Аль-Кахф

الكهف · 110 аят · меккелік
Орысша нұсқасыЖаттауМысхаф 293-бет
← Аль-ИсраБарлық сүрелерМарьям →
18:1
ٱلۡحَمۡدُ لِلَّهِ ٱلَّذِيٓ أَنزَلَ عَلَىٰ عَبۡدِهِ ٱلۡكِتَٰبَ وَلَمۡ يَجۡعَل لَّهُۥ عِوَجَاۜ
Барлық мақтау құлына, (Мұхаммед Ғ.С. ға) Құранды түсірген Аллаға тән. Онда ешбір қыңырлық қылмады
Аударма: Халифа Алтай
Барлық мақтау Аллаһқа, сондай құлына Кітапты / Құранды / түсірген және онда / Құранда / ешбір қисықтық, ауытқу / кемшілік / жасамай
Аударма: ҚМДБ
18:2
قَيِّمٗا لِّيُنذِرَ بَأۡسٗا شَدِيدٗا مِّن لَّدُنۡهُ وَيُبَشِّرَ ٱلۡمُؤۡمِنِينَ ٱلَّذِينَ يَعۡمَلُونَ ٱلصَّـٰلِحَٰتِ أَنَّ لَهُمۡ أَجۡرًا حَسَنٗا
Өте түзу Құран; Алланың қасынан; Қатты азаппен үрейлендіру, түзу іс істеген мүміндерге, көркем сыйлық барлығын шүйіншілеу үшін (түсірілді)
Аударма: Халифа Алтай
тура еткен. / Ол арқылы / Өзінен болатын қатты азапты ескерту және ізгі амал істейтін имандыларды / мүміндерді / - оларға болатын көркем сыймен қуандыру үшін
Аударма: ҚМДБ
18:3
مَّـٰكِثِينَ فِيهِ أَبَدٗا
Олар, онда (жаннатта) мәңгі тұрады
Аударма: Халифа Алтай
Олар / имандылар / онда мәңгі тұрады
Аударма: ҚМДБ
18:4
وَيُنذِرَ ٱلَّذِينَ قَالُواْ ٱتَّخَذَ ٱللَّهُ وَلَدٗا
Сондай-ақ: “Алланың баласы бар” дегендерді ескерту үшін (түсірді)
Аударма: Халифа Алтай
Әрі: «Аллаһ бала иемденді», - деп айтқандарды ескерту үшін
Аударма: ҚМДБ
18:5
مَّا لَهُم بِهِۦ مِنۡ عِلۡمٖ وَلَا لِأٓبَآئِهِمۡۚ كَبُرَتۡ كَلِمَةٗ تَخۡرُجُ مِنۡ أَفۡوَٰهِهِمۡۚ إِن يَقُولُونَ إِلَّا كَذِبٗا
(Алланың баласы болуына байланысты) не өздерінің не аталарының мәліметі жоқ. Ауыздарынан шыққан сөз тым үлкен. Негізінде олар мүлде өтірік айтады
Аударма: Халифа Алтай
Бұл туралы оларда ешбір білім жоқ әрі олардың әкелерінде де. Олардың ауыздарынан шыққан сөз өте үлкен / ауыр / . Олар тек өтірікті ғана айтады
Аударма: ҚМДБ
18:6
فَلَعَلَّكَ بَٰخِعٞ نَّفۡسَكَ عَلَىٰٓ ءَاثَٰرِهِمۡ إِن لَّمۡ يُؤۡمِنُواْ بِهَٰذَا ٱلۡحَدِيثِ أَسَفًا
(Мұхаммед Ғ.С.) енді олар бұл Құранға сенбесе, арттарынан кейіп, өзіңді жоя жаздайсың
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Олар осы сөзге Құранға сенбесе, сен қайғырып, олардың соңынан / соларға бола / , өзіңді құрта жаздайсың
Аударма: ҚМДБ
18:7
إِنَّا جَعَلۡنَا مَا عَلَى ٱلۡأَرۡضِ زِينَةٗ لَّهَا لِنَبۡلُوَهُمۡ أَيُّهُمۡ أَحۡسَنُ عَمَلٗا
Біз адам баласының қайсысы жақсы ғамал істейді деп сынау үшін жер үстіндегі нәрселерді жердің көркі қылдық
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, олардың қайсысы амал етуде жақсы екенін сынау үшін Біз жер үстіндегі бар нәрселерді, оның көркі етіп қойдық
Аударма: ҚМДБ
18:8
وَإِنَّا لَجَٰعِلُونَ مَا عَلَيۡهَا صَعِيدٗا جُرُزًا
Күдіксіз, біз, жер жүзіндегі нәрселерді, әлбетте мүлде шөл топырақ ете аламыз
Аударма: Халифа Алтай
Әрі шын мәнінде, Біз оның / жердің / үстіндегілердің барлығын құр топыраққа айналдырамыз
Аударма: ҚМДБ
18:9
أَمۡ حَسِبۡتَ أَنَّ أَصۡحَٰبَ ٱلۡكَهۡفِ وَٱلرَّقِيمِ كَانُواْ مِنۡ ءَايَٰتِنَا عَجَبًا
(Мұхаммед Ғ.С.) үңгірдегілерді және жазуды, таңырқарлық белгілерімізден деп ойладың ба? (Бір заманда Тарсұс қаласындағы Дақянұс патшаның злымдығынан қашқан адамдар; “Кәһф”; солардың бекінген үңгірі. “Рақим”; солардың аты-жөні жазылған тақтай. Т.б. рауаяттар бар…)
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / әлде сен үңгір және Рақим иелері Біздің белгілеріміздің ішіндегі таңғажайыбы деп ойладың ба
Аударма: ҚМДБ
18:10
إِذۡ أَوَى ٱلۡفِتۡيَةُ إِلَى ٱلۡكَهۡفِ فَقَالُواْ رَبَّنَآ ءَاتِنَا مِن لَّدُنكَ رَحۡمَةٗ وَهَيِّئۡ لَنَا مِنۡ أَمۡرِنَا رَشَدٗا
Сонау заманда жігіттер үнгірге бекіндіде: “Раббымыз! Бізге өз қасыңнан игілік бер! Біз үшін бұл ісімізде тура жол әзірле” деді
Аударма: Халифа Алтай
Кезінде жас жігіттер үңгірді паналап: «Раббымыз! Бізге Өзіңнен мейірім нәсіп ет! Әрі ісімізде бізге туралық бер», - деді
Аударма: ҚМДБ
18:11
فَضَرَبۡنَا عَلَىٰٓ ءَاذَانِهِمۡ فِي ٱلۡكَهۡفِ سِنِينَ عَدَدٗا
Сонда олардың құлақтарына үңгірде неше жыл бойы перде қойдық. (Терең ұйқы бердік)
Аударма: Халифа Алтай
Сонда Біз олардың құлақтарын бірнеше жылға бекіттік
Аударма: ҚМДБ
18:12
ثُمَّ بَعَثۡنَٰهُمۡ لِنَعۡلَمَ أَيُّ ٱلۡحِزۡبَيۡنِ أَحۡصَىٰ لِمَا لَبِثُوٓاْ أَمَدٗا
Сосын екі жақтың қайсысы олардың жатқан мезгілін есептегендігін анықтау үшін оларды ояттық
Аударма: Халифа Алтай
Содан кейін екі топтың қайсысы мерзімді дәлірек есептейтінін білу үшін оларды қайтадан тірілттік / ояттық
Аударма: ҚМДБ
18:13
نَّحۡنُ نَقُصُّ عَلَيۡكَ نَبَأَهُم بِٱلۡحَقِّۚ إِنَّهُمۡ فِتۡيَةٌ ءَامَنُواْ بِرَبِّهِمۡ وَزِدۡنَٰهُمۡ هُدٗى
(Мұхаммед Ғ.С.) Біз саған олардың хабарын шынайы түрде баян етеміз. Олар Раббыларына шын сенген жігіттер еді де оларға туралықты арттыра түстік
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Саған олардың хабарын ақиқатпен баян етеміз. Күдіксіз, олар өздерінің Раббысына сенген жігіттер еді, Біз олардың туралықтарын арттыра түстік
Аударма: ҚМДБ
18:14
وَرَبَطۡنَا عَلَىٰ قُلُوبِهِمۡ إِذۡ قَامُواْ فَقَالُواْ رَبُّنَا رَبُّ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِ لَن نَّدۡعُوَاْ مِن دُونِهِۦٓ إِلَٰهٗاۖ لَّقَدۡ قُلۡنَآ إِذٗا شَطَطًا
Олардың жүректерін бекемдедік. Сол уақытта олар, тіке тұрып: “Раббымыз, көктер мен жердің Раббы. Одан өзге тәңірге әсте жалбарынбайымыз. Әрине сол уақытта рас көкіп сөйлеген боламыз” деді
Аударма: Халифа Алтай
Олар тұрып: «Біздің Раббымыз - аспандардың және жердің Раббысы. Біз Одан өзгені құдай етіп ешқашан тілемейміз. Онда біз шектен шыққан сөзді айтқан боламыз», - деген кезде, Біз олардың жүректерін бекіткен едік
Аударма: ҚМДБ
18:15
هَـٰٓؤُلَآءِ قَوۡمُنَا ٱتَّخَذُواْ مِن دُونِهِۦٓ ءَالِهَةٗۖ لَّوۡلَا يَأۡتُونَ عَلَيۡهِم بِسُلۡطَٰنِۭ بَيِّنٖۖ فَمَنۡ أَظۡلَمُ مِمَّنِ ٱفۡتَرَىٰ عَلَى ٱللَّهِ كَذِبٗا
“Мына еліміз, Алладан өзге тәңір тұтты. Бұлар, оған байланысты ашық дәлел келтірсе еді? Енді Аллаға өтірік жала қойғаннан залымырақ кім бар?”, - деді
Аударма: Халифа Алтай
Олар бір-біріне / : «Мына еліміз Одан өзгені құдайлар етіп алды. Олар соларға / құдайларына / қатысты неге анық дәлел келтірмейді? Аллаһқа қатысты / ойдан / өтірікті құрастырғаннан әділетсіз кім бар?» - деді
Аударма: ҚМДБ
18:16
وَإِذِ ٱعۡتَزَلۡتُمُوهُمۡ وَمَا يَعۡبُدُونَ إِلَّا ٱللَّهَ فَأۡوُۥٓاْ إِلَى ٱلۡكَهۡفِ يَنشُرۡ لَكُمۡ رَبُّكُم مِّن رَّحۡمَتِهِۦ وَيُهَيِّئۡ لَكُم مِّنۡ أَمۡرِكُم مِّرۡفَقٗا
(Олар, өзара): “Әйте елдеріңнен де олардың Алладан өзге табынғандарынан да айрылдыңдар; енді үңгірге бекініңдер. Сендерге Раббыларың рахметін шассын! Сондай-ақ сенде үшін істеріңде оңайлық әзірлесін”
Аударма: Халифа Алтай
«Енді олардан және олардың Аллаһтан өзге табынғандарынан бөлініп шыққан соң, үңгірді паналаңдар. Сендердің Раббың өздеріңе мейірімін жаяды әрі істеріңе көмек беріп, жеңілдетеді», - деді
Аударма: ҚМДБ
18:17
