يَكَادُ ٱلۡبَرۡقُ يَخۡطَفُ أَبۡصَٰرَهُمۡۖ كُلَّمَآ أَضَآءَ لَهُم مَّشَوۡاْ فِيهِ وَإِذَآ أَظۡلَمَ عَلَيۡهِمۡ قَامُواْۚ وَلَوۡ شَآءَ ٱللَّهُ لَذَهَبَ بِسَمۡعِهِمۡ وَأَبۡصَٰرِهِمۡۚ إِنَّ ٱللَّهَ عَلَىٰ كُلِّ شَيۡءٖ قَدِيرٞ
yakādu l-barqu yakhṭafu abṣārahum kullamā aḍāa lahum mashaw fīhi wa-idhā aẓlama ʿalayhim qāmū walaw shāa l-lahu ladhahaba bisamʿihim wa-abṣārihim inna l-laha ʿalā kulli shayin qadīrun
Олардың көздерін найзағай жұлып әкете жаздайды. Оларға жарық берген сәтте, олар жарықта жүреді де оларға қараңғы болған заманда, олар тұра қалады. Егер Алла қаласа, олардың есту, көру сезімдерін де жойар еді. Алланың әр нәрсеге күші толық жетуші. (Бұл мысалда, Құран және ислам; көзді алардай жарқылдап, күркіреп құйған нөсерге, мұнафықтар; нажағайдан қорқып, саусақтарын құлақтарына тығып жарықта жүріп, қараңғыда тұрып тантырақтағанға теңеліп отыр)
Аударма: Халифа Алтай
Найзағай олардың жанарларын алып қоя жаздайды. Оларға жарық түскен сайын, олар жарықта жүреді де қараңғылық түскен кезде, олар тұрып қалады. Егер Аллаһ қаласа, олардың көзі мен құлағын алып қояр еді. Аллаһ әрбір нәрсені Жасай алушы
Аударма: ҚМДБ
Қари: Мишари Рашид әл-Афаси