Аль-Бакара

البقرة · 286 аят · мединалық
Орысша нұсқасыЖаттауМысхаф 2-бет
← Аль-ФатихаБарлық сүрелерАли Имран →
2:1
الٓمٓ
«Әліф Лам Мим»
Аударма: Халифа Алтай
Әлиф Ләм Мим
Аударма: ҚМДБ
2:2
ذَٰلِكَ ٱلۡكِتَٰبُ لَا رَيۡبَۛ فِيهِۛ هُدٗى لِّلۡمُتَّقِينَ
Міне осы Кітапта күдік жоқ, тақуалар үшін тура жол көрсетуші
Аударма: Халифа Алтай
Міне осы Кітапта күдік жоқ, тақуалар үшін тура жол көрсетуші
Аударма: ҚМДБ
2:3
ٱلَّذِينَ يُؤۡمِنُونَ بِٱلۡغَيۡبِ وَيُقِيمُونَ ٱلصَّلَوٰةَ وَمِمَّا رَزَقۡنَٰهُمۡ يُنفِقُونَ
Сондай олар көмеске иман келтіреді, намазды толық орындадйы, өздеріне берген несібемізден (Алла жолында) Пайдаландырады
Аударма: Халифа Алтай
Олар ғайыпқа сенеді, намазды толық орындайды әрі Біз өздеріне берген ризықтан бір бөлігін жұмсайды
Аударма: ҚМДБ
2:4
وَٱلَّذِينَ يُؤۡمِنُونَ بِمَآ أُنزِلَ إِلَيۡكَ وَمَآ أُنزِلَ مِن قَبۡلِكَ وَبِٱلۡأٓخِرَةِ هُمۡ يُوقِنُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.) олар саған түсірілгенге әрі сенен бұрыңғы түсірілгенге сенеді және ахиретке анық нанады
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Олар саған түсірілгенге әрі сенен бұрын түсірілгенге сенеді және соңғы, ақиретке айқын сенеді
Аударма: ҚМДБ
2:5
أُوْلَـٰٓئِكَ عَلَىٰ هُدٗى مِّن رَّبِّهِمۡۖ وَأُوْلَـٰٓئِكَ هُمُ ٱلۡمُفۡلِحُونَ
Міне солар Раббылары тарапынан тура жолда және солар құтылушылар
Аударма: Халифа Алтай
Міне солар Раббылары тарапынан тура жолда және солар құтылушылар
Аударма: ҚМДБ
2:6
إِنَّ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ سَوَآءٌ عَلَيۡهِمۡ ءَأَنذَرۡتَهُمۡ أَمۡ لَمۡ تُنذِرۡهُمۡ لَا يُؤۡمِنُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.) расында қарсы болғандарды, үгіттесең де үгіттемесең де бәрі бірдей. Олар иман келтірмейді
Аударма: Халифа Алтай
(Мұхаммед Ғ.С.) расында қарсы болғандарды, үгіттесең де үгіттемесең де бәрі бірдей. Олар иман келтірмейді
Аударма: ҚМДБ
2:7
خَتَمَ ٱللَّهُ عَلَىٰ قُلُوبِهِمۡ وَعَلَىٰ سَمۡعِهِمۡۖ وَعَلَىٰٓ أَبۡصَٰرِهِمۡ غِشَٰوَةٞۖ وَلَهُمۡ عَذَابٌ عَظِيمٞ
Алла олардың жүректерін, құлақтарын бітеген, әрі көздерінде перде бар. Сондай-ақ олар үшін зор қинау бар
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ олардың жүректері мен естулерін мөрлеген және олардың көрулеріне - перде қойған. Сондай-ақ, оларға өте үлкен азап бар
Аударма: ҚМДБ
2:8
وَمِنَ ٱلنَّاسِ مَن يَقُولُ ءَامَنَّا بِٱللَّهِ وَبِٱلۡيَوۡمِ ٱلۡأٓخِرِ وَمَا هُم بِمُؤۡمِنِينَ
Адамдардың кейбіреулері, екі жүзді (мұнафықтар): «Аллаға, ахирет күніне сендік» дейді. Бірақ олар сенбейді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі адамдардың кейбірі: «Аллаһқа және Ақирет күніне сендік», - деп айтады. Бірақ олар иманды адам емес
Аударма: ҚМДБ
2:9
يُخَٰدِعُونَ ٱللَّهَ وَٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَمَا يَخۡدَعُونَ إِلَّآ أَنفُسَهُمۡ وَمَا يَشۡعُرُونَ
Олар (өздерінше) алланы және иман келтіргендерді алдайды. Бірақ олар өздерін ғана алдағандарын сезбейді
Аударма: Халифа Алтай
Олар Аллаһты және иманға келгендерді алдамақшы болады. Бірақ олар өздерін ғана алдайды әрі оны сезбейді
Аударма: ҚМДБ
2:10
فِي قُلُوبِهِم مَّرَضٞ فَزَادَهُمُ ٱللَّهُ مَرَضٗاۖ وَلَهُمۡ عَذَابٌ أَلِيمُۢ بِمَا كَانُواْ يَكۡذِبُونَ
Олардың жүректерінде дерт бар. (Күншілдік дерті). Сонда Алла олардың дертін арттыра түсті. (Мұсылмандар дамыған сайын күншілдіктері қоза түсті). Сондай-ақ оларға өтірікшіліктерінің салдарынан күйзелтуші азап бар
Аударма: Халифа Алтай
Олардың жүректерінде дерт бар. Аллаһ олардың дертін арттыра түсті. Әрі оларға өтірік айтқандары себепті күйзелтуші азап бар
Аударма: ҚМДБ
2:11
وَإِذَا قِيلَ لَهُمۡ لَا تُفۡسِدُواْ فِي ٱلۡأَرۡضِ قَالُوٓاْ إِنَّمَا نَحۡنُ مُصۡلِحُونَ
Оларға: «Жер жүзінде бұзақылық қылмандар!»,- делінсе, олар: «Біздер түзеуші ғанамыз» дейді
Аударма: Халифа Алтай
Ал, оларға: «Жер бетінде бұзу-бүлдірушілік жасамаңдар!» - деп айтылса: «Шын мәнінде, біз - тек қана түзетушіміз», - дейді
Аударма: ҚМДБ
2:12
أَلَآ إِنَّهُمۡ هُمُ ٱلۡمُفۡسِدُونَ وَلَٰكِن لَّا يَشۡعُرُونَ
Сақ болыңдвр! Шын мәнінде олардың өздері бұзақы, алайда олар түсінбейді
Аударма: Халифа Алтай
Біліңдер! Ақиқатында, нағыз бұзушылар - солардың өздері, алайда олар оны сезбейді
Аударма: ҚМДБ
2:13
وَإِذَا قِيلَ لَهُمۡ ءَامِنُواْ كَمَآ ءَامَنَ ٱلنَّاسُ قَالُوٓاْ أَنُؤۡمِنُ كَمَآ ءَامَنَ ٱلسُّفَهَآءُۗ أَلَآ إِنَّهُمۡ هُمُ ٱلسُّفَهَآءُ وَلَٰكِن لَّا يَعۡلَمُونَ
Егер оларға: «Адамдар иман келтіргендей иман келтіріңдер!», - делінсе, олар: «Ақылсыздарша иман келтірейік пе?»,- дер. Байқандар! Шын мәнінде олардың өздері ақымақ. Бірақ олар білмейді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі оларға: «Адамдар иманға келгендей, сендер де иманға келіңдер!» - делінсе, олар: «Осы ақымақтарға ұқсап иман келтіруші боламыз ба?» - дейді. Біліңдер! Ақиқатында, нағыз ақымақ - төмендер солардың өзі. Бірақ, олар мұны білмейді
Аударма: ҚМДБ
2:14
وَإِذَا لَقُواْ ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ قَالُوٓاْ ءَامَنَّا وَإِذَا خَلَوۡاْ إِلَىٰ شَيَٰطِينِهِمۡ قَالُوٓاْ إِنَّا مَعَكُمۡ إِنَّمَا نَحۡنُ مُسۡتَهۡزِءُونَ
Ал және олар мүміндерге кездессе: «Біз де иман келтірдік» дер. Әрқашан олар сайтандарымен (бастықтарымен) оңашалана қалса: «Расында біз сендермен біргеміз, біз оларды тәлкек қылып қана жүрміз» дер
Аударма: Халифа Алтай
Олар / мұнафиқтар / иманға келгендерді кездестірсе: «Біз де иманға келдік»,- дейді. Ал, қашан шайтандарымен оңаша қалса: «Шын мәнінде, сендермен біргеміз, біз оларды мазақ етіп қана жүрміз», - дейді
Аударма: ҚМДБ
2:15
ٱللَّهُ يَسۡتَهۡزِئُ بِهِمۡ وَيَمُدُّهُمۡ فِي طُغۡيَٰنِهِمۡ يَعۡمَهُونَ
Алла оларды мазаққа ұшыратып, азғындықтарында қаңғыртып қояды
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ оларды масқара етіп, шектен шығуда лағып жүрулерін арттырып қояды
Аударма: ҚМДБ
2:16
أُوْلَـٰٓئِكَ ٱلَّذِينَ ٱشۡتَرَوُاْ ٱلضَّلَٰلَةَ بِٱلۡهُدَىٰ فَمَا رَبِحَت تِّجَٰرَتُهُمۡ وَمَا كَانُواْ مُهۡتَدِينَ
Олар қисық жолды туралықпен айырбастап алды. Сонда оларға аудалары пайда бермеді. Әм олар тура жолды таппады
Аударма: Халифа Алтай
Міне, осылар - адасуды тура жол орнына сатып алғандар. Оларға бұл саудалары пайда бермеді әрі олар тура жолмен жүрмеді
Аударма: ҚМДБ
2:17
مَثَلُهُمۡ كَمَثَلِ ٱلَّذِي ٱسۡتَوۡقَدَ نَارٗا فَلَمَّآ أَضَآءَتۡ مَا حَوۡلَهُۥ ذَهَبَ ٱللَّهُ بِنُورِهِمۡ وَتَرَكَهُمۡ فِي ظُلُمَٰتٖ لَّا يُبۡصِرُونَ
Олардың мысалы: (Далада) от жағып маңын жарық қылғанда, Алла олардың жарығын өшіріп, қараңғылықтарда қалдырған біреу сияқты, (бұл мысалда, екі жүзді мұнафықтар; жаққан оттары өшіп, тым- тырыс қараңғылықта қалғанға ұқсатылып отыр) олар көрмейді
Аударма: Халифа Алтай
Олардың мысалы - от жағуды қалаған біреу секілді. Оның айналасын от жарық қылғанда, Аллаһ олардың нұрын алып қойып, қараңғы түнекте көрмейтін етіп қалдырды
Аударма: ҚМДБ
2:18
صُمُّۢ بُكۡمٌ عُمۡيٞ فَهُمۡ لَا يَرۡجِعُونَ
Саңырау, сақау және соқыр болып бетінен қайтпайды
Аударма: Халифа Алтай
Олар / саңырау, мылқау және соқыр.Әрі олар қайтпайды
Аударма: ҚМДБ
2:19
أَوۡ كَصَيِّبٖ مِّنَ ٱلسَّمَآءِ فِيهِ ظُلُمَٰتٞ وَرَعۡدٞ وَبَرۡقٞ يَجۡعَلُونَ أَصَٰبِعَهُمۡ فِيٓ ءَاذَانِهِم مِّنَ ٱلصَّوَٰعِقِ حَذَرَ ٱلۡمَوۡتِۚ وَٱللَّهُ مُحِيطُۢ بِٱلۡكَٰفِرِينَ
Немесе қараңғылықта күркіреп, жарқылдап көктен нөсерлете құйған жаңбырға ұшырап, нажағайдан өлем деп қорқып, саусақтарын құлақтарына тыққан біреулер тәрізді. Алла кәпірлерді толық баураушы
Аударма: Халифа Алтай
Немесе аспандағы жаңбыр бұлты секілді. Оның ішінде қараңғы түнектер, күн күркірі және найзағай бар. Олар найзағайдан-өлімнен қорыққандай, саусақтарын құлақтарына тығады. Аллаһ - кәпірлерді толық Қамтушы
Аударма: ҚМДБ
2:20
يَكَادُ ٱلۡبَرۡقُ يَخۡطَفُ أَبۡصَٰرَهُمۡۖ كُلَّمَآ أَضَآءَ لَهُم مَّشَوۡاْ فِيهِ وَإِذَآ أَظۡلَمَ عَلَيۡهِمۡ قَامُواْۚ وَلَوۡ شَآءَ ٱللَّهُ لَذَهَبَ بِسَمۡعِهِمۡ وَأَبۡصَٰرِهِمۡۚ إِنَّ ٱللَّهَ عَلَىٰ كُلِّ شَيۡءٖ قَدِيرٞ
Олардың көздерін найзағай жұлып әкете жаздайды. Оларға жарық берген сәтте, олар жарықта жүреді де оларға қараңғы болған заманда, олар тұра қалады. Егер Алла қаласа, олардың есту, көру сезімдерін де жойар еді. Алланың әр нәрсеге күші толық жетуші. (Бұл мысалда, Құран және ислам; көзді алардай жарқылдап, күркіреп құйған нөсерге, мұнафықтар; нажағайдан қорқып, саусақтарын құлақтарына тығып жарықта жүріп, қараңғыда тұрып тантырақтағанға теңеліп отыр)
Аударма: Халифа Алтай
Найзағай олардың жанарларын алып қоя жаздайды. Оларға жарық түскен сайын, олар жарықта жүреді де қараңғылық түскен кезде, олар тұрып қалады. Егер Аллаһ қаласа, олардың көзі мен құлағын алып қояр еді. Аллаһ әрбір нәрсені Жасай алушы
Аударма: ҚМДБ
2:21
يَـٰٓأَيُّهَا ٱلنَّاسُ ٱعۡبُدُواْ رَبَّكُمُ ٱلَّذِي خَلَقَكُمۡ وَٱلَّذِينَ مِن قَبۡلِكُمۡ لَعَلَّكُمۡ تَتَّقُونَ
Әй Адам баласы! Сондай сендерді де сендерден бұрынғыларды да жаратқан Раббыларыңа құлшылық қылыңдар. Әрине сақтанған боларсыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Ей, адамдар! Сендерді және сендерден бұрынғыларды да жаратқан өздеріңнің Раббыңа құлшылық қылыңдар - тақуа болуларың үшін
Аударма: ҚМДБ
2:22
ٱلَّذِي جَعَلَ لَكُمُ ٱلۡأَرۡضَ فِرَٰشٗا وَٱلسَّمَآءَ بِنَآءٗ وَأَنزَلَ مِنَ ٱلسَّمَآءِ مَآءٗ فَأَخۡرَجَ بِهِۦ مِنَ ٱلثَّمَرَٰتِ رِزۡقٗا لَّكُمۡۖ فَلَا تَجۡعَلُواْ لِلَّهِ أَندَادٗا وَأَنتُمۡ تَعۡلَمُونَ
Ол сондай Алла, сендерге жерді төсек, аспанды төбе етіп жаратты. әрі көктен жаңбыр жаудырып, сол арқылы сендер үшін әр түрлі өсімдіктен ризық шығарды. Сондықтан біле тұра Аллаға шерік қатпаңдар
Аударма: Халифа Алтай
Сол / Аллаһ / сендерге жерді төсеніш, аспанды бір құрылым етіп жаратты. Әрі аспаннан су түсіріп, сол арқылы сендерге ризық ретінде өнімдерді шығарды. Енді біле тұра, Аллаһқа ешкімді / серік қосып / ,теңестірмеңдер
Аударма: ҚМДБ
2:23
وَإِن كُنتُمۡ فِي رَيۡبٖ مِّمَّا نَزَّلۡنَا عَلَىٰ عَبۡدِنَا فَأۡتُواْ بِسُورَةٖ مِّن مِّثۡلِهِۦ وَٱدۡعُواْ شُهَدَآءَكُم مِّن دُونِ ٱللَّهِ إِن كُنتُمۡ صَٰدِقِينَ
Егер құлымызға түсіргенімізден күдіктенсеңдер, онда сендер де со құсаған бір сүре келтіріңдер, Алладан өзге көмекшілеріңді де шақырыңдар, егер сөздерің рас болса
Аударма: Халифа Алтай
Ал, егер құлымызға түсіргенімізден күмәнда болсаңдар, сол түсіргенімізге ұқсас бір сүре келтіріңдер әрі Аллаһтан өзге куәларыңды шақырыңдар, егер шын сөзді болсаңдар
Аударма: ҚМДБ
2:24
فَإِن لَّمۡ تَفۡعَلُواْ وَلَن تَفۡعَلُواْ فَٱتَّقُواْ ٱلنَّارَ ٱلَّتِي وَقُودُهَا ٱلنَّاسُ وَٱلۡحِجَارَةُۖ أُعِدَّتۡ لِلۡكَٰفِرِينَ
Егер оны істемесеңдер (әзір келтірмесеңдер, келешекте) сірә істей алмайсыңдар. Ендеше, отыны; адамдар, тастардан болып кәпірлер үшін әзірленген оттан қорқыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Ал, егер мұны жасамасаңдар, - сендер оны ешқашан жасай алмайсыңдар, ендеше, отыны адамдар және тастар болатын Оттан қорқыңдар. Ол кәпірлер үшін әзірленген
Аударма: ҚМДБ
2:25
وَبَشِّرِ ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَعَمِلُواْ ٱلصَّـٰلِحَٰتِ أَنَّ لَهُمۡ جَنَّـٰتٖ تَجۡرِي مِن تَحۡتِهَا ٱلۡأَنۡهَٰرُۖ كُلَّمَا رُزِقُواْ مِنۡهَا مِن ثَمَرَةٖ رِّزۡقٗا قَالُواْ هَٰذَا ٱلَّذِي رُزِقۡنَا مِن قَبۡلُۖ وَأُتُواْ بِهِۦ مُتَشَٰبِهٗاۖ وَلَهُمۡ فِيهَآ أَزۡوَٰجٞ مُّطَهَّرَةٞۖ وَهُمۡ فِيهَا خَٰلِدُونَ
(Мұғаммед Ғ.С.) иман келтіріп, ізгі іс істегеңдерді қуандыр! Расында олар үшін астарынан өзендер ағатын жәннеттер бар. Әрқашан оларға оның жемісінен бір ризық берілсе, олар: «Осы бізге бұрын да беріліп еді» дейді. Тағы оның ұқсасы келтіріледі. Әрі олар үшін онда тап- таза жұбайлар да бар. Олар онда мәңгі қалады
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Иманға келген және ізгі амал жасағандарды сүйіншіле: оларға астынан өзендер ағып жататын Жәннаттағы бақтар бар. Оларға оның жемісінен бір ризық берілген сайын олар: «Бұл бізге бұрын да берілген еді», - дейді. Оларға / Жәннатта / оның ұқсасы беріледі. Әрі олар үшін онда тап-таза жұбайлар бар. Олар онда мәңгі қалады
Аударма: ҚМДБ
2:26
۞إِنَّ ٱللَّهَ لَا يَسۡتَحۡيِۦٓ أَن يَضۡرِبَ مَثَلٗا مَّا بَعُوضَةٗ فَمَا فَوۡقَهَاۚ فَأَمَّا ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ فَيَعۡلَمُونَ أَنَّهُ ٱلۡحَقُّ مِن رَّبِّهِمۡۖ وَأَمَّا ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ فَيَقُولُونَ مَاذَآ أَرَادَ ٱللَّهُ بِهَٰذَا مَثَلٗاۘ يُضِلُّ بِهِۦ كَثِيرٗا وَيَهۡدِي بِهِۦ كَثِيرٗاۚ وَمَا يُضِلُّ بِهِۦٓ إِلَّا ٱلۡفَٰسِقِينَ
Расында Алла шіркейді, одан да зорғыны мысал келтіруден ұялмайды. Ал мүміндер оның Раббыларынан нак хақиқат екендігін біледі. Ал енді қарсы болғандар: «Алла, бұл мысал менен нені қалайды?»,- дейді. Алла, ол мысал менен көптегенді адастырып, әрі онымен көптегенді оңғарады
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, Аллаһ масаны және одан да арғысын мысал етіп келтіруден ұялмайды. Иманға келгендер болса, оның / бұл мысалдың / өздерінің Раббысынан / келген / ақиқат екенін біледі. Ал, күпірлікеткендер: «Аллаһ осы мысал арқылы нені қалады?» - дейді. Ол осы арқылы көбін адастырып, әрі онымен көбін тура жолға түсіреді. Бірақ, Ол онымен бұзықтардан басқаны адастырмайды
Аударма: ҚМДБ
2:27
ٱلَّذِينَ يَنقُضُونَ عَهۡدَ ٱللَّهِ مِنۢ بَعۡدِ مِيثَٰقِهِۦ وَيَقۡطَعُونَ مَآ أَمَرَ ٱللَّهُ بِهِۦٓ أَن يُوصَلَ وَيُفۡسِدُونَ فِي ٱلۡأَرۡضِۚ أُوْلَـٰٓئِكَ هُمُ ٱلۡخَٰسِرُونَ
Олар (иман келтіріп) серт бергеннен кейін Алланың уәдесін бұзады да, Алланың жалғастырылуын бұйырған нәрсесін (жақындық, бірлікті) бөледі. Сондай-ақ жер жүзінде бұзақылық істейді. Міне солар зиянға ұшыраушылар
Аударма: Халифа Алтай
Олар / бұзықтар / , Аллаһқа берген серттерін бекіткеннен кейін бұзады және Аллаһ үзбей сақтауды бұйырғанды үзеді, әрі жер бетінде бұзу-бүлдірушілік жасайды. Міне, солар - зиянға ұшырайтындар
Аударма: ҚМДБ
2:28
كَيۡفَ تَكۡفُرُونَ بِٱللَّهِ وَكُنتُمۡ أَمۡوَٰتٗا فَأَحۡيَٰكُمۡۖ ثُمَّ يُمِيتُكُمۡ ثُمَّ يُحۡيِيكُمۡ ثُمَّ إِلَيۡهِ تُرۡجَعُونَ
Аллаға қалайша қарсы келесіңдер? Өлі едіңдер, сендерді тірілтті. Тағы өлтіреді. Соңыра қайта тірілтеді. Сонан соң (қияметте) Оның алдына қайтарыласыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Сендер Аллаһқа қалай күпірлік етесіңдер? Өлі / жоқ / едіңдер, Ол сендерді тірілтті. Кейін өлтіріп, тірілтеді, одан соң Оған қайтарыласыңдар
Аударма: ҚМДБ
2:29
هُوَ ٱلَّذِي خَلَقَ لَكُم مَّا فِي ٱلۡأَرۡضِ جَمِيعٗا ثُمَّ ٱسۡتَوَىٰٓ إِلَى ٱلسَّمَآءِ فَسَوَّىٰهُنَّ سَبۡعَ سَمَٰوَٰتٖۚ وَهُوَ بِكُلِّ شَيۡءٍ عَلِيمٞ
Ол сондай Алла, жер жүзіндегі барлық нәрселерді сендер үшін жаратты. Сонан кейін аспанға көңіл бөліп оны жеті қабат көк етіп тәртіптеді. Ол әр нәрсені толық білуші
Аударма: Халифа Алтай
Ол / Аллаһ / сондай, сендер үшін жер бетіндегі барлық нәрселерді жаратқан. Кейін аспанға / оны жаратуға / назар аударып, оны жеті аспан етіп жасады. Ол - барлық нәрсені Білуші
Аударма: ҚМДБ
2:30
وَإِذۡ قَالَ رَبُّكَ لِلۡمَلَـٰٓئِكَةِ إِنِّي جَاعِلٞ فِي ٱلۡأَرۡضِ خَلِيفَةٗۖ قَالُوٓاْ أَتَجۡعَلُ فِيهَا مَن يُفۡسِدُ فِيهَا وَيَسۡفِكُ ٱلدِّمَآءَ وَنَحۡنُ نُسَبِّحُ بِحَمۡدِكَ وَنُقَدِّسُ لَكَۖ قَالَ إِنِّيٓ أَعۡلَمُ مَا لَا تَعۡلَمُونَ
(Мұғаммед Ғ.С.) сол уақытта Раббың періштелерге: «Әрине мен жерде бір орынбасар жаратамын!»,- деген еді. (Періштелер): «Онда бұзақылық істеп, қан төгетін біреу жаратасың ба? Негізінен біз Сені дәріптеп, мақтау мен пәктаудамыз» деді. Алла: «Мен сендердің білмегеңдеріңді жақсы білемін!»,- деді. (Алла, Адамды топырақтан жаратып оған жан салды)
Аударма: Халифа Алтай
Кезінде Раббың періштелерге: «Мен жер бетінде бір халифа жасаймын!» - деді. Періштелер: «Онда / жерде / бұзу-бүлдірушілік жасап, қан төгетін біреуді жасайсың ба? Ал, біз Сені мақтап, ұлықтаймыз және / барлық кемшіліктен / пәк деп білеміз», - деді. Аллаһ: «Мен сендердің білмегендеріңді білемін!»-деді
Аударма: ҚМДБ
2:31
وَعَلَّمَ ءَادَمَ ٱلۡأَسۡمَآءَ كُلَّهَا ثُمَّ عَرَضَهُمۡ عَلَى ٱلۡمَلَـٰٓئِكَةِ فَقَالَ أَنۢبِـُٔونِي بِأَسۡمَآءِ هَـٰٓؤُلَآءِ إِن كُنتُمۡ صَٰدِقِينَ
Алла Адам (Ғ.С.) ға біртұтас атауларды үйретті де сонан соң оларды періштелерге көрсетіп: «айтқандарың рас болса, Маған осы нәрселердің аттарын айтып беріңдер» деді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Ол / Аллаһ / , Адамға барлық атауларды үйретті, кейін оларды періштелерге көрсетіп: «Шын сөзді болсаңдар, Маған мыналардың / осы нәрселердің / аттарын айтып беріңдер», - деді
Аударма: ҚМДБ
2:32
قَالُواْ سُبۡحَٰنَكَ لَا عِلۡمَ لَنَآ إِلَّا مَا عَلَّمۡتَنَآۖ إِنَّكَ أَنتَ ٱلۡعَلِيمُ ٱلۡحَكِيمُ
Періштелер: «Сен пәксің! Біздің, Сенің үйреткеніңнен басқа білеріміз жоқ. Әрине Сен толық білуші, өте данасың» деді
Аударма: Халифа Алтай
Олар: «Сен / барлық кемшіліктен / пәксің! Бізде, Сен үйреткеннен басқа білім жоқ. Шын мәнінде, Сен бәрін Білуші, аса Данасың!» - деді
Аударма: ҚМДБ
2:33
قَالَ يَـٰٓـَٔادَمُ أَنۢبِئۡهُم بِأَسۡمَآئِهِمۡۖ فَلَمَّآ أَنۢبَأَهُم بِأَسۡمَآئِهِمۡ قَالَ أَلَمۡ أَقُل لَّكُمۡ إِنِّيٓ أَعۡلَمُ غَيۡبَ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِ وَأَعۡلَمُ مَا تُبۡدُونَ وَمَا كُنتُمۡ تَكۡتُمُونَ
(Алла Т): «Әй Адам! Оларға, бұлардың аттарын баян ет» деді. Сонда (Адам Ғ.С.) оларға ол заттардың аттарын айтқан сәтте, Алла: «Мен сендерге көктер мен жердің құпиясын, сендердің де көрнеу, көмес істегендеріңді білемін деп айтпадым ба?»,- деді
Аударма: Халифа Алтай
Аса ұлы Аллаһ / : «Ей, Адам! Оларға атауларын айтып бер»,- деп айтты. Сонда / Адам / оларға ол нәрселердің атауларын айтып бергенде, / Аллаһ / : «Мен сендерге аспандардың және жердің ғайып нәрселерін білемін, сондай-ақ, сендердің нені ашық, нені жасырын істегендеріңді білемін деп айтпадым ба?» - деді
Аударма: ҚМДБ
2:34
وَإِذۡ قُلۡنَا لِلۡمَلَـٰٓئِكَةِ ٱسۡجُدُواْ لِأٓدَمَ فَسَجَدُوٓاْ إِلَّآ إِبۡلِيسَ أَبَىٰ وَٱسۡتَكۡبَرَ وَكَانَ مِنَ ٱلۡكَٰفِرِينَ
Сол уақытта періштелерге: «Адамға сәжде қылыңдар» дедік. Сонда олар дереу сәжде қылды. Бірақ Ібіліс бас тартып, дандайсып қарсы келушілерден болды
Аударма: Халифа Алтай
Әрі сонда періштелерге: «Адамға сәжде қылыңдар», - дедік. Сол кезде періштелер сәжде қылды. Тек Ібіліс бас тартып, өзін жоғары қойды да кәпірлерден болды
Аударма: ҚМДБ
2:35
وَقُلۡنَا يَـٰٓـَٔادَمُ ٱسۡكُنۡ أَنتَ وَزَوۡجُكَ ٱلۡجَنَّةَ وَكُلَا مِنۡهَا رَغَدًا حَيۡثُ شِئۡتُمَا وَلَا تَقۡرَبَا هَٰذِهِ ٱلشَّجَرَةَ فَتَكُونَا مِنَ ٱلظَّـٰلِمِينَ
Және де: «Әй Адам! Сен де жұбайың да жәннәтте тұрыңдар, ерікті түрде қалағандарыңша жеңдер де, мына ағашқа жоламаңдар. Онда жазықтылардан боласыңдар» деген едік
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Біз: «Ей, Адам! Сен және жұбайың жәннатта тұрыңдар. Одан / жемістерінен / ұнатқандарыңша, қалаған жерінен жеңдер, бірақ мына ағашқа жақындамаңдар. Онда әділетсіздерден боласыңдар», - дедік
Аударма: ҚМДБ
2:36
فَأَزَلَّهُمَا ٱلشَّيۡطَٰنُ عَنۡهَا فَأَخۡرَجَهُمَا مِمَّا كَانَا فِيهِۖ وَقُلۡنَا ٱهۡبِطُواْ بَعۡضُكُمۡ لِبَعۡضٍ عَدُوّٞۖ وَلَكُمۡ فِي ٱلۡأَرۡضِ مُسۡتَقَرّٞ وَمَتَٰعٌ إِلَىٰ حِينٖ
Сонда Шайтан, екеуін ол жерден тайдырды. Ондағы нығметтерден де шығарды. Оларға: «Бір - біріңе қас болып, түсіңдер: Сендер үшін жержүзінде тұрақ және бір мезгілге дейін пайдалану бар» дедік
Аударма: Халифа Алтай
Шайтан ол екеуін одан сүріндіріп, қателестірді, сөйтіп оларды болған мекендерінен шығарды. Біз: «Түсіңдер! Сендер бір-біріңе жаусыңдар. Жерде сендер үшін бір мерзімге дейін тұрақ және пайдалану бар», - дедік
Аударма: ҚМДБ
2:37
فَتَلَقَّىٰٓ ءَادَمُ مِن رَّبِّهِۦ كَلِمَٰتٖ فَتَابَ عَلَيۡهِۚ إِنَّهُۥ هُوَ ٱلتَّوَّابُ ٱلرَّحِيمُ
Сонда Адам (Ғ.С.) Раббынан сөздер үйреніп алды да жалбарынды. Раббы оның тәубесін қабылдады. Өйткені Ол тәубені өте қабылдаушы, ерекше мейірімді
Аударма: Халифа Алтай
Сол кезде Адам Раббысынан бір сөздерді қабыл алып / кешірім сұрағанда / , Ол оның күнәсіне өкініп, Өзіне бойсұнуға қайтуын / тәубесін / қабыл алды. Анығында, Ол - тәубені қабыл етуші, ерекше Мейірімді
Аударма: ҚМДБ
2:38
قُلۡنَا ٱهۡبِطُواْ مِنۡهَا جَمِيعٗاۖ فَإِمَّا يَأۡتِيَنَّكُم مِّنِّي هُدٗى فَمَن تَبِعَ هُدَايَ فَلَا خَوۡفٌ عَلَيۡهِمۡ وَلَا هُمۡ يَحۡزَنُونَ
Жаннаттан бәрің түсіңдер, Менен сендерге бір туралық келсе, кім сонда тура жолыма ерсе, оларға қорқу жоқ әрі қайғырмайды» деген едік
Аударма: Халифа Алтай
«Барлығың одан / Жәннаттан / түсіңдер. Менен сендерге тура жол келген кезде, кім Менің тура жолыма ерсе, оларға ешбір қорқыныш жоқ әрі олар қайғырмайды», - дедік
Аударма: ҚМДБ
2:39
وَٱلَّذِينَ كَفَرُواْ وَكَذَّبُواْ بِـَٔايَٰتِنَآ أُوْلَـٰٓئِكَ أَصۡحَٰبُ ٱلنَّارِۖ هُمۡ فِيهَا خَٰلِدُونَ
Қарсы келіп аяттарымызды өтірік дегендер, солар, тозақтық болып, олар мәңгі қалады
Аударма: Халифа Алтай
Ал, аяттарымызға күпірлік еткендер / қарсы келгендер / және өтірік деп санағандар, міне, солар - Отқа / тозаққа / түсетіндер. Олар - онда мәңгі қалушылар
Аударма: ҚМДБ
2:40
يَٰبَنِيٓ إِسۡرَـٰٓءِيلَ ٱذۡكُرُواْ نِعۡمَتِيَ ٱلَّتِيٓ أَنۡعَمۡتُ عَلَيۡكُمۡ وَأَوۡفُواْ بِعَهۡدِيٓ أُوفِ بِعَهۡدِكُمۡ وَإِيَّـٰيَ فَٱرۡهَبُونِ
Әй Израил ұрпақтары! Берген ныметімді еске алыңдар! Уәдемді орындаңдар. Мен де серттеріңді орындаймын. Әрі Менен ғана қорқыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Исраил ұрпақтары! Менің сендерге берген игілігімді еске алыңдар және Менің сертіме берік болыңдар, Мен де сендерге берген сертті сақтаймын. Әрі Менен ғана қорқыңдар
Аударма: ҚМДБ
2:41
وَءَامِنُواْ بِمَآ أَنزَلۡتُ مُصَدِّقٗا لِّمَا مَعَكُمۡ وَلَا تَكُونُوٓاْ أَوَّلَ كَافِرِۭ بِهِۦۖ وَلَا تَشۡتَرُواْ بِـَٔايَٰتِي ثَمَنٗا قَلِيلٗا وَإِيَّـٰيَ فَٱتَّقُونِ
Жандарыңдағы Тәуратты растаушы Мен түсірген Құранға сеніңдер. Сондай-ақ оған алғаш қарсы келушілерден болмаңдар. Және де аяттарымды аз ғана бағаға айырбастамаңдар (дүниелік үшін бұрмаламаңдар) да Менен ғана қорқыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Әрі өздеріңдегінің / Тәураттың / шындығын дәлелдеуші етіп, Мен түсіргенге / Құранға / сеніңдер әрі оған күпірлік етушілердің / мойындамаушылардың / алдыңғыларынан болмаңдар. Аяттарымды түкке тұрғысыз бағаға сатпаңдар және тек Менен қорқып, сақтаныңдар
Аударма: ҚМДБ
2:42
وَلَا تَلۡبِسُواْ ٱلۡحَقَّ بِٱلۡبَٰطِلِ وَتَكۡتُمُواْ ٱلۡحَقَّ وَأَنتُمۡ تَعۡلَمُونَ
Хақиқатты бұзықтыққа аралаастырмаңдар да сондай-ақ біле тұра шындықты жасырмаңдар
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатты жалғанмен бүркемеңдер және ақиқатты біле тұрып жасырмаңдар
Аударма: ҚМДБ
2:43
وَأَقِيمُواْ ٱلصَّلَوٰةَ وَءَاتُواْ ٱلزَّكَوٰةَ وَٱرۡكَعُواْ مَعَ ٱلرَّـٰكِعِينَ
Әрі намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындаңдар, зекетті беріңдер және рукуғ етушілермен бірге рукуғ етіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Әрі намазды толық орындаңдар, зекетті беріңдер және рукуғ етушілермен бірге рукуғ етіңдер
Аударма: ҚМДБ
2:44
۞أَتَأۡمُرُونَ ٱلنَّاسَ بِٱلۡبِرِّ وَتَنسَوۡنَ أَنفُسَكُمۡ وَأَنتُمۡ تَتۡلُونَ ٱلۡكِتَٰبَۚ أَفَلَا تَعۡقِلُونَ
Елді игілікке бұйырып, өздеріңді ұмытасыңдар ма? Кітапты оқисыңдар, ойламайсыңдар ма?…
Аударма: Халифа Алтай
Сендер Кітапты / Тәуратты / оқи тұра, адамдарды игілікке бұйыра отырып, өздеріңді ұмытасыңдар ма? Ақылдарыңды істетпейсіңдер ме
Аударма: ҚМДБ
2:45
وَٱسۡتَعِينُواْ بِٱلصَّبۡرِ وَٱلصَّلَوٰةِۚ وَإِنَّهَا لَكَبِيرَةٌ إِلَّا عَلَى ٱلۡخَٰشِعِينَ
Сабыр және намазбен жәрдем тілеңдер. Расында намаз ынталылардан басқаларға ауыр келеді
Аударма: Халифа Алтай
Сабыр және намаз арқылы / Аллаһтан / жәрдем тілеңдер. Шындығында, ол / намаз / бойсұна беріліп тұратындардан басқаларға өте ауыр келеді
Аударма: ҚМДБ
2:46
ٱلَّذِينَ يَظُنُّونَ أَنَّهُم مُّلَٰقُواْ رَبِّهِمۡ وَأَنَّهُمۡ إِلَيۡهِ رَٰجِعُونَ
Ол ынталылар, Раббыларына шын жолығатындықтарын ойлап әрі Оған анық қайталыратындықтарын да біледі
Аударма: Халифа Алтай
солар, өздерінің Раббысымен жолығатындықтарына әрі Оған қайтушы екендіктеріне айқын сенетіндер
Аударма: ҚМДБ
2:47
يَٰبَنِيٓ إِسۡرَـٰٓءِيلَ ٱذۡكُرُواْ نِعۡمَتِيَ ٱلَّتِيٓ أَنۡعَمۡتُ عَلَيۡكُمۡ وَأَنِّي فَضَّلۡتُكُمۡ عَلَى ٱلۡعَٰلَمِينَ
Алла Израил ұрпақтарын бақытқа бөлеп, заманында әлемнен артық қылған. Пайғамбарлар көп келген. Бірақ Алланы көрмей: «Нанбаймыз» дегендер, пайғамбарды өлтіргендер, бұзауға шоқынып, тәуратты өзгерткен бұзықтары да болған. Әй Израил ұрпақтары! Сендерге берген нығметімді, әм әлемге артық еткенімді еске алыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Исраилдің ұрпақтары! Сендерге берген игілігімді және сендерді әлемдерден артық еткенімді еске алыңдар
Аударма: ҚМДБ
2:48
وَٱتَّقُواْ يَوۡمٗا لَّا تَجۡزِي نَفۡسٌ عَن نَّفۡسٖ شَيۡـٔٗا وَلَا يُقۡبَلُ مِنۡهَا شَفَٰعَةٞ وَلَا يُؤۡخَذُ مِنۡهَا عَدۡلٞ وَلَا هُمۡ يُنصَرُونَ
Біреу үшін ешкім күймейтін, шапағат қабыл етілмейтін, ешкімнен бодау алынбайтын және оларға жәрдем де етілмейтін бір күннен сақтаңындар
Аударма: Халифа Алтай
Біреу өзге біреуге ешқандай пайда бермейтін, шапағат етуі / араға түсуі / қабыл етілмейтін әрі одан / күнәсін өтейтін / төлем алынбайтын және оларға көмек берілмейтін Күннен сақтаныңдар
Аударма: ҚМДБ
2:49
وَإِذۡ نَجَّيۡنَٰكُم مِّنۡ ءَالِ فِرۡعَوۡنَ يَسُومُونَكُمۡ سُوٓءَ ٱلۡعَذَابِ يُذَبِّحُونَ أَبۡنَآءَكُمۡ وَيَسۡتَحۡيُونَ نِسَآءَكُمۡۚ وَفِي ذَٰلِكُم بَلَآءٞ مِّن رَّبِّكُمۡ عَظِيمٞ
Сендерді Перғауынның сыбайластырынан құтқардық. Олар сендерді жаман қинаумен ұстап, ұлдарыңды бауыздап, әйелдеріңді тірі қойатын еді. (Бәлгерлердің: «Израил ұрпақтарынан бір ұл туып, ықпалыңды жояды» деуі бойынша Перғауын, олардан ұл туса, бауыздатып отыратын болған.) Міне мұнда сендерге Раббыларыңнан зор сынау бар
Аударма: Халифа Алтай
Кезінде Біз сендерді ауыр азапқа салған - ұлдарыңды бауыздап, әйелдеріңді тірі қалдыратын - Фиръаунның әулетінен құтқардық. Мұнда сендер үшін өздеріңнің Раббыңнан ұлы сынақ бар
Аударма: ҚМДБ
2:50
وَإِذۡ فَرَقۡنَا بِكُمُ ٱلۡبَحۡرَ فَأَنجَيۡنَٰكُمۡ وَأَغۡرَقۡنَآ ءَالَ فِرۡعَوۡنَ وَأَنتُمۡ تَنظُرُونَ
Сендер үшін теңізді жарып, құтқардық та, перғауындықтарды суға батырдық. Сендер көріп тұрдыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Әрі кезінде сендер үшін теңізді қақ айырып, құтқардық та, фиръаун тобын көз алдарыңда суға батырдық
Аударма: ҚМДБ
2:51
وَإِذۡ وَٰعَدۡنَا مُوسَىٰٓ أَرۡبَعِينَ لَيۡلَةٗ ثُمَّ ٱتَّخَذۡتُمُ ٱلۡعِجۡلَ مِنۢ بَعۡدِهِۦ وَأَنتُمۡ ظَٰلِمُونَ
Сол уақытта Мұса (Ғ.С.) ға (Тұр тауында Тәурат үйрету үшін) қырық кеш уәде берген едік. Кейін оның артынан, бұзауды тәңір жасап алдыңдар да өздерің залым болдыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Әрі сол уақытта Мұсаға қырық түн белгіледік. Содан соң / ол кеткен кезде / сендер оның артынан әділетсіздік етіп, бұзауды / құдай етіп / алдыңдар
