Ей, иманға келгендер! Келісімдерді толық орындаңдар. Сендерге өздеріңе тыйымы оқылатыннан басқа шаруа малдары рұқсат етілді. Бірақ ихрамда болған кездеріңде, аңшылыққа рұқсат етілмейді. Ақиқатында Аллаһ қалағанын үкім етеді
Аударма: Халифа Алтай
Ей, иманға келгендер! Келісімдерді толық орындаңдар. Сендерге өздеріңе тыйымы оқылатыннан басқа шаруа малдары рұқсат етілді. Бірақ ихрамда болған кездеріңде, аңшылыққа рұқсат етілмейді. Ақиқатында Аллаһ қалағанын үкім етеді
Сендерге: Өлексе, аққан қан, доңыз еті және Алладан басқаның атымен бауыздалған мал арам қылынды. Бірде буынып, ұрылып, құлап, сүзіліп өлген малдар және жыртқыш жеген мал арам. Бірақ (жаны шықпай) бауыздағандарың басқа. Және тігілген тасқа (бұтқа) арнап бауыздалған мал әрі оқтар арқылы талай сынауларының (бал ашуларың) да арам етілді. Бұларың бұзықтық. Бүгін кәпірлер діндеріңнен (тосудан) күдер үзді. Олардан қорықпаңдар, Менен қорқыңдар. Бүгін діндеріңді толықтастырдым және нығметімді тамамдадым. Сондай-ақ сендерге Ислам дінімен риза болдым. Кім аштықтан шарасыз қалса, күнәға ауытқымаса (жеуге болады.) Шәксіз Алла тым жарылқаушы, ерекше мейірімді
Аударма: Халифа Алтай
Сендерге өлексе, қан, доңыз еті және Аллаһтан басқаға арналып шалынған, буынып өлген, ұрылып өлген, құлап өлген, сүзіліп өлген малдар және жыртқыштар жеп кеткен малдар тыйым етілді. Бірақ / жаны шықпай / бауыздап алғандарың / рұқсат етіледі / . Сондай-ақ / Аллаһтан басқағақұрбандық шалу үшін / орнатылған тастар үстінде сойылған малдар және жебелермен бал ашуларың да / тыйым салынды / . Бұлай істеу - бұзықтық / бойсұнбаушылық / . Бүгін сондай күпірлік еткендер / иманға келмегендер / сендердің діндеріңнен күдерін үзді. Олардан қорықпаңдар, Менен қорқыңдар. Бүгін сендерге діндеріңді толық еттім және игілігімді соңына жеткіздім. Әрі сендерге Ислам дінімен риза болдым / Исламды дін ретінде қош көрдім / . Кім аштық кезінде күнәға көңілі аумай / тыйым салынған нәрселерді жеуге / мәжбүр болса, ақиқатында, Аллаһ - өте Кешірімді, ерекше Мейірімді
Олар, сенен өздеріне не нәрсенің халал қылынғандығын сұрайды: «Сендерге таза нәрселер (дін бойынша халал нәрселер.) халал қылынды» де. Және де Алланың өздеріне білдіргенін үйретіп, тәрбиелеген жыртқыштарды: Алланың атын айтып (аңға) салсаңдар, сендер үшін ұстағандарын жеңдер. Алладан қорқыңдар, күдіксіз Алла (Т.) есепте өте тез
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Олар сенен өздеріне не рұқсат етілгені жайлы сұрайды. Айт:«Сендерге жақсы нәрселер рұқсат етілді әрі Аллаһтың өздеріңе үйреткені бойынша, үйреткендеріңнің аулағаны да. Олардың өздеріңе ұстап бергенінен жендер әрі оған / аңшы ит не құсты салғанда / Аллаһтың есімін атаңдар», - деп айт. Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар, ақиқатында Аллаһ есепте өте жылдам
Бүгін сендерге жақсы нәрселер халал етілді. Кітап берілген (Христиан, Яһуди) дердің тамағы (бауыздағандары) халал етілді. Сендердің тамақтарың оларға да халал етілді. Және мүміндерден абыройлы әйелдермен әрі сендерден бұрын Кітап берілген (Христиан, Яһуди) дерден де абыройлы әйелдермен мәһерлерін беріп, бой суытушы, астыртын көңілдес болмай үйленулерің халал етілді. Кім иманға қарсы шықса, Сонда оның ғамалы жойылды және ол, ақиретте де зиян етушілерден болады
Аударма: Халифа Алтай
Бүгін сендерге жақсы нәрселер рұқсат етілді. Сондай-ақ, Кітап берілгендердің тағамы / бауыздаған малы / сендер үшін рұқсат етілген әрі сендердің тағамдарыңды Оларға / беруге / рұқсат етілген. Сондай-ақ имандылардан / мүміндерден /әйелдік пәктігін сақтайтын әйелдерге және сендерден бұрын Кітап берілгендердің ішінен әйелдік пәктігін сақтайтын әйелдерге мәһрлерін берсеңдер, өздеріңнің еркектік адалдықтарыңды сақтаған түрде ойнастық жасамай, көңілдес ұстамасаңдар / үйленулеріңе рұқсат етілді / . Кім иманға күпірлік етсе / иман шарттарын теріске шығарса / ақиқатында, оның амалы зая болып, соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / зиян шегушілерден болады
Әй мүміндер! Қашан намазға тұрсаңдар, (тұрарда,) жүздеріңді және шынтақтарға дейін қолдарыңды жуыңдар. Бастарыңа мәсих тартыңдар. (сипаңдар.) Және екі тобықтарға дейін аяқтарыңды жуындар. Егер де жүніп болсаңдар, (бой дәретсіз болсаңдар,) толық тазалаңындар. (Шомылыңдар) Егер науқас не сапар да босаңдар немесе сендерден біреу түзге отырып келсе не әйелге жақындассаңдар, сонда су таба алмасаңдар таза жерге тәяммүм соғыңдар; онымен беті- қолдарыңды сипаңдар. Өйткені, Алла, сендерге ауыршылық қаламайды. Бірақ, сендерді тазартуды сондай-ақ шүкірлік етулерің үшін сендерге нығметтерін тамамдауды қалайды
Аударма: Халифа Алтай
Ей, иманға келгендер! Қашан намазға тұратын болсаңдар, беттеріңді және шынтақтарға дейін қолдарыңды жуыңдар, бастарыңа мәсих тартыңдар / сұлы қолмен сипаңдар / әрі аяқтарыңды тобықтарға дейін / жуыңдар / . Егер жүніп болсаңдар, тазаланыңдар /ғұсыл құйыныңдар / . Ал, егер науқас не сапарда болсаңдар, не сендерден біреу дәретке отырып келсе немесе әйелдеріңе жақындасқан болсаңдар, сонда су таба алмасаңдар, таза топыраққа тәяммум соғып / алақандарыңды ұрып / , онымен беттеріңді және қолдарыңды сипаңдар. Аллаһ сендерге ауыртпашылықты қаламайды, Ол сендердің шүкір етулерің / Оның берген игіліктеріне алғыс білдірулерің / үшін сендерді тазартуды әрі сендерге деген игілігін соңына жеткізуді қалайды
Алланың сендерге берген нығметін және: «Естідік, бой ұсындық» деп байлаған сертеріңді еске алыңдар! Әрі Алладан қорқыңдар! Күдіксіз Алла көкіректегілерді толық білуші
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Аллаһтың сендерге берген игілігін және: «Естідік, бойсұндық», - деп айтқан кездеріңде, Оның өздеріңмен бекіткен сертін еске алыңдар. Тақуа болыңдар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтаныңдар / . Ақиқатында, Аллаһ - кеуделердегіні / жүректердегіні / жақсы Білуші
Әй мүміндер! Алла үшін куәлікте туралық үстінде мықты тұрыңдар. Және бір елдің өшпенділігі сендерді әділсіздікке тартпасын. Әділдік істеңдер. Сол тақуалыққа жақынырақ. Және Алладан қорқыңдар. Күдіксіз Алла не істегендеріңнен толық хабар алушы
Аударма: Халифа Алтай
Ей, иманға келгендер! куәлік еткендеріңде, әділдікпен Аллаһ үшін мықты тұрыңдар. Бір адамдарды жек көрулерің сендерді әділетсіздік етуге итермелемесін. Әділдік істеңдер. бұл тақуалыққа / Аллаһтың тыйғандарынан қорқып, сақтануға / ең жақыны. Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар! Ақиқатында, Аллаһ - не істеп жатқандарыңнан Хабардар
Әй мүміндер! Алла (Т.) ның сендерге берген бағын еске алыңдар: Сол уақытта бір ел (суық) қолын созған еді де, Алла олардың қолын сендерден тосқан еді. Сондықтан Алладан қорқыңдар және мүміндер Аллаға тәуекел етсін
Аударма: Халифа Алтай
Ей, иманға келгендер! Бір ел сендерге / жамандықпен / қолдарын созуды ойластырған кезде, Аллаһтың сендерден олардың қолдарын қайтарып, өздеріңе көрсеткен игілігін еске алыңдар. Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар/ ! Имандылар / мүміндер / тек Аллаһқа жүгініп, Оған істерін тапсырсын / тәуекел етсін
