QORAN.kz › Сүрелер › Марьям
Марьям مريم · 98 аят · меккелік
19:1 كٓهيعٓصٓ
Кәф. Һә. Йа. Аин. Сад
Аударма: Халифа Алтай
Кәф, Ха, Йа, 'Айн, Сад
Аударма: ҚМДБ
19:2 ذِكۡرُ رَحۡمَتِ رَبِّكَ عَبۡدَهُۥ زَكَرِيَّآ
(Мұхаммед Ғ.С.) Бұл Раббыңның құлы Зәкеря (Ғ.С.) ға мәрхаметінің естелігі
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Бұл - Раббыңның Өз құлы Зәкәрияға / жасаған / игілігін еске салуы
Аударма: ҚМДБ
19:3 إِذۡ نَادَىٰ رَبَّهُۥ نِدَآءً خَفِيّٗا
Ал бір заманда ол, Раббына қүпия дауыспен жалбарынған еді
Аударма: Халифа Алтай
Міне, кезінде ол Раббысына / өзгелерден / жасырын түрде жалбарынды
Аударма: ҚМДБ
19:4 قَالَ رَبِّ إِنِّي وَهَنَ ٱلۡعَظۡمُ مِنِّي وَٱشۡتَعَلَ ٱلرَّأۡسُ شَيۡبٗا وَلَمۡ أَكُنۢ بِدُعَآئِكَ رَبِّ شَقِيّٗا
Раббым! Сүйегім қаусап, басым ағарған. Дегенмен саған қойған тілегім, босқа кетпеген еді" деді
Аударма: Халифа Алтай
Ол: «Раббым! Менің сүйегім қаусады, басымды ақ шалды. Раббым! Саған дұға еткенімде бақытсыз болған жоқ едім
Аударма: ҚМДБ
19:5 وَإِنِّي خِفۡتُ ٱلۡمَوَٰلِيَ مِن وَرَآءِي وَكَانَتِ ٱمۡرَأَتِي عَاقِرٗا فَهَبۡ لِي مِن لَّدُنكَ وَلِيّٗا
Шынында мен өзімнен кейінгі жақындарымнан (мұрагер бола алмайды деп) қорқамын. Сондай-ақ жұбайым кемпір. Сонда да маған өз қасыңнан бір мұрагер бере көр
Аударма: Халифа Алтай
Мен артымда қалатын ағайындарымнан қорқамын / қауіптемін / . Әйелім бедеу. Маған өз қасыңнан бір мұрагер бере гөр
Аударма: ҚМДБ
19:6 يَرِثُنِي وَيَرِثُ مِنۡ ءَالِ يَعۡقُوبَۖ وَٱجۡعَلۡهُ رَبِّ رَضِيّٗا
Ол, маған да мұрагер болып, әрі Яғқұп ұрпағына да мұрагер болсын. Раббым оны ризалығыңа бөле
Аударма: Халифа Алтай
Маған да мұрагер әрі Яғқұптың әулетіне де мұрагер болатын. Раббым! Оны Өзің разы болатын / ізгілерден / ет», - деді
Аударма: ҚМДБ
19:7 يَٰزَكَرِيَّآ إِنَّا نُبَشِّرُكَ بِغُلَٰمٍ ٱسۡمُهُۥ يَحۡيَىٰ لَمۡ نَجۡعَل لَّهُۥ مِن قَبۡلُ سَمِيّٗا
(Алла): "Әй Зәкеря! Расында сені бір ұл арқылы қуантамыз. Аты Яхя. Бұрын оған ешкімді аттас қылмаған едік
Аударма: Халифа Алтай
«Ей, Зәкәрия! Біз сені ұлмен сүйіншілейміз, есімі Йахйа. Бұған дейін ешкімді ол секілді атамадық»
Аударма: ҚМДБ
19:8 قَالَ رَبِّ أَنَّىٰ يَكُونُ لِي غُلَٰمٞ وَكَانَتِ ٱمۡرَأَتِي عَاقِرٗا وَقَدۡ بَلَغۡتُ مِنَ ٱلۡكِبَرِ عِتِيّٗا
(Зәкеря): "Раббым! Менің ұлым қалайша болады! Жұбайым кемпір. Расында өзім де кәріліктен қурадым" деді
Аударма: Халифа Алтай
Зәкәрия / : «Раббым!? Әйелім бедеу, ал, өзім қатты қартайған болсам, менде қалай бала болмақ?» - деді
Аударма: ҚМДБ
19:9 قَالَ كَذَٰلِكَ قَالَ رَبُّكَ هُوَ عَلَيَّ هَيِّنٞ وَقَدۡ خَلَقۡتُكَ مِن قَبۡلُ وَلَمۡ تَكُ شَيۡـٔٗا
Міне солайша" деді. Бірақ Раббың: "Ол маған оңай. Өйткені, сені бұрын жаратқанымда дәнеңе емес едің" деді
Аударма: Халифа Алтай
Періште / : «Міне осылай. Раббың айтты: «Ол маған оңай. Сені, бұрын сен ешнәрсе болмағаныңда да жараттым», - деді
Аударма: ҚМДБ
19:10 قَالَ رَبِّ ٱجۡعَل لِّيٓ ءَايَةٗۖ قَالَ ءَايَتُكَ أَلَّا تُكَلِّمَ ٱلنَّاسَ ثَلَٰثَ لَيَالٖ سَوِيّٗا
Раббым маған бір белгі бер" деді. (Алла): "Сенің белгің: сап-сау бола тұра үш тәулік адамдармен сөйлесе алмайсың" деді
Аударма: Халифа Алтай
Зәкәрия / : «Раббым, маған бір белгі бер»,- деді. Ол: «Сенің белгің - сау бола тұра адамдарға қатарынан үш түн сөйлемеуің»,- деді
Аударма: ҚМДБ
19:11 فَخَرَجَ عَلَىٰ قَوۡمِهِۦ مِنَ ٱلۡمِحۡرَابِ فَأَوۡحَىٰٓ إِلَيۡهِمۡ أَن سَبِّحُواْ بُكۡرَةٗ وَعَشِيّٗا
Сонда (Зәкеря) михраптан шығып, қауымына: "Ертелі-кеш Алланы дәріптеңдер" деп нұсқады
Аударма: Халифа Алтай
Сөйтіп ол, құлшылық ететін орнынан қауымының алдына шығып, оларға: «Таңертең және кешке Аллаһты / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріптеңдер»,- деп / ишарамен / білдірді
Аударма: ҚМДБ
19:12 يَٰيَحۡيَىٰ خُذِ ٱلۡكِتَٰبَ بِقُوَّةٖۖ وَءَاتَيۡنَٰهُ ٱلۡحُكۡمَ صَبِيّٗا
Әй Яхя! Кітапты мықты үста" деп, сәбилігінде-ақ даналық берген едік
Аударма: Халифа Алтай
Оған / : «Ей, Йахйа! Кітапты мықтап ұста!» - дедік. Әрі Біз оған бала кезінен даналық бердік
Аударма: ҚМДБ
19:13 وَحَنَانٗا مِّن لَّدُنَّا وَزَكَوٰةٗۖ وَكَانَ تَقِيّٗا
Әрі оған өз қасымыздан мұлайымдық, кінәдан тазалық бердік. Өзі де тақуа еді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі оған Өз тарапымыздан мейірбандық пен тазалық бердік. Ол тақуа / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушы! еді
Аударма: ҚМДБ
