(Мұхаммед Ғ.С.) саған Мұса (Ғ.С.) ның әңгімесі келді ме? (Мұса Ғ.С. жұбайымен Мәдяннан Мысырдағы шешесін көру үшін жолға шығады. Қараңғы бір қыс түнінде "Туа" ойпатына келгенде бір жағынан жұбайы толғатып, жолдан адасып, қарлы бораннан қойлары ығып кетеді. Ж.Б.М.Р.К.Х)
Сол уақытта ол бір от көріп, уй-ішіне: "Тұрып тұрыңдар. Бір от көрдім. Бәлкім сендерге бір шоқ келтіремін немесе от жақта, бір жол көрсетуші табармын" деді
Аударма: Халифа Алтай
Кезінде ол бір от көргенде, үй ішіне: «тұра тұрындар. Мен бір от көрдім. Мүмкін сендерге одан бір тамызыққа от әкелермін немесе оттың қасында, бір жол көрсетуші табармын»,- деді
Рас Мен Алламын. Менен басқа тәңір жоқ. Сондықтан маған құлшылық қыл. "Сондай-ақ Мені еске алу үшін намазды толық орында
Аударма: Халифа Алтай
Анығында, Мен - Аллаһпын. Менен басқа ешбір құдай жоқ. Сондықтан Маған құлшылық ет және Мені еске алу үшін намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орында
Оны сандыққа салып, дәрияға тастап жібер; дәрия оны қырға шығарып тастасын. Оны оған да Маған да дұшпан біреу тауып алсын." "(Әй Мұса! Саған) көз алдымызда бағылуың үшін өз тарапымнан махаббат салдым
Аударма: Халифа Алтай
«Оны сандыққа салып, өзенге қоя бер. Өзен жағаға шығарып, оны Маған дұшпан болған әрі оған да дұшпан болған біреу / тауып / алсын», - деп. Әрі көз алдымда өсуің үшін Мен саған Өз тарапымнан сүйіспеншілік салдым
Сол уақытта әпекең барып: Сендерге оны бағатын біреу көрсетейін бе?",- деді. Сонда сені, көз айым болып кейімеуі үшін анаңа қайтардық. Және бір кісі өлтірдің. Сонда сені, ол қайғыдан қүтқарған едік те сынаулармен сынаған едік. Сондай-ақ жылдар бойы Мәдян елінде тұрдың. Сосын белгілі мерзімде қайтып келдің, әй Мұса
Аударма: Халифа Алтай
Сол кезде әпкең / артыңнан / еріп жүріп: «Сендерге оған қамқорлық ететін / емізетін / біреуді көрсетейін бе?» - деді. Сөйтіп анаңның көзайым болуы әрі қайғырмауы үшін сені оған қайтардық. Кейін сен бір адамды өлтірдің. Сонда сені уайымнан құтқардық және түрлі сынаққа салдық. Ей, Мұса, содан кейін Мәдиян елінде бірнеше жыл болып, белгіленген мерзімде / қайтып / келдің
Екеуің барып: Біз, Раббыңның саған жіберген елшісіміз; ал енді Израил ұрпақтарын бізбен бірге жібер. Енді оларды қинама, саған Раббыңның мұғжизасымен келдік. Есендік тура жолдағыларға болсын" деңдер
Аударма: Халифа Алтай
Оған барып: «Біз - Раббыңның елшілеріміз. Исраил ұрпақтарын бізбен бірге жібер әрі оларды қинама. Біз саған Раббыңнан белгі алып келдік. Тура жолға ергенге амандық болады
Ол сондай Алла. сендер үшін жерді бесік қылып, онда сендергө жолдар ашқан және көктен жаңбыр жаудырған. Ол су арқылы түрлі өсімдіктерден пар-парымен шығардық
Аударма: Халифа Алтай
Ол сендер үшін жерді жазық етті және онда сендер үшін жолдар жасады. Әрі аспаннан су түсірді», - деді. Сөйтіп онымен түрлі өсімдіктерді жұбымен шығардық
Әрине біз де сол тәрізді сиқыр әкелеміз. Ендеше бізбен өз араңда бір уәделі жер белгіле. Біз де сен де айнымайтын ыңғайлы бір орын болсын" деді
Аударма: Халифа Алтай
Біз де саған, міндетті түрде осы секілді сиқыр әкелеміз. Бізбен өзіңнің аранда бір уәделі мерзім белгіле. Одан біз де, сен де айнымайтын болайық. Ол ашық бір жер болсын», -деді