Расында Алла Израил ұрпақтарынан уәде алған еді. Олардан он екі бастық жіберген едік. Алла (оларға): «Мен сендермен біргемін; егер намазды орындасаңдар, зекет берсеңдер, елшілеріме иман келтіріп, оларға көмек берсеңдер және Аллаға көркем қарыз берсеңдер, (Алла жолында мал жұмсасаңдар,) әлбетте жамандықтарыңды жойып, сендерді астарынан өзендер ағатын бақшаларға кіргіземіз. Ал сонда сендерден біреу қарсы болса, тура жолдан адасқан болады» деді
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, Аллаһ Исраил ұрпақтарынан серт алды әрі олардың ішінен он екі / тайпа / басшысын жібердік. Аллаһ: «Ақиқатында, Мен сендермен біргемін. Егер намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындасаңдар, зекетті берсендер, елшілеріме сеніп, Оларға көмектессеңдер әрі Аллаһқа көркем қарыз берсендер, міндетті түрде жаман істеріңді өшіріп, сендерді астынан өзендер ағып жататын / Жәннаттағы / бақтарға кіргіземін. Сендерден кім осыдан кейін де күпірлік етсе / қарсы келсе / , негізінде ол тура жолдан адасқан болады», - деді
Сонда олардың серттерін бұзулары себепті оларға лағынет етіп, жүректерін қатайттық. Олар, (Тәурат) сөздерін орнынан өзгертіп, оларға берілген үгітті ұмытты. Олардың өте азынан басқасының қиянаткерліктерін ұдайы сезіп отырасың. Сонда да оларды кешірім етіп, елеме. Расында Алла (Т.) игілік істеушілерді сүйеді
Аударма: Халифа Алтай
Сонда серттерін бұзғандары үшін оларды лағнет еттік әрі жүректерін қатты етіп қойдық. Олар / Тәураттағы / сөзді өз орындарынан өзгертіп, өздеріне ескертілгеннің бір бөлігін ұмытты. Сен олардың өте азынан басқасының қиянаткерліктерін әрқашан көресің. Дегенмен / ренжітулерін елемей / кешір әрі кең бол. Ақиқатында, Аллаһ жақсылықты ықыласпен істеушілерді жақсы көреді
Және «Христианбыз» дегендерден де серт алған едік. Дегенмен олар да берілген үгіттен үлестерін ұмытты. Сондықтан араларына қиямет күніне дейін дұшпандық, өштік салдық. Және Алла (Т.) оларға не істегендерінің хабарын тез береді
Аударма: Халифа Алтай
Сондай-ақ: «Біз - христианбыз», - деп айтқандардың да сертін алған едік. Олар да өздеріне ескертілгеннің бір бөлігін ұмытты. Сонда олардың араларына Қайта тірілу күніне дейін дұшпандық пен жек көрушілік салдық. Жақын арада Аллаһ Оларға не істегендерін хабарлайды
Әй Кітап иелері! Сендерге кітаптан жасырған нәрселеріңнің көбін ашық түсіндіретін және көбірегінен елемей өтіп кететін Елшіміз келді. Расында сендерге Алладан бір нұр және ашық бір Кітап (Құран) келді
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Кітап берілген қауым! Ақиқатында сендерге Біздің Елшіміз келді. Ол / Елші / Кітаптан сендер жасырып келгендеріңнің көбін өздеріңе түсіндіреді әрі көбісін елеусіз қалдырады. Негізінде сендерге Аллаһтан нұр, анық Кітап / Құран / келді
Алла (Т.) кім өз ризасына үйлессе, сол кітап арқылы есендік жолдарына салады және өз нұсқауымен қараңғылықтардан жарыққа шығарып тұп- тура жолға салады
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ онымен / Құранмен / Өзінің ризалығын іздегендерді амандық жолдарына салады және оларды Өз рұқсатымен қараңғылықтардан жарыққа шығарады және тура жолмен жүргізеді
Расында: «Алланы, Мәрйем ұлы мәсих» дегендер кәпір Болды. «Егер Алла, Мәрйем ұлы Мәсихты және оның шешесін де, тіпті жер жүзіндегі біртұтас жан иесін жоқ етуді қаласа, Алладан құтқаруға кім ие?»,- де. Көктер мен жердің және екеуінің арасындағылардың иелігі Аллаға тән. ол қалағанын жаратады әрі Алланың әр нәрсеге толық күші жетуші
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, «Аллаһ, ол - Мәриям ұлы Мәсих», - деп айтқандар кәпір болды. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Егер Аллаһ Мәриям ұлы Мәсихті әрі оның анасын және жер жүзіндегілердің барлығын жойып жіберуді қаласа, Аллаһтан болған нәрсеге / азапқа / кім иелік ете алады?!» - деп. Аспандар мен жердің және ол екеуінің арасындағылардың билігі Аллаһта. Ол қалағанын жаратады әрі Аллаһ барлық нәрсені Жасай алушы
Яһудилер мен Христиандар: «Біздер Алланың ұлдары және сүйгендеріміз» деді. Оларға айт: «Онда Алла күнәларың себепті сендерді неге азаптайды?Керісінше сендер Алланың жаратқан адамдарысыңдар.» Алла қалаған кісісін жаратып және қалаған кісісін азаптайды.Көктердің және жердің әрі екі арасындағылардың барлығы Алланың иелігінде және барар жер де Оның алды
Аударма: Халифа Алтай
Әрі иудейлер мен христиандар: «Біз - Аллаһтың ұлдарымыз және Оның сүйіктілеріміз», - деді. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Олай болса, Ол неге сендерді күнәларың үшін азаптайды? Керісінше, сендер Ол жаратқан / өзгелер секілді / адамсыңдар. Ол қалағанын кешіріп, қалағанын азаптайды. Аспандар мен жердің және ол екеуінің арасындағылардың билігі Аллаһта әрі қайту да - Оған
Әй Кітап иелері! Пайғамбардың арасы үзілгенде,сендерге Елшіміз келді. «Бізге қуантушы,қорқытушы келмеді» дерсіңдер деп,міне сендерге қуантушы,қорқытушы Елші елді. Алла (Т.) ның барлық нәрсеге толық күші жетуші
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Кітап берілген қауым! Ақиқатында, сендерге елшілердің келуінің арасы үзілген кезде: «Бізге қуанышты хабар жеткізуші және ескертуші ешкім келмеді», - деп айтпауларың үшін сендерге түсіндіріп беруші Елшіміз / Мұхаммед! келді. Шын мәнінде, сендерге қуанышты хабар жеткізуші әрі ескертуші келді! Аллаһ барлық нәрсені Жасай алушы
Бір заманда Мұса(Ғ.С) өз еліне: «Әй елім! Алланың сендерге берген нығыметін еске алыңдар!Өз іштеріңде пайғамбарлар шығарды,әрі сендерді патшалар жасады.Сондай ақ сендерге әлімде ешкімге берілмеген нығымет берді»- деген
Аударма: Халифа Алтай
Кезінде Мұса өз еліне: «Әй, елім! Аллаһтың сендерге берген игілігін еске алыңдар. Ол сендердің араларыңа пайғамбарлар бекітті, сендерді / құлдықтан құтқарып / , патша / өз-өздерін еркін басқарушы / етті әрі әлемдерде ешкімге бермегенін сендерге берді
Әй Мұса! Олар ол жерде тұрғанда біз оған тіпті кірмейміз.Өзің және Раббың барып соғыссыңдар.Әрине біз мұнда отырамыз» деді. (Мұса Ғ.С): «Раббым! Мен өзіме,туысыма ғана ие бола аламын.Бұзақы елден арамызды ажырата көр!» деді
Аударма: Халифа Алтай
Олар / : «Ей, Мұса! Олар ол жерде тұрғанда біз оған ешқашан кірмейміз. Сен және Раббың барып екеуің соғысыңдар. Ал біз, осында отыра тұрамыз», - деді
(Алла Т.): «Енді оларға,ол жер шынайы түрде қырық жыл арам қылынды.Олар сол жерде абыржып жүреді.Онда бұзақы елге қайғырма»деді
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ / : «Енді ол / сол қасиетті жер / оларға қырық жылға тыйым салынды. Олар жер бетінде қаңғырып жүреді. Сондықтан бұзық адамдар үшін күйінбе», - деді
(Мұхаммед Ғ.С) оларға Адам (Ғ.С) ның екі ұлының әңгімесін шынайы түрде оқы: «Сол уақытта екеуі Аллаға жақындық үшін құрбан шалған еді.Сонда біреуінен қабылданып,екіншісінен қабылданбаған еді.» (Құрбаны қабылданбаған Қабыл) : «Әлбетте мен сенді өлтіремін»деді.Сонда (һабыл): «Алла сөзсіз тақуалардың құрбанын қабыл етеді»деді
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед!! Оларға Адамның екі ұлының хабарын ақиқатпен оқып бер. Сол кезде ол екеуі Аллаһқа жақындау үшін беретіндерін / құрбандықтарын / ұсынды. Сонда олардың бірінен қабыл етіліп, екіншісінен қабыл етілмеді. / Қабыл етілмегені / : «Мен сені міндетті түрде өлтіремін», - деді. / Қабыл етілгені / : «Шын мәнінде, Аллаһ тақуалардан / Раббысың жазасынан қорқып, сақтанушылардан / ғана қабыл етеді
«Сен мені шын өлтіруге қол созсаң да,мен сені өлтіру үшін қол созбаймын.Күдіксіз мен әлемдердің Раббы Алладан қорқамын!»
