وَلَمَّا سُقِطَ فِيٓ أَيۡدِيهِمۡ وَرَأَوۡاْ أَنَّهُمۡ قَدۡ ضَلُّواْ قَالُواْ لَئِن لَّمۡ يَرۡحَمۡنَا رَبُّنَا وَيَغۡفِرۡ لَنَا لَنَكُونَنَّ مِنَ ٱلۡخَٰسِرِينَ
walammā suqiṭa fī aydīhim wara-aw annahum qad ḍallū qālū la-in lam yarḥamnā rabbunā wayaghfir lanā lanakūnanna mina l-khāsirīna
(Мұса Ғ.С. Тұр тауына Аллаға жалбарыну үшін қырық күн тұрғанда, Самри, елдің алтын білезіктерінен бұзаудың мүсінін жасайды. Рауаят бойынша Жебрейіл Ғ.С. ның атының ізінен алынған топырақты ішіне қойғандықтан немесе ішіне кірген жел арқылы бұзаудың дауысы шығатын болған.) Олардың қолдары түскен заманда (қатты өкініп иықтары түскен түрде) анық адасқандықтарын көріп: «Егер Раббымыз бізге мәрхамет етпесе, бізді жарылқамаса, әрине зиян тартушылардан боламыз» десті
Аударма: Халифа Алтай
Олар қолдары төмен түскен / қатты өкінген және өздерінің анық адасқандарын көрген кезде: «Егер Раббымыз бізге мейірім етпесе және кешірмесе, әлбетте, зиян көрушілерден боламыз», - деді
Аударма: ҚМДБ
Қари: Мишари Рашид әл-Афаси