لَيۡسَ عَلَيۡكُمۡ جُنَاحٌ أَن تَبۡتَغُواْ فَضۡلٗا مِّن رَّبِّكُمۡۚ فَإِذَآ أَفَضۡتُم مِّنۡ عَرَفَٰتٖ فَٱذۡكُرُواْ ٱللَّهَ عِندَ ٱلۡمَشۡعَرِ ٱلۡحَرَامِۖ وَٱذۡكُرُوهُ كَمَا هَدَىٰكُمۡ وَإِن كُنتُم مِّن قَبۡلِهِۦ لَمِنَ ٱلضَّآلِّينَ
laysa ʿalaykum junāḥun an tabtaghū faḍlan min rabbikum fa-idhā afaḍtum min ʿarafātin fa-udh'kurū l-laha ʿinda l-mashʿari l-ḥarāmi wa-udh'kurūhu kamā hadākum wa-in kuntum min qablihi lamina l-ḍālīna
Сендерге Раббыларыңның кеңшілігін іздеулеріңнің (кәсіп істеулеріңнің) оқасы жоқ. Қашан Ғарафаттан қайтсаңдар, Машғарыл харамның қасында, Алланы еске алыңдар. Сондай-ақ Оны, сендерге нұсқағанындай еске алыңдар. Сендер бұрын азғындардан едіңдер. (Бұрын Құрайыштар дандайсып, Ғарафатқа бармай Мүзделіфеден қайтатын және Минада ата- бабаларын мақтайтын еді)
Аударма: Халифа Алтай
Раббыңыздың кеңшілігін / ризық-несібелеріңді / іздеулеріңде сендерге күнә жоқ. Қашан Арафаттан қайтқан кездеріңде Мәшғәрул Харам қасында / Мұздалифада / Аллаһты еске алыңдар. Осыдан алдын сендер адасушылардан болсаңдар да Ол сендерді тура жолға салғанындай, сендер Оны еске алыңдар
Аударма: ҚМДБ
Қари: Мишари Рашид әл-Афаси