Аударма: Халифа Алтай
Егер де сен мені өлтіру үшін қолыңды созсаң да / көтерсең де / , мен сені өлтіру үшін қолымды созбаймын / көтермеймін / . Анығында, мен әлемдердің Раббысы Аллаһтан қорқамын
«Сөзсіз мен,сенің өз күнәңмен менің күнәмді жүктеп,тозақтық болуды қаламаймын.Осы,залымдардың жазасы,»
Аударма: Халифа Алтай
Мен сенің, маған қарсы жасаған күнәңді және өз күнәңді көтеріп, оттағылардан / тозақтағылардан / болуыңды қалаймын», - деді. бұл - әділетсіздердің жазасы
Сонда Алла,оған туысының өлігін жасыруын көрсетуі үшін жіберген қарға,жерді қаза бастағанда: «Әттең! Маған не болды?Туысының денесін көмген қарға құрлы бола алмадым ба?»,-деді де,өкінушілерден болды
Аударма: Халифа Алтай
Сонда Аллаһ оған бауырының мүрдесін қалай жасыруды көрсету үшін жер қазған бір қарға жіберді. Ол: «Қап, мен бауырымның мүрдесін жасыру үшін мына қарға құрлы бола алмадым ба?» - деп, өкінушілерден болды
Соның салдарынан Израил ұрпақтарына: Кім кісі өлтірмеген немесе жер жүзінде бұзақылық қылмаған біреуді өлтірсе, сонда шынайы түрде барлық адамды өлтіргенмен және кім оны тірілтсе, (өлімнен құтқарса,) барлық адамды тірілткенмен тең деп жаздық. Расында оларға елшілеріміз ашық дәлелдермен келді. Бірақ содан кейін де олардың көбірегі жер жүзінде шектен шығушылар болды
Аударма: Халифа Алтай
Осы себептен Исраил ұрпақтарына: «Кім кісі өлтірмеген не жер бетінде бұзғыншылық жасамаған бір адамды өлтірсе, шын мәнінде, ол адамдардың барлығын өлтіргендей болады, ал кім оны / бір адамды / тірілтсе / тірі қалуына септігі тисе / , адамдардың барлығын тірілткендей болады», - деп жаздық. Ақиқатында оларға елшілеріміз анық дәлелдермен келді. Содан кейін де олардың көбісі жер жүзінде шектен шығады
Алла және Елшісімен жағалсқандардың және жер жүзінде бұзақылық жасап жүргендердің жазасы: Өлтірілулері, не асылулары, яқи, қол- аяқтарының қиғашталып кесілулері немесе жерден айлдалулары. Бұл олардың дүниедегі жапасы. Және олар үшін ахиретте ірі азап бар
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, Аллаһқа және Оның Елшісіне қарсы соғысатындардың әрі жер бетінде бұзу-бүлдірушілік жасауға ұмтылатындардың жазасы - олардың өлтірілуі не керіп тасталуы, не қол-аяқтарының қиғашталып / оң қол мен сол аяқ, сол қол мен оң аяқ / кесілуі немесе жер айдалуы. Бұл - олар үшін осы өмірдегі қорлық. Ал, соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте! оларға өте үлкен азап бар
Бірақ сендердің оларға ықбалдарың жүруден бұрын тәубе қылғандар басқа. Сонда Алла (Т.) ның аса жарылқаушы, ерекше мейірімді екенін біліңдер
Аударма: Халифа Алтай
Бірақ, сендер олардан үстем болғанға дейін істеген күнәсіне шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтқандар / mәyбеге келгендер / басқа. Аллаһтың өте Кешірімді, ерекше Мейірімді екенін біліңдер
Әй иман келтіргендер! Алладан қорқыңдар, оған жақындасуды іздеңдер. (Бой ұсыну арқылы тырысыңдар.) Және екі дүниеде құтылып мұратқа жетулерің үшін, Оның жолында күресіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Ей, иманға келгендер! Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар / , Оған жақындауды іздеңдер әрі мұраттарыңа жету үшін Оның жолында күресіңдер
Күдіксіз сондай кәпірлер жер жүзіндегі барлық нәрсені және онымен бірге тағы сондай нәрсені қиямет күнінің азабынан (құтылу үшін) төлеуге салса да олардан қабыл етілмейді де, оларға жан түрішгерлік қинау бар
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, сондай күпірлік еткендер / Аллаһқа сенбегендер, қарсы шыққандар / , егер жер жүзіндегі барлық нәрсе және сонымен бірге тағы да сонша нәрселер өздерінде болып, оны Қиямет күнінің азабынан құтылу үшін төлемге берсе де олардан қабыл етілмес еді. Әрі оларға күйзелтуші азап бар
Ал кім зұлымдықтан кейін тәубе қылса, түзелсе, сонда шәксіз Алла оның тәубесін қабыл етеді. Алла аса жарылқаушы, ерекше мейірімді
Аударма: Халифа Алтай
Кім әділетсіздік істегеннен кейін істеген күнәсіне шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтып / тәубеге келіп / , түзетсе, әлбетте, Аллаһ оныңтәубесін қабыл етеді. Аллаһ - өте Кешірімді / Ғафур / , ерекше Мейірімді / Рахим
Расында көктер мен жердің әкімшілігі Аллаға тән екенін білмедің бе? Кімді қаласа жазалайды да, кімді қаласа жарылқайды. Әрі Алланың әр нәрсеге күші жетуші
Аударма: Халифа Алтай
Аспандардың және жердің билігі Аллаһтікі екенін білмедің бе? Ол қалағанын азаптап, қалағанын кешіреді. Әрі Аллаһ - барлық нәрсені Жасай алушы
ӘйПайғамбар! Ауыздарымен: «Сендік» деп, жүректері сенбегендермен Яһудилерден күпірде жарысқандар сені кейітпесін. Олар өтірікке құлақ асады; сондай-ақ саған келмеген басқа бір қауым үшін тыңдайды. Және олар сөзді орындалғаннан кейін өзгертеді: «Егер сендерге осы берілсе, оны алыңдар да, егер ол берілмесе, онда бой тартыңдар!»,- дейді. (Хайбар Яһудилері зинашы ер, әйелді Тәурат үкімі бойынша өлтіруге қимай: Өлім жазасын берсе, алмаңдар да, дүре жазасын берсе алыңдар деп Мұхаммед Ғ.С. ға жібереді.) (Мұхаммед Ғ.С.) Алла (Т.), біреудің бұзылуын қаласа, сен ол үшін Алладан дәнеңеге ие бола алмайсың. Міне солар, Алланың жүректерін тазартуды қаламағандар. Оларға дүниеде жапа әрі ахиретте де, зор азап бар
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Елші! Тілдерімен «Біз иманға келдік» деп айтқандарымен, жүректері сенбейтіндерден / мұнафиқтардан / күпірлікке / имансыздыққа! ұмтылғандар сені қайғыртпасын. Әрі иудейлерден де. Олар - өтірікті тыңдаушылар әрі олар саған келмеген / сені тыңдамаған! басқа адамдарды тыңдаушылар. Олар сөзді өз орындарынан өзгертеді де: «Егер сендерге осы берілсе - алыңдар, ал егер берілмесе - сақтаныңдар», - дейді. Аллаһ кімнің бүлікке түсуін қаласа, сен ол үшін Аллаһтан болған нәрсеге иелік ете алмайсың. Міне, Аллаһ жүректерін тазартуды қаламағандар - осылар. Олар үшін осы өмірде қорлық бар. Әрі оларға соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / өте үлкен азап бар
Олар өтірікке құлақ салушы, арам жеушілер. (Мұхаммед Ғ.С.)егер олар саған келсе, араларына үкім бер, немесе олардан жүз бұр. Егер олардан жүз бұрсаң да, олар саған ешбір зиян бере алмайды. Ал егер араларына үкім берсең, тура үкім бер. Шәксіз Алла турашыларды сүйеді
Аударма: Халифа Алтай
Олар - өтірікті тыңдаушылар, тыйым салынған / харам / нәрселерді жеушілер. / Ей, Мұхаммед! / Егер олар алдыңа келсе, олардың арасына үкім айт немесе олардан бет бұр. Егер олардан бет бұрсаң, олар саған ешбір нәрседе зиян тигізе алмайды. Ал, егер үкім ететін болсаң, олардың арасына туралықпен үкім ет. Ақиқатында, Аллаһ туралық етушілерді жақсы көреді
Олардың қасындағы Тәуратта Алланың үкімі бола тұра саған қалайша жүгініседі? Сонан соң да одан олар бас тартады. өйткені олар сенуші емес
Аударма: Халифа Алтай
Ішінде Аллаһтың үкімі бар Тәурат өздерінде бола тұрып, олар сені үкім беруші етіп алып, содан кейін қалай бет бұрып кетеді? Әрі, олар имандылар / мүмін / емес
