Ан-Ниса

النساء · 176 аят · мединалық
Орысша нұсқасыЖаттауМысхаф 77-бет
← Али ИмранБарлық сүрелерАль-Маида →
4:1
يَـٰٓأَيُّهَا ٱلنَّاسُ ٱتَّقُواْ رَبَّكُمُ ٱلَّذِي خَلَقَكُم مِّن نَّفۡسٖ وَٰحِدَةٖ وَخَلَقَ مِنۡهَا زَوۡجَهَا وَبَثَّ مِنۡهُمَا رِجَالٗا كَثِيرٗا وَنِسَآءٗۚ وَٱتَّقُواْ ٱللَّهَ ٱلَّذِي تَسَآءَلُونَ بِهِۦ وَٱلۡأَرۡحَامَۚ إِنَّ ٱللَّهَ كَانَ عَلَيۡكُمۡ رَقِيبٗا
Әй адам баласы! Сендерді бір кісіден (Адам атынан) жаратқан және одан оның жұбайын (Хауа ананы) жаратып, ол екеуінен көптеген ер, әйелді таратқан Раббыларыңнан қорқыңдар. Сол арқылы өзара сұрасқан Алладан және туыстардан (безуден) сақтаныңдар. Шәксіз Алла (Т.) сендерді бақылаушы
Аударма: Халифа Алтай
Ей, адамдар! Сендерді бір адамнан / Адам ғ.с. / жаратқан әрі одан оның жұбын жаратып, ол екеуінен көп ерлер мен әйелдерді таратқан Раббыңызға тақуалық етіңдер / Оның жазасынан қорқып, сақтаныңдар / . Бір-біріңнен Ол арқылы / Оның атымен / сұрасатын Аллаһтан / Оның тыйғандарынан / қорқып, сақтаныңдар және туыстық байланыстарды / үзуден сақтаныңдар / ,Ақиқатында, Аллаһ - сендерді толық Бақылаушы
Аударма: ҚМДБ
4:2
وَءَاتُواْ ٱلۡيَتَٰمَىٰٓ أَمۡوَٰلَهُمۡۖ وَلَا تَتَبَدَّلُواْ ٱلۡخَبِيثَ بِٱلطَّيِّبِۖ وَلَا تَأۡكُلُوٓاْ أَمۡوَٰلَهُمۡ إِلَىٰٓ أَمۡوَٰلِكُمۡۚ إِنَّهُۥ كَانَ حُوبٗا كَبِيرٗا
Жетімдердің малдарын беріңдер, жаманды жақсымен алмастырмаңдар; олардың малдарын өз малдарыңа қосып жемеңдер. Өйткені ол, күнә
Аударма: Халифа Алтай
Жетімдерге өз мал-мүліктерін беріңдер және нашарды жақсыға алмастырмаңдар. Олардың мал-мүліктерін өздеріңнің мал-мүліктеріңе қосып жемеңдер. Өйткені ол - үлкен күнә
Аударма: ҚМДБ
4:3
وَإِنۡ خِفۡتُمۡ أَلَّا تُقۡسِطُواْ فِي ٱلۡيَتَٰمَىٰ فَٱنكِحُواْ مَا طَابَ لَكُم مِّنَ ٱلنِّسَآءِ مَثۡنَىٰ وَثُلَٰثَ وَرُبَٰعَۖ فَإِنۡ خِفۡتُمۡ أَلَّا تَعۡدِلُواْ فَوَٰحِدَةً أَوۡ مَا مَلَكَتۡ أَيۡمَٰنُكُمۡۚ ذَٰلِكَ أَدۡنَىٰٓ أَلَّا تَعُولُواْ
Егер (үйленгенде) жетім әйелдер жайында әділетсіздік істеуден қорықсаңдар, өздеріңе жаққан басқа әйелдерден екі, үш және төртке дейін үйленіңдер. Сонда егер тең ұстай алмаудан қорықсаңдар, онда біреу алыңдар немесе қолдарыңдағы күң де болады. Әділетсіздік болмауға жақыңырағы осы
Аударма: Халифа Алтай
Егер жетімдерге / жетім қыздарға үйленуге / қатысты туралық ете алмаудан қорықсаңдар, онда өздеріңе ұнаған әйелдерден екі, үш және төртеуіне үйленіңдер. Ал, егер әділдік ете алмаудан қорықсаңдар, онда бір әйел немесе қолдарындағы күндерің болады. бұл - әділеттіктен ауытқымауларыңа көбірек жақын
Аударма: ҚМДБ
4:4
وَءَاتُواْ ٱلنِّسَآءَ صَدُقَٰتِهِنَّ نِحۡلَةٗۚ فَإِن طِبۡنَ لَكُمۡ عَن شَيۡءٖ مِّنۡهُ نَفۡسٗا فَكُلُوهُ هَنِيٓـٔٗا مَّرِيٓـٔٗا
Әйелдердің мәһерін (қалынын) ықыласпен беріңдер. Сонда егер әйелдер өз көңілдерінше, сендерге мәһерден бір нәрсе кеңшілік етсе, онда оны жеңдер; сіңімді, жүрімді болсын
Аударма: Халифа Алтай
Әйелдерге мәһрлерін / қалыңдыққа берілетін сыйды / шын көңілден / бір міндет ретінде / беріңдер. Егер олар өздері сендерге одан бір нәрсені ұсынса, оны қош күйде жеңдер / пайдаланыңдар
Аударма: ҚМДБ
4:5
وَلَا تُؤۡتُواْ ٱلسُّفَهَآءَ أَمۡوَٰلَكُمُ ٱلَّتِي جَعَلَ ٱللَّهُ لَكُمۡ قِيَٰمٗا وَٱرۡزُقُوهُمۡ فِيهَا وَٱكۡسُوهُمۡ وَقُولُواْ لَهُمۡ قَوۡلٗا مَّعۡرُوفٗا
Аллаһ өздеріңе күнкөріс еткен мал-дүниелеріңді ақыл тоқтатпағандарға бермеңдер. Әрі оларды одан тамақтандырыңдар және киіндіріңдер. Сондай-ақ оларға жақсы сөз сөйлеңдер
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ өздеріңе күнкөріс еткен мал-дүниелеріңді ақыл тоқтатпағандарға бермеңдер. Әрі оларды одан тамақтандырыңдар және киіндіріңдер. Сондай-ақ оларға жақсы сөз сөйлеңдер
Аударма: ҚМДБ
4:6
وَٱبۡتَلُواْ ٱلۡيَتَٰمَىٰ حَتَّىٰٓ إِذَا بَلَغُواْ ٱلنِّكَاحَ فَإِنۡ ءَانَسۡتُم مِّنۡهُمۡ رُشۡدٗا فَٱدۡفَعُوٓاْ إِلَيۡهِمۡ أَمۡوَٰلَهُمۡۖ وَلَا تَأۡكُلُوهَآ إِسۡرَافٗا وَبِدَارًا أَن يَكۡبَرُواْۚ وَمَن كَانَ غَنِيّٗا فَلۡيَسۡتَعۡفِفۡۖ وَمَن كَانَ فَقِيرٗا فَلۡيَأۡكُلۡ بِٱلۡمَعۡرُوفِۚ فَإِذَا دَفَعۡتُمۡ إِلَيۡهِمۡ أَمۡوَٰلَهُمۡ فَأَشۡهِدُواْ عَلَيۡهِمۡۚ وَكَفَىٰ بِٱللَّهِ حَسِيبٗا
Жетімдерді үйлену шағына жеткенше сынаңдар. Сонда егер олардан бір естияларлық көрсеңдер, дереу олардың малдарын өздеріне беріңдер. Сондай-ақ олардың ержетуінен қорқып, ысыраптап, тездетіп жемеңдер. Ал және біреу бай болса, онда тартынсын да, біреу жарлы болса, онда да орнымен жесін. Қашан олардың малдарын өздеріне тапсырсаңдар, оларға айғақ қойыңдар. Алла (Т.) есеп көруде жеткілікті
Аударма: Халифа Алтай
Жетімдерді неке / балиғат / жасына жеткендерінше сынаңдар. Егер олардан естиярлық байқасаңдар, мал-дүниелерін өздеріне тапсырыңдар. Оны ысырап етіп, олардың есеюлерінің алдын орап жемеңдер. Әрі кім бай болса, сақтансын / одан пайдаланбасын / . Ал, кім кедей болса, құпталғанға сай, жөнімен ғана жесін. Қашан олардың малдарын өздеріне тапсырсаңдар, куәгерлерді қатыстырыңдар. Аллаһ - Есеп алушы ретінде жеткілікті
Аударма: ҚМДБ
4:7
لِّلرِّجَالِ نَصِيبٞ مِّمَّا تَرَكَ ٱلۡوَٰلِدَانِ وَٱلۡأَقۡرَبُونَ وَلِلنِّسَآءِ نَصِيبٞ مِّمَّا تَرَكَ ٱلۡوَٰلِدَانِ وَٱلۡأَقۡرَبُونَ مِمَّا قَلَّ مِنۡهُ أَوۡ كَثُرَۚ نَصِيبٗا مَّفۡرُوضٗا
Әке- шеше және жақындардың қалдырған нәрселерінен еркектерге де үлес бар. Әке- шеше және жақындардың қалдырған нәрселерінен әйелдерге деүлес бар. Аз немесе көп болса да, одан өлшеулі несібе бар
Аударма: Халифа Алтай
Ата-ана және жақын туысқандардың қалдырған нәрселерінен ер адамдар үшін үлес бар. Сондай-ақ, ата-ана және жақын туысқандар қалдырған нәрселерден әйелдер үшін де үлес бар. Аз немесе көп болсын, бүл бір міндетті үлес
Аударма: ҚМДБ
4:8
وَإِذَا حَضَرَ ٱلۡقِسۡمَةَ أُوْلُواْ ٱلۡقُرۡبَىٰ وَٱلۡيَتَٰمَىٰ وَٱلۡمَسَٰكِينُ فَٱرۡزُقُوهُم مِّنۡهُ وَقُولُواْ لَهُمۡ قَوۡلٗا مَّعۡرُوفٗا
Бөліс кезінде ағайындар, жетімдер және міскіндер келсе, онда оларды құр тастамай бір нәрсе беріңдер де, өздеріне сыпайы сөз сөйлеңдер
Аударма: Халифа Алтай
Егер / мирасты / бөлу кезінде жақындар, жетімдер және кедейлер келсе, оларға одан бір нәрсе беріңдер және оларға жақсы сөз сөйлеңдер
Аударма: ҚМДБ
4:9
وَلۡيَخۡشَ ٱلَّذِينَ لَوۡ تَرَكُواْ مِنۡ خَلۡفِهِمۡ ذُرِّيَّةٗ ضِعَٰفًا خَافُواْ عَلَيۡهِمۡ فَلۡيَتَّقُواْ ٱللَّهَ وَلۡيَقُولُواْ قَوۡلٗا سَدِيدًا
Арттарында нашар (жас) балалар қалдырса, оларға не болар екен деп уайым жесін. Алладан қорықсын да, дұрысын айтсын
Аударма: Халифа Алтай
Артында әлсіз ұрпақ қалдыруға қандай қорықса, / өздері де солай / сақтансын. Олар Аллаһтан қорқып, тура сөз айтсын
Аударма: ҚМДБ
4:10
إِنَّ ٱلَّذِينَ يَأۡكُلُونَ أَمۡوَٰلَ ٱلۡيَتَٰمَىٰ ظُلۡمًا إِنَّمَا يَأۡكُلُونَ فِي بُطُونِهِمۡ نَارٗاۖ وَسَيَصۡلَوۡنَ سَعِيرٗا
Негізінен сондай жетімдердің малдарын зұлымдықпен жегендер, олар қарындарын от пен толтырған болады. Сондай-ақ жалындаған тозаққа кіреді
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, жетімдердің мал-дүниелерін әділетсіздікпен жейтіндер, шын мәнінде қарындарында отты ғана жейді. Таяуда олар Саъирда (жалындаған от) жанады
Аударма: ҚМДБ
4:11
يُوصِيكُمُ ٱللَّهُ فِيٓ أَوۡلَٰدِكُمۡۖ لِلذَّكَرِ مِثۡلُ حَظِّ ٱلۡأُنثَيَيۡنِۚ فَإِن كُنَّ نِسَآءٗ فَوۡقَ ٱثۡنَتَيۡنِ فَلَهُنَّ ثُلُثَا مَا تَرَكَۖ وَإِن كَانَتۡ وَٰحِدَةٗ فَلَهَا ٱلنِّصۡفُۚ وَلِأَبَوَيۡهِ لِكُلِّ وَٰحِدٖ مِّنۡهُمَا ٱلسُّدُسُ مِمَّا تَرَكَ إِن كَانَ لَهُۥ وَلَدٞۚ فَإِن لَّمۡ يَكُن لَّهُۥ وَلَدٞ وَوَرِثَهُۥٓ أَبَوَاهُ فَلِأُمِّهِ ٱلثُّلُثُۚ فَإِن كَانَ لَهُۥٓ إِخۡوَةٞ فَلِأُمِّهِ ٱلسُّدُسُۚ مِنۢ بَعۡدِ وَصِيَّةٖ يُوصِي بِهَآ أَوۡ دَيۡنٍۗ ءَابَآؤُكُمۡ وَأَبۡنَآؤُكُمۡ لَا تَدۡرُونَ أَيُّهُمۡ أَقۡرَبُ لَكُمۡ نَفۡعٗاۚ فَرِيضَةٗ مِّنَ ٱللَّهِۗ إِنَّ ٱللَّهَ كَانَ عَلِيمًا حَكِيمٗا
Алла сендерге, балаларың жайында; бір еркекке екі әйелдің мирасындай үлес бұйырады. Егер әйелдер екінің үстінде болса, онда қалған малдың үштен екісі олардікі. Ал егер жалғыз қыз болса, онда жартысы онікі. Өліктің баласы болса, әке- шешесіне қалған малдың алтыдан бірі тиеді. Егер баласы болмай оның мұрагері әке- шешесі ғана болмай, онда шешесіне үштен бірі тиеді. Егер өліктің туыстары болса, онда шешесіне алтыдан бірі тиеді. (Бұлар) етілген өсиет және борыш өтелгеннен кейін орындалады. Сендер әкелеріңмен ұлдарыңның пайда тұрғысынан қайсысы жақын екенін білмейсіңдер. Бұл үкімдер, Алла тарапынан бекітілген. Күдіксіз Алла, терең білім, хикмет иесі
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ балаларыңа қатысты сендерге тапсырады: бір ер кісіге екі әйелдің үлесіндей тиісті. Егер әйелдер екіден көп болса, Оларға ол қалдырғанның үштен екісі тиісті. Егер біреу болса, оған жартысы тиісті. Егер / марқұмның / баласы болса ата-анасының әрқайсысына ол қалдырғаннан алтыдан бірі тиісті. Ал, егер баласы болмай, оған ата-анасы / ғана!мұрагер болса, онда анасына үштен бірі тиісті. Егер оның бауырлары болса, анасына алтыдан бірі тиісті. бұл / көрсетілген бөліс! қалдырған өсиеті немесе қарызынан кейін / беріледі / . Әкелеріңнің және ұлдарыңның қайсысы пайда келтіруде өздеріңе көбірек жақын екенін білмейсіңдер. бұл - Аллаһтың парыз еткені. Ақиқатында, Аллаһ - бәрін Білуші, аса Дана
Аударма: ҚМДБ
4:12
۞وَلَكُمۡ نِصۡفُ مَا تَرَكَ أَزۡوَٰجُكُمۡ إِن لَّمۡ يَكُن لَّهُنَّ وَلَدٞۚ فَإِن كَانَ لَهُنَّ وَلَدٞ فَلَكُمُ ٱلرُّبُعُ مِمَّا تَرَكۡنَۚ مِنۢ بَعۡدِ وَصِيَّةٖ يُوصِينَ بِهَآ أَوۡ دَيۡنٖۚ وَلَهُنَّ ٱلرُّبُعُ مِمَّا تَرَكۡتُمۡ إِن لَّمۡ يَكُن لَّكُمۡ وَلَدٞۚ فَإِن كَانَ لَكُمۡ وَلَدٞ فَلَهُنَّ ٱلثُّمُنُ مِمَّا تَرَكۡتُمۚ مِّنۢ بَعۡدِ وَصِيَّةٖ تُوصُونَ بِهَآ أَوۡ دَيۡنٖۗ وَإِن كَانَ رَجُلٞ يُورَثُ كَلَٰلَةً أَوِ ٱمۡرَأَةٞ وَلَهُۥٓ أَخٌ أَوۡ أُخۡتٞ فَلِكُلِّ وَٰحِدٖ مِّنۡهُمَا ٱلسُّدُسُۚ فَإِن كَانُوٓاْ أَكۡثَرَ مِن ذَٰلِكَ فَهُمۡ شُرَكَآءُ فِي ٱلثُّلُثِۚ مِنۢ بَعۡدِ وَصِيَّةٖ يُوصَىٰ بِهَآ أَوۡ دَيۡنٍ غَيۡرَ مُضَآرّٖۚ وَصِيَّةٗ مِّنَ ٱللَّهِۗ وَٱللَّهُ عَلِيمٌ حَلِيمٞ
Сендерге баласы болмаған жұбайларыңның қалдырған нәрселерінің жартысы тиеді. Ал егер олардың баласы болса, олардың қалдырған нәрселерінің сендерге төрттен бірі тиеді; олардың өсиеті және борышы өтелгеннен кейін. Егер сендерде бала болмағанда, қалдырған нәрселеріңнің оларға төрттен бірі, сендерде бала болса, оларға сегізден бірі тиеді; өсиеттерің және борыш өтелгеннен кейін. Ал егер мирас алынатын әке- шешесіз және баласыз (кәлала) ер немесе әйелдің бір еркек яки қыз туысы болса, онда әрбіріне алтыдан бірі, олар бірден көп болса, сонда олар үштен біріне ортақ болады; өсиет және борыш өтелгеннен кейін. Өсиет, зиянсыз болу керек, Алланың нұсқауы осы. Алла (Т.) әр нәрсені білуші, өте жұмсақ
Аударма: Халифа Алтай
Сендерге баласы болмаған жұбайларың қалдырғанның жартысы тиісті. Ал, егер олардың баласы болса, сендерге олар қалдырғанның төрттен бірі тиісті. бұл / көрсетілген бөліс / қалдырған өсиеттері немесе қарыздарынан кейін / беріледі / . Сондай-ақ Оларға да / әйелдеріңе / балаларың болмаса, сендер қалдырғанның төрттен бірі тиесілі. Ал, егер сендерде балалар болса, Оларға сендер қалдырғанның сегізден бірі тиесілі. бұл / көрсетілген бөліс / қалдырған өсиеттерің немесе қарыздарыңнан кейін / беріледі / . Егер ата-анасы немесе балалары болмаған бір ер не әйелдің мирасы бөлініп, оның ер немесе қыз бауыры болса, олардың әрбіріне алтыдан бірі тиісті. Егер олар бұдан көп болса, олар / мирастың / үштен біріне ортақ болады. бұл / көрсетілген бөліс! қалдырылған өсиет не қарыздан кейін, ешкімге залал келтірілмей / беріледі / . Бұл - Аллаһтан / бекітілген / бір өсиет. Аллаһ - бәрін Білуші / ’Алим / , аса Жұмсақ, Ұстамды / Халим
Аударма: ҚМДБ
4:13
تِلۡكَ حُدُودُ ٱللَّهِۚ وَمَن يُطِعِ ٱللَّهَ وَرَسُولَهُۥ يُدۡخِلۡهُ جَنَّـٰتٖ تَجۡرِي مِن تَحۡتِهَا ٱلۡأَنۡهَٰرُ خَٰلِدِينَ فِيهَاۚ وَذَٰلِكَ ٱلۡفَوۡزُ ٱلۡعَظِيمُ
Бұлар Алланың қойған шектері. Кім Аллаға және Елшісіне бой ұсынса, астарынан өзендер ағатын бақшаларға кіргізіледі де, олар онда мәңгі қалады. Зор табыс осы
Аударма: Халифа Алтай
Міне, бұлар - Аллаһтың белгілеген шектері. Кім Аллаһқа және Оның Елшісіне бойсұнса, Ол оны астынан өзендер ағып жататын / Жәннаттағы / бақтарға кіргізеді. Олар онда мәңгі қалады. Міне, осы - ұлы табыс
Аударма: ҚМДБ
4:14
وَمَن يَعۡصِ ٱللَّهَ وَرَسُولَهُۥ وَيَتَعَدَّ حُدُودَهُۥ يُدۡخِلۡهُ نَارًا خَٰلِدٗا فِيهَا وَلَهُۥ عَذَابٞ مُّهِينٞ
Ал кім Аллаға, Елшісіне қарсы келіп Оның шектерінен шықса, ол, ішінде мүлде қалатын отқа кіргізіледі. Оған қорлаушы азап бар
Аударма: Халифа Алтай
Ал, кім Аллаһқа және Оның Елшісіне қарсы келсе және Оның шектеулерінен шықса, Ол оны ішінде мәңгі қалатын Отқа / тозаққа кіргізеді әрі оған қорлаушы азап бар
Аударма: ҚМДБ
4:15
وَٱلَّـٰتِي يَأۡتِينَ ٱلۡفَٰحِشَةَ مِن نِّسَآئِكُمۡ فَٱسۡتَشۡهِدُواْ عَلَيۡهِنَّ أَرۡبَعَةٗ مِّنكُمۡۖ فَإِن شَهِدُواْ فَأَمۡسِكُوهُنَّ فِي ٱلۡبُيُوتِ حَتَّىٰ يَتَوَفَّىٰهُنَّ ٱلۡمَوۡتُ أَوۡ يَجۡعَلَ ٱللَّهُ لَهُنَّ سَبِيلٗا
Сондай әйелдеріңнен зина қылғандар, оларға өздеріңнен төрт айғақ келтіріңдер, егер олар айғақ болса. Онда оларды өлгенге дейін не Алла бір жол қойғанға шейін үйлерде қамаңдар…
Аударма: Халифа Алтай
Әйелдеріңнен жиіркенішті іс / зина / жасағандарға, өздеріңнен оларға қарсы төрт куәгер келтіріңдер. Егер олар куәлік берсе, бұларға өлім келгенге дейін немесе Аллаһ олар үшін бір жол көрсеткенге дейін үйлерде ұстаңдар
Аударма: ҚМДБ
4:16
وَٱلَّذَانِ يَأۡتِيَٰنِهَا مِنكُمۡ فَـَٔاذُوهُمَاۖ فَإِن تَابَا وَأَصۡلَحَا فَأَعۡرِضُواْ عَنۡهُمَآۗ إِنَّ ٱللَّهَ كَانَ تَوَّابٗا رَّحِيمًا
Сендерден арсыздық істеген екеуіне де жапа беріңдер. Егер екеуі де тәубе етіп, түзелсе, олардан бет бұрыңдар. (тиіспеңдер.) Негізінен Алла, тәубені қабыл етуші, ерекше мейірімді
Аударма: Халифа Алтай
Сендерден осыны істегендердің екеуін де қинаңдар. Егер екеуі де істеген күнәсіне шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтып / тәубеге келіп / , түзелсе, оларды қалдырыңдар. Ақиқатында, Аллаһ - тәубені Қабыл етуші, ерекше Мейірімді
Аударма: ҚМДБ
4:17
إِنَّمَا ٱلتَّوۡبَةُ عَلَى ٱللَّهِ لِلَّذِينَ يَعۡمَلُونَ ٱلسُّوٓءَ بِجَهَٰلَةٖ ثُمَّ يَتُوبُونَ مِن قَرِيبٖ فَأُوْلَـٰٓئِكَ يَتُوبُ ٱللَّهُ عَلَيۡهِمۡۗ وَكَانَ ٱللَّهُ عَلِيمًا حَكِيمٗا
Шын мәнінде Аллаға (сыйымды) тәубе, жамандықты білмей істеп сонсоң дереу тәубе етсе, сонда олардың тәубесін Алла қабылдайды. Алла әр нәрсені білуші хикмет иесі
Аударма: Халифа Алтай
Шын мәнінде, білместікпен жаман іс жасап қойып, содан кейін жақын арада істеген күнәсіне шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтатындардың / тәубеге келетіндердің / тәубесін қабылдау Аллаһқа тән. Міне, солардың тәубесін Аллаһ қабыл етеді. Аллаһ - бәрін Білуші, аса Дана
Аударма: ҚМДБ
4:18
وَلَيۡسَتِ ٱلتَّوۡبَةُ لِلَّذِينَ يَعۡمَلُونَ ٱلسَّيِّـَٔاتِ حَتَّىٰٓ إِذَا حَضَرَ أَحَدَهُمُ ٱلۡمَوۡتُ قَالَ إِنِّي تُبۡتُ ٱلۡـَٰٔنَ وَلَا ٱلَّذِينَ يَمُوتُونَ وَهُمۡ كُفَّارٌۚ أُوْلَـٰٓئِكَ أَعۡتَدۡنَا لَهُمۡ عَذَابًا أَلِيمٗا
Ал жамандықты өздеріне өлім келгенге дейін істеп: «Енді шынайы тәубе қылдым» деген және қарсы болған бойда өлгендердің тәубесі қабыл емес. Міне солар үшін күйзелтуші азап әзірледік. (Араптар жаһилиет дәуірінде, өлген жақындарының тұл әйеліне ие шығып, өздері қалыңсыз алып немесе басқамен тұрмыстанса одан қалың алатын еді)
Аударма: Халифа Алтай
Жаман істер жасап жүріп, ал өздеріне өлім келген кезде: «Енді мен істеген күнәма өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайттым / тәубе қылдым / », - деп айтатындардың және кәпір күйлерінде өлгендердің тәубелері қабыл етілмейді. Міне, соларға Біз күйзелтуші азап әзірледік
Аударма: ҚМДБ
4:19
يَـٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ لَا يَحِلُّ لَكُمۡ أَن تَرِثُواْ ٱلنِّسَآءَ كَرۡهٗاۖ وَلَا تَعۡضُلُوهُنَّ لِتَذۡهَبُواْ بِبَعۡضِ مَآ ءَاتَيۡتُمُوهُنَّ إِلَّآ أَن يَأۡتِينَ بِفَٰحِشَةٖ مُّبَيِّنَةٖۚ وَعَاشِرُوهُنَّ بِٱلۡمَعۡرُوفِۚ فَإِن كَرِهۡتُمُوهُنَّ فَعَسَىٰٓ أَن تَكۡرَهُواْ شَيۡـٔٗا وَيَجۡعَلَ ٱللَّهُ فِيهِ خَيۡرٗا كَثِيرٗا
