وَٱللَّهُ يُرِيدُ أَن يَتُوبَ عَلَيۡكُمۡ وَيُرِيدُ ٱلَّذِينَ يَتَّبِعُونَ ٱلشَّهَوَٰتِ أَن تَمِيلُواْ مَيۡلًا عَظِيمٗا
wal-lahu yurīdu an yatūba ʿalaykum wayurīdu alladhīna yattabiʿūna l-shahawāti an tamīlū maylan ʿaẓīman
Алла (Т.) тәубелеріңді қабыл етуді қалайды. Сондай-ақ шаһуат қуғандар (жыныстық уәесқойлар) сендердің зор ауытқумен жолдан шығуларыңды қалайды
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ сендердің істеген күнәларыңа шынайы өкініп, Өзіне бойсұнуға қайтуларыңды / тәубелеріңді / қабыл етуді қалайды. Ал, тән құмарлықтарына / шәһуәттарына / еретіндер болса, сендердің / хақ жолдан / қатты ауытқуларыңды қалайды
Аударма: ҚМДБ
Қари: Мишари Рашид әл-Афаси