۞وَتَرَى ٱلشَّمۡسَ إِذَا طَلَعَت تَّزَٰوَرُ عَن كَهۡفِهِمۡ ذَاتَ ٱلۡيَمِينِ وَإِذَا غَرَبَت تَّقۡرِضُهُمۡ ذَاتَ ٱلشِّمَالِ وَهُمۡ فِي فَجۡوَةٖ مِّنۡهُۚ ذَٰلِكَ مِنۡ ءَايَٰتِ ٱللَّهِۗ مَن يَهۡدِ ٱللَّهُ فَهُوَ ٱلۡمُهۡتَدِۖ وَمَن يُضۡلِلۡ فَلَن تَجِدَ لَهُۥ وَلِيّٗا مُّرۡشِدٗا
(Мұхаммед Ғ.С.) қарасаң; күн шыққан сәтте, үңгірлерінің оң жағынан ауытқығанын, күн батқан сәтте оларды сол жақта қалдырғанын көрер едің. Олар үңгірдің кең бір жерінде. Бұл Алланың белгілерінен. Алла кімді оңғарса, сол тура жолда. Ал кімді адастырса, сонда оған әсте көмекші, жетекші таба алмайсың
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Күннің шыққан кезінде, олардың үңгірін оң жақтан ауып өткенін, ал батқан кезінде сол жағынан өтіп кеткенін көресің. Ал, олар оның / үңгірдің / ортасында болды. Бұл - Аллаһтың белгілерінен. Аллаһ кімді тура жолмен жүргізсе, сол тура жолда болады. Ал кімді адастырса, ол үшін бағыт көрсетер қамқоршы таба алмайсың
Аударма: ҚМДБ
18:18
وَتَحۡسَبُهُمۡ أَيۡقَاظٗا وَهُمۡ رُقُودٞۚ وَنُقَلِّبُهُمۡ ذَاتَ ٱلۡيَمِينِ وَذَاتَ ٱلشِّمَالِۖ وَكَلۡبُهُم بَٰسِطٞ ذِرَاعَيۡهِ بِٱلۡوَصِيدِۚ لَوِ ٱطَّلَعۡتَ عَلَيۡهِمۡ لَوَلَّيۡتَ مِنۡهُمۡ فِرَارٗا وَلَمُلِئۡتَ مِنۡهُمۡ رُعۡبٗا
Олар, ояу деп ойлайсың; негізінен олар ұйқыда еді. Оларды оңға, солға аунататын едік. Иттері, екі аяғын көсілген бойда босағада. Егер оларды көрсең, олардан ішіңе қорқу толып, бұрылып қашар едің
Аударма: Халифа Алтай
Оларды ояу деп ойлайсың, негізінен олар ұйқыда. Біз оларды оң жағына және сол жағына аударып тұрамыз. Ал иттері үңгірдің кіре берісінде, алдыңғы екі аяғын созып жатты. Егер де оларды көргеніңде, олардан бұрылып қашып, сені қорқыныш басар еді
Аударма: ҚМДБ
18:19
وَكَذَٰلِكَ بَعَثۡنَٰهُمۡ لِيَتَسَآءَلُواْ بَيۡنَهُمۡۚ قَالَ قَآئِلٞ مِّنۡهُمۡ كَمۡ لَبِثۡتُمۡۖ قَالُواْ لَبِثۡنَا يَوۡمًا أَوۡ بَعۡضَ يَوۡمٖۚ قَالُواْ رَبُّكُمۡ أَعۡلَمُ بِمَا لَبِثۡتُمۡ فَٱبۡعَثُوٓاْ أَحَدَكُم بِوَرِقِكُمۡ هَٰذِهِۦٓ إِلَى ٱلۡمَدِينَةِ فَلۡيَنظُرۡ أَيُّهَآ أَزۡكَىٰ طَعَامٗا فَلۡيَأۡتِكُم بِرِزۡقٖ مِّنۡهُ وَلۡيَتَلَطَّفۡ وَلَا يُشۡعِرَنَّ بِكُمۡ أَحَدًا
Осылайша оларды, өзара бір-бірінен сұрасулары үшін ояттық. Олардан бір айтушы: “Қанша жатып қалдыңдар?”,-деді. Олар: “Бір күн немесе күннің бір бөлімі жатып, тұрдық” деді. “Қанша жатып, тұрғандарыңды Раббыларың жақсы біледі. Мына ақшаларыңмен біреуіңді қалаға жіберіңдер. Сонда тамақтың қайсысы жақсы, көріп, сендеге одан көрек келтірсін. Сондай-ақ сыпайылық істеп, сендерді ешбіреуге сездірмесін” десті
Аударма: Халифа Алтай
Сөйтіп Біз оларды бір-бірінен сұрасулары үшін қайта тірілттік / ояттық / . Олардан біреуі «Қанша болдыңдар?» деді. Олар: «Бір күн немесе күннің бір бөлігі»,- деді. «Қанша болғандарыңды өздеріңнің Раббың жақсы біледі. Біреулеріңді мына күміс теңгелеріңмен қалаға жіберіңдер. Тағамның қайсысы таза екенін қарап, сендерге азық алып келсін. Әрі сыпайы, сақ болсын, сендерді ешкімге байқатпасын
Аударма: ҚМДБ
18:20
إِنَّهُمۡ إِن يَظۡهَرُواْ عَلَيۡكُمۡ يَرۡجُمُوكُمۡ أَوۡ يُعِيدُوكُمۡ فِي مِلَّتِهِمۡ وَلَن تُفۡلِحُوٓاْ إِذًا أَبَدٗا
“Өйткені, егер қала халқы сендерге ықпал жүргізсе, не сендерді таспен атады немесе діндеріне қайтарады. Ол уақытта үнемі құтыла алмайсыңдар…”
Аударма: Халифа Алтай
Егер олар сендерді көріп қойса, тас атады немесе діндеріне қайтарады. Онда сендер ешқашан мұраттарыңа жетпейсіңдер», - деді
Аударма: ҚМДБ
18:21
وَكَذَٰلِكَ أَعۡثَرۡنَا عَلَيۡهِمۡ لِيَعۡلَمُوٓاْ أَنَّ وَعۡدَ ٱللَّهِ حَقّٞ وَأَنَّ ٱلسَّاعَةَ لَا رَيۡبَ فِيهَآ إِذۡ يَتَنَٰزَعُونَ بَيۡنَهُمۡ أَمۡرَهُمۡۖ فَقَالُواْ ٱبۡنُواْ عَلَيۡهِم بُنۡيَٰنٗاۖ رَّبُّهُمۡ أَعۡلَمُ بِهِمۡۚ قَالَ ٱلَّذِينَ غَلَبُواْ عَلَىٰٓ أَمۡرِهِمۡ لَنَتَّخِذَنَّ عَلَيۡهِم مَّسۡجِدٗا
(Рауаят бойынша; олардың базарға барғаны, сауда алғанда Берген ақшасы, көне Дақянұс ақшасы екенін көргендер, бұл қазына тауып алған екен деп ойлап, патша сұрастырғанда: сонау Дақянұс дәуіріндегі қашқандар екенін білген патша; елімен барып сөйлескеннен соң үңгірдегілер өліп, сонда жерленеді. Әл Ытқан, Табари.) Осылайша,Алланың уәдесінің шындығын, қияметтің шәксіздігін әлемнің білуі үшін оларды, бұларға мәлімдедік. Сол кезде бұлар; өзара олар жөнінде тартысуда еді. Кейі: “Олардың үстіне үй салыңдар ” деді. Раббылары оларды жақсы біледі. Ал бұлардың іс басындағылары: “Әрине олардың үстіне мешіт жасап алайық” деді
Аударма: Халифа Алтай
Осылай, Аллаһтың уәдесінің шындығын, Сағаттың / қайта тірілудің / шәксіз болатындығын / адамдар / білуі үшін оларды, бұларға кезіктірдік. Сол кезде бұлар өзара олар жөнінде дауласты. Бұлар: «Олардың басына / үңгірдің аузын бекітіп / құрылыс тұрғызыңдар. Оларды Раббысы жақсы біледі»,- деді. Бұл мәселеде үстем келгендер: «Біз олардың басына мешіт саламыз»,- деді
Аударма: ҚМДБ
18:22
سَيَقُولُونَ ثَلَٰثَةٞ رَّابِعُهُمۡ كَلۡبُهُمۡ وَيَقُولُونَ خَمۡسَةٞ سَادِسُهُمۡ كَلۡبُهُمۡ رَجۡمَۢا بِٱلۡغَيۡبِۖ وَيَقُولُونَ سَبۡعَةٞ وَثَامِنُهُمۡ كَلۡبُهُمۡۚ قُل رَّبِّيٓ أَعۡلَمُ بِعِدَّتِهِم مَّا يَعۡلَمُهُمۡ إِلَّا قَلِيلٞۗ فَلَا تُمَارِ فِيهِمۡ إِلَّا مِرَآءٗ ظَٰهِرٗا وَلَا تَسۡتَفۡتِ فِيهِم مِّنۡهُمۡ أَحَدٗا
Бұлар көрмей-ақ мөлшерменен: “Олар үшеу, төртіншісі иттері” деп, кейі. “Олар бесеу , алтыншысы иттері ” деп, кейі: “Жоқ, олар жетеу,сегізіншісі иттері иттері” дейді. “Олардың санын Раббым жақсы біледі. Адамдардың өте азы ғана біледі” де. Оның үшін олар жайында тартысып, олар үшін ешбіреуінен дәнеңе сұрама
Аударма: Халифа Алтай
Бұлар: «Олар үшеу, төртіншісі олардың иті», -деді және: «Олар бесеу, алтыншысы олардың иті», -деп жорамалдап, ғайыпты білмекші болды. Сондай-ақ олар: «Жетеу, сегізіншісі олардың иті»,-деді. Айт: «Олардың санын Раббым жақсы біледі. Оларды тек азынан басқа ешкім білмейді»,- деп. Олар жайында ашық түрде ғана сөзге бар әрі олар жайлы бұлардың / кітап иелерінің / ешқайсысынан сұрама
Аударма: ҚМДБ
18:23
وَلَا تَقُولَنَّ لِشَاْيۡءٍ إِنِّي فَاعِلٞ ذَٰلِكَ غَدًا
Еш нәрсені: “Осыны ертең істеймін” деп айтпа
Аударма: Халифа Алтай
Әрі ешбір нәрсеге байланысты: «Мен мұны ертең істеймін», - деп айтпа
Аударма: ҚМДБ
18:24
إِلَّآ أَن يَشَآءَ ٱللَّهُۚ وَٱذۡكُر رَّبَّكَ إِذَا نَسِيتَ وَقُلۡ عَسَىٰٓ أَن يَهۡدِيَنِ رَبِّي لِأَقۡرَبَ مِنۡ هَٰذَا رَشَدٗا
Бірақ: “Алла қаласа (жасаймын) ” (де.) Ұмытқан заман “Раббыңды есіңе ал да туралыққа жақынырақ жолға салуынан үміткермін ” де. (Яһудилердің нұсқауы бойынша, Араптар; Мұхаммед Ғ.С. нан: Рұх; үңгірлеріне және Зұлқарнайын туралы сұрағанда: “Алла қаласа” демей; “Ертең жауап берейін” дегендіктен уахи кешіккен екен)
Аударма: Халифа Алтай
тек: «Аллаһ қаласа» - / «Инша Аллаһ» / ,- деп қана айт. Ұмытқансәтте Раббыңды есіңе ал да: «Раббымның маған туралыққа бұдан да жақын жол көрсетуін үміт етемін»,- деп айт
Аударма: ҚМДБ
18:25
وَلَبِثُواْ فِي كَهۡفِهِمۡ ثَلَٰثَ مِاْئَةٖ سِنِينَ وَٱزۡدَادُواْ تِسۡعٗا
