لَّـٰكِنِ ٱلرَّـٰسِخُونَ فِي ٱلۡعِلۡمِ مِنۡهُمۡ وَٱلۡمُؤۡمِنُونَ يُؤۡمِنُونَ بِمَآ أُنزِلَ إِلَيۡكَ وَمَآ أُنزِلَ مِن قَبۡلِكَۚ وَٱلۡمُقِيمِينَ ٱلصَّلَوٰةَۚ وَٱلۡمُؤۡتُونَ ٱلزَّكَوٰةَ وَٱلۡمُؤۡمِنُونَ بِٱللَّهِ وَٱلۡيَوۡمِ ٱلۡأٓخِرِ أُوْلَـٰٓئِكَ سَنُؤۡتِيهِمۡ أَجۡرًا عَظِيمًا
lākini l-rāsikhūna fī l-ʿil'mi min'hum wal-mu'minūna yu'minūna bimā unzila ilayka wamā unzila min qablika wal-muqīmīna l-ṣalata wal-mu'tūna l-zakata wal-mu'minūna bil-lahi wal-yawmi l-ākhiri ulāika sanu'tīhim ajran ʿaẓīman
Дегенмен іштерінен ғылымда озат болғандар және иман келтіргендер,саған түсірілгенге әрі сенен бұрынғы түсірілгенге сенеді.Және намазды орындаушылар,зекет берушылер әрі Аллаға,ахирет күніне сенушілер,әрине соларға зор сыйлық береміз
Аударма: Халифа Алтай
Бірақ олардың ішіндегі білімде берік болғандарға және / ей, Мұхаммед, / саған түсірілгенге / Құранға / әрі сенен бұрын түсірілгенге сенгендерге және намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындайтындарға және зекетті беретіндерге әрі Аллаһқа және Ақирет күніне сенетіндерге, - міне, соларға ұлы сый береміз
Аударма: ҚМДБ
Қари: Мишари Рашид әл-Афаси