңше, не Аллаһты және періштелерді қарсы алдымызға әкелмегеніңше
Аударма: ҚМДБ
17:93
أَوۡ يَكُونَ لَكَ بَيۡتٞ مِّن زُخۡرُفٍ أَوۡ تَرۡقَىٰ فِي ٱلسَّمَآءِ وَلَن نُّؤۡمِنَ لِرُقِيِّكَ حَتَّىٰ تُنَزِّلَ عَلَيۡنَا كِتَٰبٗا نَّقۡرَؤُهُۥۗ قُلۡ سُبۡحَانَ رَبِّي هَلۡ كُنتُ إِلَّا بَشَرٗا رَّسُولٗا
“Не болмаса, алтыннан бір үйің болсын. Яки аспанға шығарсың. Сонда да бізге оқитын бір Кітап түсірмейінше, көкке шыққандығыңа әсте сенбейміз” деді. (Мұхаммед Ғ.С.): “Раббымды пәктеймін! Мен бір адам баласы Пайғамбар ғанамын.” де
Аударма: Халифа Алтай
не болмаса сенде алтынмен әшекейленген бір үй болғанға дейін, не сен аспанға көтерілгеніңше. Алайда, бізге оқитын бір кітап түсірмейінше, көтерілгеніңе де сенбейміз», - деді. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Раббым - / барлық кемшіліктерден / пәк! Мен бар болғаны Елші етіп жіберілген адам емеспін бе?»- деп
Аударма: ҚМДБ
17:94
وَمَا مَنَعَ ٱلنَّاسَ أَن يُؤۡمِنُوٓاْ إِذۡ جَآءَهُمُ ٱلۡهُدَىٰٓ إِلَّآ أَن قَالُوٓاْ أَبَعَثَ ٱللَّهُ بَشَرٗا رَّسُولٗا
Адам баласына; Пайғамбар, тура жол (Құран) келтірген кезде, олардың: “Алла; адамды, пайғамбар қылып, жіберді ме?”, - деген сөздері ғана иман келтірулеріне бөгент болды
Аударма: Халифа Алтай
Адамдарға тура жол келген кезде, олардыңиманға келуіне: «Аллаһ Елші етіп адамды жіберді ме?» -деп айтулары кедергі болды
Аударма: ҚМДБ
17:95
قُل لَّوۡ كَانَ فِي ٱلۡأَرۡضِ مَلَـٰٓئِكَةٞ يَمۡشُونَ مُطۡمَئِنِّينَ لَنَزَّلۡنَا عَلَيۡهِم مِّنَ ٱلسَّمَآءِ مَلَكٗا رَّسُولٗا
(Мұхаммед Ғ.С.): “Егер жер жүзінде бейбіт жүргендер, періштелер болса еді, әрине оларға көктен періште елші жіберер едік” дегенді, айт
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Егер де жер бетінде жайбарақат жүргендер періштелер болғанда, Оларға аспаннан Елші етіп періште түсіретін едік»,- деп
Аударма: ҚМДБ
17:96
قُلۡ كَفَىٰ بِٱللَّهِ شَهِيدَۢا بَيۡنِي وَبَيۡنَكُمۡۚ إِنَّهُۥ كَانَ بِعِبَادِهِۦ خَبِيرَۢا بَصِيرٗا
Оларға: “Алла сендер мен менің арамда куәлік тұрғысынан жетіп асады. Шын мәнінде Ол, құлдарынан толық хабар алушы, аса қырағы” де
Аударма: Халифа Алтай
Айт: «Аллаһ мені мен сендердің араларыңа куә болуда жеткілікті. Ақиқатында, Ол - құлдарынан Хабардар, бәрін Көруші», деп
Аударма: ҚМДБ
17:97
وَمَن يَهۡدِ ٱللَّهُ فَهُوَ ٱلۡمُهۡتَدِۖ وَمَن يُضۡلِلۡ فَلَن تَجِدَ لَهُمۡ أَوۡلِيَآءَ مِن دُونِهِۦۖ وَنَحۡشُرُهُمۡ يَوۡمَ ٱلۡقِيَٰمَةِ عَلَىٰ وُجُوهِهِمۡ عُمۡيٗا وَبُكۡمٗا وَصُمّٗاۖ مَّأۡوَىٰهُمۡ جَهَنَّمُۖ كُلَّمَا خَبَتۡ زِدۡنَٰهُمۡ سَعِيرٗا
Алла кімді оңғарса, сонда ол тура жолда. Алла кімді адастырса, оған Алладан өзге жәрдемші таба алмайсың. Біз оларды қиямет күні, бетімен жер басқан, сақау және саңырау түрде жинаймыз. Орындары тозақ, толастаған сайыноларға жалынын арттыра түсеміз