Күдіксіз Тәуратты түсірдік, онда тура жол және нұр бар. Аллаға бой ұсынған пайғамбарлар, Яһудилерге онымен үкім етер еді. Және Алланың Кітабын қорғауға міндеттендірілген ғибадатшыл ұстаздары мен ғалымдар да, онымен үкім етер еді. Олар оған куәгер еді. Ендеше адамдардан қорықпаңдар да, Менен қорқыңдар және аяттарымды аз бір ақшаға сатпаңдар! Кім Алланың түсіргенімен үкім етпесе, міне солар қарсы болушылар
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, Біз Тәуратты түсірдік. Онда тура жол және нұр бар. Аллаһқа бойсұнған / Мұсылман / пайғамбарлар иудейлерге онымен үкім етеді. Сондай-ақ, Аллаһтың Кітабынан өздеріне сақтау міндеті жүктелген иудейлердің ғибадатшыл ұстаздары мен дін ғалымдары да / Аллаһтың Кітабы бойынша үкім айтты / әрі олар оған / Кітаптың ақиқатына / куә болды. Сендер адамдардан қорықпаңдар, Менен қорқыңдар және аяттарымның орнына аз бағаны / бұл дүниелікті / сатып алмандар! Кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, міне солар - кәпірлер
Оларға тәуратта: жанға жан, көзге көз, мұрынға мұрын, құлаққа құлақ, тіске тіс және жараларға да, қарама- қарсы төлеу (қысас) жаздық. Дегенмен біреу, оны кешірім етсе, сонда ол оған кәппарат болады. (Өз күнәсы кешіледі.) Және кім Алла түсірген заң бойынша билік етпесе, міне солар залымдар
Аударма: Халифа Алтай
Біз Оларға / Тәуратта / : «Жанға жан, көзге көз, мұрынға мұрын, құлаққа құлақ, тіске тіс және жарақаттар үшін кек алу - міндет», - деп жаздық. Алайда, кім оны / кек алуды / кешіп, қайыр жасаса, бұл ол / қылмыскер / үшін қылмысына өтем болады. Ал кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, міне солар - әділетсіздер
Және пайғамбарлардың ізінше өзінің алдындағы Тәуратты растаушы етіп, Мәрйем ұлы Ғисаны жалғастырдық. Әрі оған ішінде туралық, нұр болған алдындағы Тәуратты бекітуші сондай-ақ сақтанушылар үшін тура жол, үгіт түрінде Інжілді бердік
Аударма: Халифа Алтай
Олардың / пайғамбарлардың / соңынан өзінің алдындағы Тәураттың шын екендігін айтушы етіп, Мәриям ұлы Исаны жібердік. Әрі оған тура жол мен нұр болған, өзінен алдыңғы Тәураттағыны растаушы және тақуалар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанушылар / үшін жолбасшы / тура жолды ұстануға басшылық / әрі насихат ретінде Інжілді бердік
(Мұхаммед Ғ.С.) саған шынайы түрде Құранды өзінен бұрыңғы кітаптарды растаушы және оларды қорғаушы түрінде түсірдік. Олардың араларына Алланың өзіңе түсіргенімен үкім қыл. Өзіңе келген шындықтан айрылып, олардың ойларына еліктеме! Сендердің ербіреулерің үшін бір жол- жоба қойдық. Егер Алла қаласа еді, барлығынды бір-ақ үммет қылар еді. Алайда сендерге берген жол- жобаларында сынамақшы. Ендеше жақсылыққа жарысыңдар. Біртұтас барар жерлерің Алла жақ. Ол сендердің таласқан нәрселеріңді білдіреді
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Біз саған Кітапты / Құранды / ақиқатпен, өзінен алдыңғы кітаптарды растаушы әрі оларға куәлік етуші ретінде түсірдік. Енді олардың араларына Аллаһтың түсіргенімен үкім ет. Өзіңе келген ақиқаттан ауытқып, олардың көңіл құмарлығына ерме. Сендерден әрбір / үммет / үшін шариғат және жол белгіледік. Аллаһ қалағанда, сендерді бір үммет етер еді. Бірақ Ол сендерді Өзінің берген нәрселерінде сынамақшы. Сондықтан қайырлы істерде алдында болуға ұмтылыңдар / жақсылықтарға жарысыңдар / ! Барлығың Аллаһқа қайтасыңдар. Сонда Ол сендердің қайшылыққа түскен нәрселеріңнің хабарын береді
Олардың араларына Алланың түсіргенімен үкім ет. Олардың ойларына ілеспе және саған Алла түсірген кей үкімдерден сені бұзуларынан сақтан! Егер олар жүз бұрса, күдіксіз Алла оларды кей күнәлары себепті қайғыға ұшыратуды қалайды деп біл. Расында адамдардың көбі бұзық
Аударма: Халифа Алтай
Олардың араларына Аллаһтың түсіргенімен үкім етіп, олардың көңіл құмарлығына ерме. Әрі Аллаһтың өзіңе түсіргенінің кейбіріне қатысты, олардың сені бүлікке салуынан сақ бол! Егер олар / сен шығарған үкімнен / бет бұрса, біл, шын мәнінде, Аллаһ оларды кейбір күнәлары себебінен пәлекетке ұшыратуды қалайды. Негізінде, адамдардың көбі - бұзықтар / бойсұнбаушылар
Әй мүміндер! Яһудилер мен Христиандарды дос тұтпаңдар! Олар бір- біреулерінің достары. Сендерден кім оларды дос тұтса, сонда күдіксіз ол олардан. Расында Алла залым елді тура жолға салмайды
Аударма: Халифа Алтай
Ей, иманға келгендер!Иудейлерді және христиандарды қамқоршы, дос тұтпаңдар! Олар бір-біріне дос. Сендерден кім оларды қамқоршы, дос тұтса, ол шын мәнінде солардан болады. Ақиқатында, Аллаһ әділетсіз адамдарды тура жолмен жүргізбейді
Сондай жүректерінде дерті бар мұнафықтардың: «Бізге бір сұмдық келуінен (Мұсылманнан күн кетіп қалуынан) қорқамыз» деп, олардың арасында жүгіріп жүргендерін көресің. Бәлкім Алла бір жеңіс берер немесе өз қасынан бір әмір берер, сонда олар жүректеріндегі жасырғандарына өкінер
Аударма: Халифа Алтай
Жүректерінде дерті болғандардың оларға ынтығып: «Біз / жамандықтың / басымызға қайта айналып келуінен қорқамыз», - деп айтатынын көресің. Аллаһ / имандыларға / жеңіс берер не бір іс / жағдай / берер, сонда олар іштерінде жасырғандарына өкінеді
Ал сондай иман келтіргендер: «Шынайы түрде сендермен біргеміз деп, Алланың атымен мықты ант ішкендер осылар ма?» дейді. Олардың ғамалдары жойылып, зиян етушілерден болды
Аударма: Халифа Алтай
Сонда имандылар / мүміндер бір-біріне / : «Өздерінің сендермен бірге екеніне барын салып, Аллаһпен ант ішетіндер осылар ма?» - дейді. Олардың амалдары зая кетіп, зиян шегушілерден болды
Әй мүміндер! Сендерден кім дінінен шықса, Алла (Т.) жедел бір қауым әкеледі; Алла оларды жақсы көреді және олар да Алланы жақсы көреді. Мүміндерге қарсы жұмсақ, кәпірлерге қарсы қатал, Алла жолында соғысады. Сөгіс берушілердің сөгісінен олар қорықпайды. Осы, Алланың қалағанына беретін ілтипаты. өйткені, Алла өте кең, аса білуші
Аударма: Халифа Алтай
Ей, иманға келгендер! Сендерден кім дінінен қайтса, онда Аллаһ жақында, Өзі оларды жақсы көретін және олар да Оны жақсы көретін адамдарды әкеледі. Олар имандыларға / мүміндерге / ізетті, кішіпейіл, кәпірлерге қатты. Аллаһ жолында күреседі және жазғырушының жазғыруынан қорықпайды. Міне, осы - Аллаһтың кеңшілігі. Оны қалағанына береді. Аллаһ - мейірімі Кең, бәрін Білуші
Шынайы түрде сендердің достарың Алла және Елшісі және де намазды толық орындайтын, зекет беретін әрі рұкұғ қылушы мүміндер
Аударма: Халифа Алтай
Шын мәнінде, сендердің қамқоршыларың - Аллаһ және Оның Елшісі әрі иманға келгендер. Солар намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле! толық орындайтын және зекетті беретін әрі солар - / Раббысына беріле / рүкуғта иілетіндер
Әй мүміндер! Сендерден бұрын Кітап берілгендерден діндеріңді сайқы- мазаққа ойыншық еткендерді дос тұтпаңдар және кәпірлерді де дос көрмеңдер. Егер мүмін болсаңдар, Алладан қорқыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Ей, иманға келгендер! Сендерден алдын Кітап берілгендерден діндеріңді келеке және ермек етіп алғандарды әрі кәпірлерді қамқоршы, дос тұтпаңдар. Егер имандылардан / мүміндерден / болсаңдар, Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар
(Мұхаммед Ғ.С. оларға) айт: «Әй кітап иелері! Бізді Аллаға әрі өзімізге түсірілгенге және бұрыңғы түсірілгенге иман келтіргендігіміз үшін ғана қоштамайсыңдар ма? Шынында көбін бұзақысыңдар.»
