Бұрын адамдарға тура жол еді. Және парық қылатын мұғжизаны түсірді. Расында Алланың аяттарына қарсы келгендер үшін қатты азап бар. Алла, өте үстем, өш алу күшіне ие
Аударма: Халифа Алтай
адамдарға бұдан алдын тура жол етіп. Әрі Фурқанды / айырушыны / түсірді. Ақиқатында, Аллаһтың аят-белгілеріне күпірлік еткендерге / мойындамағандарға, қарсы келгендерге / қатты азап бар. Аллаһ - бәрінен Үстем, жазалау күшіне Ие
Ол Алла, саған Құран түсірді. Оның ашық мағналы аяттары бар. Солар Кітаптың анасы (негізгі) ірге тасы. Екінші ұқсас ұғымда аяттар бар. Ал жүректеріңде қыңырлық болғандар, бұзақылық іздеп, ұқсас мағналы аяттардың ұғымын іздестіріп соңына түседі. Оның ұғымын Алла ғана біледі. Сондай-ақ ғылымында озат болғандар: «Бұған сендік. Барлығы Раббымыздың қасынан» дейді. Бұны ақыл иелері ғана түсінеді
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Ол саған Кітапты түсірді. Оның ішінде мағынасы анық аяттар бар. Олар - Кітаптың анасы / негізі / . Әрі өзге, мағынасы астарлы / аяттар да бар / ? Жүректерінде ауытқу болғандар болса, бүлік / фитна / қалап және оны түсіндіруді қалап астарлы мағыналы аяттардың соңына түседі. Ал, оның түсінігін Аллаһтан басқа ешкім білмейді. Әрі білімде орныққандар болса: «Біз оған сендік. Барлығы біздің Раббымыздан», - дейді. Ал, / ескертуді / тек ақыл иелері ғана еске алады / түсінеді
Раббымыз! Бізді тура жолға салғаннан кейін жүрегімізді ауытқытпа. Және бізге өз қасыңнан игілік бер. Күдіксіз Сен өте берегенсің
Аударма: Халифа Алтай
Раббымыз! Бізді тура жолға түсіргеннен кейін жүректерімізді ауытқытпа және бізге Өзіңнен бір мейірім сыйла. Ақиқатында, Сен - сый берушісің / әл-Уаһһаб
Расында сондай қарсы болғандардың балалары, малдары Алладан (келетін) еш нәрсеге төтеп бере алмайды. Міне солар тозақтың отындары
Аударма: Халифа Алтай
Күмәнсіз, күпірлік етушілердің / Аллаһқа қарсы келушілердің / мал-дүниелері де, балалары да Аллаһтан болатын ешбір нәрседен құтқара алмайды. Міне, солар - Оттың отыны
Әдетері; Перғауынның сыбайластарыныкі және олардан бұрынғылардікі тәрізді. Олар аятттарымызды жасынға шығарған. Сонда Алла оларды күнәлары себепті азаптаған. Алланың азабы қатты
Аударма: Халифа Алтай
солар / Фиръаун әулеті мен олардан бұрынғы өткендер секілді. Олар біздің аят-белгілерімізді өтірік санады. Сонда Аллаһ оларды күнәлары себепті ұстады / жазалады / . Аллаһ жаза беруде қатты
(Бәдір соғысындағы) екі топтың қарсыласуында сендерге бір ғибрат бар. Бір топ Алла жолында соғысады. Екінші жақ қарсы еді. Олар Мұсылмандарды, көздерімен, өздеріндей екі есе көруде еді. (Негізінде Мұсылмандар, үш жүз он үш, кәпірлер мыңдай еді) Алла кімді қаласа, өз жәрдемімен қолдайды. Расында бұнда қырағылар үшін әрине ғибрат бар
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, / Бәдір соғысында / бір-біріне кездескен екі топта сендер үшін бір белгі-ғибрат болды. Бір топ Аллаһ жолында соғысты, ал басқасы кәпірлер болатын. Олардың көздеріне / мұсылмандар / өздерінен екі есе көрінген еді. Аллаһ Өз жәрдемімен қалағанын қолдайды. Анығында, мұнда көре алатындар үшін ғибрат бар
Адам баласы үшін қатындар, балалар, алтын күмістен жиналған қазыналар, сәнделген аттар, малдар және егіндерді қызыға сүю әдемі көрсетілді. Бірақ олар дүние тіршілігінің сәні. Негізінде орынның жақсысы Алланың қасында
Аударма: Халифа Алтай
Әйелдерге, перзенттерге деген, үйме-үйме алтын-күміске, жақсы аттарға, шаруа малдарына және егіндікке деген құмарлықты жақсы көру адамдарға әдемі етіліп көрсетілді. Бұл - осы өмірдің қызығы. Ал, қайтатын жердің көркемі - Аллаһта
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: «Сендерге бұларыңнан да жақсы нәрседен хабар берейін бе?»,- де. Сондай тақуалар үшін Алланың қасында астарынан өзендер ағатын, онда мәңні тұратын бақшалар сондай-ақ тап-таза жұбайлар әрі Алланың ризалығы бар. Алла (Т.) құлдарын толық көруші
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Сендерге осы нәрселеріңнен қайырлысын хабарлайын ба? Тақуа болғандарға / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанғандарға / олардың Раббысынан астынан өзендер ағып жататын, олар онда мәңгі қалатын Жәннат бақтары, әрі пәк жұбайлар және Аллаһтың ризалығы бар»,- деп. Әрі Аллаһ - құлдарын Көруші
Алла (Т.), періштелер және әділет үстінде тұрушы ғылым иелері, расында тым үстем, хикмет иесі Алладан басқа ешбір тәңір жоқтығына куәлік берді
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқ екендігіне Аллаһтың Өзі әрі періштелер және білім иелері де куәлік береді. Ол - әділдікті Орнатушы, Одан басқа ешбір құдай жоқ. Ол бәрінен Үстем, аса Дана
Алланың қасында шынайы дін Ислам. Сондай Кітап берілгендер, өздеріне мәлімет келгеннен кейін араларындағы күншілдіктен ғана талас- тартысқа түсті. Кім Алланың аяттарына қарсы келсе, күдіксіз Алла тез есеп көруші
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, Аллаһтың алдындағы дін - Ислам. Кітап берілгендер өздеріне білім келгеннен кейін өзара іштарлық және әділетсіздіктері себебінен ғана қайшылыққа түсті. Кім Аллаһтың аяттарына күпірлік етсе / сенбесе, қарсы келсе / ақиқатында, Аллаһ - есепті жылдам алушы
(Мұхаммед Ғ.С.) олар сенімен сөз таластыруға кіріссе: «Өзімді Аллаға тапсырдым әрі маған ергендерді де» де. Сондай-ақ кітап берілгендерге де надандарға да: «Исламды қабыл еттіңдер ме?»,- де. Егер олар исламды қабыл етсе, тура жол табар еді. Ал егер олар бет бұрса, саған жалғастыру ғана міндет. Алла құлдарын нақ көруші
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Егер олар сенімен тартысса: «Мен жүзімді Аллаһқа бойсұндырдым әрі маған ергендер де», - деп айт. Әрі Кітап берілгендер мен білімсіздерге: «Сендер бойсұндыңдар ма?» - де. Егер олар бойсұнса онда тура жолда. Ал теріс айналса, шын мәнінде, саған - жеткізу ғана міндет. Аллаһ - құлдарын Көруші
Алланың аяттарына қарсы келгендер және жазықсыз пайғамбарларды өлтіргендер, сондай-ақ адамдарға туралықты әмір еткендерді өлтіргендер, соларды күйзелтуші ғазаппен шүйіншіле
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, Аллаһтың аяттарына күпірлік етушілерді / сенбей, теріске шығарушыларды / , құқығы болмаса да пайғамбарларды өлтіретін және әділдікке бұйырушы адамдарды өлтіретіндерді күйзелтуші азаппен «қуандыр»
(Мұхаммед Ғ.С.) сондай кітаптардан үлес берілгендердің араларына үкім беру үшін Алланың Кітабына шақырылғандарды көрмейсің бе? Соңсоң олардың бір бөлімі Одан бет бұрады. Сондай- ақ олар ұдайы бет бұрушы
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Кітаптан үлес берілгендерді көрмедің бе? Олар араларына үкім шығару үшін Аллаһтың Кітабына шақырылады. Содан кейін, олардан бір топ бас тартқан күйде, теріс айналады
Бұл олардың: «Бізге тозақ оты, санаулы күндер ғана соқтығады» дегендіктері себепті. Дін жайындағы жасанды нәрселері оларды алдады
Аударма: Халифа Алтай
Бұл олардың: «Бізге От / тозақ / ешқашан тимейді, тек санаулы күндер болмаса»,- деп айтқандықтары себепті. Оларды ойдан шығарғандары / өтіріктері / діндеріне қатысты / өздерін / алдады
(Мұхаммед Ғ.С.) : «Әй мүлік иесі Алла! Кімге қаласаң мүлік бересің де кімнен қаласаң, дәулетті аласың. Сондай-ақ кімді қаласаң ардақтайсың да кімді қаласаң қорлайсың. Жақсылық Сенің қолыңда. Шәксіз әр нәрсеге күшің жетеді» деп айт