Әй мүміндер! Сендер үшін әйелдерге зорлықпен мұрагер болуларың халал емес. Және бергендеріңнің бір бөлімін алып қалу үшін оларды зорламаңдар. Бірақ олар ашық арсыздық істесе басқа. Сондай-ақ олармен жақсы шығысыңдар. Егер оларды жек көрсеңдер, сендердің жақтырмаған нәрселеріңде Алланың көптеген хайыр жасап қойған болуы мүмкін. (Яғни: Әйелдің келбеті, мінезі сендерге жек көрінсе де шығысыңдар, басқа түрлі хайыр болуы мүмкін)
Аударма: Халифа Алтай
Ей, иманға келгендер! Сендерге әйелдерді олардың еркінен тыс, мирас етіп алуға рұқсат етілмейді. Егер олар / өз әйелдерің / анық азғындық-жиіркенішті іс / ойнастық / істемесе, оларға бергендеріңнің / мәһрдің / бір бөлігін алу үшін оларды зорлықпен ұстамаңдар. Сондай-ақ олармен құпталғанға сай / жақсы / қарым-қатынас жасаңдар. Егер оларды жақтырмасаңдар / сабыр сақтаңдар / ,- сендерге бір нәрсе ұнамауы мүмкін, ал Аллаһ сол нәрседе көп қайыр / игілік / жасап қоюы мүмкін
Аударма: ҚМДБ
4:20
وَإِنۡ أَرَدتُّمُ ٱسۡتِبۡدَالَ زَوۡجٖ مَّكَانَ زَوۡجٖ وَءَاتَيۡتُمۡ إِحۡدَىٰهُنَّ قِنطَارٗا فَلَا تَأۡخُذُواْ مِنۡهُ شَيۡـًٔاۚ أَتَأۡخُذُونَهُۥ بُهۡتَٰنٗا وَإِثۡمٗا مُّبِينٗا
Егер бір жұбайды (ажыратып) орнына басқа жұбай алғыларың келсе, оған толып жатқан мәһер берген болсаңдар да, одан еш нәрсе алмаңдар. Оған жала қойып, ашық күнәлы болып аласыңдар ма
Аударма: Халифа Алтай
Ал, егер бір әйелмен ажырасып, ор­нына басқа әйелді алуды қаласаңдар, сонда олардың біріне мол дүние берген болсаңдар да одан ешнәрсе алмаңдар. Оны жалғандықпен және анық күнә жасап аласыңдар ма
Аударма: ҚМДБ
4:21
وَكَيۡفَ تَأۡخُذُونَهُۥ وَقَدۡ أَفۡضَىٰ بَعۡضُكُمۡ إِلَىٰ بَعۡضٖ وَأَخَذۡنَ مِنكُم مِّيثَٰقًا غَلِيظٗا
Олар сендерден ауыр серт алып, (некеленіп,) бір-біріңе қосылған едіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Оны / әйелге бергендеріңді / қалай аласыңдар? Ақиқатында, сендер бір-біріңе қосылып әрі олар сендерден қатаң серт алған еді
Аударма: ҚМДБ
4:22
وَلَا تَنكِحُواْ مَا نَكَحَ ءَابَآؤُكُم مِّنَ ٱلنِّسَآءِ إِلَّا مَا قَدۡ سَلَفَۚ إِنَّهُۥ كَانَ فَٰحِشَةٗ وَمَقۡتٗا وَسَآءَ سَبِيلًا
Әйелдерден әкелерің үйленгендерді үйленбеңдер. Бірақ өткен өтті. Бұл бір арсыздық және жиренішті жаман жол
Аударма: Халифа Алтай
Әкелерің үйленген әйелдерге үйленбеңдер. Бірақ, бұрын / исламға дейін / өткені өтті. Өйткені бұл бір жиіркенішті әрі жек көрінішті іс және жолдың жаманы
Аударма: ҚМДБ
4:23
حُرِّمَتۡ عَلَيۡكُمۡ أُمَّهَٰتُكُمۡ وَبَنَاتُكُمۡ وَأَخَوَٰتُكُمۡ وَعَمَّـٰتُكُمۡ وَخَٰلَٰتُكُمۡ وَبَنَاتُ ٱلۡأَخِ وَبَنَاتُ ٱلۡأُخۡتِ وَأُمَّهَٰتُكُمُ ٱلَّـٰتِيٓ أَرۡضَعۡنَكُمۡ وَأَخَوَٰتُكُم مِّنَ ٱلرَّضَٰعَةِ وَأُمَّهَٰتُ نِسَآئِكُمۡ وَرَبَـٰٓئِبُكُمُ ٱلَّـٰتِي فِي حُجُورِكُم مِّن نِّسَآئِكُمُ ٱلَّـٰتِي دَخَلۡتُم بِهِنَّ فَإِن لَّمۡ تَكُونُواْ دَخَلۡتُم بِهِنَّ فَلَا جُنَاحَ عَلَيۡكُمۡ وَحَلَـٰٓئِلُ أَبۡنَآئِكُمُ ٱلَّذِينَ مِنۡ أَصۡلَٰبِكُمۡ وَأَن تَجۡمَعُواْ بَيۡنَ ٱلۡأُخۡتَيۡنِ إِلَّا مَا قَدۡ سَلَفَۗ إِنَّ ٱللَّهَ كَانَ غَفُورٗا رَّحِيمٗا
Сендерге аналарың, (әке-шешелеріңнің аналары) қыздарың, (Ұл-қыздарыңның қыздары,) қыз туыстарың, (әке-шеше бір не бөлек,) әкелеріңмен туысқан әйелдер, шешелеріңмен туысқан әйелдер, еркек және қыз туыстарыңның қыздары, (олардың қыздары,) сүт емізген аналарың, еміскен қыз туыстарың, қайын аналарың, жақындасқан әйелдеріңнің (бұрыңғы ерінен болған) қолдарыңдағы өгей қыздарың, егер ол әйелдерге жақындаспаған болсаңдар, сендерге бір оқасы жоқ. Бел балаларыңның әйелдері және екі қыз туысты бірге үйленулерің арам қылынды. Бірақ өткен өтті. Негізінен Алла (Т.) тым жарылқаушы ерекше мейірімді
Аударма: Халифа Алтай
Сендерге аналарыңа, қыздарыңа, әпке-қарындастарыңа, әкелеріңмен бір туған әйелдерге, шешелеріңмен бір туған әйелдерге, бір туған бауырларыңның қыздарына, бір туған әпке-қарындастарыңның қыздарына, өздеріңді емізген сүт аналарыңа, бір еміскен сүт бауыр әпке-қарындастарыңа, әйелдеріңнің аналарына, үйленіп жақындасқан әйелдеріңнің / бұрынғы күйеуінен болған / қолдарыңдағы өгей қыздарыңа үйлену - тыйым салынды. Егер ол әйелдерге жақындаспаған болсаңдар, сендерге күнә жоқ. Әрі туған балаларыңның әйелдеріне және әпке-сіңліліге қатар үйленулеріңе тыйым салынды. Бірақ бұрын өткені өтті. Ақиқатында, Аллаһ - өте Кешірімді, ерекше Мейірімді
Аударма: ҚМДБ
4:24
۞وَٱلۡمُحۡصَنَٰتُ مِنَ ٱلنِّسَآءِ إِلَّا مَا مَلَكَتۡ أَيۡمَٰنُكُمۡۖ كِتَٰبَ ٱللَّهِ عَلَيۡكُمۡۚ وَأُحِلَّ لَكُم مَّا وَرَآءَ ذَٰلِكُمۡ أَن تَبۡتَغُواْ بِأَمۡوَٰلِكُم مُّحۡصِنِينَ غَيۡرَ مُسَٰفِحِينَۚ فَمَا ٱسۡتَمۡتَعۡتُم بِهِۦ مِنۡهُنَّ فَـَٔاتُوهُنَّ أُجُورَهُنَّ فَرِيضَةٗۚ وَلَا جُنَاحَ عَلَيۡكُمۡ فِيمَا تَرَٰضَيۡتُم بِهِۦ مِنۢ بَعۡدِ ٱلۡفَرِيضَةِۚ إِنَّ ٱللَّهَ كَانَ عَلِيمًا حَكِيمٗا
Некелі әйелдермен үйленулерің арам қылынды. Бірақ қолдарыңдағы күңдер (соғыс тұтқындары) басқа. Сендерге Алланың жазуы осы. Бұлардан басқаларды абыройлы болу, бой суытушы болмау шартымен малдарыңды беріп қалауларың (мәһер беріп алуларың) халал қылынды. Сонда олардан осы шартпен пайдалансаңдар, бекітілген мәһерін беріңдер. Мәһер тоқтасылғаннан кейін ризалассаңдар, (еркек артық беріп, әйелдің аз алуы немесе тіпті алмауында) сендерге оқасы жоқ. Расында Алла толық білуші, хикмет иесі
Аударма: Халифа Алтай
Сондай-ақ, некелі әйелдерге үйленулеріңе / тыйым салынды / . Бірақ қол астарыңдағы / соғыстан түскен / күңдерің бұған жатпайды. Сендерге Аллаһтың жазғаны / үкімі / осы. Ал, бұлардан басқа әйелдерге мал-дүниелеріңмен / мәһр беріп / талпынуларың, ар-намыстарыңды сақтаған халде, зина жасамай үйлену - сендерге рұқсат етілді. Олармен қосылған болсаңдар, мәһр ретінде ақыларын беріңдер. мәһрді бекіткеннен кейін, / оның көлемін / өзара келісулеріңде сендер үшін күнә жоқ. Ақиқатында, Аллаһ - бәрін Білуші, аса Дана
Аударма: ҚМДБ
4:25
وَمَن لَّمۡ يَسۡتَطِعۡ مِنكُمۡ طَوۡلًا أَن يَنكِحَ ٱلۡمُحۡصَنَٰتِ ٱلۡمُؤۡمِنَٰتِ فَمِن مَّا مَلَكَتۡ أَيۡمَٰنُكُم مِّن فَتَيَٰتِكُمُ ٱلۡمُؤۡمِنَٰتِۚ وَٱللَّهُ أَعۡلَمُ بِإِيمَٰنِكُمۚ بَعۡضُكُم مِّنۢ بَعۡضٖۚ فَٱنكِحُوهُنَّ بِإِذۡنِ أَهۡلِهِنَّ وَءَاتُوهُنَّ أُجُورَهُنَّ بِٱلۡمَعۡرُوفِ مُحۡصَنَٰتٍ غَيۡرَ مُسَٰفِحَٰتٖ وَلَا مُتَّخِذَٰتِ أَخۡدَانٖۚ فَإِذَآ أُحۡصِنَّ فَإِنۡ أَتَيۡنَ بِفَٰحِشَةٖ فَعَلَيۡهِنَّ نِصۡفُ مَا عَلَى ٱلۡمُحۡصَنَٰتِ مِنَ ٱلۡعَذَابِۚ ذَٰلِكَ لِمَنۡ خَشِيَ ٱلۡعَنَتَ مِنكُمۡۚ وَأَن تَصۡبِرُواْ خَيۡرٞ لَّكُمۡۗ وَٱللَّهُ غَفُورٞ رَّحِيمٞ
Сендерден біреудің, мүмін азат әйел алуға шамасы келмесе, онда қолдарыңдағы мүмін күңдерден алсын. Алла имандарыңды жақсы біледі. Бір- біріңненсіңдер. (Бәрің адам баласысыңдар.) Ендеше күңдерді қожайындарының рұхсатымен олардың мәһерлерін дұрыс беріп, абыройлы болулары, зинашы және астыртын көңілдес болмаулары шартымен алсын. Егер олар үйленіп алып, арсыздық істесе, онда оларға азат әйелдерге болатын жазаның жартысы орындалады. Бұл (күңді ал) сендерден зинадан қорыққан кісі үшін. Егер сабыр етсеңдер, өздерің үшін хайырлы. Алла аса жарылқаушы, ерекше мейірімді
Аударма: Халифа Алтай
Сендерден басы азат иманды / мүмін / әйелдерге үйленуге кімнің қаражат жағынан шамасы келмесе, онда қолдарыңдағы иманды / мүмін / күңдердің біріне / үйленсін / . Аллаһ сендердің имандарыңды жақсы біледі. Сендер - бір-біріңненсіңдер. Оларға иелерінің рұқсатымен үйленіңдер және оларға мәһрлерін тиісінше беріңдер. Олар әйелдік пәктігін сақтаушы, ойнас жасамайтын, көңілдес ұстамайтын болсын. Олар қашан күйеуге шығып, кейін бір жиіркенішті іс / ойнастық / істесе, оларға азат әйелдерге тиісті азаптың / жазаның / жартысы беріледі. Бүл сендердің араларыңдағы зина істеп қоюдан қорыққандар үшін. Ал, сабыр етулерің, өздерің үшін қайырлы. Аллаһ - өте Кешірімді, ерекше Мейірімді
Аударма: ҚМДБ
4:26
يُرِيدُ ٱللَّهُ لِيُبَيِّنَ لَكُمۡ وَيَهۡدِيَكُمۡ سُنَنَ ٱلَّذِينَ مِن قَبۡلِكُمۡ وَيَتُوبَ عَلَيۡكُمۡۗ وَٱللَّهُ عَلِيمٌ حَكِيمٞ
Алла (Т.) сендерге түсіндіруді және сендерді өздеріңнен бұрынғылардың тура жолдарына салуды сондай-ақ тәубелеріңді қабыл етуді қалайды. Алла толық білуші, хикмет еисі
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ сендерге түсіндіріп беруді және сендерді өздеріңнен бұрын өткендердің жолдарымен жүргізуді әрі сендердің күнәларыңа шынайы өкініп, Өзіне бойсұнуға қайтуларыңды / тәубелеріңді / қабыл етуді қалайды. Аллаһ - бәрін Білуші, аса Дана
Аударма: ҚМДБ
4:27
وَٱللَّهُ يُرِيدُ أَن يَتُوبَ عَلَيۡكُمۡ وَيُرِيدُ ٱلَّذِينَ يَتَّبِعُونَ ٱلشَّهَوَٰتِ أَن تَمِيلُواْ مَيۡلًا عَظِيمٗا
Алла (Т.) тәубелеріңді қабыл етуді қалайды. Сондай-ақ шаһуат қуғандар (жыныстық уәесқойлар) сендердің зор ауытқумен жолдан шығуларыңды қалайды
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ сендердің істеген күнәларыңа шынайы өкініп, Өзіне бойсұнуға қайтуларыңды / тәубелеріңді / қабыл етуді қалайды. Ал, тән құмарлықтарына / шәһуәттарына / еретіндер болса, сендердің / хақ жолдан / қатты ауытқуларыңды қалайды
Аударма: ҚМДБ
4:28
يُرِيدُ ٱللَّهُ أَن يُخَفِّفَ عَنكُمۡۚ وَخُلِقَ ٱلۡإِنسَٰنُ ضَعِيفٗا
Негізінен Алла сендерге жеңілдікті қалайды. Өйткені адам баласы нашар жаратылған
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ сендерге жеңілдетуді қалайды. Ал адам баласы әлсіз етіп жаратылған
Аударма: ҚМДБ
4:29
يَـٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ لَا تَأۡكُلُوٓاْ أَمۡوَٰلَكُم بَيۡنَكُم بِٱلۡبَٰطِلِ إِلَّآ أَن تَكُونَ تِجَٰرَةً عَن تَرَاضٖ مِّنكُمۡۚ وَلَا تَقۡتُلُوٓاْ أَنفُسَكُمۡۚ إِنَّ ٱللَّهَ كَانَ بِكُمۡ رَحِيمٗا
Әй мүміндер! Өзара малдарыңды бұзықтықпен жемеңдер. Бірақ өз ризалықтарыңмен саудаласу басқа. Және бір-біріңді өлтірмеңдер. Расында Алла сендерге ерекше мейірімді
Аударма: Халифа Алтай
Ей, иманға келгендер! Мал-дүниелеріңді өзара жалғандықпен жемеңдер. Тек келісімдеріңмен болған / араларыңдағы / сауданың жөні бөлек. және өздеріңді-өздерің өлтірмеңдер. Ақиқатында, Аллаһ сендерге ерекше Мейірімді
Аударма: ҚМДБ
4:30
وَمَن يَفۡعَلۡ ذَٰلِكَ عُدۡوَٰنٗا وَظُلۡمٗا فَسَوۡفَ نُصۡلِيهِ نَارٗاۚ وَكَانَ ذَٰلِكَ عَلَى ٱللَّهِ يَسِيرًا
Ал кім осы айтылғанды дұшпандық, зұлымдықпен істесе, оны жақында отқа саламыз. Бұл Аллаға оңай
Аударма: Халифа Алтай
Ал, кім осыны дұшпандық және әділетсіздікпен істесе, кейін оны Отта жағамыз. Бұл - Аллаһ үшін жеңіл
Аударма: ҚМДБ
4:31
إِن تَجۡتَنِبُواْ كَبَآئِرَ مَا تُنۡهَوۡنَ عَنۡهُ نُكَفِّرۡ عَنكُمۡ سَيِّـَٔاتِكُمۡ وَنُدۡخِلۡكُم مُّدۡخَلٗا كَرِيمٗا
Егер сендер тыйым салынған нәрселердің үлкенінен сақтансаңдар, сендердің жамандықтарыңды жасырып, өздеріңді құрметті орыңға кіргіземіз
Аударма: Халифа Алтай
Егер өздеріңе тыйым салынған нәрселердің үлкендерінен қашық болсаңдар, онда жамандықтарыңды өшіріп, сендерді құрметті бір орынға / жәннатқа / кіргіземіз
Аударма: ҚМДБ
4:32
وَلَا تَتَمَنَّوۡاْ مَا فَضَّلَ ٱللَّهُ بِهِۦ بَعۡضَكُمۡ عَلَىٰ بَعۡضٖۚ لِّلرِّجَالِ نَصِيبٞ مِّمَّا ٱكۡتَسَبُواْۖ وَلِلنِّسَآءِ نَصِيبٞ مِّمَّا ٱكۡتَسَبۡنَۚ وَسۡـَٔلُواْ ٱللَّهَ مِن فَضۡلِهِۦٓۚ إِنَّ ٱللَّهَ كَانَ بِكُلِّ شَيۡءٍ عَلِيمٗا
Алланың біріңе- біріңді артық еткен нәрсесін көксемңдер. Еркектердің еңбектерінің үлесі өзіне және әйелдердің еңбектерінің тиесісі өзіне тән. Алладан оның кеңшілігін сұраңдар. Шәксіз Алла әр нәрсені толық білуші
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ біріңді-біріңнен артық еткен нәрселерді қаламаңдар. Ерлерге тапқандарынан үлес бар, сондай-ақ, әйелдерге де тапқандарынан үлес бар. Аллаһтан, Оның кеңшілігінен сұраңдар. Ақиқатында, Аллаһ - барлық нәрсені Білуші
Аударма: ҚМДБ
4:33
وَلِكُلّٖ جَعَلۡنَا مَوَٰلِيَ مِمَّا تَرَكَ ٱلۡوَٰلِدَانِ وَٱلۡأَقۡرَبُونَۚ وَٱلَّذِينَ عَقَدَتۡ أَيۡمَٰنُكُمۡ فَـَٔاتُوهُمۡ نَصِيبَهُمۡۚ إِنَّ ٱللَّهَ كَانَ عَلَىٰ كُلِّ شَيۡءٖ شَهِيدًا
Әрбір адамға ата-анасы мен туыстары қалдырған нәрседен - / мирас / алатындарды белгіледік. Өздеріңмен ант арқылы байласқандарға үлестерін беріңдер. Ақиқатында, Аллаһ - әрбір нәрсеге куә
Аударма: Халифа Алтай
Әрбір адамға ата-анасы мен туыстары қалдырған нәрседен - / мирас / алатындарды белгіледік. Өздеріңмен ант арқылы байласқандарға үлестерін беріңдер. Ақиқатында, Аллаһ - әрбір нәрсеге куә / Шаһид
Аударма: ҚМДБ
4:34
ٱلرِّجَالُ قَوَّـٰمُونَ عَلَى ٱلنِّسَآءِ بِمَا فَضَّلَ ٱللَّهُ بَعۡضَهُمۡ عَلَىٰ بَعۡضٖ وَبِمَآ أَنفَقُواْ مِنۡ أَمۡوَٰلِهِمۡۚ فَٱلصَّـٰلِحَٰتُ قَٰنِتَٰتٌ حَٰفِظَٰتٞ لِّلۡغَيۡبِ بِمَا حَفِظَ ٱللَّهُۚ وَٱلَّـٰتِي تَخَافُونَ نُشُوزَهُنَّ فَعِظُوهُنَّ وَٱهۡجُرُوهُنَّ فِي ٱلۡمَضَاجِعِ وَٱضۡرِبُوهُنَّۖ فَإِنۡ أَطَعۡنَكُمۡ فَلَا تَبۡغُواْ عَلَيۡهِنَّ سَبِيلًاۗ إِنَّ ٱللَّهَ كَانَ عَلِيّٗا كَبِيرٗا
Еркектер; әйелдерді билеуші. Өйткені Алла, бірін- бірінен артық қылды. Сондай-ақ олар; малдарынан да пайдаландырады. (Әйелдерге мәһер, нафақа береді.) Ал енді жақсы әйелдер; бой ұсынушылар, Алла қоруға бұйырған көмескі нәрселерді (абыройын) қорғаушылар. Ал сондай-ақ әйелдердің бас тартуларынан сезіктенсеңдер, сонда оларды насихаттаңдар және оларды төсектеріңде тастап қойыңдар. (Одан болмаса) оларды сабаңдар. Ал егер олар сендерге бой ұсынса, онда олардың зиянына бір жол іздемеңдер. Расында Алла өте жоғары, тым ірі
Аударма: Халифа Алтай
Ер адамдар әйелдерді - Аллаһ Оларға бір-бірінен артықшылық бергені әрі олар мал-дүниелерінен жұмсауы себепті - басқарады. Ізгі әйелдер - бойсұнушы әрі Аллаһтың қорғауымен / күйеуі / жоқ кезде / аманатты / сақтаушы. Ал, өздерің бағынбауынан қорыққан әйелдеріңе насихат айтыңдар, оларды төсектерінде / бір уақыт! тастап қойындар және оларды / батырмай / ұрыңдар, ал егер бағынса, оларға қарсы жол іздемеңдер. Ақиқатында, Аллаһ - аса Жоғары, өте Үлкен
Аударма: ҚМДБ
4:35
وَإِنۡ خِفۡتُمۡ شِقَاقَ بَيۡنِهِمَا فَٱبۡعَثُواْ حَكَمٗا مِّنۡ أَهۡلِهِۦ وَحَكَمٗا مِّنۡ أَهۡلِهَآ إِن يُرِيدَآ إِصۡلَٰحٗا يُوَفِّقِ ٱللَّهُ بَيۡنَهُمَآۗ إِنَّ ٱللَّهَ كَانَ عَلِيمًا خَبِيرٗا
Егерде екеуінің арасының ашылуынан хауіптенсеңдер, еркектің ағайынынан бір төреші, әйелдің ағайынынан бір төреші жіберіңдер. Егер ол екеуі жарастыруды қаласа, Алла да, екеуінің арасын үйлестіреді. Күдіксіз Алла толық білуші, анық хабар алушы
Аударма: Халифа Алтай
Егер де екеуінің арасының ашылуынан қауіптенсеңдер, ер жағынан бір төреші мен әйел жағынан бір төреші жіберіңдер. Егер ол екеуі / төрешілер / жарастыруды қаласа, Аллаһ Оларға көмектеседі. Ақиқатында, Аллаһ - бәрін Білуші, әрбір нәрседен Хабардар
Аударма: ҚМДБ
4:36
۞وَٱعۡبُدُواْ ٱللَّهَ وَلَا تُشۡرِكُواْ بِهِۦ شَيۡـٔٗاۖ وَبِٱلۡوَٰلِدَيۡنِ إِحۡسَٰنٗا وَبِذِي ٱلۡقُرۡبَىٰ وَٱلۡيَتَٰمَىٰ وَٱلۡمَسَٰكِينِ وَٱلۡجَارِ ذِي ٱلۡقُرۡبَىٰ وَٱلۡجَارِ ٱلۡجُنُبِ وَٱلصَّاحِبِ بِٱلۡجَنۢبِ وَٱبۡنِ ٱلسَّبِيلِ وَمَا مَلَكَتۡ أَيۡمَٰنُكُمۡۗ إِنَّ ٱللَّهَ لَا يُحِبُّ مَن كَانَ مُخۡتَالٗا فَخُورًا
Алла (Т.) ға құлшылық қылыңдар. Оған еш нәрсені ортақ қоспаңдар. Және әке- шешеге жақындарға, жетімдерге, міскіндерге жақын көршіге, бөгде көршіге, жан жолдасқа, жолда қалғандарға және қол астыңдағыларға жақсылық қылыңдар. Негізінен Алла, тәкаппар, мақтаншақты жақсы көрмейді
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһқа құлшылық етіңдер әрі Оған ешнәрсені серік етпеңдер. Ата-анаға жақсылық жасаңдар, сондай-ақ жақындарға, жетімдерге, кедейге, туыс көршіге, өзге туыс емес көршіге, жанындағы жолдасқа, жолда қалғанға және қол астыңдағыларға да. Ақиқатында, Аллаһ менменшілді, мақтаншақты жақсы көрмейді
Аударма: ҚМДБ
4:37
ٱلَّذِينَ يَبۡخَلُونَ وَيَأۡمُرُونَ ٱلنَّاسَ بِٱلۡبُخۡلِ وَيَكۡتُمُونَ مَآ ءَاتَىٰهُمُ ٱللَّهُ مِن فَضۡلِهِۦۗ وَأَعۡتَدۡنَا لِلۡكَٰفِرِينَ عَذَابٗا مُّهِينٗا
Бұлар сондай сараңдық қылып, адамдарға да сараңдық бұйырады. Сондай-ақ олар өздеріне Алланың кеңшілігімен бергенін жасырады. Қарсы болушылар үшін; қорлаушы азап әзірледік
Аударма: Халифа Алтай
солар, сараңдық ететін және адамдарға да сараңдық етуді бұйырып әрі Аллаһтың Өз кеңшілігінен бергенін жасыратындар. Біз, кәпірлерге қорлаушы азап әзірледік