Аударма: ҚМДБ
2:52
ثُمَّ عَفَوۡنَا عَنكُم مِّنۢ بَعۡدِ ذَٰلِكَ لَعَلَّكُمۡ تَشۡكُرُونَ
Сонан кейін де сендерді шүкірлік етер деп кешірім еттік
Аударма: Халифа Алтай
Содан кейін, шүкір етулерің / Аллаһтың берген игіліктеріне алғыс білдірулерің үшін сендерді кешірдік
Аударма: ҚМДБ
2:53
وَإِذۡ ءَاتَيۡنَا مُوسَى ٱلۡكِتَٰبَ وَٱلۡفُرۡقَانَ لَعَلَّكُمۡ تَهۡتَدُونَ
және тура жолға келулерің үшін Мұса (Ғ.А.) ға Тәуратты (жақсы- жаманды) айырушы нұсқауды бердік
Аударма: Халифа Алтай
Әрі сол кезде сендердің тура жолға түсулерің үшін Біз Мұсаға Кітапты / Тәуратты / және фурқанды(жақсы – жаманды айырушы) бердік
Аударма: ҚМДБ
2:54
وَإِذۡ قَالَ مُوسَىٰ لِقَوۡمِهِۦ يَٰقَوۡمِ إِنَّكُمۡ ظَلَمۡتُمۡ أَنفُسَكُم بِٱتِّخَاذِكُمُ ٱلۡعِجۡلَ فَتُوبُوٓاْ إِلَىٰ بَارِئِكُمۡ فَٱقۡتُلُوٓاْ أَنفُسَكُمۡ ذَٰلِكُمۡ خَيۡرٞ لَّكُمۡ عِندَ بَارِئِكُمۡ فَتَابَ عَلَيۡكُمۡۚ إِنَّهُۥ هُوَ ٱلتَّوَّابُ ٱلرَّحِيمُ
Сол уақытта Мұса (Ғ.С.): «Әй қаумым! Расында сендер бұзауды тәңір жасап алумен өздеріне қастық қылдыңдар! Ал енді жаратушыларыңа тәубе қылыңдар. әрі өздеріңді түзетіңдер. (Немесе қылмыстыларды өлтіріңдер.( Бұларың сендер үшін жаратушыларыңның қасында хайырлы. Сонда тәубелерңді қабыл етті. өйткені Ол тәубені қабылдаушы, ерекше мейірімді» деді)
Аударма: Халифа Алтай
Әрі сонда Мұса еліне: «Әй, елім! Ақиқатында, сендер бұзауды құдай етіп алумен өздеріңе әділетсіздік жасадыңдар! Енді күнәларың үшін өздеріңнің Жаратушыңа бойсұнуға қайтып / тәубе қылып / өздеріңді өлтіріңдер. Осыны істеулерің Жаратушыңыздың алдында өздерің үшін қайырлы»,- деді. Сонда / Аллаһ / күнәларыңа шынайы өкініп, Өзіне бойсұнуға қайтуларыңды / тәубелеріңді / қабыл етті. Әлбетте, Ол - тәубені қабыл етуші, ерек­ше Мейірімді
Аударма: ҚМДБ
2:55
وَإِذۡ قُلۡتُمۡ يَٰمُوسَىٰ لَن نُّؤۡمِنَ لَكَ حَتَّىٰ نَرَى ٱللَّهَ جَهۡرَةٗ فَأَخَذَتۡكُمُ ٱلصَّـٰعِقَةُ وَأَنتُمۡ تَنظُرُونَ
Сол уақытта сендер: «Әй Мұса! Алланы әшкере көрмейінше саған әсте иланбаймыз» дедіңдер де, сендерді бір ащы дауыс алды. (жасыл түсті) Көріп тұрдыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Әрі сол кезде сендер: «Ей, Мұса!Аллаһты ашық көрмейінше, саған сенбейміз», - дедіңдер. Сонда сендерге, өздерің қарап тұрған кездеріңде найзағай тиді
Аударма: ҚМДБ
2:56
ثُمَّ بَعَثۡنَٰكُم مِّنۢ بَعۡدِ مَوۡتِكُمۡ لَعَلَّكُمۡ تَشۡكُرُونَ
Соңсоң шүкірлік етерсіңдер деп, өлгендеріңнен кейін қайта тірілттік
Аударма: Халифа Алтай
Содан кейін, өлгендеріңнен соң, сен­дерді шүкір етулерің / берген игіліктерімізге алғыс білдірулерің / үшін қайта тірілттік
Аударма: ҚМДБ
2:57
وَظَلَّلۡنَا عَلَيۡكُمُ ٱلۡغَمَامَ وَأَنزَلۡنَا عَلَيۡكُمُ ٱلۡمَنَّ وَٱلسَّلۡوَىٰۖ كُلُواْ مِن طَيِّبَٰتِ مَا رَزَقۡنَٰكُمۡۚ وَمَا ظَلَمُونَا وَلَٰكِن كَانُوٓاْ أَنفُسَهُمۡ يَظۡلِمُونَ
үстеріңе бұлтты көлеңке етіп, және сендерге бөдене менен құдырет шекерін (Мәнна, Сәлуаны) түсірдік. «Сендерге берген жақсы нәрселерден жеңдер» (дедік). Олар бізге емес өздеріне ғана қастық қылды
Аударма: Халифа Алтай
Әрі сендерге бұлтты көлеңке етіп, мәнн (ол аса қиындықсыз табуға болатын азық – түлік өнімдері) және сәлуәні (Бөдене секілді құс) түсіріп: «Біз сендерге ризық етіп берген жақсы нәрселерден жеңдер», - дедік. Ал, олар Бізге әділетсіздік етпеді, алайда өздеріне әділетсіздік жасады
Аударма: ҚМДБ
2:58
وَإِذۡ قُلۡنَا ٱدۡخُلُواْ هَٰذِهِ ٱلۡقَرۡيَةَ فَكُلُواْ مِنۡهَا حَيۡثُ شِئۡتُمۡ رَغَدٗا وَٱدۡخُلُواْ ٱلۡبَابَ سُجَّدٗا وَقُولُواْ حِطَّةٞ نَّغۡفِرۡ لَكُمۡ خَطَٰيَٰكُمۡۚ وَسَنَزِيدُ ٱلۡمُحۡسِنِينَ
(Бұлар "Тие" даласынан Шам өлкесі "Ариха" қаласына түсетін болды.) Сол уақытта оларға: "Осы кентке кіріңдер, одан қалағандарыңша еркін жеңдер. Және өсіктен бас қойып, (Хытта) "күнәмызды кеш" деп кіріңдер. Қателіктеріңді жарылқап, игілік істеушілердің сауабын арттырамыз" дедік
Аударма: Халифа Алтай
Әрі сол кезде оларға: «Осы кентке кіріңдер де оның қалаған жерінен емін-еркін жеңдер. Ал / кентке / қақпадан иілген халде кіріп: «Хытта» / күнәмізді кешір / деп айтыңдар. Біз сонда күнәларыңды кешіреміз әрі ықыласпен жақсылық істеушілерге / сыйларын / арттырамыз», - дедік
Аударма: ҚМДБ
2:59
فَبَدَّلَ ٱلَّذِينَ ظَلَمُواْ قَوۡلًا غَيۡرَ ٱلَّذِي قِيلَ لَهُمۡ فَأَنزَلۡنَا عَلَى ٱلَّذِينَ ظَلَمُواْ رِجۡزٗا مِّنَ ٱلسَّمَآءِ بِمَا كَانُواْ يَفۡسُقُونَ
Сонда залымдар, сөзді өздеріне айтылғаннан басқаға ауыстырды. (Кылмыстарына кешірім тілеудің орнына "Хынта" деп, бидай тіледі.) Сондықтан залымдарға бұзақылыктарының салдарынан аспаннан пәле жаудырдық
Аударма: Халифа Алтай
Сонда әділетсіздік жасағандар өздері - не айтылған сөзді басқа сөзге ауыстырды.Сондықтан Біз әділетсіздік істеушілерге, бұзықтықтары / бойсұнбаулары / себепті, аспаннан азап түсірдік
Аударма: ҚМДБ
2:60
۞وَإِذِ ٱسۡتَسۡقَىٰ مُوسَىٰ لِقَوۡمِهِۦ فَقُلۡنَا ٱضۡرِب بِّعَصَاكَ ٱلۡحَجَرَۖ فَٱنفَجَرَتۡ مِنۡهُ ٱثۡنَتَا عَشۡرَةَ عَيۡنٗاۖ قَدۡ عَلِمَ كُلُّ أُنَاسٖ مَّشۡرَبَهُمۡۖ كُلُواْ وَٱشۡرَبُواْ مِن رِّزۡقِ ٱللَّهِ وَلَا تَعۡثَوۡاْ فِي ٱلۡأَرۡضِ مُفۡسِدِينَ
Сол уақытта Мұса (F.C.) қаумы тшін су тіледі. Сонда: "Таяғыңмен тасты ұр" дедік. Сөйтіп, тастан он екі бұлақ жарылып шықты да әр ел өз суатын білген еді. Алланың несібесінен ішіп, жеңдер де жер жүзінде бұзакылық қылып жүрмеңдер
Аударма: Халифа Алтай
Әрі кезінде Мұса елі үшін су сұрағанда, Біз: «Таяғыңмен тасты ұр», - дедік. Одан он екі бұлақ жарып шықты. Сөйтіп адамдардың әрбірі өздерінің су алатын жерін білетін болды. / Оларға: / «Аллаһтың берген ризығынан жеп-ішіңдер және жер жүзінде бұзу-бүлдірушілік жасап жүрмеңдер», - делінді
Аударма: ҚМДБ
2:61
وَإِذۡ قُلۡتُمۡ يَٰمُوسَىٰ لَن نَّصۡبِرَ عَلَىٰ طَعَامٖ وَٰحِدٖ فَٱدۡعُ لَنَا رَبَّكَ يُخۡرِجۡ لَنَا مِمَّا تُنۢبِتُ ٱلۡأَرۡضُ مِنۢ بَقۡلِهَا وَقِثَّآئِهَا وَفُومِهَا وَعَدَسِهَا وَبَصَلِهَاۖ قَالَ أَتَسۡتَبۡدِلُونَ ٱلَّذِي هُوَ أَدۡنَىٰ بِٱلَّذِي هُوَ خَيۡرٌۚ ٱهۡبِطُواْ مِصۡرٗا فَإِنَّ لَكُم مَّا سَأَلۡتُمۡۗ وَضُرِبَتۡ عَلَيۡهِمُ ٱلذِّلَّةُ وَٱلۡمَسۡكَنَةُ وَبَآءُو بِغَضَبٖ مِّنَ ٱللَّهِۚ ذَٰلِكَ بِأَنَّهُمۡ كَانُواْ يَكۡفُرُونَ بِـَٔايَٰتِ ٱللَّهِ وَيَقۡتُلُونَ ٱلنَّبِيِّـۧنَ بِغَيۡرِ ٱلۡحَقِّۚ ذَٰلِكَ بِمَا عَصَواْ وَّكَانُواْ يَعۡتَدُونَ
Сол уақытты естеріңе алыңдар! "Әй Мұса! Бір-ақ түрлі тамаққа (Мәнна, Сәлуаға) сабыр ете алмаймыз, Біз үшін Раббыңа жалбарын, бізге жерден өсетін, көк өнісінен қиярынан, бидайынан, бүршағынан және сарымсағынан шығарсын " дедіңдер. Мұса (Ғ.С.):" Сондай ол сапалы нәрсені, бұл сапасыз нәрселерге ауыстырмақшысыңдар ма? Бір қалаға түсіңдер, онда әрине қ а л а ғ а н д а р ы ң бар" деді. (Сондықтан) оларға қорлық, жоқшылық жүктеліп, Алла (Т.) ның ашуына ұшырады. Бұл олардың, Алланың аяттарына қарсы келулері және жазықсыз пайғамбарларды өлтірулері сондай-ақ естіп қарсы келіп, шектен шығулары себепті
Аударма: Халифа Алтай
Әрі сонда сендер: «Ей, Мұса! Біз бір-ақ түрлі тамаққа шыдай алмаймыз. Біз үшін Раббыңнан тіле, бізге жерде өсетін көкөнісінен, қиярынан, сарымсағынан, бұршағынан және пиязынан шығарып берсін», - дегендеріңде ол: «Сендер жақсы нәрсені төмен нәрселерге ауыстырасыңдар ма? Кез келген қалаға түсіңдер, сендерге сонда сұрағандарың бар», - деді. Сонда оларға қорлық пен жоқшылық түсірілді әрі Аллаһтың ашуына ұшырады. Мұның себебі - олардың Аллаһтың белгілеріне күпірлік етулері / оны теріске шығарулары / әрі пайғамбарларды жазықсыз өлтірулері. бұл - олардың бойсұнбаулары мен шектен шыққандықтары үшін
Аударма: ҚМДБ
2:62
إِنَّ ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَٱلَّذِينَ هَادُواْ وَٱلنَّصَٰرَىٰ وَٱلصَّـٰبِـِٔينَ مَنۡ ءَامَنَ بِٱللَّهِ وَٱلۡيَوۡمِ ٱلۡأٓخِرِ وَعَمِلَ صَٰلِحٗا فَلَهُمۡ أَجۡرُهُمۡ عِندَ رَبِّهِمۡ وَلَا خَوۡفٌ عَلَيۡهِمۡ وَلَا هُمۡ يَحۡزَنُونَ
Расында сондай иман келтіргендер, Яһудилер, Христиандар және Сабилар болып, кім Аллаға, ахирет күніне сенсе, Раббыларының қасында сыйлық бар. Оларға қорқыныш жоқ. Әрі олар қвйғырмайды
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, иманға келгендердің, сондай-ақ иудей, христиан және сабийлерден (Аллаһқа сенетін, бірақ шариғаттары болмаған халық) Аллаһқа әрі Ақирет күніне сеніп, ізгі амал жасағандарының сыйлары - олардың Раббысында. Оларға ешбір қорқыныш жоқ әрі олар қайғырмайды
Аударма: ҚМДБ
2:63
وَإِذۡ أَخَذۡنَا مِيثَٰقَكُمۡ وَرَفَعۡنَا فَوۡقَكُمُ ٱلطُّورَ خُذُواْ مَآ ءَاتَيۡنَٰكُم بِقُوَّةٖ وَٱذۡكُرُواْ مَا فِيهِ لَعَلَّكُمۡ تَتَّقُونَ
Сол уақытта сендерден (Тәуратты қабылдауға) уәде алған едік. Үстеріңе Тұр тауып көтеріп тұрып: "Сендерге берілген (Тәуратты) мықты ұстап, ондағы әмірлерімді елеп, ескеріңдер әрине сақтанған боласыңдар" деген едік. (С. 171-А)
Аударма: Халифа Алтай
Әрі кезінде Біз сендерден серт алдық және үстеріңнен тауды көтеріп тұрып: «Біз сендерге бергенді мықты ұстанып, оның ішіндегіні еске алыңдар тақуалық етулерің үшін», - дедік
Аударма: ҚМДБ
2:64
ثُمَّ تَوَلَّيۡتُم مِّنۢ بَعۡدِ ذَٰلِكَۖ فَلَوۡلَا فَضۡلُ ٱللَّهِ عَلَيۡكُمۡ وَرَحۡمَتُهُۥ لَكُنتُم مِّنَ ٱلۡخَٰسِرِينَ
Оның артынан тағы қайталаған едіңдер. Сонда сендерге Алланың кеңшілігі, мейірімі болмаса, әлбетте зиянға тшыраушылардан болар едіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Содан кейін, сендер бұрылып кеттіңдер. Егер де сендерге Аллаһтың кеңшілігі мен мейірімі болмағанда, зиян шегушілерден болар едіңдер
Аударма: ҚМДБ
2:65
وَلَقَدۡ عَلِمۡتُمُ ٱلَّذِينَ ٱعۡتَدَوۡاْ مِنكُمۡ فِي ٱلسَّبۡتِ فَقُلۡنَا لَهُمۡ كُونُواْ قِرَدَةً خَٰسِـِٔينَ
(Бұларға сенбі күні балық аулауға тыйым салынған бола тұра айлакерлік істегендіктері үшін маймылға айналып барып типыл болған. С.163-А. Р.Ж.) Расында сендерден сенбі күні шектен шыққандарды білесіңдер, сонда оларға: "Маймыл болып, қор болыңдар" деген едік
Аударма: Халифа Алтай
Әрі сендер өздеріңнен сенбі күніне қатысты шектен шыққандарды білдіңдер. Бізоларға: «Жексұрын маймыл болыңдар», - дедік
Аударма: ҚМДБ
2:66
فَجَعَلۡنَٰهَا نَكَٰلٗا لِّمَا بَيۡنَ يَدَيۡهَا وَمَا خَلۡفَهَا وَمَوۡعِظَةٗ لِّلۡمُتَّقِينَ
Сонда ол жазаны, ілгері-кейінгілерге үлгі әрі сақтанушыларға насихат қылдық
Аударма: Халифа Алтай
Біз мұны сол кездегілерге және олардан кейінгілерге көрнекі жаза, ал тақуалар үшін насихат еттік
Аударма: ҚМДБ
2:67
وَإِذۡ قَالَ مُوسَىٰ لِقَوۡمِهِۦٓ إِنَّ ٱللَّهَ يَأۡمُرُكُمۡ أَن تَذۡبَحُواْ بَقَرَةٗۖ قَالُوٓاْ أَتَتَّخِذُنَا هُزُوٗاۖ قَالَ أَعُوذُ بِٱللَّهِ أَنۡ أَكُونَ مِنَ ٱلۡجَٰهِلِينَ
Израил ғрпақтарынан біреу малына қызығып, бір жақынын түнде өлтіріп тастайды. Көп жанжал болып, өлтіруші ақсынып Мұса (F.C.) ға шағады. Мұса (F.C.) Алланың әмірі бойынша: "Бір сиыр сойылып, кей мүшесімен қағылса, тіріліп, кім өлтіргенін айтады" дейді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі кезінде Мұса өз еліне: «Аллаһ сендерге бір сиырды бауыздауды бұйырады»,- деген еді. / Олар / : «Бізді мазақ етіп тұрсың ба?» - деді. Мұса: «Надандардан болудан Аллаһқа сиынып, қорғауын сұраймын»,- деді
Аударма: ҚМДБ
2:68
قَالُواْ ٱدۡعُ لَنَا رَبَّكَ يُبَيِّن لَّنَا مَا هِيَۚ قَالَ إِنَّهُۥ يَقُولُ إِنَّهَا بَقَرَةٞ لَّا فَارِضٞ وَلَا بِكۡرٌ عَوَانُۢ بَيۡنَ ذَٰلِكَۖ فَٱفۡعَلُواْ مَا تُؤۡمَرُونَ
Сол уақытта Мұса (F.C.) қ а у м ы н а : "Алла, бір сиыр бауыздауларыңды бұйырды" деді. Олар: "Бізді келемеж қыласын ба?'',¬деді. Мұса (F.C.): "Надандардан болудан Аллаға сиынамын" деді
Аударма: Халифа Алтай
Олар: «Біз үшін Раббыңнан сұра, оның қандай екенін түсіндіріп берсін», - деді. / Мұса: / «Ол / Аллаһ / айтты: «Ол кәрі де, жас та емес, осы екеуінің ортасындағы бір сиыр», - деп. Енді өздеріңе бұйырылғанды орындаңдар», - деді
Аударма: ҚМДБ
2:69
قَالُواْ ٱدۡعُ لَنَا رَبَّكَ يُبَيِّن لَّنَا مَا لَوۡنُهَاۚ قَالَ إِنَّهُۥ يَقُولُ إِنَّهَا بَقَرَةٞ صَفۡرَآءُ فَاقِعٞ لَّوۡنُهَا تَسُرُّ ٱلنَّـٰظِرِينَ
Олар: "Раббыңа біз үшін жалбарыншы, бізге оның түсін білдірсін" десті. (Мұса ғ.сл "Алла, ол сап-сары сиыр, оның өңі көрушілерді стйіндіреді дейді" деді)
Аударма: Халифа Алтай
Олар: «Біз үшін Раббыңнан сұра, бізге оның өңі қандай екенін түсіндіріп берсін»,- деді. / Мұса: / «Ол айтты: «Ол өңі ашық сары түсті сиыр, көрушілерді сүйсіндіреді», - деп»,- деді
Аударма: ҚМДБ
2:70
قَالُواْ ٱدۡعُ لَنَا رَبَّكَ يُبَيِّن لَّنَا مَا هِيَ إِنَّ ٱلۡبَقَرَ تَشَٰبَهَ عَلَيۡنَا وَإِنَّآ إِن شَآءَ ٱللَّهُ لَمُهۡتَدُونَ
Олар тағы: "Раббыңа біз үшін жалбарыншы, о немене? Бізге білдірсін. Өйткені бізге (баска сиырға) ұқсас келді. Әрине Алла қаласа тура жолда боламыз" десті
Аударма: Халифа Алтай
Олар: «Біз үшін Раббыңнан сұра, бізге оның қандай екенін түсіндіріп берсін. Өйткені бізге сиырлар бір-біріне ұқсас секілді. Аллаһ қаласа, тура жолда боламыз.», - десті
Аударма: ҚМДБ
2:71
قَالَ إِنَّهُۥ يَقُولُ إِنَّهَا بَقَرَةٞ لَّا ذَلُولٞ تُثِيرُ ٱلۡأَرۡضَ وَلَا تَسۡقِي ٱلۡحَرۡثَ مُسَلَّمَةٞ لَّا شِيَةَ فِيهَاۚ قَالُواْ ٱلۡـَٰٔنَ جِئۡتَ بِٱلۡحَقِّۚ فَذَبَحُوهَا وَمَا كَادُواْ يَفۡعَلُونَ
(Мұса Ғ.С.) расында Алла: «Ол сиыр қорлық көрмеген, жер жыртпаған, дін аман онда дақ жоқ дейді» деді. Олар: «Міне, әзір шындықты келтірдің» десті. Сонда олар, істегілері келмесе де оны бауыздады. (Қайта- қайта сұрақ қойып жүріп әрең орындады)
Аударма: Халифа Алтай
Мұса: / «Ақиқатында, Ол: «Ол жер жыртуға жегілмеген және егін суғармаған, дені сау, бойында еш дағы жоқ сиыр», - деп айтты», - деді. Олар: «Міне, енді шындықты әкелдің», - деді. Сөйтіп, олар оны бауыздады, дегенмен олар оны орындамауға жақын еді
Аударма: ҚМДБ
2:72
وَإِذۡ قَتَلۡتُمۡ نَفۡسٗا فَٱدَّـٰرَ ٰٔتُمۡ فِيهَاۖ وَٱللَّهُ مُخۡرِجٞ مَّا كُنتُمۡ تَكۡتُمُونَ
Сол уақытта біреуді өлтірдіңдер де сол жөнде таластыңдар. Алла жасырғандарыңды ортаға шығарды
Аударма: Халифа Алтай
Міне, сендер біреуді өлтіріп, сол жөнінде тартыстыңдар. Ал, Аллаһ - жасырғандарыңды әшкере етуші
Аударма: ҚМДБ
2:73
فَقُلۡنَا ٱضۡرِبُوهُ بِبَعۡضِهَاۚ كَذَٰلِكَ يُحۡيِ ٱللَّهُ ٱلۡمَوۡتَىٰ وَيُرِيكُمۡ ءَايَٰتِهِۦ لَعَلَّكُمۡ تَعۡقِلُونَ
Сөйтіп өлікті оның кейбір мүшесімен қағындар дедік. Алла осылайша, өлікті тірілтіп сендерге белгілерін көрсетеді. Әрине ойланарсыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Біз: «Оны / мүрдені / сойылған сиырдың бір бөлігімен ұрыңдар», - дедік. Осылай Аллаһ өліктерді тірілтеді және ақылды істетіп, ұғынуларың үшін Өз белгі- мұғжизаларын көрсетеді
Аударма: ҚМДБ
2:74
ثُمَّ قَسَتۡ قُلُوبُكُم مِّنۢ بَعۡدِ ذَٰلِكَ فَهِيَ كَٱلۡحِجَارَةِ أَوۡ أَشَدُّ قَسۡوَةٗۚ وَإِنَّ مِنَ ٱلۡحِجَارَةِ لَمَا يَتَفَجَّرُ مِنۡهُ ٱلۡأَنۡهَٰرُۚ وَإِنَّ مِنۡهَا لَمَا يَشَّقَّقُ فَيَخۡرُجُ مِنۡهُ ٱلۡمَآءُۚ وَإِنَّ مِنۡهَا لَمَا يَهۡبِطُ مِنۡ خَشۡيَةِ ٱللَّهِۗ وَمَا ٱللَّهُ بِغَٰفِلٍ عَمَّا تَعۡمَلُونَ
Және содан кейін де жүректерің қатайып, тастай немесе тағы қаттырақ болды. Өйткені тастар жарылып, одан өзендер ағады. Әрі кей тастар қақ бөлініп, одан су шығады. Әрине кей тастар Алладан қорқып, құлайды. Алла істегендеріңнен ғапыл емес
Аударма: Халифа Алтай
Содан кейін де жүректерің қатайды. Олар тас секілді немесе одан да қатты. Шын мәнінде, бір тастар бар, олардан бұлақтар жарып шығады. Кейбірі қақ бөлініп, одан су шығады. Әрі ақиқатында, ол тастардың кейбірі Аллаһтанқорыққанынан құлайды. Аллаһ сендердің не істеп жатқандарыңнан ғапыл / қапы қалушы / емес
Аударма: ҚМДБ
2:75
۞أَفَتَطۡمَعُونَ أَن يُؤۡمِنُواْ لَكُمۡ وَقَدۡ كَانَ فَرِيقٞ مِّنۡهُمۡ يَسۡمَعُونَ كَلَٰمَ ٱللَّهِ ثُمَّ يُحَرِّفُونَهُۥ مِنۢ بَعۡدِ مَا عَقَلُوهُ وَهُمۡ يَعۡلَمُونَ
(Мұсылмандар!) Олардың сендерге сенетіндіктерін үміт қыласыңдар ма? Әрине олардың Алланың сөзін (Тәуратты) тыңдайтын бір тобы бар еді. (Ғалымдары ) Олар оған түсініп болғаннан кейін (Мұғаммед Ғ.С. ның сипаттарын) біле тұра өзгертті
Аударма: Халифа Алтай
Сендер / мұсылмандар / , шынымен олардың өздеріңе сенулерін үміт етесіңдер ме? Негізінде, олардың бір тобы Аллаһтың Сөзін тыңдап, оны түсінгендерінен кейін, біле тұрып өзгертетін еді
Аударма: ҚМДБ
2:76
وَإِذَا لَقُواْ ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ قَالُوٓاْ ءَامَنَّا وَإِذَا خَلَا بَعۡضُهُمۡ إِلَىٰ بَعۡضٖ قَالُوٓاْ أَتُحَدِّثُونَهُم بِمَا فَتَحَ ٱللَّهُ عَلَيۡكُمۡ لِيُحَآجُّوكُم بِهِۦ عِندَ رَبِّكُمۡۚ أَفَلَا تَعۡقِلُونَ
Ал қашан олар мүміндерге кездессе: «Біз де иман келтірдік» деп, егер олар бір-бірімен жекелене қалса (бастықтары, адамдарына): «Алланың сендерге ашқан сырын, (Тәураттағы Мұғаммед Ғ.С. ның сипаттарын) Мұсылмандардың сендерге раббыларыңның қасында дәлелдеулері үшін оларға айтасыңдар ма? Түсінбейсіңдер ма?»,- дейді
Аударма: Халифа Алтай
Олар иманға келгендерге кездессе: «Біз де сендік», - дейді. Ал, егер бір-бірімен оңаша қалса: «Аллаһтың сендерге ашып бергенін, өздеріңнің Раббыңның алдында сендерге қарсы айғақ келтіруі үшін оларға айтып бересіңдер ме? Шынымен ақылдарың жетпей ме?» - деседі
Аударма: ҚМДБ
2:77
أَوَلَا يَعۡلَمُونَ أَنَّ ٱللَّهَ يَعۡلَمُ مَا يُسِرُّونَ وَمَا يُعۡلِنُونَ
Олар білмей ме? Негізінде Алла (Т.) олардың қөрнеу, көмес істегендерін біледі
Аударма: Халифа Алтай
Ал, олар өздерінің нені жасырып, нені әшкере еткенін Аллаһтың білетінін білмей ме
Аударма: ҚМДБ
2:78
وَمِنۡهُمۡ أُمِّيُّونَ لَا يَعۡلَمُونَ ٱلۡكِتَٰبَ إِلَّآ أَمَانِيَّ وَإِنۡ هُمۡ إِلَّا يَظُنُّونَ
Олардың ішінде надандары да бар. Кітапты білмейді. Олар тек қана үйретіндіні және бос ойларды ғана ойлайды
Аударма: Халифа Алтай
Әрі олардың ішінде Кітапты / Тәуратты / білмейтін, бос қиялға еретін сауатсыздар да бар. Ал, олар тек жорамалдайды
Аударма: ҚМДБ
2:79
فَوَيۡلٞ لِّلَّذِينَ يَكۡتُبُونَ ٱلۡكِتَٰبَ بِأَيۡدِيهِمۡ ثُمَّ يَقُولُونَ هَٰذَا مِنۡ عِندِ ٱللَّهِ لِيَشۡتَرُواْ بِهِۦ ثَمَنٗا قَلِيلٗاۖ فَوَيۡلٞ لَّهُم مِّمَّا كَتَبَتۡ أَيۡدِيهِمۡ وَوَيۡلٞ لَّهُم مِّمَّا يَكۡسِبُونَ
Сондай Кітапты қолдарымен жазып, сонан соң аз ақшаға (дүниелікке) сату үшін: «Осы Алланың қасынан келгені» дегендерге нендей өкініш! Және олардың қол жазғандарына нендей өкініш! Сондай-ақ олардың табыстарына нендей өкініш
Аударма: Халифа Алтай
Кітапты / Тәуратты / өз қолдарымен / бұрмалап / жазып, содан кейін онымен / дүниелік / болмашы бағаны сатып алу үшін: «Бұл - Аллаһтан / келген / », - дейтіндерге қасірет бар! Қолдарымен жазғандары үшін оларға үлкен қасірет бар! Әрі табыстары үшін де оларға үлкен қасірет бар
Аударма: ҚМДБ
2:80
وَقَالُواْ لَن تَمَسَّنَا ٱلنَّارُ إِلَّآ أَيَّامٗا مَّعۡدُودَةٗۚ قُلۡ أَتَّخَذۡتُمۡ عِندَ ٱللَّهِ عَهۡدٗا فَلَن يُخۡلِفَ ٱللَّهُ عَهۡدَهُۥٓۖ أَمۡ تَقُولُونَ عَلَى ٱللَّهِ مَا لَا تَعۡلَمُونَ
Олар: «Бізді тозақ оты санаулы күндер ғана (ғазапта) ұстайды »дейді. (Мұғаммед Ғ.С.) оларға: «Алладан уәде алдыңдар ма? Алла уәдесін сірә бұзбайды. Немесе Аллаға білмегендеріңді айтасыңдар ма?»,- де
Аударма: Халифа Алтай
Әрі олар: «От бізге санаулы күндер ғана тиеді», - деді. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Аллаһтан уәде алдыңдар ма? Аллаһ уәдесін ешқашан бұзбайды. Аллаһтың атынан білмейтіндеріңді айтасыңдар ма?» - деп
Аударма: ҚМДБ
2:81
بَلَىٰۚ مَن كَسَبَ سَيِّئَةٗ وَأَحَٰطَتۡ بِهِۦ خَطِيٓـَٔتُهُۥ فَأُوْلَـٰٓئِكَ أَصۡحَٰبُ ٱلنَّارِۖ هُمۡ فِيهَا خَٰلِدُونَ
Керісінше, кім жамандық істесе, қателіктері оны баурап алса, сонда олар тозақтық болады да олар онда мәңгі қалады
Аударма: Халифа Алтай
Жоқ, олай емес! Кім жамандық істесе және күнәсі оны орап алса, міне, солар - Отта / тозақта / болатындар. Олар онда мәңгі қалады
Аударма: ҚМДБ
2:82
وَٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَعَمِلُواْ ٱلصَّـٰلِحَٰتِ أُوْلَـٰٓئِكَ أَصۡحَٰبُ ٱلۡجَنَّةِۖ هُمۡ فِيهَا خَٰلِدُونَ
Ал және сондай иман келтіріп, түзу ғамал істегендер, ұжмақтық болып, олар мәңгі қалады
Аударма: Халифа Алтай
Ал, иманға келген және ізгі амал жасағандар, бұлар - Жәннатқа кіретіндер.Олар онда мәңгі қалады
Аударма: ҚМДБ
2:83
وَإِذۡ أَخَذۡنَا مِيثَٰقَ بَنِيٓ إِسۡرَـٰٓءِيلَ لَا تَعۡبُدُونَ إِلَّا ٱللَّهَ وَبِٱلۡوَٰلِدَيۡنِ إِحۡسَانٗا وَذِي ٱلۡقُرۡبَىٰ وَٱلۡيَتَٰمَىٰ وَٱلۡمَسَٰكِينِ وَقُولُواْ لِلنَّاسِ حُسۡنٗا وَأَقِيمُواْ ٱلصَّلَوٰةَ وَءَاتُواْ ٱلزَّكَوٰةَ ثُمَّ تَوَلَّيۡتُمۡ إِلَّا قَلِيلٗا مِّنكُمۡ وَأَنتُم مُّعۡرِضُونَ
Бір заманда, Израил ұрпақтарынан: «Алладан басқаға құлшылық қылмаңдар, әке- шешеге жақсылық істеңдер, жақындарға, жетімдерге, міскіндерге қамқорлық жасаңдар, адамдарға көркем сөз сөйлеңдер, намазды толық орындандар және зекет беріңдер» деп ант алған едік. Содан кейін бет бұрдыңдар. Сендерден аз-ақ адам қалды. өйткені сендер ежелден бет бұрушысыңдар. (Сендер үшін шындықтан бет бұру қиын емес)
Аударма: Халифа Алтай
Кезінде Исраил ұрпақтарынан: «Аллаһтан басқаға құлшылықжасамайсыңдар, ата-анаға, туысқандарға, жетімдерге және кедейлерге жақсылық істейсіңдер, адамдарға жақсы сөз айтасыңдар, намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындайсыңдар және зекетті бересіңдер», - деп уәдесін алдық. Содан кейін азғантайыңнан өзгелерің, / ол серттен / бас тартқан күйде, теріс айналдыңдар
Аударма: ҚМДБ
2:84
وَإِذۡ أَخَذۡنَا مِيثَٰقَكُمۡ لَا تَسۡفِكُونَ دِمَآءَكُمۡ وَلَا تُخۡرِجُونَ أَنفُسَكُم مِّن دِيَٰرِكُمۡ ثُمَّ أَقۡرَرۡتُمۡ وَأَنتُمۡ تَشۡهَدُونَ
(Әй Яһудилер!) бір заманда: «Бір-біріңнің қандарыңды төкпеңдер, өз- өздеріңді жұрттарыңнан шығармаңдар» деп, уәде алған едік. Сөйтіп мақұлдап куә болған едіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Әрі сонда, сендерден: «өздеріңнің / бір-біріңнің / қандарыңды төкпейсіңдер және қоныстарыңнан шығармайсыңдар», - деп уәде алдық. Кейін өздерің куәлік беріп, мойындадыңдар
Аударма: ҚМДБ
2:85
ثُمَّ أَنتُمۡ هَـٰٓؤُلَآءِ تَقۡتُلُونَ أَنفُسَكُمۡ وَتُخۡرِجُونَ فَرِيقٗا مِّنكُم مِّن دِيَٰرِهِمۡ تَظَٰهَرُونَ عَلَيۡهِم بِٱلۡإِثۡمِ وَٱلۡعُدۡوَٰنِ وَإِن يَأۡتُوكُمۡ أُسَٰرَىٰ تُفَٰدُوهُمۡ وَهُوَ مُحَرَّمٌ عَلَيۡكُمۡ إِخۡرَاجُهُمۡۚ أَفَتُؤۡمِنُونَ بِبَعۡضِ ٱلۡكِتَٰبِ وَتَكۡفُرُونَ بِبَعۡضٖۚ فَمَا جَزَآءُ مَن يَفۡعَلُ ذَٰلِكَ مِنكُمۡ إِلَّا خِزۡيٞ فِي ٱلۡحَيَوٰةِ ٱلدُّنۡيَاۖ وَيَوۡمَ ٱلۡقِيَٰمَةِ يُرَدُّونَ إِلَىٰٓ أَشَدِّ ٱلۡعَذَابِۗ وَمَا ٱللَّهُ بِغَٰفِلٍ عَمَّا تَعۡمَلُونَ
Содан кейін өздеріңді өлтіресіңдер, бір бөлімдеріңді жұрттарыңнан шығарасыңдар әрі оларға қарсы жауыздық, дұшпандыққа өзара көмектесесіңдер. Егер олар сендерге тұтқын болып келсе, оларға бодау беріп құтқарасыңдар. Негізінен сендерге оларды жұрттарынан шығаруға тыйым салынған. (Алла, олардан бір-бірін өлтірмеске, жұрттарынан шығармасқа, қастандық істемеске, тұтқынға түссе, төлеу беріп құтқаруға уәде алады. Бірақ олар соңғысын ғана орындамақшы болады.) Сендер Кітаптың кейіне сеніп, кейіне қарсы келесіңдер ме? Сендерден кім мұндай істесе, әрине олардың жазасы дүние тіршілінде қорлық әрі қиямет күнінде қатты қинауға қайтарылады (салынады). Және Алла (Т.) істеген істеріңнен ғапыл емес
Аударма: Халифа Алтай
Содан соң да сендер өздеріңді / бір-біріңді / өлтірудесіндер, өздеріңнен бір бөлікті қоныстарыңнан шығарудасындар, оларға қарсы бір-біріңе күнә және дұшпандықтакөмектесесіңдер. Олар / діндестерің / сендерге тұтқын болып келсе, оларға төлем беріп құтқарудасыңдар.Ал, негізінде, сендерге оларды қоныстарынан шығаруға тыйым салынған / болатын / . Сонда сендер Кітаптың бір бөлігіне сеніп, ал басқа бөлігіне күпірлік етесіңдер ме / қарсы келесіңдер ме / ? Сендерден осыны істегендерге бұл өмірде қорлықтан басқа қайтарым жоқ. Ал, Қайта тірілу күні олар азаптың ең ауырына ұшыратылады. Аллаһ сендердің не істеп жатқандарыңнан ғапыл / қапы қалушы / емес
Аударма: ҚМДБ
2:86
أُوْلَـٰٓئِكَ ٱلَّذِينَ ٱشۡتَرَوُاْ ٱلۡحَيَوٰةَ ٱلدُّنۡيَا بِٱلۡأٓخِرَةِۖ فَلَا يُخَفَّفُ عَنۡهُمُ ٱلۡعَذَابُ وَلَا هُمۡ يُنصَرُونَ
осындай ахиретті беріп, дүние тіршілігін айырбастап алғандар, олардан ғазап жеңілтілмейді де оларға көмек те болмайды
Аударма: Халифа Алтай
Міне, осылар - осы дүниелік өмірді соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / орнына сатып алғандар. Олардан азап жеңілдетілмейді әрі оларға көмек те берілмейді
Аударма: ҚМДБ
2:87
وَلَقَدۡ ءَاتَيۡنَا مُوسَى ٱلۡكِتَٰبَ وَقَفَّيۡنَا مِنۢ بَعۡدِهِۦ بِٱلرُّسُلِۖ وَءَاتَيۡنَا عِيسَى ٱبۡنَ مَرۡيَمَ ٱلۡبَيِّنَٰتِ وَأَيَّدۡنَٰهُ بِرُوحِ ٱلۡقُدُسِۗ أَفَكُلَّمَا جَآءَكُمۡ رَسُولُۢ بِمَا لَا تَهۡوَىٰٓ أَنفُسُكُمُ ٱسۡتَكۡبَرۡتُمۡ فَفَرِيقٗا كَذَّبۡتُمۡ وَفَرِيقٗا تَقۡتُلُونَ
Расында Мұса (Ғ.С.) ға кітап бердік те, одан кейін пайғамбарларды жалғасыт түрде жібердік. Және мәрйем ұлы Ғиса (Ғ.С.) ға да мұғжизалар беріп, Жебрейіл (Ғ.С.) арқылы қуаттадық. Әрқашан сендерге бір пайғамбар көңілдерің қаламаған нәрсе келтірсе, тәкаппарланасындар. Олардың бір бөлімін (Ғиса, Мұса Ғ.С. ды) жасынға шығарып, (Зәкерия, Яхя Ғ.С.) бір бөлімін өлтірдіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, Біз Мұсаға Кітапты / Тәуратты / бердік және оның соңынан пайғамбарларды жалғасты түрде жібердік. Мәриям ұлы Исаға да анық белгілер беріп, оны Рухул құддуспен / Жәбірейіл періштемен / қуаттадық. Сендерге бір Елші көңілдерің қаламағанды әкелген сайын, тәкаппарланып, өздеріңді жоғары санамадыңдар ма? Сөйтіп / елшілердің / бір бөлігін өтірікке шығардыңдар да бір бөлігін өлтірдіңдер
Аударма: ҚМДБ
2:88
وَقَالُواْ قُلُوبُنَا غُلۡفُۢۚ بَل لَّعَنَهُمُ ٱللَّهُ بِكُفۡرِهِمۡ فَقَلِيلٗا مَّا يُؤۡمِنُونَ
Олар: «Жүрегіміз перделі» деді. Жоқ, Алла оларды, қарсы болуларының салдарынан қарғады. Сондықтан азы- ғана иман келтірді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі олар «Жүрегіміз жабылған»,- деді. Жоқ, олай емес, Аллаһ оларды күпірліктері / имансыздықтары / үшін қарғысқа ұшыратты. Олардың азы ғана иманға келді
Аударма: ҚМДБ
2:89
وَلَمَّا جَآءَهُمۡ كِتَٰبٞ مِّنۡ عِندِ ٱللَّهِ مُصَدِّقٞ لِّمَا مَعَهُمۡ وَكَانُواْ مِن قَبۡلُ يَسۡتَفۡتِحُونَ عَلَى ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ فَلَمَّا جَآءَهُم مَّا عَرَفُواْ كَفَرُواْ بِهِۦۚ فَلَعۡنَةُ ٱللَّهِ عَلَى ٱلۡكَٰفِرِينَ
Олардың қасындағы Тәуратты, растаушы Құран келген шақта, олар бұрын (ақыр заман пайғамбары арқылы кәпірлерге) үстемдік тілеген бола тұра өздерінң Тәуратта таныған (Мұхаммед Ғ.С.) келген заманда, қарсы шықты. Қарсы болушыларға Алланың лағынеті болсын.(Мединелік, Яһудмлер, ақыр заман Пайғамбары келуден бұрын кәпірлерге: «Біздің дінімізді қостаушы Пайғамбардың келуі жақын» дейтін еді. Бірақ ақыр заман Пайғамбары Израил ұрпақтарынан болмағандықтан қарсы шықты)
Аударма: Халифа Алтай
Сондай-ақ, оларға Аллаһтан өздеріңдегінің / Тәураттың / шын екендігін дәлелдеуші Кітап / Құран / келді. Олар бұрын сондай күпірлік еткендерге / имансыздарға / қарсы жеңіс тілейтін. Ал, қашан оларға өздерінің танығаны келген кезде, оған өздері күпірлік етті / сенбеді / . Кәпірлерге Аллаһтың лағнеті болсын