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ кімді тура жолмен жүргізсе, сол тура жолда болады. Ал кімді адастырса, олар үшін Одан өзге қамқоршылар таппайсың. Оларды Қайта тірілу күні жүзімен / етпеттеп / жатқан күйлерінде соқыр, мылқау әрі керең етіп жинаймыз. Олардың орны - Жаһаннам. Ол толастаған сайын, оның жалынын арттыра түсеміз
Аударма: ҚМДБ
17:98
ذَٰلِكَ جَزَآؤُهُم بِأَنَّهُمۡ كَفَرُواْ بِـَٔايَٰتِنَا وَقَالُوٓاْ أَءِذَا كُنَّا عِظَٰمٗا وَرُفَٰتًا أَءِنَّا لَمَبۡعُوثُونَ خَلۡقٗا جَدِيدًا
Бұл олардың сазайы. Өйткені, олар аяттарымызға қарсы келді. Және: “Біз сүйектер тіпті қоқым топырақ болып кеткен кезде; жаңадан жаратылып, тірілеміз бе?”, - деді
Аударма: Халифа Алтай
Бұл - олардың аяттарымызға күпірлік еткендері / сенбегені, теріске шығарғандықтары / және: «Біз сүйек әрі уатылған қоқым болған кезімізде, жаңадан жаратылып, тірілтілеміз бе?» - деп айтқандықтары үшін берілген қайтарым жазасы
Аударма: ҚМДБ
17:99
۞أَوَلَمۡ يَرَوۡاْ أَنَّ ٱللَّهَ ٱلَّذِي خَلَقَ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضَ قَادِرٌ عَلَىٰٓ أَن يَخۡلُقَ مِثۡلَهُمۡ وَجَعَلَ لَهُمۡ أَجَلٗا لَّا رَيۡبَ فِيهِ فَأَبَى ٱلظَّـٰلِمُونَ إِلَّا كُفُورٗا
Олар шынында көктер мен жерді жаратқан Алланың; өздері сияқтыларды да жаратуға күші жететіндігін көрмей ме? (Алла) олар үшін бір белгілі мерзім жасаған; онда әсте шек жоқ. Сонда да залымдар бас тартып, мүлде қарсы келді
Аударма: Халифа Алтай
Олар аспандарды және жерді жаратқан Аллаһтың, олар сияқтыны да жаратуғақұдіреті жететінін білмей ме? Әрі Ол олар үшін бір мерзім белгіледі. Оның болуында күмән жоқ. Бірақ әділетсіздер күпірліктен / имансыздықтан / басқаны теріске шығарады / қаламайды
Аударма: ҚМДБ
17:100
قُل لَّوۡ أَنتُمۡ تَمۡلِكُونَ خَزَآئِنَ رَحۡمَةِ رَبِّيٓ إِذٗا لَّأَمۡسَكۡتُمۡ خَشۡيَةَ ٱلۡإِنفَاقِۚ وَكَانَ ٱلۡإِنسَٰنُ قَتُورٗا
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Егер сендер Раббымның рахметінің қазынасына ие болсаңдар, сол уақытта да оның жұмсалып кетуінен қорқып, әрине үнемшілік істер едіңдер. Өйткені, адам баласы тым сараң” де
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Егер сендер Раббымның мейірімінің қазыналарына ие болғандарыңда да оның жұмсалып кетуінен қорқып, өздерінде ұстап қалатын едіңдер. Адам баласына сараңдық тән»,- деп
Аударма: ҚМДБ
17:101
وَلَقَدۡ ءَاتَيۡنَا مُوسَىٰ تِسۡعَ ءَايَٰتِۭ بَيِّنَٰتٖۖ فَسۡـَٔلۡ بَنِيٓ إِسۡرَـٰٓءِيلَ إِذۡ جَآءَهُمۡ فَقَالَ لَهُۥ فِرۡعَوۡنُ إِنِّي لَأَظُنُّكَ يَٰمُوسَىٰ مَسۡحُورٗا
Расында Мұса (Ғ.С.) ға тоғыз ашық мұғжиза берген едік. (Таяқ, қолдың жарқырауы шегіртке, бит, қан, тастан су шығару, теңіздің жарылуы және Тұр тауының көтерілуі. Б.М.К...) (Мұхаммед Ғ.С.) Исраил ұрапқтарынан сұра: Мұса оларға келегн кезде; Перғауын: “Әй Мұса! Әрине сені сиқырлаған деп ойлаймын” деген еді
