Барлық мақтау, сондай көктер мен жерді жаратқан және қараңғылықтар мен жарықты жасаған Аллаға тән. Мұның соңында да қарсы болғандар, Раббыларына (басқаларды) теңейді
Аударма: Халифа Алтай
Барлық мақтау аспандарды және жерді жаратқан әрі қараңғылықтар мен жарықты жасаған Аллаһқа! Ал, содан кейін күпірлік етушілер / қарсы келушілері, өздерінің Раббысына / өзгелерді / теңестіреді
Ол сондай Алла сендерді балшықтан жаратып сонан соң өлім мезгілін белгіледі. Және белгілі (қиямет) мерзімі де Оның қасында. Сонда да күдіктенесіңдер ме
Аударма: Халифа Алтай
Ол сендерділайдан жаратып, содан кейін бір мерзім белгіледі. Әрі белгіленген мерзім де / Қайта тірілу күні / - Онда / Аллаһта / . Ал, сендер осыдан кейін күмәнданудасыңдар
Олардан бұрын қаншалаған нәсілдерді жоқ еткенімізді көрмеді ме? Оларға жер жүзінде сендерге бермеген мүмкіншілікті берген едік. Оларға аспаннан жаңбыр жіберіп, астарынан өзендер ағыздық. Бірақ, қылмыстары себепті оларды жоқ еттік те олардан кейін басқа нәсіл жараттық
Аударма: Халифа Алтай
Олар өздерінен ілгері өткен қанша халықты құртып жібергенімізді көрмеді ме? Біз оларға жер жүзінде сендерге бермеген күш-қуат бердік. Оларға аспаннан мол жаңбыр жібердік әрі астынан өзендерді ағызып қойдық. Содан кейін күнәлары себебінен оларды құртып жібердік те, олардан соң жаңадан басқа халықтарды пайда қылдық
(Мұхаммед Ғ.С.) егер саған қағазда жазулы бір Кітап жіберсек те, оны олар қолдарымен ұстаса еді. Әрине қарсы болғандар: «Бұл ап- ашық сиқырдан басқа емес » дер еді
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Егер де Біз саған парақтағы бір Жазбаны түсіріп, олар оны қолдарымен сипап көрсе де күпірлік етушілер / иманды теріске шығарушылар / : «Бүл - анық сиқырдан басқа нәрсе емес», - деп айтар еді
Бірде олар: «Пайғамбарға бір періште неге түсірілмейді?»,- деді. Егер періште түсірсек еді, (оған да қарсы келгендіктерінен) іс біткен болып оларға сонан кейін мұрса берілмес еді
Аударма: Халифа Алтай
Олар / : «Оған періште түсірілмеді ме?» - дейді. Егер Біз періште түсірсек, / онда / іске шешім шығарылып, содан кейін оларға мұрсат берілмес еді
(Мұхаммед Ғ.С.) сенен бұрыңғы пайғамбарлар да мазақталған болатын. Пайғамбарларды тәлкек қылғандарды, ажыуалаған нәрселері бастарына жетті
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Негізінде сенен бұрынғы елшілер де келеке етілген еді. Сонда тәлкек еткендерді өздерінің келеке еткен нәрселері орап алды / бастарына жетті
(Оларға) айт: «Көктердегі және жердегі нәрселер кімдікі?», «Алланікі» де. Ол мәрхамет едуті өз міндетіне алған. Сендерді болуы күмәңсыз қиямет күнінде жинайды. Сондай өздеріне кесір тигізгендер; олар сенбейді
Аударма: Халифа Алтай
Олардан / : «Аспандардағы және жердегі нәрселер кімдікі?» - деп сұра да: «Аллаһтікі», - деп айт. Ол Өзіне мейрімділікті жазған. Ол сендерді Қайта тірілу күні міндетті түрде жинайды, онда күмән жоқ. Өздері-өздеріне зиян келтірушілер иманға келмейді
«Көктер мен жерді жаратушы Ол, өзі көректендіретін, көректенбейтін Алладан басқаны дос тұтайын ба?»,- де. «Күдіксіз мен Мұсылман болған кісінің тұңғышы болуыма бұйырылдым» де. Және әсте ортақ қошушылардан болма
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Аспандарды және жерді жасап шығарған Аллаһтан басқаны қамқоршы етіп аламын ба? Ол / барлығын / қоректендіреді, ал Оны / ешкім / қоректендірмейді», - деп. «Ақиқатында мен бойсұнушы болғандардың алғашқысы болуға бұйырылдым», - деп. Әрі мүшріктерден / Аллаһқа серік қосушылардан / болма
Алла егер саған бір зиян келтірсе, сонда оны өзінен басқа ешбір айықтырушы жоқ. Ал егер саған бір игілік тигізсе, Оның әр нәрсеге толық күші жетуші
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Егер, Аллаһ саған бір К зиян тигізетін болса, онда ол зиянды Одан өзге кетіруші жоқ. Ал, егер Ол бір жақсылық жеткізсе, Ол - барлық нәрсені Жасай алушы
(Мұхаммед Ғ.С.) «Куәлік тұрғысынан қай нәрсе үлкен?»,- де. «Мені мен сендердің араларында Алла куә және маған осы Құран, сендерді сондай-ақ кімге жетіссе, оларды қорқытуым үшін уақи етілді; Сендер Алламен бірге басқа тәңірлер барлығына айғақ бола аласыңдар ма?»,- де. «Мен куәлік бере алмаймын! Шынайы түрде Ол, жалғыз тәңір. Күдіксіз мен сендердің қосқан ортақтарыңнан аулақпын» де
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Айт: «куәлікте қай I нәрсе үлкен?» - деп. Айт: «Аллаһ менімен сендердің араларыңа куә. Маған осы Құран сендерді және хабар жеткендерді ескертуім үшін уахи етілді. Сендер Аллаһпен бірге басқа құдайлар бар деп шынымен куәлік бересіңдерме? Ал мен куәлік бермеймін!» - деп. Айт: «Шын мәнінде, Ол - жалғыз құдай. Сендердің Оған бір нәрсені серік етіп қосуларыңа менің қатысым жоқ», - деп
Және Аллаға өтірік жала қойғандардан немесе аяттарын өтірікке жорығандардан кім залымырақ? Күдіксіз Алла залымдарды құтқармайды
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһқа қатысты өтірікті құрастырғаннан / жала жапқаннан / немесе Оның аяттарын жалғанға шығарғаннан өткен әділетсіз кім бар? Негізінде әділетсіздік етушілер мақсат-мұраттарына жетпейді
Оларды қиямет күні түгел жинаймыз да, сонан соң: «Аллаға ойша қосқан ортақтарың қайда?» дейміз
Аударма: Халифа Алтай
Ол / қайта тірілу / күні Біз олардың барлығын жинаймыз, содан кейін мүшріктерге / Аллаһқа серік қосушыларға / : «Сендердің / бар деп / санаған серіктерің қайда?» - дейміз
(Мұхаммед Ғ.С.) олардан саған кейбіреулері құлақ салады. Бірақ олардың жүректеріне ұқпайтын қалтқы қойдық әрі құлақтарында кереңдік бар. Олар әр мұғжизаны көрсе де сенбейді. Тіпті саған келсе, олар сөз таластырады да қарсы болғандар: «Бұл (Құран) бұрынғылардың ертегілерінен басқа еш нәрсе емес» дейді
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Олардың ішінде сені тыңдап көретіндер де бар. Бірақ Біз олардың / серік қосушылардың / ұқпаулары үшін жүректеріне перде және құлақтарына кереңдік салдық. Олар әрбір белгіні көрсе де оған сенбейді. Тіпті өзіңмен тартысуға алдыңа келген кезде, сол күпірлік еткендер / аяттарды теріске шығарушылар / : «Бұл - бұрынғылардың аңыз-ертегілерінен басқа нәрсе емес», - дейді
Олардың отқа тоқтатылғанын көрсең: «Әттең! Біз (дүниеге) қайтарылсақ, раббымыздың аяттарын өтірікке ұйғармас едік те сенушілерден болар едік» дейді
Аударма: Халифа Алтай
Қайта тірілу күні / олар Оттың алдына тоқтатылған кезде, олардың: «Қап! Біз кері / дүниеге / қайтарылсақ еді, Раббымыздың аяттарын өтірікке шығармас едік және иманға келгендерден болар едік», - деп айтқанын бір көрсең
Керісінше олардың бұрыннан жасырған нәрселері айқындалды. Егер олар дүниеге қайтарылса еді, әрине оларға тыйым салынған істерді қайтадан істер еді. Күдіксіз олар мүлде өтірікші
Аударма: Халифа Алтай
Жоқ, керісінше! Олардың бұрын жасырып келгендері өздеріне әшкере болды. Егер олар / дүниеге / кері қайтарылғанда да, өздеріне тыйым салынғанға қайта оралар еді. Ақиқатында, олар - нағыз суайттар
(Мұхаммед Ғ.С.) Раббыларының хұзырында тоқтатылғандарын көрсең! (Алла): «Бұл шындық емес пе екен?»,- дейді. Олар: «Шын екен! Раббымызға ант етеміз» дейді. Алла, оларға: «Ендеше, қарсы болғандықтарыңның азабын татыңдар» дейді