Аударма: ҚМДБ
4:38
وَٱلَّذِينَ يُنفِقُونَ أَمۡوَٰلَهُمۡ رِئَآءَ ٱلنَّاسِ وَلَا يُؤۡمِنُونَ بِٱللَّهِ وَلَا بِٱلۡيَوۡمِ ٱلۡأٓخِرِۗ وَمَن يَكُنِ ٱلشَّيۡطَٰنُ لَهُۥ قَرِينٗا فَسَآءَ قَرِينٗا
Олар сондай Аллаға, ахирет күніне сенбей малдарын адамдарға көрсету үшін жұмсайды. Ал біреудің сыбайласы шайтан болса, ол жаман сыбайластық
Аударма: Халифа Алтай
Әрі солар мал-дүниелерін адамдарға көрсету үшін ғана жұмсайтын және Аллаһқа да, Ақирет күніне де сенбейді. Кімнің бірге жүретіні / жолдасы / шайтан болса, ол - жолдасы қандай жаман
Аударма: ҚМДБ
4:39
وَمَاذَا عَلَيۡهِمۡ لَوۡ ءَامَنُواْ بِٱللَّهِ وَٱلۡيَوۡمِ ٱلۡأٓخِرِ وَأَنفَقُواْ مِمَّا رَزَقَهُمُ ٱللَّهُۚ وَكَانَ ٱللَّهُ بِهِمۡ عَلِيمًا
Я олар, Аллаға, ахирет күніне сеніп, Алланың өздеріне берген несібесінен пайдаландырса, оларға не болар еді? Әрине Алла оларды толық біледі
Аударма: Халифа Алтай
Егер де олар Аллаһқа және Ақирет күніне сеніп, Аллаһтың өздеріне ризық етіп бергендерінен жұмсаса, не зиян көрер еді? Аллаһ - оларды Білуші
Аударма: ҚМДБ
4:40
إِنَّ ٱللَّهَ لَا يَظۡلِمُ مِثۡقَالَ ذَرَّةٖۖ وَإِن تَكُ حَسَنَةٗ يُضَٰعِفۡهَا وَيُؤۡتِ مِن لَّدُنۡهُ أَجۡرًا عَظِيمٗا
Негізінен Алла (Т.), тозаң түйірінің салмағындай да әділсіздік етпейді. Егер бір жақсылық болса, оны неше есе арттырады әрі өз жанынан да ірі сыйлық береді
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, Аллаһ заттың ең кішкентай бөлшегінің салмағындай да әділетсіздік етпейді. Егер бір жақсылық болса, Ол оны еселеп арттырады және Өзінен бір ұлы сый береді
Аударма: ҚМДБ
4:41
فَكَيۡفَ إِذَا جِئۡنَا مِن كُلِّ أُمَّةِۭ بِشَهِيدٖ وَجِئۡنَا بِكَ عَلَىٰ هَـٰٓؤُلَآءِ شَهِيدٗا
(Мұхаммед Ғ.С.) әр ұмметке бір айғақ келітіріп, сені де оларға куә етіп келтірсек қандай болар еді
Аударма: Халифа Алтай
Біз әрбір үмметтен бір куә келтіргенімізде және сені осылардың үстінен куә етіп келтіргенімізде жағдайлары қалай болар екен
Аударма: ҚМДБ
4:42
يَوۡمَئِذٖ يَوَدُّ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ وَعَصَوُاْ ٱلرَّسُولَ لَوۡ تُسَوَّىٰ بِهِمُ ٱلۡأَرۡضُ وَلَا يَكۡتُمُونَ ٱللَّهَ حَدِيثٗا
Аллаға қарсы болып, Пайғамбардан бас тартқандар, қиямет күні, жермен- жексен болуды арман етеді. Алладан бір сөз жасыра алмайды
Аударма: Халифа Алтай
Сол күні күпірлік еткендер / Аллаһқа қарсы келгендер / әрі Елшіге бағынбағандар жердің өздерімен тегістеліп кетуін қалайды. Олар Аллаһтан бір де бір сөзді жасыра алмайды
Аударма: ҚМДБ
4:43
يَـٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ لَا تَقۡرَبُواْ ٱلصَّلَوٰةَ وَأَنتُمۡ سُكَٰرَىٰ حَتَّىٰ تَعۡلَمُواْ مَا تَقُولُونَ وَلَا جُنُبًا إِلَّا عَابِرِي سَبِيلٍ حَتَّىٰ تَغۡتَسِلُواْۚ وَإِن كُنتُم مَّرۡضَىٰٓ أَوۡ عَلَىٰ سَفَرٍ أَوۡ جَآءَ أَحَدٞ مِّنكُم مِّنَ ٱلۡغَآئِطِ أَوۡ لَٰمَسۡتُمُ ٱلنِّسَآءَ فَلَمۡ تَجِدُواْ مَآءٗ فَتَيَمَّمُواْ صَعِيدٗا طَيِّبٗا فَٱمۡسَحُواْ بِوُجُوهِكُمۡ وَأَيۡدِيكُمۡۗ إِنَّ ٱللَّهَ كَانَ عَفُوًّا غَفُورًا
Әй мүміндер! Сендер мас болып, не айтқандарыңды білгенге шейін намазға жақындамаңдар. Сондай-ақ жүніп күйінде шомылмайынша, (бой дәретсіз намаз оқымаңдар.) Бірақ, жол жүргенде болады. Ал егер ауыру немесе сапарда болсаңдар не сендерден біреу түзге отырып келсе, яки әйелдерге жақындасасаңдар да су таба алмасаңдар, сонда таза жер жынысына (тәяммүм соғып) беттеріңді, қолдарыңды сипаңдар. Расында Алла аса кешірімді, тым жарылқаушы
Аударма: Халифа Алтай
Ей, иманға келгендер! Mac болған күйлеріңде, не айтып жатқандарыңды білгендеріңе дейін әрі жүніп күйлерінде ғұсыл құйынғанға дейін намазға жақындамаңдар. Бірақ, жолдан өтуші / бір себеппен мешіттен өтуші / болса, жөні бөлек. Ал, егер, науқас не сапарда болсаңдар, не сендерден біреу әжетке отырып келсе немесе әйелдеріңе жақындасқан болсаңдар, сонда су таба алмасаңдар, таза топыраққа тәяммум соғып / алақандарыңдыұрып / , онымен беттеріңді және қолдарыңды сипаңдар. Ақиқатында, Аллаһ - жазаламай Кешіріп жіберуші , өте Кешірімді
Аударма: ҚМДБ
4:44
أَلَمۡ تَرَ إِلَى ٱلَّذِينَ أُوتُواْ نَصِيبٗا مِّنَ ٱلۡكِتَٰبِ يَشۡتَرُونَ ٱلضَّلَٰلَةَ وَيُرِيدُونَ أَن تَضِلُّواْ ٱلسَّبِيلَ
(Мұхаммед Ғ.С.) өздеріне Кітаптан бір үлес берілгендерге қарамайсың ба? Олар, адасуды сатып алды. Сендерді де жолдан аздыруды қалайды
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Кітаптан бір үлес берілгендердің / иудейлердің / өздеріне адасуды сатып алғандарын және сендердің де жолдан адасуларыңды қалайтынын көрмедің бе
Аударма: ҚМДБ
4:45
وَٱللَّهُ أَعۡلَمُ بِأَعۡدَآئِكُمۡۚ وَكَفَىٰ بِٱللَّهِ وَلِيّٗا وَكَفَىٰ بِٱللَّهِ نَصِيرٗا
Алла дұшпандарыңды жақсы біледі. Сондай-ақ Алла, достықта жетіп асады әрі жәрдемшілікте де жеткілікті
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ жауларыңды жақсы біледі. Аллаһ - қамқоршы болуға жеткілікті әрі Аллаһ - көмек беруші ретінде жеткілікті
Аударма: ҚМДБ
4:46
مِّنَ ٱلَّذِينَ هَادُواْ يُحَرِّفُونَ ٱلۡكَلِمَ عَن مَّوَاضِعِهِۦ وَيَقُولُونَ سَمِعۡنَا وَعَصَيۡنَا وَٱسۡمَعۡ غَيۡرَ مُسۡمَعٖ وَرَٰعِنَا لَيَّۢا بِأَلۡسِنَتِهِمۡ وَطَعۡنٗا فِي ٱلدِّينِۚ وَلَوۡ أَنَّهُمۡ قَالُواْ سَمِعۡنَا وَأَطَعۡنَا وَٱسۡمَعۡ وَٱنظُرۡنَا لَكَانَ خَيۡرٗا لَّهُمۡ وَأَقۡوَمَ وَلَٰكِن لَّعَنَهُمُ ٱللَّهُ بِكُفۡرِهِمۡ فَلَا يُؤۡمِنُونَ إِلَّا قَلِيلٗا
Сондай Яһудилердің кейі; сөзді орындарынан өзгертеді де: «Естідік те қарсы келдік», «Естіші қане естімегір» және дінді кекеп, тілдерің бұрай: «Рағина» дейді. Егер олар: «Естідік те бағындық, тыңда және бізге қара» десе, оларға хайырлы және тура болар еді. Бірақ Алла, олардың қарсылықтары себепті лағынет еткен. Сондықтан олардың азы ғана иман кетіреді
Аударма: Халифа Алтай
Иудейлердің арасында сөзді өз орындарынан өзгертетіндер және тілдерін бұрап әрі дінге тіл тигізіп «Естідік те қарсы келдік», «құлақ ас, тыңдалусыз қалғыр» және «Раъина» / Бізге көңіл бөл / деп айтатындар бар. Егер олар «Естідік те бойсұндық», «Тыңда» және «Үнзүрна» / Бізге қара / - деп айтқанда, өздері үшін қайырлы әрі туралыққа жақын болар еді. Алайда, Аллаһ оларды күпірлік еткендері / иманнан бас тартқандықтары / үшін лағнеттеді / мейірімінен алыстатты / . Олардың азы ғана иманға келеді
Аударма: ҚМДБ
4:47
يَـٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ أُوتُواْ ٱلۡكِتَٰبَ ءَامِنُواْ بِمَا نَزَّلۡنَا مُصَدِّقٗا لِّمَا مَعَكُم مِّن قَبۡلِ أَن نَّطۡمِسَ وُجُوهٗا فَنَرُدَّهَا عَلَىٰٓ أَدۡبَارِهَآ أَوۡ نَلۡعَنَهُمۡ كَمَا لَعَنَّآ أَصۡحَٰبَ ٱلسَّبۡتِۚ وَكَانَ أَمۡرُ ٱللَّهِ مَفۡعُولًا
Әй Кітап берілгендер! Сендермен бірге болғанды растаушы етіп, Біз түсіргенге, (Құранға,) беттерді бұзып, арттарына қайтаруымыздан немесе сенбішілерді, (сенбі күні шектен шығушыларды) лағынет еткеніміздей оларды да лағынет етуімізден бұрын иман келтіріңдер. Алланың әмірі орындалады
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Кітап берілгендер! Біз беттерді сүріп, оны арттарына бұрып жіберуімізден немесе сенбі күнге қатысты тыйымды бұзғандарды лағнет еткеніміздей, оларды лағнет етуімізден бұрын өздеріңдегіні / Тәуратты / растаушы етіп түсіргенімізге / Құранға / сеніңдер, Аллаһтың әмірі міндетті түрде орындалады
Аударма: ҚМДБ
4:48
إِنَّ ٱللَّهَ لَا يَغۡفِرُ أَن يُشۡرَكَ بِهِۦ وَيَغۡفِرُ مَا دُونَ ذَٰلِكَ لِمَن يَشَآءُۚ وَمَن يُشۡرِكۡ بِٱللَّهِ فَقَدِ ٱفۡتَرَىٰٓ إِثۡمًا عَظِيمًا
Алла (Т.) өзіне ортақ қосылуды жарылқамайды да, бұдан өзге қалаған кісісін жарылқайды. Сондай-ақ кім Аллаға ортақ қосса, расында жала қойып, зор күнәлы болды
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ Өзіне серік қосқанды кешірмейді. Ал одан өзгені / күнәларды / қалағанына кешіреді. Кімде-кім Аллаһқа бір нәрсені серік етсе, ол үлкен күнәні ойдан құрастырған болады
Аударма: ҚМДБ
4:49
أَلَمۡ تَرَ إِلَى ٱلَّذِينَ يُزَكُّونَ أَنفُسَهُمۚ بَلِ ٱللَّهُ يُزَكِّي مَن يَشَآءُ وَلَا يُظۡلَمُونَ فَتِيلًا
(Мұхаммед Ғ.С.) сондай өздерін ағартқанды көрмедің бе? Керісінше, кімді Алла (Т.) қаласа тазартады. Оларға қылдай әділсіздік етілмейді
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Өздерін таза санайтындарды көрмедің бе? Жоқ! Керісінше, Аллаһ қалаған пендесін тазартады. Әрі оларға құрма дәнінің қылындай да әділетсіздік етілмейді
Аударма: ҚМДБ
4:50
ٱنظُرۡ كَيۡفَ يَفۡتَرُونَ عَلَى ٱللَّهِ ٱلۡكَذِبَۖ وَكَفَىٰ بِهِۦٓ إِثۡمٗا مُّبِينًا
Қара! Олар Аллаға қалай жасанды өтірік айтады? Бұл ашық күнә, оларға жетіп асады
Аударма: Халифа Алтай
Олардың Аллаһқа қалай өтірікті құрастырып / жала жауып / отырғандарына қара. Ал, бұл - анық күнә ретінде жеткілікті
Аударма: ҚМДБ
4:51
أَلَمۡ تَرَ إِلَى ٱلَّذِينَ أُوتُواْ نَصِيبٗا مِّنَ ٱلۡكِتَٰبِ يُؤۡمِنُونَ بِٱلۡجِبۡتِ وَٱلطَّـٰغُوتِ وَيَقُولُونَ لِلَّذِينَ كَفَرُواْ هَـٰٓؤُلَآءِ أَهۡدَىٰ مِنَ ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ سَبِيلًا
(Мұхаммед Ғ.С.) сондай Кітаптан үлес берілгендерге қарамадың ба? Олар бұтқа, шайтанға сенеді де, кепірлерді: «Бұлар, мүміндерден көрі тағы тура жолда» дейді. (Яһудилердің бір тобы, кепірлерді Мұсылманға қайрап салу үшін Меккеге барып: «Сендердің жолдарың тура.» дейді)
Аударма: Халифа Алтай
Кітаптан үлес берілгендердің сиқырға әрі тағұтқа сенетінін және күпірлік етушілер / серік қосушы имансыздар / туралы: «Бұлар жол ұстануда иманға келгендерден әлдеқайда тура», - деп айтатындарын көрмедің бе
Аударма: ҚМДБ
4:52
أُوْلَـٰٓئِكَ ٱلَّذِينَ لَعَنَهُمُ ٱللَّهُۖ وَمَن يَلۡعَنِ ٱللَّهُ فَلَن تَجِدَ لَهُۥ نَصِيرًا
Міне бұлар,Алла лағынет еткендер. Алла, кімге лағынет етсе, оған ешбір жәрдемші таба алмайсың
Аударма: Халифа Алтай
Міне, соларды Аллаһ лағнет еткен. Ал, Аллаһ кімді лағнеттесе, оған ешбір көмек беруші таба алмайсың
Аударма: ҚМДБ
4:53
أَمۡ لَهُمۡ نَصِيبٞ مِّنَ ٱلۡمُلۡكِ فَإِذٗا لَّا يُؤۡتُونَ ٱلنَّاسَ نَقِيرًا
Олардың әкімшілктен бір үлесі бар ма? Ондай болса, олар адамдарға түк бермес еді
Аударма: Халифа Алтай
Әлде оларға биліктен қандай да бір үлес бар ма? Олай болғанда, олар адамдарға құрма дәнінің ойығындай да / ешнәрсе / бермес еді
Аударма: ҚМДБ
4:54
أَمۡ يَحۡسُدُونَ ٱلنَّاسَ عَلَىٰ مَآ ءَاتَىٰهُمُ ٱللَّهُ مِن فَضۡلِهِۦۖ فَقَدۡ ءَاتَيۡنَآ ءَالَ إِبۡرَٰهِيمَ ٱلۡكِتَٰبَ وَٱلۡحِكۡمَةَ وَءَاتَيۡنَٰهُم مُّلۡكًا عَظِيمٗا
Немесе олар, Алланың өз кеңшілігімен адамдарға бергенін қызғана ма? Расында Ыбырайым (Ғ.С.) ның жұрағатына Кітап, хикмет және зор патшалық берген едік
Аударма: Халифа Алтай
Әлде олар Аллаһтың адамдарға Өз кеңшілігінен бергенін күндей ме? Ақиқатында, Біз Ибраһимнің әулетіне Кітап және даналықты бердік әрі оларға зор билік тарту еттік
Аударма: ҚМДБ
4:55
فَمِنۡهُم مَّنۡ ءَامَنَ بِهِۦ وَمِنۡهُم مَّن صَدَّ عَنۡهُۚ وَكَفَىٰ بِجَهَنَّمَ سَعِيرًا
Олардың кейі оған сенді де, кейі одан бас тартты. Оларға, жалындаған тозақ жетіп асады
Аударма: Халифа Алтай
Олардың / Кітап түсірілгендердің! ішінде оған сенгені де бар және олардың ішінде одан бет бұрғандары да бар. Ал Жаһаннам (тозақ)/ кәпірлерге / - жалын ретінде жеткілікті
Аударма: ҚМДБ
4:56
إِنَّ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ بِـَٔايَٰتِنَا سَوۡفَ نُصۡلِيهِمۡ نَارٗا كُلَّمَا نَضِجَتۡ جُلُودُهُم بَدَّلۡنَٰهُمۡ جُلُودًا غَيۡرَهَا لِيَذُوقُواْ ٱلۡعَذَابَۗ إِنَّ ٱللَّهَ كَانَ عَزِيزًا حَكِيمٗا
Негізінен ондай аяттарымызға қарсы шыққандарды жедел тозаққа саламыз да, олардың терілері жанған сайын азапты татулары үшін, оны басқа терілерге ауыстырамыз. Шәксіз Алла тым үстем, хикмет иесі
Аударма: Халифа Алтай
Күмәнсіз, аяттарымызға күпірлік еткендерді / қарсы шыққандарды, мойындамағандарды / Отта / тозақта / жандырамыз. Олар азапты татулары үшін терілері күйіп піскен сайын, оны басқа теріге алмастырып отырамыз. Анығында, Аллаһ - бәрінен Үстем / ’Азиз / , аса Дана / Хаким
Аударма: ҚМДБ
4:57
وَٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَعَمِلُواْ ٱلصَّـٰلِحَٰتِ سَنُدۡخِلُهُمۡ جَنَّـٰتٖ تَجۡرِي مِن تَحۡتِهَا ٱلۡأَنۡهَٰرُ خَٰلِدِينَ فِيهَآ أَبَدٗاۖ لَّهُمۡ فِيهَآ أَزۡوَٰجٞ مُّطَهَّرَةٞۖ وَنُدۡخِلُهُمۡ ظِلّٗا ظَلِيلًا
Ал сондай иман келтіріп, ізгі іс істегендер, оларды астарынан өзендер ағатын бақшаларға кіргіземіз. Олар онда мәңгі қалады. Сондай-ақ оларға онда тап- таза жұбайлар бар. Және оларды қалың көлеңкеге кіргіземіз
Аударма: Халифа Алтай
Ал, иманға келген және ізгі амал жасағандарды, астынан өзендер ағып жататын / Жәннаттағы / бақтарға кіргіземіз. Олар онда мәңгі қалады. Сондай-ақ, Оларға онда тап-таза жұбайлар бар әрі оларды қалың көлеңкелі жайларға кіргіземіз
Аударма: ҚМДБ
4:58
۞إِنَّ ٱللَّهَ يَأۡمُرُكُمۡ أَن تُؤَدُّواْ ٱلۡأَمَٰنَٰتِ إِلَىٰٓ أَهۡلِهَا وَإِذَا حَكَمۡتُم بَيۡنَ ٱلنَّاسِ أَن تَحۡكُمُواْ بِٱلۡعَدۡلِۚ إِنَّ ٱللَّهَ نِعِمَّا يَعِظُكُم بِهِۦٓۗ إِنَّ ٱللَّهَ كَانَ سَمِيعَۢا بَصِيرٗا
Негізінен Алла (Т.) сендерге аманаттарды өз лайықты орнына тапсыруларыңды және адамдардың арасына билік қылсаңдар, әділдікпен билік қылуларыңды әмір етеді. Расында Алла сендерге нендей жақсы уағыз береді. Шәксіз Алла, толық естуші, тым қырағы
Аударма: Халифа Алтай
Шын мәнінде, Аллаһ сендерге - аманатты өз иелеріне тапсыруды және адамдардың арасына үкім етсеңдер, әділдікпен үкім етулеріңді бұйырады. Аллаһтың сендерге насихат еткендері / бұйырғандары мен тыйымдары / қандай жақсы! Ақиқатында, Аллаһ - барлық нәрсені Естуші, бәрін Көруші
Аударма: ҚМДБ
4:59
يَـٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوٓاْ أَطِيعُواْ ٱللَّهَ وَأَطِيعُواْ ٱلرَّسُولَ وَأُوْلِي ٱلۡأَمۡرِ مِنكُمۡۖ فَإِن تَنَٰزَعۡتُمۡ فِي شَيۡءٖ فَرُدُّوهُ إِلَى ٱللَّهِ وَٱلرَّسُولِ إِن كُنتُمۡ تُؤۡمِنُونَ بِٱللَّهِ وَٱلۡيَوۡمِ ٱلۡأٓخِرِۚ ذَٰلِكَ خَيۡرٞ وَأَحۡسَنُ تَأۡوِيلًا
Әй мүміндер. Аллаға бой ұсынып, Пайғамбарға әрі өздеріңнен болған әмір иелеріне бой ұсыныңдар. Сонда егер бір нәрсеге талассаңдар, оны Аллаға, пайғамбарға ұсыныңдар: Егер сендер Аллаға, ахирет күніне иман келтірген болсаңдар. Міне осы, хайырлы да нәтижеде жақсы
Аударма: Халифа Алтай
Ей, иманға келгендер! Аллаһқа бағыныңдар және Елшіге бағыныңдар, сондай-ақ, өз араларыңнан болған билік иелеріне / басшыларға / Аллаһқа және Ақирет күніне сенген болсаңдар, бір нәрсе жөнінде тартысып қалғанда, ол жайында Аллаһқа және Елшіге жүгініңдер. Міне, осы - қайырлы әрі нәтиже тұрғысында да ең жақсысы
Аударма: ҚМДБ
4:60
أَلَمۡ تَرَ إِلَى ٱلَّذِينَ يَزۡعُمُونَ أَنَّهُمۡ ءَامَنُواْ بِمَآ أُنزِلَ إِلَيۡكَ وَمَآ أُنزِلَ مِن قَبۡلِكَ يُرِيدُونَ أَن يَتَحَاكَمُوٓاْ إِلَى ٱلطَّـٰغُوتِ وَقَدۡ أُمِرُوٓاْ أَن يَكۡفُرُواْ بِهِۦۖ وَيُرِيدُ ٱلشَّيۡطَٰنُ أَن يُضِلَّهُمۡ ضَلَٰلَۢا بَعِيدٗا
Араларындағы бір дау үшін Яһуди, Мұхаммед (Ғ.С.) ке барайық десе мұнафық, Яһудидің бастығы Кәғапқа барайық деп, ақыр Мұхаммед (Ғ.С.) ке барғанда, билік Яһудиге тигендіктен мұнафық разы болмай, Яһудиді хазірет Ғұмарға алып барғанда: «Пайғамбардың билігіне разы болмағанның сазайы осы» деп, мұнафықтың басын алады. (Мұхаммед Ғ.С.) саған түсірілген Құранға және сенен бұрын түсірілген кітаптарға сендік деп, кұр өршеленгендерді көрмейсің бе? Олар шайтанға жүгінісуді қалайды. Негізінде оларға, оған қарсы болу әмір етілген болатын. өйткені, шайтан, оларды мүлде ұзаққа адастыруды қалайды
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Саған түсірілгенге / Құранға / және сенен бұрын түсірілгенге / кітаптарға / сендік дей тұра, тағұтқажүгініп, шешім сұрауды қалайтындарды көрмедің бе? Негізінде, олар оған / тағұтқа / қарсы болуға бұйырылған еді. Шайтан оларды мүлде ұзаққа адастыруды қалайды
Аударма: ҚМДБ
4:61
وَإِذَا قِيلَ لَهُمۡ تَعَالَوۡاْ إِلَىٰ مَآ أَنزَلَ ٱللَّهُ وَإِلَى ٱلرَّسُولِ رَأَيۡتَ ٱلۡمُنَٰفِقِينَ يَصُدُّونَ عَنكَ صُدُودٗا
Ал және қашан оларға: «Алла түсірген Құранға және Пайғамбарға келіңдер» делінсе, мұнафықтардың сенен мүлде шегеншектегенін көресің
Аударма: Халифа Алтай
Қашан оларға:«Аллаһ түсіргенге/ Құранға / және Елшіге келіңдер», - делінсе, мұнафиқтардың сенен түгелдей бет бұрғанын көресің
