إِنَّمَا حَرَّمَ عَلَيۡكُمُ ٱلۡمَيۡتَةَ وَٱلدَّمَ وَلَحۡمَ ٱلۡخِنزِيرِ وَمَآ أُهِلَّ لِغَيۡرِ ٱللَّهِ بِهِۦۖ فَمَنِ ٱضۡطُرَّ غَيۡرَ بَاغٖ وَلَا عَادٖ فَإِنَّ ٱللَّهَ غَفُورٞ رَّحِيمٞ
innamā ḥarrama ʿalaykumu l-maytata wal-dama walaḥma l-khinzīri wamā uhilla lighayri l-lahi bihi famani uḍ'ṭurra ghayra bāghin walā ʿādin fa-inna l-laha ghafūrun raḥīmun
Шын мәнінде сендерге жемтік, қан, доңыз еті және Алладан басқаның атын алып бауыздалғанды арам етті. Сонда біреу зорланса, бас тартпаса, шектен шықпаса, күдіксіз Алла, аса жарылқаушы, ерекше мейірімді. (С.173-А)
Аударма: Халифа Алтай
Анығында, Ол сендерге өлексені, қанды, доңыз етін және Аллаһтан өзгеге арналып бауыздалғанды тыйым салды. Алайда кім қаламаса да жеуге мәжбүр болып, шектен шықпаса, онда Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді
Аударма: ҚМДБ
Қари: Мишари Рашид әл-Афаси