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Оларды Раббысы алдында тоқтатылған кездерін көрсең еді! Сонда / Ол / : «Бұл шындық емес пе?» - дейді. / Олар / : «Әлбетте, Раббымызбен ант етеміз»,-дейді. Ол: «Күпірліктерің / имансыздықтарың / үшін енді азапты татыңдар», - дейді
Расында сондай Аллаға жолығуды өтірікке жорығандар, зиянға ұшырады. Хатте оларға кенеттен қиямет келсе, олар: «Өкінішке орай бұл жөнінде кемшілік қылған екеміз ғой» дейді. Олар күнәларын арқаларына көтереді. Сақ болыңдар! Көтергендері нендей жаман
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһпен болатын кездесуді өтірік санағандар, зиянға ұшырады. Ал өздеріне Сағат / қиямет / кенеттен келгенде, олар: «Ол өмірімізде жіберіп алғандарымыз үшін біз қандай қасіретке тап болдық», - дейді. Әрі олар жүктерін / күнәларын / арқаларына көтеріп жүреді. Олардың көтерген нәрсесі неткен жаман
Дүние тіршілігі еш нәрсе емес. Ойын- сауық ғана. Әрине ахырет жұрты тақуалар үшін жақсы. Сонда да түсінбейсіңдер ме
Аударма: Халифа Алтай
бұл дүние өмірі - ойын және бос ермектен басқа ешнәрсе емес. Ал, соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / - тақуалар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанушылар / үшін қайырлы. Ақылдарыңды істетіп, ұғынбайсыңдар ма
Расында білеміз, күдіксіз олардың айтқандары сені кейітеді. Олар сені өтірікке санап отырған жоқ. Бірақ залымдар Алланың аяттарына қарсы келеді
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Ақиқатында, Біз олардың айтқандарының сені қапаландыратынын білеміз. Негізінде, олар сені өтірікші санап отырған жоқ. Алайда әділетсіздер Аллаһтың аят-белгілерін теріске шығаруда
Расында сенен бұрыңғы пайғамбарлар да жасынға шығарылған еді. Сонда олар жалғаншы саналғандықтарына және көрген жапаларына жәрдеміміз келгенге дейін сабыр еткен болатын. Алланың сөздерін өзгертуші жоқ. Расында саған пайғамбарлардың қиссаларынан келді
Аударма: Халифа Алтай
Анығында, сенен бұрынғы елшілер де өтірікшіге шығарылған еді. Сонда олар өздерінің өтірікшіге шығарылғанына және көрген зәбірлеріне Біздің жәрдеміміз келгенге дейін сабыр етті. Аллаһтың сөздерін өзгертуші жоқ. Ақиқатында, жіберілген елшілер жайындағы хабарлардан кейбірі саған келді
Егер саған олардың жүз бұрулары ауыр келсе, қане! Қолыңнан келсе, жерде бір тесік немесе көкте бір саты іздеп тауып бір мұғжиза келтір! (Мұғжиза келтіру пайғамбарлардың еркінде емес. Алланың қалауы бойынша болады.) Егер Алла қаласа еді, оларды туралыққа жинар еді. Ендеше, сен надандардан болма
Аударма: Халифа Алтай
Егер саған олардың теріс бұрылулары ауыр тисе, қолыңнан келсе, жерде / өтетін / бір саңылау немесе аспанда / шығатын / бір саты іздеп тауып, оларға белгі-мұғжиза әкел! Аллаһ егер қалағанда, оларды тура жолда жинар еді. Сондықтан, сен надандар қатарында болма
Олар: «ОЛ пайғамбарға бір мұғжиза түсірілсе еді?»,- деді. (Мұхаммед Ғ.С.): «Шәксіз Алланың мұғжиза түсіруге күші жетеді. Бірақ олардың көбі білмейді.» де
Аударма: Халифа Алтай
Олар: «Оған Раббысынан бір белгі түсірілмей ме?» - деді. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Ақиқатында, Аллаһтың белгі түсіруге күші жетеді», - деп. Алайда, олардың көпшілігі білмейді
Жердегі жүрген жандық және қанатымен ұшқан құс; (жаратылу, көректену, өмір және өлімде) сендер құсаған топтықтар. Жазуда еш нәрседен кенде етпедік. Сонан соң олар Раббыларының алдына жиналады
Аударма: Халифа Алтай
Жер бетіндегі барлық жаны бар және екі қанатымен ұшатын құс - өздерің секілді қауымдар. Біз Кітапта / Ләухул-махфузда / еш нәрсені қалдырмадық / бәрін жаздық / . Содан кейін олар Раббысының алдына жиналады
Аллаға ортақ қосушыларға: «Егер сендерге Алланың азабы келсе немесе қиямет келсе, Алладан басқаны шақырасыңдар ма? Егер сөздерің рас болса, маған білдіріңдер» де
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Шын сөзді болсаңдар, айтыңдаршы, егер сендерге Аллаһтың азабы келсе, немесе Сағат / қайта тірілу күні / келсе, Аллаһтан басқаны / көмекке / шақырасыңдар ма?» - деп
Керісінше, Ол Алланы ғана шақырасыңдар да Ол қаласа, шақырған нәрселеріңнен айықтырады. Қосқан ортақтарыңды ұмытасыңдар…
Аударма: Халифа Алтай
Жоқ, керісінше! Сендер тек Оны / Аллаһты / ғана шақырасыңдар / Оған жалбарынасыңдар / . Сонда сендер не нәрседен көмек сұраған болсаңдар, Ол қаласа содан құтқарады әрі сендер серік етіп қосқандарыңды ұмытасыңдар
Сөйтіп олар берілген үгітті ұмытқан кезде, оларға әр нәрсенің есігін ашып жібердік. Хатте берілген нәрсеге мәз- мейрам болғанға дейін. Оларды кенеттен қолға алғанымызда, сол уақытта олар, күдерлерін бір- ақ үзді
Аударма: Халифа Алтай
Олар өздеріне еске салынғанды ұмытқан кезде, Біз оларға әрбір нәрсенің / түрлі ризықтардың / есіктерін ашып қойдық. Сөйтіп олар өздеріне берілген нәрсеге мәз-мейрам болғандарында, Біз оларды кенеттен қолға алдық та олар не істерін білмей, күдерлерін үзді
(Әй Мұхамед Ғ.С.): «Егер Алла есту, көру сезімдеріңді алып, жүректеріңді мөрлесе, Алладан басқа сендерге оны әкелетін тәңір кім? Маған білдіріңдер» де. Қара! Аяттарымызды қандай айырып түсіндіреміз. Одан кейінде олар, одан жүз бұрады
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Айтыңдаршы, егер Аллаһ сендердің есту және көрулеріңді алып қойып, жүректеріңді мөрлеп тастаса, сендерге оны беретін Аллаһтан басқа құдай бар ма?» - деп. Біздің аяттарды қалай түсіндіретінімізге назар сал, ал олар содан кейін де бет бұрып кетеді
(Әй Мұхаммед Ғ.С. Оларға) айт: «Жанымда Алланың қазынасы бар демеймін, көместі де білмеймін. Және сендерге періштемін де демеймін. Мен өзіме уахи етілгенге ғана ілесемін. Көзді мен көзсіз тең бе? Ойламайсыңдар ма?»,- де
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Сендерге: «Менің қасымда Аллаһтың қазыналары бар», - деп айтпаймын әрі мен ғайып / жасырын / нәрселерді білмеймін және сендерге өзімді періштемін деп те айтпаймын. Мен өзіме уахи етілетінге ғана еремін», - деп. «Соқыр мен көре алатын адам бірдей бола ала ма? / Ақылдарыңды істетіп / , ойланбайсыңдар ма?» - де
Раббыларының алдына жиналудан қорыққандарға онымен ескерт. Олар үшін Алладан өзге бір дос та қолдаушы да жоқ. Олардың сақсынулары керек
Аударма: Халифа Алтай
Раббысының алдына жиналудан қорыққандарды олардың тақуалық етулері / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанулары / үшін онымен / Құранмен / ескерт / насихат ет / . Оларға Одан басқа қамқоршы да, шапағатшы да / ара түсуші / жоқ
(Мұхаммед Ғ.С.) сондай күндіз- түні Раббыларына жалбарынып, Оның дидарын тілегендерді қума. Олардың еесбінен саған еш нәрсе жоқ. Және сенің есебінен оларға да еш нәрсе жоқ. (бір- біріңе жауапкершілік жоқ.) Сондықтан оларды қусаң зұлымдық қылғандардан боласың
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Таңертең және кешке Раббысына жалбарынып, Оның дидарын қалайтындарды / қасыңнан / қума. Сен олардың есебінен жауапты емессің, олар да сенің есебіңнен жауапты емес. Егер оларды қусаң, әділетсіздерден боласың
Құрайш бастықтары Пайғамбарға: « Жаныңдағы нашар адамдармен бірге отырудан арланамыз. Оларды қуып жіберсең келіп отырар едік» деген екен. Осылайша олардан кейін, кейі арқылы (Құрайштың бастықтары жарлы Мұсылмандарды): «Арамыздан Алланың игілік еткен адамдары осы ма?»,- деулері үшін сынадық. Алла (Т.) шүкірлік еткендері біледі емес пе
