يَـٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوٓاْ إِذَا ضَرَبۡتُمۡ فِي سَبِيلِ ٱللَّهِ فَتَبَيَّنُواْ وَلَا تَقُولُواْ لِمَنۡ أَلۡقَىٰٓ إِلَيۡكُمُ ٱلسَّلَٰمَ لَسۡتَ مُؤۡمِنٗا تَبۡتَغُونَ عَرَضَ ٱلۡحَيَوٰةِ ٱلدُّنۡيَا فَعِندَ ٱللَّهِ مَغَانِمُ كَثِيرَةٞۚ كَذَٰلِكَ كُنتُم مِّن قَبۡلُ فَمَنَّ ٱللَّهُ عَلَيۡكُمۡ فَتَبَيَّنُوٓاْۚ إِنَّ ٱللَّهَ كَانَ بِمَا تَعۡمَلُونَ خَبِيرٗا
yāayyuhā alladhīna āmanū idhā ḍarabtum fī sabīli l-lahi fatabayyanū walā taqūlū liman alqā ilaykumu l-salāma lasta mu'minan tabtaghūna ʿaraḍa l-ḥayati l-dun'yā faʿinda l-lahi maghānimu kathīratun kadhālika kuntum min qablu famanna l-lahu ʿalaykum fatabayyanū inna l-laha kāna bimā taʿmalūna khabīran
Әй мүміндер! Алла жолында (соғысқа) шықсаңдар, өте анықтаңдар. Сәлем бергенді дүние- мүлікке қызығып: «Мүмін емессің» демеңдер. Өйткені Алланың қасында көптеген олжалар бар. Бұрын сендер де сондай едіңдер. Алла (Т.) сендерге қамқорлық етті. Сондықтан өте- мөте анықтаңдар. Шәксіз Алла істеген істеріңді біледі
Аударма: Халифа Алтай
Ей, иманға келгендер! Қашан Аллаһ жолына / жорыққа / шықсаңдар, анықтап алыңдар. Сендерге / исламның / сәлемдесу сөзін айтқан біреуге осы өмірдің бұйымы үшін: «Сен иманды адам / мүмін / емессің»,- демеңдер. Анығында, Аллаһта мол олжа / табыс / бар. Бұрын сендер де сондай болған едіңдер. Бірақ Аллаһ сендерге игілік жасады, ендеше анықтап алыңдар. Ақиқатында, Аллаһ - не істеп жатқандарыңнан Хабардар
Аударма: ҚМДБ
Қари: Мишари Рашид әл-Афаси