أَوۡ كَٱلَّذِي مَرَّ عَلَىٰ قَرۡيَةٖ وَهِيَ خَاوِيَةٌ عَلَىٰ عُرُوشِهَا قَالَ أَنَّىٰ يُحۡيِۦ هَٰذِهِ ٱللَّهُ بَعۡدَ مَوۡتِهَاۖ فَأَمَاتَهُ ٱللَّهُ مِاْئَةَ عَامٖ ثُمَّ بَعَثَهُۥۖ قَالَ كَمۡ لَبِثۡتَۖ قَالَ لَبِثۡتُ يَوۡمًا أَوۡ بَعۡضَ يَوۡمٖۖ قَالَ بَل لَّبِثۡتَ مِاْئَةَ عَامٖ فَٱنظُرۡ إِلَىٰ طَعَامِكَ وَشَرَابِكَ لَمۡ يَتَسَنَّهۡۖ وَٱنظُرۡ إِلَىٰ حِمَارِكَ وَلِنَجۡعَلَكَ ءَايَةٗ لِّلنَّاسِۖ وَٱنظُرۡ إِلَى ٱلۡعِظَامِ كَيۡفَ نُنشِزُهَا ثُمَّ نَكۡسُوهَا لَحۡمٗاۚ فَلَمَّا تَبَيَّنَ لَهُۥ قَالَ أَعۡلَمُ أَنَّ ٱللَّهَ عَلَىٰ كُلِّ شَيۡءٖ قَدِيرٞ
aw ka-alladhī marra ʿalā qaryatin wahiya khāwiyatun ʿalā ʿurūshihā qāla annā yuḥ'yī hādhihi l-lahu baʿda mawtihā fa-amātahu l-lahu mi-ata ʿāmin thumma baʿathahu qāla kam labith'ta qāla labith'tu yawman aw baʿḍa yawmin qāla bal labith'ta mi-ata ʿāmin fa-unẓur ilā ṭaʿāmika washarābika lam yatasannah wa-unẓur ilā ḥimārika walinajʿalaka āyatan lilnnāsi wa-unẓur ilā l-ʿiẓāmi kayfa nunshizuhā thumma naksūhā laḥman falammā tabayyana lahu qāla aʿlamu anna l-laha ʿalā kulli shayin qadīrun
Немесе сондай қабырғалары төбесіне құлаған бір кенттен өткенді көрмедің бе? (Бұл Ғұзайыр Ғ.С.) Ол: «Алла бұны өлгеннен кейін қайтып тірілтеді?»,- деді. Алла оны жүз жыл өлтіріп, соңсоң тірілтіп: «Қанша жаттың?»,- деді. Ол: «Бір күн немесе күннің бір бөлімі жаттым» деді. (Алла): «Олай емес, жүз жыл өліп жаттың, енді тамағыңа сусыныңа бір қара! Өзгермеген. Ал енді есегіңе қара! Сені адамдарға үлгі үшін өстідік. Ал енді сүйектерге қара! Оны қайтып құрастырып, сонан соң оған ет кидіреміз» деді. (Ғұзайыр Ғ.С. шіріген сүйектердің құдыретше құралып, ет бітіп, жанданып түрегелгенін көрді.) Бұл жағдайлар оған ашықша білінгенде: «Сөзсіз Алланың әр нәрсеге күші жететінін білдім» деді
Аударма: Халифа Алтай
Немесе төбелері опырылып түсіп, қабырғалары үстіне құлаған бір кенттің қасынан өткен біреуді / білмедің бе / ? Ол: «Аллаһ бұны өлгеннен кейін қалай тірілтеді екен?» - деді. Сонда Аллаһ оны өлтіріп, жүз жылдан соң тірілтті. / Одан / : «Қанша уақыт болдың?» - деп сұрады. Ол: «Бір күн немесе күннің бір бөлігіндей болдым», - деді. / Оған / : «Олай емес, сен жүз жыл болдың. Тамағың мен сусыныңа қара! Түк бұзылмаған. Ал, енді есегіңе қара! Біз сені адамдарға белгі ету үшін / осылай еттік / . Ал, енді сүйектерге қара! Оны қайтып құрастырып, содан кейін оған ет қаптаймыз», - деді. Оған / жағдай / анық болған кезде, ол: «Аллаһтың барлық нәрсеге күші жетуші екенін жақсы білемін», - деді
Аударма: ҚМДБ
Қари: Мишари Рашид әл-Афаси