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Ей, Кітап берілген қауым! Сендер бізді Аллаһқа сенгеніміз және өзімізге түсірілгенге / Құранға / әрі ілгеріде түсірілгенге / кітаптарға / сенгеніміз үшін айыптайсыңдар ма? Анығында, сендердің көбің бұзықсыңдар / бойсұнбайсыңдар / ?» - деп
(Оларға) айт: «Сендерге Алланың қасында жаза тұрғысынан бұдан да жаманын хабарлайын ба?» Алла біреуді қарғап оған ашуланса және олардан маймылдар, доңыздар, тағы бұтқа табынатындар қылса, міне солар, орны жаман және тура жолдан мүлде адасқандар
Аударма: Халифа Алтай
Айт: «Сендерге, Аллаһтың алдында «сый» / қайтарым жаза / ретінде бұдан да жаман болатынның хабарын берейін бе? / Олар / - Аллаһтың лағнетіне әрі ашуына ұшырағандар және Ол олардың кейбірін маймылдар мен доңыздарға айналдырғандар әрі олар тағұтқа / Аллаһтан басқаға / табынғандар. Міне, солардың орны өте жаман. Әрі олар - тура жолдан қатты адасқандар», - деп
Және қашан олар сендерге келсе: «Иман келтірдік» дейді. Расында олар қарсылықпен кіріп және онымен шыққан болатын. Алла олардың жасырғандарын жақсы біледі
Аударма: Халифа Алтай
Ал қашан олар сендерге келсе: «Иманға келдік», - дейді. Негізінде, олар / дінге / күпірлікпен / сенбеген күйде / кіріп және сонымен шықты. Аллаһ олардың жасырғандарын жақсы біледі
Олардың көбірегінің күнәда, дұшпандықта және арам жеуде жарысқандарын көресің. Олардың істеген істері неткен жаман
Аударма: Халифа Алтай
Сен олардың көбінің күнә істеуде, дұшпандық жасауда және тыйым салынған нәрселерді жеуде бір-бірінен асыққанын көресің. Олардың істегендері қандай жаман
Егер олардың ғибадатшыл ұстаздары, дін ғалымдары; оларды күнәлы сөздерінен, арам жеулерінен тыйса еді! Әрине олардың істегендері нендей жаман
Аударма: Халифа Алтай
Олардың ғибадатшыл ұстаздары мен дін ғалымдары, / оларды / күнәлі сөздері мен тыйым салынғандарды жеуінен неге қайтармайды?! Олардың жасағандары өте жаман
Және Яһудилер: «Алланың қолы байланған » деді. Бұл сөздері себепті олардың қолдары байланып, лағынеттелді. Керісінше, Алланың екі қолы да ашық, қалағанынша береді. Әрине раббың тарапынан саған түсірілген (Құран), олардың көбінің азғындығын, қарсылығын арттырады. Сондай-ақ олардың арасына қияметке дейін дұшпандық, өштік салдық. Сондықтан әрқашан олар соғыс үшін от тамызса, Алла оны өшірді. Олар жер жүзінде бұзықтыққа тырысады. Алла бұзақыларды жақсы көрмейді
Аударма: Халифа Алтай
Иудейлер: «Аллаһтың қолы байлаулы / тар / », - деді. Олардың өздерінің қолдары байлаулы / сараң / , олар айтқан сөздері үшін лағнетке ұшырады. Жоқ, олай емес, Оның екі қолы да ашық, Ол қалағанынша жұмсайды. / Ей, Мұхаммед! / саған Раббыңнан түсірілген / Құран / олардың көбінің шектен шығуы мен күпірлігін / имансыздығын / арттыра түседі. Біз олардың арасына Қиямет күніне дейін дұшпандық пен жек көрушілік салдық. Олар әркез соғыс өртін жаққан сайын, Аллаһ оны өшіреді. Олар жер бетінде бұзу-бүлдірушілік жасауға ұмтылады. Аллаһ бұзу-бүлдірушілік істеушілерді жақсы көрмейді
Егер кітап иелері иман келтіріп, тақуалық қылса еді, әлбетте олардың жамандықтарын жойып, оларды Нағым жәннетке кіргізер едік
Аударма: Халифа Алтай
Егер де Кітап түсірілгендер иманға келгенде және тақуалық еткендерінде / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанғандарында / , Біз сөзсіз олардың жамандықтарын өшіріп, міндетті түрде Нәъим жәннаттарына кіргізер едік
Егер олар Тәурат, Інжілді және Раббылары тарапынан өздеріне түсірілгенді толық орындаса еді, әрине олар үстіңгі жақтарынан (ағаштардың жемістерінен) әрі аяқтарының стынан (жердің өсімдіктерінен) жейтін еді. Олардың бір орташа тобы бар. Дегенмен олардың көбінің істеген істері жаман еді
Аударма: Халифа Алтай
Егер олар / өз уақытында / Тәурат пен Інжілді әрі олардың Раббысы тарапынан өздеріне түсірілгенді орындағанда, төбелерінен және аяқтарының астынан / берілген ризықтарды / жеген болар еді. Олардың арасында орташа бір топ бар. Алайда олардың көбінің істейтін істері өте жаман
Әй Пайғамбар! Раббың тарапынан түсірілгенді жалғастыр. Егер оны істемесең, елшілік міндетін жалғастырмаған боласың. Алла сені адамдардан қорғайды. Күдіксіз Алла қарсы болған елді тура жолға салмайды
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Елші! Өзіңе Раббыңнан түсірілгенді жеткіз. Егер / олай / істемесең, Оның жібергенін жеткізбеген боласың. Аллаһ сені адамдардан қорғайды. Ақиқатында, Аллаһ кәпірлерді тура жолға салмайды
(Мұхаммед Ғ.С. оларға) айт: «Әй Кітап иелері! Інжіл, Тәуратты және Раббыларың тарапынан сендерге түсірілгенді толық орындағанға дейін дәнеңе емессіңдер!» Әрине саған түсірілген Құран олардың көбінің азғындығын, қарсылығын арттырады. Сонда қарсы келген елге уайым жеме
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Ей, Кітап берілген қауым! Сендер Тәурат пен Інжілді және өздеріңе Раббыңыздан түсірілгенді / Құранды / орындамайынша, ешқандай нәрсенің / хақ нәрсенің / үстінде емессіңдер», - деп. Саған Раббыңнан түсірілген / Құран / олардың көбінің шектен шығуы мен күпірлігін / имансыздығын / арттыра түседі. Сондықтан кәпірлер үшін күйінбе
Негізінен Аллаға сенгендер, Яһудилер, Сабилер, және Христиандардан кім Аллаға, ахирет күніне иман келтіріп, ізгі іс істесе, сонда оларға қорқу да жоқ әрі қайғырмайды
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, иманға келгендерге / Мұсылмандарға / , сондай-ақ / Мұхаммед пайғамбарға дейінгі! иудей, христиан және сабийлерден Аллаһқа әрі Ақирет күніне сеніп, ізгі амал жасағандарға ешбір қорқыныш жоқ әрі олар қайғырмайды
Әрине Израил ұрпақтарынан серт алып, оларға елшілер жіберген едік. Қашан да оларға бір елші, көңілдері тартпаған нәрсе келтірсе бір бөлімін өтірікке ұйғарып, бір бөлімін өлтіреді
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, Біз Исраил ұрпақтарының сертін алдық әрі оларға елшілер жібердік. Әркез оларға қандай да бір Елші, көңілдері қаламаған нәрсені келтірген сайын, олар / елшілердің / бір бөлімін өтірікке шығарып, бір бөлімін өлтіретін еді
Олар, (пайғамбарларды жалғандау, өлтірулері себепті) бір сұмдық болмайды деп, ойлады да соқыр, саңырау болып алды. Сонсоң Алла олардың тәубесін қабыл етті. Және де олардың көбі соқыр, саңырау болды. Алла (Т.) олардың не істегендерін толық көруші
Аударма: Халифа Алтай
Әрі олар ешқандай сынақ болмайды деп есептегендіктен, соқыр әрі саңырау болып алды. Содан кейін Аллаһ олардың істеген күнәсіне өкініп, Өзіне бойсұнуға қайтуын / тәубесін / қабыл етті. Содан кейін де олардың көбі / ақиқатқа / соқыр әрі саңырау болды. Аллаһ - олардың не істеп жатқанын Көруші
Расында Мәрйем ұлы Мәсихты: «Алла» дегендер кәпір болды. Негізінде Мәсих: «Әй Израил ұрпақтары! Аллаға құлшылық қылыңдар! Менің Раббым; әрі сендердің раббыларың! Өйткені, кім Аллаға ортақ қосса, расында Алла оған жәннетті арам етеді. Оның орны тозақ оты. Сондай-ақ залымдар үшін жәрдемші жоқ » деген
Аударма: Халифа Алтай