Аударма: ҚМДБ
2:90
بِئۡسَمَا ٱشۡتَرَوۡاْ بِهِۦٓ أَنفُسَهُمۡ أَن يَكۡفُرُواْ بِمَآ أَنزَلَ ٱللَّهُ بَغۡيًا أَن يُنَزِّلَ ٱللَّهُ مِن فَضۡلِهِۦ عَلَىٰ مَن يَشَآءُ مِنۡ عِبَادِهِۦۖ فَبَآءُو بِغَضَبٍ عَلَىٰ غَضَبٖۚ وَلِلۡكَٰفِرِينَ عَذَابٞ مُّهِينٞ
Олар, Алла (Т.) ның өз кеңшілігінен құлдарынан қалағанына түсіргенін (Құранды) қызғанып қарсы келумен өздерін нендей жаман нәрсеге айырбастайды да олар ашу үстіне ашуға ұшырады. Қарсы болушылар үшін қорлаушы азап бар
Аударма: Халифа Алтай
Олар Аллаһтың Өз кеңшілігінен құлдарының қалағанына түсіргеніне / Құранға / іштарлық етіп, Аллаһтың түсіргеніне күпірлік ету / қарсыкелу / арқылы өз жандарының орнына айырбастап алғандары қандай жаман. Сөйтіп, олар / Аллаһтың / қаһары үстіне тағы да қаһарға ұшырады. Кәпірлер үшін қорлаушы азап бар
Аударма: ҚМДБ
2:91
وَإِذَا قِيلَ لَهُمۡ ءَامِنُواْ بِمَآ أَنزَلَ ٱللَّهُ قَالُواْ نُؤۡمِنُ بِمَآ أُنزِلَ عَلَيۡنَا وَيَكۡفُرُونَ بِمَا وَرَآءَهُۥ وَهُوَ ٱلۡحَقُّ مُصَدِّقٗا لِّمَا مَعَهُمۡۗ قُلۡ فَلِمَ تَقۡتُلُونَ أَنۢبِيَآءَ ٱللَّهِ مِن قَبۡلُ إِن كُنتُم مُّؤۡمِنِينَ
Әрқашан оларға: «Алла түсірген (Құран) ге иман келтіріңдер» делінсе: «Өзімізге түсірілгенге, иман келтіреміз» деп, олар оның тысындағы (Құран) ға қарсы болады. Олардың қасындағы Тәуратты растаушы Құран хақ. (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: «Егер (Тәуратқа) иман келтірген болсаңдар, бұрын Алланың елшілерін неге өлтірдіңдер?», - де
Аударма: Халифа Алтай
Оларға: «Аллаһтың түсіргеніне / Құранға / сеніңдер», - деп айтылса, олар: «Біз өзімізге түсірілгенге / Тәуратқа / сенеміз», - деп, одан кейін түсірілгенге күпірлік етеді / мойындамайды, қарсы болады / . Ал, ол / Құран / - ақиқат және оларға түскенді растаушы. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Егер иманды / мүмін / болсаңдар, неге бұрын Аллаһтың пайғамбарларын өлтірдіңдер?» - деп
Аударма: ҚМДБ
2:92
۞وَلَقَدۡ جَآءَكُم مُّوسَىٰ بِٱلۡبَيِّنَٰتِ ثُمَّ ٱتَّخَذۡتُمُ ٱلۡعِجۡلَ مِنۢ بَعۡدِهِۦ وَأَنتُمۡ ظَٰلِمُونَ
Сендерге Мұса (Ғ.С.) ашық дәлелдер екелгеннен кейін де бұзауды тәңір жасап алдыңдар. Сендер залымсыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, сендерге Мұса анық дәлелдер келтірді. Одан кейін сендер әділетсіздік істеп, бұзауды / қудай етіп / алдыңдар
Аударма: ҚМДБ
2:93
وَإِذۡ أَخَذۡنَا مِيثَٰقَكُمۡ وَرَفَعۡنَا فَوۡقَكُمُ ٱلطُّورَ خُذُواْ مَآ ءَاتَيۡنَٰكُم بِقُوَّةٖ وَٱسۡمَعُواْۖ قَالُواْ سَمِعۡنَا وَعَصَيۡنَا وَأُشۡرِبُواْ فِي قُلُوبِهِمُ ٱلۡعِجۡلَ بِكُفۡرِهِمۡۚ قُلۡ بِئۡسَمَا يَأۡمُرُكُم بِهِۦٓ إِيمَٰنُكُمۡ إِن كُنتُم مُّؤۡمِنِينَ
Сол уақытты еске алыңдар. Бастарыңа Тұр тауын көтеріп тұрып: «Сендерге біз берген (Тәурат) ді мықты ұстаңдар да құлақ салыңдар» деп серт алған едік. Олар: «Құлақ салдық, қарсы болдық» деді. Өйткені қарсылықтарының салдарынан жүректеріне бұзау сіңіп алған. (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: «Егер (Тәуратқа) иман келтірген болсаңдар, имандарың сендерге нендей жаман нәрсені (бұзауға табынуды) бұйырған» де. (Тәуратта бұзауға табыну жоқ еді)
Аударма: Халифа Алтай
Кезінде үстеріңнен тауды көтеріп тұрып: «Біз бергенді / Тәуратты / берік ұстаңдар да құлақ асыңдар / бойсұныңдар / », - деп, сендерден уәде алдық. Олар: «Естідік, бойсұнбадық», - деді. Күпірліктері / қарсылықтары / себепті, олардың жүректеріне бұзау сіңіп алған. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Егер сен­дер иманды болсаңдар, имандарың сендерге қандай жаман нәрсені бұйырады», - деп
Аударма: ҚМДБ
2:94
قُلۡ إِن كَانَتۡ لَكُمُ ٱلدَّارُ ٱلۡأٓخِرَةُ عِندَ ٱللَّهِ خَالِصَةٗ مِّن دُونِ ٱلنَّاسِ فَتَمَنَّوُاْ ٱلۡمَوۡتَ إِن كُنتُمۡ صَٰدِقِينَ
(Мұхаммед Ғ.С.) : «Егер Алланың қасындағы ахирет жұрты, елден ерекше нағыз сендер үшін ғана болса, өлім тілеңдерші! Шыншыл болсаңдар» де
Аударма: Халифа Алтай
Айт: «Егер Аллаһтағы соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / тұрағы, өзге адамдарға емес, тек сендерге арналған болса, онда өздеріңе өлім тілеңдерші, егер шын сөзді болсаңдар»,- деп
Аударма: ҚМДБ
2:95
وَلَن يَتَمَنَّوۡهُ أَبَدَۢا بِمَا قَدَّمَتۡ أَيۡدِيهِمۡۚ وَٱللَّهُ عَلِيمُۢ بِٱلظَّـٰلِمِينَ
Бірақ олар қолекі істеп, ілгері жіберген қылмыстары есбепті сірә өлім тілемейді. Алла залымдарды толық біледі
Аударма: Халифа Алтай
Ал олар өз қолдарымен істегендері / күнәлары / себебінен, ешқашан оны / өлімді / тілемейді. Аллаһ - әділетсіздерді Білуші
Аударма: ҚМДБ
2:96
وَلَتَجِدَنَّهُمۡ أَحۡرَصَ ٱلنَّاسِ عَلَىٰ حَيَوٰةٖ وَمِنَ ٱلَّذِينَ أَشۡرَكُواْۚ يَوَدُّ أَحَدُهُمۡ لَوۡ يُعَمَّرُ أَلۡفَ سَنَةٖ وَمَا هُوَ بِمُزَحۡزِحِهِۦ مِنَ ٱلۡعَذَابِ أَن يُعَمَّرَۗ وَٱللَّهُ بَصِيرُۢ بِمَا يَعۡمَلُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.) Яһудилердің жалпы адамдардан да мүшректерден де тіршілікке (ұзын өмірге) тым құмар екенін көресің. Олардың әрбіреуі мың жылөмір сүруді арман етеді. Алайда өмір оны азаптан арашаламайды. Алла (Т.) олардың істегендерін толық көруші. (Яһудилердің тағы бір қылығы: «Жебрейіл дұшпанымыз, бізге азап әкелген, уахиды мікейіл әкелсе нанар едік» дейтін еді)
Аударма: Халифа Алтай
Сен олардың / иудейлердің / өмірге - адамдардың ішінде бәрінен де, тіпті мүшріктерден де / Аллаһқа серік қосушылардан да / қатты құштар екенін көресің. Олардың әрбіреуі мың жыл өмір берілгенін қалайды.Алайда ұзақ өмір оны азаптан алыстатпайды.Аллаһ - олардың не істеп жатқандарын Көруші
Аударма: ҚМДБ
2:97
قُلۡ مَن كَانَ عَدُوّٗا لِّـجِبۡرِيلَ فَإِنَّهُۥ نَزَّلَهُۥ عَلَىٰ قَلۡبِكَ بِإِذۡنِ ٱللَّهِ مُصَدِّقٗا لِّمَا بَيۡنَ يَدَيۡهِ وَهُدٗى وَبُشۡرَىٰ لِلۡمُؤۡمِنِينَ
(Мұхаммед Ғ.С. оларға) айт: «Кім Жебрейіл (Ғ.С.) ге дұшпан болса, (Алланың дұшпаны) Өйткені ол, Алланың бұйрығы бойынша бұрыңғыларды растаушы. Құранды сенушілер үшін туралық әрі қуандырушы түрде жүрегіңе қондырды
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Кім Жәбірейілге / періштеге / дұшпан?» - деп. Ақиқатында, ол / Жәбірейіл / , Аллаһтың қалауымен оны / Құранды / алдыңғыларды / кітаптарды / растаушы әрі имандылар / мүміндер / үшін жолбасшы / тура жолды ұстануға басшылық / және қуандырушы хабар етіп жүрегіңе түсірді
Аударма: ҚМДБ
2:98
مَن كَانَ عَدُوّٗا لِّلَّهِ وَمَلَـٰٓئِكَتِهِۦ وَرُسُلِهِۦ وَجِبۡرِيلَ وَمِيكَىٰلَ فَإِنَّ ٱللَّهَ عَدُوّٞ لِّلۡكَٰفِرِينَ
Кім Аллаға, періштелеріне, елшілеріне сондай-ақ жебрейіл, мікейіл (Ғ.С.) ғе дұшпан болса, әлбетте Алла (Т.) кәріплерге дұшпан
Аударма: Халифа Алтай
Кім Аллаһқа, Оның періштелеріне, елшілеріне, Жәбірейілге және Микәйілге дұшпан болса, сөзсіз, Аллаһ - кәпірлерге дұшпан
Аударма: ҚМДБ
2:99
وَلَقَدۡ أَنزَلۡنَآ إِلَيۡكَ ءَايَٰتِۭ بَيِّنَٰتٖۖ وَمَا يَكۡفُرُ بِهَآ إِلَّا ٱلۡفَٰسِقُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.) расында саған ап- ашық аяттарды түсірдік. Оған бұзақылар ғана қарсы келеді
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Ақиқатында, Біз саған анық аяттарды түсірдік. Оған бұзықтар / бойсұнбайтындар / ғана күпірлік етеді / сенбейді
Аударма: ҚМДБ
2:100
أَوَكُلَّمَا عَٰهَدُواْ عَهۡدٗا نَّبَذَهُۥ فَرِيقٞ مِّنۡهُمۚ بَلۡ أَكۡثَرُهُمۡ لَا يُؤۡمِنُونَ
(Яһудмлер) қай қашан да бір уәде жасалса, олардың бір бөлімі оны бұзып тастамады ма? Бәлкім олардың көбі Тәуратқа да сенбейді
Аударма: Халифа Алтай
Әркез келісім түзгенде, олардан бір бөлігі оны / келісімді / тастамады ма? Негізінде, олардың көбі иманға келмейді
Аударма: ҚМДБ
2:101
وَلَمَّا جَآءَهُمۡ رَسُولٞ مِّنۡ عِندِ ٱللَّهِ مُصَدِّقٞ لِّمَا مَعَهُمۡ نَبَذَ فَرِيقٞ مِّنَ ٱلَّذِينَ أُوتُواْ ٱلۡكِتَٰبَ كِتَٰبَ ٱللَّهِ وَرَآءَ ظُهُورِهِمۡ كَأَنَّهُمۡ لَا يَعۡلَمُونَ
Оларға Алла тарапынан олардың қолындағы тәуратты растаушы Елші келген шақта, Кітап берілгендердің бір бөлімі, тіпті түк білмеегендей Алланың кітабын (Тәуратты) арт жақтарына атты…. »
Аударма: Халифа Алтай
Ал оларға Аллаһтың тарапынан өздеріңдегінің / Тәураттың / хақ екендігін дәлелдеуші Елші келгенде, Кітап берілгендердің бір бөлігі ешнәрсе білмегендей, Аллаһтың кітабын / Тәуратты / арт жақтарына лақтырып тастады
Аударма: ҚМДБ
2:102
وَٱتَّبَعُواْ مَا تَتۡلُواْ ٱلشَّيَٰطِينُ عَلَىٰ مُلۡكِ سُلَيۡمَٰنَۖ وَمَا كَفَرَ سُلَيۡمَٰنُ وَلَٰكِنَّ ٱلشَّيَٰطِينَ كَفَرُواْ يُعَلِّمُونَ ٱلنَّاسَ ٱلسِّحۡرَ وَمَآ أُنزِلَ عَلَى ٱلۡمَلَكَيۡنِ بِبَابِلَ هَٰرُوتَ وَمَٰرُوتَۚ وَمَا يُعَلِّمَانِ مِنۡ أَحَدٍ حَتَّىٰ يَقُولَآ إِنَّمَا نَحۡنُ فِتۡنَةٞ فَلَا تَكۡفُرۡۖ فَيَتَعَلَّمُونَ مِنۡهُمَا مَا يُفَرِّقُونَ بِهِۦ بَيۡنَ ٱلۡمَرۡءِ وَزَوۡجِهِۦۚ وَمَا هُم بِضَآرِّينَ بِهِۦ مِنۡ أَحَدٍ إِلَّا بِإِذۡنِ ٱللَّهِۚ وَيَتَعَلَّمُونَ مَا يَضُرُّهُمۡ وَلَا يَنفَعُهُمۡۚ وَلَقَدۡ عَلِمُواْ لَمَنِ ٱشۡتَرَىٰهُ مَا لَهُۥ فِي ٱلۡأٓخِرَةِ مِنۡ خَلَٰقٖۚ وَلَبِئۡسَ مَا شَرَوۡاْ بِهِۦٓ أَنفُسَهُمۡۚ لَوۡ كَانُواْ يَعۡلَمُونَ
(Олар тәуратты қойып) Сүлейман (Ғ.С.) ның патшалығы заманындағы шайтандар оқыған (сиқыр) ға ілесті. Сүлейман (Ғ.С.) қарсы келмеді. (Сиқыр жасамады.) Бірақ шайтандар, адамдарға сиқыр үйретіп, кәпір болды. Олар Бабылда «Һарұт, Марұт» атты екі періштеге түсірілгенді үйретті. Ол екі періште: «Біз сынақ үшін келдік, қарсы болмаңдар» деп айтпайынша ешкімге үйретпеген. Сонда да олар, екеуінен: Ер- әйелдің арасын айыратынды үренетін еді. Олар, Алладан бұйрықсыз ешкімге зиян бере алмайды. Олар өздеріне зиян келтіретін, пайда бермейтін нәрсені үйренетін еді. Расында олар оны айырбастап алғанға (Алланың кітабының орнына сиқыр үйренгенге) ақиретте несібе жоқтығын білді. Олар, өздеріне нендей жаман нәрсе сатып алғандықтарын білген болса еді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі олар Сүлеймен патшалығы кезіндегі шайтандар оқыған нәрсеге / сиқырға / ерді. Сүлеймен күпірлік еткен / сиқыр жасаған / жоқ. Алайда адамдарға сиқырды және Бабылдағы һарұт пен Марұт есімді екі періштеге түсірілген нәрселерді үйреткен шайтандар күпірлік етті / қарсы келді / . Ал, ол екеуі / періштелер / : «Шын мәнінде, біз / сен­дерге / сынақ үшін жіберілгенбіз, күпірлік етпе / сиқыр үйреніп, діннен шықпа / », - деп ескертіп, сақтандырмайынша, ешкімге / сиқыр / үйретпеді. Олар ол екеуінен ер кісі мен оның жұбайының арасын айыратынды үйренетін еді. Бірақ олар Аллаһтың рұқсатынсыз ешкімге зиян жеткізе алмайды. Негізінде, олар өздеріне зиян келтіретін әрі пайда бермейтін нәрселерді үйренетін еді. Олар оны / сиқырды / сатып алғанға, соңғы,мәңгілік өмірде / ақиретте / ешбір үлес жоқ екенін білді. Ақиқатында, олардың өз жандарын сатып, оның орнына алған нәрселері қандай жаман. Егер олар білсе
Аударма: ҚМДБ
2:103
وَلَوۡ أَنَّهُمۡ ءَامَنُواْ وَٱتَّقَوۡاْ لَمَثُوبَةٞ مِّنۡ عِندِ ٱللَّهِ خَيۡرٞۚ لَّوۡ كَانُواْ يَعۡلَمُونَ
Егер олар иман келтіріп, (сиқырдан) сақтанса, әрине Алла жағынан хайырлы сауап болар еді. Егер олар білген болса
Аударма: Халифа Алтай
Егер де олар иманға келгенде және тақуалық еткенде / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанғанда / , Аллаһ тарапынан / болатын / сауап қайырлы еді. Егер олар білсе
Аударма: ҚМДБ
2:104
يَـٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ لَا تَقُولُواْ رَٰعِنَا وَقُولُواْ ٱنظُرۡنَا وَٱسۡمَعُواْۗ وَلِلۡكَٰفِرِينَ عَذَابٌ أَلِيمٞ
Әй мүміндер: «Рағина» деп айтпаңдар. «Ұнзұрна» деңдер. Әрі тыңдандар. Кәпірлер үшін күйзелтуші азап бар
Аударма: Халифа Алтай
Ей, иманға келгендер! «Раъина» (бізге көңіл бөл) - демеңдер, «Унзурна» (бізге қара) - деп айтыңдар әрі құлақ асындар. Ал, кәпірлер үшін күйзелтуші азап бар
Аударма: ҚМДБ
2:105
مَّا يَوَدُّ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ مِنۡ أَهۡلِ ٱلۡكِتَٰبِ وَلَا ٱلۡمُشۡرِكِينَ أَن يُنَزَّلَ عَلَيۡكُم مِّنۡ خَيۡرٖ مِّن رَّبِّكُمۡۚ وَٱللَّهُ يَخۡتَصُّ بِرَحۡمَتِهِۦ مَن يَشَآءُۚ وَٱللَّهُ ذُو ٱلۡفَضۡلِ ٱلۡعَظِيمِ
(Рағина, Ұнзұрна, екеуі де: «Бізге назар аудар» деген ұғымда. «Рағинаны» Яһудилер басқа мағнада қолданатын болғандықтан, ескертілген.) Сондай Кітап иелерінің қарсы болғандары және мүшріктер сендерге раббыларың жақтан бір игілік түсуін қаламайды. Дегенмен Алла мәрхаметін қалаған кісісіне арнайды. Сондай-ақ Алла (Т.) зор кеңшілік иесі
Аударма: Халифа Алтай
Кітап берілген қауымнан және мүшріктерден күпірлік еткендер / қарсы келгендер / сендерге өздеріңнің Раббыңнан игіліктің түскенін қаламайды. Ал, Аллаһ, Өз мейірімімен қалағанын ерекшелеп таңдайды. Аллаһ - ұлы кеңшілік Иесі
Аударма: ҚМДБ
2:106
۞مَا نَنسَخۡ مِنۡ ءَايَةٍ أَوۡ نُنسِهَا نَأۡتِ بِخَيۡرٖ مِّنۡهَآ أَوۡ مِثۡلِهَآۗ أَلَمۡ تَعۡلَمۡ أَنَّ ٱللَّهَ عَلَىٰ كُلِّ شَيۡءٖ قَدِيرٌ
Бір аятты ауыстырсақ немесе ұмыттырсақ одан жақсысын, не сол сияқты келтіреміз. Әрине Алла (Т.) ның әр нәрсеге күші жетуші екенін білмедің бе
Аударма: Халифа Алтай
Аяттардың бірін мансұқ (аятты ауыстыру) етсек немесе ұмыттырсақ, одан жақсыны, не сол секілдіні / аятты / келтіреміз. / Ей,Мұхаммед! / Аллаһтың барлық нәрсені Жасай алушы екенін білмедің бе
Аударма: ҚМДБ
2:107
أَلَمۡ تَعۡلَمۡ أَنَّ ٱللَّهَ لَهُۥ مُلۡكُ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِۗ وَمَا لَكُم مِّن دُونِ ٱللَّهِ مِن وَلِيّٖ وَلَا نَصِيرٍ
білмедің бе? Көктер мен жердің иелігі Аллаға тән. сендер үшін Алладан өзге не дос, не жәрдемші жоқ
Аударма: Халифа Алтай
Аспандардың және жердің билігі Аллаһта екенін білмедің бе? Сендерге Аллаһтан өзге қамқоршы да, көмек беруші де жоқ
Аударма: ҚМДБ
2:108
أَمۡ تُرِيدُونَ أَن تَسۡـَٔلُواْ رَسُولَكُمۡ كَمَا سُئِلَ مُوسَىٰ مِن قَبۡلُۗ وَمَن يَتَبَدَّلِ ٱلۡكُفۡرَ بِٱلۡإِيمَٰنِ فَقَدۡ ضَلَّ سَوَآءَ ٱلسَّبِيلِ
Немесе пайғамбарларыңнан, бұрыңғы Мұса (Ғ.С.) дан сұралған тәрізді (жоқтан өзгені) сұрағыларың келе ме? Кім иманын қарсылыққа ауырстырса, расында ол тура жолдан адасқан болады
Аударма: Халифа Алтай
Немесе сендер, Мұса / елінен / сұралғаны секілді, өз Елшілеріңнен сұрауды қалайсыңдар ма? Кім иманды күпірлікке / имансыздыққа / алмастырса, әлбетте, тура жолдан адасты
Аударма: ҚМДБ
2:109
وَدَّ كَثِيرٞ مِّنۡ أَهۡلِ ٱلۡكِتَٰبِ لَوۡ يَرُدُّونَكُم مِّنۢ بَعۡدِ إِيمَٰنِكُمۡ كُفَّارًا حَسَدٗا مِّنۡ عِندِ أَنفُسِهِم مِّنۢ بَعۡدِ مَا تَبَيَّنَ لَهُمُ ٱلۡحَقُّۖ فَٱعۡفُواْ وَٱصۡفَحُواْ حَتَّىٰ يَأۡتِيَ ٱللَّهُ بِأَمۡرِهِۦٓۗ إِنَّ ٱللَّهَ عَلَىٰ كُلِّ شَيۡءٖ قَدِيرٞ
Кітап иелерінің көбі, оларға шындық айқын болғаннан кейін өз күншілдіктерінінен сендерді иманнан кейін қарсылыққа қайтаруды қалайды. Алла бір әмірін келтіргенге дейін, оларды кешіріңдер, елемеңдер. Күдіксіз Алланың әр нәрсеге күші толық жетеді
Аударма: Халифа Алтай
Кітап берілген қауымның көбі, өздеріне ақиқат анықталса да, күншілдіктері себебінен, сендерді иманға келгеннен соң, күпірлікке / имансыздыққа / қайтаруды қалайды. Аллаһ Өз әмірін келтіргенге дейін, кешіріңдер де жөндеріне қоя тұрыңдар. Анығында, Аллаһ барлық нәрсені Жасай алушы
Аударма: ҚМДБ
2:110
وَأَقِيمُواْ ٱلصَّلَوٰةَ وَءَاتُواْ ٱلزَّكَوٰةَۚ وَمَا تُقَدِّمُواْ لِأَنفُسِكُم مِّنۡ خَيۡرٖ تَجِدُوهُ عِندَ ٱللَّهِۗ إِنَّ ٱللَّهَ بِمَا تَعۡمَلُونَ بَصِيرٞ
Намазды толық орындаңдар, зекет беріңдер. өздерің үшін ілгері бір жақсылық жолдасаңдар, оны алланың қасында табасыңдар. Шынында Алла (Т.) не істегендеріңді толық көруші
Аударма: Халифа Алтай
Әрі намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле, / толық орындаңдар, зекетті беріңдер. Өздерің үшін қандай да бір жақсылық дайындасаңдар, оны Аллаһтың қасында табасыңдар. Шынында, Аллаһ - не істеп жатқандарыңды Көруші
Аударма: ҚМДБ
2:111
وَقَالُواْ لَن يَدۡخُلَ ٱلۡجَنَّةَ إِلَّا مَن كَانَ هُودًا أَوۡ نَصَٰرَىٰۗ تِلۡكَ أَمَانِيُّهُمۡۗ قُلۡ هَاتُواْ بُرۡهَٰنَكُمۡ إِن كُنتُمۡ صَٰدِقِينَ
Олар: «Үжмаққа Яһуди немесе Христиан ғана кіреді» деді. Бұл олардың өз ойлары ғана. (Мұхаммед Ғ.С.) : «Егер сөздерің шын болса, дәлел келтіріңдер» де
Аударма: Халифа Алтай
Әрі олар: «жәннатқа иудей немесе христиан болғандар ғана кіреді», - деді. бұл олардың бос қиялдары ғана. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Егер шын сөзді болсаңдар, дәлелдеріңді келтіріңдер», - деп
Аударма: ҚМДБ
2:112
بَلَىٰۚ مَنۡ أَسۡلَمَ وَجۡهَهُۥ لِلَّهِ وَهُوَ مُحۡسِنٞ فَلَهُۥٓ أَجۡرُهُۥ عِندَ رَبِّهِۦ وَلَا خَوۡفٌ عَلَيۡهِمۡ وَلَا هُمۡ يَحۡزَنُونَ
Олай емес, кім жүзін Аллаға жөнелтіп, өзі жақсылық істейтін болса, сонда оған Раббыңның қасында сыйлық бар, оларға қорқыныш жоқ әрі олар қайғырмайды
Аударма: Халифа Алтай
Жоқ, олай емес! Кім ықыласпен жақсылық істей отырып, жүзін Аллаһқа бойсұндырса, онда оның сыйлығы - Раббысында. Әрі оларға қорқыныш жоқ және олар қайғырмайды
Аударма: ҚМДБ
2:113
وَقَالَتِ ٱلۡيَهُودُ لَيۡسَتِ ٱلنَّصَٰرَىٰ عَلَىٰ شَيۡءٖ وَقَالَتِ ٱلنَّصَٰرَىٰ لَيۡسَتِ ٱلۡيَهُودُ عَلَىٰ شَيۡءٖ وَهُمۡ يَتۡلُونَ ٱلۡكِتَٰبَۗ كَذَٰلِكَ قَالَ ٱلَّذِينَ لَا يَعۡلَمُونَ مِثۡلَ قَوۡلِهِمۡۚ فَٱللَّهُ يَحۡكُمُ بَيۡنَهُمۡ يَوۡمَ ٱلۡقِيَٰمَةِ فِيمَا كَانُواْ فِيهِ يَخۡتَلِفُونَ
Кітапты оқи отырып, Яһудилер: «Христиандар еш нәрсе емес» деді. Христиандар да: «Яһудилер дәнеңе емес» деді. Сондай-ақ білмегендер де олардың айтқанындай айтты. (Араптар да: «Ислам діні еш нәрсе емес» деді.) Сонда Алла (Т.) олардың таласқандарына қиямет күні билік айтады
Аударма: Халифа Алтай
Әрі иудейлер: «Христиандарда еш негіз жоқ», - деді, христиандар да: «Иудейлерде еш негіз жоқ», - деді. Ал, олар Кітапты оқиды. Білмейтіндер де дәл осылай, олардың айтқаны секілді сөз айтты. Қайта тірілу күні Аллаһ, олардың тартысқан нәрселері жөнінде Өз үкімін айтады
Аударма: ҚМДБ
2:114
وَمَنۡ أَظۡلَمُ مِمَّن مَّنَعَ مَسَٰجِدَ ٱللَّهِ أَن يُذۡكَرَ فِيهَا ٱسۡمُهُۥ وَسَعَىٰ فِي خَرَابِهَآۚ أُوْلَـٰٓئِكَ مَا كَانَ لَهُمۡ أَن يَدۡخُلُوهَآ إِلَّا خَآئِفِينَۚ لَهُمۡ فِي ٱلدُّنۡيَا خِزۡيٞ وَلَهُمۡ فِي ٱلۡأٓخِرَةِ عَذَابٌ عَظِيمٞ
Алланың мешіттерінде Оның аты зікір еетілуіне тыйым салғаннан әрі мешітті бұзуға тырысқаннан кім залымырақ? Олардың мешітке қорыққан түрде ғана кірулері керек еді. Олар үшін дүниеде қорлық, ахиретте зор ғазап бар
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһқа құлшылық етілетін орындарда, Оның есімі еске алынуын тыйғаннан және ол орындарды бұзуға ұмтылғаннан өткен әділетсіз кім бар? Олар ол жерлерге / құлшылық орындарына / қорыққан күйде ғана кіруі керек еді. Оларға бұл өмірде қорлық, ал соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / өте үлкен азап бар
Аударма: ҚМДБ
2:115
وَلِلَّهِ ٱلۡمَشۡرِقُ وَٱلۡمَغۡرِبُۚ فَأَيۡنَمَا تُوَلُّواْ فَثَمَّ وَجۡهُ ٱللَّهِۚ إِنَّ ٱللَّهَ وَٰسِعٌ عَلِيمٞ
Шығыс, батыс әр тарап Аллаға тән. Сондықтан қай жаққа бет қаратсаңдар да Алланың жүзі сол жақта. Расында Алла (Т.) өте кең, толық білуші. (Егер қыблаға қарау қауіп- қатерлі болса, бет алдына қарап намаз оқуға болады)
Аударма: Халифа Алтай
Шығыс та, батыс та - Аллаһтікі. Қай жаққа бұрылсаңдар да Аллаһтың жүзі сол жақта. Ақиқатында, Аллаһ - мейірімі Кең , бәрін Білуші
Аударма: ҚМДБ
2:116
وَقَالُواْ ٱتَّخَذَ ٱللَّهُ وَلَدٗاۗ سُبۡحَٰنَهُۥۖ بَل لَّهُۥ مَا فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِۖ كُلّٞ لَّهُۥ قَٰنِتُونَ
Олар: «Алла, бала иемденді» деді. Ол, баладан пәк. (Яһудилер: Ғұзайыр Ғ.С. ды, Христиандар: «Ғиса Ғ.С. ды, Араптар: Періштелерді Алланың баласы» деді. Дегенмен көктер мен жердегі нәрселер Оныкі. Олар, түгел Оған бой ұсынады)
Аударма: Халифа Алтай
Әрі олар: «Аллаһ / Өзіне / бала иемденді», - деді. Ол - / барлық кемшіліктен / пәк. Негізінде, аспандардағы және жердегілер Онікі, барлық нәрселер Оған бағынушы
Аударма: ҚМДБ
2:117
بَدِيعُ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِۖ وَإِذَا قَضَىٰٓ أَمۡرٗا فَإِنَّمَا يَقُولُ لَهُۥ كُن فَيَكُونُ
Ол, көктер мен жерді жоқтан бар етуші. Егер бір істің болуын қаласа, сонда тек қана оған «бол» дейді. Ол, бола қалады
Аударма: Халифа Алтай
Ол - аспандарды және жерді жоқтан бар етуші . Егер бір нәрсенің бар болуын белгілесе,оған тек қана «Бол!» дейді, сонда ол болады
Аударма: ҚМДБ
2:118
وَقَالَ ٱلَّذِينَ لَا يَعۡلَمُونَ لَوۡلَا يُكَلِّمُنَا ٱللَّهُ أَوۡ تَأۡتِينَآ ءَايَةٞۗ كَذَٰلِكَ قَالَ ٱلَّذِينَ مِن قَبۡلِهِم مِّثۡلَ قَوۡلِهِمۡۘ تَشَٰبَهَتۡ قُلُوبُهُمۡۗ قَدۡ بَيَّنَّا ٱلۡأٓيَٰتِ لِقَوۡمٖ يُوقِنُونَ
Сондай білмегендер: «Алла, бізге ауызекі айтса, немесе бізге бір белгі келтірсе еді» деді. Бұлардан бұрынғылар да бұлардың айтқаны тәрізді айтқан болатын. Олардың жүректері ұқсас. Расында нақ иланатын елге аяттарды ашық баян еттік
Аударма: Халифа Алтай
Әрі білмейтіндер / мүшріктер / : «Аллаһ бізбен сөйлессе немесе бізге бір белгі келсе еді», - деді. Дәл осылай, олардың сөздеріне ұқсас сөзді, олардан алдын өткендер де айтқан еді. Олардың жүректері бір-біріне ұқсайды. Ақиқатында, Біз, айқын сенетін адамдарға аяттарды түсіндіріп бердік
Аударма: ҚМДБ
2:119
إِنَّآ أَرۡسَلۡنَٰكَ بِٱلۡحَقِّ بَشِيرٗا وَنَذِيرٗاۖ وَلَا تُسۡـَٔلُ عَنۡ أَصۡحَٰبِ ٱلۡجَحِيمِ
(Мұхаммед Ғ.С.) шынында сені қуандырушы, қорқытушы етіп, хақиқат бойынша жібердік, тозақтықтардан жауапкер емесссің
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Ақиқатында, Біз сені қуандырушы әрі ескертуші етіп, ақиқатпен жібердік. Сен Тозаққа түскендер жөнінде сұралмайсың
Аударма: ҚМДБ
2:120
وَلَن تَرۡضَىٰ عَنكَ ٱلۡيَهُودُ وَلَا ٱلنَّصَٰرَىٰ حَتَّىٰ تَتَّبِعَ مِلَّتَهُمۡۗ قُلۡ إِنَّ هُدَى ٱللَّهِ هُوَ ٱلۡهُدَىٰۗ وَلَئِنِ ٱتَّبَعۡتَ أَهۡوَآءَهُم بَعۡدَ ٱلَّذِي جَآءَكَ مِنَ ٱلۡعِلۡمِ مَا لَكَ مِنَ ٱللَّهِ مِن وَلِيّٖ وَلَا نَصِيرٍ
(Мұхаммед Ғ.С.) олардың діндеріне ермейінше, Яһуди де Христиан да сірә сенен разы болмайды. Оларға: «Әрине Алланың жолы сол тура» де. Өзіңе мәлімет келгеннен кейін егер олардың көңілдері тартқанына еліктесең, Алла тарапынан саған не дос не жәрдемші болмас
Аударма: Халифа Алтай
Иудейлер де, христиандар да олардың діндеріне ермейінше, сенен мүлдем разы болмайды. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Ақиқатында, Аллаһтың жолы / басшылығы / - тура жол / басшылық / », - деп. Егер өзіңе келген білімнен кейін олардың көңіл құмарлықтарына ерсең, Аллаһтан саған не қамқорлық етуші, не көмек беруші болмайды
Аударма: ҚМДБ
2:121
ٱلَّذِينَ ءَاتَيۡنَٰهُمُ ٱلۡكِتَٰبَ يَتۡلُونَهُۥ حَقَّ تِلَاوَتِهِۦٓ أُوْلَـٰٓئِكَ يُؤۡمِنُونَ بِهِۦۗ وَمَن يَكۡفُرۡ بِهِۦ فَأُوْلَـٰٓئِكَ هُمُ ٱلۡخَٰسِرُونَ
Біз өздеріне Кітап бергендер, оны шынайы оқиды, міне солар иман келтіргендер. (Бұлар Ғабдолла Сәлем Ұлы және Хабаштықтар.) Кім Кітапқа қарсы келсе, сонда олар зиян етушілер
Аударма: Халифа Алтай
Біз Кітап бергендерден оны лайықты түрде оқығандар, оған сенеді. Ал, кім оған күпірлік етсе / сенбесе, мойындамаса / , міне, солар - нағыз зиян тартушылар
Аударма: ҚМДБ
2:122
يَٰبَنِيٓ إِسۡرَـٰٓءِيلَ ٱذۡكُرُواْ نِعۡمَتِيَ ٱلَّتِيٓ أَنۡعَمۡتُ عَلَيۡكُمۡ وَأَنِّي فَضَّلۡتُكُمۡ عَلَى ٱلۡعَٰلَمِينَ
Әй Израил ұрпақтары! Сендерге берген нығметімді және сендерді әлемге үстем қылғанымды еске алыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Исраил ұрпақтары! Сендерге берген игіліктерімді және сендерді әлемдерден артық еткенімді еске алыңдар
Аударма: ҚМДБ
2:123
وَٱتَّقُواْ يَوۡمٗا لَّا تَجۡزِي نَفۡسٌ عَن نَّفۡسٖ شَيۡـٔٗا وَلَا يُقۡبَلُ مِنۡهَا عَدۡلٞ وَلَا تَنفَعُهَا شَفَٰعَةٞ وَلَا هُمۡ يُنصَرُونَ
Және сондай күннен қорқыңдар. Ол күнде біреу үшін біреу күймейді де ешкімге болысу пайда бермейді. Сондай-ақ олар, ешкімнен көмек көре алмайды
Аударма: Халифа Алтай
Әрі біреу өзге біреуге ешқандай пайда бере алмайтын, одан / күнәсін өтейтін / төлем алынбайтын әрі шапағат ету / ара түсу / көмектеспейтін және оларға жәрдем берілмейтін Күннен қорқып, сақтаныңдар
Аударма: ҚМДБ
2:124
۞وَإِذِ ٱبۡتَلَىٰٓ إِبۡرَٰهِـۧمَ رَبُّهُۥ بِكَلِمَٰتٖ فَأَتَمَّهُنَّۖ قَالَ إِنِّي جَاعِلُكَ لِلنَّاسِ إِمَامٗاۖ قَالَ وَمِن ذُرِّيَّتِيۖ قَالَ لَا يَنَالُ عَهۡدِي ٱلظَّـٰلِمِينَ
Сол уақытты еске ал! Ыбырайым (Ғ.С.) ды Раббы сөздермен сынады. Сонда ол, оларды толық орындады. Алла: «Әрине сені адамдарға басшы қыламын.» деді. Ол: «Ұрпақтарымнан да өте көр!»,- деді. Алла: «(Ұрпақтарыңнан) залымдар сертіме жете алмайды» деді. (Бұл сынау сөздер туралы тәпсілерде түрлі баяндар бар)
Аударма: Халифа Алтай
Кезінде Ибраһимді Раббысы бір сөздермен / бұйрық және тыйымдармен / сынағанда, ол оларды толық орындады.Ол / Аллаһ / айтты: «Ақиқатында, Мен сені адамдарға имам / жетекші / етемін», - деп. Ол: «Менің ұрпағымнан да», - деді. / Аллаһ / : «Менің уәдем әділетсіздерді қамтымайды», - деді
Аударма: ҚМДБ
2:125
وَإِذۡ جَعَلۡنَا ٱلۡبَيۡتَ مَثَابَةٗ لِّلنَّاسِ وَأَمۡنٗا وَٱتَّخِذُواْ مِن مَّقَامِ إِبۡرَٰهِـۧمَ مُصَلّٗىۖ وَعَهِدۡنَآ إِلَىٰٓ إِبۡرَٰهِـۧمَ وَإِسۡمَٰعِيلَ أَن طَهِّرَا بَيۡتِيَ لِلطَّآئِفِينَ وَٱلۡعَٰكِفِينَ وَٱلرُّكَّعِ ٱلسُّجُودِ
Сол уақытта үйді (Қағбаны) адам баласы үшін орталық әрі бейбітшілік орны етіп жасадық. Ыбырайым (Ғ.С.) ның орнынан намаз орны қылып алыңдар. Және Ыбырайым, Ысмайыл (Ғ.С.) екеуінен: «Үйімді (Қағбаны) тауап етушілер, ғибадатқа отырушылар және рүкүғ, сәжде қылушылар үшін тап-таза ұстаңдар» деп, уәде алғанбыз
Аударма: Халифа Алтай
Біз Үйді / Қағбаны / адамдар үшін жиналатын әрі қауіпсіздік орны еттік. Ибраһимнің тұрған орнын / мақамын / намаз оқитын жер етіп алыңдар. Біз Ибраһим мен Исмаъилға: «Екеуің Үйімді / Қағбаны / - тәуап етушілер, құлшылық етіп / отырушылар / , рукуғ жасаушылар және сәжде қылушылар үшін тазартыңдар», - деп тапсырдық
Аударма: ҚМДБ
2:126
وَإِذۡ قَالَ إِبۡرَٰهِـۧمُ رَبِّ ٱجۡعَلۡ هَٰذَا بَلَدًا ءَامِنٗا وَٱرۡزُقۡ أَهۡلَهُۥ مِنَ ٱلثَّمَرَٰتِ مَنۡ ءَامَنَ مِنۡهُم بِٱللَّهِ وَٱلۡيَوۡمِ ٱلۡأٓخِرِۚ قَالَ وَمَن كَفَرَ فَأُمَتِّعُهُۥ قَلِيلٗا ثُمَّ أَضۡطَرُّهُۥٓ إِلَىٰ عَذَابِ ٱلنَّارِۖ وَبِئۡسَ ٱلۡمَصِيرُ
Сол уақытта Ыбырайым (Ғ.С.): «Раббым! Бұны бір тыныш қала қыла көр! және оның тұрғындарынан кім Аллаға, ахирет күніне иман келтірсе, әр түрлі өнімдермен ризықтандыр» деп, жалбарынды. (Раббы): «Кім қарсы болса, оны да аз (күнгі дүниеде) пайдаландырамын, сонан соң оны (ахиретте) от азабына зорлаймын. Ол, барар орынның жаманы» деді
Аударма: Халифа Алтай
Сонда Ибраһим: «Раббым! Бұл қаланы / Меккені / бейбіт ет әрі оның Аллаһқа және Ақирет күніне сенген тұрғындарын жемістермен қамтамасыз ет», - деді. Ол / Аллаһ / :«Күпірлік еткендерді / қарсы келушілерді / де аз ғана пайдаландырып, кейін От / тозақ / азабына мәжбүр етемін. Ол баратын жер қандай жаман!» - деді
Аударма: ҚМДБ
2:127
وَإِذۡ يَرۡفَعُ إِبۡرَٰهِـۧمُ ٱلۡقَوَاعِدَ مِنَ ٱلۡبَيۡتِ وَإِسۡمَٰعِيلُ رَبَّنَا تَقَبَّلۡ مِنَّآۖ إِنَّكَ أَنتَ ٱلسَّمِيعُ ٱلۡعَلِيمُ
Сол уақта Ыбырайым мен Ысмайыл (Ғ.С.) үйдің (Қағбаның) ірге тасын көтере: «Бізден қабыл айла, күдіксіз Сен тілекті тым естуші, толық білушісің.»