19:14 وَبَرَّۢا بِوَٰلِدَيۡهِ وَلَمۡ يَكُن جَبَّارًا عَصِيّٗا
Әрі әке-шешесіне де мейірімді еді. Зоракер, күнәкар емес еді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі ол ата-анасына игілік істеуші болып, өктемшіл, бойсұнбаушы емес еді
Аударма: ҚМДБ
19:15 وَسَلَٰمٌ عَلَيۡهِ يَوۡمَ وُلِدَ وَيَوۡمَ يَمُوتُ وَيَوۡمَ يُبۡعَثُ حَيّٗا
Оған туылған күні, өлетін күні және тірі тұрғызылатын күні амандық болсын
Аударма: Халифа Алтай
Әрі оған туылған күні, қайтыс болатын күні және қайта тірілетін күні амандық болады
Аударма: ҚМДБ
19:16 وَٱذۡكُرۡ فِي ٱلۡكِتَٰبِ مَرۡيَمَ إِذِ ٱنتَبَذَتۡ مِنۡ أَهۡلِهَا مَكَانٗا شَرۡقِيّٗا
(Мұхаммед Ғ.С.) Құрандағы Мәрямды айтып бер. Сол уақытта ол, түрған үйінің шығыс жағындағы бір орынға жекеленіп барды
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Кітаптағы Мәриямды есіңе ал. Ол үйіндегілерден шығыс жақтағы бір орынға оңашаланып
Аударма: ҚМДБ
19:17 فَٱتَّخَذَتۡ مِن دُونِهِمۡ حِجَابٗا فَأَرۡسَلۡنَآ إِلَيۡهَا رُوحَنَا فَتَمَثَّلَ لَهَا بَشَرٗا سَوِيّٗا
Сонда олардың бер жағынан шымылдық ұстап қойған еді. Сондай-ақ оған рүхымызды (Жебірейілді) жібердік те ол, оған толық адам бейнесінде көрінді
Аударма: Халифа Алтай
олардан тосық артына тасаланып алды. Біз оған Рухымызды / Жәбірейілді / жібердік. Ол оған толыққанды адам бейнесінде көрінді
Аударма: ҚМДБ
19:18 قَالَتۡ إِنِّيٓ أَعُوذُ بِٱلرَّحۡمَٰنِ مِنكَ إِن كُنتَ تَقِيّٗا
(Мәрям): "Егер сен тақуа болсаң да сенен Аллаға сиынамын" деді
Аударма: Халифа Алтай
Мэриям / :«Мен әр-Рахманға / аса Мейірімдіге / сиынып, сенен қорғауын сұраймын. Егер Аллаһқа бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушы / тақуа / болсаң / тиіспе / », -деді
Аударма: ҚМДБ
19:19 قَالَ إِنَّمَآ أَنَا۠ رَسُولُ رَبِّكِ لِأَهَبَ لَكِ غُلَٰمٗا زَكِيّٗا
(Рүх): "Мен саған бір таза бала беруге жіберілген Раббыңның елшісімін" деді
Аударма: Халифа Алтай
Періште / : «Анығында мен саған бір таза бала сыйлау үшін Раббыңның жіберген Елшісімін», - деді
Аударма: ҚМДБ
19:20 قَالَتۡ أَنَّىٰ يَكُونُ لِي غُلَٰمٞ وَلَمۡ يَمۡسَسۡنِي بَشَرٞ وَلَمۡ أَكُ بَغِيّٗا
Мәрям: "Маған бір адам жүғыспаса, маған қалайша бала болады? Сондай-ақ суық жолда болмасам" деді
Аударма: Халифа Алтай
Мәриям / : «Маған ешбір адам жақындамаған болса және мен жеңіл жүрісті болмасам, менде қалай бала болмақ?» - деді
Аударма: ҚМДБ
19:21 قَالَ كَذَٰلِكِ قَالَ رَبُّكِ هُوَ عَلَيَّ هَيِّنٞۖ وَلِنَجۡعَلَهُۥٓ ءَايَةٗ لِّلنَّاسِ وَرَحۡمَةٗ مِّنَّاۚ وَكَانَ أَمۡرٗا مَّقۡضِيّٗا
(Жебірейіл Ғ.С.): "Ол, солайша" деді. Өйткені, Раббың: "Бұл Маған оңай. Мен тараптан адам баласына бір үлгі әрі бір мәрхамет. Бұл біткен бір іс еді" деді
Аударма: Халифа Алтай
Періште / : «Міне осылай. Раббың: «Бұл Маған оңай. Оны адамдар үшін Бізден бір белгі / мұғжиза / және мейірім етеміз. Бүл - шешіліп қойылған іс», - деп айтты»,- деді
Аударма: ҚМДБ
19:22 ۞فَحَمَلَتۡهُ فَٱنتَبَذَتۡ بِهِۦ مَكَانٗا قَصِيّٗا
Мәрям; ол балаға жүкті болып, соныменен ұзақ бір жерге кетті
Аударма: Халифа Алтай
Сөйтіп, ол оған жүкті болып, онымен / кұрсағындағымен / алыс бір орынға барып оңашаланды
Аударма: ҚМДБ
19:23 فَأَجَآءَهَا ٱلۡمَخَاضُ إِلَىٰ جِذۡعِ ٱلنَّخۡلَةِ قَالَتۡ يَٰلَيۡتَنِي مِتُّ قَبۡلَ هَٰذَا وَكُنتُ نَسۡيٗا مَّنسِيّٗا
Сонда оны толғақ қысып, құрма ағашының түбіне барды да: "Әттең-ай! Мен бұдан бұрын өліп қана мүлде ұмытылып кеткен болсам еді" деді
Аударма: Халифа Алтай
Сонда, толғақ оны бір құрма ағашының діңіне алып келді. Ол: «Қап, бұдан бұрын өліп кетсем әрі мүлдем ұмытылған болсам еді», - деді
Аударма: ҚМДБ
19:24 فَنَادَىٰهَا مِن تَحۡتِهَآ أَلَّا تَحۡزَنِي قَدۡ جَعَلَ رَبُّكِ تَحۡتَكِ سَرِيّٗا
(Періште) оның астынғы жағынан: "Кейіме, Раббың астыңнан бір бұлақ жаратты" деп дабыстады
Аударма: Халифа Алтай
Періште / оған төменгі жақтан үн қатып: «Қайғырма! Раббың аяқ астыңнан бастау ағызды
Аударма: ҚМДБ
19:25 وَهُزِّيٓ إِلَيۡكِ بِجِذۡعِ ٱلنَّخۡلَةِ تُسَٰقِطۡ عَلَيۡكِ رُطَبٗا جَنِيّٗا
Құрманың бұтағын өзіңе қарай сілк. Саған жас құрма түседі" (деген үн келді)
Аударма: Халифа Алтай
Құрманың діңін өзіңе қарай сілкі. Саған жаңа піскен кұрма түседі
Аударма: ҚМДБ
19:26 فَكُلِي وَٱشۡرَبِي وَقَرِّي عَيۡنٗاۖ فَإِمَّا تَرَيِنَّ مِنَ ٱلۡبَشَرِ أَحَدٗا فَقُولِيٓ إِنِّي نَذَرۡتُ لِلرَّحۡمَٰنِ صَوۡمٗا فَلَنۡ أُكَلِّمَ ٱلۡيَوۡمَ إِنسِيّٗا