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Йа, билік иесі - Аллаһ! Сен билікті қалағаныңа беріп, қалағаныңнан билікті алып қоясың. Қалағаныңды үстем етіп, қалағаныңды қор қыласың. жақсылық / барлық қайырлы нәрсе / - Сенің қолыңда. Ақиқатында, Сен барлық нәрсені Жасай алушысың
Түнді күндізге айналдырасың да күндізді түнге айналдырасың. Сондай-ақ өліден тіріні шығарып, тіріден өліні шығарасың. Және кімді қаласаң сансыз несібе бересің…
Аударма: Халифа Алтай
Сен түнді күндізге ендіріп, күндізді түнге ендіресің. Сондай-ақ өліден тіріні шығарып, тіріден өліні шығарасың. Әрі қалағаныңа сансыз ризық бересің», - деп
Мүміндер, мүміндерден өзге кәпірлерді дос тұтпасын. Әлдекім осыны істесе, Аллаға еш нәрседе байланысы жоқ. Бірақ олардан сақтану үшін болса басқа. Алла сендерді өзі қорқытады. Және барар орын Алла жақ
Аударма: Халифа Алтай
Имандылар / мүміндер / имандылардың орнына кәпірлерді дос тұтпасын. Кім осыны істесе, оның Аллаһпен ешқандай байланысы қалмайды. Тек, олардан / имансыздардан / қауіптеніп, әлдебір сақтану үшін болса, онда басқа. Аллаһ сендерді Өзінен / Өзінің жазасынан / сақтандырады. Әрі қайтуларың - Аллаһқа / Оған қайтасыңдар
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: «Көңілдеріңде бір нәрсені жасырсаңдар да жирияласаңдар да Алла оны біледі. Әрі Алланың барлық нәрсеге толық күші жетуші» де
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Көкіректеріңдегіні жасырсаңдар да, не оны жарияласаңдар да Аллаһ оны біледі. Әрі Ол аспандардағыны да, жердегіні де біледі. Аллаһтың барлық нәрсені Жасай алушы», - деп
Сол күні әркім істеген игілігін әзір табады да істеген жамандығының арасымен өз арасының ұзақ қашықтықта болуын қалайды. Алла сендерді өзі сақсындырады. Алла (Т.) құлдарына тым жұмсақ
Аударма: Халифа Алтай
Сол күні әрбір жан істеген жақсылығын әрі істеген жамандығын ұсынылған түрде табады. Ол өзі мен оның / жаман амалдарының / арасы алыс болуын тілейді. Аллаһ сендерді Өзінен / Өзінің жазасынан / сақтандырады. Аллаһ - құлдарына өте Мейірбан
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: «Егер Алланы сүйсендер, онда маған ілесіңдер. Алла (Т.) сендерді жақсы көріп, күнәларыңды жарылқайды. Өйткені, Алла аса жарылқаушы, ерекше мейірімді» де
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Егер Аллаһты жақсы көретін болсаңдар, онда маған еріңдер. Сонда Аллаһ сендерді жақсы көреді әрі күнәларыңды кешіреді. Ақиқатында, Аллаһ - өте Кешірімді, ерекше Мейірімді », - деп
Ғымранның жұбайы (фақуза қызы Ханна): «Раббым! Ішімдегіні азат қылған түрде Саған арнадым, менен қабыл айла! Расында Сен өзің аса естуші, білушісің» деді
Аударма: Халифа Алтай
Кезінде Имранның әйелі: «Раббым! Ақиқатында мен құрсағымдағыны азат етілген түрде Өзіңе атадым. Менен қабыл ал! Сен әрбір нәрсені Естушісің, бәрін Білушісің », - деген еді
Сонда ол, қыз тапқан сәтте: «Раббым! Шынында мен қыз таптым» деді. Алла оның не тапқанын біледі. Ұл, қыздай емес. «Мен оның атын Мәрйем қойдым. Оны да ұрпағын да шайтаннан Саған сиындырамын» деді
Аударма: Халифа Алтай
Ол оны босанғанда: «Раббым, мен қыз - босандым», - деді. Аллаһ оның не босанғанын жақсы біледі. Әрі ұл қыз сияқты емес. «Мен оны Мәриям деп атадым әрі оны және оның ұрпағын қуылған шайтаннан Сенің қорғауыңды тілеп, сиынамын», - деді
Сонда оны Раббы жақсы қабылдап, көркем өсірумен өсірді және оған Зәкерияны (Ғ.С.) ие қылды. Зәкерия оның хұжырасына әр кіргенде оның қасында көрек тапты. «Әй Мәрйем! Осы саған қайдан келді?»,- деді. Мәрйем: «Ол Алланың қасынан, шәксіз Алла қалаған құлын есепсіз ризыктандырады» деді
Аударма: Халифа Алтай
Раббысы оны жақсы түрде қабылдап, көркем етіп өсірді және оны Зәкәрияның қарауына берді. Зәкәрия әрқашан оның алдына - михрабқа / құлшылық орнына / кірсе, оның алдынан ризық көретін. Ол: «Ей, Мәриям! Бұл саған қайдан / келуде / ?»- деді. Ол / Мәриям / : «Ол - Аллаһтан. Ақиқатында Аллаһ қалағанына сансыз ризық береді», - деді
Зәкерия (Ғ.С.) хұжырада намаз оқып тұрғанда, періштелер оған: «Расында Алла (Т.) саған, Алладан болған әмірді (Ғиса Ғ.С.ды) растаушы, ел ағасы, нәпсіне ие, игілерден бір Пайғамбар болатын Яхьямен қуанышқа бөлейді» деп дауыстады
Аударма: Халифа Алтай
Ол михрабта / құлшылық орнында / намаз оқып тұрған кезде, періштелер: «Аллаһ сені Аллаһтың сөзін растаушы, ел ағасы, ұстамды әрі ізгілер қатарында пайғамбар болатын Яхиямен сүйіншілейді», - деп үн қатты
(Зәкерия Ғ.С.): «Раббым! Менің ұлым қалайша болады? Негізінен өзіме кәрілік жетті. Әйелім бедеу» деді. «осылайша Алла қалағанын істейді» (делінген жауап алды)
Аударма: Халифа Алтай
Зәкәрия / . «Менде бала қалай болады?! Негізінде өзіме кәрілік жетті, ал әйелім - бедеу», - деді. / Періште / : «Міне, осылай, Аллаһ нені қаласа соны жасайды», - деді
«Раббым! Маған бір белгі көрсет» деді. «Белгің; үш күн адамдармен ымдап қана сөйлесуің. Раббыңды көп зікір ет те ертелі- кеш дәріпте» деді
Аударма: Халифа Алтай
Зәкәрия / : «Раббым! Маған бір белгі бер», - деді. / Ол: / «Сенің белгің - адамдармен үш күн тек ишарамен ғана сөйлесуің. Раббыңды көп еске ал әрі кешке және таңертең Оны дәріпте», - деді
(Мұхаммед Ғ.С.) міне бұл саған біз уахи етіп отырған көмес хабарлардан. Олардың қайсысы Мәрйемге ие болады деп, қаламдарын (шар) салған кезде, қастарында жоқ едің. Сондай-ақ олар таласқан сәтте де алдарында емес едің
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Бұл - Біз саған уахи етіп отырған ғайып хабарлардың бірі. Негізінде, олар / ғибадатхана өкілдері / Мәриямды қарауына қайсысы алатынына / анықтау үшін / қаламдарын / жеребе етіп / тастағанда, сен олардың қасында болған жоқсың. Әрі олар тартысқан кезде де қастарында жоқ едің
Сол уақытта періштелер: «Әй Мәрйем! Расында Алла сені өз тарапынан бір сөзбен қуантады; оның аты Мәсих Ғиса мәрйем ұлы, дүние ақиретте беделді сондай-ақ Аллаға жақындардан болады» деді
Аударма: Халифа Алтай
Сол кезде періштелер: «Ей, Мәриям! Ақиқатында Аллаһ сені Өз тарапынан болған бір Сөзбен сүйіншілейді. Оның есімі - Иса Мәсих Мәриям ұлы, ол осы өмірде әрі соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / абыройлы әрі / Аллаһқа / жақындатылғандардан болады
Мәрйем: «Раббым! Маған бір адам тиіспесе сонда балам қалайша болады!»,- деді. (Періштелер): «Солайша Алла қалағанын жаратады» деді. Қашан бір істің болуын қаласа, тек қана оны «бол» дейді, Сонда ол, бола қалады
Аударма: Халифа Алтай
Мәриям / '. «Раббым! Менде қалайша бала болады, егер маған ешбір адам тиіспеген болса?!» - деді. / Періште / : «Осылай, Аллаһ қалағанын жаратады. Қашан Ол бір іске шешім шығарса, оған тек қана «Бол!» - дейді, сонда ол бола қалады», - деді
Сондай-ақ оны Израил ұрпақтарына елші қылады: «Шын мәнінде сендерге раббыларыңнан мұғжизамен келдім. Сендерге құстың мүсіні сияқты жасап, оны үрлеймін. Сонда Алланың бұйрығынша құс болады. Және Алланың бұйрығынша, анадан тума соқырды, аламесті жазып, өлікті тірілтемін әрі үйлеріңде не жеп нені қойғандарыңнан хабар беремін. Расында бұл жағдайда сендер үшін әрине үлгі бар. Егер иман келтірген болсаңдар.»
