يَـٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوٓاْ أَطِيعُواْ ٱللَّهَ وَأَطِيعُواْ ٱلرَّسُولَ وَأُوْلِي ٱلۡأَمۡرِ مِنكُمۡۖ فَإِن تَنَٰزَعۡتُمۡ فِي شَيۡءٖ فَرُدُّوهُ إِلَى ٱللَّهِ وَٱلرَّسُولِ إِن كُنتُمۡ تُؤۡمِنُونَ بِٱللَّهِ وَٱلۡيَوۡمِ ٱلۡأٓخِرِۚ ذَٰلِكَ خَيۡرٞ وَأَحۡسَنُ تَأۡوِيلًا
yāayyuhā alladhīna āmanū aṭīʿū l-laha wa-aṭīʿū l-rasūla wa-ulī l-amri minkum fa-in tanāzaʿtum fī shayin faruddūhu ilā l-lahi wal-rasūli in kuntum tu'minūna bil-lahi wal-yawmi l-ākhiri dhālika khayrun wa-aḥsanu tawīlan
Әй мүміндер. Аллаға бой ұсынып, Пайғамбарға әрі өздеріңнен болған әмір иелеріне бой ұсыныңдар. Сонда егер бір нәрсеге талассаңдар, оны Аллаға, пайғамбарға ұсыныңдар: Егер сендер Аллаға, ахирет күніне иман келтірген болсаңдар. Міне осы, хайырлы да нәтижеде жақсы
Аударма: Халифа Алтай
Ей, иманға келгендер! Аллаһқа бағыныңдар және Елшіге бағыныңдар, сондай-ақ, өз араларыңнан болған билік иелеріне / басшыларға / Аллаһқа және Ақирет күніне сенген болсаңдар, бір нәрсе жөнінде тартысып қалғанда, ол жайында Аллаһқа және Елшіге жүгініңдер. Міне, осы - қайырлы әрі нәтиже тұрғысында да ең жақсысы
Аударма: ҚМДБ
Қари: Мишари Рашид әл-Афаси