Аударма: Халифа Алтай
Әрі сонда Ибраһим мен Исмаъил Үйдің / Қағбаның / ірге тасын көтеріп жатып: «Раббымыз, бізден қабыл ал! Ақиқатында, Сен - барлық нәрсені Естуші, бәрін Білушісің
Аударма: ҚМДБ
2:128
رَبَّنَا وَٱجۡعَلۡنَا مُسۡلِمَيۡنِ لَكَ وَمِن ذُرِّيَّتِنَآ أُمَّةٗ مُّسۡلِمَةٗ لَّكَ وَأَرِنَا مَنَاسِكَنَا وَتُبۡ عَلَيۡنَآۖ إِنَّكَ أَنتَ ٱلتَّوَّابُ ٱلرَّحِيمُ
«Раббымыз ұрпағымыздың ішіне өздерінен, оларға аяттарыңды оқитын, Кітапты әрі үкімдерін үйретіп, оларды тазартатын бір елші жібергейсің, күдіксіз Сен өзің ғана аса үстем, өте данасың» (деп жалбарынды. Ыбырайым Ғ.С. ның тілегі бойынша Мұхаммед Ғ.С. елші болып келді)
Аударма: Халифа Алтай
Раббымыз! Екеумізді де Өзіңе берілушілерден ет және ұрпағымыздан да берілуші үммет ете гөр. Бізге құлшылықтарымызды / амал, тәртіптерін / көрсетіп, күнәмізге шынайы өкініп, Өзіңе бойсұнуға қайтуымызды / тәубемізді / қабыл ет! Күмәнсіз, Сен -тәубені Қабыл етуші , ерекше Мейірімдісің
Аударма: ҚМДБ
2:129
رَبَّنَا وَٱبۡعَثۡ فِيهِمۡ رَسُولٗا مِّنۡهُمۡ يَتۡلُواْ عَلَيۡهِمۡ ءَايَٰتِكَ وَيُعَلِّمُهُمُ ٱلۡكِتَٰبَ وَٱلۡحِكۡمَةَ وَيُزَكِّيهِمۡۖ إِنَّكَ أَنتَ ٱلۡعَزِيزُ ٱلۡحَكِيمُ
«Раббымыз ұрпағымыздың ішіне өздерінен, оларға аяттарыңды оқитын, Кітапты әрі үкімдерін үйретіп, оларды тазартатын бір елші жібергейсің, күдіксіз Сен өзің ғана аса үстем, өте данасың» (деп жалбарынды. Ыбырайым Ғ.С. ның тілегі бойынша Мұхаммед Ғ.С. елші болып келді)
Аударма: Халифа Алтай
Раббымыз! Оларға, аяттарыңды оқитын, Кітап пен Даналықты үйрететін және оларды тазартатын өз араларынан болған бір Елші жібер! Сен - ақиқатында, бәрінен Үстем , аса Данасың », - деді
Аударма: ҚМДБ
2:130
وَمَن يَرۡغَبُ عَن مِّلَّةِ إِبۡرَٰهِـۧمَ إِلَّا مَن سَفِهَ نَفۡسَهُۥۚ وَلَقَدِ ٱصۡطَفَيۡنَٰهُ فِي ٱلدُّنۡيَاۖ وَإِنَّهُۥ فِي ٱلۡأٓخِرَةِ لَمِنَ ٱلصَّـٰلِحِينَ
Өзін білмеген ақылсыздан басқа кім Ыбырайым (Ғ.С.) ның жолынан бет бұрады? Расында оны дүниеде таңдадық әрі күдіксіз ол, ахиретте де игілерден болады
Аударма: Халифа Алтай
Ал, Ибраһимнің дінінен өзін-өзі адастырғаннан өзге кім бет бұрады? Ақиқатында, Біз осы өмірде оны абзал етіп таңдадық әрі соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / , ол сөзсіз, ізгілер қатарында болады
Аударма: ҚМДБ
2:131
إِذۡ قَالَ لَهُۥ رَبُّهُۥٓ أَسۡلِمۡۖ قَالَ أَسۡلَمۡتُ لِرَبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ
Бір кезде Раббы оған: «Бой ұсын!»,- деді. Ол: «үкіл әлемнің Раббына бой ұсындым» деді
Аударма: Халифа Алтай
Кезінде Раббысы оған: «Бойсұн!» - деді. Ол: «Әлемдердің Раббысына бойсұндым», - деді
Аударма: ҚМДБ
2:132
وَوَصَّىٰ بِهَآ إِبۡرَٰهِـۧمُ بَنِيهِ وَيَعۡقُوبُ يَٰبَنِيَّ إِنَّ ٱللَّهَ ٱصۡطَفَىٰ لَكُمُ ٱلدِّينَ فَلَا تَمُوتُنَّ إِلَّا وَأَنتُم مُّسۡلِمُونَ
Ыбырайым (Ғ.С.) бұны ұлдарына өсиет етті және Яғқұп (Ғ.С.) да: «Әй ұлдарым! Әрине Алла сендер үшін осы дінді ұнатты, сондықтан сендер нағыз Мұсылман болып өліңдер» деді
Аударма: Халифа Алтай
Ибраһим мұны / Аллаһқа бойсұнуды / ұлдарына өсиет етті және Йаъқуб та: «Ей, ұлдарым! Ақиқатында, Аллаһ сендерге бұл дінді таңдады. Сондықтан сендер Аллаһқа берілгеннен басқа хәлде өлмендер!», - деді. / Тек мұсылман болған күйде өліңдер
Аударма: ҚМДБ
2:133
أَمۡ كُنتُمۡ شُهَدَآءَ إِذۡ حَضَرَ يَعۡقُوبَ ٱلۡمَوۡتُ إِذۡ قَالَ لِبَنِيهِ مَا تَعۡبُدُونَ مِنۢ بَعۡدِيۖ قَالُواْ نَعۡبُدُ إِلَٰهَكَ وَإِلَٰهَ ءَابَآئِكَ إِبۡرَٰهِـۧمَ وَإِسۡمَٰعِيلَ وَإِسۡحَٰقَ إِلَٰهٗا وَٰحِدٗا وَنَحۡنُ لَهُۥ مُسۡلِمُونَ
Яғқұп (Ғ.С.) қа өлім келген сәтте, балаларына: «Неменеге құлшылық қыласыңдар?»,- дегенде, барма едіңдер? Сонда олар: «Сенің Тәңіріңе, аталарыңның Тәңіріңе: Ысмайыл, Ысхақтың бір- ақ Тәңіріңе құлшылық қыламыз. Сондай-ақ Соған бой ұсынамыз» деген еді
Аударма: Халифа Алтай
Сендер әлде өлім үстінде жатқан Йаъқуб өзінің ұлдарына: «Менен кейін не нәрсеге құлшылық етесіңдер?» - дегенде, қасында тұрып куә болдыңдар ма? Олар: «Біз сенің құдайыңа әрі аталарың Ибраһим,Исмаъил және Исхақтың құдайы - жалғыз құдайға құлшылық етеміз. Біз - Оған бойсұнушымыз», - деді
Аударма: ҚМДБ
2:134
تِلۡكَ أُمَّةٞ قَدۡ خَلَتۡۖ لَهَا مَا كَسَبَتۡ وَلَكُم مَّا كَسَبۡتُمۡۖ وَلَا تُسۡـَٔلُونَ عَمَّا كَانُواْ يَعۡمَلُونَ
Міне солар бір үммет еді, өтіп кетті. Олардың еңбектері өздеріне, сендердің еңбектерің өздеріңе, сендер олардың істегендерінен сұралмайсыңдар. (Сондай-ақ бұл қылықтарыңмен олардан пайдалана алмайсыңдар)
Аударма: Халифа Алтай
Міне, бұлар - өтіп кеткен бір үммет.Олар өздерінің істегенін алады, ал сендер өздеріңнің істегендеріңді аласыңдар. Сен­дер олардың іс-амалдары жайлы сұраққа тартылмайсыңдар
Аударма: ҚМДБ
2:135
وَقَالُواْ كُونُواْ هُودًا أَوۡ نَصَٰرَىٰ تَهۡتَدُواْۗ قُلۡ بَلۡ مِلَّةَ إِبۡرَٰهِـۧمَ حَنِيفٗاۖ وَمَا كَانَ مِنَ ٱلۡمُشۡرِكِينَ
Олар: «Яһуди немесе Христиан болыңдар, тура жолда боласыңдар» деді. (Мұхаммед Ғ.С.) олай емес, Ыбырайым (Ғ.С.) ның тұп- тура жолындамыз, ол ортақ қосушылардан емес еді »де
Аударма: Халифа Алтай
Олар (иудейлер мен христиандар): «Иудей болыңдар» немесе «христиан болыңдар, сонда тура жол табасыңдар», - деді. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Жоқ, біз ханиф Ибраһимнің дініндеміз. Ол мүшріктерден / Аллаһқа серік қосушылардан / емес еді», - деп
Аударма: ҚМДБ
2:136
قُولُوٓاْ ءَامَنَّا بِٱللَّهِ وَمَآ أُنزِلَ إِلَيۡنَا وَمَآ أُنزِلَ إِلَىٰٓ إِبۡرَٰهِـۧمَ وَإِسۡمَٰعِيلَ وَإِسۡحَٰقَ وَيَعۡقُوبَ وَٱلۡأَسۡبَاطِ وَمَآ أُوتِيَ مُوسَىٰ وَعِيسَىٰ وَمَآ أُوتِيَ ٱلنَّبِيُّونَ مِن رَّبِّهِمۡ لَا نُفَرِّقُ بَيۡنَ أَحَدٖ مِّنۡهُمۡ وَنَحۡنُ لَهُۥ مُسۡلِمُونَ
Және оларға: «Біз Аллаға, бізге түсірілген Құранға әрі Ыбырайым, Ысмайыл, ысхақ, Яғқұп (Ғ.С.) тарға, ұрпақтарына тағы Мұса, Ғиса (Ғ.С.) ға берілген нәрселерге сондай-ақ Раббылары тарапынан өзге пайғамбарларға берілген нәрселерге иман келтіріп әрі олардың араларын айырмаймыз. (бәріне де сенеміз) және біздер Ол Аллаға ғана бой ұсынушымыз» деңдер
Аударма: Халифа Алтай
Айтыңдар: «Біз Аллаһқа сендік және бізге түсірілгенге / Құранға / әрі Ибраһимге, Исмаъилға, Исхаққа, Йаъқубқа және ұрпақтарына түсірілгенге және Мұсаға, Исаға берілгенге әрі Раббысы тарапынан пайғамбарларға берілгенге сендік. Олардың ешқайсысының араларын айырып, бөлмейміз әрі біз тек Оған бойсұнушымыз»,- деп
Аударма: ҚМДБ
2:137
فَإِنۡ ءَامَنُواْ بِمِثۡلِ مَآ ءَامَنتُم بِهِۦ فَقَدِ ٱهۡتَدَواْۖ وَّإِن تَوَلَّوۡاْ فَإِنَّمَا هُمۡ فِي شِقَاقٖۖ فَسَيَكۡفِيكَهُمُ ٱللَّهُۚ وَهُوَ ٱلسَّمِيعُ ٱلۡعَلِيمُ
Сонда олар, егер сендер сенген сияқты сенсе, онда рас тура жол табар еді. Ал егер олар бет бұрса, сонда олар, мүлде жолдан шыққан болады. Сонда да алла сені олардан қорғауға жетіп асады. Ол Алла, (Т.) естуші, әр нәрсені білуші. (Христиандар, туған балаларын бір сары суға шомылдырып «тазарды» дейді. Алланың жаратқан өңі жақсы. Жасама түс не керек)
Аударма: Халифа Алтай
Егер олар сендер сенгенге сенсе, онда әлбетте тура жолды табады. Ал, егер теріс айналса, онда олар қарама-қайшылықта. Аллаһ Сені олардан құтқарады. Ол - барлық нәрсені Естуші, бәрін Білуші
Аударма: ҚМДБ
2:138
صِبۡغَةَ ٱللَّهِ وَمَنۡ أَحۡسَنُ مِنَ ٱللَّهِ صِبۡغَةٗۖ وَنَحۡنُ لَهُۥ عَٰبِدُونَ
Өң Алланыкі, Өн (беру) де Алладан кім артық? Сондықтан біз Оған құлшылық қыламыз
Аударма: Халифа Алтай
Түр-түс Аллаһтікі! Түр-түс беруде Аллаһтан артық кім бар? Біз - Оған құлшылық етушіміз
Аударма: ҚМДБ
2:139
قُلۡ أَتُحَآجُّونَنَا فِي ٱللَّهِ وَهُوَ رَبُّنَا وَرَبُّكُمۡ وَلَنَآ أَعۡمَٰلُنَا وَلَكُمۡ أَعۡمَٰلُكُمۡ وَنَحۡنُ لَهُۥ مُخۡلِصُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: «біздің де сендердің де Раббыларың Алла жайында бізбен таласасыңдар ма? Біздің істегеніміз бізге, сендердің істегендерің, сендерге тән. Біз Аллаға нағыз ықыластымыз» де
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Аллаһ біздің де Раббымыз және сендердің де Раббың бола тұрып, Ол жайында бізбен тартысасыңдар ма? Біздің амалдарымыз өзімізге, ал сендердің амалдарың өздеріңе. Біз құлшылығымызды / серік қосудан / тазартып Оған ғана арнаймыз»,- деп
Аударма: ҚМДБ
2:140
أَمۡ تَقُولُونَ إِنَّ إِبۡرَٰهِـۧمَ وَإِسۡمَٰعِيلَ وَإِسۡحَٰقَ وَيَعۡقُوبَ وَٱلۡأَسۡبَاطَ كَانُواْ هُودًا أَوۡ نَصَٰرَىٰۗ قُلۡ ءَأَنتُمۡ أَعۡلَمُ أَمِ ٱللَّهُۗ وَمَنۡ أَظۡلَمُ مِمَّن كَتَمَ شَهَٰدَةً عِندَهُۥ مِنَ ٱللَّهِۗ وَمَا ٱللَّهُ بِغَٰفِلٍ عَمَّا تَعۡمَلُونَ
Немесе сендер: «Ыбырайым, Ысмайыл, Ысқақ, Яғқұп және ұрпақтары: Яһуди не Христиан еді» дейсіңдер ме? (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: «Сендер жақсы білесіңдер ме? Алла жақсы біле ме?»,- де. Жанындағы Алланың куәлігін (Алла білдіргенді) жасырғаннан кім залымырақ? Сондай-ақ Алла (Т.) істегендеріңнен ғапыл емес
Аударма: Халифа Алтай
Әлде сендер: «Ибраһим, Исмаъил, Исхақ, Йаъқуб және / оның / ұрпақтары иудей немесе христиан болған еді»,- дейсіңдер ме? Айт: «Сендер жақсы білесіңдер ме, әлде Аллаһ па?» - деп. Аллаһтан берілген куәлікті, өзінде жасырғаннан өткен әділетсіз біреу бар ма? Аллаһ істеп жатқан амалдарыңнан ғапыл / қапы қалушы / емес
Аударма: ҚМДБ
2:141
تِلۡكَ أُمَّةٞ قَدۡ خَلَتۡۖ لَهَا مَا كَسَبَتۡ وَلَكُم مَّا كَسَبۡتُمۡۖ وَلَا تُسۡـَٔلُونَ عَمَّا كَانُواْ يَعۡمَلُونَ
Олар өтіп кеткен бір үммет, олардың еңбектері оларға, сендердің еңбектерің сендерге тән. олардың істеген істерінен сендер сұралмайсыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Міне, осылар - өтіп кеткен бір үммет. Оның / ол үмметтің / тапқаны - өзіне, ал сендерге - өздеріңнің тапқандарың. Сендер олардың іс-амалдары жайлы сұраққа тартылмайсыңдар
Аударма: ҚМДБ
2:142
۞سَيَقُولُ ٱلسُّفَهَآءُ مِنَ ٱلنَّاسِ مَا وَلَّىٰهُمۡ عَن قِبۡلَتِهِمُ ٱلَّتِي كَانُواْ عَلَيۡهَاۚ قُل لِّلَّهِ ٱلۡمَشۡرِقُ وَٱلۡمَغۡرِبُۚ يَهۡدِي مَن يَشَآءُ إِلَىٰ صِرَٰطٖ مُّسۡتَقِيمٖ
(Мұхаммед Ғ.С. Медине қаласына көшіп келгеннен кейін намазды бір жарым жылға жақын «Месжід Ақса» жаққа қарап оқып, әр уақыт қыбланың «Қағба» болуын арман ететін еді. Ақыр бір күні Алланың әмірі бойынша «Қағба» жаққа қарап намаз оқыла бастағанда, ел арасында әр түрлі күңкіл болады…) Адамдардың кейбір ақымақтары: «Оларды, қарап тұрған қыбласынан не нәрсе бұрды?»,- дейді. (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: «Шығыс та батыс та Аллаға тән. ол, қалағанын тура жолға салады » де
Аударма: Халифа Алтай
Адамдардың жетесіздері: «Оларды өздері ұстанып келген қыблаларынан не бұрды?» - дейді. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Шығыс та, батыс та Аллаһтікі. Ол қалағанын тура жолмен жүргізеді»,- деп
Аударма: ҚМДБ
2:143
وَكَذَٰلِكَ جَعَلۡنَٰكُمۡ أُمَّةٗ وَسَطٗا لِّتَكُونُواْ شُهَدَآءَ عَلَى ٱلنَّاسِ وَيَكُونَ ٱلرَّسُولُ عَلَيۡكُمۡ شَهِيدٗاۗ وَمَا جَعَلۡنَا ٱلۡقِبۡلَةَ ٱلَّتِي كُنتَ عَلَيۡهَآ إِلَّا لِنَعۡلَمَ مَن يَتَّبِعُ ٱلرَّسُولَ مِمَّن يَنقَلِبُ عَلَىٰ عَقِبَيۡهِۚ وَإِن كَانَتۡ لَكَبِيرَةً إِلَّا عَلَى ٱلَّذِينَ هَدَى ٱللَّهُۗ وَمَا كَانَ ٱللَّهُ لِيُضِيعَ إِيمَٰنَكُمۡۚ إِنَّ ٱللَّهَ بِٱلنَّاسِ لَرَءُوفٞ رَّحِيمٞ
Осылайша сендерді (артық, кемсіз)орташа бір үммет қылдық. Адамдарға куә болуларың сондай-ақ пайғамбардың сендерге куә болуы үшін. Қарап тұрған қыблаңды, теріс бағынатын біреулерден пайғамбарға ілесетін кісілерді білуге істеген едік. Әрине бұл, Алла, тура жолға салғандардан басқаға қиынырақ. Алла имандарыңды жоймайды. Күдіксіз Алла, адам баласына өте жұмсақ ерекше мейірімді
Аударма: Халифа Алтай
Біз сендерді адамдарға куә болуларың және Елшінің сендерге куә болуы үшін осылай, орта / орта аралықты ұстанатын / бір үммет қылдық. Елшіге еретіндерді теріс бұрылып кететіндерден айырып білу үшінғана, сен ұстанған қыбланы белгілеген едік. Аллаһ тура жолға салғаннан басқаларға / қыбланың ауысуы / өте ауыр болды. Аллаһ имандарыңды зая кетірмейді. Шын мәнінде, Аллаһ - адамдарға өте Мейірбан , ерекше Мейірімді
Аударма: ҚМДБ
2:144
قَدۡ نَرَىٰ تَقَلُّبَ وَجۡهِكَ فِي ٱلسَّمَآءِۖ فَلَنُوَلِّيَنَّكَ قِبۡلَةٗ تَرۡضَىٰهَاۚ فَوَلِّ وَجۡهَكَ شَطۡرَ ٱلۡمَسۡجِدِ ٱلۡحَرَامِۚ وَحَيۡثُ مَا كُنتُمۡ فَوَلُّواْ وُجُوهَكُمۡ شَطۡرَهُۥۗ وَإِنَّ ٱلَّذِينَ أُوتُواْ ٱلۡكِتَٰبَ لَيَعۡلَمُونَ أَنَّهُ ٱلۡحَقُّ مِن رَّبِّهِمۡۗ وَمَا ٱللَّهُ بِغَٰفِلٍ عَمَّا يَعۡمَلُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.) жүзіңнің көкке жөнелгенін көреміз. Сондықтан өзің разы болған қыблаға айналдырамыз. Енді жүзіңді «Месжід Харам» жаққа бұр. (Мүміндер) қай жерде болсаңдар да: Жүздеріңді сол жаққа жөнеетіңдер. Расында өздеріне кітап берілгендер, негізінен қыбланың ауысуын Раббыларынан бір шындық екенін біледі. Алла олардың істегендерінен ғапыл емес
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Біз жүзіңнің аспанға бұрылғанын көреміз. Енді сені өзің разы болатын қыблаға / бағытқа / бұрамыз.Жүзіңді «әл-Харам» мешіті жағына қарат.Қай жерде болсаңдар да / намазға тұрғанда / жүздеріңді сол жаққа қаратыңдар. Ақиқатында, Кітап берілгендер, оның / қыбланыңауысуының / олардың Раббысынан бір ақиқат екенін біледі. Аллаһ олардың не істеп жатқандарынан хабарсыз емес
Аударма: ҚМДБ
2:145
وَلَئِنۡ أَتَيۡتَ ٱلَّذِينَ أُوتُواْ ٱلۡكِتَٰبَ بِكُلِّ ءَايَةٖ مَّا تَبِعُواْ قِبۡلَتَكَۚ وَمَآ أَنتَ بِتَابِعٖ قِبۡلَتَهُمۡۚ وَمَا بَعۡضُهُم بِتَابِعٖ قِبۡلَةَ بَعۡضٖۚ وَلَئِنِ ٱتَّبَعۡتَ أَهۡوَآءَهُم مِّنۢ بَعۡدِ مَا جَآءَكَ مِنَ ٱلۡعِلۡمِ إِنَّكَ إِذٗا لَّمِنَ ٱلظَّـٰلِمِينَ
(Мұхаммед Ғ.С.) ол кітап берілгендерге әр түрлі мұғжизаны келтірсең де олар сенің қыблаңа ілеспейді (қосылмайды). Ал, сен де олардың қыбласына қосылушы емессің. Сондай-ақ олар да бір-біреулерінің қыблаларына ілеспейді. Өзіңе мұншалық мәлімет келгеннен кейін, олардың ойларына еліктесең, әлбетте сен анық залымдардан боласың
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Кітап берілгендерге барлық белгілерді келтірсең де олар сенің қыблаңа ілеспейді. Сен де олардың қыбласына еруші емессің. Сондай-ақ олар да бір-бірінің қыбласына еруші емес. Өзіңе білім келгеннен кейін, олардың көңіл құмарлығына ерсең, онда сен сөзсіз, әділетсіздерден боласың
Аударма: ҚМДБ
2:146
ٱلَّذِينَ ءَاتَيۡنَٰهُمُ ٱلۡكِتَٰبَ يَعۡرِفُونَهُۥ كَمَا يَعۡرِفُونَ أَبۡنَآءَهُمۡۖ وَإِنَّ فَرِيقٗا مِّنۡهُمۡ لَيَكۡتُمُونَ ٱلۡحَقَّ وَهُمۡ يَعۡلَمُونَ
Өздеріне кітап бергендеріміз (Мұхаммед F.C. ды) ұлдарын танығандай таныйды. Негізінен олардан бір тобы (ғалымдары) шындықты біле тұра жасырады
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, Біз өздеріне кітап бергендер оны / Мұхаммедті / өз ұлдарын танығандай таниды. Әрі олардың бір тобы шындықты біле тұрып жасырады
Аударма: ҚМДБ
2:147
ٱلۡحَقُّ مِن رَّبِّكَ فَلَا تَكُونَنَّ مِنَ ٱلۡمُمۡتَرِينَ
(Мұхаммед F.C.) хақиқат Раббыңнан келген. Сондықтан сірә күдіктенуші бола көрме
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Ақиқат - Раббыңнан, сондықтан күмәнданушылардан болма
Аударма: ҚМДБ
2:148
وَلِكُلّٖ وِجۡهَةٌ هُوَ مُوَلِّيهَاۖ فَٱسۡتَبِقُواْ ٱلۡخَيۡرَٰتِۚ أَيۡنَ مَا تَكُونُواْ يَأۡتِ بِكُمُ ٱللَّهُ جَمِيعًاۚ إِنَّ ٱللَّهَ عَلَىٰ كُلِّ شَيۡءٖ قَدِيرٞ
Әркімнің бір бет алатын қыбласы бар. Сонда жақсылыққа жарысыңдар. Қайда болсаңдар да Алла барлығыңды бірараға жинайды. Күдіксіз Алла (Т.) ның әр нәрсеге күші жетеді
Аударма: Халифа Алтай
Әркімнің бет бұратын бағыты бар. Қайырлы істерде алдында болуға ұмтылыңдар / жақсылыққа жарысыңдар / . Қайда болсаңдар да Аллаһ сендердің барлығыңды келтіреді / жинайды / . Ақиқатында, Аллаһ - барлық нәрсені Жасай алушы
Аударма: ҚМДБ
2:149
وَمِنۡ حَيۡثُ خَرَجۡتَ فَوَلِّ وَجۡهَكَ شَطۡرَ ٱلۡمَسۡجِدِ ٱلۡحَرَامِۖ وَإِنَّهُۥ لَلۡحَقُّ مِن رَّبِّكَۗ وَمَا ٱللَّهُ بِغَٰفِلٍ عَمَّا تَعۡمَلُونَ
Қайдан (жолға) шықсаң да жүзіңді Месжід Харам жаққа қарат. Өйткені ол, Раббыңнан бір хақиқат. Алла (Т.) не істегендеріңнен ғапыл емес
Аударма: Халифа Алтай
Қай жақтан шықсаң да / намазда / жүзіңді әл-Харам мешітіне қарата бұр. Анығында, бұл - Раббыңнан бір ақиқат. Аллаһ сендердің не істеп жатқандарыңнан ғапыл / қапы қалушы / емес
Аударма: ҚМДБ
2:150
وَمِنۡ حَيۡثُ خَرَجۡتَ فَوَلِّ وَجۡهَكَ شَطۡرَ ٱلۡمَسۡجِدِ ٱلۡحَرَامِۚ وَحَيۡثُ مَا كُنتُمۡ فَوَلُّواْ وُجُوهَكُمۡ شَطۡرَهُۥ لِئَلَّا يَكُونَ لِلنَّاسِ عَلَيۡكُمۡ حُجَّةٌ إِلَّا ٱلَّذِينَ ظَلَمُواْ مِنۡهُمۡ فَلَا تَخۡشَوۡهُمۡ وَٱخۡشَوۡنِي وَلِأُتِمَّ نِعۡمَتِي عَلَيۡكُمۡ وَلَعَلَّكُمۡ تَهۡتَدُونَ
Және қайдан (жолға) шықсаң да жүзіңді Месжід Харам жаққа қарат. (Бұл жердегі қыбланың қайталануы: маңыздылығын бекіту. Р.М.) (Әй мүміндер!) Қайда болсаңдар да (намазда) жүздеріңді солай қаратыңдар. Адамдар гшін сендерге қарсы бір дәлел болмасын. (Яь.удилер: "Бұлар Ыбырайым: F.C. ның дінінде болса, неге Кағба жаққа қарамады?" демесін.) Бірақ олардың залымдары айта береді. Олардан қорықпаңдар. Сендерге нығметтерімді толықтауым және тура жолда болуларың гшін Менен қорқыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Қай жақтан шықсаң да / намазда / жүзіңді «әл-Харам» мешітіне қарата бұр. Әрі қай жерде болсаңдар да / намазға тұрғанда / жүздеріңді сол жаққа қаратыңдар. Бұл - адамдардың әділетсіз болғандарынан басқаларында, сендерге қарсы бір дәлелболмауы үшін. Әрі сендерге деген игілігімді толықтыруым үшін және тура жолда болуларың үшін.Сондықтан олардан қорықпаңдар, Менен қорқыңдар
Аударма: ҚМДБ
2:151
كَمَآ أَرۡسَلۡنَا فِيكُمۡ رَسُولٗا مِّنكُمۡ يَتۡلُواْ عَلَيۡكُمۡ ءَايَٰتِنَا وَيُزَكِّيكُمۡ وَيُعَلِّمُكُمُ ٱلۡكِتَٰبَ وَٱلۡحِكۡمَةَ وَيُعَلِّمُكُم مَّا لَمۡ تَكُونُواْ تَعۡلَمُونَ
Іштеріңе, өздеріңнен аяттарыиды оқитын, сендерді тазартатын және сендерге Құранды әрі үкімдерін үйрететін сондай-ақ білмегендеріңді ұйрететін Елші жібергеніміз сияқты
Аударма: Халифа Алтай
Сондай-ақ сендерге араларыңнан Елші жібердік. Ол сендерге аяттарымызды оқиды, сендерді тазартады және сендерге Кітап пен даналықты / сүннетті / үйретеді және білмегендеріңді үйретеді
Аударма: ҚМДБ
2:152
فَٱذۡكُرُونِيٓ أَذۡكُرۡكُمۡ وَٱشۡكُرُواْ لِي وَلَا تَكۡفُرُونِ
Енді, Мені еске алыңдар, Мен де сендерді еске аламын және Маған шүкірлік кылыңдар да қарсы болмаңдар
Аударма: Халифа Алтай
Мені еске алыңдар, Мен де сендерді еске аламын. Әрі шүкір етіңдер / берген игіліктеріме алғыс білдіріңдер / және күпірлік етпеңдер / серік қосу, күнә, шүкірсіздік арқылықарсы келмеңдер
Аударма: ҚМДБ
2:153
يَـٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ ٱسۡتَعِينُواْ بِٱلصَّبۡرِ وَٱلصَّلَوٰةِۚ إِنَّ ٱللَّهَ مَعَ ٱلصَّـٰبِرِينَ
Әй мүміндер! Сабыр және намазбенен (Алладан) жәрдем тілеңдер, күдіксіз Алла (Т.) сабыр етушілермен бірге
Аударма: Халифа Алтай
Ей, иманға келгендер! Сабыр және намаз арқылы / Аллаһтан / жәрдем тілеңдер. Ақиқатында, Аллаһ - сабыр етушілермен бірге
Аударма: ҚМДБ
2:154
وَلَا تَقُولُواْ لِمَن يُقۡتَلُ فِي سَبِيلِ ٱللَّهِ أَمۡوَٰتُۢۚ بَلۡ أَحۡيَآءٞ وَلَٰكِن لَّا تَشۡعُرُونَ
Алла жолында өлтірілгендерді (шәһиттерді) олар өлі демеңдер, олар тірі, бірақ сендер сезіп біле алмайсыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ жолында өлтірілгендерді «өлі» демеңдер. Негізінде, олар тірі, бірақ, сендер оны сезіп, біле алмайсыңдар
Аударма: ҚМДБ
2:155
وَلَنَبۡلُوَنَّكُم بِشَيۡءٖ مِّنَ ٱلۡخَوۡفِ وَٱلۡجُوعِ وَنَقۡصٖ مِّنَ ٱلۡأَمۡوَٰلِ وَٱلۡأَنفُسِ وَٱلثَّمَرَٰتِۗ وَبَشِّرِ ٱلصَّـٰبِرِينَ
Әрине сендерді хауіп-қатер, ашаршылық және мапдардан, жандардан сондай-ақ енімдерден кеміту арқылы сынаймыз, (Мұхаммед F.C. сондай жаrдайларда) сабыр етушілерді қуандыр
Аударма: Халифа Алтай
Біз сендерді аздаған қауіп-қатермен, аштықпен және мал-мүліктеріңнен, / жақын / жандарыңнан, өнімдеріңнен айыру арқылы сынаймыз. Сабыр етушілерді сүйіншіле
Аударма: ҚМДБ
2:156
ٱلَّذِينَ إِذَآ أَصَٰبَتۡهُم مُّصِيبَةٞ قَالُوٓاْ إِنَّا لِلَّهِ وَإِنَّآ إِلَيۡهِ رَٰجِعُونَ
Қашан оларға бір қайғы жетсе: "Олар шын мәнінде біз Аллаға тәнбіз әрі Оған қайтушымыз" деді
Аударма: Халифа Алтай
солар бір қайғы жеткенде: «Ақиқатында, біз Аллаһтікіміз әрі әлбетте, біз Оған қайтушымыз», - дейді
Аударма: ҚМДБ
2:157
أُوْلَـٰٓئِكَ عَلَيۡهِمۡ صَلَوَٰتٞ مِّن رَّبِّهِمۡ وَرَحۡمَةٞۖ وَأُوْلَـٰٓئِكَ هُمُ ٱلۡمُهۡتَدُونَ
Міне соларға, Раббылары жақтан жарылқау және мәрқамет бар. Әрі олар тура жолдағылар
Аударма: Халифа Алтай
Міне, соларға олардың Раббысынан игілік пен мейірім бар. Әрі олар-тура жолмен жүрушілер
Аударма: ҚМДБ
2:158
۞إِنَّ ٱلصَّفَا وَٱلۡمَرۡوَةَ مِن شَعَآئِرِ ٱللَّهِۖ فَمَنۡ حَجَّ ٱلۡبَيۡتَ أَوِ ٱعۡتَمَرَ فَلَا جُنَاحَ عَلَيۡهِ أَن يَطَّوَّفَ بِهِمَاۚ وَمَن تَطَوَّعَ خَيۡرٗا فَإِنَّ ٱللَّهَ شَاكِرٌ عَلِيمٌ
Неrізінде "Сафа, Мәруе" Алланың белrілерінен. Сонда кім хаж некесе ғұмра орындаса, оп екеуін де тауап етудіц оқасы жоқ. Кікде - кім артықша бір хайыр істесе, Алла шүкірлікті қадырлаушы, толық білуші
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, Сафа мен Мәруа - Аллаһтың белгілерінен. Кім Үйге / Қағбаға / қажылық немесе ұмра жасаса, оған екеуінің арасында жүруде ешқандай күнә жоқ. Ал, кім / өз еркімен / қосымша бір жақсылық істесе, әлбетте, Аллаһ - Алғысқа бөлеуші, бәрін Білуші
Аударма: ҚМДБ
2:159
إِنَّ ٱلَّذِينَ يَكۡتُمُونَ مَآ أَنزَلۡنَا مِنَ ٱلۡبَيِّنَٰتِ وَٱلۡهُدَىٰ مِنۢ بَعۡدِ مَا بَيَّنَّـٰهُ لِلنَّاسِ فِي ٱلۡكِتَٰبِ أُوْلَـٰٓئِكَ يَلۡعَنُهُمُ ٱللَّهُ وَيَلۡعَنُهُمُ ٱللَّـٰعِنُونَ
Негізінен біз ап-ашық үкімерді әрі тура жолды Кітапта адамдарrа баян еткеннен кейін жасырғандар, соларға Алла лағынет етеді әрі барлық лағынет етушілер лағынет етеді
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, Біз түсірген анық белгілерді және тура жолды - адамдарға Кітапта түсіндіріп бергенімізден кейін, оны жасыратындарды Аллаһ лағнеттейді және оларды қарғыс айтушылар да қарғайды
Аударма: ҚМДБ
2:160
إِلَّا ٱلَّذِينَ تَابُواْ وَأَصۡلَحُواْ وَبَيَّنُواْ فَأُوْلَـٰٓئِكَ أَتُوبُ عَلَيۡهِمۡ وَأَنَا ٱلتَّوَّابُ ٱلرَّحِيمُ
Бірақ тәубе еткендер, жағдайларын түзелткендер және шындықты баян еткендер басқа. Міне солардың тәубесін қабып етуші, ерекше мейірімдімін
Аударма: Халифа Алтай
Алайда, күнәсіне шынайы өкініп,Аллаһқа бойсұнуға қайтып / тәубеге келіп / , түзеткендер және / жасырғандарын / түсіндір- гендер бұдан бөлек. Міне, солардың тәубесін қабыл етемін. Мен - тәубелерді Қабыл етушімін, ерекше Мейірімдімін
Аударма: ҚМДБ
2:161
إِنَّ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ وَمَاتُواْ وَهُمۡ كُفَّارٌ أُوْلَـٰٓئِكَ عَلَيۡهِمۡ لَعۡنَةُ ٱللَّهِ وَٱلۡمَلَـٰٓئِكَةِ وَٱلنَّاسِ أَجۡمَعِينَ
Расында сондай қарсы келгендер және қарсы болғaн күйде өлгендер, міне соларға Алланың лағынеті әрі періштелердің және біртұтас адамдардың лағынеті болады
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, сондай күпірлік етіп / Аллаһқа қарсы келіп / және кәпір күйінде өлгендер - міне, соларға Аллаһтың лағнеті болады және періштелер мен барлық адамдардың лағнеті болады
Аударма: ҚМДБ
2:162
خَٰلِدِينَ فِيهَا لَا يُخَفَّفُ عَنۡهُمُ ٱلۡعَذَابُ وَلَا هُمۡ يُنظَرُونَ
Олар лағынетте мәңгі қалады, олардан ғазап жеңілтілмейді де оларға мұрса берілмейді
Аударма: Халифа Алтай
Олар онда мәңгі қалады. Олардан азап жеңілдетілмейді әрі оларға мұрсат та берілмейді
Аударма: ҚМДБ
2:163
وَإِلَٰهُكُمۡ إِلَٰهٞ وَٰحِدٞۖ لَّآ إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ ٱلرَّحۡمَٰنُ ٱلرَّحِيمُ
Тәңірлерің бір-ақ Тәңір. Одан басқа ешбір Тәңір жоқ. Ол, аса қамқор, ерекше мейірімді
Аударма: Халифа Алтай
Сендердің құдайларың - бір ғана құдай, Одан басқа ешбір құдай жоқ. Ол - аса Қайырымды, ерекше Мейірімді
Аударма: ҚМДБ
2:164
إِنَّ فِي خَلۡقِ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِ وَٱخۡتِلَٰفِ ٱلَّيۡلِ وَٱلنَّهَارِ وَٱلۡفُلۡكِ ٱلَّتِي تَجۡرِي فِي ٱلۡبَحۡرِ بِمَا يَنفَعُ ٱلنَّاسَ وَمَآ أَنزَلَ ٱللَّهُ مِنَ ٱلسَّمَآءِ مِن مَّآءٖ فَأَحۡيَا بِهِ ٱلۡأَرۡضَ بَعۡدَ مَوۡتِهَا وَبَثَّ فِيهَا مِن كُلِّ دَآبَّةٖ وَتَصۡرِيفِ ٱلرِّيَٰحِ وَٱلسَّحَابِ ٱلۡمُسَخَّرِ بَيۡنَ ٱلسَّمَآءِ وَٱلۡأَرۡضِ لَأٓيَٰتٖ لِّقَوۡمٖ يَعۡقِلُونَ
Кү діксіз көктер кен жердің жаратылуында, түн кен күннің ауысуында, адам баласына пайдалы нәрселермен теңізде жүрrен кемеде және Алланың көктен жаңбыр жаудырып, жер өлгеннен кейін онымен жандандыруында әрі онда әр тү рлі хайуанды таратуында, желдерді және көк пен жердің арасындағы бағынышты бұлтты басқаруында әлбетrе ойлаған елге (Алланың барлығы, бірлігіне) белгілер бар
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, аспандардың және жердің жаратылуында, түн мен күндіздің алмасуында, адамдар үшін пайдалы нәрселермен теңізде жүзетін кемеде және Аллаһтың аспаннан су түсіріп, онымен жер тіршіліксіз қалғаннан кейін оны тірілтуінде әрі онда түрлі жануарларды таратуында және желдердің алмасуында, аспан мен жер арасындағы бағынышты бұлттарда – ақылыністетіп, ұғынатын адамдар үшін белгілер бар
Аударма: ҚМДБ
2:165
وَمِنَ ٱلنَّاسِ مَن يَتَّخِذُ مِن دُونِ ٱللَّهِ أَندَادٗا يُحِبُّونَهُمۡ كَحُبِّ ٱللَّهِۖ وَٱلَّذِينَ ءَامَنُوٓاْ أَشَدُّ حُبّٗا لِّلَّهِۗ وَلَوۡ يَرَى ٱلَّذِينَ ظَلَمُوٓاْ إِذۡ يَرَوۡنَ ٱلۡعَذَابَ أَنَّ ٱلۡقُوَّةَ لِلَّهِ جَمِيعٗا وَأَنَّ ٱللَّهَ شَدِيدُ ٱلۡعَذَابِ
Адамдардың кейбіреулері Аллаға өзгені теңдес етеді де оларды Алланы сүйгендей сүйеді. Ал мүміндер, Алланы тағы артық сүйеді. Егер залымдар ғазапты көрсе, бүкіл қуаттың Аллаға тән екенін, шын мәнінде Алланың қатты азап иесі екенін білсе еді
Аударма: Халифа Алтай
Адамдардың арасында өзге нәрселерді Аллаһпен теңестіріп, оларды Аллаһты сүйгендей сүйетіндер бар. Ал, имандылар, Аллаһты / бәрінен / қатты сүйеді. Әділетсіздер азапты көрген кезде, бүкіл күш-қуаттың Аллаһқа тән екенін және Аллаһтың жазалауда қатты екенін біледі
Аударма: ҚМДБ
2:166
إِذۡ تَبَرَّأَ ٱلَّذِينَ ٱتُّبِعُواْ مِنَ ٱلَّذِينَ ٱتَّبَعُواْ وَرَأَوُاْ ٱلۡعَذَابَ وَتَقَطَّعَتۡ بِهِمُ ٱلۡأَسۡبَابُ
Сол уақытта ерілгендер (бастағандар), өздеріне ергендерден безеді. Сондай-ақ олар азап көргенде қарым- қатынастары кесіледі
Аударма: Халифа Алтай
Сол уақытта / Қиямет күні / соңдарынан ерушілері болғандар ергендерден бас тартады. Әрі олар азапты көреді және араларындағы байланыстары үзіледі
Аударма: ҚМДБ