Аударма: ҚМДБ
4:62
فَكَيۡفَ إِذَآ أَصَٰبَتۡهُم مُّصِيبَةُۢ بِمَا قَدَّمَتۡ أَيۡدِيهِمۡ ثُمَّ جَآءُوكَ يَحۡلِفُونَ بِٱللَّهِ إِنۡ أَرَدۡنَآ إِلَّآ إِحۡسَٰنٗا وَتَوۡفِيقًا
Сонда олар қайтып, қолекі істегендерінің салдарынан бастарына бір күйзеліс келгенде, саған келіп: «Біз жақсылықты, үйлесуді қалап едік» деп, Алланың атымен ант- су ішеді
Аударма: Халифа Алтай
Ал, оларға қолдары істегендерінің салдарынан, бастарына бір қиындық келгенде / жағдайы / қалай болады? Сонда олар саған келіп: «Біз бар болғаны жақсылық жасауды және келістіруді ғана қалап едік», - деп, Аллаһпен ант ішеді
Аударма: ҚМДБ
4:63
أُوْلَـٰٓئِكَ ٱلَّذِينَ يَعۡلَمُ ٱللَّهُ مَا فِي قُلُوبِهِمۡ فَأَعۡرِضۡ عَنۡهُمۡ وَعِظۡهُمۡ وَقُل لَّهُمۡ فِيٓ أَنفُسِهِمۡ قَوۡلَۢا بَلِيغٗا
Алла олардың жүректеріндегіні біледі. Енді олардан бет бұр. Оларға үгіт бер де, оларға әсерлі сөз сөйле
Аударма: Халифа Алтай
Ондайлардың жүректерінде не барын Аллаһ біледі. Сен олардан бет бүр / өзіңді тарт / әрі Оларға насихат ет және олардың өздеріне әсерлі сөз айт
Аударма: ҚМДБ
4:64
وَمَآ أَرۡسَلۡنَا مِن رَّسُولٍ إِلَّا لِيُطَاعَ بِإِذۡنِ ٱللَّهِۚ وَلَوۡ أَنَّهُمۡ إِذ ظَّلَمُوٓاْ أَنفُسَهُمۡ جَآءُوكَ فَٱسۡتَغۡفَرُواْ ٱللَّهَ وَٱسۡتَغۡفَرَ لَهُمُ ٱلرَّسُولُ لَوَجَدُواْ ٱللَّهَ تَوَّابٗا رَّحِيمٗا
Пайғамбар атаулыны Алланың нұсқауымен бой ұсынылуы үшін ғана жібердік. Егер олар өздеріне бір кесір істеген заман, саған келіп, Алладан жарылқану тілесе, әрі Пайғамбар да олар үшін жарылқау тілесе, әрине олар Алланы; тәубені өте қабылдаушы, ерекше мейірімді түрде табар еді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі біз әрбір Елшіні Аллаһтың рұқсатымен, / адамдардың / оған бағынулары үшін ғана жібердік. Егер де олар / адамдар / өздеріне әділетсіздік еткен кезде, саған келіп Аллаһтан кешірім тілесе әрі Елші де олар үшін кешірім тілесе, олар Аллаһтың тәубені Қабыл етуші, ерекше Мейірімді екенін көретін еді
Аударма: ҚМДБ
4:65
فَلَا وَرَبِّكَ لَا يُؤۡمِنُونَ حَتَّىٰ يُحَكِّمُوكَ فِيمَا شَجَرَ بَيۡنَهُمۡ ثُمَّ لَا يَجِدُواْ فِيٓ أَنفُسِهِمۡ حَرَجٗا مِّمَّا قَضَيۡتَ وَيُسَلِّمُواْ تَسۡلِيمٗا
(Мұхаммед Ғ.С.) Раббыңа серт! Олар өзара таласқаннәрселерінде сені би қылып, сонсоң берген билігіңнен көңілдерінде ақау таппай толық бой ұсынғанға дейін мүмін бола алмайды
Аударма: Халифа Алтай
Жоқ! / Ей, Мұхаммед! / Раббыңмен ант етемін! Олар өзара дауларына сені үкім айтушы етіп, содан кейін шығарған шешіміңе көңілдерінде бір кірбің таппай, толық бойсұнғанға дейін иманға келмейді
Аударма: ҚМДБ
4:66
وَلَوۡ أَنَّا كَتَبۡنَا عَلَيۡهِمۡ أَنِ ٱقۡتُلُوٓاْ أَنفُسَكُمۡ أَوِ ٱخۡرُجُواْ مِن دِيَٰرِكُم مَّا فَعَلُوهُ إِلَّا قَلِيلٞ مِّنۡهُمۡۖ وَلَوۡ أَنَّهُمۡ فَعَلُواْ مَا يُوعَظُونَ بِهِۦ لَكَانَ خَيۡرٗا لَّهُمۡ وَأَشَدَّ تَثۡبِيتٗا
Ал оларға: «Өздеріңді өлтіріңдер, (соғысыңдар,) немесе жұрттарыңнан шығыңдар!»,- деп әмір еткен болсақ, олардан өте азы ғана орындайды. Олар өздеріне үгіттелген нәрсені атқарса еді, әрине олар үшін хайырлы болып, имандары нығайып бекір еді
Аударма: Халифа Алтай
Егер де Біз оларға: «Өздеріңді өлтіріңдер немесе жұрттарыңнан шығыңдар!» - деп міндеттегенде, мұны олардың азырағынан басқасы орындамас еді. Олар өздеріне наси­хат етілгенді орындағанда, бұл өздері үшін қайырлы болып, оларды бекіте түсер еді
Аударма: ҚМДБ
4:67
وَإِذٗا لَّأٓتَيۡنَٰهُم مِّن لَّدُنَّآ أَجۡرًا عَظِيمٗا
Сондай-ақ өз жанымыздан сыйлық берер едік
Аударма: Халифа Алтай
Сонда оларға Өз қасымыздан бір ұлы сый беретін едік
Аударма: ҚМДБ
4:68
وَلَهَدَيۡنَٰهُمۡ صِرَٰطٗا مُّسۡتَقِيمٗا
Әрине оларды тура жолға салар едік
Аударма: Халифа Алтай
Әрі оларды тура жолмен жүргізетін едік
Аударма: ҚМДБ
4:69
وَمَن يُطِعِ ٱللَّهَ وَٱلرَّسُولَ فَأُوْلَـٰٓئِكَ مَعَ ٱلَّذِينَ أَنۡعَمَ ٱللَّهُ عَلَيۡهِم مِّنَ ٱلنَّبِيِّـۧنَ وَٱلصِّدِّيقِينَ وَٱلشُّهَدَآءِ وَٱلصَّـٰلِحِينَۚ وَحَسُنَ أُوْلَـٰٓئِكَ رَفِيقٗا
Ал жәнекім Аллаға, пайғамбарға бой ұсынса, міне солар; Алла (Т.) нығметке бөлеген пайғамбарлар, шыншылдар, шәһиттер және игілермен бірге болады. Олар нендей жақсы жолдас
Аударма: Халифа Алтай
Кім Аллаһқа және Елшіге бойсұнса, міне, солар - Аллаһ игілікке бөлеген пайғамбарлар, шыншылдар шәһидтер және ізгілермен бірге болады. Олар - қандай жақсы жолдас
Аударма: ҚМДБ
4:70
ذَٰلِكَ ٱلۡفَضۡلُ مِنَ ٱللَّهِۚ وَكَفَىٰ بِٱللَّهِ عَلِيمٗا
Міне бұл Алладан ілтипат. Алла әр нәрсені жете білуші
Аударма: Халифа Алтай
Міне, осы - Аллаһтың кеңшілігі. Аллаһ - Білуші ретінде жеткілікті
Аударма: ҚМДБ
4:71
يَـٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ خُذُواْ حِذۡرَكُمۡ فَٱنفِرُواْ ثُبَاتٍ أَوِ ٱنفِرُواْ جَمِيعٗا
Әй мүміндер! Құралдарыңды алыңдар. Және бөлек- бөлек болып немесе тұтас аттаныңдар
Аударма: Халифа Алтай
Ей, иманға келгендер! Сақтық шараларын ұстаныңдар да / жауға / топтармен аттаныңдар немесе жаппай аттаныңдар
Аударма: ҚМДБ
4:72
وَإِنَّ مِنكُمۡ لَمَن لَّيُبَطِّئَنَّ فَإِنۡ أَصَٰبَتۡكُم مُّصِيبَةٞ قَالَ قَدۡ أَنۡعَمَ ٱللَّهُ عَلَيَّ إِذۡ لَمۡ أَكُن مَّعَهُمۡ شَهِيدٗا
Әрине сендерден қырқарлық қылатындар да бар. Егер сендерге бір қиыншылық келсе: «Рас Алла, маған бақ берген екен. Өйткені, олармен бірге болмадым» деп айтар
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, сендердің араларында аялдап, қалып қоятын бар. Сонда сендерге, егер бір қиыншылық келсе, ол: «Аллаһ мені олармен бірге болдырмай, маған игілік көрсеткен екен», - деп айтады
Аударма: ҚМДБ
4:73
وَلَئِنۡ أَصَٰبَكُمۡ فَضۡلٞ مِّنَ ٱللَّهِ لَيَقُولَنَّ كَأَن لَّمۡ تَكُنۢ بَيۡنَكُمۡ وَبَيۡنَهُۥ مَوَدَّةٞ يَٰلَيۡتَنِي كُنتُ مَعَهُمۡ فَأَفُوزَ فَوۡزًا عَظِيمٗا
Ал егер сендерге Алладан бір мәрхамет (жеңіс) келсе, сендермен араларында ешбір достық жоқтай: «Әттеген-ай! Олармен бірге болсам еді, зор табысқа еи болар едім» деп айтар
Аударма: Халифа Алтай
Ал, егер сендерге Аллаһтан жеңіс келсе, ол сендер мен өзінің арасында ешбір достық байланыс болмағандай: «Қап! Олармен бірге болсам ғой, сонда бір зор табысқа кенелер едім», - деп айтады
Аударма: ҚМДБ
4:74
۞فَلۡيُقَٰتِلۡ فِي سَبِيلِ ٱللَّهِ ٱلَّذِينَ يَشۡرُونَ ٱلۡحَيَوٰةَ ٱلدُّنۡيَا بِٱلۡأٓخِرَةِۚ وَمَن يُقَٰتِلۡ فِي سَبِيلِ ٱللَّهِ فَيُقۡتَلۡ أَوۡ يَغۡلِبۡ فَسَوۡفَ نُؤۡتِيهِ أَجۡرًا عَظِيمٗا
Ендеше, дүние тіршілігін ахиретке айырбастағандар, Алла жолында соғыссын. Ал кім Алла жолында соғысса, сонда өлтірілсе, немесе жеңіске ие болса, әрине оған ірі сыйлық береміз
Аударма: Халифа Алтай
Осы өмірдің орнына соңғы мәңгілік өмірді / ақиретті / сатып алатындар Аллаһ жолында шайқассын. Кім Аллаһ жолында шайқасып, өлтірілсе немесе жеңіс жетсе, жақында оған бір ұлы сый береміз
Аударма: ҚМДБ
4:75
وَمَا لَكُمۡ لَا تُقَٰتِلُونَ فِي سَبِيلِ ٱللَّهِ وَٱلۡمُسۡتَضۡعَفِينَ مِنَ ٱلرِّجَالِ وَٱلنِّسَآءِ وَٱلۡوِلۡدَٰنِ ٱلَّذِينَ يَقُولُونَ رَبَّنَآ أَخۡرِجۡنَا مِنۡ هَٰذِهِ ٱلۡقَرۡيَةِ ٱلظَّالِمِ أَهۡلُهَا وَٱجۡعَل لَّنَا مِن لَّدُنكَ وَلِيّٗا وَٱجۡعَل لَّنَا مِن لَّدُنكَ نَصِيرًا
Сендерге Алла жолында соғыспайтын не болды? (Меккедегі) шамасыз ерлер, әйелдер және балалардан: «Раббымыз! Бізді осы тұрғындары залым кенттен шығар! Және бізге өз қасыңнан бір еи пайда қыл. Әрі өз қасыңнан бір көмекші қыла көр» дейтіндер бар
Аударма: Халифа Алтай
Сендерге Аллаһ жолында және: «Раббымыз! Бізді тұрғындары әділетсіз болған осы қаладан шығар және бізге Өз тарапыңнан бір қамқоршы қыла гөр әрі бізге Өз тарапыңнан бір жәрдемші бере гөр», - деп айтатын шамасыз қалған ерлер, әйелдер және балалар үшін соғыспайтындай не болды
Аударма: ҚМДБ
4:76
ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ يُقَٰتِلُونَ فِي سَبِيلِ ٱللَّهِۖ وَٱلَّذِينَ كَفَرُواْ يُقَٰتِلُونَ فِي سَبِيلِ ٱلطَّـٰغُوتِ فَقَٰتِلُوٓاْ أَوۡلِيَآءَ ٱلشَّيۡطَٰنِۖ إِنَّ كَيۡدَ ٱلشَّيۡطَٰنِ كَانَ ضَعِيفًا
Сондай иман келтіргендер, Алла жолында соғысады да кәпірлер, шайтан жолында соғысады. Ендеше сендер шайтанның достарымен соғысыңдар. Негізінен шайтанның әдісі нашар
Аударма: Халифа Алтай
Иманға келгендер Аллаһтың жолында соғысады. Ал, күпірлік етушілер / имансыздар / болса, тағұт / шайтан / жолында соғысады. Ендеше, сендер шайтанның жақтастарымен соғысыңдар! Ақиқатында шайтанның айла-тәсілі әлсіз
Аударма: ҚМДБ
4:77
أَلَمۡ تَرَ إِلَى ٱلَّذِينَ قِيلَ لَهُمۡ كُفُّوٓاْ أَيۡدِيَكُمۡ وَأَقِيمُواْ ٱلصَّلَوٰةَ وَءَاتُواْ ٱلزَّكَوٰةَ فَلَمَّا كُتِبَ عَلَيۡهِمُ ٱلۡقِتَالُ إِذَا فَرِيقٞ مِّنۡهُمۡ يَخۡشَوۡنَ ٱلنَّاسَ كَخَشۡيَةِ ٱللَّهِ أَوۡ أَشَدَّ خَشۡيَةٗۚ وَقَالُواْ رَبَّنَا لِمَ كَتَبۡتَ عَلَيۡنَا ٱلۡقِتَالَ لَوۡلَآ أَخَّرۡتَنَآ إِلَىٰٓ أَجَلٖ قَرِيبٖۗ قُلۡ مَتَٰعُ ٱلدُّنۡيَا قَلِيلٞ وَٱلۡأٓخِرَةُ خَيۡرٞ لِّمَنِ ٱتَّقَىٰ وَلَا تُظۡلَمُونَ فَتِيلًا
(Мұхаммед Ғ.С.) сондай оларға: «Қолдарыңды тыйындар, намазды орындап, зекет беріңдер!»,- делінгендерді көрмедің бе? Оларға соғыс парыз етілген заман олардың бір тобы; адамдардан, Алладан қорыққандай немесе, тағы қатты қорқады да: «Раббымыз! Бізге соғысты неге жаздың? Бізді жақын бір мерзімге дейін неге кешіктірмедің?»,- деді. (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: «Дүниенің пайдасы аз ғана. Тақалар үшін ахирет жақсы. Сендер қылдай әділетсіздікке ұшырамайсыңдар» деп айт
Аударма: Халифа Алтай
Өздеріне: «Қолдарыңды / соғыстан / тыйыңдар, намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындаңдар және зекетті беріңдер» - деп айтылғандарды көрмедің бе? Қашан оларға соғыс міндеттелген кезде, олардың бір тобы адамдардан Аллаһтан қорыққандай немесе одан да қатты қорқады. Сондай-ақ олар: «Раббымыз! Бізге не үшін соғысуды жаздың? Бізді жақын бір мерзімге дейін кешіктіргеніңде еді», - деді. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Бұл өмірден пайдалану - арзымас нәрсе ғана. Ал, соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / - тақуалар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанушылар / үшін қайырлы, сендерге құрма дәнінің қылындай да әділетсіздік жасалмайды», - деп
Аударма: ҚМДБ
4:78
أَيۡنَمَا تَكُونُواْ يُدۡرِككُّمُ ٱلۡمَوۡتُ وَلَوۡ كُنتُمۡ فِي بُرُوجٖ مُّشَيَّدَةٖۗ وَإِن تُصِبۡهُمۡ حَسَنَةٞ يَقُولُواْ هَٰذِهِۦ مِنۡ عِندِ ٱللَّهِۖ وَإِن تُصِبۡهُمۡ سَيِّئَةٞ يَقُولُواْ هَٰذِهِۦ مِنۡ عِندِكَۚ قُلۡ كُلّٞ مِّنۡ عِندِ ٱللَّهِۖ فَمَالِ هَـٰٓؤُلَآءِ ٱلۡقَوۡمِ لَا يَكَادُونَ يَفۡقَهُونَ حَدِيثٗا
Сендер қайда болсаңдар да, тіпті мықты қорғандарда (жұлдыздарда) болсаңдар да өлім жетеді. Егер оларға бір жақсылық жетсе: «Алла тарапынан» дейді де, егер оларға бір жамандық жетсе, олар: «Бұл сенің тарапыңнан» дейді. (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: «Барлығы Алланың қасынан» деп айт. Сөзді түсінуге жанаспайтын сол елге не болды
Аударма: Халифа Алтай
Қайда болсаңдар да өлім сендерді табады. Тіпті биік қамалдарда болсаңдар да. Егер оларға бір жақсылық жетсе: «бұл - Аллаһтан», - дейді, ал егер, бір жамандық жетсе: «Бұл - сенен», - дейді. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Бәрі де - Аллаһтан», -деп. Бұл топ неге сөзді ұғуға жақындамайды
Аударма: ҚМДБ
4:79
مَّآ أَصَابَكَ مِنۡ حَسَنَةٖ فَمِنَ ٱللَّهِۖ وَمَآ أَصَابَكَ مِن سَيِّئَةٖ فَمِن نَّفۡسِكَۚ وَأَرۡسَلۡنَٰكَ لِلنَّاسِ رَسُولٗاۚ وَكَفَىٰ بِٱللَّهِ شَهِيدٗا
Саған нендей бір жақсылық келсе, Алладан. Ал және бір жамандық келсе, өзіңнен. (Мұхаммед Ғ.С.)сені адамдарға еші етіп жібердік. Куәлікте Алла жетіп асады
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Саған жақсылықтан бір нәрсе келсе, ол - Аллаһтан. Ал, жамандықтан бір нәрсе келсе, ол - өзіңнен. Біз сені адамдарға Елші / Расул / етіпжібердік. Аллаһ куә ретінде жеткілікті
Аударма: ҚМДБ
4:80
مَّن يُطِعِ ٱلرَّسُولَ فَقَدۡ أَطَاعَ ٱللَّهَۖ وَمَن تَوَلَّىٰ فَمَآ أَرۡسَلۡنَٰكَ عَلَيۡهِمۡ حَفِيظٗا
Кім пайғамбарға бағынса, расында Аллаға бағынған болады. Ал және кім бет бұрса, (Мұхаммед Ғ.С.) оларға сені аңдушы етіп жібермедік
Аударма: Халифа Алтай
Кім Елшіге бағынса, онда Аллаһқа бағынған болады. / Ей, Мұхаммед/ Ал кім бет бұрса, Біз сені оларға күзетуші етіп жібермедік
Аударма: ҚМДБ
4:81
وَيَقُولُونَ طَاعَةٞ فَإِذَا بَرَزُواْ مِنۡ عِندِكَ بَيَّتَ طَآئِفَةٞ مِّنۡهُمۡ غَيۡرَ ٱلَّذِي تَقُولُۖ وَٱللَّهُ يَكۡتُبُ مَا يُبَيِّتُونَۖ فَأَعۡرِضۡ عَنۡهُمۡ وَتَوَكَّلۡ عَلَى ٱللَّهِۚ وَكَفَىٰ بِٱللَّهِ وَكِيلًا
Олар: «Бой ұсындық» деп қашан қасыңнан айрылса, олардан бір тобы, түнделетіп сен айтқаннан басқаны кеңеседі. Алла олардың түнгі күңкілдерін жазады. Сондықтан олардан бет бұр да, Аллаға тәуекел ет. Алла (Т.) толық кепіл
Аударма: Халифа Алтай
Олар / мұнафиқтар / : «Бойсұндық»,- деп айтады. Ал, қашан сенің қасыңнан кетсе, олардың бір тобы түнделетіп сенің айтқаныңнан басқаны ойластырады. Ал, Аллаһ олардың түнде ойластырғандарын жазады. Сондықтан олардан теріс бұрыл және Аллаһқа жүгініп, Оған ісіңді тапсыр / тәуекел ет / . Сенім артып, Оған ісіңді тапсыруға / тәуекел етуге / Аллаһ жеткілікті
Аударма: ҚМДБ
4:82
أَفَلَا يَتَدَبَّرُونَ ٱلۡقُرۡءَانَۚ وَلَوۡ كَانَ مِنۡ عِندِ غَيۡرِ ٱللَّهِ لَوَجَدُواْ فِيهِ ٱخۡتِلَٰفٗا كَثِيرٗا
Ал сонда олар Құранды түсінбей ме? Егер Алладан басқаның қасынан болса еді, әрине онда олар көптеген қайшылықтар табар еді
Аударма: Халифа Алтай
Олар Құранға зер салып қарамай ма? Егер ол / Құран / Аллаһтан басқа біреудің тарапынан болғанда, олар онда көптеген қайшылықтар табар еді
Аударма: ҚМДБ
4:83
وَإِذَا جَآءَهُمۡ أَمۡرٞ مِّنَ ٱلۡأَمۡنِ أَوِ ٱلۡخَوۡفِ أَذَاعُواْ بِهِۦۖ وَلَوۡ رَدُّوهُ إِلَى ٱلرَّسُولِ وَإِلَىٰٓ أُوْلِي ٱلۡأَمۡرِ مِنۡهُمۡ لَعَلِمَهُ ٱلَّذِينَ يَسۡتَنۢبِطُونَهُۥ مِنۡهُمۡۗ وَلَوۡلَا فَضۡلُ ٱللَّهِ عَلَيۡكُمۡ وَرَحۡمَتُهُۥ لَٱتَّبَعۡتُمُ ٱلشَّيۡطَٰنَ إِلَّا قَلِيلٗا
Қашан оларға (мұнафықтарға) аманшылықтан немесе хауіп- қатерден хабар келсе, олар оны жайып жібереді. Егер олар оны, Пайғамбарға не өздерінің іс басындағыларына ұсынса, олардан оның мән- жайын білер еді. Егер сендерге Аланың кеңшілігі, мейірімі болмаса еді, шайтанға ермегендерің өте аз болар еді
Аударма: Халифа Алтай
Қашан оларға тыныштық немесе қауіп-қатер жайлы бір іс / хабар / келсе, олар оны жайып, таратып жібереді. Егер де олар оны Елшіге немесе өздерінен болған басшыларға жеткізгенде, олардың ішіндегі іс білетіндері, оның / мән-жайын / білер еді. Егер сендерге Аллаһтың кеңшілігі әрі Оның мейірімі болмағанда, сендердің аздарыңнан басқаларың шайтанға ерген болар едіңдер
Аударма: ҚМДБ
4:84
فَقَٰتِلۡ فِي سَبِيلِ ٱللَّهِ لَا تُكَلَّفُ إِلَّا نَفۡسَكَۚ وَحَرِّضِ ٱلۡمُؤۡمِنِينَۖ عَسَى ٱللَّهُ أَن يَكُفَّ بَأۡسَ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْۚ وَٱللَّهُ أَشَدُّ بَأۡسٗا وَأَشَدُّ تَنكِيلٗا
(Мұхаммед Ғ.С.) енді Алла жолында соғыс. Сен өзіңнен ғана жауаптысың. Сондай-ақ мүміндерді қызықтыр. Мүмкін Алла, кәпірлердің кесірін тоқтатар. Алланың кәрі қатты да жазасы қиын
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед!/ Аллаһтың жолында шайқас! Сен тек өзің үшін жауаптысың. Әрі имандыларды / мүміндерді / үнде. Аллаһ күпірлік етушілердің / қарсы келушілердің / соққысын қайтарады. Аллаһ - соққы беруде өте күшті әрі жазалауда өте күшті
Аударма: ҚМДБ
4:85
مَّن يَشۡفَعۡ شَفَٰعَةً حَسَنَةٗ يَكُن لَّهُۥ نَصِيبٞ مِّنۡهَاۖ وَمَن يَشۡفَعۡ شَفَٰعَةٗ سَيِّئَةٗ يَكُن لَّهُۥ كِفۡلٞ مِّنۡهَاۗ وَكَانَ ٱللَّهُ عَلَىٰ كُلِّ شَيۡءٖ مُّقِيتٗا
Кім жақсылықты қолдаса, оған одан несібе бар. Ал және кім жамандыққа болысса, оған да одан бір тиесі бар. Алланың әр нәрсеге күші басым
Аударма: Халифа Алтай
Кім жақсылықпен араға түссе, содан оған игі үлес бар. Ал, кім жамандықпен араға түссе, содан оған жаман үлес бар. Аллаһ - барлық нәрсені Бақылаушы
Аударма: ҚМДБ
4:86
وَإِذَا حُيِّيتُم بِتَحِيَّةٖ فَحَيُّواْ بِأَحۡسَنَ مِنۡهَآ أَوۡ رُدُّوهَآۗ إِنَّ ٱللَّهَ كَانَ عَلَىٰ كُلِّ شَيۡءٍ حَسِيبًا
Қашан сендерге сәлем берілсе, одан жақсырық немесе соның өзін қайтарыңдар. Шәксіз Алла әр нәрседен есеп алушы
