وَأَتِمُّواْ ٱلۡحَجَّ وَٱلۡعُمۡرَةَ لِلَّهِۚ فَإِنۡ أُحۡصِرۡتُمۡ فَمَا ٱسۡتَيۡسَرَ مِنَ ٱلۡهَدۡيِۖ وَلَا تَحۡلِقُواْ رُءُوسَكُمۡ حَتَّىٰ يَبۡلُغَ ٱلۡهَدۡيُ مَحِلَّهُۥۚ فَمَن كَانَ مِنكُم مَّرِيضًا أَوۡ بِهِۦٓ أَذٗى مِّن رَّأۡسِهِۦ فَفِدۡيَةٞ مِّن صِيَامٍ أَوۡ صَدَقَةٍ أَوۡ نُسُكٖۚ فَإِذَآ أَمِنتُمۡ فَمَن تَمَتَّعَ بِٱلۡعُمۡرَةِ إِلَى ٱلۡحَجِّ فَمَا ٱسۡتَيۡسَرَ مِنَ ٱلۡهَدۡيِۚ فَمَن لَّمۡ يَجِدۡ فَصِيَامُ ثَلَٰثَةِ أَيَّامٖ فِي ٱلۡحَجِّ وَسَبۡعَةٍ إِذَا رَجَعۡتُمۡۗ تِلۡكَ عَشَرَةٞ كَامِلَةٞۗ ذَٰلِكَ لِمَن لَّمۡ يَكُنۡ أَهۡلُهُۥ حَاضِرِي ٱلۡمَسۡجِدِ ٱلۡحَرَامِۚ وَٱتَّقُواْ ٱللَّهَ وَٱعۡلَمُوٓاْ أَنَّ ٱللَّهَ شَدِيدُ ٱلۡعِقَابِ
wa-atimmū l-ḥaja wal-ʿum'rata lillahi fa-in uḥ'ṣir'tum famā is'taysara mina l-hadyi walā taḥliqū ruūsakum ḥattā yablugha l-hadyu maḥillahu faman kāna minkum marīḍan aw bihi adhan min rasihi fafid'yatun min ṣiyāmin aw ṣadaqatin aw nusukin fa-idhā amintum faman tamattaʿa bil-ʿum'rati ilā l-ḥaji famā is'taysara mina l-hadyi faman lam yajid faṣiyāmu thalāthati ayyāmin fī l-ḥaji wasabʿatin idhā rajaʿtum til'ka ʿasharatun kāmilatun dhālika liman lam yakun ahluhu ḥāḍirī l-masjidi l-ḥarāmi wa-ittaqū l-laha wa-iʿ'lamū anna l-laha shadīdu l-ʿiqābi
Хаж және ғұмраны Алла үшін толық орындаңдар. Егер (жолда) тосылсаңдар, құрбандықтан қолайсысы болады. Құрбандық орнына барғанға дейін шаштарыңды алдырмаңдар. (Құрбандық барып бауыздалғаннан кейін шаш алдырып ыхрамнан шығады). Біреу (ықрамда) науқас немесе басында бір жайсыздық болып, шаш алдырса ораза не садақа немесе құрбандықтан төлеу салады. Ал қашан амандықта болсаңдар хажға дейін ғұмрадан пайдаланса, (әуелі ғұмраны орындап, ыхрамнан шығып, хаж үшін қайта ыхрам байланса, бұны «Хаж Тәматтұғ» деп атайды). Сонда қолайлы бір құрбан шалады. Егер біреу құрбандық таба алмаса, хажда үш күн, үйге қайтып келгенде жеті күн болып, толық он күн ораза ұстайды. бұл үйі Месжід Харамның маңында болмағандар үшін. Алладан қорқындар. Негізінен Алланың қатты ғазап иесі екенін біліңдер
Аударма: Халифа Алтай
Қажылықты және ұмраны Аллаһ үшін толық орындаңдар. Егер / жолда / кедергіге тап болсаңдар, құрбандық малдан жеңілін / сойыңдар / . Союға аталған құрбандық мал сойылатын орнына жеткенше, шаштарыңды алдырмаңдар. Сендерден біреу / ихрамда / науқас немесе басына байланысты бір қиыншылық көрсе / уақытынан бұрын шашын алдырса / , соның өтемі ретінде ораза ұстауы не садақа беруі немесе мал союы керек. Ал, қашан қауіпсіздікте болып, қайсыларың ұмра жасағаннан кейін, қажылыққа дейін / ихрамнан уақытша шықса / , онда өзіне қолайлы / жеңіл / болған бір құрбандық мал / шалуы керек / . Егер таба алмаса, қажылықта үш күн, / үйіне / қайтып барған соң жеті күнораза ұстайды, / барлығы / толық он күн. Бұл / үкім / - үйлері әл-Харам маңында / аумағында / болмағандар үшін. Әрі Аллаһқа тақуалық етіңдер / Оның жазасынан қорқып, сақтаныңдар / және Аллаһтың қатты азап иесі екенін біліңдер
Аударма: ҚМДБ
Қари: Мишари Рашид әл-Афаси