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, Біз Мұсаға тоғыз анық белгі-мұғжиза бердік. Исраил ұрпақтарынан сұра, ол / Мұса / оларға келген кезде, Фиръаун: «Ей, Мұса, мен сені сиқырланған деп есептеймін», - деді
Аударма: ҚМДБ
17:102
قَالَ لَقَدۡ عَلِمۡتَ مَآ أَنزَلَ هَـٰٓؤُلَآءِ إِلَّا رَبُّ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِ بَصَآئِرَ وَإِنِّي لَأَظُنُّكَ يَٰفِرۡعَوۡنُ مَثۡبُورٗا
Мұса (Ғ.С.): “Расында сен бұлардың; көктер мен жердің Рабы түсірген көрнеу мұғжизалары бар екенін білесің. Әй Перғауын? Шын мәнінде мен, сені типыл болады деп ойлаймын”, - деген еді
Аударма: Халифа Алтай
Мұса / : «Негізінде, сен бұларды көрнекі белгілер етіп, аспандардың және жердің Раббысы түсіргенін білдің. Анығында, мен сені, ей Фиръаун, құриды деп ойлаймын»,- деді
Аударма: ҚМДБ
17:103
فَأَرَادَ أَن يَسۡتَفِزَّهُم مِّنَ ٱلۡأَرۡضِ فَأَغۡرَقۡنَٰهُ وَمَن مَّعَهُۥ جَمِيعٗا
Ақыр (Перғауын) Исраил ұрапқтарын мемлекеттен шығарғысы келді. Сонда оны, онымен бірге болғандарды суға батырып жібердік
Аударма: Халифа Алтай
Ол / Фиръаун / оларды ол жерден шығарып / жойып / жіберуді қалады. Сонда Біз оны және онымен бірге болғандардың барлығын суға батырдық
Аударма: ҚМДБ
17:104
وَقُلۡنَا مِنۢ بَعۡدِهِۦ لِبَنِيٓ إِسۡرَـٰٓءِيلَ ٱسۡكُنُواْ ٱلۡأَرۡضَ فَإِذَا جَآءَ وَعۡدُ ٱلۡأٓخِرَةِ جِئۡنَا بِكُمۡ لَفِيفٗا
Одан кейін Исраил ұрапақтарына: “Бұл жерге (Мысырға) орналасыңдар. Қашан қиямет уәдесі келсе, Сендерді жинап әкелеміз” дедік
Аударма: Халифа Алтай
Әрі одан кейін Исраил ұрпақтарына: «Осы жерде тұрыңдар. Ал, қашан соңғы, мәңгілік өмірдің / ақиреттің / уәдесі келген кезде, барлығыңды бірге жинаймыз», - дедік
Аударма: ҚМДБ
17:105
وَبِٱلۡحَقِّ أَنزَلۡنَٰهُ وَبِٱلۡحَقِّ نَزَلَۗ وَمَآ أَرۡسَلۡنَٰكَ إِلَّا مُبَشِّرٗا وَنَذِيرٗا
Біз Құранды шындықпен түсірдік. Ол, шындық бойынша түсті. (Мұхаммед Ғ.С.) сені қуанту, ескерту үшін ғана жібердік
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Біз оны / Құранды / ақиқатпен түсірдік және ол ақиқатпен түсті. Ал сені қуанышты хабар жеткізуші әрі ескертуші ғана етіп жібердік
Аударма: ҚМДБ
17:106
وَقُرۡءَانٗا فَرَقۡنَٰهُ لِتَقۡرَأَهُۥ عَلَى ٱلنَّاسِ عَلَىٰ مُكۡثٖ وَنَزَّلۡنَٰهُ تَنزِيلٗا
Біз Құранды адамдарға тоқырап оқуың үшін бөлімдерге айырып, аз-аздап түсірдік
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Құранды адамдарға асықпай, анықтап оқып беруің үшін оны / бұл уаһиларды / бөліктерге бөлдік. Әрі Біз оны біртіндеп / рет-ретімен / түсірдік
Аударма: ҚМДБ
17:107
قُلۡ ءَامِنُواْ بِهِۦٓ أَوۡ لَا تُؤۡمِنُوٓاْۚ إِنَّ ٱلَّذِينَ أُوتُواْ ٱلۡعِلۡمَ مِن قَبۡلِهِۦٓ إِذَا يُتۡلَىٰ عَلَيۡهِمۡ يَخِرُّونَۤ لِلۡأَذۡقَانِۤ سُجَّدٗاۤ