2:167
وَقَالَ ٱلَّذِينَ ٱتَّبَعُواْ لَوۡ أَنَّ لَنَا كَرَّةٗ فَنَتَبَرَّأَ مِنۡهُمۡ كَمَا تَبَرَّءُواْ مِنَّاۗ كَذَٰلِكَ يُرِيهِمُ ٱللَّهُ أَعۡمَٰلَهُمۡ حَسَرَٰتٍ عَلَيۡهِمۡۖ وَمَا هُم بِخَٰرِجِينَ مِنَ ٱلنَّارِ
Ал ерушілер: «Әттең! Бізге (дүниеге) қайтар күн болса, олар бізден безгендей, бізде олардан безер едік» дер. Солайша Алла олардың істеген істерін өздеріне өкініш етіп көрсетеді. Сондай-ақ олар тозақтан шығушы емес
Аударма: Халифа Алтай
Ал, ергендер: «Егер де бізде / дүниеге / артқа қайтар мүмкіндік болғанда, олар бізден бас тартқандай, біз де олардан бас тартар едік»,- дейді. Осылайша, Аллаһ олардың амалдарын өздеріне өкініш етіп көрсетеді. Әрі олар Оттан шықпайды
Аударма: ҚМДБ
2:168
يَـٰٓأَيُّهَا ٱلنَّاسُ كُلُواْ مِمَّا فِي ٱلۡأَرۡضِ حَلَٰلٗا طَيِّبٗا وَلَا تَتَّبِعُواْ خُطُوَٰتِ ٱلشَّيۡطَٰنِۚ إِنَّهُۥ لَكُمۡ عَدُوّٞ مُّبِينٌ
Әй адам баласы! Жер жүзінде болған халал, таза нәрседен жеңдер және шайтанның ізімен жүрмеңдер! Өйткені ол сендерге ашық дұшпан
Аударма: Халифа Алтай
Ей, адамдар! Жердегі рұқсат етілген / халал / және жақсы нәрселерден жеңдер және шайтанның ізімен жүрмеңдер! Ақиқатында, ол - сендерге анық дұшпан
Аударма: ҚМДБ
2:169
إِنَّمَا يَأۡمُرُكُم بِٱلسُّوٓءِ وَٱلۡفَحۡشَآءِ وَأَن تَقُولُواْ عَلَى ٱللَّهِ مَا لَا تَعۡلَمُونَ
Шынайы түрде ол сендерге жамандықты, арсыздықты және Аллаға қарсы білмейтіндеріңді айтуды нұсқайды
Аударма: Халифа Алтай
Шын мәнінде, ол сендерге жамандық пен жиіркенішті істерді әрі Аллаһ туралы білмейтіндеріңді айтуды бұйырады
Аударма: ҚМДБ
2:170
وَإِذَا قِيلَ لَهُمُ ٱتَّبِعُواْ مَآ أَنزَلَ ٱللَّهُ قَالُواْ بَلۡ نَتَّبِعُ مَآ أَلۡفَيۡنَا عَلَيۡهِ ءَابَآءَنَآۚ أَوَلَوۡ كَانَ ءَابَآؤُهُمۡ لَا يَعۡقِلُونَ شَيۡـٔٗا وَلَا يَهۡتَدُونَ
(Мекке мүшріктеріне) Алла түсірген (Құранға) бой ұсыныңдар делінсе, олар: «Жоқ, үстінде ата-бабаларымызды тапқан жолға ілесеміз» деді. Егер аталары еш нәрсені түсінбеген әрі тура жолда болмаған болса да ма? (Сонда да солардың жолымен жүре ме)
Аударма: Халифа Алтай
Ал, оларға: «Аллаһ түсіргенге еріңдер», - делінсе, олар: «Жоқ, ата-бабаларымызды ненің үстінде / қай жолда / тапсақ, соған ереміз», - дейді. Егер де ата-бабалары / дін мәселесінде / ешнәрсені дұрыс ұғынбаған әрі тура жол таппаған болса да ма
Аударма: ҚМДБ
2:171
وَمَثَلُ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ كَمَثَلِ ٱلَّذِي يَنۡعِقُ بِمَا لَا يَسۡمَعُ إِلَّا دُعَآءٗ وَنِدَآءٗۚ صُمُّۢ بُكۡمٌ عُمۡيٞ فَهُمۡ لَا يَعۡقِلُونَ
Кәпірлердің, мысалы: Дабыстағанда, үнді, айғайды ғана естіп түсінбейтін біреу тәрізді; саңырау, сақау және соқыр. Сонда олар еш нәрсені аңғармайды
Аударма: Халифа Алтай
Күпірлік етушілердің / Аллаһқа қарсыкелушілердің / мысалы: оларға айқайлағанда үн мен айқайдан басқаны естімейтін біреу тәрізді - саңырау, мылқау, соқыр. Олар ақылдарын істетпейді
Аударма: ҚМДБ
2:172
يَـٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ كُلُواْ مِن طَيِّبَٰتِ مَا رَزَقۡنَٰكُمۡ وَٱشۡكُرُواْ لِلَّهِ إِن كُنتُمۡ إِيَّاهُ تَعۡبُدُونَ
Әй мүміндер! Ризықтандырғанымыздың жақсысынан жеңдер. Әрі Аллаға шүкірлік етіңдер, егер Оған ғана құлшылық ететін болсаңдар
Аударма: Халифа Алтай
Ей, иманға келгендер! Біз сендерге берген жақсы нәрселерден жеңдер әрі Аллаһқа шүкір етіңдер / Оның берген игіліктеріне алғыс білдіріңдер / , егер құлшылықтарыңды тек Оған арнап жасаушы болсаңдар
Аударма: ҚМДБ
2:173
إِنَّمَا حَرَّمَ عَلَيۡكُمُ ٱلۡمَيۡتَةَ وَٱلدَّمَ وَلَحۡمَ ٱلۡخِنزِيرِ وَمَآ أُهِلَّ بِهِۦ لِغَيۡرِ ٱللَّهِۖ فَمَنِ ٱضۡطُرَّ غَيۡرَ بَاغٖ وَلَا عَادٖ فَلَآ إِثۡمَ عَلَيۡهِۚ إِنَّ ٱللَّهَ غَفُورٞ رَّحِيمٌ
Шынайы түрде сендерге өлексені, (арам өлген малды), қанды, доңыз етін және Алладан басқаның атымен бауыздалғанды арам қылды. Сонда кім мәжбүрленсе, қарсылық қылмаса, шектен шықпаса оған кінә жоқ. Күдіксіз Алла өте жарылқаушы, ерекше мейірімді. (Алладан басқаға арналып бауыздалған мал арам. Егер бір Мұсылман Алладан басқаға жақындасу ниетімен бауыздаса діннен шығады. Бауыздағаны жемтік болады. Және мәжбүрлік екі түрлі: Жейтін таба алмау, не біреу зорлау)
Аударма: Халифа Алтай
Шын мәнінде, Ол сендерге өлексені, қанды, доңыз етін және Аллаһтан басқаға арнап сойылғанды тыйым салды / харам қылды / . Сонда кім / тыйым салынғанды жеуге / мәжбүр болып, оған құштарлық танытпай әрі оны рұқсат етілген мөлшерден асырмай жесе, оған күнә жоқ. Шын мәнінде, Аллаһ - өте Кешірімді, ерекше Мейірімді
Аударма: ҚМДБ
2:174
إِنَّ ٱلَّذِينَ يَكۡتُمُونَ مَآ أَنزَلَ ٱللَّهُ مِنَ ٱلۡكِتَٰبِ وَيَشۡتَرُونَ بِهِۦ ثَمَنٗا قَلِيلًا أُوْلَـٰٓئِكَ مَا يَأۡكُلُونَ فِي بُطُونِهِمۡ إِلَّا ٱلنَّارَ وَلَا يُكَلِّمُهُمُ ٱللَّهُ يَوۡمَ ٱلۡقِيَٰمَةِ وَلَا يُزَكِّيهِمۡ وَلَهُمۡ عَذَابٌ أَلِيمٌ
Сондай Алла түсірген Кітаптан (Тәураттағы Мұхаммед Ғ.С.ның сипаттарын) жасырып, оны аз ақшаға (дүниеге), айырбастағандар, Солар қарындарына отты ғана жейді. (Қарындарын отпен толтырады.) Қиямет күні Алла оларға тіл қатпайы да оларды ақтамайды және оларға күйзелтуші ғазап бар
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, Аллаһтың Кітапта түсіргенін жасырып, әрі ол үшін болмашы бағаны / дүниелік мүддені / сатып алатындар, міне солар, қарындарына от болатынды жейді. Қайта тірілу күні Аллаһ оларға сөйлемейді әрі оларды тазартпайды, әрі оларға күйзелтуші азап бар
Аударма: ҚМДБ
2:175
أُوْلَـٰٓئِكَ ٱلَّذِينَ ٱشۡتَرَوُاْ ٱلضَّلَٰلَةَ بِٱلۡهُدَىٰ وَٱلۡعَذَابَ بِٱلۡمَغۡفِرَةِۚ فَمَآ أَصۡبَرَهُمۡ عَلَى ٱلنَّارِ
Олар адасуды туралықтың орнына, азапты жарылқаудың орнына ауыстырып алғандар. Сонда олар тозаққа қалай шыдайды
Аударма: Халифа Алтай
Олар тура жолдың орнына - адасуды, кешірімнің орнына - азапты сатып алғандар. Сонда олар Отқа / тозаққа / қалай сабыр етпек
Аударма: ҚМДБ
2:176
ذَٰلِكَ بِأَنَّ ٱللَّهَ نَزَّلَ ٱلۡكِتَٰبَ بِٱلۡحَقِّۗ وَإِنَّ ٱلَّذِينَ ٱخۡتَلَفُواْ فِي ٱلۡكِتَٰبِ لَفِي شِقَاقِۭ بَعِيدٖ
Осы, Алланың Кітапты туралықпен түсіргендігі үшін. Негізінен Кітап жайында таласқандар ұзақ қайшылықта
Аударма: Халифа Алтай
Бұл - Аллаһтың Кітапты ақиқатпен түсіргендігінен. Ақиқатында, Кітап жайында таласқандар - бітіспес қайшылықта
Аударма: ҚМДБ
2:177
۞لَّيۡسَ ٱلۡبِرَّ أَن تُوَلُّواْ وُجُوهَكُمۡ قِبَلَ ٱلۡمَشۡرِقِ وَٱلۡمَغۡرِبِ وَلَٰكِنَّ ٱلۡبِرَّ مَنۡ ءَامَنَ بِٱللَّهِ وَٱلۡيَوۡمِ ٱلۡأٓخِرِ وَٱلۡمَلَـٰٓئِكَةِ وَٱلۡكِتَٰبِ وَٱلنَّبِيِّـۧنَ وَءَاتَى ٱلۡمَالَ عَلَىٰ حُبِّهِۦ ذَوِي ٱلۡقُرۡبَىٰ وَٱلۡيَتَٰمَىٰ وَٱلۡمَسَٰكِينَ وَٱبۡنَ ٱلسَّبِيلِ وَٱلسَّآئِلِينَ وَفِي ٱلرِّقَابِ وَأَقَامَ ٱلصَّلَوٰةَ وَءَاتَى ٱلزَّكَوٰةَ وَٱلۡمُوفُونَ بِعَهۡدِهِمۡ إِذَا عَٰهَدُواْۖ وَٱلصَّـٰبِرِينَ فِي ٱلۡبَأۡسَآءِ وَٱلضَّرَّآءِ وَحِينَ ٱلۡبَأۡسِۗ أُوْلَـٰٓئِكَ ٱلَّذِينَ صَدَقُواْۖ وَأُوْلَـٰٓئِكَ هُمُ ٱلۡمُتَّقُونَ
Яһудилер Месжід Ақсаны, Христиандар оның шығыс жағын қыбла тұтып, әрқайсысы өз қыбласын жақсы деп ойлайды. Жүздеріңді шығысқа, батысқа жөнелту бір игілік емес. Бірақ кім Аллаға, ақирет күніне, періштелерге, кітаптарға, пайғамбарларға иман келтірсе және жақындарына, жетімдерге, міскіндерге, жолда қалғандарға, қайыршыларға және құл азат етуге жақсы көре отырып, мал сарып қылса әрі намазды толық орындап зекет берсе, өзара байласқан уәдесін орындаушы, таршылықта, қиыншылықта және соғыс кезінде сабыр етуші болса, міне солар шыншылдар әрі солар тақуалар
Аударма: Халифа Алтай
Игілік - жүздеріңді шығысқа және батысқа бұруларың емес. Негізінде, игілік Аллаһқа, Ақирет күніне, періштелерге, кітаптарға, пайғамбарларға сенуде және мал-дүниесін өзі жақсы көре тұрып жақындарына, жетімдерге, кедейлерге, / жолда қалған / жолаушыға, қайыр сұрағандарға және құлды азат етуге беруде және намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындауында, зекетті беруде әрі өзара уәделескенде, уәделерін орындауда әрі таршылық, ауруға ұшыраған және соғыс кезінде сабыр етуде. Міне, солар - шын сөзділер, міне, солар - тақуалар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанушылар
Аударма: ҚМДБ
2:178
يَـٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ كُتِبَ عَلَيۡكُمُ ٱلۡقِصَاصُ فِي ٱلۡقَتۡلَىۖ ٱلۡحُرُّ بِٱلۡحُرِّ وَٱلۡعَبۡدُ بِٱلۡعَبۡدِ وَٱلۡأُنثَىٰ بِٱلۡأُنثَىٰۚ فَمَنۡ عُفِيَ لَهُۥ مِنۡ أَخِيهِ شَيۡءٞ فَٱتِّبَاعُۢ بِٱلۡمَعۡرُوفِ وَأَدَآءٌ إِلَيۡهِ بِإِحۡسَٰنٖۗ ذَٰلِكَ تَخۡفِيفٞ مِّن رَّبِّكُمۡ وَرَحۡمَةٞۗ فَمَنِ ٱعۡتَدَىٰ بَعۡدَ ذَٰلِكَ فَلَهُۥ عَذَابٌ أَلِيمٞ
Әй мүміндер! Сендерге қысас (есе қайтару) парыз етілді: Азатқа азат, құлға құл, әйелге әйел (өлтіріледі). Дегенмен оған туыс жағынан кешірілсе, оның ережеге үйлесуі екінші жақтың да оған дұрыс төлеуі хажет. (Егер қысас кешіріліп, құнға тоқтаса, алушының орынсыз егеске қысас істемеуі, берушінің де дұрыс орындауы керек.) Міне осы, Раббылары жағынан жеңілдік және мәрхамет. Ал кімде- кім бұдан кейін шектен шықса, (кек сақтаса) ол үшін ахиретте күйзелтуші азап бар
Аударма: Халифа Алтай
Ей, иманға келгендер! Сендерге өлтірілгендерге қатысты кек қайтару парыз етілді. Азат үшін - азат, құл үшін - құл және әйел үшін - әйел. Ал кімге / өлген адамның / бауыры жағынан кешірім жасалса, құпталғанға сай және оны жақсы түрде орындауы / тиіс / . Міне, бұл Раббыңыздан жеңілдік әрі мейірім. Ал, кім осыдан кейін шектен шықса, оған күйзелтуші азап бар
Аударма: ҚМДБ
2:179
وَلَكُمۡ فِي ٱلۡقِصَاصِ حَيَوٰةٞ يَـٰٓأُوْلِي ٱلۡأَلۡبَٰبِ لَعَلَّكُمۡ تَتَّقُونَ
Әй ақыл иелері! Сендер үшін қысаста (кісі өлтіргенді өлтіруде) тіршілік бар. Әрине сақнанарсыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Ей, ақыл иелері, әрі кек қайтаруда сендерге өмір бар, сендер тақуалық етулерің / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтануларың / үшін
Аударма: ҚМДБ
2:180
كُتِبَ عَلَيۡكُمۡ إِذَا حَضَرَ أَحَدَكُمُ ٱلۡمَوۡتُ إِن تَرَكَ خَيۡرًا ٱلۡوَصِيَّةُ لِلۡوَٰلِدَيۡنِ وَٱلۡأَقۡرَبِينَ بِٱلۡمَعۡرُوفِۖ حَقًّا عَلَى ٱلۡمُتَّقِينَ
Біреулеріңе өлім келген шақта, артына мал қалдырса, әке- шешесіне, жақындарына дұрыстықпен өсиет парыз етілді. өсиет тақуаларға бір міндет. (Бұл аяттың үкімі мирас аятымен қалдырылған)
Аударма: Халифа Алтай
Араларыңнан біреуіңе өлім келген кезде, артында бір қайыр / мал-мүлік / қалдырса, / оны / ата-анасына және жақын туыстарына құпталғанға сай өсиет етуі - парыз етілді. Бұл - тақуаларға / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанушыларға / бір міндет
Аударма: ҚМДБ
2:181
فَمَنۢ بَدَّلَهُۥ بَعۡدَ مَا سَمِعَهُۥ فَإِنَّمَآ إِثۡمُهُۥ عَلَى ٱلَّذِينَ يُبَدِّلُونَهُۥٓۚ إِنَّ ٱللَّهَ سَمِيعٌ عَلِيمٞ
Сонда біреу өсиетті естігеннен кейін ауыстырса, кінәсы оны өзгертушіге болады. Күдіксіз Алла әр нәрсені естуші, білуші
Аударма: Халифа Алтай
Ал, кім оны / өсиетті / естігенінен кейін өзгертсе, күнәсі оны өзгертушілерге болады. Ақиқатында, Аллаһ - бәрін Естуші , барлық нәрсені Білуші
Аударма: ҚМДБ
2:182
فَمَنۡ خَافَ مِن مُّوصٖ جَنَفًا أَوۡ إِثۡمٗا فَأَصۡلَحَ بَيۡنَهُمۡ فَلَآ إِثۡمَ عَلَيۡهِۚ إِنَّ ٱللَّهَ غَفُورٞ رَّحِيمٞ
Кім өсиет етушінің қателескендігінен немесе кінәлы болатындығынан сезіктенсе, араларын түзелтіп қоюдың оқасы жоқ. (Өсиеттегі қателікті дұрыстауға болады.) Расында Алла аса жарылқаушы, ерекше мейірімді
Аударма: Халифа Алтай
Сонда, кім өсиет етушіден қателесу немесе күнәдан / орын алуынан / қорқып, олардың арасын түзетсе, оған ешбір күнә жоқ. Ақиқатында, Аллаһ - өте Кешірімді, ерекше Мейірімді
Аударма: ҚМДБ
2:183
يَـٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ كُتِبَ عَلَيۡكُمُ ٱلصِّيَامُ كَمَا كُتِبَ عَلَى ٱلَّذِينَ مِن قَبۡلِكُمۡ لَعَلَّكُمۡ تَتَّقُونَ
Әй мүміндер! Сендерге бұрынғыларға парыз қылғандай ораза парыз қылынды. Әрине сақсынарсыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Ей, иманға келгендер! Тақуалық етулерің / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтануларың / үшін, сендерден бұрын өткендерге парыз етілгендей, сендерге де ораза парыз етілді
Аударма: ҚМДБ
2:184
أَيَّامٗا مَّعۡدُودَٰتٖۚ فَمَن كَانَ مِنكُم مَّرِيضًا أَوۡ عَلَىٰ سَفَرٖ فَعِدَّةٞ مِّنۡ أَيَّامٍ أُخَرَۚ وَعَلَى ٱلَّذِينَ يُطِيقُونَهُۥ فِدۡيَةٞ طَعَامُ مِسۡكِينٖۖ فَمَن تَطَوَّعَ خَيۡرٗا فَهُوَ خَيۡرٞ لَّهُۥۚ وَأَن تَصُومُواْ خَيۡرٞ لَّكُمۡ إِن كُنتُمۡ تَعۡلَمُونَ
Санаулы күндерде. Сонда сендерден кім ауру немесе жолаушы болса, басқа күндерде төлер. Және сондай ораза күш келетіңдер, (кәрі не аурулар) бір міскіңнің тамағын төлесін. Сонда кім ынтығып артық хайыр қылса, ол өзіне жақсы. (Мұндай ораза ауыр келетін кәрі, ауру не екі қабат, омырауда баласы болған әйелдер оразаның орнына күніне бір фіиір садақасын беруіне болады. Білсеңдер сендер үшін ораза ұстауларың тағы жақсы)
Аударма: Халифа Алтай
Санаұлы күндерде. Ал, сендерден кім ауру не сапарда болса, онда басқа күндерде / толтырсын / . Ал, шамасы келетіндерге өтем ретінде кедейді тамақтандыру / міндет / . Ал, кім / өз еркімен / қосымша бір жақсы іс жасаса, ол өзі үшін қайырлы. Егер білсеңдер, ораза ұстағандарың өздерің үшін қайырлы
Аударма: ҚМДБ
2:185
شَهۡرُ رَمَضَانَ ٱلَّذِيٓ أُنزِلَ فِيهِ ٱلۡقُرۡءَانُ هُدٗى لِّلنَّاسِ وَبَيِّنَٰتٖ مِّنَ ٱلۡهُدَىٰ وَٱلۡفُرۡقَانِۚ فَمَن شَهِدَ مِنكُمُ ٱلشَّهۡرَ فَلۡيَصُمۡهُۖ وَمَن كَانَ مَرِيضًا أَوۡ عَلَىٰ سَفَرٖ فَعِدَّةٞ مِّنۡ أَيَّامٍ أُخَرَۗ يُرِيدُ ٱللَّهُ بِكُمُ ٱلۡيُسۡرَ وَلَا يُرِيدُ بِكُمُ ٱلۡعُسۡرَ وَلِتُكۡمِلُواْ ٱلۡعِدَّةَ وَلِتُكَبِّرُواْ ٱللَّهَ عَلَىٰ مَا هَدَىٰكُمۡ وَلَعَلَّكُمۡ تَشۡكُرُونَ
Рамазан айы сондай бір ай, ол айда адам баласына тура жол және (ақ пен қараны) айыратын дәлел түрінде Құран түсірілді. Сендерден кім рамазан айында болса, ораза ұстасын. Ал біреу науқас не сапарда болса, басқа күндерде санын толтырсын. Алла (Т.) сендерге оңайлық қалайды, ауыршылық қаламайды. Сендерді тура жолға салған Аллаға шүкірлік етулерің үшін санын толтырыңдар. Әрі Алланы ұлықтаңдар
Аударма: Халифа Алтай
Рамазан айы сондай ай, онда адамдар үшін басшылық әрі тура жол мен фурқанның анық дәлелдері ретінде Құран түсірілген. Сендерден кім бұл айда болса, ораза ұстасын. Ал, кім ауру немесе сапарда болса, есебін / ұстамаған күндерін / басқа күндерде / толтырсын / . Аллаһ сендерге жеңілдік қалайды, Ол сендерге қиыншылық қаламайды. Әрі санын толтырыңдар және Аллаһты ұлықтаңдар - сендерді тура жолға салғаны үшін және шүкір етулерің / Оның берген игіліктеріне алғыс білдірулерің / үшін
Аударма: ҚМДБ
2:186
وَإِذَا سَأَلَكَ عِبَادِي عَنِّي فَإِنِّي قَرِيبٌۖ أُجِيبُ دَعۡوَةَ ٱلدَّاعِ إِذَا دَعَانِۖ فَلۡيَسۡتَجِيبُواْ لِي وَلۡيُؤۡمِنُواْ بِي لَعَلَّهُمۡ يَرۡشُدُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.) егер құлдарым, Мен туралы сенен сұраса: «Өте жақынмын, қашан Менен тілесе, тілеушінің тілегін қабыл етемін. Ендеше олар да әмірімді қабыл етсін. Және Маған сенсін. Әрине тура жол тапқан болар еді»
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Ал, қашан құлдарым сенен Мен туралы сұраса, күмәнсіз, Мен өте жақынмын. Қашан менен тілесе, сұраушының тілегіне жауап беремін. Тура жолмен жүру үшін олар да маған жауап берсін / бұйрығымды орындасын / және Маған сенсін
Аударма: ҚМДБ
2:187
أُحِلَّ لَكُمۡ لَيۡلَةَ ٱلصِّيَامِ ٱلرَّفَثُ إِلَىٰ نِسَآئِكُمۡۚ هُنَّ لِبَاسٞ لَّكُمۡ وَأَنتُمۡ لِبَاسٞ لَّهُنَّۗ عَلِمَ ٱللَّهُ أَنَّكُمۡ كُنتُمۡ تَخۡتَانُونَ أَنفُسَكُمۡ فَتَابَ عَلَيۡكُمۡ وَعَفَا عَنكُمۡۖ فَٱلۡـَٰٔنَ بَٰشِرُوهُنَّ وَٱبۡتَغُواْ مَا كَتَبَ ٱللَّهُ لَكُمۡۚ وَكُلُواْ وَٱشۡرَبُواْ حَتَّىٰ يَتَبَيَّنَ لَكُمُ ٱلۡخَيۡطُ ٱلۡأَبۡيَضُ مِنَ ٱلۡخَيۡطِ ٱلۡأَسۡوَدِ مِنَ ٱلۡفَجۡرِۖ ثُمَّ أَتِمُّواْ ٱلصِّيَامَ إِلَى ٱلَّيۡلِۚ وَلَا تُبَٰشِرُوهُنَّ وَأَنتُمۡ عَٰكِفُونَ فِي ٱلۡمَسَٰجِدِۗ تِلۡكَ حُدُودُ ٱللَّهِ فَلَا تَقۡرَبُوهَاۗ كَذَٰلِكَ يُبَيِّنُ ٱللَّهُ ءَايَٰتِهِۦ لِلنَّاسِ لَعَلَّهُمۡ يَتَّقُونَ
(Бастапта кей Мұсылмандар оразаның кешінде әйелдеріне жақындаспағандықтан осы аят түскен екен.) Сендерге оразаның кешінде әйелдеріңе жақындасу халал етілді. (Өйткені бір-біріңді қорғауда) олар сендерге киім, сендер де оларға киім (іспетті) сіңдер. Алла өздеріңе зиян қылатындықтарыңды біледі. Сондықтан тәубелеріңді қабыл етіп сендерді кешірді. Ал енді (бұдан былай) олар жақындасыңдар. Алланың өздеріңе жазғанын талап етіңдер. Және таңнан, қара жіптен ақ жіп (қараңғылықтан сәуле) айрылғанға дейін ішіңдер, жеңдер де соңсоң оразаны кешке дейін толық орыңдандар. Мешіттерде (ғибадат етіп) ығтикәфта болған кеште әйелдеріңе жақындаспаңдар. Осы Алланың шегі, оған жақындамаңдар. Осылайша Алла (Т.) сақсынулары үшін адамдарға аяттарын баян етеді
Аударма: Халифа Алтай
Сендерге оразаның түнінде әйелдеріңе жақындасуға рұқсат етілді. Олар - сендер үшін киім, сендер де - олар үшін киімсіңдер. Аллаһ сендердің өздеріңе қиянат етіп жүргендеріңді білді әрі күнәларыңа шынайы өкініп, Өзіне бойсұнуға қайтуларыңды / тәубелеріңді / қабыл етіп, сендерді кешірді. Олармен енді қосыла беріңдер және Аллаһтың өздеріңе жазғанын іздендер Әрі таңның ақ жібі қара жіптен анықталғанға дейін жеңдер-ішіңдер, кейін оразаны кешке дейін / ұстап / аяқтаңдар. Мешіттерде иғтикаф жасаушы болған хал­де, оларға / әйелдеріңе / жақындаспаңдар. Осы - Аллаһтың белгілеген шекаралары, оған жақындамаңдар. Аллаһ адамдарға, олар тақуалық етулері / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанулары / үшін аяттарын осылай түсіндіреді
Аударма: ҚМДБ
2:188
وَلَا تَأۡكُلُوٓاْ أَمۡوَٰلَكُم بَيۡنَكُم بِٱلۡبَٰطِلِ وَتُدۡلُواْ بِهَآ إِلَى ٱلۡحُكَّامِ لِتَأۡكُلُواْ فَرِيقٗا مِّنۡ أَمۡوَٰلِ ٱلنَّاسِ بِٱلۡإِثۡمِ وَأَنتُمۡ تَعۡلَمُونَ
Араларыңдағы малдарынды бұзық жолмен жемеңдер. Сондай-ақ біле тұра адамдардың малынан бір бөлім жеу үшін билерге апармаңдар
Аударма: Халифа Алтай
Мал-дүниелеріңді өзара құқықсыз / заңсыз / түрде жемеңдер. Сондай-ақ, адамдардың мал-дүниесінен, күнә екенін біле тұра, жеу үшін / өз малдарыңның / бір бөлігін үкім шығарушыларға / пара етіп / ұсынбаңдар
Аударма: ҚМДБ
2:189
۞يَسۡـَٔلُونَكَ عَنِ ٱلۡأَهِلَّةِۖ قُلۡ هِيَ مَوَٰقِيتُ لِلنَّاسِ وَٱلۡحَجِّۗ وَلَيۡسَ ٱلۡبِرُّ بِأَن تَأۡتُواْ ٱلۡبُيُوتَ مِن ظُهُورِهَا وَلَٰكِنَّ ٱلۡبِرَّ مَنِ ٱتَّقَىٰۗ وَأۡتُواْ ٱلۡبُيُوتَ مِنۡ أَبۡوَٰبِهَاۚ وَٱتَّقُواْ ٱللَّهَ لَعَلَّكُمۡ تُفۡلِحُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.) олар сенен жаңа туған айдың жағдайын сұрайды: «Ол, адамдар және хажылық үшін уақыт белгілеу» де. (Және олар хаж кезінде үйге арт жағынан кіруді жақсы деп ойлайды. ) Үйлеріңе артынан кірулерің бір жақсылық емес. Бірақ кім сақсынса сол жақсылық. Ендеше, үйлерге есіктерінен кіріңдер әрі Алладан қорқыңдар. Әрине құтыласыңдар. (Мекке кәпірлері Мұсылмандарға жыл жапа шектіріп, Мединеге көшкеннен кейін де қырсоңдарынан қалмай әрі Меккедегі үй- мүліктерін талап алғандықтан, өздері килікпегендерге килікпеу, соғысқандармен соғысу. Сондай қатын бала және дін адамдарына соқтықпай шартымен қорғаныс соғысына әмір түседі)
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Олар сенен жаңа туған айлар жайлы сұрайды. Айт: «Ол - адамдарға және қажылық үшін уақытты белгілеу / есептеу / », - деп. Үйлерге арт жағынан келулерің жақсы амал емес. Алайда кім тақуалық қылса / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанса / міне, осы - игі іс. Үйлерге есігінен келіңдер. мұраттарыңа жетулерің үшін Аллаһтан / Оның тыйғандарынан / қорқып, сақтаныңдар
Аударма: ҚМДБ
2:190
وَقَٰتِلُواْ فِي سَبِيلِ ٱللَّهِ ٱلَّذِينَ يُقَٰتِلُونَكُمۡ وَلَا تَعۡتَدُوٓاْۚ إِنَّ ٱللَّهَ لَا يُحِبُّ ٱلۡمُعۡتَدِينَ
Өздеріңнің соғысқандармен Алла жолында соғысыңдар да шектен шықпаңдар. Негізінен Алла (Т.) шектен шығушыларды жақсы көрмейді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі өздеріңе қарсы соғысқандармен Аллаһ жолында соғысыңдар және шектен шықпаңдар. Ақиқатында, Аллаһ шектен шығушыларды жақсы көрмейді
Аударма: ҚМДБ
2:191
وَٱقۡتُلُوهُمۡ حَيۡثُ ثَقِفۡتُمُوهُمۡ وَأَخۡرِجُوهُم مِّنۡ حَيۡثُ أَخۡرَجُوكُمۡۚ وَٱلۡفِتۡنَةُ أَشَدُّ مِنَ ٱلۡقَتۡلِۚ وَلَا تُقَٰتِلُوهُمۡ عِندَ ٱلۡمَسۡجِدِ ٱلۡحَرَامِ حَتَّىٰ يُقَٰتِلُوكُمۡ فِيهِۖ فَإِن قَٰتَلُوكُمۡ فَٱقۡتُلُوهُمۡۗ كَذَٰلِكَ جَزَآءُ ٱلۡكَٰفِرِينَ
Оларды қайдан тапсаңдар да өлтіріңдер. Өздері, сендерді (Меккеден) шығарғандай оларды шығарыңдар. Бұзақылық, кісі өлтіруден қиын. Месжіт Харамның жанында олар сендермен соғыспайынша, ол жерде олармен соғыспаңдар. Егер олар сендерді өлтірсе, сендер де оларды өлтіріңдер. Кәпірлердің жазасы осылай
Аударма: Халифа Алтай
Әрі оларды көріп, ұстаған жерлеріңде өлтіріңдер және олар сендерді шығарған жерден / Меккеден / , сендер де оларды шығарыңдар. Бүлік / Аллаһқа серік қосу / - кісі өлтіргеннен де ауыр. Олар әл-Харам мешітінің жанында сендермен соғыспайынша, ол жерде олармен соғыспаңдар. Ал, егер сендермен соғысса, оларды өлтіріңдер. Кәпірлердің қайтарым жазасы - осындай
Аударма: ҚМДБ
2:192
فَإِنِ ٱنتَهَوۡاْ فَإِنَّ ٱللَّهَ غَفُورٞ رَّحِيمٞ
Егер олар бұзақылықтан тыйылса, күдіксіз Алла жарылқаушы, ерекше мейірімді
Аударма: Халифа Алтай
Егер олар тоқтатса, ақиқатында, Аллаһ өте Кешірімді , ерекше Мейірімді
Аударма: ҚМДБ
2:193
وَقَٰتِلُوهُمۡ حَتَّىٰ لَا تَكُونَ فِتۡنَةٞ وَيَكُونَ ٱلدِّينُ لِلَّهِۖ فَإِنِ ٱنتَهَوۡاْ فَلَا عُدۡوَٰنَ إِلَّا عَلَى ٱلظَّـٰلِمِينَ
Олармен бұзақылық қалмай, дін Аллаға тән болғанға дейін соғысыңдар. Егер олар тыйылса, дұшпандық залымдарға ғана
Аударма: Халифа Алтай
Әрі олармен / мүшріктермен / бүлік қалмағанға және дін Аллаһқа болғанға дейін соғысыңдар. Егер олар тыйылса, әділетсіздерден басқаға дұшпандық жоқ
Аударма: ҚМДБ
2:194
ٱلشَّهۡرُ ٱلۡحَرَامُ بِٱلشَّهۡرِ ٱلۡحَرَامِ وَٱلۡحُرُمَٰتُ قِصَاصٞۚ فَمَنِ ٱعۡتَدَىٰ عَلَيۡكُمۡ فَٱعۡتَدُواْ عَلَيۡهِ بِمِثۡلِ مَا ٱعۡتَدَىٰ عَلَيۡكُمۡۚ وَٱتَّقُواْ ٱللَّهَ وَٱعۡلَمُوٓاْ أَنَّ ٱللَّهَ مَعَ ٱلۡمُتَّقِينَ
Құрметті ай, құрметті аймен және құрметтер долай. (Құрметті айларда соғысу не соғыспай құрметтеулер, екі жаққа бірдей). Сонда кім сендерге соқтықса, сендер де олар сендерге соқтыққандай соқтығындар және біліңдер, шәксіз Алла тақуалармен бірге
Аударма: Халифа Алтай
Тыйым салынған ай үшін тыйым салынған ай әрі тыйым салынғанға / бұзғанға / - кек қайтару бар. Сонда кім сендерге қарсы шектен шықса, оның сендер­ге қарсы шектен шыққанындай, сендер де оған қарсы шығыңдар. Әрі Аллаһтан/ Оның тыйғандарынан / қорқып, сақтаныңдар және біліңдер, Аллаһ тақуалармен / Өзінің жазасынан, қорқып, сақтанушылармен / бірге
Аударма: ҚМДБ
2:195
وَأَنفِقُواْ فِي سَبِيلِ ٱللَّهِ وَلَا تُلۡقُواْ بِأَيۡدِيكُمۡ إِلَى ٱلتَّهۡلُكَةِ وَأَحۡسِنُوٓاْۚ إِنَّ ٱللَّهَ يُحِبُّ ٱلۡمُحۡسِنِينَ
Алла жолында мал сарып қылыңдар. (Сараң қорқақ болып) өздеріңді өз қолдарыңмен хауіп- қатерге салмаңдар. Жақсылық істеңдер. Шын мәнінде Алла игілік істеушілерді жақсы көреді
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ жолында / мал-дүниелеріңді / жұмсаңдар, өздеріңді өз қолдарыңмен қауіп-қатерге салмаңдар. Әрі игілік істеңдер. Шын мәнінде, Аллаһ ықыласпен игілік істеушілерді жақсы көреді
Аударма: ҚМДБ
2:196
وَأَتِمُّواْ ٱلۡحَجَّ وَٱلۡعُمۡرَةَ لِلَّهِۚ فَإِنۡ أُحۡصِرۡتُمۡ فَمَا ٱسۡتَيۡسَرَ مِنَ ٱلۡهَدۡيِۖ وَلَا تَحۡلِقُواْ رُءُوسَكُمۡ حَتَّىٰ يَبۡلُغَ ٱلۡهَدۡيُ مَحِلَّهُۥۚ فَمَن كَانَ مِنكُم مَّرِيضًا أَوۡ بِهِۦٓ أَذٗى مِّن رَّأۡسِهِۦ فَفِدۡيَةٞ مِّن صِيَامٍ أَوۡ صَدَقَةٍ أَوۡ نُسُكٖۚ فَإِذَآ أَمِنتُمۡ فَمَن تَمَتَّعَ بِٱلۡعُمۡرَةِ إِلَى ٱلۡحَجِّ فَمَا ٱسۡتَيۡسَرَ مِنَ ٱلۡهَدۡيِۚ فَمَن لَّمۡ يَجِدۡ فَصِيَامُ ثَلَٰثَةِ أَيَّامٖ فِي ٱلۡحَجِّ وَسَبۡعَةٍ إِذَا رَجَعۡتُمۡۗ تِلۡكَ عَشَرَةٞ كَامِلَةٞۗ ذَٰلِكَ لِمَن لَّمۡ يَكُنۡ أَهۡلُهُۥ حَاضِرِي ٱلۡمَسۡجِدِ ٱلۡحَرَامِۚ وَٱتَّقُواْ ٱللَّهَ وَٱعۡلَمُوٓاْ أَنَّ ٱللَّهَ شَدِيدُ ٱلۡعِقَابِ
Хаж және ғұмраны Алла үшін толық орындаңдар. Егер (жолда) тосылсаңдар, құрбандықтан қолайсысы болады. Құрбандық орнына барғанға дейін шаштарыңды алдырмаңдар. (Құрбандық барып бауыздалғаннан кейін шаш алдырып ыхрамнан шығады). Біреу (ықрамда) науқас немесе басында бір жайсыздық болып, шаш алдырса ораза не садақа немесе құрбандықтан төлеу салады. Ал қашан амандықта болсаңдар хажға дейін ғұмрадан пайдаланса, (әуелі ғұмраны орындап, ыхрамнан шығып, хаж үшін қайта ыхрам байланса, бұны «Хаж Тәматтұғ» деп атайды). Сонда қолайлы бір құрбан шалады. Егер біреу құрбандық таба алмаса, хажда үш күн, үйге қайтып келгенде жеті күн болып, толық он күн ораза ұстайды. бұл үйі Месжід Харамның маңында болмағандар үшін. Алладан қорқындар. Негізінен Алланың қатты ғазап иесі екенін біліңдер
Аударма: Халифа Алтай
Қажылықты және ұмраны Аллаһ үшін толық орындаңдар. Егер / жолда / кедергіге тап болсаңдар, құрбандық малдан жеңілін / сойыңдар / . Союға аталған құрбандық мал сойылатын орнына жеткенше, шаштарыңды алдырмаңдар. Сендерден біреу / ихрамда / науқас немесе басына байланысты бір қиыншылық көрсе / уақытынан бұрын шашын алдырса / , соның өтемі ретінде ораза ұстауы не садақа беруі немесе мал союы керек. Ал, қашан қауіпсіздікте болып, қайсыларың ұмра жасағаннан кейін, қажылыққа дейін / ихрамнан уақытша шықса / , онда өзіне қолайлы / жеңіл / болған бір құрбандық мал / шалуы керек / . Егер таба алмаса, қажылықта үш күн, / үйіне / қайтып барған соң жеті күнораза ұстайды, / барлығы / толық он күн. Бұл / үкім / - үйлері әл-Харам маңында / аумағында / болмағандар үшін. Әрі Аллаһқа тақуалық етіңдер / Оның жазасынан қорқып, сақтаныңдар / және Аллаһтың қатты азап иесі екенін біліңдер
Аударма: ҚМДБ
2:197
ٱلۡحَجُّ أَشۡهُرٞ مَّعۡلُومَٰتٞۚ فَمَن فَرَضَ فِيهِنَّ ٱلۡحَجَّ فَلَا رَفَثَ وَلَا فُسُوقَ وَلَا جِدَالَ فِي ٱلۡحَجِّۗ وَمَا تَفۡعَلُواْ مِنۡ خَيۡرٖ يَعۡلَمۡهُ ٱللَّهُۗ وَتَزَوَّدُواْ فَإِنَّ خَيۡرَ ٱلزَّادِ ٱلتَّقۡوَىٰۖ وَٱتَّقُونِ يَـٰٓأُوْلِي ٱلۡأَلۡبَٰبِ
Хаж (шәууал, зылқағда және зылхажжаның онына дейінгі) белгілі айлар. Кім ол айларда (ыхрам байланып) міндеттенсе, хаж кезінде әйелге жақындасу, кінә істеу және жанжал жоқ. Әй ақыл иелері! Ненедей хайыр істесеңдер, Алла оны біледі. Және азық алыңдар. Негізінде азықтың жақсысы тақуалық. «Әй ақыл иелері! Менен ғана қорқыңдар.»