Анығында: «Аллаһ - Мәриям ұлы Мәсих», - деп айтқандар, кәпір болды. Ақиқатында, Мәсих: «Ей, Исраил ұрпақтары! Менің Раббым әрі сендердің Раббың - Аллаһқа құлшылық қылыңдар! Өйткені, кім Аллаһқа бір нәрсені серік етіп қосса, Аллаһ оған Жәннатты тыйым / етіп / салып, оның тұрағы От / тозақ / болады. Әділетсіздерге ешбір жәрдемші жоқ», - деп айтты
Расында: «Алла, үштің үшіншісі » дегендер кәпір болды. Бір Тәңірден басқа тәңір жоқ. Егер олар бұл айтқандарынан тыйылмаса, олардан; сондай қарсы келгендерге күйзелтуші азап кездеседі
Аударма: Халифа Алтай
Шын мәнінде: «Аллаһ - үштіктің үшіншісі», - дегендер күпірлік етті / Аллаһтың бірлігін теріске шығарды / . Жалғыз құдайдан / Аллаһтан / басқа құдай жоқ. Егер олар айтқандарынан қайтпаса, олардан күпірлік еткендерге / Аллаһқа қарсы келгендерге / , міндетті түрде күйзелтуші азап тиеді
Мәрйем ұлы Мәсих; бір пайғамбар ғана. Одан бұрын да пайғамбарлар өткен. Оның анасы шыншыл. Екеуі де тамақ жейтұғын. (Әй Мұхаммед !) қара! Оларға аяттарымызды қалай ашық баян етеміз. Сонсоң қалай бұрылып бара жатқандарын көр
Аударма: Халифа Алтай
Мәриям ұлы Мәсих - бір Елші ғана. Негізінде, одан бұрын да елшілер өткен. Ал, оның анасы шыншыл еді. Екеуі де тамақ жейтін еді. Біз оларға аяттарды қалай анық баян еткенімізге қара да, кейін олардың қайда бұрылып бара жатқандарына назар сал
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға айт: «Алладан өзге сендерге пайда, зиян келтіре алмайтынға құлшылық қыласыңдар ма?» Негізінде Алла, әр нәрсені естуші, білуші
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Айт / серік қосушыларға / : «Сендер Аллаһты қойып, өздеріңе зиян жеткізуге, не пайда келтіруге шамасы жоқ нәрсеге табынасыңдар ма?» - деп. Аллаһ - бәрін Естуші , бәрін Білуші
(Мұхаммед Ғ.С.): «Әй Кітап иелері! Діндеріңде орынсыз шектен шықпаңдар және бұрыңғы нақ жолдан адасқан әрі көптерді адастырған сондай-ақ тегіс жолдан азған қауымның әуесіне ілеспеңдер.» де
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Ей, Кітап берілген қауым! Діндеріңде ақиқаттан аттап, артық кетпендер және өздері бұрын адасып әрі көпшілікті адастырған, сондай-ақ тура жолдан ауытқыған адамдардың құмарлықтарына ермеңдер», - деп
Сондай Израил ұрпақтарынан қарсы болғандарға, Дауыт және Мәрйем ұлы Ғиса (Ғ.С.) ның тілі арқылы лағынет етілген. Ол қарсы келулері, шектен шығуларының салдарынан
Аударма: Халифа Алтай
Исраил ұрпақтарынан күпірлік еткендерге / Аллаһқа қарсы келгендерге / , Дәуіттің және Мәриям ұлы Исаның тілімен лағнет / қарғыс / айтылды. Бұл олардың бойсұнбағандықтары әрі шектен шығуларының себебінен
Олардан көбінің кәпірлерді дос тұтқанын көресің. Алланың ашуына жолығып, азапта мәңгі қалатындықтан олардың ілгері жіберген нәрселері нендей жаман
Аударма: Халифа Алтай
Сен олардың / иудейлердің / көбінің күпірлік етушілерді / Аллаһқа серік қосушыларды / дос, жақтас тұтатынын көресің. Олардың өздері үшін алдын ала дайындағаны өте жаман, Аллаһ оларға сол үшін ашуланды әрі олар азапта мәңгі қалады
Әрине мүміндерге адамдардан ең қатты дұшпан түрінде Яһудилерді, Мүшріктерді табасың. Және мүміндерге сүйіспеншілік тұрғысынан олардың жақынырағын: «Біз Христианбыз» дегендерден табасың. Бұл олардың даналары, тақуаларының болуы және олардың менменсімейтіндіктері себепті
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / , сен анығында, иманға келгендерге дұшпандық етуде адамдардың ішіндегі ең қаттысы - иудейлер мен мүшріктер / Аллаһқа серік қосушылар / екенін көресің. Ал, иманға келгендерге сүйіспеншілікте ең жақыны, олардың: «Біз насаралармыз / христианбыз / », - дейтіндер екенін көресің. бұл - олардың ішінде қиссистері / дін ғалымдары / және рухбандары / тәркі дүниелік ғибадатшылдары / болғандығы әрі олардың астамсынбаулары себебінен
(Хабашістанға барған Мұсылмандар, Христиан Нажжаши патшаның алдында Құран оқығанда ықылас білдірген екен.) Олар Пайғамбарға түсірілген (Құран) ді тыңдаған заманда, шындықты танығандықтарынан көздерінің жасқа толғанын көресің. Олар: «Раббымыз! Иман келтірдік, бізді куә болушылардан жаза көр!»,- дейді
Аударма: Халифа Алтай
Олар / христиандар / Елшіге түсірілгенді / Құранды / тыңдаған кезде, шындықты танып, көздерінің жасқа толғанын көресің. Олар: «Раббымыз! Сендік, бізді куә болушылар қатарында жаза гөр
«Аллаға әрі өзімізге келген шындыққа неге иман келтірмейміз? Өйткені, раббымыздың игі елдермен бірге етуінен үміт етеміз»
Аударма: Халифа Алтай
Раббымыздың бізді ізгі адамдармен бірге етуін қалайтын болсақ, Аллаһқа сенбейтіндей және өзімізге келген ақиқатқа сенбейтіндей бізге не болды?» - дейді
Сонда Алла оларға бұл сөздері себепті астарынан өзендер ағатын, онда мүлде қалатын бақшаларды бағыштады. Жақсылықтың бодауы осы
Аударма: Халифа Алтай
Сонда Аллаһ оларды айтқан сөздері үшін - астынан өзендер ағып жататын / Жәннаттағы / бақтармен марапаттады, олар - онда мәңгі қалушы. жақсылықты ықыласпен істеушілердің қайтарым сыйы, міне - осы
Әй мүміндер! Алланың сендерге халал еткен жақсы нәрселерді арам етіп шектен аспаңдар. Шынында Алла шектен шығушыларды жақсы көрмейді
Аударма: Халифа Алтай
Ей, иманға келгендер! Аллаһ рұқсат берген / халал / жақсы нәрселерге тыйым салмаңдар әрі шектен шықпаңдар. Ақиқатында, Аллаһ шектен шығушыларды жақсы көрмейді
Алла (Т.) анттарыңды бос сөзді есепке алмайды. Алайда біле тұра істеген анттарыңнан жауапкер етер (Ант бұзсаңдар.) Оның төлеуі: үй- іштеріңе жегізетін орта есеппен он міскінді тамақтандыру, не оларды киіндіру, немесе бір құл азат ету. Мұны таппаған біреу, үш күн ораза ұстау. (Бұзған) анттарыңның жазасы осы. Анттарыңды қорғаңдар. Алла (Т.) сендерге аяттарын осылайша түсіндіреді, шүкірлік етерсіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ анттарыңдағы бос сөздер үшін сендерді жазаға тартпайды. Бірақ, Ол сендерді бекіткен анттарың үшін жазаға тартады. / Анттарыңды бұзғанжағдайда / оның өтемі / кәффәраты / - үй іштеріңді тамақтандыратын орташа есеппен он кедейді тамақтандыру не оларды киіндіру немесе бір құл азат ету. Кім / мұны / таппаса, үш күн ораза тұтады. Ант ішсеңдер, анттарыңның өтемі / кәффәраты / - осы. Анттарыңды сақтаңдар. Аллаһ сендерге шүкір етулерің / берген игіліктеріне алғыс білдірулерің / үшін аяттарын осылай анық баян етеді
Негізінен шайтан, арақта, құмарда араларыңа дұшпандық әрі кек салып, Алланы еске алудан және намаздан тосуды қалайды. Ал сонда да тыйылмайсыңдар ма
Аударма: Халифа Алтай
Негізінен, шайтан мас қылатын ішімдіктер және құмар ойындар арқылы, араларыңа дұшпандық пен жек көрушілік салып, сендерді Аллаһты еске алудан және намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындаудан тосуды қалайды. Енді тыйыларсыңдар
Иман келтіріп ізгі іс істегендерге, қашан олар сақтанса, сене отырып игілік істесе, тағы сақтанып сенсе, сонан соң сақтанып жақсылық істесе, (бұрыңғы) жегендері күнә емес. Өйткені, Алла жақсылық істеушілерді жақсы көреді
Аударма: Халифа Алтай
