يَـٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ كُتِبَ عَلَيۡكُمُ ٱلۡقِصَاصُ فِي ٱلۡقَتۡلَىۖ ٱلۡحُرُّ بِٱلۡحُرِّ وَٱلۡعَبۡدُ بِٱلۡعَبۡدِ وَٱلۡأُنثَىٰ بِٱلۡأُنثَىٰۚ فَمَنۡ عُفِيَ لَهُۥ مِنۡ أَخِيهِ شَيۡءٞ فَٱتِّبَاعُۢ بِٱلۡمَعۡرُوفِ وَأَدَآءٌ إِلَيۡهِ بِإِحۡسَٰنٖۗ ذَٰلِكَ تَخۡفِيفٞ مِّن رَّبِّكُمۡ وَرَحۡمَةٞۗ فَمَنِ ٱعۡتَدَىٰ بَعۡدَ ذَٰلِكَ فَلَهُۥ عَذَابٌ أَلِيمٞ
yāayyuhā alladhīna āmanū kutiba ʿalaykumu l-qiṣāṣu fī l-qatlā l-ḥuru bil-ḥuri wal-ʿabdu bil-ʿabdi wal-unthā bil-unthā faman ʿufiya lahu min akhīhi shayon fa-ittibāʿun bil-maʿrūfi wa-adāon ilayhi bi-iḥ'sānin dhālika takhfīfun min rabbikum waraḥmatun famani iʿ'tadā baʿda dhālika falahu ʿadhābun alīmun
Әй мүміндер! Сендерге қысас (есе қайтару) парыз етілді: Азатқа азат, құлға құл, әйелге әйел (өлтіріледі). Дегенмен оған туыс жағынан кешірілсе, оның ережеге үйлесуі екінші жақтың да оған дұрыс төлеуі хажет. (Егер қысас кешіріліп, құнға тоқтаса, алушының орынсыз егеске қысас істемеуі, берушінің де дұрыс орындауы керек.) Міне осы, Раббылары жағынан жеңілдік және мәрхамет. Ал кімде- кім бұдан кейін шектен шықса, (кек сақтаса) ол үшін ахиретте күйзелтуші азап бар
Аударма: Халифа Алтай
Ей, иманға келгендер! Сендерге өлтірілгендерге қатысты кек қайтару парыз етілді. Азат үшін - азат, құл үшін - құл және әйел үшін - әйел. Ал кімге / өлген адамның / бауыры жағынан кешірім жасалса, құпталғанға сай және оны жақсы түрде орындауы / тиіс / . Міне, бұл Раббыңыздан жеңілдік әрі мейірім. Ал, кім осыдан кейін шектен шықса, оған күйзелтуші азап бар
Аударма: ҚМДБ
Қари: Мишари Рашид әл-Афаси