Ал енді же де іш. Көз айым бол.! Егер адамдардан біреу көрсең: "Аса қамқор Алла үшін ораза атадым. Сондықтан бүгін еш адаммен сөйлеспеймін" де
Аударма: Халифа Алтай
Құрмадан / же, су іш әрі тыныштыққа болен! Егер адамдардан біреуді көрсең: «Мен әр-Рахман / аса Мейірімді / үшін ауыз бекітуге нәзір атадым. Енді бүгін ешбір адаммен сөйлеспеймін», - деп айт»,- деді
Аударма: ҚМДБ
19:27 فَأَتَتۡ بِهِۦ قَوۡمَهَا تَحۡمِلُهُۥۖ قَالُواْ يَٰمَرۡيَمُ لَقَدۡ جِئۡتِ شَيۡـٔٗا فَرِيّٗا
Сонда баланы кетеріп еліне келді. Олар: "Әй Мәрям! Расында сен өрескел бір нәрсе келтірдің" деді
Аударма: Халифа Алтай
Ол оны көтеріп еліне келді. Олар: «Ей, Мэриям! Сен шошынарлық нәрсе келтірдің
Аударма: ҚМДБ
19:28 يَـٰٓأُخۡتَ هَٰرُونَ مَا كَانَ أَبُوكِ ٱمۡرَأَ سَوۡءٖ وَمَا كَانَتۡ أُمُّكِ بَغِيّٗا
Әй һарұнның қарындасы! (Сонымен рулас қыз.) Әкең де жаман кісі емес, шешең де жаман жолда емес еді
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Һарұнның қарындасы! Әкең жаман кісі емес еді, әрі анаң да теріс жолда емес еді»,-деді
Аударма: ҚМДБ
19:29 فَأَشَارَتۡ إِلَيۡهِۖ قَالُواْ كَيۡفَ نُكَلِّمُ مَن كَانَ فِي ٱلۡمَهۡدِ صَبِيّٗا
Мәрям баланы көрсетті. Олар: "Бесіктегі бір бөбекпен қайтып сөйлесеміз?",- деді
Аударма: Халифа Алтай
Сонда ол оған / балаға / меңзеді. Олар: «Біз құндақтағы нәрестемен қайтып сөйлесеміз?» - деді
Аударма: ҚМДБ
19:30 قَالَ إِنِّي عَبۡدُ ٱللَّهِ ءَاتَىٰنِيَ ٱلۡكِتَٰبَ وَجَعَلَنِي نَبِيّٗا
(Бала): "Рас мен Алланың құлымын. Маған кітап беріп, пайғамбар кылды" деді
Аударма: Халифа Алтай
Иса / : «Мен - Аллаһтың құлымын. Ол маған Кітапты берді әрі мені Пайғамбар етті
Аударма: ҚМДБ
19:31 وَجَعَلَنِي مُبَارَكًا أَيۡنَ مَا كُنتُ وَأَوۡصَٰنِي بِٱلصَّلَوٰةِ وَٱلزَّكَوٰةِ مَا دُمۡتُ حَيّٗا
Сондай-ақ мені кайда болсам да құтты етті де, тіршілігім бойынша намазды, зекетті орындауға бұйырды
Аударма: Халифа Алтай
Әрі қайда болсам да мені берекелі етті. Өмір сүріп тұрған кезімде намазды және зекетті / өтеуді / бұйырды
Аударма: ҚМДБ
19:32 وَبَرَّۢا بِوَٰلِدَتِي وَلَمۡ يَجۡعَلۡنِي جَبَّارٗا شَقِيّٗا
(Мені) шешеме мейірімді етіп, бір зоракер және қиқар қылмады
Аударма: Халифа Алтай
Әрі анама игілік етуші / перзент / етті және мені өктемшіл, бақытсыз етпеді
Аударма: ҚМДБ
19:33 وَٱلسَّلَٰمُ عَلَيَّ يَوۡمَ وُلِدتُّ وَيَوۡمَ أَمُوتُ وَيَوۡمَ أُبۡعَثُ حَيّٗا
Маған туылған күнімде, өлер күнімде және тірілтіліп, тұрғызылатын күнім де амандық болады
Аударма: Халифа Алтай
Әрі маған, мен туылған күні, қайтыс болатын күні және қайта тірілетін күні амандық / болады / », - деді
Аударма: ҚМДБ
19:34 ذَٰلِكَ عِيسَى ٱبۡنُ مَرۡيَمَۖ قَوۡلَ ٱلۡحَقِّ ٱلَّذِي فِيهِ يَمۡتَرُونَ
Міне осы: Олар шүбәланған Мәрям ұлы Ғиса (Ғ.С) жайындағы Алланың хақ сөзі
Аударма: Халифа Алтай
Міне бұл - олар күмәнданып, тартысатын Мәриямның ұлы Иса жайлы хақ сөз
Аударма: ҚМДБ
19:35 مَا كَانَ لِلَّهِ أَن يَتَّخِذَ مِن وَلَدٖۖ سُبۡحَٰنَهُۥٓۚ إِذَا قَضَىٰٓ أَمۡرٗا فَإِنَّمَا يَقُولُ لَهُۥ كُن فَيَكُونُ
Алланың баласы болуы мүмкін емес. Алла (Т.) одан мүлде пәк. Ол, бір істің болуын қаласа, тек қана оған "бол" дейді. Сонда ол, бола қалады
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһтың бала иемденуі мүмкін емес. Ол - / барлық кемшіліктен / пәк. Ол бір істің болуын үкім етсе, оған тек қана «бол» дейді. Сонда ол, болады
Аударма: ҚМДБ
19:36 وَإِنَّ ٱللَّهَ رَبِّي وَرَبُّكُمۡ فَٱعۡبُدُوهُۚ هَٰذَا صِرَٰطٞ مُّسۡتَقِيمٞ
Күдіксіз Алла, менің де Раббым әрі сендердің де Раббыларың. Онда Оған ғана құлшылық қылыңдар. Тура жол осы
Аударма: Халифа Алтай
Иса / «Ақиқатында, Аллаһ - менің Раббым әрі сендердің Раббың. Оған құлшылық етіңдер. Міне осы тура жол», - деді
Аударма: ҚМДБ
19:37 فَٱخۡتَلَفَ ٱلۡأَحۡزَابُ مِنۢ بَيۡنِهِمۡۖ فَوَيۡلٞ لِّلَّذِينَ كَفَرُواْ مِن مَّشۡهَدِ يَوۡمٍ عَظِيمٍ
Алайда, (Яһуди, Христиан) топтары өзара таласты. Қарсы болғандарға, ұлы бір күннің келуінде нендей өкініш
Аударма: Халифа Алтай
Ал айда топтар өзара қайшылыққа түсті. Сондай күпірлік етушілерге / хақ дінді бұрмалаушы ағымдарға / Ұлы күннің / Қияметтің / көрінісінен үлкен қасірет бар
Аударма: ҚМДБ
19:38 أَسۡمِعۡ بِهِمۡ وَأَبۡصِرۡ يَوۡمَ يَأۡتُونَنَا لَٰكِنِ ٱلظَّـٰلِمُونَ ٱلۡيَوۡمَ فِي ضَلَٰلٖ مُّبِينٖ
Олар, алдымызға келген күні, нақ естиді де көреді. Бірақ залымдар, бүгін ашық түрде адасуда
Аударма: Халифа Алтай
Бізге келген күні, олардың есту, көрулері өте анық болады. Алайда бүгін әділетсіздер ашық адасуда