Олар үңгірлерінде үш жүз жыл жатты. Тоғыз (жыл) арттырды. (жыл болды)
Аударма: Халифа Алтай
Олар үңгірде үш жүз жыл болды және тоғыз / қосылады
Аударма: ҚМДБ
18:26
قُلِ ٱللَّهُ أَعۡلَمُ بِمَا لَبِثُواْۖ لَهُۥ غَيۡبُ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِۖ أَبۡصِرۡ بِهِۦ وَأَسۡمِعۡۚ مَا لَهُم مِّن دُونِهِۦ مِن وَلِيّٖ وَلَا يُشۡرِكُ فِي حُكۡمِهِۦٓ أَحَدٗا
“Олардың қанша жатқанын Алла жақсы біледі. Көктер мен жердегі көместі білу Оған тән. Ол нендей толық көруші, естуші. Оларға Алладан өзге бір көмекші жоқ. Ол, өз үкіміне ешкімді ортақ қылмайды” де
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Олардың қанша болғанын Аллаһ жақсы біледі. Аспандардың және жердің құпиясы Оған тән. Ол - қандай керемет Көруші және Естуші! Оларда Одан өзге қамқоршы жоқ әрі Ол билігіне ешкімді ортақтастырмайды», - деп
Аударма: ҚМДБ
18:27
وَٱتۡلُ مَآ أُوحِيَ إِلَيۡكَ مِن كِتَابِ رَبِّكَۖ لَا مُبَدِّلَ لِكَلِمَٰتِهِۦ وَلَن تَجِدَ مِن دُونِهِۦ مُلۡتَحَدٗا
Раббыңның Кітабынан саған уахи етілгенді оқы. Оның сөздерін ешбір ауыстырушы жоқ. Әрі Одан өзге паналайтын орын да таба алмайсың
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Раббыңның кітабынан өзіңе уахи етілгенді оқы. Оның сөздерін өзгертуші жоқ әрі Одан өзге / пана / қорғаныш таппайсың
Аударма: ҚМДБ
18:28
وَٱصۡبِرۡ نَفۡسَكَ مَعَ ٱلَّذِينَ يَدۡعُونَ رَبَّهُم بِٱلۡغَدَوٰةِ وَٱلۡعَشِيِّ يُرِيدُونَ وَجۡهَهُۥۖ وَلَا تَعۡدُ عَيۡنَاكَ عَنۡهُمۡ تُرِيدُ زِينَةَ ٱلۡحَيَوٰةِ ٱلدُّنۡيَاۖ وَلَا تُطِعۡ مَنۡ أَغۡفَلۡنَا قَلۡبَهُۥ عَن ذِكۡرِنَا وَٱتَّبَعَ هَوَىٰهُ وَكَانَ أَمۡرُهُۥ فُرُطٗا
(Мұхаммед Ғ.С.) таңертең , кешке Раббыларына, Оның дидарын іздеп, жалбарынғандармен бірге өзің де сабыр ет. Дүние тіршілігінің сәнін қалап көзіңді басқаға аударма. Сондай-ақ Біз; жүрегін, Бізді еске алудан кәперсізденген, әуесіне ерген және ісі шектен асқан біреулерге бағынба. (C7 25-А)
Аударма: Халифа Алтай
Өздерінің Раббысына таңертең әрі кешке Оның дидарын / разылығын / қалап, тілек етушілермен бірге сабыр ет, әрі осы өмірдің көркін қалап, көздеріңді олардан бұрма. Сондай-ақ, Біз жүрегін Өзімізді еске алудан қаперсіз еткен әрі көңілқұмарлығына ерген және ісі шектен шыққан біреуге бағынба
Аударма: ҚМДБ
18:29
وَقُلِ ٱلۡحَقُّ مِن رَّبِّكُمۡۖ فَمَن شَآءَ فَلۡيُؤۡمِن وَمَن شَآءَ فَلۡيَكۡفُرۡۚ إِنَّآ أَعۡتَدۡنَا لِلظَّـٰلِمِينَ نَارًا أَحَاطَ بِهِمۡ سُرَادِقُهَاۚ وَإِن يَسۡتَغِيثُواْ يُغَاثُواْ بِمَآءٖ كَٱلۡمُهۡلِ يَشۡوِي ٱلۡوُجُوهَۚ بِئۡسَ ٱلشَّرَابُ وَسَآءَتۡ مُرۡتَفَقًا
“Бұл хақиқат (Құран) Раббыларыңнан” де. Сонда кім қаласа сенсін. Расында Біз, залымдар үшін дуалдары қоршап алатын тозақ оты әзірледік. Егер олар су сұрап жалбарса, еріген Кен тәрізді беттерді қуыратын бір су беріледі. Ол нендей жаман сусын, әм нендей жаман орын
Аударма: Халифа Алтай
Әрі айт: «Ақиқат - сендердің Раббыңнан. Сондықтан кім қаласа, сенсін, кім қаласа, күпірлік етсін / иманға келмесін / »,- деп. Ақиқатында, Біз әділетсіздерге От әзірледік. Оның қорғандары оларды қоршап алады. Егер олар жәрдем сұраса, оларға беттерді қуырып жіберетін балқыған мыс сияқты су беріледі. Ол қандай жаман сусын әрі қандай жаман орын
Аударма: ҚМДБ
18:30
إِنَّ ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَعَمِلُواْ ٱلصَّـٰلِحَٰتِ إِنَّا لَا نُضِيعُ أَجۡرَ مَنۡ أَحۡسَنَ عَمَلًا
Иман келтіріп, дұрыс іс істегендердің және жақсы ғамал істеген кісінің еңбегін жоймаймыз
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, иманға келіп және ізгі амал істегендерге,- ықыласпен істеген амалдарының сыйын зая кетірмейміз
Аударма: ҚМДБ
18:31
أُوْلَـٰٓئِكَ لَهُمۡ جَنَّـٰتُ عَدۡنٖ تَجۡرِي مِن تَحۡتِهِمُ ٱلۡأَنۡهَٰرُ يُحَلَّوۡنَ فِيهَا مِنۡ أَسَاوِرَ مِن ذَهَبٖ وَيَلۡبَسُونَ ثِيَابًا خُضۡرٗا مِّن سُندُسٖ وَإِسۡتَبۡرَقٖ مُّتَّكِـِٔينَ فِيهَا عَلَى ٱلۡأَرَآئِكِۚ نِعۡمَ ٱلثَّوَابُ وَحَسُنَتۡ مُرۡتَفَقٗا
Міне, олар үшін астарынан өзендер ағатын Ғадын жаннаты бар. Олар онда алтыннан білезіктермен безенеді; олар жұқалы-қалыңды жасыл жібектен киімдер киеді де олар онда, диванға сүйенеді. Нендей жақсы сауап, нендей әлбет жастанатын орын! (Дүние дәулетіне мәз болып, Аллаға шерік қатып, ақиретті ұмытқат Патрос дегн кәпір мен тоқ мейіл Яһұза деген мұсылманның жағыдайынан мысал беріліп отыр. Б.М.Р.Ж-Қ)
Аударма: Халифа Алтай
Оларға ’Адн Жәннатының бақтары бар, олардың астынан өзендер ағып жатады. Олар онда алтыннан болған білезіктермен сәнденеді, жұқа және қалың жібектен жасыл киімдер киіп, перделермен сәнделген жұмсақ сәкілерде сүйеніп отырады. Бұл не деген жақсы сый әрі неткен көркем мекен
Аударма: ҚМДБ
18:32
۞وَٱضۡرِبۡ لَهُم مَّثَلٗا رَّجُلَيۡنِ جَعَلۡنَا لِأَحَدِهِمَا جَنَّتَيۡنِ مِنۡ أَعۡنَٰبٖ وَحَفَفۡنَٰهُمَا بِنَخۡلٖ وَجَعَلۡنَا بَيۡنَهُمَا زَرۡعٗا
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға екі адамның мысалын баян ет: Біреуіне жүзімдерден екі бақша қылдық. Әрі екі бақшаның арасын құрма ағаштарымен қоршап; екі бақшаның арасына егіндер өндірдік
Аударма: Халифа Алтай
Әрі оларға екі адамның мысалын баян ет. Біз олардың біреуіне екі жүзім бағын бердік. және ол екеуін құрма ағаштарымен қоршап, араларын егіндік еттік
Аударма: ҚМДБ
18:33
كِلۡتَا ٱلۡجَنَّتَيۡنِ ءَاتَتۡ أُكُلَهَا وَلَمۡ تَظۡلِم مِّنۡهُ شَيۡـٔٗاۚ وَفَجَّرۡنَا خِلَٰلَهُمَا نَهَرٗا
Екі бақша да жемістерін берді. Одан ешнәрсе кемітпеді. Араларынан бұлақ ағыздық
Аударма: Халифа Алтай
Екі бақ та жемістерінен ешнәрсе азайтпай берді. Әрі олардың араларынан өзен ағызып қойдық
Аударма: ҚМДБ
18:34
وَكَانَ لَهُۥ ثَمَرٞ فَقَالَ لِصَٰحِبِهِۦ وَهُوَ يُحَاوِرُهُۥٓ أَنَا۠ أَكۡثَرُ مِنكَ مَالٗا وَأَعَزُّ نَفَرٗا
Оның басқа кірімі де бар еді. Сонда ол, жолдасымен сөйлескенде: “Мен сенен мал жағынан молшылықта, әм бас жағынан да үстеммін” деді
Аударма: Халифа Алтай
Сондай-ақ оның / басқа да / өнімдері бар еді. Сонда жолдасымен сөйлесіп тұрғанда ол: «Менің сенен дүнием көп әрі адамдарымның саны жағынан да қуаттымын», - деді
Аударма: ҚМДБ
18:35
وَدَخَلَ جَنَّتَهُۥ وَهُوَ ظَالِمٞ لِّنَفۡسِهِۦ قَالَ مَآ أَظُنُّ أَن تَبِيدَ هَٰذِهِۦٓ أَبَدٗا
Ол өзіне зұлымдық еткен түрде бақшасына кірді де: “ Тіпті бұны жоқ болады деп ойламаймын” деді
Аударма: Халифа Алтай
Сөйтіп ол бағына өз-өзіне әділетсіздік еткен күйі кіріп: «Бұл ешқашан құриды деп ойламаймын
Аударма: ҚМДБ
18:36
وَمَآ أَظُنُّ ٱلسَّاعَةَ قَآئِمَةٗ وَلَئِن رُّدِدتُّ إِلَىٰ رَبِّي لَأَجِدَنَّ خَيۡرٗا مِّنۡهَا مُنقَلَبٗا
“Әрі қияметтің болатындығын да ойламаймын деді. Мүбада Раббыма қайтарылсым, әрине бұдан да орын табамын” (деді)
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Сағат та / қайта тірілу күні / болады деп ойламаймын. Егер Раббыма қайтарыла қалсам, онда бұдан да жақсысын табамын», - деді
Аударма: ҚМДБ
18:37
قَالَ لَهُۥ صَاحِبُهُۥ وَهُوَ يُحَاوِرُهُۥٓ أَكَفَرۡتَ بِٱلَّذِي خَلَقَكَ مِن تُرَابٖ ثُمَّ مِن نُّطۡفَةٖ ثُمَّ سَوَّىٰكَ رَجُلٗا