Аударма: Халифа Алтай
Қашан сендерге қандай да бір амандасу сөзімен сәлем берілсе, сендер одан жақсысымен жауап беріңдер немесе сол сәлемнің өзін қайтарыңдар. Анығында, Аллаһ - әрбір нәрсенің есебін алушы
Аударма: ҚМДБ
4:87
ٱللَّهُ لَآ إِلَٰهَ إِلَّا هُوَۚ لَيَجۡمَعَنَّكُمۡ إِلَىٰ يَوۡمِ ٱلۡقِيَٰمَةِ لَا رَيۡبَ فِيهِۗ وَمَنۡ أَصۡدَقُ مِنَ ٱللَّهِ حَدِيثٗا
(Біреу: «Әссәламү ғаләйкүм»- Сендерге есендік болсын десе, «Уә ғаләйкумсәлам уә Рахматұллаһ»- Сендерге есендік және Алланың мейірімі болсын. Егер, «Әссәламү ғаләйкүм уә Рахматұллаһ» -Сендерге есендік және Алланың мейірімі әрі берекеті болсын десе, «Уә ғаләйкумсәлам уә гахматұллаһі уә бәракәтүһү» деп өзіндей қайтару керек) Алла бір, Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Әлбетте сендерді күдік болмаған қиямет күнінде жинайды. Алладан артық кімнің сөзі тура бола алады
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ - Одан басқа құдай жоқ. Ол сендерді Қайта тірілу күніне міндетті түрде жинайды, онда күмән жоқ. Аллаһтан / артық / тура сөзді кім бар
Аударма: ҚМДБ
4:88
۞فَمَا لَكُمۡ فِي ٱلۡمُنَٰفِقِينَ فِئَتَيۡنِ وَٱللَّهُ أَرۡكَسَهُم بِمَا كَسَبُوٓاْۚ أَتُرِيدُونَ أَن تَهۡدُواْ مَنۡ أَضَلَّ ٱللَّهُۖ وَمَن يُضۡلِلِ ٱللَّهُ فَلَن تَجِدَ لَهُۥ سَبِيلٗا
Сендерге мұнафықтар жайында екі дай болатын не болды? Алла оларды қылықтары себепті теріс бағындырды. Алла, адастырған біреуді, сендер жолға салуды қалайсыңдар ма? Ал біреуді, Алла адастырса, сонда оған жол таба алмайсың
Аударма: Халифа Алтай
Мұнафиқтарға қатысты екіге бөлінетіндей, сендерге не болды? Істеген істері үшін Аллаһ оларды арттарына / кәпірлікке / қайтарды. Аллаһ адастырған біреуді тура жолға салғыларың келе ме? Аллаһ біреуді адастырса, ол үшін ешқашан жол таба алмайсың
Аударма: ҚМДБ
4:89
وَدُّواْ لَوۡ تَكۡفُرُونَ كَمَا كَفَرُواْ فَتَكُونُونَ سَوَآءٗۖ فَلَا تَتَّخِذُواْ مِنۡهُمۡ أَوۡلِيَآءَ حَتَّىٰ يُهَاجِرُواْ فِي سَبِيلِ ٱللَّهِۚ فَإِن تَوَلَّوۡاْ فَخُذُوهُمۡ وَٱقۡتُلُوهُمۡ حَيۡثُ وَجَدتُّمُوهُمۡۖ وَلَا تَتَّخِذُواْ مِنۡهُمۡ وَلِيّٗا وَلَا نَصِيرًا
Олар, өздері қарсы болғандай сендердің де қарсы болып, бірдей болуларыңды қалады. Ендеше оларды Алла жолында босқанға дейін, дос тұтпаңдар. Егер олар бет бұрса, сонда оларды қайдан тапсаңдар да ұстап өлтіріңдер. Сондай-ақ оларды не дос не көмекші тұтпаңдар
Аударма: Халифа Алтай
Олар / мұнафиқтар / өздері күпірлік еткендей / жүректерінде иманды теріске шығарғандай / , сендердің де күпірлік еткендеріңді / имансыздыққақайтуларыңды!, сөйтіп өздерімен бірдей болғандарыңды қалайды. Сондықтан, олар Аллаһ жолында қоныс аудармайынша, олардан ешкімді дос тұтпаңдар. Ал, егер олар бет бұрса, оларды ұстандар және тапқан жерлеріңдеөлтіріңдер. Әрі олардан дос та, жәрдемші де алмаңдар
Аударма: ҚМДБ
4:90
إِلَّا ٱلَّذِينَ يَصِلُونَ إِلَىٰ قَوۡمِۭ بَيۡنَكُمۡ وَبَيۡنَهُم مِّيثَٰقٌ أَوۡ جَآءُوكُمۡ حَصِرَتۡ صُدُورُهُمۡ أَن يُقَٰتِلُوكُمۡ أَوۡ يُقَٰتِلُواْ قَوۡمَهُمۡۚ وَلَوۡ شَآءَ ٱللَّهُ لَسَلَّطَهُمۡ عَلَيۡكُمۡ فَلَقَٰتَلُوكُمۡۚ فَإِنِ ٱعۡتَزَلُوكُمۡ فَلَمۡ يُقَٰتِلُوكُمۡ وَأَلۡقَوۡاْ إِلَيۡكُمُ ٱلسَّلَمَ فَمَا جَعَلَ ٱللَّهُ لَكُمۡ عَلَيۡهِمۡ سَبِيلٗا
Бірақ, сендермен араларыңда келісім болған бір елге қосылғандар, немесе сендермен өздері соғысуға, не өз елдерімен соғысуға жүректері сығылып, сендерге келгендер басқа. (Мұндайларға соқтықпаңдар) Егер Алла қаласа, оларды сендерге өктем қылар еді. Сонда олар сендермен соғысар еді. Ал егер сендерден бой тежесе, сондай-ақ қолдарын тыйып, өздеріңе келісім ұсынса, онда Алла, сендер үшін оларға қарсы бір жол қоймады
Аударма: Халифа Алтай
Бірақ, сендермен араларында келісім болған бір елге қосылғандар немесе сендермен де, өз қауымдарымен де соғысуға жүректері тарылып, сендерге келгендердің жөні бөлек. Егер Аллаһ қалағанда, оларды сендерден үстем етер еді, сөйтіп олар өздеріңмен соғысар еді. Ал, егер олар сендерді жөндеріңе қойып, соғыс-паса және сендерге бейбіт келісім ұсынса, онда Аллаһ сендерге, оларға қарсы бір жол қоймайды / рұқсат бермейді
Аударма: ҚМДБ
4:91
سَتَجِدُونَ ءَاخَرِينَ يُرِيدُونَ أَن يَأۡمَنُوكُمۡ وَيَأۡمَنُواْ قَوۡمَهُمۡ كُلَّ مَا رُدُّوٓاْ إِلَى ٱلۡفِتۡنَةِ أُرۡكِسُواْ فِيهَاۚ فَإِن لَّمۡ يَعۡتَزِلُوكُمۡ وَيُلۡقُوٓاْ إِلَيۡكُمُ ٱلسَّلَمَ وَيَكُفُّوٓاْ أَيۡدِيَهُمۡ فَخُذُوهُمۡ وَٱقۡتُلُوهُمۡ حَيۡثُ ثَقِفۡتُمُوهُمۡۚ وَأُوْلَـٰٓئِكُمۡ جَعَلۡنَا لَكُمۡ عَلَيۡهِمۡ سُلۡطَٰنٗا مُّبِينٗا
Ал және басқа біреулерді; сендерді де сендіруді, әрі өз елдерін де сендіруді қалаған түрде табасыңдар. әрқашан олар бұзақылыққа нұсқалса, олар оның ішіне етпетінен түседі. Ал егер олар сендерден тайынбаса, сендерге келісім ұсынбаса және олар қолдарын тыймаса, сонда оларды қайдан тапсаңдар да ұстап өлтіріңдер. Міне осыларды, сендер үшін оларға қарсы ашық дәлел қылдық
Аударма: Халифа Алтай
Жақында сендер басқа біреулерін кездестіресіңдер. Олар сендерден де аман болуды әрі өз қауымдарынан да аман болуды қалайды. Қашан олар бүлікке қайтарылса, оған дендей түседі. Егер олар сендерді жайларыңа қалдырмаса, сендерге' бейбіт келісім ұсынбаса және қолдарын тыймаса, оларды ұстаңдар да кездескен жерлерінде өлтіріңдер. Міне, осыларға қарсы сендерге анық дәлел кетірдік
Аударма: ҚМДБ
4:92
وَمَا كَانَ لِمُؤۡمِنٍ أَن يَقۡتُلَ مُؤۡمِنًا إِلَّا خَطَـٔٗاۚ وَمَن قَتَلَ مُؤۡمِنًا خَطَـٔٗا فَتَحۡرِيرُ رَقَبَةٖ مُّؤۡمِنَةٖ وَدِيَةٞ مُّسَلَّمَةٌ إِلَىٰٓ أَهۡلِهِۦٓ إِلَّآ أَن يَصَّدَّقُواْۚ فَإِن كَانَ مِن قَوۡمٍ عَدُوّٖ لَّكُمۡ وَهُوَ مُؤۡمِنٞ فَتَحۡرِيرُ رَقَبَةٖ مُّؤۡمِنَةٖۖ وَإِن كَانَ مِن قَوۡمِۭ بَيۡنَكُمۡ وَبَيۡنَهُم مِّيثَٰقٞ فَدِيَةٞ مُّسَلَّمَةٌ إِلَىٰٓ أَهۡلِهِۦ وَتَحۡرِيرُ رَقَبَةٖ مُّؤۡمِنَةٖۖ فَمَن لَّمۡ يَجِدۡ فَصِيَامُ شَهۡرَيۡنِ مُتَتَابِعَيۡنِ تَوۡبَةٗ مِّنَ ٱللَّهِۗ وَكَانَ ٱللَّهُ عَلِيمًا حَكِيمٗا
Бір мүміннің бір мүмінді өлтіруіне болмайды. Бірақ қатеден болса басқа. Және біреу, бір мүмінді қателесіп өлтірсе, сонда бір мүмін құл азат етуі әрі өлгеннің иесіне құн тапсыруы керек. Бірақ олар кешірім етсе ол басқа. Егер өлтірілген сендермен дұшпан елдегі бір мүмін болса, (құн төлемей) бір мүмін құл азат етуі керек. Ал егер (өлтірілген мүмін) сендермен олардың арасында келісім болған бір елден болса, өлгеннің иесіне құн тапсырып, әрі бір мүмін құл азат етуі керек. Бұларды таба алмаған кісі, Аллаға тәубе (сінің қабыл болуы) үшін тұтас екі ай ораза ұстауы керек. Алла (Т.) толық білуші, хикмет иесі
Аударма: Халифа Алтай
Иманды жанның / мүміннің / иманды адамды / мүмінді / өлтіруіне болмайды, тек жаңсақтықпен болмаса. Кім иманды адамды қателесіп өлтіріп қойса, онда бір иманды құлды азат етуі және / өлген кісінің / туыстарына, олар кешпеген жағдайда, құн төлеуі / тиіс / . Егер ол сендермен жауласқан бір елдің ішіндегі иманды кісі болса, онда бір иманды құлды азат етуі керек. Ал, егер ол араларыңда келісім болған ел ішінен болса, онда / оның / туыстарына құн төлеу және бір иманды құлды азат етуі ләзім. Мұны таба алмаған кісі Аллаһ оның істеген күнәсіне шынайы өкініп, Оған бойсұнуға қайтуын / тәубесін / қабыл етуі үшін екі ай бойы үздіксіз ораза ұстауы керек. Аллаһ - бәрін Білуші, аса Дана
Аударма: ҚМДБ
4:93
وَمَن يَقۡتُلۡ مُؤۡمِنٗا مُّتَعَمِّدٗا فَجَزَآؤُهُۥ جَهَنَّمُ خَٰلِدٗا فِيهَا وَغَضِبَ ٱللَّهُ عَلَيۡهِ وَلَعَنَهُۥ وَأَعَدَّ لَهُۥ عَذَابًا عَظِيمٗا
Кім бір мүмінді әтейге өлтірсе, оның жазасы, ішінде мүлде қалатын тозак болады. Сондай-ақ оған алланың ашуы, қарғысы болып және оған зор қинау әзірлеп қойған
Аударма: Халифа Алтай
Кім бір иманды адамды / мүмінді / әдейілеп өлтірсе, оның жазасы Жаһаннам болып, ол онда түпкілікті қалады. Әрі Аллаһ оған ашуланып, оны лағнеттейді және ол үшін өте үлкен азап әзірлейді
Аударма: ҚМДБ
4:94
يَـٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوٓاْ إِذَا ضَرَبۡتُمۡ فِي سَبِيلِ ٱللَّهِ فَتَبَيَّنُواْ وَلَا تَقُولُواْ لِمَنۡ أَلۡقَىٰٓ إِلَيۡكُمُ ٱلسَّلَٰمَ لَسۡتَ مُؤۡمِنٗا تَبۡتَغُونَ عَرَضَ ٱلۡحَيَوٰةِ ٱلدُّنۡيَا فَعِندَ ٱللَّهِ مَغَانِمُ كَثِيرَةٞۚ كَذَٰلِكَ كُنتُم مِّن قَبۡلُ فَمَنَّ ٱللَّهُ عَلَيۡكُمۡ فَتَبَيَّنُوٓاْۚ إِنَّ ٱللَّهَ كَانَ بِمَا تَعۡمَلُونَ خَبِيرٗا
Әй мүміндер! Алла жолында (соғысқа) шықсаңдар, өте анықтаңдар. Сәлем бергенді дүние- мүлікке қызығып: «Мүмін емессің» демеңдер. Өйткені Алланың қасында көптеген олжалар бар. Бұрын сендер де сондай едіңдер. Алла (Т.) сендерге қамқорлық етті. Сондықтан өте- мөте анықтаңдар. Шәксіз Алла істеген істеріңді біледі
Аударма: Халифа Алтай
Ей, иманға келгендер! Қашан Аллаһ жолына / жорыққа / шықсаңдар, анықтап алыңдар. Сендерге / исламның / сәлемдесу сөзін айтқан біреуге осы өмірдің бұйымы үшін: «Сен иманды адам / мүмін / емессің»,- демеңдер. Анығында, Аллаһта мол олжа / табыс / бар. Бұрын сендер де сондай болған едіңдер. Бірақ Аллаһ сендерге игілік жасады, ендеше анықтап алыңдар. Ақиқатында, Аллаһ - не істеп жатқандарыңнан Хабардар
Аударма: ҚМДБ
4:95
لَّا يَسۡتَوِي ٱلۡقَٰعِدُونَ مِنَ ٱلۡمُؤۡمِنِينَ غَيۡرُ أُوْلِي ٱلضَّرَرِ وَٱلۡمُجَٰهِدُونَ فِي سَبِيلِ ٱللَّهِ بِأَمۡوَٰلِهِمۡ وَأَنفُسِهِمۡۚ فَضَّلَ ٱللَّهُ ٱلۡمُجَٰهِدِينَ بِأَمۡوَٰلِهِمۡ وَأَنفُسِهِمۡ عَلَى ٱلۡقَٰعِدِينَ دَرَجَةٗۚ وَكُلّٗا وَعَدَ ٱللَّهُ ٱلۡحُسۡنَىٰۚ وَفَضَّلَ ٱللَّهُ ٱلۡمُجَٰهِدِينَ عَلَى ٱلۡقَٰعِدِينَ أَجۡرًا عَظِيمٗا
Мүміндерден себепсіз (соғысқа шықпай) отырушылармен Алла жолында малдары және жандарымен соғысушылар тең емес. Алла (Т.) малдарымен, жандарымен соғысушыларды дәрежеде арттырды. Сондай-ақ барлығына да игілік уәде етті. Және соғысушыларды отырушылардан үстем кеңшілікке бөлеп, ірі сыйлық берді
Аударма: Халифа Алтай
Иманға келгендерден себепсіз / соғысқа шықпай / отырушылар мен Аллаһ жолында мал-дүниелері және жандарымен күресушілер тең болмайды. Ал, ауыртпашылықтары / себебі / барлар бұған кірмейді. Аллаһ мал-дүниелері және жандарымен күресушілерді / үйлерінде / отырушылардан дәрежеде артық етті. Аллаһ олардың әрқайсысына жақсылықты уәде етті. Сондай-ақ Аллаһ күресушілерді отырушылардан ұлы сыйда артық етті
Аударма: ҚМДБ
4:96
دَرَجَٰتٖ مِّنۡهُ وَمَغۡفِرَةٗ وَرَحۡمَةٗۚ وَكَانَ ٱللَّهُ غَفُورٗا رَّحِيمًا
Алладан дәрежелер, жарылқау және мәрхамет бар. Алла өте жарылқаушы, ерекше мейірімді
Аударма: Халифа Алтай
Өз тарапынан болған дәрежелерде, кешірімде және мейірімде. Аллаһ - өте Кешірімді / ,ерекше Мейірімді
Аударма: ҚМДБ
4:97
إِنَّ ٱلَّذِينَ تَوَفَّىٰهُمُ ٱلۡمَلَـٰٓئِكَةُ ظَالِمِيٓ أَنفُسِهِمۡ قَالُواْ فِيمَ كُنتُمۡۖ قَالُواْ كُنَّا مُسۡتَضۡعَفِينَ فِي ٱلۡأَرۡضِۚ قَالُوٓاْ أَلَمۡ تَكُنۡ أَرۡضُ ٱللَّهِ وَٰسِعَةٗ فَتُهَاجِرُواْ فِيهَاۚ فَأُوْلَـٰٓئِكَ مَأۡوَىٰهُمۡ جَهَنَّمُۖ وَسَآءَتۡ مَصِيرًا
Өздеріне зұлымдық еткендердің, (бұлар Меккеден көшпей қалғандар. ) періштелер жандарын алғанда: «Қайда едіңдер?»,- деді. Олар: «біздер бұл жерде шамасыз едік» деді. (Періштелер): «Алланың жері кең емес пе? Сонда ол жерге көшсеңдер еді?»,- деді. Міне бұлардың орны тозақ. Неткен жаман орын
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, өздеріне әділетсіздік еткендерге, олардың жандарын алатын періштелер: «Сендер қандай жағдайда болдыңдар?» - дейді. Олар: «Біз жер бетінде әлсіз едік», - дейді. / Періштелер / : «Қоныс аударуларың үшін Аллаһтың жері кең емес пе?» - дейді. Міне, солардың «баспанасы» - Жаһаннам. Ол баратын орын - қандай жаман
Аударма: ҚМДБ
4:98
إِلَّا ٱلۡمُسۡتَضۡعَفِينَ مِنَ ٱلرِّجَالِ وَٱلنِّسَآءِ وَٱلۡوِلۡدَٰنِ لَا يَسۡتَطِيعُونَ حِيلَةٗ وَلَا يَهۡتَدُونَ سَبِيلٗا
Шамасыз еркек, әйелдер және балалардан шара қолдана алмайтын, жол таба алмайтындар басқа…
Аударма: Халифа Алтай
Алайда, айла-шараға шамасы келмейтін және жол таба алмайтын шамасыз ерлер, әйелдер және балалардың жөні бөлек
Аударма: ҚМДБ
4:99
فَأُوْلَـٰٓئِكَ عَسَى ٱللَّهُ أَن يَعۡفُوَ عَنۡهُمۡۚ وَكَانَ ٱللَّهُ عَفُوًّا غَفُورٗا
Міне бұларды Алланың кешірім етуі үміт етіледі. Өйткені Алла, өте кешірімді, ерекше жарылқаушы
Аударма: Халифа Алтай
Міне, соларды Аллаһ кешіреді. Аллаһ - жазаламай Кешіріп жіберуші , өте Кешірімді
Аударма: ҚМДБ
4:100
۞وَمَن يُهَاجِرۡ فِي سَبِيلِ ٱللَّهِ يَجِدۡ فِي ٱلۡأَرۡضِ مُرَٰغَمٗا كَثِيرٗا وَسَعَةٗۚ وَمَن يَخۡرُجۡ مِنۢ بَيۡتِهِۦ مُهَاجِرًا إِلَى ٱللَّهِ وَرَسُولِهِۦ ثُمَّ يُدۡرِكۡهُ ٱلۡمَوۡتُ فَقَدۡ وَقَعَ أَجۡرُهُۥ عَلَى ٱللَّهِۗ وَكَانَ ٱللَّهُ غَفُورٗا رَّحِيمٗا
Кім Алла жолында ауа көшсе, көптеген кең қоныс және кеңшілік табады. Сондай-ақ біреу үйінен Алалға, Пайғамбарға бола шықса да, оған өлім жетсе, сонда оның бодауы Алланың өзіне тән болады. Алла аса жарылқаушы, тым мейірімді
Аударма: Халифа Алтай
Кім Аллаһ жолында / иманын сақтау үтін / қоныс аударса, ол, қоныстану үшін жер жүзінде көптеген орын әрі молшылық табады. Кім үйінен Аллаһ және Оның Елшісіне қарай қоныс аударып шығып, содан кейін оған өлім жетсе, ақиқатында, оның сыйы - Аллаһта. Аллаһ - өте Кешірімді , ерекше Мейірімді
Аударма: ҚМДБ
4:101
وَإِذَا ضَرَبۡتُمۡ فِي ٱلۡأَرۡضِ فَلَيۡسَ عَلَيۡكُمۡ جُنَاحٌ أَن تَقۡصُرُواْ مِنَ ٱلصَّلَوٰةِ إِنۡ خِفۡتُمۡ أَن يَفۡتِنَكُمُ ٱلَّذِينَ كَفَرُوٓاْۚ إِنَّ ٱلۡكَٰفِرِينَ كَانُواْ لَكُمۡ عَدُوّٗا مُّبِينٗا
Қашан жер жүзінде сапарда болсаңдар, кәпірлердің өздеріңе бір қастандық істеуінен қорықсаңдар, сендерге намаздан қысқартуларыңда күнә жоқ. Негізінен сендерге кәпірлер ашық қаскүнем
Аударма: Халифа Алтай
Жер жүзінде сапарда болғандарыңда, күпірлік етушілердің / Аллаһқа қарсы келушілердің / өздеріңе бүлік тудыруынан қауіптенсеңдер, сендерге намазды қысқартуларыңда айып жоқ. Ақиқатында, кәпірлер - сендерге анық дұшпан
Аударма: ҚМДБ
4:102
وَإِذَا كُنتَ فِيهِمۡ فَأَقَمۡتَ لَهُمُ ٱلصَّلَوٰةَ فَلۡتَقُمۡ طَآئِفَةٞ مِّنۡهُم مَّعَكَ وَلۡيَأۡخُذُوٓاْ أَسۡلِحَتَهُمۡۖ فَإِذَا سَجَدُواْ فَلۡيَكُونُواْ مِن وَرَآئِكُمۡ وَلۡتَأۡتِ طَآئِفَةٌ أُخۡرَىٰ لَمۡ يُصَلُّواْ فَلۡيُصَلُّواْ مَعَكَ وَلۡيَأۡخُذُواْ حِذۡرَهُمۡ وَأَسۡلِحَتَهُمۡۗ وَدَّ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ لَوۡ تَغۡفُلُونَ عَنۡ أَسۡلِحَتِكُمۡ وَأَمۡتِعَتِكُمۡ فَيَمِيلُونَ عَلَيۡكُم مَّيۡلَةٗ وَٰحِدَةٗۚ وَلَا جُنَاحَ عَلَيۡكُمۡ إِن كَانَ بِكُمۡ أَذٗى مِّن مَّطَرٍ أَوۡ كُنتُم مَّرۡضَىٰٓ أَن تَضَعُوٓاْ أَسۡلِحَتَكُمۡۖ وَخُذُواْ حِذۡرَكُمۡۗ إِنَّ ٱللَّهَ أَعَدَّ لِلۡكَٰفِرِينَ عَذَابٗا مُّهِينٗا
(Мұхаммед Ғ.С.) Сен олардың ішінде (соғыс майданында имам болып) тұрған кезде, олардан бір бөлегі сенімен бірге намазға тұрсын, барлығы құралдарын алсын. Сонда қашан олар сәжде қылса, (саған ұйып бір рікғат оқыса,) олар арт жақтарында (жау жақта) болсын. Екінші намаз оқымаған топ келіп, сенімен бірге намаз оқысын, қорғаныстарын, құралдарын да алсын. өйткені, кәпірлер құралдарыңнан, нәрселеріңнен кәперсіз болуларыңды, үстеріңе бір -ақ шабыуыл жасауды ойлар. Егер сендерге жаңбырдан бір қиналыс немесе ауыру болсаңдар, сендерге құралдарыңды қойып қоюдарыңның оқасы жоқ. Сондай-ақ сақтық шарасын қолданыңдар. Негізінен Алла кәпірлер үшін қорлаушы азап әзірлеген
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Қашан олардың арасында, оларға имам болып намазды орындайтын болсаң, олардың бір бөлігі сенімен бірге тұрып, қаруларын ұстасын. Олар сәжде жасап болған соң, сендердің арт жақтарыңа өтсін, сөйтіп намаз оқымаған екінші бөлігі келіп, сенімен бірге намаз оқысын және сақтық істеп, қаруларын ұстасын. Күпірлік етушілер / Аллаһқа қарсы келушілер / сендердің қаруларыңнан және заттарыңнан қаперсіз қалғандарыңды қалайды, сонда олар сендерге бірден лап қоймақшы. Егер сендерге жаңбырдан бір жайсыздық туса немесе науқас болсаңдар, қаруларыңды қоя тұруларың айып емес. Бірақ, сақтық шараларын ұстаныңдар. Ақиқатында, Аллаһ кәпірлерге қорлаушы азап әзірледі
Аударма: ҚМДБ
4:103
فَإِذَا قَضَيۡتُمُ ٱلصَّلَوٰةَ فَٱذۡكُرُواْ ٱللَّهَ قِيَٰمٗا وَقُعُودٗا وَعَلَىٰ جُنُوبِكُمۡۚ فَإِذَا ٱطۡمَأۡنَنتُمۡ فَأَقِيمُواْ ٱلصَّلَوٰةَۚ إِنَّ ٱلصَّلَوٰةَ كَانَتۡ عَلَى ٱلۡمُؤۡمِنِينَ كِتَٰبٗا مَّوۡقُوتٗا