Аударма: ҚМДБ
19:39 وَأَنذِرۡهُمۡ يَوۡمَ ٱلۡحَسۡرَةِ إِذۡ قُضِيَ ٱلۡأَمۡرُ وَهُمۡ فِي غَفۡلَةٖ وَهُمۡ لَا يُؤۡمِنُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.) ол сенбей селқостықта болғандарға, олар үшін іс бітіп кететін қасырет күнін ескерт
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Оларға барлық іс шешілетін - қасіретті Күнді ескерт. Ал, олар қаперсіздік танытуда / бейғамдықта / әрі сенбеуде
Аударма: ҚМДБ
19:40 إِنَّا نَحۡنُ نَرِثُ ٱلۡأَرۡضَ وَمَنۡ عَلَيۡهَا وَإِلَيۡنَا يُرۡجَعُونَ
Расында біз жерге де ондағыларға да мұрагер боламыз. Және олар біз жаққа қайтарылады
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында жер және оның үстіндегілері Бізде қалады. Әрі олар Бізге қайтарылады
Аударма: ҚМДБ
19:41 وَٱذۡكُرۡ فِي ٱلۡكِتَٰبِ إِبۡرَٰهِيمَۚ إِنَّهُۥ كَانَ صِدِّيقٗا نَّبِيًّا
(Мұхаммед Ғ.С.) Кітаптағы Ыбырайым (Ғ.С.) ды есіңе ал. Негізінде ол турашыл пайғамбар еді
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Әрі Кітаптағы Ибраһимді есіңе ал. Анығында, ол өте шыншыл және Пайғамбар еді
Аударма: ҚМДБ
19:42 إِذۡ قَالَ لِأَبِيهِ يَـٰٓأَبَتِ لِمَ تَعۡبُدُ مَا لَا يَسۡمَعُ وَلَا يُبۡصِرُ وَلَا يُغۡنِي عَنكَ شَيۡـٔٗا
Сол уақытта әкесіне: "Әй әкетайым! Естімес, көрмес, сондай-ақ өзіңе бір пайдасы жоқ нәрсеге неге шоқынасың?",- деді
Аударма: Халифа Алтай
Міне, кезінде ол әкесіне: «Әй, әкешім! Неге сен естімейтін, көрмейтін және өзіңе ешпайда бермейтін нәрсеге табынасың
Аударма: ҚМДБ
19:43 يَـٰٓأَبَتِ إِنِّي قَدۡ جَآءَنِي مِنَ ٱلۡعِلۡمِ مَا لَمۡ يَأۡتِكَ فَٱتَّبِعۡنِيٓ أَهۡدِكَ صِرَٰطٗا سَوِيّٗا
Әй әкетайым! Расында маған, саған келмеген білім келді. Сондықтан маған ілес. Сені тура жолға салайын
Аударма: Халифа Алтай
Әй, әкетайым! Шын мәнінде маған, саған келмеген бір білім келді. Сондықтан маған ілес, сені тура жолға бастаймын
Аударма: ҚМДБ
19:44 يَـٰٓأَبَتِ لَا تَعۡبُدِ ٱلشَّيۡطَٰنَۖ إِنَّ ٱلشَّيۡطَٰنَ كَانَ لِلرَّحۡمَٰنِ عَصِيّٗا
Әй әкетайым! Шайтанға шоқынба! Өйткені, шайтан, Аллаға қарсы болған
Аударма: Халифа Алтай
Әй, әкешім! Шайтанға табынба! Анығында, шайтан, әр-Рахманға / аса Қайырымдыға / бойсұнбаушы болды
Аударма: ҚМДБ
19:45 يَـٰٓأَبَتِ إِنِّيٓ أَخَافُ أَن يَمَسَّكَ عَذَابٞ مِّنَ ٱلرَّحۡمَٰنِ فَتَكُونَ لِلشَّيۡطَٰنِ وَلِيّٗا
Әй әкетайым! Сені Алла жағынан азап қолға алып, шайтанға дос болып, қалуыңнан қорқамын
Аударма: Халифа Алтай
Әй, әкешім! Мен саған әр-Рахманнан азап тиіп, шайтанға жақын болып қалуыңнан қорқамын», - деді
Аударма: ҚМДБ
19:46 قَالَ أَرَاغِبٌ أَنتَ عَنۡ ءَالِهَتِي يَـٰٓإِبۡرَٰهِيمُۖ لَئِن لَّمۡ تَنتَهِ لَأَرۡجُمَنَّكَۖ وَٱهۡجُرۡنِي مَلِيّٗا
Әкесі: "Әй Ыбырайым! Сен тәңірлерімнен бет бұрасың ба? Егер, оны қоймасаң, әрине сені таспен атамын. Сондай-ақ өзің менен аулақ бол" деді
Аударма: Халифа Алтай
Әкесі / : «Ей, Ибраһим! Сен менің құдайларымнан бас тартасың ба? Егер, тыйылмасаң, менің сөгісіме ұшырайсың. Менен біраз уақыт аулақ жүр», - деді
Аударма: ҚМДБ
19:47 قَالَ سَلَٰمٌ عَلَيۡكَۖ سَأَسۡتَغۡفِرُ لَكَ رَبِّيٓۖ إِنَّهُۥ كَانَ بِي حَفِيّٗا
(Ыбырайым Ғ.С.): "Саған амандық болсын. Сені Раббымның жарылқауын тілеймін. Өйткені, Ол, өте мейірімді" деді
Аударма: Халифа Алтай
Ибраһим / : «Саған амандық болсын. Мен сен үшін Раббымнан кешірім тілеймін. Шын мәнінде, Ол маған Мейірбан
Аударма: ҚМДБ
19:48 وَأَعۡتَزِلُكُمۡ وَمَا تَدۡعُونَ مِن دُونِ ٱللَّهِ وَأَدۡعُواْ رَبِّي عَسَىٰٓ أَلَّآ أَكُونَ بِدُعَآءِ رَبِّي شَقِيّٗا
Мен сендерден де Алладан өзге шоқынғандарыңнан да араны ашып, Раббыма жалбарынамын. Сондай-ақ Раббыма жалбарынсам, бос қалмауымнан үміткермін
Аударма: Халифа Алтай
Әрі мен сендерден және сендердің Аллаһтан өзге тілейтіндеріңнен араны ашамын әрі Раббымнан тілеймін. Раббыма сиынып, тілек етуімде бақытсыз болмауды үміт етемін»,- деді
Аударма: ҚМДБ
19:49 فَلَمَّا ٱعۡتَزَلَهُمۡ وَمَا يَعۡبُدُونَ مِن دُونِ ٱللَّهِ وَهَبۡنَا لَهُۥٓ إِسۡحَٰقَ وَيَعۡقُوبَۖ وَكُلّٗا جَعَلۡنَا نَبِيّٗا
(Ыбырайым Ғ.С.) олардан; олардың Алладан өзге табынғандарынан да ажыраған кезде, оған Ысхақ пен Яғқұпты беріп, әрқайсысын пайғамбар қылдық
Аударма: Халифа Алтай
Сөйтіп ол олардан және олардың Аллаһтан өзге табынатындарынан алыстап, бөлек кеткенде, Біз оған Исхақ пен Яғқұпты тарту еттік әрі олардың барлығын пайғамбар қылдық
Аударма: ҚМДБ