Аударма: Халифа Алтай
әрі оны Исраил / Йаъқубтың / ұрпақтарына Елші етеді. / Иса / \ «Ақиқатында мен сендерге Раббыңыздан бір белгі-мұғжизамен келдім. Сендерге лайдан құс секілді жасаймын, сөйтіп оған үрлегенімде, ол Аллаһтың қалауымен құс болады. Сондай-ақ, тума соқыр мен алапесті айықтырып, Аллаһтың қалауымен өлілерді тірілтемін әрі сендерге үйлерінде не жеп, нені сақтап жинағандарыңның хабарын беремін. Егер иманды / мүмін / болсаңдар, осы нәрселерде сендер үшін белгі-ғибрат бар
«Сондай-ақ сендерге алдымдағы Тәуратты растаушы әрі Раббыларыңнан сендерге арам етілген кей нәрселерді халал ететін аят келтірдім. Алладан қорқыңдар да маған бой ұсыныңдар» (деді)
Аударма: Халифа Алтай
Әрі мен сендерге алдымдағы Тәураттағыны растаушы ретінде және сендерге тыйым салынған нәрселердің кейбіріне / Аллаһтың әмірімен / рұқсат беру үшін / келдім / . Әрі мен сендердің Раббыңнан белгі-дәлелмен келдім. Аллаһтан / Оның тыйғандарынан / қорқып, сақтаныңдар әрі маған бағыныңдар
Сонда Ғиса (Ғ.С.) олардан қарсылық сезген кезде: «Алла жолында жәрдемшім кім?»,- деді. Хауарилер: «Біздер Алла үшін көмекшіміз,Аллаға иман келтірдік, куә бол, шынайы мұсылманбыз» деді. (Хауарилер он екі кісі еді)
Аударма: Халифа Алтай
Иса олардан / иудейлерден / күпірлік / қарсылық / сезген кезде: «Аллаһқа / Оның жолындағы / менің жәрдемшілерім кім?» - деді. Хауарилер / Исаға ерушілер / : «Біз - Аллаһ / дінінің / көмекшілеріміз. Аллаһқа сендік! Біздің мұсылман / бойсұнушы / екендігімізге куә бол
Олар айлакерлік істеді, Алла да амалын тапты. Алла тәсілшілердің жақсысы. (Яһудилер Ғиса (Ғ.С.) ны өлтіру үшін айлакерлік жасады. Алла (Т.) амалын тауып, олардың біреуін Ғиса (Ғ.С.) ға ұқсатты. Олар соны өлтірді
Аударма: Халифа Алтай
Олар / кәпірлер / айла-шарғы жасады. Аллаһ та амал-тәсіл жасады. Аллаһ - амал-тәсіл жасаушылардың ең қайырлысы
Сол уақытта Алла: «Әй Ғиса! Сені Мен алушымын! Сондай-ақ өз тарапыма көтерушімін әрі қарсы болғандардан тазартушымын да саған ілескендерді қияметке дейін қарсы болғандарға үстем қыламын. Сонсоң қайтар жерлерің Мен жақ! Сонда таласқан нәрселеріңе үкім беремін» деді
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ айтты: «Ей, Иса! Ақиқатында, Мен сені дүниеден алып, Өз тарапыма көтеремін әрі сені күпірлік еткендерден / теріске шығарғандардан / тазартып, саған ілескендерді Қайта тірілу күніне дейін күпірлік етушілерден / қарсы келушілерден / жоғары қоямын. Содан кейін қайту - Маған / Маған қайтасыңдар / . Сонда, қайшылыққа түскен нәрселеріңе қатысты араларыңа үкім беремін
«Ал енді сондай қарсы елгендерді, дүниеде де ахиретте де өздерін қатты азаппен қинаймын әрі олар үшін ешбір жәрдемші болмайды»
Аударма: Халифа Алтай
Ал, күпірлік еткендерді / қарсы келгендерді, мойындамағандарды / осы өмірде және соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / қатты қинаумен азаптаймын әрі оларға ешбір көмек беруші болмайды», - деді
Ал Ғиса ( Ғ.С.) жайында саған мәлімет келгеннен кейін өзіңнен кім таласса да оларға: «Келіңдер! Балаларымызды, балаларыңды, әйелдерімізді, әйелдеріңді, өздерімізді және өздеріңді шақырып алайық. Сонсоң Алланың лағынеті өтірікшілерге болсын! Деп қарғасайық» де
Аударма: Халифа Алтай
Ал, өзіңе келген білімнен кейін кім сенімен ол / Иса / жөнінде тартысса: «Келіндер, біз өз балаларымызды әрі сендердің балаларыңды, біздің әйелдерімізді және сендердің де әйелдеріңді, әрі өзімізді және өздеріңді шақырайық та, содан кейін жалбарынып, өтірікшілерге Аллаһтың лағнетін тілейік», - деп айт
Нажыраннан келген дін басшыларына: «Егер Ғиса (Ғ.С.) жайындағы сенімдерің рас болса, бала- шағаларымызбен жиналып, Алланың лағынеті өтірікшілерге болсын!»,- деп, (Мұхаммед Ғ.С.) Фатыма, Хасан, Хұсайынды ертіп шыққан екен.) Расында осы (Ғиса Ғ.С.ға байланысты) қиссалар әлбетте шындық. Алладан басқа ешбір тәңір жоқ. Шын мәніде Ол Алла, аса үстем, тым кемеңгер. (Бұл Христиандардың үш элементтік сенімдеріне тойтарыс)
Аударма: Халифа Алтай
Анығында, бұл - ақиқи хабарлар. Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқ. Ақиқатында, Аллаһ - бәрінен Үстем, аса Дана
(Мұхаммед Ғ.С.) : «Әй Кітап иелері! Біздің арамызбен сендердің араларыңа бірдей бір сөзге келіңдер; жалғыз Аллаға құлшылық қылайық, Оған еш нәрсені ортақ қоспайық. Сондай-ақ Алладан өзге бір-бірімізді тәңір тұтпайық» деп айт. Егер олар жүз бұрса: «Куә болыңдар, шіксіз біз Мұсылман болдық» деңдер
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Ей, Кітап берілген қауым! Бізге де, сендерге де бірдей бір сөзге келейік, - Аллаһтан басқаға құлшылық қылмайық, Оған ешнәрсені серік қоспайық. Сондай-ақ, бірімізді біріміз Аллаһтан өзге - иелер етіп алмайық», - деп. Егер олар бет бұрса: «Біздің мұсылман екенімізге куә болыңдар», - деп айтыңдар
Әй Кітап иелері! Ыбырайым (Ғ.С.) жайында не үшін таласасыңдар? Негізінен Інжіл де тәурат та одан кейін түсірілген. Ойламайсыңдар ма
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Кітап берілген қауым! Ибраһим жөнінде не үшін тартысудасыңдар? Тәурат та, Інжіл де одан кейін барып түсірілген. Ақылдарыңды істетіп, ұғынбайсыңдар ма
Ал сендер мәліметтерің болған нәрсеге таластыңдар ғой. Білмеген нәрселеріңе неге таласасыңдар? Алла біледі, сендер білмейсіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Міне, сендер, сол - өздеріңде білімі болған нәрсе жөнінде тартыстыңдар. Ал енді неге өздеріңде білімі болмаған нәрсе жөнінде тартысасыңдар? Аллаһ біледі, сендер білмейсіңдер
Расында адамдардың Ыбырайым (Ғ.С.) ға ең жақындары; оған ергендер мен осы Пайғамбар (Мұхаммед Ғ.С.) және де мүміндер. Алла мүміндердің иесі
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, адамдардан Ибраһимге сай, ең жақыны - оған ергендер әрі осы Пайғамбар / Мұхаммед / және имандылар / мүміндер / . Ал, Аллаһ - имандылардың / мүміндердің / Қамқоршысы
Кітап иелерінің бір тобы, (өзара): «Мүміндерге түсірілген Құранға күндіздің алдында (таңертең) иман келтіріп, күндіздің соңында (кешке жақын) қарсы шығыңдар. Мүмкін олар күдіктеніп, діндерінен) қайтар» десті
Аударма: Халифа Алтай
Кітап берілген қауымның бір тобы: «Иманға келгендерге түсірілгенге / Құранға / күннің алғашқы бөлігінде сеніп, ал күннің соңында күпірлік етіңдер / бас тартыңдар / . Мүмкін, олар қайтар
Ал және олар: «Өз діндеріңе ергендерге ғана сеніңдер» деді. (Мұхаммед Ғ.С.): «Расында Алланың жолы тура жол» деп айт.(Тағы олар өзара ): «Сендерге берілгендей ешбіреуге берілетіндігіне немесе олардың, Раббыларыңның жанында сендерге дәлелдейтіндіктеріне де сеңбендер» десті. (Мұхаммед Ғ.С.) : «Шын мәнінде кеңшілік Алланың қолында, Ол кімді қаласа, соған береді. Сондай-ақ Алла аса кең, әр нәрсені білуші» деп айт
Аударма: Халифа Алтай
Әрі діндеріңе ергеннен басқаға сенбеңдер», - деді. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Ақиқатында, тура жол - Аллаһтың жолы», - деп. / Олар тағы бір-біріне / : «Сендерге берілгендей нәрсе біреуге берілмеуі немесе олар сендермен Раббыңыздың алдында тартыспауы үшін», - деді. Айт: «Анығында, кеңшілік - Аллаһта. Ол оны қалағанына береді. Аллаһ - аса Кең , бәрін Білуші», - деп
(Мұхаммед Ғ.С.) кейбір Кітап иелеріне, толып жатқан нәрсе аманат қойсаң да, саған өтейтіндері бар. Тіпті бір динар аманат берсең де, ұдайы басында қақшыйып тұрсаң, әрең беретіндері де бар. Оның себебі олардың: «надандар (Яһуди болмағандар) жайында бізге тергеу жоқ» дегендіктерінен. Сондай-ақ олар Аллаға біле тұра өтірік айтады
Аударма: Халифа Алтай
Кітап берілген қауымның ішінде мол дүниені сеніп тапсырсаң, оны өзіңе қайтаратындары бар. Сондай-ақ, олардың ішінде бір динарды сеніп тапсырсаң, қашан басында тұрып алмағаныңша, оны саған қайтармайтындары бар. Бұл олардың: «Сауатсыздарға қатысты бізге жол / күнә / жоқ», - деп айтқандары себепті. Олар біле тұрып, Аллаһқа қатысты өтірік айтады
Олай емес! Кім өз уәдесін орындаса, Алладан қорықса, расында Алла (Т.) тақуаларды жақсы көреді
Аударма: Халифа Алтай
Олай емес! Кім сертін орындаса және тақуа болса / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанса / , сөзсіз, Аллаһ тақуаларды / Өзіне бойсұнып, жазасынан сақтанушыларды / жақсы көреді
Негізінен сондай Аллаға берген серттерімен, анттарын аз ақшаға (дүниеге) айырбастағандар, міне солардың ахиретте бір сыбағасы жоқ. Қиямет күні Алла оларға сөз қатпайды да оларға қарамайды әрі оларды ағартпайды. Сондай-ақ олар үшін күйзелтуші азап бар
