۞سَيَقُولُ ٱلسُّفَهَآءُ مِنَ ٱلنَّاسِ مَا وَلَّىٰهُمۡ عَن قِبۡلَتِهِمُ ٱلَّتِي كَانُواْ عَلَيۡهَاۚ قُل لِّلَّهِ ٱلۡمَشۡرِقُ وَٱلۡمَغۡرِبُۚ يَهۡدِي مَن يَشَآءُ إِلَىٰ صِرَٰطٖ مُّسۡتَقِيمٖ
sayaqūlu l-sufahāu mina l-nāsi mā wallāhum ʿan qib'latihimu allatī kānū ʿalayhā qul lillahi l-mashriqu wal-maghribu yahdī man yashāu ilā ṣirāṭin mus'taqīmin
(Мұхаммед Ғ.С. Медине қаласына көшіп келгеннен кейін намазды бір жарым жылға жақын «Месжід Ақса» жаққа қарап оқып, әр уақыт қыбланың «Қағба» болуын арман ететін еді. Ақыр бір күні Алланың әмірі бойынша «Қағба» жаққа қарап намаз оқыла бастағанда, ел арасында әр түрлі күңкіл болады…) Адамдардың кейбір ақымақтары: «Оларды, қарап тұрған қыбласынан не нәрсе бұрды?»,- дейді. (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: «Шығыс та батыс та Аллаға тән. ол, қалағанын тура жолға салады » де
Аударма: Халифа Алтай
Адамдардың жетесіздері: «Оларды өздері ұстанып келген қыблаларынан не бұрды?» - дейді. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Шығыс та, батыс та Аллаһтікі. Ол қалағанын тура жолмен жүргізеді»,- деп
Аударма: ҚМДБ
Қари: Мишари Рашид әл-Афаси