يَٰبَنِيٓ إِسۡرَـٰٓءِيلَ ٱذۡكُرُواْ نِعۡمَتِيَ ٱلَّتِيٓ أَنۡعَمۡتُ عَلَيۡكُمۡ وَأَنِّي فَضَّلۡتُكُمۡ عَلَى ٱلۡعَٰلَمِينَ
yābanī is'rāīla udh'kurū niʿ'matiya allatī anʿamtu ʿalaykum wa-annī faḍḍaltukum ʿalā l-ʿālamīna
Алла Израил ұрпақтарын бақытқа бөлеп, заманында әлемнен артық қылған. Пайғамбарлар көп келген. Бірақ Алланы көрмей: «Нанбаймыз» дегендер, пайғамбарды өлтіргендер, бұзауға шоқынып, тәуратты өзгерткен бұзықтары да болған. Әй Израил ұрпақтары! Сендерге берген нығметімді, әм әлемге артық еткенімді еске алыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Исраилдің ұрпақтары! Сендерге берген игілігімді және сендерді әлемдерден артық еткенімді еске алыңдар
Аударма: ҚМДБ
Қари: Мишари Рашид әл-Афаси