Қашан намаз өтеп болсаңдар, Алланы; тұрып, отырып және жатқан бойда еске алыңдар. Қашан тынышталсаңдар, онда намазды толық орындаңдар. Өйткені, намаз мүміндерге белгілі уақытта парыз қылынды
Аударма: Халифа Алтай
Қашан намазды орындап болсаңдар, Аллаһты тұрған, отырған және жамбасымен жатқан халде еске алыңдар. Қашан алаңсыз болғандарында, намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындаңдар. Анығында, намаз - имандылар / мүміндер / үшін уақыттары белгіленген парыз
Аударма: ҚМДБ
4:104
وَلَا تَهِنُواْ فِي ٱبۡتِغَآءِ ٱلۡقَوۡمِۖ إِن تَكُونُواْ تَأۡلَمُونَ فَإِنَّهُمۡ يَأۡلَمُونَ كَمَا تَأۡلَمُونَۖ وَتَرۡجُونَ مِنَ ٱللَّهِ مَا لَا يَرۡجُونَۗ وَكَانَ ٱللَّهُ عَلِيمًا حَكِيمًا
Ол қауымды іздеуде селқостанбаңдар. Егер сендер күйзелген болсаңдар, расында олар да сендер күйзелгендей күйзелуде. Негізінен сендер Алладан олардың үміт етпеген нәрсесін үміт еетсіңдер. Алла (Т.) толық білуші, хикмет иесі
Аударма: Халифа Алтай
соғысқан / елдің соңына түсуде осалдық танытпаңдар. Егер сендер күйзелген болсаңдар, негізінде олар да сендер секілді күйзеледі. Ал сендер болсаңдар, Аллаһтан олар үміт етпейтінді үміт етесіңдер. Аллаһ - бәрін Білуші , аса Дана
Аударма: ҚМДБ
4:105
إِنَّآ أَنزَلۡنَآ إِلَيۡكَ ٱلۡكِتَٰبَ بِٱلۡحَقِّ لِتَحۡكُمَ بَيۡنَ ٱلنَّاسِ بِمَآ أَرَىٰكَ ٱللَّهُۚ وَلَا تَكُن لِّلۡخَآئِنِينَ خَصِيمٗا
(Мұхаммед Ғ.С.) шын мәнінде саған Кітапты; Алланың, өзіңе көрсетуі бойынша адамдардың арасына үкім қылуың үшін шындықпен түсірдік. Сондықтан қаралықшылдарға болысушы болма. (бір Мұнафық көршісінің сауытын ұрлап, бір Яһудидің үйіне тығып қойып, өзі Пайғамбар (Ғ.С.) ға келіп ант-су ішіп сендіріп, қылмысты; Яһудиге артуға тырысады
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Анығында, Біз саған Кітапты адамдардың арасына Аллаһтың өзіңе көрсеткені бойынша үкім етуің үшін ақиқатпен түсірдік. Қиянатшылар үшін тартысушы болма
Аударма: ҚМДБ
4:106
وَٱسۡتَغۡفِرِ ٱللَّهَۖ إِنَّ ٱللَّهَ كَانَ غَفُورٗا رَّحِيمٗا
Алладан жарылқану тіле. Негізінен Алла (Т.) аса жарылқаушы, ерекше мейірімді
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһтан кешірім сұра. Негізінде, Аллаһ - өте Кешірімді, ерекше Мейірімді
Аударма: ҚМДБ
4:107
وَلَا تُجَٰدِلۡ عَنِ ٱلَّذِينَ يَخۡتَانُونَ أَنفُسَهُمۡۚ إِنَّ ٱللَّهَ لَا يُحِبُّ مَن كَانَ خَوَّانًا أَثِيمٗا
Өздеріне кесір істегендер үшін сөз таластырма. Өйткені; Алла, қаралықшыл күнәкарды жақсы көрмейді
Аударма: Халифа Алтай
Сен өздеріне опасыздық / қиянат / жасағандар жайында тартыспа. Шын мәнінде Аллаһ қиянатшы, күнәһарды жақсы көрмейді
Аударма: ҚМДБ
4:108
يَسۡتَخۡفُونَ مِنَ ٱلنَّاسِ وَلَا يَسۡتَخۡفُونَ مِنَ ٱللَّهِ وَهُوَ مَعَهُمۡ إِذۡ يُبَيِّتُونَ مَا لَا يَرۡضَىٰ مِنَ ٱلۡقَوۡلِۚ وَكَانَ ٱللَّهُ بِمَا يَعۡمَلُونَ مُحِيطًا
Олар адамнан жасырса да, Алладан жасыра алмайды. Алла, олар түнделетіп, разы болмайтын сөз қылғанда олармен бірге еді. Алла олардың не істегендерін бұлжытпай біледі
Аударма: Халифа Алтай
Олар адамдардан жасырады да, ал Аллаһтан жасырмайды. Өйткені олар түнде Ол разы болмайтын сөздерін ойластырғанда, Аллаһ олармен бірге еді. Аллаһ - олардың не істеп жатқандарын Қамтушы
Аударма: ҚМДБ
4:109
هَـٰٓأَنتُمۡ هَـٰٓؤُلَآءِ جَٰدَلۡتُمۡ عَنۡهُمۡ فِي ٱلۡحَيَوٰةِ ٱلدُّنۡيَا فَمَن يُجَٰدِلُ ٱللَّهَ عَنۡهُمۡ يَوۡمَ ٱلۡقِيَٰمَةِ أَم مَّن يَكُونُ عَلَيۡهِمۡ وَكِيلٗا
Ал міне сендер дүние тіршілігінде олар тарапынан дауластыңдар, сонда қиямет күні олар тарапынан Алламен кім дауласа алады? Немесе оларға кім уәкіл бола алады
Аударма: Халифа Алтай
Міне, сендер осы өмірде олар / опасыздар / жайында тартыстыңдар. Ал енді, Қайта тірілу күні олар жайында Аллаһпен кім тартыспақ? Немесе оларға кім қорғаушы болып араша түспек
Аударма: ҚМДБ
4:110
وَمَن يَعۡمَلۡ سُوٓءًا أَوۡ يَظۡلِمۡ نَفۡسَهُۥ ثُمَّ يَسۡتَغۡفِرِ ٱللَّهَ يَجِدِ ٱللَّهَ غَفُورٗا رَّحِيمٗا
Біреу бір жамандық істесе немесе өзіне зұлымдық қылса да, сонсоң Алладан жарылқану тілесе, Алланы аса жарылқаушы, ерекше мейірімді табар еді
Аударма: Халифа Алтай
Кім бір жамандық істеп немесе өзіне әділетсіздік етіп, содан кейін Аллаһтан кешірім сұраса, Аллаһтың өте Кешірімді, ерекше Мейірімді екенін көреді
Аударма: ҚМДБ
4:111
وَمَن يَكۡسِبۡ إِثۡمٗا فَإِنَّمَا يَكۡسِبُهُۥ عَلَىٰ نَفۡسِهِۦۚ وَكَانَ ٱللَّهُ عَلِيمًا حَكِيمٗا
Ал және біреу күнә істесе, сонда негізінен ол өзіне істеген болады. Алла (Т.) толық білуші, аса дана
Аударма: Халифа Алтай
Кім бір күнә істесе, шын мәнінде оны өзінің зиянына істейді. Аллаһ - бәрін Білуші, аса Дана
Аударма: ҚМДБ
4:112
وَمَن يَكۡسِبۡ خَطِيٓـَٔةً أَوۡ إِثۡمٗا ثُمَّ يَرۡمِ بِهِۦ بَرِيٓـٔٗا فَقَدِ ٱحۡتَمَلَ بُهۡتَٰنٗا وَإِثۡمٗا مُّبِينٗا
Тағы да біреу, бір қателік немесе күнә істесе, оны, ақ біреуге жапса, расында ол жала қойып, ашық күнә жүктеп алған болады
Аударма: Халифа Алтай
Ал кім бір қателік немесе күнә жасап, оны жазықсыз біреуге жапса, анығында, ол өзіне жаланың жүгін және анық күнәні артады
Аударма: ҚМДБ
4:113
وَلَوۡلَا فَضۡلُ ٱللَّهِ عَلَيۡكَ وَرَحۡمَتُهُۥ لَهَمَّت طَّآئِفَةٞ مِّنۡهُمۡ أَن يُضِلُّوكَ وَمَا يُضِلُّونَ إِلَّآ أَنفُسَهُمۡۖ وَمَا يَضُرُّونَكَ مِن شَيۡءٖۚ وَأَنزَلَ ٱللَّهُ عَلَيۡكَ ٱلۡكِتَٰبَ وَٱلۡحِكۡمَةَ وَعَلَّمَكَ مَا لَمۡ تَكُن تَعۡلَمُۚ وَكَانَ فَضۡلُ ٱللَّهِ عَلَيۡكَ عَظِيمٗا
(Мұхаммед Ғ.С.) егер саған Алланың ілтипаты, мәрхаметі болмаса еді, әрине олардың бір тобы сені адастыруды ойлаған еді. Олар өздерін ғана адастырады да саған ешбір зиян келтіре алмайды. өйткені Алла, саған Құранды және хикметті түсірді әрі саған білмегендеріңді үйретті. Сондай-ақ Алла (Т.) ның саған деген ілтипаты өте ірі
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Егер саған Аллаһтың кеңшілігі әрі Оның мейірімі болмағанда, олардың бір тобы сені адастыруды ойластырған еді. Алайда, олар өздерін ғана адастырады. Олар саған ешбір нәрседе зиян тигізе алмайды. Аллаһ саған Кітап және даналықты / сүннетті / түсірді әрі саған білмеген нәрселеріңді үйретті. Аллаһтың саған деген кеңшілігі өте үлкен
Аударма: ҚМДБ
4:114
۞لَّا خَيۡرَ فِي كَثِيرٖ مِّن نَّجۡوَىٰهُمۡ إِلَّا مَنۡ أَمَرَ بِصَدَقَةٍ أَوۡ مَعۡرُوفٍ أَوۡ إِصۡلَٰحِۭ بَيۡنَ ٱلنَّاسِۚ وَمَن يَفۡعَلۡ ذَٰلِكَ ٱبۡتِغَآءَ مَرۡضَاتِ ٱللَّهِ فَسَوۡفَ نُؤۡتِيهِ أَجۡرًا عَظِيمٗا
Олардың өзара күңкілдерінің көбінде хайыр жоқ. Бірақ, кім бір садақаны не бір игілікті немесе адамдардың арасын жарастыруды әмір етсе, ол хайырлы. Және біреу, осыны Алланың ризалығын іздеп істесе, сонда оған жедел ірі сауап береміз
Аударма: Халифа Алтай
Құпия сұхбаттардың көбінде еш қайыр жоқ. Тек кім Аллаһқа жақындау мақсатында садақа беруді немесе құпталғанды, не адамдардың арасын жарастыруды бұйырған болмаса. Кім бұны Аллаһтың ризалығын іздеп істесе, жақында оған ұлы сый береміз
Аударма: ҚМДБ
4:115
وَمَن يُشَاقِقِ ٱلرَّسُولَ مِنۢ بَعۡدِ مَا تَبَيَّنَ لَهُ ٱلۡهُدَىٰ وَيَتَّبِعۡ غَيۡرَ سَبِيلِ ٱلۡمُؤۡمِنِينَ نُوَلِّهِۦ مَا تَوَلَّىٰ وَنُصۡلِهِۦ جَهَنَّمَۖ وَسَآءَتۡ مَصِيرًا
Ал біреу, өзіне тура жол айқындалғаннан кейін Пайғамбарға қарсы шықса, сондай-ақ мүміндердің жолынан басқа жол іздесе, оны бұрылған жағына бұрамыз да тозаққа саламыз. Ол нендей жаман орын
Аударма: Халифа Алтай
Кім өзіне тура жол анықталғаннан кейін Елшіге қарсы келсе, сондай-ақ имандылардың / мүміндердің / жолынан басқа жолға ерсе, оны бұрылған жағына бұрып қоямыз да кейін Жаһаннамда жандырамыз. Ол - қайтар орын ретінде қандай жаман
Аударма: ҚМДБ
4:116
إِنَّ ٱللَّهَ لَا يَغۡفِرُ أَن يُشۡرَكَ بِهِۦ وَيَغۡفِرُ مَا دُونَ ذَٰلِكَ لِمَن يَشَآءُۚ وَمَن يُشۡرِكۡ بِٱللَّهِ فَقَدۡ ضَلَّ ضَلَٰلَۢا بَعِيدًا
Негізінен Алла, өзіне ортақ қосуды жарылқамайды. Одан басқа кімді қаласа жарылқайды . Aл және кім Aллaғa ортақ қосса, расында өте ұзаққа адасты
Аударма: Халифа Алтай
Анығында, Аллаһ Өзіне серік қосуды кешірмейді. Ал одан өзгені / күнәларды / қалағанына кешіреді. Кім Аллаһқа бір нәрсені серік етіп қосса, өте ұзақ адасумен адасты
Аударма: ҚМДБ
4:117
إِن يَدۡعُونَ مِن دُونِهِۦٓ إِلَّآ إِنَٰثٗا وَإِن يَدۡعُونَ إِلَّا شَيۡطَٰنٗا مَّرِيدٗا
(Мекке мүшріктері,) олар, Aлладaн өзге ұрғашыларға ғана жалбарынды. Негізінен олар қасарысқан шайтанға жалбарынды
Аударма: Халифа Алтай
Олар/ Аллаһқа серік қосушылар / Оны қойып, ұрғашыларға / әйел есімді пұттарға / ғана табынады. Анығында, олар тек қасарысқан шайтанға ғана табынады
Аударма: ҚМДБ
4:118
لَّعَنَهُ ٱللَّهُۘ وَقَالَ لَأَتَّخِذَنَّ مِنۡ عِبَادِكَ نَصِيبٗا مَّفۡرُوضٗا
Aллa оны қарғады. Сонда шaйтан: "Әрине құлдарыңнан белгілі бір үлес аламын" деді
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ оны / шайтанды / лағнеттеді. Сонда, ол: «Міндетті түрде, құлдарыңнан белгілі бір үлес аламын
Аударма: ҚМДБ
4:119
وَلَأُضِلَّنَّهُمۡ وَلَأُمَنِّيَنَّهُمۡ وَلَأٓمُرَنَّهُمۡ فَلَيُبَتِّكُنَّ ءَاذَانَ ٱلۡأَنۡعَٰمِ وَلَأٓمُرَنَّهُمۡ فَلَيُغَيِّرُنَّ خَلۡقَ ٱللَّهِۚ وَمَن يَتَّخِذِ ٱلشَّيۡطَٰنَ وَلِيّٗا مِّن دُونِ ٱللَّهِ فَقَدۡ خَسِرَ خُسۡرَانٗا مُّبِينٗا
Және oлapды әрине адастырамын, әлбетте oлapды босқа үміттендіремін. Әрі олapғa міндетті түрде әмір етемін. Сонда олар: Maлдарды құлақтарын (бұтқа арнап) тіледі. Сондай-ақ oлapғa әрине Алланың жаратқанын өзгертуді бұйырамын" (дедi.) Кім Алладан өзге шайтанды дос тұтса, сонда рас ашық зиянға ұшыраған бoлды
Аударма: Халифа Алтай
Әрі оларды әлбетте адастырамын және оларда / жалған / арман, / бос / қиялдарға үміттерін оятамын / дәмелендіремін / . Әрі мен міндетті түрде бұйырамын, сонда олар малдардың құлақтарын тіледі. Әрі әлбетте бұйрық беремін, сөйтіп олар Аллаһтың жаратқанын өзгертеді», - деді. Кім Аллаһты қойып, шайтанды дос, жақтас етіп алса, әлбетте анық зиян шегумен шығынға батты
Аударма: ҚМДБ
4:120
يَعِدُهُمۡ وَيُمَنِّيهِمۡۖ وَمَا يَعِدُهُمُ ٱلشَّيۡطَٰنُ إِلَّا غُرُورًا
Шайтан oлapғa уәде беріп, оларды босқа ұміттендіреді Шайтанның oлapғa уәдесі aлдay ғана
Аударма: Халифа Алтай
Ол / шайтан / оларға уәде береді және оларды құр үміттендіреді. Негізінде, шайтан оларға тек бос нәрселерді уәде етеді
Аударма: ҚМДБ
4:121
أُوْلَـٰٓئِكَ مَأۡوَىٰهُمۡ جَهَنَّمُ وَلَا يَجِدُونَ عَنۡهَا مَحِيصٗا
Міне солардың орны тозак. Сондай-ақ олар одан қашар жер таба алмайды
Аударма: Халифа Алтай
Міне, солардың баратын орны - Жаһаннам. Олар одан қашар жер таба алмайды
Аударма: ҚМДБ
4:122
وَٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَعَمِلُواْ ٱلصَّـٰلِحَٰتِ سَنُدۡخِلُهُمۡ جَنَّـٰتٖ تَجۡرِي مِن تَحۡتِهَا ٱلۡأَنۡهَٰرُ خَٰلِدِينَ فِيهَآ أَبَدٗاۖ وَعۡدَ ٱللَّهِ حَقّٗاۚ وَمَنۡ أَصۡدَقُ مِنَ ٱللَّهِ قِيلٗا
Иман келтіріп, ізгі іс істегендерді астарынан өзендер ағатын бақшаларға кіргіземіз де, олар онда мәңгі қалады. Өйткені, Алланың уәдесі хақ. Алла (Т.) дан тура сөзді кім
Аударма: Халифа Алтай
Иманға келген және ізгі амал жасағандарды, жақында астынан өзендер ағып жататын / Жәннаттағы / бақтарға кіргіземіз. Аллаһтың хақ уәдесі бойынша, олар онда мәңгі қалады. Сөзде Аллаһтан тура кім бар
Аударма: ҚМДБ
4:123
لَّيۡسَ بِأَمَانِيِّكُمۡ وَلَآ أَمَانِيِّ أَهۡلِ ٱلۡكِتَٰبِۗ مَن يَعۡمَلۡ سُوٓءٗا يُجۡزَ بِهِۦ وَلَا يَجِدۡ لَهُۥ مِن دُونِ ٱللَّهِ وَلِيّٗا وَلَا نَصِيرٗا
(Әй мүшріктер!) Не сендердің ойларыңша, не Кітап иелерінің ойларынша да емес. Кім бір жаман іс қылса, сол себепті жазаланады. Ол үшін Алладан өзге ие де жәрдемші де таба алмайды
Аударма: Халифа Алтай
Бұл игілікке / сендердің / мұсылмандардың / қиял-армандарыңмен де, Кітап берілген қауымның қиял-армандарымен де / жету мүмкін / емес. Кім бір жамандық істесе, сол үшін жазаланады. Әрі өзіне Аллаһтан өзге қамқоршы да, көмек беруші де таппайды
Аударма: ҚМДБ
4:124
وَمَن يَعۡمَلۡ مِنَ ٱلصَّـٰلِحَٰتِ مِن ذَكَرٍ أَوۡ أُنثَىٰ وَهُوَ مُؤۡمِنٞ فَأُوْلَـٰٓئِكَ يَدۡخُلُونَ ٱلۡجَنَّةَ وَلَا يُظۡلَمُونَ نَقِيرٗا
Еркектен немесе әйелден кім иман келтіруші болып, ізгі істерден істесе, міне солар жәннетке кіреді. Түк де әділетсіздікке ұшыратылмайды
Аударма: Халифа Алтай
Ер кісі немесе әйел кісіден кім иманды / мүмін / болған түрде ізгі амалдар жасаса, міне, солар жәннатқа кіреді және оларға кұрма дәнінің ойығындай да / ешқандай / әділетсіздік жасалмайды
Аударма: ҚМДБ
4:125
وَمَنۡ أَحۡسَنُ دِينٗا مِّمَّنۡ أَسۡلَمَ وَجۡهَهُۥ لِلَّهِ وَهُوَ مُحۡسِنٞ وَٱتَّبَعَ مِلَّةَ إِبۡرَٰهِيمَ حَنِيفٗاۗ وَٱتَّخَذَ ٱللَّهُ إِبۡرَٰهِيمَ خَلِيلٗا
Кім діни тұрғыдан жақсылық істеуші болып, жүзін Аллаға тапсырып, нағыз Ыбырайым (Ғ.С.) ның дініне ерген кісіден жақсы бола алады? Алла (Т.) Ыбырайым (Ғ.С.) ды дос тұтқан
Аударма: Халифа Алтай
Дінде жүзін Аллаһқа бойсұндыра беріліп және жақсылықты ықыласпен істеуші болып, ханиф Ибраһимнің дініне ергеннен кім жақсырақ бола алады? Аллаһ Ибраһимді жақын дос етіп алды
Аударма: ҚМДБ
4:126
وَلِلَّهِ مَا فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَمَا فِي ٱلۡأَرۡضِۚ وَكَانَ ٱللَّهُ بِكُلِّ شَيۡءٖ مُّحِيطٗا
Көктердегі әрі жердегі нәрселер Алланікі. Сондай-ақ Алла әр нәрсені толық меңгеруші
Аударма: Халифа Алтай
Аспандар мен жердегілердің бәрі - Аллаһтікі. Аллаһ - барлық нәрсені Қамтушы
Аударма: ҚМДБ
4:127
وَيَسۡتَفۡتُونَكَ فِي ٱلنِّسَآءِۖ قُلِ ٱللَّهُ يُفۡتِيكُمۡ فِيهِنَّ وَمَا يُتۡلَىٰ عَلَيۡكُمۡ فِي ٱلۡكِتَٰبِ فِي يَتَٰمَى ٱلنِّسَآءِ ٱلَّـٰتِي لَا تُؤۡتُونَهُنَّ مَا كُتِبَ لَهُنَّ وَتَرۡغَبُونَ أَن تَنكِحُوهُنَّ وَٱلۡمُسۡتَضۡعَفِينَ مِنَ ٱلۡوِلۡدَٰنِ وَأَن تَقُومُواْ لِلۡيَتَٰمَىٰ بِٱلۡقِسۡطِۚ وَمَا تَفۡعَلُواْ مِنۡ خَيۡرٖ فَإِنَّ ٱللَّهَ كَانَ بِهِۦ عَلِيمٗا
(Мұхаммед Ғ.С.) олар сенен, әйелдер жайында пәтуа сұрайды. Оларға: «Алла сендерге олар жөнінде пәтуасын білдіреді: Бұл сендерге оқылатын Кітапта да, оларға жазылған мирастарын бермей өздерін алуға қызығатын жетім әйелдермен байқұс балалар және жетімдерге дұрыс қамқорлық істеу жайында пәтуа береді» де. Және хайырдан не істесеңдер сөз жоқ, оны Алла біледі
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед!! Олар сенен әйелдер жайында бекітілгенді сұрайды. Айт: «Олар жайында Аллаһ сендерге шешім береді әрі өздеріңе Кітапта оқылатын - жетім әйелдерге тиісті болған нәрсені бермей, оларға үйленуді қалайтындар жайлы және әлсіз жас балалар жайлы әрі жетімдерге әділдікпен қарауларың жөнінде де», деп. Қандай да бір қайыр жасасаңдар, ақиқатында Аллаһ - ол жайлы біледі
Аударма: ҚМДБ
4:128
وَإِنِ ٱمۡرَأَةٌ خَافَتۡ مِنۢ بَعۡلِهَا نُشُوزًا أَوۡ إِعۡرَاضٗا فَلَا جُنَاحَ عَلَيۡهِمَآ أَن يُصۡلِحَا بَيۡنَهُمَا صُلۡحٗاۚ وَٱلصُّلۡحُ خَيۡرٞۗ وَأُحۡضِرَتِ ٱلۡأَنفُسُ ٱلشُّحَّۚ وَإِن تُحۡسِنُواْ وَتَتَّقُواْ فَإِنَّ ٱللَّهَ كَانَ بِمَا تَعۡمَلُونَ خَبِيرٗا
Егер бір әйел, ерінің жеруінен немесе бет бұруынан қорықса, өзара келісіп жарасуларында екеуіне де күнә жоқ. Сондай-ақ жарасу жақсы. Нәпсілер қытымырлыққа бейім жаратылған. Егер жақсы шығысып, сақсынсаңдар негізінен Алла (Т.) не істегендеріңді толық біледі
Аударма: Халифа Алтай
Егер бір әйел күйеуінің / өзімен / қарым-қатынасы бұзылуынан не теріс айналуынан қорықса, араларын келісіммен түзетулерінде екеуіне де айып емес. Өйткені келісім - қайырлы. Адам жаны сараңдыққа бейім. Егер жақсылық істесеңдер және тақуалық қылсаңдар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтансаңдар!, анығында Аллаһ - не істеп жатқандарыңнан Хабардар
Аударма: ҚМДБ
4:129
وَلَن تَسۡتَطِيعُوٓاْ أَن تَعۡدِلُواْ بَيۡنَ ٱلنِّسَآءِ وَلَوۡ حَرَصۡتُمۡۖ فَلَا تَمِيلُواْ كُلَّ ٱلۡمَيۡلِ فَتَذَرُوهَا كَٱلۡمُعَلَّقَةِۚ وَإِن تُصۡلِحُواْ وَتَتَّقُواْ فَإِنَّ ٱللَّهَ كَانَ غَفُورٗا رَّحِيمٗا
Қаншалық тырыссаңдар да әйелдердің арасына әсте әділдік істей алмайсыңдар. Ендеше, (біреуіне) мүлде ауып кетіп, өзгесін жіпсіз байлағандай етіп қоймаңдар, (Байсыз қатын құсап, дел-салда жүрмесін.) Егер түзеліп, сақсынсаңдар, негізінен Алла тым жарылқаушы, ерекше мейірімді
Аударма: Халифа Алтай