Жолдасы оған сөйлесіп тұрып: “Сені топырақтан, сонан кеін бір тамшы Судан жаратып, сонан соң Адам еткен Аллаға қарсы келесің бе?”,- (деді)
Аударма: Халифа Алтай
Сонда сөйлесіп тұрған жолдасы оған: «Сонда сен өзіңді / алдымен / топырақтан, кейін тамшыдан жаратқан, кейін / рет-ретімен / теңестіріп, ер адам етіп қалыптастырғанға күпірлік етесің бе / сенбей, қарсы келесің бе
Аударма: ҚМДБ
18:38
لَّـٰكِنَّا۠ هُوَ ٱللَّهُ رَبِّي وَلَآ أُشۡرِكُ بِرَبِّيٓ أَحَدٗا
“Бірақ, менің Раббым, Ол Алла; Раббыма ешбіреуді шерік қоспаймын”
Аударма: Халифа Алтай
Ал, мен үшін Ол Аллаһ - менің Раббым / Ием / , мен Оған ешкімді серік етіп қоспаймын
Аударма: ҚМДБ
18:39
وَلَوۡلَآ إِذۡ دَخَلۡتَ جَنَّتَكَ قُلۡتَ مَا شَآءَ ٱللَّهُ لَا قُوَّةَ إِلَّا بِٱللَّهِۚ إِن تَرَنِ أَنَا۠ أَقَلَّ مِنكَ مَالٗا وَوَلَدٗا
“Өз бақшаңа кірген сәтте; Бұл Алланың қалауы, Алладан басқа ешбір қуат жоқ неге демедің? Тіпті мені мал және бала жағынан өзіңнен кем көрсең де”
Аударма: Халифа Алтай
Әрі сен бағыңа кірген кезде неге: «Бұл - Аллаһтың қалауы, Аллаһтан басқа ешбір қуат жоқ», - деп айтпадың? Егер сен мені мал және бала жағынан өзіңнен кем көрсең
Аударма: ҚМДБ
18:40
فَعَسَىٰ رَبِّيٓ أَن يُؤۡتِيَنِ خَيۡرٗا مِّن جَنَّتِكَ وَيُرۡسِلَ عَلَيۡهَا حُسۡبَانٗا مِّنَ ٱلسَّمَآءِ فَتُصۡبِحَ صَعِيدٗا زَلَقًا
“Раббымның: Маған сенің бақшаңнан жақсырағын беруі, сенікінің үстіне көктен апат жіберіліп, мүлде қақ топыраққа айналуы мүұмкін”
Аударма: Халифа Алтай
онда Раббым маған сенің бағыңнан жақсырағын беруі, ал сенікінің үстіне көктен апат жіберуі мүмкін, сонда ол мүлде тақырға айналады
Аударма: ҚМДБ
18:41
أَوۡ يُصۡبِحَ مَآؤُهَا غَوۡرٗا فَلَن تَسۡتَطِيعَ لَهُۥ طَلَبٗا
“Немесе бақшаңның суы тартылып, оны әсте іздеп таба алмассың”
Аударма: Халифа Алтай
Немесе суы тартылып, оны таба алмай қаласың», - деді
Аударма: ҚМДБ
18:42
وَأُحِيطَ بِثَمَرِهِۦ فَأَصۡبَحَ يُقَلِّبُ كَفَّيۡهِ عَلَىٰ مَآ أَنفَقَ فِيهَا وَهِيَ خَاوِيَةٌ عَلَىٰ عُرُوشِهَا وَيَقُولُ يَٰلَيۡتَنِي لَمۡ أُشۡرِكۡ بِرَبِّيٓ أَحَدٗا
Оның еңбектері еш болып, бақшасына өкініп, екі алақанын ұйқалауға айналды да: “Әттеген-ай! Раббыма ешкімді серік қоспасам еді ” деді
Аударма: Халифа Алтай
Сөйтіп / жолдасының айтқаны келіп / , оның өнімін апат орады, ол аспаларымен бірге құлап жатқан бағына сарп еткеніне / шығынына / өкіне, алақандарын аударып қалды / сан соғыпқалды / . Ол: «Қап, Раббыма ешкімді серік етіп қоспағанымда еді», -деді
Аударма: ҚМДБ
18:43
وَلَمۡ تَكُن لَّهُۥ فِئَةٞ يَنصُرُونَهُۥ مِن دُونِ ٱللَّهِ وَمَا كَانَ مُنتَصِرًا
Оған Алладан өзге жәрдем етер бір топ жоқ. Сондай-ақ өзін де құтқара алмады
Аударма: Халифа Алтай
Әрі оның Аллаһтан өзге жәрдем беретін адамдары / жақтастары / болған жоқ және ол өзі-өзіне көмектесе алмады
Аударма: ҚМДБ
18:44
هُنَالِكَ ٱلۡوَلَٰيَةُ لِلَّهِ ٱلۡحَقِّۚ هُوَ خَيۡرٞ ثَوَابٗا وَخَيۡرٌ عُقۡبٗا
Сол жерде иелік шынайы Аллаға тән. Ол, сыйлық беру тұрғысынан жақсы әрі нәтиже жағынан да хайырлы
Аударма: Халифа Алтай
Мұндайда көмек / қамқорлық /- хақ Аллаһта ғана. Ол, қайтарым сыйда да қайырлы, әрі нәтижеде де қайырлы
Аударма: ҚМДБ
18:45
وَٱضۡرِبۡ لَهُم مَّثَلَ ٱلۡحَيَوٰةِ ٱلدُّنۡيَا كَمَآءٍ أَنزَلۡنَٰهُ مِنَ ٱلسَّمَآءِ فَٱخۡتَلَطَ بِهِۦ نَبَاتُ ٱلۡأَرۡضِ فَأَصۡبَحَ هَشِيمٗا تَذۡرُوهُ ٱلرِّيَٰحُۗ وَكَانَ ٱللَّهُ عَلَىٰ كُلِّ شَيۡءٖ مُّقۡتَدِرًا
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға дүние тірлігінен мысал бер: ( Дүние тірлігі;) көктен біз жаудырған жаңбыр арқылы: Жердің өсімдіктері бір-біріне араласып, құлпырып, одан құрғақ үгіндіге айналып, оны желдер ұшырып кеткен тәрізді. Сондай-ақ Алла, әр нәрседен үстем күш иесі
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Оларға осы өмір жайлы мысал келтір. Ол бейне бір Біз аспаннан түсірген су секілді. Онымен жердің өсімдіктері араласып / өніп-өскеннен / кейін ол, жел ұшыратын құрғақ үгіндіге айналды. Аллаһтың барлық нәрсеге күші жетеді
Аударма: ҚМДБ
18:46
ٱلۡمَالُ وَٱلۡبَنُونَ زِينَةُ ٱلۡحَيَوٰةِ ٱلدُّنۡيَاۖ وَٱلۡبَٰقِيَٰتُ ٱلصَّـٰلِحَٰتُ خَيۡرٌ عِندَ رَبِّكَ ثَوَابٗا وَخَيۡرٌ أَمَلٗا
Мал мен балалар, дүние тіршілігінің сәні. Ал бақи қалатын жақсылықтар болса, Раббыңның қасында; табыс бойынша да жақсы әрі үміт тұрғысынан да жақсы
Аударма: Халифа Алтай
Байлық пен балалар - осы өмірдің сәні. Ал, / ақиретке / қалатын ізгі амалдар болса, Раббыңның қасында қайтарым сый ретінде қайырлы әрі үміт тұрғысынан да қайырлы
Аударма: ҚМДБ
18:47
وَيَوۡمَ نُسَيِّرُ ٱلۡجِبَالَ وَتَرَى ٱلۡأَرۡضَ بَارِزَةٗ وَحَشَرۡنَٰهُمۡ فَلَمۡ نُغَادِرۡ مِنۡهُمۡ أَحَدٗا
Қиямет күні, тауларды жүргіземіз де жеді жап-жазық көресің. Және де Адам баласын; олардан ешкімді тастамай жинаймыз
Аударма: Халифа Алтай
Сол / қайта тірілу / күні тауларды жүргіземіз де сен жерді тегіс, ашық түрде көресің. Біз оларды / бүкіл адамзатты / жинаймыз да, олардан ешкімді қалдырмаймыз
Аударма: ҚМДБ
18:48
وَعُرِضُواْ عَلَىٰ رَبِّكَ صَفّٗا لَّقَدۡ جِئۡتُمُونَا كَمَا خَلَقۡنَٰكُمۡ أَوَّلَ مَرَّةِۭۚ بَلۡ زَعَمۡتُمۡ أَلَّن نَّجۡعَلَ لَكُم مَّوۡعِدٗا
Олар, Раббыңның құзырына қатарланып келтіріледі. Оларға: “Бастапта жаратқанымыз тәрізде келдіңдер, тіпті сендерге бір уәделі мерзім белгілемедік деп, ойладыңдар” (делінеді)
Аударма: Халифа Алтай
Әрі олар Раббыңның алдынақатарланып қойылады. / Кәпірлерге / : «Міне, сендер Бізге, өздеріңді алғашқы рет жаратқанымыздай келдіңдер. Негізінде, сендер уәделі мерзімді / қайта тірілу күнін / Біз белгілей алмайды деп есептеген едіндер», - делінеді
Аударма: ҚМДБ
18:49
وَوُضِعَ ٱلۡكِتَٰبُ فَتَرَى ٱلۡمُجۡرِمِينَ مُشۡفِقِينَ مِمَّا فِيهِ وَيَقُولُونَ يَٰوَيۡلَتَنَا مَالِ هَٰذَا ٱلۡكِتَٰبِ لَا يُغَادِرُ صَغِيرَةٗ وَلَا كَبِيرَةً إِلَّآ أَحۡصَىٰهَاۚ وَوَجَدُواْ مَا عَمِلُواْ حَاضِرٗاۗ وَلَا يَظۡلِمُ رَبُّكَ أَحَدٗا
Ғамал дәптері алдарына қойлады. Сонда күнәкарладың одан қорыққанын көресің. Олар: “Абырым-ай! Бізге нендей өкінім! Мына кітапта кішкенені де үлкенді де тастамай-ақ түгендепті ” дейді. Сондай-ақ олар істегендерін дайын түрде табады. Раббың ешкімге әділетсіздік қылмайды
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Кітап / амал дәптері / қойылады, сонда қылмыскерлердің ондағы нәрседен / тіркелген күнәларынан / қорыққанын көресің. Олар: «Сорымыз құрысын! Кішісін де, үлкенін де қалдырмай сақтаған бұл қандай кітап?» - дейді. Әрі олар істеген амалдарын қарсы алдарынан табады. Раббың ешкімге әділетсіздік етпейді
Аударма: ҚМДБ
18:50
وَإِذۡ قُلۡنَا لِلۡمَلَـٰٓئِكَةِ ٱسۡجُدُواْ لِأٓدَمَ فَسَجَدُوٓاْ إِلَّآ إِبۡلِيسَ كَانَ مِنَ ٱلۡجِنِّ فَفَسَقَ عَنۡ أَمۡرِ رَبِّهِۦٓۗ أَفَتَتَّخِذُونَهُۥ وَذُرِّيَّتَهُۥٓ أَوۡلِيَآءَ مِن دُونِي وَهُمۡ لَكُمۡ عَدُوُّۢۚ بِئۡسَ لِلظَّـٰلِمِينَ بَدَلٗا