19:50 وَوَهَبۡنَا لَهُم مِّن رَّحۡمَتِنَا وَجَعَلۡنَا لَهُمۡ لِسَانَ صِدۡقٍ عَلِيّٗا
Оларға рахметімізден бағыш етіп, оларды әр тілде жоғары бағалаттық
Аударма: Халифа Алтай
Әрі оларға Өз мейірімізден тарту етіп, олар жайлы ақиқат сөзін жоғары еттік
Аударма: ҚМДБ
19:51 وَٱذۡكُرۡ فِي ٱلۡكِتَٰبِ مُوسَىٰٓۚ إِنَّهُۥ كَانَ مُخۡلَصٗا وَكَانَ رَسُولٗا نَّبِيّٗا
(Мұхаммед Ғ.С.) Кітаптағы Мұса (Ғ.С.) ны есіңе ал. Рас ол, ықыласты әрі жіберілген пайғамбар еді
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Әрі Кітаптағы Мұсаны есіңе ал. Ол таңдалған және Елші / расул / әрі Пайғамбар / нәби / еді
Аударма: ҚМДБ
19:52 وَنَٰدَيۡنَٰهُ مِن جَانِبِ ٱلطُّورِ ٱلۡأَيۡمَنِ وَقَرَّبۡنَٰهُ نَجِيّٗا
Оған Тұр тауының оң жағынан дабыстап, сөйлесу үшін өзімізге жақындаттық
Аударма: Халифа Алтай
Біз оған таудың оң жағынан үн қаттық және сөйлесу үшін оны жақындаттық
Аударма: ҚМДБ
19:53 وَوَهَبۡنَا لَهُۥ مِن رَّحۡمَتِنَآ أَخَاهُ هَٰرُونَ نَبِيّٗا
Әрі мәрхаметімізбен туысы Һарұнды, өзіне пайғамбар етіп бердік
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Өз мейірімізбен оған бауыры Һарұнды пайғамбар етіп сыйладық
Аударма: ҚМДБ
19:54 وَٱذۡكُرۡ فِي ٱلۡكِتَٰبِ إِسۡمَٰعِيلَۚ إِنَّهُۥ كَانَ صَادِقَ ٱلۡوَعۡدِ وَكَانَ رَسُولٗا نَّبِيّٗا
(Мұхаммед Ғ.С.) Құрандағы Ысмайыл (Ғ.С.) ды есіңе ал. Шынында ол, уәдесіне берік әрі жіберілген бір пайғамбар еді
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Әрі Кітаптағы Исмаъилды есіңе ал. Ол уәдеге адал әрі Елші және Пайғамбар еді
Аударма: ҚМДБ
19:55 وَكَانَ يَأۡمُرُ أَهۡلَهُۥ بِٱلصَّلَوٰةِ وَٱلزَّكَوٰةِ وَكَانَ عِندَ رَبِّهِۦ مَرۡضِيّٗا
Үй-ішіне, намазбен зекетті орындауды бұйыратын еді. Сондай-ақ Раббының қасында сүйікті еді
Аударма: Халифа Алтай
Ол үй-ішін намазға / оны орындауға / және зекетке / парыз, нәпіл садақа беруге / бұйыратын. Әрі Раббысы одан разы болған еді
Аударма: ҚМДБ
19:56 وَٱذۡكُرۡ فِي ٱلۡكِتَٰبِ إِدۡرِيسَۚ إِنَّهُۥ كَانَ صِدِّيقٗا نَّبِيّٗا
(Мұхаммед Ғ.С.) Кітаптағы Ыдырыс (Ғ.С.) ды ескер. Өйткені, ол шыншыл бір пайғамбар еді
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Әрі Кітаптағы Идристі есіңе ал. Ол шыншыл әрі Пайғамбар еді
Аударма: ҚМДБ
19:57 وَرَفَعۡنَٰهُ مَكَانًا عَلِيًّا
Оны жоғары орынға көтердік. (Пайғамбарлық дәрежесіне, Аллаға жақындауға, жаннатқа және көкке шығаруға. Ж.Б.Р.К.Х)
Аударма: Халифа Алтай
Біз оны жоғары орынға көтердік
Аударма: ҚМДБ
19:58 أُوْلَـٰٓئِكَ ٱلَّذِينَ أَنۡعَمَ ٱللَّهُ عَلَيۡهِم مِّنَ ٱلنَّبِيِّـۧنَ مِن ذُرِّيَّةِ ءَادَمَ وَمِمَّنۡ حَمَلۡنَا مَعَ نُوحٖ وَمِن ذُرِّيَّةِ إِبۡرَٰهِيمَ وَإِسۡرَـٰٓءِيلَ وَمِمَّنۡ هَدَيۡنَا وَٱجۡتَبَيۡنَآۚ إِذَا تُتۡلَىٰ عَلَيۡهِمۡ ءَايَٰتُ ٱلرَّحۡمَٰنِ خَرُّواْۤ سُجَّدٗاۤ وَبُكِيّٗا۩
Міне бұлар, Алла, өздерін нығметке бөлеген пайғамбарлар. Адам (Ғ.С.) ның және Нұх (Ғ.С.) пен бірге (кемеде) тасығандарымыздың ұрпағынан әрі Ыбырайым (Ғ.С.) және Исраилдың, ұрпағынан тура жол көрсетіп, таңдаған кісілерімізден. Оларға Алланың аяттары оқылған сәтте, жылаған бойда сәждеге жығылады (Сәжде аяты)
Аударма: Халифа Алтай
Міне осылар - Аллаһ игілік берген Адамның ұрпағындағы пайғамбарлардан әрі Біз Нұхпен бірге алып жүргендеріміздің және Ибраһим мен Исраилдың ұрпағындағы әрі Біз тура жолмен жүргізіп және таңдап алғандардан. Оларға әр-Рахманның / аса Қайырымдының / аяттары оқылған кезде олар жылаған күйлерінде сәждеге жығылады
Аударма: ҚМДБ
19:59 ۞فَخَلَفَ مِنۢ بَعۡدِهِمۡ خَلۡفٌ أَضَاعُواْ ٱلصَّلَوٰةَ وَٱتَّبَعُواْ ٱلشَّهَوَٰتِۖ فَسَوۡفَ يَلۡقَوۡنَ غَيًّا
Бұл пайғамбарлардан кейін орындарына, намазды қойып, нәпсілеріне ергендер келді. Олар жақында (қияметте) адасуларының сазайын тартады
Аударма: Халифа Алтай
Олардан кейін намазды зая қылған әрі тән құмарлықтарына / шәһуәттарына / ергендер келді. Жақында олар Ғайға / тозақтағы терең шұңқырға / тасталады
Аударма: ҚМДБ
19:60 إِلَّا مَن تَابَ وَءَامَنَ وَعَمِلَ صَٰلِحٗا فَأُوْلَـٰٓئِكَ يَدۡخُلُونَ ٱلۡجَنَّةَ وَلَا يُظۡلَمُونَ شَيۡـٔٗا
Бірақ кім тәубе қылып, ииан келтірген түрде түзу іс істесе, міне солар ешбір әділетсіздікке ұшырамай жаннатқа кіреді
Аударма: Халифа Алтай
Тек істеген күнәсіне шынайы өкініп, Раббысына бойсұнуға қайтып / тәубе етіп / , иманға келген әрі ізгі амал істегендер басқа. Олар Жәннатқа кіреді әрі Оларға еш әділетсіздік жасалмайды
Аударма: ҚМДБ
