وَكَتَبۡنَا لَهُۥ فِي ٱلۡأَلۡوَاحِ مِن كُلِّ شَيۡءٖ مَّوۡعِظَةٗ وَتَفۡصِيلٗا لِّكُلِّ شَيۡءٖ فَخُذۡهَا بِقُوَّةٖ وَأۡمُرۡ قَوۡمَكَ يَأۡخُذُواْ بِأَحۡسَنِهَاۚ سَأُوْرِيكُمۡ دَارَ ٱلۡفَٰسِقِينَ
wakatabnā lahu fī l-alwāḥi min kulli shayin mawʿiẓatan watafṣīlan likulli shayin fakhudh'hā biquwwatin wamur qawmaka yakhudhū bi-aḥsanihā sa-urīkum dāra l-fāsiqīna
Мұса (Ғ.С.) ға (Тәурат) тақтайларында әр нәрсені үгіт түрінде ашалап жазған едік: «Сонда оны мықты ұста және еліңе әмір ет. Оның көркем нұсқауларын алсын. Саған, бұзақылардың жұртын көрсетемін?»
Аударма: Халифа Алтай
Біз оған әрбір нәрсені насихат етіп және әрбір нәрсенің анық түсіндірмесін тақтайшаларға жазып бердік. Мұсаға. «Оны мықты ұста және еліңе оның ең жақсысын ұстануларын бұйыр», - деді. Жақында сендерге бұзықтардың / бойсұнбаушылардың / мекенін көрсетемін
Аударма: ҚМДБ
Қари: Мишари Рашид әл-Афаси