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, Аллаһқа берген сертін және өздерінің анттарын болмашы бағаға сататындар - міне, соларға соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / үлес жоқ. Қайта тірілу күні Аллаһ оларға сөйлемейді, оларға қарамайды әрі оларды тазартпайды. Сондай-ақ оларға күйзелтуші азап бар
Расында кітап иелерінен бір бөлімі, Кітапта болмағанды Кітапта бар екен деп ойлауың үшін тілдерін бұрмалап оқиды да: «Осы Алланың қасынан келді» дейді. Бірақ ол Алланың қасынан емес. Сондай-ақ олар біле тұра өтірік айтады
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, олардың ішінде Кітапта жоқ нәрсені Кітапта бар деп есептеулерің үшін Кітапты тілдерін бұрап / өзгертіп / әрі Аллаһтан болмаса да: «Бұл - Аллаһтан», - деп айтатын бір топ бар. Олар біле тұрып Аллаһ атынан өтірік айтады
Алла адамға кітап, даналық және пайғамбарлық берген болса, сонсоң оның басқа адамдарға: «Алланы қойып маған құл болыңдар» деулері лайық емес. Бірақ: «Кітапты үйретулерің, оқуларың бойынша нағыз Құдайшыл болыңдар» (деулері лайық)
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ бір адамға Кітап, үкім және пайғамбарлық бергеннен кейін, оның адамдарға: «Аллаһты қойып, маған құл болыңдар», - деп айтуы лайық емес. Керісінше: «Кітапты үйреткендерің әрі өздерің үйренгендеріңдей өздеріңнің Раббыңа берілгендерден болыңдар», - / деп айтуы лайықты
Сондай-ақ олар сендерге: «Періштелерді, пайғамбарларды тәңір жасап алыңдар!»,- деп бұйырмайды. Сендерді Мұсылман болғаннан кейін қарсылыққа бұйыра ма
Аударма: Халифа Алтай
Әрі оның сендерге періштелер мен пайғамбарларды құдайлар етіп алуды бұйыруына болмайды. Мұсылман болғандарыңнан кейін ол / Елші / сендерді күпірлікке / Аллаһқа серік қосуға / бұйыра ма
Сол уақытта Алла (Т.) пайғамбарлардан: «Сендерге Кітап, хикмет бердім, соңыра жаңдарыңдағыңы растаушы Пайғамбар келсе, әлбетте оған иман келтіріп, әрине оған жәрдем етесіңдер! Мойындап ауыр міндетімді қабыл алдыңдар ма?»,- дегенде, олар: «Қабыл алдық!»,- деген. (Алла): «Ендеше куә болыңдар. Мен де сендермен бірге куә болушыларданмын» деген
Аударма: Халифа Алтай
Кезінде Аллаһ пайғамбарлардан: «Мен сендерге Кітап, даналық бердім, содан кейін сендерге өздеріңдегіні растаушы бір Елші келсе, міндетті түрде оған сенесіңдер және жәрдем бересіңдер», - деп серт алды. / Оларға / : «Растадыңдар ма әрі жүктегенімді қабыл алдыңдар ма?» - дегенде, олар: «Растадық!» - деді. / Аллаһ / : «Ендеше куә болыңдар. Мен де сендермен бірге куә болушыларданмын», - деді
Олар, Алланың дінінен басқа дін іздей ме? Көктердегі және жердегі барлық жан иесі ерікті, еріксіз Аллаға бой ұсынады. Сондай-ақ олар, ол жаққа қайтарылады
Аударма: Халифа Алтай
Оған / Аллаһқа / аспандардағы және жердегілер ерікті әрі еріксіз түрде бойсұнғанда, олар Аллаһтың дінінен басқаны іздей ме? Әрі олар Оған қайтарылады
(Мұхаммед Ғ.С.): «біз Аллаға, өзімізге түсірілген Құранға, Ыбырайым, Ысмайыл, Ысқақ, Яғқұп (Ғ.С.) тарға және ұрпақтарына түсірілгенге және Мұса, Ғиса (Ғ.С.) ларға сондай-ақ пайғамбарларға Раббыларынан түсірілгенге де иман келтірдік; ешбіреуінің араларында айырмашылық жасамаймыз. Сондай-ақ біздер Ол Аллаға бой ұсынушылармыз» де
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Біз Аллаһқа сендік / иманға^ келдік / және бізге түсірілгенге / Құранға / әрі Ибраһимге, Исмаъилға, Исхаққа, Йаъқубқа және оның әулеттеріне түсірілгенге, сондай-ақ, Мұсаға, Исаға және пайғамбарларға Раббысы тарапынан берілгенге / сендік / . Олардың ешқайсысының араларын бөлмейміз. Әрі Біз - Оған бойсұнушымыз», - деп
Аллаға иман келтіріп, шын мәнінде Пайғамбардың хақтығына куә болғаннан әрі оларға ашық дәлелдер келгеннен кейін қарсы шыққан қауымды Алла қалайша тура жолға салады? Алла залым елді тура жолға салмайды
Аударма: Халифа Алтай
Иманға келіп, Елшінің хақ екендігіне куәлік бергенінен кейін әрі өздеріне анық дәлелдер келгеннен кейін күпірлік еткен / иманнан бас тартқан / адамдарды Аллаһ қалайша тура жолмен жүргізсін? Аллаһ әділетсіз адамдарды тура жолмен жүргізбейді
Бірақ сондай иман келтіріп, сонсоң тәубе еткендер және де ғамалдарын түзелткендер басқа. Расында Алла (Т.) аса жарылқаушы, ерекше мейірімді
Аударма: Халифа Алтай
Тек, осыдан кейін істеген күнәсіне шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтқандар / тәубеге келгендер / және түзеткендер бұған кірмейді. Анығында, Аллаһ - өте Кешірімді, ерекше Мейірімді
Ал сондай иман келтіргеннен кейін қарсы болғандар және қарсылықтарын арттырғандар, олардың тәубесі әсте қабыл болмайды. Міне солар, жолдан адасқандар
Аударма: Халифа Алтай
Негізінде иманға келгенінен кейін күпірлік еткен / иманнан қайтқан / , содан соң күпірліктерін / қарсылықтарын / арттыра түскендердің Аллаһқа бойсұнуға қайтуы / тәубесі / мүлдем қабыл етілмейді. Міне, солар - нағыз адасушылар
Негізінен қарсы келіп, кәпір күйінде өлгендер, олардың әрбіреуі жер жүзі толы алтын төлесе де әсте қабыл етілмейді. Міне солар үшін күйзелтуші азап бар. Сондай-ақ оларға ешбір жәрдемші жоқ
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, күпірлік етіп / иманнан бас тартып / , сөйтіп кәпір күйінде өлгендердің ешқайсысынан / өзін құтқару үшін / өтемге жер жүзі толған алтын берсе де қабыл етілмейді. Міне, соларға күйзелтуші азап бар. Әрі оларға бірде-бір жәрдемші жоқ
Тәурат түсірілуден бұрын,Исраилдың (Яғқұп Ғ.С. ның) өзіне ғана арам еткеннен басқа барлық тағам Исраил ұрпақтарына халал еді. (Мұхаммед Ғ.С.) оларға айт: «Егер сөздерің шын болса, Тәуратты әкеліп соны оқыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Тәурат түсірілуден бұрын, Исраилдың / Йаъқуб пайғамбардың / өз-өзіне тыйым салғанынан басқа барлық тағам Исраил ұрпақтарына рұқсат етілген еді. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Егер шын сөзді болсаңдар, онда Тәуратты әкеліп, оны оқыңдар», - деп
Онда ашық белгілер, Ыбырайым (Ғ.С.) ның орны бар. Сондай-ақ кім оған кірсе, аман болады. Оның жолына шамасы келген кісілер, Алла үшін Қағбаны зират ету (хаж қылу) керек. Ал кім қарсы келсе, Алла барлық әлемнен бай
Аударма: Халифа Алтай
Онда анық белгілер - Ибраһимнің мақамы / орны / бар. Кім оған кірсе, аман болады. Аллаһ адамдарға Үйге қажылық жасауды, оның жолына / Қағбаға баруға / шамасы келгендер үшін міндеттеді. Ал, кім күпірлік етсе / мұны теріске шығарса / , күмәнсіз, Аллаһ әлемдерден Бай, мұқтаж емес
(Мұхаммед Ғ.С.) : «Әй Кітап иелері! Не үшін Алланың аяттарына қарсы келесіңдер? Алла сендердің не істегендеріңе куә. (Оған аян.)» деп айт
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Ей, Кітап берілген қауым! Аллаһтың аяттарына неге күпірлік етесіңдер / қарсы келесіңдер / ? Ал, Аллаһ сендердің не істеп жатқандарыңа куә ғой», - деп
(Мұхаммед Ғ.С.) : «Әй Кітап иелері! Өздерің туралығына куә бола тұра не үшін қисықтық іздеп, мүміндерді Алланың жолынан тыясыңдар? Алла сендердің не істегеңдеріңнен ғапыл емес.» де
Аударма: Халифа Алтай
Айт: «Ей, Кітап берілген қауым! Өздерің куә бола тұра, не үшін Аллаһтың жолын бұрмалауға ұмтылып, иманға келгендерді одан тосасыңдар? Аллаһ сендердің не істеп жатқандарыңнан ғапыл / аңдамай қалушы / емес», - деп
Сендерге Алланың аяттары оқылуда әрі іштеріңде Алланың елшісі бола тұра қалайша қарсы келесіңдер? Және ккім Аллаға жабысса, сонда әрине ол тура жолға түсірілді
Аударма: Халифа Алтай
Сендерге Аллаһтың аяттары оқылып әрі араларында Оның Елшісі бола тұрып, қалайша күпірлік етесіңдер / сенбей, қарсы келесіңдер / ? Ал, кім Аллаһтан айрылмай ұстаса, сөзсіз, ол тура жолға түсірілген болады
Әй мүміндер! Алладан шынайы қорқумен қорқыңдар да Мұсылман болған күйде ғана өліңдер
Аударма: Халифа Алтай
Ей, иманға келгендер! Аллаһқа шын / Оған лайықты түрде болған / тақуалықпен / Оның жазасынан шын қорқып, сақтанумен / тақуалық етіңдер әрі Мұсылман күйінде болмаса, / өзге халде / өлуші болмаңдар. / Мұсылман болған күйде ғана өмірден өтіңдер
Түп- түгел Алланың жібіне (дініне) жабысыңдар да бөлінбеңдер. Сондай-ақ өздеріңе Алланың берген нығметін еске алыңдар. Өйткені: Бір- біріңе дұшпан едіңдер, жүректеріңнің арасын жарастырды, Оның игілігімен туысқа айналдыңдар. Оттан бір шұңқырдың ернеуінде едіңдер, сендерді одан құтқарды. Осылайша Алла сендерге аяттарын тура жолға түсулерің үшін баян етеді
