قُلۡ إِنَّمَا حَرَّمَ رَبِّيَ ٱلۡفَوَٰحِشَ مَا ظَهَرَ مِنۡهَا وَمَا بَطَنَ وَٱلۡإِثۡمَ وَٱلۡبَغۡيَ بِغَيۡرِ ٱلۡحَقِّ وَأَن تُشۡرِكُواْ بِٱللَّهِ مَا لَمۡ يُنَزِّلۡ بِهِۦ سُلۡطَٰنٗا وَأَن تَقُولُواْ عَلَى ٱللَّهِ مَا لَا تَعۡلَمُونَ
qul innamā ḥarrama rabbiya l-fawāḥisha mā ẓahara min'hā wamā baṭana wal-ith'ma wal-baghya bighayri l-ḥaqi wa-an tush'rikū bil-lahi mā lam yunazzil bihi sul'ṭānan wa-an taqūlū ʿalā l-lahi mā lā taʿlamūna
«Күдіксіз Раббым, арсыздықтарды, Оның көрнеу, көмесін, күнәны, орынсыз озбырлықты, оған байланысты ешбір дәлел түсірілмеген нәрсені Аллаға серік қосуларыңды және білмейтін нәрселеріңді Аллаға қарсы сөйлеулеріңді арам қылды» де (Мұхаммед Ғ.С)
Аударма: Халифа Алтай
Айт: «Шын мәнінде, Раббым жиіркенішті істерге, оның әшкере істелгеніне және жасырын істелгеніне де тыйым салды. Әрі күнәға, құқығы болмаса да өзгелердікін қалап, шектен шығуға және Аллаһ ешбір дәлел түсірілмеген нәрсені Оған серік етіп қосуларыңа әрі Аллаһқа қатысты өздерің білмейтін нәрселерді айтуларыңа тыйым салды», - деп
Аударма: ҚМДБ
Қари: Мишари Рашид әл-Афаси