وَقَطَّعۡنَٰهُمُ ٱثۡنَتَيۡ عَشۡرَةَ أَسۡبَاطًا أُمَمٗاۚ وَأَوۡحَيۡنَآ إِلَىٰ مُوسَىٰٓ إِذِ ٱسۡتَسۡقَىٰهُ قَوۡمُهُۥٓ أَنِ ٱضۡرِب بِّعَصَاكَ ٱلۡحَجَرَۖ فَٱنۢبَجَسَتۡ مِنۡهُ ٱثۡنَتَا عَشۡرَةَ عَيۡنٗاۖ قَدۡ عَلِمَ كُلُّ أُنَاسٖ مَّشۡرَبَهُمۡۚ وَظَلَّلۡنَا عَلَيۡهِمُ ٱلۡغَمَٰمَ وَأَنزَلۡنَا عَلَيۡهِمُ ٱلۡمَنَّ وَٱلسَّلۡوَىٰۖ كُلُواْ مِن طَيِّبَٰتِ مَا رَزَقۡنَٰكُمۡۚ وَمَا ظَلَمُونَا وَلَٰكِن كَانُوٓاْ أَنفُسَهُمۡ يَظۡلِمُونَ
waqaṭṭaʿnāhumu ith'natay ʿashrata asbāṭan umaman wa-awḥaynā ilā mūsā idhi is'tasqāhu qawmuhu ani iḍ'rib biʿaṣāka l-ḥajara fa-inbajasat min'hu ith'natā ʿashrata ʿaynan qad ʿalima kullu unāsin mashrabahum waẓallalnā ʿalayhimu l-ghamāma wa-anzalnā ʿalayhimu l-mana wal-salwā kulū min ṭayyibāti mā razaqnākum wamā ẓalamūnā walākin kānū anfusahum yaẓlimūna
Біз Израил ұрпақтарынан он екі рулық топтарға бөлдік. Мұса (Ғ.С.) дан, елі су сұрағанда: «Таяғынды тасқа ұр» деп уахи еттік. Сонда тастан он екі бастау шықты да әркім өз суатын білді. Оларға бұлтты көлеңке қылып, өздеріне «Мәнна, Сәлуаны» түсірдік: «Сендерге Біз берген таза ризықтан жеңдер» (дедік) Олар бізге кесір тигізбеді. Алайда өздеріне кесір тигізді
Аударма: Халифа Алтай
Біз оларды он екі ру елге бөлдік. Мұсадан халқы су сұраған кезде, оған: «Таяғыңмен тасты ұр» - деп уахи еттік. Сонда одан / тастан / он екі бұлақ жарып шығып, адамдардың әрбірі өз суатын білетін болды. Оларға бұлтты көлеңке етіп, мәнн және сәлуәні / көктен түсірілген тәтті тағам / түсірдік те: «Біз сендерге ризық етіп берген жақсы нәрселерден жеңдер», - дедік. Олар бізге әділетсіздік етпеді, алайда олар өздеріне әділетсіздік еткен еді
Аударма: ҚМДБ
Қари: Мишари Рашид әл-Афаси