(Мұхаммед Ғ.С. ) сол уақытта періштелерге: “Адамға сәжде қылыңдар ”деген едік. Ібілістен басқа бүкіл періштелер сәжде қылған еді. Жыннан болған ол, Раббының әмірінен бас тартты. Сонда да Менен оны ұрпақтарын дос етіп, аласыңдар ма“” Олар болса, сендерге дұшпан. (Алла тұрып, шайтанды дос көру.) Залымдар үшін нендей жаман өзгеріс
Аударма: Халифа Алтай
Кезінде біз періштелерге: «Адамға сәжде етіңдер», - деген едік. Сонда олар сәжде етті, тек жыннан болған Ібіліс қана Раббысының бұйрығын тыңдамады. Сонда, олар сендерге дұшпан болса да, Мені қойып оны / шайтанды / және оның ұрпағын қамқоршы етіп аласыңдар ма? Әділетсіздердің айырбастап алғандары қандай жаман
Аударма: ҚМДБ
18:51
۞مَّآ أَشۡهَدتُّهُمۡ خَلۡقَ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِ وَلَا خَلۡقَ أَنفُسِهِمۡ وَمَا كُنتُ مُتَّخِذَ ٱلۡمُضِلِّينَ عَضُدٗا
Мен жер, көкті жаратқанда және олардың өздерін жаратқанда, оларды керек қылмадым. Сондай-ақ ешқашан аздырушыларды көмекші еткен емеспін
Аударма: Халифа Алтай
Аспандарды және жерді жаратуда да, әрі олардың өздерін жаратуда да Мен оларды куә еткен жоқпын. Әрі Мен адастырушыларды Өзіме көмекші етіп алмаймын
Аударма: ҚМДБ
18:52
وَيَوۡمَ يَقُولُ نَادُواْ شُرَكَآءِيَ ٱلَّذِينَ زَعَمۡتُمۡ فَدَعَوۡهُمۡ فَلَمۡ يَسۡتَجِيبُواْ لَهُمۡ وَجَعَلۡنَا بَيۡنَهُم مَّوۡبِقٗا
Қиямет күні; (Алла, кәпірлерге): “Өздеріңнің, Менің шеріктерім деп ойлағандарыңды шақырыңдар” дейді. Сонда оларды шақырады. Бірақ олар өздеріне жауап бермейді. Сондай-ақ олардың араларына бір кәтерлі орын жасаймыз. (С. 166-А)
Аударма: Халифа Алтай
Сондай-ақ ол / қайта тірілу / күні Ол: «Өздерің Маған серік деп санағандарыңды шақырыңдар», - дейді. Сонда олар / серік еткендерін / шақырады, алайда / табынғандары / Оларға жауап бермейді. Біз олардың арасына жойылатын орын жасаймыз
Аударма: ҚМДБ
18:53
وَرَءَا ٱلۡمُجۡرِمُونَ ٱلنَّارَ فَظَنُّوٓاْ أَنَّهُم مُّوَاقِعُوهَا وَلَمۡ يَجِدُواْ عَنۡهَا مَصۡرِفٗا
Күнәкарлар; тозақ отын көріп, сонда өздерінің оған түсетіндіктерін сезеді. Бірақ, одан бұрылар жер таба алмайды
Аударма: Халифа Алтай
Әрі қылмыскерлер Отты көріп, өздерінің оған түсетіндіктеріне көздері жетеді. Сондай-ақ, олар одан құтылар жол таба алмайды
Аударма: ҚМДБ
18:54
وَلَقَدۡ صَرَّفۡنَا فِي هَٰذَا ٱلۡقُرۡءَانِ لِلنَّاسِ مِن كُلِّ مَثَلٖۚ وَكَانَ ٱلۡإِنسَٰنُ أَكۡثَرَ شَيۡءٖ جَدَلٗا
Расында осы Құранды Адам баласы үшін әр нәрсені ашық-ашық баян еттік. Ал Адам баласы, көп нәрселерде жанжалшыл
Аударма: Халифа Алтай
Біз бұл Құранда адамдарға әрбір мысалды жан-жақты етіп, анықтап түсіндірдік. Ал, адам бәрінен көп таласушы-керісшіл
Аударма: ҚМДБ
18:55
وَمَا مَنَعَ ٱلنَّاسَ أَن يُؤۡمِنُوٓاْ إِذۡ جَآءَهُمُ ٱلۡهُدَىٰ وَيَسۡتَغۡفِرُواْ رَبَّهُمۡ إِلَّآ أَن تَأۡتِيَهُمۡ سُنَّةُ ٱلۡأَوَّلِينَ أَوۡ يَأۡتِيَهُمُ ٱلۡعَذَابُ قُبُلٗا
Қашан да Адам баласына тура жетекші келсе, оларды иман келтірулеріне және Раббыларынан жарылқау тілеулеріне кедергі болған нәрсе, бұрынғыларға келген апаттың ; өздеріне келуін немесе азаптың қарсы алдарына келуін тосулары
Аударма: Халифа Алтай
Адамдарға тура жол келген кезде олардың иманға келулеріне және өздерінің Раббысынан кешірім тілеулеріне - бұрынғылардың жолымен жүруі не олардың азап­ты алдарынан келуін күтулері ғана кедергі болды
Аударма: ҚМДБ
18:56
وَمَا نُرۡسِلُ ٱلۡمُرۡسَلِينَ إِلَّا مُبَشِّرِينَ وَمُنذِرِينَۚ وَيُجَٰدِلُ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ بِٱلۡبَٰطِلِ لِيُدۡحِضُواْ بِهِ ٱلۡحَقَّۖ وَٱتَّخَذُوٓاْ ءَايَٰتِي وَمَآ أُنذِرُواْ هُزُوٗا
Негізінде елшілерді қуандыру, қорқыту үшін ғана жібердік. Кәпірлер, бос нәрселер арқылы шындықты төмендетуге жағаласады. Әрі апаттарымызды және ескерткен нәрселерімізді тәлкекке алады
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Біз елшілерді қуандырушы және ескертуші етіп қана жібереміз. Ал, сондай күпірлік етушілер / иманнан бас тартқандар / ақиқатты жоққа шығару үшін жалғанның көмегімен дауласады. Олар Менің аят-белгілерімді және өздеріне ескертілгендерді келеке етеді
Аударма: ҚМДБ
18:57
وَمَنۡ أَظۡلَمُ مِمَّن ذُكِّرَ بِـَٔايَٰتِ رَبِّهِۦ فَأَعۡرَضَ عَنۡهَا وَنَسِيَ مَا قَدَّمَتۡ يَدَاهُۚ إِنَّا جَعَلۡنَا عَلَىٰ قُلُوبِهِمۡ أَكِنَّةً أَن يَفۡقَهُوهُ وَفِيٓ ءَاذَانِهِمۡ وَقۡرٗاۖ وَإِن تَدۡعُهُمۡ إِلَى ٱلۡهُدَىٰ فَلَن يَهۡتَدُوٓاْ إِذًا أَبَدٗا
Раббыларының аяттары арқылы үгіттеліп, одан бет бұрған және бұрынғы өз қолымен істегендерін ұмытқан кісілерден кім залымырақ? Расында олардың жүректеріне оны түсінбейтін қалтқы және де құлақтарына кереңдік пайда қылдық. (Мұхаммед Ғ.С. ) оларды туралыққа шақырсаң да әрине мүлде жолға келмейді
Аударма: Халифа Алтай
Ал, Раббысының аяттары есіне салынған кезде, одан теріс бұрылған және өз қолдары істеген / теріс / амалдарын / күнәларын / ұмытқаннан өткен әділетсіз кім бар? Анығында, Біз олардың түсінбеулері үшін жүректеріне перде және құлақтарына кереңдік салдық. / Ей, Мұхаммед!! Оларды тура жолға шақырсаң да олар ешқашан тура жолға түспейді
Аударма: ҚМДБ
18:58
وَرَبُّكَ ٱلۡغَفُورُ ذُو ٱلرَّحۡمَةِۖ لَوۡ يُؤَاخِذُهُم بِمَا كَسَبُواْ لَعَجَّلَ لَهُمُ ٱلۡعَذَابَۚ بَل لَّهُم مَّوۡعِدٞ لَّن يَجِدُواْ مِن دُونِهِۦ مَوۡئِلٗا
Раббың ; өте жарылқаушы, мәрхамет иесі. Егер оларды қылықтарының салдарынан қолға алатын болса, әрине оларға азапты тездетер еді. Дегенмен олар үшін белгілі бір мерзім бар. О заман олар, Алладан өзге паналайтын жер таба алмайды
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Раббың әл-Ғафур / өте кешірімді / , кең мейірім Иесі. Егер де Ол оларды істеп тапқандары / күнәлары / үшін қолға алар болса, онда оларға азапты тездетер еді. Алай­да, олар үшін уәделі бір мерзім бар. Олар Одан өзге пана / қорғаныш / таба алмайды
Аударма: ҚМДБ
18:59
وَتِلۡكَ ٱلۡقُرَىٰٓ أَهۡلَكۡنَٰهُمۡ لَمَّا ظَلَمُواْ وَجَعَلۡنَا لِمَهۡلِكِهِم مَّوۡعِدٗا
Олар зұлымдық еткен заманда, сол кенттерді жоқ еттік. Солардың жоқ етілулері үшін де мерзім белгілеген едік. ( Мұса Ғ.С. Алланың Берген зор ғылымына ие құлы Хызыр Ғ.С. ға, екі теңіздің бірлескен жерінде кездесу үшін ; Юшақ ұлы Нұн екеуі жолға шығады. Б.Ж.М.Р.К)
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Біз сол елді мекендерді, олар әділетсіздік істегенде жойдық және олардың жойылуына мерзім де белгілегенбіз
Аударма: ҚМДБ
18:60
وَإِذۡ قَالَ مُوسَىٰ لِفَتَىٰهُ لَآ أَبۡرَحُ حَتَّىٰٓ أَبۡلُغَ مَجۡمَعَ ٱلۡبَحۡرَيۡنِ أَوۡ أَمۡضِيَ حُقُبٗا
Сол уақытта Мұса (Ғ.С.) жігітіне: “Екі теңіздің қосылған жеріне дейін тоқтамаймын. Немесе жүріспен жылдар өткіземін” деді
Аударма: Халифа Алтай
Міне, кезінде Мұса жанындағы жігітке: «Екі теңіздің қосылған жеріне жеткенге дейін тоқтамаймын, тіпті жүріспен жылдар өткізсем де», - деді
Аударма: ҚМДБ
18:61
فَلَمَّا بَلَغَا مَجۡمَعَ بَيۡنِهِمَا نَسِيَا حُوتَهُمَا فَٱتَّخَذَ سَبِيلَهُۥ فِي ٱلۡبَحۡرِ سَرَبٗا
Екеуі екі теңіздің құйғанына жеткен кезде, балықтарын ұмытты. Сонда балық , сырғып барып , теңізден жол алды
