وَكُلُواْ مِمَّا رَزَقَكُمُ ٱللَّهُ حَلَٰلٗا طَيِّبٗاۚ وَٱتَّقُواْ ٱللَّهَ ٱلَّذِيٓ أَنتُم بِهِۦ مُؤۡمِنُونَ
wakulū mimmā razaqakumu l-lahu ḥalālan ṭayyiban wa-ittaqū l-laha alladhī antum bihi mu'minūna
Және Алланың сендерге берген халал, таза несібесінен жеңдер. Сондай-ақ өздерің иман келтірген Алладан қорқыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ сендерге рұқсат / халал / етіп, жақсы етіп берген ризықтарынан жеңдер. Әрі өздерің сенген Аллаһтан / Оның тыйғандарынан! қорқып, сақтаныңдар
Аударма: ҚМДБ
Қари: Мишари Рашид әл-Афаси