Аударма: Халифа Алтай
Қажылық - белгілі айлар. Кімде-кім ол айларда қажылықты орындауға міндеттенсе, онда қажылық кезінде әйеліне жақындасуға, күнә жасауға және айтысып-тартысуға бол­майды. Қандай жақсылық істесеңдер, Аллаһ оны біледі. Әрі жол азығымен қамданыңдар. Ал, жолазықтың ең жақсысы - тақуалық / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтану / . Ей, ақыл иелері, тек Менен / Менің жазамнан / қорқып, сақтаныңдар
Аударма: ҚМДБ
2:198
لَيۡسَ عَلَيۡكُمۡ جُنَاحٌ أَن تَبۡتَغُواْ فَضۡلٗا مِّن رَّبِّكُمۡۚ فَإِذَآ أَفَضۡتُم مِّنۡ عَرَفَٰتٖ فَٱذۡكُرُواْ ٱللَّهَ عِندَ ٱلۡمَشۡعَرِ ٱلۡحَرَامِۖ وَٱذۡكُرُوهُ كَمَا هَدَىٰكُمۡ وَإِن كُنتُم مِّن قَبۡلِهِۦ لَمِنَ ٱلضَّآلِّينَ
Сендерге Раббыларыңның кеңшілігін іздеулеріңнің (кәсіп істеулеріңнің) оқасы жоқ. Қашан Ғарафаттан қайтсаңдар, Машғарыл харамның қасында, Алланы еске алыңдар. Сондай-ақ Оны, сендерге нұсқағанындай еске алыңдар. Сендер бұрын азғындардан едіңдер. (Бұрын Құрайыштар дандайсып, Ғарафатқа бармай Мүзделіфеден қайтатын және Минада ата- бабаларын мақтайтын еді)
Аударма: Халифа Алтай
Раббыңыздың кеңшілігін / ризық-несібелеріңді / іздеулеріңде сендерге күнә жоқ. Қашан Арафаттан қайтқан кездеріңде Мәшғәрул Харам қасында / Мұздалифада / Аллаһты еске алыңдар. Осыдан алдын сендер адасушылардан болсаңдар да Ол сендерді тура жолға салғанындай, сендер Оны еске алыңдар
Аударма: ҚМДБ
2:199
ثُمَّ أَفِيضُواْ مِنۡ حَيۡثُ أَفَاضَ ٱلنَّاسُ وَٱسۡتَغۡفِرُواْ ٱللَّهَۚ إِنَّ ٱللَّهَ غَفُورٞ رَّحِيمٞ
Соңсоң ел қайтқан жерден қайтыңдар да Алладан жарылқау тілеңдер. Күдіксіз Алла өте жарылқаушы, ерекше мейірімді
Аударма: Халифа Алтай
Содан кейін, ел қайтқан жерден қайтып, Аллаһтан кешірім тілеңдер. Күдіксіз Аллаһ - өте Кешірімді , ерекше Мейірімді
Аударма: ҚМДБ
2:200
فَإِذَا قَضَيۡتُم مَّنَٰسِكَكُمۡ فَٱذۡكُرُواْ ٱللَّهَ كَذِكۡرِكُمۡ ءَابَآءَكُمۡ أَوۡ أَشَدَّ ذِكۡرٗاۗ فَمِنَ ٱلنَّاسِ مَن يَقُولُ رَبَّنَآ ءَاتِنَا فِي ٱلدُّنۡيَا وَمَا لَهُۥ فِي ٱلۡأٓخِرَةِ مِنۡ خَلَٰقٖ
Қашан хаж ғамалдарыңды өтесеңдер, (Минада) Алла (Т.) ны ата-бабаларыңды зікір еткендей тіпті одан да артық зікір етіңдер. Сонда адамдардан кім : «Раббымыз! Біз дүниеде ғана жақсылық бер!»,- десе оларға ақиретте несібе жоқ
Аударма: Халифа Алтай
Қашан қажылық амалдарыңды өтеп болсаңдар, Аллаһты еске алыңдар, ата-бабаларыңды еске алғандай, тіпті одан да артық. Адамдардан кейбірі:«Раббымыз! Бізге / осы! өмірде бер!» - дейді. Оларға соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / ешбір үлес жоқ
Аударма: ҚМДБ
2:201
وَمِنۡهُم مَّن يَقُولُ رَبَّنَآ ءَاتِنَا فِي ٱلدُّنۡيَا حَسَنَةٗ وَفِي ٱلۡأٓخِرَةِ حَسَنَةٗ وَقِنَا عَذَابَ ٱلنَّارِ
Және олардан кім: «Раббымыз! Бізге дүниеде де жақсылық бер әрі ахиретте де жақсылық бер. Және тозақ отының азабынан сақта!»,- дейді
Аударма: Халифа Алтай
Сондай-ақ олардың кейбірі: «Раббы­мыз! Бізге осы өмірде игілік бер әрі соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / игілік бер және бізді От азабынан сақта!» - дейді
Аударма: ҚМДБ
2:202
أُوْلَـٰٓئِكَ لَهُمۡ نَصِيبٞ مِّمَّا كَسَبُواْۚ وَٱللَّهُ سَرِيعُ ٱلۡحِسَابِ
Міне олар үшін ғамалдарынан үлес бар. Алла (Т.) есепті тезінен көруші
Аударма: Халифа Алтай
Міне, олар үшін тапқандарынан / істеген амалдарынан / үлес бар. Аллаһ - есеп алуда өте жылдам
Аударма: ҚМДБ
2:203
۞وَٱذۡكُرُواْ ٱللَّهَ فِيٓ أَيَّامٖ مَّعۡدُودَٰتٖۚ فَمَن تَعَجَّلَ فِي يَوۡمَيۡنِ فَلَآ إِثۡمَ عَلَيۡهِ وَمَن تَأَخَّرَ فَلَآ إِثۡمَ عَلَيۡهِۖ لِمَنِ ٱتَّقَىٰۗ وَٱتَّقُواْ ٱللَّهَ وَٱعۡلَمُوٓاْ أَنَّكُمۡ إِلَيۡهِ تُحۡشَرُونَ
Санаулы күнде Алланы зікір етіңдер. Сонда кінәдан сақтанған кісіге, (Минадағы ғибадатты) асығып екі күнде бітірсе оқасы жоқ. Біреу кешіксе де кінә жоқ. Алладан қорқыңдар әрі негізінде Аллаға қайтарылатындықтарыңды біліңдер. (Мүшріктерден Шарқ Ұлы Ахнас Мұхаммед Ғ.С. ға келіп әдемі сөздермен Мұсылман болғанын айтып, шыға бере Мұсылмандардың егіндерін өртеп, малдарын өлтірген екен)
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһты санаулы күндерде еске алыңдар, кім асықса / Минадағы құлшылықтарды / екі күн ішінде / аяқтауында / оған ешбір күнә жоқ. Ал кім қалса / үшінші күнді аяқтаса / , оған да күнә жоқ. Бұл - тақуалық етушілер / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанушылар / үшін. Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар әрі Оған жиналатындарыңды біліңдер
Аударма: ҚМДБ
2:204
وَمِنَ ٱلنَّاسِ مَن يُعۡجِبُكَ قَوۡلُهُۥ فِي ٱلۡحَيَوٰةِ ٱلدُّنۡيَا وَيُشۡهِدُ ٱللَّهَ عَلَىٰ مَا فِي قَلۡبِهِۦ وَهُوَ أَلَدُّ ٱلۡخِصَامِ
(Мұхаммед Ғ.С.) адамдардан кейбіреулерінің дүние тіршілігіндегі сөзі өзіңді таңырқатады да Алланы жүрегіндегісіне айғақ қылады. Ол өте сотқар қаскүнем
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Адамдардың арасында бұл өмірде сөзі сені таңқалдыратын әрі жүрегіндегіге Аллаһты куә ететін бар. Әрі өзі айтыс-тартыста қайтпайтын бірбеткей
Аударма: ҚМДБ
2:205
وَإِذَا تَوَلَّىٰ سَعَىٰ فِي ٱلۡأَرۡضِ لِيُفۡسِدَ فِيهَا وَيُهۡلِكَ ٱلۡحَرۡثَ وَٱلنَّسۡلَۚ وَٱللَّهُ لَا يُحِبُّ ٱلۡفَسَادَ
Қашан беті бұрылса, жер жүзінде сотқарлық істеуге сондай-ақ егінді, малды жоқ етуге тырысады. Алла жауыздықты жақсы көрмейді
Аударма: Халифа Алтай
Ал, қашан ол / қасыңнан / кетсе, жер бетін бүлдіруге, егін мен ұрпақты құртуға әрекет етеді. Ал, Аллаһ бұзу-бүлдірушілікті жақсы көрмейді
Аударма: ҚМДБ
2:206
وَإِذَا قِيلَ لَهُ ٱتَّقِ ٱللَّهَ أَخَذَتۡهُ ٱلۡعِزَّةُ بِٱلۡإِثۡمِۚ فَحَسۡبُهُۥ جَهَنَّمُۖ وَلَبِئۡسَ ٱلۡمِهَادُ
Ал қашан оған: «Алладан қорық!»,- делінсе, оның паңдығы ұстап, өзін күнәкар етеді. Оған тозақ жетеді, нендей жаман орын
Аударма: Халифа Алтай
Ал, қашан оған: «Аллаһтан қорық!»деп айтылса, оның менменсіп үстемсінуі оны күнәларға итермелейді. Оған Жаһаннам жеткілікті. Ол - қандай жаман орын
Аударма: ҚМДБ
2:207
وَمِنَ ٱلنَّاسِ مَن يَشۡرِي نَفۡسَهُ ٱبۡتِغَآءَ مَرۡضَاتِ ٱللَّهِۚ وَٱللَّهُ رَءُوفُۢ بِٱلۡعِبَادِ
Адамдардан Алланың ризалығын іздеп жанын сататындар да бар. Алла (Т.) құлдарына тым жұмсақ
Аударма: Халифа Алтай
Адамдардың арасында Аллаһтың ризалығын іздеп, жанын сататындар да бар. Аллаһ - құлдарына өте Мейірбан
Аударма: ҚМДБ
2:208
يَـٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ ٱدۡخُلُواْ فِي ٱلسِّلۡمِ كَآفَّةٗ وَلَا تَتَّبِعُواْ خُطُوَٰتِ ٱلشَّيۡطَٰنِۚ إِنَّهُۥ لَكُمۡ عَدُوّٞ مُّبِينٞ
Әй мүміндер! Исламға бүтіндей кіріңдер. Шайтанның ізіне ермеңдер. өйткені ол, сендерге ашық дұшпан
Аударма: Халифа Алтай
Ей, иманға келгендер! Исламға бүтіндей, толық кіріндер және шайтанның ізіне ермеңдер. Анығында, ол - сендерге анық дұшпан
Аударма: ҚМДБ
2:209
فَإِن زَلَلۡتُم مِّنۢ بَعۡدِ مَا جَآءَتۡكُمُ ٱلۡبَيِّنَٰتُ فَٱعۡلَمُوٓاْ أَنَّ ٱللَّهَ عَزِيزٌ حَكِيمٌ
Сендерге ашық дәлелдер келгеннен кейін жолдан тайсаңдар, біліңдер Алла тым үстем, хикмет иесі
Аударма: Халифа Алтай
Ал, егер сендер анық дәлелдер келгеннен кейін / тура жолдан / тайсаңдар, Аллаһтың бәрінен Үстем , аса Дана екенін біліңдер
Аударма: ҚМДБ
2:210
هَلۡ يَنظُرُونَ إِلَّآ أَن يَأۡتِيَهُمُ ٱللَّهُ فِي ظُلَلٖ مِّنَ ٱلۡغَمَامِ وَٱلۡمَلَـٰٓئِكَةُ وَقُضِيَ ٱلۡأَمۡرُۚ وَإِلَى ٱللَّهِ تُرۡجَعُ ٱلۡأُمُورُ
Олар (Исламға толық кірмегендер), бұлттың көлеңкесінде Алла және періштелер келіп, істің бітіп кетуін ғана күте ме? Істер Аллаға қайтады
Аударма: Халифа Алтай
Олар бұлттардың көлеңкесінде Аллаһтың келуін күте ме және періштелердің әрі істің шешілуін? Ал істер Аллаһқа қайтарылады
Аударма: ҚМДБ
2:211
سَلۡ بَنِيٓ إِسۡرَـٰٓءِيلَ كَمۡ ءَاتَيۡنَٰهُم مِّنۡ ءَايَةِۭ بَيِّنَةٖۗ وَمَن يُبَدِّلۡ نِعۡمَةَ ٱللَّهِ مِنۢ بَعۡدِ مَا جَآءَتۡهُ فَإِنَّ ٱللَّهَ شَدِيدُ ٱلۡعِقَابِ
(Мұхаммед Ғ.С.) Израил ұрпақтарынан сұра. Оларға қаншалаған ашық мұғжизалар келтірдік. Кім өзіне Алланың нығметі келгеннен кейін өзгертсе, күдіксіз Алла қатты азап иесі
Аударма: Халифа Алтай
Исраил ұрпақтарынан, оларға қаншама анық белгілер келтіргенімізді сұра. Ал, кім Аллаһтың игілігін өзіне келгеннен кейін өзгертсе, күмәнсіз, Аллаһ жазалауда өте қатал
Аударма: ҚМДБ
2:212
زُيِّنَ لِلَّذِينَ كَفَرُواْ ٱلۡحَيَوٰةُ ٱلدُّنۡيَا وَيَسۡخَرُونَ مِنَ ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْۘ وَٱلَّذِينَ ٱتَّقَوۡاْ فَوۡقَهُمۡ يَوۡمَ ٱلۡقِيَٰمَةِۗ وَٱللَّهُ يَرۡزُقُ مَن يَشَآءُ بِغَيۡرِ حِسَابٖ
Сондай кәпір болғандарға дүние тіршілігі әдемі көрінді де Мұсылмандарды тәлкек қылады. Негізінде тақуалар қиямет күнінде олардан үстем болады. Және Алла қалағанын есепсіз ризыққа бөлейді
Аударма: Халифа Алтай
Күпірлік етушілерге / Аллаһқа қарсыкелушілерге / бұл өмір көркем етіп көрсетілді және олар иманға келгендерді келеке қылады. Алайда, тақуа болғандар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанғандар / Қайта тірілу күні олардан жоғары болады. Аллаһ қалағанына өлшеусіз ризық береді
Аударма: ҚМДБ
2:213
كَانَ ٱلنَّاسُ أُمَّةٗ وَٰحِدَةٗ فَبَعَثَ ٱللَّهُ ٱلنَّبِيِّـۧنَ مُبَشِّرِينَ وَمُنذِرِينَ وَأَنزَلَ مَعَهُمُ ٱلۡكِتَٰبَ بِٱلۡحَقِّ لِيَحۡكُمَ بَيۡنَ ٱلنَّاسِ فِيمَا ٱخۡتَلَفُواْ فِيهِۚ وَمَا ٱخۡتَلَفَ فِيهِ إِلَّا ٱلَّذِينَ أُوتُوهُ مِنۢ بَعۡدِ مَا جَآءَتۡهُمُ ٱلۡبَيِّنَٰتُ بَغۡيَۢا بَيۡنَهُمۡۖ فَهَدَى ٱللَّهُ ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ لِمَا ٱخۡتَلَفُواْ فِيهِ مِنَ ٱلۡحَقِّ بِإِذۡنِهِۦۗ وَٱللَّهُ يَهۡدِي مَن يَشَآءُ إِلَىٰ صِرَٰطٖ مُّسۡتَقِيمٍ
Адам баласы бір-ақ үммет еді. Сонда Алла қуандырушы, қорқытушы пайғамбарлар жіберді. Адамдардың араларындағы талас нәрселерге үкім ету үшін олармен бірге хақ Кітап жіберді. Сол кітап берілгенлер, ашық дәлел келгеннен кейін араларындағы кекшілдіктен ғана қайшылыққа түсті. Сонда Алла иман келтіргендерді, олар тартысқан шындыққа өз ұйғаруымен жеткізді. Алла қалағанын даңғыл жолға салады
Аударма: Халифа Алтай
Адамдар бір ғана үммет болған еді. Аллаһ адамдардың қайшылыққа түскен нәрселеріне қатысты үкім ету үшін қуанышты хабар жеткізуші және ескертуші ретінде пайғамбарларды жіберді әрі олармен бірге ақиқатпен Кітап түсірді. Негізінде, өздеріне анық дәлелдер келгеннен кейін, Кітап берілгендер әділетсіздіктері себебінен өзара қарама-қайшылыққа түсті. Сонда Аллаһ иманға келгендерді, қайшылыққа түскен нәрселеріне байланысты Өз қалауымен ақиқатқа жеткізді. Әрі Аллаһ Өзі қалағанды тура жолмен жүргізеді
Аударма: ҚМДБ
2:214
أَمۡ حَسِبۡتُمۡ أَن تَدۡخُلُواْ ٱلۡجَنَّةَ وَلَمَّا يَأۡتِكُم مَّثَلُ ٱلَّذِينَ خَلَوۡاْ مِن قَبۡلِكُمۖ مَّسَّتۡهُمُ ٱلۡبَأۡسَآءُ وَٱلضَّرَّآءُ وَزُلۡزِلُواْ حَتَّىٰ يَقُولَ ٱلرَّسُولُ وَٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ مَعَهُۥ مَتَىٰ نَصۡرُ ٱللَّهِۗ أَلَآ إِنَّ نَصۡرَ ٱللَّهِ قَرِيبٞ
(Мұсылмандар!) Сендерге бұрыңғы өткендердің басына келген сияқты (жағдай) келмей жаннатқа кірулеріңді ойладыңдар ма? Оларға, ашаршылық, ауыру- науқас келді. Сондай-ақ Пайғамбар және онымен бірге иман келтіргендер: «Бізге Алланың жәрдемі қашан болар екен?»,- дегенге дейін (қиыншылықта) тербетілді. Естеріңде болсын. Негізінен Алланың жәрдемі жақын
Аударма: Халифа Алтай
Ей, мұсылмандар! / Сендерден бұрын өткендерге келген секілді жағдайлар өздеріңе келмей тұрып, жәннатқа кіруді ойладыңдар ма? Оларға таршылық және пәлекеттер тиді әрі Елші және онымен бірге иманға келгендер «Аллаһтың жәрдемі қашан болады» деп айтқанға дейін олар шайқатылды. Біліңдер! Анығында, Аллаһтың жәрдемі жақын
Аударма: ҚМДБ
2:215
يَسۡـَٔلُونَكَ مَاذَا يُنفِقُونَۖ قُلۡ مَآ أَنفَقۡتُم مِّنۡ خَيۡرٖ فَلِلۡوَٰلِدَيۡنِ وَٱلۡأَقۡرَبِينَ وَٱلۡيَتَٰمَىٰ وَٱلۡمَسَٰكِينِ وَٱبۡنِ ٱلسَّبِيلِۗ وَمَا تَفۡعَلُواْ مِنۡ خَيۡرٖ فَإِنَّ ٱللَّهَ بِهِۦ عَلِيمٞ
(Мұхаммед Ғ.С.) олар сенен Алла жолында не беретіндіктерін сұрайды. «Нендей хайыр сарып қылсаңдар; Әке-шеше, жақындар, жетімдер, міскіндер және жолда қалғандар үшін. Хайырдан не істесеңдер, күдіксіз Алла оны біледі» де
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Олар сенен не жұмсауға болатынын сұрайды. Айт: «Жақсылықтан нені жұмсасаңдар - ата-анаға, жақындарға, жетімдерге, кедейлерге және жолда қалғанға жұмсаңдар. Қандай қайырлы іс істесеңдер де әлбетте, Аллаһ - оны Білуші», -деп
Аударма: ҚМДБ
2:216
كُتِبَ عَلَيۡكُمُ ٱلۡقِتَالُ وَهُوَ كُرۡهٞ لَّكُمۡۖ وَعَسَىٰٓ أَن تَكۡرَهُواْ شَيۡـٔٗا وَهُوَ خَيۡرٞ لَّكُمۡۖ وَعَسَىٰٓ أَن تُحِبُّواْ شَيۡـٔٗا وَهُوَ شَرّٞ لَّكُمۡۚ وَٱللَّهُ يَعۡلَمُ وَأَنتُمۡ لَا تَعۡلَمُونَ
(Әй мүміндер!) Сендерге сүйкімсіз болса да соғыс парыз қылынды. Бір жек көрген нәрселеріңнің сендер үшін хайырлы болуы мүмкін. Және жақсы көрген нәрселеріңнің сендерге жаман болуы да мүмкін. Алла (Т.) біледі, сендер білмейсіңдер. (Бәдір соғысынан бұрын жіберілген бір шалғыншы кәпірлермен қақтығысып қалған күні кешінде Режеп айы көрініп қалады)
Аударма: Халифа Алтай
Сендерге жағымсыз болса да соғыс парыз етілді. Сендер бір нәрсені ұнатпағанмен, ол сендер үшін қайырлы болуы мүмкін. Ал сендер бір нәрсені жақсы көргенмен, ол сендер үшін жамандық болуы мүмкін. Аллаһ біледі, сендер білмейсіңдер
Аударма: ҚМДБ
2:217
يَسۡـَٔلُونَكَ عَنِ ٱلشَّهۡرِ ٱلۡحَرَامِ قِتَالٖ فِيهِۖ قُلۡ قِتَالٞ فِيهِ كَبِيرٞۚ وَصَدٌّ عَن سَبِيلِ ٱللَّهِ وَكُفۡرُۢ بِهِۦ وَٱلۡمَسۡجِدِ ٱلۡحَرَامِ وَإِخۡرَاجُ أَهۡلِهِۦ مِنۡهُ أَكۡبَرُ عِندَ ٱللَّهِۚ وَٱلۡفِتۡنَةُ أَكۡبَرُ مِنَ ٱلۡقَتۡلِۗ وَلَا يَزَالُونَ يُقَٰتِلُونَكُمۡ حَتَّىٰ يَرُدُّوكُمۡ عَن دِينِكُمۡ إِنِ ٱسۡتَطَٰعُواْۚ وَمَن يَرۡتَدِدۡ مِنكُمۡ عَن دِينِهِۦ فَيَمُتۡ وَهُوَ كَافِرٞ فَأُوْلَـٰٓئِكَ حَبِطَتۡ أَعۡمَٰلُهُمۡ فِي ٱلدُّنۡيَا وَٱلۡأٓخِرَةِۖ وَأُوْلَـٰٓئِكَ أَصۡحَٰبُ ٱلنَّارِۖ هُمۡ فِيهَا خَٰلِدُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.) олар сенен құрметті айда соғысудан сұрайды. Оларға: «Ол айда соғысу зор кінә. Дегенмен, Алланың жолынан тию, Оған қарсы келу, Месжід Харамнан тыю және оның тұрғындарын шығару Алла (Т.) ның қасында тағы зор күнә» де. Сондай-ақ жауыздық, кісі өлтіруден де зор. Егер олардың шамалары келсе, сендерді діңдеріңнен қайтарғанға дейін өздеріңмен соғысуды үзбейді. Сендерден кім діннен қайтып, ол кәпір күйінде өлсе, олардың ғамалдары дүние, ахиретте де жойылып және олар тозақтық болып, олар онда мәңгі қалады
Аударма: Халифа Алтай
Олар сенен тыйым салынған ай, ондағы / ол айдағы / соғыс жайлы сұрайды. Оларға: «Ол айда соғысу - үлкен / қылмыс / . Ал, Аллаһтың жолынан қайтару және Оған күпірлік ету / Аллаһтың бірлігін теріске шығару / , сондай-ақ әл-Харам мешітінен / тосу / және оның тұрғындарын одан шығару - Аллаһтың алдында одан да үлкен / қылмыс / . Бүлік / фитна / - / кісі / өлтіруден де үлкен»,- деп. Олар шамалары келсе, діндеріңнен қайтарғанға дейін сендермен соғысуын тоқтатпайды. Сендерден кім дінінен қайтса және кәпір күйде өлсе, міне, солардың амалдары осы өмірде және соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / зая кетеді әрі олар - Отта / тозақта / болатындар. Олар - онда мәңгі қалушы
Аударма: ҚМДБ
2:218
إِنَّ ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَٱلَّذِينَ هَاجَرُواْ وَجَٰهَدُواْ فِي سَبِيلِ ٱللَّهِ أُوْلَـٰٓئِكَ يَرۡجُونَ رَحۡمَتَ ٱللَّهِۚ وَٱللَّهُ غَفُورٞ رَّحِيمٞ
Шынайы иман келтіргендер, ауа көшкендер және Алла жолында соғысқандар міне солар, Алланың рахметің үміт етеді. Алла аса жарылқаушы, ерекше мейірімді
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, иманға келгендер, қоныс аударғандар және Аллаһ жолында күрескендер - міне, солар Аллаһтың мейірімін үміт етеді. Аллаһ - өте Кешірімді , ерекше Мейірімді
Аударма: ҚМДБ
2:219
۞يَسۡـَٔلُونَكَ عَنِ ٱلۡخَمۡرِ وَٱلۡمَيۡسِرِۖ قُلۡ فِيهِمَآ إِثۡمٞ كَبِيرٞ وَمَنَٰفِعُ لِلنَّاسِ وَإِثۡمُهُمَآ أَكۡبَرُ مِن نَّفۡعِهِمَاۗ وَيَسۡـَٔلُونَكَ مَاذَا يُنفِقُونَۖ قُلِ ٱلۡعَفۡوَۗ كَذَٰلِكَ يُبَيِّنُ ٱللَّهُ لَكُمُ ٱلۡأٓيَٰتِ لَعَلَّكُمۡ تَتَفَكَّرُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.) олар сенен арақтан, құмардан сұрайды. Оларға: «Екеуінде де зор күнә бар. Адамға пайдасы бола тұра, пайдасынан көрі күнәсы зорырақ» де. Ал және сенен: «Алла жолында не беретіндіктерін» сұрайды. «Артығы беріледі» де. Алла (Т.) сендер түсінер деп аяттарын өстіп баян етеді
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Олар сенен мас қылушы ішімдік / хамр / және кұмар туралы сұрайды. Айт: «Ол екеуінде де үлкен күнә және адамдар үшін пайда бар. Бірақ екеуінің күнәсі пайдасынан үлкен», - деп. Әрі олар сенен / Аллаһ жолында / не жұмсауға болатынын сұрайды. Айт: «Артылғанын» / өз қажеттеріңнен артығын / - деп. Аллаһ ойлануларың үшін сендерге аяттарды осылай түсіндіреді
Аударма: ҚМДБ
2:220
فِي ٱلدُّنۡيَا وَٱلۡأٓخِرَةِۗ وَيَسۡـَٔلُونَكَ عَنِ ٱلۡيَتَٰمَىٰۖ قُلۡ إِصۡلَاحٞ لَّهُمۡ خَيۡرٞۖ وَإِن تُخَالِطُوهُمۡ فَإِخۡوَٰنُكُمۡۚ وَٱللَّهُ يَعۡلَمُ ٱلۡمُفۡسِدَ مِنَ ٱلۡمُصۡلِحِۚ وَلَوۡ شَآءَ ٱللَّهُ لَأَعۡنَتَكُمۡۚ إِنَّ ٱللَّهَ عَزِيزٌ حَكِيمٞ
(Бұл аят бойынша, арақ пен құмардың зор күнә екендігі, сондай-ақ пайдасынан күнәсы зор екендігі білдіріліп, мас халінде намазға жақындамау нұсқала отырып, «нәжіс» делініп кесімді түрде тыйым салынған) (Дүние ақиретте ойланыңдар….) (Мұхаммед Ғ.С.) олар сенен жетімдердің жайынан сұрайды. Оларға: «Жетімдерді түзету жақсы. Тіпті оларды қосып алсаңдар, сонда олар туыстарың. (Бөтендігі жоқ) Алла (Т.) бұзушыны, түзеушіден айырып біледі. Алла қаласа, әлбетте сендерді зорлар еді » де. Шын мәніде Алла өте үстем, хикмет иесі
Аударма: Халифа Алтай
бұл өмір және соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / туралы. Олар сенен жетімдер туралы сұрайды. Айт: «Оларға ізгілік ету - қайырлы. Егер олармен аралассаңдар, олар сендердің бауырларың. Аллаһ бұзушыны түзетушіден / айыра / біледі. Егер де Аллаһ қалағанда сендерді қиындыққа ұшырататын еді», - деп. Ақиқатында, Аллаһ - бәрінен Үстем, өте Дана
Аударма: ҚМДБ
2:221
وَلَا تَنكِحُواْ ٱلۡمُشۡرِكَٰتِ حَتَّىٰ يُؤۡمِنَّۚ وَلَأَمَةٞ مُّؤۡمِنَةٌ خَيۡرٞ مِّن مُّشۡرِكَةٖ وَلَوۡ أَعۡجَبَتۡكُمۡۗ وَلَا تُنكِحُواْ ٱلۡمُشۡرِكِينَ حَتَّىٰ يُؤۡمِنُواْۚ وَلَعَبۡدٞ مُّؤۡمِنٌ خَيۡرٞ مِّن مُّشۡرِكٖ وَلَوۡ أَعۡجَبَكُمۡۗ أُوْلَـٰٓئِكَ يَدۡعُونَ إِلَى ٱلنَّارِۖ وَٱللَّهُ يَدۡعُوٓاْ إِلَى ٱلۡجَنَّةِ وَٱلۡمَغۡفِرَةِ بِإِذۡنِهِۦۖ وَيُبَيِّنُ ءَايَٰتِهِۦ لِلنَّاسِ لَعَلَّهُمۡ يَتَذَكَّرُونَ
Мүшрік қатындармен олар иман келтіргенге дейін үйлеңбендер. Азат мүшрік қатыннан мүмін күң артық. Егер сендерді қызықтырса да. Және иман келтіргенге дейін, мүшрік ерге мүмін әйелдерді де үйлеңдірмендер. Егер олар сендерді қызықтырса да. Мүшрік азат ерден мүмін құл артық. Олар, тозаққа шақырады да, Алла өз ұйғаруымен жаннатқа шақырады. Сондай-ақ адамдар үгіт алсын деп, аяттарын баян етеді
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһқа серік қосушы / мүшрік / әйелдерге, олар иманға келгенге дейін үйленбеңдер. Ақиқатында, серік қосушы / азат / әйелден - тіпті, ол өздеріңе ұнап тұрса да, - иманға келген күң қайырлы. Сондай-ақ, иманға келгенге дейін мүшріктерге / Аллаһқа серік қосушыларға / Мұсылман әйелдерді тұрмысқа бермеңдер. Сөзсіз, серік қосушыдан - ол сендерге ұнаса да, - иманды / мүмін / құл қайырлы. Олар / Аллаһқа серік қосушылар / Отқа / тозаққа / шақырады. Ал, Аллаһ Өз рұқсатымен жәннатқа және кешірімге шақырады. Әрі Ол аяттарын адамдарға, олар еске алулары үшін түсіндіреді
Аударма: ҚМДБ
2:222
وَيَسۡـَٔلُونَكَ عَنِ ٱلۡمَحِيضِۖ قُلۡ هُوَ أَذٗى فَٱعۡتَزِلُواْ ٱلنِّسَآءَ فِي ٱلۡمَحِيضِ وَلَا تَقۡرَبُوهُنَّ حَتَّىٰ يَطۡهُرۡنَۖ فَإِذَا تَطَهَّرۡنَ فَأۡتُوهُنَّ مِنۡ حَيۡثُ أَمَرَكُمُ ٱللَّهُۚ إِنَّ ٱللَّهَ يُحِبُّ ٱلتَّوَّـٰبِينَ وَيُحِبُّ ٱلۡمُتَطَهِّرِينَ
(Мұхаммед Ғ.С.) олар сенен етеккір жайынан сұрайды. Оларға: «Ол жиренішті нәрсе, етеккір кезінде әйелдерден аулақ болыңдар. Оларға тазарғанға дейін жақындаспаңдар. Қашан олар нақ тазарса, оларға Алланың өздеріңе бұйырған жерінен жақындасыңдар» де. Шәксіз Алла тәубе етушілерді жақсы көреді әрі таза болушыларды да жақсы көреді
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Әрі Олар сенен етеккір / хайыз / туралы сұрайды. Айт: «Ол жайсыздық, сондықтан етеккір кезінде әйелдерден / олармен қосылудан / шеттеңдер әрі оларға тазарғандарына дейін жақындаспаңдар. Қашан олар тазарса, оларға Аллаһ өздеріңе бұйырғанындай келіңдер», - деп. Анығында, Аллаһ істеген күнәсіне шынайы өкініп, Өзіне бойсұнуға қайтушыларды / тәубе етушілерді / жақсы көреді әрі тазарушыларды жақсы көреді
Аударма: ҚМДБ
2:223
نِسَآؤُكُمۡ حَرۡثٞ لَّكُمۡ فَأۡتُواْ حَرۡثَكُمۡ أَنَّىٰ شِئۡتُمۡۖ وَقَدِّمُواْ لِأَنفُسِكُمۡۚ وَٱتَّقُواْ ٱللَّهَ وَٱعۡلَمُوٓاْ أَنَّكُم مُّلَٰقُوهُۗ وَبَشِّرِ ٱلۡمُؤۡمِنِينَ
Өйткені әйелдерің егіндіктерің. Егіндіктеріңе қалай қаласаңдар келіңдер. Алдын ала өздерің үшін қамдаңындар. Сондай-ақ Алладан қорқыңдар да негізінен Аллаға қауышатындықтарыңды біліңдер. (Мұхаммед Ғ.С.) мүміндерді қуандыр
Аударма: Халифа Алтай
Әйелдерің - сендер үшін егіндіктерің. Егіндіктеріңе өздерің қалаған түрде келіңдер.Өздерің үшін / жақсылық / әзірлеңдер және тақуалық етіңдер / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтаныңдар / әріОған кездесетіндеріңді біліңдер. Имандыларды / мүміндерді / сүйіншіле
Аударма: ҚМДБ
2:224
وَلَا تَجۡعَلُواْ ٱللَّهَ عُرۡضَةٗ لِّأَيۡمَٰنِكُمۡ أَن تَبَرُّواْ وَتَتَّقُواْ وَتُصۡلِحُواْ بَيۡنَ ٱلنَّاسِۚ وَٱللَّهُ سَمِيعٌ عَلِيمٞ
Алла деген анттарыңды жақсылық істемеулеріңе, сақсынбауларыңа және адамдардың арасын жарастырмауларыңа бөгетқылмаңдар. (Алланың атымен бұндай ант етпеу, етілген жағдайда кәферат беріп бұзу керек. Алла (Т.) әр нәрсені естуші, білуші
Аударма: Халифа Алтай
Игілік істеулеріне, тақуалық етулеріңе / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтануларыңа / және адамдардың арасын жарастыруларың үшін / берген / анттарыңа – Аллаһты кедергі қылмандар. Аллаһ – барлық нәрсені Естуші , бәрін Білуші
Аударма: ҚМДБ
2:225
لَّا يُؤَاخِذُكُمُ ٱللَّهُ بِٱللَّغۡوِ فِيٓ أَيۡمَٰنِكُمۡ وَلَٰكِن يُؤَاخِذُكُم بِمَا كَسَبَتۡ قُلُوبُكُمۡۗ وَٱللَّهُ غَفُورٌ حَلِيمٞ
Алла анттарыңды бос сөзді тергемейді. Алайда жүректерің істегенді есепке алады. (Ойламай ауызша еткен ант есеп емес.) Алла аса жарылқаушы, ерекше жұмсақ
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ сендерді / сөздеріңдегі / бос анттарың үшін жазаламайды. Алайда, сендерді жүректерің бекітіп, істегені үшін жазалайды. Аллаһ – өте Кешірімді, аса Ұстамды
Аударма: ҚМДБ
2:226
لِّلَّذِينَ يُؤۡلُونَ مِن نِّسَآئِهِمۡ تَرَبُّصُ أَرۡبَعَةِ أَشۡهُرٖۖ فَإِن فَآءُو فَإِنَّ ٱللَّهَ غَفُورٞ رَّحِيمٞ
Әйеліне жақындаспауға ант еткендер, төрт ай күтеді. (Егер төрт ай ішінде кәппарат төлеп) анттарын бұзса, шәксіз Алла (Т.) аса жарылқаушы, ерекше мейірімді
Аударма: Халифа Алтай
Әйелдерімен жақындаспауға ант бергендер, төрт ай күту керек. Ал, егер олар / антынан / қайтса, анығында, Аллаһ – өте Кешірімді, ерекше Мейірімді
Аударма: ҚМДБ
2:227
وَإِنۡ عَزَمُواْ ٱلطَّلَٰقَ فَإِنَّ ٱللَّهَ سَمِيعٌ عَلِيمٞ
Егер олар талақ ниет етсе, (төрт айға дейін антын бұзбаса, талақ болады) Расында Алла әр нәрсені естуші, білуші
Аударма: Халифа Алтай
Әрі, егер олар талақ беруге шешім қабылдаса, әлбетте, Аллаһ – әрбір нәрсені Естуші, бәрін Білуші
Аударма: ҚМДБ
2:228
وَٱلۡمُطَلَّقَٰتُ يَتَرَبَّصۡنَ بِأَنفُسِهِنَّ ثَلَٰثَةَ قُرُوٓءٖۚ وَلَا يَحِلُّ لَهُنَّ أَن يَكۡتُمۡنَ مَا خَلَقَ ٱللَّهُ فِيٓ أَرۡحَامِهِنَّ إِن كُنَّ يُؤۡمِنَّ بِٱللَّهِ وَٱلۡيَوۡمِ ٱلۡأٓخِرِۚ وَبُعُولَتُهُنَّ أَحَقُّ بِرَدِّهِنَّ فِي ذَٰلِكَ إِنۡ أَرَادُوٓاْ إِصۡلَٰحٗاۚ وَلَهُنَّ مِثۡلُ ٱلَّذِي عَلَيۡهِنَّ بِٱلۡمَعۡرُوفِۚ وَلِلرِّجَالِ عَلَيۡهِنَّ دَرَجَةٞۗ وَٱللَّهُ عَزِيزٌ حَكِيمٌ
Талақ болған әйелдер, үш етеккір мерзімі күтеді. Оларға жатырларындағы Алланың жаратқанын жасырулары дұрыс емес. Егер олар Аллаға, ақирет күніне сенетін болса, бұл жерде егер жарасуды қаласа, әйелдерін қайта алуға өз ерлері лайығырақ. Ерлердің әйелдердегі хақтары сияқты, әйелдердің де ерлерде белгілі хақтары бар. Әйелдерден көрі ерлердің дәрежесі артық. Алла (Т.) өте ұстам, хикмет иесі
Аударма: Халифа Алтай
Ал, талақ етілген әйелдер, үш / етеккір / мерзімі өткенше күтеді. Егер олар / әйелдер/ Аллаһқа және Ақирет күніне сенсе, оларға құрсақтарында Аллаһ пайда қайтарып алуға құқылы, егер олар жарасуды қаласа. Әрі құпталғанға сай олардың міндеттері секілді, тиісті хақтары да бар. Ал, ерлері олардан бір дәреже жоғары. Аллаһ - бәрінен Үстем , аса Дана
Аударма: ҚМДБ
2:229
ٱلطَّلَٰقُ مَرَّتَانِۖ فَإِمۡسَاكُۢ بِمَعۡرُوفٍ أَوۡ تَسۡرِيحُۢ بِإِحۡسَٰنٖۗ وَلَا يَحِلُّ لَكُمۡ أَن تَأۡخُذُواْ مِمَّآ ءَاتَيۡتُمُوهُنَّ شَيۡـًٔا إِلَّآ أَن يَخَافَآ أَلَّا يُقِيمَا حُدُودَ ٱللَّهِۖ فَإِنۡ خِفۡتُمۡ أَلَّا يُقِيمَا حُدُودَ ٱللَّهِ فَلَا جُنَاحَ عَلَيۡهِمَا فِيمَا ٱفۡتَدَتۡ بِهِۦۗ تِلۡكَ حُدُودُ ٱللَّهِ فَلَا تَعۡتَدُوهَاۚ وَمَن يَتَعَدَّ حُدُودَ ٱللَّهِ فَأُوْلَـٰٓئِكَ هُمُ ٱلظَّـٰلِمُونَ
Талақ екі рет. Сонда не туралықпенұстау немесе жақсылықпен ажырасу керек. (Қайталай беру дұрыс емес. ) Оларға бергендеріңнен еш нәрсе алуларың халал емес. Бірақ екеуі де Алланың шегін орындай алмаудан (бірге жасай алмаудан) қорықса және сендер де екеуінің Алланың шегін орындай алмауынан қауіп қылсаңдар, ол уақытта әйелдің, еріне бодау беруінде екеуіне де күнә жоқ. Міне осы Алланың шегі, сонда одан өтпеңдер. Ал кім Алланың шегінен өтсе, міне солар залымдар
Аударма: Халифа Алтай
Талақ екі рет. Содан кейін / әйелдерді / құпталғанға сай ұстау немесе жақсылықпен жіберу / міндет / . Әрі оларға мәһрге сыйлап, бергендеріңнен бір нәрсе алуларыңа рұқсат етілмейді. Бірақ, екеуі Аллаһтың тыйымдарын орындай алмаудан қауіптенсе - ол басқа. Ал, егер екеуінің Аллаһтың тыйымдарын / бір-біріне қатысты міндеттерін / орындай алмауынан қорықсаңдар, / әйелдің мәһрді / қайтарып беруінде екеуіне де күнә жоқ. Міне, осы - Аллаһтың тыйым салғандары, одан шықпаңдар. Ал, кім Аллаһтың тыйымдарынан шығатын болса, міне, солар нағыз әділетсіздер
Аударма: ҚМДБ
2:230
فَإِن طَلَّقَهَا فَلَا تَحِلُّ لَهُۥ مِنۢ بَعۡدُ حَتَّىٰ تَنكِحَ زَوۡجًا غَيۡرَهُۥۗ فَإِن طَلَّقَهَا فَلَا جُنَاحَ عَلَيۡهِمَآ أَن يَتَرَاجَعَآ إِن ظَنَّآ أَن يُقِيمَا حُدُودَ ٱللَّهِۗ وَتِلۡكَ حُدُودُ ٱللَّهِ يُبَيِّنُهَا لِقَوۡمٖ يَعۡلَمُونَ
(Екіден кейін) ер, әйелін мүлде ажыратса, бұдан кейін оған, ол басқа ерге тимейінше халал болмайды. Егер оны, ол (екінші ер) талақ қылса, екеуі де Алланың шегін орындаймыз деп ойласа, қайта табысуларында күнә жоқ. Бұл білген елге Алланың баян еткен шектері
Аударма: Халифа Алтай
Егер ол / үшінші рет / талақ етсе, осыдан кейін ол / әйел / басқа күйеуге тұрмысқа шықпайынша / сөйтіп одан ажыраспайынша / , оған рұқсат етілмейді / халал болмайды / . Егер оны / соңғы тиген күйеуі / талақ етсе, екеуі Аллаһтың тыйымдарын орындаймыз деп ойлаған жағдайда, қайта табысуларында күнә жоқ. Міне, осы - Аллаһтың шектері. Ол мұны білетін адамдарға түсіндіреді
Аударма: ҚМДБ
2:231
وَإِذَا طَلَّقۡتُمُ ٱلنِّسَآءَ فَبَلَغۡنَ أَجَلَهُنَّ فَأَمۡسِكُوهُنَّ بِمَعۡرُوفٍ أَوۡ سَرِّحُوهُنَّ بِمَعۡرُوفٖۚ وَلَا تُمۡسِكُوهُنَّ ضِرَارٗا لِّتَعۡتَدُواْۚ وَمَن يَفۡعَلۡ ذَٰلِكَ فَقَدۡ ظَلَمَ نَفۡسَهُۥۚ وَلَا تَتَّخِذُوٓاْ ءَايَٰتِ ٱللَّهِ هُزُوٗاۚ وَٱذۡكُرُواْ نِعۡمَتَ ٱللَّهِ عَلَيۡكُمۡ وَمَآ أَنزَلَ عَلَيۡكُم مِّنَ ٱلۡكِتَٰبِ وَٱلۡحِكۡمَةِ يَعِظُكُم بِهِۦۚ وَٱتَّقُواْ ٱللَّهَ وَٱعۡلَمُوٓاْ أَنَّ ٱللَّهَ بِكُلِّ شَيۡءٍ عَلِيمٞ