Аударма: Халифа Алтай
Ал екеуінің қосылған жеріне жеткен кезде, олар балықтарын ұмытып кетті. Сонда ол / балық / із салып теңізге жол алды
Аударма: ҚМДБ
18:62
فَلَمَّا جَاوَزَا قَالَ لِفَتَىٰهُ ءَاتِنَا غَدَآءَنَا لَقَدۡ لَقِينَا مِن سَفَرِنَا هَٰذَا نَصَبٗا
Екеуі ілгерілеп барған кезде, Мұса (Ғ.С.) жігітіне: “Азығымызды әкелші ; әрине осы сапарымызда шаршадық” деді
Аударма: Халифа Алтай
Екеуі ілгері кеткен кезде, ол жанындағы жігітке: «Түскі тамағымызды әкел, бұл сапарымызда шаршадық», - деді
Аударма: ҚМДБ
18:63
قَالَ أَرَءَيۡتَ إِذۡ أَوَيۡنَآ إِلَى ٱلصَّخۡرَةِ فَإِنِّي نَسِيتُ ٱلۡحُوتَ وَمَآ أَنسَىٰنِيهُ إِلَّا ٱلشَّيۡطَٰنُ أَنۡ أَذۡكُرَهُۥۚ وَٱتَّخَذَ سَبِيلَهُۥ فِي ٱلۡبَحۡرِ عَجَبٗا
“Көрдің бе? Тасқа дем алғанда, балықты ұмытқан екмін. Маған оны айтуды шайтан-ақ ұмыттырды. Ол таңғажайып түрде теңізде жол алды” деді
Аударма: Халифа Алтай
Ол: «Жартасты паналаған кезіміз есіңде ме? Мен сонда балықты ұмыттым. Оны еске түсіруді шайтан ғана ұмыттырды. Ал ол / балық / болса, теңізге таңғажайып түрде жол алды», - деді
Аударма: ҚМДБ
18:64
قَالَ ذَٰلِكَ مَا كُنَّا نَبۡغِۚ فَٱرۡتَدَّا عَلَىٰٓ ءَاثَارِهِمَا قَصَصٗا
(Мұса Ғ.С.): “Міне іздегеніміз осы” деп, екеуі ізінше қайта қайтты
Аударма: Халифа Алтай
Мұса / : «Біздің қалағанымыз осы», деп, екеуі ізінше кері қайтты
Аударма: ҚМДБ
18:65
فَوَجَدَا عَبۡدٗا مِّنۡ عِبَادِنَآ ءَاتَيۡنَٰهُ رَحۡمَةٗ مِّنۡ عِندِنَا وَعَلَّمۡنَٰهُ مِن لَّدُنَّا عِلۡمٗا
Сонда екеуі; өз тарапымыздан игілік беріп, өз қасымыздан ғылым үйреткен құлдарымыздан бірін тапты
Аударма: Халифа Алтай
Сонда екеуі, Біз оған Өзімізден мейірім берген және Өзімізден білім үйреткен құлдарымыздың бірін тапты
Аударма: ҚМДБ
18:66
قَالَ لَهُۥ مُوسَىٰ هَلۡ أَتَّبِعُكَ عَلَىٰٓ أَن تُعَلِّمَنِ مِمَّا عُلِّمۡتَ رُشۡدٗا
Мұса, (Ғ.С.) о кісіге: “Саған үйретілген даналықтан маған да үйретуің үшін саған ерейін бе?”,-деді
Аударма: Халифа Алтай
Мұса оған: «Саған үйретілген тура нәрселерден / пайдалы білімнен / маған да үйретуің үшін саған еріп жүрсем бола ма?» - деді
Аударма: ҚМДБ
18:67
قَالَ إِنَّكَ لَن تَسۡتَطِيعَ مَعِيَ صَبۡرٗا
“Расында сен менімен бірге болуға шыдая алмайсың” деді
Аударма: Халифа Алтай
Хидр / : «Сен менімен бірге / жүруге / сабырлылық көрсете алмайсың
Аударма: ҚМДБ
18:68
وَكَيۡفَ تَصۡبِرُ عَلَىٰ مَا لَمۡ تُحِطۡ بِهِۦ خُبۡرٗا
“Ішкі сырын толық білмейтін нәрсеге қалай сабыр ете аласың ?”,-(деді)
Аударма: Халифа Алтай
Білімің қамтымаған нәрсеге қалай сабыр ете аласың?» - деді
Аударма: ҚМДБ
18:69
قَالَ سَتَجِدُنِيٓ إِن شَآءَ ٱللَّهُ صَابِرٗا وَلَآ أَعۡصِي لَكَ أَمۡرٗا
(Мұса Ғ.С.). “Алла қаласа, мені сабырлы табарсың . Сондай-ақ саған ешбір істе қарсы келмеймін” деді
Аударма: Халифа Алтай
Мұса / : «Егер Аллаһ қаласа, мені сабырлы табасың. Әрі мен саған ешбір істе қарсы келмеймін», - деді
Аударма: ҚМДБ
18:70
قَالَ فَإِنِ ٱتَّبَعۡتَنِي فَلَا تَسۡـَٔلۡنِي عَن شَيۡءٍ حَتَّىٰٓ أُحۡدِثَ لَكَ مِنۡهُ ذِكۡرٗا
“Ал онда маған ілессең, саған айтпайынша, менен еш нәрсе сұрама” деді
Аударма: Халифа Алтай
Хидр / : «Егер маған еріп жүретін болсаң, өзім саған айтып бергеніме дейін, менен еш нәрсе сұрама»,- деді
Аударма: ҚМДБ
18:71
فَٱنطَلَقَا حَتَّىٰٓ إِذَا رَكِبَا فِي ٱلسَّفِينَةِ خَرَقَهَاۖ قَالَ أَخَرَقۡتَهَا لِتُغۡرِقَ أَهۡلَهَا لَقَدۡ جِئۡتَ شَيۡـًٔا إِمۡرٗا
Сөйтіп, екеуі жолға шықты да кемеге түсіп, оны тесе бастады. (Мұса Ғ.С.): “Кемедегілерді суға батыру үшін тестің бе? Рас орынсыз істедің” деі
Аударма: Халифа Алтай
Сөйтіп, екеуі жолға шықты. Бір кемеге мінгендерінде, ол / Хидр / оны тесті. / Мұса / : «Сен оның ішіндегілерді суға батыру үшін тестің бе? Негізінде сен айыпталған іс жасадың», - деді
Аударма: ҚМДБ
18:72
قَالَ أَلَمۡ أَقُلۡ إِنَّكَ لَن تَسۡتَطِيعَ مَعِيَ صَبۡرٗا
(О кісі): “Мен саған менімен бірге әсте сабыр ете алмайсың демедім бе?” деді
Аударма: Халифа Алтай
Ол: «Сен менімен бірге сабырлық ете алмайсың деп айтпадым ба?» - деді
Аударма: ҚМДБ
18:73
قَالَ لَا تُؤَاخِذۡنِي بِمَا نَسِيتُ وَلَا تُرۡهِقۡنِي مِنۡ أَمۡرِي عُسۡرٗا
(Мұса Ғ.С.): “Ұмытқан нәрсемді есепке алма. Маған ісімде қолайсыздық тудырма” деді
Аударма: Халифа Алтай
Мұса / : «Ұмытқаным үшін мені айыптама. Әрі маған бұл ісімде қиындық тудырма»,- деді
Аударма: ҚМДБ
18:74
فَٱنطَلَقَا حَتَّىٰٓ إِذَا لَقِيَا غُلَٰمٗا فَقَتَلَهُۥ قَالَ أَقَتَلۡتَ نَفۡسٗا زَكِيَّةَۢ بِغَيۡرِ نَفۡسٖ لَّقَدۡ جِئۡتَ شَيۡـٔٗا نُّكۡرٗا
Екеуі тағы жолға шықты. Бір ұл бала кездесіп еді, (о кісі) оны өлтірді. (Мұса Ғ.С.): “Кісі өлтірмеген жазықсыз біреуді өлтірдің бе? Рас жаман іс істедің” деді
Аударма: Халифа Алтай
Сөйтіп олар жолға шықты. Олар бір баланы кездестірген кезде, ол / Хидр / оны өлтіріп тастады. / Мұса / : «Сен бір таза жанды кек қайтару үшін болмаса да өлтірдің бе? Негізінде сен өте теріс іс жасадың»,- деді
Аударма: ҚМДБ
18:75
۞قَالَ أَلَمۡ أَقُل لَّكَ إِنَّكَ لَن تَسۡتَطِيعَ مَعِيَ صَبۡرٗا
“Сен менімен бірге жүруге әсте шыдая алмайсың демедім бі?”, - деді
Аударма: Халифа Алтай
Хидр / : «Мен саған менімен бірге / болуға / сабыр ете алмайсың деп айтпадым ба?»- деді
Аударма: ҚМДБ
18:76
قَالَ إِن سَأَلۡتُكَ عَن شَيۡءِۭ بَعۡدَهَا فَلَا تُصَٰحِبۡنِيۖ قَدۡ بَلَغۡتَ مِن لَّدُنِّي عُذۡرٗا
“Егер бұдан кейін бір нәрсе сұрасам, тіпті мені жолдас қылма. Рас менен саған сылтау табылды” деді
Аударма: Халифа Алтай
Мұса / : «Егер бұдан кейін сенен бір нәрсе сұрасам, мені өзіңе серік етпей-ақ қой. Менің алдын сұраған кешірімімді қабыл еткен едің»
Аударма: ҚМДБ
18:77
فَٱنطَلَقَا حَتَّىٰٓ إِذَآ أَتَيَآ أَهۡلَ قَرۡيَةٍ ٱسۡتَطۡعَمَآ أَهۡلَهَا فَأَبَوۡاْ أَن يُضَيِّفُوهُمَا فَوَجَدَا فِيهَا جِدَارٗا يُرِيدُ أَن يَنقَضَّ فَأَقَامَهُۥۖ قَالَ لَوۡ شِئۡتَ لَتَّخَذۡتَ عَلَيۡهِ أَجۡرٗا
Сонда екеуі тағы жүріп, бір Кент халқына барып, тұрғындарынан тамақ сұрады. Олар, екеуін қонақ қылудан бас тартты. Сонда екеуі, ол жердегі жығылғалы тұрған тамды көріп; оны жөндеді. (Мұса Ғ.С.): “Егер қаласаң, бұған жалақы алар едің” деді
Аударма: Халифа Алтай
Сөйтіп олар жолға шықты. Бір ауылдың тұрғындарына келген кезде, олардан тамақ сұрады. Ал, олар, екеуін қонақ етуден бас тартты. Екеуі сол жердегі құлағалы тұрған бір дуалды көрді. Сонда ол / Хидр / оны тұрғызып қойды. / Мұса / : «Егер қаласаң, бұл үшін ақы алар едің»,- деді
Аударма: ҚМДБ
18:78
قَالَ هَٰذَا فِرَاقُ بَيۡنِي وَبَيۡنِكَۚ سَأُنَبِّئُكَ بِتَأۡوِيلِ مَا لَمۡ تَسۡتَطِع عَّلَيۡهِ صَبۡرًا
“Міне осы, мені мен сен екеуміздің арамыздың айрылуы. Ал енді саған сабыр ете алмаған нәрселеріңнің сырын айтайын” деді
Аударма: Халифа Алтай
Хидр / : «Міне, мені мен сен екеуміздің арамыздың айрылуы - осы. Енді саған өзің сабыр ете алмаған жайттардың мән-жайынан хабар берейін
Аударма: ҚМДБ
18:79
أَمَّا ٱلسَّفِينَةُ فَكَانَتۡ لِمَسَٰكِينَ يَعۡمَلُونَ فِي ٱلۡبَحۡرِ فَأَرَدتُّ أَنۡ أَعِيبَهَا وَكَانَ وَرَآءَهُم مَّلِكٞ يَأۡخُذُ كُلَّ سَفِينَةٍ غَصۡبٗا