19:61 جَنَّـٰتِ عَدۡنٍ ٱلَّتِي وَعَدَ ٱلرَّحۡمَٰنُ عِبَادَهُۥ بِٱلۡغَيۡبِۚ إِنَّهُۥ كَانَ وَعۡدُهُۥ مَأۡتِيّٗا
Ол, аса қамқор Алланың құпия түрде құлдарына уәде еткен (Ғадын) жаннаттары. Расында Оның уәдесі орындалады
Аударма: Халифа Алтай
Олар ’Адн / жәннатының / бақтарына / кіреді / , сондай, әр-Рахман құлдарына ғайып түрде / көрсетпестен / уәде еткен. Ақиқатында оның уәдесі орындалады
Аударма: ҚМДБ
19:62 لَّا يَسۡمَعُونَ فِيهَا لَغۡوًا إِلَّا سَلَٰمٗاۖ وَلَهُمۡ رِزۡقُهُمۡ فِيهَا بُكۡرَةٗ وَعَشِيّٗا
Олар жаннатта сәлемнен басқа бос сөз естімейді. Және оларға жаннатта ертелі-кеш несібе бар
Аударма: Халифа Алтай
Олар ол жерде бос сөз естімейді. Еститіндері тек «Сәлам» / Амандық болсын / - деген сөздер. Әрі олардың ондағы ризықтары таңертең де, кешке де / қалаған кездерінде
Аударма: ҚМДБ
19:63 تِلۡكَ ٱلۡجَنَّةُ ٱلَّتِي نُورِثُ مِنۡ عِبَادِنَا مَن كَانَ تَقِيّٗا
Құлдарымыздан біреу тақуа болса, соны мұрагер ететін бейіш осы. (Бір уақ Жебірейіл Ғ.С. кешіккендіктен Мұхаммед Ғ.С. алаң болады. Ж.Б.М.Р.К)
Аударма: Халифа Алтай
Құлдарымыздан тақуа болғандарға / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанғандарға / мұра ететін Жәннат - осы
Аударма: ҚМДБ
19:64 وَمَا نَتَنَزَّلُ إِلَّا بِأَمۡرِ رَبِّكَۖ لَهُۥ مَا بَيۡنَ أَيۡدِينَا وَمَا خَلۡفَنَا وَمَا بَيۡنَ ذَٰلِكَۚ وَمَا كَانَ رَبُّكَ نَسِيّٗا
(Жебрейіл Ғ.С.): "Раббымның әмірімен ғана түсеміз. Алды-артымдағы және екі арадағы жағдайларды білу Оған тән. Сондай-ақ Раббың ұмытпайды
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Жәбірейіл Мұхаммедке айт! / : «Біз / періштелер / Раббыңның әмірімен ғана түсеміз. Біздің алдымыздағы және артымыздағы әрі осының арасындағылар Оның иелігінде. Раббың - ұмытушы емес
Аударма: ҚМДБ
19:65 رَّبُّ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِ وَمَا بَيۡنَهُمَا فَٱعۡبُدۡهُ وَٱصۡطَبِرۡ لِعِبَٰدَتِهِۦۚ هَلۡ تَعۡلَمُ لَهُۥ سَمِيّٗا
Ол, көктер мен жердің екі арасындағылардың Раббы. Сондықтан Соған құлшылықта сабырлы бол. Сол аттас білетінің бар ма? (Бұдан басқа Алла бар ма)
Аударма: Халифа Алтай
Ол - аспандардың және жердің әрі олардың арасындағыларының Раббысы. Оған құлшылық ет және Оған құлшылық етуде сабырлы бол. Оған ұқсас біреуді білесің бе?», - деп
Аударма: ҚМДБ
19:66 وَيَقُولُ ٱلۡإِنسَٰنُ أَءِذَا مَا مِتُّ لَسَوۡفَ أُخۡرَجُ حَيًّا
Адам баласы: "Мен өлген уақытта тіріліп, ортаға шығарыламын ба?",-дейді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі адам баласы: «Мен өлгеннен кейін, / қайтадан / тірі күйімде шығарыламын ба?» - дейді
Аударма: ҚМДБ
19:67 أَوَلَا يَذۡكُرُ ٱلۡإِنسَٰنُ أَنَّا خَلَقۡنَٰهُ مِن قَبۡلُ وَلَمۡ يَكُ شَيۡـٔٗا
Ал адам баласы, өзін алғаш жаратқанымызда, дәнеңе емес екенін ойламай ма
Аударма: Халифа Алтай
Адам баласы әуелде Біздің оны жаратқанымызды есіне алмай ма? Ал, ол ешнәрсе болмаған еді
Аударма: ҚМДБ
19:68 فَوَرَبِّكَ لَنَحۡشُرَنَّهُمۡ وَٱلشَّيَٰطِينَ ثُمَّ لَنُحۡضِرَنَّهُمۡ حَوۡلَ جَهَنَّمَ جِثِيّٗا
Раббыңа серт! Әлбетте оларды да шайтандарын да жинаймыз. Сонан соң тозақтың айналасына тізерлетіп, оларды әзірлейміз
Аударма: Халифа Алтай
Раббыңмен ант етемін! Біз оларды және шайтандарды әлбетте жинаймыз. Содан кейін оларды Жаһаннамның айналасына тізерлетіп қоямыз
Аударма: ҚМДБ
19:69 ثُمَّ لَنَنزِعَنَّ مِن كُلِّ شِيعَةٍ أَيُّهُمۡ أَشَدُّ عَلَى ٱلرَّحۡمَٰنِ عِتِيّٗا
Сонан кейін әрбір топтан Аллаға қайсысы қатты қарсы келгенін ортаға шығарамыз
Аударма: Халифа Алтай
Кейін әрбір топтан, олардың ішіндегі әр-Рахманға / аса Қайырымдыға / бойсұнбауда ең қатты болғандарын шығарып аламыз
Аударма: ҚМДБ
19:70 ثُمَّ لَنَحۡنُ أَعۡلَمُ بِٱلَّذِينَ هُمۡ أَوۡلَىٰ بِهَا صِلِيّٗا
Сосын әрине олардан тозаққа лайық болғанын жақсы білеміз
Аударма: Халифа Алтай
Одан кейін, әлбетте онда жандырылуға ең лайықтылардың кім екенін Біз жақсы білеміз
Аударма: ҚМДБ
19:71 وَإِن مِّنكُمۡ إِلَّا وَارِدُهَاۚ كَانَ عَلَىٰ رَبِّكَ حَتۡمٗا مَّقۡضِيّٗا
Сендерден тозаққа келмейтін (сыраттан өтпейтін) ешкім болмайды. (Бұл) Раббыңа түжырымды, міндетті бір үкім
Аударма: Халифа Алтай
Сендерден әрбіреу оған келеді. Бұл - Раббыңның міндетіндегі, шешілген бір үкім
Аударма: ҚМДБ
19:72 ثُمَّ نُنَجِّي ٱلَّذِينَ ٱتَّقَواْ وَّنَذَرُ ٱلظَّـٰلِمِينَ فِيهَا جِثِيّٗا
Соңыра тақуа болғандарды құтқарамыз да залымдарды тозақта жүгіндіріп қоямыз
Аударма: Халифа Алтай
