فَلَمَّا فَصَلَ طَالُوتُ بِٱلۡجُنُودِ قَالَ إِنَّ ٱللَّهَ مُبۡتَلِيكُم بِنَهَرٖ فَمَن شَرِبَ مِنۡهُ فَلَيۡسَ مِنِّي وَمَن لَّمۡ يَطۡعَمۡهُ فَإِنَّهُۥ مِنِّيٓ إِلَّا مَنِ ٱغۡتَرَفَ غُرۡفَةَۢ بِيَدِهِۦۚ فَشَرِبُواْ مِنۡهُ إِلَّا قَلِيلٗا مِّنۡهُمۡۚ فَلَمَّا جَاوَزَهُۥ هُوَ وَٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ مَعَهُۥ قَالُواْ لَا طَاقَةَ لَنَا ٱلۡيَوۡمَ بِجَالُوتَ وَجُنُودِهِۦۚ قَالَ ٱلَّذِينَ يَظُنُّونَ أَنَّهُم مُّلَٰقُواْ ٱللَّهِ كَم مِّن فِئَةٖ قَلِيلَةٍ غَلَبَتۡ فِئَةٗ كَثِيرَةَۢ بِإِذۡنِ ٱللَّهِۗ وَٱللَّهُ مَعَ ٱلصَّـٰبِرِينَ
falammā faṣala ṭālūtu bil-junūdi qāla inna l-laha mub'talīkum binaharin faman shariba min'hu falaysa minnī waman lam yaṭʿamhu fa-innahu minnī illā mani igh'tarafa ghur'fatan biyadihi fasharibū min'hu illā qalīlan min'hum falammā jāwazahu huwa wa-alladhīna āmanū maʿahu qālū lā ṭāqata lanā l-yawma bijālūta wajunūdihi qāla alladhīna yaẓunnūna annahum mulāqū l-lahi kam min fi-atin qalīlatin ghalabat fi-atan kathīratan bi-idh'ni l-lahi wal-lahu maʿa l-ṣābirīna
Сонда Талұт әскерлерімен айрылған сәтте: «Расында Алла сендерді бір өзенмен сынайды. Кім одан ішсе, менен емес. Және кім одан татпаса, әрине ол менен. Бірақ кім қолымен көсіп алып қана ішсе басқа» деді. Сонда олардың өте азынан басқасы одан ішті. Сонымен Талұт және онымен бірге иман келтіргендер, өзеннен өткен шақта: « бізде Жалұт және оның ләшкерлеріне төтеп берер күш жоқ» деді. Сондай олардың анық Аллаға жолығуды ойлағандары: «Алланың қолдауымен қанша аз топ, көп топты жеңген. Алла сабырлармен бірге» деді
Аударма: Халифа Алтай
Сонда Талұт әскерімен / соғысқа / шыққанда: «Ақиқатында, Аллаһ сендерді бір өзенмен сынайды. Кім одан ішсе, ол - менен емес. Ал, кім одан татпаса, ол - менен. Тек, бір қолымен көсіп алып ішкен, бұдан тыс»,- деді. Сонда олардың азынан басқасы одан ішті. Ол және онымен бірге иманға келгендер одан / өзеннен / өткен кезде, олар: «Бүгін бізде Жалұтқа және оның әскеріне / қарсы соғысар / күш, қауқарымыз жоқ», - деді. Аллаһқа кездесетіндеріне айқын сенушілер: «Неше бір / саны / аз топ Аллаһтың қалауымен, көп топты жеңген еді. Аллаһ - сабырлылармен бірге», - деді
Аударма: ҚМДБ
Қари: Мишари Рашид әл-Афаси