Аударма: Халифа Алтай
«Біздің арамыздағы Аллаһ игілік еткен адамдар осылар ма?» - деп айтулары үшін олардың кейбірін өзгелерімен осылай сынадық. Аллаһ шүкір етушілерді / берген игіліктеріне алғыс білдірушілерді / жақсы біледі емес пе
Қашан саған аяттарымызға сенгендер келсе: «Сәламүн Ғалейкүм (Сендерге есендік болсын)» де. Раббыларың мәрхамет етуді өз үстіне алған. Шәксіз Алла, сендерден біреу, білмей бір жамандық істеп, сонан кейін тәубе қылып, өзін түзелтсе, сөз жоқ. Алла аса жарылқаушы, ерекше мейірімді. Осылайша күнәкарлардың жолы анықталуы үшін аяттарымызды ашалап баян етеміз
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Қашан саған аяттарымызға сенгендер келсе: «Сендерге амандық болсын. / Сәләмун ъалайкум! / Раббыңыз Өзіне мейірімді жазған. Сендерден біреу білместікпен бір жамандық істеп, содан кейін істеген күнәсіне шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтса / тәубеге келсе / және түзетсе, ақиқатында, Ол - өте Кешірімді, ерекше Мейірімді » - деп айт
«Расында мен Алладан басқа сиынғандарыңа құлшылық етуден тосылдым» де. «Сендердің ойларыңа қосылмаймын. Ол уақытта адасқан сондай-ақ тура жол таппағандардан боламын» де (Мұхаммед Ғ.С)
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Анығында, маған сендердің Аллаһтан өзге тілейтіндеріңе құлшылық етуге тыйым салынды», - деп. «Сендердің көңілқұмарлықтарыңа ермеймін. Олай істесем, адасқан және тура жолда жүрмегендерден боламын», - деп
(Мұхаммед Ғ.С.): «Шынында мен Раббым тарапынан ашық дәлел үстіндемін. Сендер оны жалғандадыңдар. Сендер, жедел тілеген (азап) менде жоқ. Билік Аллаға ғана тән. Ол туралықпен үкім етеді. Және Ол үкіметушілердің ең жақсысы » де
Аударма: Халифа Алтай
Айт: «Ақиқатында, мен Раббымнан берілген анық дәлел үстіндемін. Ал сендер оны өтірікке шығардыңдар. Сендер тез болуын сұрап отырған нәрсе / жаза / менің қолымда емес. Үкім беру - тек Аллаһта. Ол ақиқатты айтады әрі Ол - үкім беріп айырушылардың ең қайырлысы», - деп
«Егер сендердің асығыс тілегендерің менде болса еді, әрине сендер мен менің арамда іс біткен болар еді» де. Алла (Т.) залымдарды толык біледі
Аударма: Халифа Алтай
Айт: «Егер де сендер тез болуын сұрап отырған нәрсе / жаза / менің қолымда болғанда, менімен сендердің арамыздағы мәселе біткен болар еді», - деп. Аллаһ - әділетсіздерді жақсы Білуші
Көместің кілттері Оның жанында. Оны Ол, өзі ғана біледі. Және құрылықтағы, теңіздегі нәрселерді біледі. Бір жапырақ түссе де, Алла оны біледі. Және жердің қараңғылықтарындағы құрғақ және жас ұрыққа дейін ашық Кітапта бар
Аударма: Халифа Алтай
Ғайыптың кілттері Ода / Аллаһта / , оны тек Ол ғана біледі / басқа ешкім білмейді / . Ол құрлықтағыны да, теңіздегіні де біледі. Оның білуінсіз бірде-бір жапырақ түспейді. Жердің қараңғылықтарындағы бір дән болсын, сұлы немесе құрғақ нәрсе болсын, барлығы да анық Кітапта / жазулы
Ол сондай түнде сендерді өлідей ұйықтатады. Және күндіз не істегендеріңді біледі. Сонан соң сендерді белгілі бір мерзім толтыру үшін күндіз оятады. Соңыра қайтып барар жерлерің Сол жак. Одан кейін істеген істеріңді түсіндіреді
Аударма: Халифа Алтай
Ол / Аллаһ / түнде сендердің жандарыңды алады және күндіз не істегендеріңді біледі. Ол сендерді белгіленген мерзім / өмір / аяқталуы үшін, онда / күндіз / қайта тірілтеді. Кейін Оған қайтасыңдар. Содан кейін, Ол сендерге не істегендеріңнің хабарын береді
Және Ол, құлдарың үстіне өктем, Сендерге қорушы (періште) лар жібереді. Біреулеріңе өлім келген сәтте, періштелеріміз жанын алады әрі еш кемістік етпейді
Аударма: Халифа Алтай
Ол - әл-Қаһир / құлдарының үстінен үстемдік етуші / әрі Ол сендерге сақтаушыларды / амалдарды жазып сақтаушы періштелерді / жібереді. Қашан біреуіңе өлім келген кезде, елшілеріміз / жан алушы періштелер / оның жанын еш кемшілік жібермей алады
(Мұхаммед Ғ.С.): «Құрылықта, теңіздің қараңғылықтарынан сендерді кім құтқарады? Осыдан бізді, құтқарсаң, әлбетте шүкір етушілерден болар едік деп, оған жасырын жалынып, тілейсіңдер» де
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Сендер Оған жалбарына әрі құпия түрде: «Ол бізді осыдан / апаттан / құтқарса, әлбетте біз шүкір етушілерден / Оның берген игіліктеріне алғысбілдірушілерден / боламыз», - деп / көмекке / шақырған кездеріңде, сендерді құрлық және теңіз қараңғылықтарынан кім құтқарады?» - деп
«Ол, сендерге үстеріңнен немесе аяқтарыңның астынан азап жіберуге, не сендерді топтар түрінде ұрыстырып біріңе- біріңнің кесірін таттыруға күші жетеді» де. Қара! Олардың түсінулері үшін аяттарымызды қалай ашық баян етеміз
Аударма: Халифа Алтай
Айт: «Ол, сендерге төбелеріңнен немесе аяқтарыңның астынан азап жіберуге не сендерді гүрлі топтарға бөліп, шиеленістіруге және кейбіреулеріне өзгелеріңнің қатыгездігін таттыруға күші жетеді», - деп. Олардың ұғулары үшін аяттарымызды қалай түсіндіретінімізге назар сал
(Мұхаммед Ғ.С.) аяттарымыз турасында олардың ажыуаға кіріскенін көрген сәтте, басқа сөзге кіріскендеріне шейін олардан бет бұр. Егер шайтан саған ұмытырса, есіне түскененнен кейін залымдар тобымен бірге отырма
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Қашан олардың Біздің аяттарымызға байланысты / бос сөзге / кіріскенін көрген кезде, олар басқа әңгімеге ауысқандарына дейін олардан теріс бұрыл. Егер шайтан саған ұмыттырса, есіңе түскеннен кейін, әділетсіз адамдармен бірге отырма
Сондай сақсынғандарға олардың есебінен (жауапкершілік) еш нәрсе түспейді. Бірақ ескертуге болады. Бәлкім олар сақсынар
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанушылар / тақуалық етушілер / , олардың / мүшріктердің / есебінен сұралмайды. Тек, олар Аллаһтың жазасынан сақтанулары үшін еске салу / ескерту / керек
Сондай діндерін ойын-сауыққа алғандарды және дүние тіршілігіне алданғандарды қойып, Құран арқылы ескерт. Біреу қылығы себепті зиянға ұшырамасын. Негізінен оған Алладан өзге ешбір дос не қолдаушы жоқ. Және әрқандай төлеу берсе де одан алынбайды. Міне сондай қылықтарының салдарынан жанышталғандар үшін қарсылықтары себепті қайнап тұрған судан, сусын әрі жан түршігерлік азап бар
Аударма: Халифа Алтай
Өз діндерін ойын әрі бос ермек етіп алғандарды және осы өмір алдағандарды жайына қалдыр. Әрі онымен / Құранмен / жанның істеп тапқандары / күнәлары / салдарынан құритындығын еске сал. Оған Аллаһтан өзге ешбір қамқоршы да, арашашы да болмайды. Әрі қандай төлем берсе де одан алынбайды. Міне, солар - істеген істерінің салдарынан, өздерін жойылуға душар еткендер. Оларға, күпірліктері / иманды теріске шығарғандықтары / үшін қайнап тұрған ыстық судан сусын әрі күйзелтуші азап бар
(Мұхаммед Ғ.С.): «Алладан басқа бізге пайда, зиян келтіре алмайтын нәрсеге сиынайық па? Алла тура жолға салғаннан кейін қайтып, шайтан баурап, жер жүзінде абыржыған жолдастары: «Біз жақтағы тура жолға кел» деп шақырып жүрген кісі құсайық па?»,- де. «Алланың жолы тура жол. Және әлемдердің Раббына бой ұсынуға бұйырылдық» де