Сендер қанша тырыссаңдар да / әрекеттенсеңдер де / әйелдерің арасында әділдік етуге шамаларың келмейді. Сондықтан біреуіне мүлде ауып кетіп, өзгесін жіпсіз байлағандай, әрі-сәрі етіп қоймаңдар. Егер араларыңды түзетсеңдер және тақуалық қылсаңдар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтансаңдар / , ақиқатында, Аллаһ - өте Кешірімді, ерекше Мейірімді
Аударма: ҚМДБ
4:130
وَإِن يَتَفَرَّقَا يُغۡنِ ٱللَّهُ كُلّٗا مِّن سَعَتِهِۦۚ وَكَانَ ٱللَّهُ وَٰسِعًا حَكِيمٗا
Егер екеуі ажырасса, Алла әрқайсысын өз кеңшілігінен қамтамасыз етеді. өйткені, Алла аса кең, өте дана
Аударма: Халифа Алтай
Ал, егер екеуі ажырасса, Аллаһ әрқайсысын Өз кеңшілігінен қамтамасыз етеді. Аллаһ - мейірім, ризығы Кең , аса Дана / Хаким
Аударма: ҚМДБ
4:131
وَلِلَّهِ مَا فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَمَا فِي ٱلۡأَرۡضِۗ وَلَقَدۡ وَصَّيۡنَا ٱلَّذِينَ أُوتُواْ ٱلۡكِتَٰبَ مِن قَبۡلِكُمۡ وَإِيَّاكُمۡ أَنِ ٱتَّقُواْ ٱللَّهَۚ وَإِن تَكۡفُرُواْ فَإِنَّ لِلَّهِ مَا فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَمَا فِي ٱلۡأَرۡضِۚ وَكَانَ ٱللَّهُ غَنِيًّا حَمِيدٗا
Көктердегі және жердегі нәрселер Аллаға тән. Сендерден бұрыңғы кітап берілгендерге де, сендерге де: «Алладан қорқыңдар!»,- деп өсиет еткенбіз. Егер қарсы келсеңдер, сонда да көктер мен жердегі нәрселер Алланікі. Алла мұңсыз, мақтаулы
Аударма: Халифа Алтай
Әрі аспандардағы және жердегілердің бәрі - Аллаһтікі. Ақиқатында, Біз сендерден бұрынғы Кітап берілгендерге де және сендерге де: «Аллаһтан / Оның жазасынан! қорқып, сақтаныңдар / !» - деп өсиет еттік. Ал егер, күпірлік етсеңдер / қарсы келсеңдер / , онда біліңдер, аспандардағы және жердегілердің бәрі - Аллаһтікі. Әрі Аллаһ - Бай, ешнәрсеге мұқтаж емес, аса Мақтаулы
Аударма: ҚМДБ
4:132
وَلِلَّهِ مَا فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَمَا فِي ٱلۡأَرۡضِۚ وَكَفَىٰ بِٱللَّهِ وَكِيلًا
Көктердегі әрі жердегі нәрселер Алланікі. Алла (Т.) кепілдік тұрғысынан жеткілікті
Аударма: Халифа Алтай
Аспандар мен жердегілердің бәрі - Аллаһтікі. Аллаһ бәрін қорғап, сақтауда жеткілікті
Аударма: ҚМДБ
4:133
إِن يَشَأۡ يُذۡهِبۡكُمۡ أَيُّهَا ٱلنَّاسُ وَيَأۡتِ بِـَٔاخَرِينَۚ وَكَانَ ٱللَّهُ عَلَىٰ ذَٰلِكَ قَدِيرٗا
Әй адам баласы! Егер Алла қаласа, сендерді кетіріп, басқаларды әкелер еді. Міне осыған Алланың күші толық жетеді
Аударма: Халифа Алтай
Ей, адамдар! Егер Ол қаласа, сендерді кетіріп, басқаларды әкеледі. Анығында, бұған Аллаһтың күші жетуші
Аударма: ҚМДБ
4:134
مَّن كَانَ يُرِيدُ ثَوَابَ ٱلدُّنۡيَا فَعِندَ ٱللَّهِ ثَوَابُ ٱلدُّنۡيَا وَٱلۡأٓخِرَةِۚ وَكَانَ ٱللَّهُ سَمِيعَۢا بَصِيرٗا
Кім дүниенің пайдасын тілесе, Сонда дүние, ахиреттің пайдасы Алланың қасында. Сондай-ақ Алла әр нәрсені естуші, ерекше мейірімді
Аударма: Халифа Алтай
Кім осы өмірдің сыйын қалайтын болса, осы өмір мен соңғы, мәңгілік өмірдің / ақиреттің / сыйы - Аллаһта. Аллаһ - барлық нәрсені Естуші, бәрін Көруші
Аударма: ҚМДБ
4:135
۞يَـٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ كُونُواْ قَوَّـٰمِينَ بِٱلۡقِسۡطِ شُهَدَآءَ لِلَّهِ وَلَوۡ عَلَىٰٓ أَنفُسِكُمۡ أَوِ ٱلۡوَٰلِدَيۡنِ وَٱلۡأَقۡرَبِينَۚ إِن يَكُنۡ غَنِيًّا أَوۡ فَقِيرٗا فَٱللَّهُ أَوۡلَىٰ بِهِمَاۖ فَلَا تَتَّبِعُواْ ٱلۡهَوَىٰٓ أَن تَعۡدِلُواْۚ وَإِن تَلۡوُۥٓاْ أَوۡ تُعۡرِضُواْ فَإِنَّ ٱللَّهَ كَانَ بِمَا تَعۡمَلُونَ خَبِيرٗا
Әй мүміндер! Әділдікте мықты тұрып, егер өздеріңнің, әке- шешелеріңнің және жақындарыңның зиянына болса да, Алла үшін айғақ болыңдар; бай немесе кедей болса да. Өйткені Алла, екеуіне де тым жақын. (Олардың халін біледі) Ендеше әділдік істеу нәпсіге ермеңдер. Егер тілдеріңді бұрып, шындықты бұрмаласаңдар, шәксіз Алла не істегендеріңді толық білуші
Аударма: Халифа Алтай
Ей, иманға келгендер! Аллаһ үшін куәлік еткендеріңде туралықтан айнымаңдар, тіпті өздеріңе не ата-аналарыңа немесе жақындарыңа қарсы куәлік етсеңдер де. Ол - / ісі қаралушы / бай не кед ей болсын, Аллаһ қай-қайсысына да жақынырақ. Сондықтан әділдіктен ауытқып кетпеу үшін көңіл кұмарлығына ермендер. Егер бұрмаласаңдар не бас тартсаңдар, әлбетте, Аллаһ. - не істеп жатқандарыңнан Хабардар
Аударма: ҚМДБ
4:136
يَـٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوٓاْ ءَامِنُواْ بِٱللَّهِ وَرَسُولِهِۦ وَٱلۡكِتَٰبِ ٱلَّذِي نَزَّلَ عَلَىٰ رَسُولِهِۦ وَٱلۡكِتَٰبِ ٱلَّذِيٓ أَنزَلَ مِن قَبۡلُۚ وَمَن يَكۡفُرۡ بِٱللَّهِ وَمَلَـٰٓئِكَتِهِۦ وَكُتُبِهِۦ وَرُسُلِهِۦ وَٱلۡيَوۡمِ ٱلۡأٓخِرِ فَقَدۡ ضَلَّ ضَلَٰلَۢا بَعِيدًا
Әй мүміндер! Аллаға, Пайғамбарына және оған түсірген Құранға сондай-ақ одан бұрыңғы түсірген ктіапқа иман келтіріңдер. Ал кім Аллаға, періштелеріне, кітаптарына, елшілеріне және ахирет күніне қарсы шықса, сонда тым ұзақ адасты
Аударма: Халифа Алтай
Ей, иманға келгендер! Аллаһқа әрі Оның Елшісіне және Елшісіне түсірген Кітапқа және Ол / одан / алдын түсірген Кітапқа сеніңдер. Ал кім Аллаһқа және Оның періштелеріне, Кітаптарына, елшілеріне және Ақирет күніне күпірлік етсе / сенбесе / , ақиқатында ол ұзақ адасумен адасты
Аударма: ҚМДБ
4:137
إِنَّ ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ ثُمَّ كَفَرُواْ ثُمَّ ءَامَنُواْ ثُمَّ كَفَرُواْ ثُمَّ ٱزۡدَادُواْ كُفۡرٗا لَّمۡ يَكُنِ ٱللَّهُ لِيَغۡفِرَ لَهُمۡ وَلَا لِيَهۡدِيَهُمۡ سَبِيلَۢا
Негізінен сондай иман келтіріп сонсоң қарсы келгендер, тағы иман келтіріп, және қарсы шыққандар, сонсоң қарсылығын арттырғандар, міне, Алла соларды жарылқамайды да, тура жолға да салмайды. (Яһудтлер әуелі Мұсаға иман келтірді. Сонсоң бұзауға табынып, қарсы келді. Сонсоң Мұсаға иман келтіріп, ғисаға қарсы болды да, Мұхаммед (Ғ.С.) ке қарсылықтарын арттыра түсті
Аударма: Халифа Алтай
Анығында, иманға келіп, содан кейін күпірлік еткен / имансыздыққақайтқан / ,кейін тағы иманға келіп, қайта күпірлік еткендер / иманнан қайтқандар / , содан кейін күпірлігін / қарсылығын / арттыра түскендерді Аллаһ кешірмейді және / тура / жолмен жүргізбейді
Аударма: ҚМДБ
4:138
بَشِّرِ ٱلۡمُنَٰفِقِينَ بِأَنَّ لَهُمۡ عَذَابًا أَلِيمًا
(Мұхаммед Ғ.С.) мұнафықтарға, өздеріне негізінен күйзелтуші азап бар екендігін шүйіншіле
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Мұнафиқтарды оларға болатын күйзелтуші азаппен «сүйіншіле»
Аударма: ҚМДБ
4:139
ٱلَّذِينَ يَتَّخِذُونَ ٱلۡكَٰفِرِينَ أَوۡلِيَآءَ مِن دُونِ ٱلۡمُؤۡمِنِينَۚ أَيَبۡتَغُونَ عِندَهُمُ ٱلۡعِزَّةَ فَإِنَّ ٱلۡعِزَّةَ لِلَّهِ جَمِيعٗا
Сондай мүміндерден өзге кәпірлерді дос тұтқандар, олардың қасынан ізет іздей ме? Шын мәнінде ізет бүтіндей Аллаға тән
Аударма: Халифа Алтай
солар имандыларды қойып, кәпірлерді дос, жақын тұтады. Сонда олардан күш-құдірет іздей ме? Шын мәнінде күш-құдірет түгелімен Аллаһтікі
Аударма: ҚМДБ
4:140
وَقَدۡ نَزَّلَ عَلَيۡكُمۡ فِي ٱلۡكِتَٰبِ أَنۡ إِذَا سَمِعۡتُمۡ ءَايَٰتِ ٱللَّهِ يُكۡفَرُ بِهَا وَيُسۡتَهۡزَأُ بِهَا فَلَا تَقۡعُدُواْ مَعَهُمۡ حَتَّىٰ يَخُوضُواْ فِي حَدِيثٍ غَيۡرِهِۦٓ إِنَّكُمۡ إِذٗا مِّثۡلُهُمۡۗ إِنَّ ٱللَّهَ جَامِعُ ٱلۡمُنَٰفِقِينَ وَٱلۡكَٰفِرِينَ فِي جَهَنَّمَ جَمِيعًا
Расында сендерге Кітапта: «Алланың аяттарына қарсы келінгендігін және ажыуаланғандығын сендер естіген сәтте; олар бұдан басқа сөзге кіріскенше, олармен бірге отырмаңдар; әйтпесе сендер де солар сияқты боласыңдар» деп үкім түсірді. Шәксіз Алла мұнафықтармен кәпірлерді біртұтас тозаққа жинаушы
Аударма: Халифа Алтай
Анығында, Ол сендерге Кітапта: «Аллаһтың аяттарына қарсы келіп, келеке еткенін естігендеріңде, бұдан басқа сөзге ауыспайынша, олармен бірге отырмаңдар, әйтпесе, сендер де сондай боласыңдар», - деп түсірді. Күмәнсіз, Аллаһ мұнафиқтар мен кәпірлерді түгелімен Жаһаннамда (тозақ) жинаушы
Аударма: ҚМДБ
4:141
ٱلَّذِينَ يَتَرَبَّصُونَ بِكُمۡ فَإِن كَانَ لَكُمۡ فَتۡحٞ مِّنَ ٱللَّهِ قَالُوٓاْ أَلَمۡ نَكُن مَّعَكُمۡ وَإِن كَانَ لِلۡكَٰفِرِينَ نَصِيبٞ قَالُوٓاْ أَلَمۡ نَسۡتَحۡوِذۡ عَلَيۡكُمۡ وَنَمۡنَعۡكُم مِّنَ ٱلۡمُؤۡمِنِينَۚ فَٱللَّهُ يَحۡكُمُ بَيۡنَكُمۡ يَوۡمَ ٱلۡقِيَٰمَةِۚ وَلَن يَجۡعَلَ ٱللَّهُ لِلۡكَٰفِرِينَ عَلَى ٱلۡمُؤۡمِنِينَ سَبِيلًا
Сондай сендерді аңдығандар, сендерге Алладан бір жеңіс келсе: «Бізде сендермен бірге емес пе едік?»,-деді. Ал егер кәпірлерге бір олжа түссе, оларға: «Сендерге үстемдік келтіріп, сендерді мүміндерден қорғамадық па?»,- деді. Енді Алла араларыңа қиямет күні үкім қылады, сондай-ақ Алла кәпірлер үшін мүміндерге қарсы жол қоймайды
Аударма: Халифа Алтай
Солар / мұнафиқтар / сендерді аңдып, егер сендерге Аллаһтан бір жеңіс болса: «Біз де сендермен бірге емес пе едік?» - дейді. Ал, егер кәпірлерге бір үлес тисе: «Біз сендерден үстем болып, өздеріңдіиманға келгендерден қорғамадық па?» - дейді. Аллаһ араларыңа Қайта тірілу күні үкім қылады. Аллаһ имандыларға / мүміндерге / қарсы ешқашан кәпірлерге жол бермейді
Аударма: ҚМДБ
4:142
إِنَّ ٱلۡمُنَٰفِقِينَ يُخَٰدِعُونَ ٱللَّهَ وَهُوَ خَٰدِعُهُمۡ وَإِذَا قَامُوٓاْ إِلَى ٱلصَّلَوٰةِ قَامُواْ كُسَالَىٰ يُرَآءُونَ ٱلنَّاسَ وَلَا يَذۡكُرُونَ ٱللَّهَ إِلَّا قَلِيلٗا
Мұнафықтар, Алланы алдамақшы болады. Негізінен Алла, оларды алдауға ұшыратады. Қашан олар намазға тұрса, жалқауланып тұрады. Адамдарға көрсету үшін оқып, олар Алланы өте аз еске алады
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында мұнафиқтар Аллаһты алдамақшы болады, алайда Аллаһ олардың өздерін алдандырып қояды. Олар намазға тұрғандарында, салғырт күйде адамдарға көріну үшін тұрады әрі олар Аллаһты өте аз еске алады
Аударма: ҚМДБ
4:143
مُّذَبۡذَبِينَ بَيۡنَ ذَٰلِكَ لَآ إِلَىٰ هَـٰٓؤُلَآءِ وَلَآ إِلَىٰ هَـٰٓؤُلَآءِۚ وَمَن يُضۡلِلِ ٱللَّهُ فَلَن تَجِدَ لَهُۥ سَبِيلٗا
Олар, осы екі арада дел-салда. Не бұларда жоқ, не оларда жоқ. Алла біреуді адастырса оған әсте жол таба алмайсың
Аударма: Халифа Алтай
Олар / мұнафиқтар / не бұлардың / Мұсылмандардың / не олардың / кәпірлердің / жағында болмай, екі арада екіұшты күйде / құбылып / жүреді. Аллаһ кімді адастырса, ол үшін ешқашан жол таппайсың
Аударма: ҚМДБ
4:144
يَـٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ لَا تَتَّخِذُواْ ٱلۡكَٰفِرِينَ أَوۡلِيَآءَ مِن دُونِ ٱلۡمُؤۡمِنِينَۚ أَتُرِيدُونَ أَن تَجۡعَلُواْ لِلَّهِ عَلَيۡكُمۡ سُلۡطَٰنٗا مُّبِينًا
Әй мүміндер! Мүміндерден өзге кәпірлерді дос тұтпаңдар. Өз зияндарың үшін ашық дәлел қылуды қалайсыңдар ма
Аударма: Халифа Алтай
Ей, иманға келгендер! Имандыларды / мүміндерді / қалдырып, кәпірлерді қамқоршы, дос тұтпаңдар. Сендер Аллаһта өздеріңе қарсы анық бір айғақ болғанын қалайсыңдар ма
Аударма: ҚМДБ
4:145
إِنَّ ٱلۡمُنَٰفِقِينَ فِي ٱلدَّرۡكِ ٱلۡأَسۡفَلِ مِنَ ٱلنَّارِ وَلَن تَجِدَ لَهُمۡ نَصِيرًا
Негізінен мұнафықтар тозақтың ең төмеңгі қабатында болады. Әрі оларға ешбір жәрдемші таба алмайсың
Аударма: Халифа Алтай
Анығында, мұнафиқтар Оттың ең түпкі қабатында болады. Олар үшін ешбір жәрдемші таппайсың
Аударма: ҚМДБ
4:146
إِلَّا ٱلَّذِينَ تَابُواْ وَأَصۡلَحُواْ وَٱعۡتَصَمُواْ بِٱللَّهِ وَأَخۡلَصُواْ دِينَهُمۡ لِلَّهِ فَأُوْلَـٰٓئِكَ مَعَ ٱلۡمُؤۡمِنِينَۖ وَسَوۡفَ يُؤۡتِ ٱللَّهُ ٱلۡمُؤۡمِنِينَ أَجۡرًا عَظِيمٗا
Бірақ тәубе еткендер, өздерін түзелткендер және Аллаға жабысып, діндерінде ықыласты болғандар, міне солар мүміндермен бірге. Алла (Т.) мүміндерге жедел бір сыйлық береді
Аударма: Халифа Алтай
Алайда, істеген күнәсіне шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтып / тәубеге келіп / , өздерін түзеткен және Аллаһтан мықты ұстап әрі діндерін бір Аллаһ үшін ықыласпен арнағандардың жөні бөлек, міне, солар - имандылармен бірге. Жақында Аллаһ имандыларға / мүміндерге / ұлы сый береді
Аударма: ҚМДБ
4:147
مَّا يَفۡعَلُ ٱللَّهُ بِعَذَابِكُمۡ إِن شَكَرۡتُمۡ وَءَامَنتُمۡۚ وَكَانَ ٱللَّهُ شَاكِرًا عَلِيمٗا
Егер шүкірлік етіп, иман келтірсеңдер, Алла сендерді неге азап қылсын? Өйткені, Алла (Т.) шүкірлікті бағалаушы, толық білуші
Аударма: Халифа Алтай
Егер шүкір етсеңдер / Аллаһтың берген игіліктеріне разы болып, алғыс білдірсеңдер / және иманға келсеңдер, Аллаһ сендерді неге азаптасын? Аллаһ - алғысқа Бөлеуші , бәрін Білуші
Аударма: ҚМДБ
4:148
۞لَّا يُحِبُّ ٱللَّهُ ٱلۡجَهۡرَ بِٱلسُّوٓءِ مِنَ ٱلۡقَوۡلِ إِلَّا مَن ظُلِمَۚ وَكَانَ ٱللَّهُ سَمِيعًا عَلِيمًا
Алла (Т.) жаман сөздің жарияланып сөйленуін жақсы көрмейді. Бірақ зұлымдыққа ұшыраған біреудікі басқа. Алла әр нәрсені естиді, біледі
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ жаман сөздің жария айтылуын жақсы көрмейді, бірақ әділетсіздікке ұшырағанның жөні басқа. Аллаһ - барлық нәрсені Естуші , бәрін Білуші
Аударма: ҚМДБ
4:149
إِن تُبۡدُواْ خَيۡرًا أَوۡ تُخۡفُوهُ أَوۡ تَعۡفُواْ عَن سُوٓءٖ فَإِنَّ ٱللَّهَ كَانَ عَفُوّٗا قَدِيرًا
Егер бір жақсылықты ашықтасаңдар немесе оны жасырсаңдар не бір жамандықты кешсеңдер, сонда күдіксіз Алла аса кешірімді, тым күшті
Аударма: Халифа Алтай
Егер сендер жақсылықты көрсетсеңдер не жасырсаңдар немесе жамандықты кешірсеңдер, ақиқатында Аллаһ - жазаламай, Кешіріп жіберуші, барлық нәрсені Жасай алушы
Аударма: ҚМДБ
4:150
إِنَّ ٱلَّذِينَ يَكۡفُرُونَ بِٱللَّهِ وَرُسُلِهِۦ وَيُرِيدُونَ أَن يُفَرِّقُواْ بَيۡنَ ٱللَّهِ وَرُسُلِهِۦ وَيَقُولُونَ نُؤۡمِنُ بِبَعۡضٖ وَنَكۡفُرُ بِبَعۡضٖ وَيُرِيدُونَ أَن يَتَّخِذُواْ بَيۡنَ ذَٰلِكَ سَبِيلًا
Шәксіз, сондай Аллаға, пайғамбарларына қарсы келгендер, олар, Алла мен пайғамбарларының арасын айыруды қалайды. Және де олар: «(Пайғамбарлардың) кейіне сенеміз де кейіне қарсы келеміз» дейді; сөйтіп олар екі ортадан жол табуды қалайды
Аударма: Халифа Алтай
Анығында, Аллаһқа және Оның елшілеріне күпірлік ететіндер / сенбейтіндер, мойындамайтындар / және Аллаһ пен елшілерінің арасын айыруды қалап, «кейбіріне сенеміз, ал кейбіріне сенбейміз», - дейтіндер және осының арасында бір жол табуды қалайтындар
Аударма: ҚМДБ
4:151
أُوْلَـٰٓئِكَ هُمُ ٱلۡكَٰفِرُونَ حَقّٗاۚ وَأَعۡتَدۡنَا لِلۡكَٰفِرِينَ عَذَابٗا مُّهِينٗا
Міне олар анық кәпірлер. Кәпірлер үшін қорлаушы қинау дайындадық
Аударма: Халифа Алтай
міне, бұлар - нағыз кәпірлер. Ал, Біз кәпірлерге қорлаушы азап әзірледік
Аударма: ҚМДБ
4:152
وَٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ بِٱللَّهِ وَرُسُلِهِۦ وَلَمۡ يُفَرِّقُواْ بَيۡنَ أَحَدٖ مِّنۡهُمۡ أُوْلَـٰٓئِكَ سَوۡفَ يُؤۡتِيهِمۡ أُجُورَهُمۡۚ وَكَانَ ٱللَّهُ غَفُورٗا رَّحِيمٗا
Және сондай Аллаға, пайғамбарларына иман келтіргендер, олардан ешбіреуінің арасын айырмайды; міне солардың сыйлықтары тезінен беріледі. Сондай-ақ Алла (Т.) өте жарылқаушы, ерекше мейірімді
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһқа сеніп және Оның елшілеріне / сеніп / әрі олардан ешбірінің арасын айырмағандарға, міне, соларға жақында Ол сыйларын береді. Аллаһ - өте Кешірімді, ерекше Мейірімді
Аударма: ҚМДБ
4:153
يَسۡـَٔلُكَ أَهۡلُ ٱلۡكِتَٰبِ أَن تُنَزِّلَ عَلَيۡهِمۡ كِتَٰبٗا مِّنَ ٱلسَّمَآءِۚ فَقَدۡ سَأَلُواْ مُوسَىٰٓ أَكۡبَرَ مِن ذَٰلِكَ فَقَالُوٓاْ أَرِنَا ٱللَّهَ جَهۡرَةٗ فَأَخَذَتۡهُمُ ٱلصَّـٰعِقَةُ بِظُلۡمِهِمۡۚ ثُمَّ ٱتَّخَذُواْ ٱلۡعِجۡلَ مِنۢ بَعۡدِ مَا جَآءَتۡهُمُ ٱلۡبَيِّنَٰتُ فَعَفَوۡنَا عَن ذَٰلِكَۚ وَءَاتَيۡنَا مُوسَىٰ سُلۡطَٰنٗا مُّبِينٗا
(Мұхаммед Ғ.С.) Кітап иелері сенен көктен бір кітап түсінуіңді сұрайды. Расында олар Мұса (Ғ.С.) дан одан да зорғыны сұраған. Сонда олар: «Алланы бізге ашық көрсет!»,-дегенде, олардың кесірлері себепті нажағай түсті. Сонсоң оларға ашық дәлелдер келгеннен кейін де, олар бұзауды тәңір жасап алды. Сонда соларды да кештік. Сондай-ақ Мұса (Ғ.С.) ға ашық мұғжиза бердік
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Кітап түсірілгендер / иудейлер / сенен аспаннан бір кітап түсіруіңді сұрайды. Негізінде, олар Мұсадан одан да үлкенін сұрап: «Бізге Аллаһты ашық түрде көрсет!» - деген еді. Сонда оларға өздерінің әділетсіздіктері себепті саъиқа тиді. Содан соң өздеріне анық дәлелдер келгеннен кейін де олар бұзауды / табынатын зат етіп / алды. Сонда да Біз бұны кешірдік. Әрі Мұсаға анық бір айғақ бердік
Аударма: ҚМДБ
4:154