Аударма: Халифа Алтай
Барлығың Аллаһтың арқанынан айрылмай ұстаңдар әрі бөлінбеңдер. Сондай-ақ, Аллаһтың өздеріңе берген игілігін еске алыңдар, сендер / бір-біріңе / жау болған кездеріңде, Ол жүректеріңнің арасын жарастырып, Оның игілігімен бауырларға айналдыңдар. Әрі сендер бір От / тозақ / шыңырауының ернеуінде едіңдер, Ол сендерді одан құтқарды. Сендер тура жолмен жүрулерің үшін Аллаһ сендерге Өз аяттарын осылай түсіндіреді
Сендерден жақсылыққа шақыратын сондай-ақ дұрыстыққа қосып, бұрыстықтан тосатын бір топ болсын. Міне солар құтылушылар. (бір ислам қоғамы болу шарт)
Аударма: Халифа Алтай
Сендердің араларыңда жақсылыққа / қайырлы іске / шақыратын, құпталғанға бұйырып, тыйым салынғаннан қайтаратын бір топ болсын. Міне, солар - мұратына жетушілер
Қиямет күні кей беттер ағарып, кей беттер қарады. Сонда қара беттерге: «Иман келтіргеннен кейін қарсы келдіңдер ме? Ендеше, қарсы келулерің себепті азапты татыңдар!»,- (делінеді)
Аударма: Халифа Алтай
Ол күні кейбір жүздер ағарып, кейбір жүздер қараяды. Жүздері қарайып кеткендерге: «Сендер иманға келгендеріңнен кейін күпірлік еттіңдер ме / иманды теріске шығардыңдар ма / ? Енді күпірлік еткендерің үшін азапты татыңдар»,- делінеді
Сендер адам баласы үшін игілікті әмір етіп, қарсылықтан тыятын сондай-ақ Аллаға сенетін хайырлы бір үүме болып, шығарылдыңдар. Ал егер кітап иелері иман келтірсе еді, әлбетте олар үшін жақсы болар еді. Олардан иман келтіргендер де бар. Олардың көбірегі бұзақылар
Аударма: Халифа Алтай
Сендер адамдар үшін шығарылған ең қайырлы үммет болдыңдар. Сендер құпталғанға бұйырып, тыйым салынғаннан қайтарасыңдар және Аллаһқа сенесіңдер. Егер де Кітап берілгендер иманға келгенде, өздері үшін қайырлы болар еді. Олардың арасында иманға келгендер бар. Алайда, олардың көпшілігі бұзықтар / бойсұнбаушылар
Олар сендерге реніштен басқа зиян бере алмайды. Ал егер сендермен соғысса, сырт айналып қашады. Сонсоң оларға жәрдем етілмейді
Аударма: Халифа Алтай
Олар сендерге азар беруден / ренжітуден / басқа ешбір зиян тигізе алмайды. Ал, егер сендермен соғысса, арттарына бұрылады. Содан кейін оларға жәрдем берілмейді
Қайда болса да оларға қорлық соққысы тиген. Бірақ Алладан қорғау және адамдардан келісім болса басқа. Әрі олар Алланың ашуына ұшырап, кедейшіліктің де соққысын жеді. Осы олардың Алланың аяттарына қарсы келулері, жазықсыз пайғамбарларды өлтәрулері себепті. Сондай-ақ олардың қылмысты болып шектен шығуларының салдарынан
Аударма: Халифа Алтай
Олар Аллаһтың жібімен / қорғауымен / болмаса және адамдардың жібімен / келісімі аясында / болмаса, қай жерде табылса да қорлыққа ұшыратылды. Әрі олар Аллаһтың ашуына тап болып, жоқшылыққа ұшыратылды. Бұл - олардың Аллаһтың аяттарына күпірлік етулері / мойындамаулары, қарсы келулері / және өлтіруге құқығы болмаса да пайғамбарларды өлтірулері себепті. Әрі бұл олардың бойсұнбаулары және шектен шыққандықтары үшін
Олар Аллаға, ахирет күніне сенеді де дұрысқа қосып, бұрыстан тосады. Сондай-ақ хайырлы істерде жарысады. Міне солар ізгілер
Аударма: Халифа Алтай
Олар Аллаһқа және Ақирет күніне сенеді, құпталғанға бұйырып, тыйым салынғаннан қайтарады әрі олар игі істерде алдында / озат / болуға ұмтылады. Міне, солар - ізгілерден
Негізінен қарсы болғандардың малдары, балалары Алладан ешбір нәрсені қорғамайды. Міне солар тозақтық, олар онда мәңгі қалады
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, күпірлік еткендерді / иманға келмегендерді / мал дүниелері де, балалары да ешбір нәрсемен Аллаһтан / Оның азабынан / құтқара алмайды. Міне, солар - Отта болатындардан, олар онда мәңгі қалушылар
Олардың бұл дүние тіршілігінде қылған хайырларының мысалы: Өздеріне зұлымдық істеген елдің егініне тиіп жоқ еткен суық боран тәрізді. Оларға Алла зұлымдық етпеді, бірақ олар өздеріне зұлымдық етті
Аударма: Халифа Алтай
Олардың осы өмірде жұмсағандарының мысалы - өздеріне өздері әділетсіздік еткен адамдардың егіндігіне тиіп, оны тып-типыл еткен бір суық желге ұқсайды. Аллаһ оларға әділетсіздік істеген жоқ. Алайда, олар өздеріне әділетсіздік істеді
Әй мүміндер! Өздеріңнен өзгелерді сырлас тұтпаңдар. Олар сендерге қастандықтан тартынбайды. Сондай-ақ олар күйзелулеріңді қалайды. Олардың кектері ауызынан-ақ көрініп түр. Әрі олардың жүректеріндө жасырғандары тағы үлкен . Егер түсінетін болсаңдар, әрине сендерге аяттарымызды баян еттік
Аударма: Халифа Алтай
Ей, иманға келгендер! Өздеріңнен болмаған басқаларды дос, сырлас етіп алмаңдар. Олар сендерге нұқсан келтіретін сәтті қалт жібермейді. Олар сендердің қиныншылықта қалуларыңды қалайды. Олардың / сендерді / жек көрулері көмейлерінен байқалды. Ал, көкіректерінде жасырғандары одан да үлкен. Егер ақылдарыңды істетіп ұғынатын болсаңдар, сендерге аяттарды анықтап түсіндіріп бердік
Я, сендер оларды жақсы көрсеңдер де, олар сендерді жақсы көрмейді. Сондай-ақ сендер Кітаптың бәріне сенесіңдер. Қашан олар сендерге кездессе; "Иман келтірдік" деп, ал қашан олар оңашалана қалса, сендерге деген ызаларының зардабынан саусақтарын шайнар. (Мұхаммед F.C.): "Ызаланған бойда өліп кетіңдер!" де. Шөксіз Алла көкіректегілерді толық біледі
Аударма: Халифа Алтай
Міне, сендер оларды жақсы көресіңдер, ал олар сендерді жақсы көрмейді. Сендер Кітапқа бүтіндей сенесіңдер. Олар сендерді кездестірсе: «Біз иманға келдік», - дейді. Ал, оңаша қалғанда, сендерге ызаланғаннан бармақтарын шайнайды. Оларға: «Ызаларыңнан өліп кетіңдер», - деп айт. Ақиқатында, Аллаһ - көкіректердегіні жақсы Білуші
Егер сендерге бір игілік жетсе, оларға жаман көрінеді. Ал егер сендерге бір жамандық жетсе, оған олар хош болады. Егер сабыр етсеңдер, сақтық істесеңдер, олардың сығандықтары сендерге ешбір зиян кылмайды. Күдіксіз Алла (Т.) Олардың не істегендерін толық біледі
Аударма: Халифа Алтай
Егер сендерге бір жақсылық жетсе, бұл оларды қапаландырады, әрі сендерге бір жамандық жетсе, олар бұған қуанады. Ал, егер сабыр етсеңдер әрі тақуа болсаңдар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтансаңдар / , олардың қулық-сұмдығы сендерге ешбір зиян тигізбейді. Ақиқатында, Аллаһ - олардың не істеп жатқандарын Қамтушы
(Мұхаммед F.C. Ұхыт соғысы кезінде) үйіңнен ерте шығып, мүміндерді соғыс үшін орындарға орналастыруда едің. Алла әр нәрсені естіп, білуші
Аударма: Халифа Алтай
Кезінде, / ей, Мұхаммед / сен үйіңнен имандыларды / мүміндерді / шайқас орындарына орналастыру үшін ерте шықтың. Аллаһ - әрбір нәрсені Естуші, бәрін Білуші
Әй мүміндер! Өздеріңнен өзгелерді сырдас тұтпаңдар. Олар сендерге қастандықтан тартынбайды. (Ұхыт соғысында мұнафықтар майданнан қасақана қайтып кеткендіктен, оң-сол екі қанаттағы топқада қобалжу кірді.) Сол уақытта сендерден екі топ, уаымдап үрейленді. Сондай-ақ Алла (Т.) ол екеуінің жәрдемшісі еді. Мүміндер, Аллаға тәуекел етсін
Аударма: Халифа Алтай
Сол кезде сендерден екі топ осалдық танытамыз ба деп уайымдады. Ал, ол екеуінің Қамқоршысы - Аллаһ. Имандылар / мүміндер / Аллаһқа жүгініп, Оған істерін тапсырсын / тәуекел етсін
Әрине Алла сендерге Бәдірде де жәрдем етті. Онда сендер тағы нашар едіңдер. Алладан қорқыңдар, әлбетте шүкір еткен боласыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Аллаһ сендерге Бәдірде, әлсіз халде болғандарыңда көмек берген еді. Шүкір ету / берген игіліктеріне алғыс білдіру / үшін Аллаһтан / Оның тыйғандарынан / қорқып, сақтаныңдар
Әрине егер сабыр етсеңдер, сақсынсаңдар сондай-ақ жау дереу осы араға жетіп келетін болса, Раббыларың сендерге бес мың белгілеулі періштелермен жәрдем етеді
Аударма: Халифа Алтай
Әрине! Егер сабыр етсеңдер әрі тақуалық қылсаңдар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтансаңдар!, сол сәтте олар / жау әскері / сендерге бірден келіп қалса, / сонда / Раббыңыз сендерді белгісі бар бес мың періштемен қолдайды
(Мұхаммед Ғ.С.) ешбір іс сенің еркіңде емес. Алла немесе олардың тәубесін қабыл етеді әлде оларды қинайды. өйткені, олар залымдар
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / саған / бұл / істе ешнәрсе жоқ. Ол / Аллаһ / не олардың істеген күнәсіне шынайы өкініп, Өзіне бойсұнуға қайтуын / тәубесін / қабыл етеді немесе оларды азаптайды. Өйткені, олар – әділетсіздер