Әйелін талақ қылдым дегеннен кейін ғыддаты толмай тұрып, екі рет сөзінен қайтуына болады. Бұны «Ражғи» талақ деп атайды. Қашан әйелдерді талақ қылсаңдар да олардың ғыддаты жетсе, сонда оларды туралықпен ұстаңдар немесе оларды дұрыстықпен біржола ажыратыңдар. Оларды зиян салып қанау үшін ұстамаңдар. Кім осыны істесе, рас өзіне зұлымдық қылған болады. Алланың аяттарын мазақ қылмаңдар және Алланың өздеріңе берген нығметін әрі сендерді насиқаттау үшін түсірген Кітапты, хикметті (Құранды, сүннетті) түсініңдер. Сондай-ақ Алладан қорқындар да күдіксіз Алланың әр нәрсені толық білетіндігін біліңдер
Аударма: Халифа Алтай
Ал, егер әйелдерге талақ беріп, иддасы / талақтан кейінгі күту мерзімі / жетсе, оларды құпталғанға сай ұстаңдар немесе оларды құпталғанға сай жіберіңдер. Оларға әділетсіздік ету үшін зиян тигізіп ұстамаңдар. Кім бұлай істесе, ол өзіне-өзі әділетсіздік жасаған болады. Аллаһтың аяттарын күлкіге айналдырмаңдар. Аллаһтың өздеріңе берген игілігін әрі Кітаптан және даналықтан сендерге насихат етіп, түсіргенін естерінде ұстандар. Аллаһтан / Оның тыйғандарынан / қорқып, сақтаныңдар әрі Аллаһтың барлық нәрсені Білуші екенін біліндер
Аударма: ҚМДБ
2:232
وَإِذَا طَلَّقۡتُمُ ٱلنِّسَآءَ فَبَلَغۡنَ أَجَلَهُنَّ فَلَا تَعۡضُلُوهُنَّ أَن يَنكِحۡنَ أَزۡوَٰجَهُنَّ إِذَا تَرَٰضَوۡاْ بَيۡنَهُم بِٱلۡمَعۡرُوفِۗ ذَٰلِكَ يُوعَظُ بِهِۦ مَن كَانَ مِنكُمۡ يُؤۡمِنُ بِٱللَّهِ وَٱلۡيَوۡمِ ٱلۡأٓخِرِۗ ذَٰلِكُمۡ أَزۡكَىٰ لَكُمۡ وَأَطۡهَرُۚ وَٱللَّهُ يَعۡلَمُ وَأَنتُمۡ لَا تَعۡلَمُونَ
Қашан әйелдерді талақ қылсаңдар, ғыддаты бітсе, өз ерімен ризаласып үйленуін тоспаңдар. (Немесе өзара ризаласқан біреумен үйленуін тоспаңдар.) Бұл сендерден Аллаға, ақирет күніне иман келтіргендерге берілген насихат. Бұл сендер үшін тым таза, өте пәк. Алла біледі, сендер білмейсіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Егер әйелдерді талақ етіп, иддасы жетсе, құпталғанға сай өзара келісімге келген жағдайда, өз күйеулерімен қайта қосылуларына кедергі жасамаңдар. Осы арқылы сендерден Аллаһқа және Ақирет күніне сенгендерге насихат етіледі. Бұл - сендерге ең жақсы әрі тазасы. Аллаһ біледі, сендер білмейсіңдер
Аударма: ҚМДБ
2:233
۞وَٱلۡوَٰلِدَٰتُ يُرۡضِعۡنَ أَوۡلَٰدَهُنَّ حَوۡلَيۡنِ كَامِلَيۡنِۖ لِمَنۡ أَرَادَ أَن يُتِمَّ ٱلرَّضَاعَةَۚ وَعَلَى ٱلۡمَوۡلُودِ لَهُۥ رِزۡقُهُنَّ وَكِسۡوَتُهُنَّ بِٱلۡمَعۡرُوفِۚ لَا تُكَلَّفُ نَفۡسٌ إِلَّا وُسۡعَهَاۚ لَا تُضَآرَّ وَٰلِدَةُۢ بِوَلَدِهَا وَلَا مَوۡلُودٞ لَّهُۥ بِوَلَدِهِۦۚ وَعَلَى ٱلۡوَارِثِ مِثۡلُ ذَٰلِكَۗ فَإِنۡ أَرَادَا فِصَالًا عَن تَرَاضٖ مِّنۡهُمَا وَتَشَاوُرٖ فَلَا جُنَاحَ عَلَيۡهِمَاۗ وَإِنۡ أَرَدتُّمۡ أَن تَسۡتَرۡضِعُوٓاْ أَوۡلَٰدَكُمۡ فَلَا جُنَاحَ عَلَيۡكُمۡ إِذَا سَلَّمۡتُم مَّآ ءَاتَيۡتُم بِٱلۡمَعۡرُوفِۗ وَٱتَّقُواْ ٱللَّهَ وَٱعۡلَمُوٓاْ أَنَّ ٱللَّهَ بِمَا تَعۡمَلُونَ بَصِيرٞ
Емізуді тамамдағысы келген кісі үшін; аналар, балаларын толық екі жыл емізеді. Ананың тиісті көрегі мен киімі, баланың әкесіне міндет. Әркімге шамасы келетін ғана жүктеледі. Ана, баласы арқылы әрі әке де баласы үшін зиянға ұшратылмайды. Сондай-ақ мұрагерге де сол сияқты. (Бала емізушінің тиісті хақысы төленеді.) Егер әке -шеше ризалықпен кеңесіп, (омыраудан) айыруды қаласа, сонда екеуіне де күнә жоқ. Ал егер балаларыңды (Бөгде әйелге) емізгілерің келсе, хақысын жақсылап тапсырсаңдар, сендерге күнә жоқ. Алладан қорқыңдар да біліңдер! Расында Алла істегендеріңді толық көруші
Аударма: Халифа Алтай
Аналар өз балаларын толық екі жыл емізеді. Емізуді ақырына жеткізуді қалағандар үшін / мерзім осы / . Ал, оларды құпталғандай азықтандыру және киіндіру перзентті болғанның / әкесінің / міндеті. Әрбір жанға оның мүмкіндігінен артығы жүктелмейді. Баласы себепті анаға әрі баласы себепті әкеге де зиян тигізуге болмайды. Сондай-ақ мұрагерге де / бала мен анасын асырауға / сол секілді міндет жүктеледі. Егер / ата-ана / өзара келісіп әрі кеңескеннен кейін, / баланы емізуден / айыруды қаласа, екеуіне де күнә емес. Ал, егер балаларыңды / бөгде әйелге / еміздіруді қаласаңдар, ақысын құпталғанға сай тиісінше берсеңдер, сендерге күнә емес. Аллаһтан / Оның тыйғандарынан / қорқып, сақтаныңдар және Аллаһтың не істеп жатқандарыңды Көруші екенін біліңдер
Аударма: ҚМДБ
2:234
وَٱلَّذِينَ يُتَوَفَّوۡنَ مِنكُمۡ وَيَذَرُونَ أَزۡوَٰجٗا يَتَرَبَّصۡنَ بِأَنفُسِهِنَّ أَرۡبَعَةَ أَشۡهُرٖ وَعَشۡرٗاۖ فَإِذَا بَلَغۡنَ أَجَلَهُنَّ فَلَا جُنَاحَ عَلَيۡكُمۡ فِيمَا فَعَلۡنَ فِيٓ أَنفُسِهِنَّ بِٱلۡمَعۡرُوفِۗ وَٱللَّهُ بِمَا تَعۡمَلُونَ خَبِيرٞ
Сендерден қайтыс болып (артында) қалдырған әйелдердің өздері; төрт ай он күн (ғыддат) күтеді. Әрқашан олардың белгілі ғыддаты бітсе, олардың өздеріңе байланысты істеген істерің (үйлену үшін киініп, түзелуінің) сендерге жауапкерлігі жоқ. Алла не істегендеріңнен толық хабар алушы
Аударма: Халифа Алтай
Сендерден біреу қайтыс болып, артында әйелдерін қалдырса, олар төрт ай он күн / идда мерзімін / күтеді. Қашан оларға көрсетілген мерзім аяқталса, олардың өздеріне қатысты құпталғанға сай істеген істері үшін сендерге күнә болмайды. Аллаһ - сендердің не істеп жатқандарыңнан Хабардар
Аударма: ҚМДБ
2:235
وَلَا جُنَاحَ عَلَيۡكُمۡ فِيمَا عَرَّضۡتُم بِهِۦ مِنۡ خِطۡبَةِ ٱلنِّسَآءِ أَوۡ أَكۡنَنتُمۡ فِيٓ أَنفُسِكُمۡۚ عَلِمَ ٱللَّهُ أَنَّكُمۡ سَتَذۡكُرُونَهُنَّ وَلَٰكِن لَّا تُوَاعِدُوهُنَّ سِرًّا إِلَّآ أَن تَقُولُواْ قَوۡلٗا مَّعۡرُوفٗاۚ وَلَا تَعۡزِمُواْ عُقۡدَةَ ٱلنِّكَاحِ حَتَّىٰ يَبۡلُغَ ٱلۡكِتَٰبُ أَجَلَهُۥۚ وَٱعۡلَمُوٓاْ أَنَّ ٱللَّهَ يَعۡلَمُ مَا فِيٓ أَنفُسِكُمۡ فَٱحۡذَرُوهُۚ وَٱعۡلَمُوٓاْ أَنَّ ٱللَّهَ غَفُورٌ حَلِيمٞ
Ал (бұндай ғыддат ішіндегі) әйелдерге үйленуді жақауратып ескертулеріңде немесе іштеріңде сақтауларыңда бір сөгіс жоқ. Алла (Т.) негізінен сендердің оларды еске алатындықтарыңды біледі. Бірақ олармен жасырын уәде байласпаңдар. Әрине олармен адеттегі сөз сөйлесу басқа. Ғыддаты жетбейінше неке байлауды ойламаңдар. Расында Алланың жүректеріңдегіні білетіндігін біліңдер. Сонда Одан именіңдер әрі біліңдер. Алла (Т.) тым жарылқаушы, ерекше мұлайым
Аударма: Халифа Алтай
Ал / күту мерзімі бітпеген / әйелдерді айттыруға байланысты оларға тұспалдап білдірулеріңде немесе іштеріңде жасыруларыңда сендер үшін күнә жоқ. Аллаһ сендердің оларды еске алатындарыңды біледі. Алайда, олармен жасырын уәде байласпаңдар. Ал, жөнімен / шариғат жолымен / сөйлесулеріңе болады. Идда / күту мерзімі / уақытына жетпейінше, неке байласуға шешім қабылдамаңдар. Әрі біліңдер, Аллаһ іштеріңдегіні біледі, сондықтан Одан сақтаныңдар. Әрі Аллаһтың өте Кешірімді , аса Ұстамды екенін біліңдер
Аударма: ҚМДБ
2:236
لَّا جُنَاحَ عَلَيۡكُمۡ إِن طَلَّقۡتُمُ ٱلنِّسَآءَ مَا لَمۡ تَمَسُّوهُنَّ أَوۡ تَفۡرِضُواْ لَهُنَّ فَرِيضَةٗۚ وَمَتِّعُوهُنَّ عَلَى ٱلۡمُوسِعِ قَدَرُهُۥ وَعَلَى ٱلۡمُقۡتِرِ قَدَرُهُۥ مَتَٰعَۢا بِٱلۡمَعۡرُوفِۖ حَقًّا عَلَى ٱلۡمُحۡسِنِينَ
Сендер әйелдерді жақындасудан, қалың тоқтасудан бұрын талақ қылсаңдар сөгіс жоқ. Сонда оларды шамалы өз жағдайынша, нашар өз халынша дұрыстықпен пайдаландырыңдар. Бұл жақсылық істеушілерге бір борыш
Аударма: Халифа Алтай
Әйелдерді қосылудан бұрын әрі оларға мәһр / қалыңдықтың сыйлығын / белгілеуден бұрын талақ етсеңдер, сендерге күнә болмайды. Сонда оларды - жағдайы бар өз мүмкіндігіне сай, ал жағдайы нашар өз шамасынша құпталғанға сай пайдаландырыңдар, бұл - жақсылықты ықыласпен істеушілер үшін бір міндет
Аударма: ҚМДБ
2:237
وَإِن طَلَّقۡتُمُوهُنَّ مِن قَبۡلِ أَن تَمَسُّوهُنَّ وَقَدۡ فَرَضۡتُمۡ لَهُنَّ فَرِيضَةٗ فَنِصۡفُ مَا فَرَضۡتُمۡ إِلَّآ أَن يَعۡفُونَ أَوۡ يَعۡفُوَاْ ٱلَّذِي بِيَدِهِۦ عُقۡدَةُ ٱلنِّكَاحِۚ وَأَن تَعۡفُوٓاْ أَقۡرَبُ لِلتَّقۡوَىٰۚ وَلَا تَنسَوُاْ ٱلۡفَضۡلَ بَيۡنَكُمۡۚ إِنَّ ٱللَّهَ بِمَا تَعۡمَلُونَ بَصِيرٌ
Егер оларға қалың тоқтасып, жақындасудан бұрын талақ қылсаңдар, онда тоқтасқан қалыңның жартысы оларға тән. бірақ әйел кешсе немесе некенің түйіні қолындағы ер, кеңшілік етсе: (Тұтас берсе) ол басқа. Кеңшілік етулерің тақуалыққа жақынырақ. Сондай-ақ араларыңда кешірімділікті ұмытпаңдар. Шәксіз Алла (Т.) не істегендеріңді толық көруші
Аударма: Халифа Алтай
Егер оларға мәһр / қалыңдықтың сыйлығын / белгілеп, қосылудан бұрын талақ етсеңдер, оларға мәһрдің жартысы тиеді. Тек, егер, олар / әйелдер / кешірсе / белгіленген мәһрін алмаса / немесе неке түйіні қолындағы ер кісі кешірсе / мәһрді толық қалдырса / ол басқа. Ал, кешірулерің - тақуалыққа / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтануларыңа / жақынырақ. Әрі бір-біріңе кеңшілік жасауды ұмытпаңдар. Ақиқатында, Аллаһ - не істеп жатқандарыңды Көруші
Аударма: ҚМДБ
2:238
حَٰفِظُواْ عَلَى ٱلصَّلَوَٰتِ وَٱلصَّلَوٰةِ ٱلۡوُسۡطَىٰ وَقُومُواْ لِلَّهِ قَٰنِتِينَ
Намаздарға ондай-ақ орта намазға сақтық істеңдер. Аллаға бой ұсынған түрде тұрыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Намаздарға әрі ортаңғы намазға мұқият болыңдар және Аллаһқа беріле бойсұнған күйде тұрыңдар
Аударма: ҚМДБ
2:239
فَإِنۡ خِفۡتُمۡ فَرِجَالًا أَوۡ رُكۡبَانٗاۖ فَإِذَآ أَمِنتُمۡ فَٱذۡكُرُواْ ٱللَّهَ كَمَا عَلَّمَكُم مَّا لَمۡ تَكُونُواْ تَعۡلَمُونَ
Ал егер қауіп- қатер де болсаңдар, жаяу немесе көлікте (бет алған жаққа ишарамен оқыңдар.) Қашан бейбіт болсаңдар, сендерге білмегендеріңді үйреткеніндей Алла (Т.) ны зікір етіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Ал, егер, қауіптенсеңдер, жаяу немесе көлік үстінде / оқыңдар / . Қашан қауіпсіз болған кезде, сендерге білмегендеріңді үйреткеніндей, Аллаһты еске алыңдар
Аударма: ҚМДБ
2:240
وَٱلَّذِينَ يُتَوَفَّوۡنَ مِنكُمۡ وَيَذَرُونَ أَزۡوَٰجٗا وَصِيَّةٗ لِّأَزۡوَٰجِهِم مَّتَٰعًا إِلَى ٱلۡحَوۡلِ غَيۡرَ إِخۡرَاجٖۚ فَإِنۡ خَرَجۡنَ فَلَا جُنَاحَ عَلَيۡكُمۡ فِي مَا فَعَلۡنَ فِيٓ أَنفُسِهِنَّ مِن مَّعۡرُوفٖۗ وَٱللَّهُ عَزِيزٌ حَكِيمٞ
Қайтыс болып, әйелдер қалдыратыңдар; әйелдерің бір жылға дейін (үйлерінен) шығарылмай қамдалуларын өсиет етсін. Егер өздері шығып олардың өздеріне байланысты дұрыс істеулерінде сендерге бір жауапкершілік жоқ. Алла (Т.) аса үстем, хикмет иесі (Бұл үкім Аят бойынша мәнсұх)
Аударма: Халифа Алтай
Сендерден қайтыс болып / артында / әйелдері / жесір / қалатындар, әйелдері үшін бір жылға дейін / күйеулерінің үйінен / шығарып жібермей, қамтамасыз етілуі өсиет етіледі. Егер / әйелдері / өздері шығып кетсе, олардың өздеріне байланысты құпталғанға сай ісінде сендерге күнә болмайды. Аллаһ - бәрінен Үстем, аса Дана
Аударма: ҚМДБ
2:241
وَلِلۡمُطَلَّقَٰتِ مَتَٰعُۢ بِٱلۡمَعۡرُوفِۖ حَقًّا عَلَى ٱلۡمُتَّقِينَ
Ал ажыратылған әйелдердің де тиісті қамдалулары тақуалар үшін бір міндет
Аударма: Халифа Алтай
Әрі талақ етілген әйелдердің құпталғанға сай қамтамасыз етілуі - тақуалар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанушылар / үшін бір міндет
Аударма: ҚМДБ
2:242
كَذَٰلِكَ يُبَيِّنُ ٱللَّهُ لَكُمۡ ءَايَٰتِهِۦ لَعَلَّكُمۡ تَعۡقِلُونَ
Алла (Т.) түсінулерің үшін сендерге аяттарын осылайша баян етеді. (Израил ұрпақтарына, соғыс әмірі келгенде, өлімнен қорқып, үйлерін тастап қашса да өлімнен құтылмайды)
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ сендерге Өз аяттарын ақылдарыңды істетіп, ұғынуларың үшін осы­лай түсіндіреді
Аударма: ҚМДБ
2:243
۞أَلَمۡ تَرَ إِلَى ٱلَّذِينَ خَرَجُواْ مِن دِيَٰرِهِمۡ وَهُمۡ أُلُوفٌ حَذَرَ ٱلۡمَوۡتِ فَقَالَ لَهُمُ ٱللَّهُ مُوتُواْ ثُمَّ أَحۡيَٰهُمۡۚ إِنَّ ٱللَّهَ لَذُو فَضۡلٍ عَلَى ٱلنَّاسِ وَلَٰكِنَّ أَكۡثَرَ ٱلنَّاسِ لَا يَشۡكُرُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.) ол мыңдағандардың өлімнен қорқып, жұрттарынан шыққандарын көрмейсің бе? Алла оларға: «Өліңдер» деді. Соңсоң оларды тірілтті. Күдіксіз Алла адамдарға кеңшілік иесі. Дегенмен адамдардың көбі шүкірлік қылмайды
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Өлімнен қорқып, тұрақтарын тастап шыққан мыңдаған адамдарды білмейсің бе? Аллаһ оларға: «Өліндер», - деді. Содан кейін қайта тірілтті. Ақиқатында, Аллаһ - адамдарға кеңшілік Иесі. Бірақ, адамдардың көбі шүкір етпейді / Раббысының берген игіліктеріне алғыс білдірмейді
Аударма: ҚМДБ
2:244
وَقَٰتِلُواْ فِي سَبِيلِ ٱللَّهِ وَٱعۡلَمُوٓاْ أَنَّ ٱللَّهَ سَمِيعٌ عَلِيمٞ
Алла жолында соғысыңдар әрі біліңдер. Алла толық естуші
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ жолында соғысыңдар әрі біліңдер, Аллаһ - әрбір нәрсені Естуші, бәрін Білуші
Аударма: ҚМДБ
2:245
مَّن ذَا ٱلَّذِي يُقۡرِضُ ٱللَّهَ قَرۡضًا حَسَنٗا فَيُضَٰعِفَهُۥ لَهُۥٓ أَضۡعَافٗا كَثِيرَةٗۚ وَٱللَّهُ يَقۡبِضُ وَيَبۡصُۜطُ وَإِلَيۡهِ تُرۡجَعُونَ
Кім Аллаға көркем қарыз берсе, (Алла жолында ықыласпен мал жұмсаса) сонда Алла (Т.) ол үшін көптеген есе арттырып береді. Алла тарылтады да кеңітеді. Әрі Ол жаққа қайтарыласыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһқа көркем қарыз беретін кім бар? Ол оған көптеген есе арттырып береді. / Ризық-несібені / тар ететін және оны кеңітетін Аллаһ. Әрі сендер Оған қайтарыласыңдар
Аударма: ҚМДБ
2:246
أَلَمۡ تَرَ إِلَى ٱلۡمَلَإِ مِنۢ بَنِيٓ إِسۡرَـٰٓءِيلَ مِنۢ بَعۡدِ مُوسَىٰٓ إِذۡ قَالُواْ لِنَبِيّٖ لَّهُمُ ٱبۡعَثۡ لَنَا مَلِكٗا نُّقَٰتِلۡ فِي سَبِيلِ ٱللَّهِۖ قَالَ هَلۡ عَسَيۡتُمۡ إِن كُتِبَ عَلَيۡكُمُ ٱلۡقِتَالُ أَلَّا تُقَٰتِلُواْۖ قَالُواْ وَمَا لَنَآ أَلَّا نُقَٰتِلَ فِي سَبِيلِ ٱللَّهِ وَقَدۡ أُخۡرِجۡنَا مِن دِيَٰرِنَا وَأَبۡنَآئِنَاۖ فَلَمَّا كُتِبَ عَلَيۡهِمُ ٱلۡقِتَالُ تَوَلَّوۡاْ إِلَّا قَلِيلٗا مِّنۡهُمۡۚ وَٱللَّهُ عَلِيمُۢ بِٱلظَّـٰلِمِينَ
(Бүкіл тәпсірлер бойынша «Ғамалқа» деген ел, Израил ұрпақтарына басқаншылық жасап, жерлерінен айдап шығарып, ата мұралары, діни кітаптары қойылған Сандықтарын тартып алып кетеді. Ал сол Ғамалқаның ұрпақтарынан Жалұт деген патшаның заманында, Израил ұрпақтары өз пайғамбарларына: «Бізге бір патша сайлап бер, оның қол астында соғысамыз» дейді.) (Мұхаммед Ғ.С.)Мұса (Ғ.С.) дан кейінгі Израил ұрпақтарының бастықтарын көрмейсің бе? Сол уақытта олар өз пайғамбарларына: «Бізге патша сайлап бер, Алла жолында соғысамыз» десті. Пайғамбар: «Мүбада сендерге соғыс парыз қылынса да соғыспасаңдар?!»,- деді. Олар: «Бізге Алла жолында соғыспайтын не болды? Расында жұрттарымыздан, бала- шағаларымыздан шығарылдық» десті. Бірақ оларға соғыс парыз болған сәтте, олардың өте аздарынан басқасы бас тартты. Алла залымдарды біледі
Аударма: Халифа Алтай
Мұсадан кейінгі Исраил ұрпақтарының беделділері жайлы білмедің бе? Кезінде олар өздерінің пайғамбарына: «Бізге бір патша жібер, Аллаһ жолында соғысайық», - деді. Ол / пайғамбар / : «Сендерге егер соғыс парыз етілсе, соғыспай қалатын шығарсыңдар?» - деді. Олар: «Ақиқатында, үйлерімізден шығарылып, балаларымыздан айырыла тұрып, бізге Аллаһ жолында соғыспайтындай не болды?» - деді. Алайда, оларға соғыс парыз етілген кезде, аз бөлігінен басқасы бас тартты. Аллаһ - әділетсіздерді Білуші
Аударма: ҚМДБ
2:247
وَقَالَ لَهُمۡ نَبِيُّهُمۡ إِنَّ ٱللَّهَ قَدۡ بَعَثَ لَكُمۡ طَالُوتَ مَلِكٗاۚ قَالُوٓاْ أَنَّىٰ يَكُونُ لَهُ ٱلۡمُلۡكُ عَلَيۡنَا وَنَحۡنُ أَحَقُّ بِٱلۡمُلۡكِ مِنۡهُ وَلَمۡ يُؤۡتَ سَعَةٗ مِّنَ ٱلۡمَالِۚ قَالَ إِنَّ ٱللَّهَ ٱصۡطَفَىٰهُ عَلَيۡكُمۡ وَزَادَهُۥ بَسۡطَةٗ فِي ٱلۡعِلۡمِ وَٱلۡجِسۡمِۖ وَٱللَّهُ يُؤۡتِي مُلۡكَهُۥ مَن يَشَآءُۚ وَٱللَّهُ وَٰسِعٌ عَلِيمٞ
Оларға пайғамбарлары: «дау жоқ. Алла сендерге талұтты патша сайлады» деді. Олар: «Оның бізге патшалығы қалайша болады? Одан көрі патшалыққа біздер лайықпыз. Сондай-ақ оған малдан да кеңшілік берілмеген еді» десті. Пайғамбар: «Негізінен сендерге оны Алла сайлады да өзін білімде әрі тұлғада артық қылды. Алла әкімшілікті қалағанына береді. Алла, әр нәрсені кеңінен білуші» деді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі оларға пайғамбарлары: «Ақиқатында, Аллаһ сендерге патша етіп Талұтты жіберді», - деді. Олар: «Патшалыққа оған қарағанда өзіміз лайықтырақ бола тұрып, ол қалай бізге патша болмақ?! Әрі оған жеткілікті дүние де берілмеген», - деді. Пайғамбар: «Ақиқатында, оны сендерге Аллаһтың Өзі таңдады және оны білім мен тұлға бітімінде кеңдігін арттырды. Аллаһ Өз иелігіндегі билікті / әкімшілікті / қалағанына береді. Аллаһ - рақымы Кең, бәрін Білуші », - деді
Аударма: ҚМДБ
2:248
وَقَالَ لَهُمۡ نَبِيُّهُمۡ إِنَّ ءَايَةَ مُلۡكِهِۦٓ أَن يَأۡتِيَكُمُ ٱلتَّابُوتُ فِيهِ سَكِينَةٞ مِّن رَّبِّكُمۡ وَبَقِيَّةٞ مِّمَّا تَرَكَ ءَالُ مُوسَىٰ وَءَالُ هَٰرُونَ تَحۡمِلُهُ ٱلۡمَلَـٰٓئِكَةُۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَةٗ لَّكُمۡ إِن كُنتُم مُّؤۡمِنِينَ
Және олардың пайғамбарлары: «Оның патшалығының белгісі; Раббыларың тарапынан, көңілге тоқтау болатын сандықтың келуі. Онда Мұса, һарұн (Ғ.С.) семьяларынан қалған мұралар бар. Оны періштелер көтереді. Расында мұнда анық белгі бар. Егер сенсеңдер
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Оларға пайғамбары: «Оның патшалығының белгісі - сендерге сандықтың келуі. Онда Раббыңыздан сакина / тыныштық / және Мұса әулеті мен Һарун әулетіненқалғанмұралардың бір бөлігі бар. Оны періштелер көтеріп келеді. Егер иманды / мүмін / болсаңдар, осында сендер үшін дәлел бар», - деді
Аударма: ҚМДБ
2:249
فَلَمَّا فَصَلَ طَالُوتُ بِٱلۡجُنُودِ قَالَ إِنَّ ٱللَّهَ مُبۡتَلِيكُم بِنَهَرٖ فَمَن شَرِبَ مِنۡهُ فَلَيۡسَ مِنِّي وَمَن لَّمۡ يَطۡعَمۡهُ فَإِنَّهُۥ مِنِّيٓ إِلَّا مَنِ ٱغۡتَرَفَ غُرۡفَةَۢ بِيَدِهِۦۚ فَشَرِبُواْ مِنۡهُ إِلَّا قَلِيلٗا مِّنۡهُمۡۚ فَلَمَّا جَاوَزَهُۥ هُوَ وَٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ مَعَهُۥ قَالُواْ لَا طَاقَةَ لَنَا ٱلۡيَوۡمَ بِجَالُوتَ وَجُنُودِهِۦۚ قَالَ ٱلَّذِينَ يَظُنُّونَ أَنَّهُم مُّلَٰقُواْ ٱللَّهِ كَم مِّن فِئَةٖ قَلِيلَةٍ غَلَبَتۡ فِئَةٗ كَثِيرَةَۢ بِإِذۡنِ ٱللَّهِۗ وَٱللَّهُ مَعَ ٱلصَّـٰبِرِينَ
Сонда Талұт әскерлерімен айрылған сәтте: «Расында Алла сендерді бір өзенмен сынайды. Кім одан ішсе, менен емес. Және кім одан татпаса, әрине ол менен. Бірақ кім қолымен көсіп алып қана ішсе басқа» деді. Сонда олардың өте азынан басқасы одан ішті. Сонымен Талұт және онымен бірге иман келтіргендер, өзеннен өткен шақта: « бізде Жалұт және оның ләшкерлеріне төтеп берер күш жоқ» деді. Сондай олардың анық Аллаға жолығуды ойлағандары: «Алланың қолдауымен қанша аз топ, көп топты жеңген. Алла сабырлармен бірге» деді
Аударма: Халифа Алтай
Сонда Талұт әскерімен / соғысқа / шыққанда: «Ақиқатында, Аллаһ сендерді бір өзенмен сынайды. Кім одан ішсе, ол - менен емес. Ал, кім одан татпаса, ол - менен. Тек, бір қолымен көсіп алып ішкен, бұдан тыс»,- деді. Сонда олардың азынан басқасы одан ішті. Ол және онымен бірге иманға келгендер одан / өзеннен / өткен кезде, олар: «Бүгін бізде Жалұтқа және оның әскеріне / қарсы соғысар / күш, қауқарымыз жоқ», - деді. Аллаһқа кездесетіндеріне айқын сенушілер: «Неше бір / са­ны / аз топ Аллаһтың қалауымен, көп топты жеңген еді. Аллаһ - сабырлылармен бірге», - деді
Аударма: ҚМДБ
2:250
وَلَمَّا بَرَزُواْ لِجَالُوتَ وَجُنُودِهِۦ قَالُواْ رَبَّنَآ أَفۡرِغۡ عَلَيۡنَا صَبۡرٗا وَثَبِّتۡ أَقۡدَامَنَا وَٱنصُرۡنَا عَلَى ٱلۡقَوۡمِ ٱلۡكَٰفِرِينَ
Олар Жалұт және жауынгерлеріімен қарсыласқан сәтте: «раббымыз! Сабыр бер, табанымызды бекітіп, бізге кәпір қауымға қарсы жәрдем бере көр!»,- деді
Аударма: Халифа Алтай
Олар Жалұт пен оның әскеріне көрінгенде: «Раббымыз! Бізге сабыр түсір әрі табандарымызды бекіт және кәпір адамдарға қарсы бізге көмек бер!» - деді
Аударма: ҚМДБ
2:251
فَهَزَمُوهُم بِإِذۡنِ ٱللَّهِ وَقَتَلَ دَاوُۥدُ جَالُوتَ وَءَاتَىٰهُ ٱللَّهُ ٱلۡمُلۡكَ وَٱلۡحِكۡمَةَ وَعَلَّمَهُۥ مِمَّا يَشَآءُۗ وَلَوۡلَا دَفۡعُ ٱللَّهِ ٱلنَّاسَ بَعۡضَهُم بِبَعۡضٖ لَّفَسَدَتِ ٱلۡأَرۡضُ وَلَٰكِنَّ ٱللَّهَ ذُو فَضۡلٍ عَلَى ٱلۡعَٰلَمِينَ
Сонда олар, оларды Алланың бұйрығымен жеңіліске ұшыратты. Дауыт жалұтты өлтірді. Алла (Т.) дауытқа патшалық, даналық берді. Әрі оған қалағанынан үйретті. (Темірден сауыт жасау құстардың тілін білу) Алла (Т.) адам баласының бірін- бірі арқылы қорғамаса, жер жүзі бұзылар еді. Алла, бүкіл әлемге кеңшілік иесі
Аударма: Халифа Алтай
Сонда / Талұттық әскері / Аллаһтың қалауымен оларды жеңді. ДәуітЖалұтты өлтірді. Әрі Аллаһ оған / Дәуітке / патшалық және даналық беріп, Өзі қалағанын үйретті. Егер де Аллаһ адамдарды бірін - бірі арқылы қайтармағанда, жер беті бүлінер еді. Ал, бірақ, Аллаһ - әлемдерге кеңшілік Иесі
Аударма: ҚМДБ
2:252
تِلۡكَ ءَايَٰتُ ٱللَّهِ نَتۡلُوهَا عَلَيۡكَ بِٱلۡحَقِّۚ وَإِنَّكَ لَمِنَ ٱلۡمُرۡسَلِينَ
(Мұхаммед Ғ.С.) Осылар Алланың аяттары, оны саған шынайы түрде оқимыз. Шын мәнінде сен елшілерденсің
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Міне осылар - Аллаһтың белгілері. Оны саған ақиқатпен оқимыз. Әрі күмәнсіз, сен - елшілерденсің
Аударма: ҚМДБ
2:253
۞تِلۡكَ ٱلرُّسُلُ فَضَّلۡنَا بَعۡضَهُمۡ عَلَىٰ بَعۡضٖۘ مِّنۡهُم مَّن كَلَّمَ ٱللَّهُۖ وَرَفَعَ بَعۡضَهُمۡ دَرَجَٰتٖۚ وَءَاتَيۡنَا عِيسَى ٱبۡنَ مَرۡيَمَ ٱلۡبَيِّنَٰتِ وَأَيَّدۡنَٰهُ بِرُوحِ ٱلۡقُدُسِۗ وَلَوۡ شَآءَ ٱللَّهُ مَا ٱقۡتَتَلَ ٱلَّذِينَ مِنۢ بَعۡدِهِم مِّنۢ بَعۡدِ مَا جَآءَتۡهُمُ ٱلۡبَيِّنَٰتُ وَلَٰكِنِ ٱخۡتَلَفُواْ فَمِنۡهُم مَّنۡ ءَامَنَ وَمِنۡهُم مَّن كَفَرَۚ وَلَوۡ شَآءَ ٱللَّهُ مَا ٱقۡتَتَلُواْ وَلَٰكِنَّ ٱللَّهَ يَفۡعَلُ مَا يُرِيدُ
Сол пайғамбарлардың кейбіреулерін кейбіреулерінен артық қылдық. Алла олардың кейбірімен сөйлескен, кейінің дәрежелерін көтерген. Мәрйем ұлы Ғиса (Ғ.С.) ға ашық мұғжизалар бердік те оны жебрейіл (Ғ.С.) арқылы қуаттадық. Егер Алла қаласа, өздеріне ашық дәлелдер келгеннен кейін олар, пайғамбарлардан соң соғыспас еді. Бірақ олар қайшылыққа түсті. Сонда олардың кейі иман келтірді де кейі қарсы шықты. Егер Алла қаласа, олар бірін- бірі өлтірмес еді. Бірақ Алла қалағаның істейді
Аударма: Халифа Алтай
Бұлар - елшілер. Олардың кейбіріне, өзгелеріне қарағанда артықшылық бердік. Олардың ішінде Аллаһ сөйлескені бар әрі Ол кейбірінің дәрежелерін көтерді. Әрі Біз Мәриям ұлы Исаға анық белгілер беріп, оны қасиетті рухпен / Жәбірейілмен / қолдадық. Егер де Аллаһ қалағанда, олардан / елшілерден / кейінгілер өздеріне анық дәлелдер келгеннен кейін, бір-бірімен соғыспас еді. Бірақ, олар / адамдар / қайшылыққа түсті, олардың бірі иманға келіп, ал, кейбірі күпірлік еткендерден / қарсы келушілерден / болды. Егер де Аллаһ қалағанда, олар бір-бірімен соғыспас еді. Бірақ, Аллаһ Өзінің қалағанын жасайды
Аударма: ҚМДБ
2:254
يَـٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوٓاْ أَنفِقُواْ مِمَّا رَزَقۡنَٰكُم مِّن قَبۡلِ أَن يَأۡتِيَ يَوۡمٞ لَّا بَيۡعٞ فِيهِ وَلَا خُلَّةٞ وَلَا شَفَٰعَةٞۗ وَٱلۡكَٰفِرُونَ هُمُ ٱلظَّـٰلِمُونَ
Әй мүміндер! Сендерге берген несібемізден саудаласу, достық, болысушылық болмайтын бір күннің келуінен бұрын Алла жолында жұмсаңдар. Ал қарсы болушылар, олар залымдар
Аударма: Халифа Алтай
Ей, иманға келгендер! Біз сендерге ризық етіп бергеніміздің бір бөлігін - сауда, достық және араша түсу болмайтын Күннің келуінен бұрын, / Аллаһ разылығы үшін / жұмсаңдар. Ал, кәпірлер - нағыз әділетсіздер
Аударма: ҚМДБ
2:255
ٱللَّهُ لَآ إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ ٱلۡحَيُّ ٱلۡقَيُّومُۚ لَا تَأۡخُذُهُۥ سِنَةٞ وَلَا نَوۡمٞۚ لَّهُۥ مَا فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَمَا فِي ٱلۡأَرۡضِۗ مَن ذَا ٱلَّذِي يَشۡفَعُ عِندَهُۥٓ إِلَّا بِإِذۡنِهِۦۚ يَعۡلَمُ مَا بَيۡنَ أَيۡدِيهِمۡ وَمَا خَلۡفَهُمۡۖ وَلَا يُحِيطُونَ بِشَيۡءٖ مِّنۡ عِلۡمِهِۦٓ إِلَّا بِمَا شَآءَۚ وَسِعَ كُرۡسِيُّهُ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضَۖ وَلَا يَـُٔودُهُۥ حِفۡظُهُمَاۚ وَهُوَ ٱلۡعَلِيُّ ٱلۡعَظِيمُ
Алла (Т.), Одан басқа еш тәңір жоқ. Ол тірі, толық меңгеріп тұрушы, Ол қалғымайды да ұйықтамайды. Көктердегі және жердегі нәрселер Оған тән. оның хұзырында өзінің рұхсатынсыз кім шапағат етеді? Олардың алдарындағыны да арттарындағыны да біледі. Олар, Оның қалауынан басқа еш нәрсе білмейді. Оның күрсісі (Алла тағаланың екі аяғына арналған орын) көктер мен жерді сыйдырады. Оған, ол екеуін қорғау ауыр келмейді. Және Ол, өте биік, аса зор
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ - Одан басқа ешбір құдай жоқ. Ол - әл-Хайй / Тірі / , әл-Қаййум / бәріне тіршілік беріп Басқарушы / . Оны қалғу да, ұйқы да баспайды. Аспандардағы және жердегі нәрселер - Онікі. Оның алдында Өзі рұқсат бермей тұрып, кім шапағат ете / араша түсе / алады ? Ол / Аллаһ / олардың алдарындағыны / не болатынын / және арттарындағыны / не болғанын / біледі. Ал, олар Оның білімінен, Ол Өзі қалағанынан басқа ешнәрсені біле алмайды. Оның Күрсісі аспандар мен жерді қамтиды. Әрі Оған / Аса ұлы Аллаһқа / ол екеуін сақтау ауыр келмейді. Әрі Ол - аса Жоғары, өте Ұлы
Аударма: ҚМДБ
2:256
لَآ إِكۡرَاهَ فِي ٱلدِّينِۖ قَد تَّبَيَّنَ ٱلرُّشۡدُ مِنَ ٱلۡغَيِّۚ فَمَن يَكۡفُرۡ بِٱلطَّـٰغُوتِ وَيُؤۡمِنۢ بِٱللَّهِ فَقَدِ ٱسۡتَمۡسَكَ بِٱلۡعُرۡوَةِ ٱلۡوُثۡقَىٰ لَا ٱنفِصَامَ لَهَاۗ وَٱللَّهُ سَمِيعٌ عَلِيمٌ
Дінде зорлау жоқ. Расында туралық, азғындықтан ажыратылды. Енді кім жауыздыққа қарсы келіп, Аллаға иман келтірсе, сонла ол рас үзілмейтін (берік) тұтқаны ұстады. Алла әр нәрсені естуші, білуші
Аударма: Халифа Алтай
Дінде мәжбүрлеу жоқ. Ақиқатында, туралық - адасудан ажыратылып, айқындалды. Ал кім тағұтқа қарсы келіп, Аллаһқа сенсе, бұзылмайтын ең берік тұтқадан ұстаған болады. Аллаһ - барлық нәрсені Естуші , бәрін Білуші
Аударма: ҚМДБ
2:257
ٱللَّهُ وَلِيُّ ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ يُخۡرِجُهُم مِّنَ ٱلظُّلُمَٰتِ إِلَى ٱلنُّورِۖ وَٱلَّذِينَ كَفَرُوٓاْ أَوۡلِيَآؤُهُمُ ٱلطَّـٰغُوتُ يُخۡرِجُونَهُم مِّنَ ٱلنُّورِ إِلَى ٱلظُّلُمَٰتِۗ أُوْلَـٰٓئِكَ أَصۡحَٰبُ ٱلنَّارِۖ هُمۡ فِيهَا خَٰلِدُونَ
Алла (Т.) иман келтіргендердің досы. Оларды қараңғылықтардан жарыққа шығарады. Ал қарсы болғандардың достары шайтан, оларды жарықтан қараңғылықтарға шығарады. Міне солар тозақтық. Олар, онда мәңгі қалады
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ - иманға келгендердің Қамқоршысы, оларды қараңғылықтардан нұрға шығарады. Ал, күпірлік етушілердің / имансыздардың / достары - тағут, оларды нұрдан қараңғылықтарға шығарады. Міне, солар - Отқа / тозаққа / түсетіндер. Олар - онда мәңгі қалушылар
Аударма: ҚМДБ
2:258
أَلَمۡ تَرَ إِلَى ٱلَّذِي حَآجَّ إِبۡرَٰهِـۧمَ فِي رَبِّهِۦٓ أَنۡ ءَاتَىٰهُ ٱللَّهُ ٱلۡمُلۡكَ إِذۡ قَالَ إِبۡرَٰهِـۧمُ رَبِّيَ ٱلَّذِي يُحۡيِۦ وَيُمِيتُ قَالَ أَنَا۠ أُحۡيِۦ وَأُمِيتُۖ قَالَ إِبۡرَٰهِـۧمُ فَإِنَّ ٱللَّهَ يَأۡتِي بِٱلشَّمۡسِ مِنَ ٱلۡمَشۡرِقِ فَأۡتِ بِهَا مِنَ ٱلۡمَغۡرِبِ فَبُهِتَ ٱلَّذِي كَفَرَۗ وَٱللَّهُ لَا يَهۡدِي ٱلۡقَوۡمَ ٱلظَّـٰلِمِينَ
(Мұхаммед Ғ.С.) өзіне Алла патшалық берді деп, Ыбырайым (Ғ.С.) мен Раббы жайында таласқанын көрмедің бе? (Бұл Құдаймын деген бабыл патшасы Намрұд) Сол уақытта Ыбырайым (Ғ.С.): «раббым өлтіреді де тірілтеді» деді. Ол: «Мен де өлтіремін де тірілтемін» деп, (өлімге бұйырылған біреуді қоя беріп, жазықсыз біреуді өлтіртеді) Ыбырайым (Ғ.С.): «Расында Алла күнді шығыстан келтіреді, сен оны батыстан келтірші» деді. Сонда кәпір абыржып қалды. Алла залым елді тура жолға салмайды