Иманға келген және ізгі амал жасағандарға жеген нәрселерінде күнә жоқ, егер, қашан олар тақуалық етсе / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанса! және сеніп, ізгі амал істесе содан кейін де тақуалық етсе / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанса / және сеніп, одан кейін және тақуалық етсе / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанса / әрі жақсылық істесе. Аллаһ жақсылықты ықыласпен істеушілерді жақсы көреді
Әй иман келтіргендер! Алла, кімнің, өзін көрмей-ақ қорқатынын мәлімдеу үшін; ыхрамда, қолдарың, найзаларың жетіп тұрған арқылы әлбетте сендерді сынайды. Кім бұдан кейін шектен шықса, оған күйзелтуші азап бар. (Хұдайбияда Мұсылмандар ыхрам киген кезде, Құдыретше аң көбейіп, қол тиетін, найза жежетін жерге келеді)
Аударма: Халифа Алтай
Ей, иманға келгендер! Аллаһ кім Өзінен ғайып түрде / Өзін көрмей-ақ / қорқатынын анықтау үшін - Аллаһ сендерді / ихрамда болғандарыңда / аңшылық олжаға қатысты бір нәрсемен сынайды. Кім осыдан кейін шектен шықса, оған күйзелтуші азап бар
Әй мүміндер! Сендер ыхрамда аң өлтірмеңдер. Сендерден біреу оны әтейге өлтірсе, оның жазасы; өлтіргеніндей бір мал, оны сендерден екі әділ кісі Кағбаға баратын бір құрбанды үкім етеді. Не бодауына міскіндерді тамақтандыру немесе оның орнына ораза ұстау. Бұл істегенінің жазасын тату үшін. Алла (Т.) өткенді кешірді. Кім қайтадан істесе, Алла оны жазалайды. Алла өте үстем, өш алу күшіне ие
Аударма: Халифа Алтай
Ей, иманға келгендер! Ихрамда болған кездеріңде аңдарды өлтірмеңдер. Сендерден кім оны әдейілеп өлтірсе, оның жазасы / өтемі / - өлтіргеніндей бір мал. Ол туралы сендерден екі әділ кісі Қағбаға жеткізілетін құрбандық ретінде үкім береді. Немесе ісінің жазасын тартуы үшін оның кәффәраты / күнәсінің өтемі / - кедейлерді тамақтандыру не оның орнына ораза ұстауы. Аллаһ өткенді кешірді. Ал кім / осы істерге / қайтса, Аллаһ оны жазалайды. Аллаһ - бәрінен Үстем, жазалау күшіне Ие
Сендерге теңіз аңы және оны жеу халал қыланды. Сендерге әрі жолаушыларға пайдалы. Және сендерге ыхрамдағы мезгіл бойынша құрылықтың аңы арам қылынды. Алдына жиналатын Алладан қорқыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Сендерге / жергіліктілерге / және жолаушыларға пайдалануларың үшін / ихрам кезінде / теңіз аңы мен тағамдары рұқсат етілді. Ал, құрлықтағы аң ихрамда болған кездеріңде, сендерге тыйым салынды. Өздерің алдына жиналатын Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар
Алла (Т.) құрметті үй Кағбаны, адам баласы үшін тұрақ қылды. Және құрметті айды, құрбандықты және мойнына тағылған белгілерді де. Бұл Алланың көктердегі әрі жердегі нәрселерді шынайы түрде білетіндігін және күдіксіз Алланың әр нәрсені толық білуші екендігін білулерің үшін
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ тыйым салынған үй - Қағбаны адамдар үшін тірек етті, сондай-ақ тыйым салынған айды және құрбандыққа әкеле жатқан және алқа тағылған / белгіленген / құрбандық малдарды да. бұл - Аллаһтың аспандардағы және жердегілердің бәрін білетіндігін әрі Аллаһтың барлық нәрсені Білуші екендігін білулерің үшін
(Мұхаммед Ғ.С.): «Сені арам нәрсенің көптігі қызықтырса да, лас пен таза бір емес. Ендеше, әй ақыл иелері! Алладан қорқыңдар, әрине құтыласыңдар» де. (Хаж парыз болды деген аят түскенде Пайғамбардан: «әр жылы ма?»,- деп сұрағандарға сол сәтте жауап бермей кейін: «Егер я деп жауап берсем әр жылы парыз болып қалатын еді» деген екен)
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Сені жаман нәрсенің көптігі таңырқатса да, жаман мен жақсы бірдей болмайды», - деп. Ей, ақыл иелері! Бақытқа жету үшін Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар
Әй мүміндер! Егер айқындалса сендерге жаман болатын нәрсені сұрамаңдар. Құран түсірілгенде оны сұрасаңдар білдіретін еді. Алла оны кешті. Алла аса жарылқаушы, өте жұмсақ
Аударма: Халифа Алтай
Ей, иманға келгендер! Анықталған кезде, сендерді қапаландыратын нәрселер жайлы сұрамаңдар. Құран түсіріліп жатқан кезде олар жайлы сұрасаңдар, олар сендерге ашылып / айқын болып / қалады. Аллаһ оны / сұраған нәрселеріңді / кешірді. Аллаһ - өте Кешірімді , аса Жұмсақ
Расында сендерден бұрыңғы бір ел де сөйтіп сұрап, сонан кейін оған қарсы болған еді. (Араптар жаһидет дәуірінде кейбір малдарды бұтқа арнап, мінбей, саумай «бахира, сайыба, уасила және хам» деп азат қылып қоя беріп мұны, Аллаға құлшылық дейтұғын)
Аударма: Халифа Алтай
Негізінде, сендерден бұрынғы бір қауым олар жайлы / өз елшілерінен / сұрап, сонан кейін / оны орындамай / , кәпірлерден болды
Алла (Т.) «бахира, сайыба, уасила және хам» деп арнауға бұйырмады. Бірақ кәпірлер Аллаға өтірік жала қойды. Олардың көбі түсінбейді
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ «бахира», «саиба», «уәсила» және «хамға» / ырымдалған түйелерге / қатысты еш нұсқау бермеді. Бірақ, сондай күпірлік етушілер / Аллаһқа серік қосушылар / Аллаһқа қатысты өтірікті құрастырады. Олардың көбі ақылдарын істетпейді
Қашан оларға: «Алла түсірген Құранға және Пайғамбарға келіңдер» делінсе, олар: «Аталарымызды тапқан жол өзімізге жетеді» дейді. Ата- бабалары еш нәрсе білмеген және тура жолда болмаған болса да ма
Аударма: Халифа Алтай
Қашан оларға: «Аллаһтың түсіргеніне / Құранға / және Елшіге келіндер», - делінсе, олар:«Аталарымызды неде / қай сенім-нанымда / тапсақ, бізге сол жетеді», - дейді.Сонда, егер аталары еш нәрсені білмеген және тура жолды таппаған болса да ма
Әй мүміндер! Сендер өздеріңді түзелтулерің керек. Өздерің тура жолда болсаңдар, адасқан біреу сендерге кесір тигізе алмайды. Барлықтарыңның бара жерлерің Алла жақ. Сонда Алла сендерге не істегендеріңнен хабарын береді
Аударма: Халифа Алтай
Ей, иманға келгендер! Сендер өздеріңді-өздерің / қолға алып / түзелтіңдер. Өздерің тура жолда болсаңдар, адасқандар сендерге зиян тигізе алмайды. Барлығың Аллаһқа қайтасыңдар. Сонда Ол сендерге не істегендеріңнің хабарын береді
Әй мүміндер! Қашан сендерге өлім таяп, өсиет еткен сәтте, араларыңа өздеріңнен екі әділ кісі, немесе сендер жер жүзінде жолаушы жүріп өлім қайғысы келсе, өздеріңнен басқа екі айғақ болсын. (Сауда бабымен шамға барған бір Мұсылман өлерінде бұйымдарын екі Христиан жолдасына тапсырады. Бұлар Мединедегі мұрагерлеріне тапсырғанда, бір құнды нәрсесін алып қалады.) Егер бұл куәлерден күдіктенсеңдер, намаздан кейін екеуін тосып қоярсыңдар. Сонда екеуі: «Алланың атымен ант етеміз. Егер жақындарымыз болса да антымызды сатпаймыз, Алланың әмірі бойынша куәлікті жасырмаймыз. Егер жасырсақ, әлбетте күнәкар боламыз» деп ант ішеді
Аударма: Халифа Алтай
Ей, иманға келгендер! Біреуіңе өлім келіп, бір нәрсені өсиет етіп қалдырған кезде, өздеріңнен болған екі әділ кісі немесе жер бетінде сапар шегіп жүргендеріңде өлім ауыртпашылығы келсе, өздеріңнен басқалардан екі куә араларында куәгер болсын. Егер күмәндансаңдар, оларды намаздан кейін тоқтатып, екеуі: «Егер жақынымыз болса да антымызды ешбір бағаға сатпаймыз әрі Аллаһтың куәлігін жасырмаймыз, олай етсек, әлбетте күнәһарлардан боламыз», - деп Аллаһпен ант етсін