Раббыларыңның жарылқауына және тақуалар үшін әзірленген, кеңдігі жер мен көктей жәннәтке жарысыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Раббыңыздың кешіріміне және тақуалар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанушылар / үшін дайындалған, ені аспандар мен жердей болған - жәннатқа ұмтылыңдар
Олар кеңшілікте, таршылықта Алла жолында мал сарып қылғандар. Сондай-ақ олар ашуларын жеңушілер, адамдарды кешірім етушілер. Алла (Т.) жақсылық істеушілерді сүйеді
Аударма: Халифа Алтай
Солар / тақуалар / жеңілдікте де және қиындықта да / Аллаһ разылығы үшін / жұмсайтындар, ашуын ұстайтындар және адамдарды кешіретіндер. Аллаһ жақсылықты ықыласпен істеушілерді жақсы көреді
Ал олар қашан арсыздық істесе не өздеріне зұлымдық қылса, Алланы естеріне алып, күнәларының жарылқауын тілейді. Күнәларды Алладан басқа кім жарылқайды. Сондай-ақ олар істеген істеріне біле тұра қасарыспайды
Аударма: Халифа Алтай
Әрі олар жиіркенішті іс / үлкен күнә / жасаса немесе өздеріне әділетсіздік етсе, Аллаһты естеріне алып, күнәлары үшін кешірім тілейтіндер. күнәларды Аллаһтан басқа кім кешіреді? Әрі олар істегендерін қасарысып жалғастыра бермейді және олар біледі
Міне солардың сыйлықтары Раббылары тарапынан жарылқау және астарынан өзендер ағатын ұжмақтар. Олар онда мәңгі қалады. Ғамал істеушілердің сыйлықтары нендей айбат
Аударма: Халифа Алтай
Міне, солардың қайтарым сыйы - олардың Раббысынан кешірім және астынан өзендер ағып жататын әрі олар онда мәңгі қалатын / Жәннаттағы / бақтар. Амал етушілердің сыйы қандай жақсы
Бұл (Құран) адам баласы үшін ашық түсінік, тура жол және тақуалар үшін насихат
Аударма: Халифа Алтай
Бұл / Құран / - адамдар үшін анық түсіндіру әрі тақуалар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанушылар / үшін жолбасшы / тура жолды ұстануға басшылық / және насихат
Сендер (Ұхытта) жараланған болсаңдар, әрине (бәдірде) ол ел де, сол құсап жараланған болатын. Осы күндерді адамдардың араларында айналдырамыз. Өстіп Аллаға сенушілерді анықтау және сендерден шәйіт алу үшін… Алла залымдарды сүймейді
Аударма: Халифа Алтай
Егер сендер жарақат алсаңдар, ақиқатында ол адамдар да сондай жарақат алған еді. Аллаһ иманға келгендерді білуі әрі сендерден шәһидтер таңдап алуы үшін осындай күндерді адамдардың араларында алмастырып тұрады. Аллаһ әділетсіздерді жақсы көрмейді
Расында сендер өлімге кездесуден бұрын оны тілеуші едіңдер. Ал енді оны көрдіңдер де, қарап тұрсыңдар. (Ұхыт соғысында «Мұхаммед Ғ.С. өлтірілді» деген хабар тарап, Мұсылмандар абыржып қалды)
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, сендер өлімге кездеспей тұрып, оны тілеуші едіңдер. Енді оны көрдіңдер де қарап қалдыңдар
Мұхаммед (Ғ.С.) бір елші ғана, одан бұрын да елшілер өткен. Ал сонда ол өлсе не өлтірілсе, сендер сонда өкше (із) леріңе айналасыңдар ма? (Қайта кәпір боласыңдар ма?) Кім өкше ізіне қайтса Аллаға ешбір зиян келтірмейді. Сондай-ақ Алла, шүкір етушілерді сыйлайды
Аударма: Халифа Алтай
Мұхаммед бір Елші ғана. Одан бұрын да елшілер өтті. Егер ол өлсе, не өлтірілсе арттарыңа қайтып кетесіңдер ме? Кім артына қайтатын болса, Аллаһқа ешбір зиян келтіре алмайды. Аллаһ шүкір етушілердің / берген игіліктеріне алғыс білдірушілердің! қайтарым сыйын, әлі-ақ береді
Алланың бұйрығы болмайынша ешкім өлмейді, ол жазулы бір мерзім. Кім дүниенің пайдасын тілесе, оған одан береміз. Ал кім ахирет пайдасын қаласа, оған одан береміз. Сондай-ақ шүкірлік етушілерді сыйлаймыз
Аударма: Халифа Алтай
Әрбір жан тек Аллаһтың рұқсатымен ғана, анық жазылып белгіленген мерзімде өледі. Әрі кім осы өмірдің сыйын қаласа, оған одан береміз. Ал, кім соңғы, мәңгілік өмірдің / ақиреттің / сыйын қаласа, оған да одан береміз. Әрі Біз шүкір етушілердің I берген игіліктерімізге алғыс білдірушілердің / қайтарым сыйын жақында береміз
Қаншалаған пайғамбар онымен бірге көптеген құдайшылдар соғысқан болатын; сонда бастарына келгенге олар босамады да осалдамады. Сондай-ақ именбеді. Алла қажырыларды жақсы көреді
Аударма: Халифа Алтай
Қаншама пайғамбар өтті, Раббысына берілген көптеген адамдар олармен бірге соғысты. Олар Аллаһ жолында бастарына түскенге босаңсымады, әлсіздік танытпады және мойымады. Аллаһ сабыр етушілерді жақсы көреді
Ал олардың сөздері: «раббымыз! Күнәларымызды, ісіміздегі орынсыздықтарымызды кеше көр әрі табанымызды мықтап, кәпір қауымға қарсы жәрдем бер!»,- деу ғана еді
Аударма: Халифа Алтай
Олардың сөздері: «Раббымыз! Біздің күнәларымызды және ісіміздегі шектен шығуымызды кешір әрі табандарымызды бекіт және кәпірлерге қарсы бізге көмек бер!» - деп айтулары ғана болды
Әй мүміндер! Егер кәпірлерге бой ұсынсаңдар, сендерді кері қайтарады. Сонда зиян етушілерге айналасыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Ей, иманға келгендер! Егер күпірлік еткендерге / қарсы келгендерге, имансыздарға / бағынсаңдар, олар сендерді арттарыңа қайтарады. Сонда зиян шеккендерге айналасыңдар
Ешбір дәлел түсірілмеген нәрсені Аллаға ортақ қосулары себепті кәпірлердің жүректеріне қорқу саламыз. Сондай-ақ олардың орындары от. Залымдардың орны нендей жаман! (Мұхаммед Ғ.С.Ұхыт соғысында бір топ адамды арт жақтағы бір кезеңге қойып: «Бұл арадан әсте айрылмаңдар!»,- деген болса да, олар жау жеңілді деп ойлап, араласып кетіп, бір неше кісімен бастықтың ғана қалғанын сезген жау, оларды типыл қылып, арт жақты қоршап кеткендіктен Мұсылмандар қатты абыржып, шақыруға қарамай қаша бастайды)
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһқа серік етіп, Ол ешбір дәлел түсірмеген нәрсені таңғандықтары үшін күпірлік еткендердің / Аллаһқа серік қосушылардың! жүректеріне үрей саламыз. Әрі олардың баспанасы - От / тозақ / . Әділетсіздердің тұрағы неткен жаман
Расында Алла, сендерге дегенуәдесін шындыққа айналдырып, Оның бұйрығымен оларды өлтіре бастадыңдар. Дегенмен Алла өздеріңе сүйген нәрселеріңді көрсеткеннен кейін, осалдық қылып, берілген әмір жайында таластыңдар да қарсы келдіңдер. Сендерден біреулер дүниені қалайды да біреулер ахиретті қалайды. Сонсоң Алла сендерді сынау үшін олардан беттеріңді қайтарды да онымен қатар кешірім етті. Алла мүміндерге кеңшілік иесі
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, Аллаһтың рұқсатымен сендер оларды қырып жатқан кездеріңде, Аллаһ сендерге берген уәдесін шындыққа шығарды. Ал, Аллаһ өздеріңе ұнататын нәрселеріңді көрсеткеннен кейін осалдық таныттыңдар және берілген бұйрық жөнінде тартысып, бағынбай кеттіңдер. Сендердің іштеріңде осы өмірді қалайтындар бар әрі сендердің іштеріңде соңғы мәңгілік өмірді / ақиретті / қалайтындар бар. Содан кейін Ол сендерді сынау үшін олардан кері бұрды. Әрі Ол сендерді кешірді. Аллаһ имандыларға / мүміндерге / кеңшілік Иесі
Сол уақытта Пайғамбар артарыңнан шақырса да ешкімге қайрылмай ұзап бара жаттыңдар. Алла, сендерді қолдарыңнан кеткенге де бастарыңа келгенге де кейімеулерің үшін қайғыға ұшыратты. Алла (Т.) не істегендеріңді толық біледі
Аударма: Халифа Алтай
Сол кезде Елші арттарыңнан сендерді шақырса да ешкімге қайырылмай, / жоғарыға / қаша жөнелдіңдер. Сонда Ол / Аллаһ / жіберіп алғандарыңа және бастарыңа түскенге күйінбеулерің үшін қайғы үстіне қайғыны қайтарым ретінде берді. Аллаһ - не істеп жатқандарыңнан Хабардар
Сонсоң (Алла) сендерге қайғыдан кейін тыныштық ұйқысың жіберді де сендердің бір бөлімдеріңді баурап алды. Және бір топтың, жандары қайғы болып, олар Аллаға орынсыз надандық ой ойлады. Олар: «Бұл істе бізде не ерік бар?»,- десті. (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: « Барлық іс Алланың еркінде» деп айт. Ал олар іштеріңде жасырған нәрселерін саған әшкерелемейді. Тағы олар: «Іс біздің еркімізде болса еді, осы жерде өлтірілмес едік» дейді. (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: «Егер сендер үйлеріңде болсаңдар да өлтірілуі жазылғандар, әрине өлтірілетін жерлерінде болар еді» деп айт. Алла көкіректеріңдегіні сынау және жүректеріңдегіні тазарту үшін өстіді. Сондай-ақ Алла көкейлеріндегіні толық білуші
Аударма: Халифа Алтай
