فِي ٱلدُّنۡيَا وَٱلۡأٓخِرَةِۗ وَيَسۡـَٔلُونَكَ عَنِ ٱلۡيَتَٰمَىٰۖ قُلۡ إِصۡلَاحٞ لَّهُمۡ خَيۡرٞۖ وَإِن تُخَالِطُوهُمۡ فَإِخۡوَٰنُكُمۡۚ وَٱللَّهُ يَعۡلَمُ ٱلۡمُفۡسِدَ مِنَ ٱلۡمُصۡلِحِۚ وَلَوۡ شَآءَ ٱللَّهُ لَأَعۡنَتَكُمۡۚ إِنَّ ٱللَّهَ عَزِيزٌ حَكِيمٞ
fī l-dun'yā wal-ākhirati wayasalūnaka ʿani l-yatāmā qul iṣ'lāḥun lahum khayrun wa-in tukhāliṭūhum fa-ikh'wānukum wal-lahu yaʿlamu l-muf'sida mina l-muṣ'liḥi walaw shāa l-lahu la-aʿnatakum inna l-laha ʿazīzun ḥakīmun
(Бұл аят бойынша, арақ пен құмардың зор күнә екендігі, сондай-ақ пайдасынан күнәсы зор екендігі білдіріліп, мас халінде намазға жақындамау нұсқала отырып, «нәжіс» делініп кесімді түрде тыйым салынған) (Дүние ақиретте ойланыңдар….) (Мұхаммед Ғ.С.) олар сенен жетімдердің жайынан сұрайды. Оларға: «Жетімдерді түзету жақсы. Тіпті оларды қосып алсаңдар, сонда олар туыстарың. (Бөтендігі жоқ) Алла (Т.) бұзушыны, түзеушіден айырып біледі. Алла қаласа, әлбетте сендерді зорлар еді » де. Шын мәніде Алла өте үстем, хикмет иесі
Аударма: Халифа Алтай
бұл өмір және соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / туралы. Олар сенен жетімдер туралы сұрайды. Айт: «Оларға ізгілік ету - қайырлы. Егер олармен аралассаңдар, олар сендердің бауырларың. Аллаһ бұзушыны түзетушіден / айыра / біледі. Егер де Аллаһ қалағанда сендерді қиындыққа ұшырататын еді», - деп. Ақиқатында, Аллаһ - бәрінен Үстем, өте Дана
Аударма: ҚМДБ
Қари: Мишари Рашид әл-Афаси