1:1بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын
Аударма: Халифа Алтай
Аса Қайырымды, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен
Аударма: ҚМДБ
1:2ٱلۡحَمۡدُ لِلَّهِ رَبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ
Барлық мақтау бүкіл әлемнің Раббы Аллаға тән
Аударма: Халифа Алтай
Барлық мақтау әлемдердің Раббысы - Аллаһқа
Аударма: ҚМДБ
1:3ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
аса Қамқор, ерекше Мейірімді
Аударма: Халифа Алтай
аса Қайырымды, ерекше Мейірімдіге
Аударма: ҚМДБ
1:4مَٰلِكِ يَوۡمِ ٱلدِّينِ
Қиямет күнінің иесі
Аударма: Халифа Алтай
Есеп күнінің Билеушісіне
Аударма: ҚМДБ
1:5إِيَّاكَ نَعۡبُدُ وَإِيَّاكَ نَسۡتَعِينُ
(Әй Алла!) Саған ғана құлшыдық қыламыз, әрі Сенен ғана жәрдем тілейміз
Аударма: Халифа Алтай
Саған ғана құлшылық жасаймыз әрі Сенен ғана жәрдем тілейміз
Аударма: ҚМДБ
1:6ٱهۡدِنَا ٱلصِّرَٰطَ ٱلۡمُسۡتَقِيمَ
Бізді тура жолға сала көр
Аударма: Халифа Алтай
Бізді тура жолмен жүргізе гөр
Аударма: ҚМДБ
1:7صِرَٰطَ ٱلَّذِينَ أَنۡعَمۡتَ عَلَيۡهِمۡ غَيۡرِ ٱلۡمَغۡضُوبِ عَلَيۡهِمۡ وَلَا ٱلضَّآلِّينَ
Нығметке бөленгендеріңнің жолына! Ашуға ұшырағандардың және адасқандардың жолына емес
Аударма: Халифа Алтай
игілікке бөлегендеріңнің жолымен! Ашуға ұшырағандардың және адасқандардың жолымен емес
Аударма: ҚМДБ
Аль-Фатиха сүресі туралы
Аль-Фатиха (الفاتحة) — Құранның 1-сүресі, 7 аят, меккелік сүре, 1-жүз, мысхафтың 1-бетінен басталады. Бетте: Осман қарпіндегі араб мәтіні және Халифа Алтайдың қазақша мағыналық аудармасы мен ҚМДБ аудармасы. Аудио, транскрипция, тәпсір және 67 тілдегі аударма — толық нұсқада.
Барлық 114 сүре · Намаз уақыты · Іздеу