Сонда егер ол екеуінің күнәкар болғандықтары байқалса, әріптестер жақтан ең жақын лайықты екеу, олардың орнына тұрып: «Алланың атымен берген куәлігіміз ол екеуінің куәліктерінен көрі аңығырақ. Әрі біз шектен шықпадық. Егер олай істесек, әрине залымдардан боламыз» деп ант ішеді
Аударма: Халифа Алтай
Егер ол екеуінің күнәһар екендіктері анықталса, онда құқығы барлардан өзге екі жақын туыс кісі олардың орнына тұрып: «Біздің куәлігіміз ол екеуінің куәліктерінен гөрі шындыққа көбірек жақын. Әрі біз шектен шықпадық. Егер олай істесек, әрине, әділетсіздерден боламыз», - деп Аллаһпен ант ішсін
Бұл тұп- тура куәлік берулеріне және анттан кейінгі анттың қабыл етілмеуінен қорқуларына ең жақын жағдай? Және Алладан қорқыңдар, әмірді тыңдандар. Алла бұзақы елді тура жолға салмайды
Аударма: Халифа Алтай
Бұл олардың куәлікті шынайы берулеріне немесе олардың берген анттарынан кейін қайта ант берілуінен қорқуларына көбірек жақын. Әрі Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар және құлақ асындар. Аллаһ бұзық адамдарды тура жолмен жүргізбейді
Қиямет күні Алла (Т.) пайғамбарларды жинап алып: «Сендерге не жауап берілді?»,- дейді. Олар: «Біздің ешбір мәліметіміз жоқ. Күдіксіз Сен ғана көместерді толық білушісің» деп жауап береді
Аударма: Халифа Алтай
Сол / қайта тірілу / Күні Аллаһ елшілерді жинап: «Сендерге / үмметтеріңнен / не жауап берілді?» - дейді. Олар: «Бізде білім жоқ. Ақиқатында, Сенің Өзің ғана ғайыптарды Білушісің», - дейді
Сол уақытта Алла (Т.): «Әй Мәрйем ұлы Ғиса! Саған әрі анаңа берген нығметімді есіңе ал. Сол уақытта сені Жебірейіл арқылы қуаттаған едім. Бесікте және ержеткенде адамдармен сөйлесуші едің. Саған Кітапты, даналықты,Тәурат, Інжілді үйреттім. Және сол уақытта Менің бұйыруыммен балшықтан құстың бейнесі құсаған жасап, оның ішіне үрлегеніңде бұйыруыммен құс болатын еді. Және бұйыруыммен іштен туған соқырды да, аламесті де жазатын едің. Және бұйыруымммен өлікті (тірілтіп) шығарар едің. Және сол уақытта Израил ұрпақтарына ашық дәлелдермен келгеніңде, олардың қарсы шыққандары: «Бұл ашық жадыдан басқа еш нәрсе емес» дегенде, сені олардан қорғаған едім» деді
Аударма: Халифа Алтай
Сонда Аллаһ айтады: «Ей, Мәриямның ұлы Иса! Менің саған әрі анаңа берген игілігімді есіңе ал. Сол уақытта сені қасиетті рух / Жәбірейіл / арқылы қолдадым. Сен адамдарға бесікте және ересек кезіңде сөйледің. Сонда Мен саған жазу мен даналықты әрі Тәурат пен Інжілді үйреттім. Әрі сонда сен Менің рұқсатыммен лайдан құстың мүсіні тәріздіні жасап, оған үрлегеніңде, ол Менің рұқсатыммен құс болып кететін. Әрі Менің рұқсатыммен тума соқырды және алапесті айықтыратын едің. Әрі сонда Менің рұқсатыммен өлгендерді / тірілтіп / шығаратын едің. Әрі Исраил ұрпақтарына анық белгілермен келгеніңде, олардың ішіндегі күпірлік еткендері / қарсы келгендері / : «Бұл - анық сиқырдан басқа нәрсе емес», - деген кезінде, оларды сенен қайтардым», - / деп
Сол уақытта Хауариларға: «Маған әрі Елшіме сеніңдер» деп білдірген едім. Олар: «Біз сендік, біздің шынайы Мұсылман болғандығымызға куә бол» деген еді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі сонда хауарилерге / Исаның жәрдемшілеріне / : «Маған және Менің Елшіме сеніңдер», - деп білдіргенімізде, олар: «Біз сендік, біздің мұсылман / бойсұнушы / екенімізге куә бол», - деді
Сол уақытта Хауарилар: «Әй Мәрйем ұлы Ғиса! Раббың бізге көктен бір дастарқан түсіре ала ма?» деген еді. «Егер сенсеңдер Алладан қорқыңдар» деді
Аударма: Халифа Алтай
Сол уақытта хауарилер / Исаның жәрдемшілері / : «Ей, Мәриямның ұлы Иса! Раббың бізге аспаннан бір жасаулы дастархан түсіре ала ма?» - деген еді. / Иса / : «Егер иманды / мүмін / болсаңдар, Аллаһтан / Оның жазасынан! қорқып, сақтаныңдар / », - деді
Хауарилар: « Біздің одан жегіміз келеді. Жүректеріміз орнықсын әрі сенің бізге шын айтқаныңды білейік. Сондай-ақ оған куә болушылардан болайық» десті
Аударма: Халифа Алтай
Хауарилер / : «Біз одан жегіміз келеді және жүректеріміздің орнығуын, сенің бізге шындықты айтқаныңды білуді және ол жайлы куә болушылардан болуды қалаймыз», - деді
Мәрйем ұлы Ғиса: « Әй Алла! Раббымыз! Бізге аспаннан дастарқан түсір! Бұрыңғы, соңғымызға мереке әрі Сенен бір белгі болсын. Бізді ризықтандыр! Сен ризықтандырушылардың ең жақсысың» деді
Аударма: Халифа Алтай
Мәриямның ұлы Иса: «Йа, Аллаһ! Раббымыз! Бізге аспаннан бір жасаулы дастархан түсір! Алғашқыларымызға және кейінгілерімізге бір мейрам әрі Сенен бір белгі болсын. Сондай-ақ, бізге ризық бер! Сен ең қайырлы ризық Берушісің», - деді
Алла: «Күдіксіз Мен, ол дастарқанды түсіремін. Сонда, егер одан кейін сендерден кім қарсы келсе, шынайы түрде Мен оны дүниеде ешкімді азаптамаған азаппен азаптаймын» деді
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ: «Ақиқатында, Мен оны сендерге түсіремін. Бірақ содан кейін сендерден кім күпірлік етсе / иманды теріске шығарса / , оны әлемдердің ішінде ешкімді азаптамайтын азаппен азаптаймын», - деді
(Сол уақта) Алла: «Әй Мәрйем ұлы Ғиса! Адамдарға, Алланы қойып, мені әрі анамды екі тәңір етіп алыңдар деп сен айттың ба?»,- дейді. (Ғиса Ғ.С.): «Әй Алла! сені пәктеймін. Тиісті болмаған нәрсені айту маған жараспайды. Егер деген болсам, сонда Сен, оны анық білесің. Сондай-ақ менің ішімдегіні Сен білесің, мен Сенікін білмеймін. Сен шынайы түрде көместерді толык білушісің» дейді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі / Қиямет күні / Аллаһ: «Ей, Мәриямның ұлы Иса! Адамдарға: «Мені және анамды Аллаһтан басқа екі құдай етіп алыңдар», - деп айтқан сен бе?» - дегенде, / Иса / : «Сен / кемшілік атаулыдан / пәксің! Өзімнің құқым болмаған нәрсені айту маған лайық емес. Егер айтқан болсам, ақиқатында, Сен оны, әлбетте білуші едің. Сен менің ішімдегіні білесің, ал мен Сендегіні білмеймін. Ақиқатында, Сен - Өзің ғана ғайыптарды Білушісің
Оларға: «Сен, маған бұйырғанды ғана; Аллаға құлшылық қылыңдар! Менің әрі сендердің Раббыларың дегеннен басқаны айтпадым. Олардың ішінде болғанымда, оларға байқаушы болдым. Сен мені алған шақта, оларға өзін бақылаушысың. Негізінде Сен әр нәрсені толық білушісің.»
Аударма: Халифа Алтай
Мен оларға: «Менің Раббым әрі сендердің Раббың - Аллаһқа ғана құлшылық етіңдер», - деп, Сен бұйырғанды ғана айттым. Әрі олардың ішінде болған кезімде, оларға куә болдым. Ал мені Өзіңе алғанда, оларды Өзің бақыладың. Сен барлық нәрсеге куәсің
Алла (Т.): «Бүгін шыншылдардың шындықтары пайда беретін бір күн. Оларға астарынан өзендер ағатын ұжмақтар бар. Олар онда мәңгі қалады да, алла олардан разы болады әрі олар да Алладан разы болады. Бұл ірі қол жеткендік.» дейді
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ: «бұл - шын сөзділерге шындықтары пайда беретін күн. Оларға астынан өзендер ағып жататын / жәннат / бақтары бар. Олар онда мәңгі қалады. Аллаһ олардан разы болды, олар Одан / Аллаһтан / разы болды. Міне, осы - ұлы жетістік», - дейді