مَّا يَوَدُّ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ مِنۡ أَهۡلِ ٱلۡكِتَٰبِ وَلَا ٱلۡمُشۡرِكِينَ أَن يُنَزَّلَ عَلَيۡكُم مِّنۡ خَيۡرٖ مِّن رَّبِّكُمۡۚ وَٱللَّهُ يَخۡتَصُّ بِرَحۡمَتِهِۦ مَن يَشَآءُۚ وَٱللَّهُ ذُو ٱلۡفَضۡلِ ٱلۡعَظِيمِ
mā yawaddu alladhīna kafarū min ahli l-kitābi walā l-mush'rikīna an yunazzala ʿalaykum min khayrin min rabbikum wal-lahu yakhtaṣṣu biraḥmatihi man yashāu wal-lahu dhū l-faḍli l-ʿaẓīmi
(Рағина, Ұнзұрна, екеуі де: «Бізге назар аудар» деген ұғымда. «Рағинаны» Яһудилер басқа мағнада қолданатын болғандықтан, ескертілген.) Сондай Кітап иелерінің қарсы болғандары және мүшріктер сендерге раббыларың жақтан бір игілік түсуін қаламайды. Дегенмен Алла мәрхаметін қалаған кісісіне арнайды. Сондай-ақ Алла (Т.) зор кеңшілік иесі
Аударма: Халифа Алтай
Кітап берілген қауымнан және мүшріктерден күпірлік еткендер / қарсы келгендер / сендерге өздеріңнің Раббыңнан игіліктің түскенін қаламайды. Ал, Аллаһ, Өз мейірімімен қалағанын ерекшелеп таңдайды. Аллаһ - ұлы кеңшілік Иесі
Аударма: ҚМДБ
Қари: Мишари Рашид әл-Афаси