Кейін, қайғыдан соң, Ол сендерге бір бөлігіңді баурап алған тыныштықты қалғу / жеңіл ұйқы / түрінде түсірді. Ал, басқа бір топ Аллаһ туралы, надандық дәуіріндегідей шындыққа сай келмейтін ой ойлап: «Осы істен бізге бір нәрсе бар ма?» - деп өздері жайлы уайымда болды. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Ақиқатында барлық іс Аллаһтың еркінде», - деп. Олар саған әшкере етпейтіндерін іштерінде жасырады да: «Осы істен бізге бір нәрсе болғанда, осы жерде өлтірілмес едік», - дейді. Айт: «Сендер үйлерінде болсаңдар да өлтірілуі / тағдырында / жазылғандар, өздері жер құшатын орынға барар еді. Бұл - Аллаһтың сендердің көкіректеріңдегіні сынауы үшін әрі жүректеріңдегіні тазартуы үшін. Аллаһ көкіректердегіні / жүректердегіні / жақсы Білуші
Шын мәнінде (Ұхыт соғысы күні) екі топ кездескен сәтте, сендерден бет бұрғандарды кейбір қылықтарының салдарынан шайтан мүлде тайдыра жаздады. Расында Алла оларды кешірім етті. Шәксіз, Алла аса жарылқаушы, ерекше мейірімді
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, екі топ бетпе-бет келген күні сендерден артқа бұрылғандарды, кейбір істеп өткендері / күнәлары / себебінен шайтан сүріндірген еді. Аллаһ оларды кешірді. Сөзсіз, Аллаһ - өте Кешірімді, аса Ұстамды
Әй мүміндер! Кәпірлер сияқты болмаңдар! Олар жер жүзінде кезіп жүрген немесе соғыста болған туыстары үшін: «Егер олар жанымызда болса еді, өлмес те өлтірмес те еді» деді. Алла бұны олардың жүректеріңе қасірет қылу үшін өстіді. Алла тірілтеді де, өлтіреді. Сондай-ақ Алла (Т.) не істегендеріңді толық көруші
Аударма: Халифа Алтай
Ей, иманға келгендер! Жер жүзінде сапарда немесе жорықта болған бауырлары туралы: «Егер де олар қасымызда болғанда өлмес те, әрі өлтірілмес те еді», - дейтін күпірлік етушілер / мұнафиқтар мен имансыздар / тәрізді болмаңдар. Аллаһ бұны / айтқан сөздерін / олардың жүректеріне қайғы-қасірет ету үшін істеді. Аллаһ тірілтеді және өлтіреді. Әрі Аллаһ сендердің не істеп жатқандарыңды Көруші
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға Алланың мейірімі бойынша, жұмсақ сыңай байқаттың. Егер тұрпайы, қатал жүректі болсаң еді, әрине олар маңайыңнан тарқап кетер еді. Сондықтан оларды кешірім етіп, олар үшін жарылқау тіле де іс жөнінде олармен кеңес қыл. Сонда қашан қарар берсең, Аллаға тәукел ет. Негізінен Алла тәуекелшілерді жақсы көреді
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Сен оларға Аллаһтың мейірімімен жұмсақтық таныттың. Егер дөрекі, қатал жүректі болғаныңда, олар маңайыңнан тарап кетер еді. Оларды кешір және олар үшін / Аллаһтан / кешірім тіле әрі іс жөнінде олармен кеңес. Қашан / бір іске / шешім қабылдасаң, Аллаһқа жүгініп, Оған ісіңді тапсыр / тәуекел ет / . Шын мәнінде, Аллаһ Өзіне жүгініп, Оған істерін тапсырушыларды / тәуекел етушілерді / жақсы көреді
Егер Алла сендерге нұсрат берсе, сонда сендерге үстем келуші болмайды. Ал егер Алла сендерді тастаса, (жәрдем қылмаса,) одан кейін сендерге кім жәрдем етеді? Сондай-ақ мүміндер Аллаға тәуекел етсін. (Рауаят бойынша олжаны ойлап, Ұхыт соғысында қарауылды тастап кеткендерге ескерту)
Аударма: Халифа Алтай
Егер Аллаһ сендерге жәрдем берсе, сендерді ешкім жеңе алмайды. Ал, егер, сендерді көмексіз қалдырса, Одан кейін сендерге жәрдем беретін кім бар? Имандылар / мүміндер / Аллаһқа жүгініп, Оған істерін тапсырсын / тәуекел етсін
Бір пайғамбар үшін олжаға қаралық істеуі мүмкін емес. Ал егер кім қаралық істесе, қиямет күні қаралық істеген нәрсесімен келеді. Сонсоң әркімнің еңбегі толық беріледі. Сондай-ақ олар зұлымдыққа ұшырамайды
Аударма: Халифа Алтай
Ешбір пайғамбарға / олжаны / өтірікпен өзіне иемденіп алу лайық емес. Ал, кім өтірікпен алып иемденген болса, Қайта тірілу күні сол алғанымен келеді. Содан кейін әрбір жанға әділетсіздік етілмей, тапқаны толық беріледі
Расында Алла (Т.) мүміндерге қамқорлық етіп, олардың ішіне өздерінен, оларға Алла аятын оқитын, оларды тазартатын және оларға Кітап, хикмет үйрететін Елші жіберді. Өйткені, олар бұрын ашық адасуда еді
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, Аллаһ имандыларға / мүміндерге / Оның аяттарын оқитын, оларды тазартатын және Кітап пен даналықты / сүннетті / үйрететін өз іштерінен бір Елші жіберіп, оларға игілік жасады. Ал, олар бұрын анық адасуда болған еді
Сендер оларды екі есесіне ұшыратқан бір қайғыға, өздерін ұшырағандықтан: «Бұл қайдан келді?»,- дедіңдер. (Ұхытта Мұсылманнан жетпіс кісі шеһіт болған болса, Бәдірде кәпірден жетпісі өліп, жетпісі қолға түскен еді.) (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: «Ол өз пиғылдарыңнан» деп айт. Шәксіз Алланың әр нәрсеге күші жетуші
Аударма: Халифа Алтай
Сендер / Ұхудта / бір қиындыққа ұшырағанкездеріңде, бұрын өздерің оларды / Бәдірде / бұдан екі есе қиындыққа ұшыратқан бола тұрып: «Бұл / жеңіліс / қай- дан келді?» - демедіңдер ме? / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Бұл өздеріңнен» - деп. Ақиқатында, Аллаһ - барлық нәрсені Жасай алушы
Сондай-ақ мұнапықтарды да байқау үшін…. Ал оларға: «Келіңдер, Алла жолында соғысыңдар, не қорғанысқа тұрыңдар» делінсе, олар: «Егер соғысуды білсек, әрине арттарыңнан ере едік» деді. Олар ол күні иманнан көрі қарсылыққа жақынырақ еді. Олар жүректерінде болмағанды ауыздарымен айта береді. Негізінде Алла, олардың жасырын нәрселерін жақсы біледі
Аударма: Халифа Алтай
Әрі мұнафиқ болғандарды да білуі / анықтауы / үшін. Оларға: «Келіңдер, Аллаһ жолында соғысыңдар немесе қорғаныңдар»делінген еді. Олар: «Соғысты / болатынын / білгенімізде, әлбетте арттарыңнан ерер едік»,- деді. Сол күні олар, иманға қарағанда күпірге / имансыздыққа / жақын еді. Олар тілдерімен жүректерінде жоқнәрсені айтады. Негізінде,Аллаһ олардың не жасырып тұрғандарын жақсы біледі
(Мұхаммед Ғ.С.) өздері отырып, туыстарына: «Егер тілімізді алса еді, олар өлтірілмес еді» дегендерге: «Сөздерің шын болса, өлімді өздеріңнен кетіріңдер» деп айт
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Өздері / жорыққа шықпай / отырып қалып, бауырлары туралы: «Егер олар бізді тыңдағанда, өлтірілмес еді»,дегендерге айт: «Егер шын сөзді болсаңдар, өздеріңнен өлімді қайтарыңдаршы» - деп
Олар Алланың кеңшілігімен өздеріне берген нәрселеріне мәз- мейрам болады да, әзірше өздеріне қосылмай арттарында қалғандарды да: «Оларға қорқыныш жоқ әрі олар қайғырмайды» деп шүйіншілегілері келеді
Аударма: Халифа Алтай
өздеріне - Аллаһ Өз кеңшілігінен бергеніне шаттануда әрі өздеріне әлі қосылмаған арттарындағыларға / ерушілерге / еш қорқыныш жоқтығына және олардың қайғырмайтындығына қуануда
Өздері соққы жегеннен кейін де Алла және Елшісінің нұсқауларын қабылдағандар сондай-ақ олардың жақсылық істеп, тақуа болғандары үшін зор сыйлық бар
Аударма: Халифа Алтай
олар өздері / Ұхуд соғысында / жарақат алғаннан кейін де Аллаһқа және Елшіге жауап бергендер / бойсұнғандар / . Олардан игілік істегендерге және тақуалық еткендерге / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанғандарға / ұлы сый бар
Оларға адамдар: «Сендер үшін ел жиналды, сондықтан олардан қорқыңдар» деді. (Бұл сөз) олардың иманын арттырды да олар: «Бізге Алла жетіп асады, Ол нендей жақсы ие» деді
Аударма: Халифа Алтай
Оларға адамдар: «Расында адамдар сендерге қарсы жиналды, олардан қорқыңдар!» - дегенде, бұл олардың имандарын күшейте түсіп: «Бізге Аллаһ жеткілікті, Ол қандай жақсы - әл-Уакийл / тапсырылғанды қорғап, сақтаушы / », - деп жауап берді
(Ұхыт соғысының келер жылы Мекке кәпірлері Мединеге келіп: «Соғысуға жиналып жатыр» деген хабарды алған Мұсылмандардың жігері қайнап, жолға шыққанда, жау қорқып, қайтып келіп, Мұсылмандар аман- есен пайдаланып қайтады.) Сондықтан олар Алланың нығметі және кеңшілігімен бір сәтсіздікке ұшырамай Алланың ризалығына бөленіп, қайта оралды. Алла (Т.) зор кеңшілік иесі
Аударма: Халифа Алтай
Әрі оларға еш жамандық тимей Аллаһтың игілігі және кеңшілігімен қайтып оралды және олар Аллаһтың ризалығына ерді. Аллаһ - ұлы кеңшілік иесі
(Мұхаммед Ғ.С.) олардың қарсылыққа жарысулары сені кейітпесін. Өйткені, олар Аллаға әсте зиян келтіре алмайды. Алла оларға ахиретте бір несібе бермеуді қалайды. Сондай-ақ олар үшін зор қинау бар
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Күпірлікке / иманды теріске шығаруға / асыққандар сені қайғыртпасын. Ақиқатында, олар Аллаһқа ешқандай зиян келтіре алмайды. Аллаһ оларға соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / ешбір үлес бермеуді қалайды. Әрі оларға өте үлкен азап бар
Ал және сондай қарсы болғандар, негізінен оларға мұрса беруімізді, өздерінң хайырлы деп әсте ойламасын. Шын мәнінде күнәларын арттырсын деп қана орай береміз. Сондай-ақ олар үшін қорлаушы қинау бар