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед / / Айт: «Аллаһтан басқа бізге не пайда, не зиян келтіре алмайтын бір нәрседен тілейміз бе? Әрі Аллаһ бізді тура жолға түсіргеннен кейін, жолдастары: «Біз жаққа кел», - деп, тура жолға шақырып тұрса да, жер бетінде шайтандар азғырып, дал болған / өзін жоғалтқан / біреу секілді, артымызға қайтарыламыз ба?» - деп. Айт: «Аллаһтың жолы - анық тура жол. Біз әлемдердің Раббысына бойсұнуға бұйырылдық
Ол, көктер мен жерді шындықпен жаратты. Ол: «Бол» деген күні бола кетеді. Оның сөзі шын. Сұр үрілетін (қиямет) күні әкімшілік Онікі. Көместі және көрнеуді білуші әрі Ол хикмет иесі, толық хабар алушы
Аударма: Халифа Алтай
Әрі ол аспандарды және жерді ақиқатпен жаратты. Ол: «Бол», - деген күні болады. Оның сөзі - ақиқат. Сүр үрілетін / қиямет / Күні билік тек Онікі. Ол - құпия мен айқын нәрсені Білуші әрі Ол -аса Дана, бәрінен Хабардар
Сол уақытта Ыбырайым әкесі Әзерге: «Бұттарды тұттыңдарма? Расында мен сені де еліңді де анық адасуда көремін» деген
Аударма: Халифа Алтай
Әрі кезінде Ибраһим әкесі Азарға: «Пұттарды / қолдан жасалған мүсіндерді / құдайлар етіп аласың ба? Ақиқатында, мен сені және еліңді анық адасуда көремін», - деді
Оны түн қаптаған сәтте, бір жұлдыз көрді де: « Осы менің Раббым» деді. Жұлдыз батқан кезде; «Бататындарды жақсы көрмеймін» деді
Аударма: Халифа Алтай
Түн / қараңғылығы / оны жапқан кезде, ол бір аспан денесін / ғаламшарды / көріп: «Міне, осы - менің Раббым», - деді. Ол батқан кезде: «Батушыларды жақсы көрмеймін», - деді
Туған айды көргенде: «Осы менің Раббым» деді. Ол батқанда: «Егер Раббым тура жолға салмаған болса еді, әрине мен де адасқан елден болар едім» деді
Аударма: Халифа Алтай
Шығып келе жатқан айды көрген кезде: «Осы - менің Раббым», - деді. Ол батқан кезде: «Егер Раббым мені тура жолмен жүргізбесе, мен де адасқан адамдардан болар едім»,-деді
Және шыққан күнді көргенде: « Осы менің Раббым, мынау үлкенірек» деді. Ол батқан сәтте: «Әй қаумым! Расында, сендер Аллаға ортақ қосқан нәрселерден бездім» деді
Аударма: Халифа Алтай
Шығып келе жатқан күнді көрген кезде: «Осы - менің Раббым, ол үлкенірек»,- деді. Ол батқан кезде: «Әй, елім! Сендердің / Аллаһқа / серік етіп қосқандарыңа менің қатысым жоқ
«Мен шынайы түрде жүзімді көктерді, жерді жаратқанға мүлде жөнелттім. Және ортақ қосушылардан емеспін» деді
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, мен аспандарды және жерді жасап шығарғанға, ханиф күйімде жүзімді бұрдым әрі мен мүшріктерден / Аллаһқа серік қосушылардан / емеспін», - деді
Елі онымен тартысқа кірісті. «Мені рас тура жолға салған Алла жайында менімен таласасыңдар ма? Мен сендердің оған ортақ қосқан нәрселеріңнен қорықпаймын. Бірақ Раббым не нәрсе қаласа, (болады) Раббымның білімі әр нәрсені қамтыған. Ойланбайсыңдар ма?»,- деді
Аударма: Халифа Алтай
Сөйтіп, елі онымен тартысқа түсті. Ол: «Сендер мені тура жолға түсірген Аллаһ жайында тартысасыңдар ма? Мен сендердің Оған серік етіп қосқан нәрселеріңнен қорықпаймын. Тек Раббым бір нәрсені қаласа ғана / оның қалағаны болады / . Раббымның білімі барлық нәрсені қамтыған. Еске алмайсыңдар ма / ескермейсіңдер м
«Сендердің қосқан ортақтарыңнан қалайша қорқамын. Сендер ешбір дәлел түсірілмеген нәрсені Аллаға ортақ қосудан қорықпайсыңдар. Сенім тұрғысынан екі топтың қайсысы лайығырақ? Егер білетін болсаңдар.»
Аударма: Халифа Алтай
Сендер, Аллаһ ешбір дәлел түсірілмеген нәрсені, Оған серік етіп қосуға қорықпағанда, мен сендердің серік етіп қосқан нәрселеріңнен қалайша қорық-пақпын?» - деді. Егер білетін болсаңдар, екі топтың қайсысы амандыққа / өзін қауіпсіз сезінуге / лайықты
Және оған Ысхақ, Яғқұпты беріп, барлығын тура жолға салдық. Бұрын Нұх (Ғ.С.) ты да тура жолға салып және оның ұрпақтарынан дауыт, Сүлеймен, Әйүп, Юсып, Мұса және Һарұн (Ғ.С.) ға да (тура жол көрсеттік) Игілік істеушілерге осындай сыйлық береміз
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Біз оған Исқақ пен Йаъқубты сыйладық және олардың барлығын тура жолмен жүргіздік. Сондай-ақ, бұрын Нұхты да тура жолмен жүргізгенбіз. Әрі оның ұрпақтарынан Дәуітті, Сүлейменді, Айубты, Иусуфты, Мұса және Һарұнды да. Біз жақсылықты ықыласпен істеушілердің қайтарым сыйын осылай береміз
Міне бұлар, өздеріне Кітап, даналық және пайғамбарлық бергендеріміз. Егер енді бұлар (Құрайштар), Қарсы келсе, қарсы келмейтін бір елді оларға уәкіл етеміз
Аударма: Халифа Алтай
Міне, бұлар - Кітап, үкім және пайғамбарлық берілгендер. Егер бұлар / мүшріктер / осы нәрселерге күпірлік етсе / қарсы келсе / , Біз оны осыған күпірлік етпейтіндерге тапсырғанбыз
Міне солар, Алланың тура жолға салған (пайғамбар) дары. (Мұхаммед Ғ.С.) онда олардың жолын қу және: «Сендерден ақы сұрамаймын.Өйткені Құран әлемге үгіт ғана.» де
Аударма: Халифа Алтай
Міне, бұларды / пайғамбарларды / - Аллаһ тура жолмен жүргізді! / Ей, Мұхаммед! / Сен де солардың жолына ілес. Айт: «Мен сендерден бұл / Құран /үшін ақы сұрамаймын. бұл - әлемдерге еске салу, / ескерту / ғана», - деп
Алланы лайықты түрде бағаламағандар, сол уақытта: «Алла, адам баласына ешбір нәрсе түсірмеді» деді. «Мұса (Ғ.С.) ның адам баласына бір нұр және туралық түрінде әкелген Кітабын кім түсірді? Сендер оны бөлшек- бөлшек қағаздар етіп, кейбірін көрсетіп, көбін жасырасыңдар. Негізінде аталарыңның әрі сендердің білмегендерің үйретілген болатын. Оны Алла түсірді» де. Сонан соң оларды қойып қой, азғындықтарында ойнасын
Аударма: Халифа Алтай
Олар / : «Аллаһ адам баласына еш нәрсе түсірмеді», - деп, Аллаһтың қадірін лайықты түрде білмеді. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Адамдар үшін нұр және тура жол ретінде Мұса әкелген Кітапты кім түсірді? Сендерге / онымен / өздерің және әкелерің білмеген нәрселер үйретілген еді. Ал сендер оны бөлек-бөлек парақтар етіп, бір бөлігін көрсетесіңдер де және көбісін жасырып қаласыңдар?» - деп және: « / Оны түсірген / Аллаһ!» - деп айт. Содан кейін оларды жалғанға батқан халде жайында қалдыр
Бұл (Құран) кенттердің анасы Меккеліктерді, маңындағы адамдарды үгіттеуің үшін біз саған түсірген өзінен бұрынғыны растаушы құтты бір Кітап. Сондай ақиретке сенгендер, бұған сенеді де, олар намаздарына сақтық істейді
Аударма: Халифа Алтай
Біз түсірген бұл Кітап / Құран / - берекелі, / оны / өзінен алдыңғыларды / кітаптарды / растаушы және елді мекендердің анасы / Мекке тұрғындарын / және оның айналасындағыларды ескертуің үшін / түсірдік / . Анығында, соңғы мәңгілік өмірге / ақиретке / сенетіндер, оған / Құранға / сенеді әрі олар әрқашан намаздарын сақтайды / барлық шарттарын орындайды
Алланы жасынға шығарған немесе өзіне ешбір уақи етілмесе де: «Маған уақи етілді» деген, және: «Алла түсірген сияқтыны мен де түсірем» дегеннен кім залымырақ? (Мұхаммед Ғ.С.) егер залымдарды өлім қиналысында, пеіштелер қолдарын созып: «Жандарыңды шығарыңдар! Бүгін Аллаға қарсы орынсыз сөйлегендерің, Оның аяттарына менменсігендерің себепті қорлаушы азаппен жазаланасыңдар» дегенде бір көрсең
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһқа қатысты өтірікті құрастырғаннан / жала жапқаннан / немесе өзіне еш нәрсе уахи етілмесе де: «Маған уахи етілді», - деп айтқаннан және: «Мен Аллаһтың түсіргені сияқтыны түсіремін», - дегеннен өткен әділетсіз біреу бар ма? Әділетсіздерді өлім жанталасында жатқанда, періштелер қолдарын созып: «Жандарыңды / рухтарыңды / шығарыңдар! Аллаһ жайында ақиқаттан өзге сөз айтқандарың әрі Оның аяттарынан өздеріңді жоғары қойғандықтарың үшін, бүгін сендерге қайтарым жаза ретінде қорлық азабы беріледі», - дегенде көрсең
