فَإِن طَلَّقَهَا فَلَا تَحِلُّ لَهُۥ مِنۢ بَعۡدُ حَتَّىٰ تَنكِحَ زَوۡجًا غَيۡرَهُۥۗ فَإِن طَلَّقَهَا فَلَا جُنَاحَ عَلَيۡهِمَآ أَن يَتَرَاجَعَآ إِن ظَنَّآ أَن يُقِيمَا حُدُودَ ٱللَّهِۗ وَتِلۡكَ حُدُودُ ٱللَّهِ يُبَيِّنُهَا لِقَوۡمٖ يَعۡلَمُونَ
fa-in ṭallaqahā falā taḥillu lahu min baʿdu ḥattā tankiḥa zawjan ghayrahu fa-in ṭallaqahā falā junāḥa ʿalayhimā an yatarājaʿā in ẓannā an yuqīmā ḥudūda l-lahi watil'ka ḥudūdu l-lahi yubayyinuhā liqawmin yaʿlamūna
(Екіден кейін) ер, әйелін мүлде ажыратса, бұдан кейін оған, ол басқа ерге тимейінше халал болмайды. Егер оны, ол (екінші ер) талақ қылса, екеуі де Алланың шегін орындаймыз деп ойласа, қайта табысуларында күнә жоқ. Бұл білген елге Алланың баян еткен шектері
Аударма: Халифа Алтай
Егер ол / үшінші рет / талақ етсе, осыдан кейін ол / әйел / басқа күйеуге тұрмысқа шықпайынша / сөйтіп одан ажыраспайынша / , оған рұқсат етілмейді / халал болмайды / . Егер оны / соңғы тиген күйеуі / талақ етсе, екеуі Аллаһтың тыйымдарын орындаймыз деп ойлаған жағдайда, қайта табысуларында күнә жоқ. Міне, осы - Аллаһтың шектері. Ол мұны білетін адамдарға түсіндіреді
Аударма: ҚМДБ
Қари: Мишари Рашид әл-Афаси