Мұса (Ғ.С) оларға: "Құрып-ақ қалыңдар! Аллаға өтірік жала жапсырмаңдар. Онда сендерді азаппен жоқ етеді. Расында кім жала жапсырса, мүлде зиянға ұшырайды" деді
Аударма: Халифа Алтай
Мұса оларға: «Ей, сорың құрғырлар! Аллаһқа қатысты өтірікті құрастырмаңдар. Әйтпесе Ол сендерді азаппен жойып жібереді. Кім ойдан өтірікті құрастырса, ол зиянға ұшырайды», - деді
(Мұса Ғ.С.): "Жоқ, сендер тастаңдар" деді. Сол сәтте, олардың (тастаған) жіптері мен таяқтары сиқырларының салдарынан, Мұса (Ғ.С.) ға жүрген жылан болып сезілді
Аударма: Халифа Алтай
Мұса!: «Жоқ, сендер тастаңдар», - деді.Сол кезде оған олардың жіптері мен таяқтары сиқырларының әсерінен ирелеңдеп жүрген секілді көрінді
Оң қолыңдағыны (таяқты) таста! Олардың жасағандарын жалмасын. Шынында олардың жасағандары, сиқыршының ғана айласы. Сиқыршы қайда барса да қүтылмайды" дедік
Аударма: Халифа Алтай
Оң қолыңдағыны таста! Ол олардың жасағандарын жұтады. Негізінде, олардың жасағандары -сиқыршының айласы ғана. Сиқыршы қайда барса да мақсатына жетпейді», - дедік
(Перғауын, сиқыршыларға): "Мен сендерге рүхсат беруден бұрын иман келтірдіңдер ме? Әрине ол, сендерге сиқыр үйреткен үлкендерің екен. Енді, әлбетте қолдарыңды да аяқтарыңды да шадырлата кесемін. Және сендерді құрманың бұтақтарына асамын. Сөйтіп қайсымыздың азабымыз қатты да тұрақты екенін жақсы білесіңдер" деді
Аударма: Халифа Алтай
Фиръаун / : «Мен сендерге рұқсат бермей тұрып сендіңдер ме? Әлбетте ол сендерге сиқыр үйреткен өздеріңнің үлкендерің екен. Енді, сендердің қол-аяқтарыңды қарама-қарсы / оң қол сол аяқ, сол қол оң аяқ / етіп кесемін және сендерді құрма ағаштарына керіп тастаймын. Сонда сендер біздің қайсымыздың азабымыз қатты және тұрақты екенін білетін боларсыңдар»,- деді
Олар: "Бізге келген ашық мүғжизалардан сондай-ақ бізді жаратқаннан, сені артық көре алмаймыз. Дереу не үкім берсең бер. Әрине сен осы дүниеде ғана ықпал жүргізе аласың" деді
Аударма: Халифа Алтай
Олар: «Біз өзімізге келген анық дәлелдерден және бізді Жаратқаннан сені ешқашан жоғары қоймаймыз. Шығаратын үкіміңді шығар. Сен бар болғаны осы өмірде ғана үкім шығарасың
Расында Мұсаға: "Құлдарымды (Израил үрпақтарын) түнделетіп, алып кет; оларға теңізде құрғақ жол аш. Олардың қуып жетулерінен қорықпа да шошыма!",- деп уахи қылдық
Аударма: Халифа Алтай
Әрі біз Мұсаға: «Түнде құлдарымды алып жүр де оларға теңізде құрғақ жол аш. Қуып жетуінен қауіптенбе және қорықпа», - деп уахи еттік
Біз сендерге берген таза ризықтан жеңдер. Бүнда шектен шықпаңдар. (Өйтсеңдер.) Сендерге ашуым түседі. Ал кімге ашуым түссе, расында сол жоқ болады
Аударма: Халифа Алтай
Біз сендерге ризық етіп бергеннің жақсыларынан жеңдер. Әрі онда шектен шықпаңдар. Әйтпесе, сендерге қаһарым түседі. Ал, кімге Менің ашуым түссе, ол сөзсіз құрыды
Өйткені; Мен, кім тәубе етіп, иман келтіріп, игілік істеп, тура жолда болса; әлбетте жарылқаймын. (Мұса Ғ.С. елінен сайлап алған жетпіс кісімен Тұр тауына жүргенде, олардан оза жүрген екен. С155-А)
Аударма: Халифа Алтай
Күмәнсіз, Мен, істеген күнәсіне шынайы өкініп, Мағанбойсұнуға қайтқанды / тәубеге келгенді / әрі иманға келген және ізгі амал істеген, кейін тура жүргендерді көп Кешірушімін / Ғаффар
Олар: "Уәдеңнен өздігімізден таймадық. Бірақ бізге, ол елдің сәндік-бүйымдары артылған еді. (Алып шыққан едік.) Сонда оларды отқа салдық. Осылайша Сәміри де салды" деді
