وَٱخۡتَارَ مُوسَىٰ قَوۡمَهُۥ سَبۡعِينَ رَجُلٗا لِّمِيقَٰتِنَاۖ فَلَمَّآ أَخَذَتۡهُمُ ٱلرَّجۡفَةُ قَالَ رَبِّ لَوۡ شِئۡتَ أَهۡلَكۡتَهُم مِّن قَبۡلُ وَإِيَّـٰيَۖ أَتُهۡلِكُنَا بِمَا فَعَلَ ٱلسُّفَهَآءُ مِنَّآۖ إِنۡ هِيَ إِلَّا فِتۡنَتُكَ تُضِلُّ بِهَا مَن تَشَآءُ وَتَهۡدِي مَن تَشَآءُۖ أَنتَ وَلِيُّنَا فَٱغۡفِرۡ لَنَا وَٱرۡحَمۡنَاۖ وَأَنتَ خَيۡرُ ٱلۡغَٰفِرِينَ
wa-ikh'tāra mūsā qawmahu sabʿīna rajulan limīqātinā falammā akhadhathumu l-rajfatu qāla rabbi law shi'ta ahlaktahum min qablu wa-iyyāya atuh'likunā bimā faʿala l-sufahāu minnā in hiya illā fit'natuka tuḍillu bihā man tashāu watahdī man tashāu anta waliyyunā fa-igh'fir lanā wa-ir'ḥamnā wa-anta khayru l-ghāfirīna
Мұса (Ғ.С.) белгілі мерзіміміз үшін елінен жетпіс кісі сайлады. Сонда оларды жер сілкіну қолға алғанда (Мұса Ғ.С.): «Раббым! Егер қаласаң оларды да мені де бұдан бұрын жоқ етер едің. Ішіміздегі ақымақтардың қылықтарының салдарынан, бізді жоқ етесің бе? Бұл Сенің бір сынауың ғана. Сонымен қалағаныңды адастырып, қалағаныңды тура жолға саласың. Сен біздің иемізсің. Енді бізді жарылқа, бізге мәрхамет ет. Сен жарылқаушылардың ең жақсысың.» деді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Мұса Біз белгілеген уақытқа қауымынан жетпіс кісіні таңдап алды. Оларға бір сілкініс тұтқан кезде, / Мұса / : «Раббым! Егер де қаласаң оларды және мені бұрын жоқ етер едің. Сен бізді жетесіздеріміздің істегені үшін жоясың ба? Негізінде бұл - Сенің сынағың ғана. Ол арқылы Сен қалағаныңды адастырып, қалағаныңды тура жолға түсіресің. Сен - біздің Қамқоршымызсың! Бізді кешір әрі бізге рақым ет! Кешірушілердің ең қайырлысы - Сенсің
Аударма: ҚМДБ
Қари: Мишари Рашид әл-Афаси