Аударма: Халифа Алтай
Әрі сондай күпірлік еткендер / иманға келуден бас тартқандар / , оларға уақыт беруімізді, өздері үшін қайырлы деп ойламасын. Негізінде, оларға күнәларының көбеюі үшін ғана уақыт береміз. Оларға қорлаушы азап бар
Алла, мүміндерді осы сендер болған күйде, жақсыдан жаманды айырмай қоюшы емес. Әрі сендерге көместі де білдірмейді. Бірақ елшілерінен қалағанын таңдап, соған білдіреді. Ендеше, Аллаға, елшілеріне иман келтірңдер егер иман келтіріп, тақуа болсаңдар, Сонда сендер үшін зор сыйлық бар
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Аллаһ жақсыдан жаманды айырғанға дейін имандыларды / мүміндерді / сендер болған осы халде / жағдайда / қалдырып қоюшы емес. Аллаһ сендерге ғайыпты білдірмейді. Бірақ, Аллаһ елшілері арасынан Өз қалағанын таңдап алады. Ендеше Аллаһқа және Оның елшілеріне сеніңдер! Егер иманға келсеңдер және тақуалық қылсаңдар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтансаңдар / сендерге ұлы сый бар
Алланың кеңшілігінен өздеріне берген нәрселеріне сараңдық істегендер, олардың сараңдық қылған нәрселері, қиямет күні өздерінің мойындарына оралады. Сондай-ақ көктер мен жердің мирасы Алланікі. Әрі Алла олардың не істегендерін толық біледі
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһтың Өз кеңшілігінен бергеніне сараңдық ететіндер, оны өздері үшін қайырлы деп ойламасын. Керісінше, бұл - оларға жамандық. Қайта тірілу күні олар сараңдық етіп, бермеген нәрселерімен оратылады. Аспандар мен жердің мирасы Аллаһтікі. Аллаһ - не істеп жатқандарыңнан Хабардар
Әрине олардың: «Алла кедей, біз баймыз» деген сөздерін Алла естіді. Олардың айтқандарын және жазықсыз пайғамбарларды өлтіргендерін жазамыз да, оларға: «Күйдіруші азапты татыңдар!»,- дейміз
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, Аллаһ олардың / иудейлердің / : «Аллаһ кедей, біз баймыз», - деген сөздерін естіді. Олардың айтқандарын және құқығы болмаса да пайғамбарларды өлтіргендерін жазамыз әрі / Оларға / : «Өртеуші оттың азабын татыңдар!» - дейміз
Сондай: «Расында Алла (Т.) бізге от жеп кететін бір құрбан келтірмейінше, ешбір пайғамбарға иман келтірмеуімізге серт берген» дегендерге (Мұхаммед Ғ.С.): «Сендерге менен бұрынғы пайғамбарлар ашық дәлелдерді сондай-ақ айтқандарыңды келтірген еді. Егер сөздерің рас болса, оларды неге өлтірдіңдер?»,- деп айт
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Сондай: «От жалмап қоятын бір құрбандық алып келмейінше, Аллаһ бізден Елшіге сенбеуіміз жайлы серт алды», - дегендерге айт: «Ақиқатында сендерге менен бұрын да анық дәлелдермен және өздерің айтқан нәрсемен елшілер келген еді. Шын сөзді болсаңдар, сонда оларды не үшін өлтірдіңдер?» - деп
(Мұхаммед Ғ.С.) егер олар сені мойындамаса, сенен бұрыңғы ашық дәлелдер, нұсқалар және түрлі кітап келтірген пайғамбарларды да мойындамаған еді
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Егер олар сені өтірікке шығарса, ақиқатында, анық белгі- дәлелдермен, жазбалармен және нұрландырушы Кітаппен келген сенен бұрынғы елшілер де өтірікке шығарылған еді
Әркім өлім татады. Шын мәнінде қиямет күні ақыларың толық төленеді. Сонда кім оттан құтқарылып ұжмаққа кіргізілсе, рас құтылды. Негізінде дүние тіршілігі алданыштың ғана нәрсесі
Аударма: Халифа Алтай
Әрбір жан өлім / дәмін / татады. Шын мәнінде, Қайта тірілу күні сендерге ақыларың толық беріледі. Сонда кім Оттан / тозақтан / алыстатылып, Жәннатқа кіргізілсе, ол шынымен табысқа жетті. Ал, бұл өмір - бар болғаны алдамшы рахаттың / өткінші пайдаланудың / ғана нәрсесі
Малдарың және жандарың жайында әрине сыналасыңдар; сондай-ақ сендерден бұрыңғы кітап берілгендерден және мүшріктерден де көптеген ренш естисеңдер. Егер сабыр етсеңдер әрі сақсынсаңдар; шәксіз бұл маңызды істер
Аударма: Халифа Алтай
Сендер міндетті түрде мал-дүниелеріңмен және өздеріңмен сыналасыңдар әрі өздеріңнен бұрынғы Кітап берілгендер мен серік қосушылардан көп реніш естисіңдер. Егер сабыр етсеңдер және тақуалық қылсаңцар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтансаңдар / ақиқатында, бұл шешімді / табандылықтанытатын / істерден
Сол уақытта Алла (Т.) Кітап берілгендерден: «Әлбетте оны адамдарға түсіндіріңдер, жасырмаңдар» деп, сенім алған. Дегенмен олар, оны арт жақтарына тастады. Әрі олар оны аз бір бағаға айырбастап алды. Сонда олар нендей жаман нәрсе сатып алды
Аударма: Халифа Алтай
Кезінде Аллаһ, Кітап берілгендерден: «Оны міндетті түрде адамдарға түсіндіресіңдер әрі жасырмайсыңдар», - деп серт алды. Алайда, олар оны / сертті / арттарына тастап, орнына болмашы бағаны / бұл дүниелікті / сатып алды. Олардың сатып алғандары қандай жаман
(Мұхаммед Ғ.С.) сондай істегендеріне мәз болып, істемегендерімен де мақтауларын сүйгендерді есепке алма. Сондай-ақ оларды азаптан құтылады деп әсте ойлама. Өйткені олар үшін жан түршігерлік азап бар
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Істегендеріне мәз болып, істемегендері үшін өздеріне мақтау айтылуын ұнататындарды азаптан құтылады деп ойлама. Оларға күйзелтуші азап бар
Олар тіке тұрып, отырып, жамбасынан жатып (әр халде) Алланы еске алады. Сондай-ақ олар көктер мен жердің жаратылуы жайында ойланады да: «Раббымыз! Сен мұны босқа жаратпадың, Сен рәксің, бізді от азабынан сақта!»
Аударма: Халифа Алтай
солар Аллаһты түрегеп тұрып, отырған күйі және жамбастап жатып еске алады, әрі аспандардың және жердің жаратылуы жайында ойланып: «Раббымыз! Сен бұны босқа жаратпадың! Сен / барлық кемшіліктен / пәксің! Бізді От / тозақ / азабынан сақта
«Раббымыз! Біз: Раббыларыңа иман келтіріңдер (деп) шақырған шақырушыны естіп, иман келтірдік. Раббымыз! Енді күнәларымызды жарылқап, жамандықтарымызды жасыр. Және жақсылармен бірге өлім бер!»
Аударма: Халифа Алтай
Раббымыз! Біз «Өздеріңнің Раббыңа сеніңдер» - деп, иманға үндеп жүрген үндеушіні естіп, иманға келдік. Раббымыз! Біздің күнәларымызды кешір, жамандықтарымызды өшір / тазарт / әрі біздің жанымызды ізгілермен бірге ал
Сонда олардың Раббылары тілктерін қабыл етті: «Шын мәнінде Мен сендерден еркек, әйел ғамал істеушілердің ғамалын зая қылмаймын. Бір- біріңненсіңдер. (Бәрің бірдейсіңдер.) Және сондай босқандардың, жұрттарынан шығарылғандардың және Менің жолымда жапа шектірілгендердің, соғысқандардың, өлтірілгендердің жамандықтарын жасырамын. Сондай-ақ оларды астарынан өзендер ағатын бақшаларға кіргіземін. Сыйлық Алланың қасынан. Әрине сыйлықтың жақсысы Алланың қасында »
Аударма: Халифа Алтай
Сонда Раббысы оларға: «Анығында, Мен сендерден амал істеуші еркек не әйелдің амалын зая кетірмеймін. Сендер - бір-біріңненсің. Ал, сондай қоныс аударған, жұрттарынан қуылған, Менің жолымда жапа шеккен, соғысқан және өлтірілгендердің жаман істерін кешіріп, оларды астынан өзендер ағып жататын / Жәннаттағы / бақтарға кіргіземін. Бұл - Аллаһтан бір сый ретінде. Сыйдың көркемі - Аллаһта», - деп жауап берді
Бірақ сондай Раббыларынан қорыққандар, олар үшін астарынан өзендер ағатын бақшалар бар. Олар Алла тарапынан қонақ үйлерде қалады. Алланың қасындағылар игілерге жақсы
Аударма: Халифа Алтай
Алайда, Раббысынан / Оның жазасынан / қорқып, сақтанғандарға, астынан өзендер ағып жатқан / Жәннаттағы / бақтар бар, олар онда мәңгі қалушы. Бұл - Аллаһтан сый-сияпат ретінде. Әрі Аллаһтағы нәрселер ізгілер үшін қайырлы
Шын мәнінде Кітап иелерінен Аллаға иман келтіріп, сендерге түсірілген әрі өздеріне түсірілген нәрселерге Алладан қорыққан түрде сенетіндері де бар. Сондай-ақ олар Алланың аяттарын аздаған бағаға сатпайды. Міне солар үшін Раббыларының қасында сыйлық бар. Алла (Т.) тез есеп көруші
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, Кітап берілген қауымның ішінде Аллаһқа әрі сендерге түсірілгенге / Құранға / және өздеріне түсірілгенге / Тәурат пен Інжілге / сенетіндер, Аллаһқа берілгендер, Аллаһтың аяттарының орнына болмашы бағаны / бұл дүниелікті / сатып алмайтындар бар. Міне, солардың сыйы - олардың Раббысында. Негізінде, Аллаһ - есепті жылдам алушы
Әй мүміндер! Әр нәрсеге сабырлы, жауға шыдамды және қорғанысқа дайын болыңдар. Сондай-ақ Алладан қорқыңдар әрине құтыласыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Ей, иманға келгендер! Сабыр етіңдер әрі сабырда үстем болыңдар. Шепті күзетіңдер және мұраттарыңа жету үшін Аллаһтан / Оның тыйғандарынан / қорқып, сақтаныңдар