«Расында алғаш рет жаратқанымыздай бізге жалғыз- жалғыз келдіңдер. Сендерге берген нәрселерімізді арт жақтарыңа тастатыңдар. Сондай-ақ қолдаушы болады деп ойлаған серіктеріңді сендермен бірге көре алмаймын. Әрине араларыңдағы байланыс үзілді. Ол ойлаған нәрселерің сендерден жым- жылас болды» (Оларға деп айтылады)
Аударма: Халифа Алтай
Міне, сендер Бізге, алғашқыда жаратқанымыздай жалғыз / болып / келдіңдер. Әрі Біз сендерге берген нәрселерді арттарыңа қалдырдыңдар. Енді өз араларыңда / Аллаһқа / серік деп санаған «қолдаушыларыңды» сендермен бірге көрмей тұрмыз. Араларың үзілді әрі «қолдайды» деп есептеген нәрселерің сендерден жоқ болып кетті
Күдіксіз Алла, түйірді және ұрықты жарушы. Және өліден тіріні, тіріден өліні шығарушы. Міне Алла осы. Ал сонда қайда бұрылып бара жатырсыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, Аллаһ - дән мен дәнекті жарып шығарушы. Ол өліден тіріні шығарады, тіріден өліні шығарады. Міңе, осы - Аллаһ. Сонда, қайда ауып бара жатырсыңдар
Таңды сөгуші, түнді тынығу және күн мен айды есеп үшін жаратқан. Осылар, аса үстем, толық білуші Алланың өлшеуі
Аударма: Халифа Алтай
Ол - таңның жарығын шығарушы. Ол түнді - тыным етіп жасады, ал күн мен айды есеппен / қозғалатын / етті. Бұл - бәрінен Үстем, бәрін Білушінің бекіткен өлшеуі
Ол, құрылық және теңіздің қараңғылықтарында сол арқылы жол табуларың үшін жұлдыздарды жаратқан. Расында аяттарымызды білетін елге ашық түсіндірдік
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Ол / Аллаһ / сендерге, жұлдыздарды - құрлық және теңіз қараңғылықтарында жол табуларың үшін жасаған. Анығында, Біз аяттарды білетін адамдар үшін анық-айқын етіп түсіндірдік
Және Ол, сендерді бір- ақ кісіден жаратқан. Сендерге (атаның белінде, ананың қарнында немесе жердің үстінде, астында) уақытша тұрақ әрі орын бар. Расында ұғатын қауымға аятарымызды ашықтан- ашық баян еттік
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Ол сендерді бір жаннан өсіріп шығарған және сендерге тұратын орын және сақталатын орын / жасаған / .Біз түсінетін адамдар үшін аяттарды анықтап түсіндірдік
Және Ол, аспаннан жаңбыр жаудырды. Ол арқылы әр түрлі өсімдікті шығардық та, одан жасылдық (көк) шығарып үсті- үстіне ұйысқан түйірді шығарамыз. Және құрма ағашының қауашығынан салбыраған шумақтар және жүзім бақларын, бір-біріне ұқсаған, ұқсамаған зәйтін, анар шығарамыз. Мәуеленгенде әрі піскенде жемістеріне бір қараңдар; міне шәксіз осыларда сенген ел үшін әрине дәлелдер бар
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Ол аспаннан су түсірген. Біз ол арқылы әртүрлі өсімдікті шығардық. Одан көк шығарып, ал одан шоғырланған дән шығарамыз. Құрманың түйінінен иілген жемісті шақтар шығарамыз. Сондай-ақ жүзімнен бақтар және бір-біріне ұқсайтын, ұқсамайтынзәйтүн мен анар шығарамыз. Олардың жеміс салған және жемісі пісіп жетілген кезіне назар салыңдар. Ақиқатында, Мұнда имандылар / мүміндер / үшін белгі-дәлелдер бар
Және де олар, Алла жаратқан жындарды Оған теңеді. Және олар білместіктен Оған ұлдар, қыздар ұйғарды. Ол олардың сипаттанғандарынан пәк, жоғары
Аударма: Халифа Алтай
Ал, олар Аллаһқа жындарды серік етіп қосты, оларды Оның Өзі жаратқан болса да. Әрі олар ешбір білімсіз / білімі болмаса да / , Оған ұлдар мен қыздарды таңды. Ол - / барлық кемшіліктен / пәк әрі олардың сипаттағандарынан жоғары
Көктер мен жерді жоқтан бар етуші. Оның баласы қалайша болады? Оның бір жұбайы жоқ. Барлық нәрсені жаратқан әрі Ол, ән нәрсені толық білуші
Аударма: Халифа Алтай
Ол - аспандарды және жерді жоқтан бар Етуші. Оның жұбайы болмаса,Оның баласы қалайша болады?! Сондай-ақ, Ол әрбір нәрсені жаратты және Ол - барлық нәрсені Білуші
Міне бұл сипаттарға ие болған Раббыларың Алла. Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Ол, барлық нәрсені жаратушы. Ендеше Оған құлшылық қылыңдар. Ол әр нәрсеге кепіл
Аударма: Халифа Алтай
Міне осы Аллаһ - сендердің Раббың. Одан басқа ешбір құдай жоқ. Әрі Ол - барлық нәрсені Жаратушы. Оған құлшылық қылыңдар. Ол - әрбір нәрсені қорғап, Сақтаушы
Расында Сендерге Раббыларың тарапынан көрнеу дәлелдер келді. Кім оны көрсе өзі үшін. Және кім көрмесе зияны өзіне. Мен сендерге күзетші емеспін
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Анығында, сендерге Раббыңыздан көрнекі / ашық көрінетін / дәлелдер келді. Кім оны көріп, таныса, өзі үшін. Ал кім оған соқыр болса, зияны өзіне. Мен сендерді күзетуші емеспін», - деп
Олардың Алладан өзге сиынғандарын боқтамаңдар. Олар білмей шектен шығып Аллаға тіл тигізеді. Осылайша Әр топқа өз істерін әдемі көрсеттік. Сонан соң қайтар орындары раббыларына. Сонда оларға не істегендерін білдіреді
Аударма: Халифа Алтай
Олардың Аллаһтан өзге табынып жатқандарын балағаттап, сөкпеңдер. Олар онда дұшпандықпен ешқандай білімсіз Аллаһқа тіл тигізеді. Осылайша әр топқа өз істерін әдемі көрсеттік. Содан кейін олар өздерінің Раббысына қайтады. Сонда, Ол оларға не істегендерінің хабарын береді
Олар өздеріне бір мұғжиэа көрсетілсе, оған міндетті түрде сенетіндіктеріне Алланың атымен қатты ант қылды. (Мұхаммед Ғ.С.): «Мұғжизалар Алланың қасында» де. Шынайы түрде оларға мұғжиза келсе де, сенбейтіндігін сезбейсіңдер ме
Аударма: Халифа Алтай
Олар өздеріне бір мұғжиза келтірілсе, оған / ол белгіге / міндетті түрде сенетіндіктеріне Аллаһпен үлкен ант берді. Айт: «Мұғжизалар - Аллаһта» - деп. Оларға мұғжиза келсе де сенбейтіндігін сезбейсіңдер ме
Егер оларға періштелерді түсірсек те және оларға өліктер сөйлессе де сондай-ақ олардың алдына әр нәрсені жинасақ та олар нанушы емес. Әрине Алла қаласа басқа. Бірақ олардың көбі білмейді
Аударма: Халифа Алтай
Егер біз оларға / серік қосушыларға / періштелер түсірсек және олармен өлілер сөйлессе де әрі барлық нәрсені олардың алдына жинасақ та, Аллаһтың қалауы болмай тұрып олар иманға келмейді. Алайда олардың көбі білмейді
Осылайша әр пайғамбарға адамдардың және жынның шайтандарынан дұшпан қылдық. Олар алдап бір-біріне жалтыраған сөздерді сыбырлайды. Раббың қаласа еді, олар оны жасамас еді. Оларды жасанды сөздерімен қойып қой
Аударма: Халифа Алтай
Осылайша әрбір пайғамбарға адамдар мен жынның шайтандарын жау етіп қойдық. Олардың кейбірі өзгелерін алдап-арбау үшін көркемделген / өтірік / сөзді айтып иландырады. Егер де Раббың қалағанда, олар оны істемес еді. Енді оларды және олардың ойдан құрастыратындарын да жайына қалдыр
Олар, ақиретке сенбегендердің көңілдері оған ауып разы болсын да, істеген күнәларын істей берсін (деп күңкілдедйді)
Аударма: Халифа Алтай
мұны / оған / ол сөздерге / соңғы мәңгілік өмірге / ақиретке / сенбейтіндердің жүректері ауып және оған разы болулары әрі жасап жүрген істерін / күнәларын / жалғастыра берулері үшін / жасадық
(Мұхаммед Ғ.С.): «Ол, сендерге егжей- тегжейлі Кітап түсірді. Сонда да Алладан басқа би іздейін бе?»,- (де) Және сондай Кітап бергендеріміз, о (Құран) ның Раббың тарапынан шындықпен түсірілгенін біледі. Ендеше, әсте күдіктенушілерден болма