Аударма: Халифа Алтай
Олар: «Біз саған берген уәдемізді өздігімізше бұзған жоқпыз. Бірақ бізде, ол елдің / Мысырдың / әшекей бұйымдарынан едәуір жүк бар еді. Сонда оларды тастадық. Осылайша сәмірилік те тастады», - деді
Сонда Сәміри, оларға; мөңіреген бір бузаудың мүсінін шығарды да олар: "Сендердің де Мұсаның да тәңірі осы. Бірақ ол жаңылды" десті
Аударма: Халифа Алтай
Сонда ол / сәмірилік / оларға мөңірейтін үні бар бұзау мүсінін / жасап / шығарды. Олар / оған ергендер / : «Міне, мынау сендердің құдайларың әрі Мұсаның кұдайы. Бірақ ол оны ұмытты»,- деді
Рас бұрын Һарүн да оларға: "Әй елім! Шынында сендер осы арқылы сыналдыңдар. Күдіксіз Раббыларың мейірімді. Сондықтан маған еріп, әміріме бой ұсыныңдар!",- деген еді
Аударма: Халифа Алтай
Һарұн оларға бұған дейін: «Әй, елім! Шын мәнінде сендер осы / жасалған мүсін / арқылы сыналудасыңдар. Ақиқатында сендердің Раббың әр-Рахман / аса Қайырымды / . Сондықтан сендер маған еріңдер әрі бұйрығыма бағыныңдар»,- деді
(Сәміри): "Олар көрмеген бір нәрсе көрдім. Елшінің (Жебрейіл Ғ.С.) ізінен бір уыс топырақ алып, оны ішіне салдым. Оны маған нәпсім жақсы көрсетті" деді
Аударма: Халифа Алтай
Ол / сәмірилік / : «Мен олардың көрмегенін көрдім және елшінің ізінен бір уыс алып, оны / мүсінге / тастадым. Көңілім маған осылай істеуді әдемі көрсетті»,- деді
(Мұса Ғ.С.): "Енді кет! Өмірің бойынша: “Маған жұғыспа” деп өтесің. Күдіксіз саған әсте өзгермейтін бір жаза тағы бар. Бұлжымай табынған тәңіріңе қара! Әлбетте оны өртеп сонан соң дәрияға тастап жібереміз
Аударма: Халифа Алтай
Мұса / : «Бар, кет! Енді сен бұл өмірде: «Жақындамаңдар»,- деп айтатын боласың. Әрі саған, сен өзгерте алмайтын белгіленген мерзім бар. Енді беріліп табынған құдайыңа қара, біз оны өртеп, кейін теңізге шашып жібереміз
Олар; қиямет күні, шақырушыға еш бұрылмай ілеседі. Сондай-ақ Рахманның алдында дауыстар бәсеңдейді. Тіпті сыбдырдан басқаны естімейсің
Аударма: Халифа Алтай
Сол күні олар шақырушыға ереді. Одан жалтарып қалуға мүмкіндік жоқ. Әр-Рахманның / аса Қайырымдының / алдында дауыстар тынып, сыбдырдан басқаны естімейсің
Тірі, меңгеруші (Алла) ге бастар иіледі. Кім зұлымдық арқаласа, қор болады
Аударма: Халифа Алтай
Әрі жүздер әл-Хайй / мәңгі Тірі / және әл-Қаййумға / бәріне тіршілік беріп Басқарушыға / бағынып, төмен қарайды. Әділетсіздікті арқалап келген үмітсіздікке ұшырайды
Осылайша Құранды Арапша түсіріп, онда түрлі ескертулер баян еттік. Мүмкін олар сақтанар. Немесе оларға үгіт пайда қылар
Аударма: Халифа Алтай
Міне, Біз осылай, оны / еске салатынды / арабша Құран етіп түсірдік. Әрі олардың тақуалық етуін / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтануын / не еске алуларын ояту / пайда ету / үшін онда түрлі ескерту-қорқытуларды келтірдік
Шынайы меңгеруші Алла әр нәрседен жоғары. (Мұхаммед Ғ.С.) саған етілген уахи бітуден бұрын Құранды оқуға асықпа да: "Раббым, білімімді арттыр!",- де
Аударма: Халифа Алтай
әл-Мәлик / барлық нәрсенің шын Билеушісі / әрі әл-Хақ / кемел Хақ / Аллаһ өте жоғары. / Ей, Мұхаммед! / Саған уахи етілуі аяқталмай тұрып, Құранмен / оны қайталауға / асықпа. Әрі айт: «Раббым! Менің білімімді арттыр»,- деп
