وَقَالَ ٱلَّذِينَ ٱتَّبَعُواْ لَوۡ أَنَّ لَنَا كَرَّةٗ فَنَتَبَرَّأَ مِنۡهُمۡ كَمَا تَبَرَّءُواْ مِنَّاۗ كَذَٰلِكَ يُرِيهِمُ ٱللَّهُ أَعۡمَٰلَهُمۡ حَسَرَٰتٍ عَلَيۡهِمۡۖ وَمَا هُم بِخَٰرِجِينَ مِنَ ٱلنَّارِ
waqāla alladhīna ittabaʿū law anna lanā karratan fanatabarra-a min'hum kamā tabarraū minnā kadhālika yurīhimu l-lahu aʿmālahum ḥasarātin ʿalayhim wamā hum bikhārijīna mina l-nāri
Ал ерушілер: «Әттең! Бізге (дүниеге) қайтар күн болса, олар бізден безгендей, бізде олардан безер едік» дер. Солайша Алла олардың істеген істерін өздеріне өкініш етіп көрсетеді. Сондай-ақ олар тозақтан шығушы емес
Аударма: Халифа Алтай
Ал, ергендер: «Егер де бізде / дүниеге / артқа қайтар мүмкіндік болғанда, олар бізден бас тартқандай, біз де олардан бас тартар едік»,- дейді. Осылайша, Аллаһ олардың амалдарын өздеріне өкініш етіп көрсетеді. Әрі олар Оттан шықпайды
Аударма: ҚМДБ
Қари: Мишари Рашид әл-Афаси