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед!!'. «Ол сендерге анық түсіндірілген Кітапты / Құранды / түсірген болса да Аллаһтан өзгені төреші етуді қалайын ба?» - де. Ал, Бізден Кітап берілгендер / иудей, христиандар / , оның / Құранның / Раббыңнан ақиқатпен түсірілгенін біледі. Сен мүлде, күмәнданушылардан болма
Аллланың аты айтылғанды жемейтін сендерге не болды? Өте шарасыз болмағанда сендерге арам етілген нәрселерді ашық білдірген. Олардың көбі білместіктен ойша адастырады. Күдіксіз Раббың Ол, шектен шығушыларды жақсы біледі
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһтың есімі аталғанды жемейтіндей сендерге не болды? Ол сендерге, егер / жеуге / мәжбүр болмасаңдар, ненің тыйым салынғанын / харам етілгенін / анықтап түсіндірді. Әрі ақиқатында, көпшілік ешбір білімсіз өздерінің көңіл құмарлықтарына еріп / өзгелерді / адастырады. Анығында, Раббың шектен шығушыларды жақсы біледі
Және оған, Алланың аты айтылмай Күдіксіз арам нәрсе. (Оны жеу дұрыс емес.) Расында шайтандар сендермен тартысу үшін, өз сыпайластарына сыбырлайды. Егер оларға бой ұсынсаңдар, (Аллаға) шерік қосушылардан боласыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһтың есімі аталмағаннан жемеңдер. Шын мәнінде, бұл / олай істеу / - анық бұзықтық / бойсұнбаушылық / . Анығында, шайтандар сендермен тартысу үшін өзіне ерушілердің көкейлеріне азғыру салады. Егер Оларға бағынсаңдар, сендер серік қосушы боласыңдар
Өлі біреуді тірілтіп, оған адамдардың ішінде онымен жүретін жарық қылсақ, ол, қараңғылықтарда қалып одан шыға алмайтын біреу құсаған бола ма? Осылайша кәпірлерге, істеген істері әдемі көрсетілді
Аударма: Халифа Алтай
Өлі / имансыздықта / болған кезінде, Біз оны тірілтіп, оған нұр / иман / беріп, ол нұрмен адамдардың арасында жүретін біреу, қараңғылықтар ішінде қалып, одан шыға алмай жатқан біреуге ұқсай ма? Кәпірлерге істеп жүргендері осылай, әдемі етіп көрсетілді
Сөйтіп әр кентте онда алакерлік қылулары үшін оның бұзықтарын бастық қылдық. Олар өздеріне ғана айлакерлік жасағандарын аңғармайды
Аударма: Халифа Алтай
Міне солай, әрбір елді мекенде, онда айла-шарғы жасаулары үшін оның қылмыскерлерін үлкендер / басшылар / еттік.Алайда, олар айла-шарғыларын өздеріне ғана жасайды әрі оны өздері сезбейді
Оларға бір аят келген сәтте: «Алланың елшілеріне берілген сияқты бізге де берілгенге дейін иман келтірмейміз» деген. Алла елшілікті қалай басқаратынын біледі. Қылмыстылар; айлакерліктері себепті Алланың қасында қорлық әрі қатты қинуға душар болады
Аударма: Халифа Алтай
Қашан оларға бір белгі келсе, олар: «Бізге Аллаһтың елшілеріне берілгендей нәрсе берілмейінше, мүлдем сенбейміз»,- деді. Аллаһ елшілікті қайда қоятынын / кімге беретінін / жақсы біледі. Қылмыс жасағандар жасаған айла-шарғылары үшін жақында Аллаһтың алдында қорлыққа және қатты азапқа душар болады
Сонда Алла, кімді тура жолға салуды қаласа, Ислам үшін оның көңілін кеңітеді. Және біреуді адастырғысы келсе, оның көңілін көкке шығарып бара жатқандай өте тарайтады. Өстіп Алла, иман келтірмегендерді қорлайды
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ кімді тура жолмен жүргізуді қаласа, оның көкірегін Исламға кеңітіп ашады. Ал, кімді адастыруды қаласа, оның көкірегін, бейне бір аспанға көтеріліп бара жатқандай тарылтып, қысады. Аллаһ иманға келмегендерге, осылай азап береді
Оларды тұтас жинаған күні: «Әй жын тобы! Адамдардан (азғырып) көбейтіңдер» (делінелі) Олардың адамдардан болған достары: «Раббымыз! Бір-бірімізден пайдаландық. Бізге Сен берген мерзім жетіп келді» дейді. (Алла да) : «Орындарың тозақ, онда мүлде қаласыңдар. Бірақ Алла қаласа басқа» дейді. Күдіксіз Раббың хикмет иесі, толық білуші
Аударма: Халифа Алтай
Ол / Аллаһ / олардың барлығын жинаған Күні: «Ей, жындар тобы / жынның шайтандары / ! Сендер адамдардан көбейттіңдер!» - дейді. Олардың адамдардан болған көмекшілері: «Раббымыз! Біз бір-бірімізден пайдаландық және біз үшін Өзің белгілеген мерзімге жеттік», - дейді. Ол: «Сендердің тұрақтарың - От. Онда мәңгі қаласыңдар, егер тек Аллаһ басқаны қаламаса», - дейді. Ақиқатында, Раббың - аса Дана, бәрін Білуші
«Әй жын мен адмдар тобы! Сендерге іштеріңнен аяттарымды баян етіп, бұл күнге кездесулеріңді ескертетін елшілер келмеді ме?»,- (делінеді) Олар: «Раббымыз! Өзімізге куәміз» дейді. Оларды дүние тіршілігі алдаған. Олар өздерінің анык қарсы болғандықтарына айғақ болды
Аударма: Халифа Алтай
«Ей, жын және адамдар тобы! Сендерге өздеріңнен Менің аяттарымды баян ететін әрі сендерді осы күндеріңе жолығудан сақтандыратын елшілер келмеді ме?» - / деп айтылады / . Олар: «Біз өзімізге қарсы, өзіміз куәлік етеміз», - дейді. Оларды осы өмір алдады. Олар өздерінің кәпір болғандарына куә болды
Раббың бай әрі мәрхамет иесі. Қаласа сендерді кетіреді де, сендерді басқа қауымның ұрпағынан жаратқанындай сендерден кейін қалағанын орындарыңа келтіреді
Аударма: Халифа Алтай
Раббың - әл-Ғани / өте Бай / , мейірім Иесі. Егер қаласа, өздеріңді басқа адамдардың ұрпақтарынан пайда қылғандай, сендерді кетіріп, кейін орындарыңа Өзі қалағанын келтіреді
(Мұхаммед Ғ.С.): «Әй елім! Шамадарыңша істеңдер. Әрине мен де істеушімін. Соңғы жұрт кімдік іболады? Тез білесіңдер. Расында зұлымдар құтылмайды» де
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Әй, елім! Осы жағдайларыңда / ақиқатқа қарсы келулеріңде / әрекет жасай беріңдер, мен де әрекет жасаймын. Жақында соңғы тұрақ кімдікі болатынын білесіңдер. Анығында, әділетсіздер жетістікке жетпейді», - деп
Олар Алла жаратқан егіннен, малдан үлес қылады да, өз ойдарынша: «Бұл Алланікі, бұл ортақтарымыздікі» деді. Сонда ортақтарынікі ортақтарына жетеді. Олар нендей жаман үкім береді
Аударма: Халифа Алтай
Олар Аллаһқа, Оның Өзі жаратқан егін мен малдардан үлес ажыратып, жалаң ойларымен: «бұл - Аллаһқа, ал бұл - серіктерімізге», - деді. Серік еткендеріне арналғанды Аллаһқа деп бөлген үлестеріне қоспай, ал Аллаһқа арналғанды серік еткендерінің үлестеріне қоса беретін. Олардың ұйғарғандары неткен жаман
(Жаһилиет заманында кәпірлер егіннен, малдан Аллаға да, бұтқа да арнап сыбаға айырып, кейде Алла бай деп, Оған арналғанды бұтқа ауыстырып, бұтқа арналғанды Аллаға ауыстырмайтын болған.) Сол сияқты ортақтары, мүшріктердің көбін жою әрі олардың діндерін шатастыру үшін балаларын өлтіруді әдемі көрсетті. Егер Алла қаласа еді, олар оны істемес еді. Енді оларды жасандылары бойынша қойып қой
Аударма: Халифа Алтай
Әрі осылайша мүшріктердің / Аллаһқа серік қосушылардың / көбіне олардың серіктері / шайтандары / оларды құрту үшін, әрі діндерін шатастыру үшін, балаларын өлтіруді әдемі етіп көрсетті. Егер Аллаһ қалағанда, олар мұны істемес еді. / Ей, Мұхаммед! / Енді оларды да, олардың ойдан құрастырғандарын да жайына қалдыр
Олар оларынша: «Бұл малдар мен егіндер арам. Біздің қалағандарымыз ғана жейді. Және осы хайуандардың арқалары(Мініске, жүкке) арам етілген» деген. Тағы бір малдар (бауыздағанда) оған қасарысып, Алланың атын айтпайды. Алла оларды өтірік жала жабулары себепті жазаландырады
Аударма: Халифа Алтай
Олар өздерінің негізсіз пайымдаулары бойынша: «Мына малдар мен мына егінді біз қалағаннан басқаның жеуіне тыйым салынған», - дейді. Сондай-ақ, олар кейбір малдарды мінуге тыйым салды. Олар кейбір малдарға Оның есімін атамайды. Бұл - Оған қатысты өтірік, жала. Ойдан құрастырған өтіріктері үшін, Ол жақында оларды жазалайды