(Сәжде аяты бар.) “(Мұхаммед Ғ.С.): Құранға мейлі сеніңдер мейлі сенбеңдер; бұдан бұрын өздеріне ғылым берілгендер, оларға Құран оқылған заман, етпеттерінен сәждеге жығылады
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Оған сеніңдер не сенбеңдер. Ақиқатында, бұданбұрын өздеріне білім / Кітап / берілгендер, оларға ол / Құран / оқылған кезде иектерімен / жүздерімен / сәждеге жығылады», - деп
Аударма: ҚМДБ
17:108
وَيَقُولُونَ سُبۡحَٰنَ رَبِّنَآ إِن كَانَ وَعۡدُ رَبِّنَا لَمَفۡعُولٗا
Олар: “Раббымызды пәктейміз. Әрине Раббымыздың уәдесі орындалады” дейді
Аударма: Халифа Алтай
Олар!: «Раббымыз / барлық кемшіліктен / пәк. Раббымыздың уәдесі әлбетте орындалды», - дейді
Аударма: ҚМДБ
17:109
وَيَخِرُّونَ لِلۡأَذۡقَانِ يَبۡكُونَ وَيَزِيدُهُمۡ خُشُوعٗا۩
Олар жылап, етпеттерінен түседі. Бұл олардың ықыласын арттырады. (Бұлар; Кітап иелерінен Мұсылман болғандар. Ж.Р.Х.Ж-Қ)
Аударма: Халифа Алтай
Олар жылап, иектерімен / жүздерімен / жығылады және ол / Құран / олардың бойсұна берілуін арттырады
Аударма: ҚМДБ
17:110
قُلِ ٱدۡعُواْ ٱللَّهَ أَوِ ٱدۡعُواْ ٱلرَّحۡمَٰنَۖ أَيّٗا مَّا تَدۡعُواْ فَلَهُ ٱلۡأَسۡمَآءُ ٱلۡحُسۡنَىٰۚ وَلَا تَجۡهَرۡ بِصَلَاتِكَ وَلَا تُخَافِتۡ بِهَا وَٱبۡتَغِ بَيۡنَ ذَٰلِكَ سَبِيلٗا
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Мейлі Алла деп немесе Рахман деп атаңдар. Қайсысымен атасаңдар да ең көркем аттар Оған тән” де. Намазда; жариялап тақұпиялап та оқыма да осының арасындағы жолды ұста
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Аллаһ деп тілеңдер / шақырыңдар / не әр-Рахман деп тілеңдер, қайсысымен тілесеңдер де ең көркем есімдер - Онікі. Намаз оқығаныңда дауысыңды көтеріп те және сыбырлап та оқыма, осының арасынан бір жол таңда», - деп
Аударма: ҚМДБ
17:111
وَقُلِ ٱلۡحَمۡدُ لِلَّهِ ٱلَّذِي لَمۡ يَتَّخِذۡ وَلَدٗا وَلَمۡ يَكُن لَّهُۥ شَرِيكٞ فِي ٱلۡمُلۡكِ وَلَمۡ يَكُن لَّهُۥ وَلِيّٞ مِّنَ ٱلذُّلِّۖ وَكَبِّرۡهُ تَكۡبِيرَۢا
“Барлық мақтау, бала иемденбеген әрі мүлкінде еш серігі болмаған сондай-ақ әлсіздіктен көмекшісі болмаған Аллаға лайық” де. Және Оны, өте ұлықта
Аударма: Халифа Алтай
Және айт: «Барлық мақтау ешбір бала иемденбеген және билікте ешбір серігі болмаған әрі әлсіздіктен көмекшіге мұқтаж болмаған - Аллаһқа!» - деп. Әрі Оны дәріптей ұлықта
Аударма: ҚМДБ
← Ан-НахльБарлық сүрелерАль-Кахф →

Аль-Исра сүресі туралы

Аль-Исра (الإسراء) — Құранның 17-сүресі, 111 аят, меккелік сүре, 15-жүз, мысхафтың 282-бетінен басталады. Бетте: Осман қарпіндегі араб мәтіні және Халифа Алтайдың қазақша мағыналық аудармасы мен ҚМДБ аудармасы. Аудио, транскрипция, тәпсір және 67 тілдегі аударма — толық нұсқада.

Барлық 114 сүре · Намаз уақыты · Іздеу