قُلۡ يَـٰٓأَيُّهَا ٱلنَّاسُ إِنِّي رَسُولُ ٱللَّهِ إِلَيۡكُمۡ جَمِيعًا ٱلَّذِي لَهُۥ مُلۡكُ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِۖ لَآ إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ يُحۡيِۦ وَيُمِيتُۖ فَـَٔامِنُواْ بِٱللَّهِ وَرَسُولِهِ ٱلنَّبِيِّ ٱلۡأُمِّيِّ ٱلَّذِي يُؤۡمِنُ بِٱللَّهِ وَكَلِمَٰتِهِۦ وَٱتَّبِعُوهُ لَعَلَّكُمۡ تَهۡتَدُونَ
qul yāayyuhā l-nāsu innī rasūlu l-lahi ilaykum jamīʿan alladhī lahu mul'ku l-samāwāti wal-arḍi lā ilāha illā huwa yuḥ'yī wayumītu faāminū bil-lahi warasūlihi l-nabiyi l-umiyi alladhī yu'minu bil-lahi wakalimātihi wa-ittabiʿūhu laʿallakum tahtadūna
(Мұхаммед Ғ.С.): Әй адам баласы! Мен барлығынға Алланың елшісімін; Ол сондай Алла, жер мен көктің иелігі Оған тән. одан басқа тәңір жоқ. Ол тірілтеді де өлтіреді. Аллаға және Алланың сөздеріне сенген, жіберілген сауатсыз Пайғамбарға иман келтіріңдер. Және оған еріңдер, әрине тура жол табасыңдар де
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Ей, адамдар! Ақиқатында мен - сендердің барлығыңа / жіберілген / Аллаһтың Елшісімін. Аспандардың және жердің иелігі - Онікі. Одан басқа ешбір құдай жоқ. Ол тірілтеді және өлтіреді. Тура жол табу үшін Аллаһқа сеніңдер және Оның Елшісіне, - Аллаһқа әрі Оның сөздеріне сенуші, оқу жазуды білмейтін, Пайғамбарға - сеніңдер және оған еріндер», - деп
Аударма: ҚМДБ
Қари: Мишари Рашид әл-Афаси