Және олар: «Бұл малдың қарындарындағылар (тірі шықса) ерлерімізге ғана тән, әйелдерімізге арам» деп, егер өлі шықса онда олар ортак. Алла олардың орынсыз сөйлеулерінің жазасын береді. Күдіксіз Алла хикмет иесі, толық білуші
Аударма: Халифа Алтай
Олар: «Бұл малдардың құрсағыңдағылар біздің еркектеріміз үшін арналып, жұбайларымызға тыйым салынған. Ал, егер ол өлі болып / туылса / , онда оған олардың бәрі ортақ болады», - деді. Осылай сипаттағандары үшін Ол / Аллаһ / оларға жақында жазасын береді. Ақиқатында, Ол - аса Дана , бәрін Білуші
Сондай ақымақтық, білместікпен балаларын өлтіргендер, Аллаға қасарысып, Алланың өздеріне берген несібесін арам еткендер зиянға ұшыраған. Олар адасқан әрі тура жол да таппайды
Аударма: Халифа Алтай
Өз балаларын жетесіздіктен, / имани / білімсіздіктен өлтіргендер және Аллаһқа қатысты өтірікті құрастырып / жала жауып / , Оның ризық етіп берген нәрселеріне тыйым салғандар күмәнсіз зиянға ұшырады. Олар адасты да тура жолмен жүрушілерден болмады
Ол сондай Алла аспалы және аспасыз бақшаларды, құрма ағаштарын, түрлі жемісті, өсімдіктерді, зейтін және анарды бір-біріне ұқсаған, ұқсамаған түрде жаратқан. Әрбірі жеміс берген кезде, жемісінен жеңдер. Оны жиып алған күнде құшырын беріңдер; Ысырап етпеңдер. Күдіксіз Алла ысырап етушілерді жақсы көрмейді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Ол / Аллаһ / аспалы және өзге бақтарды - құрмалар, өнімдері әртүрлі егіндер, зәйтүн мен анарды, бір-біріне ұқсайтын және ұқсамайтын етіп пайда қылды. / Олар / жеміс бергенде оның жемісінен жеңдер және жинап алған күні оның хақысын / құшырын / беріңдер. Әрі ысырап қылмаңдар. Ақиқатында, Ол ысырап қылушыларды жақсы көрмейді
Және көлік болатын әрі ұсақ малдарды жаратты. Сендерге Алланың ризықтандырған нәрсесінен жеңдер, шайтанның ізіне ермеңдер.Өйткені ол, сендерге ашық дұшпан
Аударма: Халифа Алтай
Сондай-ақ, малдардан жүк таситын және ұсақ малдарды да / пайда қылды / . Аллаһ сендерге ризық етіп бергеннен жеңдер және шайтанның іздеріне ермеңдер. Шын мәнінде, ол - сендерге анық дұшпан
(Жаһилиет дәурінде араптар малдардың кейде еркегін, кейде ұрғашысын, кейде іштегі тумасын ойша арам еткен екен.) Ол сегіз түр жаратты. (Еркек, ұрғашы) қойдан екеу, ешкіден екеу. (Мұхаммед Ғ.С.): «Алла екі еркегін немесе екі ұрғашысын арам етті ме? Оған екі ұрғашысының жатырларындағылар да қосыла ма? Егер сөздерің шын болса маған біліп түсіндіріңдер» де
Аударма: Халифа Алтай
Ол малдар - жұбымен сегіз. Қойдан / еркек-ұрғашысымен / екеу және ешкіден де екеу. / Ей, Мұхаммед! / Айт ((Екі еркегін тыйым салды ма, әлде екі ұрғашысын ба? Немесе екі ұрғашының жатырыңдағыны ма? Егер шын сөзді болсаңдар, маған біліммен хабарын беріңдер»)
Және түйеден екеу, сиырдан да екеу. «Екі еркегін немесе екі ұрғашысын арам етті ме? Оған екі ұрғашысының жатырларындағылар да қосыла ма? Немесе Алла сендерге осыны нұсқағанда бар ма едіңдер?»,- де. Білмесе де адамдарды адастыру үшін Алла өтірік жала жапқаннан кім залымырақ? Күдіксіз Алла, залым елді тура жолға салмайды
Аударма: Халифа Алтай
Сондай-ақ, түйеден екеу және сиырдан екеу. Айт: «Екі еркегін тыйым салды ма, әлде екі ұрғашсын ба? Немесе екі ұрғашының жатырыңдағыны ма? әлде Аллаһ сендерге осыны бұйырып, сонда сендер куә болдыңдар ма?» - деп. Адамдарды білімсіз адастыру үшін, Аллаһ туралы / ойдан / өтірік шығарғаннан өткен әділетсіз кім бар?! Ақиқатында, Аллаһ әділетсіз адамдарды тура жолмен жүргізбейді
(Мұхаммед Ғ.С.): «Маған уахи етілгенде, жейтін кісіге жеуге арам болған нәрсені таппадым. Бірақ жемтік, немесе ағызылған қан, негізінен арам доңыз еті, немесе күнәлы болып, Алладан басқаның атымен бауыздалған мал арам. Біреу бас тартпай, шектен шыкпай шарсыз қалса, (жеуіне болады.) Күдіксіз Раббың аса жарылқаушы, ерекше мейірімді» де
Аударма: Халифа Алтай
Айт: «Өзіме уахи етілгеннің ішінде, азықтанушы үшін - өлекседен, ағызылған қаннан, доңыз етінен немесе бойсұнбаушылық ретінде, Аллаһтан өзгеге арналып сойылғаннан басқаны азық етуге тыйым салынғанын таппадым. Ал, бұл аталғандар - харам / тыйым салынған / . Алайда кім мәжбүр болып, бірақ өзі қаламай әрі шектен өтпей / жесе / , ақиқатында Аллаһ - өте Кешірімді , ерекше Мейірімді » - деп
Және Яһудилерге барлық тырнақты хайуанды арам қылдық. Әрі оларға сиыр, қойдың майларын да арам қылдық. Бірақ қыртыс майларымен шажырқай және жілік майларын арам қылмадық. Осылайша олардың шектен шығулары себепті жазаландырдық. Расында турасын айтушымыз
Аударма: Халифа Алтай
Иудейлікті ұстанғандарға әрбір / мал, құстан / тырнақтыны тыйым салдық. Сондай-ақ сиырдың және қойдың жон арқасындағы қатпар майы, ішек майы, не жілік майынан басқа майларына тыйым салдық. Бұны Оларға шектен шыққандықтары үшін жаза етіп бердік. Ақиқатында, Біз - шын сөздіміз
(Мұхаммед Ғ.С.) олар сені жасынға шығарса, (оларға): «Раббыларың мәрхамет иесі және Оның бейнеті күнәкар қауымнан қайтарылмайды» де
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Егер олар сені өтірікші санаса, айт: «Раббыңыз - өте кең мейірім Иесі. Ал, Оның азабы қылмыскер / күнәһар / адамдардан қайтарылмайды»,деп
Аллаға шерік қатқандар: «Егер Алла қаласа еді, біз де аталарымыз да шерік қатпас едік әрі еш нәрсені арам қылмас едік.» дейді. Осы сияқты бұлардан бұрынғылар да бейнетімді татқанға дейін жасынға шығарған. (Мұхаммед Ғ.С. оларға): «Жандарыңда бізге қарсы шығара алатын білімдерің бар ма? Негізінде сендер ойларыңа ғана ілесесіңдер де өтірік айтасыңдар» де
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһқа серік қосушылар / мүшріктер / : «Егер Аллаһ қалағанда, біз де, аталарымыз да серік қоспас едік, әрі еш нәрсеге тыйым салмас едік», - дейді. Олардан бұрынғылар да біздің азабымызды тартқанға дейін, осылай өтірік санаған болатын. Айт: «Сендерде қандай да бір білім бар ма? Онда оны бізге шығарыңдар. Негізінде, сендер бос ой-жорамалға ғана ересіңдер әрі тек өтірік айтасыңдар», - деп
(Оларға): «Расында Алла осыны арам қылды деп, айғақ болатын айғақтарыңды келтіріңдер» де. Егер олар куәлік берсе де, сен олармен бірге куәлік берме де аяттарымызды жасынға шығарып, ахиретке сенбегендердің әуесіне еліктеме. Олар, Раббыларына теңдес қосады
Аударма: Халифа Алтай
Айт: «Аллаһтың бұған тыйым салғанына куәлік беретін куәларыңды әкеліңдер», деп. Олар куәлік берсе де, сен олармен бірге куәлік берме. Сондай-ақ аяттарымызды өтірік санағандардың және соңғы мәңгілік өмірге / ақиретке / сенбейтін әрі Раббысына теңдес қосатындардың көңіл құмарлығына ерме
(Оларға): «Келіңдер, сендерге Раббыларыңның арам еткендерін оқиын: «Оған еш нәрсені шерік қатпаңдар, әке-шешеге жақсылық істесеңдер, жарлылыктан балаларыңды өлтірмеңдер» де. Сендерді де оларды да біз ризықтандырамыз. «Тағы арсыздықтардың көрнеуіне де көмесіне де жақындамаңдар. Және де Алла арам еткен кісіні өлтірмеңдер, жазықты болса ғана болады. Сендерге осыларды Алла әмір етті. Әрине түсінерсіңдер » (де) (Өлтірілуге тиісті болғандар: Жорта кісі өлтіргендер, мүртәд болып діннен шыққандар және үйлі бола тұрып зина қылғандар.»)