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Өзіне Аллаһ патшалық берсе де, Ибраһиммен оның Раббысы туралы тартысқанды білмедің бе? Сонда Ибраһим: «Менің Раббым - Ол сондай, өмір беріп тірілтеді және өлтіреді», - деді. Ол / Намруд / :«Мен де тірілтемін және өлтіремін», - деді. Ибраһим: «Ақиқатында, Аллаһ күнді шығыстан келтіреді, ал сен оны батыстан шығар», - деді. Сонда күпірлік еткен / Аллаһтың игіліктерін теріске шығарған / ол абдырап қалды. Аллаһ әділетсіз адамдары тура жолмен жүргізбейді
Аударма: ҚМДБ
2:259
أَوۡ كَٱلَّذِي مَرَّ عَلَىٰ قَرۡيَةٖ وَهِيَ خَاوِيَةٌ عَلَىٰ عُرُوشِهَا قَالَ أَنَّىٰ يُحۡيِۦ هَٰذِهِ ٱللَّهُ بَعۡدَ مَوۡتِهَاۖ فَأَمَاتَهُ ٱللَّهُ مِاْئَةَ عَامٖ ثُمَّ بَعَثَهُۥۖ قَالَ كَمۡ لَبِثۡتَۖ قَالَ لَبِثۡتُ يَوۡمًا أَوۡ بَعۡضَ يَوۡمٖۖ قَالَ بَل لَّبِثۡتَ مِاْئَةَ عَامٖ فَٱنظُرۡ إِلَىٰ طَعَامِكَ وَشَرَابِكَ لَمۡ يَتَسَنَّهۡۖ وَٱنظُرۡ إِلَىٰ حِمَارِكَ وَلِنَجۡعَلَكَ ءَايَةٗ لِّلنَّاسِۖ وَٱنظُرۡ إِلَى ٱلۡعِظَامِ كَيۡفَ نُنشِزُهَا ثُمَّ نَكۡسُوهَا لَحۡمٗاۚ فَلَمَّا تَبَيَّنَ لَهُۥ قَالَ أَعۡلَمُ أَنَّ ٱللَّهَ عَلَىٰ كُلِّ شَيۡءٖ قَدِيرٞ
Немесе сондай қабырғалары төбесіне құлаған бір кенттен өткенді көрмедің бе? (Бұл Ғұзайыр Ғ.С.) Ол: «Алла бұны өлгеннен кейін қайтып тірілтеді?»,- деді. Алла оны жүз жыл өлтіріп, соңсоң тірілтіп: «Қанша жаттың?»,- деді. Ол: «Бір күн немесе күннің бір бөлімі жаттым» деді. (Алла): «Олай емес, жүз жыл өліп жаттың, енді тамағыңа сусыныңа бір қара! Өзгермеген. Ал енді есегіңе қара! Сені адамдарға үлгі үшін өстідік. Ал енді сүйектерге қара! Оны қайтып құрастырып, сонан соң оған ет кидіреміз» деді. (Ғұзайыр Ғ.С. шіріген сүйектердің құдыретше құралып, ет бітіп, жанданып түрегелгенін көрді.) Бұл жағдайлар оған ашықша білінгенде: «Сөзсіз Алланың әр нәрсеге күші жететінін білдім» деді
Аударма: Халифа Алтай
Немесе төбелері опырылып түсіп, қабырғалары үстіне құлаған бір кенттің қасынан өткен біреуді / білмедің бе / ? Ол: «Аллаһ бұны өлгеннен кейін қалай тірілтеді екен?» - деді. Сонда Аллаһ оны өлтіріп, жүз жылдан соң тірілтті. / Одан / : «Қанша уақыт болдың?» - деп сұрады. Ол: «Бір күн немесе күннің бір бөлігіндей болдым», - деді. / Оған / : «Олай емес, сен жүз жыл болдың. Тамағың мен сусыныңа қара! Түк бұзылмаған. Ал, енді есегіңе қара! Біз сені адамдарға белгі ету үшін / осылай еттік / . Ал, енді сүйектерге қара! Оны қайтып құрастырып, содан кейін оған ет қаптаймыз», - деді. Оған / жағдай / анық болған кезде, ол: «Аллаһтың барлық нәрсеге күші жетуші екенін жақсы білемін», - деді
Аударма: ҚМДБ
2:260
وَإِذۡ قَالَ إِبۡرَٰهِـۧمُ رَبِّ أَرِنِي كَيۡفَ تُحۡيِ ٱلۡمَوۡتَىٰۖ قَالَ أَوَلَمۡ تُؤۡمِنۖ قَالَ بَلَىٰ وَلَٰكِن لِّيَطۡمَئِنَّ قَلۡبِيۖ قَالَ فَخُذۡ أَرۡبَعَةٗ مِّنَ ٱلطَّيۡرِ فَصُرۡهُنَّ إِلَيۡكَ ثُمَّ ٱجۡعَلۡ عَلَىٰ كُلِّ جَبَلٖ مِّنۡهُنَّ جُزۡءٗا ثُمَّ ٱدۡعُهُنَّ يَأۡتِينَكَ سَعۡيٗاۚ وَٱعۡلَمۡ أَنَّ ٱللَّهَ عَزِيزٌ حَكِيمٞ
Сонау заманда Ыбырайым (Ғ.С.): «Раббым! Өлікті қайтып тірілтесің, маған көрсет» деді. (Алла): «Маған сенбейсің бе?»,- деді. (Ыбырайым Ғ.С.): «Әрине сенемін, бірақ жүрегім орнықсын» деді. (Алла Т.): «Құстардан төртеу ұста да өзіңе үйірлестіріп, (сойып араластыр.)Сонсоң әр атудың басына бір бөлшегін қой да сонан кейін оларды шақыр; дереу саған жетіп келеді. Күдіксіз Алланың өте үстем хикмет иесі екенін біл» деді. (Ыбырайым Ғ.С.) бұйырылғанды орындады. Алланың әмәрә бойынша құстар тіріліп келді. (Бұлар: Тауыс, кептер, қарға, қораз делінген. Толық мәлімет тәпсірлерде)
Аударма: Халифа Алтай
Әрі сол кезде Ибраһим: «Раббым! Маған өліктерді қалай тірілтетініңді көрсет», деді. Ол: «Сенбейсің бе?» - деді. Ибраһим: «Жоқ, әлбетте / сенемін / , бірақ жүрегімнің орнығуы үшін», - деді. Ол / Аллаһ / : «Құстардан төртеуін өзіңе алып / сойып, етін араластырып / жина да, содан кейін олардың бір-бір бөлігін әр таудың басына қой. Кейін оларды шақыр, сонда олар саған тез жетіп келеді. Әрі, Аллаһтың бәрінен Үстем, аса Дана екенін біл», - деді
Аударма: ҚМДБ
2:261
مَّثَلُ ٱلَّذِينَ يُنفِقُونَ أَمۡوَٰلَهُمۡ فِي سَبِيلِ ٱللَّهِ كَمَثَلِ حَبَّةٍ أَنۢبَتَتۡ سَبۡعَ سَنَابِلَ فِي كُلِّ سُنۢبُلَةٖ مِّاْئَةُ حَبَّةٖۗ وَٱللَّهُ يُضَٰعِفُ لِمَن يَشَآءُۚ وَٱللَّهُ وَٰسِعٌ عَلِيمٌ
Алла жолында мал сарып қылғандардың мысалы: Әр сабағында, жүз түйір өскен жеті сабақты ұрық тәрізді. Әрі Алла кімге қаласа, неше есе арттыра береді. Алла (Т.) тым кең, әр нәрсені білуші
Аударма: Халифа Алтай
Мал-дүниелерін Аллаһ жолында жұмсағандардың мысалы - жеті бас масақ шығарған бір түйір дән тәрізді, әрбір масақта жүз дәннен бар. Әрі Аллаһ қалағанына еселеп арттырып береді. Аллаһ - берекесі Кең , бәрін Білуші
Аударма: ҚМДБ
2:262
ٱلَّذِينَ يُنفِقُونَ أَمۡوَٰلَهُمۡ فِي سَبِيلِ ٱللَّهِ ثُمَّ لَا يُتۡبِعُونَ مَآ أَنفَقُواْ مَنّٗا وَلَآ أَذٗى لَّهُمۡ أَجۡرُهُمۡ عِندَ رَبِّهِمۡ وَلَا خَوۡفٌ عَلَيۡهِمۡ وَلَا هُمۡ يَحۡزَنُونَ
Сондай хайыр істегендер, бергендеріне міндетсу, ренжіту араластырмаса, (беріп алып бұлданбаса, кейітпесе) олаға Раббыларының хұзырында сыйлық бар. Сондай-ақ оларға қорқыныш жоқ әрі олар қайғырмайды
Аударма: Халифа Алтай
Мал-дүниелерін Аллаһ жолында жұмсап, кейін бергендеріне міндетсіну және реніш араластырмайтындардың сыйы - олардың Раббысында. Оларға қорқыныш жоқ әрі олар қайғырмайды
Аударма: ҚМДБ
2:263
۞قَوۡلٞ مَّعۡرُوفٞ وَمَغۡفِرَةٌ خَيۡرٞ مِّن صَدَقَةٖ يَتۡبَعُهَآ أَذٗىۗ وَٱللَّهُ غَنِيٌّ حَلِيمٞ
Көркем сөз және кешірімділік, артынан бұлдану, кейіту араласқан садақан жақсы. Алла (Т.) бай, жұмсақ
Аударма: Халифа Алтай
жақсы сөз және кешірім - артынан реніш араласқан садақадан қайырлы. Аллаһ - аса Бай, өте Ұстамды
Аударма: ҚМДБ
2:264
يَـٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ لَا تُبۡطِلُواْ صَدَقَٰتِكُم بِٱلۡمَنِّ وَٱلۡأَذَىٰ كَٱلَّذِي يُنفِقُ مَالَهُۥ رِئَآءَ ٱلنَّاسِ وَلَا يُؤۡمِنُ بِٱللَّهِ وَٱلۡيَوۡمِ ٱلۡأٓخِرِۖ فَمَثَلُهُۥ كَمَثَلِ صَفۡوَانٍ عَلَيۡهِ تُرَابٞ فَأَصَابَهُۥ وَابِلٞ فَتَرَكَهُۥ صَلۡدٗاۖ لَّا يَقۡدِرُونَ عَلَىٰ شَيۡءٖ مِّمَّا كَسَبُواْۗ وَٱللَّهُ لَا يَهۡدِي ٱلۡقَوۡمَ ٱلۡكَٰفِرِينَ
Әй мүміндер! Аллаға, ақирет күніне сенбей, адамдарға көрсету үшін мал сарып қылған кісідей, садақаларыңды міндет қылу, ренжітумен жоймаңдар. Міне соның мысалы: Үстінде топырағы бар тас сияқты, оған қатты нөсер жауса, (топырағын шайып) тас күйінде қалдырды. Олардың еңбектері еш болады. Алла қарсы болған елді тура жолға салмайды
Аударма: Халифа Алтай
Ей, иманға келгендер! Мал дүниесін адамдарға рия / көрсету / үшін жұмсап, Аллаһқа және Ақирет күніне сенбейтін біреу секілді садақаларыңды міндетсіну әрі ренжіту арқылы зая кетірмеңдер. Олай еткеннің мысалы - үстін топырақ жапқан жылтыр тасқа ұқсайды. Сонда қатты жаңбыр жауып, оны жылтыр күйінде қалдырды. Олар / осылай / істеген ісінен ешбір пайда ала алмайды. Әрі Аллаһ кәпір адамдарды тура жолмен жүргізбейді
Аударма: ҚМДБ
2:265
وَمَثَلُ ٱلَّذِينَ يُنفِقُونَ أَمۡوَٰلَهُمُ ٱبۡتِغَآءَ مَرۡضَاتِ ٱللَّهِ وَتَثۡبِيتٗا مِّنۡ أَنفُسِهِمۡ كَمَثَلِ جَنَّةِۭ بِرَبۡوَةٍ أَصَابَهَا وَابِلٞ فَـَٔاتَتۡ أُكُلَهَا ضِعۡفَيۡنِ فَإِن لَّمۡ يُصِبۡهَا وَابِلٞ فَطَلّٞۗ وَٱللَّهُ بِمَا تَعۡمَلُونَ بَصِيرٌ
Сондай малдарын Алланың ризалығын тілеп, өз көңілдерін бекіту үшін Алла жолында сарып қылғандардың мысалы: Көтеріңкі жердегі нөсер жауып екі есе өнім берген бақша тәрізді. Сонда оған жаңбыр тимей, дымқыл тисе де өнім береді. Алла (Т.) не істегендеріңді толық көруші
Аударма: Халифа Алтай
Ал, мал-дүниелерін Аллаһтың ризалығын іздеп және өз жандарын бекіту үшін жұмсағандар - көтеріңкі жердегі бір баққа ұқсайды. Оған мол жаңбыр жауып, жемісін екі есе берді. Ал, егер оған / мол жаңбыр! тимесе, сіркіреген жаңбыр да / жеткілікті /. Аллаһ - не істеп жатқандарыңды Көруші
Аударма: ҚМДБ
2:266
أَيَوَدُّ أَحَدُكُمۡ أَن تَكُونَ لَهُۥ جَنَّةٞ مِّن نَّخِيلٖ وَأَعۡنَابٖ تَجۡرِي مِن تَحۡتِهَا ٱلۡأَنۡهَٰرُ لَهُۥ فِيهَا مِن كُلِّ ٱلثَّمَرَٰتِ وَأَصَابَهُ ٱلۡكِبَرُ وَلَهُۥ ذُرِّيَّةٞ ضُعَفَآءُ فَأَصَابَهَآ إِعۡصَارٞ فِيهِ نَارٞ فَٱحۡتَرَقَتۡۗ كَذَٰلِكَ يُبَيِّنُ ٱللَّهُ لَكُمُ ٱلۡأٓيَٰتِ لَعَلَّكُمۡ تَتَفَكَّرُونَ
Сендердің біреулерің, астарынан өзендер шығатын: Құрмадан, жүзімнен әрбір жемістері бар бақшасы болса да өзіне кәрілік жетіп, нашар жас балалары болса, сонда ол бақшаны жалынды құйын келіп өртеп кетуін қалай ма? (Әрине қаламайды) Алла (Т.) түсінерсіңдер деп аяттарын өстіп баян етеді
Аударма: Халифа Алтай
Сендерден біреуің, астынан өзендер ағып жатқан түрлі жемісі бар құрма, жүзім бағы болып әрі өзіне кәрілік жетіп, балалары әлсіз / кішкентай / кезінде ол бағына отты құйын тиіп, оны өртеп кетуін қалай ма?! Ойлануларың үшін Аллаһ сендерге аяттарды осылай түсіндіреді
Аударма: ҚМДБ
2:267
يَـٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوٓاْ أَنفِقُواْ مِن طَيِّبَٰتِ مَا كَسَبۡتُمۡ وَمِمَّآ أَخۡرَجۡنَا لَكُم مِّنَ ٱلۡأَرۡضِۖ وَلَا تَيَمَّمُواْ ٱلۡخَبِيثَ مِنۡهُ تُنفِقُونَ وَلَسۡتُم بِـَٔاخِذِيهِ إِلَّآ أَن تُغۡمِضُواْ فِيهِۚ وَٱعۡلَمُوٓاْ أَنَّ ٱللَّهَ غَنِيٌّ حَمِيدٌ
Әй мүміндер! Табыстарыңның және сендер үшін жерден шығарған нәрселеріміздің жақсыларынан, тиісті орынға жұмсаңдар. Ал және өздерің көздеріңді жұмып әрең ғана алатын сапасыз нәрсені Алла жолында беруді ойламаңдар. Біліңдер, Алла бай, мақтаулы
Аударма: Халифа Алтай
Ей, иманға келгендер! Тапқандарыңның және Біз сендерге жерден шығарып бергеніміздің жақсыларынан / садақа етіп / жұмсаңдар. Әрі көздеріңді жұмып тұрып болмаса, өздерің де алмайтын нашар нәрсеніжұмсауға талпынбаңдар. Әрі, Аллаһтың аса Бай , өте Мақтаулы екенін біліңдер
Аударма: ҚМДБ
2:268
ٱلشَّيۡطَٰنُ يَعِدُكُمُ ٱلۡفَقۡرَ وَيَأۡمُرُكُم بِٱلۡفَحۡشَآءِۖ وَٱللَّهُ يَعِدُكُم مَّغۡفِرَةٗ مِّنۡهُ وَفَضۡلٗاۗ وَٱللَّهُ وَٰسِعٌ عَلِيمٞ
Шайтан сендерді кедейлікпен қорқытады да арсыздықты әмір етеді. Ал Алла (Т.) сендерге өз қасынан жарылқауды, кеңшілікті уәде етеді. Алла аса кең, толық білуші
Аударма: Халифа Алтай
Шайтан сендерге кедейлікті уәде етеді және жиіркенішті істерді бұйырады. Ал, Аллаһ сендерге Өзінің кешірімі мен кеңшілігін уәде етеді. Ақиқатында, Аллаһ - мейірімі Кең, бәрін Білуші
Аударма: ҚМДБ
2:269
يُؤۡتِي ٱلۡحِكۡمَةَ مَن يَشَآءُۚ وَمَن يُؤۡتَ ٱلۡحِكۡمَةَ فَقَدۡ أُوتِيَ خَيۡرٗا كَثِيرٗاۗ وَمَا يَذَّكَّرُ إِلَّآ أُوْلُواْ ٱلۡأَلۡبَٰبِ
Алла (Т.) хикметті (терең білімді) қалаған құлына береді. Ал кімге білім берілсе, оған көптеген игілік берілген болады. Бұны ақыл иелері ғана түсіне алады
Аударма: Халифа Алтай
Ол / Аллаһ / қалағанына даналық береді. Ал, кімге даналық берілсе, ақиқатында, оған көп игілік берілді. Алайда, ақыл иелері ғана еске алады
Аударма: ҚМДБ
2:270
وَمَآ أَنفَقۡتُم مِّن نَّفَقَةٍ أَوۡ نَذَرۡتُم مِّن نَّذۡرٖ فَإِنَّ ٱللَّهَ يَعۡلَمُهُۥۗ وَمَا لِلظَّـٰلِمِينَ مِنۡ أَنصَارٍ
Алла жолында не берсеңдер немесе бір нәзір атасаңдар, күдіксіз Алла оны біледі. Және залымдар үшін ешбір әрдемші болмайды. (Берілген садақалармен аталған нәзірдің қай ниетпен болғанын Алла біледі де қарсы болушыларға жәрдем етілмейді)
Аударма: Халифа Алтай
Қандай да бір садақа берсеңдер не­месе бір нәзір (өзіне міндетті емес нәрсені міндетіне алу) атасаңдар, анығында, Аллаһ оны біледі. Ал, әділетсіздерге көмек беруші болмайды
Аударма: ҚМДБ
2:271
إِن تُبۡدُواْ ٱلصَّدَقَٰتِ فَنِعِمَّا هِيَۖ وَإِن تُخۡفُوهَا وَتُؤۡتُوهَا ٱلۡفُقَرَآءَ فَهُوَ خَيۡرٞ لَّكُمۡۚ وَيُكَفِّرُ عَنكُم مِّن سَيِّـَٔاتِكُمۡۗ وَٱللَّهُ بِمَا تَعۡمَلُونَ خَبِيرٞ
Егер садақаларды көрнеу берсеңдер, сонда ол қандай әйбет. (басқаларға жетекшілік болады) Егер оны жасырын беріп әрі оны пақырларға берсеңдер, әрине сендер үшін сондада жақсы. (Алушының абыройы қорғалып, мақтан араласпайды.) Алла сендердің күнәларыңды жарылқайды. Сондай-ақ Алла істегендеріңді толық білуші
Аударма: Халифа Алтай
Егер садақаларды ашық түрде берсендер жақсы. Ал, егер оны / бергендеріңді / жасырсаңдар әрі оны кедейлерге берсеңдер, ол өздерің үшін қайырлы. Ол сендердің жаман істеріңді өшіреді. Аллаһ не істеп жатқандарыңнан толық Хабардар
Аударма: ҚМДБ
2:272
۞لَّيۡسَ عَلَيۡكَ هُدَىٰهُمۡ وَلَٰكِنَّ ٱللَّهَ يَهۡدِي مَن يَشَآءُۗ وَمَا تُنفِقُواْ مِنۡ خَيۡرٖ فَلِأَنفُسِكُمۡۚ وَمَا تُنفِقُونَ إِلَّا ٱبۡتِغَآءَ وَجۡهِ ٱللَّهِۚ وَمَا تُنفِقُواْ مِنۡ خَيۡرٖ يُوَفَّ إِلَيۡكُمۡ وَأَنتُمۡ لَا تُظۡلَمُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.) оларды тура жолға салу саған міндет емес. Бірақ Алла кімді қаласа, тура жолға салады. Ненде хайыр берсеңдер де сонда өздерің үшін; Алланың ризалығын тілеп қана берсеңдер, Алла жолында беретін хайыр өздеріңе толық төленеді әрі сендерге әділсіздік етілмейді
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Оларды тура жолға түсіру - сенің міндетің емес. Алайда, Аллаһ қалағанын тура жолға түсіреді. жақсылықтан не берсеңдер де, ол - өздерің үшін. Сендер тек Аллаһтың дидарын қалап қана бересіңдер. жақсылықтан бергендерің толық қайтарылады әрі сендерге әділетсіздік етілмейді
Аударма: ҚМДБ
2:273
لِلۡفُقَرَآءِ ٱلَّذِينَ أُحۡصِرُواْ فِي سَبِيلِ ٱللَّهِ لَا يَسۡتَطِيعُونَ ضَرۡبٗا فِي ٱلۡأَرۡضِ يَحۡسَبُهُمُ ٱلۡجَاهِلُ أَغۡنِيَآءَ مِنَ ٱلتَّعَفُّفِ تَعۡرِفُهُم بِسِيمَٰهُمۡ لَا يَسۡـَٔلُونَ ٱلنَّاسَ إِلۡحَافٗاۗ وَمَا تُنفِقُواْ مِنۡ خَيۡرٖ فَإِنَّ ٱللَّهَ بِهِۦ عَلِيمٌ
Сондай Алла жолында қамалып шықпай отырған, жер жүзінде жүре алмайтын, білмегендер, оларды абырой сақтағандықтарынан бай деп ойлайтын пақырларға беріңдер. Оларды бейнесінен-ақ таныйсың. Олар адамдарға жабысып сұрамайды. Сендер не хайыр берсеңдер расында Алла (Т.) оны біледі
Аударма: Халифа Алтай
Қайыр-садақаны / Аллаһ разы болатын іс-амалдармен айналысып, мұқтаждық көрген кедейлерге / беріңдер / . Олардың өзге жерге баруға шамалары келмейді, білмейтіндер оларды қанағатшылықтары себепті, бай деп есептейді. Оларды белгі-сипаттарынан танисың: олар адамдардан тілемсектеніп сұрамайды. жақсылықтан не жұмсасаңдар да сөзсіз, Аллаһ - оны Білуші
Аударма: ҚМДБ
2:274
ٱلَّذِينَ يُنفِقُونَ أَمۡوَٰلَهُم بِٱلَّيۡلِ وَٱلنَّهَارِ سِرّٗا وَعَلَانِيَةٗ فَلَهُمۡ أَجۡرُهُمۡ عِندَ رَبِّهِمۡ وَلَا خَوۡفٌ عَلَيۡهِمۡ وَلَا هُمۡ يَحۡزَنُونَ
Сондай малдарын күндіз- түні көмес және көрнеу Алла жолында жұмсағандар, сонда оларға Раббыларының сыйлықтары бар. Сондай-ақ оларға қорқу және әрі олар қайғырмайды
Аударма: Халифа Алтай
Мал-дүниелерін түнде де, күндіз де құпия және жария жұмсайтындардың сыйы - олардың Раббысында. Оларға қорқыныш жоқ әрі олар қайғырмайды
Аударма: ҚМДБ
2:275
ٱلَّذِينَ يَأۡكُلُونَ ٱلرِّبَوٰاْ لَا يَقُومُونَ إِلَّا كَمَا يَقُومُ ٱلَّذِي يَتَخَبَّطُهُ ٱلشَّيۡطَٰنُ مِنَ ٱلۡمَسِّۚ ذَٰلِكَ بِأَنَّهُمۡ قَالُوٓاْ إِنَّمَا ٱلۡبَيۡعُ مِثۡلُ ٱلرِّبَوٰاْۗ وَأَحَلَّ ٱللَّهُ ٱلۡبَيۡعَ وَحَرَّمَ ٱلرِّبَوٰاْۚ فَمَن جَآءَهُۥ مَوۡعِظَةٞ مِّن رَّبِّهِۦ فَٱنتَهَىٰ فَلَهُۥ مَا سَلَفَ وَأَمۡرُهُۥٓ إِلَى ٱللَّهِۖ وَمَنۡ عَادَ فَأُوْلَـٰٓئِكَ أَصۡحَٰبُ ٱلنَّارِۖ هُمۡ فِيهَا خَٰلِدُونَ
Сондай өсім жегендер, (қабырларынан) жын соғып тұрғандай есеңгіреп тұрады. Бұп олардың: "Сауда да бейне өсім" дегендіктерінің салдарынан. Негізінде Алла сауданы халал, өсімді харам еткен. Сонда кім Раббынан насихат келгенде тыйылса өткені өтіп кетті. Оның ісі Аллаға тән. Ал және кім қайталаса, міне солар тозақтық. Олар онда мәнгі қалады
Аударма: Халифа Алтай
Өсім жейтіндер / қияметте / шайтан тиіп құтырған біреу секілді тұрады. Бұл олардың: «Сауда да өсім сияқты», - деп айтқандықтары себебінен. Аллаһ саудаға рұқсат етіп, өсімге тыйым салды. Кімге Раббысынан ескерту жетіп, ол / өсім алудан / тыйылса, оған бұрынғы істегендері / кешірім етіледі / . Ал, ісі - Аллаһқа тән. Ал кім / өсімге / қайтса, міне, солар - Отта / тозақта / болатындар. Олар - онда мәңгі қалушы
Аударма: ҚМДБ
2:276
يَمۡحَقُ ٱللَّهُ ٱلرِّبَوٰاْ وَيُرۡبِي ٱلصَّدَقَٰتِۗ وَٱللَّهُ لَا يُحِبُّ كُلَّ كَفَّارٍ أَثِيمٍ
Алла өсімді жояды да сауданы арттырады. Әрі Алла барлық қарсы келуші күнәкарды жақсы көрмейді
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ өсімді жойып, садақаларды өсіреді / берекелі етеді / . Аллаһ әрбір қатты күпірлік етушіні / қарсылығы өте қатты / күнәға батушыны жақсы көрмейді
Аударма: ҚМДБ
2:277
إِنَّ ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَعَمِلُواْ ٱلصَّـٰلِحَٰتِ وَأَقَامُواْ ٱلصَّلَوٰةَ وَءَاتَوُاْ ٱلزَّكَوٰةَ لَهُمۡ أَجۡرُهُمۡ عِندَ رَبِّهِمۡ وَلَا خَوۡفٌ عَلَيۡهِمۡ وَلَا هُمۡ يَحۡزَنُونَ
Негізінен иман келтіріп ізгі іс істегендер, намазды толық орындап, зекет бергендер, олар үшін Раббыларынын қасында сыйлық бар. Оларға қорқу жоқ әрі олар қайғырмайды
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, иманға келген және ізгі амал жасағандардың, намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле! толық орындағандардың және зекетті бергендердің сыйы - олардың Раббысында. Оларға қорқыныш жоқ әрі олар қайғырмайды
Аударма: ҚМДБ
2:278
يَـٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ ٱتَّقُواْ ٱللَّهَ وَذَرُواْ مَا بَقِيَ مِنَ ٱلرِّبَوٰٓاْ إِن كُنتُم مُّؤۡمِنِينَ
Әй мүміндер! Алладан қорқыңдар. Егер сенсеңдер өсімнен қалып қалған (Аласыларыңды) қалдырыңдар (алмаңдар)
Аударма: Халифа Алтай
Ей, иманға келгендер! Егер иманды / мүмін / болсаңдар, Аллаһтан / Оның тыйғандарынан / қорқып, сақтаныңдар және өсімнің қалған бөлігін тастаңдар
Аударма: ҚМДБ
2:279
فَإِن لَّمۡ تَفۡعَلُواْ فَأۡذَنُواْ بِحَرۡبٖ مِّنَ ٱللَّهِ وَرَسُولِهِۦۖ وَإِن تُبۡتُمۡ فَلَكُمۡ رُءُوسُ أَمۡوَٰلِكُمۡ لَا تَظۡلِمُونَ وَلَا تُظۡلَمُونَ
Егер оны істемесеңдер, (өсім алғанды қоймасаңдар) бұн ы Аллаға, Пайғамбарына қарсы соғыс деп біліңдер. Егер тәубе қылсаңдар, сонда малдарыңның басы өздеріңдікі. Зұлымдық етпеген және зұлымдыққа ұшыра маған боласыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Ал егер олай етпесеңдер, Аллаһ және Оның Елшісінен болатын соғысты біліңдер. Ал, егер / келісілген өсімнен / бас тартып, Аллаһқа бойсұнуға қайтсаңдар / тәубеге келсеңдер / , онда бастапқы мал-дүниелерің өздеріңе. / Сонда / әділетсіздік жасамайсыңдар әрі өздеріңе де әділетсіздік жасалмайды
Аударма: ҚМДБ
2:280
وَإِن كَانَ ذُو عُسۡرَةٖ فَنَظِرَةٌ إِلَىٰ مَيۡسَرَةٖۚ وَأَن تَصَدَّقُواْ خَيۡرٞ لَّكُمۡ إِن كُنتُمۡ تَعۡلَمُونَ
Ал егер борышты, ауыр жағдайда болса, жақсарғанша қарау керек. Егер де садақа қылсаңдар сендер үшін тағы жақсы. Егер білген болсаңдар
Аударма: Халифа Алтай
Кімде-кім / қарыздар кісі / қиын жағдайда болса, онда жеңілдегенше күту / керек / . Ал, садақа етулерің, егер білсеңдер, өздерің үшін қайырлы
Аударма: ҚМДБ
2:281
وَٱتَّقُواْ يَوۡمٗا تُرۡجَعُونَ فِيهِ إِلَى ٱللَّهِۖ ثُمَّ تُوَفَّىٰ كُلُّ نَفۡسٖ مَّا كَسَبَتۡ وَهُمۡ لَا يُظۡلَمُونَ
Аллаға қайтарылатын, сонсоң әркімнің еңбегі өздеріне кемітілмей толық берілетін күннөн сақсыныңдар
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһқа қайтарылатын бір Күннен қорқыңдар. Сонда әрбір жанға істегені толық беріледі етілмейді
Аударма: ҚМДБ
2:282
يَـٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوٓاْ إِذَا تَدَايَنتُم بِدَيۡنٍ إِلَىٰٓ أَجَلٖ مُّسَمّٗى فَٱكۡتُبُوهُۚ وَلۡيَكۡتُب بَّيۡنَكُمۡ كَاتِبُۢ بِٱلۡعَدۡلِۚ وَلَا يَأۡبَ كَاتِبٌ أَن يَكۡتُبَ كَمَا عَلَّمَهُ ٱللَّهُۚ فَلۡيَكۡتُبۡ وَلۡيُمۡلِلِ ٱلَّذِي عَلَيۡهِ ٱلۡحَقُّ وَلۡيَتَّقِ ٱللَّهَ رَبَّهُۥ وَلَا يَبۡخَسۡ مِنۡهُ شَيۡـٔٗاۚ فَإِن كَانَ ٱلَّذِي عَلَيۡهِ ٱلۡحَقُّ سَفِيهًا أَوۡ ضَعِيفًا أَوۡ لَا يَسۡتَطِيعُ أَن يُمِلَّ هُوَ فَلۡيُمۡلِلۡ وَلِيُّهُۥ بِٱلۡعَدۡلِۚ وَٱسۡتَشۡهِدُواْ شَهِيدَيۡنِ مِن رِّجَالِكُمۡۖ فَإِن لَّمۡ يَكُونَا رَجُلَيۡنِ فَرَجُلٞ وَٱمۡرَأَتَانِ مِمَّن تَرۡضَوۡنَ مِنَ ٱلشُّهَدَآءِ أَن تَضِلَّ إِحۡدَىٰهُمَا فَتُذَكِّرَ إِحۡدَىٰهُمَا ٱلۡأُخۡرَىٰۚ وَلَا يَأۡبَ ٱلشُّهَدَآءُ إِذَا مَا دُعُواْۚ وَلَا تَسۡـَٔمُوٓاْ أَن تَكۡتُبُوهُ صَغِيرًا أَوۡ كَبِيرًا إِلَىٰٓ أَجَلِهِۦۚ ذَٰلِكُمۡ أَقۡسَطُ عِندَ ٱللَّهِ وَأَقۡوَمُ لِلشَّهَٰدَةِ وَأَدۡنَىٰٓ أَلَّا تَرۡتَابُوٓاْ إِلَّآ أَن تَكُونَ تِجَٰرَةً حَاضِرَةٗ تُدِيرُونَهَا بَيۡنَكُمۡ فَلَيۡسَ عَلَيۡكُمۡ جُنَاحٌ أَلَّا تَكۡتُبُوهَاۗ وَأَشۡهِدُوٓاْ إِذَا تَبَايَعۡتُمۡۚ وَلَا يُضَآرَّ كَاتِبٞ وَلَا شَهِيدٞۚ وَإِن تَفۡعَلُواْ فَإِنَّهُۥ فُسُوقُۢ بِكُمۡۗ وَٱتَّقُواْ ٱللَّهَۖ وَيُعَلِّمُكُمُ ٱللَّهُۗ وَٱللَّهُ بِكُلِّ شَيۡءٍ عَلِيمٞ
Әй мүміндер! Егер белгілі бір мерзімге дейін бір-біріңе борыштансаңдар, сонда оны жазыңдар. Араларыңда бір хатшы дұрыс жазсын. Сондай-ақ хатшы Алланың оған үйретуі бойынша жазудан бас тартпасын. Борышты кісі жаздырсын. Раббы болған Алладан қорықсын әрі одан еш нәрсе ке мітпесін. Сонда егер борышты есалаң не нашар (жас бала я кәрі) немесе жаздыра а лмайтын (сақау т.б.) болса, оның иесі тура жаздырсын, Еркектеріңнен екі айғақ қойыңдар. Егер еркек болмаса онда өздерің ұнатқан айғақтардан бір еркек, екі әйел болады. Егер екеуініц бірі жаңылса, екіншісі оның есіне салады. Куәлер шақырыяған сәтте бас тартпасын. Аз, көп болса да белгілі мерзімгө дейін жазудан ерінбеңдер . Осыларың Алланың қасында туралық; куәлік үшін мыктырақ және күдіктенбеугө де жақынырақ. Бірақ та өзара қолма-қол алып, беретін әзір сауда болса, жазбауларыцның оқасы жоқ. Саудаласқан кезде айғақ қойыңдар, Хатшы да айғақ та зиянға ұшыраты лмасы н . Егер оны істесеңдер, рас күнәлы боласыңдар, Алладан қорқыцдар. Әрі Алла сендерге үйрөтөді. Сондай-ақ Алла (Т.) әр нәрсені толық білуші
Аударма: Халифа Алтай
Ей, иманға келгендер! Егер бір-біріңе белгілі бір мерзімге дейін қарыз берсеңдер, оны жазыңдар. Бір хатшы сендердің араларыңда әділдікпен жазсын. Әрі хатшы Аллаһтың оған үйреткені бойынша жазудан бас тартпасын. Ол жазсын, ал міндетті болған / борышты / жаздырсын және Раббысы Аллаһтан қорқып, сақтанып, одан ешнәрсені кемітпесін. Егер міндетті болған / борышты / ақылы кем, не әлжуаз немесе жаздыра алмайтын болса, онда оның өкіл-қамқоршысы әділдікпен жаздырсын. Ер кісілеріңнен екі куәні куәлікке тартыңдар. Егер екі ер кісі болмаса, онда өздерің разы болған куәлардан бір ер кісі мен екі әйелді / куә етіңдер / . Сонда / екі әйелдің / бірі жаңылса, екіншісі есіне салады. Әрі куәгерлер шақырылған сәтте / куә болудан / бас тартпасын. және / қарыз / кіші не үлкен болса да оны мерзімімен қоса жазудан ерінбеңдер. Осылай ету - Аллаһтың алдында әділдірек және куәлік тұрғысында туралыққа және күмәнданбауларыңа көбірек жақын. Тек өзара қолма-қол жасайтын нақты сауда болса, оны жазбасаңдар да сендерге күнә жоқ. Әрі өзара сауда келісімін жасасқанда куәлар шақырыңдар. Хатшыға да, куәгерге де зиян тигізілмесін. Ал, егер солай істесеңдер, сөзсіз, ол - сендердің бойсұнбауларың. Әрі Аллаһтан / Оның тыйғандарынан / қорқып, сақтаныңдар, ал Аллаһ сендерге үйретеді және Аллаһ барлық нәрсені Білуші
Аударма: ҚМДБ
2:283
۞وَإِن كُنتُمۡ عَلَىٰ سَفَرٖ وَلَمۡ تَجِدُواْ كَاتِبٗا فَرِهَٰنٞ مَّقۡبُوضَةٞۖ فَإِنۡ أَمِنَ بَعۡضُكُم بَعۡضٗا فَلۡيُؤَدِّ ٱلَّذِي ٱؤۡتُمِنَ أَمَٰنَتَهُۥ وَلۡيَتَّقِ ٱللَّهَ رَبَّهُۥۗ وَلَا تَكۡتُمُواْ ٱلشَّهَٰدَةَۚ وَمَن يَكۡتُمۡهَا فَإِنَّهُۥٓ ءَاثِمٞ قَلۡبُهُۥۗ وَٱللَّهُ بِمَا تَعۡمَلُونَ عَلِيمٞ
Ал егер сапарда болып, хатшы таба алмасаңдар, онда борыштыдан бодау алуға болады. Егер біріңе-бірін сенсеңдер, (бодаусыз берілсе) сенілген жақ аманатын тапсырсын. Сондай-ақ Раббы Алладан корықсын. Куәлікті (көргөндөріңді) жасырмаңдар. Кім оны жасырса жүрегі күнәкар болады. Алла не істегендеріңді толық біледі
Аударма: Халифа Алтай
Ал, егер сапарда болып, хатшы таба алмасаңдар, онда / қарыздардан / кепілдікке бір нәрсе алынады. Егер бір-біріңе сеніп берсеңдер, аманат тапсырылған / адам / аманатын орындасын және Раббысы - Аллаһтан / Оның тыйғандарынан / қорқып, сақтансын. Әрі куәлікті жасырмаңдар. Кім оны жасырса, онда оның жүрегі күнәһар. Ал, Аллаһ - не істеп жатқандарыңды Білуші
Аударма: ҚМДБ
2:284
لِّلَّهِ مَا فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَمَا فِي ٱلۡأَرۡضِۗ وَإِن تُبۡدُواْ مَا فِيٓ أَنفُسِكُمۡ أَوۡ تُخۡفُوهُ يُحَاسِبۡكُم بِهِ ٱللَّهُۖ فَيَغۡفِرُ لِمَن يَشَآءُ وَيُعَذِّبُ مَن يَشَآءُۗ وَٱللَّهُ عَلَىٰ كُلِّ شَيۡءٖ قَدِيرٌ
Көктердегі және жердегі нәрселер Алланікі. Іштеріңдегілерді жарияласаңдар да жасырсаңдар да Алла сендерден оның есебін алады. Сонда кімді қаласа, жарылқайды да кімді қаласа, азап қылады. Сондай-ақ Алла (Т.) ның барлық нәрсеге толық күші жетеді
Аударма: Халифа Алтай
Аспандардағы және жердегі нәрселер - Аллаһтікі. Іштеріңдегіні жарияласаңдар да немесе жасырсаңдар да Аллаһ сендерден оның есебін алады. Сонда қалағанын кешіріп, қалағанын азаптайды. Аллаһтың әрбір нәрсеге Күші жетуші
Аударма: ҚМДБ
2:285
ءَامَنَ ٱلرَّسُولُ بِمَآ أُنزِلَ إِلَيۡهِ مِن رَّبِّهِۦ وَٱلۡمُؤۡمِنُونَۚ كُلٌّ ءَامَنَ بِٱللَّهِ وَمَلَـٰٓئِكَتِهِۦ وَكُتُبِهِۦ وَرُسُلِهِۦ لَا نُفَرِّقُ بَيۡنَ أَحَدٖ مِّن رُّسُلِهِۦۚ وَقَالُواْ سَمِعۡنَا وَأَطَعۡنَاۖ غُفۡرَانَكَ رَبَّنَا وَإِلَيۡكَ ٱلۡمَصِيرُ
Пайғамбар өзіне раббы тарапынан түсірілгенге иман келтірді. Мүміндер де барлығы: Аллаға, періштелерге, кітаптарға және пайғамбарларға иман келтірді. «Елшілердің араларын айырмаймыз, естідік те бой ұсындық. Раббымыз! Сенен жарылқау тілейміз, қайтып барар жеріміз де Сенің алдың» деді
Аударма: Халифа Алтай
Елші өзіне Раббысынан түсірілгенге сенді және имандылар да / мүміндер де / . Барлығы Аллаһқа әрі Оның періштелеріне, Оның кітаптарына және Оның елшілеріне сенді: «Біз елшілердің арасын бөлмейміз»,- деді. Әрі олар: «Естідік әрі бойсұндық! Раббымыз, Сенен кешірім тілейміз әрі қайтуымыз - Саған», - деді
Аударма: ҚМДБ
2:286
لَا يُكَلِّفُ ٱللَّهُ نَفۡسًا إِلَّا وُسۡعَهَاۚ لَهَا مَا كَسَبَتۡ وَعَلَيۡهَا مَا ٱكۡتَسَبَتۡۗ رَبَّنَا لَا تُؤَاخِذۡنَآ إِن نَّسِينَآ أَوۡ أَخۡطَأۡنَاۚ رَبَّنَا وَلَا تَحۡمِلۡ عَلَيۡنَآ إِصۡرٗا كَمَا حَمَلۡتَهُۥ عَلَى ٱلَّذِينَ مِن قَبۡلِنَاۚ رَبَّنَا وَلَا تُحَمِّلۡنَا مَا لَا طَاقَةَ لَنَا بِهِۦۖ وَٱعۡفُ عَنَّا وَٱغۡفِرۡ لَنَا وَٱرۡحَمۡنَآۚ أَنتَ مَوۡلَىٰنَا فَٱنصُرۡنَا عَلَى ٱلۡقَوۡمِ ٱلۡكَٰفِرِينَ
Алла (Т.) кісіге шамасы келетін міндетті ғана жүктейді; істеген жақсылығы өз пайдасына да, жамандығы зиянына. «Раббымыз! Егер ұмытсақ не жаңылсақ бізді қолға алма. Раббымыз! Бізге бізден бұрынғыларға жүктегеніңдей ауыр жүк жүктеме. Раббым! Бізге шамамыз келмейтінді артпа! Бізді кешір, бізді жарылқа, бізге мәрхамет ет. Сен иемізсің! Бізге кәпір қауымға қарсы жәрдем бер!»
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ ешбір жанға, оның күші жетпейтінді міндеттемейді. Істеп тапқаны / жақсылығы / оған, ал өзі үшін істеп тапқаны / жамандығы / - оның өзіне қарсы болады. «Раббымыз! Егер ұмытсақ не қателессек, бізді жазаға тарта көрме. Раббымыз! Бізге бізден алдыңғыларға / ілгергі үмметтерге / артқаныңдай ауырлық артпа. Раббымыз! Бізге әліміз жетпейтінді жүктеме! Әрі бізді жазалама және бізді кешір және бізге рақым ет. Сен - біздің Иемізсің! Бізге кәпір адамдарға қарсы көмек бер!»
Аударма: ҚМДБ
← Аль-ФатихаБарлық сүрелерАли Имран →

Аль-Бакара сүресі туралы

Аль-Бакара (البقرة) — Құранның 2-сүресі, 286 аят, мединалық сүре, 1-жүз, мысхафтың 2-бетінен басталады. Бетте: Осман қарпіндегі араб мәтіні және Халифа Алтайдың қазақша мағыналық аудармасы мен ҚМДБ аудармасы. Аудио, транскрипция, тәпсір және 67 тілдегі аударма — толық нұсқада.

Барлық 114 сүре · Намаз уақыты · Іздеу