Кейін, тақуа болғандарды / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанғандарды / құтқарамыз. Ал, әділетсіздерді оның ішінде тізерлеген күйінде қалдырамыз
Аударма: ҚМДБ
19:73 وَإِذَا تُتۡلَىٰ عَلَيۡهِمۡ ءَايَٰتُنَا بَيِّنَٰتٖ قَالَ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ لِلَّذِينَ ءَامَنُوٓاْ أَيُّ ٱلۡفَرِيقَيۡنِ خَيۡرٞ مَّقَامٗا وَأَحۡسَنُ نَدِيّٗا
Өздеріне ашық түрде аяттарымыз оқылған заман; кәпірлер, (байлықтарын салғастырып) мүміндерге: "Екі топтың қайсысы жағдайда жақсы, жиналыста көркем?",- деді
Аударма: Халифа Алтай
Оларға анық түрдегі аяттарымыз оқылған кезде, күпірлік еткендер / имансыздар / иманға келгендерге: «Екі топтың / имандылар мен имансыздардың / қайсысы жағдайы және жиыны / құрамы / тұрғысында артық?» - дейді
Аударма: ҚМДБ
19:74 وَكَمۡ أَهۡلَكۡنَا قَبۡلَهُم مِّن قَرۡنٍ هُمۡ أَحۡسَنُ أَثَٰثٗا وَرِءۡيٗا
Бұлардан бұрынғы нәсілден талайды жоқ еттік. Олар, дүниелікте әрі көріністе бұлардан артық еді
Аударма: Халифа Алтай
Ал, олардан бұрын қанша халықтарды жойған едік. Олар байлықтарында және түр-тұрпатында жақсырақ еді
Аударма: ҚМДБ
19:75 قُلۡ مَن كَانَ فِي ٱلضَّلَٰلَةِ فَلۡيَمۡدُدۡ لَهُ ٱلرَّحۡمَٰنُ مَدًّاۚ حَتَّىٰٓ إِذَا رَأَوۡاْ مَا يُوعَدُونَ إِمَّا ٱلۡعَذَابَ وَإِمَّا ٱلسَّاعَةَ فَسَيَعۡلَمُونَ مَنۡ هُوَ شَرّٞ مَّكَانٗا وَأَضۡعَفُ جُندٗا
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Кім адасқан болса, Алла оны мүлде созып қояды да ақыр өздеріне уәде етілген азапты не қияметті көрген сәтте, олар кімнің орны жаман, сыбайластары әлсіз екенін біледі" де
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Кім адасуда болса, әр-Рахман оларға оны / адасуларын / өздеріне уәде етілген - не азап, не Сағатты / қияметті / көргендеріне дейін ұзартып қойсын. Сол кезде олар, кімнің орын тұрғысынан жаман әрі әскері әлсіз екенін біледі»,- деп
Аударма: ҚМДБ
19:76 وَيَزِيدُ ٱللَّهُ ٱلَّذِينَ ٱهۡتَدَوۡاْ هُدٗىۗ وَٱلۡبَٰقِيَٰتُ ٱلصَّـٰلِحَٰتُ خَيۡرٌ عِندَ رَبِّكَ ثَوَابٗا وَخَيۡرٞ مَّرَدًّا
Алла (Т.) тура жол тапқандарға туралықты арттырады. Тұрақты игілік; Раббыңның, қасында сауап түрғысынан жақсы да нәтиже бойынша хайырлы
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Аллаһ тура жолда болғандардың туралығын арттырады. Ал, қалатын / жойылмайтын / ізгі амалдар - Раббыңның құзырында қайтарым сый әрі нәтиже ретінде одан қайырлы
Аударма: ҚМДБ
19:77 أَفَرَءَيۡتَ ٱلَّذِي كَفَرَ بِـَٔايَٰتِنَا وَقَالَ لَأُوتَيَنَّ مَالٗا وَوَلَدًا
(Мұхаммед Ғ.С.) аяттарымызға қарсы келіп: "Әлбетте маған мал, бала беріледі" дегенді көрдің бе
Аударма: Халифа Алтай
Аяттарымызға күпірлік етіп / сенбей / : «Маған мал және балалар беріледі»,- дегенді көрдің бе
Аударма: ҚМДБ
19:78 أَطَّلَعَ ٱلۡغَيۡبَ أَمِ ٱتَّخَذَ عِندَ ٱلرَّحۡمَٰنِ عَهۡدٗا
Ол, көместі білді ме? Немесе Алладан уәде алды ма
Аударма: Халифа Алтай
Ол ғайыпты білді ме, әлдеәр-Рахманнан / аса Қайырымдыдан / серт алды ма
Аударма: ҚМДБ
19:79 كَلَّاۚ سَنَكۡتُبُ مَا يَقُولُ وَنَمُدُّ لَهُۥ مِنَ ٱلۡعَذَابِ مَدّٗا
Әсте олай емес. Оның айтқанын жазамыз да оған азапты арттырған сайын арттырамыз
Аударма: Халифа Алтай
Жоқ! Олай емес! Біз оның айтқанын жазып қоямыз әрі оған азапты арттырамыз
Аударма: ҚМДБ
19:80 وَنَرِثُهُۥ مَا يَقُولُ وَيَأۡتِينَا فَرۡدٗا
Сондай-ақ оның айтқанына Біз ие боламыз да ол бізге жалғыз келеді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі оның айтқан нәрселері Бізге қалады да, ол Бізге бір өзі келеді
Аударма: ҚМДБ
19:81 وَٱتَّخَذُواْ مِن دُونِ ٱللَّهِ ءَالِهَةٗ لِّيَكُونُواْ لَهُمۡ عِزّٗا
Олар өздеріне абырой үшін Алладан өзге тәңір жасап алды
Аударма: Халифа Алтай
Олар өздеріне абырой / күш-құдірет / болуы үшін Аллаһтан өзгелерді құдай етіп алды
Аударма: ҚМДБ
19:82 كَلَّاۚ سَيَكۡفُرُونَ بِعِبَادَتِهِمۡ وَيَكُونُونَ عَلَيۡهِمۡ ضِدًّا
Олай емес, тәңірлері олардың табынуларына қарсы шығып, өздеріне теріс келеді
Аударма: Халифа Алтай
Жоқ! Олай емес! Олар / табынғандары / бұлардың құлшылықтарын теріске шығарады және бұларға қарсы болады
Аударма: ҚМДБ
19:83 أَلَمۡ تَرَ أَنَّآ أَرۡسَلۡنَا ٱلشَّيَٰطِينَ عَلَى ٱلۡكَٰفِرِينَ تَؤُزُّهُمۡ أَزّٗا
(Мұхаммед Ғ.С.) көрмедің бе? Кәпірлерге, оларға түрткі салатын шайтандарды жібердік
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Біз кәпірлердің үстінен шайтандарды, оларға түрткі салып, итермелеуші етіп жібергенімізді көрмедің бе
Аударма: ҚМДБ