“Кеме теңізде кәсіп істеген кембағалдардікі еді. Оны ақаулы еткім келді. Өйкені, ар жақтарында, әр (мықты) кемені тартып алатын патша бар еді”
Аударма: Халифа Алтай
Кемеге қатысты, ол теңізде кәсіп ететін кедейлердікі еді. Мен оған бір нұқсан келтіргім келді, өйткені, олардың алдында әрбір / жарамды / кемені тартып алушы бір патша бар еді
Аударма: ҚМДБ
18:80
وَأَمَّا ٱلۡغُلَٰمُ فَكَانَ أَبَوَاهُ مُؤۡمِنَيۡنِ فَخَشِينَآ أَن يُرۡهِقَهُمَا طُغۡيَٰنٗا وَكُفۡرٗا
“Ал баланың мүмін әке-шешесі бар еді. Оның, әке-шешесін бас тарттыруға, қарсылыққа зорлауынан қорықтық”
Аударма: Халифа Алтай
Ал балаға келсек, оның ата-анасы иманды адамдар еді. Біз оның ол екеуін / ата-анасын / шектен шығуға және күпірлікке / Аллаһқа қарсы келуге! итермелеуін / Аллаһтың білдіруімен / біліп, қауіп еттік»
Аударма: ҚМДБ
18:81
فَأَرَدۡنَآ أَن يُبۡدِلَهُمَا رَبُّهُمَا خَيۡرٗا مِّنۡهُ زَكَوٰةٗ وَأَقۡرَبَ رُحۡمٗا
“Раббылары, оның орнына өздеріне одан тағы таза, тағы мәрхаметті бір бала беруін қаладық”
Аударма: Халифа Алтай
Сондықтан Раббысы оларға, оны тазалықта одан жақсы және мейірімділікте одан жақынмен / перзентпен / ауыстыруын қаладық
Аударма: ҚМДБ
18:82
وَأَمَّا ٱلۡجِدَارُ فَكَانَ لِغُلَٰمَيۡنِ يَتِيمَيۡنِ فِي ٱلۡمَدِينَةِ وَكَانَ تَحۡتَهُۥ كَنزٞ لَّهُمَا وَكَانَ أَبُوهُمَا صَٰلِحٗا فَأَرَادَ رَبُّكَ أَن يَبۡلُغَآ أَشُدَّهُمَا وَيَسۡتَخۡرِجَا كَنزَهُمَا رَحۡمَةٗ مِّن رَّبِّكَۚ وَمَا فَعَلۡتُهُۥ عَنۡ أَمۡرِيۚ ذَٰلِكَ تَأۡوِيلُ مَا لَمۡ تَسۡطِع عَّلَيۡهِ صَبۡرٗا
“Ал енді там; бұл қаладағы екі жетім баланікі болып, оның астында ол екеуіне тән қазына бар еді. Сондай-ақ әке-шешелері түзу кісі болғандықтан Раббың, ол екеуі ержетіп, қазыналарын шығарып алуын қалады. Бұл Раббыңнан бір мәрхамет еді. Сондай-ақ бұны мен өздігімнен істемедім. Міне осы, сенің сабыр ете алмаған істерің”
Аударма: Халифа Алтай
Ал, дуал болса сол қаладағы екі жетім баланікі еді. Оның астында оларға тиісті қазына бар. Олардың әкесі ізгі кісі еді, сөйтіп Раббың, ол екеуінің ержетіп, Раббыңның мейірімімен қазыналарын шығарып алуын қалады. Мен мұны өз шешіміммен / өздігімнен / істеген жоқпын. Міне осы, сенің сабыр ете алмаған істердің мән-жайы»
Аударма: ҚМДБ
18:83
وَيَسۡـَٔلُونَكَ عَن ذِي ٱلۡقَرۡنَيۡنِۖ قُلۡ سَأَتۡلُواْ عَلَيۡكُم مِّنۡهُ ذِكۡرًا
(Мұхаммед Ғ.С.) олар сенен Зұлқарнайынды сұрайды: “Сендерге оның жайын түсіндірейін” де. (Бұл Зұлқарнайын “екі мүйізді” деген ұғымда. Екі тұлымы немесе тажында екі мүйізі болғандықтан атанған. Аты, Ескендер, пайғамбар емес. Батыс, шығысты кезген; Рұм, фарсы делінген т.б. рауаяттар бар. Ж.Б.М.К.Р)
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Әрі олар сенен Зұлқарнайын жайында сұрайды. Айт: «Сендерге одан / оған қатысты / бір хабар оқып беремін», - деп
Аударма: ҚМДБ
18:84
إِنَّا مَكَّنَّا لَهُۥ فِي ٱلۡأَرۡضِ وَءَاتَيۡنَٰهُ مِن كُلِّ شَيۡءٖ سَبَبٗا
Негізінде Зұлқарнайынды жер жүзінде күшке ие қылдық. Өзіне әр істе қолайлық бердік
Аударма: Халифа Алтай
Анығында, Біз оны жерде мықты етіп нығайттық және оған барлық нәрсеге / жетуге! мүмкіндік бердік
Аударма: ҚМДБ
18:85
فَأَتۡبَعَ سَبَبًا
О да бір шара қолданды
Аударма: Халифа Алтай
Сөйтіп ол бір жолға түсті
Аударма: ҚМДБ
18:86
حَتَّىٰٓ إِذَا بَلَغَ مَغۡرِبَ ٱلشَّمۡسِ وَجَدَهَا تَغۡرُبُ فِي عَيۡنٍ حَمِئَةٖ وَوَجَدَ عِندَهَا قَوۡمٗاۖ قُلۡنَا يَٰذَا ٱلۡقَرۡنَيۡنِ إِمَّآ أَن تُعَذِّبَ وَإِمَّآ أَن تَتَّخِذَ فِيهِمۡ حُسۡنٗا
Тіпті күн бататын жерге жеткен сәтте, оны қара балшықты бұлаққа батқан түрде көрді. Сондай-ақ сол маңнан бір ел тапты. “Әй Зұлқарнайын, не (ол елді) азаптарсың немесе оларға жақсылық істерсің” дедік
Аударма: Халифа Алтай
Күн бататын жаққа жеткенде, оны лайлы су көзіне батып бара жатқан түрде көрді. Әрі оның қасында бір елді тапты. Біз: «Ей, Зұлқарнайын, не жазалайсың, не болмаса оларға қатысты жақсылық ұстанасың», - дедік
Аударма: ҚМДБ
18:87
قَالَ أَمَّا مَن ظَلَمَ فَسَوۡفَ نُعَذِّبُهُۥ ثُمَّ يُرَدُّ إِلَىٰ رَبِّهِۦ فَيُعَذِّبُهُۥ عَذَابٗا نُّكۡرٗا
Оларға: “Енді кім зұлымдық қылса, оны жазаландырамыз. Сосын Раббына айдалып, Рабы оған қатты жаза береді” деді
Аударма: Халифа Алтай
Ол: «Кім әділетсіздік ететін болса, оны жазалаймыз, кейін ол Раббысына қайтарылып, Ол оны қатты азаппен жазалайды
Аударма: ҚМДБ
18:88
وَأَمَّا مَنۡ ءَامَنَ وَعَمِلَ صَٰلِحٗا فَلَهُۥ جَزَآءً ٱلۡحُسۡنَىٰۖ وَسَنَقُولُ لَهُۥ مِنۡ أَمۡرِنَا يُسۡرٗا
“Ал енді кім иман келтіріп, түзу іс істесе, оған жақсы сыйлық бар. Сондай-ақ жеңіл іс бұйырамыз”
Аударма: Халифа Алтай
Ал кім иманға келсе және ізгі амал істесе, оған көркем қайтарым сый беріледі. Әрі оған істеріміздің жеңілін айтамыз», - деді
Аударма: ҚМДБ
18:89
ثُمَّ أَتۡبَعَ سَبَبًا
Бұдан кейін (шығысқа қарай) шара қолданды
Аударма: Халифа Алтай
Содан кейін ол бір жолға түсіп
Аударма: ҚМДБ
18:90
حَتَّىٰٓ إِذَا بَلَغَ مَطۡلِعَ ٱلشَّمۡسِ وَجَدَهَا تَطۡلُعُ عَلَىٰ قَوۡمٖ لَّمۡ نَجۡعَل لَّهُم مِّن دُونِهَا سِتۡرٗا
Тіпті күн шығатын жерге жеткен кезде, оның бір елдің үстінде туғанын көрді. Ол елге күннен өзге перде жасамаған едік. (Баспаналары, киімдері жоқ еді)
Аударма: Халифа Алтай
күн шығатын жаққа жеткенде, оны, бір елдің үстінен шыққан түрде тапты. Біз оларға одан / күннен / пана болатын еш нәрсе жасамадық
Аударма: ҚМДБ
18:91
كَذَٰلِكَۖ وَقَدۡ أَحَطۡنَا بِمَا لَدَيۡهِ خُبۡرٗا
Осындай еді. Расында оның не істегенін толық білеміз
Аударма: Халифа Алтай
Осылай болды! Біз онымен / Зұлқарнайынмен / болған нәрсенің бәрін біліммен қамтыдық
Аударма: ҚМДБ
18:92
ثُمَّ أَتۡبَعَ سَبَبًا
Содан кейін тағы да бір шара қолданды
Аударма: Халифа Алтай
Содан кейін ол / тағы да / бір жолға түсті
Аударма: ҚМДБ
18:93
حَتَّىٰٓ إِذَا بَلَغَ بَيۡنَ ٱلسَّدَّيۡنِ وَجَدَ مِن دُونِهِمَا قَوۡمٗا لَّا يَكَادُونَ يَفۡقَهُونَ قَوۡلٗا
Тіпті екі таудың арасына жеткен кезде, сөзді түсіне алмайтын бір ел тапты
Аударма: Халифа Алтай
Ол екі / тау / бөгетінің арасына жеткен кезде, олардың арасынан сөзді / өзге тілді / түсінбейтін бір елді кездестірді
Аударма: ҚМДБ
18:94
قَالُواْ يَٰذَا ٱلۡقَرۡنَيۡنِ إِنَّ يَأۡجُوجَ وَمَأۡجُوجَ مُفۡسِدُونَ فِي ٱلۡأَرۡضِ فَهَلۡ نَجۡعَلُ لَكَ خَرۡجًا عَلَىٰٓ أَن تَجۡعَلَ بَيۡنَنَا وَبَيۡنَهُمۡ سَدّٗا
Олар: “Әй Зұлқарнайын! Яжұж, Мажұж бұл жерде бұзақылық істеуде. Саған салық төлесек, олар мен біздің арамызға бір бөгет жасайсың ба?” деді. (Бұл; Азербайжан таулары. Яжұж, Мажұж; Япас ұрпағынан болған бір бұзақы ел. Ж.Б.Р.К.М.Х)
Аударма: Халифа Алтай
Олар: «Ей, Зұлқарнайын! Яжұж бен Мажұж бұл жерде бұзғыншылық істеп жатыр. Біз бен олардың арасына бір бөгет жасауың үшін саған төлем / салық / жинап берейік пе?» - деді
Аударма: ҚМДБ
18:95
قَالَ مَا مَكَّنِّي فِيهِ رَبِّي خَيۡرٞ فَأَعِينُونِي بِقُوَّةٍ أَجۡعَلۡ بَيۡنَكُمۡ وَبَيۡنَهُمۡ رَدۡمًا
