وَلَوۡ أَنَّ قُرۡءَانٗا سُيِّرَتۡ بِهِ ٱلۡجِبَالُ أَوۡ قُطِّعَتۡ بِهِ ٱلۡأَرۡضُ أَوۡ كُلِّمَ بِهِ ٱلۡمَوۡتَىٰۗ بَل لِّلَّهِ ٱلۡأَمۡرُ جَمِيعًاۗ أَفَلَمۡ يَاْيۡـَٔسِ ٱلَّذِينَ ءَامَنُوٓاْ أَن لَّوۡ يَشَآءُ ٱللَّهُ لَهَدَى ٱلنَّاسَ جَمِيعٗاۗ وَلَا يَزَالُ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ تُصِيبُهُم بِمَا صَنَعُواْ قَارِعَةٌ أَوۡ تَحُلُّ قَرِيبٗا مِّن دَارِهِمۡ حَتَّىٰ يَأۡتِيَ وَعۡدُ ٱللَّهِۚ إِنَّ ٱللَّهَ لَا يُخۡلِفُ ٱلۡمِيعَادَ
walaw anna qur'ānan suyyirat bihi l-jibālu aw quṭṭiʿat bihi l-arḍu aw kullima bihi l-mawtā bal lillahi l-amru jamīʿan afalam yāy'asi alladhīna āmanū an law yashāu l-lahu lahadā l-nāsa jamīʿan walā yazālu alladhīna kafarū tuṣībuhum bimā ṣanaʿū qāriʿatun aw taḥullu qarīban min dārihim ḥattā yatiya waʿdu l-lahi inna l-laha lā yukh'lifu l-mīʿāda
Олар, егер Құран арқылы таулар жүргізіліп, жер бөлшектеніп және өлікте сөйлестірілсе де (сенбейді.) Алайда, барлық іс Аллаға тән. Мүміндер аңғармады ма? Алла қаласа еді, адамдарды тұтас тура жолға салар еді. Қарсы болғандарға Алланың уәдесі келегнге дейін қылықтарының салдарынан үнемі соққы жетеді немесе жұрттарының маңына түседі. Күдіксіз Алла серттен таймайды
Аударма: Халифа Алтай
Әрі олар / : «Егер, бір Кітап болып, ол арқылы таулар жүргізіліп, немесе онымен жер тілімдене айрылып немесе онымен өліктер сөйлетілетін болғанда?» деді. Жоқ! Барлық әмір / билік, бұйрық, іс / Аллаһта. Иманға келгендер, Аллаһ егер қалағанда, адамдардың барлығын тура жолмен жүргізетінін білмей ме? Ал, сондай күпірлік еткендерге / Аллаһқақарсы келгендерге / істеген істері үшін пәлекеттер тиеді немесе олардың тұрақ, мекендеріне жақын жерде болады. Бұл Аллаһтың уәдесі келгенге дейін жалғасады. Ақиқатында, Аллаһ уәдені бұзбайды
Аударма: ҚМДБ
Қари: Мишари Рашид әл-Афаси