إِنَّ ٱلَّذِينَ تَوَفَّىٰهُمُ ٱلۡمَلَـٰٓئِكَةُ ظَالِمِيٓ أَنفُسِهِمۡ قَالُواْ فِيمَ كُنتُمۡۖ قَالُواْ كُنَّا مُسۡتَضۡعَفِينَ فِي ٱلۡأَرۡضِۚ قَالُوٓاْ أَلَمۡ تَكُنۡ أَرۡضُ ٱللَّهِ وَٰسِعَةٗ فَتُهَاجِرُواْ فِيهَاۚ فَأُوْلَـٰٓئِكَ مَأۡوَىٰهُمۡ جَهَنَّمُۖ وَسَآءَتۡ مَصِيرًا
inna alladhīna tawaffāhumu l-malāikatu ẓālimī anfusihim qālū fīma kuntum qālū kunnā mus'taḍʿafīna fī l-arḍi qālū alam takun arḍu l-lahi wāsiʿatan fatuhājirū fīhā fa-ulāika mawāhum jahannamu wasāat maṣīran
Өздеріне зұлымдық еткендердің, (бұлар Меккеден көшпей қалғандар. ) періштелер жандарын алғанда: «Қайда едіңдер?»,- деді. Олар: «біздер бұл жерде шамасыз едік» деді. (Періштелер): «Алланың жері кең емес пе? Сонда ол жерге көшсеңдер еді?»,- деді. Міне бұлардың орны тозақ. Неткен жаман орын
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, өздеріне әділетсіздік еткендерге, олардың жандарын алатын періштелер: «Сендер қандай жағдайда болдыңдар?» - дейді. Олар: «Біз жер бетінде әлсіз едік», - дейді. / Періштелер / : «Қоныс аударуларың үшін Аллаһтың жері кең емес пе?» - дейді. Міне, солардың «баспанасы» - Жаһаннам. Ол баратын орын - қандай жаман
Аударма: ҚМДБ
Қари: Мишари Рашид әл-Афаси