وَرَفَعۡنَا فَوۡقَهُمُ ٱلطُّورَ بِمِيثَٰقِهِمۡ وَقُلۡنَا لَهُمُ ٱدۡخُلُواْ ٱلۡبَابَ سُجَّدٗا وَقُلۡنَا لَهُمۡ لَا تَعۡدُواْ فِي ٱلسَّبۡتِ وَأَخَذۡنَا مِنۡهُم مِّيثَٰقًا غَلِيظٗا
Олардың уәделері себепті үстеріне Тұр тауын көтердік. Және оларға: «қақпадан сәжде қылып кіріңдер» дедік. Тағы оларға: «Сенбі күні шектен шықпаңдар!»,- дедік. Сөйтіп олардан ауыр серт алдық
Аударма: Халифа Алтай
Біз олардан серт алу үшін төбелеріне тауды көтердік және оларға: «Қақпадан сәжде еткен күйде кіріңдер», - дедік. Әрі оларға: «Сенбі күніне қатысты шектен шықпаңдар!» - дедік. Әрі олардан қатаң серт алдық
Аударма: ҚМДБ
4:155
فَبِمَا نَقۡضِهِم مِّيثَٰقَهُمۡ وَكُفۡرِهِم بِـَٔايَٰتِ ٱللَّهِ وَقَتۡلِهِمُ ٱلۡأَنۢبِيَآءَ بِغَيۡرِ حَقّٖ وَقَوۡلِهِمۡ قُلُوبُنَا غُلۡفُۢۚ بَلۡ طَبَعَ ٱللَّهُ عَلَيۡهَا بِكُفۡرِهِمۡ فَلَا يُؤۡمِنُونَ إِلَّا قَلِيلٗا
Дегенмен олардың серттерін бұзулары, Алланың аяттарына қарсы шығулары, пайғамбарларды жазықсыз өлтірулері және жүректеріміз перделі деулері себепті Алла, әрине олардың қарсылықтары салдарынан жүректерін мөрлеген. Сондықтан өте азы ғана иман келтіреді
Аударма: Халифа Алтай
Сөйтіп, олардың серттерін бұзулары, Аллаһтың аяттарына күпірлік етулері / қарсы келулері, мойындамаулары / ,құқығы болмаса да пайғамбарларды өлтірулері және: «Жүректеріміз перделенген» - деп айтулары себепті, әрине оны / жүректерін / күпірліктері / шүкірсіздіктері / салдарынан Аллаһ мөрлеген. Сондықтан олардың азынан басқасы иманға келмейді
Аударма: ҚМДБ
4:156
وَبِكُفۡرِهِمۡ وَقَوۡلِهِمۡ عَلَىٰ مَرۡيَمَ بُهۡتَٰنًا عَظِيمٗا
Және олардың (Ғиса Ғ.С.ға) қарсы шығулары әрі Мәрйемге зор жала жапсырған сөздері себепті
Аударма: Халифа Алтай
Әрі күпірліктері / имансыздықтары / және Мәриям жайында үлкен жала айтқандары себепті
Аударма: ҚМДБ
4:157
وَقَوۡلِهِمۡ إِنَّا قَتَلۡنَا ٱلۡمَسِيحَ عِيسَى ٱبۡنَ مَرۡيَمَ رَسُولَ ٱللَّهِ وَمَا قَتَلُوهُ وَمَا صَلَبُوهُ وَلَٰكِن شُبِّهَ لَهُمۡۚ وَإِنَّ ٱلَّذِينَ ٱخۡتَلَفُواْ فِيهِ لَفِي شَكّٖ مِّنۡهُۚ مَا لَهُم بِهِۦ مِنۡ عِلۡمٍ إِلَّا ٱتِّبَاعَ ٱلظَّنِّۚ وَمَا قَتَلُوهُ يَقِينَۢا
Тағы да; Алланың елшісі, Мәрйем ұлы Ғиса Мәсихты өлтірдік! ,- дегендіктері негізінде олар оны өлтірмеді де, аспады; бірақ оларға,ұқсатылды:(Олар Ғисаға ұқсатылған біреуді өлтірді.Б.Ж.М.К) Расында,ол жайында қайшылықтарғылар,әрине одан күдіктенуде.Олардың оған байланысты мәліметтері жоқ.Бірақ күмәннің ғана соңында.Олар оны анық өлтірмеді
Аударма: Халифа Алтай
және: «Біз Аллаһтың Елшісі, Мәриям ұлы Иса Мәсихты өлтірдік», - деп айтқандары себепті. Негізінде, олар оны өлтірген де жоқ, айқыш ағашқа керген де жоқ. Бірақ, оларға / басқа біреу / ұқсас көрінді. Әрі анығында, ол жайында қайшылыққа түскендер, одан бір күмәнда. Оларда ол жайында жорамалға ілесуден басқа ешқандай білім жоқ. Әрі олар оны анық біліп өлтірмеді
Аударма: ҚМДБ
4:158
بَل رَّفَعَهُ ٱللَّهُ إِلَيۡهِۚ وَكَانَ ٱللَّهُ عَزِيزًا حَكِيمٗا
Олай емес,Алла оны өз тарапына көтерді.Алла(Т.) өте үстем,хикмет иесі
Аударма: Халифа Алтай
Жоқ, керісінше, Аллаһ оны Өз жағына көтерді. Аллаһ - бәрінен Үстем , аса Дана
Аударма: ҚМДБ
4:159
وَإِن مِّنۡ أَهۡلِ ٱلۡكِتَٰبِ إِلَّا لَيُؤۡمِنَنَّ بِهِۦ قَبۡلَ مَوۡتِهِۦۖ وَيَوۡمَ ٱلۡقِيَٰمَةِ يَكُونُ عَلَيۡهِمۡ شَهِيدٗا
Кітап иелері,Ғиса(Ғ.С) ға өлуінен бұрын әлбетте иман келтіреді. (Ж.Б.М.К) Және қиямет күнінде ол оларға куа болады
Аударма: Халифа Алтай
Кітап берілген қауымнан оның / Исаның / өлуінен бұрын оған сенім келтірмейтіндері болмайды. Ал, Қайта тірілу күні ол, оларға куә болады
Аударма: ҚМДБ
4:160
فَبِظُلۡمٖ مِّنَ ٱلَّذِينَ هَادُواْ حَرَّمۡنَا عَلَيۡهِمۡ طَيِّبَٰتٍ أُحِلَّتۡ لَهُمۡ وَبِصَدِّهِمۡ عَن سَبِيلِ ٱللَّهِ كَثِيرٗا
Сонда Яһудилердің зұлымдықтарының және көптеген адамдарды Алланың жолынан тосуларының салдарынан оларға халал етілген көптеген жақсы нәрселерді оларға арам қылдық.(С.146-А)
Аударма: Халифа Алтай
Иудейлердің әділетсіздіктері себепті және олардың / адамдарды / Аллаһтың жолынан көп тосқандары себепті, оларға рұқсат етілген / халал / жақсы нәрселерді өздеріне тыйым еттік
Аударма: ҚМДБ
4:161
وَأَخۡذِهِمُ ٱلرِّبَوٰاْ وَقَدۡ نُهُواْ عَنۡهُ وَأَكۡلِهِمۡ أَمۡوَٰلَ ٱلنَّاسِ بِٱلۡبَٰطِلِۚ وَأَعۡتَدۡنَا لِلۡكَٰفِرِينَ مِنۡهُمۡ عَذَابًا أَلِيمٗا
Және де оларға тыйым салынған бола тұра өсім алулары әрі адамдардың малдарын орынсыз жеулері,сондай ақ олардан қарсы келгендер үшін; күйзелтуші азап әзірледік
Аударма: Халифа Алтай
Сондай-ақ, өздеріне тыйым салынған болса да өсім алғандары және адамдардың мал-дүниелерін жалғандықпен жегендері себепті. Біз олардан кәпір болғандар үшін күйзелтуші азап әзірледік
Аударма: ҚМДБ
4:162
لَّـٰكِنِ ٱلرَّـٰسِخُونَ فِي ٱلۡعِلۡمِ مِنۡهُمۡ وَٱلۡمُؤۡمِنُونَ يُؤۡمِنُونَ بِمَآ أُنزِلَ إِلَيۡكَ وَمَآ أُنزِلَ مِن قَبۡلِكَۚ وَٱلۡمُقِيمِينَ ٱلصَّلَوٰةَۚ وَٱلۡمُؤۡتُونَ ٱلزَّكَوٰةَ وَٱلۡمُؤۡمِنُونَ بِٱللَّهِ وَٱلۡيَوۡمِ ٱلۡأٓخِرِ أُوْلَـٰٓئِكَ سَنُؤۡتِيهِمۡ أَجۡرًا عَظِيمًا
Дегенмен іштерінен ғылымда озат болғандар және иман келтіргендер,саған түсірілгенге әрі сенен бұрынғы түсірілгенге сенеді.Және намазды орындаушылар,зекет берушылер әрі Аллаға,ахирет күніне сенушілер,әрине соларға зор сыйлық береміз
Аударма: Халифа Алтай
Бірақ олардың ішіндегі білімде берік болғандарға және / ей, Мұхаммед, / саған түсірілгенге / Құранға / әрі сенен бұрын түсірілгенге сенгендерге және намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындайтындарға және зекетті беретіндерге әрі Аллаһқа және Ақирет күніне сенетіндерге, - міне, соларға ұлы сый береміз
Аударма: ҚМДБ
4:163
۞إِنَّآ أَوۡحَيۡنَآ إِلَيۡكَ كَمَآ أَوۡحَيۡنَآ إِلَىٰ نُوحٖ وَٱلنَّبِيِّـۧنَ مِنۢ بَعۡدِهِۦۚ وَأَوۡحَيۡنَآ إِلَىٰٓ إِبۡرَٰهِيمَ وَإِسۡمَٰعِيلَ وَإِسۡحَٰقَ وَيَعۡقُوبَ وَٱلۡأَسۡبَاطِ وَعِيسَىٰ وَأَيُّوبَ وَيُونُسَ وَهَٰرُونَ وَسُلَيۡمَٰنَۚ وَءَاتَيۡنَا دَاوُۥدَ زَبُورٗا
(Мұхаммед Ғ.С.) Нұх (Ғ.С.) және одан кейінгі пайғамбарларға уахи еткеніміздей саған да уахи еттік. Сондай-ақ Ыбырайым, Ысмайыл, Ісхақ, Яғқұп (Ғ.С.), ұрпақтарына және Ғиса, Әйүп, Юныс, Һарұн және Сүлеймен (Ғ.С.) ге де уахи еттік. Әрі Дәуіт (Ғ.С.) ке Зәбұрды бердік
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Ақиқатында, Біз Нұхқа және одан кейінгі пайғамбарларға уахи еткеніміздей, саған да уахи еттік. Сондай-ақ, Ибраһимге, Исмаъилға, Исхаққа, Йаъқубқа, оның әулетіне әрі Исаға, Айубқа, Йунусқа, Һарунға әрі Сүлейменге де уахи еттік. Ал Дәуітке Зәбурді бердік
Аударма: ҚМДБ
4:164
وَرُسُلٗا قَدۡ قَصَصۡنَٰهُمۡ عَلَيۡكَ مِن قَبۡلُ وَرُسُلٗا لَّمۡ نَقۡصُصۡهُمۡ عَلَيۡكَۚ وَكَلَّمَ ٱللَّهُ مُوسَىٰ تَكۡلِيمٗا
Және саған бұрыңғы пайғамбарларды баян қылдық, сондай-ақ пайғамбарлардың саған баян етпегеніміз де бар. Және Алла (Т.) Мұса (Ғ.С.» ға (тікелей) сөйлескен
Аударма: Халифа Алтай
Әрі олардан, саған бұрын хабарын берген елшілер де және хабарын бермеген елшілер де бар. Әрі Аллаһ Мұсамен сөйлескен
Аударма: ҚМДБ
4:165
رُّسُلٗا مُّبَشِّرِينَ وَمُنذِرِينَ لِئَلَّا يَكُونَ لِلنَّاسِ عَلَى ٱللَّهِ حُجَّةُۢ بَعۡدَ ٱلرُّسُلِۚ وَكَانَ ٱللَّهُ عَزِيزًا حَكِيمٗا
Пайғамбарларды қуандырушы, қорқытушы етіп жібердік: Елшілерден кейін адамдардың Аллаға қарсы сылтауы болмауы үшін. Алла (Т.) аса үстем, хикмет еисі
Аударма: Халифа Алтай
Елшілерді қуанышты хабар жеткізуші әрі ескертуші етіп, олардан кейін адамдарда Аллаһқа қарсы ешқандай дәлел болмауы үшін жібердік. Аллаһ - бәрінен Үстем, аса Дана
Аударма: ҚМДБ
4:166
لَّـٰكِنِ ٱللَّهُ يَشۡهَدُ بِمَآ أَنزَلَ إِلَيۡكَۖ أَنزَلَهُۥ بِعِلۡمِهِۦۖ وَٱلۡمَلَـٰٓئِكَةُ يَشۡهَدُونَۚ وَكَفَىٰ بِٱللَّهِ شَهِيدًا
Алайда Алла, саған түсіргенін біле тұра түсіндіргеніне куәлік етеді және періштелер де куә болады. Негізінде Алла куәлікте жеткілікті
Аударма: Халифа Алтай
Алайда Аллаһ, саған түсіргенімен / Құранмен / Өзі куәлік етеді. Ол оны / Құранды / Өз білімімен түсірді. Сондай-ақ, періштелер де куәлік береді. Аллаһ куә болуда жеткілікті
Аударма: ҚМДБ
4:167
إِنَّ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ وَصَدُّواْ عَن سَبِيلِ ٱللَّهِ قَدۡ ضَلُّواْ ضَلَٰلَۢا بَعِيدًا
Күдіксіз, сондай қарсы болғандар және Алланың жолынан тосқандар, расында ұзақ адасумен аадсты
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, сондай күпірлік еткен / пайғамбардымойындамаған / және Аллаһтың жолынан тосқандар, ұзақ адасумен адасты
Аударма: ҚМДБ
4:168
إِنَّ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ وَظَلَمُواْ لَمۡ يَكُنِ ٱللَّهُ لِيَغۡفِرَ لَهُمۡ وَلَا لِيَهۡدِيَهُمۡ طَرِيقًا
Шәксіз сондай қарсы шығып, зұлымдық қылғандарды тура жолға да салмайды
Аударма: Халифа Алтай
Анығында, күпірлік етіп / иманға келмеген! және әділетсіздік еткендерді Аллаһ кешірмейді және оларды тура жолға түсірмейді
Аударма: ҚМДБ
4:169
إِلَّا طَرِيقَ جَهَنَّمَ خَٰلِدِينَ فِيهَآ أَبَدٗاۚ وَكَانَ ذَٰلِكَ عَلَى ٱللَّهِ يَسِيرٗا
Бірақ тозақтың ғана жолына салады да, олар онда мәңгі қалады. Осы, Аллаға оңай
Аударма: Халифа Алтай
тек Жаһаннамның жолына / салып / , олар онда мәңгілік қалады. Бұл - Аллаһ үшін жеңіл
Аударма: ҚМДБ
4:170
يَـٰٓأَيُّهَا ٱلنَّاسُ قَدۡ جَآءَكُمُ ٱلرَّسُولُ بِٱلۡحَقِّ مِن رَّبِّكُمۡ فَـَٔامِنُواْ خَيۡرٗا لَّكُمۡۚ وَإِن تَكۡفُرُواْ فَإِنَّ لِلَّهِ مَا فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِۚ وَكَانَ ٱللَّهُ عَلِيمًا حَكِيمٗا
Әй адам баласы! Рас сендерге Пайғамбар, раббыларыңнан хақиқатты келтірді. Сондықтан иман келтіріңдер, сендер үшін жақсы. Егер қарсы келсеңдер, сонда күдіксіз көктердегі және жердегі барлық нәрсе Алланікі. Алла (Т.) аса білуші, хикмет иесі
Аударма: Халифа Алтай
Ей, адамдар! Елші сендерге Раббыңыздан ақиқат алып келді. Ендеше өздеріңе қайырлы / түпкілікті жақсы / болуы үшін иманға келіңдер. Ал, егер күпірлік етсеңдер / қарсы келсеңдер, сенбесеңдер / , ақиқатында, аспандардағы және жердегілердің бәрі - Аллаһтікі. Аллаһ - бәрін Білуш, аса Дана
Аударма: ҚМДБ
4:171
يَـٰٓأَهۡلَ ٱلۡكِتَٰبِ لَا تَغۡلُواْ فِي دِينِكُمۡ وَلَا تَقُولُواْ عَلَى ٱللَّهِ إِلَّا ٱلۡحَقَّۚ إِنَّمَا ٱلۡمَسِيحُ عِيسَى ٱبۡنُ مَرۡيَمَ رَسُولُ ٱللَّهِ وَكَلِمَتُهُۥٓ أَلۡقَىٰهَآ إِلَىٰ مَرۡيَمَ وَرُوحٞ مِّنۡهُۖ فَـَٔامِنُواْ بِٱللَّهِ وَرُسُلِهِۦۖ وَلَا تَقُولُواْ ثَلَٰثَةٌۚ ٱنتَهُواْ خَيۡرٗا لَّكُمۡۚ إِنَّمَا ٱللَّهُ إِلَٰهٞ وَٰحِدٞۖ سُبۡحَٰنَهُۥٓ أَن يَكُونَ لَهُۥ وَلَدٞۘ لَّهُۥ مَا فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَمَا فِي ٱلۡأَرۡضِۗ وَكَفَىٰ بِٱللَّهِ وَكِيلٗا
Әй Кітап иелері! Діндеріңде артық кетпеңдер. Аллаға байланысты шындықты айтыңдар. Шынайы түрде мәрйем ұлы Мәсих Ғиса, Алланың елшісі әрі Мәрйемге жалғастырған сөзі және Алла тарапынан бір рух. Ендеше Аллаға және елшілеріне сеніңдер. Әрі (Алланы) «үшеу» демеңдер, (одан) тыйылыңдар. Сендер үшін жақсы. Шынайы түрде Алла бір-ақ Тәңір. Ол баласы болудан пәк. Көктердегі және жердегі нәрселер оған тән. Алла әкілдікке жетік
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Кітап / Інжіл / берілгендер! Діндеріңде артық кетпендер және Аллаһ туралы шындықтан басқаны айтпаңдар. Шын мәнінде, Мәриям ұлы Иса Мәсих - Аллаһтың Елшісі, Оның Мәриямға түсірген сөзі және Оның тарапынан болған бір рух. Сондықтан,Аллаһқа және Оның елшілеріне сеніңдер әрі «үшеу» деп айтпаңдар. Тыйылыңдар, өздерің үшін қайырлы болады. Шын мәнінде, Аллаһ - жалғыз құдай. Ол - баласы болудан пәк. Аспандардағы және жердегілердің бәрі - Онікі. Аллаһ бәрін қамтуда жеткілікті
Аударма: ҚМДБ
4:172
لَّن يَسۡتَنكِفَ ٱلۡمَسِيحُ أَن يَكُونَ عَبۡدٗا لِّلَّهِ وَلَا ٱلۡمَلَـٰٓئِكَةُ ٱلۡمُقَرَّبُونَۚ وَمَن يَسۡتَنكِفۡ عَنۡ عِبَادَتِهِۦ وَيَسۡتَكۡبِرۡ فَسَيَحۡشُرُهُمۡ إِلَيۡهِ جَمِيعٗا
Ғиса да, Аллаға жақын періштелер де Аллаға құл болудан әсте арланбайды. Кім Оған құлшылықтан арланып дандайсыса, сонда оларды тұтас өз тарапына жинайды. (басқа барар жері жоқ)
Аударма: Халифа Алтай
Мәсих Аллаһқа құл болуды / өзіне! қорлық санамайды және / Аллаһқа / жақындатылған періштелер де. Ал, кім Оған құлшылық етуден бас тартып, өзін жоғары санаса, жақында Ол, оларды түгелімен Өзіне жинайды
Аударма: ҚМДБ
4:173
فَأَمَّا ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَعَمِلُواْ ٱلصَّـٰلِحَٰتِ فَيُوَفِّيهِمۡ أُجُورَهُمۡ وَيَزِيدُهُم مِّن فَضۡلِهِۦۖ وَأَمَّا ٱلَّذِينَ ٱسۡتَنكَفُواْ وَٱسۡتَكۡبَرُواْ فَيُعَذِّبُهُمۡ عَذَابًا أَلِيمٗا وَلَا يَجِدُونَ لَهُم مِّن دُونِ ٱللَّهِ وَلِيّٗا وَلَا نَصِيرٗا
Ал енді сондай иман келтіріп, ізгі іс істегендердің сыйлықтарын толық береді. Әрі оларға өз ілтипатынан арттырады. Ал және сондай арланып менменсігендерді күйзелтуші азапқа ұшыратады. Сондай-ақ олар үшін Алладан басқа құтқарушы не дос не жәрдемші таба алмайды
Аударма: Халифа Алтай
Ал, иманға келген және ізгі амал жасағандарға Ол сыйларын толық береді әрі оларға Өз кеңшілігінен арттырады. Ал, бас тартып, өздерін жоғары санағандарды күйзелтуші азаппен азаптайды. Әрі олар өздері үшін Аллаһтан басқа қамқоршы да, көмек беруші де таппайды
Аударма: ҚМДБ
4:174
يَـٰٓأَيُّهَا ٱلنَّاسُ قَدۡ جَآءَكُم بُرۡهَٰنٞ مِّن رَّبِّكُمۡ وَأَنزَلۡنَآ إِلَيۡكُمۡ نُورٗا مُّبِينٗا
Әй адам баласы! Сендерге Раббыларыңнан дәлел келді. Сондай-ақ сендер үшін бір ашық нұр (Құран) түсірдік
Аударма: Халифа Алтай
Ей, адамдар! Міне, сендерге Раббыңыздан бір дәлел келді. Әрі Біз сендерге анық бір Нұр / Құран / түсірдік
Аударма: ҚМДБ
4:175
فَأَمَّا ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ بِٱللَّهِ وَٱعۡتَصَمُواْ بِهِۦ فَسَيُدۡخِلُهُمۡ فِي رَحۡمَةٖ مِّنۡهُ وَفَضۡلٖ وَيَهۡدِيهِمۡ إِلَيۡهِ صِرَٰطٗا مُّسۡتَقِيمٗا
Ал енді Аллаға сеніп, Оған жабысқандарды өз тарапынан мәрхамет және ілтипатқа бөлейді де, өзіне баратын тура жолға салады
Аударма: Халифа Алтай
Ал, Аллаһқа сеніп, Одан берік ұстағандарды Ол, жақында Өзінен болған бір мейірімге әрі кеңшілікке бөлейді. Әрі оларды Өзіне қарай тура жолмен жүргізеді
Аударма: ҚМДБ
4:176
يَسۡتَفۡتُونَكَ قُلِ ٱللَّهُ يُفۡتِيكُمۡ فِي ٱلۡكَلَٰلَةِۚ إِنِ ٱمۡرُؤٌاْ هَلَكَ لَيۡسَ لَهُۥ وَلَدٞ وَلَهُۥٓ أُخۡتٞ فَلَهَا نِصۡفُ مَا تَرَكَۚ وَهُوَ يَرِثُهَآ إِن لَّمۡ يَكُن لَّهَا وَلَدٞۚ فَإِن كَانَتَا ٱثۡنَتَيۡنِ فَلَهُمَا ٱلثُّلُثَانِ مِمَّا تَرَكَۚ وَإِن كَانُوٓاْ إِخۡوَةٗ رِّجَالٗا وَنِسَآءٗ فَلِلذَّكَرِ مِثۡلُ حَظِّ ٱلۡأُنثَيَيۡنِۗ يُبَيِّنُ ٱللَّهُ لَكُمۡ أَن تَضِلُّواْۗ وَٱللَّهُ بِكُلِّ شَيۡءٍ عَلِيمُۢ
Олар сенен пәтуа сұрайды. Оларға айт: «Алла сендерге «Кәлала» жайында пәтуа береді: Егер әке- шешесі және баласы жок біреу өлсе, оның бір қыз туысы болса, сонда оған қалған мирастың жартысы тиеді. Егер өлген әйел болып, оның баласы болмаса, еркек туысы оның мирасқоры болады. Егер өлгеннің қыз туысы екеу болса, екеуіне қалған мирастың үштен екісі тиеді. Және мирасқорлар ер, әйелдер аралас болса, сонда бір ерге екі әйелдің сыбағасындай тиеді. Алла (Т.) адасарсыңдар деп сендерге ашық түсінік береді. Алла әр нәрсені толық біледі»
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Олар сенен бір шешім / жайлы / сұрайды. Айт: «Аллаһ сендерге артында не ата-анасы, не балалары қалмаған марқұм жайында үкім береді. «Егер бір кісі қайтыс болып, оның баласы болмай, қыз туысы / қарындасы / болса, оған ол қалдырғанның тең жартысы тиісті. Ер кісі де, егер қыз туысы / қайтыс болып / баласы қалмаса, оған мирасқор болады. Ал, егер / ер кісінің / қыз туысы екеу болса, оларға ол қалдырғанның үштен екісі тиісті. Ал, егер олар / мирасқорлар / ер және әйел туыстар болса, онда ер адамға екі әйелдің үлесіндей тиеді. Аллаһ сендерге адаспауларың үшін түсіндіреді. Аллаһ барлық нәрсені Білуші
Аударма: ҚМДБ
← Али ИмранБарлық сүрелерАль-Маида →

Ан-Ниса сүресі туралы

Ан-Ниса (النساء) — Құранның 4-сүресі, 176 аят, мединалық сүре, 4-жүз, мысхафтың 77-бетінен басталады. Бетте: Осман қарпіндегі араб мәтіні және Халифа Алтайдың қазақша мағыналық аудармасы мен ҚМДБ аудармасы. Аудио, транскрипция, тәпсір және 67 тілдегі аударма — толық нұсқада.

Барлық 114 сүре · Намаз уақыты · Іздеу