Сонда екеуі, одан жеді. Дереу үятты жерлері көрінді. Сондықтан екеуі де үстеріне жаннаттың жапырақтарын жаба бастады. Адам (Ғ.С.) Раббына күнәкар болып, жолдан тайды
Аударма: Халифа Алтай
Екеуі одан жеді. Сонда оларға ұятты жерлері көрініп, олар өздеріне жәннаттың жапырақтарын жапсыра бастады. Адам Раббысына бойсұнбай адасты
Бір-біріңе дұшпан болған бойда жаннаттан түгел түсіңдер. Егер екеуің тарапымнан бір туралық келіп, кім тура жолыма ілессе, сонда ол адаспайды да машақат тартпайды
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ / айтты: «Екеуің / Адам менХауа / одан / жәннаттан / бірге түсіңдер, сендер бір-бірлеріңе жаусыңдар. Ал, енді Менен сендерге тура жол келіп, кім Менің басшылығыма / тура жолыма / ерсе, онда ол адаспайды әрі бақытсыз болмайды», - деді
Ал міне сөйтіп, шектен шыққан, Раббының аяттарына иман келтірмеген кісіні жазаландырамыз. Әрине ахирет азабы әрі қатты әрі тұрақты
Аударма: Халифа Алтай
Әрі шектен шыққан және Раббысының аяттарына сенбегендердің де қайтарым жазасын осылай береміз. Ал соңғы, мәңгілік өмірдің / ақиреттің / азабы өте қатты әрі үздіксіз / тұрақты
Оларды жұрттарында жүріп жүрген өздерінен бұрынғы Біз жоқ еткен нәсілдер (дін үлгісі) жолға салмады ма? Рас мұнда ақыл иелеріне өнеге бар
Аударма: Халифа Алтай
Оларға дейін болған, бүгін өздері жұрттарынан өтіп жүрген, қаншама халықты жойып жіберуіміз, Оларға тура жол көрсетпеді ме? Ақиқатында, Мұнда ақыл иелері үшін белгі-ғибраттар бар
(Мұхаммед Ғ.С.) сонда олардың айтқандарына сабыр ет. Күн шығудан бұрын да батудан бұрын да Раббыңды мақтай пәкте. Кеш мезгілдерінде және күндіздің айналасында да пәкте. Мүмкін ризалыққа бөленерсің
Аударма: Халифа Алтай
Сондықтан олардың айтып жатқандарына сабыр ет. Әрі ризалыққа жету үшін Раббыңды күн шығардан және күн батардан алдын мақтап, дәріпте және түннің бір уақыттары мен күндіздің айналасында дәріпте
Үй-ішіңді намазға бұйыр және өзің де оған көңіл бөл. Біз сенен ризық тілемейміз. Сені біз ризықтандырамыз. Соңғы табыс тақуаға тән
Аударма: Халифа Алтай
Үй-ішіңді намазға бұйыр әрі өзің де оған сабырлы бол. Біз сенен ризық сұрамаймыз. Саған ризықты Біз береміз. Соңғы нәтиже тақуалардікі / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушылардікі
Олар: "Бұл, Раббынан бір мүғжиза неге келтірмейді?",- деді. Оларға, бұрынғы кітаптарда ашық дәлелдер келмеді ме? (Бұрынғы Інжіл, Тәуратты және т.б. кітаптарды қамтыған Бұл Құран, осал бір мүғжиза ма? Ж.Б.К.М.Р)
Аударма: Халифа Алтай
Олар / кәпірлер / : «Неге ол бізге Раббысынан бір белгі-мұғжизалар келтірмейді?»- деді. Оларға бұрынғы жазбалардағы / сухуфтардағы / анық дәлелдер келген жоқ па
Егер бізге бір елші жіберген болсаң, қор және сорлы болудан бұрын аяттарыңа көнер едік" дер еді
Аударма: Халифа Алтай
Егер де оларды осыған дейін бір азаппен жойып жібергенімізде, олар: «Раббымыз! Қор болып және қасірет шекпей тұрып, аяттарыңа еруіміз үшін бізге неге бір Елші жібермедің?» - дейтін еді
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Бәріміз де соңын күтеміз. Ал сендер де күтіңдер. Таяуда кімнің тура жолға ие екендігін, кімнің тура жол тапқандығын білесіңдер" де
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Барлығы күтуде. Сендер де күтіңдер. Жақында тура жолдың иелері кім екендігін және кімнің тура жолмен жүргенін білесіңдер», - деп