Аударма: Халифа Алтай
Айт: «Келіңдер, Раббыңыздың сен¬дерге тыйым салған нәрселерін оқып берейін: «Оған ешнәрсені серік етіп қоспаңдар, ата-анаға жақсылық жасаңдар және кедейліктен / қорқып / балаларыңды өлтірмеңдер. Сендерге де, оларға да Біз ризық береміз.Жиіркенішті істерге және оның ашық та,жасырын да түріне жақындамаңдар.Сондай-ақ өлтірілуіне Аллаһ тыйым салған жанды өлтірмеңдер, тек, егер құкықты түрде / заң бойынша / болмаса. Ол мұны сендерге, ақылдарыңды істетіп, ұғынуларың үшін өсиет етіп тапсырды
Жетімнің малыңа жақындамаңдар; бірақ ол, есейгенге дейін жақсы басқаруға болады. Өлшеуді, тартуды туралықпен орындаңдар. Біреуге шамасы келетінді ғана жүктейміз. Жақындарың болса да әділдікті айтыңдар. Және Алланың уәдесін орындаңдар. Осыларды Алла нұсқады. Түсінерсіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Жетімнің мал-дүниесіне жақындамаңдар. Алайда, ол балиғатқа жеткенінше / зиян келтірмей / , жақсы түрде пайдалансаңдар болады. Өлшеуді және таразыға тартуды туралықпен толық орындаңдар. Біз әрбір жанға шамасы келетінді ғана жүктейміз. Сөйлегендерінде әділ болыңдар, тіпті жақындарың болса да. Әрі Аллаһ алдындағы сертті толық орындаңдар. Ол мұны сендерге еске алуларың үшін бұйырды
Күдіксіз Менің тура жолым осы. Енді соған еріңдер. Басқа жолдарға түспеңдер, сонда сендерді Алланың жолынан айырады. Сендерге ослыарды Алла нұсқады. Сақтанарсыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, осы - Менің тура жолым. Ендеше оған еріңдер де басқа жолдарға ермеңдер, өйткені олар / басқа жолдар / сендерді Оның жолынан айырады. Ол сендерге мұны Өзінің азабынан қорқып, сақтануларың / тақуалық етулерің / үшін / өсиет етіп / тапсырды»
Сонан соң Мұса (Ғ.С.) ға игілік істегенге; толық, әр нәрсені айыратын, жетекшілік ететін мәрхамет түрінде Кітап бердік. Олар Раббыларына жолығуға иман келтірер
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Біз Мұсаға Кітапты - жақсылық істеушіге / игіліктерімізді / толықтыру және әрбір нәрсенің анық түсіндірмесі және жетекші әрі мейірім етіп, Раббысымен жолығуға сенулері үшін бердік
Осы (Құран) біз түсірген мүбарак Кітап. Енді соған еріңдер әрі сақсыныңдар. Мәрхаметке бөленерсіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Әрі, Біз түсірген бұл Кітап / Құран / - берекелі / көп игілікті, мол білім мен даналықты қамтыған / , / Аллаһтың / мейіріміне жетулерің үшін оған / Құранға / еріңдер және тақуа болыңдар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтаныңдар
Немесе: «Бізге Кітап түсірілсе, олардан көрі тағы тура жолда болар едік» дерсіңдер деп. Расында сендерге Раббыларыңнан бір ашық дәлел, тура жол, мәрхамет те келді. Енді Алланың аяттарын өтірік деп олардан жүз бұрғаннан кім залымырақ? Аяттарымыздан бас тартқандарды бас тартулары себепті жаман қмнаумен жазалаймыз
Аударма: Халифа Алтай
не болмаса: «Егер де бізге Кітап түсірілгенде, біз жолды олардан да тура ұстаған болар едік», - деп айтпауларың үшін !де түсірілді / .Анығында, сендерге Раббыңыздан анық дәлел, тура жол және мейірім келді. Аллаһтың аяттарын өтірік санаған және одан теріс бұрылғаннан өткен әділетсіз кім бар? Аяттарымыздан бет бұрғандарға, теріс айналғандары үшін, жақында қайтарым жаза ретінде азаптың ең ауырын береміз
Олар, өздеріне періштелердің келуін, немесе Раббыңның келуін, не Раббыңның кей белгілерінің келуін ғана күте ме? Раббыңның белгілерінен кейі келген күні, бұрыннан иман келтірмеген немесе сенімі бойынша бір хайыр істемеген біреудің иманы пайда бермейді. (Мұхаммед Ғ.С.): «Күтіңдер, шәксіз күтеміз» де
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Олар өздеріне періштелердің келуін не Раббыңның келуін немесе Раббыңның белгілерінен кейбірінің келуін күте ме? Раббыңның белгілерінің кейбірі келетін күні ешбір жанға, егер ол алдын сенген болмаса, не иманымен бір игілік істеген болмаса, оған сенімі пайда бермейді. Айт: «Күтіңдер! Біз де күтеміз», - деп
Күдіксіз діндерінде бөлініп, топтарға айрылғандармен ешбір байланысың жоқ. Сөзсіз олардың ісі Аллаға тән. Кейін оларға істеген істерін түсіндіреді
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында діндерін жік-жік етіп, ағымдарға бөлінгендерге сенің ешқандай қатысың жоқ. Шын мәнінде олардың ісі Аллаһта. Кейін Аллаһ оларға не істегендерінің хабарын береді
Кім бір жақсылық келтірсе, оғансондай он есе бар. Және біреу бір жамандық істесе, сондай-ақ қана жаза беріледі де олар зұлымдыққа ұшыратылмайды
Аударма: Халифа Алтай
Кім жақсы амалмен келсе, оған сондайдың оны / еселеніп / беріледі. Ал, кім бір жаман амалмен келсе, оған қайтарым жаза ретінде сондай ғана беріледі. Әрі оларға ешбір әділетсіздік жасалмайды
«Шынында Раббым мені тура дінге, Ыбырайым (Ғ.С.) ның нағыз жолына салды. Ол ортақ қосушылардан емес еді» де
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Ақиқатында, мені Раббым тура жолға, тұп-тура дінге, ханиф Ибраһимнің дініне салып, жүргізді. Ол / Ибраһим / серік қосушылардан болмады», -деп
«Ол әр нәрсенің Раббы бола тұра Алладан басқа раб іздейін бе? Әрбіреудің істегені өзіне тән. біреудің күнәсын біреу көтермейді. Сонан соң қайтар жерлерің Раббыларың. Сонда қайшылықта болған нәрселеріңді білдіреді» де
Аударма: Халифа Алтай
Айт: «Аллаһ - барлық нәрсенің Раббысы бола тұра, Одан басқаны Раббы / Ие / ретінде іздейін бе?» - деп. Әрбір жанның істеген зияны өзіне ғана. Бір де біреу басқа біреудің жүгін / күнәсін / көтермейді. Ал кейін өздеріңнің Раббыңа қайту бар. Сонда Ол сендерге қайшылыққа түскен нәрселеріңнің хабарын береді
Ол сондай Алла, сендерді жердің халифалары етті. Сендерге берген нәрселерде, сынау үшін дәрежелерде біріңді- біріңнен жоғары көтерді. Күдіксіз Раббың, жедел жаза беруші және шынайы жарылқаушы, ерекше мейірімді
Аударма: Халифа Алтай
Ол сендерді жердің халифалары еткен және сендерді Өзінің бергенінде сынау үшін дәрежелерде біріңді-біріңнен жоғары көтерген. Ақиқатында, Раббың жаза беруде жылдам. Сондай-ақ, шын мәнінде Ол - өте Кешірімді, ерекше Мейірімді