فَتَوَلَّىٰ عَنۡهُمۡ وَقَالَ يَٰقَوۡمِ لَقَدۡ أَبۡلَغۡتُكُمۡ رِسَالَةَ رَبِّي وَنَصَحۡتُ لَكُمۡ وَلَٰكِن لَّا تُحِبُّونَ ٱلنَّـٰصِحِينَ
fatawallā ʿanhum waqāla yāqawmi laqad ablaghtukum risālata rabbī wanaṣaḥtu lakum walākin lā tuḥibbūna l-nāṣiḥīna
Сонда Салих олардан жүз бұрып: «Әй елім! Расында мен сендерге Раббымның бұйрығын жалғастырдым. Бірақ сендер үгіттеушілерді жақсы көрмедіңдер» деді
Аударма: Халифа Алтай
Салих / олардан жүзін бұрып: «Әй, елім! Сендерге Раббымның жолдағанын жеткіздім әрі сендерге адал кеңес бердім. Бірақ сендер кеңес берушілерді / жақсылыққалаушыларды / ұнатпадыңдар», - деді
Аударма: ҚМДБ
Қари: Мишари Рашид әл-Афаси