Зұлқарнайын: “Раббымның маған бергені бес артық. Сендер маған күш көмегін қылыңдар да сендер мен олардың арасына бір бөгет жасайын” деді
Аударма: Халифа Алтай
Ол: «Раббымның маған бергені одан қайырлы. Сендер маған өз күштеріңмен көмектесіңдер, мен сендер мен олардың арасына бір бөгет жасаймын
Аударма: ҚМДБ
18:96
ءَاتُونِي زُبَرَ ٱلۡحَدِيدِۖ حَتَّىٰٓ إِذَا سَاوَىٰ بَيۡنَ ٱلصَّدَفَيۡنِ قَالَ ٱنفُخُواْۖ حَتَّىٰٓ إِذَا جَعَلَهُۥ نَارٗا قَالَ ءَاتُونِيٓ أُفۡرِغۡ عَلَيۡهِ قِطۡرٗا
“Маған темір тақтайлар әкеліңдер” деді. Екі беттің арасы теңелген кезде: “Көріктеңдер” деді. Ол от болған сәтте: “Маған еріген мыс әкеліңдер, үстіне құяйын” деді
Аударма: Халифа Алтай
Маған темір бөліктерін әкеліңдер», деді. Екі қапталдың арасын толтырған кезде: «Көрік басып үрлеңдер», - деді. Оны отқа айналдырған кезде: «Маған балқытылған мысты беріңдер, оның үстіне құямын»,- деді
Аударма: ҚМДБ
18:97
فَمَا ٱسۡطَٰعُوٓاْ أَن يَظۡهَرُوهُ وَمَا ٱسۡتَطَٰعُواْ لَهُۥ نَقۡبٗا
Сонда олар, оны аса алмады да тесе алмады…
Аударма: Халифа Алтай
Сонда олар / Яжұж бен Мажұж / , оған шыға алмады әрі оны тесіп те өте алмады
Аударма: ҚМДБ
18:98
قَالَ هَٰذَا رَحۡمَةٞ مِّن رَّبِّيۖ فَإِذَا جَآءَ وَعۡدُ رَبِّي جَعَلَهُۥ دَكَّآءَۖ وَكَانَ وَعۡدُ رَبِّي حَقّٗا
(Зұлқарнайын): “Бұл Раббымнан бір мәрхамет. Қашан Раббымның уәдесі (қиямет) келсе, оны жермен-жексен қылады. Сондай-ақ Раббымның уәдесі хақ” деді
Аударма: Халифа Алтай
Ол / Зұлқарнайын / : «Бұл - Раббымнан бір мейірім. Раббымның уәдесі келгенде, оны жермен-жексен етеді. Раббымның уәдесі шындыққа айналады»,- деді
Аударма: ҚМДБ
18:99
۞وَتَرَكۡنَا بَعۡضَهُمۡ يَوۡمَئِذٖ يَمُوجُ فِي بَعۡضٖۖ وَنُفِخَ فِي ٱلصُّورِ فَجَمَعۡنَٰهُمۡ جَمۡعٗا
Қиямет күні, оларды бір-біріне қосылған түрде қоямыз да Сұр үріліп, оларды тұтас жинаймыз
Аударма: Халифа Алтай
Сол күні Біз оларды бір-бірімен / лек-легімен / араласқан түрде қоямыз. Әрі сүр үріліп, Біз олардың барлығын жинаймыз
Аударма: ҚМДБ
18:100
وَعَرَضۡنَا جَهَنَّمَ يَوۡمَئِذٖ لِّلۡكَٰفِرِينَ عَرۡضًا
Ол күні тозақты кәпірлерге ақын көрсетеміз
Аударма: Халифа Алтай
Сол күні кәпірлерге тозақты анық көрсетеміз
Аударма: ҚМДБ
18:101
ٱلَّذِينَ كَانَتۡ أَعۡيُنُهُمۡ فِي غِطَآءٍ عَن ذِكۡرِي وَكَانُواْ لَا يَسۡتَطِيعُونَ سَمۡعًا
Олар насихатымнан көздері перделі және құлақтары ести алмайтындар
Аударма: Халифа Алтай
солар, көздері Менің еске салуымнан перделенгендер және оны ести алмайтындар
Аударма: ҚМДБ
18:102
أَفَحَسِبَ ٱلَّذِينَ كَفَرُوٓاْ أَن يَتَّخِذُواْ عِبَادِي مِن دُونِيٓ أَوۡلِيَآءَۚ إِنَّآ أَعۡتَدۡنَا جَهَنَّمَ لِلۡكَٰفِرِينَ نُزُلٗا
Кәпірлер, Мені қойып құлдарымды ие етуді ойлай ма? Расында тозақты, кәпірлерге қонақ үй етіп, әзірледік
Аударма: Халифа Алтай
Сол күпірлік етушілер / Раббысына серік қосушылар / Менің орныма құлдарымды қамқоршылар етіп алуды ойлады ма? Анығында, Біз, Жаһаннамды кәпірлер үшін тұрақ етіп әзірледік
Аударма: ҚМДБ
18:103
قُلۡ هَلۡ نُنَبِّئُكُم بِٱلۡأَخۡسَرِينَ أَعۡمَٰلًا
(Мұхаммед Ғ.С.): “Сендерге қылығы бойынша зиянға ұшыраушылардың хабарын берейін бе?”, - де
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Сендерге амалдарында ең көп зиян табатындар туралы хабарлайық па
Аударма: ҚМДБ
18:104
ٱلَّذِينَ ضَلَّ سَعۡيُهُمۡ فِي ٱلۡحَيَوٰةِ ٱلدُّنۡيَا وَهُمۡ يَحۡسَبُونَ أَنَّهُمۡ يُحۡسِنُونَ صُنۡعًا
Олар дүниедегі еңбектері зая кеткендер. Өздері болса: “Рас жақсы іс істедік” деп ойлайды
Аударма: Халифа Алтай
сондай, осы өмірдегі әрекет-ұмтылыстары адасып / жоқ болып / , ал өздері жақсы іс жасап жүрміз деп ойлайтындар / жайлы / », - деп
Аударма: ҚМДБ
18:105
أُوْلَـٰٓئِكَ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ بِـَٔايَٰتِ رَبِّهِمۡ وَلِقَآئِهِۦ فَحَبِطَتۡ أَعۡمَٰلُهُمۡ فَلَا نُقِيمُ لَهُمۡ يَوۡمَ ٱلۡقِيَٰمَةِ وَزۡنٗا
Міне олар, Раббыларының аяттарына әрі Раббыларына жолығуға қарсы келгендер. Сондықтан еңбектері еш болған. Сонда оларға қиямет күні еш мән бермейміз
Аударма: Халифа Алтай
Міне, солар - Раббысының аят-белгілеріне әрі Оған кездесетініне күпірлік еткендер / сенбегендер / . Олардың амалдары босқа кетіп, Қайта тірілу күні оларға салмақ бермейміз
Аударма: ҚМДБ
18:106
ذَٰلِكَ جَزَآؤُهُمۡ جَهَنَّمُ بِمَا كَفَرُواْ وَٱتَّخَذُوٓاْ ءَايَٰتِي وَرُسُلِي هُزُوًا
Олар қарсы келіп, аяттарымызды, елшілерімізді тәлкекке алғандықтары себепті жазалары тозақ
Аударма: Халифа Алтай
Күпірлік еткендіктері / қарсы келгендіктері, мойындамағандықтары / және Менің аят-белгілерім мен елшілерімді келеке еткендіктері үшін олардың қайтарым жазасы - Жаһаннам
Аударма: ҚМДБ
18:107
إِنَّ ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَعَمِلُواْ ٱلصَّـٰلِحَٰتِ كَانَتۡ لَهُمۡ جَنَّـٰتُ ٱلۡفِرۡدَوۡسِ نُزُلًا
Расында иман келтіріп, түзу іс істегендер үшін Пердәуіс жаннаты, қонақ үй болады
Аударма: Халифа Алтай
Күмәнсіз, иманға келген және ізгі амал істегендер үшін, олардың мекені Фирдаус / жәннатының / бақтары болады
Аударма: ҚМДБ
18:108
خَٰلِدِينَ فِيهَا لَا يَبۡغُونَ عَنۡهَا حِوَلٗا
Олар онда мәңгі қалады да өздері одан ауысуды қаламайды
Аударма: Халифа Алтай
Олар онда мәңгі қалып, одан / өзге жаққа / ауысуды қаламайды
Аударма: ҚМДБ
18:109
قُل لَّوۡ كَانَ ٱلۡبَحۡرُ مِدَادٗا لِّكَلِمَٰتِ رَبِّي لَنَفِدَ ٱلۡبَحۡرُ قَبۡلَ أَن تَنفَدَ كَلِمَٰتُ رَبِّي وَلَوۡ جِئۡنَا بِمِثۡلِهِۦ مَدَدٗا
(Мұхаммед Ғ.С.): “Егер Раббымның сөздері (жазылу) үшін теңіз сия болса, тағы бір сондайды көмекке әкелсек те, әлбетте Раббымның сөздері таусылудан бұрын теңіз таусылар еді” де
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед / / Айт: «Егер де теңіз Раббымның сөздерін / жазатын / сия болғанда, тіпті тағы қосымша сол секілдіні әкелсек те Раббымның сөздері таусылудан бұрын теңіз таусылар еді»,- деп
Аударма: ҚМДБ
18:110
قُلۡ إِنَّمَآ أَنَا۠ بَشَرٞ مِّثۡلُكُمۡ يُوحَىٰٓ إِلَيَّ أَنَّمَآ إِلَٰهُكُمۡ إِلَٰهٞ وَٰحِدٞۖ فَمَن كَانَ يَرۡجُواْ لِقَآءَ رَبِّهِۦ فَلۡيَعۡمَلۡ عَمَلٗا صَٰلِحٗا وَلَا يُشۡرِكۡ بِعِبَادَةِ رَبِّهِۦٓ أَحَدَۢا
“Шынында мен де сендер сияқты адаммын. Маған Тәңірлерің бір-ақ Тәңір екендігі уәһи етілуде. Сондай-ақ кім Раббына жолығуды үміт етсе, сонда түзу іс істеп, Раббына істеген құлшылығында; Оған ешкімді ортақ етпесін” де
Аударма: Халифа Алтай
Айт: «Анығында, мен де сендер секілді адаммын. Маған: «Сендердің құдайларың - жалғыз құдай», - деп уахи етілді. Кім Раббысына жолығуды үміт етсе, ізгі амал істесін және Раббысына құлшылық етуде Оған ешкімді серік етіп қоспасын»,- деп
Аударма: ҚМДБ
← Аль-ИсраБарлық сүрелерМарьям →

Аль-Кахф сүресі туралы

Аль-Кахф (الكهف) — Құранның 18-сүресі, 110 аят, меккелік сүре, 15-жүз, мысхафтың 293-бетінен басталады. Бетте: Осман қарпіндегі араб мәтіні және Халифа Алтайдың қазақша мағыналық аудармасы мен ҚМДБ аудармасы. Аудио, транскрипция, тәпсір және 67 тілдегі аударма — толық нұсқада.

Барлық 114 сүре · Намаз уақыты · Іздеу