19:84 فَلَا تَعۡجَلۡ عَلَيۡهِمۡۖ إِنَّمَا نَعُدُّ لَهُمۡ عَدّٗا
Олар үшін асықпа. Шынайы түрде олардың күнін санаудамыз
Аударма: Халифа Алтай
Сондықтан оларға / жазаның келуіне / асықпа. Біз олар үшін / нақты / есеп жүргізушіміз
Аударма: ҚМДБ
19:85 يَوۡمَ نَحۡشُرُ ٱلۡمُتَّقِينَ إِلَى ٱلرَّحۡمَٰنِ وَفۡدٗا
Сол күні, тақуаларды Рахманның хұзырына қонақ түрінде жинаймыз
Аударма: Халифа Алтай
Сол / қайта тірілу / Күні, тақуаларды / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанғандарды / әр-Рахманға таңдаулы өкілдер тобы етіп жинап
Аударма: ҚМДБ
19:86 وَنَسُوقُ ٱلۡمُجۡرِمِينَ إِلَىٰ جَهَنَّمَ وِرۡدٗا
Күнәкарларды шөлдеген түрде тозаққа айдаймыз
Аударма: Халифа Алтай
ал қылмыскерлерді қатты шөлдеген халдерінде Жаһаннамға айдаймыз
Аударма: ҚМДБ
19:87 لَّا يَمۡلِكُونَ ٱلشَّفَٰعَةَ إِلَّا مَنِ ٱتَّخَذَ عِندَ ٱلرَّحۡمَٰنِ عَهۡدٗا
Рахманның қасында уәде алғаннан басқа ешкім шапағат ету күшіне ие бола алмайды. (С.555-А)
Аударма: Халифа Алтай
Әр-Рахманнан уәде алғандардан басқалары арашалық ету / шапағат ету / құқығына ие болмайды
Аударма: ҚМДБ
19:88 وَقَالُواْ ٱتَّخَذَ ٱلرَّحۡمَٰنُ وَلَدٗا
Олар: "Алла, бала иемденді" десті
Аударма: Халифа Алтай
Әрі олар: «әр-Рахман / аса Қайырымды / Өзіне бала алды», - деді
Аударма: ҚМДБ
19:89 لَّقَدۡ جِئۡتُمۡ شَيۡـًٔا إِدّٗا
Расында өрескел нәрсе сөйледіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Расында сендер өрескел нәрсе істедіңдер
Аударма: ҚМДБ
19:90 تَكَادُ ٱلسَّمَٰوَٰتُ يَتَفَطَّرۡنَ مِنۡهُ وَتَنشَقُّ ٱلۡأَرۡضُ وَتَخِرُّ ٱلۡجِبَالُ هَدًّا
Бұдан көктер шатынай, жер жарыла, таулар құлап түсе жаздайды
Аударма: Халифа Алтай
Бұдан аспандар жарылып әрі жер айрылып және таулар күйреп, құлап түсе жаздайды
Аударма: ҚМДБ
19:91 أَن دَعَوۡاْ لِلرَّحۡمَٰنِ وَلَدٗا
Аллаға бала ұйғарғандықтарынан
Аударма: Халифа Алтай
олардың әр-Рахманға бала таңғандықтары үшін
Аударма: ҚМДБ
19:92 وَمَا يَنۢبَغِي لِلرَّحۡمَٰنِ أَن يَتَّخِذَ وَلَدًا
Негізінен Аллаға бала лайық емес
Аударма: Халифа Алтай
Өзіне бала иемдену әр-Рахманға лайықты емес / үйлеспейді
Аударма: ҚМДБ
19:93 إِن كُلُّ مَن فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِ إِلَّآ ءَاتِي ٱلرَّحۡمَٰنِ عَبۡدٗا
Көктер мен жердегі әркім Аллаға ғана құл болып келеді
Аударма: Халифа Алтай
Аспандар мен жердегілердің барлығы әр-Рахманға бар болғаны құл ғана болып келеді
Аударма: ҚМДБ
19:94 لَّقَدۡ أَحۡصَىٰهُمۡ وَعَدَّهُمۡ عَدّٗا
Расында Алла, оларды түгендеп, бір-бірлеп санын біледі
Аударма: Халифа Алтай
Ол / Аллаһ / оларды санап, есептеп қойған
Аударма: ҚМДБ
19:95 وَكُلُّهُمۡ ءَاتِيهِ يَوۡمَ ٱلۡقِيَٰمَةِ فَرۡدًا
Сондай-ақ олардың барлығы Оған жеке-жеке келеді
Аударма: Халифа Алтай
Олардың барлығы Қайта тірілу күні Оған жалғыз келеді
Аударма: ҚМДБ
19:96 إِنَّ ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَعَمِلُواْ ٱلصَّـٰلِحَٰتِ سَيَجۡعَلُ لَهُمُ ٱلرَّحۡمَٰنُ وُدّٗا
Күдіксіз иман келтіріп, түзу іс істегендерге; Алла, сүйіспеншілік береді
Аударма: Халифа Алтай
Иманға келген және ізгі амал істегендерге әр-Рахман / аса Қайырымды / сүйіспеншілік салады
Аударма: ҚМДБ
19:97 فَإِنَّمَا يَسَّرۡنَٰهُ بِلِسَانِكَ لِتُبَشِّرَ بِهِ ٱلۡمُتَّقِينَ وَتُنذِرَ بِهِۦ قَوۡمٗا لُّدّٗا
(Мұхаммед Ғ.С.) Құранды, ол арқылы тақуаларды қуантып, қасарысқан елді қорқытуың үшін өз тіліңде оңайластырып түсірдік
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Шын мәнінде, Біз бұны / Құранды / өз тіліңде жеңіл еттік, сенің онымен тақуаларды / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушыларды / қуандыруың және қасарысқан керісшіл адамдарды ескертуің үшін
Аударма: ҚМДБ
19:98 وَكَمۡ أَهۡلَكۡنَا قَبۡلَهُم مِّن قَرۡنٍ هَلۡ تُحِسُّ مِنۡهُم مِّنۡ أَحَدٍ أَوۡ تَسۡمَعُ لَهُمۡ رِكۡزَۢا
Олардан қаншалаған нәсілді жоқ еттік. Енді олардың ешбіреуін сезініп, сыбдырларын естисің бе
Аударма: Халифа Алтай
Әрі олардан бұрын қанша халықтарды жоқ еттік. Енді сен олардың бірін сезіп, біле аласың ба немесе олардың сыбдырын естисің бе
Аударма: ҚМДБ
Марьям сүресі туралы Марьям (مريم) — Құранның 19-сүресі, 98 аят, меккелік сүре, 16-жүз, мысхафтың 305-бетінен басталады. Бетте: Осман қарпіндегі араб мәтіні және Халифа Алтайдың қазақша мағыналық аудармасы мен ҚМДБ аудармасы. Аудио, транскрипция, тәпсір және 67 тілдегі аударма — толық нұсқада .
Барлық 114 сүре · Намаз уақыты · Іздеу